паразитология


Чтобы посмотреть презентацию с картинками, оформлением и слайдами, скачайте ее файл и откройте в PowerPoint на своем компьютере.
Текстовое содержимое слайдов презентации:

Орындаған: Есімханқызы Д.Топ:ВМ-404Тексерген: Тұрғанбаева Г.Жалпы гельминтология Жоспар Гельминтоздарды жануардың тірі және өлі кезінде балау Жануарлар гельминтозымен күресудің жалпы принциптері К.И.Скрябиннің девастация ілімі Гельминтоздарды тірі кезінде балау Эпизоотологиялық мәліметтер – яғни географиялық жағдай, маусымдық ерекшеліктерін, малдың түрі мен жасына қарай таралуын талдайды.Клиникалық белгілерін талдау. Көбінесе гельминтоздар жасырынды, созылмалы түрде өтеді, оларда басқа ауруларға ұқсас клиникалық белгілер байқалады. Яғни іш өту, анемия, тәбеттің жоғалуы, күйінің нашарлауы.Зертханалық зерттеу. Бұл зерттеудің мақсаты –гельмиттердің бір немесек бірнеше сатысын табу, яғни гельмиттің өзін, балаңқұртын немесе жұмыртқасын табу. Гельминтоовоскопиялық әдіс Нативті жұғындының әдісі.Нәжістің сынамасын қарапайым заттық шыныға салады, оған сумен жартылай араласқан глицериннің бір тамшысын қосады. Зерттелетін массаны араластырғаннан кейін, оны жапқыш шынымен жауып, микроскоппен қараймыз. Бұл әдісті зақымдалу қарқыны жоғары болғанда қолдануға болады. Берман және Орлов әдiсi. Нәжiс сынамасын (10 г) Берман аппараты воронкасына металл торда немесе марлыда оралған күйiнде салады. Алдын-ала воронкаға бөлме температурасында суды құяды. Сынамамен толтырылған аппаратты бөлме температурасында 3-6 сағатқа қалдырылады. Осы уақытта диктиокаулюс личинкалары сынамадан сұйықтыққа жылжып шығады да, түтiк бойымен пробирка түбiне түседi. Сосын абайлы резеңкелi түтiктен ағытып, жылдам қозғалыспен, тұнбаны араластырмай әр пробиркадағы сұйықтықты тұнбаға дейiн төгiп алады (суды пипеткамен сарып алуға болады). Пробиркаларды штативке қояды. Тұнбаны араластырғаннан кейiн төсенiш шыныға құяды да, кiшi өлшемде микроскоппен қарайды. Нематода личинкалары қозғалмалы, оңай байқалады. Флотация әдісі Фюллеборн әдісі Калантарян әдісі Күрделі әдістер Флотациялық-седиментациялық Седиментациялық-флотациялық Бұл әдістерде кезекпен қалқыту және тұндыру әдістері пайдаланылады.3. Қалқыту үшін жиі- Дарлинг, Щербович, Демидов, Вишняускас ұсынған әдістер. Толық жарып сойып зерттеу Бұл әдіс келесіден тұрады: өлексені терісінен алып тастағаннан кейін тері асты клетчатканы уқыпты қарап, содан кеуде және құрсақ қуысын ашып, асқорыту, тыныс алу, қан тамырлар, несеп-жыныс және т. б. жүйелердің бүкіл мүшелерін алады.Паренхиматозды мүшелерді (бауыр, өкпе, ұйқы безі, бүйректер және т. б.) бөлек ыдысқа салып, детритке айналдырып (фарш), қолмен үзеді немесе пышақпен немесе қайшымен ұсақ кесектерге кеседі. Детрит, қырынды, мүше құрамын сумен немесе физиологиялық ерітіндімен жуып, дәйектілік жуу әдісін қолданады. Алынған материалдарды аз порциялармен бірінші қарайды, содан кейін ақ кюветтерде немесе Петри табақшаларда қара және ақ фонда зерттейді. Ірі гельминттерді визуальды таңдап, ал ұсақтарын – 8-10 рет үлкейтетін қол лупа көлегімен таңдайды. Гельминттерді тек кисточкалармен немесе арнайы инелермен жинайды, бірақ пинцетпен немесе қолмен алмайды. Толық емес гельминтологиялық сойып-ашу – женілдету гельминтологиялық сойып-ашу, осы процесс кезінде мүшелермен ұлпалардан тек ғана бөлек, бірден мөлшерімен көрінетін гельминттерді алады. Мұндай сойып-ашу гельминтоздардың диагностикасында және де мұражай материалдарын алу үшін көп мағынасы бар. Гельминтоз ауруларына қарсы күресудің жалпы поринциптері Гельминтоз ауруларына қарсы малдың азығына арнайы химиопрепараттарды беруiң ұсынады. Олар ие организмiнде личинкаларды, құрттарды немесе гельминттердiң дамуын тоқтатады.Кейбiр протозойлық аурулардын алдын-алу үшiң малдың қанына немесе терi астына белгiлi препараттарды еңгiзедi, олар қоздырушыны жойады немесе белсендiгiң шектейдi. Химиопрепараттын әсерiнен паразиттiң биологиялық белсендiгi томендейдi және стерильдi емес иммунитет, немесе премуниция өндiрiледi. Гельминттоздарға қарсы шараларының ең негiзгi жолы – дегельминтизация, яғни химиопрепараттарды қолдану арқылы организмдi гельминттерден босату.Бүкiл жануарларға дегельминтизация жасайды. Дегельминтизацияның мақсаты – жануарларды гельминттерден босату және инвазияны таратудан ескерту (сақтау). Бүл дегельминтизацияны малды қорада бағу кезеңiнде өткiзедi, осы уақытта антгельминтиктердiң әсерiнен болiнген гельминттердiң жұмыртқалары мен личинкалары сыртқы ортада дамымайды.Дегельминтазация өткiзу кезiнде диетаның белгiлi шарттарың және азықтандыру, суарту режимiң сақтау керек. Осылай, коп iшек гельминтоздарында антгельминтиктердi беру алдында 12-18 сағат бойы аш үстау керек. Дегельминтизацияны арнайы болiнген қорада немесе жайляуда өткiзедi. Препаратты бергеннен кейiн жануарларды 3-5 күн сабыр үстайды осы уақытта нәжiспен бiрге бөлiнген гельминттердi жинап жойады. Дегельминтацияның түрлері Академик К.И.Скрябиннің девастация жөніндегі ілімі.“Девестация” деген атау (латынша-devastatio- жою) . Бұл 1944 жылы К.И.Скрябиннің ұсынған адам мен жануарларға ең қауіпті ішқұрттарын емдік дауа шараларды пәрменді орындау арқылы бірте-бірте жою туралы ілімі. Кейінірек девастация деген ұғымның ішқұрт ауруларынан басқа инвазиялық ауруларға қатысты екендігі анықталды. Девестация ем мен сақтандыру шараларының құрамына енгенімен, оның арнайы мақсаты – даму кезеңнің кез-келген сатысындағы қоздырғышты мүлем жою. Сондықтан девастация аурудан сақтандыруды алыстан көздесе, екінші жағынан ем шаралары құрамының бір бөлігі, сондай-ақ тікелей сақтандыру шаралары болып табылады. Назарларыңызға рахмет !

Приложенные файлы

  • pptx 9515732
    Размер файла: 863 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий