факультативы физикааа


Бекітемін: Келісемін: Ә/Б отырысында
Мектеп директоры Оқу ісінің меңгерушісі Қаралды
Г.Р.Курмангалиева З.М.Федорова Хаттама №_____
____________________ ____________________ __________________
«___»_______________ «___»_______________ «___»_____________
Тақырыбы: «Физикадан есептер шығару практикумы»
Қолданбалы курс
10 «Б» сынып
Пән мұғалімі: Ә.Т. Қанат
2018-2019 оқу жылы
Физикадан есептер шығару практикумы
(10-сыныпқа арналған қолданбалы курс бағдарламасы)
Түсінік хат
Физика табиғатта болатын құбылыстарды зерттеумен айналысады. Физика
әлемнің прогрессивті жетістіктерін ғылым мен техника дамуында басшылыққа
алады, оқушыларға қоршаған табиғат әлемінің қыр-сырымен танысуға мүмкіндік
береді.
Мектептегі физика курсын игеру – бұл физикалық құбылыстар мен заңдылықтарды түсініп қана қою емес, сонымен бірге оларды бақылау, тәжірибелер
мен эксперименттер арқылы қорытынды жасау және оны іс жүзінде қолдана білу.
Оқу үрдісінің ең қиын бөліктерінің бірі–оқушыларды есептер шығаруға үйрету.
Физикалық есептер – бұл физикалық заңдар және әдістер негізінде оқушыларды
білуге және ойлау қабілетін дамытуға бағытталған, сондай-ақ практикалық есептеуді
қажет ететін жағдай болып табылады. Дәстүрлі есептерді шешу әдістері жақсы
таныс болғанымен оқушылардың есептерді шығаруды ұйымдастыру жұмысы
олардың терең және нақты білім алуының маңызды шарты болып табылады. Қазіргі
таңда оқушылардың физикалық білімі мектеп бітірушілердің ҰБТ-ға дайындық
сапасын саралап көрсетті. Осы саралау нәтижесінде қабілетті оқушылар тобының
дайындалу деңгейі артқанын көрсетсе, ал төмен деңгейлі оқушылардың
дайындықтары төмендігін көрсетуде. ҰБТ бағдарламасы мемлекеттік стандартқа
сәйкес, оқушылардың «физика» пәнінен білім деңгейін тереңдетіп, физиканың
қазіргі заманғы тұрмыс тіршіліктегі және жалпы адамзат мәдениетін дамытудағы
ролін ашу, табиғатқа ғылыми көзқарасты қалыптастырып бекіту, теориялық білім-
біліктері мен дағдыларын оқушының санасында қалыптастыруда, ақыл-ойын, ойлау
қабілетін дамытып, келешекте мамандық таңдауға, дұрыс кәсіптік бағдарлауға үлес
қосу.
Оқу жүктемесі аптасына 3 сағат болатын базалық деңгейді таңдау дегеніміз
пәннің базалық стандартына бағыну дегенді білдіреді: оқушыларды стандарт
бойынша қарастырылған физикалық құбылыстармен таныстыру, жалпылама түсінік
беру, дайындау. Дегенмен барлық заңдарды үйрену мүмкін емес, демек, физикалық
есептерді шығару дағдысын қалыптастыру мүмкін емес (базалық стандарт бойыншақарастырылмаған). Сол себепті физикалық есептерді шығару курсы бірінші кезекте
физика пәнінің негізгі курсының мазмұнын дамыту болып табылады және мектеп
бітірушілерді ҰБТ-ға дайындауға көмекші болып табылады..
Курс бағдарламасы мемлекеттік білім беру стандарты бойынша физика
курсының 10- сыныпқа арналған бағдарламасының мазмұнына сай аптасына 2
сағаттан барлығы 68 сағатқа арналып құрылған.
Бағдарламада физиканың мектеп курсындағы негізгі бөлімдері бойынша
берілген тақырыптарға тереңірек, ауқымды түрде есептер шығару қарастырылған
және оқушылардың білімдерін, негізгі физикалық заңдылықтарды, формулаларды
қайталауына жол ашады. Бұл оқушылардың білімін, біліктігін арттыруға мұғалімді
бағыттайды. Оқушылардың теориялық білімін графиктік, мәтіндік, сапалық
есептерге қолдана білуге, оны шешудің әдіс-тәсілдерін үйренуіне, өз бетімен
жұмыстануына, ҰБТ есептерін тереңірек меңгеруіне мүмкіндік береді.
Курстың мақсаты:
1. Оқушылардың физикалық есептерді шығару барысында танымдық
қызығушылығын арттыру, зияткерлік және шығармашылық қабілетін дамыта
отырып, өз бетімен ізденіп, жаңа білімге қол жеткізуге үйрету;
2. Негізгі курс барысында алынған білім, білік дағдыларын жетілдіру;
3. Физикалық есептерді шығару әдіс-тәсілдерін анықтай білу дәрежесін
қалыптастыру;
4. Физикалық білімдерін табиғаттың құбылысын, заттың қасиетін түсіндіруге
қолдана білуге, есептерді шығаруға, физикалық мағынасы бар жаңа ақпаратты
өз бетімен ізденіп, бағалауға үйрету.
Курстың міндеті:
1. Оқушылардың білімін тереңдету және жүйелеу;
2. Есептер шығарудың негізгі алгоритмін меңгерту;
3. Есептер шығарудың әдістерін игерту.
Күтілетін нәтиже:
1. Оқушылардың білімі іскерлігі мен есеп шығару дағдысы анықталады;
2. Физикалық теорияны есеп шығаруға қолдана біледі;
3. Физикалық заңдардың оқылуы мен формулалардың жазылуын біледі;
4. Оқушылардың пәнге қызығушылығы артады;
5. Ұлттық бірыңғай тестілеуде нәтижеге қол жеткізеді.
Қолданбалы курстың мазмұны
10 сынып. Барлығы 68 сағат.
1.Физикалық есептерді шығару ережелері мен әдістері (2 сағат)
Физикалық есеп деген не? Физикалық есептің құрамы. Физикалық есептің
шартына, мазмұнына, шығарылу тәсілдеріне байланысты жіктеу. Әр түрлі
физикалық есептердің мысалдары және оны шығарудағы жалпы талаптар. Есеп
шығару кезеңдері. Есеп шартының жазылуы мен талдануы. Есеп шығарудың әртүрлі тәсілдері мен әдістері: геометриялық, алгоритмдік, аналогтік.
2.Кинематика (13 сағат)
Ілгерілемелі қозғалыс. Материялық нүкте. Санақ жүйесі. Бір қалыпты
қозғалыс. Түзу сызықты бір қалыпты қозғалыс және оның сипаттамасы: орын
ауыстыру, жол. Бір қалыпты қозғалыстың графиктік көрсетілімі. Бір қалыпты
қозғалыстың есептерін графиктік және координаталық тәсілдермен шығару. Орташа
жылдамдық. Бір қалыпты тең айнымалы қозғалыс. Үдеу. Тең айнымалы қозғалыс:
үдемелі және баяулайтын қозғалыс. Үдемелі қозғалыс кезіндегі орын ауыстыру. Тең
үдемелі қозғалыстың графиктік көрсетілімі. Тең үдемелі қозғалыстың есептерін
графиктік және координаталық тәсілдермен шығару. Еркін түсу, тік жоғары
лақтырылған денелердің қозғалысы. Көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған
денелердің қозғалысы. Нүктенің шеңбер бойымен қозғалысы. Айналу периоды және
айналу жиілігі. Циклдік жиілік. Бұрыштық жылдамдық. Центрге тартқыш үдеу.
3.Динамика және статика (18 сағат)
Динамика негіздеріне есептер шығару. Әр түрлі күштер (серпінділік, үйкеліс,
кедергі) арқылы Ньютон заңдарына есеп шығару. Динамикадан координаталық әдіс
арқылы: көлбеу жазықтық, дененің салмағы, блок арқылы байланысқан денелердің
есептері. Бүкіл әлемдік тартылыс күші әсерінен қозғалыс. Ауырлық күші әсерінен
дененің еркін түсуі, тік жоғары лақтырылған денелерлің қозғалысы, көкжиекке
бұрыш жасай лақтырылған денелердің қозғалысы. Материялық нүктенің шеңбер
бойымен қозғалысы. Центрге тартқыш күш. Ғарыштық жылдамдық. Планеталар
және серіктерінің қозғалысына астрономиялық есептер шығару. Денелер тепе-
теңдігінің шарттары. Моменттер ережесі. Дененің ауырлық центрі.
4.Сақталу заңдары (12 сағат)
Импульс. Импульстің сақталу заңы. Дене импульсі және күш импульсі.
Импульс түріндегі Ньютонның екінші заңына есептер шығару. Тұйық жүйе.
Абсолют серпінді және серпінсіз соқтығысу. Реактивті қозғалыс. Механикалық
жұмыс және энергия. Механикалық энергияның сақталу және өзгеру заңы.
Кинетикалық және потенциялық энергия. Толық механикалық энергия.
Гидростатика. Сұйықтардағы қысым. Паскаль заңы. Архимед күші.
Сұйықтардағы дененің салмағы. Денелердің жүзу шарттары. Ауада ұшу.
5.Жылу құбылыстары (9 сағат).
Сұйықтар мен газдардың және қатты денелердің құрылысы, қасиеттері.
Физика және химиялық білім негізінде молекулалардың негізгі сипаттамасына
есептер шығару. Идеал газдың сипатталу деңгейіне есептер шығару: молекула-
кинетикалық теорияның негізгі теңдеуіне есептер шығару, молекулалардың
жылдамдығын анықтау, изопроцестердегі газ күйін сипаттау. Изопроцестерге
графиктік есептер шығару.
Ауа ылғалдылығын сипаттауды анықтаудың есеп шығару алгоритмі. Қатты
денелерді сипаттауды анықтауға есептер шығару: абсолют және салыстырмалы
ұзару, жылулық ұлғаю, беріктік шегі, серпінділік күші.
6.Термодинамика негіздері (8 сағат).
Бір атомды газдың ішкі энергиясы. Жұмыс және жылу мөлшері. Жылу
балансының теңдеуі. Термодинамиканың бірінші заңы. Адиабаталық процесс. Жылу
қозғалтқыштары. Жылу орнығудағы ПӘК-ті есептеу.
7.Сұйықтар мен газдардың, қатты денелердің қасиеттері
(5 сағат).
Будың қасиеттері. Ауаның ылғалдылығы. Беттік керілу. Жұғу. Капиллярлық
құбылыстар. Қатты денелердің механикалық қасиеттері. Қатты денелер және сұйықтардың жылулық ұлғаюы.
Бекітемін: Келісемін: Ә/Б отырысында
Мектеп директоры Оқу ісінің меңгерушісі Қаралды
Г.Р.Курмангалиева З.М.Федорова Хаттама №_____
____________________ ____________________ __________________
«___»_______________ «___»_______________ «___»_____________
Тақырыбы: «Физикалық құбылыстарды компьютерде модельдеу»
Таңдамалы курсы
10 «Б» сынып
Пән мұғалімі: Ә.Т. Қанат
2018-2019 оқу жылы
«ФИЗИКАЛЫҚ ҚҰБЫЛЫСТАРДЫ КОМПЬЮТЕРДЕ МОДЕЛЬДЕУ»
Таңдамалы курсының мазмұнын құру мәселесі
Жалпы білім берудің мақсаты – оқушының шығармашылық іс-әрекет тәжірибесін меңгерген, бүгінгі өзгермелі жағдайларда бағдарлана алуға қабілетті тұлға ретінде дамыту болып табылады.
“Физика” пәні мектептің жоғары сатысындағы жаратылыстану-математикалық бағытта оқытудың бағдарын анықтайтын көтеріңкі деңгейде оқытылатын пәндер қатарына жатады.
Қазіргі уақытта физика-математика бағыттары басым болғандықтан, қазіргі заманда болып жатқан ақпараттық дамудың өңделу, жеткізілу, сақталу заңдарының негізін ұғыну және дұрыс болжамдау үшін болашақ маманға компьютерлік модельдеу, ақпаратты өңдеу аса қажет. Сондықтан, осы бағыттағы 10-11 сыныптарға арнайы курс бағдарламасын дайындадым.
Бағдарлама жаратылыстану мамандарының модель және оның ғылыми зерттеу жұмыстарында пайдаланудағы рөлі туралы мәлімет алып, қарапайым жүйелер құру дағдыларын қалыптастыруларына ықпал етеді.
Модельді құру және оларды зерттеу адамның кез келген іс-әрекетінің бөлінбейтін бөлшегі болып табылады. Модель – нысанның, құбылыстың, үдерістің кейбір ерекшеліктерін сипаттайтын көрсетілім. Ал, физика табиғат құбылыстарын зерттейтін ғылым болғандықтан компьютерлік модельдеудің пайдасы өте зор. Жалпы физика курсын оқып білу ол – физикалық заңдылықтарды түсініп, есте сақтау ғана емес, сонымен қатар оны тәжірибеде қолдана білу. Бұлардың ішіндегі ең жақсы жетістік практикалық есептер шығару. Физикалық құбылыстардың математикалық моделін арнай компьютерлік программа арқылы нақты есептеп шығару және физикалық заңдылықтарды модельдеуді бір мезетте жасауға мүмкіндік береді. Бұл жол, соңғы қарқынды даму кезеңде, бір мезетте практикалық есептер шығарады және олардың алгаритімі мен қолданылу шегін анықтайды.
Курстың мақсаты - берілген тақырыптар бойынша физиканың заңдылықтарын, есептерін шығарып, жаттап, есте сақтап қана қоймай оны практикада қолдана білуге және физикалық құбылыстарды компьютерде модельдеуге үйрету.
Міндеттері:
физикалық ұғымдардың, заңдардың, теориялардың қолданылу шегі болатынын түсіндіру және физикалық теориялар белгілі ғылыми фактілер мен табиғат құбылыстарын түсіндіруге, әлі де белгісіз құбылыстар мен процестерді, олардың ерекшеліктерін алдын ала айтуға мүмкіндік беретін, математикалық аппаратын есептеу арқылы оны теориялық дәлелдеуге болатынын білу.
бағдарлама бойынша игерген білімдері мен әртүрлі ақпарат құралдарынан алынған мәліметтерді күнделікті өмірде болып жатқан құбылыстар, жаңалықтармен салыстыру.
физикалық құбылыстарды компьютерлік модельдер арқылы таныту және оның адамзат үшін қажеттілігін ұғындыру.
кешенді есептерді шығара білуге үйрету болып табылады.
Осы мақсат-міндеттерді шешу ұсынылып отырған қолданбалы, таңдау курстар арқылы жүзеге асады деп ойлаймын.
Күтілетін нәтижелер. Курсты окытудың соңында оқушылар:
- физикалық ұғымдар мен шамалардың мағынасын түсінеді;
- физика заңдарының практикалық қолданыстарын түсініп, игереді;
- есеп шығарған кезде сызбада берілген шамаларды олардың арасындағы тәуелділікті дұрыс тауып анықтай біледі;
- модельдің не екенін түсінеді;
- физикалық құбылыстарды компьютерде модельдей біледі;
- физикалық құбылыстардың математикалық моделін есептеп шығара алады;
- программа құруға дағдыланады;
- физика пәнінен меңгерген білім, іскерлік, дағдыларын басқа пәндерден алған білімдерін ұштастыра біледі;
- электрондық оқу құрлдарын тиімді пайдалана білу сияқты нәтижелерге қол жеткізуі тиіс.
Бірінші бөлімде, программалау тілі және Pascal тілінің құрылымдық және графикалық операторлардың басты мәліметтері қарастырылады.
Екінші бөлімде, модель, модельдеу және олардың кезеңдері келтірілген. Сондай-ақ, модель құрудың үлгілері мен әдістері қарастырылады.
Үшінші бөлімде, «Механика» бөлімінің түрлі физикалық модельдері қарастырылады.
Төртінші бөлімде, «Молекулалық физика», «Электродинамика», «Тербелістер мен толқындар», «Ядролық физика» бөлімдері үшін есептердің негізгі түрлерінің модельдері қарастырылады.
Бесінші бөлімде, қарапайым, логикалық және әдемі физиканың жалпы мектеп курсынан тыс есептердің түрлері қарастырылады


Таңдамалы курс
«Физикалық құбылыстарды компьютерде модельдеу»
(10-11сыныптар 34 сағат)
№ Сабақ тақырыбы Сағат
саны Мерзімі
1 Кіріспе 1 2 ПАСКАЛЬ - ПРОГРАММАЛАУ ТІЛІ. 1 3 Программа және оның құрылымы. 1 4 Паскаль тілінің қарапайым операторлары. Меншіктеу операторы. 1 5 Түс және графика. Координаттар жазықтығы. 1 6 Символдық және жолдық шамалар 1 7 Жиымдар және оларға қолданатын амалдар. 1 8 МОДЕЛЬ. МОДЕЛЬДЕУ. МОДЕЛЬ ТҮРЛЕРІ. 1 9 Модельдеудің негізгі кезеңдері. 1 10 Практикалық жұмыс 1 11 Графикалық модельдер құру. 1 12 Мультипликация (қозғалатын бейне және дыбыс) 1 13 Мультипликация жасаудың әдістері. 1 14 Дыбыстық сигнал беру. 1 15 Есептеу қателіктері. Үшөлшемді графика. 1 МЕХАНИКА. БІЗДІҢ АЛҒАШҚЫ КОМПЬЮТЕРЛІК МОДЕЛІМІЗ.
16 Бірқалыпты түзу сызықты қозғалыс. 1 17 Соқтығыс. Екі дененің соқтығысуы. 1 18 Теңүдемелі қозғалыс. Дененің құлауы. 1 19 Горизонталь лақтырылған дененің қозғалысы. 1 20 Шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалыс. 1 21 Спутниктер мен планеталардың қозғалысы. 1 22 Тербеліс және маятниктер. Серіппелі маятник. 1 23 Математикалық маятник. 1 МОЛЕКУЛАЛЫҚ ФИЗИК ЖӘНЕ ТЕРМОДИНАМИКА НЕГІЗДЕРІ.
24 Күй теңдеуі. 1 25 Броундық қозғалыс. Диффузия. 1 26 Бір кесе шай туралы есеп. 1 Электродинамика элементтері.
27 Шырша гирляндысы лампаларының кедергісін есептеу. 1 28 Электромагниттік өріс. 1 Тербелістер мен толқындар.
29 Көлденең толқындар. 1 30 Сәуленің шағылуы (айна). 1 31 Сәуленің сынуы 1 Ядролық физика элементтері.
32 Атом моделі. 1 33 ӨЗІНДІК ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ЖҮЙЕЛЕР 1 34 Қорытынды. 1

Бекітемін: Келісемін: Ә/Б отырысында
Мектеп директоры Оқу ісінің меңгерушісі Қаралды
Г.Р.Курмангалиева З.М.Федорова Хаттама №_____
____________________ ____________________ __________________
«___»_______________ «___»_______________ «___»_____________
Тақырыбы: «Астрофизика»
Үйірме
Сынып: 9 «А,Б»
Пән мұғалімі: Ә.Т. Қанат
2018-2019 оқу жылы
«Астрофизика»
Үйірме
Түсінік хат
Берілген оқу құралы облыстық оқу-әдістемелік кабинеттің сарапшы кеңесінің мүшелерімен негізгі және жоғарғы бағдарлы мектептерде базистік оқу жоспарының вариативтік құрамдас бөлігі бойынша сабақтарды қамтамасыз ету мақсатында бекітілген. Ұсынылып отырған материал жоғарғы сынып оқушыларының танымдық қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік жасаумен қатар, әлемнің қазіргі көрінісі туралы түсініктерінің кеңеюіне септігін тигізе отырып, негізгі курстың мазмұнын толықтырады.
Үйірменің негізгі мақсаты болып табылады:
 белгілі бір пән аймағында оқушылардың тұрақты танымдылық
қызығушылығын қалыптастыру;
 оқушыларды аспан денелерімен таныстыру
 Астрофизиканы ғылымның әмбебап тілі, құбылыстар мен үрдістердің үлгісі ретінде қарастырып, физиканың пікірлері және тәсілдері туралы
түсінік қалыптастыру;
 болашақ кәсіпқойлық қызметте, сонымен қатар жоғарғы оқу орнында
білім алу үшін қажет болатын деңгейде логикалық ойлауды, кеңістіктік елестетуді, алгоритмдік мәдениетті, ойлаудың сыншылдығын дамыту;
 күнделікті өмірде қажет болатын физикалық білімдермен біліктілікті игеру.
