Ф Бизакова кітап


C. М.Жақыпов, Ф. Бизақова .
«Білім беру жүйесінде қолданылатын психокоррекциялық жаттығулар» атты оқу құралы.
Оқу құралында психологиялық қызмет көрсетудің психокоррекциялық бағыты қарастырылған. Жеке бас дамуын теориялық деңгейде негіздей, жас кезеңдерге бөліп, коррекцияның негізгі түрлері мен әдістері: тренинг, ойын, сабақтар жаттығулар, бойынша түзету -дамыту бағдарламалары ұсынылды. Психолог қызметінде психокоррекциялық материалдарды жеке және топтық түрде өткізу жолдары нақты көрсетілді. Оқу құралы тәжірибелі психолог мамандарға және жоғары оқу орындары мен колледждердің білімгерлеріне арналған.
Білім беру жүйесінде қолданылатын психокоррекциялық жаттығулар
МАЗМҰНЫ
Кіріспе.
Психокоррекциялық жұмыстың тиімді ерекшеліктері.
Психокоррекциялық бағдарламаларды құрастырудағы негізгі ұстанымдар.
Психокоррекциялық әдістер топтамасы.
1-тарау: Мектепке дейінгі кезеңде психокоррекциялық жұмысты қолдану ерекшелігі.
Танымдық үрдістерге психокоррекциялық жаттығулар.
Қабылдауға дамытуға арналған жаттығулар.
Зейінді дамытуға арналған жаттығулар.
Ес процесін дамытуға арналған жаттығулар.
Ойлау процесін дамытуға арналған жаттығулар.
Қиялды дамытуға арналған жаттығулар.
Сөйлеуді дамытуға арналған жаттығулар.
Өзіндік бағаны дамытуға арналған жаттығулар.
Психо-эмоционалды қысымды түсіру жаттығулары.
Тұлғааралық қатынасты дамытуға арналған жаттығулар.
Мектепке дейінгі кезеңде бала мен ата-ана қатынасында эмоционалды-мотивациялық және танымдық өрістерді психокоррекциялық бағдарлама бойынша дамыту және түзету.
2-тарау:Психокоррекциялық жұмыстың мектеп жасындағы балада жүргізілу мазмұны.
1-сынып оқушыларының мектепке бейімделу деңгейін
арттыруға арналған түзету –дамыту бағдарламасы.
Бастауыш сынып жасындағы балаларға арналған түзету-дамыту бағдарламасы.
Бастауыш сынып жасындағы балалардың оқу мотивациясын дамытуға арналған бағдарлама.
Балаларда эмоционалды –еріктік өрісінде агрессивті күйді төмендетуге бағытталған жаттығулар.
Бастауыш сынып жасындағы балалардың жекелік қасиетін дамыту.
Бастауыш сынып жасындағы балалардың шығармашылық қабілетін дамытуға арналған сабақтар.
Бастауыш сынып жасындағы балаларды тәрбиелеуге арналған бағдарлама.
3- тарау. Жеткіншек жас кезеңіне бейімделуге арналған “Мен” және “ Біз” тренингтік сабақтары.
Өзіндік бағаны дамытуға арналған жаттығулар.
Зейінді дамытуға арналған жаттығулар.
Ес процесін дамытуға арналған жаттығулар.
Ойлау процесін дамытуға арналған жаттығулар.
Эмоцияналды-еріктік өрісін дамытуға арналған жаттығулар.
Тұлғааралық қатынасты дамытуға арналған жаттығулар.
Девиантты мінез-құлық ерекшелігі.
Девиантты мінез-құлыққа арналған жылдық жоспар.
4-тарау. Жас өспірімдік шақты дамытуға арналған жаттығулар.
Ес процесін дамытуға арналған жаттығулар.
Ойлау процесін дамытуға арналған жаттығулар.
Сөйлеу процесін дамытуға арналған жаттығулар.
Қиял процесін дамытуға арналған жаттығулар.
Өзіндік бағалауды дамытуға арналған жаттығулар.
Эмоционалды-еріктік өрісін дамытуға арналған жаттығулар.
Табысты мінез-құлық тренингі.
Қарым-қатынасты дамытуға арналған жаттығулар.
Отбасындағы қалыпты дағдарыс ерекшелігі.
Ата-аналармен жүргізілетін психокоррекциялық жаттығулар.
Педагогтармен жүргізілетін психокоррекциялық жаттығулар
К І Р І С П Е .
Пихокоррекция - бағыты индивидтің бүтіндік дамуы мен қызметіне психологиялық әсер ету болып табылады. Жеке бас дамуына әсер ету жас және дара психологиялық ерекшелігіне (танымдық, эмоциональды –еріктік, қалыпты мінез-құлық және жеке қасиеттеріне ) қарай жүретін қалыпты үрдіс.
Оқу құралының құрылымы теориялық деңгейде мазмұн бере отырып, жас ерекшелігіне байланысты қолданылуы, сапасы ретінде психикалық жаңа білім беру қарастырылды. Мектептерде биылғы жылы девиантты мінез-құлық пен эмоционалды қарым-қатынасты реттеуді қажет ететін балалармен жұмысқа, аптасына оқу кестесіне бір сағат енгізілді. Мектеп психологтарынан ( көбіне ауыл мектептерінен) бір жыл бойы не өткіземіз, тақырыптарды қайдан аламыз деген сауалдар көптеп түсті. Осы сұраныстар төңірегінде оқу құралының құрылымына, коррекциялық жаттығулар: тренинг, ойын, сабақтар деңгейінде, оған түзету-дамыту бағдарламаларын құрастыру қажеттігі туындады. Алдыңғы кітапта «Білім беу жүйесінде қолданылатын психодиагностикалық тесттер» жинағының тақырыптары бойынша материалдар, сол алты тарауға байланысты іріктелініп, жас кезеңдеріне қарай топтастырыла отырып, бағдарламалар мен жылдық жоспар ( девиантты мінез-құлыққа) құрылды. Бұл оқу құралын жинақтау мен талдауға және тәжірибеде қолдануға бейімдеген шығармашыл топқа зор алғысымызды айтамыз:
Сарыкемер ауылының Ғ. Мұратбаев атындағы гимназияның психологы Салихова Сандуғаш . № 34 мектеп психологы Фризен Юлия , №5 зертханалық мектеп психологы Мейірқұлова Назгүл. № 3 мектептің психологы Моор Елена. Қазақстан Психологтарының Ұлттық Ассоциациясы Тараз филиалының тәжірибелі психолог мамандары Ж. Әбілбекова, А. Сағатбаева, А.Омарқұлова әдістемелер бойынша бағдарлама құруда пікір таласқа қатыса отырып, жеке тәжірибелерімен және қажетті әдебиеттермен қамтамасыз етуге күш салысты .
Автордан


Психокоррекциялық жұмыстың тиімді ерекшеліктері
Тәжірибелі психолог маман психодиагностикалық өңдеу көрсеткішінен алынған нәтижені негізге ала отырып, жеке бас дамуын қалыптастыруға коррекциялық жаттығуларын қолданады. Психолог маман жұмысының тиімділігін талдау, балалармен нақты өзара әрекетті ұйымдастыру және оны жүзеге асыру болып табылады.
Психокоррекциялық жұмыста «коррекция» терминінің кең қолданымға енуі ХХ ғасырдың жетпісінші жылдарынан басталды, тура аудармасы «исправление-түзету» деген мағынаны береді.. Психолог жеке тұлғаның мінез-құлқы мен сапаларына, белгілі әсер етуде түзету жұмысына бағдарлама құрады. Бағдарлама құрылымы психологиялық және педагогикалық екі бөлімде қарастырылады. Психологиялық бөлімінде психолог жеке жұмыс жоспарын жасап, оны жүзеге асырады. Ал педагогикалық бөлімінде психолог басқа мамандармен – мұғалім, тәрбиеші және ата-анамен біріге отырып, психологиялық ұсыныстар құрастырады. Р.С. Немовтың пікірінше «психокоррекция» ерекшелігі –психикасы сау адамның мінез-құлқын реттеуге әсер ету және оның жетіспейтін тұстарын жетілдіруде психологтың қолданатын психологиялық тәсілдерінің жиынтығы.
Психокоррекцияның басқа бағыттардан ерекшелене сипатталуы:
психикасы сау адамдарда біріншіден күнделікті өмірде шешілмеген мәселелері болады, психологиялық қиындықты сезетін, ашулана оған шағым жасайтындар, ал екіншіден өзін жақсы сезінетін, сондай-ақ жеке бас дамуын талпыныста ұстап, өзгеруге дайындық деңгейдегі индивидтерге жүргізіледі .
мінез-құлқындағы ерекшелікке коррекциялық жұмыстарын жүргізерде , психикалық саулығы ескеріледі.
психокоррекция жұмыстары жеке тұлғада нақты шамада бүгін және ертеңге бағытталады.
орта мерзімде көмек беруге бағытталған (психологиялық көмек индивидті қабылдау 15- реттен аспайды).
психологтың жұмысы индивидтің құндылық қорына негізделе құрылады.
әсер ету деңгейі индивидтің жеке бас дамуы мен мінез-құлық өзгеруіне бағытталады.
Психокоррекциялық жұмыстың мақсаты –баладағы психикалық даму заңдылықтарын түсіне отырып, үлкендермен серіктестікте жүргізілетін белсенді әрекет түрі.
Психокоррекциялық мақсат үш бағытқа негізделеді:
1.Әлеуметтік даму жағын ықшамдау.
2.Балада іс-әрекет түрлерін дамыту.
3. Жас және психологиялық жаңа білімді қалыптастыру.
Психокорекцияның негізгі міндеттері:
Жеке бас дамуына қажетті когнитивті (ақыл-ой), эмоционалды және мінез-құлықтық өрістер бірге қарастырылып, субьектінің мәдени және жас ерекшелігі ескере отырып, ішкі ресурстарды белсенділеу болып табылады. Психокоррекциялық жұмыстарды жүргізу жағымды тәжірибе жинақтау мақсатында құрылуы және жүзеге асырылуы қажет
Психокоррекциялық бағдарлама құрудың түрлері:
-коррекцияның жалпы моделі: сабақ жүктемесін құрастыруда жеке бас дамуын қоршаған орта мен адамдар арасындағы қатынастар бойынша, баланың жағдайын жүйелі ескере отырып, ықшамдап күнге, аптаға және айға бөліп қарастырады.
- коррекцияның типтік моделі тәжірибеге негіз етіп, түрлі іс-әрекет (ойын, оқу және еңбек) қимылын ұйымдастыру.
- коррекцияның жеке моделі баланың жеке психикалық дамуын, қызығушылығын, білімін және мәселелерінің түрлерін белгілеу.
-стандартты бағдарламада:: қажетті құрал-жабдықтар, қатысушыларға қойылатын талаптар мен кезеңдерге бөлінген жоспар.
-еркін бағдарламада: психолог психокоррекциялық мақсат, міндеттерді еркін жоспарлайды және кезеңдерге өз қалауынша бөле алады.
Психокоррекциялық жұмыста әсер ету деңгейі психологтың кәсіби біліктілігі мен құзіреттілігіне байланысты:
Теориялық жағынан (баланың психикалық даму заңдылығы мен жас кезеңдерін, оқыту мен тәрбие мәселесіндігі қатынасты, жеке және шығармашылық қабілетті білуі) дамуы, арнайы әдістерді (бір әдістің немесе ықпалдың мүмкіндіктерін) және жағдайларды білуі және дайындығы жатады.
Тәжірибелік жағынан кәсіби деңгейде психокоррекциялық әдістер мен әдістемелерді қолдануды меңгеруі, қызметіндегі құпияларды сақтай білуі және құзіреттілік деңгейін жетілдіруге талпынысты оята білуі мен сенімділігі.
Жеке тұлғалық дайындығы жағынан психологтың жеке басында алдымен өз мәселесі бойынша жұмыстың жүргізілуі, өзіндегі жағдайды шеше білуі (жеке мәселесін шеше алмаса, алдына келген индивид мәселесіне тепе-тең көз –қараста қарай алмайды) нейтралды ара –қашықтықты ұстай білуге мүмкіндік береді.Психолог күнделікті өзімен жұмыс жасап, жеке басын жетілдіріп отыруы қажет, себебі алдымен сыртқы түрімен сенімге еніп, әсер етеді..
Психокоррекцияның түрлері:
-сипатына қарай симптомды (ауру белгісі ) және каузалды (себеп ) деп бөлініп, дер кезінде дамудағы кедергіні анықтайды.
-ұзақтығына қарай : тым қысқа , қысқа және ұзақ, тым ұзақ болып келеді. Өзекті мәселені шешуге қажетті бір немесе бірненше сағаттар, айлар сондай-ақ кейде жылға созылуы мүмкін.
-міндеттің ауқымына қарай: жалпы, жеке және арнайы болып бөлінеді.Кешенді ұйымдастырылған жұмыстар жеке, жалпы және арнайы топпен жүргізіледі.
-мазмұнына қарай : танымдық өрісі, жеке тұлғалық, аффектілі-еріктік, мінез-құлық тұрғысынан, тұлғааралық қатынасынан, топ ішілік ата-ана мен бала қатынасынан тұрады.
-жұмыс түріне қарай : жеке ,топпен, табиғи жабық топпен ( ұжым, отбасы, ерлі –зайыпты)
-бағдарламаға байланысты: бағдарламалық және жанынан шығарған еркін тақырыптар.
-әсер етудегі басқару: директивті және директивті емес болып қарастырады.
Білім беру мекемелерінде психокоррекциялық жұмыс психологиялық-педагогикалық әсер тұтастығы оны түзетуде, бала дамуындағы бұзылыс пен жетіспеушілікке ағарту жұмыстарын қолдану.Ол екі байланыста көрінеді: симптомдық жеке ауытқуға және этимологиялық шығу себебіне бағытталған.
Психолог коррекциялық жаттығуларымен айналысқанда келесі тізбекпен жұмыс жасайды : а) не бар? б) не болу керек ? в) қажетті нәрсе болу үшін, не істеу керек ? Оған жауап беруде психиканың дамуын үш деңгейде қарастыра, түсінік беру мен талдаудан тұрады (Г.С.Абрамова )
Нейрофизиологиялық деңгейде психолог құбылысты ми қызметі туралы білім негізінде зерттеп, ми шабуылын басты ұстанымдарға, ми қабығы мен психикалық қызметке бағыттайды.
Жалпы психологиялық талдауды психика қызметінің механизмі мен заңдылықтары негізінде алынған көрсеткіштер қолданылады.
Жас-ерекшелік психологиялық деңгейінде жеке тұлғаны жас және дара ерекшеліктеріне қарай сәйкестендіре нақты талдайды.
Психокоррекциялық мәселеге әдіснамалық негізді шет елде қабылдап, оны екі үлкен топқа бөлді: психодинамикалық және мінез-құлықтық, психология пәні оны бағытына қарай сана және мінез-құлықта қарастырды. Бұл ықпал бала мен жеткіншекте жүргізілетін психокоррекциялық жұмыстың мақсаты, стратегиясы және әдістерін ескертеді. Психодинамикалық ықпалда қолданылатын ойын терапиясы, арттерапиясы және бала психоанализі бойынша ерекшеленсе, мінез-құлықтық терапияда қарастыратын балада мінез-құлық дағды жолдары туралы білімді (жетондық бағдарлама), бейімделуге үйлесімді моделдерді , орындаушы біліктілігін дамытуға
(мінез-құлық тренингі), өзіндік реттелуге (скилл –терапиясы) қалыптастырды. Іс-әрекеттік ықпалда отандық психологиялық мектепте арнайы білімді іс-әрекетте ұйыдастырады, коррекциялық жұмыста ішкі және сыртқы белсенділікті басқару мен бақылауды жаңа деңгейге көтеру арқылы психологиялық құралдарды меңгереді (Л.С.Выготский, А.Р.Лурия, П.Я.Гальперин). Психокоррекциядағы психологиялық механизм деп интериоризация (импорт) сыртқы әрекетті (көшірме жасау, нұсқау бойынша орындау, көрсету) оны ішке қарай «айналдыру» (Л.С.Выготский). Осы бағыт бойынша іс -әрекеттің жоспарлы әдістемесіне балалар мінез-құлқына ойын коррекциясы және психогимнастиканы қалыптасыруға болады.
Психокоррекциялық әдістер топтамасы
(А.Л.Гройсман топтамада белгілер сапасы ретінде ми беделі, биологиялық гоместаз, коррекция обьектісі мен заты, сипаты, бағыты және ұстаным әсерін енгізді).
а) мидың физиологиялық беделі бойынша:
сергіту - тоқтау-
түсіндіру; өзіндік илану;
көз жеткізу; ұйқыға кетер алдындағы күйде сендіру
нұсқаулық реттеу; (босаңсуда);
ақылды реттеу; ұйқыдан оянар алдында сендіру;
беделмен сендіру( арбау ); ұйқы үстінде сендіру (парадоксалды фаза);
эмпатиялық тыңдау,сезіну; әдістерді босаңсу және нашақорлық жағдай деңгейінде
қолдану
б) биологиялық гомеостаз бойынша:
қалыпты жағдайда;
стрестік жағдайда;
в) Әсер етудің бағыты мен сипатына қарай:
дамыту;
белсенділеу;
белседілікті түсіру;
икемдеу;
г) психикалық процестерге әсер ету артықшылығы:
иматотренинг (қиялды);
ментальді тренинг ( ойлау );
Эмоционалды –еріктік жаттығу ;
д) қатысушылар санына байланысты:
топтық ( микро, макро , медиатоп );
жекелік;
е) әсер ету ұстанымына қарай;
гетерогенді ( басқаларға );
аутогенді ( өзіне );
ж) өнер құралдарын қолдану арқылы :
изотерапия (сурет, құрастыру, жапсыру, саз балшық);
библиотерапия (кітаптар , авторын ұсыну);
музыкатерапия ( әуен тыңдау, айтқызу);
би терапиясы ( билету, қимылдарды қайталату);
денеге жанасу терапиясы ( екі адам бірге жасау);
Жекелік коррекция жұмыстарында қолданылатын әдістер:
Көз жеткізу әдісі –клиенттің сын көз-қарастары арқылы, фактілерді логикалық негізде қортындыға келтіру арқылы қайта санасына әсер ету.
Сендіре білу әдісі: мәселе сипатына қарай клиентті дауыс ырғағының ықпалы арқылы, дене бітімінің күйі , жағдайды есепке ала отырып сендіруді жүзеге асыру.
Сұхбаттасу әдісі: ауызша түрде әлеуметтік –психологиялық ақпарат көмегіне сүйену.
Бақылау әдісі:клиентті мұқият тыңдау (колибровка) сыртқы және ішкі сезімін бақылай отырып талдауға келу.
Психологиялық қолдау көрсету: эмпатияны вербалды және вербалды емес деңгейде қарастырады.
Диалог әдісі жиі қолданылатын екі адам арасындағы ұқсастану ( подстойка)деңгейінде қолданылады.
Ену немесе алып кету әдісі: санада содан бейсанада қайталау арқылы сенімге ену, артынан өзіңмен мәселеге байланысты алып кету.
Психокоррекциялық жұмыстың кезеңдері.
Психокоррекцияға анамнез (ақпарат ) жинақтау;
А) Әңгімелесу;
Б) Психодиагностика.
Психологиялық диагноз қою (жас мөлшері мен әлеуметтік мәдени ерекшелігін ескерту)
Ықтимал немесе шартты – қалыпты болжам қою.
Психокоррекциялы іс шараларды жоспарлау (таяудағы даму аймағын ескеру)
Психокоррекциялық іс шараларды жүзеге асыру
Коррекциялық жұмысытың нәтижесін бағалау
Мәселенің қайталанбауын алдын алу.

Психокоррекциялық бағдарламаларды құрастырудағы негізгі ұстанымдар.
Психокоррекциялық бағдарлама құруда ескерілетін ұстанымдар: жас және дара дамудың психологиялық ерекшелігін есепке алу, жүйелілік, бірлік және іс-әрекет, күрделендіру ұстанымымен қатар, Л.С. Выготскидің енгізген «таяудағы даму аймағы» есепке алынып «жоғарыдан төмен» және «төменнен жоғары» ұстанымы негізінде құрастырылады.
Әртүрлі түзету бағдарламасын құрастыруда осы ұстанымдарға сүйену қажет:
1. Түзету, алдын-алу және дамыту міндеттерінің жүйелілігі ұстанымы. Онтогенезде психиканың даму сипаты мен оның күрделілігін жүйелі есепке алудан тұрады. Кез-келген түзету – дамыту бағдарламасы осы негізде құрастырылады.
Мақсаты мен міндеттері үш деңгейлі мақсат жүйесінде қалыптасуы қажет:
Түзету арқылы – дамудағы ауытқу мен бұзылысты ескеру, қиындықтарды жою.
Профилактикалық (ағарту)– дамудағы ауытқу мен қиындықтарды ескерту.
Дамыту – даму маңызын қолайлы ету және жағдай жасау.
Түзету-дамыту іс-әрекетіне мақсат пен міндеттерді анықтауда бүгінгі күннің өзекті мәселесімен шектелуге болмайды, «таяудағы даму аймағын» ескеру қажет.
2. Түзету мен анықтау бірлігі ұстанымы.
Клиентке психологиялық көмек көрсету үрдісі , ол тәжірибелік –психологиялық іс-әрекет түрінің ерекше бүтіндігін бейнелейді. Түзету жұмысының тиімділігін 90 анықтау жұмыстың қаншалықты терең, мұқият зерттелгенінен байланысы. Түзету жұмысын жүзеге асырмас бұрын анықтап тексеру кезеңі жүргізіледі, осының негізінде түзету-дамыту жұмысының мақсаты мен міндеті қалыптасатын алғашқы қорытынды құрастырылады.
3. Каузальды тип - түзетудің артықшылық ұстанымы сәтті жүргізілген симптомдық жұмыстың өзі клиенттің бастан өткізген қиындығын соңына дейін шешіп бере алмайды. Түзету іс-шараларын жүргізу артықшылығы дамудағы қиындық себептері мен ауытқуды анықтау және алып тастау болып табылады.
4.Түзетудің әрекеттік ұстанымы. Мұның қалыптасу негізі А. Н. Леонтьев, Д. Б. Эльконин еңбектеріндегі баланың психикалық дамуы теориясы болып табылады. Коррекциялық жұмыстың жүргізілуі әдісін жолдары мен қойылған мақсаттың орындалу тәсілін анықтайды. Түзету – дамыту әсерінің басты тәсілі клиенттің белсенді іс-әрекетін ұйымдастыру.
5.Клиенттің жас кезеңі – психологиялық және жеке ерекшеліктерін есепке алу ұстанымы.
Клиенттің жеке ерекшелігін нақты есепке алу, әрбір дамудың қолайлы бағдарламасын жасауға мүмкіндік береді.
6.Психологиялық әсер етудің кешенді әдістер ұстанымы.
Практикалық психология негізі көптеген әдістерді технологияларды, тәсілдерді қолдану қажеттігін көрсетеді. Әрбір әдістеме мен техника бір теорияның меншігінде емес.
7.Түзету бағдарламасына таяудағы әлеуметтік ортаны белсенді қатыстыру ұстанымы.
Бала әлеуметтік ортадан тыс, өзге адамдармен қарым-қатынасқа түспей өз алдына бөлек дамымайды. Ол әлеуметтік қатынаста, тұтас бір жүйеде, бөлінбейтін бірлікте дамиды. Жақын адамдармен қатынас жүйесі, тұлғааралық қатынас ерекшеліктері мен қарым-қатынас, ортақ іс-әрекет түрлері мен оның орындалуы – бала дамуында әлеуметтік дамудың ерекше құрамдас бөлігі болып табылады. Олар таяу арадағы даму аймағын анықтайды.
8.Психикалық процестерді түрлі деңгейде ұйымдастыру тірегі ұстанымы.
Көбірек дамыған психикалық процестерге сүйену, оларды белсенді ететін әдістерді қолдану.
9.Күрделендіру ұстанымы.
Әрбір топ келесі кезеңдерден өту керек, ең төменгі қарапайымнан, ең жоғарғы күрделіге. Материалды қағаз жүзіндегі күрделілік, оның психологиялық қиындығына әркез сәйкес келе бермейді. Материалдық - эмоционалды күрделілігін есепке алу. Коррекция жұмысында ұсынылатын материал, ойын жаттығу жағымды эмоционалды әсер қалдыру керек. Коррекция сабақтары міндетті түрде жағымды эмоционалды әсермен аяқталуға әкелу қажет. Коррекция жұмыс бағдарламасы психологиялық дәлелді болуы шарт. Коррекция жұмысының сәттілігі ең алдымен диагностикалық нәтижесін дұрыс, объективті кешенді бағалауға байланысты.
10.«Жоғарыдан төмен» түзету ұстанымы.
Л. С. Выготский ұсынған түзету жұмысының бағыттылығын ашады. Психолог назарында, коррекция іс-әрекетінің негізгі мазмұны, клиенттің ертеңгі дамуы, таяудағы даму аумағын құрудан тұрады..
11.«Төменнен жоғарыға» түзету ұстанымы.
Коррекция жұмысының негізгі мазмұны ретінде қабілетіне қарай психологиялық жаттығу мен дағдыландыруды қарастыру. Коррекция жұмысының басты міндеті мінез-құлықтың қажетті моделін жасап, оны тез арада бекіту Коррекция жаттығулары жекелік және топтық деңгейде қарастырылады. Алдымен тәжірибелі психолог маман индивидтті жеке қабылдағаны жөн, себебі жеке және дара ерекшелігімен этностық, әлеуметтік, мәдени көз-қарасын анықтау мен ескеру жұмыстары жүргізіледі. Жеке пікірін байқағаннан кейін, қосымша пікірлер қажеттігін сезгенде топтық жұмыстарға қосатын болады.
Психокоррекциялық бағдарламаларды құрастыру алгоритмі.
Берілген психологиялық анамнез ( ақпарат ) психологиялық диагнозды негізе алу .
Психологиялық анықтау болжамы арқылы, түзету жұмысының мақсатын құру.
Коррекция жұмысының мақсатын құрастыру.
Психокоррекциялық жұмыс негізіне құрылатын әдістемелік бағыт таңдау.
Коррекция жұмысын жүргізетін, стратегия мен әдісті таңдау.
Индивидпен жұмыс түрін анықтау (жекелік, топтық немесе аралас)
Барлық түзету жұмысына қажетті жалпы уақытты анықтау.
Қажетті кездесулер жиілігін анықтау (күнделікті, аптасына бір рет, аптасына екі рет, екі аптада бір рет, т.б.) .
Әрбір түзету сабағының ұзақтығын анықтау .
Коррекция жұмыстарының әдістері мен техникаларын іріктеу.
Жұмысқа бөтен адамдардың қатысуын жоспарлау (отбасымен жұмыста – туыстарын қосу т.б.).
Коррекция жұмысының бағдарламасын жасап, түзету сабағының мазмұнын анықтау.
Қажетті материал мен құрал жабдықты дайындау.
Процесті кезеңдерге бөлу. Міндетті түрде нәтижені тексеріп, қажетті түзету енгізу үшін психодиагностикалық жұмыс қорытындысын қарау.
Коррекция жұмысын іске асыру.
Жұмыстың нәтижелілігін бағалау.
Өткізілген түзету бағдарламасын нәтижелілігін бағалау туралы психологиялық немесе психологиялық-педагогикалық қорытынды жасау.
Түзету нәтижесін, жеке ерекшелігін және клиенттің әлеуметтік жағдайын ескере отырып алдын алу шараларын жоспарлау және оны жүзеге асыру.
Коррекция бағдарламалары түрлері.
Бағдарлама түрлері Сипаттама
Коррекцияның жалпы моделі Жеке тұлғаның жас кезеңі дамуының қолайлы шарты жүйесі.
Адамның қоршаған әлемді, адамдар туралы, қоғамда болатын оқиғалар мен олардың арасындағы қатынас туралы түсінігінің кеңеюі, тереңдеуі, нақтылауын болжауы.
Коррекцияның типтік моделі Әрекеттің әртүрлі компонетін игеруге және оларды кеңеюімен қалыптастыруға бағытталған.
Коррекцияның жеке моделі Клиенттің психикалық дамуының жеке сипаттамасын, оның қызығушылығын, типтік мәселелерін аяқтайды.
Стандартты бағдарлама Бағдарлама қатысушыларына қойылатын талаптар, қажетті материалдың болуы, коррекция кезеңінде есепке алынады. Жүзеге асырар алдында бағдарлама кезеңдерінің орындалу мүмкіншілігін тексеру, қажетті материалдың болуы, қатысушылардың бағдарламада ұсынылған талаптарға мүмкіншілігіне сәйкес болады.
Еркін бағдарлама Психолог коррекция кезеңдерінің мақсаты мен міндеттерін өз бетінше құрастырады.

Психокоррекциялық жағдаят.
Коррекция жұмысында бір адам екінші адамға көмек көрсетуге бағытталады. Коррекция жағдайының негізігі элементтері:
Адам өз мәселелеріне жеңілдік іздейді. Бірнеше мәселелері бар психологиялық көмекті қажет ететін адам, психокоррекцияда – клиент деп аталады.
Оқыту мен қабылданған тәжірибені тәсіл ретінде қолданып көмек көрсететін адам – бұл психолог, психокорректор.
Индивидтің мәселесін шешуге қолданатын көрсеткіштер жиынтығы. Бұл көрсеткіштер теориямен тікелей байланысты.
индивид пен психологтың арасындағы арнайы әлеуметтік қатынас, клиенттің мәселесін жеңілдетеді.
Коррекция жұмысы – бұл психологтың белгілі психикалық функцияларға, қасиеттеріне, мінез-құлық түрлеріндегі ауытқуларды жеңуге бағытталған әсері.
Бұл әсер ету әрқашан жүйке дамуының жас ерекшелігі нормасы негізінде жүзеге асырылады. Осыдан кейін психолог коррекция жұмысының бағдарламасын құрастырады. Психокоррекциялық іс-шаралар дамудағы ауытқуды түзетуге бағытталған іс-шара. Осыған байланысты бірнеше өзекті мәселелер туындайды:
Дамуда ауытқудан нені түсіну қажет?
Психологиялық коррекцияны жүргізуге арналған көрсеткіштер қандай?
Коррекциялық міндеттерді анықтауда мақсатқа сәйкестігі не ? жауапкершілікті кім алады? қалай шешіледі? кім қабылдайды?
Коррекция тиімділігінің көрсеткіштері қандай және кім бағалайды?
Модель Түсіндіру ерекшеліктері
Биологиялық Дамудағы органикалық жетілудің төмендеу жылдамдығы,сондай-ақ ауытқу этимологиясын түсіндіреді
Медициналық Даму аумағындағы аномальды мәселелерді қиындықтарды және ауытқудағы дамуды түсіндіреді.
Әлеуметтік -психологиялық Жеке адам және қоршаған орта арасындағы бұзылыс пен жаңылысу маңызын түсіндіреді.
Педагоги
Калық Балада әлеуметтік және педагогикалық құбылыстың қараусыздығы мен ауытқу себептерін қарастырады.
Іс-әрекет
Моделі Әрбір жас кезеңіне сай жетекші іс-әрекет түрінің дұрыс қалыптаспауы дамуда ауытқушылыққа алып келеді.
Шет ел психологиясында бала дамуындағы қиындық себебін, ішкі құрылымының бұзылысы деп қарастырады (З. Фрейд, М.Клайн).
Коррекция жұмысында әдістер мен жаттығулар таңдау, оның сәтті болуының бағалау көрсеткіштерін анықтау жұмыс мақсатына сай болады.
Психологиялық түзету жұмысының міндеті индивидтегі психикалық саулық , қоғамда бейімделуі және жекелік өсуін жетілдіретін дағдыларды меңгеруі жатады.
Психокоррекция міндеттері.
өзгеретін сфера Шешілетін міндеттер
Когнитивті аумақ Өз мінез-құлқын, қатынасын, реакциясын, мотивін түсіндіру.
Эмоционалдық және мінез-құлықтық стереотиптерді түсіну, психогенді факторлар мен соматикалық бұзылыстар арасындағы байланысты түсіну
Қақтығыстар туындауда және жарақаттайтын жағдаяттарда өз жауапкершілігін түсіну.
Эмоционалдық аумақ Маманның клиетті эмоционалды қолдауы
Клиент сезімін түсіну және ауызша айту
өзіне шынайы қатынасты қалыптастыру
Мінез-құлық аумағы клиенттің тепе-тең емес реакциясын түзету
мінез-құлықтың жаңа тәсілдерін меңгеру
Психокоррекция мақсатын нақтылауда келесі ережелерді ұстану қажет:
Психокоррекция мақсаты жағымсыз емес, жағымды түрде қалыптасуы керек.
Психокоррекция мақсатын анықтау жекелік даму мүмкіншілігі мен клиент бастамасын шектейтін тыйым салатын сипатта болмауы керек.
Психокоррекция мақсаты шынайы болғаны жөн. Бала коррекциялық сабақта игерген жағымды тәжірибені шынайы өмірде қолдана алуы қажет.
Психокоррекциялық жұмыс тиімділігі ұзақ уақыт арақашықтығында көрінеді; түзету жұмыс процесі мен оның аяқталу сәтіне дейін, шамамен жарты жыл өтуі мүмкін.
Психокоррекция кешенінің негізгі бөліктері

Анықтау бөлігі Бекіту бөлігі коррекция бөлігі әсер ету тиімділігін бағалау бөлігі
Мақсаты:
Жеке бас дамуы ның ерекшелік терін, қауіп-қатер факторын анықтау, жалпы түзету бағдарлама сын құрастыру. Мақсаты: өзара әрекеттестік ниетіне түрткі болу, қобалжуды түсіру, клиенттің өзіне сенімділігін көтеру, өз өміріне бірнәрсені өзгер туге және психологпен жұмыс істеуге ниетін қалыптастыру. Жағымсыз кезеңнен жағымды кезеңге өту, айналамен өзара әрекеттестік тәсілдерін меңге ру клиенттің даму ында үйлесімділік пен қолайлықты тудыру. Мақсаты:
Психологиялық мазмұн мен динамикалық реакцияны өлшеу, жағымды мінез-құлық реакциясының пайда болуын жетілдіру, жағымды өзіндік бағалауды тұрақтандыру.
Психолог маманның жекелік психокоррекциялық жұмыста индивидтің ішкі әлем сипатына әсері. (Г.С. Абрамова)
Жекелік психокоррекция жұмысы:
өткізілу жағдайы Көрсеткіші Қарсы көрсеткіші Тиімділігінің анықталуы
1.Индивидтің психологиялық көмек алуға өз еркімен келісім беруі
а)индивид мәселені зерттеу үрдісіне белсенділік көрсетуі
б)түзету бағдарламасы іске асыру және қалыптастыру 2.индивид ниеті;
а) мәселенің сипаты (жеке мәселе болуы, тұлғаара лық сипатта емес) б)индивид топпен бірге жұмыс жасаудан бас тартуы
в)индивидте қобалжу деңгейінің жоғары болуы
г)индивид тұйық тығының жоғары деңгейде болуы
д)қайғының өткір күйі 3.қозудың анық көрінуі
а)ақыл-ойы даму ының жеткіліксіз деңгейі
б)моральды қалыптың төмен болуы 4.Психологтың а)жекелік сапалары (әлеуметтік дәрежесі)
Тартымдылығы, ақыл-ой дамуы, ерік-жігері, мінез-құлық ерекшелігі; б)психологпен индивид арасын дағы келісім, (сенім, клиент тәуелділігі); психолог пен индивид қатынас ының тепе-теңдік көзқарасы. в)хабарламаны жеткізу тәсілдері (дәлел, логика, т.б.)
Жекелік коррекция жұмысында мүмкін болатын, көрінетін нәтижелері:
индивидте өз қажеттілігі, уайымы, ойы туралы назарыдың күшеюі;
өзіндік бағаның жоғарылауы мен маңызды болуы;
өзін түсінуі мен өзін қабылдаудың дамуы;
өзін жетілдіруге ұмтылыстың дамуы;
өзіне және өмірге қатынасының өзгеруі;
бейімделу деңгейінің көтерілуі.
Жекелік психокоррекция жұмысының кезеңдері
Негізгі кезең Кезең мазмұны
1) келісім шартқа отыру индивидке келесі ақпараттарды жеткізу
1)түзету мақсаты туралы
квалификация деңгейі
төлем ақы туралы
түзетудің шамамен ұзақтығы
психокоррекциялық процесте уақытша нашарлау қаупінің болуы
құпия сақтау деңгейі
2) индивид мәселесін зерттеу әдістерді қолдануы: әңгіме, интервью, бақылау, психологиялық тесттер.
3) мәселені шешу тәсіл дерін іздеу
Мәселенің туындауына әкелетін оқиға құрылымын көрсету; сезім, уайым-қайғы мақсаты, қажеттілігі – қылығы - өзгелердің реакциясы – себептері.
4) психокор- рекциялық бағдарлама
ны қалптас тыру Психокоррекциялық бағдарламаны құрастыру мен іске асыруда индивидтің жауапкершілік деңгейін түсіндіру
5) бағдарлама ны жүзеге асыру Келісім шартқа сәйкес жүргізіледі.
6) нәтижені бағалау Шынайы жеткен көрсеткіш пен бағдарламада белгіленген мақсатты салыстыру негізінде іске асады.
Мектепке дейінгі кезеңде психокоррекцияны қолдану ерекшелігі
Психокоррекциялық жұмыста ойын жаттығулары мінез-құлықтың реттелмеуі, бала қобалжуында, қорқуы мен қарым-қатынас бұзылғанда қолданылады. Мектепке дейінгі кезеңде ойын еркін әдіс ретінде қолданылады. Ойын жаттығулары бағыттау, қайта құру және бекітуге арналады. Ойын үстінде баланы асықтыруға болмайды, бірақ белсенділігін байқатқанда мадақтап отыру шарт.
Бала-бақшада аффектілі: шектен тыс өкпелегіш, жағымсыз тұйық, эмоциясы тұрақсыз балалар кездеседі. Олармен ойынның төрт түрі: сюжетті ролді, ереже бойынша ойын, бейнелі-ролдік және режиссерлік ойындар қарастырылады. Олар мектепке дайындық төңірегінде шоғырланған. Осы тақырып бойынша зор ғылыми – тәжірибелік жұмыстың жүргізілген ( Л. А. Венгер, Л. М. Безруких, А. С. Смирнова, Т.В Торунтаева, В. В. Холмовская, т.б.). Психологтардың назарын таза психологиялық мәселелерге аударған жөн. Психикалық процестерді дамытуды жетілдіре отырып мінез-құлықты басқару, алдын алу, анықтау және бала дамуының жеткіліксіз жақтарын түзетуде де көмек көрсетеді, сондай-ақ психолог баланың жеке бас дамуына маңызды үлес қосып, мектептегі табысты оқуға дайындығына көмек көрсетеді.
Бала жүйкесінің дамуына балалар ортасы көп қырлы әсер етеді. Мектепке дейінгі баланың жекелігінің қалыптасуы топтағы эмоционалдық-психологиялық ахуалдың жағымды болу шартында ғана толыққанды болады.
Шынайы өмірде мектепке дейінгі балалар ішінде құрдастарының орнында танымал еместері кездеседі. Олардың қарым-қатынас шеңбері тар, олар ойын ұйымдарының тұрақты мүшелері бола алмайды, ал олардың жеке қасиеттерін балалар төмен бағалайды. Бұл жағдайда коррекция пәні баланың топтағы құрдастары мен танымал болмауы, ал психокоррекциялық жұмыстың негізгі бағыты – балалардың оған деген дұрыс емес кері қатынасын бағдарлау және жағымды бағалау жүйесін зерттеу.
Бала жекелігінің қалыптасуында ауытқуының көрінуінің алғы шарты шет қалуға ұмтылысы, өзге балалармен байланыстың ұзақ болмауы, ойын топтарына қатыспаудан көрінуі мүмкін. Бұл жағдайда психокоррекциялық жұмыстың мақсаты қарым-қатынасқа аз түсу симптомы болады. Мұнда психолог баланың ішкі ұйымына көңіл аударады. Жұмыстың тиімді тәсілі ретінде ересектердің болып жатқан оқиғаға эмоционалды түсіндірмесін пайдалануға болады, бұл балаға болған жайтты эмоционалды қабылдауға көмектеседі. Мұнан кейін балаға құрдастарының ойынына, таласына, қақтығысына өзінің түсіндіруші болуын ұсынуға болады.
Коррекциялық жұмыс пәні мектепте дейінгі кезеңде ойын әрекетінің операционалды жағының ақауы болуы мүмкін; ойын дағдысының дамымауы, әріптестіктің жағымды тәсілдерін игермеуі, ойын әрекеті тәсілдерінің тепе-теңдігі (тым жайбарақаттылық, қозғалыстағы мазасыздану, моторлы импульсивтілік). Мұнда коррекциялық жұмыстың бір бағыты балалардың ойын әрекеті түсінігін жинақтау болып табылады; олардың зейінін сюжетті ойындарға ойын әрекетінің мазмұнына, бірізділігіне, құрдастарының өмірге құштар, көңіл-күйлерінің көтеріңкі болуына аударады. Психологиялық әсер етудің басқа бағыты – ойынның мағынасын түсіндіруге, ойын әрекетін орындауды үйрету.
Балаларды құрдастарының ойын түсінуге, өз пікірін айта білуге, ортақ ойынды жоспарлауға, әрекет бірізділігін анықтауға үйрету қажет. Қимыл әрекеті баяу дамыған балаларда шапшаң мазмұны ойындарға қызығушылығын оятқан маңызды, олардың ойын операцияларын ең жоғарғы деңгейде жетілдіріп, сәйкесінше мұндай баланың әрекетін мадақтап отырған дұрыс.
Қимыл белсенділігі жоғары балаларға өздерінің қозғалысын мазасыздығын басқара алуға мүмкіндік беретін жағдай туғызған жөн. Мұндай балалардың қозғалысын жасанды шектеу олардың тек ашу мен қозуын күшейтеді.
Мотивациялық аумақты түзетуде баланың мінез-құлқындағы бұйрық өзімшілдік көзқарастың басым болуынан қарастырылады. Мұндай балалардың белсенді, бастамашыл, қарым-қатынасқа бейім болуы мүмкін. Бірақ оларда ойынға деген ұмтылыс ойнау үшін емес, алғашқы ұту деген секілді жекелік мақсаттар болады. Өзімшілдік мотивтері балалар мінез-құлқында ашық көрінуімен бірге жасырын болуы да мүмкін. Мұндай жағдайда негізгі түзету жұмысы жекелік маңыздылық пен іс-әрекеттің қоғамдық құнды мотивтері арасында үйлесімділікті орнатуға бағыттайды. Бұл үшін балаларды мақсатқа сай тәсіл әртүрлі әлеуметтік пайдалы іс-әрекетке жұмылдыру. Онда мотивацияға негізделген тәсілдер қолданылуы мүмкін; досқа көмек, өз тобына көмек көрсету, қақтығыста төрелік ету. Ең бастысы бала әлеуметтік маңызды сапасын шынайы көрсете алса және өзінің «басты» болуға қажеттілігін қанағаттандыра алса болғаны. Психокоррекция пәні «ғажайып кешен» ол топтағы шеттетілген балалардың күйін сипаттайды; өзін жағымсыз қабылдау, өзіне деген парықсыз қатынас, дауысының сенімсіз болуы, шешімсіз болуы мүмкін. Психокоррекция бағыты мұндай баланы құрдастарымен, тәрбиені ең қосындысының қалыптасуымен, ортақ іс-әрекетпен жұмылдыру қажет.
Балада өзі қабылдау бағдары маңызды: өзінің сыртқы келбетіне қызығушылық тудыру (киімі, шаш қойып, жекелік ерекшеліктері). Сондықтан педагогтардың белсенді – жағымды қатынасының маңызы зор, баладағы жағымды қасиеттерді көріп өзіне айтып отыру керек. Психолог мектепке дейінгі балалардың агрессивті мінез-құлқына көңіл аударғаны жөн: ашудың жиі бұрқ етуі, іс-әрекетті бұзуға бағыттылық, ашушаңдық. Бұл жағдайда психокоррекциялық зерттеу пәні мектепке дейінгі баланың мінез-құлқының ашық қақтығысты симптомы. Психокоррекцияны алғашқы қолдануда балаға жағымсыз әдеби кейіпкерлердің, мультфильмдерін мінез-құлқының тартымсыздығын көру арқылы қабылдау мүмкіндігінен қамтамасыз ету.
Көшбасшыға қарсы белгі – тағы бір коррекциялық іс-әрекеттің мүмкін болатын пәні. Көшбасшыға қарсы – бала құрдастарының беделін жетістіктерімен емес, басқа себептермен жаулап алумен келеді. Бұл күш көрсету, қоқан-лоқы жасау, алдау, т.б. болуы мүмкін. Коррекциялық жұмыс мұндай жағдайда мақсатқа сай мінез-құлықтың жағымсыз түрін түсінуге бағытталады. Шаршау симптомы түзету жұмысының міндеті болуы мүмкін. Ол барлық балаларда қорғаныс реакциясы ретінде көрінуі мүмкін. Бала болып жатқандарды түсінуге қабілетсіз, өзін қорғансыз, әлсіз сезінеді. Бұл көз жасын көрсету. Балада мұндай мінез-құлықты түзету – оған тынышталуға көмектеседі. Мектепке дейінгі жастағы балалардың аффектілі мінез-құлқын түзету.Бала бақшада аффектілі деп аталатын жиі, өткір, қиратқыш эмоционалдық реакцияға бейім балалар кездеседі. Мұнда мінез-құлықтың жағымсыз түрлері: жоғары өкпешілдік, бірбеткейлік, эмоционалдық, тұрақсыздық. Аффектілі күйден баланы үлкендердің өтініші, жазалауы, сөгісі шығара алмайды.Бұл эмоционалдық дамудың бұзылысы мінез-құлықтағы қиындықтар, қалыпты психиканың бұзылуы болып табылады.
Бұл балалар өзіндік педагогикалық коррекцияны қажеттенуі, егер психопрофилактикамен психотерапиялық іс-шаралар мектепке дейінгі жаста жүргізуіне жақсы нәтижелер алуына болады (Е.Е. Кровцова, А. А. Нураханова, В: У. Степанова). Баладағы аффектіліктің сыртқы белгілері төменде көрінеді: Кей жағдайларда бұйығу болып жылайды; ұйықтауға қорқады, ұйықтар алдында үлкендерді күтеді;
Ұжымдық ойынға қосыла алмайды;
Жан-жануарлардан қорқады – бәрінен, немесе біреуінен;
Бірнәрсені таңдай алмайды;
Жиі жылайды, еденге құлап, қолдарымен еденді тарсылдатады; Қырсық мінезді истерикалық күйге түсуі мүмкін.
Аффектілі балалардың мінез қасиеттері:
Нақты жағдаятқа тәуелсіздік;
Мінез-құлық ерекшелігінің төмен деңгейі;
Енжарлық.
Аффектілі балалардың мінез-құлқын талдау келесіні көрсетеді. Аффекті себебі бала оған берілген жағдаятты қабылдайды, бірақ оны шешудің жолын білмейді. Ол жағдайдан шыға алмайды, оны басқаруды білмейді.
Мінез-құлқында қиындығы бар балаларға көмектесудің негізгі құралы ойын болып табылады. Қазіргі психологиялық-педагогикалық әдебиеттерде ойынның төрт түрде сипатталуы: сюжетті рольдік, ережелермен ойын, бейнелік-рольдік, режиссерлік. Коррекцияда ойынның үшінші және төртінші түрі қолданылады. Балалармен жүргізілетін түзету жұмысы үш кезең жорамалында. Алдымен балаға бейнелік-рольдік ойын көмегімен режиссер көзқарасты ұстауға көмектесу қажет, аффектілі мінез-құлықты балалар өздерінің жекелік ерекшеліктеріне қарай режиссерлік рольді ойнай алмайды. Олардың енжарлығы ойынды түсінуінің төмен деңгейі заттарды қарапайым ғана басқаруға алып келеді. Сондықтан ойындағы бейнелік-рольге енгізерде балаға қандай көзқарас ұстанатынын айту маңызды, бұл әртүрлі заттармен ойыншықтарды басқаруға көмектеседі. Осы кезеңде баланы сюжет ойлап табуға үйрету қажет. Ойында бала тек рольді ғана алмайды, күшті, әлсіз, батыл, қу адам бейнесіне енеді, бұл рольдер баланы сенімді сезінуіне көмектеседі.
Бұл 1-кезең – сюжетті – рольдік ойын.
Алдымен (1-кезең) ересек баланы рольдік бейнені игеруге үйретеді. Ересек ойын сюжеті ұсынады. Ойында бала құдіретті күш болады, жағдайды басқаруды,әлсіздерді қорғап, жауыздарды жеңуді үйретеді. Бұл үшін балаға мысал үшін келесі жағдаятты ұсынуға болады: екі кейіпкер кездесіп, бәлеге жолығады. Олардың бірі сасқалақтап не істерін білмей жылайды. Екіншісі қалай шығар жолды іздейді. Оған көмекке құдіретті күш келеді, сиқырлы таяқша көмегімен қиын жағдайдан шығуға көмектеседі. Құдіретті күш бейнелі роль бағаға жағдаятқа іштей емес, «сырттай» жол табуға болатынына шынайы көзқараспен қарауға мүмкіндік береді. Содан кейін (2 кезең) жағдай маңызды жаққа өзгереді. Енді әрекетті үлкен адам мен бала бірігіп жасайды. Жағдаят мағынасы алғашқыдағыдай болады – кейіпкерлерге көмек көрсету. Бала ойнайтын сюжетті жетекші басында ғана айтып түсіндіреді. Ары қарай бала өз бетімен көрсетеді. Егер І кезеңде бала жетекшінің көмегін қажет етсе, бұл жерде ол үлкендердің көмегінсіз, өз мәселесін шешуге, «қақтығысты жағдайдан» шығуға әрекет жасайды. Бала ойынды өзі ойлап табады, жетекші оған тек қақтығысты сәттерді енгізіп отырады. Баланың алдына міндет қойылады – бейнелік-роль көмегі арқылы мәселеден шығатын жол іздеу, аффектілі мінез-құлықты көрсетпеу.
ІІ кезеңде – режиссерлік ойын.
Бұл кезеңде балаларды әртүрлі режиссерлік ойындарды үйрету бағытталады. Аффектілі мінез-құлықты балалардың жекелік ерекшелігін ескере келе, алдымен режиссерлік ойындағы ойын әрекетіне үйрету маңызды. Осы мақсатпен кубиктер жиынтығын қолдануға болады. Жетекші әртүрлі әңгімелерді кубиктер көмегімен әңгімелейді және шағын заттарды балалар алдында ойнатады. Жағдаяттарды таңдағанда деректерді емес сәттерді алған дұрыс. Әңгіме немесе көрсетілетін ойын кедергі әрі қисынсыз болғаны дұрыс. Бұл балаларда эмоционалдық лебіз тудырып, көтеріңкі көңіл-күйге әкеледі. Мысалы: жетекші үлкен нейтралды кубикті алып, оны кеңістікте қозғап, айтады: «Біреуі үлкен, түкті Алып келе жатады». Екінші қолымен кішкентай көмекті қақпа ретінде ұстап тұрып, сөзін жалғастырады: «Кенет, қақпаны көреді. Ол мұны тарақ екен деп ойлап қалады». Мұнан кейін кішкентай кірпіш қақпаны алып таралып айта бастады. «Мен қандай түктімін. Тарану керек. Жақсы тарақ екен». Осыдан кейін кірпішті қойып: «Алып таранып болды, қақпаны орнына қойып мәз болып кетті».
Мұнан кейін ойын әрекеттері арқылы әңгімені жалғастыруға болады: «Білесіңдер ме, машинада неге үш дөңгелек? Алып бір күні жолда келе жатып түймесін жоғалтып алып, қатты қапаланады. Төрт аяқты машина тұрғанын көреді. Машинаның бір дөңгелегін алып, көйлегін қадап алады». Егер жетекші осы сияқты әңгімелерді балаға эмоционалды қызықты етіп жеткізе білсе, ол одан әрі тыңдағысы келеді, соңында өзі де осылай жасағысы келеді. Барлық әңгімелерде үлкен кубик арқылы жағдаяттан шыға алмау жолы, ал кіші кубикпен жол табумен байланыстырған жөн. Аффектілі мінез-құлықты бала өзін әдетте кішкентай, әрі қорғансыз сезінеді. Ойында өзін кішкентай кубикпен ұқсастырып, сезімді сезініп, кейіпкерлерді белсенді басқара бастайды. Осыған ұқсас жұмыстарды ары қарай жалғастыруға болады, бірақ балаға енді дайын әңгімелерді ұсынуға болмайды, оны өздеріне жалғастыруды сұрану қажет. Балалар әңгіме ойынды өте жақсы көреді. Жетекші үстелге «пальма» ағаштарын қояды, оларға «маймылдарды» отырғызып қимылмен теңізді көрсетеді: «Көк теңіздің жағасында пальмалар өсіпті, онда маймылдар тұрыпты. Олардың арасында балықшылар ау салыпты. Бірде балықшылар балық аулап келсе, … ары қарай не болды?»
Енді балаларды өз бетінше сюжет құрастырғанды үйрету қажет. Бұл үшін оларға бірнеше ойыншықтарды ұсынуға болады; мысалы: Қарындаш, Чипалино, Айдаһар, көкөністер, аңдар, осылай олардың ойлауын сұрану қажет.
Бала келесі сюжетті ойлап табуы мүмкін: баланың туған күні болды, ол 4-ке толды, балалар оған сыйлықтар алып келді. Оған тағы ит, Чипалина келеді …» балалар қажетті мөлшердегі режиссерлік ойынды меңгергенде, олардың ойындарында әртүрлі қақтығысы жағдайларды шешу үшін ұсынылады. Мысалы: бір күні қарындаш серуендеп жүріп, Айдаһарды кездестіреді. Айдаһар Қарындашқа: «Маған жақындашы, құлағыңа бір нәрсе сыбырлайын». Қарындаш еңкейе бергенде, Айдаһар оны мұрнынан тістеп алады. Осы жерде балалар жалғастырады: Қарындаш Айдаһарға айтады: «Мен көңілді адаммын. Сен неге менің мұрнымнан тарттың, жегің келді ма?» Айдаһар Қарындашты жібере салады. Қарындаш Айдаһарды ұрып еді, ол қайырымды болып шыға келді. Егер әңгіменің соңы аффектілі сипат алса ойын қайта жалғасады.
ІІІ кезеңде – вербалды ойындар.
Бұл кезеңде балада ерекше көзқарас қалыптасады, режиссерлік көзқарас қатынасына қарағанда жалпылама болады, материалдық құралсыз сөз арқылы көрсетуге болады.
Алдымен оған белгісіз жағдаяттарды аяқтау ұсынылады. Бала мұны материалдық құрал көмегінсіз, эмоционалды жағымды аяқтайтынына көз жеткізу керек.
Егер бала бұл тапсырманы жақсы орындаса, оған ойынның келесі нұсқасын ұсынуға болады.
Жетекші мұнда әңгімені «қауіпті» жерде тоқтатады.
Балалар саңырауқұлақ теруге барды: себет толы саңырауқұлақты жинап олар жалғыз аяқ жолмен келе жатады. Жалғыз аяқ жол үлкен асфальт жолды кесіп өтетін еді, бала өтіп кетті, ал қыз себетті құлатып алып саңырауқұлақты төгіп алады. Осы кезде жолда машина көрінеді …бала әңгімені аффективті аяқтаса психолог өзге кейіпкерлерді құтқаратындай батыр кейіпінде өзгертуіне болады.
Ойын арқылы түзету жаттығулары:
«Жүргізуші» ойыны.
Баланың кеңістік туралы ұғымын кеңейтеді. Ол үшін бала жолда жүру ережесінің белгілерімен таныс болу керек. Егер жол алаңы кең болса осы белгілер қойылған алаңда ойыншық машинамен жүріп өтуі керек, ал ондай болмаса жол белгілерін бала көрсете білгені дұрыс,
Сондай-ақ кеңістік туралы түсінігін анықтауды алдымен өз бөлмесінің кеңістігін ажыратудан бастау керек. Кеңістікті ажыратуда бала қиналған болса, онда оған үлкендер жетекші сұрақ қою арқылы бағыт сілтейді.
Сөздік сипаттама арқылы балаға кеңістік ұғымын үйрету.
«Анаңа дастархан жасауға көмектес» деген ойын.
- Дастархан жайылған үстелдің ортасына гүлмен құмыраны қой. Құмыраны сол жағына, нан салатын ыдысты, оң жағына бұрышпен тұз салған ыдысты қой. Қасық, шанышқыны оңмен сол жағына рет-ретімен қой. Ас ішетін үлкен табақтың үстіне, орташа табақ қой, табақтың оң жағына пышақ пен қасық, сол жағына шанышқы, т. б. Осы сияқты «ертеңгілік немесе кешкі тамаққа дастархан жаса»
деп ойынның түрін өзгертуге болады.
Кеңістік ұғымын қалыптастыруға арналған ойын-сабақ.
Ойын: «Қуыршақ бөлмесіне жиһаздарды орналастыр» деген ойынды ұйымдастыр немесе ауылда серуенде жүрген кезде тәрбиешінің ұсынысы бойынша мына тапсырмаларды орындайды. 10 қадам алға оңға бұрылып, 5 қадам жүр, сонан соң 3 қадам артқа сияқты. Тағы басқа тапсырмаларды орындатуға болады. «Ойыншықты тап», «Бала қайда тығылып жүр» т.б. ойындарды ойнатуға болады.
бұдан соң баланың өзінің дене мүшелерін /оң қол, сол аяқ т.б./ кеңістікке қатыстыру немесе затты затқа қатыстыру арқылы алдында, артында , оң-сол жағында, жоғарыда-төменде не бар деген сияқты сұрақ қойып тапсырмалар орындатуға болады.
Өз маңындағы кеңістікті бағдарлай білуге үйрен: ілгері қарай ілгеріде, алда-алдыңғы жақта, артында-арт жақта, оңға оң-жағында, солға жол жағында. Серуен кезінде де ағаштарды өзара қатыстыру арқылы кеңістікте орналасуын ажырату керек.
Баланың заттарды салыстыра білуін тексеру.
Кеңістікте орналасқан ұзын-қысқа, биік-аласа, жалпақ-жіңішке, тар-кең деген сияқты заттардың маңызды белгілерін салыстыру кезінде көпшілік бала қиналады.
Біріншіден бала жалпылама үлкен-кіші деп жалпылама айта салады. Зерттеуші ерекше көңіл бөліп тыңдап ұзын лентаның орнына үлкен лента, қысқа лентаны – кіші лента деп айтпауын қадағалап, қателессе түзету жасап отыру керек.
Аласа-биік бағана дегеннің орнына үлкен-кіші бағана деп айтуы мүмкін. Баланың белсенділік сөздік қорының ішінде биікті,- аласа, ұзынды-қысқа, кең орнына тар.
Балалар арасында «Дәріханаға баратын жолды кім көрсетеді?»
Деген тақырыпта жарыс ұйымдастыру. Сол сияқты бір мекемеге баратын жолдың бағытын түсінікті етіп айтсаңыз балалар сіздің қайда барғаныңызды өзі табуы керек. Әрине, сіздің тексеріп отырған бала өзінің баратын мектебіне, ойын алаңына, дүкенге жолда жүру ережесін сақтау ешқандай қатерсіз оңай баратын жолды білу керек. Әңгіме барысында баланы аялдама, бағдаршам, жолдан өту белгілеріне назар аудартып, жақын маңда аурухана, мектеп, малдың жайылымнан қайтқанда жүретін жолы, жақын маңда темір жол, шұғыл бұрылыс деген белгілерді де ажырата білуіне мән беруі керек.
Егер бала тұратын жерде автокөлік қалашығы болса, жолда жүру ережесін ажырату қиын емес. Сонымен бірге троллейбус, трамвай, автобус әртүрлі жеңіл машиналар түрін ұқсастығы мен айырмашылығын да сұрау керек. Осының бәрі бала мектепке барғанда математикалық есеп құра білуге көмектеседі.
Баланы математикаға үйретуге дайындау.
Мектептегі математикалық бағдарламаны жеңіл игеру үшін баланың көлем, форма, кеңістік пен сандық ұғымдар туралы дұрыс түсінігі болуы шарт. Санды ретімен санау, есептеу, салыстыру геометриялық фигураларды ажырата білуге үйретіледі.
Бүлдіршіндер мектепке келген күннен бастап, қарапайым математикалық есептерді де өздігінен шеше алатындай болуға тиіс. Сабақтағы мәселе есептің мазмұны, ондағы кейіпкер балаларға бұрыннан таныс мамандық иелері болуы керек.
Мысалы: «Ағаш шебері төрт орындық дайындады, бағбан жеміс ағаштарын отырғызды немесе сауыншы 10 сиыр сауды, қойшы 8 қойды айдап келді деген ұғымды игертсе баланың малдың иесі кәсіпкер туралы түсінігі кеңейе түседі.
Баланы мектепке дайындауға кеңістік пен сан және есептік сандар туралы түсінігінің болуының маңызы ерекше /көп-аз, артық-кем, үлкен-кіші деген сияқты/. Мектепке барғаннан кейін де математикалық ұғымды игеру қиындық тудырмау үшін ата-аналар мен тәрбиешілер бірлесіп, математиканы игеруді олардың ой-өрісін кеңейтетіні мәлім.
Баланың кеңістікті бағдарлай алуы.
6-7 жастағы балалар өзінің күнделікті тұрмыстық қажетіне жақын кіші-гірім бөлменің ішіндегі кеңістікті ажырата алады.
Ал, бала мектепте өзін сенімді еркін сезіну үшін «кеңістік» туралы ұғымы кең болуы керек.
Осы жастағы балалар мына сұрақтарға жауап бере алуы керек.
Сен қандай ауылда, қалада, ұжым шар да тұрасың?
Мекен-жайыңды айта аласың ба?
Сен тұратын үй неше қабаттан тұрады?
Сендердің пәтерлеріңнің астында неше қабат болады?
Сенің үйің қандай көшеде немесе даңғылда орналасқан?
Сенің үйіңе қандай көлік барады?
Қай көлік аялдамасы сенің үйіңе жақын?
Үйіңнің жанындағы аялдама қалай аталады?
Үйіңнің маңайында қандай дүкен немесе мекеме бар?
«Қалаға саяхат» деген ойынды ұйымдастырудағы мақсат, баланы қоршаған орта, кеңістік туралы ұғымын қалыптастыру үшін өзінің тұратын қаланың, астананың, ауылдың суретінің жинағы немесе ашық хат жинағын пайдалануға болады, аллдымен суреттерді балаға жалпылама көрсете отырып, өздерінің баламен болған жерлеріңізді онда қандай дүкен бар екенін еске түсірулері керек. Әрі қарай өздері жүретінін ықшам ауданда қандай көлікпен, қай көшенің бойымен, қандай мекеме, ғимарат жанымен өткендеріңді еске түсіресіңдер де өздерің жүрген бағытты талдата отырып суретін салдыру.
Зейінді дамытуға арналған жаттығулар.
Зейіннің ауысу қабілетін дамыту жаттығуларын балаға естіртіп бірнеше сөз тіркестері айтылады. Мысалы: ойынның шартындағы келісім бойынша үстел, төсек, қой, кесе, қарындаш, дәптер, кітап, торғай, шанышқы, т.б. тәрбиешінің айтқан сөзін зер салып тыңдап отырады. Мысалы: жануарларды білдіретін болса, жануарлардың атын естіген сәтте алақанын шапалақтау керек. Бала қателесіп кетсе сөздерді қайталап анық айтсын. Ойынды екі рет қайталағанда уәде бойынша өсімдікті сипаттайтындай болуы керек.
келесі вариантында 2 бөлімді қосып өткізуге болады. Яғни жануарлар туралы айтқанда орнынан тұрады. Осы сияқты жаттығулар ұйымдастыру.
Баланың зейінін тез ауыстыруға, жылдам шоғырландыруға, бір мезгілде бірнеше объектіге бөлуге, зейінді дамытуға арналады.
Бала зейінін түзету бағдарламасы.
1 бөлімінде /дәлелдік –диагностика 5-6 сабақ/.
2 бөлімінде /қалыптастырушы 20 сағат/.
3 бөлімінде /үзбей қуаттаушы 10 сағат/.
Алғашқы екі бөлімінде педагогтардың өздері дайындық ретінде өткізсе, соңғы 3-ші сабақта ата-аналарымен бірлікте өткізеді немесе 3 бөлімінде педагогтар мен психологтар бірлесіп өткізеді.
Әлеуметік жағдайы мен педагогикалық тәрбиеде қараусыз кеткен балардың зейінін дамыту түзету жұмысы екі бағытта өтеді.
Зейіннің негізгі қасиеттерін дамыту.
Баланың ырықты зейіні арқылы жеке басы мен ерік сапасын қалыптастыру арқылы зейін қасиеттерін жетілдіру.
1 бөлімде.
Мақсаты:
баланың зейін деңгейін анықтау.
Психологтар мен мұғалімдердің жүргізетін жұмыстарындағы оқушының бастапқы зейінділік деңгейін дәлелді қалыптастыру.
Әр сабақ 20-30 минут ұзақтығы баламен жеке өтіледі.
1 сабақ.
Мақсаты: Бала зейінінің тұрақтылығы көлемі, шоғырлануы алаң болуы сияқты қасиеттерін ажырату үшін жеке бақылау ұйымдастырылады.
Тапсырма:
Бұлшық етті босаңсытуға арналған
«Мен сияқты жаса».
«санайық»
сабақ қорытындысы көңіл-күйге назар аудару.
Зейін қоюды дамыту жаттығулары.
Сабақ өткізу үшін екі жұп суреттер жинағы бір-бірінен 10-15 айырмашылықтары бар және бірнеше анықталмаған суреттер мен мазмұны қисынсыз бейнелерді, жартылай боялған суреттер дайындалады.
1-ші тапсырмада бейнелерді бір-бірімен салыстыру өзара айырмашылықтарын тауып беруін талап етесің.
2-ші тапсырмада бейнелерді көрсетіп, не жетіспейді, суреттің қай бөлігі жетіспейді немесе суреттегі қисынсыздықты көрсетуін талап етеді.
3-ші тапсырмада жартылай боялған суреттерді алып, екінші жартысын тура солай етіп бояу талап етіледі. Осы үш тапсырманың нәтижесін бағалағанда айырмашылық тапты, суреттегі заттардың жетңспеген бөліктерінің жалпы саны қанша, қисынсыз суреттер бар немесе дұрыс боялмаған суреттің жалпы саны да есептеледі.
Жаттығулар.
Оқып, санай алатын балаларға 5 қатар етіп ретсіз жазылған әріптер тіркесін ұсынып, әр қатардағы әріп тізбегінің ішінде кездейсоқ ұшырасқан сөздерді оқиды да оның астын сызып қояды. Бұл сөздер 2-3-4-5 әріптен құралған болуы мүмкін. Әріптер мен сөздерді анық етіп қолмен немесе машинамен жазуға балаларды қызықтыру үшін күлдіргі сөздерді жазуға болады. Нәтижесін қорытындылау сөзді табу жылдамдығына және табылған сөздің санына қарай бағытталады.
Зейіннің тұрақтылығын дамытуға арналған жаттығулар.
Бала зейінінің тұрақтылығын дамыту үшін газет-журналдан қысқаша жеңіл балаға түсінікті бір шумақ үзінді алып, әр жолды оқып отырып осы сөйлемдегі «а» дыбысының астын сызып, санап шық деп тапсырма беріп уақытты белгілеп, жазу таңбаларының қанша қате жібергенін қадағалау керек.
Зейіннің бөлінуі мен ауысуына жаттығу жасау үшін берілетін нұсқауда өзгеріс болады. Мысалы: әр қатардағы «а» әрпін сызып тастап, «б» әрпінің астын сыз немесе «а» әрпінің алдында «н» әрпі тұрса «а»ны сызып таста, «а» әрпінің алдында «л» әрпі тұрса «ә» әрпінің астын сыз. Мұнда да жіберген қателігі мен уақыттың ұзақтығы есепке алынады. Мұндай дамытушы жаттығуларды жарыс түрінде өткізу керек.
Ырықты зейінді дамытуға арналған жаттығулар.
Балаға бір парақ таза қағаз бен түрлі-түсті қарындаштар беріліп, бірінен соң бірі он үшбұрышты суретін салу талап етіледі.
Осы суретті салып біткен соң балаларға тапсырманы бір-ақ рет беріледі деп қатаң ескертіп айтады да «зер алып тыңда 3,7,9 үшбұрышты жіңішке қызыл қарындашпен жіңішке сызықтар түсір» деп ұсыныс жасап, бала, әрі қарай не істеймін деп сұраса, өзіңнің түсінігің бойынша жаса деп айту керек. Егер бала тапсырманы бірден түсініп, дұрыс орындаса бұдан да күрделірек тапсырманы орындауға болады.
Зейіннің бөлінуін дамытуға арналған жаттығулар.
Егер бала кері санай білетін болса, 10,9,8,7,6,5,4,3,2,1 деп санай отырып, жалпы дамыту жаттығулары еңкею, отыру, бұрылу сияқты қарапайым жаттығуларды орындату керек. Мұны жылдамырақ орындатуға немесе жаттығусыз санауға болады. Қателік санын уақытты есептеуге болады.
Сан білетін балалар үшін зейіннің бөлінуін жаттықтыру үшін мынадай жаттығу жүргізуге болады. 25 тор көзге ретсіз бірден 35-ке дейінгі сандар жазылған , соның ішінде 10 саны жоқ, бала қарап тұрып, қай санның жоқ екенін тез ауызша айтса, тәрбиеші жазу арқылы санап тұрады.
«Бұзылған телефон» ойыны.
Мақсаты: зейінді дамыту.
Топта балалар қалауы бойынша бір жүргізуші таңдалады. Жүргізушіге топтағылар теріс қарап тұрады, ешкім оған қарамайды. Жүргізуші балалардың біреуіне жасырын түрде (оны өзі ойдан шығарады) бір кейіпті көрсетеді де өзі шетке шығып кетеді. Бала, көрген кейіпін басқа балаға көрсетеді. Осылай жалғасып кете береді. Барлық балаға кейіпті көрсетіп болғаннан кейін, барлығы шеңбер бойына тұрады алдымен ойынды аяқтаған бала өз кейпін көрсетеді соңында жүргізуші өзінің кейпін, және көрсетеді. Бірінші кейіп пен соңғысы салыстырылады.
« Түгендеу-шатастыру» ойыны.
Мақсаты: еріксіз зейінді дамыту.
Жүргізуші сол жерде отырған балалардың атымен, тегін қате айтады. Балалар зейін қойып, мұқият тыңдап отырады. Тек қана атымен тегін дұрыс айқанда ғана алға шығады.
Егер кімде-кім қателессе ойыннан шығады, айыбын төлейді (жұмбақ,жаңылтпаш,әзіл өлең).
«Не өзгерді?» ойыны.
Мақсаты: Баланың танымдық белсенділігін ояту, зейінін және ес процесін дамыту.
Ойынның шарты:
Үстелдің үстіне бірнеше зат я болмаса кішкентай ойыншық қойылады. Балаға үстелде тұрған ойыншықтарды есінде сақтау ұсынылады, содан кейін «көзіңді жұм» – деп нұсқау беріледі, осы кезде жүргізуші ойыншықтардың біреуін алып тастайды да қай ойыншықтың жоғалғанын табу ұсынылады.
Осы ойынның басқа нұсқасы ретінде; келесі тапсырма заттардың орналасуының өзгергенін табу болып табылады. Ойыншыларға үстелдегі заттардың қандай тәртіппен орналасқанын есінде сақтау ұсынылады, ал кейін ойынды жүргізуші бірнеше заттың орнын ауыстырады да не өзгергенін табу ұсынылады.
Егер бұл ойын балаларға тым қиын болса, онда сөзбен бірігіп айту тәсілі қолданады.
“Түймелер» ойыны.
Мақсаты: Баланың танымдық белсенділігін ояту, зейінін және ес процесін дамыту.
Ойынның шарты:
Әрбір ойнаушының алдында бір-бірден түймелер жиынтығы және ойын алаңы болады. Ойын алаңы тор көзге бөлінген төртбұрыштан тұрады. Төртбұрыштың ішінде тор көздер неғұрлым көп болса, және неғұрлым түймелер көбірек пайдаланылса, соғұрлым ойын күрделі болады. Ойын төрт тор көзден тұратын ойын алаңы мен үш түймеден басталады. Бірінші ойыншы өзінің ойын алаңында үш түймені қойып шығады. Екінші ойыншы түймелердің орналасуын яғни қайсысы қайда тұрғанын есінде сақтайды, осыдан кейін бірінші ойыншы өз ойын алаңын қағазбен жауып қояды, ал екінші ойыншы өзінің түймелерінің арасынан керектерін таңдап алып өз ойын алаңында тура сондай етіп қойып шығуы қажет. Түймелер саны және ойын алаңындағы тор көздер біртіндеп кемиді.
Балаға ол үшін күрделі міндеттің шешілуін жеңілдету үшін бос төркөздердегі түймелердің орналасуын баламен бірге сөзбен айтып отыруға болады: «Үлкен қызыл түйме – сол жақ бұрышта, кішкентай қара түйме ортасында, ал сары түйме оң жақ бұрышта». Осылай етіп ауызша айту баланың мақсатқа шоғырлануына көмектесіп, оның шешімін табудың жолын ашады.
Керекті құралдар: түрлі түсті 12 түйме, түйме 4,6,9 тор көзден тұратын ойын алаңы.
Ес процесінің дамытуға арналған жаттығулар.
Қысқа мерзімді естің көлемін дамытуға арналған жаттығу.
Балаға бұрыннан таныс 8-10 сөз дайындау қажет: бала сіздің айтқан әр сөзіңізді қайталап отыру керек. Алдымен бір соңынан екі сөз айтасыз. Балада осы жүйелікпен қайталайды. әр сөздің арасында бір секунд кідіріс болады. Бала сіздің айтқан нақты берілген сөзді айта алмаса, саны бірдей басқа үш сөз айтуы керек.ол үшін басқа сөз тіркестерін ұсынуға болады.
алау
үй, сүт
ат, саңырауқұлақ, ине
әтеш, күн, асфальт, дәптер
төбе, көбік, су, майшам, мектеп
қарындаш, көлік, аға, бор, құс, нан
бүркіт, ойын, емен, телефон, стақан, пальто, бала
тау, қарға, сағат, үстел, қар, кітап, қарағай, бал
доп, алма, құлақшын, сәбіз, орындық,көбелек, метро,балапан, шұлық
жүк мәшинесі, тас, жидек, сөмке, стақан, балға, қыз,дастархан, қарбыз, ескерткіш.
Егер бала сіздің соңыңыздан есінде сақтап сөзді қайталай алса, сөзді есту арқылы еске сақтау көлемі жақсы 6-7 жасар бала 5-6 сөзді есіне сақтау қажет.
«Мен қапқа салдым» ойыны.
Мақсаты: еске сақтау қабілетін дамыту.
Нұсқау:Жүргізуші ойынды бастап, «Мен қапқа алма салдым» дейді.
Келесі ойыншы оны қайталап, тағы бір жемістің түрін қосады. “Мен қапқа алма мен банан салдым”. Келесі ойыншыларда осы айтылғандарды қайталап, әрқайсысы жемістің түрін қосып отырады. Ойын осылай жалғаса береді.
Бұл ойында кімнің жеңгені немесе жеңілгені маңызды емес, ең бастысы бала бұл ойында есте сақтау қабілетін еркін дамытса болғаны.
«Әңгіме құрастыру» ойыны.
Мақсаты: есту арқылы қабылдау қабілетін дамыту.
Нұсқау:Әр ойыншы кезекпен бір-бір сөзден айтып шығады, нәтижесінде ортақ әңгіме пайда болуы керек. Өз сөзін айтпастан бұрын алдыңғы сөздерді қайталап шығу
« Көп және біреу» ойыны.
Мақсаты: ойлаудың жылдамдығы мен зейінді дамыту.
Нұсқау:Балалар шеңбер бойына отырады. Жүргізуші, допты лақтырар алдында, көпше түрдегі бір сөзді айтады, ал балалар оны жекеше түрге ауыстырулары қажет.
Нұсқаудағы сөздер:
Мысықтар, тырналар, ормандар;
Қатарлар, көпірлер, ағаштар;
Ыдыстар, үйлер, құстар;
Пілдер, кеселер, тауықтар;
Ауыздар, сағаттар, болттар;
Шкафтар, шарфтар;
Мұрындар, столдар, көздер.
Поезд» ойыны.
Мақсаты: Баланың танымдық белсенділігін ояту, логикалық ойлауын, қабілетін дамыту.
Ойыннның шарты:
Бұл ойын үшін көлемі бірдей 10 суретті картиналар қажет.
Әрбір сурет – поезд вагоны. Суреттерді бес-бестен екіге бөліп береді де алма кезек поезд құрастырады. Поездың вагондары жүріп бара жатқанда ажырамас үшін бір-біріне бекітілетінін біз білеміз. Суретті вагондар да қандай бір логикалық байланыспен бекітілуі қажет.
Мысалы: Қасықты тарелкамен байланыстыруға болады, өйткені, қасықта, тарелкада ыдыс болып табылады. Тарелкадан кейін вазаны қоюға болады, өйткені вазаға да машинаға да су құяды т.б. ең бастысы ол баланың өз «байланыстыруын» түсіндіре алғанында. Поезд дайын болғанда вагондардың қалай байланыстырғанын ескеріңіз.
Ойынды бірнеше рет қайталауға болады. Суреттер мен олардың орналасуын ауыстыруға болады. Керекті құралдар: 10-12 сурет /10х10/
Мысалы: 1/ көбелек, гүл, ваза, піл, балық, өзен.
2/ кар, шана, бала, баскиім, мысық, сүт.
«Төртіншісі артық» ойыны.
Мақсаты: Логикалық ойлауды, есте сақтауды, зейінді дамыту.
Балалар шеңбер бойына отырады. Жүргізуші балаға доп лақтырып төрт заттың атын айтады, бірақ оның біреуі артық болады. Соның артығын бала анықтауы қажет.
Сөздердің нұсқауы.
1.Үстел, орындық , төсек, шәйнек;
2. Шырша, аққайың, емен, бүлдірген;
3. Қияр, сәбіз, қоян, шалқан;
4.Қойын кітапшасы, газет, дәптер, сөмке;
5. Ат, мысық, ит, шортан;
6. Қияр, қарбыз, алма, доп;
7. Қасқыр, түлкі, аю, мысық;
8. Қуыршақ, машина, доп, кітап;
9. Поезд, ұшақ, сырғанақ, параход;
10. Шаңғы, коньки, кеме, шана;
11. Қарға, бүркіт, ара, балға;
12. Орындық, балта, ара, қарлығаш;
13. Қар, аяз, мұз, қапырық:
14.Шие, жүзім, картоп, троллейбус;
15.Автобус, трамвай, ұшақ, троллейбус;
16. Көл, орман, асфальт, жазықтық;
17.Ғарышкер, өрт сөндіруші, миллиционер, балерина;
18. Карта, тақта, оқушы, кірпі;
19.Жылан, ұлу, көбелек, тасбақа;
20. Шатыр, есік, терезе, орамал;
21. Сүт, шәй, айран, нан;
22. Аяқ, қол, бас, етік;
23.Раушан, қызғалдақ, бәйшешек, картоп.
«Талдап қорыту» ойыны.
Мақсаты: Балада логикалық ойлауды дамыту.
Нұсқау:Балаларға жолақ таратылады және талданатын түсініктерді нақтылауда мысалдар жазу ұсынылады:
жеміс- бұл...;
жидек- бұл...;
гүлдер- бұл...;
көлік- бұл...;
өсімдік- бұл...;
жабайы жануар- бұл...;
« Сөйлемді аяқта» ойыны.
Мақсаты: Балада ойлауды дамыту.
Нұсқау:Балалар шеңбер бойына отырады. Жүргізуші балалардың біреуіне допты лақтырып, сөйлемнің басын айтады. Допты тосып алған бала сөйлемді аяқтап, допты жүргізушіге қарай кері лақтырады. Егер бала екі рет сөйлемді аяқтай алмаса, ойыннан шығады. Сөздердің нұсқауы:Лимон ащы, ал қант...Ит үреді, ал мысық ...
Шөп жасыл, ал аспан ... Сен көзбен көресің, ал демаласың ...
Адамда екі аяқ, ал итте ... Құстар ұяда тұрады, ал адамдар ...
Сен көзбен оқисың, ал жазасың... Құс ұшады, ал жылан ...
Сен ауызбен тамақтанасын, ал құлақпен ... Кеме жүзеді, ал машина ...
Қазақстанда қазақша сөйлейді, ал Англияда... Жүннен тоқиды, ал матадан ...
Балерина билейді, ал пианист ... Шиені жейді, ал шәйді ...
Эстонияда эстонша сөйлейді, ал Америкада ... Түнде қараңғы, ал күндіз ...
Германияда немісше сөйлейді, ал Польшада ...
Ағашты аралайды, ал шегені ... Әнші өлең айтады, ал құрылысшы ...
Компазитор музыка құрастырады, ал әнші ...
«Кім болдың?» ойыны.
Мақсаты: Балада сөйлеуді, ойлауды, есті және қиялды дамыту.
Нұсқау:Балалар шеңбер бойына отырады. Жүргізуші әр балаға кезекпен сұрақ қояды: «Бұрын кім ( не) болған?»
Балапан ( жұмыртқа ) Құрбақа ( итбалық Көбелек ( құрт)
Нан ( ұн Шкаф ( ағаш) Велосипед ( темір)
Көйлек ( мата) Етік ( былғары) Үй ( кірпіш)
Жылқы ( құлын) Сиыр ( бұзау) Емен ( бұршақ )
Балық ( уылдырық) Алма талы ( дәнек) Күшті ( әлсіз )
Ұстаз ( шәкірт ) әйел ( қыз ) жапырақ ( бүршік )
Ит ( күшік ) Жемпір ( жүн) Тоң ( тері )
Құс ( балапан) Ешкі ( лақ) Қошқар ( қозы )
« Жүгіру ассоциациясы» ойыны.
Мақсаты: Балада белсенді қиялды дамыту
Бірінші қатысушы кез-келген сөзді айтады. Екіншісі оған өзінің сөзін қосады үшіншісі осы екі сөзді қосып, бір сөйлем құрайды. Сөйлемнің мағынасы болу керек. Содан кейін ол жаңа сөз ойлап шығарады, ал келесі қатысушы екінші және сөйлемнің үшінші сөзін байланыстыруы керек және т.б. Тапсырманың мәні жаттығудың біртіндеп жылдамдығын қосу болып табылады.
Мысалы: жарық, тал « мен талға мініп алып, алыста жанып тұрған, терезедегі жарықты көрдім».
“Гүл” ойыны.
Мақсаты:Қиялды дамыту, денедегі қысымды түсіру.
Нұсқау:Балалар жүрелеп, тізелерін құшақтап отырады. Олар
дәндер -жақында әдемі гүлдерге айналады.
Жетекші ойынға қатысушыларға қарап: “Күннің жылы шуағы жерге түсіп, дәндерді жылытты. Дәндер тамырланды. Олар өсті, бой көтерді, бұратылып күнге мойнын созды. Күн гүлдің әрбір күлтешесін қыздыра бастады”.
Балалар жетекшіні тыңдап, нақты қимылдармен көрсетеді: жүрелей отырады; бастарын, қолдарын көтереді; Бойларын тік ұстап, қолдарын жан-жаққа созады-гүл ашылды;Басын сәл артқа шалқайтып, күнге қарайды. Көздерін жартылай жұмып, көктемгі күнге қарап,күлімсірейді.

“Алып бер” ойыны.
Мақсаты: балада қиялды дамыту.
Балалар шеңбер бойымен үстелдерге жайғасады. Бірінші бала бейнелеуші заттың атын айтып, қимылымен келесі балаға ұсынады.
Мысалы: Самғат Саятқа “ауыр чемоданды” береді, ол оны әрең дегенде көтеріп, ауырлығын келтіреді.
«Біріккен сурет ойыны».
Мақсаты: Балада қиялды дамыту
Нұсқау: Параққа немесе тақтаға әр ойыншы кез- келген сызық салады. Нәтижесінде бір жалпы сурет шығады. Қатысушылар шыққан суретті талқылайды. Барлығы бірге алдындағы суретке атау береді.
1 сынақ. Пантомима.
/қимыл мен ым арқылы жасалатын сахналық өнер/.
Бұл ойын баланың шығармашылық қабілеті мен қиялын дамыту үшін жүргізіледі.
Баладан қандай болмасын бір заттың /поезд, мәшине, шәйнек, ұшақтың/ қимылы мен дауысын салып ым арқылы бейнелеп көрсету немесе бір іс-әрекеттің орындалуын, тәртібін көрсету ұсынылады. Мысалы: жуыну, тарану, сурет салу, жүзу.
Егер бала бірден орындап бере алмаса, қимыл-қозғалысын, дыбысын қалай келтіру керек екенін тәрбиеші өзі жасап көрсету керек. Баламен «Тапқыр» ойынын ойнауға болады. Ойынның шарты кестеге, біреудің жазып сызғанына сүйенбей-ақ өздігінен дербес құрастырса, онда баланың қиялының мазмұны бай, жақсы дамыған деп есептеледі.
2 сынақ. Сөздік емес қиялды зерттеуге арналады.
Балаға алты түсті қарындаш пен 1 парақ ақ қағаз дайындап бересіз. Бала өз ойынан сурет салу керек, оған 5 минут уақыт кетеді.
Екінші тапсырма балаға саз балшықты беріп, бір заттың бейнесін жасауды ұсынасыз. Салған сурет пен мүсіндеу нәтижесін қорытындылау алдыңғы сынақтағы көрсеткіштер бойынша қиялды бағалау нәтижесімен бірдей. Алдымен бала сіздің нені бейнелегеніңізді табу керек, соңынан керісінше баланың бетінің қимыл-қозғалысына, дауыс ырғағына денесінің қимылы бойынша сіз баланың нені бейнелеп отырғандығын табасыз. Мүмкіндігінше баланы қызықтыратындай күлдіргі болуын ойластырасыз.
Көріп қиялдауын дамыту жаттығулары.
Суреттегі бейнелерді пайдалана отырып, заттың толық аяқталмаған бейнесін аяқтап салып, басқа бір қызықты күлдіргі заттың бейнесінің суретін салу және аяқтауды ұсыныңыз. Бала суретті салып біткен соң ненің бейнесін салғанын әңгімелеп айтып беруін талап етіңіз.
3 жатттығу. «Нүктелер».
Суреттегі нүктелерді пайдалана отырып, нүктелерді қосу арқылы қандай бейнелерді шығаруға болады деп сұраңыз. Барлық нүктелерді басып өту міндет емес.
Баланың қиялын дамығандығын ажыратуға арналған сынақ.
Сөздік «вербалды» қиялдың дамуын ажыратуға арналған бірінші сынақ.
Баладан 5 минут уақыт аралығында тіршілік иесі адам, жануар немесе әлде басқа нәрсе жөнінде ойынан әңгіме құрастыруға өтініш жасаймыз.
Әңгіменің сюжетін немесе ертегі тақырыбын ойластыруға бір минут беріледі де, содан соң бала әңгімені бірден бастап кетеді. Қиял ғажайып ертегіні әңгіме айту барысында баланың қиялының дамуының мынадай көрсеткіштер негізінде бағаланады:
Қиялдың жылдамдығы
Қиялдағы бейненің әдеттегіден тыс таңғажайып қызықты болуы
Қиялдың мазмұнының байлығы және алдағы бейнені терең тәптіштеп көрсету.
Қиялдағы бейненің тез әсерленуі.
Баланың жылдам қиялға берілуі дегеніміз – берілген уақыт аралығында бала әңгіменің сюжетін құрастыра білуі.
Егер бала бір минут уақыт аралығында өздігінен сюжет құрастыра алмаса балаға бағыт беріп, дайын уақиға желісін ұсынуға болады.
Қиялдағы бейненің таңғажайып қызықты болуын бағалау.
Ондағы бейне бұрын ешқашан көрменген ешкімнен естімеген өз ойынан жаңа бір таңғажайып бейне құрастыруымен айқындалады.
Ал бала қиялының мазмұны бай терең болуын, ондағы кейіпкердің мінез-құлқын тәтпіштеп мипаттауға тіршілік иесі, жануарлардың әртүрлі әрекеттерін түрліше өзгертіп көрсетуге байланысты.
Егер бала өз қиялындағы бейнеден ең аз дегенде 7 бейнені тізбекке біреудің жазып сызғанына сүйенбей-ақ өздігінен құрастырса, онда бала қиялының мазмұны бай жақсы дамыған деп есептелінеді.
Баланың сөздік қиялын дамытуға арналған жаттығулар.
Балаларға «егер мысықтарды оқытатын мектеп ашылса, немесе адамдар құс сияқты ұшып үйренсе немесе иттер адамша сөйлей алатын болса, не болар еді?» деген сияқты ойынды ойнауға ұсыныс жасайсыз. Неғұрлым баланың қиялы бай, білімі мен өмір тәжрибесі мол болса соғұрлым күлдіргі қызықты мазмұны шындыққа жақын нұсқалар ұсынылады.
«Сиқырлы жұмыртқа».
Әр баланың қолына жұмыртқа тәрізді сопақша қиылған қағаз таратылып беріледі. Осы сопақша қағазды үлгі етіп, қағаз бетіне бірнеше бастырып жұмыртқаның суретін салып сол сопақша бейнеден өз қиялдарымен толықтырып, қалауы бойынша бірнеше бейне ойдан салуына болады.

