жалпы металлургия


Кремний қорытпасын өндіру
Ферросилиций – темір мен кремнийдің қорытпасы. Кремний – периодтық жүйенің IV топ элементі, металлоид, атомдық массасы 28,086 г, тығыздығы 2,40 г/см3 , қорыту температурасы 1414 оС, қайнау температурасы 2287 оС. Электрлік қасиеттері бойынша кремний жартылай өткізгіш болып табылады. Оттегімен, бірнеше түрленуде: α- және β- кварц; α, β- және γ- тридимит; α- және β- кристобалит болатын берік химилық қосылыс – кремнезем (SiO2) түзеді. Қорыту температурасы SiO2 1713 oC тең.

Табиғатта түгел дерлік кремний оттегімен қосыласта, яғни кремнизем түрінде боады. Кремний көптеген металлдармен қосылыстар – силицитер, мысалы темірмен – темір силицийдің : Fe3Si, Fe3Si2, FeSi, FeSi2 түзеді. FeSi анағұрлым берік (1410 оС қорыту темпиратурасы) болып табылады. Кремний көміртегімен кремний карбидін SiC түзеді.
Ферросилиций қорыту технологиясы
Ферросилиций қуаты 22,5-63 МВ*А руда тотықсыздандырғыш пештерде қорытады. Стандарт кварциттің екі – КФ және КШ маркасын қарастырады. КФ кварциті көбінесе ферроқорытпалар өндірісі үшін қолданылады (ферросилиций, силикокальций, кристалл кремний , силикомарганец , ферросиликохром және басқалары). КШ кварциті ең алдымен белгілі құрамдағы қожды алуға арналған. Кварцит кесектерінің мөлшері ˂25мм 7% аспайтын, өлшемі80-100 мм пеш табан пішінді мөлшері ≤15% болуына жол беріледі.
Металдық құраушы ретінде бөгде қоспалардың шағын мөлшері бар көміртекті қоспаланбаған болаттардың жоңқасы пайдаланылады, орам ұзындығы ˂50 мм. Кремний жоғары болаттардың қалдықтарын пайдалануға жол береді. ФС20 ферросиилцийді өндіру кезінде 3:1 қатынаста шойын және болат жоңқаны қолдануға болады, бұл 0,2% Р мөлшермен қорытпаны алуды қамтамасыз етеді. Бұл жағдайда екіншілік кернеудің 5-6% ұлғаюы мүмкін, сонда пеш өнімділігі 4-5% артады, электр энергиясының шығыны 4-4,5% төмендейді, қорытпада хром концентрациясы 0,2-0,3% дейін азаяды.

Ферросилицийді жабық (ФС20, ФС25,ФС,45 және ФС65) және ашық (ФС75,ФС90,ФС92) руда тотықсыздандырғыш электр пештерінде үздіксіз тәсідімен жүргізеді.

Приложенные файлы

  • docx 9554312
    Размер файла: 1 MB Загрузок: 0

Добавить комментарий