Үйірменің мақсаты:
1. Оқушылардың физикалық және астрономиялық есептерді шығару барысында танымдық қызығушылығын арттыру, зияткерлік және шығармашылық қабілетін дамыта отырып, өз бетімен ізденіп, жаңа білімге қол жеткізуге үйрету;
2. Негізгі курс барысында алынған білім, білік дағдыларын жетілдіру;
3. Физикалық есептерді шығару әдіс-тәсілдерін анықтай білу дәрежесін
қалыптастыру;
4.Астрономиялық білімдері мен Физикалық білімдерін табиғаттың құбылысын, аспан денелерін заттың қасиетін түсіндіруге
қолдана білуге, есептерді шығаруға, физикалық мағынасы бар жаңа ақпаратты өз бетімен ізденіп, бағалауға үйрету.
Үйірменің міндеті:
1. Оқушылардың білімін тереңдету және жүйелеу;
2. Есептер шығарудың негізгі алгоритмін меңгерту;
3. Есептер шығарудың әдістерін игерту.
1. Оқушылардың білімі іскерлігі мен есеп шығару дағдысы анықталады;
2. Астрофизикалық теорияны есеп шығаруға қолдана біледі;
3. Физикалық және астрономиялық заңдардың оқылуы мен формулалардың жазылуын біледі;
4. Оқушылардың пәнге қызығушылығы артады;
5. Ұлттық бірыңғай тестілеуде нәтижеге қол жеткізеді.
Үйірменің жоспары
10 «А» сынып
№ Сабақ тақырыбы Сағат саны Мерзімі
I тоқсан. Геометриялық оптика 1 Геометирялық оптика заңдары 1 2 Линза. Оптикалық жұқа линза 1 3 Оптикалық линзада көріністерді түзу 1 4 Жалпы салыстырмалылық теория элементтері 1 5 Ауырлық өрісіндегі жарықтың қозғалысы 1 6 Эйнштейн теңдеуі 1 7 Риман геометриясының элементтері 1 8 Эквиваленттілік принципі 1 9 Эйнштейннің тартылыс теңдеуі 1 II тоқсан.Қараңғы материя 10 Қараңғы материя мәселесі 1 11 Аспан-механикасындағы вириал теоремасы 1 12 Ф.Цвиккидің астрономиялық бақылаулары 1 13 Қараңғы материяның ашылуы 1 14 Жекеленген галактикалар үлгіс 1 15 Галактикалар морфологиясы 1 16 Галактикалар құрылымы жайлы қазіргі заманғы түсінік 1 III тоқсан.Гравитациалық микролинзалау 17 Гало 1 18 Балдж 1 19 Гравитация 1 20 Гравитациялық линза 1 21 Гравитациалық микролинзалау 1 22 Гравитациялық линзаның негізгі теңдеуі 1 23 Сфералы-симметриялы гравитациялық линза 1 24 Галактиканың қараңғы материя галосындағы жарық сәулесінің ауытқуы 1 25 Қараңғы материя галосының теориялық түсіндірмесі 1 26 Қараңғы энергия 1 27 Практикалық жұмыс 1 IV тоқсан. 28 Әлем 1 29 Жұлдыздар 1 30 Қара құрдым 1 31 Қара құрдым, қараңғы материя, қараңғы энергия айырмашылығы 1 32 Өзіндік жұмыс. Астрофизика мәселелері 1 33 Термин сөздер мен анықтамалар 1 34 Тест тапсырмалары 1 Үйірменің жоспары
10 «Б» сынып
№ Сабақ тақырыбы Сағат саны Мерзімі
I тоқсан. Геометриялық оптика
1 Геометирялық оптика заңдары 1
2 Линза. Оптикалық жұқа линза 1
3 Оптикалық линзада көріністерді түзу 1
4 Жалпы салыстырмалылық теория элементтері 1
5 Ауырлық өрісіндегі жарықтың қозғалысы 1
6 Эйнштейн теңдеуі 1
7 Риман геометриясының элементтері 1
8 Эквиваленттілік принципі 1
9 Эйнштейннің тартылыс теңдеуі 1
II тоқсан.Қараңғы материя
10 Қараңғы материя мәселесі 1
11 Аспан-механикасындағы вириал теоремасы 1
12 Ф.Цвиккидің астрономиялық бақылаулары 1
13 Қараңғы материяның ашылуы 1
14 Жекеленген галактикалар үлгіс 1
15 Галактикалар морфологиясы 1
16 Галактикалар құрылымы жайлы қазіргі заманғы түсінік 1
III тоқсан.Гравитациалық микролинзалау
17 Гало 1
18 Балдж 1
19 Гравитация 1
20 Гравитациялық линза 1
21 Гравитациалық микролинзалау 1
22 Гравитациялық линзаның негізгі теңдеуі 1
23 Сфералы-симметриялы гравитациялық линза 1
24 Галактиканың қараңғы материя галосындағы жарық сәулесінің ауытқуы 1
25 Қараңғы материя галосының теориялық түсіндірмесі 1
26 Қараңғы энергия 1
27 Практикалық жұмыс 1
IV тоқсан.
28 Әлем 1 29 Жұлдыздар 1 30 Қара құрдым 1 31 Қара құрдым, қараңғы материя, қараңғы энергия айырмашылығы 1 32 Өзіндік жұмыс. Астрофизика мәселелері 1 33 Термин сөздер мен анықтамалар 1 34 Тест тапсырмалары 1 ТҮЙІНДЕМЕ
Галактика: құрамына Күн жүйесі енетін алып аумақты жұлдыздық жүйе. Ол шамамен екі жүз миллиард жұлдыздан, сондай-ақ жұлдыздар шоғырынан, газ бен тозаң тұмандықтарынан және жұлдызаралық кеңістікке таралған жеке атомдар мен бөлшектерден құралған.
Қараңғы материя: көрінбейтін, жарықты шығармайтын және жұтпайтын материя. Ол өзі тудыратын гравитациямен анықталады. Біртіндеп материя барлық аймақты кездесетіні анықталды: галактикадан бастап галактикалардың аса көп шоғырына дейін. Оның массасы жұлдыздарды, газдарды, планеталарды, шаңдарды құрайтын көрінетін материяларға қарағанда айтарлықтай көп. Қараңғы материя ғалам массасының 23% және 73% қараңғы энергия 96% - «қараңғы» сектор құрайды. Қараңғы материяның қандай болатындығы қазіргі кезге дейін белгісіз.
Гало: галактиканың сфера пішінді көрінбейтін компоненті. Аспанда бұлттар көбі несе су тамшысынан тұрады, бірақ та өте алыста орналасқандары мұз кристаллдарынан тұрады. Жарық осылар арқылы өткенде гало пайда болады. Гало ыстық газдан, жұлдыздардан және қараңғы материялар тұрады.
Эйншиейн теңдеуі: (кейде «Эйнштейн – Гильберд» теңдеуі деген атпен аталады) – жалпы салыстырмалылық теориясындағы гравитациялық өрістің өзара майысқан кеңістік – уақыт шамасын оны толтырып тұратын материяның қасиеттерінің есебімен байланыстырушы теңдеу..
Гравитациялық линза: гравитациялық өрісімен, маңынан өтіп бара жатқан сәуленің таралу бағытын өзгертуші массивті дене болып табылады. Бұл тартылыс эффектісін «линза» деп айту себебі, сәулеленудің параллель шоғыры массивті дененің маңынан өтіп бара жатып оның артына тура, жарық сәулесі шыныдан жасалынған оң линзадан өткенде шоғырланғанғаны сияқты болғандақтан.
Микролинзалау: масштабтары квазарлар әлеміндегіден әлдеқайда аз болады деп күтілгендіктен оны «гравитациялық микролинзалау» деп атаған.
Вириал теоремасы: бойынша өзара әрекеттесетін динамикалық тепе- теңдік жағдайында тұрған бөлшектердің жүйесі үшін бөлшектерге әсер етуші барлық күштер жүйемен салыстырмалы түрде ішкі болатын және қашықтықтың квадратына кері пропорционал болатын жағдайда бөлшектердің орташа кинетикалық энергиясы әсер етуші денелердің жүйелерінің кері таңбаменен алынған өзара әрекеттесуші денелердің жүйесінің потенциялық энергиясының орташа мәніне тең.
Оптикалық линза: заттыңоптикалық кескінін қалыптастыруға қабілетті жарық сәулелерін сындырушы екі бетпен шектелген мөлдір дене.
Риманов геометриясы: риманов кеңістігі теориясының, яғни аздаған аумақтарда евклид геометриясы шақтамалы күйде көрініс беретін беткейлердегі жалпыландырылған көп өлшемді геометриясы. Риманов геометриясы 1854 жылы негізін салған Б. Риманның атымен аталады.
Эквиваленттік принципі: Тартылысты сипаттауға арналған Эйнштейннің эквиваленттік принципі геометрияның майысуының концепсиясына сәйкес келетін физикалық процесс ұсынылды.
Әлем: бұл өз алдына жеке толық өмір сүре алатын, кеңістік және уақыт бойынша шексіз, өзінің даму процесінде әр түрлі пішінге ие болатын материялық дүние.
Қараңғы энергия: көзге көрінбейтін, жарық шығармайтын, бірақ энергия бөлетін құбылыс.
Жұлдыз: негізінен сутегі мен гелийден тұратын аса ірі аспан денесі.
Қара құрдым: тығыздығы өте күшті гравитациялық иірім, Күннен массасы ондаған, жүздеген есе үлкен жұлдыздар гравитациялық радиусқа дейін сығылса, онда олар «қара құрдымға» айналады.
Балдж: галактика центріндегі аздаған жұлдыздар шоғыры.


Бекітемін: Келісемін: Ә/Б отырысында
Мектеп директоры Оқу ісінің меңгерушісі Қаралды
Г.Р.Курмангалиева З.М.Федорова Хаттама №_____
____________________ ____________________ __________________
«___»_______________ «___»_______________ «___»_____________
Тақырыбы: «Физикалық терминдерді ағылшын тілінде оқып үйрену»
Қолданбалы курс
8 «А» сынып
Пән мұғалімі: Ә.Т. Қанат
2018-2019 оқу жылы
«Физикалық терминдерді ағылшын тілінде оқып үйрену»
(8 «А» сыныбына арналған факультативтік курс)
Түсінік хат
Әрбір мемлекеттің өсіп-өркендеуінің, бәсекеге қабілетті болуының ең басты ошағы ұстаз берген біліммен бағаланады. Сондықтан дамудың ең биік шыңынан көрінгісі келетін кез келген мемлекет, ең алдымен, білім беру саласын дұрыс жолға қойып, сапасын көтеруді мақсат етеді. Бүгінгі таңда көп тілді оқыту – жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашып, ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіндік береді. Үш тілде оқыту – заман талабы десек, оның негізгі мақсаты: бірнеше тілді меңгерген, әлеуметтік және кәсіптік бағдарға қабілетті, мәдениетті тұлғаны дамыту және қалыптастыру. Үш тілде оқыту арқылы оқушының сөздік қорын толықтыруға, сөйлеу дағдысын қалыптастыруға болады. Оқыту үдерісінде бағдарламаға сай оқушылар физикадан негізгі ұғымдардың қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде аудармасын оңай игеріп, олардың мағынасын терең түсінуге мүмкіндік алады. Бағдарламаға CLIL әдістемесі, яғни физика пәніне ағылшын тілін кіріктіре оқыту әдісі салынған.
Курстың өзектілігі:
Үш тілде оқыту – заман талабы десек, оның негізгі мақсаты: бірнеше тілді меңгерген, білімді, қабілетті тұлғаны дамыту және қалыптастыру. Оқушыларға пән бойынша алған білім-білігін және дағдысын физикалық термин сөздерді қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі аудармасымен жүйелеп жеткізу.
Курстың негізгі мақсаты:
Оқушыларға физика пәнінен термин сөздерді ағылшын тілінде оқыту арқылы базалық курста алған білімдерін арттырып, танымдық белсенділігін, дағдыларын қалыптастыру.
Міндеттері:
негізгі курста алынған білім мен дағдыларды жетілдіру;
пән бойынша оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру;
физикалық термин сөздерді қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде меңгеру;
курста алған білімдерін дербес қолдана алуға дағдыландыру;
Күтілетін нәтиже:
физика курсында алынған білімдерін жетілдіреді;
ағылшын тілінде физикалық терминдерді айта алады;
физикалық заңдылықтарды, формулаларды ағылшын тілінде тұжырымдай алады;
Факультатив курс бағдарламасы 8 сынып оқушыларына бір жылдық оқу үшін арналған. Барлығы 34 сағат, аптасына 1 сағатқа есептеліп құрылған.
Курстың мазмұны - Course content
8 сынып
Барлығы 34 сағат, аптасына 1 сағат.
1. Кіріспе-Introduction (1 сағ)
- Қазіргі әлемдегі ағылшын тіліндегі физикалық терминологияның мағынасы.
- The meaning of physical terminology in English in the modern world.
2. Ішкі энергия-Internal energy (5 сағ)
- Жылулық қозғалыс. Броундық қозғалыс. Диффузия. Температура. Оны өлшеу тәсілдері. Iшкi энергия. Iшкi энергияны өзгерту тәсiлдерi. Жылу берілу.
- Thermal motion. Brown movement. Diffusion. Temperature. Methods of measuring it. Internal energy. Methods of Changing Internal Energy. Thermal conductivity, convection, radiation
3. Заттың агрегаттық күйлерінің өзгеруі- Changes in aggregate matter of matter (6сағ)
- Заттың агрегаттық күйлері. Қатты денелердiң балқуы және қатаюы. Балқу температурасы.
- Aggregate states of matter. Melting and hardening of solid bodies. Melting point temperature.
4. Термодинамика негiздерi – Fundamentals of thermodynamics (4 сағ)
- Термодинамика заңдары. Газ бен будың жұмысы. Жылу процестерiнiң қайтымсыздығы. Қазiргi физикадағы термодинамиканың рөлi.
- The first of thermodynamics. Gas and steam operation. Irreversibility of thermal processes. The role of thermodynamics in modern physics.
5. Электростатикалық өріс- Electrostatic field (4 сағ)
- Денелердің электрленуі. Электр зарядының сақталу заңы. Кулон заңы. Элементар электр заряды. Электр өрiсi. Конденсаторлар.
- Electrification of bodies. Electric charge conservation law. Coulomb's law. Elements of electrical charge. Potential and Potential Differences. Capacitors
6. Тұрақты электр тогы- Constant current electricity (6 сағ)
- Электр тогы. Ток күшi. Кернеу. Тiзбек бөлiгi үшiн Ом заңы. Өткiзгiштiң электр кедергiсi. Өткiзгiштердi тiзбектей және параллель қосу. Электр тогының жылулық әсері. Джоуль-Ленц заңы.
- Electric current. Electric current sources. Electric circuits and its components. Current Power. Voltage. Ohm's Law for the Particle. Connecting conductors sequentially and parallel. Thermal effect of electric current. The Law of Joule-Lenz.
7. Магнит өрісі-Magnetic field (2сағ)
- Тұрақты магнит. Магнит өрiсi. Тогы бар түзу өткізгіштің магнит өрiсi. Электромагниттiк индукция. Генераторлар.
- A permanent magnet. Magnetic field. Magnetic field of direct current with current. Electromagnetic induction. Generators.
8. Жарықтың қасиеттері - Properties of light (6 сағ)
- Жарық. Жарықтың түзу сызықты таралу заңы. Жарықтың шағылуы. Шағылу заңдары. Толық шағылу. Жазық және сфералық айналар. Жарықтың сынуы. Линзалар. Түс және жарық.
- Light. Light sources. The law of direct linear distribution of light. Illumination of the light. The laws of repulsion. Light fracture. Color and light
9. Қорытынды сабақ- Final lesson (1 сағ)
Қолданбалы курстың күнтізбелік жоспары 8 – сынып
Барлығы 34 сағат, аптасына 1 сағат
№ Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі
І.Кіріспе- Introduction (1 сағ) 1 Қазіргі әлемдегі ағылшын тіліндегі физикалық терминологияның мағынасы.The meaning of physical terminology in English in the modern world. 1 2. Ішкі энергия- internal energy (5 сағ) 2 Жылулық қозғалыс. Thermal motion. 1 3 Температура. Оны өлшеу тәсілдері.
Temperature. Methods of measuring it. 1 4 Iшкi энергия.Internal energy. 1 5 Жылу берілу. Heat transfer. 1 6 Отынның энергиясы. Fuel energy. 1 3. Заттың агрегаттық күйлерінің өзгеруі- Changes in aggregate
matter of matter(6сағ) 7 Заттың агрегаттық күйлері. Aggregate states of matter. 1 8 Қатты денелердiң балқуы және қатаюы.
Melting and hardening of solid bodies. 1 9 Булану және қайнау. Evaporation and boiling. 1 10 Қаныққан және қанықпаған булар.These are saturated and unsaturated. 1 11 Ауаның ылғалдылығы.Humidity of air. 1 12 Есептер шығару. Рroblems 1 4. Термодинамика негiздерi. Жылу машиналары- Fundamentals of thermodynamics. Thermal machines (4 сағ) 13 Термодинамика негiздерi. Fundamentals of thermodynamics. 1 14 Газдың және будың жұмысы.Gas and steam operation. 1 15 Қазiргi физикадағы термодинамиканың рөлi.
The role of thermodynamics in modern physics. 1 16 Есептер шығару. Рroblems 1 5. Электростатикалық өріс- Electrostatic field (4 сағ) 17 Денелерді электрлеу. Body electrotherapy. 1 18 Кулон заңы. Coulomb's law. 1 19 Электр өрiсi. Потенциал
Electric field. Potential. 1 20 Есептер шығару. Рroblems 1 6. Тұрақтыэлектртогы-Constant current electricity (6 сағ) 21 Электр тогы. Electric current. 1 22 Ом заңы.Ohm's law. 1 23 Өткiзгiштердi жалғау.Connecting wires. 1 24 Джоуль-Ленц заңы.The Law of Joule-Lenz. 1 25 Электрқыздырғыш құралдар. Electric heaters. 1 26 Электр тогының әсерлері. Electric current effects. 1 7.Магнит өрісі-Magnetic field (2сағ) 27 Магнит өрiсi.
. Magnetic field. 1 28 Электромагниттiк индукция. Electromagnetic induction. 1 8.Жарықтың қасиеттері-Properties of light (5 сағ) 29 Жарық. Light. 1 30 Жарық заңдары.Light laws. 1 31 Айнада кескін алу.Getting an image on the mirror. 1 32 Линзалар. Көз - оптикалық жүйе.The lenses.The source is the optical system. 1 33 Есептер шығару. Рroblems 1 9. Қорытынды сабақ- Final lesson (1сағ) 34 Өтілген курсты жалпылама қорытынды қайталау. «Физика және техника»-« Physics and technology»атты ағылшын тілінде шағын эссе жазу.
Repetition of the course summarized in summary. "Physics and techniques" - writing essay in English "Physics and technology" 1 Әдебиеттер
Мұғалімдерге арналған әдебиеттер:
1. А.Е.Марон. Е.А.Марон. Физика 8 класс: Дидактические материалы – М.:Дрофа, 2002
2. Перельман Я.Н. Занимательная физика – М.: ООО «Издательство АСТ», 2001
3. Кабардин О.Ф. Орлов В.А. Зильберман А.Р. Задачи по физике 9 класс
4. РымкеевичА. П. Физикадан есептер жинағы 9 – 11 сыныптар – М.: Дрофа, 2006
5. Ғаламтор желісі
 https://www.youtube.com/watch?v=Kw51KiZhm0I
 www.fizika.ru
 https://www.youtube.com/watch?v=vxFYfumAAlY
 https://www.youtube.com/watch?v=B6mi1-YoRT4
 Percentages worksheetPhysics
Оқушыларға арналған әдебиеттер:
1. РымкеевичА. П. Физикадан есептер жинағы 9 – 11 сыныптар – М.: Дрофа, 2006
2. Степанова Г.Н. «Сборник вопросов и задач по физике, 7-9» - С-Пб. «Спец-Лит», 2000
3. Белолипецкий С.Н., Еркович О.С., Иванов А.Е. Казаковцева В.А. Учебное пособие для средней школы. Механика. Сб Задач. М.: Издательство МГТУ им. Н.Э.Баумана, 2003
4. Ғаламтор желісі
 «GalileoRU», «Эдисон физикасы»
 http:www.zharar.com/kz/referat_fizika.html
 www.fizika.ru
 https://www.youtube.com/watch?v=vxFYfumAAlY
 https://www.youtube.com/watch?v=B6mi1-YoRT4

Приложенные файлы

  • docx 9576596
    Размер файла: 1 MB Загрузок: 1

Добавить комментарий