Сырт?ы жиынты? ба?алау моделі_НЗМ


Чтобы посмотреть этот PDF файл с форматированием и разметкой, скачайте его и откройте на своем компьютере.


«Назарбаев Зияткерлік мектептері»
ДББҰ

Басқарма шешімінің
2014 жылдың


28 тамызында бекітілген (№ 40 хаттама)




згерістер мен толықтырулар
27.08.2015 ж
. №4,
,

10.11.2016 ж. №53, 17.08.2017 №42)













СЫРТҚЫ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ МОДЕЛІ






























1




М
ектеп жүйесіндегі ең
маңызды құжаттардың бірі Бағалау саясаты
болып табылады. Оның маңыздылығының себебі оқушылардың қалай
бағаланатынын, марапатталатынын және басқалардың нәтижелерімен
салыстырылатынын айқындайтындығында. Ол маңызды, себебі мұғалімдер
үшін оқыту мен оқуды бағ
алау үшін қолданылатын қағидаттар мен
үрдістерді сипаттайды. Сонымен қатар, ата аналар мен бұқара халық өкілдері
үшін оқу нәтижелері айқындалатын негіздерін анықтайды және жұртшылық,
басшылық және басқа білім беру мекемелері үшін басып шығарылады.

Бұл құжат Назарбаев Зияткерлік мектептерінің бағалау саясатының ең
басты бөлігі болып табылады. Бұл құжат Зияткерлік мектептерінің жиынтық
бағалауда қолданатын тәсілін сипаттайды. Құжатта, Интеллектуалды
мектептер өзін оқыту мен оқуды нығайтатын, оқушылард
ы және әділ, сенімді
түрде бағаланатын үздік білім иегері болуға ынталандыратын, жоғары
сапалы бағалаумен байланыстыратындығы айқындалған.

Зияткерлік

мектептердің қолданатын тәсілін құратын қағидаттар мен
үрдістер, ең үздік халықаралық тәжірибеге негіздел
ген, мектептің оқу
бағдарламасымен байланыста, және Кембриджтің халықаралық емтихандық
кеңесі қолданатын тәртіпке сәйкестендіріледі. Олар оқушылардың прогрессін
валидті және практикалық тәсілмен өлшеу және ол бойынша есеп беру үшін
құрастырылған және ата
-
а
налар мен жұртшылыққа нәтижелерінің анық және
сенімділігіне көз жеткізулеріне мүмкіндік береді. Олар, сонымен қатар,
мұғалімдерге стандартарды орнату және өз жұмыстарын бағалау барысында
қолдана алатын сыртқы үлгі ретінде құрастырылған. Модельге енген
стан
дарттар ұлтық және халықаралық университеттерге түсушілерге
арналған талаптармен байланысты, бұл Зияткерлік мектептерінің түлектері
кең мүмкіншіліктерге ие болуларын қамтамасыз ету үшін жасалған.

Модель жиынтық бағалауға, оқытудың төрт басты кезеңдеріне
н
егізделген: 5, 10, 11 және 12 сыныптар. 5 және 11 сыныптарда бағалау
тілдер мен кейбір таңдаулы пәндерге негізделеді. 10 және 12 сыныптарда,
негізгі ауысу кезеңдерінде, сыртқы жиынтық бағалау толық түрде оқу
бағдарламасының негізгі бөлігін жабатын болады.

Модель, Зияткерлік мектептердегі үш тілділік ортаның шынайы
көрінісін береді және барлық үш тіл бойынша прогрессті бағалайды.
Модельде тілдік құзыретке ие болудың жалпы Еуропалық жиектемесі және
IELTS деңгейін анықтау үшін тесттер қолданылады, бұл халықара
лық
стандарттар мен Зияткерлік мектептері тәжірибесінің сәйкестігін қамтамасыз
етеді.

Мектеп ортасында барлық оқыту формалары мен әдістері жоғары
дәрежеде маңызға ие болуын қамтамасыз ету үшін, модельге практикалық
жұмыстар, ауызша және жазбаша құзыретті
бағалау кіреді. Аталмыш жұмыс
және құзырет түрлері жаратылыстану пәндері мен тілдік пәндер үшін өте
маңызды болып табылады.

Аталған құзыреттер, сонымен қатар, шапшаң өзара
-
қатынастар әлеміне
тиімді қатысу үшін эксперименттеу, критикалық ойлау, тапсырмала
рды
2




орындау және топтағы жұмыс табысқа жету үшін маңызды болып табылады.

Модель материалдар дайындау үшін тәртіп пен жолдарды, және әр
түрлі топтар мен жеке адамның рөлін де анықтайды. Сонымен қатар, ол балл
қою процесін, бағалаудың әр түрлі түрлері мен м
одерацияны, және
валидация мен шолу процесін де анықтайды. НЗМ ішіндегі осындай
бөлшектерді көрсету, қоғамның және басқа да білім мекемелерінің НЗМ
бағалаудың әділдігіне және валидтігіне түсінушілікті жоғарлатады. Бұл
оқушылар мен мұғалімдерге олардан не к
үтілетіні туралы және олардың
жұмысы қалай бағаланатыны туралы ақпарат береді. Бұндай қызығушылық
және анықтылық халықаралық бағалау тәжірибесіне, және де Назарбаев
Зияткерлік мектептерінің миссиясындағы құндылықтарға сәйкес келеді.



Алан Руби

Аға қызметк
ер

Жоғарға білім беру мектебі

Пенсильвания Университеті

2013 жылдың тамыз айы



Сыртқы жиынтық бағалау моделі Кіріктірілген оқу бағдарламасына
сәйкес қорытынды бағалауды ұйымдастыру және өткізудің негізгі тәсілдерін
сипаттайтын құжат болып табылады. Емтихан материалдарының мазмұны
оқу бағдарламаларының мақсаттарына сәйкес келеді. Емти
ханды өткізу
нысаны оқушылардың Зияткерлік мектептері бітірушілерінің иеленген
дағдыларын, қойылған мақсаттарға сай көрсетулеріне мүмкіндік береді.

Бұл модель бағалау үрдістерін орындаудың қазіргі таңғы тәсілдеріне
түгелімен сәйкес және оқушыларға ауызша
және жазбаша түрде,
лабораториялық және тәжірибелік тапсырмаларда ақпаратты ұсыну
дағдыларын көрсетуге мүмкіндік тудырады.

Бұл құжат Зияткерлік мектептерде қолдануға ұсынылған.



Джадрина М.Ж.

Педагогикалық ғылымдар докуторы

ДББҰ "Назарбаев Зияткерлік мектептері"

филиалының "Білім беру бағдарламалары орталығы"

директорының орынбасары




Сыртқы жиынтық бағалау моделі


Мазмұны


1

Бағалаудың мақсаты мен
қағидалары

................................
..............

4

2

Бастауыш, негізгі және жоғарғы буындардан кейінгі сыртқы
жиынтық бағалау

................................
................................
..........................

5

3

Стандарттар және қабылдау

................................
................................

7

4

Жиынтық бағалаудың тәсілдері

................................
.........................

7

5

Тілдік пәндерді бағалау

................................
................................
.........

7

6

Жаратылыстану ғылымдары және информатика бойынша
бағалау

................................
................................
................................
.............

7

6.1 Практикалық жұмыстарды бағалау

................................
................................
..........

7

6.2 Информатика

................................
................................
................................
..............

8

7

Сыныптар аралығындағы пәндер бойынша бағалаудың

сипаттамасы

................................
................................
................................
...

9

7.1 5
-
сынып

................................
................................
................................
......................

9

7.2 10
-
сынып

................................
................................
................................
....................

9

7.3 11
-
сынып

................................
................................
................................
.....................

9

7.4 12
-
сынып

................................
................................
................................
...................

10

7
-
1

10, 11, 12 сыныптардағы пәндердің таңдалуы

...............................

11

8

Бағалау материалын дайындау

................................
........................

12

8.1 Міндеттер мен қағидалар

................................
................................
........................

12

8.2 Мақсаттар

................................
................................
................................
..................

12

8.3 Тест спецификациясы

................................
................................
..............................

13

8.4 Тест құрастырудағы басшылық

................................
................................
..............

13

8.5 Қызметкерлер

................................
................................
................................
..........

14

8.6 Емтихан материалдарын дайындау

................................
................................
.......

14

8.7
-


алып тасталды

................................
................................
................................
....

15

9

Емтихандарды өткізу және бағалау

................................
.................

15

9.1 Емтиханды өткізу

................................
................................
................................
.....

15

9.2 Оқушылардың жұмысын бағалау

................................
................................
..........

15

9.3
-

алып тасталды

................................
................................
................................
........

16

9.4 Курстық және тәжірибелік жұмыстарды бағалау, жұмыстарды модерациялау

16

9.5 Стандарттар және бағалар

................................
................................
.......................

17

9.6 Нәтижелерді жариялау

................................
................................
.............................

19

9.7 Нәтижелерді апелляциялау

................................
................................
.....................

19

9.8 Сертификаттарды шығару

................................
................................
.......................

19










4


4



Кіріспе


Сыртқы жиынтық бағалау моделі (бұдан әрі


ЖБ

м
одел
і
)
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ білім беру бағдарламасы
-

NIS
-
Рrogram


сәйкес Зияткерлік мектептердің 5, 10, 11 және 12
-
сыныптарындағы сыртқы бағалауда жүргізілетін емтихандардың
мерзімін, өткізілетін пәндерін, талаптары мен мақсаттарын,
қағидаларын және нәтижелердің талдауын анықтайды.

Модель инновациялық, сондай
-
ақ халы
қаралық танылған сыртқы
бағалауды өткізу мен ұйымдастыру тәжірибелерінен тұрады.
Модельдегі сипатталған
рәсімдер

«Назарбаев Зияткерлік мектептері»
ДББҰ
-
ның стратегиялық серіктестігі Кембридж университетінің
Халықаралық емтихан кеңесінің өткізілу
рәсімдері
нің

талаптарына
сәйкес.

1

Бағалаудың мақсаты мен қағидалары


Модель әр түрлі бағалау түрлерін: жазбаша емтихандар, ауызша
жауаптар, тәжірибелік жұмыстар, курстық жұмыстар т.б. сияқты
әр
түрлі жұмыстарды қамтиды.

Алдына қойған мақсатына қарамастан бағалау
анық,
сенімді

және
әділ
болуы

тиіс.



Бағалау моделінің бұл талаптарға қаншалықты және қалай жауап
беретінін шешуде бірінші кезекте бағалау нәтижесі қалай
қолданылатынын, оны кім және не үшін пайдаланатынын білу
маңызды. Бұл модельде айтылған емтихандар сыртқы жиынтық бағалау
ретінде алынады. Емтихан нәтижесін оқушылар, мұғалімдер,
университет және басқа да тұлғалар меңгерілген білім мен
оқушылардың оны қаншалықты дәр
ежеде қолдана алатындықтарының
өлшеуіші
ретінде

пайдаланатындықтан, оған үлкен мән беріледі.


Анықтық

Модельде анықтықтың екі негізгі

қағидасы
бар.

Біріншіден, емтихандық жұмыстар пән мазмұнына сәйкес білім,
түсінік

пен дағдыларды бағалауы қажет
(пән бойынша курстың
аяқталуы, жоғарғы оқу орындарына түсуі т.б.)

Екіншіден, емтихан жұмыстарының мазмұны әр оқушының оқу
бағдарламасы бойынша барлық маңызды аспекттерін қажетті деңгейде
меңгергенін бағалауы қажет.


Әділдік

Сыртқы жиынтық бағалау оқушылар
дың алған балдары мен
бағалары күмән келтірмеген жағдайда ғана әділ болып есептеледі.
5


5


Бұған қол жеткізу үшін емтихан сұрақтарын жоғары білікті мамандар
құрастыруы тиіс, сонда ғана емтихан тапсырушы оқушылар өздерінен
не талап етілетінін, әрбір сұрақтың дұр
ыс жауабы қандай болу
керектігін нақты түсінеді.

Олар б
алл қою
кестесін

барлық емтихан алушылар
ға

бір
стандартқа сәйкес бірдей балл қоюларын ескере отырып,
құрастырылулары керек.


Орындаушылығы

Емтихан оқушының өз білімі мен пән бойынша дағдыларын
көрсе
те алатындай жеткілікті сұрақтар санынан тұруы шарт. Емтихан
уақыты қамтылған сұрақтар саны мен сұрақтың қиындық деңгейіне
байланысты белгіленуі тиіс.


Ықпал

Сыртқы жиынтық бағалаудың нәтижесі екі бағытта әсер етеді.

Біріншіден
-

оқу бағдарламасы бой
ынша оқыту мен оқуға.
Ұстаздар да оқушылар да оқу жылының соңында максималды жақсы
нәтиже алуға тырысады.

Екіншіден
-

келесі сыныпта, университетте немесе жұмыста

үлгерімін жақсартуға
. Сауатты құрылған сыртқы жиынтық бағалау
оқытуға оң әсер етеді де оқуш
ыға келесе білім сатысында қолдау
көрсетеді.


Модель сыртқы жиынтық бағалауды сипаттайды.
Қалыптастырушы, ішкі жиынтық және сыртқы жиынтық
бағалаулардың

өзара байланысы туралы ақпарат Критериалды
бағалаудың моделінде берілген.

2

Бастауыш, негізгі және
жоғарғы буындардан кейінгі
сыртқы жиынтық бағалау

Сыртқы жиынтық бағалау емтихандары 5, 10, 11 және 12
-
сыныптардан кейін өткізіледі. Емтихан материалдарының дайындалуы
және бағалануы мектептен тыс ұйыммен жүргізіледі.

Емтиханда курстық, практикалық немесе

тәжірибелік жұмыстар
мазмұны тәуелсіз органмен дайындалады, бірақ мектептегі мұғалімдер
өткізеді. Осылайша қойылған мұғалімдердің бағалары
«Назарбаев
Зияткерлік мектептері» ДББҰ
-
ның филиал Педагогикалық Өлшеулер
Орталығы
мен
(ПОӨ)
модерацияланады.

Басқа
емтихандар, Зияткерлік мектептері мұғалімдерінің
дайындаған және өткізген емтихандары, қалыптастырушы және ішкі
жиынтық бағалауға жатады.



6


6


5
-
сынып


5
-
сыныптағы емтихандарды мектептің бастауыш буынын
бітірген

оқушылар тапсырады.
ПОӨ
-
мен бағаланатын пәнд
ерге:

Қазақ/Орыс тілі

мен

әдебиет
і (бірінші тіл ретінде);

Қазақ/Орыс тілі

(екінші тіл ретінде);

Ағылшын тілі
;


Математика
;

Ғылымға кіріспе
.

Емтихандар бастауыш мектептің білім бағдарламасының
мазмұнын меңгергені жайлы диагностикалық құрал ретінде анықтауға
көмектеседі. Алынған мәліметтердің нәтижелері келешекте мектептер
үшін оқытуды жақсарту мақсатында қолданылады.


10
-
сынып

10
-
сыныптағы емт
ихандарды мектептің орта буынын бітірген

оқушылар тапсырады.
ПОӨ
-
мен

бағаланатын пәндерге жатады:

Қазақ/Орыс тілі

(бірінші тіл ретінде);

Қазақ/Орыс тілі

мен

әдебиет
і (екінші тіл ретінде);

Ағылшын тілі
;

Математика
;

Биология
;

Физика
;

Химия
;

Қазақстан тарихы
;


Информатика
.



11
-
сынып

11
-
сыныптағы емтиханды жоғары сынып б
ойынша кейбір пәнді
аяқтаған
оқушылар тапсырады.
ПОӨ
-
мен
бағаланатын пәндер:

Қазақ/Орыс тілі

мен

әдебиет
і (екінші тіл ретінде
).


12
-
сынып

12
-
сыныптағы емтихандарды жоғары мектепті аяқтайтын
оқушылар тапсырады.

Ағылшын тілі
;

Математика
;

Биология
;

Физика
;

Химия
;

Қазіргі әлемдегі Қазақстан
;

География
;

Информатика
;

Қазақ/Орыс тілі

мен

әдебиет
і (бірінші тіл ретінде
).

7


7


3

Стандарттар және қабылдау

Жиынтық бағалаудағы стандарттар мен сапа

Зияткерлік мектептерінің
Б
ілім беру бағдарламасы бойынша 9
-
12
-
сыныптардағы пәндерге әр түрлі сағат саны берілген. 9
-
12
-
сыныптардың көптеген пәндеріне Халықаралық деңгейдегі Cambridge
IGCSE стандарттарына сәйкес келу
іне жеткілікті сағат саны берілген.

11
-
12 сыныптардың пәндеріне
Халықаралық деңгейдегі
Cambridge International

Advanced A
-
Level немесе Cambridge AS
-
Level
стандарттарына сәйкес келуіне жеткілікті сағат бөлінген.

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Қазақсан Республикасы
мен Халықаралық университеттермен сыртқы жиынтық бағалау
нәтижесімен мектепті аяқтау туралы құжаттарын танылуы мақсатында
жұмыстары жасалынып жатыр.

4

Жиынтық бағалаудың тәсілдері


Модель сыртқы

жиынтық бағалауды жүргізудің бірнеше
жолдарын ұсынады. Кейбір пәндер бойынша бірден көп компонентті
қолдануға болады (мысалы,
жаратылыстану ғылымы пәндерінен
емтихан
дар

практикалық

және жазбаша компоненттерден тұрады
).



5

Тілдік пәндерді бағалау

Тілдік
пәндерді бағал
ау Зияткерлік мектептердегі үш
тіл
ділік

саясатына құрылған, оның
негізгі мақсаты


оқушыларды үш
тіл
ділік

ортасында оқыту және оқытуды қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде
бағалау.

6

Жаратылыстану ғылымдары және информатика бойынша
бағалау

6.1
Пр
актикалық жұмыстарды

бағалау



Практикалық жұмыстар

компонент түріндегі бағалау көбіне
ғылымдар

оқыту курстарында өткізіледі.

Практикалық жұмыстар

жаратылыстану ғылымдары бойынша бағалаудың көп бөлігін құрауы
мүмкін
.

Зертханалық жабдықтаудың жеткіліксіздігі бағалаудың бұл
түрін қысқа мерзімді ұйымдастыруда қиындық тудыруы мүмкін. Бірақ,
ұзақ мерзімді дайындықта бағалаудағы зертханалық жұмыс немесе
басқа да тәжірибелік тапсырмалар тудыратын проблемалар біліктілікті
қи
ындатады.

Тәжірибелік емтихан әр оқушының зертханалық не егіншілік
жұмыстары кезінде біріккен (топтық) жұмыс немесе жобаға қатысуға
қабілеттілігін бағалауда да пайдаланылады. Байланыстың техникалық
құралдарының тез дамуы виртуалды әлемде де тәжірибелік жұ
мыстар
өткізу мен бағалауға мүмкіндік береді.

8


8


Жаратылыстану ғылымы пәндерінің тәжірибелік
бөлігі

10 және
12
-
сыныпт
ағы жиынтық бағалаудың бір бөлімі

ретінде
практикалық
жұ
мыс
жасау арқылы

бағалануы тиіс

(зертханалық тәжірибе
тапсырмасын бағалаушы ұйымдар б
елгілейді және бағалайды)
.

Жалпы, форматына қарамастан, тәжірибелік тест мыналарды
қамтиды:



деректер мен бақылаулар

жинақтау
;



өлшеулер мен бақылаулар туралы шешім қабылдау;



деректер мен бақылауларға назар аудару;



ойлау мен пайымдауды көрсету;



анализ,
қорытынды шығару және бағалау.


6.2 Информатика

Информатика сыртқы жазбаша емтихандар әдісі және сыртқы
модерацияд
ан өтетін курстық жұмыс жобасы
арқылы жиі бағаланады.
Бұл пәндегі жазбаша емтихан мен курстық жұмыс арасындағы анық
баланс (теңдік) тест специ
фикациясында көрсетіледі.

Курстық жұмыс


сыныпта мұғалімнің бақылауымен не
оқушының өзіндік дайындығы уақытында жүргізілетін жұмыс.

Курстық жұмысты мұғалім бағалайды, содан кейін әр оқушыға,
топқа не жалпы мектепке қойылған балдардың әділдігі мен заңға
сәйкестігіне көз жеткізу үшін сыртқы және үшкі деңгейде модерация
жүргізіледі.

Курстың жұмыстың құндылығы төмендегі дағдыларды дамытуға
мүмкіндік беруінде:



өзіндік жұмыс;



кең көлемді зерттеу мен оқу;



белгілі бір көлем және өзіндік ерекшеліктегі жұмысты жаз
у,
өзгерту және қайта тексеру;



ақпараттық технологиялармен жұмыс істеу дағдыларын
көрсету (ақпараттық технологияларды қолданып өте жақсы курстық
жұмыс құрастыру және жазу)

Бұлар оқушының жоғары білім алуда табысқа жету үшін талап
етілетін дағдыларды қалыпт
астыруына мүмкіндік береді.

Курстық жұмыстарды бағалау тексеруші ұйымға қиындықтар
туғызады. Курстық жұмыстың шынайылығы бағалаудың обьективті
болуының негізгі кепілі болып табылады. Интернеттің қолжетімдігі
плагиаттың болуына жол ашады, сондықтан мұғалім
дер және
бағалаушы ұйым жағынан қажетті шаралар жасалынып, плагиатты
болдырмауға тырысулары керек. Оқушылар, ата
-
аналар және
мұғалімдер қолдануға болатын ақпарат көздерінің сипаты мен
мөлшерін білулері қажет. Курстық жұмысты бағалаудың стандартталуы
бірыңғ
ай бағалауды қамтамасыз етеді.

9


9


7

С
ыныптар аралығындағы пәндер бойынша бағалаудың
сипаттамасы

7.1 5
-
сынып

Бағалау оқытылу тілінде жүргізіледі.


7.2 10
-
сынып

10
-
сыныптағы бағалау пәннің оқытылу тілінде жүргізіледі.


7.2.1 Математика


Емтихан
екі компоненттен
тұрады

және тапсырмалар белгілі
деректерді қолдану
, есепті шығару
, концепция мен техникаларға,
дағдыларға анализ жасау және ақпараттарды синтездеу,
шынайы өмірде
математиканы

әр түрлі

жағдайды үлгілеуге, математикалық берілгендер
бойынша
логикалық қорытындылар жасап, тапсырмаларды
математикалық тәсілдер арқылы шығаруға бағытталады.

7.2.2
Қазақстан тарихы

Емтихан екі компонентен тұрады. Оқушылар мәтіндермен жұмыс
жасап, сыни ойлаулары
н қолдана отырып, толық жауап береді
.

7.2.3
Биология,
физика және химия

Емтихан екі компоненттен тұрады. Сұрақтар білу, түсіну, анализ,
қолдану және ақпаратты бағалау, сурет, диаграмма, кесте
және
фор
мулалармен жұмыс жасай білулеріне

бағытталған. Сонымен қатар
практикалық
,

эксперименттік дағдылары мен есептер
ді шығару және
ақпаратты өңдеулері бағаланады.

7.2.4

Тілдік пәндер

Қ
азақ тілі

рыс тілі

(бірінші тіл ретінде)

және
Қазақ/Орыс тілі

мен

әдебиеті (екінші тіл ретінде)
емтихандар

2 компоненттен тұрады.
Тапсырмалар оқылым, мәтінді талдау және жазылымды бағалау
ға
бағытталған. Емтиханда оқушылар мәтінді оқиды және сол бойынша
сұрақтарға жауап береді, мәтіндердің ерекшеліктерін анықтап жазады,
ақпаратты жазбаша түрде түсіндіреді.

7
.2.5

Ағылшын тілі

Емтиханның тапсырмалары
үш

тілдік құзырлықты тексеруге
бағытта
лады: тыңдалым, оқылым және жазылым
.

7.2.6

Информатика

Емтихан екі компоненттен тұрады.
Емтиханда оқушылар теория
бойынша қысқа, толық жауапты қажет ететін сұрақтарға жауап береді,
сонымен қатар
қолданыста бар автоматталмаған жүйесі сипаттау мен
алмастыру
ға арналған компьютерлік жүйемен жұмыс жасайды.


7.3 11
-
сынып

11
-
сыныпта барлық пәндер,
ана тілі мен екінші тілден басқасы
,

мектепішілік бағалау әдісімен бағаланады
.

10


10


7.3.1
Қ
азақ тілі/
О
рыс тілі

мен әдебиеті (екінші тіл ретінде).

Е
мтихан 2 компоненттен тұрады. Тапсырмалар оқылым, мәтінді
талдау және жазылымды бағалауға бағытталған. Емтиханда оқушылар
мәтінді оқиды және сол бойынша сұрақтарға жауап береді, мәтіндердің
ерекшеліктерін анықтап жазады, ақпаратты жазбаша түрде түсіндіреді
.

7.4 12
-
сынып

Сыртқы жиынтық бағалау стандарты Cambridge International
Advanced (A) Level немесе Cambridge International Advanced (A) Level
or AS Level AS Level Халықаралық деңгейлеріне сәйкес теңестірілген.

Б
ілім беру бағдарламасында
қарастырылған 11 және 12
сыныптарда кейбір пәндер бойынша бөлінген сағат саны
Халықаралық деңгейдегі Cambridge International Advanced A
-

Level
стандартына қол жеткізу талабына жеткіліксіз.



7.4.1 Математика

Емтихан үш компоненттен тұрады және тапсырм
алар белгілі
деректерді қолдану, есепті шығару, концепция мен техникаларға,
дағдыларға анализ жасау және ақпараттарды синтездеу, шынайы өмірде
математиканы әр түрлі жағдайды үлгілеуге, математикалық берілгендер
бойынша логикалық қорытындылар жасап, тапсыр
маларды
математикалық тәсілдер арқылы шығаруға бағытталады.

7.4.2 Қазақстан қазіргі заманда

Емтихан екі компонеттен тұрады. Оқушылар мәтіндермен жұмыс
жасап, сыни ойл
ау арқылы толық жауаптарын береді
.

Жыл бойы оқушылар белгілі бір мәселе

төңірегінде
, ізденіс,
ақпараттарды талдау, өз көзқарасын дәлелдейтін курстық жұмыс
орындайды.

7.4.3

Биология, физика және химия

Емтихан үш компоненттен тұрады. Сұрақтар білу, түсіну, анализ,
қолдану және ақпаратты бағалау, сурет, диаграмма, кесте және
формулалармен
жұмыс жасай білулеріне бағытталған. Сонымен қатар
практикалық, эксперименттік дағдылары мен есептерді шығару және
ақпаратты өңдеулері бағаланады.

7.4.4 Ағылшын тілі

Барлық оқушылар IELTS емтиханын тапсырады.

7.4.5

Информатика

Емтихан үш компоненттен тұрады. Емтиханда оқушылар қысқа
және толық жауапты қажет ететін сұрақтарға жауап береді.

Жыл бойы оқушылар белгілі бір мәселені

шешу үшін

қажетті
бағдарлама тілдерін

және бағдарламалық құралдарды

қолдана отырып
курстық жұмыстарды
орындайды. Бұл бағалау түрі оқушылардың
зерттеушілік әрекеттері мен ақпаратты талдауларын бағалайды.

7.4.
6

География

11


11


Емтихан үш компоненттен тұрады. Тапсырмалар
терми
нологияларды білу мен қолдану,
мәліметтерді

түсіну мен талдау,
анализ
, зерттеушілік дағды
ларын бағалуға бағытталған.

7.4.7
Қ
азақ тілі/
О
рыс тілі

тілі мен әдебиеті (бірінші тіл
ретінде).


Е
мтихан 2 компоненттен тұрады. Тапсырмалар оқылым, мәтінді
талдау және жазылымды бағалауға бағытталған. Емтиханда оқушылар
мәтінді оқиды және сол бойынша сұрақтарға жауап береді, мәтіндердің
ерекшеліктерін анықтап жазады, ақпаратты жазбаша түрде түсіндіреді
.

7
-
1

5,
10, 11, 12 сыныптардағы пәндердің таңдалуы

5
-
сынып:

Міндетті пәндер

Қазақ/Орыс тілі

мен

әдебиет
і (бірінші тіл ретінде);

Қазақ/Орыс тілі

(екінші тіл ретінде);

Ағылшын тілі

Математика

Ғылымға кіріспе


10
сынып
:

Міндетті пәндер

Қазақ/Орыс
тілі

(бірінші тіл ретінде);

Қазақ/Орыс тілі

мен

әдебиет
і (екінші тіл ретінде);

Ағылшын тілі
;

Математика
;

Қазақстан тарихы
.


Таңдау пәндері
(
оқушы келесі пәндердің ішінен бір пәнді
таңдайды
):

Биология
;

Физика
;

Химия
;

Информатика
.

10 сыныпты бітірген әрбір
оқушы 6 пән бойынша емтихан
тапсырады.


11
-
сынып
:

Міндетті
пәндер
(
оқушы келесі пәндердің ішінен
бір

пәнді
таңдайды
):
Қазақ/Орыс тілі мен әдебиеті (екінші тіл ретінде)
.


12
-
сынып
:

Міндетті пәндер

Ағылшын тілі
(
IELTS
)
;

Математика
;

Қазақстан қазіргі
заманда
;


12


12


Қазақ
/Орыс тілі мен әдебиеті (бірінші
тіл ретінде)
.

Таңдау пәндері
(
оқушы келесі пәндердің ішінен екі пәнді
таңдайды
):

Биология
;

Химия
;

Физика
;

Информатика
;

География (11
-
сыныпта оқу үшән таңдалған жағдайда).

Жоғарғы мектепті (11
-
12 сынып)
бітірген әрбір оқушы 7 пән
бойынша емтихан тапсырады.

8

Бағалау материалын дайындау

8.1 Міндеттер мен қағидалар

Зияткерлік мектептердегі жиынтық бағалауд
ың шынайылығы
мен сенімділігін

«Назарбаев
Зияткерлік мектептері»
ДББҰ
-
ның
Педагогикалық өлшеулер орталы
ғы (бұдан әрі
-

ПӨО)

қамтамасыз
етеді
.

ПӨО

бағалау материалдарын дайындауға, бағалаудың
жүргізілуіне, сонымен қатар бағалаудың нәтижесінің шынайылығын
қамтамасыз етуге жауапты.

Бағалаудың шынайылығы емтихан жұмыстарының тест
спецификацияларына сәйкес дай
ындалуына, емтиханның өткізілуіне,
нәтижелер бекітілген
рәсімдердің

тәртіптеріне сәйкес қауіпсіз жағдайда
жүргізілуіне байланысты болады.

ПӨО өз тарапынан емтиханның қауіпсіз жағдайда өткізілетініне
және құпия сақталынатынына кепілдік береді.

ПӨО өзі емтихан дайындап жатқан Зияткерлік мектептерден
тәуелсіз ұйым болып табылады.

Кейбір қызметкерлер тест әзірлеу мен емтихан жүргізуге
тартылған жағдайда (мысалы, сұрақ кітапшаларын құрастырушылар,
қателерді тексеру мамандары, емтихан алушылар) ба
ғалауды
(емтиханды) дайындау және өткізу үрдісіне қатысушы қызметкерлер
үкім шығарушы ұйымның тұрақты қызметкерлері болып табылады
(мысалы, пән мамандары, әкімшілік қызметкерлер).

8.2 Мақсаттар

Дайындау үрдісінің мақсаты тест тапсырмаларының
оқушыларды ә
діл бағалауы, сонымен қатар оқу бағдарламасы
мазмұнының нақтылығын анықтау болып табылады.

Оқу бағдарламалары әр пән бойынша бағалаудың негізі болып
табылады. Әр пән бойынша екі негізгі құжатты дайындау бағалаудың өз
мақсатына жеткендігіне кепілдік бере
алады:

т
ест спецификациясы
;
т
ест дайындау бойынша басшылық.

13


13


8.3 Тест спецификациясы

Тест спецификация


емтихан құрлымы жайлы барлық ақпаратты
береді:



Емтихан материалдарын дайындаушы қызметкерлерге



Емтиханға дайындалушы оқушы мен мұғалімдерге

Тест специ
фикациясына кіреді:

o

Кіріспе және бағалау мақсаттары

o

Емтиханның сипаттамасы

o

Емтиханның компоненттер (бөлімдер) құрамы

o

Сұрақтар/тапсырмалар саны

o

Компонеттерге (бөлімдерге) берілген уақыт

o

Компоненттер бойынша бағаларды сәйкестендіру



Оқу бағдарламаларында белг
іленген бағалаудың
мақсаттары

o

Мазмұнын анықтайтын, тест матрицасы

o

Әр сұрақ/тапсырма бойынша қажетті дағдылар



Компоненттерді сипаттау

o

Әр құрамды детальды сипаттау

o

Әр құрам бойынша әр тапсырманы сипаттау




Бағалау дескрипторлары




Т
апсырмалар мен
сұрақтардың үлгісі


Тапсырма


бұл жазбаша немесе ауызша мәтінмен байланысты
сұрақтар тобы.


Сұрақ



бұл тапсырмадағы ең кіші бағаланатын және балл
қойылатын жеке сұрақ.

8.4 Тест құрастырудағы басшылық

Тест құрауға араналған басшылық
-

сұрақтарды құрастырушылар,
өңдеушілер және кеңес берушілер үшін жазылады. Бұл
басшылықтардың мақсаты тест спецификациялардағы ақпараттарды
тестідегі тапсырмалар мен сұрақ түрлерін анықтап түсіндіретін
бағалаушы материалдар
ға ауыстыратын (емтихан материалдарын),
қажетті практикалық құжатты дайындау болып табылады.

Басшылықта болатын мәліметтер:



т
естің қиындық деңгейін сипаттау



т
ест спецификациядан алынған әрбір бағалаушы
компоненттің мазмұны туралы ақпарат



т
естің мазмұны

туралы нұсқаулық, сондай
-
ақ қажетсіз
ақпараттардың қолданылмауы (жалпы алғанда: отбасылық маңызды
мәселелерге қатысты тақырыптар, саяси сұрақтар, бақытсыз жағдайлар,
апаттар, ауыр сырқаттар немесе өлім туралы ақпараттаремтихан
мақсатында қолданылмауы кере
к)

14


14




б
ағалау мақсатын, тестілеу дағдыларын, көлемін, сөз санын
және т.б. қоса алғанда, әр сұрақтың немесе тапсырманың спецификалық
бөлшектері



с
ұрақтар үлгісі


Тест спецификациялар және тест құрастыру бойынша басшылық
уақыт өткен сай
ы
н қайта қарастырылып отырылуы керек: алдымен тест
спецификациясы, соңынан Басшылық.

8.5 Қызметкерлер

Бағалаушы материалдарды (емтихан материалдарын) құрастыруға
тартылған қызметкерлердің негізгі құрамы мынадай:



Пән маманы:

пән бойынша кәсіби білімі мен д
ағдысы бар,
өз пәні бойынша барлық сыныптар үшін бағалауды құрастыру үдерісіне
жауап беретін, бағалаушы ұйымның құрамындағы тұрақты қызметкер.



Сұрақтарды құрастырушылар:

сұрақ кітапшасын
құрастырушылар.



Редакторлар:

сұрақ кітапшасын (жауап парағын) немесе

сұрақтарды қайта қарап, олардың оқушыларға түсінікті және екіұшты
жауап болмауына кепілдік үшін өзгерту туралы ұсыныстар енгізетін
пән мамандары.



Сарапшылар:

пән бойынша мазмұнының спецификацияға
сәйкестігі мен баспа қателерін немесе қарама
-
қайшылықтарды

тексеретін сарапшылар.



Аудармашылар:

жұмыстың логикалылығын тексере алатын,
үш тілдің (үштілділік саясатына сәйкес) екеуінен білімі бар кеңесшілер.

8.6 Емтихан материалдарын
дайындау

Балл қою схемалары мен сұрақ кітапшаларын жасау білім мен
тәжірибені және дағдыларды талап етеді. Әрбір сұрақ кітапшасы
бағалау мақсатына ғана сәйкес болып қоймай, сондай
-
ақ оқытудың кез
келген деңгейінде әрбір емтихан өткізуде бағалау стандартын сақтауы
тиіс. Емтихан материалдарының сұрақтарын құрастыру төменде
сипатталған моделімен жасалады.

Сұрақтарды құрастырушы

барлық емтихан тапсырмалары мен
оған балл қою схемасын жасау үшін тағайындалады.

Сұрақтарды құрастырушы жасаған емтихан тапсырмасының
бірінш
і нұсқасы бағалаушы ұйым арқылы оған түсініктеме беретін және
жұмысты қалай жақсартуды ұсынатын
редакторға

жіберіледі. ПӨО
-
ның
пән маманы

осы кезеңде түсініктеме енгізе алады. Сұрақтарды
құрастырушы редактордың түсініктемелеріне сәйкес жұмысты
жақсартып, о
ның қайта өңделген нұсқасын жасайды. ПӨО
-
ның пән
маманы, редактор және сұрақтарды құрастырушы, сондай
-
ақ басқа пән
бойынша сұрақтарды құрастырушылар мен редакторлар пән бойынша
15


15


Емтихан материалдарын бағалау жөніндегі комитет құрайды (ЕМБК,
аудармашының еск
ертпесі: ағылшын тіліндегі аббревиатурасы


QPEC
). ЕМБК барлық жұмыстар мен балл қою схемаларының өңделген
нұсқаларын қайта қарап, түзетулерді талқылайды және сұрақнаманың
соңғы нұсқасын бекітеді.

Сарапшы

сұрақ кітапшасындағы немесе балл қою схемаларында

баспа қателерінің жоқтығына, олардың тест спецификацияларға
сәйкестігіне кепілдік беру үшін сұрақ кітапшасының соңғы нұсқасын
тексереді. Бұл кезеңде сарапшы емтихан нұсқасын бірінші рет көреді.

Сұрақ кітапшасы мен балл қою схемаларын жасаудың үздіксіз
үд
ерісі, әдетте, бір жарым
-
екі жылға созылады, бірақ, қажет болған
жағдайда, мерзімді қысқартуға болады. Бірақ бұл мұғалімдер,
оқушылар, мектептер, ата
-
аналар және басқа да мүдделі тараптар үшін
жалпы емтиханның негізі болып табылатын емтихан материалдарының

сапасына кепілдік бойынша үдерістердің сенімділігіне әсерін тигізбеуі
керек.

8.7
-


а
лып тасталды

9

Емтихандарды өткізу және бағалау

9.1 Емтихан
ды

өткізу

Барлық емтихандар емтихан материалдарының қауіпсіздігі мен
құпиялығы ескеріліп өткізіледі.
Назар
баев
Зияткерлік мектептер
і
жұмыста О
қушы
ларының
оқу жетістіктерін
сыртқы жиынтық
бағалауын ұ
йымдастыру және өткізу туралы н
ұсқаулықты қолдану
қажет
.

9.2 Оқушылардың жұмысын бағалау

Объективтік бағалаудың басты қағидасы: білім алушының
нәтижесі оның жұмысын к
ім бағалайтынына байланысты болмауы.

Стандарттау, мониторинг, модерация және кері байланыс барлық
емтихан алушылардың оқушылар жұмысын бірдей бағалауына кепілдік
үшін қолданылады.

Бас емтихан алушы әрбір емтихан үшін жұмыстарды бағалау
жоспарының төменде
гідей құрылымына сәйкес емтихан алушылар
тобын ұйымдастырады:


16


16



Бағалау үдерісі емтихан алушылар тобы өкілдерінің Стандарттау
бойынша кездесудегі оқушылардың жұмыстары мен жауаптарын
қарастыру мен талқылаудан басталады.

Бұл барлық емтихан алушылардың баға қою және оны қолдану
схемасын бірдей түсінетіндігіне кепіл б
ола алады.

Стандарттау бойынша кездесуден кейін топ жетекшілері барлық
емтиханалушылардан оқушылардың жұмыстарының үлгілерін жинап
алып, оларды тексереді, ал топ жетекшілерінің жұмысын бас
емтиханшы сұрыптап, тексереді.

Осылайша емтихан алушылар кері бай
ланысқа түседі, егер қандай
да бір дау туғызатын жағдайлар болса, онда бұған дейін бағаланған
жұмыстар қайта тексеріледі және бағалар түзетіледі.

Зияткерлік мектептердегі емтихандардың нәтиже
лерін бағалау
ПӨО базасында КХЕК

халықаралық сарапшылары
мен

кеңе
сіп

өткізіледі.

9.3
-

алып тасталды


9.4 Курстық және тәжірибелік жұмыстарды бағалау,
жұмыстарды модерациялау

Курстық жұмыс (мысалы, информатикада қолданылуы мүмкін)
төмендегідей бағаланады:



м
ұғалімдер бағалайды;



м
ектептің ішкі деңгейінде модератор
лар

ішкі модерация
өткізеді;




ПӨО мамандары

сыртқы
модерация өткізеді.


Оқу
үдерісін

ұйымдастыру кезінде әрқашан академиялық
адалдықты тексеру және қамтамасыз ету керек
.

Оқушыларды бастауыш мектептің алғашқы кезеңдерінен
Бас емтиханшы

Топ жетекшілері

Емтихан
алышылар

17


17


зияткерлік меншік ұғымына үйрету керек, сондай
-
ақ оларға әдейі
немесе байқаусыз плагиат үшін тәуекелге бармау және жазалау туралы
нұсқау беру қажет.

9.5 Стандарттар және бағалар

Жұмыстар тексеріліп, барлық компоненттер үшін балдар
жинақталғанда, тиісті
деңгейлерге баға қою үшін шешім бойынша
жұмыс басталады. Балл орнына (балдарға қосымша) бағаларды қолдану
себебі: стандарт үшін бағаның маңызын осы бағамен
орайластырылатын жетістіктердің дескриптивтік өлшемдерін анықтау
арқылы білуге болады. Бұл стандартт
ар статистикалық мәліметтер мен
кәсіби шешімдердің үйлесімін қолдану арқылы жылдан жылға
сақталады. Бұл екі бағаның арасындағы айырмашылыққа негізделген
шешімнің объективтілігінің, балдар арасындағы айырмашылыққа
негізделген шешімге қарағанда, анағұрлым жо
ғары екендігін білдіреді.
Бағалау стандарты осы бағалармен беріледі және баға қою үдерісі
бағалаушы ұйымға бағалаудың бірінші жылына тиісті стандарттарды
анықтап, келесі жылдары сол стандарттарды ұстануға мүмкіндік береді.

Зияткерлік мектептердің бағалауш
ы ұйымы
5,
10, 11 және 12
-
сыныптарда жиынтық бағалау үшін A*, A, B, C, D және E бағаларын
қолданады. Бұл «бағалар жүйесі» сыналды, тестіленді және
халықаралық стандарттармен салыстырудаа көмектеседі. Бесінші
сыныптағы жиынтық бағалау үшін, нәтижелер туралы

ақпараттарды
қолдану әртүрлі болатындықтан, бағалардың басқа, әлдеқайда ықшам
жүйесі ыңғайлы.

A*, A, B, C, D және E бағалар жүйесін қолдануда А, С және Е
бағаларының ең төменгі балы, әдетте, статистикалық мәліметтер мен
кәсіби шешімді қолдану арқылы белг
іленеді, ал басқа бағалар
арифметикалық жолмен есептеледі. Әр баға үшін (өту балы) ең төменгі
өту балдары туралы шешім әртүрлі техникалық және статистикалық
мәліметтермен, сондай
-
ақ бас емтиханшылардың кәсіби шешімімен
бекітіледі. Төменгі өту балын анықтау

үдерісі «баға қою» сияқты
белгілі және төменде қысқаша сипатталады.


9.5.1 Стандартты анықтау

Емтиханды бірінші өткізгеннен кейін, барлық балл қойылғанда,
оқушылардың көрсеткіштерін талқылау және бағалар бойынша басты
өту балдарын белгілеу үшін
Аттестаттау комиссия
сын
ың
мүшелерімен

кездесу өткізіледі. Емтихандардың бірінші бөлімі үшін бұл келесі
жылдарға ауыстырылатын стандартты енгізу болып есептелінеді.
Емтиханның бірінші бөлімінде А, С және Е «шешуші» бағаларының
стандарты оқушылардың жұмыстар
ына және тест спецификация
құжатындағы бағалар түсіндірмесіне негізделіп, бас емтиханшылар мен
басқа пән сарапшыларының шешімімен анықталады. Басқа
18


18


мәліметтерге де сүйенуге болады. Ондай мәліметтер төмендегілердің
біреуін (немесе екеуін) қамти алады:



сол с
ыныпта, сол пәннен және дәл сондай қойылған бағамен
басқа емтихан жұмыстарының үлгілері



оқушылардың басты жетістіктеріне объективтік баға бере
алатын алдыңғы емтихандарының бағалары.

Аттестаттау комиссиясының

мақсаты кейінгі жылдары
өзгермеген стандартты
сақтауға кепіл болу болып табылады.

Бағалар өлшемі белгіленіп, оқушыларға алдын ала бағалар
қойылғанда, бас емтиханшылар бағалау ұйымдарындағы пән
сарапшылардың жетекшілігімен
бағаларды шолу бойынша жиналыс
өткізеді. Бұл жиналыстың мақсаты сәйкес келмейті
н баға қою қаупі бар
оқушыларды анықтау болып табылады. Оларға бағалары өту балына
тым жақын (
ескертпе:

өту балы бағалар арасындағы шекара болып
табылады, бағаларды бөледі) оқушылар жатады, сондықтан бағаға аз
ғана өзгеріс енгізу олардың бағасын жоғарылата
ды немесе төмендетеді.
Бағаларды шолу бойынша жиналыс
, осылайша, бағалар шегіндегі
балдар есебінен қателесу мүмкіндігін азайтады.


9.5.2 Стандартты сақтау

Аттестаттау комиссиясы

емтихандарды өткізудің екінші және
одан кейінгі жылдары стандартты сақтау
бойынша сенімді
дереккөздерін өсу саны бойынша пайдаланады. Оған мыналар жатады:



Жыл сайын емес, мерзімді түрде өткізіліп тұратын
салыстырмалы зерттеулер. Бұл зерттеулердің мақсаты 10, 11 және 12
сыныптардағы емтихандар стандартының халықаралық салыстырмал
ы
тестілерге байланысты ауыстырылмағанын тексеру болып табылады.



Бағалау жүргізу кезінде білім алушылардың жұмысын анық
меңгеріп, бас емтиханшылардың шағын тобымен бірлесіп бағалау үшін
формалды кездесуде бұдан бұрынғы оқушылардың «шекаралық» балы
бар жұ
мыстарының архивімен салыстыру.



Оқушылардың басты жетістіктері туралы мәліметтер 5
немесе 10 сыныптарда сыртқы бағалаудан өткен оқушылардың сыртқы
бағалаудың келесі кезеңіне өтуіне қарай аса қолжетімді болады.



Қазіргі және алдыңғы емтихандар үшін, орташа
балдың
өзгеруін қосқанда, балл бөлуді, нормадан стандарттық ауытқуды және
осы балға қол жеткізген оқушылардың кумулятивтік пайызын
салыстыру.



Мұғалімнің бағалар жиынтығындағы өзгерістер. Бұл
мұғалімдердің бағалау стандарты мен стиліне дағдылануына қарай
қ
ызығушылықтарының артуына әсер етеді, бірақ оларды толығымен
және дәлме
-
дәл қабылдамайды. Мектептерден емтихан өткізудің
алдында әр оқушының әр пән бойынша бітіру бағалары туралы
өздерінің шынайы болжамдарын ұсыну талап етіледі. Бұл курсты
19


19


бітірер алдында
орындалған жұмысқа, сол сияқты мектептегі алдын ала
өткізілген емтихандар нәтижесіне негізделеді. Оқушылардың болжалды
нәтижесін анықтау


арнайы дағдыларды талап ететін, бірақ
мұғалімдердің білуі тиіс маңызды кәсіби тапсырма. Бұл оқытудың
көмегімен оқытуд
ың әртүрлі кезеңіндегі бағалау стандартын анық
түсінуге болатындықтан, ол (тренинг) маңызды құрал болып табылады.
Зияткерлік мектептер оқудың бұл түрінің барлығына қолжетімді
екендігіне кепілдік беру үшін, бағалау ұйымы арқылы және оның
көмегімен жұмыс іст
ей отырып, бұған жауапкершілікте болады.

Емтихан өткізудің бірінші жылындағыдай, баға қою үшін кездесу
аппеляциялық комиссияның жиналысымен жалғасады.

9.6 Нәтижелерді жариялау

ПӨО

Зияткерлік мектептері оқушыларының нәтижелерін
жариялайды. Бұл кестеде емтиханның өткізілген күні, оқушылар,
емтихан тапсырылған пәндер және алынған бағалар туралы негізгі
ақпараттар болады. Нәтижелер кестесі, нәтиежелер туралы ақпарат
кестеде алдын ала б
ерілетіндіктен, сертификат бола алмайды. Бұл
оқушыларға нәтижелерін аппеляциялауға мүмкіндік береді.

9.7 Нәтижелерді апелляциялау

ПӨО
-
ның емтиханға қойған бағалары «алдын ала» нәтижелер
болып есептелінеді, ал еге
р оқушы

қате кетті деген жағдайда,
мектепт
ерге сұрау беруге мүмкіндік беріледі.

Бағалаудың мұндай жағдайларында білім алушылардың
жауаптары қайта қаралады. Бұл бірінші рет кім бағалағанына немесе
баға қою Аппеляциялық комиссияда тексерілгеніне қарамастан
жасалады.

Бұл кезеңде сыртқы модерациядан

өткен курстық жұмыс
бойынша жеке нәтижелер қаралмайды.

Бағалауды қайта қарау баға қоюда қате жіберілмегенін тексеру
болып табылады. Шешімдердің айырмашылығы (аппеляциялық
комиссия мүшесі шамалы айырмашылығы бар баға қоюы мүмкін, бірақ
бірінші баға балл қ
ою схемасына да, сол сияқты стандарттау уақытында
ұсынылған басшылыққа сәйкес келеді) бұл кезеңде балдағы қандай да
бір өзгерістерге әкеп соқтырмауы керек. Бұл кезеңде нәтижелердің
сирек өзгеретініне қарамастан, бағаларды қайта қараудың мұндай
тәжірибесіні
ң мүмкіндігі жақсы тәжірибе болады.

9.8 Сертификаттар
ды

шығару

А
ппеляциялау
дан

кейін

12
-
сынып оқушыларының нәтижелері
әріппен белгіленген баға түрінде толтырылған
Сертификат
та
көрсетіледі.


Приложенные файлы

  • pdf 9423642
    Размер файла: 577 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий