ЖБ_?дебиеттік о?у 3-сынып

Жиынтық бағалауға арналған
әдістемелік ұсыныстар
Әдебиеттік оқу
3-сынып
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 3-сынып білім алушыларына «Әдебиеттік оқу» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (қазақ тілінде білім беретін) бастауыш сыныптың (2-4-сыныптары) «Әдебиеттік оқу» (оқыту қазақ тілінде) пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған.
Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Тапсырмалар мен рубрикалар ұсыныс түрінде берілген.
Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу үшін спецификацияда тапсырма үлгілері мен балл қою кестесі ұсынылған. Спецификация стандартталған және оны тоқсандық жиынтық бағалауды өткізуде басшылыққа алу міндеттелген.
Әдістемелік ұсыныстар бастауыш сынып мұғалімдеріне, мектеп әкімшілігіне, білім беру бөлімінің әдіскерлеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп, өңірлік үйлестірушілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.
 
Әдістемелік ұсыныстарды дайындау барысында ресми интернет-сайттағы қолжетімді ресурстар (суреттер, фотосуреттер, мәтіндер, аудио және бейнематериалдар) қолданылды.
 
Мазмұны
TOC \o "1-3" \h \z \u 1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР PAGEREF _Toc481668776 \h 4«Тірі табиғат» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау PAGEREF _Toc481668777 \h 4«Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау PAGEREF _Toc481668778 \h 71-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы PAGEREF _Toc481668779 \h 102-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР20«Уақыт» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау21«Ғимараттар» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау PAGEREF _Toc481668788 \h 202-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы PAGEREF _Toc481668789 \h 233-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР PAGEREF _Toc481668792 \h 30«Өнер» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау PAGEREF _Toc481668793 \h 30«Атақты тұлғалар» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау413-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы464-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР52«Су-тіршілік көзі» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау53«Демалыс мәдениеті. Мерекелер» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау564-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы60
1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Тірі табиғат» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалауСөйлеу әрекетінің
түрлері
Тыңдалым және айтылым
Оқу мақсаты 3.1.1.1 Шығарманың маңызды тұстарын анықтау үшін ашық сұрақтар қою және жауап беру
3.1.2.1 Шығарманың мазмұнын бірлесе құрастырған жоспар бойынша немесе өз сөзімен толық/таңдауына қарай мазмұндау/ сахналау
Бағалау критерийі
Білім алушы
Мәтіндегі маңызды ақпараттарды анықтауға бағытталған сұрақтар құрастырады және жауап береді
Мәтіннің мазмұнын өз сөзімен баяндайды
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Орындау уақыты 20 минут
Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңда.
284038167585 Жануарлар – табиғаттың тамаша жаратылысы. Олар туралы таңқаларлық деректерге көптеген мысал келтіруге болады. Мысалы, құмырсқалар өзінің салмағынан 60 есе ауыр жүкті көтере алады. Оларды палуан құмырсқалар деп атайды. Қолтырауындар тас жейді. Осының арқасында асқорыту жүйесін күшейтеді, суда тепе-теңдікті ұстайды. Ал пілдердің сурет сала алатынын білесің бе? Пілдер-дүниедегі ең ақылды жануарлар. Оның миының салмағы -5кг. Көбелектер гүлдердің иісін ондаған шақырым қашықтықтан сезе алады. Олар иісті қанаттарының көмегімен сезеді. Ғалымдар тотықұстардың сөйлей алғанымен қоса, үлкен мен кіші, ұқсас және бөлек заттарды ажырата алатындығын дәлелдеген. Жануарлар дүниесінде мұндай қызықты мәліметтер өте көп.
0 Жануарлар – табиғаттың тамаша жаратылысы. Олар туралы таңқаларлық деректерге көптеген мысал келтіруге болады. Мысалы, құмырсқалар өзінің салмағынан 60 есе ауыр жүкті көтере алады. Оларды палуан құмырсқалар деп атайды. Қолтырауындар тас жейді. Осының арқасында асқорыту жүйесін күшейтеді, суда тепе-теңдікті ұстайды. Ал пілдердің сурет сала алатынын білесің бе? Пілдер-дүниедегі ең ақылды жануарлар. Оның миының салмағы -5кг. Көбелектер гүлдердің иісін ондаған шақырым қашықтықтан сезе алады. Олар иісті қанаттарының көмегімен сезеді. Ғалымдар тотықұстардың сөйлей алғанымен қоса, үлкен мен кіші, ұқсас және бөлек заттарды ажырата алатындығын дәлелдеген. Жануарлар дүниесінде мұндай қызықты мәліметтер өте көп.

Мәтінен суреттегі жануарлар туралы қандай маңызды ақпарат алдың?
Мәтін бойынша маңызды ақпаратты анықтайтын бір сұрақ құрастыр _____________________________________________________________________
Сұрақтардың көмегімен мәтіннің мазмұнын айт.
Мәтінде жануарлар туралы қандай маңызды ақпараттар берілген?
Жануарлар туралы қандай қызықты мәліметтер бар?
Бағалау критерийі Тапсырма
№ Дескриптор Балл
Білім алушы Мәтіндегі маңызды ақпараттарды анықтауға бағытталған сұрақтар құрастырады және жауап береді
1
мәтіннен піл туралы маңызды ақпаратты анықтайды; 1
мәтіннен көбелектер туралы маңызды ақпаратты анықтайды; 1
мәтіннен қолтырауынға қатысты маңызды ақпаратты анықтайды; 1
мәтін бойынша сұрақ құрастырады; 1
Мәтіннің мазмұнын өз сөзімен баяндайды 2 сұрақтардың негізінде мәтіннің мазмұнын айтады; 1
мәтіндегі маңызды ақпараттарды қамтиды; 1
сөздерді лексикалық, грамматикалық мағынасына сәйкес қолданады; 1
Барлығы 7
«Тірі табиғат» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні _________________________________________________
Бағалау
критерийі Тапсырма

Оқу жетістіктерінің деңгейі
Төмен Орта Жоғары
Мәтіндегі маңызды ақпараттарды анықтауға бағытталған сұрақтар құрастырады және жауап береді
1 164401597980500Мәтіндегі маңызды ақпараттарды анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыруда және жауап беруде қиналады. Мәтіндегі маңызды ақпараттарды анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыруда/ мәтіннен маңызда ақпараттарды анықтауда қателіктер жібереді.
15656891587500
Мәтіндегі маңызды ақпараттарды анықтайды және маңызды ақпаратты анықтауға бағытталған сұрақ құрастырады.
141108017653000
Мәтіннің мазмұнын өз сөзімен баяндайды 2 Мәтіннің мазмұнын айтуда қиналады.
164401532893000 156919668160300Мазмұндау барысында мәтіндегі маңызды ақпараттарды қамтуда/ сөздерді мағынасына қарай қолдануда қателеседі.
Мәтіннің мазмұнын өз сөзімен толық баяндайды.
140970034480500

«Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалауСөйлеу әрекетінің
түрлері Оқылым
Жазылым
Оқу мақсаты 3.2.3.1Шығарманың тақырыбын анықтау және негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін/сөйлемді анықтау
3.3.1.1 Мұғалім көмегімен оқылған шығарманы логикалық бөліктерге бөліп, әр бөлікке ат қойып жоспар құру
Бағалау критерийі
Білім алушы
Мәтіннің тақырыбын және негізгі ойды анықтайды
Мәтінді бөліктерге бөліп, жоспар құрады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 20 минут
Тапсырма
Мәтінді түсініп оқы. Сұрақтарға жауап бер.

129209127387Биік таудың беткейінде үлкен емен ағашы өсіп тұратын.
Бірде өтіп бара жатқан жел еменді құлатпақ болып, бар күшімен үрлей бастады. Ол қанша күшенсе де, емен былқ етпеді. Керісінше, жапырақтарын қимылдатып, желді мазақ қылғандай болды.
Ызаланған жел найзағай мен жаңбырды көмекке шақырды. Аспанды қап-қара бұлт басып, күн күркіреді. Найзағай ойнап, жаңбыр жауды. Емен одан сайын құлпыра түсті. Еменді құлата алмайтынын түсінген жел оның сырын сұрады.
Мен туған жерімде өсемін, тамырларыммен туған топырағыма мықтап бекінгенмін. Менің күшті болуымның сыры осында, - деді емен.
0Биік таудың беткейінде үлкен емен ағашы өсіп тұратын.
Бірде өтіп бара жатқан жел еменді құлатпақ болып, бар күшімен үрлей бастады. Ол қанша күшенсе де, емен былқ етпеді. Керісінше, жапырақтарын қимылдатып, желді мазақ қылғандай болды.
Ызаланған жел найзағай мен жаңбырды көмекке шақырды. Аспанды қап-қара бұлт басып, күн күркіреді. Найзағай ойнап, жаңбыр жауды. Емен одан сайын құлпыра түсті. Еменді құлата алмайтынын түсінген жел оның сырын сұрады.
Мен туған жерімде өсемін, тамырларыммен туған топырағыма мықтап бекінгенмін. Менің күшті болуымның сыры осында, - деді емен.

Мәтін не туралы? Мәтінге ат қой ____________________________________________
Мәтіннің негізгі ойын білдіріп тұрған сөйлемдерді тауып, астын сыз.
Сұрақтардың көмегімен мәтіннің бөліктерін анықтап, қоршап сыз. Әр бөлікке ат қойып, мәтінге жоспар құр.

Бағалау критерийі Тапсырма
№ Дескриптор Балл
Білім алушы Мәтіннің тақырыбын және негізгі ойды анықтайды 1 мәтінге тақырып қояды; 1
негізгі ойды білдіретін сөйлемді анықтайды; 1
Мәтінді бөліктерге бөліп, жоспар құрады
2 сұрақтарға сүйеніп, мәтіннің құрылымдық бөліктерін анықтайды; 1
мәтіннің бастапқы бөлігіне сәйкес ат қояды; 1
мәтіннің негізгі бөліміне сәйкес ат қояды; 1
мәтіннің соңғы бөлігіне сәйкес ат қояды. 1
Барлығы 6

«Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні _________________________________
Бағалау критерийі
Тапсырма
№ Оқу жетістіктерінің деңгейі
Төмен Орта Жоғары
Мәтіннің тақырыбын және негізгі ойды анықтайды 1 Мәтінге тақырып қоюда және мәтіннің негізгі ойын білдіретін сөйлемді анықтауда қиналады.
16633137534400 157419272826300Мәтінге тақырып қоюда / мәтіннің негізгі ойын білдіретін сөйлемді анықтауда қателеседі. 144092572771000Мәтінге тақырып қояды және негізгі ойды білдіріп тұрған сөйлемді анықтайды.
Мәтінді бөліктерге бөліп, жоспар құрады
2 166306560129000Мәтіннің құрылымдық бөліктерін ажыратуда және мәтінге жоспар құруда қиналады.
157457960071000Мәтіннің құрылымдық бөліктерін ажыратуда/ мәтінге жоспар құруда қателіктер жібереді.
Мәтіннің құрылымдық бөліктерін анықтап, мәтінге жоспар құрады.
14406777493000
1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУДЫҢ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес білім алушылардың оқу мақсаттарына жеткендігін тексеруге және тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға бағытталған.
Спецификация 3-сыныпта «Әдебиеттік оқу» пәні бойынша тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұны мен өткізу рәсімін сипаттайды.
2. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар
«Әдебиеттік оқу» оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында), бастауыш білім беру (2-4 сыныптар).
3. 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
3.1 Ұзақтығы – 40 минут
Балл саны – 16
Тыңдалым мен айтылым бөлек тексеріледі.
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әр түрлі тапсырмалар: көп таңдауы бар сұрақтар, қысқа немесе толық жауапты қажет ететін сұрақтар қолданылады.
Берілген нұсқа көп таңдауы бар сұрақтарды, қысқа немесе толық жауапты қажет ететін сұрақтарды қамтитын 4 тапсырмадан тұрады.
Көп таңдауы бар сұрақтарда білім алушы ұсынылған жауап нұсқаларынан дұрысын таңдайды.
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға білім алушы сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.
Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар мәтінді түсінуге, өз ойын ауызша және жазбаша түрде толық, жүйелі, түсінікті етіп жеткізуге бағытталған.
Тапсырма бірнеше құрылымдық бөліктерден/сұрақтардан тұруы мүмкін.
Бірінші тапсырма тыңдалым және айтылым дағдысын, екіншісі – оқылым, үшінші және төртінші тапсырмалар жазылым дағдысын тексеруге бағытталған.
№ Сөйлеу әрекетінің
түрлері Ортақ тақырып Оқу мақсаты Тапсырманың сипаттамасы Тапсырма
саны Жалпы балл
1 Тыңдалым және
айтылым Тірі табиғат
Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен 3.1.3.1 Шығармадағы
кейіпкерлердің мінез-құлқы мен
іс-әрекетіне, ондағы оқиғаларға
сүйеніп, сюжеттің дамуын болжау
Білім алушы ашық түрдегі толық жауапты қажет ететін тапсырманы орындайды. 1 6
2 Оқылым 3.2.2.1 Шығарма мазмұны бойынша қолдануға (практикалық), бағалауға және шығармашылыққа негізделген сұрақтар қою және жауап беру Білім алушы жабық түрдегі көп таңдауы бар, ашық түрдегі қысқа және толық жауапты қажет ететін құрамдас тапсырманы орындайды. 1 5
3-4 Жазылым 3.3.1.1 Мұғалім көмегімен оқылған шығарманы логикалық бөліктерге бөліп, әр бөлікке ат қойып жоспар құру
3.3.4.1 Мұғалімнің көмегімен шығарманың құрылымын, стилін жетілдіру, өз бетінше орфографиялық, пунктуациялық қателерді табу және түзету Білім алушы ашық түрдегі қысқа және толық жауапты қажет ететін тапсырмаларды орындайды. 2 5
Барлығы 3 16
4. Тапсырмалар үлгісі және балл қою кестесі
«Әдебиеттік оқу» пәнінен
1-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары
Тыңдалым және айтылымМәтінді мұқият тыңда. Сұрақтарға жауап бер.
311343144504 Табиғат ананың Жер, Су, Ағаш, Ауа деген ұлдары болыпты. Бір күні Табиғат-ана ұлдарын шақырып алып:
-Адамдарға адал қызмет еткен балама үлкен сый тартамын,- деп уәде береді.
Ұлдары адамдарға жақсылық жасауға қуана келіседі. Олар жан-жаққа кетіп, адамдарға көп игілікті іс жасайды. Күндердің күнінде еліне қайтып оралған ұлдары аналарының бұрынғыдан да көріктене түскенін көріп:
- Апатай, сіз қандай керемет күйге түскенсіз, мұның сыры неде? – деп сұрайды.
0 Табиғат ананың Жер, Су, Ағаш, Ауа деген ұлдары болыпты. Бір күні Табиғат-ана ұлдарын шақырып алып:
-Адамдарға адал қызмет еткен балама үлкен сый тартамын,- деп уәде береді.
Ұлдары адамдарға жақсылық жасауға қуана келіседі. Олар жан-жаққа кетіп, адамдарға көп игілікті іс жасайды. Күндердің күнінде еліне қайтып оралған ұлдары аналарының бұрынғыдан да көріктене түскенін көріп:
- Апатай, сіз қандай керемет күйге түскенсіз, мұның сыры неде? – деп сұрайды.

Табиғат ана ұлдарына қандай уәде берді? ________________________________________________________________________
Мәтін бойынша 1 сұрақ құрастыр. ________________________________________
Табиғат ананың керемет күйге түсуінің себебі неде болуы мүмкін?
Әрі қарай не болады деп ойлайсың?
[6]

Балл қою кестесі
Тапсырма№ Жауап Балл Қосымша ақпарат
1
Білім алушының ықтимал жауаптары:
Адамдарға адал қызмет еткен баласына сыйлық беретінін айтты/Адамдарға қызмет етсе сыйлық беремін деді/ Сыйлық беруге уәде берді/... 1 Сұрақтардың мазмұнына сәйкес басқа да дұрыс жауаптар қабылданады.
Табиғат ана балаларынан нені талап етті?/Балалары не істеді?/Олар анасының қандай күйін көрді?/Балалары анасына қандай сұрақ қойды?/... 1 Мәтіннің мазмұнына қатысты басқа да сұрақтар қабылданады.
Себебі, ұлдары адамдарға жақсылық жасады/Өйткені ұлдары уәдесінде тұрды/ Ұлдарының іс-әрекеті ұнады/ Балаларының ісіне қуанды/ 1 Сұрақтардың мазмұнына сәйкес басқа да дұрыс жауаптар қабылданады.
Білім алушының ықтимал жауабы:
Табиғат ана берген уәдесін орындап, балаларына күннің жарығы мен жылуын сыйлапты. Содан бері ұлдары аналарының сұлулығын сақтап қалу үшін адамдарға адал қызмет етіп келеді екен. 1 Мәтіндегі оқиғаға сәйкес болжам жасай отырып, мәтінді аяқтайды.
1 Оқиғаның логикалық жүйесін сақтайды.
1 Сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтайды.
Барлығы 6 Оқылым
Мәтінді түсініп оқы. Тапсырмаларды орында.
34290069436Жаман
Арсылдаған ит ызалана тап -тап береді. Шарбақтың басында бір кішкентай мысық бүрісіп отыр. Иттен қорыққанынан жонын күжірейтіп, ысылдаған дыбыс шығарады. Анадай жерде оқиғаның соңын күткен екі бала состиып қарап тұр. Оны терезеден көрген бір әйел сыртқа жүгіріп шықты.
– Ұялмайсыңдар ма! – деген зілді дауыстан екі бала селік етіп, арттарына қарады. Әйел қолындағы таяғымен итті жасқап, қуып жііберді.
– Біз не істедік?- деп таңданды екі бала. – Біз жай ғана қарап тұрмыз ғой.
– Міне, ең жаманы осы, – деді әйел зілденіп.
00Жаман

Бейтаныс әйел балаларға неге ашуланды? ____________________________________
Балалар қалай жауап берді? _______________________________________________
Олардың қайсысының іс- әрекетін дұрыс деп санайсың? Неліктен?
597590129043бейтаныс әйелдің
балалардың
00бейтаныс әйелдің
балалардың

Себебі ____________________________________________________________

Балалардың іс-әрекетін қалай түсінуге болады? 2 тұжырымды белгіле ().
176171195801батылсыздық
қорқақтық
әуесқойлық
немқұрайлылық
батылсыздық
қорқақтық
әуесқойлық
немқұрайлылық

[5]
Балл қою кестесі
Тапсырма № Жауап Балл Қосымша ақпарат
2
Білім алушының ықтимал жауабы:
Мысыққа араша түспегендері үшін/Итті қуып жібермегені үшін/мысыққа көмектеспей, босқа қарап тұрғандары үшін/. 1 Сұрақтың мазмұнына сәйкес басқа да дұрыс жауаптар қабылданады.
Біз не істедік? Жай ғана қарап тұрмыз ғой/ Біздің қандай кінәміз бар? Ештеңе істеген жоқпыз ғой/ Біз жай ғана қарап тұрмыз. Ештеңе істеген жоқпыз/... 1
Себебі, ол мысықты иттен арашалап алды/ Мысыққа көмектесті/ Балалардың қателігін түсіндірді/Балаларға өнеге көретті/... 1 Немқұрайлылық 1 Әуесқойлық 1 Барлығы 5 Жазылым
Берілген сұрақтардың көмегімен оқыған мәтінді 3 бөлікке бөл. Әр бөлікке ат қой.
Мәтіннің бөліктері Сұрақтар Жоспар/тақырып
1) Оқиға неден басталды?
Мәтін не туралы?
Ит пен мысық не істеді?
1) _______________________
2) Әрі қарай не болды? Балалар не істеп тұрды?
Мысықты кім құтқарды? 2)_______________________
3) Оқиға қалай аяқталды? Балалар неге таңқалды?
Бейтаныс әйел не деді?
3) _______________________
[3]

Әйелдің сөзінен кейін балалар не істейді деп ойлайсың? Балаларға қатысты 1 сөйлем құрап жаз.
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________
[2]
Балл қою кестесі
Тапсырма № Жауап Балл Қосымша ақпарат
3

Білім алушының ықтимал жауаптары:
Ит пен мысық/ Араздық/ 1 Мәтіннің құрылымдық бөліктеріне сәйкес басқа да атаулар қабылданады.
Әуесқойлық/ Араша/ Мысықты құтқару 1 Таңдану/ Жаман/ ... 1 Балалар өздерінің қателігін түсініп, әйелден кешірім сұрады/ Балалар ұялып, төмен қарады/ ... 1 Сұрақтың мазмұнына сәйкес сөйлем құрастырып жазады.
1 Сөйлемнің құрылымын сақтай отырып, сауатты жазады.
Барлығы 5 5. Тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу ережелері
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойған дұрыс.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқау оқылып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығы хабарланады. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі. Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтылады.
Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіледі. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі.
Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен сызып қою ұсынылады.
Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым салынады.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі хабарлап отыру қажет.
Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтіну керек.
6. Модерация және балл қою
14966315-672973000Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.
2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Уақыт» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалауСөйлеу әрекетінің
түрлері
Тыңдалым және айтылым
Оқу мақсаты 3.1.1.1 Шығарманың маңызды тұстарын анықтау үшін ашық сұрақтар қою және жауап беру
3.1.3.1 Шығармадағы кейіпкерлердің мінез-құлқы мен іс-әрекетіне, ондағы оқиғаларға сүйеніп, сюжеттің дамуын болжау
Бағалау критерийі Білім алушы
Мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді
Шығармадағы оқиғаның соңын болжайды
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 20 минут

Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңда. Тапсырмаларды орында.
64107136083 Екі бала көше бойындағы бағанада ілініп тұрған сағаттың қасында әңгімелесіп тұр.
– Жақшалы өрнек болғандықтан есепті шығара алмадым, - деді Нұрлан.
– Ал мен көп таңбалы сандарды дұрыс есептей алмадым,- деді Ораз.
– Ендеше екеулеп шығарып тастайық. Әлі уақытымыз бар ғой, - деді Нұрлан. Бұл кезде бағанадағы сағат бір жарымды көрсетіп тұрған.
– Әлі жарты сағат уақыт бар екен. Бұл уақытта ұшқыш жолаушыларды бір қаладан екіінші қалаға жеткізе алады, - деді Ораз келіскенін білдіріп.
– Ал менің капитан ағам жиырма минутта апатты кемедегі жолаушыларды қайыққа отырғызып үлгерген.
– Жиырма минут дейсің бе? Кейде он минуттың өзінде біраз шаруа тындыруға болады. Тек әр минутты ескеру керек, - деді Ораз маңғазданып.
Осылайша балалар біраз қызықты оқиғаларды еске түсірді. Бір кезде Ораздың көзі сағатқа түсіп кетті. Тұп- тура екі болыпты.
– Жүгірейік!- деді Нұрлан. – Біз сабаққа кешіктік!
– Ал есеп ше? - деді Ораз сасқалақтап.
Жүгіріп бара жатқан Нұрлан қолын бір сілтеді.
00 Екі бала көше бойындағы бағанада ілініп тұрған сағаттың қасында әңгімелесіп тұр.

Жұптық жұмыс
Мәтіннің кейіпкерлері не туралы әңгімелесті? Олардың атынан диалог құрастыр.
Сұрақтарға жауап бер.
Балалардың сабаққа кешігуіне не себеп болды?
Ораз уақыт туралы қандай ой айтты?
Оқиға қалай аяқталды деп ойлайсың?
Олар өз уақытын бағалай алды ма? Уақытты бағалау дегенді қалай түсінесің?
Бағалау критерийі Тапсырма
№ Дескриптор Балл
Білім алушы Мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді
1 мәтіндегі ақпаратқа сәйкес диалог құрастырады; 1
сөйдеу барысында тілдік нормаларды сақтайды; 1
мәтін бойынша бірінші сұраққа жауап береді; 1
мәтін бойынша екінші сұраққа жауап береді; 1
Шығармадағы оқиғаның соңын болжайды 2 мәтіндегі оқиғаның соңын болжап әңгімелейді; 1
болжамды оқиғамен жүйелі байланыстырады; 1
берілген сұраққа қатысты көзқарасын айтады. 1
Барлығы 7
«Уақыт» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні _________________________________________________

Бағалау
критерийі Тапсырма
№ Оқу жетістіктерінің деңгейі
Төмен Орта Жоғары
Мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді
1
153543082169000Мәтін бойынша маңызды тұстарды қамти отырып диалог құрастыруда және сұрақтарға жауап беруде қиналады.
182982282169000Мәтін бойынша маңызды тұстарды қамти отырып диалог құрастыруда/ бірінші/ екінші/ сұрақтарға жауап беруде қателіктер жібереді. 163258582169000Мәтін бойынша маңызды тұстарды қамти отырып диалог құрастырады және сұрақтарға жауап береді.
Шығармадағы оқиғаның соңын болжайды 2 153543080460000Мәтіндегі оқиғаның соңын болжай отырып әңгімелеуде және мәтіннің мазмұнына қатысты ойын айтуда қиналады.
Мәтіндегі оқиғаның соңын болжауда/ мәтіннің мазмұнына қатысты ойын айтуда қателеседі.
182982210350500 Мәтіндегі оқиғаның соңын болжайды және мәтіннің мазмұнына қатысты ойын айтады.
163388210350500
«Ғимараттар» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалауСөйлеу әрекетінің
түрлері Оқылым
Жазылым
Оқу мақсаты 3.2.1.2 Шығарманы іштей саналы түрде түсініп, көз
жүгіртіп/ шолып/ түртіп алып/ қажетті
ақпаратты тауып/ белгі қойып/сын
тұрғысынан бағалап оқу
3.3.2.1 Шығарма кейіпкеріне хат/ ертегі (кейіпкер қосу, соңын өзгерту...)/ өлең (төрт жолды)/ әңгіме (оқығаны, көргені бойынша) жазу
Бағалау критерийі Білім алушы
Мәтіннен қажетті ақпаратты тауып, белгілейді
Мәтіннің негізінде шығармашылық жұмыс жасайды

Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Орындау уақыты 20 минут
Тапсырма
Мәтінді түсініп оқы. Тапсырмаларды орында.
16002079375 Астана қаласы жылдан -жылға көркейіп келеді. Оның жаңадан салынған ғимараттары мен әдемі алаңдары көз тартады.Қалада биіктігі 100 метрден асатын биік ғимараттар көп. Мысалы,  «Қазақстан Темір Жолы» ұлттық компаниясының бас ғимараты заманауи үлгіде жасалған зәулім мекеме. Биіктігі – 175 метр. «Меруертті мекен» - әр түрлі биіктіктегі көп қабатты тұрғын үй кешені. Арасындағы ең биігі 210 метрге жуықтайды. Ғимараттың соңғы қабатының аумағы бірінші қабаттан 15 метрге артықтығымен ерекшеленеді.
Қазір мұндай ғимараттар Астананың мақтанышына айналды.

00 Астана қаласы жылдан -жылға көркейіп келеді. Оның жаңадан салынған ғимараттары мен әдемі алаңдары көз тартады.Қалада биіктігі 100 метрден асатын биік ғимараттар көп. Мысалы,  «Қазақстан Темір Жолы» ұлттық компаниясының бас ғимараты заманауи үлгіде жасалған зәулім мекеме. Биіктігі – 175 метр. «Меруертті мекен» - әр түрлі биіктіктегі көп қабатты тұрғын үй кешені. Арасындағы ең биігі 210 метрге жуықтайды. Ғимараттың соңғы қабатының аумағы бірінші қабаттан 15 метрге артықтығымен ерекшеленеді.
Қазір мұндай ғимараттар Астананың мақтанышына айналды.

Сәйкестендір.
52602822418«Меруертті мекен»
«Қазақстан Темір Жолы»
мекеме ғимараты
әдемі алаңқай
тұрғын үй кешені
«Меруертті мекен»
«Қазақстан Темір Жолы»
мекеме ғимараты
әдемі алаңқай
тұрғын үй кешені

«Меруертті мекен» ғимаратының қандай ерекшелігі бар? Мәтіннен тауып, астын сыз.
Мәтінге ат қой ______________________________________________________
Берілген тірек сөздерді қолданып, Астана қаласы туралы әңгіме, өлең немесе ертегі құрастырып жаз.
Тірек сөздер: елорда, сәулетті, зәулім үйлер, жас қала, бас қала, Есіл өзені,
«Бәйтерек» монументі, көрікті, көз тоймайды, ғимараттар, елімнің жүрегі.
Бағалау критерийі Тапсырма
№ Дескриптор Балл
Білім алушы Мәтіннен қажетті ақпаратты тауып, белгілейді
1 бірінші ғимарат атауын қолданыс саласымен сәйкестендіреді; 1
екінші ғимарат атауын қолданыс саласымен сәйкестендіреді; 1
аталған ғимараттың ерекшелігін анықтайды; 1
мәтіннің тақырыбын анықтайды; 1
Мәтіннің негізінде шығармашылық жұмыс жасайды
2 тақырыпқа сәйкес шығармашылық жұмыс жасайды; 1
тірек сөздерді орынды қолданады; 1
жазу барысында лексика - грамматикалық нормаларды сақтайды. 1
Барлығы 7
«Ғимараттар» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні _________________________________

Бағалау критерийі
Тапсырма
№ Оқу жетістіктерінің деңгейі
Төмен Орта Жоғары
Мәтіннен қажетті ақпаратты тауып, белгілейді
1
148675665976500Мәтіннен қажетті ақпараттарды анықтауда және мәтінге ат қоюда қиналады.
Мәтіннен қажетті ақпараттарды анықтауда/ мәтінге тақырып қоюда қателеседі.
182976613254900
159766065578900Мәтіннен қажетті ақпараттарды анықтайды және мәтінге ат қояды.
Мәтіннің негізінде шығармашылық жұмыс жасайды

2
Тақырыпқа сәйкес шығармашылық жұмыс жасауда қиналады.
148197933619100 182816590868500Тақырыпқа сәйкес шығармашылық жұмыс жасайды, тірек сөздерді қолдануда/ лексика- грамматикалық нормаларды сақтауда қателеседі.
159766086164000Тақырыпқа сәйкес шығармашылық жұмыс жасайды.
2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУДЫҢ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес білім алушылардың оқу мақсаттарына жеткендігін тексеруге және тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға бағытталған.
Спецификация 3-сыныпта «Әдебиеттік оқу» пәні бойынша тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұны мен өткізу рәсімін сипаттайды.
2. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар
«Әдебиеттік оқу» оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында), Бастауыш білім беру (2-4 сыныптар).
3. 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
3.1 Ұзақтығы – 40 минут
Балл саны – 16
Тыңдалым мен айтылым бөлек тексеріледі.

Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әр түрлі тапсырмалар: көп таңдауы бар сұрақтар, қысқа немесе толық жауапты қажет ететін сұрақтар қолданылады.
Берілген нұсқа қысқа немесе толық жауапты қажет ететін сұрақтарды қамтитын
3 тапсырмадан тұрады.
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға білім алушы сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.
Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар мәтінді түсінуге, өз ойын ауызша және жазбаша түрде толық, жүйелі, түсінікті етіп жеткізуге бағытталған.
Тапсырма бірнеше құрылымдық бөліктерден/сұрақтардан тұруы мүмкін.
Бірінші тапсырма тыңдалым және айтылым дағдысын, екіншісі – оқылым, үшінші тапсырма жазылым дағдысын тексеруге бағытталған.
№ Сөйлеу әрекетінің түрлері Ортақ тақырып Оқу мақсаты Тапсырманың сипаттамасы Тапсырма саны Жалпы балл
1 Тыңдалым және
айтылым Уақыт
Ғимараттар 3.1.1.1 Шығарманың маңызды тұстарын анықтау үшін ашық сұрақтар қою және жауап беру Білім алушы ашық түрдегі қысқа және толық жауапты қажет ететін тапсырманы орындайды. 1 6
2 Оқылым 3.2.1.2 Шығарманы іштей саналы түрде түсініп, көз жүгіртіп/ шолып/ түртіп алып/ қажетті ақпаратты тауып/ белгі қойып/сын тұрғысынан бағалап оқу Білім алушы ашық түрдегі қысқа және толық жауапты қажет ететін тапсырманы орындайды 1 5
3 Жазылым 3.3.4.1 Мұғалімнің көмегімен шығарманың құрылымын, стилін жетілдіру, өз бетінше орфографиялық, пунктуациялық қателерді табу және түзету Білім алушы ашық түрдегі толық жауапты қажет ететін тапсырманы орындайды 1 5
Барлығы 3 16
4. Тапсырмалар үлгісі және балл қою кестесі
«Әдебиеттік оқу» пәнінен
2-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары
Тыңдалым және айтылымТапсырма
Мәтінді мұқият тыңда. Сұрақтарға жауап бер.
10795135255Бірде Болаттың үйіне ағасының жолдасы келді. Ол бас киімін үстелдің үстіне қойып жатып:
– Бүгін бір күнімді босқа жоғалттым, - деді. Болат оның сөзіне таңданып қалды. Қонақ кеткен соң ол ағасынан:
– Күнді қалай жоғалтуға болады? Барлық күндер бірдей емес пе?- деп сұрады.
– Уақыты жағынан барлық күндер бірдей, ал жұмысына қарай әртүрлі болады,- деді ағасы. – Адамның ешқандай пайдалы іс жасамаған және кешегі білгенінен басқа ешқандай жаңа нәрсе үйренбеген күні «жоғалған күн» болып саналады.
Содан бері Болат ұйықтар алдында ағасына күні бойы істеген әрекеттерін айтып беретін болды. Сондай- ақ, ол күн сайын:
– Менің күнім жоғалған жоқ па? - деп сұрауды әдетке айналдырды.
0Бірде Болаттың үйіне ағасының жолдасы келді. Ол бас киімін үстелдің үстіне қойып жатып:
– Бүгін бір күнімді босқа жоғалттым, - деді. Болат оның сөзіне таңданып қалды. Қонақ кеткен соң ол ағасынан:
– Күнді қалай жоғалтуға болады? Барлық күндер бірдей емес пе?- деп сұрады.
– Уақыты жағынан барлық күндер бірдей, ал жұмысына қарай әртүрлі болады,- деді ағасы. – Адамның ешқандай пайдалы іс жасамаған және кешегі білгенінен басқа ешқандай жаңа нәрсе үйренбеген күні «жоғалған күн» болып саналады.
Содан бері Болат ұйықтар алдында ағасына күні бойы істеген әрекеттерін айтып беретін болды. Сондай- ақ, ол күн сайын:
– Менің күнім жоғалған жоқ па? - деп сұрауды әдетке айналдырды.

Болат қандай сөзді естіп, таң қалды?
Ағасы «жоғалған күн» дегенді қалай түсіндірді?
Болат нені әдетке айналдырды?
Ол қандай сұраққа жауап алғысы келді? Болаттың әдетке айналдырған сұрағын жаз. __________________________________________________________________
Осы сұрақты өзіңе қой және жауап бер.
[6]
Тапсырма № Жауап Балл Қосымша ақпарат
1

Білім алушының ықтимал жауабы:
Бір күнді босқа жоғалттым/Жоғалған күн/... 1 Білім алушының сұрақтардың мазмұнына сәйкес басқа да дұрыс жауаптары қабылданады.
Білім алушының ықтимал жауабы:
Адамның пайдалы іс жасамай, ештеңе үйренбей өткізген күні/Ешқандай пайда келтірмей, жаңа нәрсе үйренбеген күнді жоғалған күн дейді/... 1 Білім алушының ықтимал жауабы:
Ағасына күні бойы жасаған әрекеттерін айтуды/ Ағасына сұрақ қоюды/... 1 Менің күнім жоғалған жоқ па? 1 Білім алушының ықтимал жауабы:
Мен өз күнімді жоғалтқан жоқпын деп ойлаймын. Себебі сабаққа ынталана қатыстым, өзім үшін көп жаңа нәрсе үйрендім. Үйде анама көмектестім, өз заттарымды жинастырып қойдым/... 1
Сұраққа сәйкес дәлелді ой айтады.
1 Сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтайды.
Барлығы 6 Оқылым
Мәтінді түсініп оқы.
12051248122Көне Отырар
Отырар – Арыс өзенінің оң жақ жиегінде орналасқан көне қала.  Көне Отырар арқылы көшпенді қазақтар саудамен шұғылданып, отырықшылықпен танысып, басқа халықтармен қатынаса бастады. Отырар тұрғындары күріш, тары, бидай, мақта, жүзім өсірумен шұғылданды. Қалада жақсы су жүйесі болған.
  Отырар қаласы сауда жолдарының ортасында тұрғандықтан оған басқалардың
назары көп түскен. Отырарды Қайырхан басқарған әскерлер алты ай бойы монғолдардан қорғаған. Басып алғаннан кейін жаулар қаланы түгел өртеп жіберген.
Қазір Отырар қаласының орны ғана бар.
00Көне Отырар

Мәтін бойынша кестені толтыр.

Қала атауы Орналасқан жері Халқының кәсібі Тарихы
Отырарға басқалардың назары неліктен көп түсетін? ________________________________________________________________
[5]
Балл қою кестесі
Тапсырма№ Жауап Балл Қосымша ақпарат
2 Отырар/ Көне Отырар 1 Сұрақтың мазмұнына сәйкес болатын басқа сөйлемдер де қабылданады. Грамматикалық қателер есепке алынбайды.
Арыс өзенінің жағасында/Арыс өзенінің оң жағында/... 1 Саудамен шұғылданған/ отырықшылықпен айналысқан/ күріш, тары, бидай, мақта, жүзім өсірумен шұғылданды/... 1 Қайырханның әскері алты ай бойы жаудан қорғаған/ Жаулар қаланы толық өртеп жіберген/Қазір қаланың орны ғана бар/ 1 Отырар сауда жолының ортасында тұрған қала болды/ Ол ірі сауда орталығы болды/ 1 Барлығы 5 Жазылым
Мәтіннің бөліктерін анықта және белгілеп көрсет. Қателерді түзет және мәтінді ретке келтіріп жаз.
-1466013556 Әкесі Сәкенді осы үлкен пирамиданың қасына суретке түсірді. Ежелгі египеттіктер пирамидаларды үлкен-үлкен тастардан салған екен. Оның ішіне өздерінің басшыларын жерлеген. Оларды «перғауындар» деп атайды. Ең үлкен пирамида Хеопс перғауынға арнап салынған. Оның биіктігі қазіргі заманғы қырық қабатты үйден де биік!
Өткен күзде Сәкен ата анасымен бірге египетке демалуға барды. Ол алып пирамидаларды көріп, қатты таңғалды.
00 Әкесі Сәкенді осы үлкен пирамиданың қасына суретке түсірді. Ежелгі египеттіктер пирамидаларды үлкен-үлкен тастардан салған екен. Оның ішіне өздерінің басшыларын жерлеген. Оларды «перғауындар» деп атайды. Ең үлкен пирамида Хеопс перғауынға арнап салынған. Оның биіктігі қазіргі заманғы қырық қабатты үйден де биік!
Өткен күзде Сәкен ата анасымен бірге египетке демалуға барды. Ол алып пирамидаларды көріп, қатты таңғалды.

Балл қою кестесі
Тапсырма
№ Жауап Балл Қосымша ақпарат
1 1
Мәтіннің құрылымдық бөліктерін анықтайды.
2 1 Мәтінді ретке келтіріп жазады.
1 Каллиграфиялық норманы сақтап жазады.
ата - анасымен 1 Пунктуациялық қатені түзетеді.
Египетке 1 Орфографиялық қатені түзетеді.
Барлығы 5
5. Тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу ережелері
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойған дұрыс.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқау оқылып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығы хабарланады. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі. Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтылады.
Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіледі. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі.
Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен сызып қою ұсынылады.
Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым салынады.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі хабарлап отыру қажет.
Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтіну керек.
6. Модерация және балл қою
14966315-672973000Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.

3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР«Өнер» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалауСөйлеу әрекетінің
түрлері
Тыңдалым және айтылым
Оқу мақсаты 3.1.2.1 Шығарманың мазмұнын бірлесе құрастырған жоспар бойынша немесе өз сөзімен толық/таңдауына қарай мазмұндау/ сахналау
Бағалау критерийі Білім алушы
Мәтіннің мазмұнын жоспар бойынша айтады
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Орындау уақыты 20 минут
Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңда.
255684106321 Қоңырау соғылды. Шымылдық ашылды. Сахнаға әнші Әміре шықты. Басында оюлы тақия, үстінде жеңіл шапан, қолында домбыра. Өзге шығушылардан оның киімі де, түрі де, жүріс-тұрысы да жат еді. Ол әуелі халыққа ізет көрсетіп, басын иді. Шеті түпсіз көрінген кең залға қарады. Домбырасын күйлеп алды да, «Қанапия» әнін айтты.
Зал тым-тырыс болды. Әміре кісіге емес, әнге айналды. Ән салса ол өзін-өзі ұмытады, әннің әуеніне беріледі. Оның ерекше күшті, ашық даусы Еуропа тыңдаушыларын қатты таңдандырды. Әннің аяғын созып барып, домбыраны желпіндіре бітіргенде, тілдің керектігі болмады. Ән аяқталғанда, сүйсініп отырғандар қайран қалысты. Ән тым тез біткендей.
Ұйып тыңдаған халық әнші орнынан тұрып, бас игенде ғана ду қол шапалақтады. Залдан «бис…бис…» деген дауыстар жамырай естіліп жатты.
00 Қоңырау соғылды. Шымылдық ашылды. Сахнаға әнші Әміре шықты. Басында оюлы тақия, үстінде жеңіл шапан, қолында домбыра. Өзге шығушылардан оның киімі де, түрі де, жүріс-тұрысы да жат еді. Ол әуелі халыққа ізет көрсетіп, басын иді. Шеті түпсіз көрінген кең залға қарады. Домбырасын күйлеп алды да, «Қанапия» әнін айтты.
Зал тым-тырыс болды. Әміре кісіге емес, әнге айналды. Ән салса ол өзін-өзі ұмытады, әннің әуеніне беріледі. Оның ерекше күшті, ашық даусы Еуропа тыңдаушыларын қатты таңдандырды. Әннің аяғын созып барып, домбыраны желпіндіре бітіргенде, тілдің керектігі болмады. Ән аяқталғанда, сүйсініп отырғандар қайран қалысты. Ән тым тез біткендей.
Ұйып тыңдаған халық әнші орнынан тұрып, бас игенде ғана ду қол шапалақтады. Залдан «бис…бис…» деген дауыстар жамырай естіліп жатты.

Мәтін кім туралы? _______________________________________________
Сұрақтардың көмегімен мәтінге жоспар құр.
Сұрақтар Жоспар
Сахнаға кім шықты? Ол не істеді? 1) __________________________
Тыңдаушылар қандай күйде болды? 2) __________________________
Халық әншіге қандай қошемет көрсетті? 3)___________________________
Жоспар бойынша мәтіннің мазмұнын айт.
[5]
Бағалау критерийі Тапсырма № Дескриптор Балл
Білім алушы Мәтіннің мазмұнын
жоспар бойынша
айтады
1
мәтіннің тақырыбын анықтайды; 1
мәтіннің бірінші бөліміне сәйкес жоспар құрады; 1
мәтіннің негізгі бөліміне сәйкес жоспар құрады; 1
мәтіннің соңғы бөліміне сәйкес жоспар құрады; 1
мәтіннің мазмұнын жоспарға сәйкес жүйелі баяндайды; 1
сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтайды. 1
Барлығы 6
«Өнер» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні___________________________________________________________

Бағалау критерийі Тапсырма
№ Оқу жетістіктерінің деңгейі
Төмен Орта Жоғары
Мәтіннің мазмұнын
жоспар бойынша
айтады
1 Мәтіннің мазмұнын жоспар бойынша айтуда қиналады.
181991013081000
202184066230500Мәтінге жоспар құруда/мәтіннің мазмұнын жоспарға сәйкес әңгімелеуде/тілдік нормаларды сақтап сөйлеуде қателеседі. 166878066076300Мәтіннің мазмұнын жоспарға сәйкес жүйелі баяндайды.

«Атақты тұлғалар» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
Сөйлеу әрекетінің түрлері Оқылым
Жазылым
Оқу мақсаты 3.2.2.1 Қолдануға (практикалық), бағалауға негізделген сұрақтар қою және жауап беру
3.2.4.1 Өлең, мысал, нақыл сөз, аңыз, бата, әңгіменің жанрлық ерекшеліктерін анықтау
3.3.2.1 Шығарма кейіпкеріне хат/ертегі (кейіпкер қосу, соңын өзгерту ...)/ өлең (төрт жолды)/әңгіме (оқығаны, көргені бойынша) жазу
Бағалау критерийі Білім алушы
Мәтін бойынша сұрақтар құрастырады және жауап береді
Мәтіннің жанрын анықтайды
Оқығаны/көргені бойынша мәтін жазады
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Орындау уақыты 20 минут
Тапсырма
Мәтінді түсініп оқы.
27520123106Кедей шаруа жанұясында туған Құрманғазы жасынан домбыраға әуес болады. Ол Ұзақ күйшіден тәлім алады. Құрманғазы орындаушылық шеберлігін шыңдайды. Есейе келе Құрманғазының есімі бүкіл қазақ даласына атақты күйші ретінде тарайды.
Құрманғазының бүкіл өмірі әділетсіздікке қарсы күреспен өтеді. Ол сан рет түрмеге де отырады. Құрманғазы алғашқы күйін Исатай мен Махамбеттің қазақ хандарына қарсы көтерілісіне арнайды.
00Кедей шаруа жанұясында туған Құрманғазы жасынан домбыраға әуес болады. Ол Ұзақ күйшіден тәлім алады. Құрманғазы орындаушылық шеберлігін шыңдайды. Есейе келе Құрманғазының есімі бүкіл қазақ даласына атақты күйші ретінде тарайды.
Құрманғазының бүкіл өмірі әділетсіздікке қарсы күреспен өтеді. Ол сан рет түрмеге де отырады. Құрманғазы алғашқы күйін Исатай мен Махамбеттің қазақ хандарына қарсы көтерілісіне арнайды.

Мәтіннің кейіпкері туралы не білесің? Ол кім? __________________________________________________________________
Құрманғазы кімнен тәлім алған? Белгіле ()
430338143462Махамбеттен
Ұзақ күйшіден
Исатайдан
Махамбеттен
Ұзақ күйшіден
Исатайдан

Мәтіннің мазмұны бойынша 1 сұрақ құрастыр.
__________________________________________________________________
Мәтіннің жанрын анықта ()
326821101696өлең
мысал
аңыз
әңгіме
бата
өлең
мысал
аңыз
әңгіме
бата

Оқыған/көрген/естігендерің бойынша кез келген атақты тұлға туралы жаз.
Бағалау критерийі Тапсырма
№ Дескриптор Балл
Білім алушы Мәтін бойынша сұрақтар құрастырады және жауап береді
Мәтіннің жанрын анықтайды
1 мәтіннің кейіпкерін анықтайды; 1
мәтін бойынша сұраққа жауап береді; 1
мәтін бойынша сұрақ қояды; 1
мәтіннің жанрын анықтайды; 1
1
Оқығаны/көргені бойынша мәтін жазады
2 оқығаны/көргенінің негізінде атақты тұлға туралы мәтін құрап жазады; 1
кейіпкерге қатысты ақпараттарды қамтиды; 1
жазу барысында лексика-грамматикалық нормаларды сақтайды. 1
Барлығы 8
«Атақты тұлғалар» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні___________________________________________________________

Бағалау критерийі Тапсырма
№ Оқу жетістіктерінің деңгейі
Төмен Орта Жоғары
Мәтін бойынша сұрақтар құрастырады және жауап береді
Мәтіннің жанрын анықтайды
1 Мәтін бойынша сұрақтар құрастыруда және жауап беруде, мәтіннің жанрын анықтауда
қиналады.
199326513070300 Мәтін бойынша сұрақтар құрастыруда/ сұраққа жауап беруде/ мәтіннің жанрын анықтауда қателеседі.
17545055997600 171640585950300Мәтін бойынша сұрақ қояды және сұраққа жауап береді, мәтіннің жанрын ажыратады.
Оқығаны/көргені бойынша мәтін жазады
2 1994535121228200Оқығаны немесе көргенінің негізінде атақты тұлғалар туралы мәтін құрастыруда қиналады. Оқығаны/көргені бойынша атақты тұлғалар туралы мәтін құрастырады, кейіпкерге қатысты ақпаратты қамтуда/ лексика - грамматикалық нормаларды сақтап жазуда қателеседі.
1757680-762000 1717040121228200Оқығаны,көргені бойынша атақты тұлғалар туралы мәтін құрастырып жазады.
3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУДЫҢ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсатыТоқсан бойынша жиынтық бағалау білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес білім алушылардың оқу мақсаттарына жеткендігін тексеруге және тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға бағытталған.
Спецификация 3-сыныпта «Әдебиеттік оқу» пәні бойынша тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұны мен өткізу рәсімін сипаттайды.
2. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар
«Әдебиеттік оқу» оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында), Бастауыш білім беру (2-4 сыныптар).
3. 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
3.1 Ұзақтығы – 40 минут
Балл саны – 16
Тыңдалым мен айтылым бөлек тексеріледі.
3.2 Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әр түрлі тапсырмалар: көп таңдауы бар сұрақтар, қысқа немесе толық жауапты қажет ететін сұрақтар қолданылады.
Берілген нұсқа көп таңдауы бар сұрақтарды, қысқа және толық жауапты қажет ететін сұрақтарды қамтитын 3 тапсырмадан тұрады.
Көп таңдауы бар сұрақтарда білім алушы ұсынылған жауап нұсқаларынан дұрысын таңдайды.
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға білім алушы сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.
Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар мәтінді түсінуге, өз ойын ауызша және жазбаша түрде толық, жүйелі, түсінікті етіп жеткізуге бағытталған.
Тапсырма бірнеше құрылымдық бөліктерден/сұрақтардан тұруы мүмкін.
Бірінші тапсырма тыңдалым және айтылым дағдысын, екіншісі – оқылым, үшінші тапсырма жазылым дағдысын тексеруге бағытталған.
№ Сөйлеу әрекетінің түрлері Ортақ тақырып Оқу мақсаты Тапсырманың
сипаттамасы Тапсырма саны Жалпы балл
1 Тыңдалым және айтылым Өнер
Атақты тұлғалар 3.1.2.1 Шығарманың мазмұнын бірлесе құрастырған жоспар бойынша немесе өз сөзімен толық/таңдауына қарай мазмұндау/ сахналау Білім алушы жабық түрдегі көп жауапты, ашық түрдегі қысқа және толық жауапты қажет ететін тапсырмаларды орындайды. 1 6
2
Оқылым
3.2.1.2 Шығарманы іштей саналы түрде түсініп, көз жүгіртіп/ шолып/ түртіп алып/ қажетті ақпаратты тауып/ белгі қойып/сын тұрғысынан бағалап оқу Білім алушы ашық түрдегі қысқа жауапты қажет ететін тапсырманы орындайды.
1
5
3 Жазылым
3.3.1.1 Мұғалім көмегімен оқылған шығарманы логикалық бөліктерге бөліп, әр бөлікке ат қойып жоспар құру
3.3.4.1 Мұғалімнің көмегімен шығарманың құрылымын, стилін жетілдіру, өз бетінше орфографиялық, пунктуациялық қателерді табу және түзету Білім алушы ашық түрдегі қысқа жауапты қажет ететін тапсырманы орындайды. 1
5
Барлығы 3 16
4. Тапсырма үлгілері және балл қою кестесі
«Әдебиеттік оқу» пәнінен 3-тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың тапсырмалары
Тыңдалым және айтылым
Мәтінді мұқият тыңда.
31775145542Әке-шешеден ерте айырылған Әбілхан тіршіліктің тауқыметін көп тартты. Қой соңында күндер өтті. Жұрттың баласы хат танып, сабақ оқығанда, мұның қолынан бар келгені – күйемен тас бетіне немесе сұқ саусағымен құмға сурет салу болды. Болмаса қашау, пышағын ала жүріп, тас пен ағаштан мүсін жасау.
Әбілханның ағаштан жасаған мүсіндерін көрген Түргенбай дейтін қарт ұста:
– Мынауың біз білмеген өнер екен. Сурет салуға талабың бар екен. Оқуың керек шығар, балам, - деді.
Жетім бала өзі машықтанып жүрген ісіне тұңғыш рет қолдау естіді. Бір сыныптық білімі жоқ суретшінің өмір жолы осылай басталды. Талай-талай кедергілерге жолықты. Тек атақты суретші Н. Г.Хлудов өнер үйренуге талпынған бірінші қазақ жігітін қуана қарсы алды. Бос уақытында көркем сурет өнерінің әліппесін үйретті.
00Әке-шешеден ерте айырылған Әбілхан тіршіліктің тауқыметін көп тартты. Қой соңында күндер өтті. Жұрттың баласы хат танып, сабақ оқығанда, мұның қолынан бар келгені – күйемен тас бетіне немесе сұқ саусағымен құмға сурет салу болды. Болмаса қашау, пышағын ала жүріп, тас пен ағаштан мүсін жасау.
Әбілханның ағаштан жасаған мүсіндерін көрген Түргенбай дейтін қарт ұста:
– Мынауың біз білмеген өнер екен. Сурет салуға талабың бар екен. Оқуың керек шығар, балам, - деді.
Жетім бала өзі машықтанып жүрген ісіне тұңғыш рет қолдау естіді. Бір сыныптық білімі жоқ суретшінің өмір жолы осылай басталды. Талай-талай кедергілерге жолықты. Тек атақты суретші Н. Г.Хлудов өнер үйренуге талпынған бірінші қазақ жігітін қуана қарсы алды. Бос уақытында көркем сурет өнерінің әліппесін үйретті.

Мәтін кім туралы? __________________________________________________
Ол бала күнінде немен айналысатын? 2 дұрыс ақпаратты белгіле ().
470686166319 Тас пен құмға сурет алумен
0 Тас пен құмға сурет алумен

302366710805200
470535122707 Домбыра тартып, ән салумен
0 Домбыра тартып, ән салумен

30497977175500
47053558140 Тас пен ағаштан мүсін жасаумен
0 Тас пен ағаштан мүсін жасаумен

30671262146300
Оған өнер әліппесін үйреткен кім? Белгіле ().
470687144374Түргенбай ұста
Суретші Н.Г.Хлудов
Түргенбай ұста
Суретші Н.Г.Хлудов

Берілген жоспарға сүйеніп, мәтіннің мазмұнын айт.
Жоспар:
Әбілханның ермегі
Ұстаның қолдауы
Өнер жолының әліппесі
[6]
Балл қою кестесі
Тапсырма№ Жауап Балл Қосымша ақпарат
2 Әбілхан туралы/Әбілхан Қастеев туралы/суретші Әбілхан Қастеев туралы/ 1 Кез келген дұрыс жауап нұсқасы қабылданады.
Тас пен құмға сурет алумен 1 Тас пен ағаштан мүсін жасаумен 1 Суретші Н.Г. Хлудов 1 Білім алушының ықтимал жауабы:
Әбілхан Қастеев ата-анасынан ерте айрылған. Басқа балалар сабақ оқыған кезде, ол қой соңында жүріп тас пен құмға сурет салатын, ағаштан мүсін жасайтын. Бір күні оның жұмысын көрген Түргенбай ұста оған оқуы керектігін айтады. Ол біраз қиындықтарға жолығады. Әбілханға сурет салуды Хлудов үйреткен. 1 Мәтінге сәйкес басқа мазмұндау нұсқасы да қабылданады.
Мәтіннің мазмұнын жоспарға сәйкес жүйелі баяндайды.
1 Сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтайды.
Барлығы 6 Оқылым

Мәтінді түсініп оқы.
561340207010 Қаныштың туып-өскен жері Баянауыл тауының сыртқы бөктері-Ақкелін. Ол бала күнінде өте момын, тұйық болып өседі. Төрт-бес жасқа келгенде асық, топай ойындарымен құмарланады. Өзеннің жағасынан әдемі жылтыр тастарды көп жинайды. Қаныштың асық ойнау үшін жасаған алаңын қарт кісілер әлі күнге дейін ұмытпаған. Қаныш ауыл мектебінде арабша хат танып, алғаш рет түркі әдебиетінің үлгілерімен танысады. Қаныш – ғалымдығымен бірге, халықтың сүйген ұлы, бар өмірін ел игілігі үшін сарп еткен кісі.Сондықтан оның жарқын бейнесі біз үшін аса қадірлі, аса қымбат.
00 Қаныштың туып-өскен жері Баянауыл тауының сыртқы бөктері-Ақкелін. Ол бала күнінде өте момын, тұйық болып өседі. Төрт-бес жасқа келгенде асық, топай ойындарымен құмарланады. Өзеннің жағасынан әдемі жылтыр тастарды көп жинайды. Қаныштың асық ойнау үшін жасаған алаңын қарт кісілер әлі күнге дейін ұмытпаған. Қаныш ауыл мектебінде арабша хат танып, алғаш рет түркі әдебиетінің үлгілерімен танысады. Қаныш – ғалымдығымен бірге, халықтың сүйген ұлы, бар өмірін ел игілігі үшін сарп еткен кісі.Сондықтан оның жарқын бейнесі біз үшін аса қадірлі, аса қымбат.

Мәтін кім туралы? ___________________________________________
Мәтін бойынша кестені толтыр.
Кейіпкердің туған жері Мінезі Алғашқы білімі Бала күнгі ермегі
[5]
Балл қою кестесі
Тапсырма№ Жауап Балл Қосымша ақпарат
2 Қаныш туралы/Қаныш Сәтпаев туралы/ 1 Баянауыл тауы, Ақкелін 1 Өте момын, тұйық болған 1 Арабша хат таныған/араб тілі/арабша оқыған 1 Асық, топай ойнау/әдемі, жылтыр тастар жинау 1 Барлығы 5
Жазылым
Оқыған мәтінді екі бөлікке бөл. Әр бөлікке ат қой.

Жоспар:
1._______________________________________________
2. _______________________________________________
Қатесін тап және түзетіп жаз.
23655210416 Қаныштың шын есімі Ғабдулғани. Анасы Әлима еркелетіп «Ғани, Ғаныш» деп атаған екен. Кейін облыстық орыс-қазақ мектепіне оқуда барғанда журналға есімі Қаныш болып жазылып кетіпті.
0 Қаныштың шын есімі Ғабдулғани. Анасы Әлима еркелетіп «Ғани, Ғаныш» деп атаған екен. Кейін облыстық орыс-қазақ мектепіне оқуда барғанда журналға есімі Қаныш болып жазылып кетіпті.

[5]
Балл қою кестесі
Тапсырма№ Жауап Балл Қосымша ақпарат
2 Бала Қаныш/Қаныштың ермегі/ 1 Мәтіннің мазмұнына сәйкес басқа атаулар да қабылданады.
Тұңғыш ғалым/Жарқын бейне/Халықтың сүйген ұлы/ 1 Қаныштың шын есімі– Ғабдулғани. 1 Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықшаны анықтап, түзетеді.
мектебіне 1 оқуға 1 Барлығы 5 5. Тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу ережелері
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойған дұрыс.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқау оқылып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығы хабарланады. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі. Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтылады.
Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіледі. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі.
Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен сызып қою ұсынылады.
Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым салынады.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі хабарлап отыру қажет.
Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтіну керек.
6. Модерация және балл қою
Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.
4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Су-тіршілік көзі» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалауСөйлеу әрекетінің
түрлері Тыңдалым және айтылым
Оқу мақсаты
3.1.3.1 Шығармадағы кейіпкерлердің мінез-құлқы мен іс- әрекетіне, ондағы оқиғаларға сүйеніп, сюжеттің дамуын болжау
Бағалау критерийі Білім алушы
Кейіпкерлердің іс-әрекетіне сүйеніп, оқиғаның соңын болжайды
Ойлау дағдыларының деңгейі Білу және түсіну
Қолдану
Орындау уақыты 20 минут
Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңда.
-1040612074Бұлақ көзі тазаланып, Мөлдір су сықылықтап күліп ақты. Тұнық судан ары-бері жүрген адамдар мен жануарлар бір сімірмей өтпейтін болды. Бұл Лай суға ұнамады. Ол Мөлдір суды лайламақ оймен өз арнасын бұрды. Мөлдір судың үстін бастыра ақты. Бірақ жер астынан қайнап шығып жатқан Мөлдір су өңін бұзбай, сол қалпында аға берді. Лай су жаман ойының іске аспағанына ыза болды.
Өзеннің бұл арнасына мен иелік етуім керек, - деп кеудесін қақты.
Онда жүр. Көлге барайық? Әділдікті сол айтсын,- деп Мөлдір су Лай суды келісімге шақырды.
Екеуі Көлге келді. ...
00Бұлақ көзі тазаланып, Мөлдір су сықылықтап күліп ақты. Тұнық судан ары-бері жүрген адамдар мен жануарлар бір сімірмей өтпейтін болды. Бұл Лай суға ұнамады. Ол Мөлдір суды лайламақ оймен өз арнасын бұрды. Мөлдір судың үстін бастыра ақты. Бірақ жер астынан қайнап шығып жатқан Мөлдір су өңін бұзбай, сол қалпында аға берді. Лай су жаман ойының іске аспағанына ыза болды.
Өзеннің бұл арнасына мен иелік етуім керек, - деп кеудесін қақты.
Онда жүр. Көлге барайық? Әділдікті сол айтсын,- деп Мөлдір су Лай суды келісімге шақырды.
Екеуі Көлге келді. ...

Қате пікірді белгіле ().
60944876200Лай суға Мөлдір судың тазалығы ұнамады.
Лай суға Мөлдір судың күліп аққаны ұнамады.
Лай суға Мөлдір судың тазалығы ұнамады.
Лай суға Мөлдір судың күліп аққаны ұнамады.

Сәйкестендір.
843508151130Мөлдір су
Лай су
өзімшіл, қызғаншақ, менмен
адал, таза, тұнық, көңілді
Мөлдір су
Лай су
өзімшіл, қызғаншақ, менмен
адал, таза, тұнық, көңілді

Оқиға қалай аяқталады деп ойлайсың? Оқиғаның соңын өз сөзіңмен жалғастырып айт.
Бағалау критерийі Тапсырма
№ Дескриптор Балл
Білім алушы Кейіпкерлердің іс-әрекетіне сүйеніп, оқиғаның соңын болжайды 1

қате берілген пікірді анықтайды; 1
бірінші кейіпкердің мінез-құлқын ажыратады; 1
екінші кейіпкердің мінез-құлқын ажыратады; 1
мәтіндегі оқиғаның соңын болжап әңгімелейді; 1
болжамды оқиғамен жүйелі байланыстырады; 1
сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтайды. 1
Барлығы 6
«Су-тіршілік көзі» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні___________________________________________________________

Бағалау критерийі Тапсырма
№ Оқу жетістіктерінің деңгейі
Төмен Орта Жоғары
Кейіпкерлердің іс-әрекетіне сүйеніп, оқиғаның соңын болжайды
1 1861014101514700Кейіпкерлердің мінез-құлқы мен оқиғаларға сүйеніп мәтіннің соңын болжап айтуда қиналады. Кейіпкерлер мен оқиғаларға сүйеніп мәтіннің соңын болжауда/болжамды оқиғамен байланыстыруда/тілдік нормаларды сақтап сөйлеуде
195453013906500қателіктер жібереді. Кейіпкерлердің мінез-құлқы мен оқиғаларға сүйеніп мәтіннің соңын болжап айтады.
1699715698500
«Демалыс мәдениеті. Мерекелер» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалауСөйлеу әрекетінің
түрлері
Оқылым
Жазылым
Оқу мақсаты
3.2.2.1 Қолдануға (практикалық), бағалауға негізделген сұрақтар қою және жауап беру
3.3.2.1 Шығарма кейіпкеріне хат/ ертегі (кейіпкер қосу, соңын өзгерту...)/ өлең (төрт жолды)/ әңгіме (оқығаны, көргені бойынша) жазу
Бағалау критерийі Білім алушы
Мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді және негізделген сұрақ құрастырады
Оқығаны/көргені бойынша мәтін жазады
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Орындау уақыты минут
Тапсырма
Мәтінді түсініп оқы.
282520131335 Атасы немересінің жанына келіп отырды да:
Жасұлан, сен туған күніңді тойлауды ұнатасың ба? – деп сұрады.
Иә, ұнатамын. Бұл менің ең сүйікті мерекем, – деді Жасұлан.
Бұл мереке саған неліктен ұнайды?– деп сұрағын жалғастырды атасы.
Себебі туған күнімде маған көптеген тосынсый жасайды. Ағаларым
мен әпкелерім бөлмемді шарлармен безендіреді. Туған-туыстарымыз бен достарымыз қонаққа келеді. Анам дастарқан жайып, менің сүйікті тағамдарымды қояды. Бәрі мені құттықтайды, ән айтады. Сыйлықтар береді...
Жасұлан тағы не айтарын білмей ойланып қалды.
00 Атасы немересінің жанына келіп отырды да:

Мәтін қандай мереке туралы?
А) Жаңа жыл
В) Наурыз
С) Туған күн
D) Жеңіс күні
Кімдер әңгімелесіп отыр?
А) анасы мен әкесі
В) ағасы мен әпкесі
С) атасы мен немересі
D) әжесі мен баласы
Жасұланның туған күніне аға-әпкелері қалай дайындалады?
А) бөлмені жинайды
В) бөлмені безендіреді
С) конақ шақырады
D) дасқарқан жаяды
Мәтін бойынша «неліктен?» сөзін қатыстырып 1 сұрақ құрастыр.
__________________________________________________________________
Жасұланның атасының сұрағына сен қалай жауап берер едің? Шағын мәтін құрастырып жаз.

Бағалау критерийі Тапсырма
№ Дескриптор Балл
Білім алушы Мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді және бағалауға негізделген сұрақ құрастырады 1 мәтін бойынша бірінші сұраққа жауап береді; 1
мәтін бойынша екінші сұраққа жауап береді; 1
мәтін бойынша үшінші сұраққа жауап береді; 1
мәтін бойынша бағалауға негізделген сұрақ құрастырады; 1
Оқығаны/көргені бойынша мәтін жазады
2
оқығанының/көргенінің негізінде мәтін құрап жазады; 1
сөздерді мағынасы сәйкес қолданады; 1
жазу барысында лексика - грамматикалық нормаларды сақтайды. 1
Барлығы 7
«Демалыс мәдениеті. Мерекелер» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні___________________________________________________________

Бағалау критерийі Тапсырма
№ Оқу жетістіктерінің деңгейі
Төмен Орта Жоғары
Мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді және негізделген сұрақ құрастырады
1
173037581227500Мәтін бойынша қойылған сұрақтардың жауабын анықтауда және бағалауға негізделген сұрақ қоюда қиналады. Мәтін бойынша қойылған сұрақтардың жауабын анықтауда/ бағалауға негізделген сұрақ қоюда қателіктер жібереді.
211899511060000 167132081089500Мәтін бойынша қойылған сұрақтардың жауабын анықтайды және бағалауға негізделген сұрақ құрастырады.
Оқығаны/көргені бойынша мәтін жазады
2 Оқыған мәтіннің негізінде әңгіме құрастырып жазуда қиналады.
173228032928900 211518581089500 Оқыған мәтіннің негізінде әңгіме құрастырады, сөздерді мағынасына қарай қолдануда/ лексика - грамматикалық нормаларды сақтап жазуда қателіктер жібереді. 166878085316400Оқыған мәтіннің негізінде әңгіме құрастырып жазады.
4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУДЫҢ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес білім алушылардың оқу мақсаттарына жеткендігін тексеруге және тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға бағытталған.
Спецификация 3-сыныпта «Әдебиеттік оқу» пәні бойынша тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұны мен өткізу рәсімін сипаттайды.
2. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар
«Әдебиеттік оқу» оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында), Бастауыш білім беру (2-4 сыныптар).
3. 4 - тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
3.1 Ұзақтығы – 40 минут
Балл саны – 16
Тыңдалым мен айтылым бөлек жүргізіледі.
3.2 Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әр түрлі тапсырмалар: көп таңдауы бар сұрақтар, қысқа немесе толық жауапты қажет ететін сұрақтар қолданылады.
Берілген нұсқа қысқа немесе толық жауапты қажет ететін сұрақтарды қамтитын 3 тапсырмадан тұрады.
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға білім алушы сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.
Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар мәтінді түсінуге, өз ойын ауызша және жазбаша түрде толық, жүйелі, түсінікті етіп жеткізуге бағытталған.
Тапсырма бірнеше құрылымдық бөліктерден/сұрақтардан тұруы мүмкін.
Бірінші тапсырма тыңдалым және айтылым дағдысын, екіншісі – оқылым, үшінші тапсырма жазылым дағдысын тексеруге бағытталған.

№ Сөйлеу әрекетінің түрлері Ортақ тақырып Оқу мақсаты Тапсырманың
сипаттамасы Тапсырма саны Жалпы балл
1 Тыңдалым және
айтылым Су-тіршілік көзі
Демалыс мәдениеті.
Мерекелер
3.1.3.1 Шығармадағы кейіпкерлердің мінез-құлқы мен іс-әрекетіне, ондағы оқиғаларға сүйеніп, сюжеттің дамуын болжау Білім алушы ашық түрдегі қысқа және толық жауапты қажет ететін тапсырманы орындайды. 1 6
2
Оқылым 3.2.3.1 Шығарманың тақырыбын анықтау және негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін/сөйлемді анықтау
3.2.2.1 Қолдануға (практикалық), бағалауға негізделген сұрақтар қою және жауап беру Білім алушы ашық түрдегі қысқа және толық жауаптарды қажет ететін тапсырмаларды орындайды.

1

5
Жазылым 3.3.2.1 Шығарма кейіпкеріне хат/ ертегі (кейіпкер қосу, соңын өзгерту...)/ өлең (төрт жолды)/ әңгіме (оқығаны, көргені бойынша) жазу Білім алушыларға мәтін бөліктерін анықтап, жоспар құру ұсынылады;
Сөйлем құрылымын жетілдіруге бағытталған тапсырма орындайды.
1
5
Барлығы 3 16
4. Тапсырма үлгілері және балл қою кестесі
«Әдебиеттік оқу» пәнінен 4-тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың тапсырмалары
Тыңдалым және айтылым
Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңда.
-295389224411Бір бұлақтың басында үш жолаушы кез болыпты. Бұлақ бір тастақ жерден шыққан, суы мұздай салқын, таза екен. Бұлақтың басына үлкен тас қойылыпты да, оған:
– «Ей, жолаушы, болсаң осы бұлақтай бол!», - деп жазыпты.                      
Жолаушылар бұлақтан су ішіпті. Сонда тастағы жазуға көзі түскен бір жолаушы:
– Бұл бұлақ күні-түні тынбай ағады. Бара-бара оған басқа бұлақтар қосылып, үлкен өзен болады. Бұл жазуды: сен де ешқашан жалқауланып, тоқталып қалма. Сонда мұратыңа жетесің дегені деп түсінемін, – дейді.
Екінші жолаушы тұрып:
 –Бұл бұлақ кімді болса да ыстықтағанда салқындатып, рақаттандырады. Сусағанның шөлін  қандырады. Онысы үшін ешкімнен ақы дәметпейді. Олай болса бұл: «біреуге жақсылық етсең, оны ешкімге міндет етпе» дегені болар, – дейді.
Жолаушының үшіншісі – жас жігіт үндемей тұрды. Жолдастары: «Сен не ойлайсың?» - деп сұрайды.
– Меніңше, бұл бұлаққа барлығы күні-түні тынбай ағып, тазаланып тұрғаны үшін ынтық болады. Ал тастағы жазуды: көңіліңді, бойыңды осы бұлақтай таза сақта дегені деп түсінемін,- депті.
00Бір бұлақтың басында үш жолаушы кез болыпты. Бұлақ бір тастақ жерден шыққан, суы мұздай салқын, таза екен. Бұлақтың басына үлкен тас қойылыпты да, оған:
– «Ей, жолаушы, болсаң осы бұлақтай бол!», - деп жазыпты.                      
Жолаушылар бұлақтан су ішіпті. Сонда тастағы жазуға көзі түскен бір жолаушы:
– Бұл бұлақ күні-түні тынбай ағады. Бара-бара оған басқа бұлақтар қосылып, үлкен өзен болады. Бұл жазуды: сен де ешқашан жалқауланып, тоқталып қалма. Сонда мұратыңа жетесің дегені деп түсінемін, – дейді.
Екінші жолаушы тұрып:
 –Бұл бұлақ кімді болса да ыстықтағанда салқындатып, рақаттандырады. Сусағанның шөлін  қандырады. Онысы үшін ешкімнен ақы дәметпейді. Олай болса бұл: «біреуге жақсылық етсең, оны ешкімге міндет етпе» дегені болар, – дейді.
Жолаушының үшіншісі – жас жігіт үндемей тұрды. Жолдастары: «Сен не ойлайсың?» - деп сұрайды.
– Меніңше, бұл бұлаққа барлығы күні-түні тынбай ағып, тазаланып тұрғаны үшін ынтық болады. Ал тастағы жазуды: көңіліңді, бойыңды осы бұлақтай таза сақта дегені деп түсінемін,- депті.

Бұлақ басындағы тасқа қандай жазу жазылған? _______________________________________________________________________
Кімнің сөзі? Сәйкестендір.
16127176835Көңіліңді, бойыңды осы бұлақтай таза сақта.
Көңіліңді, бойыңды осы бұлақтай таза сақта.

380576475470бірінші жолаушы
бірінші жолаушы

3804920291465екінші жолаушы
екінші жолаушы
161290119380Ешқашан жалқауланып, тоқтап қалма. Сонда мұратыңа жетесің.
Ешқашан жалқауланып, тоқтап қалма. Сонда мұратыңа жетесің.

160655149860Біреуге жақсылық етсең, оны ешкімге міндет етпе.
Біреуге жақсылық етсең, оны ешкімге міндет етпе.
3804920149860үшінші жолаушы
үшінші жолаушы

Сен қай жолаушының пікіріне қосыласың? Неліктен?
[6]
Балл қою кестесі
Тапсырма№ Жауап Балл Қосымша ақпарат
1 Ей, жолаушы, болсаң осы бұлақтай бол! 1 1 Әр дұрыс сәйкестікке 1 балл қойылады.
1 1 Білім алушының ықтимал жауабы:
Мен үш жолаушының пікіріне де қосыламын. Себебі адам адал болса, басқаларға жақсылық жасаса, көңілі таза болса оған бәрі де ынтық болады.
1 Сұраққа сәйкес дәлелді пікір айтады.
1 Сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтайды.
Барлығы 6 Оқылым
Мәтінді түсініп оқы.
-1466071589Үш бала орманға барды. Орманда жеміс-жидектер, құстар көп. Олар қыдырып жүріп, күннің қалай өткенін байқамай қалды. Енді үйлеріне қайтып келе жатыр. Ата-анасына не деп айтарын білмей, қорқып келеді.
Үйдегілерге не дейміз? – деді балалардың бірі.
Олар жол бойына тұра қалып, ақылдаса бастады. Өтірік айту мен шындықты айтудың қайсысы оңайырақ?
Мен орманда қасқырдан тығылып отырдым деп айтамын. Сонда әкем маған ұрыспайды, – деді бірінші бала.
Мен жолда атамды кездестірдім деймін. Сонда анам ашуланбайды, –деді екіншісі
Ал мен шынымды айтамын, – деді үшінші бала. –Шындықты айту оңайырақ, себебі ештеңе ойлап табудың керегі жоқ.
00Үш бала орманға барды. Орманда жеміс-жидектер, құстар көп. Олар қыдырып жүріп, күннің қалай өткенін байқамай қалды. Енді үйлеріне қайтып келе жатыр. Ата-анасына не деп айтарын білмей, қорқып келеді.
Үйдегілерге не дейміз? – деді балалардың бірі.
Олар жол бойына тұра қалып, ақылдаса бастады. Өтірік айту мен шындықты айтудың қайсысы оңайырақ?
Мен орманда қасқырдан тығылып отырдым деп айтамын. Сонда әкем маған ұрыспайды, – деді бірінші бала.
Мен жолда атамды кездестірдім деймін. Сонда анам ашуланбайды, –деді екіншісі
Ал мен шынымды айтамын, – деді үшінші бала. –Шындықты айту оңайырақ, себебі ештеңе ойлап табудың керегі жоқ.

Балалар қандай сұраққа жауап іздеді? __________________________________________________________________________
Оған не әсер етті? _________________________________________________________
Мәтінге ат қой. ___________________________________________________________
Мәтіндегі негізгі ойды білдіріп тұрған сөйлемді көшіріп жаз.
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
Мәтін бойынша «неліктен?» сөзін қатыстырып 1 сұрақ құрастырып жаз.
_______________________________________________________________________
[5]
Балл қою кестесі
Тапсырма№ Жауап Балл Қосымша ақпарат
2 Өтірік айту мен шындықты айтудың қайсысы оңайырақ? 1 Себебі олар күні бойы орманда жүрді/Ата-аналарына ескертпей орманға барды/... 1 Сұрақтың мазмұнына сәйкес басқа жауаптар да қабылданады.
Қайсысы оңайырақ?/ Не оңай?/ 1 Мәтіннің мазмұнына сәйкес басқа тақырыптар да қабылданады.
Шындықты айту оңайырақ, себебі ештеңе ойлап табудың керегі жоқ. 1 Сен кімнің пікірімен келісесің? Неліктен?/Балалар неліктен өтірік айтқысы келді?/ 1 Бағалауға негізделген басқа сұрақтар да қабылданады.
Барлығы 5 Жазылым
Мәтін кейіпкерлеріне немесе кейіпкердің біреуіне хат жаз.
______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
[5]
Балл қою кестесі
Тапсырма№ Жауап Балл Қосымша ақпарат
2 Білім алушының ықтимал жауабы:
Сәлем, балалар! Сендер туралы мәтінді оқып шықтым. Мен соңғы баланың айтқан пікірімен қосыламын. Расында да шындықты айту оңай. Егер өтірік айтатын болсаң, бір күні бәрібір білініп қалады. Сондықтан да ата-аналарыңа шындарыңды айтуларың керек.
Сәлеммен .../
ІІ нұсқа.
Сәлем, балақай! Сенің айтқан сөзіңді оқып, қуанып қалдым. Сен өте адал бала екенсің. Өте дұрыс айтасың. Басқа балалар сенен үлгі алуы керек. Әрқашан осы адалдығыңды сақтай біл. Сәлеммен досың ... 1 Мәтіннің кейіпкерлеріне арнап хат жазады.
1 Кейіпкерлердің мінез-құлқына, іс-әрекетіне қатысты көзқарасын білдіреді.
1 Хаттың жазылу стилін сақтайды.
1 Сөздерді мағынасына сәйкес қолданады.
1 Жазу барысында лексика - грамматикалық нормаларды сақтайды.
Барлығы 5 5. Тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу ережелері
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойған дұрыс.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқау оқылып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығы хабарланады. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі. Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтылады.
Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіледі. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі.
Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен сызып қою ұсынылады.
Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым салынады.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі хабарлап отыру қажет.
Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтіну керек.
6. Модерация және балл қою
Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.

Приложенные файлы

  • docx 9423055
    Размер файла: 576 kB Загрузок: 2

Добавить комментарий