“Сөйлемді жалғастыр” ойыны.
Мақсаты: Балада белсенді сөздік қорын дамыту.
Балалар шеңбер бойына отырады. Жүргізуші әр балаға оқылған сөйлемді жалғастыруды ұсынады, мысалы: «Анамның көңіл-күйі жақсы, өйткені мен бүгін жақсы баға алдым”.
Сөйлемдер:
Мен бүгін қатты жаурадым, өйткені... далада аяз.... жемпір киюді ұмытып кеттім.
Анамның көңіл- күйі жақсы, өйткені...
Мен оқығанды жақсы көремін, өйткені...
Менің аяғым су болып қалды, өйткені...
Мен жануарларды жақсы көремін, өйткені...
Өзіндік бағаны түзетуге арналған жаттығулар.
“Мақтаншақтар” ойыны.
Мақсаты: Ойын баланың өзіндік бағасының жоғарылауына, ұжымдағы маңыздылығын
көтеруге бағытталады.
Мазмұны: Барлық балалар шеңбер жасап отырады. Олардың міндеті-бірде тапсырманы кере
мет орындағанын айту. Сөйлемді “Бір күні мен … деп бастау қажет. Мысалы: “Бір күні
мен мектепте жолдасыма көмектестім” немесе “Бір күні мен үй тапсырмасын жыл
дам орындадым”.Ойлануға 2 минут уақыт беріледі, мұнан кейін балалар шеңбер бойымен
қысқа хабарлама жасайды. Барлық балалар өз ойларын айтып болғаннан кейін
жетекші сөйлемдерді жинақтауға көмектеседі.
“Анам мені не үшін жақсы көреді?” ойыны.
Мақсаты: Құрбылары алдында әр баланың маңыздылығын жоғарылату.
Мазмұны: Барлық балалар шеңбер бойына отырады. Әр балаға анасы оны не
үшін жақсы көретінін айтып өтуді ұсынады.Топтың ішінен бір баладан қатысушы бала
анасы оны не үшін жақсы көретінін қайталауы қажет.
Ескерту: Балалар өзгелер үшін маңызды екендіктерін көрсеткісі келіп: анасы баланы
ыдыс жуғандығы үшін, диссертация жазуға кедергі келтірмегені үшін, кішкентай қарын
дасын ренжітпегені үшін жақсы көретінін айтады.
“Шыбық тимес шыңқ етер” ойыны
(Недотроги)
Мақсаты: Ойын баланың өзіндік бағасының жоғарылауына, эмпатиялық
дамуды жетілдіреді.
Мазмұны:Тәрбиеші балалармен бірге бірнеше сабақтарда пиктограммалы үлестірмелі
қағаздар суретін салады. Балалармен әрбір пиктограммалар қандай мағына беретінін
пікірлесу қажет. Мысалы: күлімсіреп тұрған адамның суреті-көңілділіктің, бірдей
салынған конфеттердің суреті –жақсылық пен адамгершіліктің мағынасын білдіреді.
Егер балалар оқи алатын болса жаза алса пиктограмманың орнына қандай да бір жағымды
мінез сапасын жазуға болады (міндетті түрде жағымды). Әр балаға 5-8 үлестірмелі қағаз
берілді. Жетекші белгісінен кейін балалар жолдастарының арқасына барлық үлес
тірмелі қағаздарын жапсырып шығулары тиіс.
Эмоция –ерік өрісі аумағын дамыту
Келіңдер, көңіл-күй туралы әңгімелесейік.


Самғат өзін жақсы сезінгенде ол барлығын жақсы орындайды,жасаған қылығына риза болып, адамдардың барлығын жақсы көреді. Оның бұл кездегі көңіл-күйі тұп-тұнық суға ұқсайды . Самғаттың басына керемет идеялар келгенде оның ойлары салютке ұқсап кетеді. «Фанта» сусынын стақанға құйғандай көпіршіктеніп, жарқырай түседі. Бірақ Самғатта кейде,ренжігенде немесе өзін нашар сезінгенде мұңлы әрі көңілсіз ойлар болады. Онда оның ойлары бір түйір батпақ лақтырылған лас суға ұқсап кетеді.

Ата-аналардың балаларына талқылауға ұсынатын сұрақтары
 Сенде Самғатта болған жағдайлар кездесті ме?
 Мұндай жағдайда не сезіндің?
 Не туралы ойладың?
 Мұндай көңіл-күйден қалай арылдың?
 Нашар көңіл-күйдің өздігінен кеткенін күту қажет пе?
 Нашар көңіл-күй көтеріңкі күйге ауысу үшін не істеу керек?
Бәрін жақсы ойласаң жағымды болады
         
Біз өзімізді жақсы сезінгенде айналаның бәрі түрленіп,тіршілік гүлденіп кетеді..
Ал өзімізді көңілсіз сезінсек айналаның бәрі тұнжырап,қараңғы тартып жағымсыз болып кетеді .
        

                 
Менің портретімді аяқтап бояп көр .                                                           
 Көздің орнын, оның формасын, қастың орнын, ерінді қалай орналастырғанын сұраңыз.Әзілқой баланың көңіл-күйін өзі салып көрсетуін сұраныңыз.
Балаларда психо-эмоционалдық қысымды түсіру әдістері.
“Күн сәулесі” (4-6 жас).
Күн сәулесі-қояны сенің көзіңе түсті. Көзіңді жұм. Ол ары қарай сенің бетіңе түсті, алақандарыңмен маңдайыңды, мұрныңды, ауызыңды сипала. Бетіңде, тамақ асты, мойныңда, ішіңде, қолдарыңда жүр, жәй ғана үркітіп алмай сипала. Ол тентек емес, ол сипалағанды ұнатады, сен оны сипалап достасып ал.
“Құсты құтқарып қал” (4-6 жас).
Сенің қолыңда кішкентай дәрменсіз құс бар деп елестетші. Алақандарыңды жоғары ұстап, қолдарыңды алға соз. Саусақтарыңды біріктіріп құс сиятындай етіп жаса, ол өте тоңып қалыпты, жылыт, деміңді оған үрле, жәй ғана терең дем алып, алақандарыңды кеудеңе жақындатып ұста, өз жүрегіңнің жылуын панасыз құсқа бере біл.
Ал енді алақаныңды ашшы, құстың қуанышпен ұшып бара жатқанын көресің, қамықпа қайта оған қарап күлімде, ол саған қайта оралады.
“Құстың ұшуы” “Бізге жиі керемет түстер енеді. Түсімізде біз ханшайым мен хор қызына, қоянға, тиінге айналып кетеміз, құс пен аң тілін түсінеміз. Біз әдемілік пен жеңілдік құпиясын біліп, жер үстінде ұшып, таза, тынық көгілдір аспанды сезінеміз. Ол көлге қатты ұқсайды, онда сенің денең суда жүргендей жеңіл әрі икемді. Аспан-ғажайып құстардың көгілдір хандығы. Олардың ең әдемісі – аққу: қар секілді аппақ, ұзын мойынды, алтын тұмсықты құс.
Тамақтарыңды жоғары көтеріңдер. Иә, аққудың мойны дәл осындай. Арқаларыңды тік ұстап, иықтарыңды түзетіңдер. Сендер кереметсіңдер. Көздеріңді жұмыңдар. Кәнекей, құстар секілді тыныс алайық. Демімізді ішке тартамыз – оны шығарамыз. Демдеріңді сыртқа шығарғаннан кейін әркім өзіне “Мен аққумын!” деп айтсын. Аққу мойны алға созылыңқы, арқасы тіп-тік. Қолдарыңды кеңінен жайыңдар, - бұл сендердің қанаттарың, кең әрі бірқалыпты, жарайсыңдар!
Тізелеріңді сәл ғана бүгіңдер, оларға аздап қысым, түсіріңдер де бірден, түзу ұстаңдар. Терең демалыңдар. О, қандай ғажап! Біз ұшып барамыз! Дем алып - демдеріңді сыртқа шығарыңдар (3 рет). Қанатыңды еркін қағуларыңа болады. Қандай кең әрі қуанышты! Айналадағы аспан көгілдір және таза, жағымды самал жел есіп, тұр.. айналаңыз тыныш… жым-жырт.
Деміңді ішке тартып, сосын оны шығар. Біздің астымызда көл айнадай жарқырап тұр, көз алмай қарап онда өзіңді көруге болады. Қандай әдемі құс! Дем алып – деміңді сыртқа шығар.
Біз бірқалыпты ұшып келеміз, тіпті қорқынышсыз,төмен түсеміз, тағы төмен, тағы төмен. Міне үйлер, орман, адамдар бізге жақын қалды. … аяқтарымыз жерге тиді… мойнымызды созып, иығымызды түзеп, қанатымызды түсіреміз. Ұшу өте сәтті өтті! Мүмкін кейбіреулерің жөнді ұша алмаған шығарсыңдар? Түкте емес. Аққуда бірден ұша алмаған. Ол да бір кезде сұмпайы балапан болған, көптеген қайғы мен бақытсыздықты бастан кешірді, оған барлығы күле қарап, оны өкпелеткен, ешкім оны түсіне алмаған. Сұмпайы балапан болып туылу қорқынышты емес, ең бастысы аққу бола білу. Барлық сіздің ойлағаныңыз іске асады, тек сеніңіз”. Бағдарламаны балалар шаршаған сәтте, мазасызданғанда орындау қажет. Аптасына 1-2 рет баяу музыка ырғағымен ұйқы алдында оқуға болады.
“Сергектік қуаты” (4 -6жас).
Еркін отырып, қолдарыңды алға соз да бас бармағыңмен сұқ саусағыңды дайында. Саусақтарыңмен құлағыңның үстіңгі ұшын, екінші саусағыңмен құлағыңның астын ұста. “Құлақтарым бәрін естиді!” деп айта отырып 10 рет бір жағына, 10 рет екінші жағына уқала. Ал енді қолдарыңды жіберіп, алақандарыңды қағыңдар. Терең дем алып, қолыңды көтеріп, оларға қарап, деміңді шығар. Қолдарыңды төмен түсіріп “Мен дем алып жатырмын!” деп айт. Жаттығу көңіл-күйді сезіне алуды дамыту мен өзгелерді түсіне білуге үйретеді.
“Эмоцияны жаттықтырамыз” (4-6жас).
Баладан тұнжырауын сұраныңыз, - күзгі бұлт секілді, ашулы адам кейпі.
Баладан күлімдеуін өтініңіз, - күнге қарап жатқан мысықтай; күннің өзін; буратина секілді; қу түлкі сияқты; риза болған бала бейнесі;
Баладан ашуланған адамның бейнесін салуды ұсыныңыз, - кәмпитін тартып алған бала бейнесі; көпірдегі екі қойдың; соққы жеген адамның түрі.
Баладан қорыққан сәтін көрсетуді сұраныңыз – орманда жоғалған бала; қасқырды көрген қоян; иттің мысыққа үргені ;
Баладан шаршаған адамның түрін көрсетуді сұраныңыз, - жұмыстан кейінгі әке; ауыр жүк көтерген адам; үлкен шыбынды көтеріп келе жатқан құмырсқа;
Баладан келесі бейнелерді көрсетуін өтініңіз, - иығынан ауыр жол қапшығын түсірген жолаушыны; көп еңбектеніп анасына көмектескен баланы; жеңістен кейін шаршаған адамды ;
“Тынығу уақыты мен сағат” (4 -6жас).
Кейде қатты шаршаған сәтте баламен келісіп, “үйде тынығу уақытын” ұйымдастыруға болады. Бала бұл уақытта өзін байсалды, сабырлы ұстау қажет. Кейде бәріне рұқсат етілген “сағат” болады, онда бала секіре алады, айқайлауға, әкесінің құралдары мен анасының әшекейлерін алуға болады. Сағаттарды ауыстырып, оларды әр күнге қоюға болады. Ең бастысы бұл сағаттар жанұяда дағдыға айналса болғаны.
“Әсемдеушілер” (4-6 жас). Ойынға анасына ұнамаған бірнеше ерін далабы пайдаланылады. Барлық отбасы мүшелерімен немесе баланың достарымен ойнауға да болады. Әрбір ойыншы бір ерін далабын алып, кез-келген қатысушыға барып оның бетін, қолын, аяғын әсемдеуіне болады. Өзіңізді де бояуды ұмытып кетпегеніңіз жөн.
“Желге қараған сабан” (6жас). Жаттығу ересектер тобы және мектеп алды даярлық балаларымен орындалады, 6-7 баладан кем болмауы тиіс. Барлығы шеңберге тұрып, қолдарын алға созып, алақандарын алға созады. “Сабан” таңдалады. Ол шеңбердің ортасына көзін жұмып тұрады. Жетекшінің белгісінен кейін: “аяғыңды жерден алмай, артқа қарай жығылып көр.” Қатысушылар кезекпен “сабанға” жанасады және сүйемелдеп оны келесі ойыншыға жалғастырады. Нәтижесінде әрбір адам өзгені қорғап және сабан желге бірқалыпты тербеледі.Ескерту. Сенімсіз және жасқаншақ балалар алдымен қолдаушылар ролінде болуы тиіс. Жағымды сезім мен “сабан” бетіндегі күлкі оларды бұл рольде болуға итермелейді. Үлкендердің міндетті түрде қатысып отырғаны жөн.
“Гротекс”ойыны
Мақсаты: Бұл ойында балалар жиналып қалған қысым мен стрессті шығара алады. Сонымен бірге бұл ойын арқылы сергіту және демалуға мүмкіндік береді.Қажетті құралдар: Жылдам музыка нұсқау: Беске бөлініп бір-бірлеріңнің жанында иықтарыңды түйістіріп тұрыңдар. Ойынды сол жақтағы соңғы бала бастайды. Ол денесі арқылы бір қимылды көрсетеді.Оң жақтағы көрші бұл қимылды дәл осындай етіп бірақ шапшаңырақ орындайды.Үшінші бала екінші баланың қимылын қайталайды, бірақ жылдамдықты үдетеді. Ойын осылай жалғаса береді.
“Кейіпкерлер эмоциясы”.
Мақсаты: Ойын эмпатияның қалыптасуына, айналадағы адамдардың мінез-құлқын, жағдаяттарды бағалауға үйретеді. Мазмұны: Тәрбиеші балаларға ертегі оқиды. Балаға алдын–ала әртүрлі эмоцианалдық жағдайды бейнелейтін кішкентай үлестірмелі қағаздар таратылады. Оқу барысында бала кейіпкердің эмоционалдық күйін бейнелейтін бірнеше үлестірмелі қағаздарды бөлек қоюға тиісті.Ертегі оқылып болғаннан кейін балалар кейіпкердің қай тұста көңілді жабырқаулы, мұңлы болғанының себебін түсіндіруі тиіс. Бұл ойынды ең дұрысы жеке түрде немесе шағын топта өткізген жөн. Ертегі мәтіні ұзақ болмауы тиіс, топтағы балалардың зейіні мен есінің көлеміне сәйкес келуі шарт. “Алтын таға” ойыны
Мақсаты: Ойын мінез-құлықтағы жағымды қасиетті қалыптастыруға, сонымен бірге айналадағы адамдарға деген сенімділіктің туындауына,балалардың ұйымшыл болуына бағытталады.Мазмұны: Көз алдарыңа елестетіңдерші сендер бұғысыңдар сұлу, сымбатты, күшті, қарапайым, ақылды, маңғазсыңдар. Сендердің сол аяқтарыңда тағылған – күміс таға бар. Сол тағамен үш рет жерді тоқылдатсаңдар - күміс тиындар пайда пайда болады.Олар сиқырлы әрі көзге көрінбейді, әр бір тиын пайда болған сайын сендер мейірімді, қайырымды боласыңдар. Адамдар бұл тиындарды көрмесе де сендерден тараған жылылықтан қайырымдылықты, ізгілікті сезінеді. Олар сені жақсы көріп жақындағысы келіп тұрады.Ескерту: Ұсынылған ойын балалар ұжымындағы қақтығысты шешуге көмектеседі.
Тұлғааралық қатынасты түзету жаттығулары.
“Мен үшін не маңызды?” ойыны.
Мақсаты: Бұл ойын топ мүшелері арасында өзара әрекеттестікті дамытады және әр балаға өзін өзгелерге таныстыруға мүмкіндік береді.Қажетті құралдар: әр балаға қағаз бен қарындаш таратылады.Нұсқау: “Көз алдарыңа елестетіңдерші, сендер жазғы демалыста ата-аналарыңмен бірге аралға жиналдыңдар. Ата-аналарың сендерге өздеріңмен бірге жол қапшығын және оған өздеріңе маңызды деген үш затты алып жүруге болатынын айтты. Нені таңдайсыңдар. Жақсылап ойланып осы заттарды қағаз бетіне жазыңдар (5 минут).Енді бөлме ішін аралаңдар. Қағаздарыңды алдарыңа ұстаңдар, өзге балалар қағазда не жазылғанын оқи алатын болсын. Үнсіз жүріп қалған балалар не жазғанын оқыңдар. Мен “Тоқта” деп белгі бергенде жақын тұрған баланың жанына тоқтай қалыңдар. Бір –бірлеріңе неге осы үш затты таңдағандарыңды әңгімелеңдер.Балаларға 1 минуттан жүруге және өз пікірлерімен алмасуға мүмкіндік беріңіз.
“Жабысқақ” ойыны. Мақсаты: Ойын баланың құрдастарымен өзара әрекеттестікті жетілдіруге, бұлшық ет қысымын босатуға, балалар тобының ұйымшылдығын арттыруға бағытталады. Мазмұны:Барлық балалар бөлме ішінде жылдам музыка екпінімен жүгіріп жүреді. Қол ұстасқан екі бала құрдастарын ұстап алмақ болып былай дейді: “Мен- жабысқақпын-қадалған жерімді жабыстырып алмақпын, сені ұстап алып қалмақпын”. Әрбір ұсталған баланы “жабысқақты” өз қатарына қосып алады. Мұнан кейін барлығы “тізбектеріне” өзге балаларды да “жабыстырып” алады. Барлық балалар “жабысып” болған соң бірқалыпты әуенге қол ұстасып билейді.
«Өз үйім» ойыны.
Балалар өз автопортреттерін салады. Сурет салу барысында жетекші әр балаға жақындап келіп, оның суреті жайлы ақырын әңгімелеседі. Бұл баламен жақынырақ танысуға, ішкі күйін білуге, оның ерекшеліктерін білуге көмектеседі. Мұнан кейін жетекші үлкен қағазда бейнеленген үйді көрсетеді (ертегідегі сарай болғаны жөн). Жетекші енді бұл «біздің үйіміз» екендігін айтады. Қазір үй бос тұр. Бірақ, жақында онда балалар қай жерді қаласа, сонда тұратын болады. Қағаз бала бойы жететін жерге, қабырғаға ілінеді, әрбір бала үйдің қай бөлігінде тұратынын таңдайды, - оның «автопортреті» дәл сол жерге ілінеді. Қоныстану процесі аяқталғанда, жетекші «Біздің үйіміз қандай керемет, біз осында тату тәтті өмір сүреміз» дейді. Бұл ортақ үй барлық сабақтарда іліп қоюға болады. Ал, әрбір бала оған жақындап келіп, өзгертуге, суретті аяқтауға мүмкіндігі бар. Балалардың «үйде» суреттерінің орналасуы топтағы өзара қарым-қатынасты, өзіндік бағаны, ішкі уайымды талдауға көмектеседі.
“Қолғаптар”.
Ойынға қағаздан қиылған қолғаптар, қатысушыларға сәйкес қолғап жұптары қажет. Жетекші бір түрлі өрнекпен салынған бірақ, боялмаған қолғаптарды шашып тастайды. Балалар бөлме ішін аралап өз жұптарын іздеуге кіріседі.
Қарындаш көмегі арқылы қолғаптарды шапшаң әрі бірдей етіп бояйды. Жетекші ортақ істі қалай жасайтындығын, қарындашты қалай бөлісіп, қалай келіскендерін бақылайды. Жеңімпаздарды құттықтайды.
Қарым-қатынаста қиындығы бар балаларға арналған ойындар мен жаттығулар.
“Жел тұрады…” ойыны 5-10 жас.
Жетекші сөзін “жел тұрады ….” деп бастайды. Ойынға қатысушылар бір-бірін жақсы тану үшін сұрақтар былай болуы мүмкін: “кімнің шашы қара, жел соған қарап тұрсын”, барлық қара шаштылар бір топ болады. “Кімнің әкпесі бар,… кім көп жылайды,… кімнің досы жоқ,… т.б.”
“Досыңды тап!” 5 жас.
Жаттығу : балалар арасында немесе балалар мен ата-аналары арасында орындалады. Ойыншылардың жарты бөлігінің көзін байлап бөлме ішінде жүріп өз досын табуды ұсынады. Қол көмегі арқылы шашын, киімін, қолын сипалауға болады. Досы табылған жағдайда ойыншылар ролімен ауысады.
“Айдаһар” 5 жас.
Ойыншылар бір-бірінің белдерінен ұстап, сызық бойына тұрады. Бірінші ойыншы – басы, соңғысы –айдаһар құйрығы. Айдаһардың басы құйрығына жетіп, оған қолын тигізуі тиіс. Айдаһардың денесі бөлінбейді. Басы құйрығын ұстаса, ол енді құйрық ролінде болады. Ойын әрбір ойыншы екі рольде болғанша жалғасады.
“Қолыңды тигізші ..” ойыны 5 жас.
Барлық ойыншылар әртүрлі киінген. Жетекші “қолыңды көкке тигізші” деп дауыстап айтады. Барлығы лезде қатысушылардың киімінен көк түс тауып қолдарын тигізу қажет. Түстер алма кезек ауысады. Кім үлгермей қалса, сол жетекші болады. Ересек адам әрбір қатысушыға қол тигізуін бақылайды.
“Позитрон” 4 жас.
Шеңберге отырып барлығы бір-бірінің қолдарынан ұстайды. Көршісінің көзіне қарап бірнеше жағымды сөз немесе оны мақтау қажет. Мақтау естіген бала басын изеп: “Көп рақмет, маған өте ұнады” деп айтады. Мұнан кейін ол өзінің көршісіне айтады, жаттығу шеңбер бойында жүргізіледі. Мақтау орнына ең әдемі гүлге, тәттіге, сүт тағамдарына теңестіруге болады. Егер бала қошемет сөз айтуға қиналса, оның көршісіне сіз айтыңыз. “Бар ма, жоқ па?”ойыны.
Қатысушылар бір-бірінің қолдарын ұстап, шеңберге тұрады, жетекші ортада болады. Ол тапсырманы түсіндіреді: егер пікірмен келіссе, қолдарын жоғары көтеріп “Иә” деп дауыстайды. Егер олар пікірмен келіспесе, қолдарын төмен түсіріп: “Жоқ” деп дауыстайды.Көлде балық бола ма? Бұзауда қанат бола ма? Торайдың тұмсығы бола ма?Толқында жота бола ма? Апанда есік бола ма? Әтеште құйрық бола ма? Скрипканың кілті бола ма?
“Айна” ойыны.
Балаларға айна сатылатын дүкенге кіргендерін көз алдына елестету ұсынылады. Топтың жарты бөлігі – айна, жартысы әртүрлі аңдар. Аңдар айнаның жанында жүріп, әртүрлі қимыл жасайды, секіреді, мүйіз жасайды, айна әр аңның нақты қимылын қайталауы тиіс.
Мектеп жасына дейінгі кезеңде бала мен ата-ана қатынасына эмоционалды –мотивациялық және танымдық аумағын психологиялық бағдарлама бойынша дамыту және түзету.
Бағдарлама
мектеп табалдырығын аттағалы тұрған, мектепке дейінгі балалар мен олардың ата-аналарына көмек көрсетуге бағытталған.
Қатысушылардың саны 5-7 отбасы мүшелерінен аспайтын аптасына бір реттен 12 сабаққа және әр сабақ 1,5 сағатқа есептелген.
Бағдарлама мақсаты:
Мектеп жасына дейінгі балалармен жүргізілетін психологиялық жұмысты ұйымдастыру, эмоционалды- мотивациялық және танымдық аумағы бойынша дамыту, сонымен бірге бала-ата-ана қатынасы түсінігіндегі болатын ауытқуды түзету.
Бағдарлама міндеттері:
Мектепке дейінгі кезеңдегі балалардың даму заңдылығы туралы ата-аналардың ақпарат алуы;
Танымдық іс-әрекеттің нәтижелі болуын әлеуметтік факторға, ең алдымен отбасындағы қатынасқа байланыстылығын түсіндіру.
Баладағы эмоционалдық қысымның азайтылуын жетілдіретін жаңа тәжірибелер алуы;
Балада танымдық қызметін дамыту үйлесімділендіру.
Бала ата-ана қарым-қатынасының үйлесімді болуына бағытталған жаттығулар.
Пілдің аяғы
Мақсаты: анамен (әкемен) баланың дене деңгейінде байланыс жасауы;
Топтағы қатысушылар жұпқа бөлінеді (ана-бала).
Олардың бірі пілдің аяғы кейпінде болып, соған сәйкес әрекет жасайды . Екінші ойыншыға кез-келген тәсілмен «аяқты» жылжытуды ұсынады. Мұнан кейін рольдерімен ауысады.
Уақыт: әрқайсысына 3-5 минут.
Сенімді түсу (құлау)
Мақсаты: өзге адам үшін жауапкершілікпен сенімді сезімді дамытуды сонымен қатар қобалжумен қорқынышты төмендету.
Нұсқа. Ата-ана - бала жұбы. Бала анасына немесе әкесіне арқасымен қарап тұрады. Мұнан соң тізелерін бүкпей, еденнен аяғын алмай артқа қарай құлайды, бұл кезде ата-ана алақанымен қолтықасты тұсынан ұстап қалады. Жаттығудың орындалуына байланысты баланы бірте-бірте төмен деңгейге тосып тұрады.
Нұсқа.Тек үлкендер қатыса алады. Тапсырма берілуі бойынша қайталанады.
Уақыт: 10-20 минутқа дейін.
3. Менің және анамның қолы.
Мақсаты: ең алдымен денелік және эмоционалдық еске сүйеніп қатысушылардың дене тізбегі туралы түсінігін бекіту (сол және оң жақ, саусақ атаулары).
Қатысушылардың жұптарымен бір-біріне қарама-қарсы тұрып, жетекші айтқанын орындау ұсынылады.
Психолог ретімен былай айтады:
Бір-біріңмен сұқ саусақтарыңмен амандасыңдар.
Шынашақтарыңмен серіктесіңнің шынашағын сипалаңдар.
Ортаңғы саусақтар күшімен күш сыналу.
Серіктестер бір-бірімен сұқ саусақпен қоштасады.
Жаттығу тек оң қолымен орындалады. Үй тапсырмасы ретінде қатысушыларға осы тапсырманы үйде орындау ұсынылады.
Уақыты 20-30 минут
«Қолмен» әңгімелесу.
Мақсаты: көрнекі-бейнелі ойлауды дамыту; өзінің және серіктесінің шекарасын түсіну өзін қабылдау; конструктивті әріптестік дағдыны дамыту; ата-ана-бала қатынасының үйлесімділігі.
Түсініктеме: ұсынылған жаттығу «Менің және анамның қолы» жаттығуынан кейін орындалған жөн.
Алғашқы кезеңде қатысушылардың сол қолының алақанын қағазға қойып, айналдырып сызбасын салады. Мұнан кейін кез-келген тәсілмен әртүрлі материалды және түспен бояуларына болады.
Екінші кезеңінде ата-аналармен балаларға осы сурет арқылы байланыс жасау ұсынылады, мұнан кейін олар ұнамағанын өзгертулеріне болады.
Эмбрион.
Мақсаты: бала мен ата-ана арасында қарым-қатынас үйлесімділігі баланың дене арқылы анасымен эмоционалдық жақын қатынасы, осы тәжірибенің ата-анасымен талқылау.
Жаттығу ата-ана-бала жұбында орындалады.
Әрқайсысына бөлмеде өздеріне ыңғайлы орын табу ұсынылады. Мұнан кейін бала кілемге отырып эмбрион қалпына енеді, көзін жұмады. Анасы тізелерін бүгіп арқасымен баланы нәзік қана құшақтайды. Бірқалыпты тыныш музыка ырғағымен баланың аяқтарын еденнен алады да оны бірқалыпты тербетеді. Ең маңыздысы анасы тербеткенде бағытты үнемі өзгертіп үнсіздік сақтағаны жөн.
Уақыты 3-5 минут.
Құрал-жабдық: кілемше, кең киім, магнитофон, кассета.
Өз жүрегіңді тыңдай біл.
Мақсаты: жүректің орналасу тұсымен танысу, ата-аналармен, құрдастарымен жағымды эмоционалды байланыс.
Қатысушылар танидоскоп көмегі арқылы анасының, әкесінің жүрегін тыңдауға мүмкіндік алады.
Уақыты 10-20 минут
Бала денесінің суретін ортақ бояу.
Мақсаты: ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту, баланың өзін қабылдауы мен өзіндік бағасын жағымды эмоционалдық байланыс арқылы жоғарылату.
Жаттығу.
Бала-ата-ана жұбында орындалады.
Еденге ұзындығы 1,5 метр түсқағаз төселеді. Осы қағазға бала жатады, ал анасы немесе әкесі оның денесін айналдырып сызбасын жасайды. Мұнан кейін бала тұрып, ата-анасымен бейнеленеген ішін бояйды, оның үстіне бала түсті таңдауда жетекші ролінде болады. Жұмыс соңы – ортақ шеңберде талқыланады.
Уақыт 35-40 минут.
Құрал-жабдық: ұзындығы 1,5 метр түсқағаз, бояулар, бор.
Түсініктеме: Аталған суретті 5-7 жаттығудан кейін мақсатқа бағытталған түрде орындалады.
«Мені есті» жаттығуы
Мақсаты: жаттығу іс-әрекеттің еріктілігін, зейіннің шоғырлануын, жұптар арасында серіктестік өзараәрекеттестікті дамытады.
Ата-аналарға балаларымен бөлменің қарама-қарсы жағына тұрулары қажет. Біруақытта серіктестердің біріне қандай да бір жаттығуды дауыстап оқу ұснылады. Екінші адамдның міндеті шудың арасынан өзінің серіктесінің дауысын есту.
Уақыты 3-5 минут.
Сөзсіз әңгімелесу.
Мақсаты: балалармен ата-аналардың қарым-қатынаста ашықтығын өзара түсінісуде дағдыны дамыту.
Жаттығу ата-ана-бала жұбында өткізіледі.
Ойыншықтар дүкені.
Мақсаты: балалардың өзіндік бағасын көтеру, ата-ана мен бала арасындағы эмоционалды жылы өзарақатынасты дамыту, ата-аналардың өз балаларының қабылдау деңгейін жоғарылату;
Қатысушылар бала-ата-ана жұбына бөлінеді, балалар өздеріне ойыншықтар ролін алса, ата-аналар осы ойыншықтарды сататын сатушылар, жетекшілер сатып алушылар. Сатып алушылар әр жұпқа біртіндеп келеді, бұл уақытта сатушылар өз ойыншықтарын белсенді жарнамалайды, сатып алушылар олардың ойыншықтарын таңдау үшін тауарды өткізуге бар күштерін салады; сатып алушылар ойыншықты қарап оларды қызықтыратын сұрақтар береді.
«Мен – ата-анамын»тақырыбына үйге шығарма жазу.
Мақсаты: ата-ананың өз көзқарасын түсінуі «плюстері» мен «минустары» басқа ата-аналар тәжірибесімен танысу.
Уақыт: ең жоғары – 1 сабақ.
Түсіндірме: бұл сабаққа тек ата-аналарды шақыру ұсынылады, егер мүмкін болса балалармен келесі бөлмеде жұмыс жасауға болады.
«Мен – ұлымын (қызымын), (мен ата-анамын суреті)».
Мақсаты: ата-аналардың отбасында баланың ролін зерттеу; қажеттілікті қанағаттандыру.
Топ қатысушылары тақырыптың сурет салуды орындайды. Мұнан кейін топта талқылау жүргізіледі. Сурет қандай, суретте не жетіспейді? және т.б.
Уақыт 35-40 минут.
Эмоционалдық-мотивациялық аумақты дамытуға арналған жаттығулар.
«Пілдің аяғы» жаттығуынан кейін бірден орындау ұсынылады.
Мақсаты: өз денесі мен туындаған эмоцияны сезіну.
Ата-аналар үшін: өз дене метафорасы арқылы және баланың психо-эмоционалдық әлемі арқылы білу. Топтың әрбір қатысушысы өзін көбелек ретінде елестетеді және бөлмеде сәйкес бейнемен қозғалады.
«Жастықпен ұру».
Мақсаты: агрессиялық сезім мен әрекетті жою.
Ойыншыларға шеңбер бойында тұрып, бір-біріне жастық лақтырады. Бұл қимылдар «ұрысу» сөздерімен - жеміс-жидек, жануарлардың атымен атайды.
Топтағы қуат көзі жоғарылағанда екніші жастықты қосуға болады.
Уақыты: топтағы қуат көзінің төмендеу сәтіне дейін.
Болжамды уақыт 10 минуттан 30 минутқа дейін.
Құрал-жабдық: 2-4 жастық.
«Кет, ашу, кет»
Мақсаты: агрессияны байқау.
Қатысушылар кілемге қолдарын жан-жаққа тізелерін бүгіп жатады (табандары жерде тұрады). Көздері жұмулы. Қатысушылардың қолдарының астында жастық болады, олар бар дауыстарымен «Кет, ашу, кет» деп айқайлайды, аяқтарымен еденді тарсылдатады.
Екінші бөлімінде қатысушылар «жұлдыздар» позасында бірқалыпты әуенді ырғағында тыныш жатады (қолдары мен аяқтарын кеңінен жаяды).
Уақыт: балалардың күйіне байланысты, жаттығудың бірінші бөліміне 3-7 минут уақыт жұмсалады.
Құрал-жабдық: кілемшелер, магнитофон, бірқалыпты музыка ырғағы мен кассета.
Кері қарай жаса.
Мақсаты: ата-ана мен балалардың қарама-қарсы рольдік көзқараста болуын қалыптастыру, ата-аналардың балалармен ішкі қақтығыстарын түсіну. Жаттығу бала-ата-ана жұбында өткізіледі. Қатысушылардың міндеті – қимылды бір-біріне қарама-қарсы орындау болып табылады. Алдымен бір ойыншы ойлап табады, одан кейін екніші ойыншы ..
Мысалы: бала «Үндеме» десе, сұқ саусағын көрсетіп, сәйкес қимылмен, ал ата-ана болса, керісінше қатты дауыс шығара бастайды.
Түсіндірме: Кейбір қатысушылар жұмысқа енжер қатысып жатса, психолог өз нұсқасын ұсынуына болады.
Уақыт – 5-15 минут.
«Айна».
Мақсаты: зейінді дамыту сонымен бірге балада эмпатияны қолдау алуды дамыту.
Жаттығу ең аз дегенде екі қатысушымен орындалады, оның бірі кез-келген әрекетті бейнелесе, ал екінші айна сенімді бәрін қайталайды. Рольдер үнемі ауыстырылып отырылады.
Уақыт 5-15 минут.
«Сезімнің суретін сал».
Мақсаты: баланың эмоционалдық әлемін дамыту, психолог тарапынан топ мүшелеріне қажетті эмоционалдық қолдау көрсету.
Жетекші қатысушылардан сұрайды: «Сенің көңіл-күйің неге ұқсайды?» егер бала жауап беруге қиналса, оған мүмкін болатын жауап нұсқалары ұсынылады, мысалы: күн, бұлт, жылға, бұршақ т.б. келесі кезеңде қатысушыларға өз көңіл-күйлерінің неге ұқсайтындықтарын қағазға салу ұсынылады. Суреттер топта талқыланады.
Уақыт 15-30 минут.
Түсіндірме: бұл жаттығуды жоғары қуат деңгейін тудырған жаттығулардан кейін немесе эмоционалдық жағдайды белсенді ету үшін қолдану пайдалы.
Топтағы қарым-қатынастық даму динамикасына байланысты жаттығулар.
«Танысу»
Мақсаты: танысу, қатысушыларды өзгелердің әңгімесіне эмоционалды тарту, жекелеп айтқанда, балаларды ата-аналар әңгімесіне қызықтыру.
Топтағы қатысушылар шеңбер бойына отырады, олардың біріне доп беріліп өз аттары айтылады және сүйікті ойыншығын айтып ол туралы сипаттап беру ұсынылды.
«Қайырымды сегіз аяқ».
Мақсаты: топтың ұйымшылдығы, эмпатия сезімі мен конгруэнтті өзараәрекеттестік дағдысын дамыту; ырғақпен жұмыс; зейіннің шоғырлануы; бөлінуі; қосылуы; дағдысын дамыту.
Топ мүшелері шеңбер бойына тұрып, бір-бірінің қолдарынан ұстайды. Психолог жәй ғана: көз алдымызға біз сіздермен бір үлкен әрі қайырымды сегіз аяқ екенімізді елестетіңіз. Мұнан кейін топ үшін жалпы тынысалу ырғағын табу ұсынылады. Осыдан соң әркім тыныс ішке алғанда алға бір қадам жасайды, тынысты сыртқа шығарғанда сәйкесінде бір қадам кейін жасайды.
«Біздің қайырымды және үлкен сегізаяғымыз тыныс алып, өзінің жылы әрі жұмсақ денесін жиырып, қайта жазады. Бір қайырымды әрі сүйкімді сегіз аяқтың қайырымды әрі сүйіктің жүрегінің соғысын естиміз».
Уақыт: 5-7 минут.
Достық күлімсіреуден басталады.
Мақсаты: сөзсіз алғашқы эмоционалдық жағымды байланысты орнату.
Барлық қатысушылар шеңбер бойынша отырады, әрқайсысы кезекпен көршілеріне қарап күлімсірейді.
Уақыт : 1 минут.
Қошемет сөз.
Мақсаты: конструктивті өзараәрекеттестік дағдысын қабылдау, меңгеру және көрсете білу. Барлық қатысушылар шеңбер бойына отырып қолдарын ұстайды. Әрқайсысы өз көршілеріне бұрылып, көздеріне қарап қошемет сөз айтады. Көршісі оған алғыс білдіреді. Қажет болса, ата-анасы балаларына көмектеседі.
Уақыт: 5 минут.
Құрал-жабдық: жымию.
Европалық қала
Мақсаты: балалар мен ата-аналар арасында серіктестік қатынасты дамыту. Топ қатысушылары өзіндік дәстүрлері бар Европалық қаланың алдында «болады». Бұл қаланың тұрғындары күнде бір уақытта орталық алаңға жиналып қоңырау сыңғырының санына сәйкес бір-бірімен амандасады екен. Егер қоңырау бір рет соғылса, тұрғындар бір бірімен алақандарымен амандасады екен, егер екі рет соғылса, арқаларымен, егер үш рет соғылса, бір-бірінің иықтарынан ұстап жеңіл сілкілейді. Қатысушылар әр қимылын жаңа серіктестерімен жасағанын байқауы қажет.
Түсіндірме: бұл жаттығу топты «қыздыруға» өте пайдалы.
Ойын 6 жастағы балаларға арналады.
Мақсаты:Бұл жаттығуда біз әр баланың өзіне тән көрікті белгілерін анықтауға қиял туралы әдістемені қолданамыз.
Нұсқау:Өзіңнің бүкіл өміріңде сен өзің туралы қандай жағымды сөздер естідің? Сен өте көріктісің, және қайталанбас тұлғасың деп саған біреу айтты ма? Біреуге сен өте көріктісің, тұрақтысың деп айтуымыз дұрыс болады ма? Әр адамның тұрақтылығын немесе қайталанбас адам екенін қалай дәлелдеуге болады?
Мен сендерді өздерің жайлы бірнеше жағымды сөздер еститін ғажайыптар әлеміне саяхатқа шақырғым келеді.
Ыңғайлы отырып, көздеріңізді жұмуларыңды өтінемін. Үш рет сыртқы және ішке дем алып және босаңсып, ыңғайлы отырыңдар. Сен білесің бе? Біздің әрқайсысымыздың ішімізде бұл жұлдыз өмір сүретін сияқты. Бұл жұлдыз бізді басқа адамдардан ерекшелейді. Кейбір жұлдыздар бізді бір-бірден түстері арқылы кейбіреуі үлкендігі арқылы ажыратылады. Ал енді сол жұлдызды өзімізден тауып көрейік. Мүмкін бұл жұлдыз сенің басыңа орналасқан шығар. Мүмкін жүрегіңде ме? Егер сен өз жұлдызыңды тартымды деп ойласаң, ақырын қолыңды көтер. Өте жақсы! Сен өз жұлдызыңды таптың ба? Соған өте мұқият қара!. Ол қандай түсті? Көлемі қандай? Ал енді сен өзіңе елестетіп көрші, өзінің жұлдызыңның қандай көңілді екенін. Сен оның жүзінде қандай жарқын күлкі көріп тұрсың ба? Сен өзіңнің жұлдызыңның жүзінде қандай да бір күлкіні байқасаң, ақырын қолыңды көтер.
Сен барлық балалар белгі бергенше кідіріп күте тұр.
Сенің жұлдызың күліп тұр ма? Әдле жымиып тұр ма? өйткені ол бір құпияны біледі. Ақырын өз жұлдызыңды қасыңа алып құлағыңа тақап, ол саған не айтқысы келеді екен? Сенің ненің арқасында сондай керекті және қайталанбас адам екеніңді айтып берсін. Сен оның айтқандарының бәрін мұқият тыңдап болғаннан соң ақырын қолыңды көтер.
Тағы да барлық балалар белгі бергенге дейін күте тұр.
Сен енді білесің бе неліктен сен көрікті және қайталанбас адам екеніңді. Сен енді өз жұлдызыңды жаныңның терең жеріне жіберуге болады. Ақырын өзіңе «Мен көрікті және қайталанбас адаммын» деп айт.
Енді сен керіліп созылуына және денеңдегі бұлшық еттеріңді босатуыңа болады. Өз жұлдызыңмен қоштасып, көзіңмен жәймен ашуыңа байланысты. Өзіңді қоршаған сынып балаларына қарап, бізге оралуыңа болады.
Жаттығуға талдау:
Сен өзіңнің ерекше жұлдызыңды қайдан таптың?
Оның аты бар ма?
Ол саған ұнайды ма?
Ол саған не деп айтты?
Енді сен өзіңнің көріктілігіңмен ерекшелігіне сенесің бе?
Сен өзіңді қазір қалай сезініп отырсың?
Сен өзіңді уақыт өте келе басқа адамдардан көрікті және ерекше адамсың дегенді естігің келе ме?
Мінез туралы
Мақсаты: Балаларға адам бойындағы жағымды және жағымсыз мінез үлгілерін бағалаудықалыптастыру.
Сабақты бастағаннан кейін психолог балаларды өзенге серуендеуге шақырады. Балалар бөлмеге кіріп, кілемге жайғасады,ортада “домалақ айна – “көл” жатады. Психолог балаларға “көлдегі” өз бейнелеріне қарауды сұранады. Балалар кезекпен өз келбеттері туралы әңгімелейді. Өздерінің сырт келбеттерінен бастап, психологтың жетекшілігімен балалар өз мінез қасиеттерін сипаттауға ауысады.
Мұнан кейін мінез қасиеттерін сипатайтын этюдтар ұсынылады. Балалар кейіпкерлердің мінез-құлықтарын суреттейді.
“Мақтаншақ –тышқан”
Бір тышқан орманда қыдырып жүріп алтын мүйізді еліктің лағын кездестіреді.
-Маған алтын мүйіздеріңді сыйлашы,-дейді тышқан еліктің лағына.
-Менің алтын мүйіздерімнің саған керегі қанша? Олар саған кедергі келтіреді ғой-деп жауап берді еліктің лағы.
-Сен сараңсың!-деп бұзауды ызаландырады.
-Мен сен ойлағандай сараң емеспін –деп лақ басындағы өзінің алтын мүйіздерін тышқанға шешіп береді.Тышқан қуанып кетіп,басындағы әшекейді көрсетуге жүгіре жөнеледі. Ол асыққаны сонша,тіпті рахмет айтуды ұмытып кетеді.
Тышқан өз құрбылырын көріп,олардың алдында мақтана бастайды:
Мен барлықтарыңнан тәуірмін,бәріңнен баймын, енді мен сендер сияқты сұр тышқандармен араласпаймын. Кенет бір бұтаның астынан мысық шыға келеді. Барлық тышқандар тығылып үлгереді,алтын мүйізді тышқан болса қыстырылып қалады. Мысық әлгі тышқанға атылып барып,жеп қояды. Шөп үстінде алтын мүйіз қалады. Еліктің лағы өз мүйізін тауып алып, киіп алады.
Мақтаншақ болу қандай жаман,- деп басын шайқап, күрсінді ол.
“Ұятсыз бала”
Бала көп қабатты үйлердің бірінің алдындағы орындыққа отырып,терезе алдында қатты дауыспен өлең айтып,баянда ойнап отырды.Үйден бір әйел шығып, баладан басқа орынға барып отыруын өтінді: “Сен тура біздің терезенің түбінде ойнап отырсың, ал менің ауру қызым енді ғана ұйқтады!“,- деді.
“Не бопты”-деп бала баянды одан әрі қатты тарта бастады.
2-тарау. Психокоррекциялық жұмыстың мектеп жасындағы балаларда жүргізілу мазмұны.
Психокоррекцияның обьектісі- жеке тұлғаның өзгеруге дайын арнайы өрісі , оның заты- әсер етуі психикалық шындыққа бағытталады. Мысалы: обьект болып баланың мінез-құлқындағы бұзылыс болса, ал заты «Мен» бейнесіне, мұғалімнің оқу мотивациясына т. шағымдануы. Жалпы жеке тұлғалық, сапа мен іс-әрекетке және қатынасқа түзетуді мазмұнына қарай бөледі.
Жеке тұлғалық коррекция бағыты баладағы «Мен-концепцияны» жағымды өзгертуге, жанасу деңгейіне және жеке тұлғаның үйлесіміне, Эго-ны (мен ) күшейтуге әкеледі.Онда жұмыс жетілмеуді, үйлесімсіздікті, бүтін емес өзін сезінуді, жыныстық ұқсастықтың бұзылуы, жағымсыз мінез-құлықтың көрінуін дұрыс меңгеруге жұмсалады.
Танымдық өріске коррекция бағыты интеллектуалды қызметті жаттықтыру, көңіл аудармау тапшылығын меңгеру, танымдық психикалық процестердің дамуы, танымдық мотивацияны қалыптастыруға әкеледі.
Эмоционалды өріске коррекция психо-эмоционалды қысымды түсіруге байланысты , бала қажеттігіне қобалжуы, аффектілі бейне мен мінез-құлық стеротипін, қоршаған ортаның сауығуына әкеледі. Балада мінез-құлықты эмоционалды басқара алу мен әлеуметтік эмоция мен қауіпті реттей алуды қалыптастырады.
Еріктік өрісті коррекция балада іс-әрекет қимылында аяқтауды меңгерту, мақсат қоюға, мотивация, ой қорытындысына келе білуді қалыптастырады.
Мінез-құлық өрісіне коррекция өзіндік реттелу мен өзіндік бақылау дағдысын, әлеуметтік ортада мінез-құлық моделін, ролін, балада ішкі көз-қарасты қалыптастыру.
Оқу және ойын әрекетіне коррекция өзіндік баға мен мақсат қою, оны бақылауға дағдыландыру, іс-әрекеттің жағдайы мен құралын меңгерту және жеке тұлғалық , әлеуметтік және оқу мотивациясын қалыптастыруға бағытталған.
Баланың қарым-қатынасын коррекция баланың субьективті қабылдауын, әлеуметтік жағдайдың дамуын өлшеу, әлеуметтік интелект, әлеуметтік бедел, ішкі және сыртқы қақтығысты жеңуге бағытталған.Г.В.Бурменской, О.А.Карабанова және А.Г.Лидерса зерттеулерінде: мектепке дейінгі және бастауыш сынып жысындағы балалар көбірек психолог көмегін қажет етеді,-дейді. Себебі балаларда кездесетін қиыншылықтарды төмендегі көрсеткіштерге бөле қарастырады:
Жас ерекшелігіне сай қалыпты дамуға, психикалық дамуыдың сәйкес келмеуі.
Мектепке баруға: танымдық және оқу мотивациясы жағынан психологиялық даярлығының төмендігі;
Мінез-құлқында эмоционалды бұзылыстың болуы.
Мектепке немесе бала-бақшаға бейімделмеу.
Ақыл-ойды дамытуға коррекция
Сенсорлы қабілетті, қабылдауды дамыту;
Көрнекі-бейнелі (көрнекі қимылды ) ойлауды дамыту;
Ырықты зейін мен есте сақтаудың алғашқы қызметін дамыту;
Баланың мектепке даярлығын коррекция
Баланың ішкі көз-қарасын түзету;
Жалпы үлгерімін (жағымды мотивация , танымдық процестер, өзіндік бақылау мен өзіндік бағаны) қалыптастыру;
Бастапқы түсінік сан мен көлем (математикадан), сөйлеуді түзету;
Ұйымдастырылмаған мінез-құлыққа коррекция
1.Мотивациялық одақ (мақсат қою)- бөліп қарау, саналы меңгеру, мақсат қимылын қабылдай және оған көндіге білмеуі;
мақсатты нақты бөліп қарап, заттың бейнесі ретінде саналы меңгерту және қабылдату;
мақсатқа жету мен табысты қоштауды қамтамасыз ету.
ырықты реттеуді қобалжулы жағдайға айналдыру;
2.Жағдайды –реттейтін одақ ( жоспар мен бақылау)-мақсатқа жетер жолды жоспарлауды білмеу; қимылды бақылауда дер кезінде түзету жасауды енгізуді қамтамасыз ете алмауы;
үлкендермен біріге отырып мақсатқа жету үшін мазмұн мен жүйелілік жағдайын бірігіп шешу;
жоспарлаудың түрлі жолдарын меңгерту: (дайын тізбек, моделдеу, жоспар –тізбек)
іс-әрекетке мотивациялық дайындығын қалыптастыру;
Жеке бас дамуына коррекция
1.Коммуникативті отбасы мәселесі- ата –анамен және туған-туыстармен:
коррекциялық жұмыста ата-ана мен педагогтар арасындағы тәрбиелеу белгісін өзгертуге бағыттау;
ата-аналарға арналған тренинг (ата-ана біліктілігіне);
педагогикалық қарым-қатынасқа тренинг (педагогтардың біліктілігін көтеруге );
психологтың балалармен коррекциялық ойындары (жаңа қатынас түрін меңгерту);
ата-аналар және балалар арасындағы ойындар ( әрекеттестік ойындары)
2.Отбасынан тыс жерде қарым-қатынасқа түсу қиындығы
ұжымдық ойындар (ролдерді және қатынасты шынайы бөле білу);
мінез-құлықты түзетуге ойындар (агрессияны бойдан қайта шығару )
психотерапиялық бедел (жас ерекшелікке қарай, тепе-тең емес өзіндік баға )
әлеуметтік терапия (топта балаға деген қатынастың өзгеруі);
3. Өзіндік баға, қобалжу және эмоционалды қысымды күшейту, енжарлық);
психогимнастика;
холдинг-терапия;
арттерапия;
психодрама және б.т.
Бірінші сынып оқушыларының мектепке бейімделу деңгейін арттыруға бағытталған түзету- дамыту бағдарламасы.
Баланың мектепке бейімделуіндегі қиындықтың бірі оқу бағдарламасын игеруге кедергі келтіретін танымдық процестердің төмен деңгейде болуынан туындайды. Бала мектепке келгеннен психолог танымдық процестердің даму деңгейін анықтайды. Анықтау нәтижелері бойынша қиял, есте сақтау, зейін және ойлау процестерін түзетуге бағытталатын арнайы топ қалыптасады. Бағдарлама құрамында: психогимнастика жаттығулары, босаңсу, аутотренинг тәсілдері бар. Арт-терапия техникасы (сурет, сазбен жұмыс жасау және т.б), денелік–басқару терапиясы, әлеуметтік психологиялық тренингтер және т.б.
Мақсаты: сыныпта ауыз біршілік орнату, танымдық процестерді дамыту.
Міндеттері: есте сақтауды дамыту; зейінді дамыту; ойлауды дамыту; балаларда жағымды эмоция қалыптастыру; коммуникативті дағдыларды қалыптастыру.
Коррекция пәні: балалардың танымдық сферасы.
Жүргізу формасы: аптасына екі рет 30-40 минуттан 10 сабақ. Топ 10-13 адам. Жұмыс барысында ата-аналар және мұғалімдермен жеке кеңес беру жұмыстары қарастырылады.
Жүргізу құралы: топтың ауызбіршілігін көтеруге, танымдық процестерді дамытуға, қарым-қатынас дағдыларын дамытуға бағытталған ойындар, психогимнастика элементтері, әңгіме, изотерапия.
Сабақ кезеңдері: І- бағдарлы (2 сабақ); ІІ- қайта қалыптастыру (7 сабақ); ІІІ- бекіту сабағы (1 сабақ).
Сабақтың түрі: әрбір сабақ үш бөлімнен тұрады: серіктіру (2-3 жаттығу), негізгі бөлім (2-4 жаттығу) және қорытынды бөлім (2-3 жаттығу).
Серіктіру бөлімінің мақсаты: топта жағымды бағыт қалыптастыру; күш алу, қысымды жою.
Негізгі бөлім бүкіл сабақ барысында жетекші роль ойнайды. Бағдарлама мақсаты және міндеттеріне сәйкес әдіс- тәсілдерді енгізеді.
Қорытынды бөлім мақсаты: топқа қатыстылық сезімін тудыру; жағымды эмоцияларды бекіту.
Сәлемдесу және қоштасу
Бағдарлама мазмұны
1-ші сабақ
Мақсаты- балаларға бір-бірлерімен және ересектермен өзара қарым-қатынас жасауға көмектесу, жағымды хал-ахуал қалыптастыру.
1 жаттығу. «Танысу»
Балалар психологпен бірге шеңбер бойымен орындықтарға отырады. Психолог өзін таныстырады (балалардан олардың психолог туралы ойын сұрауына болады). Балаларға өз есімін және тегін атау ұсынылады, екінші бала өз есімін және бірінші бала есімін қайталайды т.с.с.
2 жаттығу. «Бетперделер».
Әрбір сабақты көңіл-күйді анықтаудан бастаймыз. Ол үшін мен сендерге үш бетпердеден дайындадым. Онда үш келбет бейнеленген: көңілді, мұңлы және ашулы. Оларға мұқият қарап сабаққа келген көңіл-күйіңізді таңдаңыз және «не үшін» екенін түсіндіріңіз.
3 жаттығу. «Жұмбақтар».
Мақсаты - бейнелі және логикалық ойлауды, маңызды белгілерді ерекшелеу жене салыстыру іскерліктерін дамыту; ойлау қабілетінің жылдамдығын және иілгіштігін жаттықтыру.
4 жаттығу. «Үзіліс уақытында не істеуге болады?».
Мақсаты - бейнелі және логикалық ойлауды, өз ойларын жеткізу іскерліктерін дамыту.
Балаларға «Үзіліс уақытында не істеп үлгеруге болады?» деген сауалға ойланып жауап беру ұсынылады. Балалар өз ойларын білдіріп болғаннан кейін, мектепте қандай істер жасауға тиым салынатынын және не үшін екендігін атау ұсынылады.
5 жаттығу. «Ұлу»
Мақсаты - эмоционалды қысымды, агрессияны түсіру. Балалардың шапшаңдығын төмендету.
Балаларға келесі сұрақ қойылады: «Қалай ойлайсыңдар, ұлу не үшін құрбақадан қорқады? Қауіп төнгенде ұлу не істейді?». Содан кейін балалар «паравоздың» артынан бір-бірлерінің белдерін ұстайды. Енді біз сізбен бір үлкен ұлумыз. «Құрбақа» деп белгі берілгенде ұлу спираль түрінде оралады және қатып қалады, қозғалмайды және қимылдамайды. «Құрбақа секіріп кетті» белгісі бойынша балалар қолдарын босатып жан-жаққа тарайды.
2 сабақ (шеңбер бойында жүргізіледі).
Мақсаты - топты ынтымақтастандыру, жағымды эмоционалды жағдай тудыру.
1 жаттығу. «Бетперделер» жаттығуы (1 сабақ, 3 жат).
2 жаттығу. «Мейірімді есім».
Мақсаты - эмпатияны дамыту, жағымды эмоционалды фон жасау.
Әр балаға оң жағындағы көршісін мейірімді түрде атау ұсынылады, нәтижесінде тыңдаушы алғысын білдіреді. Бірінші шеңберден кейін жаттығу кері жаққа орындалады (енді сол жағындағы көршісін мейіріммен атайды).
3 жаттығу. «Атомдар және молекулалар»
Мақсаты - қысымды түсіру, топты біріктіру. Сонымен қатар, осы жаттығу көмегімен балалардың өзара қарым-қатынастарын бақылауға болады.
Балалар бөлмеде еркін қозғалады. Бірнеше уақыттан кейін психолог: «Сендердің әрқайысың атомсыңдар, жалғыз жүріп іштерің пысып кетті, сондықтан атомдар екіден бірікті, содан кейін үштен және т.б. (қатысушылар санына байланысты)».
4 жаттығу. «Мен ... ұнатамын».
Мақсаты - балада эмпатияны, өз ойын білдіру іскерлігін дамыту.
«Бір бірімізді тану үшін, мен сіздерге «Мен ... ұнатамын » ойынын ұсынамын». Допты кім тосып алады, сол нені ұнататынын атай отырып оны келесі адамға лақтырады.
5 жаттығу. «Тыныштықты тыңдау».
Мақсаты - өзіндік бақылауды, есту зейінін дамыту, эмоционалды қысымды түсіру, қозғалыс белсенділігін төмендету.
Балаларға 15 секунд үндемей және тыныштықты тыңдау ұсынылады. Содан кейін әрқайысысы не естігенін ортаға салады.
6 жаттығу. «Көңіл- күй өлшегіші».
Мақсаты - қысымды түсіру, жағымды эмоционалды хал-ахуал жасау.
Жүргізуші балалардан жалпы өлшейтін заттар туралы сұрастырады (термометр, дене қызуын өлшеуіш) және ол не үшін қажет. Содан кейін өз көңіл-күйлерін тек қолдарымен көрсетеді: нашар көңіл-күй- алақан бір-бірімен жанасады, жақсы - қолдары екі жаққа бағытталған.
3 сабақ.
Мақсаты - танымдық процестер туралы білімдерді қалыптастыру; есте сақтау, ойлау, қиялды дамыту.
1 жаттығу. «Көңіл-күй өлшегіші» (2 сабақ, 6 жат).
2 жаттығу. Әңгіме.
Мақсаты - қысымды түсіру, топта жағымды эмоционалды хал-ахуал жасау.
«Балалар сендер білесіңдер ме, адамға ес, зейін, ойлау және қиял не үшін қажет? Өте дұрыс ...».
3 жаттығу. «Лабиринттер».
Мақсаты - көркемдік-бейнелі ойлауды, зейінді, өзін-өзі бақылауды дамыту.
Балаларға лабиринттер салынған жолақтар беріледі. Қосымша нұсқау беріледі.
4 жаттығу. «Айна».
Мақсаты - қиялды, кеңістікте бағдарлануды, ересек қимылдарын қайталау іскерліктерін дамыту.
Барлық балалар шеңбер бойына немесе қатарға орналасады және «кішкентай айна болады».
5 жаттығу. «Байқа және есте сақта».
Мақсаты - көру есін, байқағыштықты дамыту.
Столға 7-10 түрлі зат қойылады және оларды жауып қояды. Содан кейін 10 секундқа ашып, қайтадан жабады және балаларға оларды атап шығу ұсынылады. Бір затты басқа затпен алмастырып балаларға өзгерісті табуды немесе ретін өзгерту ұсынылады.
6 жаттығу. «Маған ... ұнайды».
Мақсаты - эмпатияны дамыту, топта жағымды эмоционалды хал-ахуал жасау.
Сол жақтағы көршіге келесі сөйлемді айтамыз: «Алмат, маған сенің ... ұнайды», яғни көршіні мақтау. Оған қошемет сөз айту.
7 жаттығу. «Көңіл-күй өлшегіші» (2 сабақ, 6 жат).
4 сабақ.
Мақсаты - топты біріктіру. Ырықты есте сақтауды, зейінді дамыту.
1 жаттығу. «Көңіл-күй өлшегіші».
2 жаттығу. «Бұл мен. Мені таны».
Мақсаты- эмоционалды қысымды, агрессияны түсіру, эмпатияны, тактильді қабылдауды дамыту, топта жағымды эмоционалды жағдай жасау.
Топқа арқасымен тұратын бір жүргізуші таңдалады. Балалар кезекпен арқасынан алақанымен сипалап былай дейді: «Бұл мен. Кім екенімді тапшы». Жүргізуші кім екенін табуы қажет. Жүргізушінің орнында балалардың барлығы болғаны орынды.
3 жаттығу. «Шатасу»
Мақсаты-ерікті есте сақтауды дамыту, топта жағымды эмоционалды жағдай тудыру.
Бір жүргізуші таңдалады, қалғандары шеңбер бойына немесе бір қатарға орналасады. Жүргізуші 15 секунді ішініде балалардың ретін қарап есінде сақтайды. Содан кейін ол теріс қарайды, ал балалардың кейбіреулері орындарын ауыстырады немесе жасырынып қалады. Жүргізуші өзгерісте табуы керек.
4 жаттығу. «Мейірімді піл».
Мақсаты - қысымды, агрессияны түсіру, қозғалыс белсенділігін төмендету.
Балалар шеңбер бойына орналасады. Психолог олардың барлығы тұтас мейірімді піл екендерін айтады. Әрбір бала алдындағы баланың белінен құшақтайды. Нұсқау бойынша көршісінің иығын, басын, арқасын, қолдарынан сипалайды. ... Содан кейін бөлме ішімен жүру және орындарына отыру ұсынылады.
5 жаттығу. «Көңіл-күй өлшегіші».
5 сабақ.
Мақсаты - топты біріктіру. Есте сақтау, зейін, ойлау, қиял процестерін дамыту.
1 жаттығу. «Көңіл-күй өлшегіші».
2 жаттығу. «Артықты тап».
Мақсаты - түрлі құбылыстар арасында кездейсоқ байланыстарды орнату қабілетін, бір байланыстан екіншіге өту, бірмезгілде ой өрісінде бірнеше заттарды ұстау және оларды салыстыру іскерліктерін дамыту.
Кез-келген үш сөз алынады (ит, қызанақ, күн). Қандайда бір ұқсас белгілері бар заттарды қалдырып, артық сөзді табу керек.
3 жаттығу. «Айырмашылықтарын тап».
Мақсаты - ерікті есте сақтау, көркемді-бейнелі ойлауды, өзін-өзі бақылауды дамыту.
Балаларға белгілі бір ерекшеліктер санын табуға арналған суреттер беріледі.
4 жаттығу. «Айна» (3 сабақ, 5 жат).
5 жаттығу. «Әңгімелесу».
Мақсаты - балалардың зейінін, есте сақтауларын, дамыту.
Балаларға оларға таныс жануарлар бейнеленген суреттер таратылып беріледі. Әр бала ол жануар немен қоректенетінін, тіршілік етуін, пайдасын жалпы сипаттарын, ерекшеліктерін әңгімелейді.
6 жаттығу. «Ұлу» (1 сабақ, 7 жат).
7 жаттығу. «Көңіл-күй өлшегіші».
6 сабақ.
Мақсаты- зейін, ойлау, қиялды дамыту; топты біріктіру.
1 жаттығу. «Бетперделер» (1 сабақ, 3 жат).
2 жаттығу. «Шимақтасқан сызықтар».
Мақсаты - балаларда зейіннің шоғырлануын дамыту.
Ол үшін 12х7 пішініндегі жолақтар қажет, онда бір түстегі шимақтасқан сызықтар бейнеленеді. Тапсырманы орындау үшін 3-5 минут уақыт беріледі.
Нұсқау: «Жолақтарға мұқият қараңдар. Жолақтың екі шетінде шкала көрсетілген тіке сызықтар сызылған. Әр сызықтың жанында сандар жазылған. Ол сызықтар шимақтасқан сызықтармен байланысқан. Бірнеше минут ішінде қолдың көмегінсіз көзбен бір саннан екінші санға дейін жолды табу қажет: бірден- бірге, екіден-екіге т.с.с. Сізге кез-келген үш жолмен жүру қажет».
3 жаттығу. «Жанды сурет».
Мақсаты - балалардың қабылдау, қиял, ойлауын, заттың маңыздылығын ерекшелеу іскерліктерін дамыту.
Балаларға жануарлар бейнеленген жолақтар таратылып беріледі. Әрбір бала өз суретіне қарап, қандай да бір қимыл көрсете отырып оны жандандырады. Қалған балалар не екенін табады.
4 жаттығу. «Ұқсастық және айырмашлық».
Мақсаты - логикалық ойлауды дамыту.
Балаларға өзара екі затты салыстыру ұсынылады. Мысалы, стол және орындық, шам және ай т.б. Соңында тапсырман күрделендіріп және логикалық байланысты орнату қиын сөздерді ұсынуға болады.
5 жаттығу. «Тасбақалар».
Мақсаты - балаларды өз әрекеттерін бақылауға, үлкеннің нұсқауын түсіну және тыңдауға үйрету.
Балалар бөлменің бір жағына қатармен орналасады. Жүргізуші оларға қарама-қарсы бөлменің екінші жағында тұрады. Оның белгісі бойынша балалар оған қарай қозғалуы керек. Олардың міндеті- неғұрлым жай жүру. Соңынан келген қатысушы жеңімпаз. Бір орында тұруға болмайды.
6 жаттығу. «Бетперделер» (1 сабақ, 3 жат).
7 сабақ.
Мақсаты - танымдық процестерді дамыту; топты біріктіру.
1 жаттығу. «Көңіл-күй өлшегіші» (2 сабақ, 6 жат).
2 жаттығу. «Атомдар және молекулалар» (2 сабақ, 3 жат).
3 жаттығу. «Мұрныңды көрсет».
Мақсаты - есту зейінін дамыту, балаларды өз денелеріне бағдар жасауға үйрету.
Барлық қатысушылар жүргізушіге қарама-қарсы тұрады. Ол оларға денесінің бір бөлігін көрсете отырып басқа бөлікті атайды. Балалар оны байқап қате қозғалысты жасамаулары қажет.
4 жаттығу. «Аяқталмаған фигуралар».
Мақсаты - балалардың шығармашылық қабілеттерін және қиялын дамыту.
Балаларға фигуралар (шеңбер, шаршы, үшбұрыш, түрлі сынық сызықтар) салынған парақтар таратылады. Балалар 5-10 минут ішінде оларға түрлі сызулар қосып заттық бейне салулары қажет.
5 жаттығу. «Жұмбақтар»
6 жаттығу. «Көңіл-күй өлшегіші»
8 сабақ.
Мақсаты- коммуникативті дағдыларды, ойлауды, зейінді, қиялды дамыту.
1 жаттығу. «Бетперделер» (1 сабақ, 3 жаттығу).
2 жаттығу. «Мейірімді есім» (2 сабақ, 2 жат).
3 жаттығу. «Егер де .... , не болар еді».
Мақсаты - қиялды, ойлауды дамыту.
Балаларға түрлі тақырыптарға қиялдау ұсынылады. Мысалы, егер әрбір адам туа салысымен басқа адамның ойын оқуға ие болса, жер бетінде өмір қалай өзгереді? Егер адамдардың барлығы сөйлей алмай қалса, онда ...
4 жаттығу. «Лабиринттер» (3 сабақ, 3 жаттығу).
5 жаттығу. «Ұлу» (1 сабақ, 7 жаттығу).
6 жаттығу. «Заттардың қолданылу тәсілдері».
Мақсаты - бір затқа ойдың шоғырлануын, оны түрлі жағдайларға және өзара байланыстарға енгізуді дамыту; қиялды дамыту.
Қандайда бір жақсы белгілі зат аталады, мысалы «кітап». Мүмкіндігінше оның қолданылу тәсілдерін көбірек атау қажет.
7 жаттығу. «Тасбақалар» (6 сабақ, 6 жат).
9 сабақ.
Мақсаты - ойлау, қиялды дамыту; эмоционалды қысымды түсіру.
1 жаттығу. «Көңіл-күй өлшегіші» (2 сабақ, 6 жат).
2 жаттығу. «Артықты табу» (5 сабақ, 3 жат).
3 жаттығу. «Кім көбірек».
Мақсаты - ойлауды дамыту.
Алфавиттегі кез-келген әріп таңдалады. Балаларға сол әріптен басталатын сөздерді атау ұсынылады.
4 жаттығу. «Айна» (3 сабақ, 5 жат).
5 жаттығу. «Тыныштықты тыңдаймыз» (2 сабақ, 5 жат).
6 жаттығу. «Көңіл- күй өлшегіші». (2 сабақ, 6 жат).
10 сабақ.
Мақсаты - топта жағымды хал-ахуал қалыптастыру, эмоционалды қысымды түсіру, өзара қарым-қатынасты анықтау.
1 жаттығу. «Бетперделер» (1 сабақ, 3 жат).
2 жаттығу. «Атомдар және молекулалар» (2 сабақ, 3 жат).
3 жаттығу. «Аяқталмаған фигуралар» (7 сабақ, 5 жат).
4 жаттығу. «Медаль».
Әр балаға алдын-ала медаль дайындалып (ең зейінді, ақылды, тәртіпті т.с.с), таратылады.
5 жаттығу. «Бетперделер» (1 сабақ, 3 жат).
2) Бастауыш сынып жасындағы балаларға арналған түзету-дамыту бағдарламасы.
Қатысушылар: 7-10 жастағы балалар (кіші мектеп жасындағы балалар).
Топта 8-10 адам.
Ұзақтығы: 1 блок 60 сағатқа есептелген, 1 күнде 3 сағаттан 4 апта, дүйсенбіден жұмаға дейін, 1 ай бойы, барлығы 20 сабақ.
Сабақты өткізу формасы: психологиялық тренингтер.
Мақсаты: оқу процесі аяқталғаннан кейін психо-эмоционалдық қысымды түсіру және әр баланың жекелік ерекшелігін ескеріп, жаңа оқу жылына психологиялық дайындық жасау.
Міндеттері:
Оқудың табысты болуына қажетті таным үрдістерді дамыту (зейін, ес, ойлау, қабылдау, қиял және т.б.);
Креативтілікті дамыту;
Әлеуметтік белсенділікті және қарым-қатынас дағдысын дамыту;
Эмоционалдық аймақты түзету және невроздың алдын алу;
Көшбасшылық сананы қалыптастыру және мәселені өз бетінше шеше алуға үйрету;
Сенімді мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру және топта жұмыс істей алу шеберлігі;
Өзін көрсете алу және өзіндік баға тепе-теңдігін қалыптастыру.
Жүргізілетін тренигтердің кестесі.
1 блок.
№1 сабақ.
Р/с№ Іс-әрекет түрі Материалдар Уақыт
1 Танысу. “Қуаныш шеңбері” 5мин
2 Ойын. “Сүйікті пәндер” Жіп 10мин
3 “Кішкентай қоңыз” 10мин
4 Жаттығу. “Сіріңкемен басқатырғыш” Сіріңке қорабы 20мин
5 Психогимнастика “Нәзік мысық” Музыка 10мин
6 Сурет. “Менің отбасым”. Талқылау Қаламдар, қағаз 25мин
7 “ Сөздер жұбы” 10мин
8 “Сөзбөлгіштер” 15мин
Үзіліс 20мин
9 Психогимнастика “Жануарларды бейнеле” 10мин
10 Жаттығу “Бірдей заттарды тап” Іс-қағаздар 10мин
11 Ойын “Шатасу” 10мин
12 Босаңсу 10мин
13 “ айналмақ ” 5мин
14 Сабақтың нәтижесін шығару. Қоштасу 10мин
Барлығы: 3 сағат.

№2 сабақ
Р/с№ Іс-әрекет түрі Материалдар Уақыт
1 Амандасу “Қуаныш шеңбері” 5мин
2 Жаттығу“Менің сүйікті ойыншығым” Ойыншықтар 15мин
3 Психогимнастика “Буратино” 5мин
4 Ережелерді құрастыру Қағаз, маркер 15мин
5 “Аударыптастаушылар” Доп 10мин
6 “Қаладағы шу” 10мин
7 Ойын “Тек қана бірге” 10мин
8 “Өз көңіл-күйіңнің суретін сал” Қағаз, гуашь 15мин
Үзіліс 20мин
9 Психогимнастика 5мин
10 “Белгілер бойынша іздеу” 10мин
11 Сурет “Менің отбасым” ертегі кейіпкері түрінде Қағаз, бояу 25мин
12 Психогимнастика “Ине мен жіп” 10мин
13 Босаңсу 10мин
14 “ айналмақ ” 5мин
15 Сабақтың нәтижесін шығару. Қоштасу 10мин
Барлығы: 3 сағат
№3 сабақ.
Р/с№ Іс-әрекет түрі Материалдар Уақыт
1 Амандасу “Қуаныш шеңбері” 5мин
2 Психогимнастика “Затты жалғап жібер” 5мин
3 “Соқыртеке” ойыны 10мин
4 “Екі қолмен сурет саламыз” Қағаз, қалам 15мин
5 “Көршіңнің суретін аяқта” Қағаз, қалам 20мин
6 Ойын “Соқыр мен жетелеуші”. Талқылау. 20мин
7 Ойын “Тірі топтар”. 10мин
Үзіліс. 20мин
8 Пазлдармен жұмыс. Пазлдар 10мин
9 Психогимнастика 5мин
10 “Мәндес жұптар” Талқылау 10мин
11 Жаттығу “Анықтама бер” 15мин
12 Жаттығу “Білгіш” 10мин
13 Босаңсу 10мин
14 “ айналмақ ” 5мин
15 Сабақтың нәтижесін шығару. Қоштасу 10мин
Барлығы:3 сағат
№4 сабақ
Р/с№ Іс-әрекет түрі Материалдар Уақыт
1 Амандасу“Қуаныш шеңбері” 5мин
2 Ширату “Жел соғады оған” 10мин
3 “Керісінше мемлекет” Доп 15мин
4 Жаттығу “Сюжет” 10мин
5 Ойын “Ормандағы талдар” Жағымды әуен 10мин
6 “Сөзді ойлап тап”. Қағаз парағы 15мин
7 Сазбен жұмыс “ Көзімізді жұмып илейміз” 20мин
Үзіліс. 20мин
8 Жаттығу “Үлпілдеген мамықтар” 10мин
9 “Саймон айтты” 10мин
10 “Морзе әліппесі” Іс-қағаздар 10мин
11 Жаттығу “Затты суреттеуді аяқта” Қалам,іс-қағаз 15мин
12 Психогимнастика “Аспанға қалай жетуге болады” 5мин
13 Босаңсу 10мин
14 “ айналмақ ” 5мин
15 Сабақтың нәтижесін шығару. Қоштасу 10мин
Барлығы: 3 сағат
№5 сабақ
Р/с№ Іс-әрекет түрі Материалдар Уақыт
1 Амандасу “Қуаныш шеңбері” 5мин
2 “Жүру керек….Отыру керек….Қабағын
шыту….” 10мин
3 “Айна” 10мин
4 “Сіріңкелермен басқатырғыш” Сіріңке қорабы 20мин
5 Ойын “Төрт апат” 10мин
6 “Бақылампаздарға арналған пантомима” 15мин
7 “Ойламаған оқиғалар” 10мин
Үзіліс 20мин
8 Жаттығу“Айдахар өзінің құйрығын тістейді” 10мин
9 Пазлдармен жұмыс Пазлдар 10мин
10 “Сиқырлы орман”. Пластилиннен аңдар
жасап және жалпы ертегі құрастыру Пластилин 25мин
11 Психогимнастика “Теңіз толқиды бір” 10мин
12 Босаңсу 10мин
13 “ айналмақ ” 5мин
14 Сабақтың нәтижесін шығару. Қоштасу 10мин
Барлығы: 3 сағат
№6 сабақ
Р/с№ Іс-әрекет түрі Материалдар Уақыт
1 Амандасу, “Қуаныш шеңбері” 5мин
2 Қысқаша өлеңдету “Мяу. Гав. Му.” 7мин
3 “Қызықты арифметика” Доп 15мин
4 Пуантализм-саусақты сурет өнері Альбом парақтары,
Гуашь 25мин
5 “Белгілерді белгіле” Бланкілер 15мин
6 “Барлаушылар” 10мин
7 “Айналулар” 15мин
Ууу Үзіліс 20мин
8 Психогимнастика “Теңіз жағасында” 10мин
9 Сазбен жұмыс. Жануарларды илеу. Саз 20мин
10 “Қалқан және қылыш” Мамық ойыншықтар , қолдан жасалған қалқан 13мин
11 Босаңсу. 10мин
12 “ айналмақ ” 5мин
13 Сабақтың нәтижесін шығару.
Қоштасу. 10мин
Барлығы : 3 сағат
№7 сабақ
Р/с№ Іс-әрекет түрі Материалдар Уақыт
1 Амандасу, “Қуаныш шеңбері” 5мин
2 Ойын Ырғақты әуен 10мин
3 “Ребустар” Ребустар 20мин
4 Сурет “Мен кім болғым келеді?” Қағаз, қаламдар 25мин
5 “Белгілерді белгіле”
Жаттығуын тексеру Іс-қағаздар 15мин
6 “Жел соғады оған” 10мин
7 Корректурлы көру “Буренки” Іс-қағаздар 15мин
Үзіліс 20мин
8 Психогимнастика 10мин
9 Сазбен жұмыс. Еркін тақырып. Саз 20мин
10 “соқыртеке” 10мин
11 Босаңсу. 10мин
12 “ айналмақ ” 5мин
13 Сабақтың нәтижесін шығару.
Қоштасу. 10мин
барлығы: 3 сағат
№8 сабақ
Р/с№ Іс-әрекет түрі Материалдар Уақыт
1 Амандасу, “Қуаныш шеңбері” 5мин
2 Ойын “Қоян” 10мин
3 “Сіріңкелермен басқатырғыш” Сіріңке қорабы 20мин
4 Ойын “Болады-болмайды” 10мин
5 Ойын “Тыңда және орында” 15мин
6 Монотипия Альбом парақтары, бояу 20мин
7 Ойын “Сен не істейсің?” 10мин
Үзіліс 20мин
8 Психогимнастика “Кеме” 10мин
9 Анықталған тақырыпқа сурет салу Қағаз, қалам 25мин
10 “шеңбер бойынша бер” 10мин
11 Босаңсу. 10мин
12 “ айналмақ ” 5мин
13 Сабақтың нәтижесін шығару.
Қоштасу 10мин
барлығы: 3 сағат
№9 сабақ
№ Іс-әрекет түрі Қажетті құралдар Уақыт
1 Таныстық, “Қуаныш шеңбері” 5 мин
2 Ойын “үрлегіш пен доп” 10 мин
3 “Жұдырығымда не бар?” 20 мин
4 Пазлалармен жұмыс Пазла 15 мин
5 Коллаж “Өз болашағымды қалай елестетемін?” Ватман, журналдар, қайшы, клей 45 мин
Үзіліс ( ата-аналармен бірге) 20 мин
6 Таныстық, “Қуаныш ортасы” 5 мин
7 “жел соғады…” 10 мин
8 “Қу сайқымазақ” Ойындық суреттер 10 мин
8 Коллаждарды көрсету. Ата-аналардың кері байланысы. Коллаждар 15 мин
9 Біріге сурет салу (анамен бірге сурет саламыз), Талқылау. Парақ, қарындаштар 20 мин
10 Сабақтың қорытындысын шығару. Қоштасу. 10 мин
Барлығы: 3 сағат.
№1 сабақ.
Танысу. Қуаныш шеңбері. Қатысушылар шеңбер бойына отырып өз есімдері мен сүйікті ойынын атайды. Мұнан соң көршісінің қолын қысып, үнсіз қол жылуын жібереді. Бір-бірінің көздеріне қарап, күлімсіреп, ойша жақсы көңіл-күй тілейді.
«Сүйікті пән» (қар үйіндісі). Балалар шеңбер бойына тұрып өз есімдерімен сүйікті пәнін атап келесі ойыншыға жіп орамын жібереді. Ол бірінші баланың есімімен сүйікті пәнін атап одан кейін өз есімін айтады. Осылай жалғаса береді. Шатасқан жіп нәтижесінде топта бірлік пен ұйымшылдық орнағандай сезіледі.
«Кішкентай қоңыз».
Мақсаты: алғашқы сақтықпен, үрейді түсіру, топтың дербес белсенділік деңгейін анықтау.
Ойынның жүргізілуі: балалар жүргізушінің артына сапқа тұрады. Жүргізуші топқа арқасымен қарап, қолтығының астынан алақанын ашық күйінде қалдырады. Жүргізуші балалардың қайсысының оның қолына тигенін табу керек (бет келбеті, қозғалысы). Жүргізуші дұрыс тапқанша жүргізеді.
«Сіріңкелермен бас қатырғыш».
Мақсаты: бейнелі ойлауды жаттықтыру.
Жаттығудың жүргізу жолы: тапсырма әртүрлі болуы мүмкін. Белгілі сіріңке санынан берілген тапсырманы, сөзді немесе санды құрастыру. Ойын ережесі бойынша сіріңкелер шешім дайын болғанда ғана жайып көрсетіледі. Шешім шығару барысында мұны жасап көруге болмайды. Шешімді тек ойша іздеу қажет.
А) екі сіріңкені сындырмай қалай 10 санын жасауға болады;
Б) үстелде көлденең жатқан 5 сіріңкеге тағы 4 сіріңке қосып 3 шығарыңыз;
В) үш сіріңкені сындырмай, 6 шығаруға болады ма?
Психогимнастика « нәзік марғау».
Балалар қайырымды содан кейін ашулы мысықты бейнелейді.
«Менің отбасым» суреті.
«Сөздер жұбы». Мақсаты: есті дамыту.
Жаттығудың жүргізілуі: жұп сөздердің екіншісін есте сақтау: мысық-сүт, бөлке-май, бала-машина, қыс-сырғанақ, үстел-пирог, тіс-щетке, өзен-көпір.
«Шатастырғыш».
Мақсаты: зейіннің тұрақтылығымен шоғырлануын жаттықтыру.
Жаттығудың жүргізілуі: екі ойыншыдан тұратын екі топ құрылады, әрбір топта кімнің бірінші нөмірлі, кімнің екінші нөмірлі екені анықталады. Бірінші ойыншылар екінші ойыншыға қарап дауыстап санай бастайды: бірі 100-ге дейінгі жұп сандарды атаса, екіншісі 99-ға дейінгі тақ санды атайды. Әрқайсысы соңғы санға қарсыласынан бұрын жетуге ұмтылады. Әрбір топтың екінші ойыншылары өз қарсыластарын мұқият тыңдап қателессе жетекшіге хабарлайды. Мұнан кейін екінші рольдегілер біріншілермен ауысады.
Психогимнастика (1.Тотықұс, 2.аққу, 3.күнге қыздырынып жатқан итбалық, 4.судағы итбалық, 5. маймыл, 6.жылан)
10. «Бірдей заттарды тап».
Мақсаты: логикалық ойлауды дамыту, нысаналарды элементтері бойынша салыстырып дамытуды жетілдіру.
Жаттығудың жүргізілуі: Екі әртүрлі суретке мұқият қарап алып, ондағы бірдей заттарды табу. 12 бірдей заттарды табу ұсынылады. Мұнда баланың назары ұқсас заттардың көлемінің әртүрлі болуына аударылады. Бірдей заттар: қабырғадағы сурет, құс, бантик, кесе, шам, кітап, шахмат фигурасы, сызғыш, құм сағат, алма, гүл, үстел.
«Шатастырмақ» ойыны.
Мақсаты: ойын топтық бірлікті көтеруге бағытталады.
Ойынның жүргізілуі: Санамақ арқылы жүргізуші таңдалады. Ол бөлмеден шығады, басқа балалар бір-бірінің қолдарынан ұстап шеңбер құрады. Қолдарын жіберместен олар қалауынша шатасады. Шатасу пайда болғанда, жүргізуші бөлмеге кіріп, балалардың қолын ажыратпай шешеді.
Босаңсу.
«айналмақ». Балалар бір-бірінің қолдарынан ұстап күлімсірейді.
Сабақтың қорытындысын шығару. Қоштасу. Әрбір бала шеңбер бойынша осы сәтте өзін қалай сезініп тұрғанын, бүгінгі сабақта не ұнағанын, ненің ұнамағанын, келесі сабақта нені қалайтынын айтады.
№2 сабақ.
1.Танысу. Қуаныш шеңбері. Қатысушылар шеңбер бойына отырып өз есімдері мен сүйікті ойынын атайды. Мұнан соң көршісінің қолын қысып, үнсіз қол жылуын жібереді. Бір-бірінің көздеріне қарап, күлімсіреп, ойша жақсы көңіл-күй тілейді.
2. жаттығу. «Менің сүйікті ойыншығым».
Мақсаты: өзін таныстыруды үйрету, қарым-қатынас дағдысын дамыту.
Жаттығудың жүргізілуі: әрбір бала өзіне ұнаған бір ойыншықты алады. Бала ойыншыққа ат ойлап тауып ол туралы топтағыларға әңгімелеп береді. Танысып болғаннан кейін ойыншықтар көмегімен ойнауға және сол арқылы басқа ойыншықтар туралы ақпарат білуге болады. Ойын аяқталғаннан кейін балалар шеңбер бойына отырып өз әсерлерімен бөліседі.
3. Психогимнастика «Қарлығаш».
Қарлығаш керілді (қолдарымызды жоғары көтереміз).
Қолдарын жазды (қолымызды екі жаққа жазамыз).
Еңкейді (төмен қарай иілеміз, қолымызды төмен түсіреміз).
Шайқалды (екі жаққа қарай теңселеміз).
Алтын кілт тапты да, (қолымызды айқастырамыз).
Үйіне қайтты. ( қолымызды жоғары көтереміз де бір орында тұрып, адымдаймыз).
4. Ереже құрастыру. Тренингтің барлық қатысушылары сабақ барысында орындауға келісетін ортақ ережелер тізімі жасалады.
5. «Аударыспақ».
Мақсаты: ойша әрекет ету қабілетін жетілдіру.
Жаттығудың жүргізілуі: үш немесе одан да көп сөзден құралған сөз тіркесі аталады (ағашта құс отыр), допты ұстаған қатысушының міндеті осы сөз тіркесін кері қарай айту (отыр құс ағашта). Тек сөз тіркестері ғана емес мағыналары байланыспайтын сөздерді де пайдалануға болады. Мысалы, жылқы, лимон, ұшақ. Ойыншы жауапты кері қатармен атауы тиіс. Ойынның күрделілігі берілген сөздердің санына байланысты.
6. «Қаладағы шу».
Мақсаты: психоэмоционалды қысымды түсіру.
Жаттығудың жүргізілуі: балаларға қалада болатын шуды еске түсіруге бір минут уақыт беріледі (өтіп бара жатқан машиналар, ұшқан ұшақтың дыбысы, т.б.). Мұнан соң қатысушылардың әрқайсысы өзі таңдаған шуды қайта жаңғыртады. Соңында талқылау жүргізіледі.
7. «Бәріміз бірге».
Мақсаты: балаларды бір-бірімен байланыс орнатуға үйрету, серіктесінің қозғалыс темпіне ыңғайлану.
Жаттығудың жүргізілуі: балалар жұппен тұрып допты бірге ұстайды (әр бала допты екі қолымен ұстауы тиіс). Жетекшінің белгісінен кейін балалар бір уақытта отыруға допты қолдарынан түсіріп алмай бөлме ішінде жүруі, секіруі қажет. Ең бастысы, бірге әрекет жасап допты түсіріп алмау.
8. « Өз көңіл-күйіңнің» суретін сал.
Мақсаты: балаларды өз көңіл-күйін жеткізе білуге жаттықтыру. Балаларға қалаулары бойынша өз көңіл-күйлерін білдіретін бояу түсін таңдау ұсынылады.
9. Психогимнастика. Мына кейіпкерлерді бейнеле: а) сиқыршыны, б) кір тастарын көтерген алыпты; в) жыланды; г) сынық әйнекте жүрген иогты.
10. «Белгілері бойынша іздеу».
Мақсаты: логикалық ойлауды жаттықтыру.
Жаттығудың жүргізілуі: балаларға екі белгі беріледі. Мысалы, жеңіл және рәзіңке. Олар осындай белгілері бар заттарды көбірек атауы тиіс. Мысалы, «үрлемелі шар», «доп», «рәзіңке етіктер» және т.б. кім көп заттарды атаса, сол жеңіске жетеді.
11. «Менің отбасым» ертегілер кейіпкерлері бейнесінде суреті.
Балалар өз отбасының мүшелерін белгілі балалар ертегілеріндегі кейіпкерлерді пайдаланып салады. Сурет салынып болғаннан кейін талқылау жүргізіледі.
12. Психогимнастика «Ине мен жіп».
Балалар бірінің артынан бірі тұрып, алдында тұрған адамның белінен ұстайды. Бірінші қатысушы «ине», қалғандары – «жіптер». «Ине» бөлмеде бірде жылдам, бірде жәй қозғала бастайды. «Жіптердің» міндеті «иненің» артынан үзіліп қалмай жүріп отыру. «Инелер» үнемі ауысып отырады.
13. Босаңсу.
14.«айналмақ». Балалар бір-бірінің қолдарынан ұстап күлімсірейді.
Сабақтың қорытындысын шығару. Қоштасу. Әрбір бала шеңбер бойынша осы сәтте өзін қалай сезініп тұрғанын, бүгінгі сабақта не ұнағанын, ненің ұнамағанын, келесі сабақта нені қалайтынын айтады.
№3 сабақ
1.Танысу. Қуаныш шеңбері. Қатысушылар шеңбер бойына отырып өз есімдері мен сүйікті ойынын атайды. Мұнан соң көршісінің қолын қысып, үнсіз қол жылуын жібереді. Бір-бірінің көздеріне қарап, күлімсіреп, ойша жақсы көңіл-күй тілейді.
Мұнан кейін барлығы шеңбер бойына отырып қазіргі сәттегі сезімдерімен алмасып, кешегі күнді қалай өткізгендерін әңгімелейді.
2. Психогимнастика. «Затты жалғап жібер».
Балалар шеңбер бойына тұрып, жетекшінің белгісі басталғаннан кейін пантомимика арқылы қандай да бір заттарды алып берулері тиіс: ыстық картопты, мұзды, көбелекті, ауыр кір тасын, үрлемелі шарды.
3. «Соқыртеке».
Мақсаты: жағымды эмоционалдық әсерді қалыптастыру, қорқынышты болдырмау, өзіне сенімділігін жоғарылату.
Ойынның жүргізілуі: бір ойыншының көзін байлап, есік жаққа апарып, босағаға тұрғызып қолынан ұстауға бұйырады да бәрі бірге келесі өлеңді айтады:
Мысық, мысық, ананас,
Үш жыл бойы бізді қу,
Үш жыл бойы бізді ұста,
Көздеріңді шешпестен.
Мұнан кейін балалар әр жаққа тарап кетеді. Мысық ойыншыларды ұстап алады.
4. «Екі қолмен сурет саламыз».
Мақсаты: кеңістікті бағдарлауды, қолдың икемділігін дамыту.
Жаттығудың жүргізілуі: балалар көздерін жұмып екі қарындашпен жетекшінің ұсынған суретін салады (бірін оң, екіншісін сол қолға). Мысалы, шеңбер, шаршы, шырша. Мұнан кейін суретті күрделендіруге болады. Бірнеше заттардың немесе картинаның суретін салулары қажет. Сурет салып болғаннан кейін тапсырманы орындау жеңіл ме әлде күрделі болды ма, сурет салу барысында қандай сезімдер туындағанын пікірлесуге болады.
5. «Көршінің суретін аяқта».
Мақсаты: балаларды топта ортақ іс-әрекет жасауға үйрету.
Жаттығудың жүргізілуі: балаларға дербес сурет ойлап табу ұсынылады. Жетекшінің шапалақ ұрғаннан кейін оң жақтағы көршіге сурет беріледі. Сурет қайтып баланың өзіне келмейінше сурет салу жалғаса береді.
6. «Соқыр мен жетелеуші».
Балалар жұпқа бөлінеді. Біреуінің көзін байлайды. Екіншісі жетелеушінің ролін ойнайды. Жетелеуші соқырды жетелеп жәйлап, ақырын бөлмеде ертіп жүреді. Мысалы, оңға бір адым жасап, жанымен өту үшін түрлі кедергілерді айналып өту қажет. Мұнан соң ойыншылар рольдерімен ауысады. Ойын аяқталғаннан кейін талқылау болады: балада жетелеушінің немесе соқырдың ролінде болғанда қандай сезім туындады.
7.Ойын “Тірі топтар”.
Мақсаты: логикалық ойлауды жаттықтыру.
Жаттығудың жүргізілуі: балалар топтарға бөліну үшін көрсеткіштер ойлап табулары тиіс. Мысалы: шаштарының түстеріне байланысты екі топқа бөліну ұсынылады. Жетекшінің оң жағына кімнің әкпелері бар, сол жағына інілері бар қатысушылар тұрады.
8.Бос уақыт. Пазлалармен жұмыс.
9. Психогимнастика “Заттарды бейнелеу”
Бала қимылмен, ишарамен затты бейнелейді, қалған балалар оны табады. Кім дұрыс тапса, сол жетекші болады
10. “Мәндес жұптар”.
Мақсаты: Логикалық ойлауды жаттықтыру.
Жаттығудың жүргізілуі: Мұны өткізу үшін қарапайым сөздер жазылған жолақтар жиынтығы қажет. Жолақтың жоғары жағында мағынасы бір-бірімен байланысты екі сөз жазылады (мысалы: алма-алмұрт). Бұл баланың екінші жұп сөзді құруға арналған бағыты. Жолақтың төменгі жағында екінші сөз (мысалы: қайың) және бір-бірімен мағынасы байланысқан бес сөз нұсқасы ұсынылған мысалы: а) жапырақ, б) емен, в) тал, г) жер, д) саябақ. Бала бұл сөздердің ішінен тек мағыналық жұбын құруға мүмкіндік беретін сөзді таңдайды.
алмұрт- жеміс;
қайың: а) жапырақ, б) емен, в) тал, г) жер, д) саябақ.
2)Қоршау-циркуль;
шаршы;
а) дөңгелек, б) қарындаш, в) қағаз, г) сызық, д) сызғыш;
еден- кілем:
стол: а) паркет, б) үстел, в) дастархан, г) мебель, д) бөлме.
11. Жаттығу «Анықтама бер».
Мақсаты: логикалық ойлауды жаттықтыру
Жаттығудың жүрізілуі: Балаларға бір таныс зат аталады да мысалы, «қарындаш» осы затқа нақты анықтама берулері тиіс. «Қарындаш» бұл жазу құралы, гравитті сия сауыты бар, ағаштан немесе пластмассадан жасалған.».
1. Стақан бұл… (ішуге арналған ыдыс, шыныдан жасалған);
2. Алма ағашы… (алма өсетін ағаш);
3. Үтік бұл… (үтіктеуге арналған тұрмыстық құрал);
4. Шам бұл… ( жарықтаныруға арналған электрлі құрал);
5. Мұғалім бұл…( адамдарды оқытатын адам).
12. Жаттығу «Білгіш».
Мақсаты: логикалық ойлауды жаттықтыруға арналған.
Сұрақ оқылады және олардың ішінде бір ғана дұрыс жауабы бар төрт нұсқа беріледі. Балалар қай жауап дұрыс және оны түсіндіру қажет.
1.Менің анам өз қызынан үлкен…
а) ешқашан, б)жиі, в) кейде, д) әрқашан.
2.Көктем айлары…
а) маусым, б) наурыз, в) ақпан, г) қыркүйек.
3. Сағатта…
а) 60 минут, б) 90 минут, в) 30 минут, г) 50минут.
4.1 метрде…
а)10 км, б) 50см, в) 100мм, г) 100см.
13.Босаңсу.
14.«Айналмақ». Балалар бір-бірінің қолдарынан ұстап күлімсірейді.
15.Сабақтың қорытындысын шығару. Қоштасу. Әрбір бала шеңбер бойынша осы сәтте өзін қалай сезініп тұрғанын, бүгінгі сабақта не ұнағанын, ненің ұнамағанын, келесі сабақта нені қалайтынын айтады.
№4 сабақ
1.Танысу. Қуаныш шеңбері. Қатысушылар шеңбер бойына отырып өз есімдері мен сүйікті ойынын атайды. Мұнан соң көршісінің қолын қысып, үнсіз қол жылуын жібереді. Бір-бірінің көздеріне қарап, күлімсіреп, ойша жақсы көңіл-күй тілейді.
Мұнан кейін барлығы шеңбер бойына отырып қазіргі сәттегі сезімдерімен алмасып, кешегі күнді қалай өткізгендерін әңгімелейді.
2.Ширату. «Жел соғады оған».
Мақсаты: Зейінді,қозғалыс белсенділігін дамыту.
Жаттығудың жүргізілуі: Балалар шеңбер бойында үстелдерде отырады. Жетекшінің үстелі жоқ ол тұрып тұрады. Жетекші белгі береді, мысалы: «Жел таңертең тіс тазалаған адамға соғады». Ойыншылыр осы кезде орындарынан тұрып басқа бос орындықтарға отырулары тиіс. Өз үстеліне отыруға болмайды. Егер ойыншы үлгермей қалса жетекші болады.
3. «Керісіншілер елі».
Мақсаты: Ойша әрекет ету қабілетін жаттықтыру.
Жаттығудың жүргізілуі: балалар шеңбер бойына отырады. Жетекші үш әріптен тұратын сөзді айтып, допты лақтырады. Допты ұстаған ойыншы әріптерді кері атайды (күн-нүк, көз-зөк, сан-нас). Аударылған сөздердің мағынасы болмауы мүмкін. Ойынның күрделенуі сөздің ұзақтығына байланысты.
Жаттығу «Сюжет».
Мақсаты: есті, қиялды, шығармашылықты дамыту.
Жаттығудың жүргізілуі: Жетекші бір рет он сөз оқиды: қағаз, кино, тышқан, адам, ұйқы, теледидар, қаламсап, өзен, гүл, орман. Балалар сөздерді есте сақтап, осы сөздермен шағын әңгіме құрастырулары қажет.
5.Ойын «Ормандағы ағаштар».
Мақсаты: Балаларға қозғалуға, демалуға мүмкіндік беру.
Музыка ойналады.
Мәтін: Сендер ағашқа айналуға дайынсыңдар ма?
Бір-біріңнің артынан тұрыңдар. Орманда күн шығып барлық ағаштар оған жапырақтарын жайып қарап тұрды. Күнге әрбір жапырағы жылыну үшін жоғары–жоғары созылды. Саусақ-жапырақтар күннің астында билеп тұрды. Кенеттен қатты жел тұрып, талдарды жан-жаққа шайқай бастады. Бірақ талдың тамырлары тереңге кеткен, олар жәй ғана тербеледі. Желдің артынан жаңбыр жауып, талдар алғашқы жауын тамшыларын сезінді.
Алдыңғы тұрған баланың арқасын саусақтарыңмен жауын тамшыларындай тырсылдат. Кәдімгі майда жаңбыр жауып тұрғандай қимыл жеңіл болу қажет.
Жауын одан әрі күшейіп қатты жауа бастады…. Талдар бір-біріне жанашырлық білдіріп жаңбырдың қатты соққысынан қорғап, сипалай бастады. Көп ұзамай көкжиектен күн көрініп, талдар қуанды, олар өздеріндегі артық жауын тамшыларын сілкіп тастады. Өздерін сенімді, сергек, тап-таза сезініп қалды.
6. «Сөз ойлап тап».
Мақсаты: ойша әрекет ету қабілетін дамыту.
Жаттығудың жүргізілуі: 6-7 әріптен тұратын негізгі сөз ойлап табылады (мысалы: ойыншық). Келесі ойыншы осы әріптерден қандайда бір сөз ойлап табады. Ол сөз кез-келген әріптер санынан тұрады, бірақ бір әріпті екі рет қайталауға болмайды. Егер ойыншы мұны айта алса ұпай жинайды, айта алмаса кезегін жібереді.
7. Балшықпен жұмыс. «Көзімізі жұмып илейміз» (еркін тақырып).
8.Ширату «Үлпілдектер».
Мақсаты: қозғалыс белсенділігін дамыту, өз әрекетін бақылауға үйрету.
Жаттығудың жүргізілуі: Жетекші әрбір балаға кішкентай мақтадан таратады, олар мақтаны көпсітіп, жеңіл әрі үлпілдек етіп жасайды. Жетекші белгісінен кейін балалар өздерінің «үлпілдектерін» ауада құлап кетпейтіндей ұзақ үрлеп жүреді бірақ қолдың көмегін пайдаланбайды.
Егер кімнің «үлпілдегі» ауада ұзақ ұсталса сол бала жеңіске жетеді.
9. «Баханай» айтты».
Жаттығудың жүргізілуі: Егер жетекші Баханай сөзін қосып айтса, балалар жетекшінің тапсырмасын орындайды ( қолыңды көтер, секір). Егер Баханай сөзін айтпаса, бұйрықты орындамаулары қажет. Қателескен ойыншы ойыннан шығады. Ең соңында ең зейінді ойыншы қалады.
10. «Морзе әліпбиі».
Мақсаты: Ойша әрекет ету қабілетін жетілдіру.
Ойынның жүргізілуі: Америка суретшісі және өнертапқышы ойлап тапқан әліппе осылай аталатындығы балаларға әңгімеленеді. Морзе әліпбиі-хабарламаны жеткізетін және қабылдайтын арнайы код. Бұл код қысқа және ұзақ дыбыстық сигналдардан тұрады. Қағазда олар нүкте (қысқа сигналдар) және сызықша (ұзақ сигналдар) болып белгіленеді. Бұл сигналдар арнайы тасымалдағыштар мен қабылдағыштар көмегі арқылы беріледі. Балаға бірнеше жасырылған сөздерді Морзе әліпбиі арқылы оқу ұсынылады. Суретте осы әліпбиді бейнелейтін бірнеше әріптер беріледі,содан кейін-жасырылған сөздер. Әрбір жолақта – бір әріп жазылған.
Тапсырманың жауаптары: 1- су, 2- нан, 3- бал, 4- кірпі, 5- Морзе,
6- сақал, 7- төсек;
11.Жаттығу «Затты аяғына дейін сал».
Мақсаты: Шығармашылық ойлауды дамыту.
Жаттығудың жүрізілуі: Іс-қағазда екі қатарда салынған бірдей сызық кескіндері бар парақ ұсынылады. Кескіндер дөңгелекті, иректі, шаршыны еске түсіруі мүмкін. Баланың міндеті - салынған кескіндерді пайдаланып көптеген әртүрлі заттарды салу.
12.Психогимнастика «Аспанға қалай жетуге болады?»
Достар, не істеуге болады, (иығымызды түзетіп, қолымызды жазамыз)
Аспанға жету үшін? (қолымызды көлегейлеп, жоғарыға қараймыз)
Алдымен тамаққа отырып (үстелге отырамыз)
Дәмді ботқаны жейміз ( тамақ ішуді бейнелейміз)
Жасыл орманға барып (тұрып , адымдаймыз)
Биік ағаш табамыз (қолымызды жоғары көтереміз)
Бұтақтары арқылы ақ бұлттарға барамыз (қолымызбен жоғары шығып бара жатқандай бейнелейміз)
Бізге ешкім ете алмас! (қолымызды екі жаққа созамыз)
Күнді ұстап аламыз. (қолымызбен күннің формасын ұстап аламыз)
Енді міне –кері жол… (Сағатқа қараймыз)
Қолымызды күнге қарап бұлғаймыз (алақанымызбен бұлғаймыз)
Үйге қарай ұшамыз. (ұшып бара жатқанды бейнелеп,орнымызға отырамыз)
13.Босаңсу.
14. «Айналмақ». Балалар бір-бірінің қолдарынан ұстап күлімсірейді.
15. Сабақтың қорытындысын шығару. Қоштасу. Әрбір бала шеңбер бойынша осы сәтте өзін қалай сезініп тұрғанын, бүгінгі сабақта не ұнағанын, ненің ұнамағанын, келесі сабақта нені қалайтынын айтады.
№5 сабақ
1.Танысу. Қуаныш шеңбері. Қатысушылар шеңбер бойына отырып өз есімдері мен сүйікті ойынын атайды. Мұнан соң көршісінің қолын қысып, үнсіз қол жылуын жібереді. Бір-бірінің көздеріне қарап, күлімсіреп, ойша жақсы көңіл-күй тілейді.
Мұнан кейін барлығы шеңбер бойына отырып қазіргі сәттегі сезімдерімен алмасып, кешегі күнді қалай өткізгендерін әңгімелейді.
2. «Қалай жүру… Қалай отыру керек…Қабақты қалай түю қажет…»
Балалардан ашулы арыстан сияқты жүруді, қояндар сияқты секіруді, қу түлкі сияқты жүруді, күшті аю сияқты қабағын түюді, жұмыртқа үстінде отырған тауықтың отырысын бейнелеу ұсынылады.
3. «Айна».
Мақсаты: енжар балаларға белсенділігін көрсетуге мүмкіндік беру.
Ойынның жүргізілуі: Жүргізілуші таңдалады, қалғандары – айна болады. Жүргізуші айнаға қарайды, қалғандары оның әрбір қимылын бейнелейді.
4. «Сіріңкелермен бас қатырғыш».
Мақсаты: Бейнелі ойлауды жаттықтыру.
Жаттығудың жүргізілуі: Тапсырмалар әртүрлі болуы мүмкін: белгілі мөлшердегі сіріңкілерден берілген фигураны сөз немесе санды құрау; берілген фигураны бір немесе бірнеше түрге ауыстыру. Ойын шарты бойынша сіріңкелерді тек тапсырманың шешімін тапқан кезде ғана ауыстыруға болады. Тапсырманы шешу барысында оны жасауға болмайды. Шешімін іздеуді ойша орындау керек.
А) Үстелде 4 сіріңке бар, оған 5 сіріңкені қосқанда, 100 болуы керек.
Б) Үстелде 3 сіріңке вертикальды түрде орналасқан. Ортасындағы сіріңкені қимылдатпай, қалай алып тастауға болады.
В) 24 сіріңкеден 8 сіріңкені алғанда алтау қалуы қажет.
5. Ойын “Төрт апат”.
Мақсаты: Қимыл және есту анализаторларымен байланысты, зейінді дамыту.
Ойынның жүргізілуі: Ортада (шеңберде) ойыншылар отырады. Олармен жүргізуші ақылдасады: егерде ол “жер” деген сөзді айтса, барлығы қолдарын төмен қарай жібереді, егер “су” деген сөз болса – қолдарын алға қарай созады, “ауа” сөзі болса – қолдарын жоғары көтереді, “от” деген сөз болса – қолдарын айналдырады. Кімде –кім қателессе, ұтылды деп есептелінеді.
“Бақылағыштарға арналған пантомима”.
Мақсаты: бақылағыштықты және дене тілін “оқи алу” іскерлігін дамыту.
Ойын барысы: Қатысушының біреуі пантомима көрсетеді, ал қалғандары осы әрекеттің не білдіретінін табу керек. Алдымен қарапайым әрекеттерді бейнелеу ұсынылады, яғни шаш тарау, жуыну, тіс жуу, жеміс-жидек жеу, футбол ойнау. Кейін күрделірек әрекеттер көрсетіледі, мысалы, дастархан жасау, саябақта қыдыру, пәтерді жинау, біреуге ренжу немесе мақтау. Балалар әрдайым рөльдермен ауысып отырады.
Мүмкін емес жағдайлар.
Мақсаты: шығармашылық қабілетті жаттықтыру.
Ойынның жүргізілуі: мүмкін емес жағдай жайлы балаларға сұрақ қойылады.
Мысалы:
Егер төмендегі жағдайлар болса не болар еді:
Ұйқыны және тамақты қажет етпесе;
Мектепке балалардың баруын тоқтатса;
Жерге жарық түспесе және күн жылу беруді тоқтатса;
Тоқтамай жаңбыр жауса;
Сағаттың тілі кері бағытпен жүрсе;
Адам 500 жыл өмір сүрсе.
Егер осындай жағдай болса қандай сезімде болатынын, қалай елестететіні жайлы ойларын айту керек.
Жаттығу “Айдахар өз құйрығын тістейді”.
Ойыншылар бір-бірінің артында белдерінен ұстап тұрады. Айдахардың басы – ол бірінші бала, құйрығы соңындағы бала. Бірінші тұрған ойыншы соңғы тұрған ойыншыны ұстауға тырысады - айдахар өз құйрығын ұстайды. Қалған балалар бір бірлерін мықтап ұстайды. Егер айдахар өз құйрығын ұстай алмаса, онда келесі кезекте айдахардың басы рөлінде басқа бала болады.
Бос уақыт. Пазлалармен жұмыс.
“Сиқырлы орман”. Пластилиннен жасалған аңдар және жалпы ертегі шығармасы.
“Теңіз толқиды бір ” психогимнастикасы.
Босаңсу.
"Айналмақ”. Балалар бір-бірлерінің қолдарынан ұстап, шеңбер құрып тұрады және бір-бірлеріне күлімсірейді.
Сабақтың қорытындысын шығару және қоштасу.
Шеңбер бойынша әр бала осы сәтте өзін қалай сезініп тұрғанын және бүгінгі сабақта не ұнағанын және не ұнамағанын, келесі сабақта немен айналысқысы келетінін айтады.
№6 Сабақ
Сәлемдесу. “Қуаныш шеңбері”.
Бір-бірлерінің қолдарынан ұстап қолдың жылулығын үнсіз береді, бір бірлерінің көздеріне қарайды, жымияды және жақсы көңіл-күй тілейді. Кейін шеңбер құрып отырып, осы сәттегі сезімдерімен алмасады және кешегі күнді қалай өткізгендігін айтады.
Ән “Мяу. Гав. Му.”.
Жаттығу “Қызықты арифметика”.
Мақсаты: Алдын-ала берілген алгоритм бойынша қарапайым операцияларды ойша орындай алуды дамыту.
Жаттығудың жүргізілуі: Барлық қатысушылар шеңбер бойына тұрады. Қатысушылардың бірі жетекші ролін орындайды. Оның қолында доп болады. Ол тапсырма беріп, сол тапсырманың дұрыстығын тексереді. Тапсырма әртүрлі болуы мүмкін.
1 Нұсқа. Жетекші үш саннан тұратын қатарды атайды, мысалы, 7,4,1, деп ойыншылардың біріне допты лақтырады. Допты ұстаған бала сандарды кері қатарда атайды (1,4,7). Мұнан кейін ол допты жетекшіге қайтарады.
Егер ойыншы шатасса, ол ойыннан шығады. Кім жетекшімен бірде-бір қалса сол жеңіске жетеді.
2 нұсқа. 1 нұсқаға ұқсайды, бірақ ойыншы санды кері ретпен емес өсу ретімен атайды. Мысалы жетекші –2,7,1,4, деп айтса, ойыншы 1,2,4,7 деп жауап беруі тиіс.
Пуантилизм – саусақ өнері.
Мақсаты: Бейнені өздігімен құруға үйрету.
Балаларға түрлі-түсті дақтарды бір немесе бірнеше саусақтарымен жапсыру арқылы зат салу ұсынылады.
“Белгілерді белгіле”.
Мақсаты: Зейіннің ауысуы мен ақыл –ойдың жұмысқа қабілеттілігін дамыту.
Ойынның жүргізілуі: Ойынды екі нұсқада жүргізуге болады.
Олардың біріне бала мұқият қарап алып тез арада үш әртүрлі белгімен “ *” –дөңгелекпен, “!” –бір сызықпен , “=” шаршы мен белгілейді. Тапсырманы орындауға 5 минут уақыт жұмсалады.
Екінші нұсқадағы ойынға келесі шарт қойылады: кестеде кездескен барлық жұп белгілерді “-“ және “<”- бір сызықпен, “:” және “+” -екі сызықпен белгіленеді.
Біршама уақыт өткеннен кейін қанша сызылуы қажет белгілерді тастап кеткенін, немесе қанша белгіні дұрыс емес сызғанын тексеру ұсынылады.
“Барлаушылар”.
Мақсаты: Моторлы –есту есін дамыту, тежелу қозғалысын түсіру.
Ойынның жүргізілуі: Бөлмеде үстелдер ретпен орналастырылған. Бір бала (барлаушы) бөлмеде үстелдерді кез-келген жағымен айналып өтеді, ал келесі бала болса барлаушының жүрген жолын есте сақтап, жасақты сол жолмен алып өтеді. Мұнан кейін барлаушы мен жасақ топ басшысы басқа балалармен ауысады.
7.“Айналғыштар”.
Мақсаты: Балада шығармашылық қабілетті дамыту.
Ойынның жүргізілуі: Ойын басында балалардан уақытша қандай жануарға айналғысы келетіндері сұралады. Қазір сендер сиқырлы таяқшаны алып өздерің қалаған тірі жан иесіне айналуларың қажет. Мұнан кейін әркім көз алдына елестетеді: қайда тұратынын, не жейтінін, оның мінезі қандай болар еді, бос уақытында немен айналысар еді, оған өзінің қожайыны қалай қарар еді, оған қожайынының қай қасиеті ұнар еді немесе ұнамаған болар еді.Ойыншыларға осы рольге кіруге уақыт беріледі. 5-7 минут уақыт өткеннен кейін таңдалынған жануар атынан өз өмірлерін әңгімелейді.
Психогимнастика “Теңіз жағасында”.
Балалар теңіз жағасында ойнайды. Олар тастарды суға лақтырады, бір-бірлеріне су шашып ойнайды, шомылады. Әбден ойнап болғаннан кейін жылы құмның үстінде жатады. Көздерін жарқыраған күннен жауып дем алады.
Балшықпен жұмыс. Өзіміз әлгінде айналған жануарларды илейміз.
“Қылыш пен қалқан”.
Мақсаты: Эмоционалды қысымды түсіру, агрессияны шығару.
Ойынның жүргізілуі: қалқан бейнесінде зат қолданылады
(тақта, аударылған үстел) қалқанға доппен немесе жұмсақ ойыншықпен ұрады.
11.Босаңсу.
12.“ Айналмақ”. Баларлар бір-бірлерінің қолдарынан ұстап, шеңбер құрып тұрады және бір-бірлеріне күлімсірейді.
13.Сабақтың қорытындысын шығару және қоштасу.
Шеңбер бойынша әр бала осы сәтте өзін қалай сезініп тұрғанын және бүгінгі сабақта не ұнағанын және не ұнамағанын, келесі сабақта немен айналысқысы келетінін айтады.
№7 Сабақ
1.Сәлемдесу. “Қуаныш шеңбері”.
Бір-бірлерінің қолдарынан ұстап қолдың жылулығын үнсіз береді, бір бірлерінің көздеріне қарайды, жымияды және жақсы көңіл-күй тілейді. Мұнан кейін шеңбер бойына отырып, осы сәттегі сезімдерімен алмасады және кешегі күнді қалай өткізгендігін айтады.
2.Ойын.
3. “Ребустар”.
Мақсаты: логикалық ойлауды жаттықтыру және ойша әрекет жасауға қабілеттендіру.
Жаттығудың жүргізілуі:
Балаларға ребусты ұсынбас бұрын оны өз бетімен шешу үшін негізгі ережелермен таныстырған жөн. Алғашында үш әріптен құралған жеңіл ребустарды шешуден бастағандары дұрыс. Мұнан кейін бірте –бірте тапсырманы күрделендіру жолымен әріп санымен суреттер ұлғайтылады.
4.Сурет “Кім болғым келеді”.
Балаларға өскенде кім болғысы келетіндіктерін қиялдап көз алдарына елестету ұсынылады.
Қысқаша талқылап, өздерін қалайша елестеткендерін сурет салу арқылы көрсетеді.
5.“Белгілерді белгіле” жаттығуын тексеру.
Өткен сабақта орындаған “Белгілерді белгіле” жаттығуын тексеру ұсынылады. Соңында жалпы бағасы есептеледі.
6.Ширату. «Жел соғады оған».
Мақсаты: Зейінді, қозғалыс белсенділігін дамыту.
Жаттығудың жүргізілуі: Балалар шеңбер бойында үстелдерде отырады. Жетекшінің үстелі жоқ ол тұрып тұрады. Жетекші белгі береді, Мысалы: «Жел таңертең тіс тазалаған адамға соғады». Ойыншылыр осы кезде орындарынан тұрып басқа бос орындықтарға отырулары тиіс. Өз үстеліне отыруға болмайды. Егер ойыншы үлгермей қалса жетекші болады.
7.Корректуралы үлгі “ Сиырлар”.
Әр қатарда сегіз сиыр бейнесі орналасқан іс–қағаз ұсынылады. Тапсырма нұсқалары:
А) Бір мүйізді сиырлардың астын сыз;
Б)Бір құлақты сиырлардың астын сыз;
В) Бір мүйізді екі құлақты сиырлардың астын сыз.
8.Психогимнастика (Мұздар. Жылғалар. Жаңбыр. Ыстық. Күн.)
9.Балшықпен жұмыс. Еркін тақырып.
10. «Соқыртеке».
Мақсаты: жағымды эмоционалдық әсерді жасау, қорқынышты болдырмау, өзіне сенімділігін жоғарылату.
Ойынның жүргізілуі: бір ойыншының көзін байлап, есік жаққа апарып, босағаға тұрғызып қолынан ұстауға бұйырады да бәрі бірге келесі өлеңді айтады:
Мысық, мысық, ананас,
Үш жыл бойы бізді қу,
Үш жыл бойы бізді ұста,
Көздеріңді шешпестен.
Мұнан кейін балалар әр жаққа тарап кетеді. Мысық ойыншыларды ұстап алады.
11.Босаңсу.
12.“Хоровод”. Баларлар бір-бірлерінің қолдарынан ұстап, шеңбер құрып тұрады және бір-бірлеріне күлімсірейді.
13.Сабақтың қорытындысын шығару және қоштасу.
Шеңбер бойынша әр бала осы сәтте өзін қалай сезініп тұрғанын және бүгінгі сабақта не ұнағанын және не ұнамағанын, келесі сабақта немен айналысқысы келетінін айтады.
№8 Сабақ
1.Сәлемдесу. “Қуаныш шеңбері”.
Бір-бірінің қолынан ұстап қолдың жылулығын үнсіз береді, содан кейін көздеріне қарап, жымияды және жақсы көңіл-күй тілейді. Кейін шеңбер құрып отырып, осы сәттегі сезімдерімен алмасады және кешегі күнді қалай өткізгендігін айтады.
2.Ойын “Қоян”
Ойынның жүргізілуі: Жетекші мәтінді оқып, белгілі бір қимылдарды көрсетеді, балалар жетекшінің сөзі мен қимылын қайталайды. Алдымен мәтін түгел оқылады, содан кейін бір жолдан қимылдармен алмастырылады. Өлеңді ең соңында тек қимылдармен көрсетеді.
Орманда бір үйшік тұрды,
Үй алдында аңшы бопты.
Қоян өтті жүгіріп
Тоқылдатып есікті.
“Көмектес” деп айқайлап,
Айтты сыртта тұрғанын
Мылтығымен аңшының.
“Кірсең үйге тезірек
Боласың сен аман”
(бетінен сүйеді).
«Сіріңкелермен бас қатырғыш».
Мақсаты: Бейнелі ойлауды жаттықтыру.
Жаттығудың жүргізілуі: Тапсырмалар әртүрлі болуы мүмкін: белгілі мөлшердегі сіріңкілерден берілген фигураны сөз немесе санды құрау; берілген фигураны бір немесе бірнеше түрге ауыстыру. Ойын шарты бойынша сіріңкелерді тек тапсырманың шешімін тапқан кезде ғана ауыстыруға болады. Тапсырманы шешу барысында оны жасауға болмайды. Шешімін іздеуді ойша орындау керек
А) Екі шаршыдан үш үшбұрышты жасаңыз;
Б)Сіріңкелермен тордағы мысықты бейнелеңіз.
4.Ойын “Болады –болмайды”.
Мақсаты: қиялды дамыту.
Жаттығудың жүргізілуі: Балаларға сөйлем оқылады. Егер сөйлем орынды болса, балалар алақандарымен шапалақтайды, егер орынсыз болса аяқтарымен жерді тарсылдатады.
Мысалы, қасқыр орманда жүреді; қасқыр ағашта отыр; ит аспанда жүзіп жүр; үй қыздың суретін салып отыр; т.б.
5.Ойын “Тыңда және орында”.
Мақсаты: есту –моторлы есін дамыту.
Жаттығудың жүргізілуі: Бірнеше әрекеттерді атап, бірақ оларды көрсетпейді. Бір-екі рет қайталауға болады. Балалар бұл әрекеттерді қалай аталса сол ретімен қимыл арқылы көрсетеді.
1.Басты оңға қарай бұру, басты тік бұру, басты төмен қарату, басты тік бұру;
2.Оң қолды жоғары көтеру, сол қолды жоғары көтеру, екі қолды төмен түсіру;
3.Отыру, тұру бір аяқты көтеру, бір аяқпен тұру,аяқты төмен түсіру, еңкею.
6.Монотипия.
Мақсаты: Аффективті, қозғыш балалардың эмоционалды қозуын бәсеңдету.
Жаттығудың жүргізілуі: Балаларға екіге бүктелген парақта түрлі-түсті дақтарды салу ұсынылады. Алынған түрлі-түсті дақты парақтың бүктелген екінші жағымен жауып шеңбер қозғалысымен сипалау қажет. Мұнан кейін ұқсас даққа қарап бейнеге енгенше суретті аяқтайды.
Ойын “Сен не істеп жатырсың ?”
Жаттығудың жүргізілуі: Қатысушылар шеңбер бойына тұрады. Жетекші қандай да бір әрекетті көрсетеді, мысалы, “Тісін тазалайды”. Сол жағындағы қатысушы оған сұрақ қояды: “Сен не істеп жатырсың?” Жетекші басқа әрекетті атайды мысалы, “Қолымды жуып жатырмын”, қатысушы ол қолын қалай жуып жатқанын көрсетеді. Осылай шеңбер бойымен жалғаса береді.
8.Психогимнастика “Кеме”.
Мақсаты: өзіндік бағасын көтеріп, сенімділігін дамыту.
Жаттығудың жүргізілуі: Жетекші айтады: “Көз алдарыңызға елестетіңіздер, біз кемеде келе жатырмыз. Ауа-райы тынық, күн шығып тұр” сөздерін айтқанда жылы, бірқалыпты ауа-райын бейнелейсіңдер. “Боран” сөзінде шу басталып, кеме қатты теңселеді. Кемеде келе жатқан бала “Мен бораннан қорықпаймын, мен ең күшті теңізшімін” деп айқайлауы тиіс.
9.Сурет салу.
Мақсаты: қарама-қарсы түсініктерді салыстыра білуді қалыптастыру және өзінің эмоционалдық күйін жеткізе білу.
Жаттығудың жүргізілуі: Жетекші балаларға қуанышты және мұңлы суретті салуды ұсынады.
10.Психогимнастика “Шеңбер бойынша жалғастыр”.
Балалар шеңбер бойына тұрып, жетекшінің белгісі басталғаннан кейін пантомимика арқылы қандай да бір заттарды алып берулері тиіс: ыстық картопты, мұзды, көбелекті, ауыр кір тасын, үрлемелі шарды.
11.Босаңсу.
12.“Айналмақ”. Балалар бір-бірлерінің қолдарынан ұстап, шеңбер құрып тұрады және бір-бірлеріне күлімсірейді.
13.Сабақтың қорытындысын шығару және қоштасу.
Шеңбер бойынша әр бала осы сәтте өзін қалай сезініп тұрғанын және бүгінгі сабақта не ұнағанын және не ұнамағанын, келесі сабақта немен айналысқысы келетінін айтады.
№9 Сабақ
1.Сәлемдесу. “Қуаныш шеңбері”
Бір-бірлерінің қолдарынан ұстап қолдың жылулығын үнсіз береді, бір бірлерінің көздеріне қарайды, жымияды және жақсы көңіл күй тілейді. Кейін шеңбер құрып отырып, осы сәттегі сезімдерімен алмасады және кешегі күнді қалай өткізгендігін айтады.
2. “Үрлегіш пен доп”.
Мақсаты: Бұлшық еттерді шынықтыру.
Ойынның жұргізілуі: Бұл жаттығуға екі адам қатысады. Біреуі - үлкен үрленетін доп та, ал екіншісі осы допты үрлегішпен үрлейді. “Доп” аяғын сәл бүгіп, қолы мен мойнын бос ұстайды. Денесі сәл алға шығыңқы, басы төмен салбырап тұрады. Доп толық үрленбеген
Ал “үрлегіш” ысылдап қолдың қимылымен допты толтыра бастайды. Әрбір дыбыс шыққан сайын, доп үрлене бастайды. Бірінші дыбыстан кейін »доп» ішіне толтырып ауа жұтады, екіншіден кейін түзеле бастайды, үшіншіден кейін басын көтереді, мұнан кейін беті үрленіп, қолын кең құлаштайды. “Доп” үрленіп болды, жолдасы «үрлегішті» доптан шығарады. “Доптан” аса үлкен күшпен «Ш» дыбысы шығады. Дене салбырап бұрынғы қалпына қайта түседі. Ойнаушылар орын ауыстырады.
3. “Жұдырығымда не бар?”
Мақсаты: Шығармашылық қабілетті дамыту.
Жаттығудың жүргізілуі: Қандай да бір шағын зат жұдырықта жасырылады. Балалар бұл не зат екенін табу үшін ол туралы әртүрлі сұрақтар қояды. Мысалы: “заттың көлемі қандай?”, “зат неден жасалған?”, “оны қалай өзгертуге болады?” т.б
Бос уақыт. Пазлалармен жұмыс.
Коллаж “Мен өз болашағымды қалай елестетемін?”
Мақсаты: Қиялды, шығармашылықты дамыту, болашақты жоспарлау.
Жаттығудың жүргізілуі: Алдымен әңгіме жүргізіледі. Әр баладан өскенде кім болғысы келетіні сұралады. Ол өзі таңдаған мамандықты қалай елестетеді. Мұнан кейін балаларға ватман қағазы, желім, ескі түрлі-түсті журналдар, қайшы таратылады. Балалардың міндеті: өздерінің болашақ мамандығын қағаз бетінде бейнелеу. Бұл үшін олар журналдан сәйкес келетін суреттерді қиып алып жапсырады. Ең маңыздысы бала өзінің суреттерін неге бұлай жапсырғанын түсіндіре алса болғаны.
Мұнан кейін ата-аналармен бірге жүргізіледі.
6.Танысу “Қуаныш шеңбері”.
Барлығы шеңбер бойына отырады. Шеңбер бойынша әркім өз есімін атап, жорыққа не алып шығатынын айтады (өз есімінің бірінші әріпіне байланысты). Бір-бірлерінің қолдарынан ұстап қолдың жылулығын үнсіз береді, бір-бірлерінің көздеріне қарайды, жымияды және жақсы көңіл -күй тілейді.
7.Ширату. «Жел соғады оған».
Мақсаты: Зейінді, қозғалыс белсенділігін дамыту.
Жаттығудың жүргізілуі: Балалар шеңбер бойында үстелдерде отырады. Жетекшінің үстелі болмайды, ол тұрып тұрады. Жетекші белгі береді, мысалы: «Жел таңертең тіс тазалаған адамға соғады». Ойыншылыр осы кезде орындарынан тұрып басқа бос орындықтарға отырулары тиіс. Өз үстеліне отыруға болмайды. Егер ойыншы үлгермей қалса жетекші болады.
Үстел ойыны “Қу сайқымазақ”.
Топтық жұмыс. Қиылған суреттерден 32 сайқымазақты жинау қажет.
Коллаждарды таныстыру. Ата-аналармен кері байланыс.
Балалар өз жұмыстарын “қорғайды”, ата-аналардың
сұрақтарына жауап береді.
10.Ортақ сурет (анамызбен бірге сурет саламыз). Еркін тақырып. Басты шарт-үнсіз отырып салу. Талқылау.
11.Сабақтар қорытындысын шығару. Қоштасу.
Шеңбер бойынша әр бала осы сәтте өзін қалай сезініп тұрғанын және бүгінгі сабақта не ұнағанын және не ұнамағанын айтады. Сұрақтар мен тілектер.
Психология сабағында кіші мектеп жасындағылардың танымдық қабілетін дамыту .
Е.А Козырева.
Жаңа заман талабы жеке тұлғаны дамыту мен танымдық ауқымын кеңейту деңгейінде әр түрлі технологияларды және әдістерді қолдануды қажет етеді. Бастауыш сынып сатысында бала педагогикалық экологияны сақтаған, жағымды микроахуалда, табысқа жетуін қамтамасыз ететін жағдайда тәрбиеленгені жөн.
Психологияны оқу-тәрбие үрдісіндегі ролінен бөлек алып қарастыруға болмайды. Оқудың бала дамуындағы ролі Л.С Выготский, А.Н.Леонтьевтің еңбектерінде баланың оқуы мен тәрбиесінің жалпы жолдарының жүйесі анықталған. Бүгінгі таңда оқу бағдарламаларында өзіндік психологиялық үрдістер мен механизмдерді қалыптастыру арнайы мәселе ретінде қарастырылмайды.
Психолгия ғылымының докторы Н.И Непомнящая зерттеулерінде оқытудың “жақсы”деген көрсеткіші өздігінен болмайтынын психологиялық білімнің қажеттілігін қарастырды. Керісінше, оқытудың табысты деңгейі баланың психологиялық және даму ерекшелігінің механизмдері мен танымдық қабілеттілігін ескергенде ғана жақсы көрсеткішке жетуге болады. Оқу үрдісінде психологиялық механизмнің ролін және қалыптасуын бағдарламаға ендіру –педагогикалық психологияның басты міндеті. Танымдық қабілеттілікті дамыту мүмкіндігін Дружининнің пайымдауынша ортаның әсері және тұқымқуалаушылық екі бағдарлама қарама–қарсы қарастырылды. Тұқымқуалаушылық 50%үлес алса, 30 % ортаның әсерімен, ал 20% генетика мен ортаның әсеріне тиесілі екен (В.Н Дружинин. Қолданбалы психология 1998. 30 бет).
Дамыту бағдарламаларын қолдана отырып, ақыл-ой қызметінің ауқымын кеңейтуге, қарым-қатынаста интеллектіні дамытуға генетика мен ортаның үлесі жеткілікті.
Оқушының қабілеттілігінің дамуы белсенді еңбек пен оқу үрдісінде игеріледі.
Қабілеттіліктің дамуы жеке тұлға болып дамуға қолайлы әсер етеді.
Сондықтан психология сабақтары шығармашылыққа толы, қызық болып өтуі тиіс. Нәтижелі сабақтың көрінісі төмендегі ұстанымдарды сақтағанда туындайды.
қарапайымнан күрделіге ұстанымы;
*--------------- көрнекті әрі түсінікті ұстанымы;
кері байланыс ұстанымы.
Осы және басқа да ұстанымдарды жүзеге асыру шығармашылық ойлауды, қиялды, сөйлеуді дамытуға, Мен – тұжырымын қалыптастыруға, қарым-қатынас және мінез–құлық дағдыларын жетілдіруге, танымдық белсенділікті арттыруға жол ашады.
Сабақ аптасына екі рет 20-30 минуттан өтіледі. Алғашқы сабақтар танымдық үрдістерді анықтауға бағытталады.
Бала – шығармашылықтың қайнар көзі.
Табиғаттың берген сыйы.
Ендеше, осы мүмкіндікті пайдаланып, балалардың шығармашылығын, белсенділігін, білуге құмарлығын арттыру.
Психология сабағының құрылымы.
1 кезең – қарым-қатынас.
Мақсаты мен мәселелері.
Психологтың топпен, сыныппен эмоцианалды бірлік орнату.
Топты танымдыққа және жекелік сфераларға, шынайылыққа, сабақты өзгеше бастауға, мазмұнына жаңа элементтер енгізуге қызықтыруға, шығармашылыққа икемдеу.
2 кезең – танымдық үрдістерді дамыту, белсендіру.
Тапсырманы орындап шығу ғана емес, әр баланың субьективті тапсырмасы болатындай, яғни оқушы қабілеттілігі мен мүмкіншілігін өз бетінше талпынатындай болуы қажет.
Ізденіс - өзекті мәселелері жағдайы, ұқсастық және айырмашылықтарын орнату, қызықтыру және ой белсенділігін арттыру.
Оқушылардың шығармашылық ойларын, танымдық әрекеттерін көтеру үшін көңіл-күй үрдісін белсендіру ретінде ойын тапсырмаларын қолдану.
3 кезең – эмоцианалды эстетикалық қортындыны алдын-ала ойластыру.
Психология сабағының басталуы мен аяқталуы өзара байланыста болуы керек.
Оқытудың ұйымдастырудың дәстүрлі емес формаларын қолдану, әр түрлі жағдайларда балалардың өз ойларын ашық, еркін айтуы. Бір-бірлеріне қажет кезінде жылы сөздер айтуды қолдану.
Психологиялық сабақтардың қысқаша мазмұны.
1 сабақ.
Сәлемдесу.
Мүмкін таныс болмасақ та бір-бірімізге бас изеп амандасу.
Сәлемдесу.
Бір-бірімізге ерекше не айттық. Жай сәлемдесіп, бұдан өзге ешнәрсе айтпадық.
Әлемде күннің тамшысы неден пайда болды ?
Әлемде бақыттың тамшысы неден пайда болды ?
Қуаныштың тамшысы неден жасалады ?
Владимр Солоухин.
Балалармен диалог. Сұрақтар.
Сізге өлең ұнады ма ?
Бір жылылықты сезгендейсіз бе ? Неден ?
Қуанышты болдыңыз ба ?
Қорытынды.
Сәлемдесу сөзінің мағынасы сіз айналаңыздағылармен сәлемдесу
арқылы оларға амандық, дендеріне саулық тілей отырып, өзіңізге
осыны тілейсіз. Сондықтан қызметіңізге, жасыңызға көңіл-күйіңізге қарамастан, бірінші болып амандасу мәдениеттілік деңгейіңіздің жоғарлығын аңғартады.
1 Зейінді дамыту (шоғырлану).
Психологтың түсіндірмесінен:
А) Тақтада гүл қалай салынса, жұмыс дәптерінде сол бейне көшірмесін салуды ұсыну.
В) Жұмысты тексеруде балаларға кімнің суретті салуда мүқият болмағанын бақылатып, талдатуға болады.
Мына геометриялық фигуралар қалай аталады ? Санап көріңіздер, геометриялық фигураларда қанша үшбұрыш бар ?
Тағы да қандай геометриялық фигураларды байқадыңыздар ?
Үшбұрыштың шаршыдан қандай айырмашылығы бар ?
2 Есті дамыту.
Нұсқау:
Бірінші сөзді тыңдап, содан соң дәптерлеріңе жазыңдар
Мысық, құс, сорпа, гүл, доп, алмұрт, балық, қара өрік, лимон, алма.
Сұрақ.
- Бір сөзбен қорытып жинақтап айтуға болатын сөзді оқыңдар (жемістер).
3 Ойлауды дамыту (талдау және жинақтау).
а) Ойын “Не өзгерді?”
Нұсқау: әріптерді орнына қойып, жаңа сөз шығару мұрын, орман, ауыл.
б) Жұмбақты шешіңдер.
Шешіндірсең жылатады. (пияз)
Жылт-жылт етеді
Жылғалардан өтеді. (су)
Кіп-кішкентай бойы бар
Айналдырған тоны бар (қозы)
4 Қиялды дамыту
Нұсқау бойынша суретті аяқта.
Егер сен оған қосымша сызықтар қоссаң керемет зат немесе бейне сурет шығады.
Ерекше ат қою.
Қарым-қатынас тренингі.
Дәптерлеріңе салған гүл қолдарыңда тұр деп елестетіңдер. Кімге сыйлар едіңдер?
Психолог түсіндірмесі:
Мұндай тапсырмаларымен диагностикалық тапсырмаларды орындауға болады.
Бір-бірлеріне гүлді ілтипатпен жылы сөздермен сыйласын. Мұндай жағдайда алғашында балалар ұялып қысылады, алғашқы қадамды өзіңіз жасап, бір оқушыға гүл сыйлаңыз.
Бірде-бір бала назардан тыс қалмауын қадағалаңыз.
Балаларды сабақтағы белсенділіктері үшін алғыс айтыңыз.
2 сабақ.
Бүгін біз сіздермен жанымызға жылылық, бақыт неден туындайды ? деген әңгімені жалғастырамыз. Мүмкін, біздің әрқайсысымыз жәй ғана көңілді, жайдары амандасқаннан тамаша әсер алғанда шығармыз.
Мысықтың Айкадан қашуы.
Қыздың Айка деген көңілді есімі болды (Әйгерім). Оның мінезі жайдары, керек десең ажары да көрікті. Бірақ, неге екені белгісіз, ол ешкімге жақпайтын. Одан бері араласудан қашатын. Айка мектепте математикадан тапсырманы көшіріп үлгере алмады. Өздерің білесіңдер, бұл әркімменде кездеседі. Үнемі оқу үздігі Қоразбаевтан көшіріп жүретін. Бұл жолы да:
Қоразбаев, Қораз. Ол үндемеді.
Эй, әтеш саған айтып тұрмын, сен не саңыраусың ба? Математикадан есепті бер.
Қоразбаев берші, өтінемін.
Кетші былай - деп, оқу үздігі ренжіді.
Айка есік алдында мысықты кездестіріп, адамгершілік сезімін оятқысы келіп,
- Эй, қалың қалай? Сүт ішкің келе ме? Хайуан!
Ауланың аш мысығы Айкаға ашулана қарады да,
-Кет, бұл жерден - дегендей кері бұрылады да, маңғазданып жүріп кетеді.
Қалай ойлайсыңдар? Айканың жолы неден болмады?
(Балалармен әңгіме).
Балалар естеріңізде болсын, халқымызда “Сыйлы болғың келсе-өзгелерді сыйлап үйрен” деген қанатты сөз бар.
1. Зейінді дамыту (шоғырлануы).
Сұрақтар.
Мына фигуралардан қандай суреттер шығаруға болады? Шеңбер қай жерде көбірек? Әр суретте неше төртбұрыш, үшбұрыштар бар?
2. Көру арқылы еске сақтау.
Нұсқау: Қарап, есте сақтап және қайта жаңғыртыңдар.
Тапсырма кезекпен жүргізіледі (1,2,3 суретті балалар дәстүрге дәл суретін салу үшін көрсетіп содан соң қайта жабылады, мұнан кейін балалар тексеру үшін суреттерді ашады).
Бұл тапсырманы орындаған соң ілеспелі сұрақтар беруге болады.
Мына суреттегі жалпылық неде? Қандай геометриялық фигураларды көріп тұрсыңдар? Оларды атаңдар. Қандай бұрышта шеңбер, үшбұрыш табылады?
3. Шығармашылық ойлауды дамыту.
Мына сөздерден сөйлем құрастыр, байланыстыру үшін жұрнақтар немесе сөз құрастыруға болады. Әр ойланған сөйлеміңде міндетті түрде осы үш сөзді қатыстырып құра.
Доп, Күн, Шөп.
Қиялды дамыту.
Сұрау. Неге ұқсайды ?
Нұсқау: Түрлі геометриялық фигураларды толықтыру арқылы сурет сал (картина).
Психолог түсіндірмесінен: балаларға мұндай тапсырмалар өте ұнайды, олардың қиялында шек жоқ.
Балаларға сабақтағы белсенділігі үшін алғыс айту.
1. Зейінді дамыту.
Есту феноменін ойын арқылы дамыту.
Нұсқау: Балалар, қазір мен оқушы боламын. Сіздер мұғалім боласыздар. Мен қандайда бір сөзді қайталап тұрамын, егер жаңылыссам, бірден қол шапалақтап қатемді көрсетесіңдер.
Жаз-жаз-жаз-жас-жаз.
Көп-көп-көк-көп-көп.
Гүл-гүл-күл-гүл-гүл.
Жол-жол-жол-сол.
Психолог: Бұл ойын әсіресе бірінші сыныптарға қатты ұнайды, сабақта жаттығу ретінде пайдалануға болады.
2. Аралас есті дамыту.
Нұсқау 8-10 сөз оқу керек, оқушы әр сөзді қайталап ауада жазып, дәптерге суретін салады кітап, бау, қияр, хит, қонжық, алмұрт, өзен, шөп, жаз.
Сұрақ мектеп бұйымдарына қандай сөздердің қатысы бар.
3 Ойлауды дамыту (талдау, жинақтау, дәлділік).
а) Заңдылықты жалғастыру 1,3,6, …, 2,4,6, …,10,15,20.
Психолог қортындысы бұл тапсырма математикалық әрекетер мен дағдыларды орнықтырады.
б) Кім “о” әріпінен басталатын көп сөз жазады (ауызша түрде де жұмыс істеуге болады).
в) Антоним мен синоним сөздерді білесіңдер ме ?
Антоним сөздер
Лас -
Ұзын -
Қайырымды –
Қуаныш -
Синоним сөздер
Халық -
Дос -
Әліпби -
Киім -
Психолог: бұл жаттығу балалардың сөздік қорларын байытады. Қиялды дамытады.
Нұсқау: Серіппе үлгідегі сызықты суретті аяқта.
Психолог түсіндірмесінен: эмоционалды және қызықты сәттер балалардан қиындықтан арылтып, оларды қиял әлеміне жетелейді.
Тренинг “Қайырымды шам”.
(шырағданды қолыңа ұстап, сезіміңді, тілегіңді, ойларыңды білдіргенде ұтымды әрі нәтижелі болады).
Былай бастауға болады “Халқымызда егер оттан жұлдызшалар көретін болсаң, ол саған бақыт әкеледі” деген сөз бар. Ойлан, саған не қажет ? болмаса “Менің тілегім”… Осы сәтте менің айтқым келгені.
4. Сабақ.
Біз бүгін сіздермен “ақылдылар” әлеміндеміз. Бірақ бұл планетаның қожайындары, біз оларға шынайы сәлемдесу ойластырмайынша қабылдамайды (балалар өздері қиялынан шығарулары тиіс қызықты сөз тізбегі, бас изеу т б).
1 Бұл планеталардың бәрі өте мұқият, ал сендер ше?
а) Дәйекті жалғастыр.
б) Есту арқылы графикалық диктант.
2 Өзге планеталықтар есте сақтауды өте жақсы меңгерген, ал сендер ше?
Әліпбиді тез жатта.
А Ә Б В Г Д Ж
Өзге планеталықтар – құрастырушы, өнертапқыштар сол себептіде олар жақсы ойлайды, ал сендер ше?
Нұсқау: Екі шаршыны сал.
А) бірінші төртбұрышта екі үшбұрыш шығатындай сызық жүргіз, осы төрт бұрышта алты үш бұрыш шығатындай сызық жүргіз.
Б) екінші төртбұрышта екі тік үшбұрыш шығатындай сызық жүргіз, осы төртбұрышта төрт төрт бұрыш шығатындай сызық жүргіз.
В) нүктелерді геометриялық фигуралар шығатындай етіп қос.
Психологтың түсіндіруінен: мұндай тапсырмалар геометриялық фигуралар туралы білімдерін бекітуге және кеңістікті бағдарлауға үйретеді.
4. Сіздер тапсырманы тапсырманы керемет орындадыңыздар, бірақ біз үйге қайтуымыз керек. Сіздерге 8-10 таяқша беремін, ракета құрастырыңыздар (егер таяқша болмаса дәптерге құрастырға болады).
Қарым-қатынас тренингі.
Балалар, біз достарымызбен қоштасуды ерекше түрде айтып көрейікші (балаларды ерекше қоштасуға икемдеу).
Психологтың түсіндіруінен: Мұндай тапсырмалар балаларға ұнайды, ойдан жасалған кейіпкерлердің роліне еніп тамаша орындап шығады.
5- сабақ.
- Менің телефоным шылдырлай бастады.
Бұл кім екен ?
Піл.
Қайдан ?
Түйенің үйінен…
Бүгінде біздің өмірімізді телефонсыз елестету мүмкін емес. Дұрыс сөйлей білу, дұрыс қарым-қатынас жеке тұлғаның мәдени қырларын танытады. Телефонмен сөйлескен екі түрлі адамның әңгімесін тыңдап көрелік.
1.Телефон шылдыры.Телефон тұтқасын көтеріп:
Сөйлеп тұрған кім?
Ар жақтағы адамның даусы:
“ку-ку, хи-хи”.
2. Сәлеметсіз бе? Кешіріңіз, Ғалияны болады ма?
Балалармен әңгіме.
Сіздерге қай әңгіме көбірек ұнады? Не себепті?
Телефонмен сөйлескенде мына ережені есте ұстағандарың жөн:
Телефонмен әңгіме қысқа болуы керек. Әңгіме басында кім мазалап тұрғанын таныстырып өтуі керек. Соңында әңгімелескен адамға рахметіңді айтып сыпайы қоштасу керек.
1.Зейінді дамыту (тұрақтылығы).
А) жалғастыр;
Б) мен сияқты тор бойына сал.
2.Естің мағыналылығын дамыту.
Тренинг: “ Телефонмен сөйлесу”
Өз қалаулары бойынша, балалар телефонмен сөйлесу бейнесін ойнайды. Сөйлесуден кейін телефонмен қарым-қатынаста этикалық ережелерді сақтағандары туралы пікірлеседі.
Сабақта белсенділік танытқандарың үшін көп рахмет!
6- сабақ.
Балалар! Жылдың қай мезгілі болып тұр. Көктемде қандай өзгерістер болады (құстар ұшып келеді, жылғалардан су ағады, күннің көзі шығады).
Ендеше әркім күннің суретін салсын (балалар сурет салады).
Психологтың түсіндірмесінен:
Әңгімені жыл мезгіліне байланысты жүргізуге болады.
1.Ойлау әрекетін және зейінді дамыту.
Дала тегіс сарғайды
Шаруа қысқа қамданды
Күн қысқара бастады
Тауға тұнғыш қар жауды.
(Күз)
Төңғақты таниды
Аяқ-қолды қариды.
(Аяз)
Алтын терек,он екі бұтақ.
Үш жүз алпыс бес жапырақ
(жыл,12 ай, 365 күн)
Ойлаудың есте сақтауын дамыту .
Естің мағыналылығын дамыту.
Нұсқау: 5 сабапқты қараңыз.
Сөздер: әдемі бала, жер, сүйікті ертегі, ғажайып өңір, от, бұлақ, бақыт, орман.
3.Шығармашылық қиялды дамыту .
(Қайшы мен қағаз қажет)
Қандайда бір 8-10 геометриялық фигураларды қиып құстың суреті болатындай орналастырыңыз.
Қарым-қатынас тренингі.
Балалар, сабақтың басында күннің суретін салдық, енді сол суретке оралайық. Көз алдарыңызға елестетіңіздерші, күннің шуағы сіздің алақандарыңызда тұр. Күннің шуағына кімді бөлегіңіз келеді.
Психологтың түсіндіруінен: Қарым-қатынаста баланы кімді жақын тұтатынын немесе керісінше кімге өкпелі болып жүргенін көрсетеді.Тренингтен кейін баламен жеке әңгіме болуы мүмкін.
Сабақта белсенділіктеріңіз үшін көп рахмет!

7 сабақ.
Зейінді дамыту (тұрақтылығы).
Нұсқау: әріптер жинағынан сөз тауып дәптерлеріңізге жазыңыздар:
А. Ә. Й. .Е.Т.Н.Ш.
К.Д.М.А.Ө.Т.Е.М.
Қ.У.А.Н.Й.Ы.Р.Ы.М.Д.Л.Ш.
Балалармен әңгіме. Қайырымдылық дегенді қалай түсінесің? А.Чеховтың “қайырымдылық жасауға асығыңыз” сөзін қалай түсінесіз?
2.Мағыналылық есті дамыту.
Нұсқау №5 сабақты қараңыз.
Сөздер: шырша үй, балық, доп, қайырымдылық, нан, ұйқы, ойын, қайғы.
3.Ойлауды дамыту (логика).
Нұсқау: жұпты таңда: лимон-қышқыл, қант-?(тәтті), әке-бала, ана-?(қыз), шілде-жаз, сәуір-?(көктем), басы-аяғы, бірінші-?(соңғы)
Жоқ әріптерді тауып орнына қой:
Ж..з,б..а,а..ма,саус..қ.
4.Қиялды дамыту.
Нұсқау:
Әрбір түзу сызықты жұптап суретті аяқта.Түзу сызықтар сенің суретіңнің негізгі бөлігін құрауы тиіс. Сызықтардың астына, үстіне, жанына, қалаған жеріңе сурет салуға болады.
Қарым-қатынас тренингі.
Балалармен әңгіме. Ертегіде әрдайым қайырымдылық зұлымдықты жеңеді. Естеріңе түсіріп көріңдерші қандай ертегілер білесіңдер, ол сендерге несімен ұнайды?
Нұсқау: Зұлымдық қайырымдылықты жеңгені туралы ертегі құрастырып көрдер. Құрастырған ертегінің мағынасын ұмытпау үшін сурет салуларыңа болады.
Ертегіні былай бастауға болады:
Бұрынғы заманда…
Бір….өмір сүріпті.
Бүгін….
Психологтың түсіндірмесінен: бұл тапсырма баланың ішкі дүниесінің ахуалын, сезімі, уайымын, кедергілерді анықтауға мүмкіншілік береді.
Біздің тәжірбиемізде мынадай оқиға болған: агрессивті бала қайырымдылықты сүйкімді күшіктің бейнесімен салған. Әңгіме барысында бала сүйкімді күшікті армандайтынын айтты. Ата-ана баланың бұл арманын орындап, аппақ сүйкімді күшік сатып әперді.
Қазір бала мүлдем өзгерген.
Сәтті өткен сабақ үшін балаларға алғыс айтылады.
8 сабақ.
1.Зейінді дамыту (шоғырлануы).
“Не өзгерді?”
Нұсқау: Тақтадағы суретке зер салып қара да көзіңді жұм. Осы уақытта тақтадағы суреттің кейбір элементі өшіріледі. Не өзгерді?
Мағыналылық есті дамыту.
Нұсқау:№5 сабақты қара.
Сөздер: жел, жарайсың, ащы, дәмді нан, сабақ, қышқыл алма, көңілсіз бала, спорт, сурет, шөп.
3.Шығармашылық ойлауды дамыту.
Нұсқау: кез-келген нұсқадағы бес сөзді таңдап әңгіме ойластыр. Нұсқадағы барлық сөздерді пайдалану қажет.
1 нұсқа 2 нұсқа 3нұсқа 4 нұсқа
Шолпан Шолпан Тақта Өлең
Дастархан Дастархан Ай Ай
Кесе Кесе кесе Кесе
Қасық Дала Тал Шолпан
Ай Ай Шолпан Дала
Сабақтағы белсенділіктеріңе алғыс айтамын!
9 Сабақ.
Біздің өміріміздегі әзілдің орны.
Бірінші әңгімені тыңда.
“Достасу”.
Жанар екеуміз серуендеп жүріп ренжісіп қалдық. Ол өкпелеп кетіп қалды, мен оның артынан жүрдім. Ол парктегі ескі ағаштардың біріне барып отырды. Мен де оған жақындап, күлімсіреп қарадым. Ол маған қарап жымиды, екеуміз күліп жібердік. Міне, осылай достасып кеттік.
Екінші әңгімені тыңда.
Менің інім бар. Мен мектептен қайтқанымда ол мені аңдып тұрып, мұздай су құйып жібереді де қашады. Мен жылап қаламын. Осы да көңілді ме?
Балалармен әңгіме.
Қай әңгіме ұнады? Не себепті?
Қорытынды: Халқымызда “әзілің жарасса атаңмен ойна” деген нақыл сөз бар. Орынды қалжың жаныңды сергітіп қиялыңа қанат бітіреді.
1.Зейінді дамыту.
Нұсқау: Қай фигура артық?
2. Естің мағыналылығын дамыту.
Нұсқау:Мәтінді толық тыңдап болған соң, әрбір сөйлемнің суретін салып көріңіз.
Мәтін: Көктем келді! Күн шығып шөптер бой көтерді. Барлығы мәз-мейрам көңілді.
3 Ойлауды дамыту (салыстыру, жинақтау).
Нұсқау:Тірі және өлі табиғатты екі топқа жікте.
Сөздер: балық, мүйіз, бұғы, жүн, қасқыр.
Қиялды дамыту.
Нұсқау: Өз атыңды сурет бейнесінде, геометриялық фигура ретінде сал.
Қарым-қатынас тренингі.
Балалар, күлімсіреу-адамгершілік пен ізгіліктің, жылылық пен келісімділіктің белгісі. Қазір шынайы күлімсіреп жылы сөз айтайық.
Толқын, сен менің ең жақсы құрбымсың!
Мен сені қатты сыйлаймын.
Психологтың түсіндірмесінен: Өзара бір-бірімен сыпайы болып жылы сөзге алғыс айтуларына назар аударыңыз.
10 сабақ.
Психологтың түсіндірмесінен:
10 сабақ-жеке тұлғаның ой-өрісін, логикасын, зеректігін қорытындылап жинақтауға бағытталған сабақ. Сабақты өтудің формалары ойындар, викториналар, жарыс түрінде жүргізуге болады. Егер жарыс түрінде өткізгіңіз келсе, соңында достықтың жеңетінін айтыңыз.
Әзіл- жұмбақтар:
Баланы қай уақытта әйел есімімен атауға болады
(ұйқтағанда).
Бір қолыңызда неше саусақ бар, екіншісінде ше?
Тауық бір аяғымен екі келі болады, екі аяғымен ше?
Бақшада қандай ноталар өседі. Себетте 5 алма бар еді. Бес қызға осы алмаларды қалай бөлуге болады, бірақ бір алма себетте қалуы тиіс (бір қызға себеттен алып беруі тиіс).
Үстелде екі алма жатыр. Біреуін тең ортасынан бөлдім.Үстелде неше алма қалды.
Достық жеңді жарайсыңдар!
Қорытынды орнына:
1.Позитивті өзара қарым-қатынастың болуына оптималды жағдайдың жасалуы сабақтың табысты әрі нәтижелі өтуіне кепіл.
2. Баланың қызығушылығын үнемі қадағалап отырыңыз. Ж.Ж. Руссо бала жан дүниесіне нәзік қарап, қызығушылықтарын тереңірек үңілуге бағыт береді.

Оқушының оқу бағдарламасын толық игермеуі танымдық іс-әрекеттің қалыптаспауынан, қызығушылықтың төмендеуінен болады. Ұсынылып отырған еңбекте зейінді дамытуда түзету жұмыстарының негізгі тәсілдері көрініс тапқан.
1 Жаттығу. “Кім жылдам”.
1. Оқушыға мәтіндегі көп қызметін әріпті жылдам, әрі жігерлі орындауы тиіс.
Мысалы: “а”, “о”, “е”әріптері. Жаттығудың сәтті орындалуы уақыт пен сапаның қатынасына сай, тез әрі әріптің қалып кетпеуі жақсы көрсеткішке ие болады.
Соңында мадақтап, қызығушылығын арттыру қажет.
2. Келесі жаттығу зейіннің аударылуы мен бөлінуіне арналады. Мәтіндегі кездесетін әріпті тік, келесісін көлденең түрде сызып отыру және жаттығуды күрделендіруге болады. Мысалы: бірінші кездескен әріпті ”а” әріпін “-“ астынан сызу, одан кейін үстінен сызу, үшінші рет дөңгелектеу қажет.
Тапсырманың орындалу уақыты
2. Жаттығу. “Байқағыштық”
Балалар үйден шыққан жолдан бастап, мектепке дейін не байқағанын, мектеп ауласына дейін түгелімен еске түсірулері керек. Кіші мектеп жасындағы бала мұны ауызша суреттейді, ал сыныптастары қалдырылған бөлшектерді толықтырады. Жоғары сынып оқушысы суреттеп жазып, сыныптастарымен салыстыруы қажет. Бұл ойында көріп есте сақтау мен зейіннің байланысы анықталады.
3. Жаттығу. “Түзету”
Жетекші бірнеше сөйлемдердің әріптерін қалдырып немесе орындарын ауыстырып жазады. Оқушы мәтінді бір рет оқып түсті қарындашпен қатесін түзеп отыруы тиіс. Келесі оқушы қағаздағы қалып кеткен әріптерді басқа түсті қарындашпен түзетеді.
4. Жаттығу. “Садақтар”.
Қатысушылар орындықтарға шеңбер жасап отырады. Бас бармақты бос ұстап, қалған саусақтарды айқастырып, қолыңызды тізеңіздің үстіне қойыңыз.
“Бастадық” дер белгі берілгеннен кейін бас бармақтарды қатты жылдамдықпен бір-біріне тигізбей айналдыруымыз қажет.
“Тоқта” деген жүргізушінің сөзінен кейін тоқталады. Ұзақтығы 5-15 минут. Кейбір қатысушылар түрлі қиындықтарды сезінулері мүмкін.
5.Жаттығу “Қателесетін мұғалім”
Жетекші мәтінді оқып тұрып саналы түрде қателер жібереді. Қатысушылар қатені түзеп, көзқарастың дұрыстығын дәлеледеп отырулары тиіс. Толық мәтінді пайдаланып “Дақ”ойынына айналдыруға болады.
6. Жаттығу “Дақ”
Мәтінде қысқа сөздің қалып кеткеніне байланысты сөйлемнің мағынасы кері байланысты болып тұр.Қатысушылар сөйлемдегі қатені тауып, түзеулері тиіс.
7. Жаттығу
Мақсаты: зейіннің шоғырлануы мен тұрақтылығын күшейту. Жолақты әрбір балаға таратып, жолдарды қатесіз көшіруді ұсыныңыз:
А) АНЛАДАМА РЕБЕРГЕ АСАМАСА ГЕСКЛАЛЛА ЕССАНЕССАС ДЕТТАЛЛАТА
Б) ЕНАЛЛСТАДЕ ЕНАДСЛЛАТ ЕТА МТАРРС УСОГАТА ЛИММОДОРА КЛАТИМОР
В) РЕТАБРЕРТА НОРАСОТТАНА ДЕБАРУГА КАЛЛИХАРРА ФИЛЛИТАДЕРРА
Г) ГРУММОЛД
Д) ВАТЕРПРООФЕТТА СЕР А ФИННЕТАСТОЛЕ ЕММОЛЕДАТОНОВ
Е) ГРАСЕМБЛОВУНТ
Ж) ГРАДЕРАСТВЕРАТОНА ХЛОРОФОНИМАТА ДАРРИЕВ А ТЕННОРА
З) ЛОЙОН САНДЕРА
И) МИНО СЕПРИТАМАТОРЕНТАЛИ ТЕЛИГРАНТОЛЛИАДЗЕ
К) МАЗОВРАТОНИЛОТОЗАКОН
Л) МУСЕРЛОНГРИНАВУПТИМОНАТАТОЛИГР АФУ НИТАРЕ
М) АДСЕПАНОГРИВАНТЕБЮДАРОЧАН
Н) БЕРМОТИНАВУЧИГТОДЕБИГОЖАНУЙМ СТЕНАТУРЕПВ АДНОЛЮЗГЛИЧЕВЕН
О) ОСТИМОРЕ
Бастауыш сынып жасындағылардың оқу мотивациясын
дамытуға арналған бағдарлама
Кез-келген кіші мектеп оқушысының мотивациялық жүйесінде оқу мотивациясы маңызды орын алады. Бала мактепке келгенде кең әлеуметтік мотивтерді игереді (баланың ішкі көзқарасы).
Бірінші сынып соңында көптеген мотивтердің ішінде жоғары баға алу мотиві басты орында болады. Кіші мектеп оқушысының жасында оқу-танымдық және басқа әлеуметтік мотивтер (парыз, жауапкершілік, білім алуға қажеттілік) жетекші орынды алмайды. Сондықтан, осы жаста оқу мотивациясының төмендеуі заңдылық. Балаларда мектепке не үшін оқитыны туралы түсінік әлі де болса күңгірт. Негізінде олардың жауаптары жаттанды болады: “оқи алу, санай алу, ақылды болуға, көп білу үшін”. Бұл түсініктерді нақтылауда олар тығырыққа тіреледі. Ата-аналар балаларын оқу-іс әрекетіне қызығушылығын ынталандыруда қомақты сыйақы немесе қоқан-лоққы жасауға тура келеді.
Ұсынынылған бағдарлама ойын мотивациясы арқылы балаларды аса қиындықсыз оқу мотивациясына ауыстыру болып табылады. Бағдарлама оқушылардың әртүрлі қабілетін дамытуға мүмкін беруге құрылған.
Бағдарлама мақсаты:
Кіші мектеп оқушыларының ойын жағдайлары арқылы оқу-танымдық мотивін қалыптастыру. Баланың шығармашылық мүмкіндігін ақыл-ойын дамыту.
Сабақ құрылымы:
1. Ширату (зеректілікті тексеруге, реакция жылдамдығын, есті дамытуға арналған тапсырмалар).
2. Мамандықпен танысу (ұжымдық талқылау).
бұл мамандық туралы мен не білемін;
бұл мамандықпен айналысатын мамандар нені білуі қажет;
бұл мамандықты игеруге қандай пәндерді оқу қажет;
бұл мамандық туралы ата-анамен, таныстардан, кітаптардан, телехабардан не білдім.
3.Қарастырып отырған мамандық бойынша дамыту жаттығуларын орындау;
Өз қабілетін дербес бағалау.
Дамыту жаттығуына оқушылардың жаңа сабақтарында танысатын тапсырмалар жиынтығынан тұрады. Мысалы: “архитектор” байқампаздыққа, кеңістікті бейнелеу, шығармашылық ойлау мамандығында қабілеттерін дамытуға көңіл бөледі.
Тақырып 1.
Мамандықтар әлеміне кіріспе.
№1 сабақ.
Ширату.
Зейінге тапсырма.
Шаршының бір тор көзінде шыбын отыр. Жетекшінің оның қалай қозғалатынын айтады. Ал оқушылар көз арқылы оның қозғалысын бақылап отыруы тиіс, соңында қай торкөзге тоқтағанын айтады.

* Пікір талас.
Мектепте не үшін мұқият болу қажет? (қорытынды: жақсы оқу үшін).
Не үшін жақсы оқу қажет? (қорытынды: сауатты, білімді азамат болу үшін, болашақта қызықты, сүйікті іспен айналысуды қамтамасыз ету үшін).
Дәптермен жұмыс.
Жетекші. Барлықтарың өз ата-аналарыңның мамандықтары туралы не білетіндеріңді жұмыста олар немен айналысындарын жазыңдар. Тапсырма аяқталғаннан кейін әркім қалауы бойынша не жазғандарын оқуына болады және ата-аналарының жұмыстарының ұқсастықтары мен айырмашылығын талқылайды.
Ойын.
Мамандық әліпбиі.
Сынып үш топқа бөлінеді және алфавитегі әріптерді сәйкесінше үшке бөлінеді. Топтар 5 минут ішінде алфавиттегі түскен әріптерге мамандық атауын жазулары қажет. Мұнан жетекші мамандықты көрсететін әріпті атайды, ал балалар оның қандай мамандық екенін айтады. Егер тооп өзінің мүмкіндігін жіберіп алса, немесе мамандықты білмесе, келесі топ ойынды жалғастырады. Әрбір аталған мамандыққа ұпай есептеледі. Ойын соңында қорытынды ұпай есептеліп, жеңімпаз жарияланады.
Үй тапсырмасы.
Балалар үйде ата-аналарымен мамандық туралы әңгімелеседі.
№2 сабақ.
Ширату (көру есі).
Жетекші бөлек жолақтарда мамандық атауларын көрсетеді. Оқушылар сөздерді ғана емес, олардың жазылуын да еске сақтауы қажет. Барлық сөздерді көрсетіп болғаннан кейін олар дәптерлеріне жазады. Мұнан кейін жетекші сөзді көрсетеді, ал, оқушылар жазғандарын үлгімен салыстырады.
Үлгі: программист, натуралист, эквилибрист, каскадер, режиссер.
Мұнан кейін келесі сұрақтарға жауап береді. Бұл мамандықтар нені білдіретінін кім біледі.
Жетекші ешкім сипаттай алмаған мамандықтардың мағынасын түсіндіреді.
Пікір-талас.
Ата-аналарыңның мамандықтары туралы жаңа не біле алдыңдар? Кімнің ата-анасында бірдей мамандық бар? Кімнің ата-анасы өз әке-шешесінің мамандығын жалғастыруда? Кімнің ата-анасы өз мамандығын ауыстырды? Егер сенің анаң үй шаруасындағы әйел болса, оның жұмысы неден тұрады?
Дәптермен жұмыс.
Жетекші: Болашақта кім болғыларың келеді, бұл мамандық туралы не білесіңдер және бұл несімен ұнайды? Тапсырманы аяқталғаннан кейін қалаулары бойынша жазғандарын оқуларына болады.
Сұрақтар.
Кім осындай мамандықты таңдағысы келеді? Ол сендерге несімен ұнайды?
Ойын.
Мектептегі мамандықтар.
Сынып үш топқа бөлінеді. Біреуі мектепке қатынасы бар бір мамандықты атайды (мұғалім, психолог, аспазшы, үй сыпырушы, завхоз, т.б.). Келесі топ оны сипаттап, тағы бір мектептегі мамандықты атайды. Мұны үшінші топ сипаттайды. Осылай шеңбер бойымен жалғаса береді. Егер топ тапсырманы орындай алмаса, онда жалғастыру мүмкіндігін келесі топтағы ойыншылар алады.
Пікір -талас.
Мектепте қандай мамандық иелері жетіспейтіндігі ұсынылады. Өз пікірін түсіндіру.
Тақырып 2.
Архитектор мамандығы.
№3 сабақ.
Ширату.
Ақпаратты есту арқылы қабылдау және есте сақтау.
Тақтаға алты да алты көлеміндегі шаршы сызылады. Жетекші басқарып отырған қиялдағы қарындаштың балалар көздерімен қадағалап отыруы тиіс. Жетекші қанша тор көз және қай жаққа жүргізу керек екендігін айтады.
Жетекші: Сол жақтан төмен қарай бір тор көзге кері жүргеніңізді елестетіңіз. Енді сіз қарындашты үш тор көзге жоғары, бір тор көз солға, үш тор көзге қиғаштап оңға жоғары, үш тор көзге қиғаштап төмен, бір тор көз солға, үш тор көз төменге, бір тор көз солға, екі тор көз жоғарыға, екі тор көз солға, екі тор көз төменге, бір тор көз солға.
Мұнан кейін оқушылар өз дәптерлерінде пайда болған бейнені салады.
Талқылау.
Жетекші: Сендер бүгін өте қызықты архитектор деп аталатын мамандықпен танысасыңдар. Алдымен оны өз беттеріңше сипаттап көріңдер. Оқушылардың ауызша берген жауабын жетекші толықтырады. Архитекторлар – ғимаратты және кешендерді құрастыратын мамандар. Болашақ архитекторға қандай оқу пәндерін білу қажет? Оған математика, орыс тілі, тарих, география не үшін қажет? Алдымен жауапты оқушылар береді.
Дәптермен жұмыс.
Жетекші оқушылардың ойын жинақтайды.
Жетекші: Біріншіден архитектор кеңістікті бағдарлауды жақсы білу, ойша бейнені елестете алу қажет. Бұл қабілетті біз сендермен сабақтың басында орындаған тапсырмаларыңнан тексердік.
Екіншіден, архитекторлар жобалау мен құрастыруды білуі тиіс. Әдеттә, сендер мұны құрастырмалы ойыншық бөлшектерін жинағанда жаттығасыңдар. Қазір біз сабақта геометриялық фигуралардан үй құрастырамыз.
Тапсырма – кез-келген екі, үш, төрт элементтерден үй құрастыру. Бірінші нұсқаларды табу. Бұл қабілетті тексеру үшін жетекші тапсырыс берушінің роліне кіреді, яғни, керемет үйді жобалауды тапсырады. Архитектор өзінің қиялын көрсете отырып, бес шартты сақтауы тиіс.
1. Үй космос кемесіне ұқсауы тиіс.
Үйдің қабаты екіден аспауы тиіс.
Үйдің барлық терезелері әр түрлі көлемде болуы керек.
Үйдің бояуында міндетті түрде екі түс қатысуы қажет– көк пен сары.
Есік ашылуы үлкен адамға да, аласа адамға да ыңғайлы болуы тиіс.
Қойылған талаптардың орындалуын тексеру.
Нәтижені талқылау.
Осы бөлімде тексерілген қабілет қалай аталады? Қай тапсырманы орындау жеңіл болды? Қай тапсырманы орындау қиындық тудырды және неге?
Үй тапсырмасы.
Әр түрлі ақпарат көздерінен архитектор мамандығы туралы мағлұмат білу.
№ 4 сабақ.
Ширату.
“Қабылдау және көзбен өлшеу”.
Үш сурет ұсынылады. Бірінші суретте үш үйге апаратын үш жолдың қайсысы ұзақ екендігін анықтап алу.
Екінші суретте бейнеленген фигураның биіктігімен салыстыру.
Үшінші суретте екі арақашықтық салыстырылады – жоғары кесіткінің тұмсығынан ортаңғы кесіткеге дейінгі аралық және ортаңғыдан төменгі кесірткіге дейінгі арақашықтық.
Пікірталас.
Оқушыларға архитектор мамандығы туралы не білгендерін әңгімелеуге мүмкіндік беру.
Сұрақтар:
Танымал архитектордың аты-жәнін кім біледі?
Сендерге он екі микроаудандағы үй құрылысы ұнайды ма?
Дәптермен жұмыс.
Жетекші: өткен сабақта сендер архитекторға қажетті үш қабілетті өздеріңде тексердіңдер. Осы қабілеттеріңді атаңдар. Төртінші қабілетті сендер ширатуды орындауда байқадыңдар. Ол көзбен өлшеу деп аталады.
Архитекторға көз өлшемі не үшін қажет? (жобаланған ғимараттың өлшемін сауатты әрі нақты білу ұшін).
Бесінші – логикалық қабілеттің бар болуы.
Бұл архитекторға не үшін қажет?
Талқылау.
Алдымен ұсынылған шартты талдап алғаннан кейін үйдің суретін салу. Үй келесі шарттарды қанағаттандыруы тиіс.
1. Сыртынан қарағанда ол бір қабатты болып көрінуі, шын мәнінде үш қабатты болуы шарт;
2. міндетті түрде балконы болу, бірақ бірінші қабатта емес;
3. бірінші қабаттың бәрінде гараж болу;
Салынған суреттер жобасын талдау.
Ойын. Сынып үш топқа бөлініп, әр топ үй ғимаратының жобасын құрастыруға тапсырма алады. Әр топтың ұжымдық жобасы өзге топтармен қойылған талапқа сай талқыланады.
1.Алып пен шынашақ-бала бір үйде тұруды шешті. Үй екеуінеде ыңғайлы болу үшін қандай болу қажет?
2.Чиполино мен Буратино достасып өздеріне үй соғуды ұйғарды. Бөлмеде Чипалиноның пиязынан Буратинадан ылғи көзінен жас ақты. Ал Чипалино болса ағаш досының тұмсығына үнемі соқтығысып қалатын. Бір-бірімен араласып, ыңғайсыздық сезінбеу үшін үй қандай болу тиіс?
3.Ақшақар мен Отты –қыз бір үйде тұруды жөн санады. Екеуіне де ыңғайлы болу үшін үй қандай болу қажет?
Нәтижені талдау.
Осы сабақта тексерілген қабілеттер қалай аталады?
Қай тапсырманы орындау жеңіл болды?
Қай тапсырманы орындау қиындық тудырды және неге?
Кіші мектептің қарым-қатынасына арналады.
Достық сұрақ-жауап (сұрақнама).
Мақсаты:
Бұл жаттығу балаларға бүкіл сыныптың назарын өздеріне аударуын талап етеді. Оларға бағытталған сұрақтар өте қарапайым, қызықты
және де психологиялық жағынан қауіпсіз болуы мүмкін. Тағы сұрақ қоятын адамдар санының қатары өте көп болмауы керек. Сұрақтарға жауап беретін, балаға өзін таныстыру дағдысын жаттықтыруы мүмкін, өйткені ол кейін өзіне «Ура, менде бәрі жақсы өтті» деп жауап береді.
Нұсқауы:
Барлықтарың үлкен шеңбер жасап отырыңдар. Шеңбердің ортасына біз бір бос орындық қоямыз. Мен сендерге «достық-сұрақ-жауап» ойын ойнауды ұсынғым келеді. Сендердің араларыңда достарыңның сұрақтарына жауап беруге деген тілектерің болса ортада тұрған орындыққа отыруларыңа болады. Жаңағы ортаға шығатын бала өзіне 1-2 сұрақ қою үшін өз қалауымен тағы екі оқушы алып шығуы мүмкін. Мысалы: «Не жегенді ұнатасың?», «Мектептен кейін не істейсің?», «Қай уақытта ұйқыға жатасың?», «Әдетте, сен қай жолмен мектепке келесің?», «Сенің ағаң немесе әкпең бар ма?»,
және т.б. бұл ойынның аты «достық сұрақ-жауап» деп аталады, Сендер ортада отырған оқушыға өзіне ыңғайсыз болатын сұрақтар бермегендерің жөн. Сұрақ қоярда сен орныңнан тұрасың. Жаңағы екі оқушы өз сұрақтарын қойып болғаннан кейін тағы біреуі тұрып «Менде саған бірнеше сұрақтар қойғым келеді» деп, өз сұрақтарын отырған оқушыға қояды. Ойынды қалай ойнау қажеттілігі барлықтарыңа түсінікті болды ма? Ал енді бірінші болып кім ортаға отырғысы келеді. Кейде қатысушылардың белсенділігі үшін, өзіңіздің ортадағы орындыққа бірінші болып отыруыңызға тура келеді. Ойынды ұзақ созудың қажеті жоқ, мүмкіндігінше 20 минут жетеді, ал келесі күні ойынды жалғастыруға болады.
Жаттығуға талдау:
Сенің ортаға шыққың келді ме?
Барлығының көзінше, ортада тұрып сұрақтарға жауап беру саған қиынға соққан жоқ па?
Ойынның шартын барлық балалар ұстанды ма?
Бәрекелді,сен жарайсың.
Жаттығу «мен қандаймын»
Мақсаты:
Көп балаларға өздеріңнің жақсы қасиеттерімен істеген қателіктерін айтқан оңайға түседі.
Мұрныңыз ұнаса, сіз «маған менің ұнайды» немесе «менің мұрным керемет» деп айтуыңызға болады. Сізде 60 секунд уақыт бар. Дайындалыңыз! Бастаймыз!
Енді дәл осындай жолмен шоколад балмұздағын жақсы көретін адамдар өзі туралы жақсы айтады, мұны құлпынай балмен жақсы көретіндер қолдап, қанша жақсы сөз айтқанын дауыстап санауы керек.
Егер кімде кім осы жаттығуды орындауда ұялшақтық немесе сенімсіздік сезінетін болса, «Мен өзімді жақсы көремін, мен кереметпін» деп қайталап айта беріңіз. Егер сіздің адресіңізге жағымсыз бағалау түсе берсе, сізге әлі даму, дами түсу керектігін есіңізге түсіріңіз, әрине, сіз әлі барлығында үйренесіз.
Жаттығу талдауы:
Өзің туралы көп нәрсе есіңізге түсірдіңіз бе?
Кейде өзіңе: «Мынау сенде жақсы болады»- деп айттыңыз ба?
Егер сен үлкен қате жіберсең, өзіңе дейсің?
Өз-өзіңе жақсы нәрсе айту неліктен маңызды?
Өз серігіңнен нені үйренесің?
Менімен кім ойнайды - ойыны
Мақсаты:
Осы материалдың көмегімен балаларды өзін өкпелететін жағдайларда қалай ұстайтынын үйретеміз..
Нұсқау:
Қайсыларыңыз әйтеуір бір рет болса да, басқа балалар сізбен ойнамай қойған жағдай болды. Қайсыларыңызға досыңыз: «Менің қолым тимейді» - деп өтінішіңізге жауап беріп өкпелетті.
Кейде бізге басқалар бізбен қарым-қатынасқа түскісі келмейтін жағдайларға соқтығысамыз. Мұндай жағдайларда бізге біздің қиялымыз көмектесе алады. Оның көмегімен өз-өзімізге жақсы қарым-қатынас сақтай аламыз. Қазір мен сізге қалай жасау керектігін көрсетемін. Орныңда ыңғайлы отырып, көзіңді жұм. Ойнап жатқан топқа келіп, менде ойнайыншы деп сұрауыңды елестетіп көрші. «Кет бұл жерден, ойнамаймыз» деп айқайлап жатыр, балалар, сонда сен оларды сөздерінен ұстағаның дұрыс. Ертедегідей кішкентай Иванушка-ерке сияқты жаймен қалай мықты, жақсы көңілді болып кетуді елестет.сен өзіңе балаларды теріс қарап ойнап жатыр деп елестет. Сенің енді жынды-Иванушкаң жаймен үлкен мықты, батырға айнала бастасын. Енді сен балалрдың саған бұрыла таңырқай қарап қалғанын көресің. Бұл енді олардың өмірінде бірінші мәрте көріп тұрған өте алып батыр болып шықты. Енді сен оларды өзіңнің құрал-сайманыңды алтынға айналдырып,одан да бетер қызықтыра түсесің. Сосын сен олардың саған таңырқап «Мәссаған, мынаны қара! Саған жақындауға болады ма?» деп сұрағанын көресің. Енді олар сенімен бірге ойнауға болама деп сұрауын естисің. Сен енді түсінесің, олардың менің қасында 15 секунд тұру олар үшін мақтан етенін жай екенін.
Ал енді сен өз-өзіңе келіп Иванушка еркенің бейнесін есіңде көпке дейін сақтауыңа болады. Енді сен болған жайға қанағаттанып өз-өзіне «Мен әйгілі және қызықты адаммын» де. Енді ары-бері керіліп көзіңді аш.
Жатттығу талдауы:
сен өзіңді алтын сауытты иванушка-еркенің орнына қойып көре алдыңыз ба?
Сені айналадағылар қолшаптап жатқандағы сезімің қандай?
Неліктен өз-өзің туралы ойлау керек?
Өзің туралы жақсы ойлау дегеніміз не?
Мик және Мак.
Мақсаты: бұл ойынға екі жұмсақ ойыншық қажет. Олардың аттарын Мик және Мак деп қойыңыз. Олар мінездерімен бір-біріне қарама-қарсы болсын.
Мысалы, Мик батыл, жеңілтек және оптимист болсын. Ал Мак өте сақ, ақылды , пессимист болсын. Мик пен Мак үшін балалар өз пікірлерінен мінез жасауын өтініңіз.
Бұның көмегімен сіз балаларға кейбір абстрактылы заттар туралы түсінікті қалыптасады.
Бұл жерде балалар күлкіге деген сезімдерімен өмірге деген қарым-қатынасын қалыптастырады.
Ойын 7 жастан.
Мақсаты: бұл ойын өзі санасын дамытуға және оған өзін қоршағандармен салыстыруға мүмкіндік береді. Орындықтарды дөңгелетіп екі қатарға қойыңдар. Олар бір-біріне қарама-қарсы және бір-біріне бұрылып тұрыңдар, ал енді отырыңдар. Мен сендерге сөйлесуге тақырып беремін, біріне бірі қарсықарсы отырған екі серіктес осы тақырыпқа сөйлесуге болады. Екі минуттан кейін шеңбердің ішінде отырғандар бір орынға солға қарай отыру керек, сонда олар басқа адамдарға қарсы отырады.
Бірінші тақырып былай аталады: «Мен нені жақсы жасай аламын?» (екі минут)
Әңгімені аяқтаңдар. Шеңбердің ішіндегі балалар солға қарай жылжысын.
Әңгімелесуге келесі тақырып «Мен қандай қызықтар ойлай аламын?» (екі минут).
Пікірлесуге арналған басқа тақытыптар:
мен қандай болсам солай қабылдайтын адамдар
мен өзіме айтылған сынға қалай қараймын?
Маған өте маңызды мақсат
Басқалар менен нені бағалайды?
Мен өзімде нені мақсат етемін?
Бір кездері мен барған тәуекел
Менің өмірімдегі жақсы елестер
Менің сүйікті жұмыстарым
Мені кім сыйлайды және бағалайды?
Мен риза болған оқиға
Менің өмірімдегі ең жағымды демалыс
Менің біреуге көрсеткен ең үлкен қуаныш
Менде болған ауру
Менің жанұямдағы ең жақсы нәрсе
Жаттығуды талдау
Сен бәрінен де не айтқанды жақсы көресің?
Саған қандай тақырыпта сөйлескен қиындау?
Өзіңнің сыныптастарың туралы жаңа не білдің?
Қазір сенің көңіл-күйің қандай?
Бір-бірімізге қарайық.
Кіші мектепке арналады.
Балада эмоциональды еріктік өрісінде агресивті күйді төмендетуге бағытталған жаттығулар.
“Суретшілер конкурсы” жаттығуы.
Мақсаты: ертегі және фильмдегі агрессивті кейіпкерлерді стереотипті қабылдауды бұзу.
Нұсқау: Жетекші алдын ала қандайда бір ашулы ертегі кейіпкерінің суретін дайындайды. Балаларға осы суретті жағымды жасау үшін суретші ролін ойнау ұсынылады. Балалар ұнамды “бөлшекті” салу:
үлпілдек құйрық, ашық шляпа,әдемі ойыншықтар кейіпкерді қайырымды етеді.
“Ойыншыққа айнал”
Мақсаты: балаларға шынайы сезімін білдіруге мүмкіндік беру.
Нұсқау: Балалар бірнеше ойыншық арасымен өзінің болғысы келген ашулы кейіпкерді бейнелейтін ойыншықты таңдайды және осы кейіпкер атынан әңгіме құрастырады. Әңгімеде баланың өз қақтығысы мен тілегі болатыны белгілі. Психолог бұл жаттығуды диагностика ретінде пайдалануына болады.
“Әңгімені көңілді етіп ойлап тап” жаттығуы.
Мақсаты: қорқыныш деңгейін төмендету.
Нұсқау: Жетекші балаларға қорқынышты әңгіме оқушы және әңгіменің соңын көңілді аяқтауды ұсынады.
“Баяғы бір заманда Майра атты қыз өмір сүріпті, апасы мен атасы болыпты. Бәрі керемет еді, егер бір күні Майра құрбыларымен орманға қыдырып кетпегенде… Қыздар орманда ән салып,жидек теріп жасырынбақ ойнауды шешеді.Майра ойынға қатты қызығып кеткені соншалық, құрбылары оны таппай қалсын деп алысқа ұзап кетеді. Ол дауыстарды естімей, өзінің қайда тұрғанын түсіне алмады. Ол қатты қорқты. Кенет алыстан ұлыған бір дыбыс естілді-бұл қасқыр еді. Қыз қасқырдың өзіне жақындап келе жатқанын байқады.
Бастауыш сынып жасындағылардың жекелік қасиетін дамыту.
“Екі дос” ойыны.
Мақсаты:Ойын түрлі мінез қасиеттерін салыстыруға, өзге адамның эмоционадық күйін түсінуді дамытуға,баланың эмоционалдық сфересын түзетуге бағытталады.
Ойынның жүргізілуі:
Екі жас дос өзенге келді күнге қыздырынуға,
Біреуі суға шомылып – сүңгіп,жүзе бастады.
Екіншісі тасқа шығып,қарап отыр толқынға,
“Батып кетсем қайтем”деп қорқып отыр жүзгенге.
Қыстың күні екі дос сырғанауға барады,
Сырғанап жүр біреуі-екі беті албырап,
Екіншісі қарап тұр,
“Тайғақ екен мына жер, құлап қалсам қайтем” деп.
Балалар екі баланың мінез-құлқына баға береді, ролдерді бөліп алады.Жетекші тағы бір рет өлеңді оқиды,балалар пантомимикамен оны бейнелейді.
“Осылай әділ болады”.
Мақсаты:Өз мінезінің жағымсыз қасиетін түсінуге, мінез-құлықты бағалауға арналады.
Психолог балаларға әңгімені тыңдап, ағасы мен інісінің қылығын бағалауды ұсынады.
“Аналары дүкенге кетті. Есіктің жабылғанын көре салып балалар асыр салып ойнауды бастады: үстелді жағалап жүгірді, бір-біріне жастық лақтырды,күресті.
Кенеттен анасы келіп қалды. Үлкен ағасы есіктің ашылғанын көре салып диванға отыра салды. Ал кіші інісі анасының келгенін көрмей жастықты лақтыруды жалғастыра берді. Ол жастықты лақтырып жіберіп еді,төбедегі аспалы шам теңселе бастады. Анасы қатты ренжіп, кінәліні бұрышқа тұрғызды. Үлкен ағасы диваннан тұрып інісінің қасына келіп,тұрды.
Сен неге бұрышқа тұрдың? Мен сені жазалаған жоқпын ғой!-деді анасы.
Осылай әділ болады,- деп үлкен ұлы байсалды жауап берді.-Мен жастықпен ойынды ойлап тапқан.
Анасы екеуіне қарап күлімсіреп, олардың бұл қылықтарын кешірді.
Кіші мектеп жасындағы балалардың шығармашылық қабілетін дамытуға арналған сабақтар Қажетті құралдар: шығармашылық альбомынан тапсырма үлгілері, түрлі көлемдегі қағаздар, бояулар, қарындаштар, фломастарлер.
Бірінші сабақ
1 тапсырма. Суретті көргенде сенің нені ұнататыныңды, қай нәрсе саған ұнамайтынын түсінуге болатындай өз суретіңді салып көр.
2 тапсырма. Парақта салынған фигураға мұқият қарап алып қызықты суреттеме ойлап тап. Суретті қалай аяқтағың келеді?
3 тапсырма. Мальвина, Буратино, және Пьеро ағысы қатты өзеннен өтіп лашыққа жетуді армандайды. Суретке мұқият қарап оларға мұны қалай жасауға болатынын ойланшы.
Екінші сабақ
1.Тапсырма. Сенің алдыңда алты тікбұрыш берілген. Олар неге ұқсайды? Мысалы, бір тікбұрыш үйшікке ұқсайды, екіншісі, кітапқа, т.б. Тікбұрыштарды аяқта.
2 тапсырма. 6 шеңберден содан кейін, 6 үшбұрыштан құралған сурет ойлап тап.
3 тапсырма. Саған 3 қатар фигуралар ұсынылған: бірінші – сызықтар, келесіде - жақшалар, үшіншіде – шеңберлер. Осы әр қатардағы фигураларды қосып әдемі әрі қызықты өрнек шығатындай қосып шық.
Үшінші сабақ
1 тапсырма. Өзіңнің сүйікті ойыншығыңның суретін сал. Ол күлкілі және қызықты болу үшін не істеу қажеттігін ойлан.
2 тапсырма. Мына суретте әртүрлі заттар салынған. Мұқият қарап суреттегі барлық үйшіктерді сана ( психолог баладан тапсырманы орындап болғаннан кейін мұнан өзге не көргенін сұрайды).
3.тапсырма. Мына суретке қарашы – онда әдемі көбелек суреті салынған. Енді көз алдыңа елестетіп көрші, сен көбелексің. Қай жерде паналайтын едің, немен қоректенесің, сенің достарың кім болар еді, ал ата-анаң кімдер?
4.тапсырма. Мына параққа өз қалаңнан (аулыңнан) көргің келетін керемет әрі сұлу көшені ойлап тауып, суретін салшы.
Төртінші сабақ
1 тапсырма. Мына сия дақтарына мұқия қарап алып неге ұқсайтынын айтшы.
2 тапсырма. Қалай ойлайсың, ескі шәйнек өз өмірі туралы не айта алады?
3 тапсырма. Саған аяқталмаған екі ертегі берілген. Бір ертегінің соңын көңілді етіп, екіншісін бәрі таңқаларлықтай аяқта.
Ертегіге дейінгі аңшы.
Бір шал мен кемпір және аңшы өмір сүріпті.
Қыстың күні аңшы шалға келіп үйіне түнетуін сұранады.
- Жарайды, бүгін менің қонағым бол, - дейді шал, - бірақ менің саған қоятын шартым бар: сен көпті көрген адамсың, түні бойы маған әңгіме айтып бересің.
Аңшы келіседі.
Ол екеуі кешкі тамақтарын ішіп, сәкіге шығып жатады.
Аңшы шалға өзінің бұл өмірдегі көріп - білгендерін ұзақ түн ортасы ауғанша әңгімеледі. Кенет, үнсіз қалып шалдан сұрады:
Қожайын, сенімен бірге сәкіде кімнің жатқанын білесің бе?
Кім – деп сұрады шал.- Әрине, аңшы .
Жоқ, аңшы емес бұл қасқыр.
Шал аңшыға қараса шынымен-ақ қасқыр екен. Шал қорқып кетті, ал қасқыр оған былай деді:
- Қорықпа енді сенде қожайын емессің, сен аюсың.
Шал өзіне қарап еді шыныменде аюға айналып кетіпті…
Патша мен көйлек.
Бір патша қатты ауырып былай депті:
- Мені емдеп жазған адамға патшалығымның жартысын беремін.
Барлық ғұламалар жиналып оның қалай емдеу керек екендігін әңгімелеепті. Бірақ, ешкім жауабын таба алмапты. Бір ғұлама патшаны емдеуге болады дейді. Ол айтыпты:
- Егер бақытты адамды тауып, оның көйлегін кигізсе, сонда патша жазылады.
Патша өзіінің уәзірлерін бақытты адамды іздеуге аттандырады; бірақ, уәзірлер ұзақ жүріп бүкіл патшалық бойынша бақытты адамды таба алмапты. Өз өміріне риза болған бір де бір адам болмапты. Егер біреудің денсаулығы жақсы болса, ол кедей, бай болса әйелі нашар болады, ал келесілерінің балалары жаман болыпты. Бәрінің де әйтеуір көңілдері толмапты. Бір күні кешке патшаның ұлы ескі лашықтың жанынан өтіп бара жатса, біреудің сөйлегенін естиді:
- Міне, құдайға шүкір, бір үзім нан таптым, қарным тоқ, енді ұйықтаймын; мұнан өзге маған не керек? Патшаның ұлы қуанып кетіп, көп ақша беріп, оның көйлегін шешіп алмақшы болады. Уәзірлер бақытты адамға келіп оның көйлегін шешіп алмақшы болады, бірақ ….
Бесінші сабақ.
1 тапсырма.
Мына парақта әңгіме жазылған. Мұқият тыңдап ал да, оған ат ойлап тап. Бір күні күн мен солтүстік желі кім күшті екеніне таласып қалыпты. Олар көп дауласып, ақыры күштерін кетіп бара жатқан жолаушыларға көрсетпекші болды.
-Қарашы, - деді жел, - мен қазір ұшып барып анау адамның шапанын жұлып аламын,- деді де ұшып кетті. Жел құйындаған сайын жолаушы өзінің шапанын мықтап бекітті. Жел ашуланып, сықырып, байғұс жолаушыны қар мен жаңбырдың астына алды. Ақыры шаршаған жел шапанды жұлып ала алмайтынына көзі жетті.
Күн өзінің қарсыласының әлсіздігін байқап, бұлттар арасынан жымия қарады. Бүкіл жер жүзіне нұрын шашып жылытты. Сонымен қоса әлгі жолаушыны да жылынды.
Күннің жылылығын сезініп, оған алғыс білдіріп, шапанын шешті.
- Міне, көрдің бе, - деді күн ашулы желге, - ашуға қарағанда, қайырымдылық пен мейірімділікпен көп жақсылық жасауға болады.
2 тапсырма.
Егер күн кенеттен жоғалып кетсе, не болуы мүмкін, суретін сал да әңгімелеп бер.
3 тапсырма.
Сен қалай ойлайсың, табиғатта көктем болмаса, жануарлар, өсімдіктер, адамдар өздерін қалай сезінер еді?
4 тапсырма.
Орманда жаңбырдан қызғылт қоңыз қайда жасырынатынын бірнеше тәсілін ойлап тап.
5 тапсырма.
Қалай ойлайсың, құмырқа өзенді жүзіп өту үшін кемені қандай материалдан жасаған дұрыс?
6 сабақ.
1 тапсырма. Егер үлкендер балаларға айналып кетіп, ал балалар ересектерге айналса, не болар еді?
2 тапсырма. Суретте қиялдағы жануар бейнеленген. Ол қайда тұрады, немен қоректенеді, оның отбасы қандай, оның достары бар ма
мінезі қандай екенін сипатта. Қаласаң, оған ат ойлап тап.
3 тапсырма. Егер барлық адамдар сөйлесе алмаса не болады? Бұл жағдайда олар қалай қарым-қатынас жасайды?
4 тапсырма. Бір семіз адам ішіне ауа толтырылған шардың бірнешеуін сатып алды шарлар оны алыс аспанға ұшырып алып кетті. Мына суретке
мұқият қарап оған жерге түсу үшін не істеу қажеттігін ойлап тап.

Жетінші сабақ
1 тапсырма. Егер қасқыр тым қайырымды болғанда “Қызыл телпек” ертегісі қалай өзгерер еді. Суретін салып, әңгімелеп бер.
2тапсырма. “Золушка” ертегісінде асқабақ үйшік-арбаға айналып кетеді. Қалай ойлайсың асқабақты басқа неге айналдыруға болады?
Ол неге ұқсайды?
3 тапсырма. Егер сенің сиқырлы таяқшаң болғанда не істер едің?
Сегізінші сабақ
1 тапсырма. Қалада қатты боран болып ілініп тұрған жарнама бөренелері құласа не болады?
2 тапсырма. Көз алдыңа елестетші, сен сиқырлы кілем-ұшақта қызық әрі қиял елінің үстінде ұшып барасың. Онда ерекше не көретініңді әңгімелеп берші.
3 тапсырма. Шашылған нүктелер қандайда бір кескін немесе өрнек болатындай қосып көр.

Тоғызыншы сабақ
1 тапсырма. Өзіңді әлемдегі ең жақсы тәтті тағам даярлаушы деп елестетші. Золушканың туған күніне арналған мерекелік торттың рецептін ойлап тап.
2 тапсырма. Жаңа және өте дәмді кәмпиттер ойлап таптың делік. Оларға сен қандай ат ойлап табар едің? Ал орама қағазға қандай сурет салар едің? Бірінші кезекте өз кәмпиттеріңді кімге ұсынасың ? Оныншы сабақ.
1 тапсырма. Бір күні көлбақа, кірпі және әтеш үшеуі орманға жеміс-жидек пен саңырақұлақ теруге аттанды. Жолда олар төрт әр түрлі дөңгелек тауып алды. Достар алғашында қатты қуанды, арба соғайын деп ойлады, бірақ ешнәрсе шықпады. Олар қатты қапаланып әртүрлі дөңгелектерден не соғуға болатынын ойлай бастады. Достарыңа бір нәрсе ойлап табуға көмектес және суретін сал.
2 тапсырма. Дюймовочка суда өсетін алып гүлдің үстінде тұр.Төмендегі заттарды пайдаланып гүлден қалай түсуге болатынына көмектесуді ойланып көр (ұлу, қарлығаш, шарф, көбелек, нан).
3 тапсырма. Бір ұмытшақ суретші өзінің картинасын аяқтамапты. Сен қалай ойлайсың ол не салғысы келді. Суретшінің ойын жақсы бейнелейтіндей картинаны аяқта.
Он бірінші сабақ
1 тапсырма. Крокодил-Генаға, Жылқы-Горбункаға, Ақшақарға арналған театр костөмін ойлап тауып, суретін сал. Саған көбірек ұнайтын кейіпкерді таңда.
2 тапсырма. Сенің алдыңда әртүрлі театр бетперделері тұр. Қалай ойлайсың, қай ертегінің кейіпкерлері оны киеді?
3 тапсырма. “К” әрпіне басталатын бірнеше сөздер жаз.
Он екінші сабақ
1 тапсырма. Келесі сөздерді қолданып көптеген сөйлемдер жаз:
қала, автобус, адам, оқиға, қайық, теңіз, дельфин, құм.
2 тапсырма. Өз қалаңның орталығын кестеге сал және негізгі көрнекі жерлерге қалай өтуге болатынын түсіндір.
3 тапсырма. Сөз жұптары берілген: Әрбір жұп сөзге оларды ортақтастыратын үшінші сөзді табу қажет.
Мысалы: нан – қоян – ақ.
Ине – қазан
Доп - қарбыз
әйнек - жібек
4 тапсырма.
Суреттің астында бейнеленген заттарды пайдаланып, ашулы айдаһардың тұтқынынан ханшайымды құтқаруға ханзадаға көмектесе аласың.
Он үшінші сабақ.
1тапсырма.
Сен достарыңмен ойнағың келетін қызықты және керемет балалар алаңын ойлап тауып, суретін сал.
2 тапсырма.
Сен білетін көп мамандықтарды ата.
3 тапсырма.
Ертегі кейіпкерлері, біздің заманымызда болса, қандай мамандықты таңдап, кім болып жұмыс істер еді? Неліктен?
4 тапсырма.
Суретте бейнеленген заттарды топтарға бөл (жүзім, тышқан, лимон, қуыршақ, доп, раушан гүлі, қарбыз, түлкі, жіп, туфли, қоян, мысық, саңырауқұлақ, қарындаштар, күртеше, торт, нан, кілттер, орамал, балға, шегелер, пальто).
Ойын. 9 жастан.
Мақсаты: берілген ойында сыныптың психологиялық жағдайын жақсарту үшін купондар ойынға пайдаланады, бірақ бұл жолы ол басқаша жасалады. Купондар көмегімен балалар айналаны қоршағандарға қандай да болмасын, беруін сұранады. Балалардың арасынан кез-келген біреуі басқаға қайырымды жұмыс жасаса онда ол үшін купон алады. Осының арқасында балалар «алу» және «берудің» арасындағы айырмашылықты үйренеді.
Құралдар: Әрбір балаға бір көрсеткен қызметі үшін купон керек. Картоннан визитканың көлеміндей жолақ жасап, әрқайсысына жазыңдар. «бірі жағымды қызметі үшін, бірі жақсы қылығы үшін берілсін».
Купонды күліп тұрған бейнеде әшекелеуге болады. Егер сізге біреу жағымды жағдай жасаса қалай қарар едіңіз? Сіз оған алғыс айтасыз ба? Сіз оған жақсылыққа жақсылықпен жауап берер ме едіңіз? Сіз бір кезде біреуге бір қайырымды іс істеген кезіңізде не болып еді? Сізге рахметін айтты ма? Сіз ол үшін бір жақсы нәрсе жасадыңыз ба? Кейде бізге де қайырымды қызмет көрсетеді. Бірақ, айналадағыларымыз дәл қазір бізге жағымды нәрсе жасағанын керек ететінімізді әрқашан біле бермейді. Сондықтан өз тілегіңді айналадағыларға хабарлауды үйрену өте маңызды.
Мен әрқайсысыңа «бір қайырымды ісі үшін купон» дайындадым. Сіз бұны қай уақытта қаламадыңыз, бұл купонды партаның үстіне алып қоясыз ол дәл осы уақытта сізге көмек өте қажет немесе бір қайырымды іс керек екенінің белгісі. Сонда басқа балалар ол белгіні көріп, сізге қандай көмек беру керек екенін сұрайды. Сіздің сұранысыңызды орындаған сіздің купоныңызды алады. Ал сіз басқа біреуге, яғни сіздің көмегіңіз керек адамға көмек бергенше купонсыз қаласыз. Әр оқушыға бір купоннан беріңіз және оны ұқыпты сақтауын сұраныңыз. Балалардың арачсында өз купонын пайдаланатындар бар ма екенін сұраңыз.
саған басқа біреуден кез-келген нәрсе сұраған оңай ма?
Сен ешқандай көмек керек емес, ойлаған нәрсеңді өзің орындай алатының туралы не айтасың?
Сыныптағы басқа балалар сені әрқашан біреуге көмекке даяр деп айта алады ма?
Қайырымды іске қайырымды іспен жауап берудің қандай маңызы бар?
Баллада ой өрісінің дамуы. « Сөйлейтін заттар». 9 жастан.
Мақсаты: бұл жаттығу өзін бейнелеуде жанама бұл жағдайдың балалардың жарнамашылық белсенділігі артады. Сонымен бірге ойын жақсы . ол оны талқылауда балалар сынып тапсырмасының қайырымды байланыс алуға мүмкіндігі бар. Осындай жағдайда жаттығу барысында балалар өздері қауіпсіз жолмен өзінің тұлғасымен мінезімен әртүрлі жағдайда танысады.
Құралдар: қағаз және қалам әр балаға
Нұсқау: сіз сөйлейтін заттарды өзіңізге елестете аласыз. Сізде айналаңызды қоршаған заттар сізге бір нәрсе айтатын сияқты сезімде болмайсыз ба? Мысалға: теледидар «Мені қос мен сенің ішіңді пыстырмаймын» деп айтқысы келеді. Ал фуктбол добы «Жүр, менімен ойна. Сен менімен егістікте ойнағанда, өзіңді бұрынғыдан жақсырақ сезінесің» деп немесе велосипед «кәнеки, маған мін, мен сені Мақсат досыңа апарамын!» дейді. Ал есік айтады «Аш мені, ішке қара, сен көп нәрсені көресің» қосымша айтады..
Бір зат сөйлеп үйренеді деп ойлаңдар. Олар сендер туралы не айтар еді. Мына тізімнен үш зат таңдаңыздар және жазыңдар. Әрқайсысы сендер туралы не айта алар еді. Тақтағы мына заттар атауын жазыңдар:
Тіс щеткасы, автобус, пальто
Бәтеңке, шкаф, парақ
қалам сап айна, тамақ ішетін стол
төсек, телевизор, тарелка
велосипед, радио, қазақ тілі кітабы
сабын, жазу столы, лампа
футбол добы, жұмсақ ойыншық, үй жануары
осы заттарды бейнелейтін үш сурет салу үшін балаларға шамамен 20 минут уақыт беріңдер.
Одан кейін осы әр заттардың атынан балалар өз атынан сөйлем құрап оны жазу керек.
Ал енді төртке бөлініп бір-біріңнің суретіңді, әңгімелеріңді көрсетіңдер. Бұл жағдай туралы басқалар не ойлайтынын сұраңдар.
Жаттығу талдауы:
Өзіңе қандай зат таңдап алдың?
Заттар сен туралы не айтты?
Саған қайсысы көбірек ұнады?
Заттар сенің әлсіз жақтарың туралы айтты ма?
Саған кімнің әңгімесі өте қызық болды?
Мұғалім отырған орындық саған не айтар еді?
Жаттығу. « Міне, мен қандаймын!» 8 жастан.
Мақсаты: Бұл ойын оқу жылының басына жақсы , балалар өздеріне сыныптастарының шағын ортасында өздерін артық көрсетемін деп, қызығушылығын айтқанын елестетеді. Жоғары сынып оқушыларына толық жан-жақты ашып жауап беретін ашық сұрақтар көбірек келеді. Мұндай жағдайда олар өздері жауап бергілері келетін сұрақтарды құрауға болады. Мысалы. Осы жылы қандай сенің өміріңе бәрінен де не әсер етті? «Саған қашан оқыған ұнайды?», «Сенің дос болғың келген басқа адамдар қандай болуы керек?», «Үлкендермен қалай және қайсысымен араласқан қызығырақ және жеңілірек?».
Құралдар: әр балаға «Мен қандаймын?» анкетасының бір данасы керек.
«Мен қандаймын?» анкетасы.
Менің атым …..
2. Менің жасым ……
менің көзім …..
менің шашым ……
мен тұратын көше ……
менің сүікті тағамым ……
менің сүйікті түсім …….
Менің сүйікті жануарым …..
Менің сүйікті кітабым …..
Менің сүйікті теледидар хабарым ….
Менің көрген ең тамаша фильмім ….
Мен өзімнің ….. жақсы көремін.
Менің сүйікті ойынынм ……
Менің ең жақын досымның аты …..
Менің барғым келген ел ….
Мен бәрінене де …… жақсы істеймін.
Менің ағаларымның және әкпелерімнің аты …….
Менің ең негізгі мақсатым …..
Нұсқау: қазір мен тарататын акетаны оқуларыңызды сұранамын. Одан кейін оған жетпейтін сөздерді жазыңдар. Ал енді төртке бөлініп бір-біріңе не жазғандарыңды оқыңдар. Өз жауаптарыңды басқа балалардың жауабымен салыстырыңдар.
Жаттығуды талдау
Балалардың ішінде сенің пікірің кім-кіммен пікірлес?
Одан кейін оның жауабы өте қызықты көрінеді
Саған қай сұраққа жауап берген қиынырақ? 10 жастан.
Мақсаты: Сананың дамуына өз денесін қабылдау білімін және оның мүмкіндігі мен арақашықтығын түсінудің үлкен мағынасы бар. Бет адамның мінезін және ерекшелігін айқынырақ және күштірек көрсететін дене бөлігі болып табылады. Әрбір балаға өз бетін , беті қалай солай жақсы көруі өте маңызды. Бұл ойынның барысынды балалар өз бетіне көңіл бөлуді үйренуге болады.
Құралдар: қалта айнасы, қағаз және қалам әрбәр балаға.
Нұсқау: қызық, беттер не істейді маған айтыңдаршы. Сендер маған қызық беттерден мысал келтіре аласыңдар ма? Қызық беттер мен сұлу беттер арасындағы айырмашылық неде? Сұлу беттен көрі қызық бетті болудың маңызы неде? Егер барлық адамдар беттерін жауып тек көзін ғана көрсетіп жүрсе не болар еді? Өз бетімізбен біз айналамызға өзіміздің кім екенәмізді көрсетеміз. Сынып көмегімен өз сезімімізді және жан жағдайын көрсетеміз. Жеке бет пішіндер, мұрынның формасы немесе ауыз жанұяда ұрпақтан ұрпаққа берілуі мүмкін. Әрбір бет бірегей және қайталанбайды. Ол саусақ іздеріндей қайталанбас. Мен бірнеше қалта айнасын әкелдім. Олар арқылы өз беттеріңе ұқыптап қараңдар. Естеріңе маңдайдың формасын, көздің кесімін, қаспен мұрының формасын, ерін, иекті анықтап қараңдар.
Ал енді әрқайсысың бір парақ қағаз алыңдар және өз беттеріңді салыңдар. өтінемін оған өз беттеріңді жазбаңдар (10 минут).
Одан кейін барлық парақтарды жинап алыңдар да балаларға таратып беріңдер. Олар кімнің парағын алғанын білмесін. Ал енді отырыңдар да бес минут басқа қалған балалардың бетіне мұқият қараңдар. Енді әрқайсысың кезекпен өзіне берген қағазды қараңдар және кімнің келбеті туралы айтылғанын табыңдар. Әзірге барлығы қаралмайынша келбетті дұрыс таппағанын хабарламаңдар.
Барлық суреттеулер сыныпқа жиналғанша балаларға қай суреттеу кімге жататынын табу үшін 10 минут уақыт беріледі.
Жаттығуды талдау
Саған беттің қай бөлігін суреттеу қиынырақ болды?
Сенің бетіңнің қай бөлігі саған қызық көрінді?
Саған кімнің суреттеуі үлкен әсер қалдырды?
Саған оны табу оңай болды ма?
Ата-бабаларыңның қай бет бөлігі саған ұқсайды? Басқалары кімге тартқан?


Мына дөңгелектер қандай да бір суреттеме болатындай етіп суретті аяқта. Бірнеше дөңгелектерді бір суреттемеге біріктіруге болады.







Бастауыш сынып жасындағыларды тәрбиелеуге арналған бағдарлама.
Бағдарламаның мақсаты:
Балалардың адамгершілік қасиетін түсінудің негізін дамыту.
Балалардың адамгершілік қасиетті күнделікті өмірде қолдануын әдет, дағдыға айналдыруын тәрбиелеу.
Міндеттері:
Оқушыларды әртүрлі адамгершілік қасиеттермен таныстыру (қасиеттердің мағынасын ашу).
Адамгершілік қасиеттер негізінде оқушыларды өзін қоршаған адамдармен үйде, мектепте қарым-қатынас жасауға үйрету, (қалай және не үшін бұл қасиеттерді көрсету, білдіру керек).
Ата–ана және отбасы мүшелерін өнегелілікке тәрбиелеу ісіне тарту, баулу.
1 сабақ.
Міндеттері:
Мұғалім мен оқушылар арасында жылы қатынас тудыру.
Өнегелілік сабақтары жайында жалпы түсінік беру.
Оқушылардың адамгершілік қасиеттер туралы не білетінін анықтау.
Кіріспе:
Көңіл-күйді жағымды күйге келтіру, жайлы күй әуенін тыңдау.
Қысқаша өнегелілік сабақтарында олардың нені қалай оқитындарын айту.
Танысуға арналған ойын. Мысалы: бірінші оқушы өз атына атайды, екінші оқушы біріншісінің есімін қайталап, өз есімін қосып айтады. Үшінші оқушы алғашқы екеуінің есімімен қоса өз есімін айтады, сөйтіп жалғаса береді. Соңғы оқушы барлығының есімін қайталап, өз атын айтумен аяқтайды.
Негізгі бөлім:
Адамгершілік қасиеттері туралы әңгіме жүргізу. Мыналар жайында сұхбаттасуға болады:
А) қандай жақсы мінез-құлықтар қасиеттері балаларға белгілі.
Б) қандай адамдар ұнайды, қандай ұнамайды және неліктен?
“Ауызша волейбол” ойыны (балалар бір-біріне допты беріп жібереді де сол мезетте кез-келген жақсы сөздерді айтады: мысылы, апа, балмұздақ, әдемі, қуыршақ, жәнет.б.)
Дәйексөзді жаттау: “Адамзат әлемін әрқайсыларың жарқыраған шам тәріздес өнегелі қасиеттеріңмен нұрландырыңдар”.
А) Түсініксіз сөздерді түсіндіру және дәйексөздің мағынасын ашу (сөздерді рет-ретімен есте сақтап қалу).
Қорытынды бөлім:
Сурет салу: айтылған дәйексөзден түсінгенін суретке салу.
Үй тапсырмасы: ата-ана немесе басқа да отбасы мүшелерімен бірге дәйексөзді жаттау.
2 – сабақ.
Тақырыбы: Шыншылдық.
Міндеттері:
Балаларға шыншылдық туралы түсінік беру.
Осы қасиетті күнделікті өмірде қолдануын үйрету.
Кіріспе:
Күй сазында шыншылдық туралы әңгіме тыңдау:
Бір Нұргүл деген қыз болыпты. Ол анасын өте жақсы көреді және әрқашан оған көмектеседі. Бір күні Нұргүл ыдыс – аяқты жуып жатып, анасының жақсы көретін шынысын сындырып қояды. Анасы ұрсады деп, оның келуін қорқа күтеді. Нұргүл шыншыл бала еді, шындықты айту қаншалықты қиын болса да ол өзінің ыдысты байқаусызда сындырып алғанын мойындап, шынын айтты. Шындықты жасырмай айтқанына анасының риза болғанына Нұргүл таң қалды. “Ештеңе етпейді” – деді анасы, - “біз жаңа ыдыс сатып ала аламыз, бірақ, менің адал, сенім арта алатын қызым бар екеніне көзім жетті.”
Негізгі бөлім:
Шыншылдық туралы әңгіме жүргізу. Мыналар жайында сұхбаттасыңдар:
А) шыншыл болу деген не?
Б) не үшін шыншыл болу керек?
В) шыншылдық нені білдіреді?
Шыншылдық сөздің ақиқаттығы және сөзбен істің бір жерден шығуы, ешқандай жағдайда жалған, өтірік сөйлемеу. Шыншылдық, адалдық – бұл шындық пен жалғандықты айыра білу қабілеті, жалған сөзге ілесіп кетпеу. Адамдар алдында және өз арыңның алдында шыншыл болу.
“Бүлінген телефон” ойыны. Бір пікір сөзді мұғалім бір баланың құлағына сыбырлап сол пікірді қайталайды, солай жалғаса беріп, барлық балаларға жеткізіледі. Ең соңғы оқушы пікір сөзді естіртіп дауыстап айтады:
“Мен әрқашан және барлық жерде тек қана шындықты айтамын”.
Дәйексөзді жаттау: “Шындық барлық адамгершілік қасиеттердің негізі”.
А) түсініксіз сөздерді түсіндіру және дәйексөздің мағынасын ашу.
Б) дәйексөзді жаттап алу.
Қорытынды бөлім:
Сурет салу: Нұргүл жайында әңгімені суретке салу.
Үй тапсырмасы: Ата-ана немесе басқа да отбасы мүшелерімен бірге сабақта өткен дәйексөзді жаттап алу.
3 сабақ.
Тақырыбы: Шыншылдық (бекіту).
Міндеттер:
Шыншылдық туралы алынған білімді бекіту.
Балалардың осы қасиетті қаншалықты менгергенін анықтау.
Кіріспе:
көңіл-күйді жағымды күйге келтіру; күй сазында мұғалім балалардан келесі сөзді іштерінен қайталауды сұрайды: “Мен шыншылмын. Мен әрқашан тек шындықты ғана айтамын. Мен ешқашан ештеңені еселеп сөйлемеймін. Мен шындыққа тура көзбен қарай алмаймын. Маған сенім білдіруге болады. Мен тек қана шындықты айтамын.”
Негізгі бөлім:
Құлықтық жағдайды шешу (балалардан әртүрлі жағдайда не істейтінін сұрау):
А) Сен мектепте нашар баға алдың. Егер сен шыншыл болсаң, анаңа ол туралы айтасың ба?
Б) Сен иттен қорқып қашып кеттің. Осы оқиға туралы достарыңа әңгімелеп бергенде, сен өзіңнің батылдығыңды көрсеткің келеді. Бірақ сен шыншыл болсаң, осы жағдайда не істер едің?
В) Сен мектепке әдемі салынған сурет әкелдің, ал мұғалім сені мақтап, саған егер суретті өзің салған болсаң “бес” қоямын деді. Бірақ сен суретті салуға үлкен әпкең көмектескенін білесің. Сен егер шыншыл болсаң, не істер едің?
Тексеруге арналған тест “Жетістікке жеткізетін адамдар”, (“Адам шыншыл болып есептеледі ме, егер …?” – балалар “иә” не “жоқ” деп жауап беруі керек):
А) әрқашан тек шындықты айтса;
Б) өзінің кемшіліктерін мойындаса;
В) өзінің пайдасына керек болса ғана шындықты айтса;
Г) біреулер сенің досыңды жамандаса, ал сен жамандағандарға елікпей, досыңа сонда да әділ қарайсың;
Д) болмаған нәрсені ойдан шығарып алып, оны шындық десе;
Е) өзін жазаласа да шындықты айтса;
“Бұзылған телефон” ойыны. Мына пікірді телефоннан өткізу: “Сенің маған сенуіңе болады – мен тек шындықты айтамын”.
Дәйексөзді қайталау: “Шындық – барлық адамгершілік қасиеттердің негізі”
“Ауызша волейбол” ойыны – (допты бір-біріне берген кезде балалар дәйексөздің келесі сөзін айтулары керек).
Қорытынды бөлім:
Балалармен бірге бір ән жаттау.
Үй тапсырмасы: Ата-ана не басқа отбасы мүшелерімен бірге сабақтағы дәйексөзді қайталау.
4 сабақ.
Тақырыбы: Әділеттілік. әділдік.
Міндеттер:
Әділдік туралы оқушыларға түсінік беру.
Осы қасиетті күнделікті өмірде өмірде қолдануын үйрету.
Кіріспе:
Жақсы күй сазында әділдік туралы ертегі тыңдау:
Баяғы өткен заманда бір патша өмір сүріпті. Оның үш ұлы болыпты. Уақыт жетіп, патша қартайыпты. Сонда патша өз ұлдарын шақырып алып былай депті:
менің сүйікті балаларым, маған барлығың да бірдей қымбатсыңдар, бірақ тәжді біреуің ғана тағуларың керек. Сендер қалай ойлайсыңдар, қайсыларыңа мен бүкіл патшалығымды беруім керек?
Мен патша болуым керек, - дейді үлкен ұлы, - өйткені, мен үлкенмін.
Жоқ, мен патша болуым керек, - дейді ортаншы ұлы, - өйткені, мен ержүрекпін.
Ал, кіші ұлы ойланып, былай дейді:
Біз патшалықты әділетті түрде тең бөліп алуымыз керек.
Патша күлімдеп былай дейді:
- Балаларым менің, сендердің әрқайсысыңда қабілеттілік бар, үшеуіңде елбасшысы болуға лайықтысыңдар. Мен патшалықтың байлығын үшеуіңе тең бөліп беремін, бірақ патшалықты кіші ұлым билейді, өйткені, ол патшаға керекті ең маңызды қасиетке ие, ол әділеттілік.”
Негізгі бөлім.
Әділеттілік туралы әңгімелесіңіздер. Келесі сұрақтар бойынша сұхбаттасыңдар:
а) Әділеттілік деген не?
Б) Не үшін әділетті болу керек?
В) Қалай әділетті болуға болады?
Әділетті болу деген, ешкімнің сөзіне еліктемей, шындыққа сүйене отырып, ешқандай жағдайға қарамастан дұрыс, адал көзқараста болу. Әділеттілік деген - әрбір адамның істегеніне қарай тиісті үлес алуы, еңбегінің лайықты бағалауы. әділ болу деген - өзінің де өзгенің де сөзін қорғай білу.
“Жағдайлы волейбол” ойыны. (Жүргізуші – мұғалім әділдік пен әділетсіздікті көрсететін жағдайларды айтады, сол арада дұрыс жауапқа бала допты қағып алмайды). Осыған ұқсас жағдайлар ұсынылады:”Сенде бауырың, менде қарындасым бар. Қарындасыңа сен ылғи кәмпит бересің, ал бауырыңа бермейсің. Осы әділ ме?”. Сен сабақты оқып келмедің сол үшін мұғалім саған екілік қойды. Бұл әділ ме?”.
Дәйексөзді жаттау: “Әділеттілік жолмен жүр, өйткені ақиқаты сол, бұл ең сенімді жол”.
А) түсініксіз сөздерді түсіндіру және дәйексөздің мағынасын ашу,
Б) дәйексөзді жаттап алу.
Қорытынды бөлім:
Мұғалім балаларға достық бейбітшілік, сүйіспеншілік жайында ән жаттату.
Үй тапсырмасы: үйдегілермен дәйексөзді жаттау.
5 сабақ.
Тақырыбы: Әділеттілік (бекіту).
Міндеттер:
Әділеттілік туралы алған білімді бекіту.
Балалардың осы қасиетті қаншалықты меңгергенін анықтау.
Кіріспе:
көңіл-күйді жағымды күйге келтіру: күй сазында мұғалім балалардан келесі сөздерді іштерінен қайталауды сұрайды: “ Мен әділеттімін. Мен ненің жақсы, ненің жаман екенін айыра аламын. Мен үшін барлық адамдар тең, барлық адамдарға дұрыс ниетпен, көңілмен қараймын. Мен әділдік жолымен жүремін”.
Негізгі бөлім:
Құлықтық жағдайдың мәнісін ашу (әртүрлі жағдайда балалардың не істейтінін сұрау:
а) сенің парталас көршің алдында отыратын қыз балаға тиісе берді. Қыз бала артына қарап сенің көршіңе тыныш отыр дей бергені үшін мұғалім оған ұрысты. Ал сен бәрін көріп отырсың. Егер сен әділ болсаң, не істейсің?
Б) Үлкен бала сенің досыңды ренжітті. Сен әділ болсаң не істейсің?
В) Үйіңе қонаққа достарың келді. Сен әділ болсаң олармен тортты қалай бөлісесің?
Тексеру тесті: “Жетістікке жеткізетін қадамдар”, (“Адамды әділетті деуге бола ма, егер …?):
А) басқалардан ерекше балаға сыныптағылар ызаландырып тиіссе;
Б) ешқашан басқаларды жамандамаса;
В) ненің жақсы, ненің нашар екенін айыра алса;
Г) егер әлсізді біреу ренжітіп, жатқанда оған ара түспесе;
Д) әрқашан өзінде барды тең бөліссе;
Е) Істегеніңе лайықты жаза алуға дайын болса.
“Алыптар мен ергежейлілер” ойыны. Мұғалім кезекпен “Ергежейлі” не “Алып” дейді. “Ергежейлі” дегенде балалар отырады, “алыптар” дегенде тұрады. Мұғалім сөздердің орнын ауыстырып отырады, сондықтан балалар өте мұқият болулары керек.
Дәйексөзді қайталау: “Әділеттіліктің жолымен жүр, өйткені ақиқаты сол, бұл ең сенімді жол”. “Ауызша волейбол” ойыны. (Допты бір – біріне бере отырып балалар дәйексөздің әрбір келесі сөзін айтады).
Қорытынды бөлім: жаттаған әнді қайталау.
Үй тапсырмасы: үйдегілермен бірге сабақтағы дәйексөзді қайталау.
6 сабақ.
Тақырыбы: Сыпайылық . Ізеттілік.
Міндеттер:
Ізеттілік туралы түсінік беру.
Осы қасиетті күнделікті өмірде қолдануын үйрету.
Кіріспе:
Күй сазында ізеттілік туралы ертегі тыңдау:
Ертеде өте алыс елде бір қала болыпты. Бұл өте бір мұңлы қала еді, өйткені онда не күн жарқырамаған, не бақшалар гүлдемеген, не гүлдері бүршік атпаған. Кісілердің жүздері жабыраңқы, қайғылы, ал келесілері, жылап жүреді екен, өйткені аналары оларды еркелетіп, жылы да мейірімді сөздер айтпайтын. Өмірлері қуанышсыз еді. Күндердің бір күнінде бұл қалаға үрлеме шармен бір ақылды сиқыршы ұшып келеді. Ол өте бір биязы сыпайы еді. Ол қаланың көшелерімен өтіп жүріп, барлық кісілерге мынадай сиқырлы сөздер айтады: “рахмет”, “өтінемін”, “рақым етіңіз”. Оның сөздерінен адамдар күлімдей бастады. Адамдар биязы, сыпайы, ізетті бола бастағаннан кейін, олар күннің жарық шашқанын, бақшалардың гүлденгенін, гүлдердің бүршік атқанын көрді.
Негізгі бөлім:
Сыпайылық туралы әңгіме жүргізіңіздер. Мыналар жайында сұхбаттасыңыздар:
а) Ізеттілік деген не?
Б) Неге ізетті болу керек?
В) Қалай ізетті болуға болады?
Сыпайылық деген ол өзіңді өзің ұстай білу және жақсы мәнерге ие болу, сүйіспеншілік танытып әрі ескерте білу. Адамдар мен қарым-қатынас жасағанда, олар сенен қамқорлық, құрмет көрсеткеніңді сезініп тұру қажет. Шын мәніндегі ізеттіліктің түйіні тек қана елдің ішінде сыпайы болу емес, үйде де, достармен де, барлық жерде де, кез-келген уақытта да, сондай болу.
“Сиқырлы сөздер” ойыны (мұғалім кез-келген өтініш айтады, ал оқушы оны әдепті түрде айтуы керек, мысалы, “Айнаш, дәптерді бер", -”Айнаш, өтінемін, дәптерді берші".
Дәйексөз жаттау: “Ізеттілік – адамгершілік қасиеттердің анасы”.
А) Дәйексөздің мағынасын ашу, ізеттілікті неге анамен теңейтінін түсіндіру.
Б) Дәйексөзді жаттап алу.
Қорытынды бөлім:
Сурет салу. Ізеттілік жоқ болған қаланы суретке салу. (сиқыршы қалаға келгенге дейін).
Үй тапсырмасы: үйдегілермен бірге дәйексөзді жаттау.
7 сабақ.
Тақырыбы: Ізеттілік. Сыпайылық. (бекіту).
Міндеттері:
Ізеттілік туралы алған ілімді бекіту.
Осы қасиетті балалардың қаншалықты меңгергенін анықтау.
Кіріспе:
Көңіл-күйді жағымды күйге келтіру: күй сазында мұғалім келесі сөздерді іштерінен қайталауды сұрайды: “Мен сыпайымын. Мен әрқашан барлық адамдарға сиқырлы сөздерді айтамын. Мен достарымды өзімнен артық көремін. Мен әрқашан барлық адамдарға ықыласпен қараймын, әрдайым ізеттілікті қайда болмасын көрсетіп жүремін.”
Негізгі бөлім: құлықтық жағдайды шешу (әртүрлі жағдайда балалар не істейді): а) сен автобуста отырсаң, аялдамадан қарт адам автобусқа кіреді. Сен ізетті болсаң не істер едің?
Б) Әкең менің сынған ойыншығыңды жөндеп берді, ал, анаң дәмді тағам дайындады, сен сыпайы болсаң, не істер едің?
В) сенің парталас көршің сенен дөрекі түрде сызғыш сұрады. Егер сен сыпайы болсаң, не істер едің?
тексеруге арналған тест “жетістікке жеткізетін қадамдар” (“Адам ізетті болып санала ма, егер …?” балалар “иә” не “жоқ” дейді).
А) әрдайым көршісімен амандасса;
Б) басқалар әңгімелесіп жатқанда сөзді бөлсе;
В) телефонмен мәдениетті сөйлессе;
Г) басқалар кіргенде, есікті ұстап тұрса;
Д) өтінбей, әрқашан талап етсе.
“Сиқырлы сөздер” ойыны.
Дәйексөзді қайталау: “Ізеттілік – адамгершілік қасиеттердің анасы”.
Сурет салу: Сиқыршы келгеннен кейінгі қаланы салу.
Үй тапсырмасы: үйдегілермен бірге дәйексөзді қайталау.
8 сабақ.
Тақырыбы: Мейірімділік. Қайырымдылық.
Мейірімділік туралы балаларға түсінік беру.
Күнделікті өмірде осы қасиеттерді қолдануға үйрету.
Кіріспе: 1. Күй сазымен мейірімділік туралы әңгіме тыңдау:
Бір мазасыз балапан өмір сүріпті. Күндердің күнінде ол анасынан “Мейірімділік деген не?” – деп сұрапты. “Сен әлі кішкентайсың. өскеннен кейін түсінесің.” – дейді анасы. Бірақ, балапан шыдамсыз еді. Ол жауапты тезірек білгісі келіп, жолға шығады. Жолда ол жылап жүрген ешкіні кездестіреді,ол балапаннан жоғалып кеткен лағын тауып алуға көмектесуін сұрайды. “Менде уақыт жоқ” , деді балапан,-мен мейірімділіктің не екенін білуім керек” – дейді де, әрі қарай жүгіріп кетеді. Шалғайдан қыз баланы кездестіреді, ол ағашқа ілініп қалған шарды ала алмай жүреді. “Балапан, маған шарды алуға көмектесіп жіберші,” дейді. “Менде уақыт жоқ, мен мейірімділіктің не екенін білгім келеді” дейді балапан. “Мен мейірімділік не екенін білемін” дейді қыз. “Онда маған оның не екенін айтшы,” дейді балапан. “Бірінші сен шарды алып бер” балапан ұшып барып шарды алып береді. “Мінекей, сен қайырымды іс жасадың. Мейірімділік деген осы.” “Қандай оңай?” – деп таң қалды балапан.
Негізгі бөлім: мейірімділік туралы сұхбат жүргізіңіздер.
Мына жайында әңгімелесіңіздер:
А) мейірімділік деген не?
Б) неге мейірімді болу керек?
В) қалай мейірімді болуға болады?
Мейірімдіии лік – ол басалардың игілігіне қамқор болу. Қайырымды болу – жердегінің бәріне қамқорлық жасау дегенді білдіреді. Мейірімділік адамдармен, табиғат және жан-жануармен қарым-қатынаста байқалады, айқындалады. Мейірімді болу адамдарға қамқорлық жасау және де қоршаған ортаға, өзіңе жасаған артық болмаса, кем қамқорлық жасамау.
“Құпиялы қасиет” ойыны. (Барлық балалар бір шеңберге тұра қалады да, қолдарын алдына қарай, алақандарын бір-біріне тигізіп созады. Мұғалім қолында, мейірімділік қасиетін білдіретін белгі ретінде тиін, монета ұстап тұрады. Мұғалім екі алақандарының арасындағы тиынды балалардың алақандарына салғандай тигізеді де былай дейді:”Алма мейірімді”, “Азат мейірімді” және т.б.
Балалардың әрқайсысы өзінің алақанына тиінді салғандай алақанын жабады. Мұғалім шынында тиынды бір оқушының алақанына салады. Мұғалім барлық балаларды шеңбер бойымен аралап өткенде, балалардың біреуі тиын кімде екенін шешуге тырысып былай дейді:”Алма өте мейірімді”. Сонан кейін Алма алақанын ашады да, тиын бар ма, жоқ па екенін көрсетеді. Балаларға тиынның кімде екенін табуға үш рет мүмкіндік беріледі.
4. Дәйексөзді жаттау: “Сөз жүзінде ғана емес, шынымен мейірімді болыңдар.”
А) таныс емес сөздерді түсіндіріп, дәйексөздің мағынасын шешу.
Б) дәйексөзді жаттап алу.
Қорытынды бөлім:
Балалармен қойылатын “Мазасыз балапан” көрінісіне дайындық.
Үй тапсырмасы: үйдегілермен бірге дәйексөзді жаттап алу.
3-тарау. Жеткіншек жас кезеңіне арналған психокоррекциялық жаттығулар.
5 сыныпта оқудың басталуы – баланың мектептегі өмірінің ерекше кезеңі. Әрбір оқушы алдында оқудың әдеттегі емес шартына бейімделуге тура келеді: көптеген оқу пәндеріне, жаңа пәндерге және т.б. Бесінші сыныпта жоғары мазасыздану, сабақ үлгерімінің төмендеуі, мінез-құлқындағы мәселелер көрініс табады. Мұнан өзге балалар жеткіншек шаққа жеткенде “қиын” жас жақындайды. Іс-әрекеттің жетекші түрі тұлғааралық қатынас болса, ең негізгісі оқу болып қалады. Бұл бесінші сыныптардың бастан өткізетін ішкі қақтығысының бір себебі.
Сіздерге ұсынылған “Мен және Біз” тренингтік сабақтары бесінші сыныптағы оқушылардың бейімделу кезеңінде көмек көрсетуге шақырады, олардың қобалжуын төмендету, сонымен бірге айналадағылардың қолдауын пайдалануға үйрету, өзгелерге көмек көрсете білу, өздерінің күшті және әлсіз жақтарын көре білу, өзін қабылдай білу және жетілдіру.
1 сабақ. Кел, танысайық!
Мақсаты: психологиялық тренинг ережелерімен танысу, топтағы өзара әрекеттестік тәсілдерін талқылау, қоштасу салтына дағдыландыру.
Міндеттері: психологиялық тренинг туралы білімін қалыптастыру; психотренинг ережелерін талқылау және қабылдау.
Қажетті құрал:
Доп және жұмсақ ойыншық, қағаздар, сонымен бірге “Бізге ерекше қажет”, “Психологиялық тренингтер” деген сөздер көрнекі қатты қағазда жазылады.
Сабақтың жүргізілуі.
Кіріспе бөлім.
Жетекші әдеттегі танысудан кейін қатысушылардан “Адам есімі және қасиеттері” жаттығуын орындауды ұсынады: қатысушылар шеңбер бойына отырады (барлық тренингтер шеңбер бойында өткізілгені дұрыс) да допты бір-біріне лақтырып атын атайды немесе өзінің бойындағы жақсы қасиетінің бірін, есімінің бірінші әрпіне сәйкес келетіндей етіп айтады. Мысалы; “Жанерке – жайдары”. Бұл жаттығуда “қар ұлпасы” тәсілімен де жүргізуге болады. Әрбір қатысушы оған дейінгі барлық өзінің есімі мен жақсы қасиетін қосып айтады. Мысалы: “ ақкөңіл Айым, жайлы Жанерке, фантазер Фатима”. Келесі адам осы айтылғандармен өзінің есімі мен жақсы қасиетін байланыстырады.
Жетекші аталған сапаларға көңіл аудару мен бірге олардың әртүрлі екендігін, бірақ, алда ортақ іс күтіп тұрғанын жеткізеді. Мұнан кейін жетекші сұрақ қояды: ортақ жұмысымыздың табысты болуына қатысушылардан не қажет?
Пікірталасты қорытындылай келе жетекші қатысушылардан белгілі ереже сақтау қажеттігіне түрткі боларлықтай ой салады. Үстел үстінде, тақтада, шеңбер ортасында “Бізге ереже қажет” сөзі жазылған қағаз болуы қажет.
Ережелерді жетілдірмес бұрын қатысушыларға психологиялық тренингте немен айналысу қажеттігін түсінуді жетекші айтып өтеді. Мұнан кейін сұрақ жауап түрінде пікір талас өтеді (бір-бірін бөлмей кезекпен өз ойын ортаға салу). Оқушылар сабаққа не үшін барады?
Сабақта мінез-құлық ережесі бар ма? Ол неден құралған? Біздің бүгінгі кездесуіміздің сабақтан не айырмашылығы бар?
Психотренингтегі мінез -құлық ережесінің сабақтағы мінез -құлық ережесінен айырмашылығы бар ма? Қалай ойлайсыздар психотренингте біз не істейміз? (ең қызық ойды жазып қою).
Негізгі бөлім.
Жетекші барлық қатысушылардың пікір таласта өз ойларын еркін түрде айтылғаны мен кезектесіп сөйлегендерін салыстырады. Жетекші қатысушыларға бір-бірімен қарым-қатынаста қайсысы тиімді болғанын бағалауды ұсынады, екінші нұсқаның ыңғайлылығына көңіл аудартады. Қатысушылар екінші нұсқаның артықшылығына көз жеткізуі үшін “Менің мекен – жайым” жаттығуын орындауларына болады: барлығы бір уақытта өздерінің мекен-жайын атаулары тиіс, сонымен бірге әрбір қатысушының жауабын айналадағылар естуі қажет. Жетекші мұнан кейін қатысушыдан бөлменің екінші шетіндегі бір оқушының мекен – жайын қайталауды сұрайды. Қысқаша талқылаудан кейін ақпаратты түсінбеу себебі болған “ережені қалыптастыру” бір-бірін бөлмеу. Ары қарай пікір-таластан кейін екінші ереже – сөйлегенде бір-біріне кедергі жасауға болмайды.
Жетекші тренингте түрлі өмірлік мәселелер талқыланатынын, әр адамның жеке пікірі болатынын айтады. Сұрақ қойылады: “Әрқайсыларыңыздың пікірлеріңіз бір болуы мүмкін бе?” Тренингте дұрыс, дұрыс емес деген жауаптар мен пікірлер болмайды. Егер қатысушылар бір-бірімен бәсекелесіп қалса да олар ренжіспеулері қажет.
Үшінші ереже қатынасты – бір-біріне тіл тигізуге, балағаттауға болмайды.
Жетекші үш жазу жазылған қағазды көрсетеді: “Бір- бірін бөлуге болмайды”, “Бір – біріне кедергі жасамау”, “Бір-біріне тіл тигізбеу”. Ереже өте көп болуы мүмкін, бірақ негізгілері жазылды, қалай ойлайсыздар олар дөрекі естілмейді ме? Неге? Бәлкім ережелердің дөрекі естілуі “болмау, жасамау, тигізбеу” сөздерінің қолданылуында болар. “Болады” деген сөзбен қалай алмастыруға болатынын ойланайықшы.
Талқылаудан кейін жетекші өз нұсқасын ұсынып көреді, әр ереже бөлек параққа жазылады.
“Егер сенің сөзіңді ешкім бөлмей тыңдаса, сенімді болуға болады”.
“Қатысушылардың ешқайсысына кедергі келтірмейтіннің барлығын жасауға болады”.
“ Ешкімнің саған тіл тигізбеуіне сенімді болу”.
Талқылаудан кейін ереже кез-келген тәртіппен орналастырылады. Олар жоғары жағында “психологиялық тренингте” деген жазуы бар ватман қағазында жазылуы мүмкін. Қатысушылардың бірі дауыстап оқиды. Осы сәттен бастап ереже тренинг өткізілетін бөлмеде ілініп тұрады. Алынған тәжірибені түсіну, ой қорытындысын жасау. Жетекші бірінші сабақ бойынша алған әсерлерімен алмасуды ұсынады. Бұл үшін “менің көңіл-күйімнің түсі” жаттығуы орындалады. Қатысушылар шеңбер бойына жайғасып, бір-біріне допты немесе ойыншықты жалғай отырып өз көңіл-күйін қандай түспен ұқсататынын айтады. Мұнан кейін жетекші сабақтың аяқталып қалғанына қоштасу уақытына көңіл бөлуге аударады. Адамдар бір-бірімен неге қоштасады? Талқылау кезінде жетекші балалардың ережелерді сақтауына түрткі салады, қоштасу салтын ойлап табуды ұсынады. Талқылаудан кейін келесі нұсқаны ұсынуға болады, барлығы шеңберде тұрып, бір-бірінің қолдарын ұстап, бірге “Сау болыңыздар!” деп айтады. Қатысушылар соңғы буынында қолдарын жоғары көтеріп шеңбердің ортасына бір қадам жылжиды. Осылай бірнеше рет қайталанады.
Үй тапсырмасы.
Жетекші тренингте амандасу салтының қалыптаспағанын және қалай амандасуға болатынына көңіл аударады. Бұл туралы үйде ойланып келуді ұсынады.
Жетекшіге ескерту.
Кіріспе бөлімінде талқылауда бөлме шулы болып еркін түрде өтуі тиіс. Қатысушылардың тыныштықты сақтауына ескерту айтудың қажеті жоқ, бір уақытта сөйлеп бір-бірін естімей жатса, өздері қолайсыздықты сезінеді.
2 сабақ.
5 сынып дегеніміз не?
Мақсаты:
Бейімделу мәселелерін алдын-алу: ішкі қорды (ресурсты) жұмылдыру, өзіне және өзгелерге қолдау көрсете білу.
Міндеттері:
Бірінші сынып оқушысының жаңа әлеуметтік мәртебесін бастауыш мектеп оқушысының мәртебесімен салыстыруын дамыту; өз мүмкіншілігіне қатынасты жағымды қалыптастыру, сонымен бірге туындаған қиындықтарды жеңе білу және өзгелерге қолдау көрсету; өзін қолдау көрсетуге топтың мүшесі ретінде ойлауға көмектесу.
Қажеттіқұрал:
Ватман қағазға “Мектеп жолы” суреті, жұмсақ ойыншық немесе доп.
Сабақтың жүру жолы.
Кіріспе бөлім.
Әдеттегі танысудан кейін “Ұжымдық есеп” ойыны өткізіледі. Қатысушылар бастарын жерге қаратып, бір-біріне қарамай шеңбер бойына тұрады. Натуралды сандар ретін кезекпен атаулары және аса жылдамдықпен үлкен санға жетулері тиіс. Оның үстіне үш шарттың орындалуы қажет: қатысушыларға есепті кім бастады және келесі санды кімнің атауы белгісіз; бір қатысушы екі санды қатар атауға болмайды, есеп 1 санынан басталады. Қандай да бір тәсілмен өзара келісімге тыйым салынады. Топ ұйымшыл болса, соғұрлым үлкен санға жетеді. Ойын аяқталғаннан кейін жетекші “Кімде кім” жаттығуын орындауды ұсынады: егер кімде кім тәттіні жақсы көрсе, бір қадам алға шығады, егер кімнің мысығы болса, ол қолын көтерсін, егер кімде кім футбол ойнауды ұнатса, отырсын,т.б.
Жаттығу аяқталғаннан кейін барлығы бір-бірінің қолынан ұстау ұсынылады.
Қатысушылардың бірі өткен сабақта қабылданған тренингтегі мінез-құлық ережесін оқып шығады. Жетекші қажет болса, қандай да бір ережелерді қосуына болатынын айтады, бірақ қаншалықты ереже көп болса, оны сақтау күрделі болады.
Өткен сабақтағы қабылданған ережелер жеткілікті түрде кең тараған, тренингте кездесетін барлық мүмкін болатын жағдайларды қамтиды. Жетекші мұнан кейін сәлемдесу салтын қабылдауды еске түсіреді.Талқылау барысында адамдар бір-бірімен не үшін амандасатыны және сәлемдесу ишарасында сөздердің мағынасы неде екендігі түсіндіріледі.
Егер қатысушылар сәлемдесу нұсқасын ұзақ уақыт таңдай алмаса, жетекші келесі түрін ұсына алады. Барлығы шеңберде тұрады, сол қолының алақанын жоғары қаратып, оң қолының алақанын төмен қаратады, әрқайсысы өз қолдарын көршілерінің қолдарымен ұстасады, барлығы бірге, “ Сә-ле-мет-сіз-бе” деп айтады. Соңғы буынында алақандарымен шапалақтайды.
Тақтаға немесе шеңбер ортасында “Мектепке жол” суреті бекітіледі. Онда тау бейнесі салынған, сол жағы биік асулар түрінде кескінделген. Бұл 1,2,3,4 сыныптар. Олар жетуге жолы қиын тау кемері түрінде бейнеленген. Мұнан кейін жазық жер телімі кескінделген: 5-6 сынып шағын өр, 7 сынып - едәуір көз шаларлық шың, 8-9 сыныптар жайпақ өрдің басталуы, 10-11 сынып - тау шыңы. Сыныптар арасы бірдей, оларды жолаушылармен немесе тіл (стрелка) арқылы көрсету қажет.
“Мектеп жолы” суреті.
Қатысушыларға осы сызықтың ішінен қазіргі өз орнын табу ұсынылады. Жетекші балалардан өздерін жолаушылар есебінде иықтарында ауыр жүк бар екенін елестетуі қажет. Олар жолдың ең қиын да күрделі бөлігінен өтті, ортасына жетіп, дем алуды шешті.
Жолаушылар дем алу кезінде не айтады? (өткен жолды еске түсіріп, алдағы жолды ойластырады). Жүрілген жолда не еске қалды? Қандай қиындықтар кездесті? Оларды жеңуге не көмектесті? (қатысушыларға келесі сөз тіркестерін жалғастыруды ұсынуға болады, “Кіші сыныпта маған ең есте қалғаны …”).
Барлығы шеңбер бойынша допты немесе ойыншықты бір-біріне жалғай отырып айтып шығады. Жетекші барлық қатысушылардың жеткілікті түрде үлкен мектептік тәжірибелері бар екендігіне көңіл бөледі, сондықтан алдағы жолдар жеңіл болуға тиіс екендігін атап өтеді. Ол қандай болады? (“Бесінші сыныпта … болғанын қалаймын”).
Балалар әңгімелеріндегі құлшынысты, жаңа серпілісті күткен әңгімелерді ескеру қажет.
Жетекші мектеп өмірінде 5 сыныпқа көшуге байланысты қандай жаңалықтар пайда болғаны туралы әңгімелесуді ұсынады. Айтылған әңгімелерді жинақтап келесі сұраққа жауап беруді өтінеді:
“5 сыныпта барлық пайда болған жаңалықтар қызық па, әлде қиын
ба?” Оқушылардың әңгімесінен кейін 5 сыныптағы оқу қиын әрі қызық іс деген ойға жетелейді. Оның үстіне әрбір бесінші сынып оқушысының жеткілікті түрде қиындықты жеңуге тәжірибесі бар.
(Сіздер жарты жолды жүріп өткен тәжірибелі жолаушысыздар!…)
Негізгі бөлім.
Жетекші қатысушылар назарын “Мектеп жолы” бөлігіндегі 5 сыныппен 9 сынып арасы бұл ең маңызды жер тарауы: “Негізі мектеп звеносы” деп аталады. “Негізі звено дегеніміз не?” қатысушылар қалауымен бір-біріне допты беріп өз ойларын айтып шығады. Жетекші балалардың “Мектеп жолында” негізгі бөлімдегі қиындықтарды жеңіп шығуды қолға алғандарына көңіл аударады. Тәжірибелі саяхатшылар қандай да бір қиын жолды жүріп өту үшін нені ұстанады? (жолаушылар өздеріне сенімді дос таңдады ма, достарына немен көмектесе алады?) жетекші 5 сыныптағыларға өздерімен бірге қандай жүк алып жүру қажеттігін айтуды ұсынады
( білім, мектеп өмірінің тәжірибесі). Мұнан кейін қатысушылар сыныптастарының сенімділігі неде деген сұраққа жауап береді. “Мақтаулы қошемет” жаттығуы орындалады: қатысушылар шеңбер бойымен отырып қолдарына кезекпен доп алады, ал қалғандары сол доп ұстаған қатысушының жағымды мінез сапаларын айтады. Жаттығуды қорытындылай келе, жетекші қатысушылардың ең сәтті айтылған қошемет сөзді таңдайды.
Әрбір адам қандай да бір артықшылығымен ерекшеленіп, өзгелерге қолдау көрсете алады және өз кезегінде қиын жағдайда басқалардың көмегіне сүйене алады.
Қорытынды кезең.
“Газетке саяхат” жаттығуы орындалады, қатысушылар шағын топтарға бөлінеді (4-5 адам), стандартты газет бетіне сыюлары тиіс. Егер бұл іске асса газет екіге бүктеледі. Газеттің кішкентай бөлігіне сыйған топ жеңіске жетеді. Жаттығу аяқталғаннан кейін оны орындауда қандай әсер алғаны туралы қысқаша талқыланады. Топ неғұрлым ұйымшыл болса, соғұрлым бұл жаттығу табысты орындалады.
Үй тапсырмасы.
5 сыныпта қандай көмек қажет және сен өзгелерге немен көмектесе алатыныңды ата-анаңмен талқылау.
Жетекшіге ескерту.
Кіріспе бөлімінде ережені оқитын қатысушының таңдауы таласқа әкелуі мүмкін. Сондықтан жүргізушіні кез-келген санамақ арқылы өзі таңдағаны дұрыс. Сонымен бірге қатысушылардың жақында қайсысының туған күні немесе кім атап өтті. Қатысушыларға ыңғайлы болу үшін кімнің қолында доп немесе ойыншық сол сөйлегені дұрыс (бұл тәсілді барлық сабақта пайдалануға болады).
Біз және біздің жақындарымыз.
Мақсаты:
Айналамыздағы жақындарымыздың ролі қолдау көзі екенін түсіну.
Міндеттері:
Адам өміріндегі жақындарының ролі ұғымын дамыту; жақын адамдар өмірдің тірегі болуын қалыптастыру;сонымен бірге оларға өзінің көмек беруге ұмтылысы; жақын адамдарға қолдау көрсетуге өз мүмкіншілігіңізді түсінуге көмектесу.
Қажетті құрал:
Жұмсақ ойыншық немесе доп, ватман қағаз, ақ қағаз, түрлі қарындаштар немесе қатысушылардың санына қарай фломастерлер.
Сабақтың жүргізілуі.
Кіріспе бөлім.
Екінші сабақта қабылданған сәлемдесу салты. “Алтылық” ойыны; Әрбір қатысушы натурал сандарды ретімен атайды (1,2,3,4,..). Кімге алты саны немесе құрамында 6 цифры болатын болса, үндемей секіру керек және алақанымен шапалақтау қажет. Қате жіберген ойыншы ойыннан шығарылады. Ойын аяқталғанан кейін “Ассоциация” жаттығуы орындалады: қатысушылар шеңбер бойына отырады, бір-біріне допты жалғастырып ұсынылған сөзге ұқсас сөзді атайды.
Үй тапсырмасын талқылау.
Қатысушылар өз қалаулары бойынша өмірлік жағдайларда қандай көмек қажет екеніне жауап береді. Барлық айтылғандар тақтаның бір бөлігіне немесе параққа жазылады.
Жетекші тақтадағы жазбаларды салыстыра келе, өмірдің кез-келген жағдайында айналамыздағы адамдардан көмек алатындықтарына көңіл аударады. Әдетте көмекке бірінші кезекте кімге хабарласатынын ойлану ұсынылады. Оқушылар ойланып болғанша, тақтаға немесе қағазға бірнеше айналадағылардың суреті шеңбер арқылы салып қойылады. Ортадағы шеңберге “Мен” деп жазылады. Талқылау кезінде айналадағы шеңберлер толтырылады: екінші –жанұя (ата-ана), үшінші - достар (сыныптастары), төртінші-мұғалімдер (немесе сүйікті мұғалім). Талқылау уақытында қатысушылардың әрқайсысының өмірде қорғанысы мен тірегі бар екендігіне ойға келеді. Мұндай қорғаныс пен тірек – біздің жақындарымыз.
Негізгі бөлім.
Жетекші балаларға біздің жақындарымыздың кім екендігін ойлану ұсынылады. Қатысушылар өз ойларын бір-біріне ойыншықты жалғай отырып жеткізеді. Айтылғандарды жинақтай келе, адам үшін жақындары – бұл оған үнемі көмек көрсетуге дайын адамдар. Олар көмекті адал ниетпен, жақын адамының табысына шын мәнінде қызығушылық көрсетіп, сәтсіздігіне қамығады. Әр адамның өзінің жақын адамдары бар. Жақын адамдардың ішінде, кіші іні – қарындастар, жасы келген апа, аталарымыз бар - бұл саған қорған болудан гөрі өздері көмек қажет етеді. Неге адам жақын адамдарына қолдау көрсете отырып, өзі де күшті болады деген түсінікті талқылайды. Бұл жағдайларда өз күшімізге, білімімізге және тәжірибемізге құптау аламыз.
Қорытындылай келе, жетекші әрбір адамның өмірінде біреуге көмек көрсеткен және қолдау берген сәттері болған шығар.
Қатысушыларға, кішкентай күндерінде жақындарына қандай көмек көрсеткені, ал, қазір олар үшін не жасай алатындығын әңгімелеу ұсынылады.

Қорытынды бөлім.
Жетекші сабақтың басында жазылған жазбаларға назар аударуын ұсынады. Көптеген адамдардың көмектесуге деген ұмтылысы және өзгелерді қолдауға қабілеті бар екендігі айтылады.
Қатысушыларға дәптердің екінші бетін аударуды ұсынады (егер кесте тақтада сызылса, барлығына бір парақ қағаз бен қарындаштар таратылады). Мұнан кейін “Күн сәулесіндегі менің кескінім” жаттығуы орындалады: қатысушылар парақтың ортаңғы тұсына шеңбер салады, оған “Менің қолымнан келеді” деп жазады.
Көңіл-күй неге және кімге байланысты болады.
Мақсаты: Ерікті бақылау дағдысын дамыту және көңіл-күйді реттеу.
Міндеттері: Адам көңіл-күйіне әсер етуші факторларды маңызды ету; өз көңіл -күйіне ерікті әсер ету дағдыларын дамыту; жинақталған мәселені түсінуге көмектесу;
Қажетті құрал: Доп немесе жұмсақ ойыншық. А3 қағазының парағы, түрлі қарындаштар жиынтығы, әр бояуға арналған бояу жаққыш.
Сабақтың жүргізілуі.
Кіріспе бөлім.
Үй тапсырмасын талқылау (көңіл-күйің неге жақсарды). “Күн сәулесіндегі менің кескінім” суретін орындағаннан кейін әркім өзінің жағымды қасиетін көреді.
“Қанша аталса, сонша адам тұрсын” ойыны.
Жетекшінің “Төртеуің тұрыңдар” (үшеу, бесеу) деп айтылғаннан кейін, қанша аталса, сонша қатысушы орнынан тұру қажет. Жаттығуды орындауда әрбір қатысушы ешкіммен келіспестен тұру немесе орнында отыру қажеттігін өз бетінше шешуі қажет. Ең соңында бұл жаттығуды дұрыс орындау қажет. Мұнан кейін қатысушыларға кезекпен ортақ қағаз бетінде өз көңіл күйлерін түрлі қарындашпен немесе бояумен бейнелеу керек.
Барлығы алқа тәріздес тұрып, лезде үстелге жақындап қандайда бір түрлі қарындашпен әшекейлеп қол қояды. Аяқталғаннан кейін жетекші қатысушылардан топтың жалпы көңіл күйінің қандай екенін сұрайды. Бұл № 1 сурет.
Жетекші қатысушылардан көңіл-күйінің қай кезде нашар болған сәтті еске түсіруін сұрайды. Қалауы бойынша оқушылар допты бір-біріне жалғай отырып, айтып шығады.
Шеңбер бойынша бір парақ қағазға әрбір қатысушы өз кезегімен қарындашты таңдап алып, әртүрлі сәттегі көңіл-күйді салады.
Мүмкін болатын сәттер:
Жасағың келмей тұрған істі орындау;
Біреу адамға кемшіліктерін көрсету;
Біреу оны әділетсіз кіналау;
Біреу оған берген уәдесін орындамау;
Ол өзі ойламағандай бағадан төмен баға алу; т.б…
Бір жағдайды бірнеше қатысушыға ұсынуға болады. Бұл № 2 сурет.
Жетекші екі суретті тақтаға іліп, көңіл-күйдің не екенін талқылауды ұсынады. Қатысушылар “Көңіл-күй дегеніміз - …” сөз тіркесін пайдалана отырып шеңбер бойымен жауап береді.
Ары қарай біздің көңіл-күйіміз неге байланысты болатыны талқыланады. Қорытындылай келе жетекші, адам көңіл-күйіне тек өмірдегі шынайы болып жатқан оқиғалар ғана емес, еске түсіру, өзін сезінуі, ауа-райы әсер етеді.
Негізгі бөлім.
Жетекші әрқайсысына егер оның көңіл-күйі нашар болса, не сезінетінін еске түсіруді ұсынады. Жабыраңқылық, мазасыздық, ашуланшақтық, т.б…
Адам өзінің нашар көңіл-күйін жеңе алу қажеттігі талқыланады. Қандай жағдайда мұны жасай білу қажет? Оқушылар назарын әрбір адам өмірінде өз көңіл-күйін басқара алу қажеттігі туындайтынына аудару керек. Қалаулары бойынша өздерінің нашар көңіл-күйлерін қалай жеңетіндіктерін әңгімелеуге болады (жалғыз қалу, досыңмен кездесу, жақындарына айту, музыка тыңдау, сурет салу).
Жетекші өз ойларын айта алмаған қатысушыларға олардың көзқарасы бойынша, көңіл-күйді басқарудың қай тәсілі ұнады, соны таңдаулары қажет.
Қорытынды бөлім.
Жетекші “Кемпірқосақпен жоғары көтерілу” жаттығуын орындау арқылы өз көңіл-күйлерін жақсартуға болатынын айтады. Барлығы тұрып көздерін жұмады, терең дем алып, сонымен бірге олар кемпірқосаққа жоғары шығады, демін сыртқа шығаруда төбеден төмен түседі. Жаттығу үш рет қайталанады. Одан кейін алған әсерлерімен бөліседі.
Үй тапсырмасы.
Ата-аналарын “Кемпірқосақпен жоғары көтерілу” жаттығуын үйреніп, бірге орындау.
5 сабақ.
Біз және біздің дағдымыз.
(Күн тәртібі).
Мақсаты:
Күн тәртібі түсінігін қалыптастыру, өзінің жеке ерекшеліктері, қызығушылықтары мен дағдысын ескере отырып өз бетінше жұмысын жоспарлай білуге үйрену.
Міндеттері:
Дағды туралы түсінікті адамдардың күнделікті міндеттері мен жекелік ерекшеліктері мен байланысты өзектендіру; тиімді күн тәртібін сақтауға ұмтылысты қалыптастыру.
Құрал-жабдық:
Доп немесе ойыншық, қатысушылардың мектеп күнделігі, “Менің аптам” іс-қағазы (А4 қағазы 7 тік сызыққа бөлінген, аптаның жеті күні және көлденеңінен 3 сызық: ертеңгілік, күндіз. Кешкі уақыт), түрлі қарындаштар – қызыл, сары және жасыл түстер қатысушылар санына байланысты.
Сабақтың жүргізілуі.
Кіріспе бөлім.
Ширату – жаттығуы: “Мұрын-еден-төбе”.
Жетекші мұрнын, еденді және төбені көрсетіп, осы заттарды атайды. Бірақ ол бір уақытта көрсетіп, басқа нәрсені атау, мысалы “еден” деп айтып төбені көрсетеді. Қатысушылар жетекшіге қарап, көрсеткенін емес, айтқанын орындауы қажет.
Мұнан кейін қатысушылар өткен аптада “Кемпірқосақпен жоғары көтерілу” жаттығуы көмегі арқылы өз көңіл –күйлерін басқара алғандарын әңгімелейді. Мұның қажеті болды ма? Барлығы бірге бұл жаттығуды 2-3 рет орындайды.
Жетекші қатысушылардың біріне өзінің күнделікті күн тәртібін сипаттап беруді және келесі сөз тіркесін жалғастыруды өтінеді: мен мектептен кейін ең бірінші жасайтыным,…”. Бұл сөз тіркесін қалауынша қалғандары жалғастырады.
Жетекші қатысушыларға тапсырма береді - “дағды” дегеніміз не екенін анықтау (адамның ойланбастан жасайтын қылығы).
Мұнан кейін қатысушылар “Дағды екінші болмыс” түсінігін талқылау (біздің дағдымыз мінезімізді қалыптастырады); Қатысушылардың бірдей дағдысы бар ма (ұқсас әдеттері бар адамдар бір-бірін жақсы түсінеді).
Барлық балалар мектептен үйге келгеннен кейін үй тапсырмасын орындауға отырады. Неге көпшілігімізде мұндай дағды қалыптасқан. Оқушылар бөлменің екі бөлігіне сиятындай 2 топқа бөлінеді: үйге келе сала сабақ дайындайтындар, және бірінші дем алатындар болып әрбір топ өз дағдыларының артықшылығын айтып қорғаулары қажет. Қатысушылардың жеке ерекшеліктеріне байланысты екі нұсқада жақсы деп қорытындыланады.
Негізгі бөлім.
Мектепте күн тәртібі болады ма? (сабақ кестесімен үзіліс уақыты қаралады).
Қатысушылардан келесі сұраққа жауап беру сұралады:
Мектепке күн тәртібінің қажеті қанша? Әрбір қатысушының күн тәртібі мектептегі күн тәртібімен қалай байланысты? Алдағы күннің сабақ кестесі болуы қолайлы ма?
Мектептен тыс қандай үйірмелерге қатысатынын сұрау.
“Менің жұмыс аптам” іс-қағазына қатысушылар өздерінің күнделіктеріне қарап отырып апта күндерімен, тәулікті бояйды; қызыл түс – тым үлкен жүктеме, сары – орташа жүктеме, жасыл – дем алыс (бұл жұмыс мектепте басталып үйде аяқталады). Түс қатысушылардың апта ішінде және әрбір күнде күшін ұтымды бөлуін көрсетеді.
Қорытынды бөлім.
Алынған тәжірибені ұғыну: қатысушылардан “Күн тәртібі” түсінігіне байланысты ұқсастықтарды атаумен аяқталады.
Үй тапсырмасы.
Іс-қағазды бояуды аяқтау, ата-аналармен күн тәртібі туралы пікірлесу.
Жетекшіге ескерту.
Кіріспе бөлімінде қатысушылар сөздерінің күнделікті әрекеттерін айтқанда шапшаң орындалуы қажет.
6 сабақ.
Біз және біздің дағдымыз.
Мақсаты: Жеке тазалықты сақтау дағдыларын бекіту.
Міндеттері: Тазалық түсінігінің маңыздылығы;
Жеке тазалықты сақтаудың қажеттілігіне көз жеткізу;
Тазалық дағдыларын түсіну және түзету.
Қажетті құрал: Жұмсақ ойыншық және доп, екі ақ парақ, фломастерлер.
Сабақтың жүргізілуі.
Кіріспе бөлім.
“Менің көңіл-күйімнің түсі” жаттығуы орындалады. Мұнан кейін жетекші қатысушылардың “Менің жұмыс аптам” іс-қағазын еденге жайып салыстыруды ұсынады.
“Ең жүгі көп” қатысушы мен “жүгі аз” қатысушы анықталады, әрқайсысына өзінің күн тәртібін айту ұсынылады. Қатысушылардың жалпы күн тәртібіне, олардың міндеттері мен дағдыларының бір екеніне назар аударылады, сондықтан қажет болғанда олар бір-біріне қолдау көрсете алады.
әдеттегі күн тәртібін өзгерткісі келген қатысушылардың мұны жасауы оңай болды ма? Қалыптасқан күн тәртібін өзгерту неге қиын? Жетекші оқушылардың көңілін жеке тазалық ережелерін сақтау дағдысына аударады. Қатысушылар шеңбер бойынша допты жалғай отырып келесі сөз тіркесін жалғастырады:
“Тазалық – бұл …” Неге барлық адамдардың тазалық дағдысы бар? Ол тек адамдарда ғана бар ма? Кез-келген тіршілік атаулыға тазалық сақтау қажет пе?
Негізгі бөлім.
Қатысушылар екі топқа бөлініп “Идеялар аукционы” өткізеді: кезекпен жеке бас тазалығы туралы айтады. Мұнан кейін әрбір топ бір парақ қағаздан алып жиі жарнамаланатын жеке бас тазалығына арналған құралды жазады. Талқылау жүргізіледі, толықтырулар енгізіліп, қайталаулар сызылады да біріңғай жеке бас тазалығының құралдарының тізімі құрастырылады.
Алынған тізім шеңбер ортасына қойылады. Адамға неге мұншалықты көп жеке бас тазалығы құралдарының қажет екендігі талқыланады. Жеке бас тазалығын сақтаған адам өзгенің тіс щеткасымен, бет орамалымен, сүлгісімен қолданбайды.
Қорытынды бөлім.
Жетекші балаларға жеке бас тазалығының неге байланысты болатынын ойлануды ұсынады. Жеткіншек жаста тазалық дағдылары өзгеруі тиіс, мысалы, су бүріккіштерін жиі қабылдау, өйткені, тер бездері қарқынды жұмыс жасайды.
Қатысушылар шеңбер бойымен бір-біріне допты жалғай отырып, “Тазалық –бұл өте маңызды, өйткені, …” – дәйек сөзді жалғастырулары тиіс.
Үй тапсырмасы.
Үйдегілермен пікірлесу: жанұяда барлығы жеке тазалықты сақтайды ма?
Жетекшіге ескерту.
Кіріспе бөлімінде гигиеналық дағдыны талқылауда жеке қарсыласу болмау үшін шапшаң жүргізу қажет.
Негізіг бөлімде тазалық құралдары иіс су құралдарынан айырмашылығы бар екеніне көңіл бөлу.
Біз және біздің дағдымыз.
(Дұрыс тамақтану ережесі.)
Мақсаты:
Адам өміріндегі тамақтың маңызы туралы түсінікті дамыту, толыққанды дұрыс тамақтану қажеттілігін қалыптастыру.
Міндеттері: Негізгі құнарлы заттар түсінігін маңыздандыру; құнарлы тамақтану артықшылығына сенімділікті дамыту; оның ұстамдарына ұмтылыс; тамақтану тәртібін сақтауда әдетті нығайту.
Құрал- жабдық: Жұмсақ ойыншық немесе доп, қағаздар, фломастерлер, “Адамның адами қасиеті”, “Дұрыс тамақтану” кестесі.
Сабақтың жүргізілуі.
Кіріспе бөлім.
“Ұжымдық есеп” және “Менің көңіл-күйімнің түсі” жаттығулары орындалады. Мұнан кейін жетекші біздің талғамымыз бен әдетіміз қай жерде көрінетінін ұсынады. Осы жерде тағам туралы да сөз қозғалады. Шеңбер ортасына немесе тақтаға “Адамның адами қасиеттері” шағын плакат ілінеді.
Қатысушылар допты бір-біріне жалғай отырып, адамдар не үшін тамақтанады сұрағына жауап береді.
Тағамда негізгі құнарлы заттар: ақуыз, майлар, көміртек, дәрумендер, минералды элементтер, сұйықтықтар бар екендігіне қорытынды жасалады. Бұл заттар адам ағзасы үшін қуат көзі, сонымен бірге әлеуметтік төзімділікті (иммунитет) нығайтуға арналған құрылыс материалы. Азықта қандай құнарлы заттар болатынын еске түсіру ұсынылады және ол не үшін қажет. Бұл үшін “Дұрыс тамақтану” кестесі қолданылады.
“Дұрыс тамақтану” кестесі.
Негізгі құнарлы заттар. (НҚЗ) құрамында болатын азықтардың
күнделікті тағамда болуы.
Ақуыз: Ағзада бойдың өсуіне: ет, балық, сүт, 2 түрімен тамақтану.
Майлар мен көмірсулар.
Қуат көзі: Ет, балық, сүт күніне 2 түрімен тамақтану. Нан, жарма
4 реттен кем емес.
Дәрумендер, минералды заттар.
Иммунитетті нығайтады: Көкөністер мен жеміс-жидектер күніне төрт рет.
Сұйықтық: Ағзаның жасушасы мен қанның құрамына кіреді. Сұйықтық заттарды күніне 4 реттен қабылдау.
Қатысушылар аштықтың қауіптілігін (ассыз адам 1 ай ішінде, сусыз – бір аптада өледі) немесе негізгі тағамдық заттардың болмауы (бойдың өсуі, әртүрлі аурудың дамуы), тойып тамақ ішудің қауіптілігі (егер тағамнан түскен қуат көзі өз деңгейінде жұмсалмаса, семіздік пайда болады).
Қатысушылар оларға танымал әр түрлі ұлттық тағам атау ұсынылады. Неге ұлттық тағамдар бір-бірінен ерекшеленеді (географиялық және климаттық жағдайы, мәдени дәстүрлері) олардың ұқсастығын (әртүрлі ұлттық тағамда негізгі құнарлы заттар болады) талқылау.
Негізгі бөлім.
Жетекші қатысушыларды 4 топқа бөледі. Әрбір топ (бір парақ қағаз бен фломастер алып) 7 нұсқа (аптаның жеті күніне) дайындайды; бірінші – таңертеңгі ас, екінші – түскі ас, үшінші- сәскелік, төртінші- кешкі асты дайындайды.
Мұнда тағамдар әртүрлі және негізгі құнарлы заттардың құрамында болуы және өздерінің сүйікті асын қолдануға болады. Мұнан кейін қатысушылар кезекпен “Аптаға жасаған ас мәзірі” кезекпен өз нұсқаларын оқиды. Ол тақтаға немесе шеңбер ортасына қойылады. Ұсынылған тағамдардың әртүрлілігімен негізгі құнарлы заттардың болуы базаланады. Қажет болса, өзгерістер енгізіледі. Ас мәзірінің ұтымды болуы талқыланады.
Қорытынды бөлім.
Қандай жағдайда тағам зиян келтіруі мүмкін екендігін ойлану ұсынылады. Қатысушылар бөлінген топтары бойынша тапсырма орындайды: бірінші топ артық тамақтану қауіптілігі; екінші-тәттіні шектен тыс пайдалану; үшіншілері – сапасыз немесе лас азық-түлікті қолдану; төртінші – жеткіліксіз немесе біркелкі тамақтану.
Қатысушыларға аштық сезімі туралы еске түсіру ұсынылады. Жетекші қорытынды жасағанда тамақтану күн тәртібін сақтаудың қажеттілігін айтады. Қатысушылар мына сөз тіркестерімен аяқтайды: “Менің тамақтану күн тәртібім төмендегідей: таңертеңгі ас - .. сағатта, түскі ас…, сәскелік ас .., кешкі ас …, “
Үй тапсырмасы.
Жанұядағы тамақтану күн тәртібін талқылау қандай тағам жанұяда сүйікті екендігін шешіңдер.
Жетекшіге ескерту.
“Адам … жаралған” сөзі жазылған қағаз қажет болса, талқыланады.
8 сабақ.
Біз және біздің кемшіліктеріміз бен жетістіктеріміз.
Мақсаты: Өзінің күшті және әлсіз жақтарын ескеріп дамыту. Әлсіздігін жеңу, артықшылығын пайдалану.
Міндеттері: Адамның әлсіздігі мен жетістігін жеке адамның ажырамас бөлігінде түсінуді маңыздандыру.
Өз мінезінің әлсіз және күшті жақтарын нақтылы бағалап дамыту, өзінің әлсіздіктерін жеңуге ұмтылысты қалыптастыру, жетістігін дамытып, артықшылығын пайдалану; өзін-өзі жетілдіру мүмкіндігін түсіну және өзін қабылдау.
Қажетті құрал: Доп және жұмсақ ойыншық, ақ қағаздар, фломастерлер мен түрлі қарындаштар, “Менің айдаһарым” пиктограммасы, қатысушылардың санына сәйкес қаламсаптар.
Сабақтың жүргізілуі.
Кіріспе бөлім.
Қатысушылар “Кез-келген сан” ойынын ойнайды, содан кейін “Кемпірқосақпен жоғары көтерілу” жаттығуын ойнайды.
Жетекшілер қатысушыларға қалауы бойынша өздерінің сүйікті асы туралы әңгімелеуді ұсынады.
Дағдыға арналған алдағы үш сабақ бойынша нәтиже шығарылады. Қандай әдет өзгелер үшін адамды сүйкімді етеді, қай әдеттер бізді өзгелерден өзгеше істейді, қандай әдеттерді біз өзімізде және өзгелерде бағалаймыз. Қатысушыларға жоғарыда келтірілген жетістіктерді бір сөзбен қалай айтуға болатынын ойлану ұсынылады. Жетекші келесі мақалды келтіреді: “Қылықты болсаң-әдетті боласың, әдетті болсаң - мінезді боласың, жақсы мінезді болсаң - тағдырың өз қолыңда”. Қатысушылар 3 топқа бөлінеді. Әр топ осы айтылған мақалдың бір бөлігін алып бірнеше минут ішінде шағын әңгіме немесе ертегі ойлап шығарады.
Негізгі бөлім.
Топтағы әңгімелер жинақталып, біздің қылығымыз көп жағдайда тағдырымызды анықтайтыны айтылады. Қатысушыларға неге адамдар бір жағдайды әртүрлі шешетіндіктерін талқылау ұсынылады. Балалар өз ойларын айтып біткеннен кейін, жетекші әрқайсысымыздың қылығымыз жетістіктеріміз бен кемшіліктерімізге жағдай жасайтынына қорытындылауға түрткі болады.
Қатысушыларға “Менің айдаһарым” пиктограммасымен жұмыс жасау ұсынылады. Қатысушылар “айдаһар” кескіні салынған парақтарды алады. Жетекші әлсіздігіміз, өмір сүруге кедергі келтіретін – айдаһар бастары екенін елестетуді ұсынады. Қатысушылар айдаһар басының сызығы – ішіне өздерінің кемшіліктерін жазылары тиіс. Мұнан кейін парақ ауыстырылып, екі ортасынан бүктеледі. Қағазға адам бойындағы қандай жетістіктер қатысушылардағы әлсіздіктікті жеңуге көмектесетінін жазу керек (мысалы, еріншектікті еңбексүйгіштікпен, ұқыпсыздықты -зейінділікпен жеңуге болады).
Қорытынды бөлім.
Жетекші адам тек қана жетістікпен немесе кемшілікпен тұратынын қайталап айтады. Ең жақсы адамның өзінің әлсіздігі, ал нашар адамның өз жетістігі болады. Барлық адамдар бақытты өмір сүруге ұмтылады. Ал мұндай өмірде сәттілікке жету үшін әлсіздікті жеңіп, жетістікті шыңдау қажет. Қатысушыларға пиктограмма парағындағы өздеріндегі күшті қасиетті бір сызықпен, ал дамытуды қажет ететін сапаны екі сызықпен сызу ұсынылады. Шеңбер бойында отырып, допты бір-біріне жалғай отырып өздерінің дамытқысы келетін мінез қасиеттерін айтып шығады.
Үй тапсырмасы.
Үйдегі адамдармен парақта екі сызықпен сызылған жетістікті қалай жетілдіруге болатыны талқыланады.
Жетекшіге ескерту.
Кіріспе бөлімінде (мақалмен жаттығу) болған оқиға мен сол оқиғаға қатысты адамдарды еске түсіріп қатыстыруға болмайтыны ерекше айтылады.
“Менің айдаһарым” пиктограммасымен жұмыста қатысушыларға сурет өздерінде қалатыны ескертіледі. Талқылау кезінде қатысушы қатысқысы келмесе қинамау қажет.
9 сабақ.
Біз және біздің құқықтарымыз бен міндеттеріміз.
Мақсаты: Өз құқығы туралы, өзге адамдар құқығымен өзара байланысы түсінігін дамыту; өз міндеттері түсінігін дамыту; өзгелер құқығына сыйластықпен қарау және өз құқығын қорғауға ұмтылысты қалыптастыру.
Міндеттері: Өз құқығы мен міндеттері түсінігін маңыздандыру; өзгелер құқығын сыйлау және өз құқығын қорғауды дамыту; алынған нәтижені түсіну.
Қажетті құрал: Доп немесе жұмсақ ойыншық, “Сенің құқығың бұзылмасын десең” ережелері жазылған А3 парақтары және “Өз құқығыңды қалай қорғау” ақ парақтар қатысушылар санына сәйкес қаламсаптар.
Сабақтың жүргізілуі.
Кіріспе бөлім.
Қатысушылар “Алтылық” ойынын ойнайды, содан кейін, “Менің көңіл-күйімнің түсі” жаттығуын орындайды. Қатысушылар өз бойындағы әлсіздіктерді жеңуге көмектесетін мінез қасиеттерін қалай дамытуды әңгімелейді. Жетекші адам өз кемшіліктерімен әлсіздіктерімен күресе отырып, бақытты адам болуға ұмтылуына қорытынды жасайды. Әрбір адамның бақытты болуына құқығы бар.
“Құқықтың болуы” түсінігіне анықтама беру үшін қатысушыларға келесі сөз тіркесін жалғастыруды ұсынады: “Менің құқығым бар..."
Мұнан кейін келесі сұрақтар талқыланады:
Барлық адамдардың құқығы бар ма? Міндет дегеніміз не?
Біздің құқығымыз бен міндеттеріміздің қандай байланысы бар? Дүниеде тек құқығы бар адам, бірақ міндеті жоқ адамдар бола ма?
Талқылауды қорытындылай келе жетекші барлық адамдардың құқығы мен міндеттері болатынын айтады.
Негізгі бөлім.
Қатысушыларға келесі жағдайды ойлану ұсынылады:
егер адамның затын тартып алғанда қандай құқығы бұзылады;
демалыс уақытында жұмыс істеуге қинаса;
бір жерде күштеп ұстаса;
жетекші адам құқығы бұзылғанда оның сезімін сипаттауды ұсынады (өкпе, ашулану), қатысушылардың назарын кейде өзіміз байқамасақта өзгелердің құқығын бұзатындығына аударады. Мысал келтіру ұсынылады. Қатысушылар қиналса, келесі нақты жағдайларды талқылауға болады:
біз өзгенің затын рұқсатсыз алсақ:
алған қарызымызды уақытында қайтармау;
мұғалімге сабақ өтуге кедергі келтіру;
кішкентай балаларды ренжіту.
Сонымен бірге біздің де құқығымыз бұзылуы мүмкін. Сондықтан ешкімнің құқығы бұзылмас үшін не істеу қажеттігін ойлану қажет. Шағын талқылаудан кейін қатысушылар келесі ережелерді талқылайды.
Жеке құқықтар.
Егер сенің жеке құқығың бұзылмасын десең, өзгелердің құқығына нұқсан келтірмеу қажет.
Өзіңнің жеке құқығыңды жариялағанда өзгелер де оның бар екенін есте сақтау.
Сенің құқығыңды сыйлау үшін сен де өзгенің құқығын сыйлай біл.
Егер ережелердің айтылуы қатысушыларға қиындық тудырса, бұл ережелерді дайын күйінде, тақтаға іліп қою немесе шеңбердің ортасына қою қажет. Мұнан кейін қатысушыларға жеке құқықтарын қалай қорғауға болатындықтары ұсынылады.
Жеке құқықты қорғау.
Егер балалар құқығы бұзылса, ең тиімді тәсілі – үлкендерді көмекке шақыру (ата-ана, мұғалімдерді).
Өз жеке құқығын қорғаған адам сыйластықпен қолдауға лайық, бұл әлсіздікті көрсету емес, өзін-өзі сыйлау.
Өз жеке құқығын қорғаудың ең жақсы тәсілі - өзгелердің құқығын қорғау.
Бұл ережелер тақтаға ілінеді немесе шеңбер ортасына қойылады.
Қорытынды бөлім.
Қатысушыларға тренингте талқыланған ережелерді ескеріп, өз жеке құқықтарын құрастыру ұсынылады.
Қатысушылардың көпшілігі 2-3 бөлімін жазып болғаннан кейін оларды дауыстап оқу ұсынылады.
Үй тапсырмасы.
Үйдегілермен өзіңнің жеке құқықтарын талқылау және тізімді толықтырып жазу.
Жетекшіге ескерту.
“Менің құқығым бар” сөз тіркесін аяқтауда жетекші қатысушылардың бірінші кезектегі өмірлік қажеттіліктерін қанағаттандыруда жоғарғы құқықтың тәртіпті есте ұстауларына көңіл аударуы қажет.
10 сабақ.
Біз және біздің сынып.
Мақсаты:
Қобалжуды төмендету, топ ішіндегі ұйымшылдыққа жету, өзінің жеке “Менінің” “Біз” ұғымының жалпы бөлімі екенін түсіну.
Міндеттері:
Топтағы алынған өзараәрекеттестік тәжірибесін жинақтау, топтың әрбір мүшесіне кері байланысты қамтамасыз ету, айналадағылардан қолдау көрсете білу немесе қабылдауға дамыту, қолдау көрсетуге қабілетті өзін топ мүшесі екенін түсіну;
Қажетті құрал:
Әр парақтың ортасына “Мен” деп жазылған (қатысушылар санына байланысты) фломастерлер жиынтығы немесе түсті қарындаштар, алты бұрышты ватман қағазы, артынан алтыбұрышты кіші қағаздар жапсырылады, фотоаппарат, тренинг сабақтың циклінің тиімділігін, бағасын анықтауға арналған анкета іс-қағаздары.

Сабақтың жүргізілуі.
Кіріспе бөлім.
Жетекші қатысушыларға тренингте ойнаған ойындарды ойнауды ұсынады. Жетекші ойынның орындалуының сапасына баға беріп, топтың ұйымшыл екенін, бір-бірін сөзсіз жақсы түсінетіндіктерін және үлкен көрсеткішке жетуге мүмкіншілігі бар екенін айтады. (Ұжымдық есеп.) Неге осылай болғанына қысқаша талқылау жүргізіледі. (қатысушылар бірге ортақ тәжірибе берген, 10 сабақ өткендерін, бір-біріне қолдау көрсеткенін үйренгенін айтуы тиіс.)
Негізгі бөлім.
Жетекші психологиялық тренинг циклі аяғына жақындағанын, бірақ, келесі сабақта психологиялық ойын үстінде өткізетінін айтады. Бүгін оған дайындық болады. Тағы бір рет барлық қатысушылармен болған жағымды өзгерістер айтылады. “Қошемет сөз” жаттығуы жүргізіледі. Қорытындылай келе, жетекші жаттығуда белгілі болған жағымды қасиеттер топтың ұйымшыл болуына тиімді әсері бар екенін айтады. Қатысушылар бір парақтан алты қырлы қағазды және фломастер жиынтығын алады. Әркімге өзінің жеке таңбасын салу ұсынылады, онда әр адамның аты мен жағымды қасиеті жазылуы тиіс. Таңбаны әсем көркемдеу қажет (бояу, шеттеріне өрнектер жүргізу, т.б.). Мұнан кейін қатысушылар ортақ алтыбұрышты формаға өз таңбаларын жапсырады. Жетекші таңбалар бір-бірімен тығыз жабысып тұруын ескертеді. (Барлық таңбалар сию үшін алдын-ала қатысушылар санын ескеру қажет. Сондықтан “Біз” сөзі жазылатын орын қалу қажет.)
Жетекші қатысушылардың назарын ортақ таңба бал ара ұясына ұқсағанына аударады. Бәрімізге белгілі болғандай бал ара ұясы - берік құрылыс, өйткені, олар өте еңбек сүйгіш, үнемі бір-біріне көмектесуге дайын және үйді бірге тұрғызады. Қатысушыларға бір сөзбен әрбір бөлек жазылған “Менді” бірге қалай атауға болатынын ойлау ұсынылады. Қатысушылардың ойын әрбір бөлек “Мен” қосылып бірге “Біз” сөзін құрайтынына келтіру қажет. Біз сөзі шаблонның бос орнына жазылады.
“Біз қандаймыз” жаттығуы жүргізіледі.барлығы бірге “Біз бәріміз” деп дауыстаса, әрбір қатысушы, кезекпен жеке тақтадағы қасиетін көпше түрде айтады. Мысалы: біз ақылдымыз, әдеміміз, қайырымдымыз, зейіндіміз, т.б. ..
Қорытынды бөлім.
Қатысушылар “Газетпен саяхат” жаттығуын орындайды. Топтың барлығы сию үшін, үлкен көлемде қағаз немесе кілемше қажет).
Мұнан кейін “Кімде кім” жаттығуы орындалады. Мұнда жетекші қатысушылардың ортақ қасиетін айтады, соңында бұл сыныпта кім оқыса, сол бір-бірінің қолынан ұстасын деп аяқтайды.
Қатысушылар шеңберге отырып бір-біріне допты жалғай отырып, тренингтегі есте қалған маңыздыларын айтулары тиіс.
Топ ортақ суретке түседі. Жетекші бұл ортақ таңбаға жапсырылатынын , сонымен бірге келесі сабақтағы ойынға қажет екендігін айтады.
Үй тапсырмасы.
Тренингтік сабақтар циклін бағалауға арналған анкетаны толтыру (бұл психологиялық ойынға рұқсат қағаз).
Анкета.
Құрметті бесінші сынып оқушысы!
Сен көптеген сұрақтар талқыланған 10 тренингтік сабаққа қатыстың. Біздің ортақ жұмысымыз туралы сенің пікіріңді білу қызық болар еді. Келесі оқу жылында мұндай сабақтарды одан әрі қызықты әрі пайдалы етіп өткізу үшін бірнеше сұрақтарға жауап беруіңізді өтінеміз.
Біздің сабақтарымызда талқыланған қандай тақырыптар мен сұрақтар есте қалды?
Сабақта саған қай жаттығу, оыйн, тақырып ұнады?
Саған не ұнады?
Біздің сабақта білгендерің өмірде қажет пе?
Келесі жылы тренинг сабақтардан нені білгің келеді?
Жетекшіге ескерту.
Циклдің аяқталуы қатысушылар үшін тосын жағдай болмауы тиіс, сондықтан қанша сабақ қалғанын үнемі еске салып отыру керек. цикл аяқталғаннан кейін қалауы бойынша психолог қабылдауында жеке болуларына блатынын айту қажет.
“Барлығы бірге “ қорытынды ойындары.
Мақсаты:
Тренинг басында алынған тәжірибелерді ұсыну;
Оқытудың жаңа кезеңімен байланысты қобалжуды төмендету;
Топтық қарым-қатынас дағдыларын дамыту.
Құрал-жабдық.
Танымал әндер жинағы жазылған кассета, магнитафон, конкурсқа тапсырма, үлкен кілем, қаламсаптар, қағаздар, қатысушылар санына сәйкес орындықтар.
Жетекшіге ойын кезінде ұпайларды санап, әр кезең нәтиже бойынша номинанттарды таңдауға көмектесетін көмекші-ассистенттер қажет. Ойын алдында қатысушылардан анкетаны жинап алу қажет. Ойынды өткізудің жалпы уақыты 80-90 минут.
Ойынның жүргізілуі.
Ойынға нұсқау.
Сіздерге алда үлкен жол жүріп өтуге тура келеді. Мақсатқа бірге бара отырып, (мақсат бұл үлкен сыйлық) бірге-бір нәрсені жасау кейде, күрделі болатынын бірақ, қызық та көңілді болатынын көресіздер. Сіздерге бірнеше конкурстарға қатысуға тура келеді. Олардың әрқайсысына сіздер ұпай аласыздар – барлықтарыңыз бірге немесе топ бойынша, бірақ ойын соңында барлық топтың ұпайлары қосылады. Бұл топтар арасындағы жарыс емес екеніне ерекше көңіл бөліңіздер: топқа бөлу жұмыстың қолайлы, топтар арасында өзара көмек көрсетуге болады.
Ұпай санын қаншалықты көп жинасаңыздар соншалықты үлкен сыйлыққа ие боласыздар. Мұнан өзге әрбір конкурс нәтижесі бойынша сіздердің табыстарыңызға байланысты ойын соңында қандай сыйлыққа ие болғаныңызды білетін кілтті аласыздар.
Ойын соңында барлық ұпай санын қосып үш сыйлықтың қайсысын алатындығыңды көресіз: кішкентай, үлкен, және орташа.
Ширату.
Кез-келген жаттығулар орындалуы мүмкін, мысалы, ”алтылық”, “кез-келген сан”, “кімде-кім”.
“Интеллект” конкурсы.
Ойында қатысушылар 5 топқа бөлінеді.
Нұсқау.
Бұл конкурс сізден зеректікті талап етеді. Әрбір дұрыс орындалған тапсырма үшін топ 1 ұпайдан иемденеді. Тапсырманы жылдам орындаған топ өзге топқа көмектесуіне болады. Қатысушылардың міндеті – ең жоғарғы ұпай жинау қажет екенін ұмытпаңыздар. Шуға немесе дөрекілік үшін ұпай саны алынып тасталуы мүмкін.
Топ жұмыс жасағанда, жәй музыка ырғағы қойылады. Қатысушылар бұл кезеңді орындап болғаннан кейін сыйлыққа бірінші “кілтті” алады. (Т әріпі).
Тапсырма.
Бірінші топ үшін:
Сөйлемді толықтырыңыздар:
… - бұл адам киім тігеді.
… - бұл адам көлік жүргізеді.
… - бұл адам рояльда ойнайды.
Екінші топ үшін.
Дұрыс жауапты жабыңыздар:
А) Самғат, Саят және Айбек үшеуі ағаштың үстінде отырды. Қандай ретпен (солдан оңға қарай) отырғанын жазыңыздар, Айбек Самғаттың сол жағында отырса, ал, Саят Айбектің оң жағында отыр. (жауабы: Саят, Айбек, Самғат).
Б) Ит қоңызға қарағанда жеңіл ме? Ит жылқыға қарағанда ауыр ма? Бәрінен жеңілі және бәрінен ауыры қайсысы? (жауабы: қоңыз бәрінен ауыр, жылқы бәрінен жеңіл).
В) Алмада, шиеде жоқ, асқабақта, қиярда, қарбызда, қызанақта бар?
(жауабы: қ әрпі)
Үшінші топқа арналған.
Заңдылықты тауып жетпей тұрған санды жазыңыз: 8 14 22 32 …(жауабы:44)
9 12 17 24 … (жауабы: 33)
22 15 94 … (о)
4 топқа арналған.
Мағынасы жағынан қарама-қарсы сөздерді жазыңыз:
Ақ –
Көңілді –
Ақымақ –
Күшті –
Бай –
Өтірікші –
Бесінші топқа арналады:
Ти, ти десем, тимейді, тиме десем, тиеді. ( жауабы: ерін). Көршілем жатып бірін-бірі көрмейді (көз). Жүрсе ізі жоқ, сойса, қаны жоқ (қайық).
Бұл кезеңнің тапсырмалары күрделілігі жағынан бірдей емес. Балалар өзге топқа көмектесу қажет екендігін өздері білу қажет.
Ол үшін жетекші бұл – топ арасындағы жарыс емес, барынша шапшаңдықпен орындайтын ортақ жұмыс екендігін ескеру қажет.
Өзіндік бағаны түзетуге арналған жаттығулар.
Жаттығу өзіне деген сүйіспеншілікті дамытуға, өзін сыйлауға, өз бағасын жоғарылатуға арналады. Психогимнастика бойынша бүгінгі сабағымыз өзімізге деген сүйіспеншілігімізді тәрбиелеуге арналады. Біз өзімізді жақсы көру арқылы өзгелерді ұната аламыз, өмірге қуана білеміз. Екінші жағын қарастырғанда егер біз өзімізді өзіміз жақсы көрмесек бізді кім ұнатады?
Сонымен, қаламсаппен қағаз алыңыз. Өзіңіздің барлық қысқартылған, еркелеткен есіміңізді жазып қойыңыз. Егер жанұяңыздың бірі немесе достарыңыз сізге көмектесе алса, айтып тұрғаны пайдалы, соның ішінен өзіңіз таңдап алыңыз. Ұсынылған есімнің бәрін жазыңыз. Мүмкін сіз толықтыруларды тыңдап тұрғанда, өзіңіздің ойыңызға да, бір есімдер келген болар, барлығын жазыңыз. Сізді бұлай ешкім ешқашан атамағаны маңызды емес. Қазір атамаса да мүмкін кейін атайтын шығар.
Сіздің есіміңіз қандай мағына береді:
А) барлығы үшін – мысалы, аудармасы, осы есіммен байланысты аңыздар, тарихи дәлелдер …
Б) ата-анаңыз үшін – неге бұлай атады, кімнің құрметіне, отбасының басқа мүшелері қалай қарады;
В) өзіңіз үшін - өз есіміңізге қалай қарайсыз, оны не үшін жақсы көресіз, ол сіздің мінезіңізге сәйкес келе ме?
Өзіңіз жасаған тізімнің ішінен өзіңізге ұнайтын есімді таңдаңыз.
Психогимнастика жаттығуларын орындағанда, жалпы қолайлы немесе қолайсыз жағдайларда өзіңізді осы есіммен атаңыз – бұл сізге өзіңізді құрметтеуге және жақсы көруге көмектеседі. Ал қазір өзіңізді жаңа туылған нәресте және бір мезгілде – кіндік шеше (әке) ретінде елестетіңіз. Балаңызға сүйікті есім беріңіз - өз атынан өзгертіліп алынған жаңа есім тағыңыз.
Қарапайым және жағымды жаттығулар көмегімен көңіл-күйді көтеріп өзіндік сезінуді жақсартуға, депрессия мен қобалжуды жеңуге болады.
Гимнастиканың пайдасы адам ағзасы үшін зор екені бәрімізге таныс. Психогимнастика жаттығулары жаныңызды жігерлендіріп, тынышталдыруға көмектеседі, егер жүйкеңіз жұқарса, сергітеді, егер селқос, енжар болсаңыз, көңіл-күйіңізді көтеріп, мазасыздығыңызды төмендетеді.
Сонымен бірінші жаттығу:
Таңертең айна алдында тұрып, (ең дұрысы-куәгерлерсіз) айнадағы өзіңіздің бейнеңізге қарап күлімдеңіз, өзіңізге есіміңізді атап: “Мен сені жақсы көремін” деп айтыңыз. Егер осы шағын жаттығуды айна алдында үнемі жасайтын болсаңыз, сіздің көңіл-күйіңіз көтеріледі. Бір аптаның ішінде күніне бірнеше рет жасап көріңізші, көңіл-күйіңіздің көтерілгенін сезінесіз.
Келесі жаттығулар:
Жауырын астымен, иығыңызды қатты-қатты құшақтап дауыстап “Мен қандай тамаша адаммын” деңіз. Қолыңызды түсіріңіз. Егер сіз үйде болсаңыз айнадағы өз кескініңізге қарап күлімдеңіз. Егер көшеде болсаңыз - өзіңізге жақсы сөздер айтып міндетті түрде күлімсіреңіз. Өзіңізді тағы бір рет қатты құшақтап “Мен қандай жақсы адаммын” деп айтыңыз. Сізді мүлдем жалықтырғанша барлық жақсы сөздерді айта беруіңізге болады: “ақылды, әдемі, қайырымды, дарынды” т.б. күлімсіреуді естен шығарманыз. Бұл ең маңыздысы. Бұл жылы сөздер, қошемет сөздер адам баласының өзіне тән “сипалау” қажеттілігін қанағаттандырады. Эрик Берн жазғандай “жанымыздың” бұлшық етін нығайтады. Қолайлы немесе қолайсыз жерде өзіңізге жылы сөз айтыңыз. Бұл сізде жақсы әдетке айналсын! Бірнеше уақыт өткеннен кейін өзіндік сезінуіңізбен айналадағы әлемді қабылдауыңыз қуанышты, көңілді болады.
Зейінді дамыту ға арналған жаттығулар
8 жаттығу “Фигураларды есте сақтап, суретін саламыз”.
Мақсаты: көру зейінін дамыту.
Шағын өлшемдегі әртүрлі фигуралар тақтаға салынып бетін жауып қояды. Балалар дәптерлері мен қаламсаптарын дайындайды.
Психолог: Мен қазір фигураларды тақтаға саламын. 1,2,3 деп санап мен сендерге тақтадағы фигураларды көрсетемін. Мен беске дейін санап бұл фигураларды қайта жауып қоямын. Сендердің міндеттерің - фигураларға зейін салып қарап есте сақтау.
370332014922500Фигуралар нұсқасы.
251460012763500105156012763500-4572010604500
3337560895350020574001809750012344401809750041148018097500-6858008953500
Алғашқы тәжірибеде бұл жаттығу бағаланбайды. Балалар жаттыққаннан кейін бағалауға болады. Фигуралар қатары әртүрлі болуы мүмкін. Ең күрделі элементтері шетінде болғаны жөн.
Бір қарағанда бірдей болып көрінетін, бірақ, кеңістіктегі бағдарында айырмашылығы бар фигураларды пайдалану қызық.
Радар.
Төменде келтірілген суретте «Радар» сөзін неше тәсілмен оқуға болады.
Барлық бағытта жүруге болады.

Барлық тәсілі неше: -----------------------------
1 бөлім. Есті дамытуға арналған жаттығулар.
Нұсқау: Сенің алдыңда 20 сөз берілген. Оқып шығып, еске сақта. Жаттығуды орындауға саған 1 минут уақыт беріледі. Егер есту арқылы еске сақтауың жақсы дамыған болса, онда сен оны өзге біреудің оқып беруін сұрануыңа болады. Сөздерді бір-ақ рет оқуға рұқсат етіледі.
1. Сүлгі 11. Қағаз
2. Қоян 12. Парта
3. Теледидар 13. Жұмыртқа
4. Шам 14. Жылан
5. Жүзім. 15. Қияр
6. Шұлық 16. Күн
7. Тесік 17. Көбік
8. Пісте 18. Сағат
9. Дәрі 19. Кілем
10. Көңіл-күй 20. Шелек
Осы сөздерді оқушы қайта жаңғырту арқылы еске түсіріп, рет санын шатастырмай жазып шығуы тиіс.
1. -------------------- 11. -------------------
2. --------------------- 12. -------------------
3. --------------------- 13. -------------------
4. --------------------- 14. -------------------
5. --------------------- 15. -------------------
6. --------------------- 16. -------------------
7. --------------------- 17. --------------------
8. --------------------- 18. --------------------
9. ---------------------- 19. -------------------
10. --------------------- 20. -------------------
Оқушы жауаптары тізім бойынша салыстырылады. Егер сөздер қалып кетсе немесе орындары ауысса бұл қате деп есептеледі.
Қанша ұпай жинағаныңды қара.
1-2 қате – 9 ұпай 11-12 қате - 4ұпай
3-4 қате – 8 ұпай 13-14 қате – 3 ұпай
5-6 қате – 7 ұпай 15-17 қате - 2 ұпай
7-8 қате – 6ұпай 18-20 қате -1ұпай
2 бөлім. Есті дамытуға арналған жаттығу.
Сөздерді еске сақтау үшін әңгіме ойлап табу ұсынылады. Қазір сендер мағынасы жоқ байланыссыз сөздерді қалай еске сақтауға болатынын үйренесіңдер. Мұны сендерге Айгүл есімді қыз үйретеді. Айгүл сөздерді механикалық түрде емес (жаттанды), мағыналы түрде есте сақтайды. Әңгімені экраннан қызықты бір фильм ретінде елестетсе, ол адамның есінде ұзақ уақытқа сақталады.
Алғашында он сөзден басту қажет.
1. Маса 6. Сия тамшысы
2. Қылыш 7. Аю
3. Мысық 8. Шие
4. Сабан 9. Кең сарай
5. Шалбар 10. Пианино
Оқушылардың осы сөздерді байланыстырып, келесі сөздерді қалай есте сақтай қажеттілігін мысалмен көрсетейік:
Бірінші сөз - маса. Мен бір жағында қылышы бар масаның ұшып бара жатқанын көрдім. Қылыш бұл екінші сөз. Қылышқа қарасам оның сабы мысықтың басына ұқсас етіп жасалған екен. Фильм жалғасуда: мысықтың мұрты сабанға сияқты. Сабаннан мен шалбар тоқып алдым, сосын мен шалбарға сия тамызып алдым. Тамызылған сияға қарасам ол аюға ұқсайды екен. Ол шиені жақсы көретін болу керек, өйткені шиеден кең сарай соғып алыпты. Кең сарайдың ішінен мен пианино көрдім.
Фильм бітті.
Фильмді тамашалауда Айгүл шиенің дәмін сезінгендігін, пианиноның басқыштарына қол тигізіп, музыка ойнағанын айтады.
Енді оқушылар келесі ұсынылған сөздерді байланыстырып, өздері әңгіме құрастырады.
1. Доп 6. Шал
2. Үстел 7. Алма
3. От 8. Күлкі
4. Сақал 9. Кілем
5. Су тасқыны 10. Аққала

Оқушылар тапсырмалар парағына фильмді қалай құрастырғандарын жазады және тапсырманы орындауда қандай дәмді сезінгендерін т.б әңгімелейді.
3 бөлім.
Бұл бөлімде оқушылардың екінші бөлімдегі Айгүлдің әңгімесін қаншалықты есте сақтағандықтары тексеріледі.
Нұсқау: «Айгүлдің әңгімесін есіңде қаншалықты сақтағаныңды тексеріп көр. Сол айтылған әңгімедегі сөздердің ретін шатастырмай жазып шық».
1. --------------------- 6. ------------------------
2. -------------------- 7. -----------------------
3. --------------------- 8. ------------------------
4. ----------------------- 9. --------------------------
5. ------------------------ 10. ------------------------
4 бөлім. Есті дамытуға арналған жаттығу. Ұмытылған аттар.
Есімдер. Күндер. Сөздер.
Есте ұмтылған есімдерді, күнді, сөзді қалпына келтіруге көптеген фактілерді көз алдымыздан өткізіп, біршама күш жұмсау кейде нәтижесіз болып жатады. Еске түсірудің нәтижелі болуына ақылдың ойға күш түсіруі кедергі келтіреді. Керісінше - босаңсу қажет. Мысал ретінде Айгүлдің қалай еске түсіретінін көрейік: «Мен жайғасып, ыңғайлы отырғаннан кейін, көзімді жұмамын. Менің денем босаңсиды. Бірнеше уақыт өткеннен кейін мен өзімді сырттай көріп тұрғандай сезінемін. Көз алдыма сөздердің еске түсуіне жағдай жасайтын кинофильмнің ленталары елестейді». Сен де осылай жасап көр. Ең алдымен Айгүлдің екінші бөлімдегі есте сақтаған сөздерін еске түсіріп көр. Сөздердің ретін ауыстырып жіберме.
1. Маса 4. ----------------- 8. -----------------------
2. ----------------- 5. ----------------- 9. ----------------------
3. ------------------ 6. ----------------- 10. ---------------------
7. ------------------
Енді екінші бөлімдегі өзің есте сақтаған сөздерді еске түсір.
1. Доп 4. -------------------- 8. ----------------------
2. --------------- 5. ------------------- 9. --------------------
3. --------------- 6. ------------------- 10. --------------------
Сөздерді жазып болғаннан кейін жауаптарыңды салыстыр. Егер сөздер қалып етсе немесе ауысып кетсе қате болып саналады.
Қате болмаса - 10ұпай 9-10 қате – 10 ұпай
1-2 қате – 9 ұпай 11-12 қате – 9 ұпай
3-4 қате – 8 ұпай 13-14 қате – 3 ұпай
5–6 қате – 7 ұпай 15-17 қате – 2 ұпай
7-8 қате – 6 ұпай 18-20 қате – 1 ұпай
5 бөлім. Есті дамытуға арналған жаттығу.
Ағылшын сөздері әлемінде.
Бұл жаттығу жұмысында біз оқушылырға ағылшын тілі сабағында сөздерді қалай есте сақтауды үйретеміз.
Мысал ретінде Айбек мұны қалай жасайтынын көрсетейік.
1. Wall (вол) қабырға (стена)

Үндес сөздерді таңдау оңай –қабырға. Бұл жерде орыс тіліндегі “вол” сөзі мен ағылшын тіліндегі wall сөзі арасында ортақ үндестік бар. Орыс тілінде вол сөзі - өгіз деп аударылады. Сонда орыс тілінде келесі сөйлемді ойлап табуға болады: “Представляю картину: вол упирается лбом в стену. Стена шершавая”.
2.Tear (тиэр) –көз жас (слеза)
“Үндес сөздер” –тир. Мен мына суреттемені елестеттім: тирда атып жатқан кезімде, маған көзімнің жасы кедергі жасайды. Көз жас ащы.
3.Puddle (падл) –шалшық (лужа)
“Бұл жерде үндестік орыс тілінде түсіндіріледі, ағылшынша Puddle (падл) сөзі орысша Падал (құлау) сөзімен үндес, сонда “Падал в лужу” (шалшыққа құлау) сөйлемі болады.
Енді оқушының өзі дәл осындай тапсырма орындайды. Ең алдымен
ағылшын сөзіне үндес орыс тіліндегі сөздерді таңдап алу қажет. Содан соң үндес сөзден және аудармадан әңгіме ойла. Әңгіме қызықты, көңілді болғаны дұрыс. Осы әңгімеге сурет ойлап тауып, салуың қажет. Суретті неғұрлым анық көрсең, соғұрлым сөздер есте жақсы сақталады.
Төменде еске сақтауға арналған сөздер берілген.
Yard (яд) – алаң (двор)
Shoot (шут) – ату (стрелять)
Pocket (покит) - қалта (карман)
Claim (клейм) - талап ету (требование)
Glove(глоув) – базар (рынок)
Ditch (дитч) - қанау (канава)
Habit (хэбит) - әдет (привычка)
Wash (вош) - жуыну (мыться)
Ағылшын сөздерін жүйелі түрде қалай есте сақтауға болады?
Айбектің есінде қалай сақтайтынын мысал ретінде көрсетейік: “Сөздерді жүйелі түрде есте сақтау үшін мен үндес сөздерден әңгіме құрастырамында, көз алдыма елестетмін. Мысалы: “Вол каждый раз падал, когда в него попадали”.
Ағылшын тілінен таңдап алған (орысша) сөздерден әңгіме құрастырып, оны жазу керек. Оны анық елестетіп, фильм ретінде көру қажет.
Сенің фильмің. Сенің әңгімең.
Сезілген дәм ---------------------
Сезілген иіс -----------------------
Естілген дауыс ---------------------
Мысалдағы Айбектің үндес сөздерден құрастырған әңгімесін еске түсіріп орындау қажет. Бұл оқушыға ағылшын сөздерінің орнын ауыстырмай жазуға көмектеседі.
Оларды орыс тілі әріптерімен жаз. Осыдан соң олардың аудармасын қайта жаңғырт.
1. ------------------------- --------------------------------
(ағылшын сөзі) (аудармасы)
2. ------------------------- --------------------------------
3. ---------------------------- ---------------------------------
Дәл осылай оқушы өзінің есте сақтаған сөздерін жазу ұсынылады.
1. --------------------------- -----------------------------------
2. --------------------------- -----------------------------------
3. ----------------------------- -----------------------------------
4. ----------------------------- ------------------------------------
5. ---------------------------- -----------------------------------
6. ------------------------------ -----------------------------------
7. ------------------------------ -----------------------------------
8. ------------------------------- ------------------------------------
9. ------------------------------- ------------------------------------
10. ----------------------------- ------------------------------------
Оқушының қайта жаңғыртуы арқылы жазған жауаптарын жоғарыда көрсетілген еске сақтауға арналған тізім бойынша салыстыру қажет. Егер сөздер қалып кетсе немесе өз орнында болмаса қате деп саналады.
Қате жоқ-10 ұпай. 10-11 қате –2 ұпай
1-3 қате - 9 ұпай 12-13 қате –1 ұпай
4-6 қате – 6ұпай
7-9 қате – 4 ұпай
Жеткіншек жасындағылардың эмоция-ерік-өрісін дамыту
“Сезімді тап” жаттығуы.Ойынның басында психолог адамда қандай эмоциялық сезімдер болатынын балалармен талқылайды. Жағымды сезімдер : / қуану , шаттану, таң қалу, ішкі еркіндік сабырлылық, тыныштық/ Жағымсыз сезімдер : / қорқу, уайым, кінәләу, қайғыру, қобалжу , күйзеліс, кектену т.б./ Мұнан кейін балаларға азғана уақыт беріліп кез-келген сезім түрін мимикамен қимылмен көрсетулерін сұрайды. Басқа балалар бұл баланың қандай сезімді бейнелеп тұрғанын табулары қажет.
“Өлең” ойыны.
Мақсаты: балаларды тыныштандырып, қозу мен импульсивтілікті тежеу.
Балалар шеңбер жасап орындықтарға орналасады. Ортаға жүргізуші шығады.
“Қазір бәріміз бірге бір өлең айтып көрейік (балалар өздеріне таныс бір өлеңді тыңдайды). Өлең кемінде екі шумақтан тұруы керек.
Жүргізуші ойын ережесін айтады. Мен бірінші шапалақтағанда бәріміз өлеңді бірге айтып бастаймыз, екінші шапалақтағанда бәріміз ішімізден дыбыссыз айтамыз.
Бұл жаттығулар баланың көңіл-күйін тыныштандырып, ұжыммен қарым-қатынасын нығайта түседі.
“ Шеңбер бойынша сөз тізбегі“ ойыны.
Қандай да бір қарапайым фразаны таңдайық, мысалы “бақта алмалар түсіп жатыр”. Енді оң жақтағы ойыншыдан бастап осы фразаны кезекпен айтамыз. Ойынның әр қатысушысы фразаны жаңа интонациямен айтуы тиіс (сұраулы, қуанышты, таңқалушы, немқұрайлы және т.б). Егер қатысушы жаңа еш нәрсе таба алмаса ойынан шығады, ойын бірнеше рет ойналады. Басқа адамның интоннациясын қайталауға болмайды.
Назар аударуларыңызды сұраймын. Ойынды бастайық. Жеңімпаздарды құттықтаймыз.
“Жылы сөз ” ойыны.
Мақсаты: балалардың белсенділігін арттырып, эмоциялық қысымды жою.
Барысы: Барлық қатысушылар шеңбер жасап тұрады. Бастаушы өзінің көршісіне бұрылып қошемет сөз айтады (комплимент), ол оған рахмет айтып келесі адамға жақсы сөз айтады. Ойынды бәрі жылы сөз тыңдап болғаннан кейін тоқтатуға болады.
Баланың психологиялық көңіл-күйін ескеріп оны қалыпты жағдайда ұстау үшін түрлі жаттығулар жасату өз нәтижесін көрсетеді.
“Алманы жұлып ал ” ойыны.
Мақсаты: Берілген жаттығу жүйкені тыныштандырып, босаңсуға мүмкіндік береді.
Жетекші қатысушылардан бір-бірінен алшақтау тұруын сұранады да: “Қазір біз бақшадан алма жинаймыз, олар өте биікте өсіп тұр, оң қолымызды барынша көтеріп бір-біріміздің артымызға тұрамызда, ішке терең тыныс алып алмаларды жұламыз. Енді тынысымызды жәйлап шығарып, алмаларды себетке саламыз.
Сіздердің сол жақтарыңызда тағы да екі өте үлкен алма тұр. Бір-бірлеріңіздің артарыңызға тұрып алманы жұлып алыңыздар. Керемет! Ары қарай терең тыныс алып екінші алманы сол қолымызбен жұламызда тынысты сыртқа шығарып алманы себетке саламыз.
Тренинг тақырыбы:
Жеткіншектердің жекелік өсуін дамыту.
Мақсаты: Жеткіншек жастағылардың жекелік өсуіне жағдай жасау.
Тренинг міндеттері:
Өзін-өзі тануға ұмтылыс, өзінің ішкі әлеміне үңілуге және оны бағдарлауды қалыптастыруға жағдай жасау.
Қатысушылардың сезімі мен эмоциясы туралы білімін кеңейту, өз сезімі мен эмоционалдық реакциясын білдіруде басқара білуге үйрету.
Қарым-қатынас дағдыларын жетілдіру, тыңдай білуге, өз көзқарасын білдіре алуға, өзге адамдарды түсіндіруге, ымыршылдыққа келуге қалыптастыру.
Өмірлік мақсаты, оларға жетудің жолы мен тәсілдерін, келешек өмірі туралы ойлануға қабілеттендіру.
Қатысушылар категориясы:
Тренинг жасы 11,12-ден аспаған жеткіншектерге арналады. Кіші мектеп жасындағы балалар жеткеншек кезеңде болатын өзі туралы ізденетін жасқа жетпегендіктен олар үшін өзекті болмайтын тақырыппен айналысу күрделі.
Топ құрамы:
Адам саны 10-15 адам болуы;
Топтардың қалауымен жинақталуы;
Әртүрлі жынысты топтар арасында өткізілгені дұрыс, бірақ біржыныстылар арасында жүргізуге боламыз;
Топтағы қатысушылар жасының айырмашылығы аз болуы қажет.
Өткізілетін орны;
Тренингке арналған үлкен бөлме.
Өткізілу түрі:
Топтық сабақ. Сабақтың жиілігі аптасына бір рет. Әрбір сабақ үш бөлімнен тұрады.
1.Кіріспе бөлім (ширату)
Негізгі бөлім (жұмыс)
Қорытынды.
Тренинг 6 сабаққа 2 академиялық сағатқа есептелген (жалпы ұзақтығы 12 сағат).
Кіріспе бөлім мен қорытынды бөлім барлық уақыттың 4/1 бөлігін алуы тиіс.
Кіріспе бөлім қатысушылар жағдайы мен бір, екі ширату жаттығуынан тұрады. Әрбір сабақ басында психолог топтың ахуалын сезінуі маңызды. Бұл оған бір күнге жасаған жоспарын қайта түзетуге мүмкіншілік береді.
Қатысушыларға келесі сұрақтарды қоюға болады: “Өзіңізді қалай сезініп тұрсыз?”, “осы уақыт ішінде қандай жаңалық болды?”, “Өткен сабақта не есіңде сақталды?”
Ширату кезінде әртүрлі жаттығулар қолданылады, қатысушыларды жұмыс күйіне келтіріп, белгілі тақырып бойынша жұмыс жасауға белсендіру. Бұл жаттығулар топта талқыланбайды.
Бірінші сабақтың кіріспе бөлімі көп уақыт алады, ережелерді кеңінен түсіндіруге, қатысушылардың мотивациясына көңіл бөлуге, жұмыс немен аяқталатыны айтылады. Топтағы бірінші сабақ топтың нормаларды жасауда, мотивация беруде, жұмысқа қатысушылардың белсенді кірісуіне шешуші роль атқарады.
Тренингтің сәтті болуы көп деңгейде топ жұмысының арнаулы ұстанымдарын сақтауға байланысты.
- Қатысушылардың белсенділігі ұстанымы топ мүшелері үнемі әртүрлі әрекеттерге қатысады – ойындар, пікірталас, жаттығу саны мен бірге өзге қатысушылар әрекетін мақсатқа бағыттап, бақылайды, талдайды.
Қатысушылардың зерттеу көзқарасы ұстанымы: қатысушылар қарым-қатынас мәселесін өздері шешеді, жетекші туындаған сұраққа жауапты өздері іздеуіне ой салады.
Мінез-құлықтың әділдігі ұстанымы: топтағы қатысушылардың мінез-құлқы импульсивті деңгейден объективті деңгейге ауысады: мұнда объективация құралы кері байланыс болады, яғни, видеотехника көмегімен;
Серіктестік қарым-қатынас ұстанымы: топтағы өзараәрекеттестік барлық қатысушылардың қызығушылығын ескеріп құрылады: әрқайсысының жекелік құндылықтарына құрметпен қарау, көзқарастарының теңдігі, сонымен бірге бір-біріне жаны ашу, түсіну.
“Қазір және осы жерде” ұстанымы: топ мүшелері өз назарын дәл қазілгі болған әрекетке шоғырландырады, төкен тәжірибені байланыстыруға болмайды.
- Жарияламау ұстанымы: топтық “психологиялық жабылуы” қатысушылардың психикалық жарақат алу тәуекелін азайтады.
Топтық пікірталас кезінде қатысушылар мәселені топтық үрдіспен басқаруға үйренеді, пікірталаста әртүрлі рольде: коммуникатор, идея генераторы, эрудит т.б.. Осындай белсенді жұмыс үрдісінде топтық қарым-қатынас қалыптасады. Рольдік ойындарға тұлғааралық өзара-әрекетке тіреу жасалады. Жоғары оқыту құндылығын көптеген психологтар мойындап отыр. Ойында қатысушылар үшін шынайы өмірде маңызы бар рольдер мен жағдайлар “ойналады”. Ойыннан кейін болатын психологиялық талдау оқыту тиімділігін күшейтеді. Рольдік ойындарда қалыптасқан әлеуметтік мінез-құлық ережелері мен нормалары, қарым-қатынас стилі, әртүрлі қарым-қатынас дағдылары жеке тұлға игілігі болуға шынайы өмірінде сәттілік әкеледі.
Әртүрлі жаттығулардан тұратын психогимнастика топтың жайлы ахуалын қалыптастыруға топтағы қатысушылардың жағдайының өзгеруіне, сонымен бірге әртүрлі қарым-қатынас қасиеттерін бірінші кезекте йаналадағы әлемді қабылдауға сезімталдықты жоғарылатады.
Сабақ бағдарламасы.
1 сабақ - “Бастау алу”, танысуға арналады және жетекші мен топ арасында байланыстың орнауы, кедергілерді жою, сенімділік ахуалы мен топтың ұйымшылдығын құру.
2 сабақ - “Адамдар әлемінде” топтың ұйымшылдығына арналады, қатысушылардың қарым-қатынас сауаттылығын көтеруге, конструктивті қатынас дағдысына үйренуге, тыңдай білуге, өз көзқарасын шығарып, жеткіп алуға өзге адамдарды түсініп ымырашылдыққа келу.
3 сабақ – “Эмоция теңізінде”, қатысушылардың сезімі мен эмоциясы білімін кеңейтуге арналады, өз эмоциясын білдіре алуға дағдыны үйрену және өзгелерден осыны көре білу.
4 сабақ - “Ішкі жан тереңдігінде”, өзін тануға жағдай жасау, өзінің ішкі әлеміне үңілуге және оған бағдар жасауға арналады.
5 сабақ - “Өткен шақ, осы шақ, болашақ,” келешек өмірін түсінуге, өмірлік мақсаттарды, олардың жолы мен жету жолына қабілеттендіретін жағдай жасауға арналады.
6 сабақ - “Финал” қорытынды жасауға, жеткен нәтижелерді бекітуге, топтық жұмыстың аяқталуына байланыстан шығуға арналады.
Ширату жаттығулары.
“Кездесу мен ұқсастық”.
Қатысушыларға кездесу мен ұқсастықтарын айту ұсынылады.
Мысалы: ”егер біздің кездесуіміз жануар болса, онда бұл ит болар еді”.
“Ауа райы.”
Нұсқау: бір парақ қағаз бен қарындаш алып, қазіргі көңіл-күйіңізге сәйкес сурет салыңыз, сіз қазір “нашар ауа райы” немесе “дауылды жел “ мүмкін, сізде ауа райы өте жақсы, күн жарқырап тұрған шығар.
“Жазу машинасы”.
Қатысушыларға сөз немесе сөз тіркесі жасырылады. Әріптерді құрайтын мәтін топ мүшелерінің арасында бөлінеді. Мұнан кейін сөз тіркесі жылдам айтылуы тиіс, әркім өз әрпін айтады, ал, сөздер арасы алақандарымен шапалақтап отырады.
“Ергежейлілер мен алыптар.”
Барлығы шеңбер бойына тұрады. “Алыптар” деп бұйрық берілгенде барлығы тұрады, ал “ергежейлілер” дегенде барлығы отыра қалуы қажет. Жетекші қатысушыларды -“Алыптар” дегенде отырып қалатындай етіп шатастырады.
“Сигнал”.
Қатысушылар жақын және қолдарын артқа ұстап шеңбер бойына тұрады.
“Посылка”.
Қатысушылар бір-біріне жақын шеңбер бойына отырады. Қолдарын көршілерінің тізесіне қояды. Қатысушылардың бірі көршілерінің аяғын жеңіл шапалақтап “посылканы” жібереді. Сигнал тез арада жүруге тиісті және авторға шеңбер бойынша айналып келеді. Сигналдың нұсқалары болуы мүмкін (саны әртүрлі немесе қозғалыс түрі).
“Өзгермелі бөлме”.
Нұсқау: қане қазір бәріміз бөлмеде жәй жүреміз. Ал енді көз алдыңызға елестетіп көріңіздерші, бөлме сағызға толы, сіз олардың арасымен өтіп барасыздар. Қазір бөлме қызғылт сары – қабырғалар қызғылт сары. Еден де, төбе де энергияға толы “Фанта” сусынындағы көпіршіктей көңілді әрі жеңіл сезінеміз. Енді жаңбыр жауды, айналаның барлығы көгілдір әрі сұр болып кетті. Сіз көңілсіз, мұңлы, шаршап келесіз. …
“Уілдеген мотор”.
Нұсқау: сіздер нағыз автомобиль жарысын көрдіңіздер ме? Қазір біз шеңбер бойындағы автожарыс ұйымдастырамыз. Көз алдыңызға уілдеген жарыс автомобилін елестетіңіз – “ррррррммм”. Араларыңыздан біреулеріңіз “рррмм” деп бастап, басын оңға немесе солға бұрады. Оның көршісі, бірінші адам басын қалай бұрса, сол адам рррмм деп айтып жарысқа түседі. Осылай мотор уілі шеңбер бойынша шапшаң жүріп өтеді. Қане, кім бастағысы келеді?
Сабақты аяқтауға арналған жаттығулар.
“Шеңбер бойынша қошеметтеу”.
Нұсқау: біз бүгін тамаша жұмыс жасадық. Мен қазір сендерге ойын ұсынғым келіп тұр. Мұнда шапалақтау алдымен жәй, содан кейін қатты-қатты шапалақ болуы керек. Жетекші алақанымен шапалақтап жәй ғана бір қатысушының жанына барады. Мұнан кейін бұл қатысушы топтан бір адамды таңдап, енді екеуі қол шапалақтайды. Үшінші адам төртінші адамды таңдайды. Соңғы адамға бүкіл топ қол шапалақтайды.
“Сыйлық”.
Қатысушылар шеңбер бойына тұрады.
Нұсқау:
Қазір бір-бірімізге сыйлық жасаймыз. Жетекшіден бастап әрқайсысымыз кезекпен понтамима арқылы қандайда бір затты бейнелеп оң жақтағы көршіге сыйлық береміз (гүл, балмұздақ, т.б.).
“Жанға жағымды сабағыңыз үшін рахмет!”.
Қане, ортақ шеңберге тұрыңыздар. Мен сіздерге салтанатты сезінуге, бір-бірімізге алғыс айтуға, достық сезімін білдіруге көмектеседі. Ойын келесі үлгімен өткізіледі: олардың бірі ортаға тұрады, екінші адам келіп қолын қысып: “жан-жағымды сабағыңыз үшін алғыс айтамын!”, – дейді. Екеуі қолдарын ұстап ортада тұрады. Мұнан кейін бірінші және екінші адамның қолынан ұстап алғыс айтады. Осылайша барлығы бір-біріне алғысын айтып шығады.
1 сабақ “Бастау”.
“Қойдың басы”.
Нұсқау: - біздің алдымызда үлкен ортақ іс тұр, сондықтан бір-бірімізбен танысып, есімдерімізді еске сақтауымыз керек. Тренингте бізге өмірде әдетте қол жетпейтін тамаша мүмкіндік туып тұр, - өзімізге есім таңдау. Біреуге ата-анасының қойған есімі ұнамайды, сіздердің есім таңдауға 30 секунд уақыттарыңыз бар. Топтың басқа мүшелері мен жетекші тренинг бойы сізді осы есіммен атайды.
Ал, енді бір-бірімізбен танысайық. Барлық ойын есімдерін бірден және берік еске сақтау қажет. Біздің танысуымыз былай болады: бірінші адам өз есімін атаса, екінші адам бірінші адам мен бірге өз есімін атайды, үшінші адам алғашқы екі адаммен өз есімін атайды. Соңғысы осындай үлгімен барлық топтың мүшесін атап шығады. Есімдерді жазуға болмайды, тек есте сақтау қажет. Бұл процедура “қойлар басы” деп аталады. Неге? Егер сіз өз серіктестеріңізді атап келіп, біреудің атын ұмытып қалсаңыз, “қойдың басы” деңіз.
Қосымша шарт – адамның есімін атағанда, оның көзіне қарап айту.
“Келісім шартқа тұру”.
Барлық ережелерді жасағанда миға шабуыл көмегімен өткізіледі, барлық ережелер тақтада немесе ватман қағазда жазылып қояды.
Ноль-ноль заңы (дәлдік)
Қолды көтеру ережесі: кезекпен сөйлейді, біреуі сөйлегенде қалғандары үндемей тыңдайды, сөз алу үшін қолыңды көтеру қажет.
Бағаламау: әртүрлі көзқарастар болуы мүмкін, ешкімде бірін-бірі бағаламайды, тек әрекетін талқылаймыз; сын жүйелі болу қажет.
Құпиялықты сақтау: сабақта өтілгеннің барлығы қатысушылар арасында қалады.
“Тоқта” ережесі. Қатысушылардың жеке тәрбиесі талқыланса, жағымсыз тәжірибе “тоқта” сөзін айтып, тақырыпты тоқтату.
Белсенділігі: егер кім-кім сабақта белсенділік көрсетсе, курс соңынан көп нәрсені білетін болады.
“Адамдар әлемінде”.
“Жарнамалық ролик”.
Нұсқау:
- Біздің барлығымызға жарнама сөзі жақсы таныс. Күнделікті біз теледидардан көптеген жарнамалық роликті көріп, тауарлардың әртүрлі болатынын түсінеміз. Бәріміз – жарнамалық тауарлардың тұтынушысы болғандықтан, өзімізді жарнама маманы деп санау артық болмайды.
Көз алдарыңызға қандай да бір тауардың жеке ролигін жасауға жиналғанымызды елестетіп көріңдерші. Біздің міндетіміз – халыққа тауардың жақсы жағын ұсыну, оларды қызықтыру. Барлығы да – кәдімгі жарнамалық қызметтің іс-әрекетіндей болады. Бірақ, кішкентай бір өзгешілік бар – біздің жарнаманың нысанасы осы шеңберде отырған нақты адамдар. Әрқайсысыларыңыз топтағы қатысушылардың есімі жазылған бір жолақты таратады. Мүмкін сіздің өз есіміңіз жазылған жолақ түсер. Еш қорқынышты емес! Онда сізге өзіңізді өзіңіз жарнамалауға тура келеді. Біздің жарнамада тағы да бір шарт бар: сіз жарнамалап отырған адамның есімін атайсыз. Сонымен қатар адамды қандай да бір тауар ретінде елестету ұсынылады. Мүмкін оны тоңазытқыш ретінде жарнамалайсыз ба? әлде қала сыртындағы үй ме? Онда ол қандай тоңазытқыш? Қандай қала сыртындағы үй? Сіздің жарнамаңыз халықтың қай бөлігіне арналған? Жарнамалық роликте нысананың ең маңызды және шынайы бейнесі жарнамаланушы. Әрбір жарнамалық роликтің ұзақтығы – бір минут. Мұнан кейін топ бұл жарнамада кімнің жасырылғанын табуы тиіс.
Қажет болғанда бөлмедегі кез-келген затты антуаж ретінде пайдалануға және басқа ойыншылардың көмегіне сүйенуші болады. Дайындыққа 10 минут уақыт беріледі.
“Не көріп тұрсам, соны айтамын”.
Нұсқау:
Өзге адамдардың мінез-құлқын сипаттау өзгеше әрекетін бағалаусыз бақылауды хабарлауын білдіру, яғни, жеке қасиеттері айтпау, бағаламау. Сипаттау айту, баға беріп айтуға қарағанда серіктесімен қатынасқа түсуде, түсінікті және өз мінез-құлқын түзетуге мүмкіндік береді. Мысалы: “Майра сен жалқаусың” – бұл тіл тигізу, баға беру. “Майра, сен өз төсегіңді жинаған жоқсың” – мінез-құлықты сипаттау.
Барлығы шеңбер бойына отырып, көршілерінің мінез-құлқын бақылайды. Сонан соң кез-келген қатысуға байланысты не көргенін айтады. Мысалы: Қанат аяғын айқастырып жатыр.”, “Аян күлімсіреп отыр.”
Жетекшіге ақпарат:
Жетекші бағалау ой қорытындысы мен пікір қолданбағанын бақылайды. Жаттығу аяқталғаннан кейін қатысушылар қаншалықты оларға жаттығу күрделі болғанын, оқушылар не сезінгенін талқылайды.
“Даяшы, менің сорпамда шыбын жүр”.
Топтағы қатысушыларға бір қымбат мейрамханадағы қақтығысты жағдайда болуларын сезіну ұсынылады. Әрбір қатысушыға төменде келтірілген сценарийдің бірін танысып шығуға ұсыныңыз.
Жаттығу қарым-қатынас аспектісін түсіндіруге бағытталған рольдік ойын екенін түсіндіріңіз.
Екі орындаушыны ортаға шақырыңыз, өзгелері бұл екеуін ести әрі көре алатын болсын, мұнан кейін ойынды бастаңыз.
Жағдайды ойнап болғаннан кейін қатысушылардың сахнадағы пікірін, уайымын, әсерін талқылау, мұнан кейін топ мүшелерінің пікірін тыңдау. Егер уақыт болып, жаттығуды қайталауды қалайтындар болса, басқа ойыншылармен жүргізуге болады.
А ролі:
Сіз өзге елде саяхаттап жүрсіз делік. Бүгін сіз қымбат бір дәмханадан түстеніп отырып, сорпаңыздан жәндікке ұқсас бір нәрсе таптыңыз. Сіз даяшыға шағымдандыңыз, бірақ ол сізді бұл жәндік емес, дәмдеуіш, деп сендірді. Сіз келіспестен басқарушымен сөйлесуді қалайсыз. Міне, басқарушы – сіз отырған үстелге жақындап келеді.
Б ролі:
Сіз – жақсы бір мейрамхананың басқарушысысыз. Баға өте жоғары болуы мүмкін, бірақ қызмет көрсету сапасы оны ақтайды. Сіздің мейрамханаңыздың беделі керемет, оған шетелдіктер көп келеді. Бүгін сіздің мейрамғанаңызға бір шетелдік түстенуге келді, даяшылардың бірі сорпа әкеліп берді.
Қандай да бір шағымдар түсіп даяшы шетелдіктің сізбен сөйлескісі келетінін жеткізді. Сонымен сіз ол отырған үстелге бара жатырсыз.
Талдау:
а шағымданды ма? Тапсырысты өзгертті ме? Сорпа үшін төлеуден бас тартты ма?
Б мәселе төркінін түсінуден бас тартты ма? Екі жақтың түсінбеушілігін жеңді ме? Өкініш білдірді ме? Сыпайы кешірім сұрады ма?
Екі жақ түсіністі ме? Мәселе екі жақ қанағаттандыратындай шешілді ме?
А өз шағымын түсінікті етіп жеткізуге болар ма еді?
Рольдік ойын адам мінез-құлқыныдағы мінез-құлық өзгешелігін көрсетуге пайдалануға болады.
2 сабақ. “Эмоция теңізінде”.
“Сезімді атаймыз.”
Нұсқау:
Қане көрейікші, кім сезімді білдіретін көп сөз атай алады? Кезекпен сөзді атап ватман қағазға жазыңыздар.
Жетекшіге ақпарат:
Мақсаты – қатысушылардың эмоцияға байланысты сөздік қорын жинақтау. Бұл жаттығуды екі топ арасында жарыс немесе жалпы топтың миға шабуыл ретінде жүргізуге болады. Топтың жұмыс нәтижесін ватман қағазға жазылған сөздерді бүкіл сабақ бойы пайдалануға болады. Сабақ барысында бұл сөздікке жаңа сөздерді енгізуге болады, бұл топтың эмоционалдық тәжірибесін айқындайды.
Талқылау:
Аталған сезімдердің ішінен саған қайсысы көбірек ұнайды? Сеніңше, қайсысы жағымсыз сезім? Қай сезім саған жақсы таныс?
“Шұрым – бұрым”
Жүргізушіге бір сезімді жасыру ұсынылады, мұнан кейін сөз мәнері (интонация) арқылы шеңберден артқа қарап, шұрым-бұрым деп дауыстайды, қалған жасырылған сезімді табады.
“Қағаз доптар.”
Қажетті құрал:
Ескі газеттер, топты екіге бөліп тұратын жабысқақ лента, оны сызық ретінде белгілеуге болады.
Нұсқау:
Әрқайсыларыңыз үлкендеу газет парағын алып тығыз доп жасаңыздар. Енді екі топқа бөлініп, топтар арасы шамамен 4 метр болатындай етіп, сызық бойына тұрыңыздар. Менің бұйыруымнан кейін қарсыластарыңыз жаққа допты лақтыруды бастайсыздар. Әрбір топтың ойыншылары барынша шапшаң өз жағына түскен допты қарсыластар жағына лақтырулары тиісті. “Тоқта” дегенде доп лақтыруды тоқтатыңыздар. Қай топ жақта доп аз қалса, сол топ жеңімпаз атанады. Бөлінген сызықтан асып кетпеңіздер.
3 сабақ. “Жаныңның тереңдігі”.
“Сиқырлы қол”.
Әрбір топтағы қатысушы қағаздың жоғарғы жағына өз есімін жазып, қарындашпен өз қолын айналдырып сызып шығады. Әр саусаққа өзінің қандай да бір қасиетін жазып, түрлі-түске бояуына болады. Мұнан кейін “алақандар” шеңбер бойына жіберіледі де басқа қатысушылар алақан кімге тиесілі соның басқа қасиеттерін жазуға тиісті.
Талқылау:
Өзіңіз туралы жаңа не білдіңіз? Біз өзімізді қалай қабылдаймыз және өзгелер бізді қалай көретіндігінде шындықтың бар екендігі талқыланады.
“Сиқырлы дүкен”.
Қатысушылар өзі турлы, өз ерекшеліктерін түсіну мен талдауға қандай қасиеттерін өзгерткісі келетінін ойлануға мүмкіндік береді.
Нұсқау:
“Мен сіздерге өздеріңізді жаңа бір қырынан тануға мүмкіндік беретін жаттығу ұсынғым келеді. Жайғасып отырыңыз. Бірнеше рет деміңізді ішке тартып, сыртқа шығарыңыз, босаңсыңыз. Көз алдыңызға орманда бір аяқты жолмен жүріп келе жатқаныңызды елестетіңіз. Сізді жасыл – желекті табиғат қоршап тұр. Айналаға қараңызшы. Сізді қоршап тұрған орман іші жарық па әлде күңгірт пе? Не естисіз? Қандай иістерді сезіп тұрсыз?
Кенеттен жалғыз аяқ жол бұрылып, ескі бір лашыққа алып келеді. Сізге бұл қызық болып көрініп, үйге кірдіңіз. Барлық жерде ыдыс – аяқ, банкілер, қораптар тұр. Бұл – ескі дүкен, бірақ сиқырлы. Көз алдыңызға елестетіңіздер – бұл дүкеннің сатушысы мен боламын. Қош келдіңіздер! Сіздер мұнда заттан басқа, мінез қасиеттерін, қабілеттілікке қатысты не қаласаңыз соны ала аласыздар. Бірақ бір ережесі бар: әрбір сіздің қалаған қасиеттеріңіздің орнына басқа қасиетіңізді бересіз немесе бас тартуыңыз қажет. Сиқырлы дүкен қызметін кімде-кім пайдаланғысы келсе, не қалайтынын маған келіп айтсын. “Бұл үшін не бересің?” деп сұрақ қойғанда, бұл мәселені шешуі керек”.
Қорытынды кезінде кім не сезінгенін айтуы қажет.
4 сабақ. “Өткен шақ, келер шақ, осы шақ”.
“Өмірбаян”.Бұл тапсырманың негізгі мақсаты – біздің өткеніміздің қазіргі өмірімізге қалай әсер ететінін сезіну.
Стилі:Өз өмірбаянын жазу әртүрлі болуы мүмкін. Кейбіреулері мұны хронологиялық тәртіппен, өмірін жылдармен әңгімелесе; екіншілері өміріндегі қандай да бір себеппен орын алған оқиғадан бастайды. Бұл тәсілдердің барлығы да сәтті болуы мүмкін. Кейде жалпы жоспарды хронологиялық тәртіппен құрастырып, содан кейін қазіргі сәтте қай оқиғаға бірінші тоқталғысы келетінін ең соңында, жоспардан қандай да бір сәттер қалып кетуін тексеру. Сіздің шығармаңыз грамматикалық және көркемдік ережелерге қарсы келетін болса да жеңіл жазыңыз. Өз өміріңіздегі болған оқиғаларды ашып айқаныңыз дұрыс, мүмкін бұл сіздің пікіріңізше, сізді қолайсыздыққа алып келер деп ойларсыз. Керісінше, өміріңіздегі ең ұялатын осы сәттерге көңіл бөле отырып, өзіңіз үшін көптеген пайдалы нәрсені аңғарасыз. Сізің жанды жерлеріңіздің себебі неде екенін көрсетіңіз. Өз өміріңізге шынайы, адал ниетті көзқараспен қарап, оны түсінуге және әрі қарай жүйелі қадамдар жасауға ұмтыласыз.
Егер сіздің өмірбаяныңыз тым ұзақ әрі байланыссыз болып кетсе, оған қосымша қысқа әрі нақты нұсқасын қосыңыз. Бұл ізгі жеке ерекшелігіңізді көруге көмектеседі.
Сіздің жалпы дамуыңыз.
Өз өміріңіздің әр кезеңінде сіз қандай адам болдыңыз? Содан бері қалай өзгердіңіз? Айнадағылар сізді өзіңіз қабылдағандай етіп, қабылдады ма? Қандай бетперде кидіңіз?
Дамудағы кез-келген қиындықты немесе өмірге өзгеше көзқараспен қараған соқпақты сәттерді сипаттаңыз. Мұндай оқиға “сын” ретінде қиындықты қалай көтеруге беріктікті тексеру болып табылады. Өміріңіздің басқа жағдайында қайталанған қандай да бір қақтығыстар болды ма? Өмірлік тәжірибеңізден қандай да бір сабақ алдыңыз ба?
Нақты сұрақтар.
Бұрын болған бір оқиғаны сипаттаңыз. Бала кезде көрген түстеріңізді айтыңыз. Сізді жарақаттаған кез-келген оқиғаны еске түсіріңіз, мысалы, ауру, бақытсыз оқиға, өлім, айырылысу, зорлық, жыныстық қорлау т.б. Бұл сізге қалай әсер етті. Өз өміріңізді әңгімелеп аңыз немесе ертегі ойлап табыңыз.
Егер өз ертегіңізге ат қойғыңыз келсе, қандай ат, тарау берер едіңіз? Өмірлік тәжірибеңізді қабылдайсыз ба жоқ оған жағымсыз қарайсыз ба?
“Болашақты жоспарлау”.
Нұсқау:
Өзіңіздің болашақ жоспарыңызды жазуды ұсынамын. Әрбір адам өмірінде болатын негізгі аумақты бөліп алу қажет: жанұялық, кәсіптік, демалыс.
Әрбір аумақта осы оқиға сізде болғанын немесе жеткізгіңіз келетін жетістіктерді нақты мақсат қоюға және шынайы оқиғаларды болжауға тырысыңыз. Енді жақын арадағы мақсатыңызды бөліп көрсетіңіз. Бұл сіздің алдағы мақсаттарыңызға жету жолы мен кезеңдері.
Хронологиялық тәртіппен жазып, уақытын қоюыңызға болады. Сіздің өміріңіздің әртүрлі аумағыңыздағы оқиғалар мен мақсаттар арасында қарама-қайшылық жоқтығына назар аударыңыз. Олар бір-біріне көмектесіп тұр ма, әлде бір-біріне ешқандай әсері жоқ па? Оларды келістіріңіздер. Әртүрлі мақсатқа жетуде табысты болуға әсерін тигізетін өз жетістіктеріңізбен кемшіліктеріңізді бағалаңыз.
Осы кемшіліктерді жеңудің жолын анықтаңыз. Мақсатқа жету жолындағы барлық сыртқы кедергілерді белгілеңіз. Сыртқы кедергілерді жеңудің жолын анықтаңыз. Өз жоспарыңызды іске асыруды қай мақсаттан бастайсыз: нақты күнін көрсетіңіз.
5 сабақ. “Финал”.
“Раушан гүлдері бұтасы”.
Нұсқау.
Кіріспе.
Ерте кездерден Шығыс елдері мен Батыста кейбір гүлдер “Мен” бейнесінің белгілері болып саналды. Қытайда бұл гүл “Алтын гүл” деп, Үндістан мен Тибетте – лотос гүлі, Европа мен Персияда – раушан гүлі.
Орындалу тәртібі.
Ыңғайлы отырып, көзіңізді жұмыңыз да бірнеше рет терең тыныс алып, шығарыңыз, бойыңызды еркін ұстаңыз.
Көз алдыңызға үлкен раушан гүлдері бұтасын әлі ашылмаған қауызды елестетіңіз. Енді назарыңызды раушан гүлінің бір қауызына аударыңыз. Ол әлі жасыл күлтешелермен жабық, бірақ жоғары жағынан раушан гүлінің ұшы көрініп тұр. Назарыңызды осы бейнеге шоғырландырыңыз.
Осы жасыл күлтешелер жайлап ашыла бастады. Енді сіз осы күлтешелердің бөлек жапырақтардан тұратынын, олардың бәрі бір-бірінен бөлініп төмен қарағанын бірақ әлі раушан гүлдерінің ашылмағанын көрдіңіз. Олар бірте-бірте ашылып енді сіз тұтас ашылған гүлді көрдіңіз.
Толық ашылған гүл жапырақтары ақырын ашыла бастады. Раушан гүлінің өзіне ғана тән хош иісін сезініңіз.
Енді осы раушан гүліне күн сәулесі түскенін елестетіңіз. Ол оған жылылығы мен нәрін береді. Бірнеше уақыт бойына күннен жылылық алып тұрған раушан гүлін елестетіңіз.
Гүлдің өзекшесіне көз тастаңыз. Онда сіз ақылды жан бейнесін көре аласыз. Ол сізге деген сүйіспеншілікпен түсіністікке толы.
өмірдің дәл қазіргі сәтінде сіз үшін маңызды болып тұрған нәрсемен сөйлесіңіз. Дәл қазір сізді не мазасыздандырып тұрғанын ұялмастан сұраңыз. Бұл мүмкін өмірлік мәселелер, бағыт әлде таңдау болар.
8.Енді өзіңізді осы раушан гүлі бейнесіне айналдырыңыз. Елестетіп көріңіз. Сіз енді осы раушан гүлі болдыңыз. Раушан гүлі мен ақылды жан енді сізбен бірге, кез-келген уақытта арқа сүйенуіңізге болады.
Қорытынды
Жеткіншек жасындағылардың жекелік қасиетін дамытуға арналған жаттығулар.
Біз нені жақсы көреміз!
“Қоршаған ортамен өзара әрекеттестікке түскенде біз әншейінде олардың ұнайтынын немесе ұнамайтындығын байқаймыз. Көбінесе бұл бағаны біз адамдардың ішкі қасиеттерімен байланыстырамыз. Қане, адамдардың қандай қасиеттерін бағалаймыз және қабылдаймыз. Осы туралы айтып өтейік. Тапсырманы жазбаша орындаймыз. Бір парақ алып топ ішінен көп жағынан ұнамды бір адамды таңдаймыз. Бұл адамдағы саған ұнайтын бес қасиетін белгіле. Сонымен адамның өзін белгілемей, ол кісіде саған ұнайтын бес қасиетті жаз. Бастадық. Уақыттарың бітті. Енді өтінемін, кезекте өз сипаттарыңды оқыңдар, ал біз бәріміз оның қай кісіге келетінін анықтап көрейік. Ал, енді кім бастайды. Сол жақтан оң жаққа қарай бастауымызға болады. Бастадық. Ал енді қазір қорытынды жасауымызға болады. Қатысушылардың қайсысын біз тезірек таныдық, яғни ең танымал адамдардың қатарында кім болды.
Нашар көңіл-күйден қалай арылу керек?
№ 1 сабақ. Нашар көңіл-күйден қалай арылу керек?
Мақсаты: өзін-өзі ашып көрсету үрдісін тереңдету; өз-өзіне талдау жасай алуға баулу; дегбірсіздік сезімін жеңуге көмектесетін сезімді қалай табуды және одан қалай арылудың жолдарын көрсету.
амандасу салты.
Менің түсім қандай?
Балалар тобы шеңбер құрайды.
Мен бүгінгі күнді әрқайсымыз бірнеше уақыт ойланып, қазір өздеріңіздің түстеріңіздің қандай екенін айтудан бастауды ұсынамын. Бірақ, бұл жерде әңгіме сіздердің киімдеріңіздің түсі туралы емес, сіздердің қазіргі кездегі жағдайларыңыздың түсі болмақ … Енді айтыңыздаршы, сіздердің жағдайларыңыз қалай өзгереді, сіз оянған азанғы уақыттан бастап, осында келгенге дейінгі көңіл-күйіңіздің өзгергенін айтыңызшы, және ол өзгерістер немен байланысты болды? Әңгімеңіздің соңында өзіңіздің қазіргі жағдайыңызға мінездеме беріңіз және оның мағынасын ашу үшін өзіңіз атаған түстің атауын неге осылай бергендеріңізді түсіндіріңіз.
сіздің көңіл-күйіңіз.
Сіз көбіне қандай эмоционалды жағдайда жүретініңізді ойланып, анықтаңыз: өмірге деген құштарлықпен, көтеріңкі көңілмен немесе көңілсіз, қайғылы, жабыраңқы немесе бәрінен түңілген күйде. Бұл - сіздің көңіл-күйіңіз. Әрбір адамның әдеттегі көңіл-күйінің өзіндік жағдайы болады. Біз алдымен соның біреуі туралы ғана сөз қозғайық: «өмірге риза адам», бір уақытта онда да көңілсіз, жабыраңқы көңіл-күй болуы мүмкін. Келесі біреуін біз үнемі көңілсіз, түрінен қанағаттанбаған нышан байқасақ та, оның кей кездері көңілді, «тірі» күйде көруіміз мүмкін. Ең қызығы біз өзіміздің көңіл-күйіміз туралы ешкімге тіс жармаймыз, бірақ көзқарас, сөз, қимыл-қозғалыс, бет-әлпет, бас изеу, екпін, дем алу, күлкі арқылы барлығын көрсетіп қоямыз.
Сізде жиі болатын «өзіңіздің» көңіл-күйіңіз бар ма? Ал, сіз қалай ойлайсыз, сізді достарыңыз, құрбы-құрдастарыңыз, ата-анаңыз қандай күде көреді?
Есіңізде болсын, біз өзіміздің көңіл-күйімізді өзгелерге ықтиярсыз-ақ жеткіземіз. Психологиялық зерттеулердің көрсетуі бойынша, адам өзінің үнемі суық көңіл-күйін қарым-қатынас жасайтын адамдарына таратады дейді. Соңында басым көпшілігінің көңіл-күйлері төмен болуы мүмкін. Біреумен әзілдескісі, сөйлескісі, алған әсерлерімен бөліскісі, басына жаңа ой, идея келмегенде, адам жанын жабыңқы көңіл-күй жаулап алады. Ал, бір жағынан қарағанда үнемі толқынды, көтеріңкі көңіл-күйде, өмірге риза болып жүру кейде өзіңізді қоршаған ортадағы адамдарға кері әсер етеді, оларды жалықтырады, әсіресе, бір адамның жоғары көңіл-күйі жалпы ортаның көңіл-күйіне сай немесе кері әсер етеді. Сондықтан өзіңіздің күнделікті көңіл-күйіңізді білуіңіз қажет және өзіңіздің көңіл-күйіңізхдің сол кездегі жағдайға сай ма, әлде сай емес екендігі туралы ойлаңыз. Басқа сөздермен айтқанда, көңіл-күй сізді емес, сіз көңіл-күйіңізді сол ортаға сай өзіңіз бағыттауыңыз керек.
4. «Өзіңізді жақсы сезініңіз»
сезіміңізді оятатын: «өзіңізді жақсы сезініңіз» тақырыбында бес түрлі жағдаятты көрсетіңіз.оларды өзіңіздің ой елегінен өткізіңіз, сол кезде пайда болған сезімді ойыңызда сақтаңыз. Енді сол сезімдерді қажет болған жағдайда ала алатындай етіп, сенімді бір жерге салып қойыңыз. Ол жерді суреттеп беріңіз және алған әсерлеріңізді суреттеңіз. Тапсырманы орындауға арналған қысқаша талдау.
5. Аукцион.
Аукционға нашар көңіл-күйден арылуға көмектесетін мейілінше көп әдіс тәсілдер ұсынылады. Аукцион жүргізушісі қабылдаған барлық әдіс-тәсілдер тақтаға жазылып қойылады, сонан соң күнделікке көшіріледі.
6. Өз-өзімізді еркін ұстаймыз.
Алдымен психолог маман адам ауыр күшті сезінгенде қарапайым тәсілдер көмегімен өз-өзіне көмектесе алатын жағдаяттар туралы айтып береді. Ол тәсілдер тек өзін сабырлы немесе тыныш қана сезіндірумен қатар, басқа бір адамның қызығуына зиян келтірмейтін ойлы қимыл-қозғалыс туындатады.
А.
Ыңғайлап отырыңыздар. Арқамызды бос ұстап, үстелдің арқаығына сүйенеміз, қолымызды тіземіздің үстіне қойып, көзімізді жұмуымызға да болады. Алдымен жаймен 10 рет терең демімізді ішке тартып, сонан соң шығарамыз. Жайлап жасау үшін демімізді ішке тартқанда ішімізден 7-ге дейін, шығарғанда, 9-ға дейін санаймыз. Егер оңай болса санамаса да болады. Бастайық.
Аяқтағанда:
Енді көзді ашуға болады. Бұл жаттығуды жасау барысында нені байқағанымызды, нені сезінгенімізді айталық. Менің бастауыма болады ма?
Жүргізуші өзінің не байқағанын, сезімдері туралы қалай дәл жеткізуді көрсетеді.
Б. Өзін-өзі еркін сезіну үшін «сиқырлы сөзді» айтуға болады. Мысалы, біз толқығанда, осы сиқырлы сөзді айту арқылы өзімізді сенімдірек көрсете аламыз. Мұндай сөздер әртүрлі болуы мүмкін : «тыныштық», «үнсіздік», «нәзік самал» т.б. ең бастысы олар сізге көмектесетіндей болсын, қане, жасап көрелік.
Соңында жүргізуші қатысушылардан қандай «сиқырлы сөз» таңдағандарын және не сезінгендерін сұрайды.
В. Тынышталу немесе өзін еркін сезіну үшін тағы бір тәсіл. Әдетте сізде қатты бір толқыныс тудыратын жағдаятты есіңізге түсіріңіз немесе елестетіңіз. Сіз өзіңізді сенімді, сабырлы сезініп тұрғаныңызды ішіңізден бірнеше қайталап айтыңыз. Бірақ бұл пайымдарыңыз ұнамды болуы керек. Мысалы, «мен сабырлымын» т.б.
Бастайық.
Соңында жүргізуші кім қандай сөз тіркестерін қолданғанын, не сезінгендерін сұрайды және қиын болмаса, қандай жағдайлар естеріне түскендерін айтып берулерін өтінеді.
Г. Кемпірқосақ тәрізді жоғары қарай.
Балалр орындарынан тұрады, көздерін жұмып, терең ішке қарай дем алу барысында, өздерін кемпірқосақ тәрізді жоғары көтерілгендей, ал, кері шығару куезінде одан көпірден түсіп келе жатқандай елестетеді. Жаттығу үш рет қайталанады.
Бұдан соң айтқысы келгендер болса, алған әсерлері туралы пікір алмасады. Содан соң жаттығуды көздің акшық күйінде қайталайды, 7 рет қайталауға болады. Алған әсерлері турасында жасалған қысқа талқылаудан кейін қатысушылар еркін сезінудің қарапайым әдістерін ұсынады (мысалы, барлық бұлшық етті мүмкіндігінше қатайту, қайта босату).
7. Жарамсыз нәрсені салатын шелек.
Психолог жарамсыз нәрсені салған шелектің қайда тұрғанын суреттеп көрсетеді және балалардан, олардың ойынша, жарамсыз нәрсені слатын шелек ненің белгісін көрсететіндігін түсіндіруді сұранады. Психолог әңгіме сұхбатты әрбір қатысушы өзіне жат, қажет емес нәрселерін өз өмірлерінен алып тастауға мүмкіндік барын түсіндіре отырып жүргізеді, солай бағыттайды. Бұл – адам, қандай да бір зат, орын немесе сезім болуы мүмкін. Оны бейне бір қолдан сарғып, жарамсыз нәрсе салатын шелекке түсіп бара жатқандай етіп суреттеу керек.
Балалар өз өмірлеріндегі негізсіз жайттардың суретте бейнеленгендей етіп айтып береді. Сұрақ қоя отырып олар әрқайсысының таңдауын байқайды. Педагог топқа өз сезімдерін және жалпы тақырыпты ұқсатуға көмектеседі. Бұл кейбіріне мүлдем жат көрінуі мүмкін. Мысалы, пайдасы жоқ сыйлық. Өйткені біреулер қажет емес қарым-қатынас сияқты абстракты ұғымды суреттеп береді.
8. Үй тапсырмасы.
Сөйлемдерді аяқтаңыз…
Мен өзімді …. Кезде өзгелерден бақыттырақ сезінемін.
Мен өзімді … кезде нашар сезінемін.
Мен неге …. Екенімді түсіне алар емеспін.
Егер мен … болсам, менің өмірім әлдеқайда бақытты болар еді.
Ең бастысы мен өз бойымнан …. өзгерткім келеді.
Жеткіншек жасындағылардың тұлғааралық қатынасын
түзетуге арналған жаттығулар.
”Сен маған ұнайсың”.
Мақсаты: Бұл тамаша жаттығу балалар арасындағы жақсы қатынастың дамуына ықпал жасайды. Кейбір балалар өз эмоцияларын еркін көрсете алады, ал бұл кейбіреулер үшін үлкен мәселе. Бұл ойында барлық қатысушылар осы маңызды дағдыны дамытудың шынайы мүмкіндігін алады. “Өрмекші торы” сыныптағы өзара қатынастың ахуалын жақсартады.
Қажетті құрал:: түрлі-түсті жіп орамы.
Нұсқау: Барлықтарың ортақ шеңберге отыруларыңды өтінемін. Мен сендерге өте қызық бір ойынға қатысуды ұсынғым келіп отыр. Біз қазір бір-бірімізді біріктіретін үлкен бір түрлі-түсті өрмекшінің торын құрамыз. Сонымен қатар, әрқайсымыз өз сыныбымыздағы жолдастарымызға деген мейірімді ойлар мен сезімді көрсете аламыз. Қазір мен сендерге ойынның жүргізілу тәртібін айтамын.
Жіп орамының ұшын бірнеше рет алақанда ораймыз да орамды балалардың біріне көрсетесіңдер. Сендер менің не істегенімді көріп тұрсыңдар, мен “өрмекші торында” келесі болатын оқушыны таңдадым. Орамды біреуге бергеннен соң: “Қанат, (Ғалым, Берік) сен, маған ұнайсың, себебі, …” деп ойыңды жалғастырасың мысалы, мен былай айтамын: “Қанат! Сен маған ұнайсың, себебі, сабақ басталмас бұрын сен маған сыныптың есігін аштың”. Оған айтылып жатқан сөздерді тыңдап болған соң, Қанат өрмекшінің торы тартылып тұруы үшін, өз алақанын жіппен орайды. Содан соң орамды кімге берерін Қанат ойлап, шешуі керек. Орам келесі қатысушыға келгенде, Қанат ойыншыға былай дейді: “Ұлжан, сен маған ұнайсың, себебі сен маған кеше математикадан қиын тапсырманы шешуге көмектестің”. Бұл адам сізді немен қуантқалы отыр немесе сіз не үшін алғыс білдіргіңіз келетіні туралы айта аласыз. Осылайша біздің ойынымыз әрі қарай жалғасады. … Орамды беріп жатқанда сізге не айтқанын жақсылап есте сақтаңыз.
Ойын барысында барлық балалар орамды алып шығуын мұқият қадағалаңыз. Егерде кейбір балаларда алғашқыда “сен маған ұнайсың, себебі …” деген дәйексөзді айту қиындық тудырса, оны “маған … ұнайды” деген сөздермен ауыстыруға мүмкіндік беріңіз.
Бірте-бірте “өрмекшінің торы” өсіп, толықтырылады, соңғы орамды алған бала, оны кері бағытта жинай бастайды. Онда әрбір бала жіп орамын жинай отырып, баланың есімі мен қандай сөз айтқанын қайталап, балаға орамды қайтып береді.
Жаттығуды талдау.
Басқа балаларға жағымды нәрселерді айту саған оңай ма?
Осы ойынға дейін саған жағымды нәрсені кім айтты?
Біздің сынып жеткілікті тату ма?
Бұл ойында бір нәрсе сені таң қалдырды ма?
“Жақсы дос”.
Мақсаты: Сыныптағы өзара достық қарым-қатынасты дамыту. “Жақсы дос” ойыны бұл маңызды тәрбиелік тапсырма.
Қажетті құрал: әрбір балаға-қағаз, қалам, фломастер.
Нұсқау: Өзіңінің жақсы досың туралы ойла, бұл шын мәнінде дос болып жүрген адамың болуы мүмкін. Егер сенің шынайы досың болмаса, онда сен жай ғана елестетуіңе болады. Кіммен енді достасқың келетіні жайында ойлан. Сен ол адам туралы не айта аласың? Сендер бірігіп не істей аласыңдар? Сенің досың қандай? Саған оның қандай қасиеті қатты ұнайды? Сендердің достықтарыңның әрі қарай нығаюы үшін не істемексіңдер?
Осы сұрақтар бойынша ойланып көр, оған жауапты қағазға жаза аласың, суретін салсаң да болады (15 минут).
Ал, енді төрт адамнан топқа бөлініңдер, егер қаласаңдар өз суреттеріңді және шығармаларыңды бір-бірлеріңе көрсетуге болады. Бұл жаттығуды орындап жатқанда не туралы ойлағандарыңды айта аласыңдар. Сендердің төрттіктеріңдегі балалардың не айтатынын мұқият тыңдаңдар (10 минут).
Жаттығуды талдау:
Адам досты қалай табады?
Неліктен өмірде жақсы достар қажет?
Біздің сыныпта сенің досың бар ма?
“Достың өмірбаяны”
Мақсаты: егер адам өзінің достарының өміріне шынайы белсенділік пен қызығушылық танытатын болса, достық қатынасы дамып, тереңдей түседі. Бұл ойын балаларды оның достарының өмірі жайында ойлануға ниетттендіреді.
Қажетті құралдар: әрбір балағаарналған анкета. Барлық сынып оқушыларының атттары немесе тегі бар жолақтар жинағы.
Анкета.
бойынша соған түскен адамның өмірбаянын жаз. Ол жайында көбірек сұрастырып біл. Міндетті түрде өмірбаянға қос:
ол баланың аты-жөні;
жасы;
туылған күні;
мекен-жайы;
оның сырт келбетін суреттеу;
оның отбасы мүшелерінің есімдері;
ол не істегенді ұнатады?;
ата-аналары жұмыс істейді ме, істесе кімдер?
Оның өмірін не әсемдейді?
Сенің өз қолыңмен ол адамға жасаған портретің.
Нұсқау: мен сендерге жаңа өте қызықты ойын ұсынғым келеді. Сендер өз достарыңның өмірбаянын жазуларың керек. Өмірбаянның не екенін білесіңдер ме?
Ол не екендігі жайында балалармен сөйлесіңіз, мүмкін болса, мысал ретінде біреудің өмірбаянын айтыңыз. Біздің сыныптың барлық қатысушылардың есімдері бар, жолақтарды мен дайындап қойдым. Жеребені тартып, өзіңнің есімің түскен түспегенін тексер, егер түскен жағдайда, біреумен жолақ ауыстыруға тура келеді, сіздің жолағыңызда есімі жазылған адамның өмірбаянын құрастыр. Онда сендерге көмектесу үшін мен анкета дайындап қойдым. Оның сұрақтарына жауап беру керек. Анкетаның барлық тарауларын мұқият оқып шығыңдар.
Мен таңдалған адаммен сөйлесуге 10 минут уақыт беремін, содан соң, сендерге қойылатын сұрақтарға жауап беру үшін тағы да 10 минут беремін. Ал, енді сендер өздеріңнің сыныптастарыңның өмірбаянын жаза аласыңдар (30-45 минут).
Жазылған өмірбаяндарды ауызшы оқып беруін сұраныңыз.
Жаттығуды талдау.
Сен суреттеген адам туралы жаңа нәрсе білдің бе?
Сендердің араларыңда ортақ нәрсе не, немен ерекшеленесіңдер?
Өзге адамның жазған сенің өмір баянын ұнады ма?
Қазіргі сәттегі сенің өмірлік мақсаттарың қандай?.
Сабақ. Сау бол ….
Мақсаты: қатысушылардың өздерінің ерекше жан екендіктерін таныстыруды бекіту, сана туралы түсінікті жағымды жағынан байыту, жеке тұлға бейнесін әсерлі бояумен сапаландыру, топ мүшелерінің арасындағы достық қарым-қатынасты бекіту.
Амандасу салты.
Әткеншектер.
Үлкен топ екі топшаларға бөлінеді де, «топ ішіндегі топ» болып, бір-біріне қарап тұрады. Мынадай тапсырма беріледі: бірінші топ орнында тұрады,екіншісі сағат тілімен жылжиды. Мысалы, әрқайсысына күле қарау, мақтау немесе жағымды сөздер айту.
«Мен сізге …. жазамын».
Қазір біз хат түрінде жазылатын жанр түрімен айналысамыз. Сабақ соңында әрқайсысымыз барлық қатысушыларды қамтып жазылған бір-бір хатқа ие боламыз. Бірақ, алдымен өз парағыңызды төменгі оң жақ бұрышына (аты-жөніңізді - өз қалауыңызша) белгі жазыңыз да, оны оң жақтағы көршіңізге беріңіз.
Сіздің қолыңызда көршіңіздің аты жазылған парақ тұр. Оған арнап бірнеше сөз жолдаңыз. Не жазу керек? Ол адамға айтар барлық сөзіңізді: мейірімді сөздер, тілектер, мойындаулар, күдіктер.
Оларды суретпен де көрсетуге болады…. Бірақ сіздің айтатыныңыз бір екі сөйлемшелерден аспауы шарт. Сіздің жазған сөздеріңізді жолдаған адамыңыздан басқа біреу оқымас үшін парақтың жоғарғы жағына бүктеп қою қажет. Одан соң ол парақ оң жақтағы көршіге өтеді. Ал сізге жаңа парақ келеді. Сіз ол парақтың егесіне де қысқа жолдауыңызды жаза аласыз. Бұл осы жолмен сіздің өз аты-жөніңіз жазылған парақ қайтып келгенше жалғасын табады.
Топ құра отырып жазған бұл хат әрбір қатысушының қолынан өтті, мүмкін онда сізге бұрыннан айтқысы келген сөздер де жазылған болар.
Қорытындыда, бұлай дөңгелектене жазылған хатты барлық балалар бір-біріне әсерлі сипаумен алмасады.
Психолог бұл хатты өмірдің қиын сәттерінде де айналадағылар сені қандай «көңілді», «сенімді», «тәрбиелі», «әзілқой» ретінде танитындығын еске алу үшін сақтап қоюға кеңес береді.
Бүкіл әлем сахна.
Талқылаудың басында балалардың назары актердің жиі арман еткен бейнені туындататын сахналық мүмкіншілігіне аударылады, біз оны бейнелерді басқаларға ауыстырғымыз келеді.
Балалар өздері қатысқылары келетін сахнаны ойлап шығаруды сұрайды. Олар сахнада өздері қалаған костюмдерін киіп тұрғандарын елестетеді.
Мүмкін топтағы жолдастары көмекші актерлер ретінде таңдалынып алынар.
Сонан соң балалар өздері қалағандай етіп көрермендерді де суреттейді. Құрметті қонақтарға арналған ложада спектакльге арнайы келген даңқты кісілер бейнеленеді.
Балалар берілген рольдердің, костюмдердің және қызметтерің себебін түсіндіруді сұрайды.
Сонымен бірге таңдалған сахнаның мағынасын да түсіну керек. Және де қатысушылардан жалпы көрермендер мен ложадағы құрметті қонақтардытаңдау себептерін түсіндіру талап етіледі; суреттелген авторлардың ролінде бейнеленген көрермендердің қандай роль атқаратындығы сұралады.
Сау бол.
Біздің сабағымыз аяқталуға жақын және біз қоштасамыз. Бірақ сіздер бір-біріңізге барлығын айтып үлгердіңіз бе? Мүмкін сіз өз қобалжуыңызды топпен бөлісуді ұмыт қалдырдыңыз ба? Әлде сіздің өзіңіз туралы ойын білгіңіз келетін нақты бір қатысушыңыз бар ма?
Ол мүмкіндік дәл қазір сізде бар. Алдыңғы сабақтарда үлгермей қалғандарыңызды істеңіз. Шешіміңізді ертеңге қалдырмаңыз. Осы жерде және тап қазір жасаңыз.
Мен – бұл менмін.
Бүкіл әлемде менің Мен екендігімнен нақтырақ ешкім жоқ. Маған бір жерлері ұқсайтын адамдар бар, нақ Мендей ешкім жоқ.
Сондықтан менен шығатын барлық нәрсе ол – менің кеіпім, өйткені оны тек Мен қаладым. Маған өзімде бар барлық нәрсе тәуелді: менің денем, дене мүшелерім, менің санам, менің барлық ойларым мен жоспарларым; барлық бейнелерді көре алатын менің көздерім; қандай да болмасын – дабылды, рахат, күштену, махаббат, тітіркенген, қуанышты менің сезімдерім; сыпайы, нәзік немесе дөрекі, дұрыс немесе бұрыс сөйлей алатын менің аузым мен барлық сөздерім, менің қатты немесе жай дауысым, басқаларға немесе менің өзіме арналған менің іс-әрекетім.
Маған менің қиялым, менің армандарым, барлық менің үміттерім мен менің үрейлерім тәуелді.
Маған менің жеңістерім мен жетістіктерім тәуелді. Барлық менің жеңілістерім мен қателерім. Бұлардың барлығы маған ғана тәуелді. Сондықтан да мен өзіммен өте жақын таныса аламын. Мен өзімді жақсы көріп, достаса да аламын. Сонымен бірге мен өзімдегінің барлығы менің қызығушылығыммен бірге әрекет жасауын қадағалай аламын.
Мен өзімдегі Мен білмейтін нәрселер бар екендігін және мені бір нәрсе абдырататындығын білемін. Бірақ Мен өзіммен достасып, өзімді сүю арқылы Мен ақырын, шыдаммен өзімді абдырататын нәрселердің көзін аша аламын және өзәімдегі әртүрлі заттар туралы көп-көп білетін боламын.
Менің көріп, сезінгендерімнің барлығы, Менің істегендерімнің барлығы, Менің дәл қазір ойлап, сезгендерім – барлығы да Менікі. Осылардың барлығы маған Менің қайда, дәл қазір Менің кім екендігімді нақты білуге рұқсат береді.
Мен өзімнің өткен шағыма көз жіберсем, Мен өзімнің не көргенімді және не сеізнгенімді, не айтқанымды және не істегенімді, қалай ойлағанымды және қалай сенінгенімді көремін және ол Мені толық қанағаттандырмайды.
Мен өзіме сай емес нәрседен бас тарта алып, өзіме қажет нәрсені сақтай аламын және өзімнен жаңа бір нәрсе аша аламын.
Мен көре, ести, сезе, ойлай, сөйлей және істей аламын.
Менің өзгелерге жақын болуым үшін Менде барлығы бар және Мен айналамдағылар мен заттар әлеміне тәртіп пен мағына ендіру үшін тиімді болуым қажет.
Мен өзіме тәуелдімін және Мен өзімді түзей аламын.
Мен – бұл Менмін және Мен – бұл керемет.
Сыйлықтар.
Әрбір жеткіншек жанында отырған адамға сыйлағысы келген сыйлықты ойлап табады.
Ең басты шарт – сыйлық ол адамға қуаныш әкелетіндей болуы керек. Ойға алған сыйлық туралы айта отырып, олар неге сол сыйлықты таңдағанын түсіндіреді. Сыйлық «ұсынған» қатысушы өз ойын айтады: ол шынымен-ақ осы сыйға разы ма?
Сабақ. Ұзақ жолдың алдында.
Мақсаты: жеке құндылықтарды анықтауға көмектесу; жеке тұлғаның күшті жақтарын ашу; қайта байланыс негізінде өзін-өзі бағалауды бірдей қалыптастыру; жеке қордың маңыздылығы.
Амандасу салты.
Сиқырланғандар.
Бір жүргізуші таңдалып алынады. Топ бөлмелерге тарайды. «Тоқта» деген бұйрық берілгенде барлығы тұрған қалыптарында қатып қалады. жүргізуші сиқырланғандардың ішінен біреуін күлдіруге тырысады.
Егер ол күлдіре алса, сиқырланған адам дуасы тарап, күлдірушіге қосылып екеулер жүргізеді. Ойын барлығы сиқырынан айыққанша жалғаса береді.


Девиантты мінез-құлық ерекшелігі.
Мінез-құлық көп деңгейлі процесс,ол түрлі механизмдерді жүзеге асыру мен қамтамасыз етуде айқындалады, оның басты көрінуілері:
Бейнелеу механизмі , адам белгіні нақты жағдайға немесе ортаға байланысты қоюы;Субьектінің қимыл механизмі , нақты және тепе-теңдікті бейнелеу шарты ; Мінез-құлықты эмоциональды реттеу механизмі , барлық кезеңде бөлініп қарастырылуы;
Осы айтылған механизмдер қызметі жанама түрдегі сөйлеу мен есте сақтауда көрінеді. Бейнелеу механизмі процесс түрінде - қабылдау, түйсік, ойлау т.б; Қимыл механизмі - әрекет түрінде ,іскерлік,дағды, бағдарлама немесе стратегия; эмоционалды реттеу механизміне тікелей сезім және уайым жатады.
Мінез-құлықтың ұйымдастырылуы түрлі деңгейде қарастырылады: биохимиялық, физиологиялық, әлеуметтік және психикалық. Нақтырақ тоқталсақ психикалық деңгей өз алдына үш түрге бөлінеді: психо –физиологиялық , психологиялық, әлеуметтік -психологиялық , әр қайсысы арнайы қоршаған ортамен жеке қызмет атқарады; дене ортасына қатысты; жанама түрде субьектінің даралық-жеке тұлғалық сипатына; әлеуметтік-психологиялық жағдайға қатынасы.
Девиантты/ ауытқулы / мінез-құлық - деп, қазіргі қоғамда белгіленген ережеге сәйкес келмейтін, әлеуметтік мінез-құлықты айтады (И.А.Невский). Танымал социолог И.С.Кон анықтамасында,- «девиантты мінез-құлық ол психикалық саулық, құқық , мәдениет және адамгершіліктің әрекет жүйесі ретінде, жалпы бекітілген ережеден ауытқуы»-деп қарастырды. Бейімделген мінез-құлық тұжырымдамасына сәйкес ауытқу процесі кез-келген бейімделуді бұзады (психикалық, әлеуметтік , әлеуметтік-психологиялық,орта) Девиантты мінез-құлықты үлкен екі категорияға бөліп қарастырсақ.Біріншіден ол мінез-құлық - ережеден ауытқыған психикалық саулық,ол ашық немесе жабық психопатологияны білдіреді. Екіншіден бейәлеуметтік мінез-құлық, ол әлеуметтік, мәдениет және құқықтық ережелерді бұзу. Егер әрекет аз болмашы болса онда құқық бұзушы, ал маңызды күрделі болса қылмыс түрінде – ол қылмыскер деп қаралады. Әлеуметтік ауытқуды С.А. Беличева «девиантты мінез-құлық» деп төмендегідей топтастырды:
пайдақор бағытта:құқық бұзу, материалды, ақшалай, мүліктен пайда табу (ұрлық,алдау, жымқыру, сату, т.б.)
агрессивті бағытта: жеке бас дамуына кері бағытталған қимыл (бұзықтық, соққы, тіл тигізу, өлтіру, зорлау).
Әлеуметтік-енжар түрі: әлеуметтік және жеке мәселелерді шешуде
( жұмыс, оқу, нашақорлық, ішімдік және суицид) белсенді өмір сүруден қашу ,азаматтық жауапкершіліктен жалтару.
Бейсаналык мiнездің сыртқы жағдайда көрінуі, ол ішкі ресурстың реттелуімен: әлеуметтік, адамгершілік бағыт және түсініктің өзгеруі негізінде қарастырылады.Сондыктан баланың бір жағынан мінез-құлқында белгі, дабыл, нышан пайда болуы және дамуы деп қарастырсақ, екіншіден жеке бас дамуына мақсатты әсердің құралы тәрбиелік әсердің сапа көрсеткіші.
Мінез-құлықты феномен ретінде қарастырсақ индивид психикасы ерекшелігіне сай жеке бас дамуының жағдайын дұрыстау , сырткы процестерді даму бағытында ескеруіміз қажет. Психолог ауытку деп мінез-құлыкты қарастыруда(жағдайын, тұрақтылығын , пайда болу жиілігін, жеке бас ерекшелігін сипатын және жас шамасын т.б) түрлі әсерді анықтауға көшеді. Жеткіншек жасында ауытқудың байқалуы адамгершілік және әлеуметтік дамуда: уақытша , жағдайлы, тұракты болып келеді. Ол жеке бас дамуында дара ерекшелігіне нақты әрекетіне және өмір сүру жағдайына, қарай қарастырылады.
Мінез-құлықта кертартпалық жағымсыз жағдай немесе өмірдегі жүйелі, бір жақтылы әрекет, біртіндеп жиналып кейіннен өткір кедергіге әкеледі. Кертартпалық мінез-құлықтың деңгейіне мысал келтіріп өтсек: қарсылык, шектелу, кету , агрессия. Ол белгілі бір психологиялық жағдайларда пайда болады, ал одан арылуға ниет етіп, күш салғанда жоюға болады .Егер де жағдайлар қайталана берсе , психологиялык бүтін емес сезіну қалыптасады. Мінез-құлықтағы белсенді және енжар ыңғайлану: топ ішінде және жеке әрекетінің өзгеруі: бұзылған –агрессия ол қайта құруға бағытталуы , деструктивті –орнын толықтыру ол көну немесе талапты орындаудан тұрады. Девиантты мінез –құлықты бірнеше түрге бөліп қарастыруға болады.
Девиантты мінез –құлық
Бейімсіз мінез-құлық Бейәлеуметтік мінез- құлық
Аффектілі агрессивтілік
Аутилді құқыққа қарсылық
Суицальды қылмыстық
Аддиктивті
Негізінде : Негізінде:
Жеке бас және психикалық Әлеуметтенудің бұзылуы
дамудағы бұзылыс әлеуметтік-педагогикалық
Психикалық депривация, кері кету, Мінез-құлық Психологиялық жайсыздық реттелуінің бұзылысы, әлеуметтіліктен кету
Девиантты мінез-құлықтың себептері мен факторлары.
Балаларда мінез-құлықтың бұзылуы, келесі себептерге байланысты болуы мүмкін:
а) әлеуметтік-педагогикалық қараусыздық баланы тәрбиелеуде қажетті жағымды дағдылардың, білім және іскерлік дұрыс берілмеуінен, онда жағымсыз стеротивтер қалыптасады.
б) психикалық терең жабдықталмау, отбасында психологиялық ахуалдың жағымсыз орнауынан , ата –аналарда мен отбасы мүшелері, мұғалім арасында өзара қатынастың қолайсыздығынан (әділ болмау, дөрекілік,мейірімсіздік ) баланың оқуға деген ынтасын төмендетеді , сондай-ақ құрбы-құрдастарымен қарым –қатынасқа дұрыс түсе алмайтын болады.
в) ден саулық және психикалық жағдайының дамуы мен бұзылуы, жас ерекшелік дағдарысы, мінездегі акцентуация , түрлі физиологиялық және психоневрологиялық себептер жатады.
г) сыртқы және ішкі белсенділіктікті шығаруға шынайы жағдайдың қарастырылмауы:пайдалы іс-әрекет түрімен шұғылданбау, балада әлеуметтік маңыздылықтың , жеке мақсат пен жоспардың болмауы.
д)әлеуметтік –психологиялық бейімделмеу негізі бақылаусыздық, онда , әлеуметтік және жекелік құндылықтың жағымсыз жағы қарастырылады, қоршаған ортаның кері әсері.
Жетекші рольде әлеуметтік-психологиялық бақылаусыздық, себебі тәрбиеде немқұрайдылық, қарым-қатынаста назардан тыс қалу балада жалғыздық сезімін тудырады, өзін керексіз санайды. Осындай әлеуметтік жағымды тәжірибенің жоқтығы ,әлемтану мен құндылық бағытын,этикалық нормаларды,эстетикалық сезімді дамытпайды. Осыдан барып балада үлкенді сыйламау, шеттелу, қажетсіз сезіну байқалады. Қазіргі жеткіншек микроортасы жағымды деп қарастыра алмаймыз себебі:қоршаған ортада, аулада және үйде түрлі мінез-құлықтың бұзылу түрлерімен кездеседі, оған әлеуметтік, мәдени, экономикалық факторлар әсер ететіні белгілі.Тұрмыстық идеология негізі қоғамды ырықтандыру процесіне әкелуде . Күнделікті әңгімеде беделге жету жеке құндылықтар негізінде емес заңсыздық және құқық бұзу деңгейінде жеткені туралы көп қозғалады.ол тек материалды тұрғыда табысқа жетумен қатар қоршаған орта құрылымына енуі және қоғамдық лауазымды қошаметіне жетіп отырғаны баяндалады. Жас жеткіншектің идеалды әлеуметтік және жекелік құндылық бағыттарына кері әсер ін тигізетіні сөзсіз. Сондықтан қазіргі таңда мектепте еркін ортаны қарастыру баланың жағымды әлеуметтік тәжірибе жинауына бар қажетті мүмкіндіктерді жасау.Бала келешекте кім болады , іштей кімге еліктейді,идеалды жүзеге асыру үшін қандай жоғары адамгершілік принциптерімен ізгілік құндылықтарын меңгеру керектігін біртіндеп қарым –қатынас жасау барысында қалыптастыру қажет. Тәуекел тобына табысты болу үшін қажетті факторларды анықтап алып ,оның әсерін мінез-құлықтың ауытқуына апаратын жақтарын қарастыру жатады.И.А.Невский,Л.С.Колесова тәжірибеде мектеп қызметкерлеріне экспертті сұрақнама өткізген .Педагогтар пікірінше сыртқы факторлар негізінде қаланатын мінез-құлықты түзетуге жататындар:1. Қоғамда болып жатқан процестер: қоғамдық құндылықтың иерархиялы өзгермеуі , мемлекеттік идеологияның болмауы ; қылмысты жазалауды заңның дұрыстығы , құқық қорғау қызметкерлерінің өз жұмысына жауапкершілік алуы. Жұмыссыздық(ашық және жабық); отбасына әлеуметтік қолдау мен жәрдем ақының дұрыс қарастырылмауы.ақпарат көздері арқылы қаталдық және зорлық туралы көп насихат жасалуы; баланың дене және психикалық жағынан түзетуге және көмек көрсетуге қажетті мекемелердің аздығы; балаға ақысыз сапалы үйірмелердің , қосымша білім алу көздерінің қарастырылмауы, керісінше ішкілік пен темекіні жарнамалау және оны сатып алу оңайлығын сөз етуге болады.2. Отбасы жағдайы және оның ахуалы:
бүтін емес отбасы; отбасының материалды жағдайы (кедейлік және байлық); ата –ананың төменгі әлеуметтік –мәдени деңгейі; отбасында тәрбие стилінің болмауы( ата-ана қаталдығы , балаға жүйелі талаптың қойылмауы , жазалаудың әділ болмауы); балада өзіндік құндылықтың болмауы; баланың мүмкіндік қажеттілігін өтеуде асыра сілтеушілік немесе жеткізбей бағалау; ата-ананың ішімдік және нашақор пайдалануы; ата-ананың шектен тыс мейірімінен балаға психобелсенділік туғызатын заттарды пайдалануға шек қойылмау. 3.Мектептің ішкі өмірінде ұйымдастыру жұмысының жетілмеуі: оқыту мен тәрбие процесін басқару дұрыс жолға қойылмаған; материалды жабдықталу төмен; қоғамда және отбасымен бірге бала тәрбиесі туралы жүйелі жұмыс жасау жоспары қарастырылмаған; пән мұғалімдерінің жетіспеушілігі; сабақтың жиі өтілмей қалу себебінен; сабақтан тыс мерекелердің қанағаттанылмауы ; балаға қажетті үйірмелердің ұйымдастырылуы мен өтілуіне шығармашылықтың аздығы; мұғалімдердің кәсіби қызметіне біліктіліктің жетіспеуі, жас ерекшелік психологиясын , тұлғааралық қатынастағы өзара әрекет ( айқай, көңіл қалатын сөздер қолдану)жүйесін ықпал етуді жеткілікті меңгермеуінен;жаңа оқу бағдарламаларын құруда « неге және қалай оқытамын»түсініктеріне толық жауап қарастырылмау; мектепке қабылданған балада төменгі мативацияның болуы.Осы айтылған факторлар сыртқы әсер болып табылады. Сондай-ақ тәуекел тобына әсер ететін ішкі факторлар бар. Педагогтар оны білуі қажет: бала өзін керексіз және қажетсіз сезіну, төменгі өзін-өзі бағалауы,өзіне сенімсіздігі, өзін бақылау және тәртіпке әкелу жеткіліксіздігі, түрлі жағдайды сынай қарауы, өзінің ойын еркін жеткізе алмауы, өзіндік ашылуы сезілмейді.
өзара
қимыл кезеңдері Байланысқа түсу сипаты мен мазмұны Негізгі әдістер Нәтиже
Қарым-қатынас
қа әкелу Жалпы қабылданған фраза мен түрді қолдану. Мазмұнды ,
мейірімді және тепе-теңдік қарым-қатынасты орнату арқылы эмоциялық реакцияның болмауы.Кеңес беруде сенімге ене білу, тәуелсіздік ,еркіндік көңілді басқаға аудару қолдау
келісу
шартсыз
қабылдау Қабыл
данған келісім
Жалпы қызығу-
Шылық-
ты іздеу Қарым-қатынаста қызығушылық -тың бейтараптылығы.Бірегей еске түсіру арқылы жалпы пікірден ,нақты пікірге әкелу оның құндылығы, жағдай сапасына өзіне талдау жасатуға жеткізу. Тепе-тең қатынаста жеке бас дамуының бірегейліг
ін ескеру
Эмоция
лық жағым-
ды келісім.
Жағым
ды сапаны алдын –ала ескеру Бірегейлігіне ізденіс , әңгімені жағымды сапаға аудару. Өз бойынан жағымды сапаны таба білуге әрекет, ізденіс. Сенімді толықтыру Жеке тұлға шеттен
уін қаб ылдауы
Қауіпті сапаны алдын ала анықтау Жеке тұлғаның шекарасын және жететін жерін бекіту. Қарым-қатынасқа келтіретін сапаны анықтау, болжау, көру және түсініксіз жағын ашу. Сенімді қатынасты жалғастыру Жағдайдың ашыққаралуы.
Мінез-құлық жағдайын бейімдеу Жағымды және жағымсыз сапаны еске алу. Қарым-қатынасты есепке алу және жекелікті ескеру.Қиындықтың неден туындағанын пікірлесу. Кері байланыс Келісім
Орнықты қарым-қатынас құрау Баламен бірге жалпы жоспарды бірге құрастыру, ролдерге бөлу, қарым –қатынас нормасы. Өзгеруге жоспар құру резюме Нақты жоспар
Девиантты мінез-құлықты жеткіншектермен жұмыс жоспары (үлгі).
№ Уақыты Жұмыс мазмұны
1 Қыркүйек-қараша Девиантты мінез-құлықты жеткіншектерді анықтау.
А) сынып жетекшілерімен әңгіме өткізу.
Б) жеткіншектің мінез-құлқын анықтау.
“Аяқталмаған сөйлем” әдістемесі.
В) Кәмелетке толмағандардың ісін қарайтын инспектормен біріккен жұмыс.
2 Желтоқсан-қаңтар Девиантты мінез-құлықтың алдын-алу.
А) ата-анамен кеңес жүргізу
Б) пән мұғалімдері сынып жетекшілерімен кеңес жүргізу.
В) жеткіншектермен кеңес жүргізу.
Г) ата-аналармен жиналысы мен сынып сағаттарына қатысу.
3 Ақпан Девиантты мінез-құлықты жеткіншектерді диагностикалау.
Өзіндік бағасын анықтау.
Қақтығысқа арналған тест.
“Әлемде жоқ жануар” проективті әдістемесі.
Қобалжуды анықтаудың Басса-Дарки сұрақнамасы.
4 Наурыз Тренингтер мен лекциялар өткізу.
Өткізілетін тренингтердің тақырыбы.
“Мен және қоғам”
“Менің ішкі әлемім”
“Мен өз болашағымды қалай көремін”.
“Қақтығыс және одан шығудың жолдары”
“Менің болашақ мамандығым”
“Менің жанұям, менің достарым, біз бәріміз біргеміз”
“Өзіңді жағымды тәрбиелеу”
“Өзіңе-өзің көмектес”
5 Сәуір Өткізілетін лекциялар тақырыбы:
Қазіргі жастардың көңіл көтеруі;
“Жыныстық қатынас мәдениеті”
“Нашақорлық және болашақ”
“ҚР кейбір заң аспектілері”
6 Мамыр Қорытынды. Жыл бойына жасалған жұмыстардың нәтижесімен таныстыру.
Психокоррекциялық сабақтар жоспары:
Бағдарлама 4 құрылымнан, психикалық процестерді өздігінен реттеуге және девиантты мінез-құлықтың алдын-алуға бағытталады.
1 құрылым: “Мен және ұжым”
Мақсаты: топтың ұйымшылдығын және жекелік ерекшеліктерді анықтау, қобалжуды болдырмау.
2 құрылым: “Тиімді қарым-қатынас”
Мақсаты: Қарым-қатынас қабілетін дамыту, агрессияны болдырмау, қақтығыссыз қарым-қатынас дағдысын әдетке айналдыру.
3 құрылым: “Мен ең, ең”
Мақсаты: болашағын жоспарлай білу, шығармашылық және ұйымдастырушылық қабілеттерді дамыту.
4 құрылым: “Табысты болашақ”
Мақсаты: өзін-өзі реттеу, тиімді мінез-құлық бағдарламасын құру, көшбасшылық дағдыларды әдетке айналдыру.
Нормативті ұсыныс:
1 құрылым: 4 сабақтан тұрады, 1 сабақ 40 минут, аптасына 1 рет, барлығы 16 сабақ (4 ай).
Жоспарды әркім жеке құрастырады. Мына телімелі әдістемелерді жүргізу ұсынылады:
Әдістеме “Әлемде жоқ жануар”
Әдістеме “Аяқталмаған сөйлем”
Әдістеме “Кактус”
Әдістеме “Қақтығысты жағдайға жаза беру” (К.Томас.)
“ Топтамалы сюжеттік суреттер” әдістемесі.
Мақсаты: Шығармашылық қиялды дамыту.
Әдістемеге нұсқау:
Суретке әңгіме құрастыру.
Мына суреттерді араластырып (шатастырып ) тастадым. Енді сен бұл суреттерді дұрыстап ретімен қойып көр. Әңгіме құрастырып беруіңді өтінемін. Әңгіме неден басталады? Әңгіменің ортасында не болды ? Әңгіменің соңы немен аяқталады?
Әңгіме.
Қоян ақшақардың мұрнындағы сәбізін алып жеу үшін секіріп жатыр. Секіріп – секіріп ала алмады.
Бір жерден саты әкеліп, онымен де ала алмай жатыр.
Сатымен шықса да ала алмаған соң, не істеуге болатынын ойланып оыр.
Бір кезде бұлттың арғы жағынан күннің көзі көріне бастады. Күн жылынып, қарлар еріп, шөптер көгере бастады. Сол кезде ақшақар да еріп, мұрнындағы сәбізі жерге түсіп қалады. Оны көрген қоян қатты қуанып, сәбізді жеп қояды.
Мәтіннің жасырын түрдегі мағынасын түсіну әдістемесі.
Арыстан ауырып қалып, жем іздеуге шыға алмайтын болды. Сонда ол інінде жатып алып, мүлдем қалтыраған кейіпке келіп, қулыққа көшті. Аңдар оның көңілін сұрап келе бастады. Түлкі де келді. Бірақ ол апанның аузына келіп, ішке бас сұқпады. Арыстан одан: “сен неге ішке кірмейсің?” деп сұрайды. Түлкі:” Мен көп ізді көріп тұрмын. Бірақ сенің апаныңа кірген із бар да, шыққан із жоқ”-деп жауап беріпті.
Арыстан мен тышқан.
Арыстан ұйықтап жатты. Оның үстінен тышқан жүгіріп өтті. Арыстан оянып кетіп, тышқанды ұстап алды. Ал тышқан болса, одан жалынып жіберуін сұрайды, оған да жасаған жақсылығын қайтаратындығына уәде берді. Арыстан қарқылдап күліп, тышқанды босатып жіберді. Бір күні арыстанды аңшылар ұстап алып, есікке жіппен байлап қояды. Тышқан арыстанның жылаған дауысын естіп, жүгіріп келіп, байланған жібін кеміредіде тістеп үзеді де арыстанда құтқарады.
Кішкентай Ербол таңертең көңілсіз ұйқысынан оянды. Оған анасы дәрі берді де, қолшатырын алып, жұмысына кетіп қалды.
Сен қалай ойлайсың? Неге Ербол таңертең көңілсіз оянды? Ерболға анасы не берді?
Қандай адамдарға дәрі береміз? (ауырған адамдарға)
Қалай ойлайсың? Далада ауа райы қандай еді?
Анасы не алды? (қолшатыр)
Қолшатырды қай кездерде ұстаймыз? (жаңбыр жауғанда).
Ал енді ауа-райы қандай екен? (бұлтты, жаңбырлы).
4- тарау Жасөспірімдік шаққа арналған психокоррекциялық жаттығулар.
Балалар және жас өспірімдер жоспарының таныстырылуы
Тапсырма : Қатысатын балаларға жоспар туралы қысқа әңгіме дайындау. Қатысушылар төрт топқа бөлінеді. Әр қайсысының алдына біркелкі таныстыру рәсіміне қажетті деген жабдықтарды дайындау. Бірақ әр топ, әр жастағы балаларға тақырыптар дайындайды : 4 пен 7 жас, 7-ден 10 жасқа дейін, 10 жастан 14 жасқа дейін және 14 жастан 17 жас аралығында. Қатысудан бұрын әр қайсысы төмендегі сұрақтарға жауап береді.
балаларға не хабарлау қажет?
тәрбиеші момын жан ұя туралы қандай анықтама беру керек ?
балаларға қалай айтамыз : мамандардан қандай көмек алуға болады ?
презентацияға қанша уақыт жіберуге болады ?
тақырыпта көп сөйлемдер болуы мүмкін бе ?
Біз қатысушыларға мынандай ұсыныстар береміз, қиналған кезде төменгі материалдарды конструктор сияқты пайдаланамыз, бұл әр түрлі жастағы балалар жоспарының мақсатын түсіндіреді.Тақырыптағы интерактивті элементтерге көңіл бөлу керек.
Өзі туралы қалай айту керек ?
Менің атым : ... Мен жанұяма көмектесем және баларға көмектесемін. Мысалы, үлкендермен балалар қай кезде бір-бірін түсінеді, бірақ оларға не нәрсе кедергі болады немесе қай кезде баланың сабағына көмек көрсету керек. Сіз қандай қиындықтарды білесіз ?
Мен... маған балалармен және жанұямен істеу ұнайды. Сізге арналған менде көптеген әртүрлі ойындар және жаттығулар бар. Сіз қандай ойын ойнауды қалайсыз ?
Мен-психолог (әлеуметтік жұмысшы). Адам қиын жағдайда мақсатқа жету үшін көмек көрсетемін және қолдап отырамын. Бұл мамандық туралы сіз тағы не білесіз ? Мен мұндай жағдайда көзбе-көз сөйлесемін, сізге көмектесемін.
Жоспар туралы қалай айтамыз ?
Бұл жоспар бір-бірін іздеген балалар мен жанұя туралы. Неге ? Бір-бірімен қатынасу және көмектесу. Бұл жоспар балалармен жанұялардың бірге өмір сүруіне дайындайды. Жанұяға өмірге дайын болу керектігіне кейбіреулер таңқалуы мүмкін. Біреулер дайындалу керек екенін ойланады.
Жанұямен баланың таныстық туралы қалай айталады ?
Сіз мерекелерде және арнайы кездесу уақытында танысасыз және көресіз. Сізде үлкендермен тереңірек танысуға мүмкіндік пайда болады. Сіз өзіңізге көмек бере алатын адамдарды біле аласыз. Олармен мерекелерде, концерттерде, ойын ойнау барысында танысасыз. Біз біреуді тани білуіміз, онымен бірге бір нәрсені істей алуға.
МАМАНҒАНҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАП
Тақырыптағы тағы бір күрделі соңғы талқыланатыны- маманға қойылатын талап. Баланы жанұялық өмірге дайындау барысы. Топпен жұмыс істегенде тыңдаушылар ең маңызды сапалысын жазып алып отыру керек. Осы жазылып алған сапаны мамандардың зерттеуіне ұсынады.
Коммуникациялық (қатынас) дағды.
Жылы жүзділік, адалдық және эмпатия.
Сана-сезімін ашып айту және даярлығын бөлісе білу.
Топқа және жанұяға деген бейімділігін, түсінгіштігін, төзімділігін дамыту.
Жанұяға және жанұядағы процестерге назар аударуы, ықыласы, көңіл бөлуі.
Икемділік. Дәстүрлі мерекелік тақырыптарда жұмыс істеу қабілеттілігі.
Мысқыл, қара мысқылдардың жоқтығы.
Сенімділік (тұрақтылық)
Өзінің істеген жұмысының қарым-қатынастық тәжірибесі
Мұндай модульдің аяқтамасы орындалған жұмыстың эмоционалдық бекітілуіне көмектеседі.
Жаттығу «Менің қорқынышымды түсін»
Бұл жаттығу баланың қорқыныш қашықтауынан қабылдау қорқыныш проблемасынан құрылған.
Қатысушыларға тапсырманың жолақ ережесін таратады, бір жағында сөйлем жазылған, ал екінші жағында соның жалғасы болады. Құрдастары не айтқысы келді бұнымен қатысушыларды 2-4 адамнан туратын аз топқа бөлуге болады, әр топқа бір карточкадан беріледі. Балалар әр сөйлемнен қандай әр түрлі түсініктеме ажырата білу керек. Мысалы; карточканың бір жағына жазылған: «маған қорқынышты, қашан ...»; екінші жағына ; «... мен жаңа адамдармен танысамын». Түсініктеме: бірінші танысқан кезінде адам оған сенімсіздеу болады немесе адам жаңа жағдайда өзін қалай ұстауын білмейді. Осы жағдайда балалар тапсырманы жасай отырып айта бастайды, оларда көптеген қорқыныш пайда болады. Сіз осы бейне арқылы шеше аламай жүрген ақпаратқа дәлелдеме аласыз.
Карточка 1.
Маған қорқынышты қай кезде ...
Мен жаңа адамдармен танысқанда басқалар менің істеген жұмысымды бақылаған кезде.
Маған сұрақтар қойғанда және оларға жауап беретін кездегі қорқыныш
Карточка 2.
Мен қорқам, егер...
Мен туралы басқалар қалай ойлайды. Маған қарсылық білдіреді.
Маған біреу қарсы екенін сеземін.
Карточка 3.
Мен түсінемін, қай кезде қорқатынымды. Қорқам. Менің қолым мұздап кетеді. Маған нашар болады. Басым ойланады.
Осы кезеңнің мақсаты- қорқыныштың пайда болуы көрсету және одан өзін-өзі ұстау жолын анықтау. Не себептен адам қорқады, не үшін табиғат осылай жасайды, адамдар да не үшін қорқыныш пайда болатынын балалармен бірге талқылау. Осыдан кейін сұрау керек, кімде кім қорқынышқа шыдай білсе, онда сол адам жеңе біледі, бұл қалайболуы мүмкін. Балалардың көңілін мынаған бөлу керек, қорқынышты жасыру және оны жеңе білу- мінезді әр түрлі жолдарына байланысты.
Жаттығу «Мені мен»
Бұл жаттығу гуманитарлық шеңберінде өңделген және өз іс тәжірибесінде ойлау . Сурет тақырыбын беру арқылы сүрет салдыру : «Мен басқаның көз қарасымен», «Мен осындаймын, қалай жаратылдым сондаймын», «Мен сондаймын». Астын сызып көрсету керек, бұл жаттығудың сапасы нашар және бала жұмыстан бас тартады. Балаға нұсқау беру: «Басқалар соған қандай көз қараспен қарайды өзінің суретінді солай бейнелеп сал».Осыдан кейін балаға дәлелдеу нақты сұрақтарын қой, бірақ бала айтқысы келмесе қинама. Осыдан кейін екінші сүретке өтеміз. «Сен өзін қалай болған келеді, өзіңді солай суреттеп сал». Бала өзі айта білсін, егер ол осындай болса, не болады, не өзгереді, не өзгермейді; Қандай адамдардың пікірімен қарым қатынасы оған әсер етеді, қандайы әсер етпейді: қандай жағдайда оған оңайлау болады, ал қай жағдайда – қиын болады. Қорытынды сүреті : «Сен өзін қандайсын, сол түрінді бейнелей біл».
Сурет салу барысындағы сұрақтар
Бірінші суретке қатысты («Мен басқаның көз қарасымен»).
Сурет салғанда сен өзіңе кімнің көз қарасымен қарадың ?
Бұл бейне қалай пайда болады ? (Неше жылдан бері саған осы көз қараспен қарайды ?)
Әртүрлі адамдардың көз қарасымен мұның қандай өзгешелігі бар ?
Бұл суреттен сен не өзгерткің келеді ? Екінші сурет туралы. («Мен сондаймын, қалай жаратылдым, сондаймын»).
Осылай болу үшін саған не көмектеседі ?
Не нәрсе кедергі болады ?
Сен осылай болғанда, саған кім сенеді?
Ал кім саған қарым-қатынасын өзгертпейді ?
Үшінші сурет туралы. («Мен- осындаймен»)
Басқа адамдардың сенің не айырмашылығын бар ?
Бұл суреттен адам не сезеді ?
Адамға жақсы болу үшін суретті қалай өзгертуге болады ?
Үшінші суреттегі адам жақсы болып көріну үшін, онда бірінші немесе екінші суретті өзгерту керек.Сурет аяқталғаннан кейін, балаға үшінші суретте көрсетіп және төмендегі сұрақтарға жауап бергізу керек;
Қандай суреттер бір-біріне ұқсас, ол қайсысы ұқсас емес?
Адам бір нәрсені қатты керек етеді, бірақ сол мақсатқа жеткенінде, оған қуанбайды. Бұл немен байланысты ?
1,2,3 –ші суреттерде адам нені керек етеді? Олардың жалпы тілектері не ?
Сіз бұл тапсырманы аяқтағаннан кейін қиын тапсырманы орындағанына бала өзі қуанады. Суретті талдағанда, мынандай нәрсеге көңіл бөлу керек – салған суреттің киімнің элементтеріне жыныстық айқын белгілерін анықтай білгені туралы қорытынды жасаланады.
Суретті оқи білуге үйрену :
өзін суреттен анықтай білу (екінші және үшінші суреттер арасындағы айырмашылығы) – бала қандай бұйымдарды пайдаланып бейнелейтініне көңіл аудару;
қоршаған ортаның табысын анықтау (бірінші және екінші суреттерді салыстырып : сәйкестігін, қарама-қарсылығын неге)
мен - бейненің негізі . (үшінші суреттің талдауы). Үшінші сурет бірінші суретке ұқсас па немесе екінші суретке ұқсас па ?
Тақырып «Мен ашуланамын»
Ашу- жағымсыз эмоция, сондықтан оның тез пайда болуы адамның тұйықтығынан. Егер ашуға өзін жол бермесең, ол бәрі-бір ешқайда кетпейді. Бала кезінен баланы ашуын шығара білуге үйрену керек. Ашудың басты бірнеше ережелерін менгере білу керек.
- адамның жеке басы туралы емес, ашу тудыратын мінездері туралы айту;
- өзің туралы айт : мынандай сөздерден баста : «мен», «маған» деп, ал «сен», «сенен» деп айтпа;
-ашуланған кезде, ашуынды сол уақытта айтуға ұмтыл, ашуынды өзінде ұзақ сақтама;
- адам нақты берілген, қатысы бар жағдайда ашулану керек.
Жаттығу «Ашуланамын, азаптанамын, қапаланамын»
Тапсырмаға жұмсақ үлкен ойыншық әкелу керек. Балаларға айту керек, осы ойыншыққа қалай ашу шығара аласындар деген пікір айтамыз. Егер балалар ашу шығаруға ұялатын болса, кім қатты ашуланады деген жарыс ұйымдастыру. Ең бастысы. Балалар қатты ашудың пайда болуын көрсету керек. Осыдан кейін балаларға қатты ашуланудан гөрі жайырақ ашулану керектігін ұсыну керек. Бұл жаттығуда жүргізушінің міндеті, балаларға таныс емес ашудың пайда болу жолын көрсету. Мысалы : сөзбен қалай ашулану керек, түр әлпетімен қалай ашуланатынын және т.б. Бұл жаттығудың міндеті – балалар ашу эмоциясының түрлі тәсілдері бар екенін көрсету.
Жаттығу «Маған ұнамайды қай кезде»
Берілген сөйлемді аяқтай білуге көп тәсілдер пайдалана білу керек.
Мен ашуланамын, егер ...
Мен өзімді өзім ұстай алмаймын, қай кезде:
Маған еш нәрсе ұнамайды...
Мен қатты ызаланамын, қай кезде...
Мен шыдай алмаймын...
Мен тіпті жынданамын...
Айтылған пікірлер қағаздарға жазылады және әр бір қатысушы өзінің пікірлерін жазып отырады. Әр қатысқан адамның пікірлерін салыстырып талқылаймыз. Ең керектісін тақтаға жазамыз. Мені тыңдамаған кезде, мен жынданамын деген пікір балаларға арналады.
Тақырып «Келісімге, сөз байлауға үйрену»
Жаттығу «Мені түсін...»
Бұл жаттығуда 3-5 адаммен жүргізуге болады. Жаттығудың іскерлігі екеу : өзінің пікіріңді басқаға жеткізу және басқаның пікірін түсіне білу. Бұл жаттығу балаға пайдалы және қабылдаған жанұяға да пайдалы. Әрбір қатысушы бір парақ және түрлі түсті карандаштан біреу алады. Тапсырма былай құрылады : әр қайсысы ойлану керек не салатыны туралы. Жүргізушінің командасы бойынша әр қайсысы өзінің ойына келгенді салады, бірақ 10-20 секундттан кейін сурет көршісіне беріледі. Сөзсіз, ескертусіз басқа адам суретті салады, сол уақыт мерзімі біткенде, сурет келесі адамға беріледі, солай айналымға түскен сурет жалғаса отырып, суретті бастап салған адамға жету керек. Бірінші салған адам бір нәрсені қосып салуына болады, бірақ ауыстыруға немесе сызып тастауына болмайды. Осыдан кейін әр қайсысы өзінің не салғысы келгенін және одан не шыққаны туралы айтады. Осы суреттен кейін ойынның ережесін күрделендіріп қайталау керек, адам соны азайту керек және уақытты кеміту керек. Жаттығуды орындағанда қатысушылармен төмендегі тақырыпты талқылау керек :
жай сурет несімен қызықтырады ?
сені түсінбеген кезде не сезінесін ?
біреу сені түсіну үшін ойыңды қалай жеткізесін?
оны дұрыс түсіну үшін біреудің суретін қалай бағалайсын?
түсінбегенге жауапкершілікті кім береді ?
Бұл жаттығудың маңызды шешімі екі жақтан бірдей жауапкершілік қабылдауы : көбінесе, мәлім болғысы келгендер өзгеше оларды түсінуге тиісті деп санайды, егер олар жақсы көрсе және көмектескісі келсе, алайда олар екі жақта тырысу керек.
Тақырып «Жақырынақ танысу»
Бұл жаттығу екі мақсатқа жеткізеді: балардың эмоционалдық жете білуі және өмір жағдайындағы қарым-қатынасқа өзінің сезімін тудырып талқылау.
Жаттығу «Еш қандай сөзсіз сана-сезім туралы айту»
Сезім- бұл адамдардың бір-бірімен тығыз байланыстыратын қарым-қатынастың әрекеті . Адамдар бір-бірімен ортақ тіл табысу үшін, психологтар мынандай тәсіл ұсынады, олардың сезімдері бір-бірімен сәйкес болу керек. Бұл жайында бірнеше кинолармен кітаптарда келтірілген. Адамдардың бір-біріне құштарлығы, сондықтан олар қиындықты бірге көтереді, адамдар бір-біріне сенім артады. Олар өздерінің қиыншылығын қасындағы адамға айта білмейді, түсінбейді. Бала жанұяға түскенде оның сезімі, сол жанұядағы мүшелерінің сезімімен сәйкес келеді.
Балаларға нұсқау.
Көңіл – күй деген не ? Ол қандай болады ? Басқалар сенің көңіл-күйін туралы білу керек пе ? Сіз басқаның көңіл-күй туралы білесіз бе ? Так қана сөзбен бе ? Басқаның көңіл-күйін айтпасақ білесіз бе ?
Парақты 4- бөлікке бөлу (бүктеу, ортасынан, көлденен және тігінен). Осыдан кейін жазып жіберу. Әр 4/1 бөлігіне өзінде жие кездесетін көңіл-күйді бейнеле, бір квадратқа қазіргі өзінің көңіл-күйінді кескінде.
Суретті талқылау ережесі.
Сурет салынған парақтарды жинап алып, балаларға суреттің талқылау ережесін айтады: суретті қарап , не сезіп турғандарын айту.
1 Ереже. Осыған ұқсас, бір пікірді: «Жағымсыз сурет», «Шимақ», «Еш нәрсе түсініксіз»- деген ойды айттырмау керек.
2 Ереже. Тек өз ішінен айту керек – «Маған ұнайды (ұнамайды)» бұл сурет, «Бізге бұл сурет дұрыс емес сияқты».
3 Ереже. Сурет туралы тек сабақ үстінде айту керек – сабақтан тыс кезде талқылаудың қажеті жоқ. Бұл ережені күн бұрын параққа жазып бөлмеге іліп қою керек,
Тапсырманы қою және қалай дәлелдеу
Жанұялық өміріне дайындық – бұл сіздің ер жетуіңізді қолдау, себебі сіз үлкендердің күрделі әрекеттерін: біреуді түсіне білуге, өз құқығынызды қорғауға және басқаның құқығын сыйлауға үйренесіз. Жанұяның өмірге дайындығы сізге мынандай көмек көрсетеді. Сенімді болу, батыр болу, жан-жақтамалы болуға үйретеді. Сізге қандай мақсат маңызды ?
9. Жаттығу. “Аса зейінділік.”
Мақсаты: зейінділікті дамыту.
Мазмұны: Қатысушылар екі топқа бөлінеді: “кедергі жасаушылар” және “зейінділер”.
“Зейінділерді” жетекші бөлменің ортаңғы тұсына тұрғызып, оларға айрықша белгілері бар заттар таратады. (қолға тағатын таңба, үшбүрышты орамалдар, бас киімдер.) Оларға нұсқау беріледі: “Сіздердің міндеттеріңіз – кәдімгі әртістердей, жұмыс істеп жатқан адамның бейнесіне еніп, айналаңыздағыларды (елең қылмау) байқамау. Бұл бейнеге енгенде сіздер басқа адамдардың не істеп жатқанын көздеріңізді жұмбай, құлақтарыңызды жаппайтан елең қылмауларыңыз керек. Бұл тапсырма оңай болу үшін, сіздер бір қызық кино көргендей немесе қауіпті сапарға қатысып жүргендей елестетіп көріңіздер. Жаттығу аяқталып, (“Тоқта” деген бұйырудан кейін) сіздерден сұрағанда басқалардың көзін іс - әрекетін шын мәнінде естімегендігіңізді, ешнәрсе көрмегендігіңізді, өз ойларыңызбен әуре болғандарыңызды көз жеткізіп дәлелдеулеріңіз керек. Түсінікті ме ?
“Кедергі жасаушылар” жаттығу кезінде тапсырма алады.
“Дайын болыңыздар, бастайықІ” Жаттығу 5-15 минутқа созылады. Осы уақытта жетекші (“кедергі жасаушылар” жаттығу кезінде тапсырма алады. Дайын) “кедергі келтірушілермен” бірге арандатушылық әрекеттерді ұйымдастырады. Олар түрлі күлдіргі әңгімелер айтып, өздерін жан-жануарға айналдырып, “зейінділердің” барынша назарын аудара бастайды. Бірақ “кедергі келтірушілердің” іс - әрекетін шектен шықпауын қадағалайды.Мұнан соң “Тоқта” деген бұйырудан соң, талқылау басталады.
“Зейінді” тапсырманы орындауда алаңдаған шығар, бірақ ойын ережесінде олар алаңдағанын білдірмеуі тиіс. Ол өзінің серіктеріне жұмыс барысында еш алаңдамағанын аса зейінді болғанын дәлелдеп, көздерін жеткізеді.
Ойын өз күшіне сенуге, өзгелердің көзін жеткізе отырып, өзіне деген сенімнің артуына тамаша мүмкіндік береді. Бұл жаттығуда көп нәрсе жетекшінің шеберлігіне байланысты. Жетекші ойында “кедергі келтірушілердің” әрекеттері аса белсенді болып кетпеуін, “зейінділерді” алдау жолымен, оларды алаңдатпауын қадағалауы тиіс. Жетекші ойында орынсыз сөздерімен оның дамуына кедергі келтірген ойыншыларды тоқтатуына болады. Ол ойыншылардың мұндай әжуалары, ойын атмосферасына кері әсерін тигізетінін білу керек.
Мұнан басқа да жетекші әртістік қабілеттіліктерін көрсеткен қатысушыларды репликамен мадақтап отырған жөн. Жаттығудың өзара қарым – қатынастың сенімі мен шығармашылық қызығушылықтың рухы дамымаған топта жүргізуге болмайды.
10.Жаттығу “Зейінді бол”.
Мақсаты есту зейінін дамыту.
Мазмұны:Қатысушылардың біреуі – “қабылдағыш” болады. Өзгелері қабылдатқыш болып, түрлі бағытқа дауыстап, сөйлей бастайды. “Қабылдағыш” қабылдатқыштарға кезекпен көңіл бөліп, не туралы сөйлеп жатқанын, естімеген жағдайда қимыл -әрекет арқылы дауысын көтеруге болады. Жеткілікті түрде қызмет атқарған “қабылдағыш” аса таяғын көршісіне ұсынады. Барлығы кезекпен “қабылдағыш” ролінде ойнап, шығулары тиіс.
Есті дамыту тәсілдері.
Мақсаты: Есті дамыту.
1. Жаттығу.“Күрделіні – еске сақта”
Мұғалім оқушыларға 20-30 секунд қиын жазылатын сөзді көрсетіп, жауып қояды. Сөздерді кім есте сақтап, қайта жаңғырса, сол жеңіске жетеді.
2. Жаттығу “Асоциация жарысы”.
Қатысушылар шеңбер құрып отырады. Жетекші кездейсоқ екі сөз айтады, қатысушылардың бірі көз алдына елестетіп, екінші сөзін жетекшінің бірінші сөзімен байланыстырады.
3.Жаттығу “Домино.”
Бұл ойынды жүргізу үшін открыткалар жинағы, әліппенің қиылған суреттері қажет. Қатысушылар үстелдің жанына шеңбер болып отырады. Әрқайсысына бірнеше карталар таратылады. Бір қиылған бейне келесі адамның карталарында бейнеленуі тиіс.
Бірінші адам картаның бейнеленген қиындысындағы затты пайдаланып, ертегі, фантастика, әзіл - әңгіме бастаулары тиіс. Әңгіменің үзіндісін айтып, өзінің көршісіне жалғастыруды сұрайды. Екінші адамда әңгімені жалғастырып, бірінші, екінші бейнелерді қосып айтуы тиіс. Ойын шеңбер бойымен жалғаса береді. Әркім өзінің қолындағы картаның қиындылары аяқталғанша, ортақ әңгіме құрастырады. Ойын аяқталған соң, жетекші барлық карталарды араластырып, басынан аяғына дейін, сюжетті еске түсірулерін сұранады.
3.Жаттығу. “Тахистоскоп.”
Топ шеңбер құрып отырады. Бір немесе екі қатысушы шеңбердің ортасына тұрады. Шам сөндіріліп, шеңбер ішіндегілер кез – келген қимыл түрлерін жасайды. Аз уақыт өткенде шам жанып, тез сөндіріледі. Осы сәтте қатысушылар шеңбердің ішіндегілердің қандай іс - әрекетте болғанын нақты есте сақтап қалады. Ортадағылар орындарына келіп тұрады, қалғандары бірлесіп, қимыл - әрекетті қалпына келтірулері тиіс. Мүсіншілер ортаға адамды шығарып, оның шам жанған сәттегі қимылын мүсіндейді.
4.Жаттығу “Бақылаушы.”
Қатысушылардың біреуі – “бақылаушы болып таңдалады.
Жетекші “Қозғалмаймыз” дегенде барлық қатысушылар тез арада қатып қалады. Бақылаушы қатысушылардың сыртқы бейнелері мен қалыптарын зер салып қарап алып, көзін жұмады. Бұл уақытта қатысушылар киімдерін, тұрған жерлерін, қалыптарын тез ауыстырады. Бақылаушы көзін ашып, қандай өзгерістер болғанын табады.

Ойлау іс - әрекетін дамыту тәсілдері.
Жаттығу 1 “Ұйқастықты іздеу”.
Қандайда бір зат немесе құбылыс мысалы “тікұшақты” алайық. Қатысушылар тікұшаққа белгілері жағынан ұқсас басқа заттарды тізіп жазып, топтық байланысын жүйелеу қажет. Мысалы: “құс”, “көбелек”(ұшады қонады.),”автобус”, “пойыз”(көлік құралы); Кім көп ұйқастық тапса сол жеңіске жетеді. Тапсырма белгілерді жіктеуге, қасиеттерін бөліп көрсетуге бағытталады.
Жаттығу 2 “Қарсы мағыналы заттарды іздеу”
Қандай да бір зат аталады,мысалы, “үй” делік. Осы сөзге қарсы мағыналы ұғымдарды атау қажет. Заттың әртүрлі белгілерін тобына қарай қарама-қарсы түрде жүйелеу керек. Мысалы аталған сөзге “Сарай” ұғымын келтірсек (жайлылығы жағынан қарама-қарсы), “алаң” (ашық және жабық кеңістік). Жауабы нақты бірнеше қарсы мағыналас сөздер ойлаған адам жеңіске жетеді.
Тапсырма заттың қасиетін салыстыруға бағытталған.

Жаттығу. “Логикалық.”
Қатысушыларға өзара нақты байланысты екі пікір одан шығатын қорытынды-ой тұжырымдама (силлагизм) жасайтын іс-қағаздар таратылады. Қорытынды негізінен логикалық байланысты талап етеді, бірақ жалған түрде беріледі.
Ой қортындының дұрысын не жалғанын анықтау қажет. Қате жауаптарды сызып тастап отырыңыз.
“Логикалық” тапсырма іс-қағазы.
Барлық метальдар тон өткізеді.
Ртуть – металл.
Әлбетте, ртуть ток өткізеді.
2. Барлық арабтардың түсі қара. Ахмет қара.
Ахмет – араб.
3. Кейбір капиталистік елдер – НАТО мүшесі.
Жапония – капиталистік ел.
Жапония – НАТО мүшесі.
4. Совет одағының барлық батырлары Ленин орденімен марапатталды.
Ә. Молдағұлова Ленин орденімен марапатталды.
Ә. Молдағұлова – Совет одағының батыры.
5. М. Әуезовтың барлық шығармалары бір түнде оқып шығу мүмкін емес.
“Абай жолы” – М. Әуезовтың шығармасы.
М. Әуезовтың “Абай жолы” шығармасын бір түнде оқып шығу мүмкін емес.
Алаяқтықпен айналысқан адам қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
Л. алаяқтықпен айналысқан жоқ.
Л. қылмыстық жауапкершілікке тартылған жоқ.
Жоғары мектептің барлық білімгерлері логиканы оқиды.
Асанов – логиканы оқиды.
Асанов – жоғары мектеп тыңдаушысы.
ТарМУ-дің кейбір білімгерлері әскер қатарында болған.
Қанатбеков - ТарМУ-дің білімгері.
Қанатбеков - әскер қатарында болған.
Жамбыл облысының барлық колхоздары астық жинаудың жоспарын орындады.
Алматы колхозы – Жамбыл облысына жатпайды.
Алматы колхозы – астық жинаудың жоспарын орындамады.
2-басқарманың кейбір жұмыскерлері - заң қызметкерлері,.
Абзал – юрист.
Абзал – 2 басқарманың қызметкері.
Қазақстан барлық қызметкерлерінің еңбек етуге құқығы бар.
Омаров – Қазақстан азаматы.
Омаровтың еңбек етуге құқығы бар.
Барлық металдар балқиды.
Алтын – металл
Алтын балқиды.
Конгоның жергілікті тұрғындары – негрлер.
Мұхамед – негр.
Мұхамед – Конго тұрғыны.
Тараз Мемлекеттік педогогикалық институтының барлық білімгерлері Қазақстан тарихын оқиды.
Н.-Қазақстан тарихын оқиды.
Н.-ТарМПИ білімгері.
Жаңбыр жауғанда үйдің шатыры су болады.
Барлық үйдің шатырлары су.
Жаңбыр жауып тұр.
Кейбір спортшылар – профессионал.
Алмаз – спортшы.
Алмаз – професионал.
3 курстың білімгерлері курстық жұмыс орындады.
Ж. – курстық жұмыс орындады.
Ж. – 3 курстың білімгері.
Барлық комунистер соғысы қарсы.
Б. Ахметов соғысқа қарсы.
Б. Ахметов – комунист.
Европаның кейбір елдері сауда қауымдастығына кіреді.
Австрия – Европаның капиталистік елі.
Австрия – сауда қауымдастығына кіреді.
3 “Б” сыныбының барлығы озат оқушылар.
Әбілбеков Самғат – оқу озаты.
Әбілбеков Самғат – 3 “Б” сынып оқушысы.
“Логикалық” тесттің орындалу бағасы шартты ұпай санымен шығарылады.
Кесте 1.
Ұпай 9 8 7 6 5 4 3 2 1
Дұрыс жауаптар саны 20 - 19 18 6-7 14-15 12-13 10-12 9
Тапсырма ауызша берілуі мүмкін. Оқылып болғаннан кейін, 12 секунд ойлануға және жазуға берілуі.
Мысалы: 1-дұрыс. Ұсынылған тапсырманың ұпайын 2 кесте бойынша
Бағалау ұпай санымен белгіленуі 9 8 7 6 5 4 3 2 1
Дұрыс жауаптар саны 20 19 18 16-17 13-15 11-12 9 7-8 6
Қатысушыларға нұсқау ауызша беріледі: “Сіздерге өзара байланысты екі пікірден туындайтын қорытынды оқылады. Мысалы: ТарМПИ-дің білімгерлері психологияны оқиды.
Дана - психологияны оқиды.
Дана - ТарМПИ-да психологияны оқиды.
Егер осындай қортындымен келіссеңіз, 1-дұрыс емес деп жазыңыз.
Қайта сұрауға рұқсат етілмейді. Ойлануға 12 секунд беріледі. Зейінді болыңыздар. Не түсініксіз ? ДайындалыңыздарІ Бастадық. Тест аяқталған соң,
“Тоқта” белгісімен тоқтатылады.
Жаттығу. “Жалпы ұғымдарды анықтау.”
Әдістемеде жалпы туыстық белгілері бар, логикалық байланысын анықтап, жинақталған сөздер тізбегі берілген. Іс-қағазда көрсетілген 20 сөздер тізбегі
5 жиынтықтан , оның 2 ғана байланыс бар. Осы сөздерді тауып, астын сызыңыз.
Бақ (өсімдік, бағбан, ит, қақпа, жер.)
Өзен (жаға, балық, балықшы, балдыр, су.)
Қала (автомабиль, ғимарат, тобыр, көше, велосипед.)
Сарай (шөп сарай, ат, шатыр, мал, қабырға.)
Куб (бұрыш, сызба, жаны, тол, тал.)
Бөлу (сынып, бөлінетін, қарындаш, бөлгіш, қағаз.)
Сақина (диаметр, алмаз, үлгі, дөңгелек, мөр.)
Оқу (кіріспе, кітап, сурет, басу, сөз.)
Газет (шындық, қосымша, хабарлама, қағаз, редактор.)
Ойын (карта, ойыншылар, айыппұл, жаза, ереже.)
Соғыс (аэрожоспар, атыс, шайқас, қару, әскер.)
Кітап (суреттер, соғыс, кітап, махаббат, мәтін.)
Ән (қоңырау, өнер, дауыс, қолпаштау, мелодия)
Жер сілкінісі (өрт, өлім, жер дүмпуі, шулы, су тасқыны.)
Кітапхана (қала, кітаптар, оқырман, ауыл, мұғалім.)
Орман (жапырақ, алма ағашы, аңшы тал, қасқыр.)
Спорт медаль, аркестр, жарыс, жеңіс, стадион.)
Аурухана (ғимарат, бақ, дәрігер, радио, аурулар.)
Махаббат (раушан гүлі, сезім, қала, адам, табиғат.)
Отан сүйгіштік (қала, достар, Отан, жанұя, адам.)
Нәтижесі ұпай есебімен беріледі.
Кесте
Ұпай саны 9 8 7 6 5 4 3 2 1
Дұрыс жауаптар саны 20 - 19 18 16-17 14-15 12-13 10-11 9

Тапсырманы ауызша орындауға да болады, әрбір жолды оқығанда, жауаптың нөмірі және 2 дұрыс жауапты белгілеуге 10 секунд уақыт беріледі. Бұл нұсқада нармативте жеңілдейді.
Ұпай саны 9 8 7 6 5 4 3 2 1
Дұрыс жауаптар 19 18 17 14-16 12-13 10-11 8-9 6-7 5
Нұсқау: Іс-қағазды алыңыз. Жақшаның сыртында сөз жазылған, ол жақшаның ішінде 5 сөз жазылған. Осы бес сөздің ішінен жақшаның сыртындағы сөзге сәйкес 2 дұрыс жауаптың астын сызыңыз. Мысалы: бақ сөзін алсақ, итсіз, қақпасыз, бағбансыз байлаланыстыруға болады, бірақ жер мен өсімдіксіз елестетуге болады. Сондықтан жер мен өсімдік сөздің астын сызасыз. Қандай түсінбеген сұрақтарыңыз бар ? (жауап)
Жұмыстың созылуы 3 минут. Бастадық. (секундомерді іске қосады.)
3. Жаттығу “Шығарылған түсінік.”
Қатысушыларға бес түрлі сөз оқылады, оның төртеуі жалпы туыстас ұғымға жатса, бесіншісі бұл түсінікке қатысы жоқ. Сөздерді 10 секунд ішінде артық сөзді жазып алыңыз. Одан кейін 5 сөз оқылады. Тапсырма 15 рет қайталанады.
Тапсырма:
Абай, Жамбыл, Самғат, Саят, Омаров.
Қаусаған, кішкентай, кәрі, көне, тозығы жеткен.
Жақында, тез ақырындап, асығыс, үстірт.
Жапырақ, өзек, тамыр, қабыршақ, бұтақ.
Ұнатпау, жек көру, наразылық, ашулану, түсіну.
Қара, ашық, көгілдір, жарық, күңгірт.
Ұя, ін, тауыққора, күзетші үйі, апан.
Сәтсіздік, қобалжу, таңқалу, күйзеліске ұшырау, күйреу.
Табыс, сәтсіздік, сәттілік, ұтыс, тыныштық.
Ұрлық, тонау, жер сілкінісі, өртеу, шабуыл.
Сүт, ірімшік, қаймақ, шошқаның майы, айран.
Терң, аласа, жарық, биік, ащы.
Үй, ошақ, түтін, нан, күрке.
Қайың, қарағай, емен, шырша, сирень.
Аштық, суық, жайсыздық, шөлдеу, оңай олжа.
Секунд, сағат, жыл, кеш, апта.
Ұшақ, кеме, техника, пойыз, дирижабль
Батыл, ержүрек, табандылық, ашулы, батыр.
Футбол, волейбол,хоккей, жүзу, баскетбол.
Қарындаш, қаламсап, рейсфедер, фламастер, сия.
Бағасы ұпай санмен аяқталады.
5. Кесте.
Ұпай саны 9 8 7 6 5 4 3 2 1
Дұрыс жауаптар саны 20 19 18 17 15-16 -13-14 -12-11 -10 9
Нұсқау: Мен сіздерге 5 сөз оқимын, оның төртеуі туыстас ұғымға, ал біреуі бұл түсінікке келмейді, келсе де аз мөлшерде болуы мүмкін. Осындай сөзді блангке сәйкес келу нөмірімен жазып алыңыз. Мысалы: алғашқы 5 сөзді оқимын: кірпіш, батпақ, әк, үй. Бастапқы 4 сөз өзара туыстық түсінікке-“құрылыс материалына,” ал соңғы сөз артық. 1-үй деп жазуыңыз керек. Одан кейін екінші топтағы сөздер оқылады. Жазып алуға 10 секунд уақыт беріледі. Егер жазып үлгермесеңіз, тастап кетіңіз. Қандай сұрақтарыңыз бар ? (сұраққа жауап) ДайындалыңызІ Бастадық.
Жаттығу “Ұғымдардың қатынасын талдау.”
Қатысушыларға өзара байланысты жұп сөздер берілген, (бірінші бағана)
Екінші бағанада сөз,сызықша қойылып сөздер тізбегі берілгенін байқайсыз. Бес сөздің арасынан тікелей байланысты сөзді тауып,жазыңыз.
Мысал келтіріп көрелік:кітапхана –бақ,аула,қала, театр,кітаптар.
Кітапханада кітаптар бар.
3 минутқа 20 тапсырма беріледі.
Әр тапсырманың екінші қатарындағы бір керекті сөзді сызып отыру қажет. Баға 6 кестедегі шартты ұпай санымен қойылады.
1. Мектеп – оқу.
Аурухана – дәрігер, оқушы, мекеме, ем, ауру.
2. Ән – керең.
Картина – ақсақ, соқыр, суретші, сурет, ауру.
3. Пышақ – құрыш.
Үстел – шанышқы, тал, орындық, ал, дастархан.
4 Балық – тор.
Шыбын – елеуіш, маса, бөлме, ызылдау, өрмекші.
5. Құс – ұя.
Үй – вагон, қала, тұрғын, жай, құрылысшы, есік.
6. Нан – наубайшы.
Адам – адамдар, құсшы, жұмысшы, хайуан, үй.
7. Пальто – түйме.
Бәтіңке – тігінші, дүкен, нота, бау, қалпақ.
8. Бұрын – шөп.
Ұстара – шөп, шаш, құрыш, өткір, құрал.
9. Аяқ – етік.
Қол – кебіс, жұдырық, қанал, саусақ, білек.
10 Су – шөлдеу.
Ас – ішу, аштық, нан, ауыз, тамақ.
11.Элекр –ток өткізгіш.
Бу –шам,ат, су,құбыр, қайнау.
12.паравоз –вагон.
Жылқы –пойыз ,ат,қой,арба,атқора.
13.Алмаз – сирек.
Темір –асыл,темір,құрыш,кәдәімгідей,қатты.
14.Жүгіру –тұру
Айқайлау,үндемеу,еңбектеу,шулау,шақыру,жылау.
15 Қасқыр –қойшы.
Құс-ауа,тұмсық,бұлбұл,жұмыртқа,ән.
16Театр –көрермен.
Кітапхана –актер, кітап,оқырман,кітапханашы,әуесқой.
17 темір –темір ұстасы
Ағаш –көбік,ара,ұста,тамыр,бұтақ
18.Аяқ –балдақ.
Бас –таяқ,көзілдіік,көру,мұрын,жас.
19.Таң –түн
қыс –аяз,күн,қаңтар,күз,шана.
20.Спортшы –жаттықтрушы
Білімгерлер –институттар,тәрбиешілер,мұғалімдер,оқытушылар,ата-аналар.
Ұпай саны 9 8 7 6 5 4 3 2 1
Дұрыс жауаптар саны 20 - 19 18 15-17 13-14 11-12 10 9
Нұсқау:Сіздерге жиырма сөз жұбымен берілген.Бірінші бағанада өзара байланысты сөздер жұбы берілген. Мысалы орман- ағаш.(Орманда ағаштар бар деп айтуға болады. Екінші бағанада сөз және сөздер тізбегі берілген.
Мысалы:кітапхана-кітаптар,(Кітапханада кітаптар,кітапхана бүтін,кітап оның болігі) Ендеше екінші жолдағы кітап сөзінің астын сызу керек. Қандай сұрақтарыңыз бар? Дайындаламыз! Бастаймыз! Секундомерді қосып 3 минуттан соң “Тоқта деген команда беріледі.

Сөйлеуді дамытуға арналған жаттығулар.
1. Жаттығу “Сұрақ қойғыш”
Ойынға мазмұны сұрақ тудыртатын сюжетті картина пайдалануға болады.Бұл ойынды түрлі жас аралығында өткізуге болады. Кіші мектеп жасындағылар үлкендерден өзін қызықтыратын сұрақтардың жауабын алуға болады. Ересек жауап таба алмаса, бала жеңіске жетеді. Бала барлығын сұрап болғаннан кейін осы картинка бойынша шағын әңгіме құрастыруын сұраныңыз. Бала әңгімеде қай бөлшегін аңғармағанын, стереотипке бейімділігін анықтауға көмектеседі.
2.Жаттығу “Белгісізге кілт”
Оқушы мұғалімнің қолында не жасырылып тұрғанын табулары тиіс.Бұл үшін олар мұғалімге сұрақ қояды, ол жауап қайтаруы тиіс.Мұғалім сұрақ кәдімгі есіктің кілті секілді белгісізді ашады деп түсіндіреді.Сабақта осындай кілттелген ұғымды сұрақ қою (қасиеті,өзгеруі, әсері,түрлері) арқылы балаларға шешу тиімді әрі нәтижелі болады.
3. Жаттығу ”Ұқсастық пен айырмашылық”
Қатысушыларға әр түрлі заттар мен ұғымдар ұсынылады.Кіші мектеп жасындағы балаға су және сүт,сиыр және жылқы,ұшақ және пойыз сөздерінің айырмашылығы мен ұқсастығын табуы қажет. Тиімділігі үшін көрнекі құралдарды пайдаланған абзал. Жоғары сыныптағы балаларға ұғымдарды күрделірек берген жөн:картина және фотосурет,кешкі уақыт және таңғы мезгіл. Ұқсас және айырмашылықты белгілермен дұрыс жауаппен қатенің қатынас арқылы ұпай санын шығаруға болады.

4. Жаттығу “Жаңаны ізде”
Әдеттегі заттардың ерекше жасырын қасиетін анықтау қажет.Мысалы: сіріңке тек жанып қана қоймайды ол салмағымен өлшемін кішірейтеді,сол секілді сұйық суды қатқан уақытында құрылыс материалы ретінде пайдалануға болады (Мұз қала).Оқушыларға полиэтиленді қақпақтың,шарикті қаламсаптың пайдаланылған сия сауытынының (стержн) шегенің,балмұздақтың т.б заттардың ерекше қасиетін анықтау ұсынылады.Жетекші ерекше ,соны (оригинал)жауаптарды белгілеп отыруы тиіс. Соңында дұрыс жасалған шешімдермен пікірсайыс өткізіледі.

5. Жаттығу “Сөйлем құрастыру”.
Мағынасы бойынша байланыспайтын ойша үш сөз алынады.,Мысалы, “көл”, “қарындаш”және “аю”.Осы үш сөзді қосып бірнеше сөйлем құрастырулары қажет.(басқа сөздермен ,септік жалғауымен толықтыруға болады).Банальды жауап (аю көлге қарындашты батырып көрді),күрделі жауап (бала қарындашты алып көлде шомылып жүрген аюдың суретін салды,шығармашылықты жауап (қарындаш секілді жұқа бала аюдай ақырып тұрған көлдің жағасында тұр. Бұл ойында жетекші қатысушылардың “алтын ортасын “белгілеуі қажет.Сан жағынан түрлі жауаптарды құптаса,сапа тұрғысынан шығармашылыққа толы,тың жауаптарды мадақтап отыруы тиіс.
Бұл тапсырма жинақтау,бейненің тұтастығын дамытуға бағытталады.
6.Жаттығу “Белгілерді іздеу”
“Екі түрлі қарама-қарсы функцияны атқаратын заттарды атаңыз. Мысалы есік (ашылып,жабылады) сөндіргіш (шамды сөндіріп жағады.Банальды жауаптар болуы мүмкін:қолдың алақаны (Ұрады және сипайды).Әр түрлі заттар мен құбылыстардың ұйқастығын тез анықтауға түсінік береді.
7. Жаттығу “Қосылатын топты іздеу”
Екі түрлі зат беріледі ,мысалы, “күрек”және “автомобиль” Берілген екі сөзге де логиккалық байланысты сөз ойлап табу қажет.Мысалы,бұл ретте “Экскаватор” сөзін алуға болады.(күрек қызметінде,автомобиль ретінде -көлік құралы, “жұмысшы” автомобильді жүргізеді,күрекпен қазады) Байланысы жағынан көршілес элементтердің мазмұны нақты ашылған түсініктерге ерекше көңіл бөлу қажет. Заттар мен ұғымдар арасындағы байланысты тез анықтауға мүмкіндік береді.

8. Жаттығу “Артық сөзді алып таста”
Жорамалмен үш сөз ұсынылады.Мысалы: қызанақ,күн, ит. Ортақ белгіні білдіретін екі сөзді қалдырып, “артығын” алып тастау қажет. Мұнда “қызанақ” пен “күн” дөңгелек сондықтан “итті”алып тастау қажет. Стандартты емес бірақ анық түсінікті іздестіру қажет.
9. Жаттығу “Заттың қолданылуы”.
Қандайда бір таныс заттың аты аталады, мысалы “Кітап”.Қолданылудың түрлі тәсілдерін тізіп шығу қажет: “кітап үстелдің үстіндегі түрлі қағаздарды өзгелерден жасырып қоюға, заттың астына тірек ретінде пайдалануға “т.б
Заттың атқаратын функциясын кім көп қолданса сол жеңіске жетеді. Тапсырма затқа шоғырлануға, оның кездейсоқ құбылысын ашуға қабілеттілікті дамытады.
10. Жаттығу “Тұжырымды анықтау”
Барлығына таныс заттың атауы аталады. Мысалы: “Тесік” сөзіне нақты анықтама берілуі қажет.Бұл құбылыстың пайда болу себебін анық қамтыған қатысушы жеңіске жетеді. Тапсырма ойдың нақтылығымен тұжырымның қалыптасуына үйретеді.
Қиялды дамытуға арналған жаттығулар.
Тапсырма 1.
“Қыз бен бала дүкенге альбом сатып алуға келді. Қызға бір тиын, ал балаға жиырма тоғыз тиын жетпей қалады. Екеуі ақшасын қосты, сонда да жетіңкіремей тұр. Сонда альбом неше тұрады? Ал қыз бен баланың ақшаларының саны ше?
(Балада ақша жоқ, қызда болса жиырма сегіз тиын,ал альбом болса жиырма тоғыз тиын тұрады.)

Тапсырма 2 “Мүмкін себептерді тізу”
Қандайда бір таңқаларлық жағдай суреттеледі, мысалы, дүкеннен оралғаныңызда пәтеріңіздің есігі айқара ашылып тұр. Осы фактінің мүмкіндігінше көбірек себептерін анықтап айту қажет.Жауаптар әртүрлі болуы мүмкін (есікті жабу есімнен шығып кетіпті,ұрылар түсіпті.). Себептерін нақты көбірек ойластырған қатысушы жеңіске жетеді. Тапсырма ойдың жүйріктігіне, жан-жақты талдау жасауға бағыт береді.
Тапсырма 3 “Әңгімеге тақырып ойластыр”
Шағын әңгіме немесе жаңалық алынады.Берілген әңгіменің мүмкіндігінше мазмұнын ашатын тақырып ойластыру қажет.Тақырып логикалық, формальды болуы мүмкін.Жауаптың барлық түрі қабылданады.
Тапсырма бір ғана ой тізбегімен ойды білдіруге көмектеседі.
Өзіндік бағалауды түзетуге жаттығулар
Жетістікке жету және сәтсіздіктен қашу мотивациясына арналған жаттығулар.
«Емтихан тапсыруға ұсыныстар» жаттығуы.
Мақсаты:Оқушылардың табысқа жету мотивациясын қалыптастыру, ұсыныстарды жағымды түрде беруге үйрету.
Мазмұны: Жетекші қатысушылардан мына жағдайды көз алдарына елестетуді ұсынады: олардың жақындарының (әкпесі,інісі т.б) бірі дәл қазір өте маңызды емтиханға бармақшы.Оған ұсыныстар айту қажет ( емтиханда өзін қалай ұстау, қалай жауап беру).1-2 минуттан соң әрбір оқушы өзінің сол жақтағы көршісіне бұрылып оған ұсыныс айта бастайды.
Талқылау. Көршіге берілген кеңестерден табысқа жетуді қалыптастыратын жол болсын тілектері естіледі. Қатысушылырдың арасынан кімнің тілегі жақсы шықса, жаднама ретінде жазып, іліп қоюға болады.
«Мәтін ішіндегі тест» ойыны.
Мақсаты:Оқушылардың жұмысқа деген ынтасын, мотивациясын жетілдіру.
Балалар сыныпта қалаған ретімен отырады. Жетекші әрқайсына «Мәтін ішіндегі тестті» таратып оны толтыруды ұсынады.
Сіз нұсқауға бағына аласыз ба? Үш минут ішінде мына тестті толтырып шығыңыз.
1.Орындамас бұрын бәрін мұқият орындап шығыңыз.
2.Парақтың оң жақ жоғары бұрышына баспа әріптерімен (баспа)
өз атыңызды жазыңыз.
3.Атыңызды қоршаңыз.
4.Сол жақ жоғары бұрышқа бес шағын шаршы салыңыз.
5.Әр шаршыға (х) белгі қойыңыз.
6.Парақтың жоғары жағына өз фамилияңызды жазыңыз.
7.Есіміңіз жазылған оң жақ жоғары бұрыштың астына телефон нөміріңізді жазыңыз. Телефоныңыз жоқ болса, 100 санын жазыңыз.
8.Жазған нөмірді барлығы еститіндей дауыстап айтыңыз.
9.Осы нөмірді қоршаңыз.
10.Парақтың сол жақ төменгі бөлігіне крестик қойыңыз.
11.Осы белгіні үшбұрыштап белгілеңіз.
12.Әдеттегі дауысыңызбен 10-нан 1-ге дейін кері санаңыз.
13.Парақтың жоғары бөлігіне қарындаштың немесе қаламсаптың ұшымен үш кішкентай тесік жасаңыз.
14.Мен «Мен біттім» деп дауыстаңыз.
Енді барлығын мұқият оқып шыққаннан кейін 1және 2 тапсырманы орындаңыз.
Талқылау. Топ тапсырманың мағынасын түсінгенде бөлмеде күлкі таралады және тестті неге толтырғандарын айтады. Барлық қатысушылар жетекшінің «қармағына» түседі.Жоғары сынып оқушылары қабілеттілікті тексеруге арналған тапсырма деп жауапкершілікпен қабылдайды. Ойын соңында ешкім өзін алданып қалғандай сезінбейді,керісінше тапсырма босаңсуға, демалуға мүмкіндік береді.
Эмоция ерік-өрісін дамытуға арналады.
Мақсаты: Қарым-қатынасқа түсу барысында көңіл күйді,эмоцияны сезіне білуге үйрету
Құралдар: Магнитофон, сабырлы әуен, қағаз, фломастер.
Жаттықтырушы: Қазіргі көңіл-күйлеріңізді сезіну, фломастермен қағаз бетіне эмоциясын көрсетулерін тапсыру.
Жаттығу №1. «Сезім»
Нұсқау: Сіздің алдыңызда түрлі сезімдер келтірілген, сөйлемдерді қалай аяқтайсыз:
менің алдымнан адам шыға келсе, онда мен … сезінемін.
кішкентай баланы көргенде, мен …. сезінемін.
танымайтын адамды көргенде, мен …. сезінемін.
бірге оқыған сыныптасымды көргенде, …. сезінемін.
мен сәлемдестім, ол мені байқамай қалды, мен …. сезінемін.
менің танысым тоқтай қалып, қалтасын қарады, мен …. сезінемін.
мен біреумен сәлемдесемін, бөтен болып шықты, мен …. сезінемін.
Мен ескі махаббатымды көрдім, мен …. сезінемін.
№2 жаттығу
Жаттықтырушы: Сіздің танысыңыз нақты қарым-қатынасқа мына сөздермен түсті. Сіз не сезінесіз, қандай әсерге бөленесіз.
Саған былай шаш қою жараспайды!
Сенің бұл бет келбетің сені ақымақ қылып көрсетеді!
Сен қандай арықсың, епетейсіз ұзынсың!
Сенің киімің мыжылған, біртүрлі ғой!
Сен талғамсыз киінесің!
Сен жеңіл мінезді, сөзшаң көрінесің!
Сен үндемейсің, басыңда ешбір ақыл жоқ па?
Неге әлсізсің, өзіңе қарсы тұра алмайсың!
Сенің құның түкке тұрмайды!
Сен ақымақсың, өзің туралы жоғары пікірдесің!
Сен ұйқышыл жалқаусың!
Жаттықтырушы: Қалай әсер алдыңыздар. «Мынаған сөйлеме, өкпелегіш»! «Ал оның ашуы шәй орамал кепкенше» – деп жатады.
Осы сөздер нені білдіреді.
Жаттығу №3. «Сөз». (вербальды, вербальды емес қарым-қатынасқа түсу).
Мақсаты: дәл қазір қандай эмоция сіздерге тән.
Таң қалу
Қорқу
Қызғалу, кектену Сүйіспеншілік
қуану
өкіну
Жаттықтырушы: қарым-қатынасқа түскенде көбіне қайсысын сезінеміз.
сөзбен
дыбыспен
денемен көзбен
екпінмен
«Комплимент» (жылы сөз)
Мақсаты: белсенді қатынас, ұмтылу, ұялу сезімін тудыру.
Әр адамның жақсы, жағымды сезімді бастан өткізуі. Нақты дұрыс сөздер таба білуге әкелу.
бүгін қандай әдемісің, - өзің көңілдісің ғой бүгін, тағамың керемет.
Қарсы сипат:
Ия, дәл солай.
Ия, сенің айтқаның дәл, дұрыс.
Басқа қалай болуы мүмкін.
Әрине, дәл солай, әрине.
Арқасынан қағу, қолын қысу, көзін қысу, құшақтау, әр қатысушы өзін қалай сезінеді.
Қысылу
Жарайсың
бәрекелді ақылдасу
бүгін барлық мақтау саған
Сипау түрі: - нәзіктікке әкелу.
менің досымсың
менің көршімсің менің туысымсың
менің сенерімсің
Жаттықтырушы: Егер жүрегімізге уайым, қобалжу, болса, ол сезім жол таппау, кектенуге әкеледі. Эмоцияналды өзіндік реттеуге адамдар типін бағалай, бақылай білуіміз керек.
Монипулятор – басқарушы, кең тараған категория, адамдарды әлсіз немесе күшті жағын көріп сол деңгейде әсер етеді. Оның қақтығысты негізгі мақсат сіре технологиялық қысым жасау. Негізгі құрал – оның қимыл іс-әрекетіне эмоциалды көңіл бөлмеу өзіңізді көңілді ұстап, әсерлі жауап беріңіз, сізге тез арада тиісуін қояды.
Ашушаң адам – невротик, оларда қобалжу басым. Негізгі «құрал сау адам ауруға өкпелемейді» қағидасымен өмір сүру керек.
Қарапайым адам – мінез құлық, өзін көрсету төмен дәрежеде дамыған. Ол адамдарда қарапайым сезім, мінез-құлқы өмір сүруде иілгіш. Ол мақтағанды ұмытпайды. Жұмыс атқару деңгейіне қарай, жылы сөзбен бастасаңыз көп жетістікке жетесіз.
Қалыпты мәдениетті адам – қарым-қатынасқа жағымды түседі. Егер қақтығыс байқалса, тез шешіледі, көз қарасы дұрыс түседі.
Жаттығу №5 «Өкпелеу» суретін салу.
Сіздің өкпеңіз неге жатады?
Жаттықтырушы: Жайғасып отырыңыздар Ішкі әлеміңізді сезінуге тырысыңыз. Бірнеше ұзақ тыныс алу, жайлап шығару. Өзіңізді тыңдауға тырысыңыз. Өзіңіңзге сұрақ қойыңыз. Бақытты адам деп сезінесіз бе? Өз бақыттылығыңызды ұпайға бағалаңыз 50% - 60% - 100%. Егер 100% - бағаласаңыз, құттықтаймын, ол әрине тек шынайы, шындықпен жанассын. Тұла бойыңызда сол бақыттың нышаны айқын көрінді ме?
Егер, 50%-60% т.с.с. – болса қазір түсінуге тырысыңыз. Сізге не кедергі келтіреді бақытты болуға? Ол болашақ туралы ойланып қобалжу ма? Өткен өмірден қажетсіз өкпелеу бар ма? Сол туралы ойланыңыз? Егер түсінбей жауап таппай отырсаңыз қайғы емес. Ол сұрақ міндетті түрде шешімін табады. Қазір ішкі әлеміңіз, өзіңізге мүмкіндік алды дәл осы сәтте тағдырға рахмет айтыңыз. Бүгінгі ашық аспан, тыныштық үшін? Денсаулық, өзіңіздің қажеттігіңізді өзіңіз өтей алыңыз? Жақындарыңыз аман, тыныш заман үшін? Өмірге сүйіспеншілік, өмір сүріге рахмет! Жарайсыздар! Кім осы жұмысты жасап бітсе, көзін ашса болады. Уақыт бар, ашқыларыңыз келген кезде ашыңыздар.
Жаттықтырушы: өкпе туралы суретін алып – эмоция қосып түзету енгізуді ұсынды. Ол оң жақтан көршілерге жіберіп әр адам өз мүмкіншілігі қосады.
Өз қосымша көзқарасын білдіріп, суретке қосады.
Жаттықтырушы: Суретіңізге қараңыз. Егер өкпеңіз жазылса онда бұл суретті өзіңізге қалдырыңыз. Егер өкпе қайтпаса, суретті мыжып, сол қағазбен бәрі 2 кетеді деп тастаңыз, жарайсыңдар!Жанды анкета
Кім бүгін өзіне не алды, не ұнады.
Не ұнамайды.
Қазір өзін қалай сезінуде, фломастермен белгілеу. Басында көңіл күйлерін қалай белгіледі (қай түспен) соңғы түс қандай. Салыстыру арқылы талдау жасау.
Бүгінгі күнге, осы кездесуге рахмет, ризашылығын өз қабілеттерін, мүмкіндіктерін дер кезінде аша білуге, пайдалана білуге шақыру.
Жаттығу№5 «Түсіну»
Жаттықтырушы: Ыңғайлы жайғасып отырыңыздар.
Ішкі әлемді тануға тырысыңыздар. Керек емес жерлерін түзетуге тырысыңыздар.Өзімізді босаңсытамыз, менің сөзімді ести отырып терең босаңсу үстіндесіздер. Сіздерге қолайлы, енді кішкене ақылға жүгінейік.Біздің бар өміріміз таңдаудан тұрады.Бізді таңдайды,біз таңдаймыз. Бірдей шығу әр кезде мүмкін емес.Біз қоршаған ортамен үйлесімді, өмір сүргіеміз келеді, бірақбіз әр кезде бола алмаймыз, іскерлігіміз жетіспейді, назар аудармаймыз. Екінші адамды дұрыс түсіну мүмкіндігі жетіспейді, оның көңіл- күйін сезімін түсінуге тырыспаймыз.
Ішкі экранда өзімізді көруге тырысайық.
Өзіңізді түсініңіз , көзіңізге қараңыз , жан дүниесінде не бар? Ол жалғыз ба?
Сүйіспеншілігі бар ма? Оған ауыр тиетін кездері барма? Әркім көз алдында тамаша адамды көріп тұр. Бұл адам, бұл әлемде басқа жоқ. Олда бақытты болғысы келеді. Оған кейде қорқынышты да.Ол да қателік жібереді, сен үшін қиналады да? Осы кезде бақытқа толы болу үшін не керек.Сіз қазір жалғыз емессіз? қасыңызда достарыңыз, сізге жақсы қатынаста. Қасыңыздағы адамға жақсылық, сүйіспеншілік тілеңіз.Өзіңізге де соны тілеңіз. Осы сезімді сезіне білгенше отыруыңызға болады
Толық сезiнсеңіз, көзіңізді ашып қайта ортаға келсеңіз болады.
Жаттығу №6. Эмпатия – сезімді сезіне білу суреті. Өзінің ішкі жан дүние толқуын суретке салу,
Жаттықтырушы; Өздеріңіз салған суретті, сол жақтағы қатысушыға беру. Ол өз сезімін қоссын. Көңіл күйді көтеруге жағдай туғызу.Әркім сонынан өз суретін талдау, қайта қарасын. Егер де дұрыс десеңіздер өздеріңізге қалдыртыңыздар.
Жаттығу№7. Ертегі құрау.
Жаттықтырушы; Ертегі білесіздер басталуы, өрбуі- негізгі бөлімі, аяқталуы болады. Бүгінгі алған әсерге байланысты ертегі құрып көрейік. Ерте, ерте, ертеде- деп келесі қатысушыға бағыттайды, ол ары қарай жалғастырады.
Ескерту: Біреу отырып, оны жазып отырады. Артынан қайта оқып береді.
Диагностика – қандай мәселелер қозғалды сол мәселе төңірегінде әңгіме қозғап, тоқтамға келтіреді.
Мазмұны
1.Кіріспе.
2.«Табысты мінез-құлық» тренингінің мақсаты.
1 сабақ өзіңе жағымды қатынас жасау.
2 сабақ өзіңді қабылдау. Психологиялық көмекті қабылдау қабілеттігі.
3 сабақ. Әлемге жағымды қатынаспен қарау.
4 сабақ. Өзгеге жағымды қатынас жасау, психологиялық көмек көрсетуге қабілетті болу.
5 сабақ. Мотивті- мақсатты тренинг.
6 сабақ. Табысты мінез-құлық . Танысу.
7 сабақ. Эмпатия- өзге адамды түсіну сезімі.
8 сабақ. Қимыл және ишара тілі.
9 сабақ. Ойды айта алу.
10 сабақ. Тыңдаушылармен қатынас.
11 сабақ. Қарым-қатынас жағдаяттарын модельдеу:
12 сабақ. Топтың алдында сөйлеуді құрастыру.
Табысты мінез-құлық тренингі.
Өзіндік бағаны жетілдіру тәжірибесі.
Әрбір тірі табиғат иесі жолындағы кедергілерді жеңуге, өсуге бағытталады. Адам баласы да жекелік, рухани өсуге, табысқа жетуге талаптанады. Табыс дегеніміздің өзі адамның өзін-өзі көрсете алуы. Адам өзінің табысқа деген жалғыз жолын табуы тиіс. Нақты өмірде біз не көріп тұрмыз. Көптеген адамдар өздерінің табысты болуға сенімін жоғалтып, күресуді тоқтатады. Сонда бұл құбылыстың пайда болуы неден? Суда жүзу үшін , ең алдымен үйрену керек емес пе?
Өмірге бейімделу үшін, сізге қажетті психологиялық тәжірибе, техника мен білім мамандардың үлесінде ғана деп санайды.
Психология жан туралы ғылымнан жанға арналған ғылым түсінігіне ауысты. Мобильді интегративті психология қалыптасты. Әлем “Мен” және “Сенге” бөлінбеген. Әлем тұтас, олай болса “Мен” ұғымы осы әлеммен бірге. Тұтастық пен интегративтілік жеке тұлғаның бейімделу факторы.
Біз өзімізді жағымды да жағымсыз жағдайда тұтастай қабылдауымыз керек.
Өзіндік бағасы төмен адам тек жағымсызды қабылдап, жағымдыны қабылдай алмайды. Керісінше өзіндік бағасы жоғары жағымдыны қабылдайды, жағымсызды қабылдамайды.
Өзін-әйел немесе ер адам ретінде қабылдау-жыныстық ұқсастық. Өзін бір ұлттың өкілі ретінде қабылдау-ұлттық, этникалық ұқсатық.
Барлық ұқсастықтарды Ролло Мэй ақыл-ой құрылымына біріктіріп, кем түсініктерді ұсынды:
Сана
Санадан тыс
Жекелік сана +санадан тыс материал.
Балалық әсерлер+балалық тәжірибе.
Ұлттық тарих.
Нәсілдік тарих
Адамзат тарихы.
Бастапқы бейнелер, архетиптер.
Менің көзқарасымша ақыл-ойдың бұл құрылымы адамды жеткілікті әрі толық сипаттап бере алады.
Табысты мінез-құлық тренингі- өзіндік құндылығы мен бірегейлігін толық мойындай отырып, табысқа жетудің кепілі адамның өзі болатынын түсіну. Тренингтің бірінші бөлімі- жекелік өсуге бағытталады. Ары қарай қатысушылар алдарына мақсат қоюды
үйренеді. Мақсатты қойып үйрену , оған жету, мақсатқа жету мотивациясына тікелей байланысты.
Табысты мінез-құлық тренингі басқа бірде-бір психологиялық техникаларда көрсетілмеген. Ол мінез-құлық тренингі болып саналмайды. Табысты мінез-құлыққа жету үшін әртүрлі психотехникалар пайдаланылады. Ең бастысы өзіңе және өзге адамдарға шығармашылық қатынасқа көп көңіл бөлінеді.
Осы бір тамаша жолда сізге сәттілік тілейміз!
1сабақ.
1жаттығу. Танысу. Танысқанда бұл таныстыру сіздің жекелік қасиеттеріңізді ашып көрсететіндей болсын. Тапсырмада шығармашылығыңызды көрсетіңіз. 2 минут аралығында ойланыңыз.
Рефлексия. Өзіндік талдау. Тапсырманы орындау барысында не сезіндіңіз? Сіздің таныстарыңыз сіздің жекелігіңізге қаншалықты сәйкес келеді?
2 жаттығу. Бүкіл әлем театр, ал адамдар актерлер. Сұраққа көп ойланбай жауап беріңіз. Бұл өмірде қандай рөл ойнайсыз? Қандай рольде ойнағыңыз келеді. Қағазға ойнаған ролдеріңізді және ойнағыңыз келген рольдерді тізіп жазып шығыңыз. Өте табиғи қалыпта ойнап шығыңыз. Жаттығуды орындауда нақтылаңыз.
Рефлексия: Келіңіз талдайық, сізге қандай рольді ойнау сәтті болды. Олардың жанына+ белгісін қойыңыз. Өзіңіз ойнай алмаған рольдерді- белгісімен белгілеңіз. Сізге ұнаған сүйікті ойындардың астын сызыңыз. Бұл жаттығуды орындап болғаннан кейін қандай сезімде болғаныңызды айтыңыз.
3жаттығу. «Мен» кіммін сұрағына параққа жауап жазыңыз. Тестті өткізіп болғаннан кейін жағымды мінездемені-+ , жағымсыз мінезіңізді-, нейтралды мінезді-0 белгісімен белгілеңіз.
4жаттығу. Рольде ойнау парағыңыз бен «Мен кім» тестін салыстырыңыз. Қандай қорытындыға келдіңіз.
Қорытынды. Бірінші жаттығу тәжірибелік игеру өзін көрсетудің алтын ережесіне бағытталады, өзіңнің қайталанбас бірегей екеніңді мойындау. Ең басына нақты бағыт белгіленіп отыр.
Екінші жаттығу өзіңе жан-жақты бақылау мүмкіндігін дамыту.
Екінші және үшінші жаттығуларда адамның өзіне деген қатынасы талданады. Бірінші сабақтың мақсаты біз өзімізге қаншалықты жағымды қатынас жасаймыз
2сабақ.
Өзін қабылдау , психологтялық қолдауды қабылдау қабілеттілігі.
1жаттығу. Жағымды музыка ырғағымен, қолдары айқастырылған шеңберде өтеді.
Сәби күніңіздегі қандайда бір мүмкін болған жағдаятты елестетіп көріңіз. Өзіңізге жақын келіп, құшақтап, тербетіп, сүйіп тұрып
«сәби, мен сені жақсы көрем» деп айттыңыз. Мұнан әрі 6-7 жастағы қандайда бір мүмкін болған жағдайды елестетіңіз. Жақындаңыз, өзіңізге сүйемелдеу сөзін айтыңыз, міндетті түрде «Мен сені жақсы көрем » деп айтыңыз.
Жеткіншек шақта да және өзіңіздің қазіргі жасыңызға да осылай жасаңыз.
Рефлексия.
Қорытынды. Рефлексияны өткізу уақытында қатысушылардың көбі жеткіншек және ересек шағында өздеріне қолдау көрсетуде қиындықты басынан кешіруде. Бұл жаттығу өзін бүтіндей қабылдауға өзіне деген қатынаста қарама-қайшылықты шешуге, өзін сырттан көруге қабілеттілікті дамытады.
2 жаттығу. Айнамен жұп немесе топта жүргізіледі. Қатысушы айнаға қарап отырып өзінің тек жағымды қасиеттерін сен деп атай отырып атап шығады.
Рефлексия.
Қорытынды. Егер тренингке қатысушыға жаттығуды орындау қиынға соқса, жетекші оны көтермелеп қолдап келесі сөздерді айтуы тиіс: «Бұл жаттығудың бар мағынасы оны топта өткізу. Сіз оны үйде жалғыз болған уақытыңызда жасауыңызға болады. Бірақ тек өзіңізге ғана емес, өзгелерге де маңызды болуды үйрену қажет».
3 жаттығу. Рационализация.(ақыл-парасатқа жеңдірушілік).
өзімізге жақсы қатынас жасау үшін біз жағымды ойлауды үйренуіміз қажет.
Қандай да бір жағымсыз жағдайды сен түсіндіріңіз.
Ол туралы қағазға жазыңыз. Мұнан кейін «Рационализация» сөзін жазып келесі сұрақтарға жауап беріңіз: қандай жағымды ойды шығаруға болады, бұл жағдай сізді неге үйретті, не үшін берілді?
Қорытынды. Қатысушылардың ішінен бұл жаттығуды орындауда қиындық туды ма, келесі ақпаратты жеткізуіңізге болады: әрбір адам психологиялық қорғаныстың бір тәсілі ретінде санадан тыс болса да рационализацияны пайдаланады. Мейлінше бұл тәсіл саналы болуы шарт. Рационаплизация- заттарға өзіңе өзге көзқараспен қарау. Н. Тезешкианың позитивті психотерапиясы осы көзқарасты шығыстың аллегорилары мен нақылдарымен табуға көмектеседі. Нақыл-жағымды мысал ретінде суреттейді.
Бір шығыс әміршісі жаман түс көріпті, түсінде барлық тістері бірінен кейін –бірі түсіп қалыпты. Қатты толқып тұрып: «Әміршім, мен сізге жаман хабар жеткізгім келіп тұр. Сен өзіңнің жақындарыңды бірінен- кейін бірін жоғалтасың” Бұл сөз әміршінің ашуын келтіреді. Ол түс жорушысын зынданға қаматады , келесі түс жорушыны шақырады, ол әміршінің түсін мұқият тыңдап болып : “Мен саған қуанышты хабар айтқым келіп тұр.Сен барлық туыстарыңнан кейін қайтасың депті. Әмірші оған қатты риза болып оған көп сыйлық беріпті. Есіктің алдындағы тыңдаушылар бәрі таң қалысыпты: сенің айтқаныңды байқұс сенің алдындағы түс жорушыда айтты ғой, неге ол жазаланды, сен мадақталдың деп сұрапты. Біз екеуміз де түсті дұрыс жорыдық, айтуда ғана емес қалай жеткізуде» депті.
4 жаттығу. Жаңа афоризмдер.
Қазір көптеген әйгілі психологиялық әдебиеттер шығуда. Әртүрлі мәселелерді шешуде көмектесетін афоризмдерді ойлап табыңыз. Мысалы: бір адамдардың ісі алға басса , өзіңізде сенімділік пайда болып сіздің жұмысыңыз жүрмесе өзіңізге деген қатынасыңызды өзгертіп, «ол жасаған іс менің де қолымнан келеді »афоризмін қолданыңыз.
3 сабақ.
Әлемге жағымды қатынаспен қарау.
1жаттығу. Жаттығу алғашқы екі сабақты бекітуге арналады. «Мен кіммін» мониторингі. Параққа 20 өзіңді көрсетуге арналған 20 жағымды сүйсіндіретін сөз немесе сөз тіркесін жазыңыз.
2 жаттығу. Келесі сұрақтарға жазбаша жауап беріңіз.
А) Өмірдің мағынасын неден көресіз?
Б) Жер бетіндегі адамдардың үндеуі немен қорытындыланады?
С) Өзіңіздің жеке үндеуіңізді қалай көресіз?
Рефлексия.
3 жаттығу. Шығармашылық жаттығу. Келесі адамдарды тереңірек түсінуге білуге, өмірге қатынасын ұғуға көмектесетін сұрақ ойлап табыңыз.
Рефлексия.
4жаттығу. Топпен жұмыс. Ең жақсы сұрақтарды таңдау. Топтағы қатысушылар осы сұрақтарға жауап береді.
5 жаттығу. Балшықтан өмірді жасау. Жұмыс уақыты 30 минут. Қажетті құралдар батпақ пен пластилин. Топтың әрбір мүшесі үлкен батпақты алады. Топтың саны 5-8 адам болуы қажет. Жаттығу кезінде жайлы болатын атмосфера үшін жағымды мелодия ойнатуға болады. Сіз5 және8 адамның ішінде әлемді жасаушысыз. Көзіңізді жұмып, елестетіңіз. Балшық ол шикізат, онымен не жасағыңыз келсе де жасауға болады. Көзіңіз жұмулы күйінде, саусақтарыңызға ерік беріңіз, сіздің ойыңыз бен сезіміңізді білдіруге скульптураны жамырып болғаннан кейін, басқа да жасалған өзге мүсіндермен бірге қойыңыз.
Рефлексия: Өз әсерлеріңізбен бөлісіңіз.
Қорытынды. Бұл жаттығу өнер терапиясында қодданылады. Ұсынылған сабақ өмірге деген қатынасыңызды анықтауға мақсатымен жүргіземіз.
6жаттығу. «Өмір тамаша» мониторингі.
Өмір тамаша сөйлемін аяқтаңыз, өйткені… көптеген сөз тіркестерін құрастырыңыз.
Рефлексия.
Резюме. Бұл жаттығу жағымды өмірге қатынасты қалыптастырады.
4сабақ.
Өзге адамға жағымды қатынас жасау.
Психологиялық қолдау көрсетуге қабілеттілік.
1жаттығу. Мүсін және балшық . Жаттығу жұптар арасында өткізіледі. Қатысушылардың әрқайсысы мүсіншінің және балшықтың рөлінде болуы тиіс. Мүсінші балшықтан мүсін жасайды.
Жұмыс аяқталған соң мүсінші өзінің мүсінін көрсетіп , оны не үшін жақсы көретінін айтады.
Қорытынды. Бұл жаттығу қатысушылар тек қана психологиялық қолдау көрсету ғана емес, тәжірибе жүзінде рационализм тәсілін қолдануға үйретеді. Мүсінде қандайда бір жағымсыз келбет орын алсада мүсін бәрібір сүйікті болуы тиіс.
2жаттығу. Эмпатия-өмірге басқа адамның көзімен қарау.» басқа адам» болу, өзгенің орнында болуы.
А) жаттығу. «Айна» жаттығуы жұппен жүргізіледі. Қатысушы айнаға қарайды. Айнаның роліндегі қатысушы қарап тұрған адамның барлық қимыл әрекетін қайталайды.
Рефлексия.
3жаттығу. Шеңбер бойымен жаттығу жасау. Әрбір адам оң жағындағы көршісінің жағдайын айтады.
Рефлексия.
4жаттығу. Сиқырлы үстел. Қатысушылардың бірі үстелге отырады. Қалған қатысушылар ол туралы тек жақсы қасиетін айтып, тактильді сүйемелдеу қажет.
Қорытынды. Жаттығу психологиялық қолдау көрсетуге, басқа сөзбен айтқанда жан дүниеңіздің жомарттығын көрсетуге бағытталады. Үстелде отырған қатысушы үшін психологиялық қолдауды қабылдауға тағы бір мүмкіндігі туып тұр. Мен махаббатқа лайықты адаммын. Өзіме жақсы қатынас жасауды қабылдауға дайынмын.
5жаттығу. «Санральды айна» Өзге адамның орнына айна ролінде монолог жасау. Жаттығу жұптар арасында орындалады. Қатысушылардың бірі айнаға қарайды. Айна қатысушының орнына өзінің монологын оқиды. Мұнан кейін рольдермен ауысады.
Рефлексия.
Қорытынды. Бұл кезеңде тереңірек, интуитивті келесі адамға ену өтеді.
5сабақ.
Мотивтік-мақсатты тренинг.
1жаттығу. Жаттығу «Өзін-өзі ашуға мотивация». Шағын 2 беттік тақырыпқа : «Келесі жыл мен үшін табыс пен жетілудің жылы болады».
2жаттығу. Өмірде неге жеткіңіз келеді, материалды және рухани жоспарда қандай жетістікке жеткіңіз келетінін параққа жазыңыз.
3жаттығу. Әрбір алдын ала болжаған мақсатыңыздың жанына мерзімін қойып шығыңыз.
Қорытынды.
Барлық жазғандарыңыздың барлығы санадан тыс ерте ме кеш пе орындалады.
4жаттығу. Приоритеттер. Өмірлік мақсатыңыз жазылған тізімді алып бір минут қарап шығып олардың ішінде ең басты үшеуін таңдап алыңыз. Ең бастысына-«А-1» екінші-«А-2» ,үшіншісі »А-3»
Өзіңіздің жақын 5 жыл ішіндегі мақсатыңыздың тізімімен осындай операция құрастырыңыз.
5 жаттығу. Сугестивті лозунг. Параққа үлкен нақты әріптермен өзіңіздің ең күшті тілегіңізді жазыңыз. Мысалы, мен міндетті түрде феноменальды еске сақтауды үйренемін. Мен ең бай адам боламын.
Резюме. Ең күшті мотивация-табысқа жетудің ең маңызды көзі . Біз өзімізге үнемі мадақтау дәнін лақтырып отыруымыз қажет. Мотивация біздің рухымызды көтереді. Рух біздің мақсатты ұстап тұруға қабілетімізді дамытады., оны көруге бағытталады.
Мадақтау дәні-«Бұл маған не үшін қажет» сұрағына жағымды жауап.
6жаттығу. Көз жеткізу және өзіңнің көзіңді жеткізу күші. Біздің әрқайсымыз өмірлік мақсат таңдадық.Жаттығу жұптар арасында өткізіледі. Қатысушы өзінің проритетті мақсатымен қатысушымен бөлінеді. Өзінің бұл мақсатты не үшін таңдағанының маңызды екеніне көз жеткізуі тиіс. Мұнан кейін рольдермен ауысады.
Рефлексия.
Әрбір қатысушы өзінің сөзінің қаншалықты көз жеткізерліктей болғанын талдайды.
7жаттығу. Әрбір қатысушы өзге адаммен өзінің өмірлік мақсатының қаншалықты маңызды екенімен бөлісу.
Рефлексия.
6 сабақ.
Табысты мінез-құлық .Танысу.
1жаттығу. Ұсыну, өзін-өзі таныстыру.
Өзіңіздің сеніңізді таныстыру, өзіңе сыйластықпен, сүйіспеншілікпен қарау.
Рефлексия.
Қорытынды. Л. Мольц «Как стать счастливым»кітабында өзіңе сенімді болу үшін , осы сенімділікті ойнап көру қажет.
2жаттығу. Келесі жаттығуға жұп таңдауға арналады: шеңберге тұрады, көздерін жұмады, бір-бірінің алақанымен сипалайды.
Рефлексия.
3жаттығу.
Серіктеріңнің атын оған деген сүйіспеншілікпен таныстыру.
Рефлексия.
4жаттығу. Көз байланысы 1-2 минут аралығында бір-бірінің көзіне қарап тұру.
Қорытынды. Қарым-қатынаста көз байланысы келесі адамды тануға, сенімді қатынас орнатуға қаншалықты маңызды екенін талдау.
5жаттығу. Серіктесіңізді жас сәби ретінде ойша көз байланысымен елестету.
Рефлексия.
6 жаттығу. Ортада бір адам тұрады. Көз жұмулы күйінде әрбір бейнелі түрде осы адам кездесуі мүмкін суреттемені елестетеді.
Қорытынды. 5-6 жаттығу өзге адамды интуитивті тануға бағытталады.
7 сабақ.
Эмпатия -өзгенің сезімі.
1 жаттығу. Өзіңіз туралы үшінші жақта, өзіңіздің досыңыз жайлы айтқандай әңгіме құрастытырыңыз.
Рефлексия.
2 жаттығу. Табыс. Өзіңізді табысқа жеткен адам ретінде елестетіп, оның мекен-жайына бірнеше жылы сөз айтасыз.
Рефлексия.
3жаттығу. өзге туралы өзіңіздің «Менің атым» деп өзіңізді таныстырыңыз.
Рефлексия.
8 сабақ.
Қимыл және ишара тілі.
1жаттығу. Табысты адам тұлғасы. өзіңді ұстау манерасы. өзіңіздің қайталанбас және маңыздылығыңызды түсіну.
2 жаттығу. Еске түсіріңіз: жақын күндері кіммен араластыңыз және бұл сізге маңызды ма, қандай қимылда болдыңыз? Көрсетіңіз.
3жаттығу. Қарым-қатынастың ашық және жабық позалары.
А) Қарым-қатынастың жабық позалары. Понарама.
Егер сізге қандайда бір адаммен араласу жағымсыз болса, әдетте қандай позада боласыз.
Бір нәрсені жасырып тұрған адамның қимылын әрекетін көрсетіңіз. Ұялшақ адамның қимыл әрекетін бейнелеңіз. Өзінің серіктесінің әңгімесіне зейінді болмай, өзінің мәселесіне шоғырланған адамның позасын, қимыл әрекетін бейнелеңіз.
Б) Кейбір өзіңіздің танысыңыздың мінездік қимыл әрекетін еске түсіріп, бейнелеңіз.
Бұл қимылда не сезіндіңіз, бұлар не білдіруі мүмкін.
С) Қарым-қатынастың ашық позалары.
Рефлексия.
4.жаттығу жұппен өткізіледі. Қатысушылар бір-бірінің бетіне бірнеше минут қарап тұрады. Содан кейін , параққа бір-біріне мінездеме береді.
5 жаттығу. Әрбір тренингке қатысушы мимика мен әрекет арқылы қандайда бір ойды білдіреді. Қалған қатысушылар бұл ойды шешеді.
6 жаттығу. «Компания » жаны, өзінің ісін білетін , өзіне сенімді адамның қимыл әрекеті мен ишарасын көрсету.
9сабақ.
Тыңдаушылармен қатынас.
1жаттығу. Топта біреу 2 минут ішінде бірнәрсе туралы маңызды ортақ қызығушылық тудыратын әңгіме айту қажет. Екінші адам жақсы тоыңдаушы болуға тырысады.
Рефлексия.
2жаттығу. Ой қорытынды. Қатысушы 2минут аралығында өзі туралы маңызды нәрсе айтады. Келесі адам ол айтқан ақпаратты қайталайды, қалай түсінгеніне ой қорытынды жасайды.
Мысалы, …Бұл өте қызық, ешқашан ойламаппын, қабылдады ма соны.
10сабақ.
1жаттығу. 45 секунд ішінде өзіңіздің серіктесіңіз ұсынған тақырыпқа көзқарасыңызды білдіріңіз.
Мүмкін , серіктесіңіз сіз ұзақ жауап беретін тақырыпты таңдауы мүмкін. Бірақ тақырыпты серіктесіңіз өзі таңдайды.
2жаттығу. Осы тақырыпқа өз пікіріңізді 15секундқа лайықты етіп білдіріңіз. Сөйлемес бұрын өзіңіздің қалай жауап беретініңізді ойланып алыңыз. Енді серігіңізбен рольдеріңізді ауыстырыңыз, алдымен 45 минут содан кейін 15 секунд сіз ұсынған тақырыпқа өз пікірін білдіруі тиіс.
Рефлексия. Қай қатысушының айтқан әңгімесі түсінікті әрі таңдағанға жеңіл болды.
11сабақ.
Қарым-қатынас жағдайын модельдеу.
1 жаттығу. Нақты бір мәселені жағдаятты диалог немесе полилог ретінде қағазға жазыңыз. Өзіңіздің қағазыңызды оң жақтағы көршіңізге беріңіз. Қағазды алған соң ерікті түрде қайта құрастырыңыз. Тапсырмаға шығармашылықпен қатысыңыз.
Рефлексия.
2жаттығу. Қақтығыс кезіндегі мінез-құлық мониторингі.
Қатысушылардың ішінен қақтығысты жағдай таңдалып алынады, рольдерге бөлініп ойнатылады.
Рефлексия. Қатысушылармен ситуация талқыланып шешімін табады.
3.жаттығу. Мінез-құлқы өзгерген қатысушылар жағдайы рольге бөлініп орындалады.
4.жаттығу. Қақтығыстағы өз мінез-құлқыңызды смипаттап беріңіз.
Қорытынды. Адамдар бір біріне өз мінез-құлқының айнасы болып табылады, осы арқылы олар өздерін әр қырынан таниды.
5.жаттығу. Сізде бір мәселе болып қалды делік. Бұл мәселенің шешімі екінші адамға қалай жеткізу қажеттігіне мәтін ойлап табыңыз. Өзіңізді осы адамның орнына қойып көріңіз. Жағдай жұптар арасында ойнатылады.
Рефлексия: Сіздің сөзіңіздің қаншалықты көз жеткізетіндей болғанын талдаңыздар.
Қорытынды. Д. Карнеги өз өтінішіңізді айтпас бұрын , екінші адамның қаншалықты маңызды екенін сездіріп, оған деген сыйластығыңызды көрсете біліңіз деп жазды.
12сабақ.
Аудитория алдында сөз сөйлеуді құру.
1жаттығу. Топпен ұсынылған көрсеткіштерді талқылау.
А) Өзін таныстыру.
Б) Аудиториямен байланыс.
В) Тыңдаушылардың мотивациясын арттырып, тақырыпқа назар аударту.
2жаттығу. Таңдалған тақырып бойынша жоспар дайындау.
3 жаттығу. Қатысушылардың сөз сөйлеуі.
Рефлексия: Сөз сөйлеген қатысушыларды талқылау.
Тренинг тақырыбы «Өзін тану»
Мақсаты: Танысу қатысушылардың қандай қажеттілікпен келгенін анықтау.Өз ішкі әлемдерін тануға мүмкіндік туғызу.
Құрал-жабдықтар: Ақ парақ адам санына байланысты бір данадан, магнитофон, әуен.
Ұйымдастырылуы: Қатысушыларды дөңгелек шеңбер тәрізді қалыпта отырғызу. (өз қалауыңызда болады).
Жаттықтырушы: Сәлемдесу, жаңа күн, осы күні өзін тануға шынайы жұмыс деңгейінде бір-біріне кедергі келуіне (артық сұрау, қалжыңдасу, қатты күлу және т.б.) шақыру. Бүгінгі күні жаттығуға дайындықтарын шартты белгілермен көрсетуді өтіну.
А) екі алақанын ашып, жаттықтырушыларға көрсету.
Бұл белгі: «мен бүгін белсенді жұмыс істеуге дайынмын»
б) екі алақанын өзіне қаратса, «мен бүгін белсенді жұмысқа дайын емеспін» - белгісін білдіреді.
В) егер де бір алақанын ашық, екінші алақанын өзіне қаратса, бұл белшгі: «мен дайынмын жаттығуға, бірақ көңіл-күйім онша емес».
Ескерту: Жаттықтырушы сізге, бұл диалогтика кімге, қандай қатынас жасауға, жол табуға ізденісті қажет етеді.
Жаттығу №1. «Бүгінгі тренингтен не күтеді», танысу.
Мақсаты: өзін таныстыру жеке бойында ерекшеленіп тұратын, қасиетін анықтауға мүмкіндік туғызу. Есте сақтау қабілетін, зейінділігін анықтау.
Өтілуі: әр қатысушы өз есімінін бірінші әріпіне қарай бойындағы жеке қасиетін қоса айту.
Мысалы: Айжан – «А» әрпі бірінші әріп. (соған байланысты қасиет: ашық, ақкөңіл, ақжарқан, ақылды, арманшыл) талдан өз ішінен тек, біреуін өзінің бойында аңғаруға болатынын ғана есімімен қоса айтуы керек. Мен, Айжан ақкөңіл қызбын. Келесі білімгерлер Серік, алдыңғы қатысушына қосып, «Айжан ақ көңіл қыз, ал мен Серік сенімді жігітпін», келесі келетін қатысушы Айжан ақкөңіл қыз. Серік сенімді жігіт, ал мен Мақсат, мейірімді қызбын т.б. осылай жалғасын табады, алғашқы Айжан соңынан бәрін қосып, қайталап шығуы керек.
Ескерту: әр қатысушы белсенді, эмоциялды оймен аяқтауын назарда ұстау, түзету дер кезінде қысқа түрде жүргізіліп, отырылуы қажет.
Жаттығу№2. «Бірақта» сөйлемін аяқтау.
Мақсаты: жылдамдыққа әкелдіру, ұшқыр ойға мүмкіндік беру, мысалы: «мен көп сөйлеймін, бірақ та бұл өзіме өте ұнайды»,
Менің бойым аласа, бірақ та…
Мен ұялшақпын, бірақ та…
Мен білімгермін, бірақ та…
Мен өлең айта алмаймын, бірақ та…
Мен шаршадым, бірақ та…
Мен бақылау жұмысын екіге жаздым, бірақ та…
Жаттығу №3.
Тапсырманы талап бойынша орындау:
Мақсаты: әр адам бірдей болмайды, әр адамдар жеке ерекшелігіне көңіл білдіру.
Құрал-жабдық: ақ парақ алдын ала таратылған.
Қатыстырушы: парақты екіге бүктеп, оң жақ жоғарғы бұрышшынан кішкене жыртып тастау. Парақты ары қарай бүктеу, тағы оң жақ жоғары бұрышынан жырту.
Ескерту: бәріне парақты ашьтырып қарату, бір-біріне көрсету, ерекше екендіктеріне, бір-біріне ұқсамайтындарына аса назар аударту.
Жаттығу№4. Санасыз әлеміне саяхат.
Жаттықтырушы: Бүгінгі күннің тренннгіміз «Өзін тану», оған психологиялық көңіл күйді түзей отырып, бағыт жасайық, ол әуенмен жалғасады. Ыңғайлы отырыңыздар, жайғасыңыздар.
Ескерту: әркім аяғын аяғына қойып, мен үшін ыңғайлы деп түсінуі мүмкін. Нақты тоқталып, әдістемелік дұрыстығына көңіл білдіреміз.
Екі аяқтарыңыз еденді толық сезінсін.
Арқаларыңыз орындықтын арқасына толық тиіп, алақандарыңыз ашық, аяқтарыңыздың үстінде жатсын. Неге сіздің денелеріңіз, босаңдауға, тынышталуға болмайды. Сезініңіздер босаңсуға, денелеріңізге толық рұқсат беріңіздер. Осы кезде керекті, қажетті нәрселер сіздердің ішкі әлемдеріңізде жүріп жатыр.
Қаншалықты денелеріңіз босатуға соншалықты әсерге бөленесіңдер. Дене босануға келгенде еш алқабы белсендірілуде. Ол тек менің дауысымды естиді.
Сезініңіздер, сіздер мұнымен терең тыныс алып, ауызбер жайлап шығарғанда, денелеріңіз толық босаңсуға мүмкіндік алады.
Сенімдік артқы жоспарға кетеді немесе біртіндеп денеден жайлап шығып кетеді. Сезініңіздер! Ішкі жағыңда өзгеріс болу үшін, өзіңізге іштей сұрақ қойыңыз: «мен қазір не істеп отырмын?, мен не сезінемін? Мен не ойлаймын?». Жауап іздеңіздер, денелеріңіздің толық терең босаңсуына мүмкіндік береді.
Енді осы босаңсу үстінде қимылымызды белсендірейік. Үлкен көл, кең дария, қауыр жел бетіңізді шарпиды.
Елестетіңіздер, сіз сол үлкен көлде кішкентай жүзушісіз. Сізде карта, компос, руль еш нәрсе жоқ.
Сізді жел қайда итереді, сонда жылжудасыз!
Су толқыны жиіліп, көтеріліп, сізді жауып та жібереді. Бірақ су жүзуден талмай су бетіне қайта шығасыз. Су ағымын біліңіз, құлау, құлау, су астына кету, қайта малтып шығу, толқын қимылын түсініңіз, сезініңіз.
Сол кезде күннің жылуы, ауаның тазалығы сізге күш береді. Су астына кетуден сақтап, жоғары талпындырады.
Өмірде міне осылай, бірде су толқыны сізді жабады. Ол өмірдегі шешімді таптырмайтын мәселе, қорқыныш, үрей, сенімсіздік, бірақ уақыт бізге бағынбайды. Бәрі қайтып орнына келеді. Соған сеніп өзіңді еш уақытта су толқынының астына тастап қоймаңыз. өзңіе толық сеніңіз. Өмірде міне бәрі осылай болуы тиіс, әрине болған нәрсеге болаттай қарсы тұруға әркімнің күші жетеді.
Әркімде де өзі көтере алатын ғана, қиыншылық береді. Ол тек сізді шынықтыру үшін берілетін кілт. Міне осылай. Енді осы уақытқа дейін өмірімізден кетпейтіндей бақытқа толы, әсерлі қуаныштар сәттер болады. Соның бірін еске түсірейік. Сол сәтте сіз біреуге керек болдыңыз. өзіңізге сенімді, қуанышты, жігерлі едіңіз. Сол сәтке қайта оралып, еске түсіру арқылы сол әсерді қайта бастан кешуге мүмкіндік бар.
Сіздің сол сәтте көңіл-күйіңіз қандай ерекше, қуанышты. Сол сәт жылдың қай мезгілінде еді. Ауа райы қандай еді, қандай иістер келуші еді. Сол сәт қандай тамаша, енді осы әсер үстінде отырсыз, осы кезде сіздің ішкі жан дүниеңізге өмірге қажетті механизмдер қосылды. Ол механизмдер арқылы сіз сенімдісіз, кешірімді жансыз, жігерлісіз, күштісіз, көңілдісіз. Осы сәтте қалағаныңызша болуыңызға болады.
Денеңіздің дем алғанын сезінесіз, көзіңізді жайлап ашсаңыз болады. Әркім өзі біледі, қай уақытта осы ортаға қайтып келуді, сол кезде келеді.
Ескерту: Жаттықтырушы, әр қатысушының сезімін тыңдай білу, талдау арқылы жалғастыру. Даусы жағымды әуенмен үндесіп, орта дауыспен айтылуы қажет. Анықтау, кідіріс ұстау, екпін беретін жерге райыс беру.
Үн таспаға өз дауысыңызды жазып алып, міндетті түрде тыңдаңыз, содан барып, өзіңізге ұнағаннан кейін ғана ел алдына шығыңыз.
Жаттығу №5. «Құқық пен парыз»
Мақсаты: Өзіндегі жаңа бояуды түсіну, өз сана сезімін, жауапкершілігін ала отырып, құқықтың қатынасын білдіру.
Жаттықтырушы: тік тұру, екі қол екі жақта алақан, көз жұмылу. Әр алаңнан сарғыш зат біреуінде парыз сезіміңіз, - жауапкершілігіңіз. Екіншісі – құқық нормалары. Өзіңіз, көзіңіз жұмулы іштей бағалап, өзіңізден сұраңыз қалай қатынасасыз. Сезініңіз, уақыт бар, шынайы тазалауға көңіл бөліңіз, тек өзіңіз үшін керек бұл.
Жаттығу №6. «Ішкі әлем мәні».
Мақсаты: Ішкі әлем мәніне жекелік көз қарасы ішкі әлемін көрсететін сурет салу. Ол табиғат түстер гаммасы, заттар түрлі, оның көлемі, кеңістігі т.б. өзі қағуға түсіру.
Жаттықтырушы: ол неге ұқсайды? Себебі неде? әңгіме шағын жүргізу.
Жаттығу№7. Сөйлемді аяқта.
Мақсаты: Ішкі әлем мүмкіндіктеріне көңіл білдіру.
мен су құятын стаканмын, - (сусын қондыруға асығамын)
мен әдемі гүлмін, (хан иісті, әлем маған қызығады)
мен өлеңмін (жүректерді тербейтін)
мен шөппін,
мен желмін,
мен сезіммін,
мен қызық кітаппын,
мен таңертеңгі тәтті аспын,
мен құмырсқамын,
мен теңгемін,
мен жасыл жапырақпын,
Жаттығу №8. Ойыншықтар әлеміне саяхат.
Мақсаты: жаңа білімге қарай өзін қандай кейіпкерге теңеді. Оның да өміріне байланысты қай жерде көрінеді.
Жаттықтырушы: Мына стол үстіне жақындап, өздеріңізге ұнаған ойыншықтарды таңдап, орындарыңызға отырыңыздар. Отырып болсаңыздар 1 минуттай ойланыңыз. Сіздің өміріңіздің қай жерімен, осы кейіпкер ролі байланысады.
Ескерту: Әр адам өз өмірімен байланысуға тырыссын. Егер, олай болмай жатса, өзіңіз көмекке келіңіз.
Мысалы: Жылқы ойыншығын таңдаса, жылқы адамға пайдалы, сүті, еті адамға көлік екендігін еске түсіре отырып, өзінің әлемінде қабілеті, мол мүмкіншілігі бар екендігін көңіл бөлдіреміз. Мінезіңіз жанға жайлы, қасыңызға көмек сұрай келген адамға қол ұшын беретін жақтарына көңіл бөлдіріңіз. Әр заттың пайдалы жақтарын, өз өмір қажеттілігімен байланыстырыңыз.
Жаттығу №9. Жанды анкета.
Бүгін өзіңізге не алдыңыз?
Не ұнады?
Не ұнамайды?
Әр қатысушымен талдай жасай отырып, қажеттілігінің деңгейі қандай еді, қалай нәтиже берді, салыстыру. Ортаға шығып:
Ризамыз2 осы күнге біз.
Ризамыз2 дәл осы сәтте !!! Аяқтау.
Жаттығу «Қарама-қарсылық нұсқасы»
«Шабуылдаушы» және «қорғанушы» қақтығысы.
Мақсаты: Нұсқа қылмыскердің жанжалдық жағын сезінуге және конструктивті өзара қатынастық тәжірибесін ашуға көмектеседі.
Эксперимент жүргізуші: Серіктесімен бетпе-бет отырып кім «шабуылдаушының», ал кім «қорғанушының» ролін ойнауды шешеді.
Шарты: Рольдерді бөлген соң сөйлеуді бастаңыз. Өз бағытыңызда мығым тұрыңыз, берілмеуге тырысыңыз. Егер сіз «шабуылдаушы» болсаңыз, серігіңізге өзін қалай ұстау керек екенін және не істеу керек екенін қатты түрде айтыңыз. Өзіңізге сенімді түрде және аса басымдық бағытында оны ұрысыңыз, сынаңыз.
Егер сіз «қорғанушы» болсаңыз, әрдайым кешірім сұрап, ақтала беріңіз, бар қақтығысты ретке салғыңыз келетінін және «шабуылдаушының» талаптарын орындауға бір нәрсенің кедергі жасайтынын айтыңыз.
Рольдеріңізбен ауысыңыздар. «Шабуылдаушының» беделі мен өктемін немесе «қорғанушының» моникуляциялық енжарлығын толық түрде сезінуге тырысыңыз. Өз толғаныстарыңызбен бөлісіңіз. Ойнаған роліңізді өзіңіздің шын өмірдегі іс-әрекетіңізбен салыстырыңыз. «Қорғанушының» ролін ойнағанда сіз не сезіндіңіз, ашу ма, қорлану ма? Соны ортаға алып талқылаңыз.
Ал, «шабуылдаушы» ролінде кінәлі немесе жазаға тартушы болдыңыз ба?
Сіздің жеке тұлғаңыздың бөлек жақтарынан әсер сараптамасы хабар беруі мүмкін.

«Дау үстінен сот» психодрамасы
Дауға қатысушылар рольдерін бөліп алады.
Сот мүшелері таңдалынып алынады: прокурор, адвокат, сот. Дау роль бойынша ойналады, басты қатысушы кісі – сотталушы. Даудың себебін іздеу мақсатында, сот мүшелері тергеу жүргізеді. Жауап алуды тергеуші бастайды, ол қылмыстың жасырын мотивін, даудың егжей-тегжейін анықтайды. Адвокат жағдайды жұмсарту жағын қарастырады. Даудың үстінен сот басталады. Прокурор сотталушының стратегиясын сараптап және ісінің тактикасын, арандату әдістемесінің мүмкіндіктерін, дау әрекетінің жасырын мотивін анықтап сотталушыны кінәлайды. Адвокат сотталушыны қорғайды. Сот үкім шығарады. «Дау үстінен сот» психодрамасы өткенді еске түсіру, даудың жағдайын бастан кешіру, оған сырттай қарау, және оны жаңаша түрде қайта ойлауға мүмкіндік береді.
Жағдай «дау»
Қажетті жұпқа бөлінеді. Бір партнер вербалды емес даудағы жағдайды есіне түсіреді. Басқасы, даудың себебін білмейтін, бақылайды және айырмашылығын байқайды, күйдің өзгерісін белгілеп қояды. Содан кейін рефлексия өткізіледі.
«Экран» нұсқасы
Даудың себебін терең сезіну мақсатымен «экран» нұсқасы ұсынылады. Нұсқаны бастау алдында лажы болса релаксация өткізу керек.
Экраннан көргендей жақсы түсте және динамикада дауды адаммен көз алдыңызға келтіріңіз.
Өзіңізді дау бойынша партнердің орнына, ал оны өзіңіздің орныңызға қойып, көз алдыңызға келтіріңіз. Сіз өзіңізді қалай сезіндіңіз?, дискомфорт бастан кештіңіз ба?
Ал енді «осы екеуіне» сырттай қараңыз. Аралық сезімі, спектакльдегі режиссердікіндей. Топталыңыз, сілкініңіз, тағы да топталыңыз. Сіз сол жағдайды қалай сезінесіз? Сіз өзіңізде нені өзгерткіңіз, жақсартқыңыз келеді?
Ойша «өзіңізден шығыңыз» және басқаға барып кіріңіз. Не сезіндіңіз? Ыңғайсыздық жоқ па?
Экраннан «түсіңіз», кейін шегініп жағдайға және оның батырларына сырттан қараңыз. Не өзгерді? Басқа біреуге кіргенде, не сезіндіңіз? Оларды өзара қатынасына сырттай қараңыз. Партнерға деген алғашқы қысым жасалды ма? Олардың қатынасында не өзгерді?
Өзіңізді талқылаушы ретінде көз алдыңызға келтіріңіз. Даулы жеке тұлға қалай өзгеруі керек. Бұл жаттығу мәселеге жаңа көзқарас береді, оның перспективалық шешімдерін аша отырып.
«Дау жағдайын театрландыру» рольдік ойыны
Теледидар экранын немесе театр сахнасын көз алдыңызға келтіріңіз. «Дау» спектаклін елестетіңіз. Ал қазір бұл даулы жағдайдағы бар ойнаушы адамдарды көз алдыңызға келтіріңіз, осылардың арқасында сахнада немесе кинода даудың шешімін табатын варианттарды табуға болады. Сіз не сездіңіз? Бұл туралы не ойлайсыз?
Рольдік сценариінің шарты бойынша
дау-жағдайының ойыны
Барлық жақын достарыңызды жинап, даулы жағдайдың барлық қатысушы адамдардың ролін солармен ойнап шығуға тырысыңыз.
Сіз – басты қатысушы адам немесе ойын жүргізушісіз. Сіз дауға қатысушылардың рольдерін бөліп бересіз. Сіз үшін ойында негативті зардап жоқ, және қате жіберу қауіпті емес, себебі бәрін қайта ойлап шығуға болады. Сонымен бірге рольдік даулы сценаридің шартын ойнай отырып, сіз берілген проблема түрінің шешімін табуға баға жетпес тәжірибе жинақтайсыз. Ойын вариантында даулы жағдайдың дұрыс шешімін бірігіп іздеген қызықты.
Дауласушы адам ұсынады
10287006667500
68580021717000



Есте сақтаңыз:
Егер тәжірибесі мен өзіне деген сенімділігі жоқ болса, даулы жағдайдың дұрыс жолын табу қиынға соғады.
Сіз режиссер сияқты, өз өміріңіздің сцениариінің өркендеуіне жауапкершілік қабылдайсыз. Уайымдамаңыз, даулы проблеманы шешуде қате жіберсеңіз – бұл сіздің жаңа тәжірибеңіз. Тәжірибе жинақтауға мүмкіндіктің барына да қуану керек. Шын ниетпен кешірім сұрау, адамды ренішке байланысты толғанудан, жеккөрушіліктен, басқа адамның алдындағы күнәсінен арылтады. Шын ниетті өтініштің сөзін есте сақтаңыз және оны сізге жаман болғанда немесе сізді ренжіткенде, немесе біреудің алдындағы кінәңіз үшін толғанғанда айтыңыз. «Бұрындары мен ренжіткен немесе жамандық жасаған барлық адамдар мені кешірулеріңізді өтінемін. Мен өзіме жамандық жасауға мүмкіндік бергенім үшін, адамдардан кешірім өтінемін. Мен, мені ренжіткен барлық адамдарды кешіремін. Даулы жағдайды шешуде, тек қана сұрақтарға жауап беріп және болған жағдайдың себебін біліп қана қоймай, басқа адамдардың да бұл туралы ойын білгеніңіз жақсы болар еді. Бұл үшін қойылған сұрақтарға өз күшіңізбен жауап беріңіз, содан кейін басқа дауға қатысушылардан осы сұрақтарға жауап беруін өтініңіз».
491490028194000Дауласушылардың жауабын сараптай отырып, сіз көп нәрсені түсінесіз және баға жетпес тәжірибе жинақтайсыз:
17145004572000445770018669000
6858003048000
34290018097500
331470014541500
«Өзгеше түрменің бастығы» нұсқасы
Сіз өзіңіздің ең жаман қасиетіңізді, мінезіңіздің сызықтарын, ойларыңызды және сезіміңізді ерекше түрмеге сиыстырғаныңызды көз алдыңызға келтіріңіз. Оларды ойша бөлек камерада деп сызыңыз. Ерекше бейнелі аттармен атаңыз. Сізге өзіңіздің жаман қасиеттеріңізбен, мінезіңіздің белгісімен, ойларыңызбен және сезімдеріңіз бен «заңды кездесу» мүмкіндігі туындайды. Сіз олармен ойша сөйлесуге правоңыз бар. Олар рухани қайта тұжырымдау және түзелудің арқасында өзгермейінше, түрмеде болады. Ол сіздің қалай қайта тәрбиеленуіңізге, қандай сөздерді қолданатыныңызға, қалай сендіре алатындығыңызға және рухани өркендеуге қалай жол сілтеуіңізге байланысты. Өзіңіздің барлық қасиеттеріңізді, мінез белгілерін, ойларыңыздыжәне өнерге деген сезіміңізді және өз құрауыңызды босатуға тырысыңыз.
Қорқынышпен психологиялық жұмыс істеу жолы – «толық түрде өзінің қорқынышына айналу» оны ойнап шығу және қиялымен сол болу.
Біз даулы жағдайдан қорыққан кезімізде, ол бізді өз қорқынышымен шырмайды. Қорқыныштың артында әрқашанда айналаңдағыларға немесе өзіңе қарсы агрессия тұрады. Лажы болса қорқынышты өзіңізден бөліп тастаңыз. Қорқыныштың қатал құшағынан құтқаратын, оның себебін түсіну процесі жүреді. Қорқыныш, даулы жағдайдан жиі бөлінбеймін, тек қана қазіргі мен ғана емес, өткенмен де байланысы бар жағымсыз сезім сияқты.
Қорқыныш пен дабылды жеңетін
психологиялық тәсілдер
Дау шешуші ұсынады:
45720010668000
1143003810000
Уайымдамай, қорқыныш пен дабылды қандай болса, сондай ғып образды түрде елестеткен дұрыс. Ешқашан да не болса соған артынша абыржуға жол бермеңіз; Мазасыздануды кем дегенде оқиға болған екінші күнге дейін ысырып қойыңыз. Біз проблемадан қаншалықты алыстасақ ол соншалықты бізге деген үкімін әлсіретеді.
Түсініңіз, Толқу – бұл санамыздағы әлі біз түсініп болмаған қорқыныш сезімі. Дәрігерлер, осы проблемаға байланысты интенсивті тексеру жүргізгенде, адамдағы көптеген аурулар толқудың әсерінен пайда болатынын тапты.
Проблемадан немесе даулы жағдайдан қашпаңыз. Дабылды жеңудегі бірінші қадам – дауласушымен кездесу және конструктивті түрде даудың себебін шешуде.
Өзіңіздің ойларыңыз бен сезімдеріңіздің арасын дистанцияда ұстаңыз. Дабыл мен толқуға шалдыққан адамға, ешқашан қарсы – сөйлеуге, жек көрушілікке, қызғанышқа, кек алуға, еңсесі түсуге, проблемаға тоқталып қалуға болмайды. Олар сондай атмосфераны жасайды және әр алуан дабылды тудыратын сондай ойларды шақырады.
Дауласушыны талқыға салғанша, іспен айналысыңыз. Істі шешіңіз – сонда олармен қатынасыңыз өзгереді.
Бұлшық еттің қабығы (сауыты)
Біз тап болатын негативті жағдайдың тәжірибесі, біз бастан өткізетін сезімдер, денемізде жиі қалып қояды. Дау нәтижесінде алатын шағымсыз сезімдер, ол қоқыныш немесе масазыздану, реніш, комплекстегі толық бағалық еместік немесе кінәлар, бұлшық ет блоктарына тәнділікті, яғни, бұлшық ет сауытын жасайды (тудырады). Адамға дау кезіндегі өзінің позасын детальды түрде сараптау, жақсы сезіну үшін бұлшық еттегі белгілі қысымды күшейту, дененің осы бөлігімен байланысты оны сезіну керек және сана сезімді жарыққа шығару керек. Тек қана басып тасталынған сезім өзінің айтылуын тапқаннан кейін, адам толық түрде үнемі басып тұратын ширығудан және даудағы қысымнан бас тартуына болады. Психолог А.Райханың тұжырымына келісе отырып, көп уақытқа созылған бұлшықет қысымы, басты үш сезімнің оянуын қоршап тастайды; мазасыздық, ыза және сексуалды қозуды. Ол психологиялық және физикалық сауыт – бұл екеуі бірдей деген шешімге келді. Райх бұлшық ет сауытымен жұмыс жасаған кезінде, көп уақытқа созылған қысылған бұлшықетті босату, ерекше сезімді шақырады – суықты немесе жылыны сезіну, шаншып ауруды, қышып дуылдатуды немесе эмоциональдық көтерілуді тапты. Ол, биологиялық энергияның босануының нәтижесінде бұл сезім туады деп ойлады, ол бұны «мүше» деп атады. Бұлшық ет қысымы энергияның еркін тасқынын қысқартуға және адамның сезімін еркін қолдануға қызмет жасайды. Басында ынтамен булыққан сезімге қарсы қорғаныш ретінде пайда болған және даудағы қызынушылық, физикалық және эмоционалдық жынды адамға кигізетін көйлек кейпіне кіреді, бұлшық ет сауыты сияқты болады. Жеке адамның өсу шегін, өзін-өзі жоғары сатыға көтеруін. Райх психологиялық және бұлшық ет сауыты сияқты сияқты сіңіру процесі, біртіндеп еркін, ашық та, бақытты адам туылады деп анықтайды. Қолайсыз және көтермеленген қысымнан босануды үйреніңіз, сезім үшін блоктар – бұл даулы жағдайда сенімдікке жетудің маңызды әдісі. Физикалық босанудың бірден-бір әдісі дауысты босату болып табылады. Егер мұндай мүмкіндік бар болса – айғайлап ән айтыңыз.
Барлық дененің теңселуі, жылдам бидің процесінде болатын сілкіну және босаңсу – бұл бұлшық ет сауытын босатудың екінші әдісі.
«Үлкен бұрылыстар» жаттығуы
Өз бөлмеңіздің терезесіне бетіңізбен қарап тұрыңыз. Аяғыңыздың өкшелерін 30-40см-ге қойыңыз. Содан соң басыңызды және иығыңызды сол жақтағы қабырғаға бұрыңыз. Бұл қимылдарды жай вальстің ритімінде, бұрылыстар кезінде қарама-қарсы өкшеңізді еденнен көтере отырып жасаңыз.
Жаттығудың кілтті моменттері
Дене сол жақ қабырғадан оң жаққа 180º градуста б9рылыстар жасау керек. Оларды үзбестен, жұмсақ және қалықтатын жасаңыз.
Бас, иықтар және көздер бір нүктеге қадалып, бұрылыс кезінде бірге қимылдау керек. Көз әр уақытта тіке қарау керек. Көзқарас мұрын сияқты әр уақытта иықтың сызығымен перпендикулярлы болуы қажет. Өзіңізге күш салмаңыз, бөгелмеңіз.
Объектіні дұрыс орындағанда сіздің алдыңызда бәрі сумен шайғандай болуы керек. Олар сізге қанша жақын болса, сумен шаю дәрежесі сонша жоғары. Көзқарас әрқашанда тура, оның сызығы көлденең жазықта айналып тұруы керек.
Бұрылыстар уақытында сіз кез-келген қимылды елемеуіңіз керек, әйтпесе көздеріңіз соларға тоқтайды. Бұнымен тұрмай, жақын маңдағы объектілер сіздің көзқарасыңыздың сызығынан артта қалып жатыр деген иллюзия көздің демалуына куәгерлік болады.
Дене өзінің еденге (полға) перпендикулярлы вертикальді осінде айналуын қадағалаңыз.
Жаттығуды дұрыс орындамағанда, объектіге көзді қадап қалғаннан, бас айналу немесе жүрек айну болуы мүмкін. Үлкен айналымдар омыртқаның иілгіштігін дамытады, бар дененің бұлшықеттерін босаңсытады және көрікті жүйке жүйесін, ал бұл арқылы – адамның ішкі органдарының барлық жұмысын жақсартады: жүрек, өкпе, ас қорыту және т.б. Олар көзді босаңсытады, ойды іске қосады.
Минутына 16 толық айналым-айналудың орташа қарқыны. Осындай жиілік және амплитудада шамамен 50-ші айналымда организмде жұмсақ жөнге келмейтін бұлшық еттерді, оған жабысқан жүйкелерді уқалайтын діріл туындайды. Мұндай процедура жүйке жүйесі үшін өте қолайлы, бұлшық ет панцириясын босаңсытады және адамның эмоционалды жағдайын тұрақтандырады.
Тренинг өткізуде орындалатын жаттығулар.
“Өз үйіріңді тап” Балаларға жануарлар аты жазылған жолақтар таратылады. Көздері байланған қатысушылар осы жануарлардың дыбысын шығарады. Өз үйірін тапқандар жеңіске жетеді.
“Жапырақпен билеу” Жағымды музыка ырғағымен қолдарын артқа ұстап, жапырақты маңдайларына жапсырып алып ,билейді. Егер қатысушылардың бірі жапырақты түсіріп алса,сол қимылда “қатып қалады”.
“Апельсинді жалғап жібер” Апельсинді немесе допты алқа тәріздес шеңбер бойында иек асты және иық көмегімен бір-біріне жалғайды. Егер апельсин ді түсіріп алса,бәрін қайтадан бастайды.
“Сәлемдесу” Шеңбер бойынша бір-бірімен көңілі көтерілетіндей сөз айтып, сәлемдесу.
“Мен өзімде бағалайтыным” Өзіңді жағымды жағынан бағалай білу.Әр адам шеңбер ортасына отырып өзінің жағымды қасиеттерін,қабілетін айтады.
“Қошемет сөз” Әр адам өзінің оң жақтағы көршісне қошемет сөз айтады.
“Қимыл тілі” Серіктесі екі фразаны айтады,оның бірі шын,ал бірі өтірік. Қимыл ишарасын байқап отырады. Мұнан кейін қимыл ишарасы арқылы –фразалардың қайсысы шын ,қайсысы жалған екенін табу.
“Айна” Серіктесінің бірі қандайда бір тапсырманы орындайды (түйме тігеді,торт пісіреді), ал екінші оның қимылын қайталап, айна ролін ойнайды. Әділқазылар әртістердің қалай өнер көрсеткендерін 5 ұпайлық жүйемен бағаланады.
“А Б В” Үштікте А соқыр, Б керең, В сал (сөйлей алмайды,қозғалмайды) болады. Үштік өзара бір шешімге келулері керек, мысалы, қақпаны қандайда бір түспен бояу.
“Эмоцияны тап” Жаңылтпашты бәрі еститіндей сыбырлап айту.Енді осы жаңылтпаштар әр түрлі дауыс мәнерімен айту (пулеметпен оқ жаудырғандай, таңданыспен,махаббат сезімін білдіргендей, жақтырмай айту, көңілсіз,ашулы,сеніммен т.б”)
“Хабарландыру” Шағын топта қандай да бір іс-шараға шақырылған хабарландыру суретін салады.
Хабарланумен танысып болғаннан кейін қатысушылар қайсысының хабарландыруы елең еткізерліктей, қызықты болғанын таңдайды
Отбасылық қатынасқа арналған психокоррекция
Психокоррекциялық жұмыстарға отбасының иеарархиялы жүйеде дұрыс ұйымдастырылуы мен қызметінің құрылымы, сондай-ақ тұлғааралық қатынастағы қақтығыстарды жеңуге арналған психологиялық әсер ету жолдары жатады. Басты жұмыс отбасымен ондағы топ мүшелері мен ролдердің өзгеруі және иерархиялы жүйеде белгілі даму циклымен жүргізіледі .Отбасы қызметінде бірлік бұзылғандықтан «сену» деңгейі аңызға қарай, «көз-қарас» пікірі өткен ата –баба тәжірибелерінің өмір сүру жолдарын дұрыс деп тауып , сонымен шектелуді жөн көру және «сенгіш отбасы психологиясы» болып, онда қорғану механизмі қолданылады. Отбасында жасырын ұстайтын құпиялары болады соны айтудан қорқады (ертеректе отбасы мүшесінің біреуі қылмыс істеуі, бала тастауы, алдыруы т.б.) және соны ашып қоймас үшін тепе-теңдік емес, жабық деңгейде өзара қатынаста әсер етеді . Ол келесі өмірлік циклда қайта келіп қалыпты дағдарысқа айналады.
Э.Дювалльдың кезеңдерді шектеуде отбасындағы баланың болуы, оның жас ерекшелігі қарай шектеді.Осыған байланысты отбасының өмірлік циклына келесі сипаттар берілді:
1. Қалыптасқан отбасы (0-5жыл) баланың болмауы.
2. Отбасында баланың болуы, үлкені 3 жасқа келуі.
3. Отбасында бала- бақша жасында баланың болуы, үлкені 3-6 жас.
4.Отбасынжа мектеп жасындағы баланың болуы, үлкені 6-13 жаста .
5. Отбасында жеткіншек жасындағы баланың болуы, үлкені 13-21 жаста.
6. Отбасы балаларын өмірге «аттандырған» .
7. Ерлі –зайыптылар жетілген жаста .
8.Кәрілікке жеткен отбасы.
Отбасы дағдарысында өзекті мәселелері шектеліне, сол жағдай әлсіздеу бір отбасы мүшесінде «сақтаушы» болып содан байқалады, ол кішкентай бала немесе зейнеткер адам болуы мүмкін. Сол жағдайда ауру белгісі (симптом) мінез-құлықтағы ескі көз-қарас пен өзарақатынасты байқатады. Ауру белгісін көрсететін адамды, сақтаушыны «теңестірілген ауру адам» деп атайды. Отбасы жүйесін теориялық ықпалда зерттеушілер отбасында ауру белгісінің көрінуі, ол отбасы қажеттілігінің метафорасы деп атайды (Шерман Р.,Фредман Н.,1997)
Плзак пікірінде ерлі-зайыптылар қатынасының дамуын екі сынды кезеңге бөлді (Плзак 1973.,). Бірінші сынды кезең ерлі –зайыптылардың бірге өмір сүруінің 3 және 7 жылында кездеседі. Самоукина Н.В. алғашқы дағдарыстың (5-7 жыл) болуы серіктесіне көз-қарасы, яғни алғашқы бейненің өзгеруі, алдымен бір-бірінің алдында психологиялық беделінің төмендеуі болып табылады
Екінші сынды кезең ерлі-зайыптылардың бірге өмір сүруінің 17-25 жыл аралығында туындауы мүмкін. Ерлі-зайыптылар бір-бірінен психологиялық шаршайды, өмір сүруде жаңа қатынасты, өзгерісті қажет етеді. Бұл кезеңде әсіресе ер азаматтар қатты уайымдайды. Отбасы дағдарысының жеңіл өтетін тұстары еркіндік , дербестік деңгейде жаңа қатынасты бірге іздеуге ниет етсе ғана, шешімін таппақ. Отбасы дағдарысы кезінде бұрынғыдай өмір сүре алмайды, ролді тепе-теңдікте бөліп қарастыра алмау себептері: жағдайды шешуде таныс шаблонды қолдану, дағдыланған мінез-құлықты, ескі қалыптасқан модельдің қажеті болмай қалуынан туындайды. Дағдарыстың отбасы қызметінің қандай кезеңінде болып жатса да (жекелік, микро-,макро-,мегажүйе ) басқа жақтарын да қамтиды. Осындай себептердің туындауы ерлі-зайыптылардың бір-біріне құрметтің аз болуы, оның астары өзіндік бағалау төмендігінде, оның екінші ролі ата-ана болғандықтан психолог осы жағын ескеріп, әсер ету жұмыстарын жүйелі жоспарлайды. Отбасылық психокоррекция –отбасылық қатынасты қалыпты жүйеге сәйкестендіріле отырып, әлеуметтік-мәдени ерекшелік ескеріле жүргізіледі.
Отбасы психокоррекциясына жалпы түсінік
түсінік Түсінік мазмұны
Отбасы туған-туыс, ата-ана, бала арасында өзгерістің болуы: топтың иерархиялы жүйесі, дамудың белгілі циклы, мінез-құлықта стереотивтердің сақталуы.
Маңызды туыстар Жақын емес туыстар, бірақ эмоционалды қатынас күшімен осы отбасына, жеке мүшелерінің дамуы және мінез-құлқының қалыптасуына әсер етуі
Отбасы аңызы Отбасында қызметінің бұзылуын, көрсетпеу үшін қорғану механизмін қолданады. Синонимдер-«сену», «отбасы кредосы», «сендіруі», «сенгіш отбасы психологиясы»
Отбасы гомеостазы Отбасы ажырап кетпес үшін өзара қарым-қатынасты қолдайды. Отбасы мүшелері жасырын және саналы меңгермеген тұстары бар. Ол әр циклдан көшіп келеді. Отбасында ауру адам « сақтаушы» деп аталады қалғандары соны қолдаушылар.
Бөлектенген адам Отбасы мүшелерінің ішінде біреуіне «әлсіздеуіне» ерлі-зайыпты қатынасының күрделенуі көп әсерін тигізіп, ол қиындықты өзіне ала ды.Неке қатынасы тек екі адам арасындағы қатынас қана емес отбасы жүйелі қатынасына да әсерін тигізеді.Отбасы иеарархиялық жүйесі бұзылса даму қызметіне, қалыптасуына кері әсерін тигізеді
Иеарархия Кез-келген құрылымда иеарархия ( сатылы) бар. Оның нақтылығы отбасы мүшелерінің құрылымының табысты қызметіне байланысты. Отбасы өзара қатынасы: серіктестік (тепе-теңдікте); бір-бірін құрайтын; басқаратын деңгейдің өзгеріп отыруы.
Отбасының өмірлік циклы Отбасы қатынасының басынан соңына дейінгі даму кезеңіндегі белгісі:
Күту кезеңі, некеге тұру, баланың өмірге келуі және тәрбиелеу, отбасынын бөлініп кетуі, өз отбастарын құруы, ерлі-зайытылардың зейнеткерлікке шығуы.
Отбасы дағдарысының туындау себетерінің нақты көрсеткіштері.
Отбасы өмірлік цикл дағдарысы және кезеңдері Отбасы дамуының міндеттері.
Күту кезеңі
1.Ұқсастықты қалыптастыру.
2.Ата –анамен біріге отырып, қаржы және эмоционалды жетістік жағынан тәуелсіздікке жету.
3.Жас адамның өзіне сай беделге ие болуы.
4.Серіктесіне деген қамқорлық пен күтімді дамытуды дағдыландыру.
1-дағдарыс. Өзіне ерлі–зайыпты деген міндеті алуы Ерлі –зайыптылардың бір –біріне, отбасылық өмірге бейімделуі :
1.Отбасында қарым-қатынаста туған-туыстар және жора –жолдаспен ішкі шекараны белгілеу .
2.Отбасы және жеке қажеттілік арасындағы қақтығысты шеше білу.
3. Жақындық және алшақтыққа тепе-теңдікті қоя білу.
4. Жыныстық үйлесімді таба білу (жыныстық бейімделу).
5.Жеке мүлікке ие болу, яғни тұрғын үй мәселесін шешу.

Жас отбасы
2-дағдарыс. Ерлі-зайыпты ның балалы болуы, жаңа ата-ана ролін меңгер уі. Отбасының жаңа міндеттерді шешуде қайта құрылуы:
1.Нәрестеге күтім жасау.
2.Отбасына баланың келуіне байланысты, құрылымын қайта қарау.
3.Балаға ұзақ мерзімде қамқорлық жасауға бейімделу.
4.Ата-ана баланың жетілуіне қолдау мен қамқорлық көрсету беделіне байланысты.
5. Отбасы және жеке бас даму мақсаттарын бөле білуге келісу.
Отбасында мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың болуы.
3-дағдарыс. Балаларды сыртқы әлеумет тік құрылымға енгізу (б/бақша, мектеп) Отбасының жаңа міндеттерді шешуде қайта құрылуы:
1.Отбасында баланың бала-бақша мен мектепке баруына байланысты ролдерді қайта қарап бөлу.
2.Күнделікті туындайтын мәселеге қатыса білу (оқу пәндері, тәртібі,т.б)
3.Баланың сабаққа дайындығына көмек көрсетуді бөлісе білу.
Отбасында жеткіншек жасындағы баланың болуы.
4- дағдарыс.
Жеткіншек жаста баланың тәуелсіздік алуға деген зерттеуін қабылдай білу. Отбасының жаңа міндеттерді шешуде қайта құрылуы:
1.Ата –ана мен бала арасындағы бақылауды қайта бөлу.
2. Ата-ана мінез-құлқы мен ролдер типінің өзгеруі.
3.Жеткіншекті үйден кетуге, дербес өмірге даярлау.
Есейген балалардың ата-ана үйінен бөлек кету фазасы.
5-дағдарыс.
Есейген бала ата-анадан бөлек кетуі Отбасының жаңа міндеттерді шешуде қайта құрылуы:
1.Отбасынан бөлек оңашалануы.
2.Үйден сыпайы кету.
3. Оқу орнына түсу немесе әскери қызметке кетуі.
Отбасында ата-ана негізгі қызметін толық орындаған («бос қалған ұя»)
6-дағдарыс. Ерлі-зайыпты бөлек жеке бірге қалады. Отбасының жаңа міндеттерді шешуде қайта құрылуы:
Ерлі-зайыптылар өзара қатынасын қайта қарауы.
Міндеттер мен ролдерді қайта бөлуі.
Зейнеткерлікке шыққанға бейімделу.
Секіктесінің бірінің жалғыз қалуы( бірі қайтыс боллуы).
7-дағдарыс.
Ерлі-зайыпты бірінің қайтыс болуы фактысын мойындауы Отбасын қайта ұйымдастыру:
1.Жалғыздыққа, серіктесінің жоқтығына бейімделу .
2.Отбасында жаңа байланыстар іздестіру.
3.Отбасы мүшелері мен әлеуметтік ортадан көмек күтіп қабылдайды.
Ерлі-зайыптылар қатынасын өз алдына еркін тарау ретінде қарастырса да болады
(ғылыми жұмыс тақырыбы бойынша «отбасының дағдарыс психологиясы»жинағы баспаға дайындалып жатыр, сонда нақты бөліп қарастырылады).
Ерлі –зайыптылардың қалыпты қарым-қатынас негізі және мәселе себебтері.
Мәселе себебтері Коррекция кезінде қалыпты қатынасқа әкелу
*Ерлі-зайыпты қарым-қатынас кезінде ролдерін бөлу туралы жеке көз-қарастарының болуынан, бірге келісе бөле алмау. (Кім үйде қожайын?)
*Сезімдерін білдіру жағдайы да әр түрлі түсінікте болуы; көңіл бөлмейді, мені күтпейді мен жаққа қарамайды сүймейді т.б.
*жеке жыныстық күтудің ескерілмеуі (менің ойымша..., ол солай емес екен... .
*тұрмыстық деңгейде күткенінің болмауы ( әлеуметтік бедел, материалды жағдай, үй шаруашылығы т.б.
«өзін көрсету»;
«өзін қабылдау»;«бір-бірін»
көру;
бір-бірімен әңгімелесуде ойды айтуды үйрену
сезім бейнесі туралы сөз ашық қаралғаны жөн.
«бір-бірін қабылдау» бірге толықтыруға ниет ету.
Ата-аналармен жұмыс бағдарламасы.
сабақ. Мен және менің балам - өзаратүсіністікті іздеуді қалыптастыру.
Қолдау – балалармен конструктивті өзараәрекеттестік ретінде.
сабақ. Отбасы тәрбиесі түрлері.
Отбасындағы тәрбиелеу процесінде мүмкін болатын бұзылыстар.
сабақ. Біздің балаларымыздың бойында жауапкершілікті қалай дамытуға болады.
сабақ. Ата-ана көмегі, - және ол қандай болуы қажет? Жауапкершілікті жеткізу ережесі. Қателесу мәселесі.
Сабақ. Қақтығыссыз тәртіпке жолдарды қалай табуға болады? Ережелер туралы түсінік.
Сабақ. Балалардағы нашар мінез-құлықтың түрткісі. Тілалмаушылықтың себептері.
Сабақ. Ата-аналар мен балалардың сезімдері.
Сабақ. Жақсы мінез-құлықты мадақтау. Әсер етуші мақтау қандай болуы шарт?
1 сабақ.
1 бөлім – теориялық.
Өзге адамды қолдаудың психологиялық мағынасы, онымен қарым-қатынаста мінез-құлықтың жағымды жақтарын байқағаныңызды және бұл қошеметтер сәтсіздік немесе қателескен шақта тіреу болатынына түсінуге мүмкіндік жасау.
Қолдау дағдысын игеру дегеніміз – баланың жекелігінң күшті дамыған жақтарын көру және бұл туралы оған жеткізу.
Қолдау дағдысын игеру үшін ата-аналар қарым-қатынастағы маңызды ұстаным – баланы шартсыз қабылдау болып табылады.
Ал баланы шартсыз қабылдау – оны әдемі, ақылды, оқу үздігі, көмекші болғаны үшін емес, оның осы әлемде бар екенідігі үшін жақсы көру.
Тапсырма.
Көзіңізді жұмып, өзіңіздің ең жақсы досыңызды іздестіргеніңізді елестетіңіз. Оны көргеніңізге қуанғаныңызды , ол сізге ең жақын, қымбат адам екенін қалай көрсетесіз?
Ал қазір көз алдыңызға өз балаңызды елестетіңізші: міне, ол мектептен келді, оны көргеніңізге қуанғаныңызды көрсетесіз. Елестеттіңіз бе? Енді мұны сізге жасау жеңіл болады. Балаларымызға бізбен дұрыс қатынас жасауға көмек бере аламыз, егер біздің жағымды қатынасымызға келесілерді қоссақ:
қабылдау;
көңіл бөлу;
сыйлау;
мақұлдау;
жылы сезім.
Адамға құрмет, сыйластық өте қажет. Өз ұлыңыз бен қызыңызға қалай сыйлайтыныңызды көрсетіңіз. Санаңыздағы айтылатын жылы сөздерді дауыстап айту көмектеседі. «Қазір және осы жерде» ұстанымын қолданыңыз: көрсетілген құрмет дәл осы шақта және қазіргі сәттегі уақиғаны бейнелеу қажет. Мысалы, қате пікірлер: «Неге сен өз бөлмеңді бұрын осылай тазаламадың?» немесе «Мен сенің осылай бүгінгідей тазалайтындығыңа үміттенемін!»
Сіздің үйіңіздегі ілтипатты эмоционалды ахуалдық ролі туралы ерекше айтқым келеді. Оның құрылуындағы басты шарт – қарым-қатынастағы жылы шырайлы сарын. Мұнан өзге үлкенді-кішілі мерекелердің болғаны дұрыс. Қуаныш аймағын құру үшін отбасында шағын кештер, дәстүрлер, отбасы істерін ойлап табыңыз. Осы істердің бәрін уақытылы жасаңыз, өйткені бала жаман қылық көрсетсе, осы қуанышты күннің болмайтынын біледі. Бұл құралды жүйелі түрде пайдаланбаңыз, бала жазаның осы әдісіне бой үйретіп алады, сондықтан, ұсақ-түйек үшін мерекелерді болдырмауға қоқан лоққы жасамаған жөн. Қуаныш аймағы – сіздің балаңызбен өткізген өміріңіздің «алтын қоры».
Мүмкін сізде қуаныш аймағы бұрыннан бар шығар, қандай бір дәстүрлер, құпия ережелер, ол егер жоқ болса, тезірек құрыңыз. Бұл сіздің балаңызбен қарым-қатынасыңызды реттейді.
2 бөлім – тәжірибелік.
Әрбір қатысушы шеңбер бойынша келесі дәйек сөзді жалғастырады «менің отбасымда қуаныш аймағы – бұл …».
Мұнан кейін пікір алмасу болады. Психолог қуаныш аймағы – отбасындағы қақтығысыз тәртіптің кепілі екендігіне қорытындылайды.
мәселелі жағдаятты ойнату.
Мақсаты: ата-аналармен педагогикалық мақсатқа сай баланы қолдау, оның мінез-құлқын бағалау:
кіші қарындасын өкпелетті;
дәрігердің кабинетіне кіргісі келмеу;
қараңғы бөлмеге кіруге қорқу;
спорт тобына қоспау;
мектепке кешігуге қорқу.
Осы мәселелі жағдаяттарды талдап болғаннан кейін қандай түрі көрсетіледі.
Сонымен, қолдау көрсету екі түрлі ұғым – баланың сол сәттегі қиындығын байқау және отбасында қолдаушы ахуалды құра білу. Соңында қатысушы - ата-аналармен кері байланыс жүргізген дұрыс, оларға кездесу барысында туындаған сезімдерін жеткізуге мүмкіндік беру. Мысалы: мына дәйектемені жалғастыруға болады «Бүгін маған … білу пайдалы, өйткені … болды» немесе «Менің сабаққа көңілім толған жоқ …». Кездесу соңында ата-аналарға баланы қолдау сезімі тәсілдері жазылған қысқаша жаднамалар таратылады.
2 сабақ.
Отбасылық тәрбие түрлері.
Отбасындағы тәрбие процесінде болуы мүмкін бұзылыстар.
Мақсаты: тәрбиелеудің нақты түрлерін қарастыру; отбасы тәрбиесіндегі психологиялық ауытқудың себептерін анықтау: ата-аналардың балаларына қатынасы стилін өзгертуге мүмкіндік беру;
1 бөлім – теориялық
Біздің кездесуіміздің мақсаты – сіздердің балаларыңызбен қарым-қатынаста күрделі мәселеге әкелуі мүмкін дұрыс емес отбасылық тәрбиенің типтерін анықтау және түсіну.
Ата-аналарға тәрбие типтерінің кестесі таратылады.
Талқылаудан кейін өздері қай тип бойынша балаларын тәрбиелеп жатқанын болжау ұсынылады. Психологтар ата-аналардың тепе-теңсіз мінез-құлығын келесі типтерін анықтайды:
шектен тыс қолдау көрсету - қолдау – басымдылық;
Гипопротекция - ерік беруші – жасырын;
Жоғары ар-ұят жауапкершілігі;
Эмоционалдық сырт айналу;
Қатал қарау;
Ауру кезіндегі көңіл бөлінетін тәрбие;
Қарама-қарсы тәрбие.
Ата-аналардың осы типтегі мінез-құлқын қарастырайық.
Шектен тыс қолдау көрсету – бала отбасында орта назарында болады, қажеттілігін жоғары деңгейде қанағаттандырғысы келеді. Ол отбасынын табынушысы немесе «біреуінің қатынасы».
Бала ашуланбайды, өйткені бұл оған ұтымсыз ол үшін басқалары бәрін жасап жатыр. Нәтижесінде еріктілік, мақсаткерлік жапа шегеді; Адамгершілік нормалары жеткіліксіз меңгеріледі.
Басым гиперпротекция – бала дербестіктен айырылады, оның алында көптеген шектеулер мен тиымдар қойылады. Балада өзбеттілік, бастамашылдық бұзылады, парыз сезімі қалыптаспайды.
Ерік беруші гипопротекция – бала өзіне ғана тиесілі, ата-аналары оны бақыламайды, өздерімен әуре. Бұл жиі ауытқулы мінез-құлыққа алып келеді.
Жасырын гиперпротекция - балаға тек формалды бақылау жасайды, ал шын мәнінде оған ешкім қызығушылық білдірмейді.
Жоғары ар-ұяттық жауапкершілік – балаға жоғары талап қою, оның қажеттілігіне көңіл бөлмеу. Кейде бала анасының көмекшісі ретінде өседі, кіші іні қарындастарын қалдырып, анасы жұмысқа кетеді.
Осылай бала өзінің жеке басының маңызды болуынан бас тартады, өзін құрбан болуға мақсат қояды, бірақ мұндай құрбандық ешкімге қажет емес. Нәтижесінде мінез-құлықтың қобалжу-күдікшілдік ауытқуы қалыптасады.
4. Эмоционалдық сырт айналу – бұл «Золушка» типіндегі тәрбие. Оның негізінде ата-ананың баласына түсінбестік жауласы жатыр (мысалы, ұнамсыз бала). Бала бұл жағдайда ата-ана өмірінде өзін кедергі ретінде санайды.Тәрбиенің бұл стилі балаларда невротикалық бұзылыстардың қалыптасуына алып келеді.
5. Қатаң қарау – бірінші жоспарға эмоционалды сырт айналу шығады, ұрып-соғу түрінде көрінетін көрінетін жазалау, жақсы көретін нәрседен айыру, қажеттіліктің қанағаттанбауы.
Ауру кезінде көрінетін тәрбие – кез-келген науқас, делсалды күй кезінде көңіл бөлу, ата-аналар өздері «ауру» бейнені қалыптастырып, ерекше қамқорлық көрсете бастайды, сонда балада мәселе туындайды: «Мені ауырған кезде мені жақсы көреді». Мұның нәтижесі өзімшілдікке, өзіне көңіл аудартудың жоғарылығына алып келеді.
Қарама-қарсы, тұрақсыз тәрбие типі – қаталдықтан ымырашылдыққа бірден ауысу немесе жақсы көріп тұрып бірден сырт айналу. Тәрбиенің мұндай типі бірбеткейлік, қобалжу, өзіндік бағаның тұрақсыздығына сенімді мінез-қасиеттерінің қалыптасуына әсер етеді.
Үйлесімнің тәрбие себептері әртүрлі.
2 бөлім – тәжірбиелік.
1. жаттығу. Сіз өзгелерде қандай ата-ана ретінде көрінесіз? Ата-ана топ алдына қалауы бойынша шығады, ол өзгелері үнсіз ол туралы әсерлерін қалыптастырады. Өзінің баласын қалай тәрбиелейді, жазалайды, мадақтайды. Ата-ана 2-3 минутқа шығып кеткенде, психолог талқылау қорытындысын жазып алады. Ол қайтып оралғанда топ оған қандай психологиялық портрет жасағанын табады.
2 жаттығу «Менің күшті жақтарым».
Қатысушылар жұпқа бөлінеді, серіктестер өздерінің бала тәрбиесіндегі өзара мәселелерін бір-біріне айтады. Егер кімде-кім, қиналса, психолог «идея» тастайды. әңгімелемуші адам серіктесін тыңдап болғаннан кейін оның мінез-құлқының күшті жақтарын табатындай жағдаятты талдайды. Рольдер ауысқаннан кейін шеңбер бойына отырып талқылауболады, енді ата-ана өзінің жағдаят мінезінің қандай күшті жағын көрсеткенін әңгімелейді.
Кездесу соңында қатысушылар өз сезімдерімен бөлісіп, психологтың келесі сұрағына жауап береді: «Бүгінгі сабақта сіз үшін не пайдасы болды?»

Таблицаны салу керек.
балаға деген сүйіспеншілік
тұрақты қатынас
аса қамқор болу
шектен тыс талап қою
парықсыздық
қатаң қарау
3 сабақ.
Балада жауапкершілік сезімін қалай дамытуға болады?
Мақсаты:
Жауапкершілік сезімі түсінігін талдау. Балаларда мұны дамытудың қандай мүмкіндігі бар, тыңдау мен жауапкершіліктің айырмашылығы неде; «ішкі мотивация» түсінігі.
1 бөлім – теориялық
Қазіргі ата-аналардың көпшілігі балаларда жауапкершілік сезімін дамытудың маңыздылығын біледі.
Жауапкершілік – адамның өмірге келуімен бірге берілмейтін, жыл өткен сайын қалыптасатын ерекше қасиет.
Тыңдау мен жауапкершілік – бір ұғым емес. Тыңдау кезінде баладан тапсырылғанды орындау талап етіледі.
Жауапкершілікті болу – шешімді өз бетінше қабылдау және саналы түрде әрекет ету. Балаларды тыңдауға жауапкершілікті болуға да үйреткен жөн, бірақ ойланбастан тыңдау өте қауіпті.
Жауапкершілікті жасау:
Міндетті түсіну – не істеу қажет және қалай жасауды білу. «Өз бөлмеңді тазала!» дегенді сен қалай түсінесің?
Бала мұны өзінше түсініп, өзі түсінгендей жинауы мүмкін. Міндетті нақты түсіну үшін ата-ана мен бала өзара тиянақты талқылап алу қажет.
Қойылған міндетпен келісім. Балада таңдау болғаны жөн. (сен не істейсің: шоңсорғышты аласың ба әлде шаңды сүртесің бе?). Егер таңдау болса, жауапкершілік сезімін тәжірибеде көрсетеді.
Өз әрекетіне өз бетінше түрткі болуға: өсіп келе жатқан бала тек үлкендерді ғана тыңдамайтындай жасау (сыртқы түрткі) балада өзін тәртіпке келтіру қабілетін дамыту маңызды. Мұндайда мақтау мен алғыспен мадақтау көмектеседі, есейе келе келешегін көре білуге үйренеді. Жауапкершілікті тәрбие процесін үш деңгейге бөлуге болады.
1 деңгей. Бала көмекші ретінде. Бұл жұмысты алғаш бастағанда көптеген балалар үлкендер тарапынан моральдық қолдау қажет етеді. Дастарханды бірге дайындау т.б. ол үшін жақсы.
2 деңгей. Бала еске салу мен бақылауды қажет етеді. Балалар ұмытып кетуі мүмкін немесе бір нәрсені жасаудың кезегі келгенін ескерту қажет.
3 деңгей. Тапсырманы өзі дербес орындайды. Бала барлық жұмысты тек өзі ғана жасап қоймайды, еске салуды да қажет етпейді.
Бұл деңгейге көшу – біздің мақсатымызға жетуіміз. Жауапкершілік сезіміне әсер ететін шарттарды білу маңызды. Ол келесі шарттар:
Өзін-өзі сыйлау. Барлық балалар жағымды өзін бағалауды қажет етеді. Өзінің қабілетті, жауапкершілікті екендіктеріне сенетін балалар тапсырманы жеңіл орындайды.
Ақылға сиятын шектеулер. Бұл балаларға қорғаныс сезімін береді, әртүрлі құндылықтармен бірлескен қоғамда өзін дұрыс ұстай білуге мүмкіндік береді.
Бала дамуының шарты. Балалар сиқырлы таяқшаның әмір етуімен жауапкершілікті болуға үйренбейді. Бұл көптеген жылдар бойы қалыптасады. Оларға дербестігін өз қабілетін дамытуға мүмкіндік жасаңыздар, бірақ тәжірибесі мен жасын ескеріңіздер.
Бұл үшін:
өз талабыңыздың табиғатын түсініңіз, мақсатыңызды анықтаңыз, кейде ата-аналар өздерінің балаларына не үшін көңілі толмайтынын білмейді.
Жас ерекшеліктерін ескеру қажет, жасына байланысты бала мінез-құлқына шағым өзгереді.
Мінез ерекшелігін шекке салыңыз: негізгі мінез-құлық қасиеттері ерте балалық шақта қалыптасады.
Бала тәжірибесін бағалаңыз. Сәтсіз тәжірибенің өзі де пайда әкелуі мүмкін.
2 бөлім – тәжірибелік.
жаттығу «Жауапкершілікті анықтау».
Психолог жағдаяттарға сипаттама беріп, ата-аналарға оның негізінде – жауапкершілік, кіналау әлде басқа нәрсе жатқанын анықтауды ұсынады.
Жұмыс жазба түрінде орындалуы мүмкін, соңында жауаптар оқылып, талқыланады.
Жағдаяттар мысалы:
Әйгерім ыдыс-аяқты жылдам жуады, өйткені мұны орындамаса, кино көре алмайтынын біледі.
Айгүл оқығанды ұнатады. Дүйсенбі күні мектептен келе салып, жұма күні болатын орыс әдебиетінен үй тапсырмасына дайындалады.
Самғат жүзуден жарысқа түскісі келіп жүр. Ол күнде бассейнге барып дайындалып жүр.
Сәкен мектептегі танысына кітап алып келуді уәде етті, бірақ, есінен шығып кетті.
Жауаптың мүмкін жауаптары:
Кіналау
Жауапкершілік (қыз басқа кітапты оқуына да болады)
Жауапкершілік
Кінәлі сезімі де, жауапкершілік сезімі де емес.
2 жаттығу «Жауапкершілік деңгейлері».
Ата-аналарға жауапкершілік деңгейін анықтауға тәжірибеде үйрену үшін келесі жағдаяттар ұсынылады. Мысал ретінде берілген жағдаяттар:
Данияр қоқыс салатын шелекті бірден апарып төгеді.
Сенбі сайын Ұлжан пәтерді шаңсорғышпен тазалап, содан кейін ғана далаға ойнауға шығады.
Жексен жуынатын бөлмені ешкімнің өтінуінсіз-ақ тазалайды, бірақ жиі бір нәрсені жасауға есінен шығып кетеді.
Кәрім өз бөлмесін тазалауға келісім берді, бірақ, оған үнемі көмектесу керек, әйтпесе ол жиі алаңдайды.
Жауаптың мүмкін болатын нұсқалары:
Бақылауды қажетсінеді
Бәрін өз бетімен орындайды
Бақылауды қажетсінеді
Көмекті қажетсінеді
Жұмыс соңында ата-аналар өз пікірлерін айтып, сұрақ қояды. Оларға «Жауапкершілік туралы» жаднама таратылады.
Жауапкершілік туралы.
Жауапкершілікті болу - өз бетінше сезім қабылдап, саналы түрде әрекет жасау.
Жауапкершілік компоненттері:
міндетті түсіну
қойылған міндетпен келісім
Өз бетінше әрекет етуге түрткі болу.
Балалар ата-анасының мінез-құлқының көшірмесі.
Жауапкершілік деңгейлері:
1 деңгей. Бала көмекші ретінде.
2 деңгей. Бала еске салу мен бақылауды қажеттенеді.
3 деңгей. Бала тапсырманы дербес орындайды.
Жауапкершілікті дамытуға әсер ететін шарттар:
өзін-өзі сыйлау
ақылға сыймды шектеулер
баланың даму жағдайы
жас ерекшеліктері
мінез ерекшеліктері
баланың жеке тәжірибесі
4 сабақ.
Ата-ана көмегі – ол қандай болуы қажет? Жауапкершілікті жеткізу ерекшеліктері. Қателесу мәселелері.
Мақсаты: Үйде баламен өзара әрекеттестікті тәрбие көзқарасынан қарағанда сауатты дағдыланып үйрену.
1 бөлім – теориялық
Ата-аналар жиі үй тапсырмасын орындауда балаларына қалай дұрыс көмектесуге болады деп сұрайды, егер бала бірнәрсе жасап жатса, оған араласқан дұрыс па әле бұрыс па?
Жауабы төмендегідей болады:
Егер бала көмекті қажет етпесе араласудың қажеті жоқ.
Егер бала жұмысты жасауға қиналса, және сіздің көмегіңізді қабылдауға дайын болса, міндетті түрде көмектесіңіз.
Оның үстіне:
өзіңізге тек ол орындай алатынды ғана алыңыз.
Балаға игеру шамасында жаңа әрекеттерді біртіндеп үйретіңіз.
Бала бірнәрсені орындағысы келмейтін уақыт болады. Қалай жасауға балады: мәжбүр ету керек пе?
Барлығы құлақ аспаудың себебі неде жатқанына байланысты. Баланың әрекеттен бас тартуы оның жағымсыз уайымында болуы мүмкін.
Баламен сіз қандай қарым-қатынаста болатыныңызды ескеріңіз. Дауыс мәнері жәй, достық ниетте – бұл қарым-қатынаста негізгісі. «Жетекшілік бұлтарып сөйлеу» қажет-ақ шығар, бірақ баламен ортақ әрекетте емес.
2 бөлім – тәжірибелік.
Өзін талдауға тапсырма. Қағаз парағын алып теңдей екіге бөліңіз де оң жағына және сол жағына «Өзім» және « Бірге» деп жазыңыз. Онда сіздің балаңыз өзі орындайтын істі және сөзбен бірге орындайтын істі тізіп жазып шығыңыз.
Мысалы:
өзі Бірге
мектепке барамын
кіммен дос болуды таңдаймын т.б. Күрделі үй тапсырмасын бірге орындаймыз.
Пәтерді жинастыру.
Ойланыңызшы, оң жақтағы бағанның сол жағына қайсысын жалжытуға болады.
Есіңізде болсын, әрбір осындай орын ауыстыру – баланың есеюіне маңызды қадам.
Жұмыс соңында қалауы бойынша айтқысы келгендер өз ойларын айтады, топ талқылауға қатысады.
Дәйексөзді жалғастырыңыз «Мен ата-ана ретінде өзімде бағалайтыным …». Жұмыс аяқталғаннан кейін ата-аналарға қолдауды сезінуге мүмкіндік беру. Әр адамға – мейлі ол ересек болсын, кіші болсын – дарынды, сүйіспеншілікке лайықты екенін білу қажет.
Кездесу соңында ата-аналар осы сабақта қандай әсер алғандарымен бөліседі.
5 сабақ.
Қақтығысыз тәртіпке жолды қалай табуға болады?
Ережелер туралы ереже.
Мақсаты: тәрбие көзқарасы тұрғысынан балаға жағдай жасау, тәртіпті келтіру, отбасылық ережелерді құрастыру.
1 бөлім – теориялық
Ата-аналарға бұл мүмкін күтпеген дәлел болуы мүмкін, балалар отбасында мінез-құлық ережесі мен тәртіптің болуын қалайды, тіпті күтеді.
Бұл олардың өмірін түсінікті етіп, қауіпсіздік сезімін тудырады. Егер бұл ретте мәселелер болса, әңгіме ережеде емес, ол «енгізілу» тәсілінде болуы мүмкін. Сондықтан біз бүгін отбасында қақтығыссыз тәртіпке әкелетін, қарым-қатынасты реттейтін ережелерді қарастырамыз.
Бірінші ереже. Ереже әрбір баланың өмірінде болуы қажет.
Егер ата-ана баласын аз қапаландырып, олармен қақтығыстан қашатын болса, онда олар өз баласының айтқанын істейді.
Екінше ереже.
Ережелер тым көп болмауы тиіс және олар икемді болғаны дұрыс.
Үшінші ереже.
Ата-ана талабы баланың маңызды қателіктерімен қарама-қайшы келмеу қажет. Балаға жүгіруге, секіруге, сурет салуға тыйым салуға болмайды. Мұның барлығы – қимылға, тануға қажеттіліктің балаға арналған өте маңызды табиғи көрінуі.
Төртінші ереже.
Ережелер үлкендер арасында өзара келісімді болуы қажет. Ата-ананың біреуі екіншісінің талабымен келіспесе, бұл уақытта үнсіз қоя салып, бала кеткеннен кейін талқыланғаны жөн.
Бесінші ереже.
Талап немесе тыйым жеткізілетін дауыс ырғағы достық ниетте болғаны дұрыс.
Түсіндіру қысқа әрі бір рет қайталанады. Мысалы: «кәмпитті жеп көр» дегеннен көрі «кәмпитті түскі үзілістен кейін жейді» деп айтылғаны дұрыс.
Алтыншы ереже.
Баланы жазалағанда оған жаман нәрсе жасағаннын көрі оның сүйікті ісінен айырған дұрыс.
Бұл ережелерді орындау баланың қауіпсіз және қалыпты дамуын қамтамасыз етеді.
Сіздің отбасындағы ережелерді өзгерту немесе қабылдау алдында келесі сәттерді еске ұстану қажет:
Тыйымдар мен шектеулер нақты айтылады.
Тыйымдар мен шектеулер баланың жасы мен тәжірибесіне сәйкес келуі қажет.
Шектеудің орындалатындай болғаны дұрыс.егер сіз құрастырған ереже әрекетсіз болса, онда оны өзгерту керек.
2 бөлім – тәжірибелік.
Ата-аналарға жағдаяттар сипатталған парақтар таратылады.
Нұсқау:
Әрбір жағдаяттың сипатталуын оқып шығып, неден қате кеткенін анықтаңыз: әсер ететіндей қалай жеткізуге болады.
Ата-анасы мектептен келген ұлына: «Үйге келе салысымен қоқыс салатын шелекті төк».
Жауап: «қоқысты мен келгенше шығарып қой, мен жұмыстан шығар алдында саған қоңырау шаламын».
Тапсырманың орындалуын бірден талап етуге болмайды.
«Аяз ата саған ешқандай жаңа ойыншық сыйламайды, өйткені, сен өзіңдегі бар ойыншықты жинамайсың».
Жауап: ешқандай қамқорлық сезімі көрінбейді. Одан да балаға қалай орнына қоюға көмектесу керек.
«Велосипед туралы ұмыт. Мен саған оны айдай алғанда ғана рұхсат етемін».
Жауап: сен жол ережесін сақтап, сағат күндізгі төртке дейін үйге оралуың керек.
«Ешқашан ақша сұрама. Сен бәрібір оны босқа жаратасың».
Жауап: «Күнделікті ұсақ-түйекке деп берілген ақшаны ақылмен жаратқаның дұрыс. Басқа ақша сенде болмайды».
«Бұл кенеттен болды. Мен сүтті төккен жоқ едім».
Жауап: «Мен білемін, сен мұны қалаған жоқсың. Бірақ, істеген ісіңе мұқият болғаның жөн. Мұны жинастырып, басқа ыдысқа сүт құйып ал».
Жағдаятты талқылағаннан кейін психолог келесі қорытындыны жасайды:
кез-келген ақпаратты жағымды түрде жеткізуге болады.
өзіндік бағасын көтеруге қабілеттендіретін сөздер айту қажет.
Кездесу қорытындысын талқылау.
6 сабақ.
Балалардың мінез-құлқының нашар мотивтері. Тыңдамаушылықтың себептері.
Мақсаты:баланың ішкі мотивін түсінуге дағдыландыру, тыңдай білуге мәжбүрлеу, баламен қалыпты қарым-қатынасжасап үйрену.
1 бөлім – теориялық.
Бүгінгі кездесуіміз тақырыбы Ю.Б. Гипентейтердің «Общаться с ребенком как?» (м., 1998) әрбір ата-анаға оқып шығуға тура келетін кітабында тамаша ашылған.
Балада кездесетін тыңдаушылық себебін оның жүйкесінің тереңдігінен іздеу керек. Бұл ата-аналарға «тыңдағысы келмейді» түсінгісі келмеу болып көрінуі мүмкін, бірақ шын мәнінде мәселе мұнда емес.
Баланың мінез-құлқының бұзылуының төрт негізгі себебін бөліп көрсетіледі:
Көңіл-аударуға күрес
Егер бала дұрыс жетілуіне қажетті көлемдегі зейінді ала алмаса, онда оны алуға тәсіл табады: ол тыңдамайды.
Ата-аналарын істерінен алаңдатыптағы басқа тірліктер жасады. Мұны өте жағымды деп атауға болмайды, дегенмен көңіл аударылды.
Өзін бекітуге күрес.
Бұл шектен тыс ата-ана билігі мен қамқорына қарсылық.
2 жасар балада басталатын «Мен өзім» белгілі талабы бүкіл балалық шақта сақталады, әсіресе бұл жеткіншек жаста асқынады. Балалар бұл ұмтылысты ущемлять етуге сезімтал. Егер ескертулер мен кеңестер тым жиі болып, сын тіке айырылса онда бала шабуыл жасай бастайды.
Кек қайтаруға тілек.
Балалар ата-аналарына жиі өкпелі болады.мысалы, анасы әкесімен ажырасқаны үшін немесе баланы отбасынан бөлу (ол апасына т.б.) ата-аналары кіші ұлына көбірек назар аударылса. Бала іштей қатты қапаланады, тіптен күйінеді, ал мұның бәрі сырттан қасарысу мен тыңдаушылықты көрсетеді.
Өзінің табысты болуға сенімділігін жоғалту.
Бала өмірінің бір кезеңінде сәтсіздікті бастан өткізсе, ал сәтсіздік басқа жақта туындайды. Мысалы балада сыныптастарымен қарым-қатынас дұрыс қалыптаспаса, мұның соңы оқу үлгерімі төмендейді, ал басқа жағдайда мектептегі сәтсіздіктер үйдегі нашар қылыққа алып келеді. Осындай сәтсіздіктер баланың өзіндік бағасының төмендігінен болады. Осындай ащы тәжірибелерді бастан кешіргенде ол сенімсіздігін жоғалтып «Тырысудың қажеті бола қоймаса, бәрібір түк шықпайды» деген қорытындыға келеді. Бұл оның жан түкпіріндегі көрінетін ой, ал сыртқы мінез-құлқы «Маған бәрібір …» «Мен бәрібір жаманмын» дегенді көрсетеді.
Мінез-құлықтың ойланарлықтай бұзылуы – бұл көмек туралы оның айқайы.Ол өзінің мінез-құлқымен бізге: «Мен өзімді нашар сезінемін! Көмектесіңдер» дейді. Ата-ана оған көмектесе алады ма? Тәжірибенің көрсетуінше бұл мүмкін. Бірақ, бұл үшін тыңдамаушылықтың түпкі себебін түсіну қажет. Біз көрсеткен төрт эмоционалдық мәселенің оның дұрыс өмір сүруіне кедергі келтіретінін білу қажет.
2 бөлім –тәжірибелік.
Қиын жағдаяттарды талдау.
Әртүрлі жағдаяттар сипатталған жолақтар таратылады, алдымен үштік жұпта талдап алуға болады т.б.
Жағдаяттар мысалдары:
Он бес жасар қыздың анасы қызының соңғы уақытта өзін нашар ұстауы, дөрекі сөйлеуін байқады. Қыздың шеттетілуі анасы қаттты қинады. Бірақ ол өзін қалай ұстауды білмейді.
Жасөспірім магнитафонды бір дауысына қояды. Бұл сізді қатты ашуландырады. Не істеуге болады?
Бес жасар баланың анасы психологқа шағымданады: «Жақында жолдасым екеуімізасханада әңгімелесіп отырсақ, есікті ашып, бізге қарай таяқпен келе жатыр,тіпті бізді ұрып жіберді».
Баладағы агрессия себебі неде?
Үйге жақындағанда сіз ұлыңызды кездестірдіңіз:беті кір, түймесі үзілген, бірақ ол сізбен кездескеніне қуанышты. Сізді оның түрін көру жағымсыз көршілеріңізден ұялып тұрсыз. Не істеуге болады?
«Қате неде деген» жаттығу.
Психолог нақтылығы жоқ дәйексөздерді оқиды; қателіктің неліктен болғанын анықтап, дұрыс айтылған нұсқауды жазу ұсынылады.
А) «Түскі ас дайын. Дастарханды қашан жасайсың?»
Б) минуттан соң жуынатын бөлме таза тұрсын. Іске кіріс!»
В) «Жоқ, мен саған шаңғымен сырғанауға рұқсат етпеймін. Аяғыңды сындырасың».
Г) «Өз бөлмеңді жинастырғаныңша далаға ойнауға шықпайсың».
Жауаптардың мүмкін болатын нұсқаулары:
А) сұрақ қоюдың қажеті жоқ, мәселені алдыға тарту.
Одан гөрі: «Түскі ас дайын.дастархан жаса» деп айтқан дұрыс.
Б) Қысқа уақыт мерзімінде жұмыс көлемінің көп болуы. «Бізге қонақтар келеді, жуынатын бөлмені тазалауға көмектес» деген дұрыс.
В) Сынмен айтылған. Сәтсіздікті болжауға болады. Одан гөрі: «Сен шаңғымен сырғанай аласың, егер жақсы сырғанауды үйренсең» деп айтқан дұрыс.
Г) Қандай жұмысты жасау қажеттілікті түсініксіз. Одан гөрі: «Төсегіңді жинап болған соң, киіміңді шкафқа ілсең, еденді сүртіп болсаң ойнап келуіңе болады».
Соңында психолог ата-аналардың барлық айтылған ойын қорытындылап, жинақтап келесі кездесудің тақырыбын хабарлайды.
7 сабақ.
Бала мен ата-ана сезімі. Сезімді білдіру ережесі.
Мақсаты:
Өзге адамға өзінің уайымын айта білуге жағдай тудыру; өзгелердің сезімін құрметтеу.
1 бөлім – теориялық
Біз өмірде әртүрлі сезімді бастан өткіземіз. Сезім жағымсыз әрі күшті болса, онда оны өзінде ұстаздың қажеті жоқ, өкпеге үнсіз төзуге қатты ашу қысқанда жайбарақат түрді көрсеткен дұрыс емес.
Көптеген балалар өкінішке орай алдымен мектепке дейінгі кезеңде таныс.бала қандай да бір «жағымсыз» сезімді бастан кешірсе, жаман екеніне сенімді.сонымен жағымсыз эмоциялар толып кетсе не істеуге болады?
Жауабы қарапайым: өзге адамға өз сезіміңді жеткізе білу. Бірақ жеткізгенде бұл сіз үшін де ол үшінде қирататындай болмағаны жөн. Балаға өз сезіміңізді жеткізе білуде бірінші жақта айтыңыз. Өзіңіз туралы өзіңіз туралы уайымыңызды хабарлаңыз, ол туралы, оның мінез-құлқы туралы сөз қозғамаңыз.
Мұндай айтылулары «Мен», «маған», «мені» жеке есімдіктерін қолдануды психологтар «мен айтылымы» деп атайды. Ю.Б. Гипенрейтер «мен айтымының» артықшылықтарын сипаттайды:
Ол сізге өзіңіздің жағымсыз сезіміңізді өкпесіз түрде жеткізуге мүмкіндік береді. Кейбір ата-аналар өз ашу ызасын ұстап қалғысы келеді, өйткені қақтығыстан қашады, алайда бұл эмоцияны жасыруға болмайды, әйтпесе бала біздің ашулы екенімізді білмей қалады.
«Мен айтылымы» балалрға ата-аналарын жақсы тануға мүмкіндігін береді.
Өз сезіміңізді ашық білдіре алсақ, балаларда өздерінің сезімдерін көрсетуде адал болады.балалар үлкендердің өздеріне сенім білдіргенін сезінеді.
Өз сезімімізді бұйрықсыз немесе сөгіссіз жеткізе білуде біз баланың өзіне шешім қабылдатуға мүмкіндік ұсынамыз. Сонда ең кереметі – олар біздің тілегіміз бен уайымымызды ескере бастайды.
«Мен айтылымының» кестесі.
Қандай сезім тудырғанын нақты сипаттау (Мен кеше сені лас күйіңде көргенімде …).
Сол сәттегі сезімді атау (… мен мазасыздандым).
Себебін атау (… мүмкін, бұл соның себебі шығар).
2 бөлім – тәжірибелік.
Өз сезіміңді білдіріп бірінші жақта сөйлеу қарапайым іс емес. Бұл үшін жаттығу қажет, мысалы, «Мен - хабарламаны» бастап тұрып, ата-аналар «сен-хабарламамен» аяқтайды.
Мысалы: «Маған ұнамайды, сенің осындай салақ екенің».
7 жаттығу. Дұрыс жауапты таңда.
А. Сіз қызыңызды түскі асқа шақырдыңыз, ол «қазір» деп өз ісімен айналыса береді. Сіз ашулана бастайсыз. 1. «Саған қанша айтуға болады?»
2. «Мен ашулана бастаймын, біреуге бір нәрсені қайталап айта берсем».
3. «Сен тыңдамағанда мен ашуланамын».
Б. Сіздің жолдасыңызбен маңызды әңгімеңіз бар. Бала сол әңгімені бөлді. біреу менің сөзімді бөлсе әңгімелесу қиын.
Кедергі келтірсе.
Сен басқа нәрсемен айналыса алмайсың ба?
В. Сіз үйге шаршап келдіңіз. Үйде ұлыңыздың достары, шулы музыка үні.сізде өкпелеу мен ашу араласқан сезім. «Сенің ойыңа келмеді ме менің шаршап келгенім?»
«арттарыңнан ыдыстарыңды жинап жүріңдер»
«Мен шаршап тұрғанда үйдің ретсіз шашылып жатқанын көрсем, өкпелеймін, әрі ашуланамын».
Жағдаяттарды талдап болғаннан кейін өтімді дәйектемелер таңдалады, «мен-айтылымы» кестесі бойынша құрастырылған.
А-дәйектеме 2.
Б- дәйектеме 1.
В – дәйектеме 3.
2. «Мен айтылымы» дағдысын игеруге жаттығу:
«Дәйектемені жалғастырыңыз».
Маған көңілсіз …
Мен ашуланамын …
Өзімді ақымақ сезінемін ..,
Мен өзімді мақтан тұтамын …
Мен өзіме көңілім толады, … егер…
«Өзгелерлің сезімін сыйлау» жаттығуы.
Түсіндіріңізші, ата-ана бала сезімін сыйлай біле ме? Егер жоқ деп жауап берсеңіз бұл сөйлемді бұл сөйлемді қайта құрастырыңыз.
«Егер сенің ініңе сүйіспеншілігің болмаса – бұл сенің жұмысың, бірақ оны ұруға болмайды».
Жауап: бала сезімі құрметтеледі.
Оны ұрудың еш себебі жоқ. Бұл тек кездейсоқтық.
Жауап: бала сезімі еленбейді.
Нұсқау:
Сенің досыңа ашуланудың ол соққан үйіңнің бұзып тастағандықтан, сен өз қарым-қатынасыңды өзге тәсілмен түсіндіруге болады.бірақ оған қол көтерудің қажеті жоқ.
Дәрі егу – бұл әрине ауырады.
Егер сен қорықсаң, менің қолымнан ұстауыңа болады.
Жауап: бала сезімі құрметтеледі.
Күлімсіреші. Бәрі де сен ойлағандай нашар емес.
Жауап: бала сезімі еленбейді.
Нұсқау: «Сен көңілсіз отырған сияқтысың. Сен шешімді басқаша қабылдағың келеді. Ол жағдай басқаша болды».
Психолог тапсырмалардың қорытындысын шығарады және баламен күнделікті қарым-қатынаста «мен-айтылымын» пайдалануға ұсыну. Сезіміңіз толысты ма? Балаңызға осы сезіміңізді айтыңыз. Тәжірибе жасағаннан кейін сәттілік міндетті түрде келеді.
8 сабақ
Жақсы мінез-құлықты мадақтау. Әсер ететін мақтау қандай болады? Мадақтау түрлері.
Мақсаты: мақтау немесе мадақтау жүйесі арқылы жағымды мінез –құлықты қалыптастыру, мақтау кезінде баланың еңбегін асыра бағаламау; әсер етуші мақтау түрлерін табу.
1 бөлім –теориялық
Әдетте балалар жақсы мінез-құлқы үшін мақтау алатынын, ал нашар тәртібі үшін жазалауды үйренеді. Мақтау арқылы қалайтын мінез-құлық түрін қалыптастыруға болады. Мақтау қарапайым және күрделі болуы мүмкін. Мақтаудың қарапайым түрі:дүкеннен әкелінген затты үйге әкелуге көмектескені үшін «рахмет айту» немесе күлімсіреу.
Ал күрделі мақтау: сен табысқа жеттің – екі апта көбейту ережесін
жаттап,бүгін міне, 5 алуың үлкен еңбек.
Әсер етуші мақтау нақты болғаны дұрыс. Баланың өзін емес оның әрекетін,күш салуын бағалау. Мақтау ұзақ болмағаны жөн,егер балаңызды мақтағыңыз келсе ол міндетті түрде шынай болуы керек,әйтпесе бала жалғандықты сезіп қояды.
Әдетте ата-аналар мадақтау түрлерін өздері ойлап табады. Біз сіздерге әсер ететін кейбір әсер ететін мадақтау түрлерін ұсынамыз.
Билеттер (немесе ұпайлар) жинау қажет. Оларды түрлі ойыншықтарға т.б заттарға ауыстыруға болады.
Сиқырлы жолақтар,бала өз қалауын жазады (бірнәрсеге рұхсат ету, сатып алу т.б): бұл үйде қандай да бір жұмысты істегенде орындалады.
Орын беру, мысалы бала бір бойы ыдыс аяқты кешкі астан кейін жуып тұрса, кеш ұйқтауға, серуен уақытын көбейтуіне т.б болады.
2 бөлім –практикалық
«Мадақтау түрлері» жаттығуы.
Өзіңіз қолданатын және балаларыңызға ұнайтын мадақтау түрлерін атаңыз.
Талқылаудан кейін кейбір идеялар қабылданады. Мүмкін болатын жауаптар, зоопаркте қыдыру,футбол матчына бару, шокаладтар т.б.
2 жаттығу « Дұрыс па?»
Жағдаяттар сипаттамасын тыңдаңыздар. Баланы дұрыс мақтады ма? Егер дұрыс болмаса қалай айту қажеттігін құрастыру.
1.Футбол матчынан кейін: Абзал,сен мектептің ең мықты қақпашысысың!»
Жауап: Асыра айтыоған мақтау. Одан гөрі: «Бүгін сен тым керемет ойнадың. Маған сенің қақпаға қалай доп соққаның ұнады».
2.Айгүл сен үйді жақсы тазалапсың: еден таза, ойыншықтар орнында ,төсек жиюлы.
Жауап: орынды айтылған мақтау.
3.Айдос досымен шахмат ойнап отыр еді. Анасы келіп «жарайсың» деп айтты .
Жауап: Түсініксіз мақтау. Одан гөрі: «сен ыдыс жууды ұмытып кетпегенің үшін рахмет» деп айту .
Кездесу қорытындысын талқылау.
І Адам қалай өзіне сенімді бола алады?
1. Өзіне және өз өміріне сенімді адам, өзінің жеке құндылықтары мен мінез ерекшеліктеріне еркін басшылық жасай алады.
2. Әр адам - өзіне-өзі жоғары төреші, өзінің ойы мен сезімін, мінез-құлығын өздігінше бағалауға толық құқы бар.
3. Әр адам өз әрекеті үшін біреудің алдында ақталмауға және кешірім сұрамауға құқы бар, егер кінәсі болмаса.
4. Әр адам басқа біреудің мәселесі үшін жауап беруде өзінің шешуіне мүмкіндігі бар.
5. Әрбір адам өзінің шешімін өзгертуге толық құқы бар, өйткені ол өзімен-өзі болғысы келуі мүмкін.
6. Адам өзінің дүниетанымын, өз көзқарасын әр түрлі жағдайларға байланысты өзгертуге құқылы.
7. Әр адам қателесуге құқылы.
8. Әр адамның бір нәрсені білмеуге құқы бар.
9. Әр адам біреудің қомқорлығынан тәуелсіз болуға құқылы.
10. Әр адам өз еркімен қиынсыз шешімдер қабылдауы мүмкін.
11. Әр адам тұспалды түсінбеуге құқысы бар.
ІІ.Депрессиядан қалай арылуға болады?
1. Торықпаңыз. Есіңізде болсын, адамның ішкі жағдайы, көңіл-күй өзгермелі, депрессия ерте ме, кеш пе өтеді де, қуанышты, сергек көңіл-күй келеді. Депрессия міндетті түрде өтетініне әр уақытта сену керек.
2. Құтқарушы құралңыз сияқты ішімдікке немесе темекіге ұмтылғаннан пайда бар ма? Өмірде одан да басқа көптеген денсаулыққа зияны жоқ, депрессиядан шығаратын тәсілдер бар, олар – жақсы әуен, достармен әңгіме, спорт, серуен, көңіл көтеру және т.б.
3. Сіздің көңіл-күйіңіздің нашар болуының себебі неде екенін түсінуге тырысыңыз. Мүмкін, бұл белгілі адамдармен таласта, жеке басыңыздың шешілмеген мәселелеріне, шаршауыңызға немесе көп уақытта созылған стреске байланысты болар. Мұндай жағдайда сізге өте ауыр әсері бар негізгі себептерді болдырмағаны жөн болар еді. Оларды ең болмаса азайтуға не сол мәселелерге өзіңіздің қатынасыңызды төмендетуге (азайтуға, өзгертуге) міндетті түрде тырысу артық емес. («Ал, маған бұл керек те емес», «Не болса, сол болсын!», «бұл туралы мен ертең ойласам да болады!»).
4. Көбінесе депрессияға себепкер болатын – жыл мезгілі. Мысалы, көптеген адамдар үшін, көктем айы – психологиялық қатынастың ең қиын кезеңі. Бұл мезгілде шаршауға, өзңізге «көптеген істерді» жүктеуге болмайды. Өзіңіздің денсаулығыңызды күтудің үлкен мәні – витаминдерді қабылдау, таза ауа, бірқалыпты және уақтылы ұйқы болған жөн.
5. Өзіңізді ойландыратын мәселелерге қайталап соқпауға тырысаңыз. Өмірдің үйреншікті ырғағына түспеңіз, бірақ шаршамаңыз.
6. Көңіл-күйіңіздің қолайлы сәттерінде, сіздің өміріңізде болған қуанышты және жағымды кездерді, сол бір бақытты уақыттардың кішкене бөліктеріне дейін еске алу. Қолайлы жағдайларды қайтадан бастан өткізгендей сезіну пайдалы.
7. Өзіңіздің таныстарыңызбен достарыңыздың арасындағы әңгіме кезінде бейтарап тақырыпта сөйлескен жөн. Өз мәселелеріңіз туралы «ойламауға» тырысыңыз. Әйтпесе сіз өз жағдайыңызды ауырлатасыз.
8. Ең бастысы: депрессия кезінде маңызды шешімдерді қабылдамаңыз. Бұл мезетте көптеген мәселелер бұрмаланған қалыпта қабылданады. Адам қызбалықпен әрекет жасауы мүмкін. Ол туралы соңынан өкініп немесе өзінің қате жібергенін, кінәсі бар екенін сезінуі мүмкін.
6-тарау. Мұғалімдердің кәсіби бейімділігін жетілдіруге арналған жаттығулар
Әлеуметтік психологиялық тренинг мақсаттары ұсынылған тапсырмалар мен жаттығулар жүйесінде нақтыланады және практикалық психологияның бір бөлігі болғандықтан топтық психологиялық жұмыста белсенді әдістерді пайдалануға бағытталады. Негізгі әдістер – толық талқылау және рольдік ойындар. Топтағы қатысатын адамдардың саны 7-15. Жалпы циклдағы сабақтың ұзақтық саны бірнеше күннен бір айға дейін созылады. Қатысушылар күнделікті және аптасына 2-3 рет кездеседі, ұзақтығы 1-3 сағат /1/.
Психологтар мен педагогтар кез келген іс-әрекет жеке адамға қажет болған жағдайда ғана орындалатып, оның нәтижелі болатына көз жеткізе алады.
Психолотың қолайлы қарым-қатынасты орнату үшін жүргізілетін тренингтің жалпы мақсаты төмендегі міндеттерді шешеді:
білімдерді толық меңгеру;
қарым қатынас өрісінде ептілік пен дағдыны қалыптастыру;
табысты қарым-қатынас орнатуды дамыту;
өзін өзі және басқа адамдарды танудың толық және тепе-теңдік мүмкіндіктерін дамыту.
Топқа жаңа енген адамның ортаға бейімделуі, құрбылар арасында үйлесімді қарым-қатынас орнатуы, өзін дұрыс таныстыра білуі және тб. жағдайлары кейде оқытушылар тарапынан ұйымдастырылған әрекеттерге да байланысты әсер етеді. Сондықтан ең алғашқы сабақта «Танысу» тренингін жүргізуге болады. Бұл тренингтерде қолданылатын ең бастапқы жаттығу болғандықтан қатысушыларды жұмысқа жауаптылықпен қарым-қатынас жасауға жұмылдыру қажет. Кейде жай ғана танысу мен кездесу адамды түсінуге үлкен маңыз береді. Адам туралы ақпаратты тек сыртқы келбетінен ғана емес, сөзі арқылы да есте сақтауға болады..
Тренинг «Іскерлік қарым-қатынас».
Мақсаты: Эмоционалды жағымды қатынас жасауға, кәсіби әрекетті орындауға ерекшелігінен танысу арқылы мүмкінділігін дұрыс пайдалана білуге, дағдылар арқылы қаылптасытру.
Қажетті құралдар: магнмиафон, қағаз, фломастер.
Қожайын»
Әрбір жеке тұлға - өз ісінің қожайыны. Кәсіпкер, басшы, директор және т.б. қызметтерде қожайын болудың бір саласы. Адамда өзіне қожайын сезімін ояту үшін, тренингке қатысушыларға жаттығу жасату қажет. Жүргізуші топ мүшелерінің ішінен бір қатысушыға қожайын ролін ойнау ұсынады. Барлығы оны қожайын ретінде санауы керек. Ол барлығына бұйрық береді. Дауыс ырғағы көтеріңкі, жуан аудитория еститіндей болуы міндетті. Ол қатысушыларға кез-келген әрекетті бұйрық беру арқылы орындата алады.
Жүргізушіге ұсыныс: Барлық қатысушылар осы рольде ойнауларына болады. Соңында топ оның рольді қалай ойнағандығын бағалайды (0-9). Егер қатысушы 0 балл алатын болса онда жаттығу қайталанылады. Қожайын қызметіне түсу үшін қатысушыға өзіндік ішкі дайындық, ойын тиянақтауға уақыт беріледі. Содан кейін ғана дайын қатысушы ортаға өз еркімен шығады
“Түсаукесер”(“Презентация”)
Топтағы қатысушылар шеңбер құрып, психологтан (жетекші) бастап, топқа өз бейнесін таныстырады. Психолог: “Ыммен, қол қимылы арқылы, әрі позамен, бір-екі ауыз сөзбен өзіңізді топқа, Сіз қандай адам тұрғысынан сезінетіндігіңізді, топтың Сізді қалай қабылдауын қалайтындығын көз алдыңызға елестетіп, сол туралы айтып беруге ұмтылыңыз”, - дейді. Психологтың сөзінен кейін оның өзі топтың алдында айта бастайды. Содан кейін әр қатысушы шеңбер бойымен өзін таныстырады.
Тұсаукесер аяқталғаннан кейін, өзі айтқаны жайлы, қалай жүргені туралы талқылау жүргізіледі.
Психолог төмендегідей сұрақтарды қояды:
Сізге кімнің өзін таныстыруы өте айқын, есте қаларлықтай әсерін тигізді?;
Сіз үшін қай танысу өте ерекше, әрі күтпеген танысу болды?;
Қай топ мүшесінің өзін таныстыруы Сізге бірден жақын адам екенін сездірді (мінезі, көңіл-күйі бойынша)?;
Кімнің айтқан ойы Сізге түсініксіз немесе Сізді таң қалдырды? Мүмкін, Сіздің сол адамға қандай да бір сұрақты қойғыңыз келетін шығар?.
Жетекшіге кеңес: Қатысушыға қойылатын сұрақтар алдын ала даярлануы тиіс.
“Көзқиық”.
Қатысушыларға адам саны бірдей ішкі және сыртқы шеңбер құру ұсынылады. Іштегі шеңбердегілер сырттағыларға қарап тұрады. Олар бір минуттың аралығында бір-біріне көздерін тасаламай, күлмей, бет-аузын қисайтпай, тыжыраймай қарау керек (эмоциясын ұстап).
Содан кейін сыртқы шеңбердегілердің барлық қатысушылары сағат тілі бойынша қозғалып, келесі серіктеске барады. Сөйтіп, осы көрініс қайталанады. Осымен жаттығу аяқталып, әр қайысысы өз қайсысы өз орнына отырады.
Ескерту. Жаттығу, қанша дегенмен көптеген тұлғалық тосқауылды жеңуді талап етеді. Топтың барлық мүшелері өзін шаршаған және тітіркенген адам сияқты сезінуі мүмкін. Мұндай жағдайда төмендегі жаттығулардың біреуін қолдануға болады:
а) бәрі бірге дем тарту мен оны шығару;
б) шеңбер құрып, барлығы бірге тебінуі, бір мезетте қолды жұдырықпен сілку;
в) барлығы бірге “А-а-а” немесе “Ия” деп айқайлау.
Талқылау.
Қатысушыларға төмендегілерді еске түсіруді ұсынады:
а) жаттығудың басында және аяғындағы өзінің күйі қандай болғаны жайлы;
ә) не айтқаны, не жасағысы келгені туралы;
б) адам бір-біріне қараған кезеңде қандай ойлар пайда болғаны жайлы;
в) серіктес не туралы ойлағаны жайлы айту керек.
Талқылау кезінде талап пен ақыл айтуға мүмкіндік бермеу қажет.
Шеңбер бойында рефлексия жүргізіледі.
“Сиқырлы орындық”.
Мақсаты: Қиын тапсырманы орындағаннан кейін топтағы қысымды шығару; ортада жаттығудорындауда назар аудартқан қатысушылардың жетекшілік жүргізу.
Ортада жаттығуды орындауда аса назар аудартқан қатысушыны сиқырлы орындыққа отырғызу керек. Орындықтың сиқырлығы мынада: орындыққа отырған адамның еш кемшілігі жоқ. Тек мінезінде жағымды қасиеттері бар.
Психологиялық түсіндірме: Барлық топ мүшелеріне өздерінің білетін, осы адам туралы ойлайтын пікірлерін – барлық мейрімділігін айту ұсынылады. Егер жаттығу баяу, нашар жүрген жағдайда, жүргізушінің өзі белсенділік көрсету керек.
Содан кейін, бәріне ризашылығын білдіріп, орындықтағы адам басқалар ойларын айтқан кезеңде өзі не сезгені жайлы айтып беруді сұрау тапсырылады. Егер өз еркімен отырғысы келетіндер бар болса, жаттығуды жалғастыруға болады. Соңынанда ол адамға да қалай әсер еткені жайлы сұрау қажет.
Талқылау: Әр адамнан бұл жаттығу не үшін жүргізілгені сұралады.
«Танысу»
Жұмыстың барысында әр топ мүшелері өздерінің тренингтік есімдері жазылған визиткаларын іліп алады. Мұнда ол өзінің немесе ойын түрінде аталатын, достарының, кейіпкерлердің немесе өзіне жақын ұнайтын кез келген есімді қоя алады және еркін таңдау ұсынылады. Ол анық және үлкен әріптермен жазылып, барлығына көрінетіндей көкірекке қыстырылады. Жұмыс барысында бір бірін осы есіммен атайды. Барлығына 5 минут уақыт жұмсалады. Негізгі міндет - өзінің жеке тұлғалығын белгілеу.
Жүргізушіге кеңес: Қажетті құралдарды түгелдеу (қыстырғыш, қалам,қағаз). Сабақтың басында әр топ мүшесі өзінің жеке тұлғалығын сезіне білуге жұмылдыру, ол өз есімін таңдаудан басталады. Қатысушылар бір-біріне толық зейін қойып, жеке қасиеттерін есте сақтауға бағыттау. Олар - біріне қайта естеріне түсіру үшін сол жақ қатысушының қасиетін айту қажет. Егер қасындағы сол жақ адамын есіне түсіре алмаса басқа қатысушылар көмек береді.
Танысуды былай ұйымдастыруға болады: - «сәлематсызба, менің есімім...., менің ойымша, сіз ....» міне осындай сөздер арқылы танысу басталады. Әр қатысушы қасындағы әріптесінің ерекшеліктерін, сүйікті сабақтарын, айналысатын әрекеттерін және т.б. ашады. Бұл өте қызықты! Бірақ бір біріңізді өкпелетіп алмаңыздар, қайта алынған жаңа ақпараттарды мүмкіндігінше қысқаша жазып отыру қажет.
Тренинг тақырыбы : Жеке тұлға және кәсіби маман.
Мақсаты : Өзінің кәсібіне деген қатынасы : психикалық энергияның қисаюы, мәселелерді бөле алу, ішкі күштерді анықтау және өсу бағытын түсінуі.Жұмыста жағымсыз эмоцияның, қысымның күшеюіне қарай психологиялық қолдауды алуы.
Кіріспе
Сәлемдесу: Сіздер Нобелевский сыйлықтың иегері болып жатырсыздар . Сіз туралы қандай тақырыпта мақала жазылсын. Мысалы : Фатиманың «шаңырақтың шаттығы» атты авторлық бағдарламасын әлем таныды. «Шексіз мүмкіндікке сенгені ұшін...», «Өз өмірін өзі реттей, әрі басқара алғаны үшін ...» Топ бойынша қатысушыларды бір сәт болашаққа саяхат жасату арқылы таныстырту.
Мәселенің өзектілігі
Психологиялық тұрғыда жеке тұлғаның барлық уақытта кәсіби дамуға, біліктілігін жетілдіруге дайын болуы, жаңа білім мен іскерлікті толықтыру әрекеті, өзіндік ынтасы мен талпынысынан көрінеді. Кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру жеке тұлғаның түрлі қасиеттеріне тәуелді , оның қайнар көзі оқу және жеке субьект тәжірибесі болып табылады.
Білім беру мазмұнын кәсіби әрекетке негіздеуде индивидтің жеке қасиеттеріне қарай, біртіндеп бейімдеуден тұрады. Кез-келген әрекетті жеке тұлғаға бағыттауда рухани құндылығына , өмірлік және кәсіби жоспарына , сондай-ақ жеке қасиетіне негізделе, дара және жас ерекшелігін ескеруден тұрады. Кәсіби маман әрекетін жетілдіруде ұжымдағы психологиялық ахуал деңгейі де көп орынға қойылады. Ол екі жағдайда «басшы мен орындаушы» тігінен жүйе бойынша, ал көлденеңінен «әріптес-әріптес» деңгейінде қарастырылады. Кәсіби құзыреттілікте ескеретін жағдай маманның әлеуметтік ролін дұрыс түсінуі: үй жұмысы, кәсіби және жеке өмірі. Осы шекаралар сақталмаған жағдайда және уақытты бағаламағанда маманды эмоционалды қажуға әкеледі
« Менің кәсіби жұмысым, отбасы шаруам және жеке өзіме көңіл бөлуім» жаттығуы.5-мин.
Қатысушыларға парақ таратылған, оның ортасында дөңгелек салынған. Сол дөңгелектің ішін үшке бөлу қандай ара-қашықтықты өзі болжау. Нақтылап қандай әрекеттер қаралатынын ұпайға шағу арқылы көрсету және қанша уақыт бөлінеді өзі талдау.
Ортада баяндау: жұмыс жасау барысында не сезінді, қандай жаңа ойлар қабылдай алды, бөлісу.
« Менің шынайы өмірім және қажет ететін ниетім» жаттығуы.5-мин.
Парақты екіге бөлу бірінде «Менің шынайы өмірім» деген қатарға Психодиагностика жазықтығы
Мінез-құлықтық мазмұны:
1..Жұмысқа шығуға қарсыласу.
2.жиі кешігу,
3.іскерлігімді ертеңге қалдыру.
4.әріптестерімді көргім келмеу,шететілу,
5.балаларымды көргім келмеу,
6. құжаттарды толтыруды ұнатпау.
7. Жұмыста жүр деген формалды ат жеткілікті 1 2 3 4 5
Аффектілі мазмұн:
1. Әзілдесуді ұмыту.
2. барлық уақытта сәтсіздікті сезініп тұру және өзін кінәлау.
3. Жоғары қысымда болу.
4. Өзгелерден түртпектеуді сезіну.
5.Бәрібір қатынас. 6.Әлсіздік ,эмоционалды қажу.
7.Тұнжыраған көңіл-күй. Когнитивті мазмұн :1. Кәсіпті өзгертуді ойлау, жұмысты тастау.
2. Әлсіз тұраұтылыұта зейін шоғырланбаған.
3.Ойлауда ригидтілік стереотивтерді пайдалану.
4.Жұмыстың тиімділігіне күманд Жоғары болса 5-ұпай, орта болса 3-4 үпай, төмен болса -1-2 ұпай қойыңыз. Қай мазмұнда ұпай көп болса, сол саланы реттеуді қолға алу қажеттігі туындайды.
«Мен-үйдемін, мен жұмыстамын» жаттығуы
Нұсқау: парақты екіге бөлу:
Мен-үйдемін Мен- жұмыстамын
Мен үйде ешқашан.... Мен жұмыста ешқашан....
Ұқсас мінез-құлық.
Қарама –қарсы мінез-құлық.
Жалпы сипаттың болмауы.
Қай жолды толтыру оңайға түсті.
Осы сипатқа сіздің қатынасыңыз.
Ал отбасы мен жеке өміріне (саяхат, демалу және көңілді қыдыру ) психологиялық сезіну сөз болмаса өз қалауыңызша сурет деңгейінде, өлең жолдары т.б бағалау.
Мини пікірталас: ортада санау 1.2.3.4.5. сол бойынша топқа бөлініп отыру. «Біз не үшін жұмыс істейміз»,« Кәсіби жұмысымыздан рахаттануға -бізге не кедергі келтіреді» жаттығуына әр топ өз ұсыныстарын беру.5-мин. Ортаға ортақ пікірді әкелу.
Мен .... « проректор, декан, кафедра меңгерушісі, оқытушы, психолог )
Өмірімнің алғашқы жылы « жаңа маман» болуда не әсер есте қалды.
Қазіргі жағдай.
Бес жылдан кейін . салған суретін ажырата білуі.
Эмоционалды реттелу
-табиғи түрде .
- өзіндік реттелу.
Карикатура жаттығуы: « Мен .қандай .маманмын»,
Өзін әзіл- оспақ деңгейінде салу, онда өзін дамытуға, кәсібіне байланысты қалыптастырған қасиеттерін (эмпатия- сезіміне өзгенің ене білу, қарым-қатынас, бағаламай тек тыңдай білу,мейірімділік, икемділік, құзыреттілік шығармашылық) .
Ассоциация жаттығуы : «Менің жұмысым» жаттығуы.
Нұсқау: Бір парақты бес сызыққа бөлеміз. Бірінші сызыққа 16-ассоциациялық сөз «Менің жұмысым» тақырыбына. Екінші сызыққа сол сөздерд топтастыра отырып, 8- ассоциациялық сөз қалдыру.Үшінші қатарға тағы сөздерді біріктіре отырып 4- ассоциациялық сөзге әкелу. Екінші қатарға 2-сөзге ,соңғы қатарға бір сөзге әкелу болып табылады.
Психологиялық қолдау көрсету және кері байланыс :
Бір парақты төртке бөледі, үш бөлігіне оң жағындағы үш адамға жағымды мағынада, сол адамда қай жағы жақсы дамыған,ал қай жағына көңіл бөлу қажет жазып беру, ал төртінші бөлікке өзіңіздің бүгінгі кездесуден алған әсеріңіз туралы жазып қалдырыңыз.. Бір-бірімен қоштастыру.
Жас мамандармен жүргізілетін психокоррекциялық жаттығулар
«Адаптациялық ойындар».
Әр мұғалім өзінің жұмысында, мектепке кәсіби бейімділігімен байланысын еске түсіруге болады. Педагогикалық жоғары оқу орынынан келген жас мұғалімдер, мектепке орташа, 6 айдан 3 жылға дейін үйренеді. Оларға үнемі шуылдың, үзілісте пайда болған он шақты баланың және жас балалардың дауысына, интенсивті, коммуникативті әрекеттестіке үйрену алғашында қиын болады. Барлығынан ең қиыны, сабақта 45 минут шамасында сыныпты тәртіпті ұстау, өзінің іскерлігін көрсету.
Бізге жас мұғалімдердің әр түрлі ыңғайсыз жағдайларға тап болатынын бақылауға тура келеді. Мыс: бір жағдайда, мұғалім сыныпта сенделуге мәжбүр болады. Оның тұрған жерінде, балалар тыныштанады, бірақ қарама-қарсы сыныптың шетінде қатты сөйлесе бастайды. Ол әңгіме белсенді жүріп жатқан аймақ жағына қарай келсе ол жерде, тез арада бәрі үндемей қалды, бірақ жаңа ғана мұғалім болған жерде, бірден оқушылардың әңгімелері қатты қызды. Мұғалімнің сабақтың соңында қалай шаршағанын сезінуді ұзақ бейнелеу қажет емес.
Келесі мысал. Мектеп психологына жас мұғалім мынандай шағыммен келді, оқушылар оның сабағында өздерін нашар ұстайды: бір бірімен әңгімелеседі, әрі бері қозғалады, рұқсатсыз тұрып сыныптан шығып кетеді. Мұғалім өзінің сыныпта тәртіпті орната білмеу шеберлігіне қатты қапаланды, мамандығын өзгертуге де ойланады. Сол уақытта жас мұғалімнің мектепте кәсіби бейімделу процесін жандандыруға және жеңілдетуге қалай болады? Ең алдымен өзін-өзі жақсы басқара алатын адам ғана, ең жақсы жетекші бола алады, соны есте сақтаған жөн. Ерік- жігері және өзін-өзі бақылауы жақсы дамыған маман ғана табысқа жете алады. Осы қасиеттерді дамыту арқылы, жас мұғалім жаңа ортаға тез бейімделіп,осы кезеңнен нәтижелі өте алады. Осы жерде өзін-өзі реттеуші, ішкі тәсілін дамуына бірнеше жаттығуларды ұсынайық.
1 жаттығу. «Сиқырлану».
Бұл жаттығу сабақтың басталуына 10-15 минут уақыт бұрын орындалады. Креслода немесе орындыққа ыңғайланып отырыңыз. Өз - өзіңізге нұсқау беріңіз, өзіңіздің көңіліңізді дененің сол жерде және басқа да бөлігіне өзіңіздің назарыңызды шоғырландырыңыз және соның жылылығын сезініңіз. Мыс.: нұсқау бойынша – «Дене» - өзіңіздің денеңізге шоғырландырыңыз. «Қол» нұсқауы бойынша – оң қолыңызда, «білезік (қолдық)» - оң қолдық біреуі, «саусақ» - оң қолдың сұқ саусағында және «саусақтың ұшы» нұсқауы бойынша – оң қолдық сұқ саусағының ұшында. Осының салдарынан өзіңізге жағымды қалыпты табыңыз.
2 жаттығу. «Демалу».
Бұл жаттығуды сабақ басталар алдында орындаған дұрыс. Креслода немесе орындыққа отырыңыз. Босаңсыңыз, көзіңізді жұмыңыз. Өзіңізге нұсқау беріп, назарыңызда ішкі жағдайдан бөліп тастаңыз және өзіңізді демалдыруға шоғырландырыңыз. Осының салдарынан оларды арнайы басқару қажет емес, оның табиғи (жаратылыс) ырғағын бұзуға болмайды. Жаттығу 5-10 минут ішінде орындалады.
3 жаттығу. «Психоэнергетикалық қолшатыр».
Жаттығу сабақ басталғанан кейін орындалады, қажет болса – барлық сабақтың ағымының мезгілі. Мұғалім сыныптың алдында тұрады, сынып бөлмесінің ортасында тұрған дұрыс, сабақты түсіндіру процесінде ұсынсаңыз тиімді болады, соның нәтижесінде сыныпта өзіне тән , барлық оқушыларды тығыз жабушы «қолшатыр» құралады.
Мұғалімнің мақсаты: сенімді, қатты және тұрақты осы «қолшатырлық» тұтқасын, сабақтың созылуына дейін ұстап тұру. Жаттығу сыныптағы жағдайды, бақылауды қажеттілігін қалыптастырады.
4 жаттығу. «Зейінің бөлінуі».
Өзінің зейінін сыныпта оқу ситуациясына тиімді орналастыру. Оның негізгі элементі:оқушылар болып табылады. (Әр оқушы өзінің мінезімен және үлгеру деңгейімен), оқу материалын беру және мұғалімдердің өзінің жеке жағдайын жөнге салу. Сіздерге тиімді жаттығуларды ұсынамыз, зейініңіз бөлінуіне, қабілетті дамытатын жаттығу.
Жаттығу үй жағдайында 15-20 минут аралығында орындалады. Теледидарды қосып және сізге таныс емес кітапты ашыңыз. (Ең алдымен көркемдігі немесе публистикалықты анықтаңыз). Бір мерзімде кітапты оқуға және көздің қырымен теледидарды көріп және тыңдап көріңіз. Өз-өзіңізді байқап көріңіз: қанша минуттан кейін сіз шаршағаныңызды сезінесіз? Егерде шаршау 4-5 минут кейін басталса, онда сіздің, зейінің бөлінуіне қабілетіңіз әлсіз дамыған. Содан соң, өзіңізге, қағазға қысқаша, оқығаныңызды, еске түсіріңіз және теледидардағы көргеніңізді, қалыпқа келтіруге жасап көріңіз. Ылғи сіз жаттығуды, қолданып жүрсеңіз, әр кезде сіз зейініңізді тиімді бөле, аласыз.
5 жаттығу. «Зейінді аудару».
Мұғалімге бір іс әрекет түрінен басқасына жеңіп және тез ауыстыруды білу қажет. Ең маңызды ықпалды жаттығудың әдістері, ішкі құбылмалы қабілеттілігінің дамуы және зейінің тез асуына, доппен спорттық ойындар болып табылады. (теннис, волейбол, баскетбол) Соның салдарынан әрқашанда, спорттық алаңында – ойнауға мүмкіндігіңіз пайда болса, онымен міндетті түрде пайдалануыңыз. Сонымен қатар мүмкіндігінше, спорттық ойында, қарағанда, аз шаттық келтіретін арнайы жаттығуларды ұсынуға болады. Бұл жаттығуды үйде орындаған дұрыс немесе сабақтың арасындағы үзілісте 15-20 минут арасында орындайды. Есептеп айта алсаңыз, арифметикалық әрекет сандарымен, қосып есептеңіз басталғанынан 3-4 минуттан кейін, орын ауыстырасыз, бірден күрделі газет мәтінін 5-7 минут аралығында оқып шығыңыз. Тоқтап қалмаңыз. Сіз санау кезіңізде қанша қажет жібергеніңізді көріңіз, және оқылған мәтінді толық және жеке бөліктерін еске түсіріп көріңіз.
6 жаттығу. «Эмоция».
Жаттығу сабақтың алдында 10-15 минутта оқу бөлмесінде, сыныпта орындалады. Алдын ала жолақтар жиынтығын дайындап қойыңыз. Осы жолаққа эмоцияны және адамның дене бөлігін белгілеңіз, соның көмегімен тиісті осы эмоцияны білдіріңіз. Мысалы, «Қолдың қайғысы» кжолағы – бұл эмоция қайғысын қолдық көмегі арқылы білдіруді көрсету.
Жолақта келесі эмоциялар белгіленуі мүмкін: «Беттің уайымы», «Еріннің қуанышы», «Тәкаппарлық», «Оң қол», «Абырой», «Бел», «Қорқыныш», «Аяқ» т.б.
Джекобсон әдісі. (ересектерге арналған)
Мақсаты: өзіндік регуляция және релаксация.
Кеуде клеткасы.
Еркін тыныс алуымызды сезіну үшін босаңсуды кеуде клеткасынан бастаймыз. Мен белгі бергенде, өте терең тыныс алыңыздар. Сізді қоршап тұрған барлық ауаны жұтуға тырысыңыз. Қазір біз осыны орындаймыз. Дайынсыздар ма?
Бастаймыз! өте терең тыныс алыңыздар! Ең терең тыныс! Тереңірек! Ауаны деміңізде ұстап тұрыңыз… Енді барлық ауаны өкпеңізден шығарыңыз және ауаны шығарған кезде босаңсыңыз… қысымды жойыңыз, қалыпты демалуға оралыңыз. Тыныс алған кезде кеуде клеткасындағы қысымды сезіндіңіз бе? Тыныс шығарған соң босаңсу сезіндіңіз бе? Осы сезімді есте сақтайық, бағалайық, себебі жаттығуды қайталаймыз. Дайынсыздар ма?
Бастаймыз! Терең тыныс алаңыз! өте терең! Бұрынғысынан тереңірек. Деміңізді ұстаңыз… және деміңізді шығарғанда босаңсыңыз… Қалыпты күйге оралыңыз.
Енді қысымды сезіндіңіз ба? Босаңсуды сезіндіңіз бе? Сезімдеріңіздің айырмашылықтарына шоғырлануға тырысыңыз.
(жаттығулар арасында 5-10 сек үзіліс)
Аяқтың төменгі бөлігі.
Енді аяқтың төменгі бөлігіне көңіл бөлейік. Бастамас бұрын аяғыңызды еденге қойыңыздар. Енді мен сіздерден саусақтарыңызды еденге қойып екі өкшеңізді мүмкіндігінше жоғары көтеруіңізді сураймын. Дайынсыздар ма?
Бастаймыз! Өкшелеріңізді көтеріңіздер! Екі өкшеңізді өте жоғары көтеріңіздер! Тағы жоғары! Осы күйде біраз тұрыңыз… және деміңізді шығарғанда босаңсыңыз… Аяғыңыз еденге жеңіл түсу керек.Осы жаттығуды қайталайық. Дайынсыздар ма?
Бастаймыз! Өкшеңізді жоғары көтеріңіз! Өте жоғары! Ал енді одан да жоғары! Осы күйде біраз тұрыңыз! Босаңсыңыз.
Босаңсыған кезде сіз аяғыңызда шаншу ауырлық сезінесіз, бұл босаңсыған күй үшін қалыпты болып табылады. Келесі жаттығу. Екі өкшеңізді еденге қойып, саусақтарыңызды жоғары көтеріңіз. Орындап көрейік. Дайынсыздар ма?
Бастаймыз! Аяқтарыңыздың саусақтарын көтеріңіз! Жоғары! Одан да жоғары! Осы күйде біраз тұрыңыз және дем шығарғанда босаңсыыңыз… Енді осы жаттығуды қайталап көрейік. Дайынсыздар ма?
Бастаймыз! Аяқтарыңыздың саусақтарын жоғары көтеріңіздер! Жоғары! Одан да жоғары! Осы күйде біраз тұрыңыз! Босаңсыңыз… Сіздің аяғыыңыз шаншуы мүмкін. Осы шаншуды және ауырлықты сезінуге тырысыңыз. Сіздің бұлшықеттеріңіз қазір босаңсыған күйде.
(Үзіліс 20 сек)
Бөксе және іш.
Енді бөксе бұлшықеттеріне көңіл бөлейік. Бұл өте қарапайым жаттығу. Менің сұранысым бойынша екі аяғыңызды алдыға созыңыздар. Егер бұлай ыңғайсыз болса бір аяқты кезекпен созуға болады. Бірақ қатты қысымда болмау керек. Бастайық. Дайынсыздар ма?
Бастаймыз! Екі аяғыңызды алдыңызға созыңыз! Тік! Одан да тік созыңыз! Тағы да! Біраз тұрыңыз осы күйде. Босаңсыңыз… Аяқтарыңызды еденге жеңіл түсіріңіз.
Сіздер бөкседегі қысымды сезінулеріңіз керек. Осы жаттығуды қайталайық. Дайынсыздар ма?
Бастаймыз! Екі аяғыңызды алдыңызға тігінен созыңыз! Тік! Тағы! Одан ары! Біраз тұрыңыз осы күйде! Босаңсыңыз…
Қарама-қарсы бұлшықеттер тобын босаңсыту үшін, сіз жағажайда өкшеңізді құмға тығып жатқанын елестетіңіз. Дайынсыздар ма?
Бастаймыз! өкшеңізді еденге тығыыңыз! Қатты! Одан да қатты! Тағы! Босаңсыңыз…
Енді сіз аяғыңызда босаңсу сезінуіңіз керек. бұлшықетіңізге тағы да босаңсуға мүмкіндік беріңіз! Тағы! Осы сезімге шоғырланыңыз.
(Үзіліс 20 сек)
Қолдың ұшы.
Енді қолға ауысайық. Алдымен мен сіздерден екі қолыңызды жұдырыққа түюіңізді сұраймын. Екі жұдырығыңызды мүмкіндігінше қысыңыз! Дайынсыздар ма?
Бастаймыз! Жұдырығыңызды өте қатты түйіңіз! Қатты! Одан да қатты! Тағы да! Осы күйде біраз тұрыңыз! Босаңсыңыз…
Бұл жаттығу күні бойы қолдары жазудан шаршағандарға арналған. Енді қайталайық. Дайынсыздар ма?
Бастаймыз! Жұдырығыңызды өте қатты түйіңіз! Қатты! өте қатты! Тағы! Осы күйде біраз тұрыңыз! Босаңсыңыз… қарама-қарсы бұлшықеттер тобын босаңсыту үшін саусақты мүмкіндігінше қатты жаю керек. дайынсыздар ма?
Бастаймыз! Саусақтарыңызды көлденеңінен созыңыз! Тағы да! Осы күйде біраз тұрыңыз! Босаңсыңыз… тағы бір рет қайталаймыз. Дайынсыздар ма?
Бастаймыз! Саусақтарыңызды жайыңыз! Тағы да кеңірек жайыңыз! Босаңсыңыз… қолыңыздағы және иығыңыздағы шаншуға және жылуға көңіл бөліңіз.
(Үзіліс 20 сек)
Иық.
Енді иықпен жұмыс істеп көрейік. Біз иығымызда қысым және стресстің ауыр жүгін көтеріп жүреміз. Бұл жаттығуда иықты тігінен құлағымызға қарай көтереміз. Сонымен қатар ойша иығыңызбен құлағыңызға жетуге тырысыңыз. Дайынсыздар ма?
Бастаймыз! Иығыңызды көтеріңіздер! Жоғары көтеріңіздер! Жоғары! Тағы жоғары! Осы күйде біраз тұрыңыз! Босаңсыңыз… тағы бір рет қайталаймыз. Дайынсыздар ма?
Бастаймыз! Иықтарыңызды мүмкіндігінше жоғары көтеріңіздер! Жоғары! Тағы жоғары! Босаңсыңыз…
Өте жақсы. Көңіліңізді иығыңыздағы ауырлық сезіміне бөліңіз. Иығыңызды түсіріңіз, оған толық босаңсуға мүмкіндік беріңіз…. Олар мүмкіндігінше ауырлай берсін…
(Үзіліс 20 сек)

Бет.
Бетке ауысайық. Аузымыздан бастаймыз. Біріншіден – мүмкіндігінше жымиыңыз. Бұл “құлағыңызға дейінгі жымию” болсын. Дайынсыздар ма?
Бастаймыз! Жымиыңыз! Тағы да! Осы күйде біраз тұрыңыз! Босаңсыңыз…
Енді осы жаттығуды қайталаймыз. Дайынсыздар ма? Бастаймыз! Жымиыңыздар! қатты жымию керек! біраз тұрыңыз! Босаңсыңыз…
Қарама-қарсы бұлшықеттер тобын босаңсыту үшін ерніңізді біреуді сүйетіндей жиырыңыз. Дайынсыздар ма?
Бастаймыз! Ерніңізді жиырыңыз! өте қатты жиырыңыз! Тағы! Қатты! Босаңсытыңыз… Осы жаттығуды қайталаймыз. Дайынсыздар ма? Бастаймыз! Ерніңізді жиырыңыз! Қатты! Алдыға қарай созыңыз! Осы күйде біраз тұрыңыз! Босаңсытыңыз…
Аузыңыздың айналасындағы бұлшықеттерді босаңсытыңыз…
Енді көзге көшейік. Көзіңізді өте қатты жұму керек. сіздің көзіңізге сусабын түсіп кеткенін елестетіңіз. Дайынсыздар ма?
Бастаймыз! Көзіңізді жұмыңыз! өте қатты! Қаттырақ! Осы күйде біраз тұрыңыз! Босаңсыңыз… осы жаттығуды қайталаймыз. Дайынсыздар ма?
Бастаймыз! Көзіңізді қатты жұмыңыз! Қатты! Қабағыңызды қысыңыз. Тағы! Қатты! Босаңсытыңыз…
Соңғы жаттығуда қасымызды максималды жоғары көтереміз. Бұл кезде көзіміз жұмулы болу керек. дайынсыздар ма?
Бастаймыз! Қасыңызды жоғары көтеріңіз! Мүмкіндігінше жоғары! Одан да жоғары! Осы күйде біраз тұрыңыз! Босаңсытыңыз…
Осы жаттығуды қайталаймыз. Дайынсыздар ма?
Бастаймыз! Қасыңызды көтеріңіз! Жоғары! Одан да жоғары. Біраз тұрыңыз! Босаңсытыңыз… бетіңіздің толық босаңсығанын сезіну үшін бірнеше сәтке үзіліс жасаңыз.
(Үзіліс 1 5 сек)
Қорытынды кезең.
Қазір сіздер көптеген негізгі дене бұлшықетттерін босаңсыттыңыздар. Олардың барлығы шындығында босаңсығанына көзімізді жеткізу үшін мен сіздердің сол босаңсытқан бұлшықеттерді керісінше санай бастаймын, мен оларды атап айтқан сайын тағы да босаңсытуға тырысыңыз. Сіз одан да күшті босаңсығаныңызды және жылы толқынның сіздің денеңізге енгенін сезінесіз.
Маңдайыңыздан бастап сіз одан да күшті босаңсу сезінесіз, кейін ол көзіңізге және одан ары бетіңізге ауысады. Сіз бетіңіздің төменгі бөлігіне түскен босаңсу ауырлығын сезінесіз, кейін ол иыққа, кеудеңізге, қолыңызға, ішіңізге түседі. Бөксеңізден бастап аяғыңыз өкшеңізге дейін одан ары босаңсиды.
Сіздің денеңіздің ауыр және босаңсығанын сезінесіз. Бұл жағымды сезім. Бұл сезімде біраз тұрыңыз және босаңсу тыныштық және демалу сезіміне рахаттаныңыз.
(Үзіліс 20 мин)
Ояну.
Енді сіз өзіңізді және қоршаған әлемді қайта сезінетін кез келді. Мен 1 ден 10 дейін санаймын. Әр сан сайын сіздің санаңыз ашық, ал денеңіз – күшті және сергек бола бастайды. Мен 10 дейін санап болған соң көзіңізді ашыңыз. Көзіңізді ашқан соң, сіз өзіңізді керемет сезінесіз. Сергектікті, күшіңіздің тасығанын және әрекет ету тілегі оянады.
Бастайық.
сіз ояна бастадыңыз…
сіз ақырын оянудасыз…
сергектік сезімі пайда бола бастады…
керілгіңіз келді…
сергектік сезімі…
қолыңызды созыңыз…
аяғыңызды созыңыз…
керіліңіз…
көзіңізді ашқыңыз келді… қабағыңыз жеп-жеңіл… денеңіз сергек…
көзіңізді ашыңыз! Сіз ояндыңыз! Сіздің санаңыз ашық, денеңіз сергек! Сіз әрекет етуге дайынсыз!

Прастикалық тренинг:
Қысым-және босаңсу
Қатысушылар тік тұрып өздерінің оң қолдарына барынша қысым туғызады. Бірнеше секунд өткеннен кейін қолын босатады.Келесі қолына да осындай жаттығу жүргізеді
Жалын –мұз
Қатысушылар тік тұрып “ Жалын “ дегенде жылдам барлық дене бұлшық етімен қимыл-қозғалысқа түседі. Әрбір қатысушы оны өз ырқына қарай алады. Ал “мұз” дегенде сол тоқтаған кейпінде қалшиып қалады. Жүргізуші бірнеше рет бқл үрдісті қайталайды.
Шеңберде қысу
Қатысушылар шеңбер бойы жүреді . Жетекшінің айтуымен алдымен оң қолын қысымда ұстайды , содан оң аяғын, белін, барлық дене мүшелеріне дейін қысымға келтіреді. Бұл бірнеше секунтқа созылады, босаңсытыңдар деген де денені бос тастайды. Артынан шеңбер бойынша жүріп, қалаған дене мүшелерін өз еріктері бойынша қысымға әкелуді тапсырады, артынан қайта босаңсытуды өтінеді.
Қолданылған әдебиеттер.
Абрамова Г.С. Алгоритмы работы психолога со взрослыми. М. – 2003
Абрамова Г.С. Практическая психология. М.,2000
Битянова М.Р. Организация психологической работы в школе. Б., 2000
Вачков И.В. Основы технологии группового тренинга.психотехники: Учебное пособие М., Ось-89, 2000
Дубровина И. В. школьная психологическая служба: Вопросы теории и практики М., 1991
Ковалев С.В. подготовка старшеклассников к семейной жизни. М., 1991
Бернс Р. развитие Я-концепции и воспитание. М., 1986
Осипова А.А. Общая психокоррекция. М., 2001
Овчарова Р.В. практическая психология в начальной школе. М., 1996
Овчарова Р.В.Практическая психология образования.,М-2003
Романенко –Бавокова Н.А. Основные направление работы практического психолога. А.,2006
Родионов В.А. и соавт. Я и другие. Тренинг социальных навыков. Ярославль, 2001
Групповая психотерапия. Психокоррекционные группы: теория и практика. М., 1990.
Рудестам К. Групповая психотерапия. Психокоррекционные группы: теория и практика. М., 1990.
Прутченков А. С. Школа Жизни. М., 2000
Психогимнастика в тренинге /Под редакцией Н.Ю. Хрящевой. СПб., 2001
Психологические программы развития личности в подростковом и старшем школьном возрасте / Под редакцией И.В. Дубровиной. М., 1995
Самоукина Н.В. Игры в школе и дома. Психотехнические упражнения и коррекционные программы. М., 1995
Я хочу провести тренинг. Пособие для начинающего тренера, работающего в области профилактики ВИЧ/СПИД, наркозависимости и инфекции, передающихся половым путем. Новосибирск, 2000
Павлова О.Н. применение интервью для взрослых о привязанностях в исследовании больных с депрессиями. М., 2001
Пахальян В.А. психопрофилактика в практической психологии образования. М., 2003
Педогогические технологии. Под.ред. Кукушкиной В.С. ростов-на –Дону, 2002
Попова М.В. психология как учебный предмет в школе. М.-2003
Практикум по психологии менеджмента и профессиональной деятельности. СПб., 2003
Прутченков А. С. Школа Жизни. М., 2000
Психогимнастика в тренинге /Под редакцией Н.Ю. Хрящевой. СПб., 2001
Психологические программы развития личноти в подростковом и старшем школьном возрасте / Под редакцией И.В. Дубровиной. М., 1995
Тутушкина. М.К. Психологическая помощь и консультирование в практической психологии. –М 1998
Психология управления персоналом. Под. ред. Батаршева А. В. , Лукьянова А.С. М. , 2005
Психотерапия. Справочник практического психолога. Сост. Соловьева С. Л. – М., 2005
Психологическая помощь и консультирование / под. ред. Тутушкиной М.К. – М 1998
Психологическая служба школы. М. , 1995
Рабочая книга практического психолога. Технология эффективной профессиональной деятельности. Пособие для специалистов, работающих с персоналом. – М., 1986
Рабочая книга школьного психолога. Под. ред. Дубровиной И.В – М., 1991
Розин В.М. психология: теория и практика. –М., 1997
Романенко Н.А. Введение в специальность «психология». Курс лекции. Алматы, 2003
Росс. Л. человек и ситуация. Уроки социальной психологии. М. , 2000
Самоукина Н. В. практический психолог в школе. Лекции, консультирование, тренинги. М. – 2003
Таланов В.Л. справочник практического прсхолога. М,. 2003
Теоретико –методический основы практической психологии. Э.П. Утлик. М., 2001
Шейнис М.Ю. рабочая книга психолога организации. Самара, 2005
Шнейдер Л.Б. пособие по психологическому консультированию. М., 2003
Қосымша№1
Девиантты мінез-құлықты оқушыларға арналған психологиялық-педагогикалық карта.
Ф.А.Ә. ---------------------------------------------------------------------------
Жасы ----------------------------- сыныбы ------------------------------------
Денсаулығы туралы мәлімет --------------------------------------------------
Жанұясына мінездеме -----------------------------------------------------------
Өткен жылғы дамуына қысқа мәләмет---------------------------------------
Үлгерімі туралы мәлімет--------------------------------------------------------
Тәртібі ------------------------------------------------------------------------------
Қабілеттілігі, бейімділігі --------------------------------------------------------
Белсенділігін, инициативасын, дербестігін көрсете алуы. ---------------------------------------------------------------------------------------------
Адамгершілік қасиеттерінің көрінуі (достық, өзаракөмек, адалдық, жаны ашу) -------------------------------------------------------------------------
Дене еңбегіне қатынасы ---------------------------------------------------------
Күн тәртібі және оның орындалуы -------------------------------------------
Ақыл-ой даму деңгейі -----------------------------------------------------------
Танымдық үрдістерінің дамуы ------------------------------------------------
Темперамент ерекшелігі --------------------------------------------------------
Ескертуге қатынасы --------------------------------------------------------------
-----------200 г.
педагог-психолог
сынып жетекшісі



Приложенные файлы

  • docx 9560817
    Размер файла: 1 MB Загрузок: 2

Добавить комментарий