Силлабус стом 2018 каз новыи?


СИЛЛАБУС
«Микробиология» пәні бойынша
5В130200 – «Стоматология» мамандығына арналған
Дәріс 18 сағат
Практикалық сабақ 72 сағат
БӨЖ 45 сағат

Барлық сағат саны 135 сағат (3 кредит)
Курс ІІ
Астана 2018ж.

Силлабус микробиология пәнінен 5В130200 – «Стоматология» мамандығы бойынша жұмыс оқу бағдарламасына сәйкес дайындалған.
Дайындаған: м.ғ.к.,доцент Әсемова Г.Д., м.ғ.к., доцент Байдуйсенова
аға оқытушы, магистр Бекниязова Г.А.

Силлабус 5В130200 – «Стоматология» мамандығы бойынша «Астана медицина университеті» АҚ-да оқитын білім алушыларға арналған.
2018 жылы «29» тамыз айында кафедра мәжілісінде талқыланып бекітілген, №1 хаттама.
Кафедра меңгерушісі _____________ Досмағамбетов М.Ө.
1. Кафедра оқытушылары туралы мәліметтер:
Досмағамбетов Марат Өтеуұлы, Ш.И. Сарбасова атындағы микробиология, вирусология және иммунология кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д., профессор. №1 Сеченов атындағы Маскеудің медицина академиясында күндізгі бөлімінің аспирантурасын бітірді. Ғылыми ізденістері: микроорганизмдердің экологиясы, топырақ биотасының құрамына және қасиеттеріне жоғары дозадағы радиацияның әсері.
Табаева Алия Абиловна, Ш.И. Сарбасова атындағы микробиология, вирусология және иммунология кафедрасының профессоры, м.ғ.д. КАРГМИ санитарно-гигиеналық факультетінің түлегі. Ғылыми ізденістері: балалардың бронх демікпесі, балалардың тыныс алу жолдарының микрофлорасы, ПТР, ИФТ.
Рахметова Нүрила Беркенқызы, Ш.И. Сарбасова атындағы микробиология, вирусология және иммунология кафедрасының доценті. б.ғ.к., Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген. 2003 жылы «Озонотерапия гнойно-воспалительных заболеваний мягких тканей» атты тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады. Ғылыми ізденістері: іріңді-қабыну ауруларының микробиологиясы, медициналық паразитология және энтомология.
Байдуйсенова Алия Утешовна, Ш.И. Сарбасова атындағы микробиология, вирусология және иммунология кафедрасының доценті, м.ғ.к. Қарағанды мемлекеттік медицина институтының медико-профилактикалық факультетін бітірген. 1999 жылы 07.00.03-микробиология, 14.00.36-аллергология және иммунология мамандықтары бойынша «Использование показателей противоинфекционной защиты в комплексном обследовании лиц с иммунологической недостаточностью» атты тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады. Докторлық диссертация жұмысымен айналысады. Мемлекеттік және орыс тілдерде дәріс оқиды, практикалық сабақтар жүргізеді. Ғылыми ізденістері: клиникалық-диагностикалық микробиология, медициналық микология, иммунология, дәрілердің микробиологиялық зерттеулері.
Асемова Гүлжан Данқыбекқызы, Ш, И. Сарбасова атындағы микробиология, вирусология және иммунология кафедрасының доценті, м.ғ.к. АкмолММИ емдеу факультетінің түлегі. Мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерде практикалық сабақтар жүргізеді. «Күйік инфекцияларын емдеудегі эфматол тиімділігін микробиологиялық турғыдан бағалау» атты тақырыбына кандидаттық диссертацияны қорғап шықты. Ғылыми ізденістері: күйік жараларының қоздырғыштары, дисбактериоз.
Досмағамбетова Айгүл Мұқатқызы, Ш.И. Сарбасова атындағы микробиология, вирусология және иммунология кафедрасының доцент қызметін атқарушы, м.ғ.к. ҚазММА медико-биологиялық факультеттің түлегі. Профессор Қазымбет П.К. жетекшілігімен «Техногенді ластану жағдайындағы қоршаған орта және адам қалыпты микрофлорасының биологиялық ерекшеліктері» тақырыбында кандидаттық диссертациясын қорғады. Мемлекеттік және орыс тілдерде практикалық сабақтар жүргізеді. Ғылыми ізденістері: уран кең тау өндірісімен техногенді ластанған аймақтар топырақтарындағы микромицеттердің құрамы және қасиеттері.
Бекниязова Гүлімшат Алпысбайқызы, Ш.И. Сарбасова атындағы микробиология, вирусология және иммунология кафедрасының аға оқытушысы. ҚазММА медико-биологиялық факультеттің түлегі. Мемлекеттік және орыс тілдерде практикалық сабақтар жүргізеді. Биология ғылымдарының магистрі. Ғылыми ізденістері: лактобациллалардың биологиялық қасиеттері, фармацевтикалық микробиология.
Акимбекова Гульнара Муханмадиевна Ш.И. Сарбасова атындағы микробиология, вирусология және иммунология кафедрасының аға оқытушысы. Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ жаратылыстану факультетінің түлегі. Мемлекеттік және орыс тілдерде практикалық сабақтар жүргізеді. Ғылыми ізденістері: Қазақстан Респубикасындағы ЖИТС бойынша жағдай.
Ботбаева Мадина Тұрлыбековна Ш.И. Сарбасова атындағы микробиология, вирусология және иммунология кафедрасының ассистенті. «АМУ» АҚ медико-профилактикалық факультетінің түлегі. Мемлекеттік және ағылшын тілдерде практикалық сабақтар жүргізеді. Ғылыми ізденістері: Ақмола облысындағы тұрғын пункттарындағы ауаның санитарлық зерттеуі.
Сутимбекова Назгул Сейтбековна Ш..И.Сарбасова атындағы микробиология, вирусология және иммунология кафедрасының ассистенті. «АМУ» АҚ қоғамдық денсаулық сақтау факультетінің түлегі, биология ғылымдарының магистры. Мемлекеттік және орыс тілдерде практикалық сабақтар жүргізеді. Ғылыми ізденістері: Урогенетальді инфекцияларды зерттеу.
Сарсенова Айгерим Григорий-Абатовна Ш.И. Сарбасова атындағы микробиология, вирусология және иммунология кафедрасының ассистенті, биология ғылымдарының магистры. Мемлекеттік және ағылшын тілдерде практикалық сабақтар жүргізеді. Ғылыми ізденістері: Ішек лактобактериясының антагонистік белсенділігі.
Мусабай Қаракөз Нуржановна, Ш.И. Сарбасова атындағы микробиология, вирусология және иммунология кафедрасының ассистенті, биология ғылымдарының магистры. Мемлекеттік және ағылшын тілдерде практикалық сабақтар жүргізеді. Ғылыми ізденістері: құтыру вирусының глико- және матрицалық протеинің бөліп алу.
2. Байланыс ақпараты:
Практикалық сабақтар «АМУ» АҚ Ш.И. Сарбасова атындағы микробиология, вирусология кафедрасының оқу зертханаларында жүргізіледі (Астана қаласы, Сары-Арқа көшесі, 33 үй, 5-ші қабат, ), дәрістерді оқу процесін жоспарлайтын және мониторингін жүргізетін бөлімі құрастырған кесте бойынша дәрістер оқылады. тел. 8-(7172)-44-41-84. Электрондық адресі: [email protected]

3. Саясаты:
Кафедраның білім алушыларға оқу процесінде қоятын талаптары, жұмыс бөлімдерін және т.б. орындамаған жағдайда айыптау шаралары
Микробиология базалық пән болғандықтан, оны білу әр бір дәрігерге, әрбір медицина қызметкеріне қажет. Микробиология ғылым ретінде теориялық және клиникалық медицинаның өзекті маңызды сауалдарын шешуін қамтамасыз етеді. Білім алушылар теориялық білімдерді және келешекте кәсіби тәжірибеге қажетті дағдыларды практикалық сабақтарда алып шығады. Білім алушылар бірінші практикалық сабақтан бастап дәріске арналған қалын дәптер (45 беттен кем емес), үлкен альбом, түрлі-түсті карандаштар, медициналық халат, калпақ, екінші ауыстыратын аяқ-киім қажет. Кафедраның негізгі талаптарының бірі әр дайым дәрістерге, практикалық сабақтарға қатысып жүру. Себепсіз қалдырған сабақтарды Білім алушы аралық бақылауға дейін өтейді. Білім алушы сабаққа 15 минуттан көп кешігетін болса сабаққа жіберіледі, бірақ журналда «жоқ» белгісі қойылады және кейін өтеуі қажет.
Емтихан мен қорытынды тестілеуге егер Білім алушы дәрістерге, практикалық сабақтарға, БӨЖ-на себепсіз қатыспауы, барлық аралық бақылауы (коллоквиумдары) тапсырылған жағдайда жіберіледі. Кафедраның оқу талабын (практикалық сабақтардан, БӨЖ тапсырмаларын толығымен орындамаған жағдайда, аралық бақылауы (коллоквиумдар тапсырылмаса) орындамаған Білім алушы ақылы түрде қайтадан пәнді оқиды. «Микробиология және иммунология» пәнінен ОРД баллы 85 балл және одан да жоғары балл болса, қорытынды бақылау (емтихан) ОРД баллымен бағаланады.
4. Модульдің мақсаты
адамдардың жұқпалы және жұқпалы емес патологияларындағы микроорганизмдердің рөлі, клиникалық диагнозды дәлелдеудегі микробиологиялық әдістердің мүмкіндігі, антимикробтық емдеудің және жұқпалы процестердің алдын-алу принциптерін қалыптастыру.
5. Оқытудың қорытынды нәтижелері
А. Білу және түсіну: БҚ-1.2; КҚ-1.2; КҚ-1.3; КҚ-1.5; КҚ-1.7
1.микроорганизмдердің негізгі биологиялық қасиеттерін (морфологиялық, физиологиялық, антигендік);
2.адам организмінің қалыпты микрофлора өкілдерін;
3.организмнің бейспецификалық және спецификалық антимикробтық қорғаныс факторлары;
4.инфекциялық иммунология және аллергология негіздерін;
5.адамның кең таралған инфекциялық аурулардың патогенезі, микробиологиялық диагноз қоюдың әдістері мен принциптерін;
6.антибиотиктердің, дезинфектанттардың антимикробтық белсенділік анықтамасын;
7.асептика, антисептика, дезинфекция және стерилизацияның микробиологиялық негіздерін;
В. Білімдерін және түсініктерін қолдана білу: КҚ-1.5; КҚ-1.7
1.микробиологиялық зертханаларда техника қауіпсіздігі және эпидемияға қарсы талаптар ережесін қолдануда;
2.емдеу мекемелерінде медицина қызметкерлер мен емделушілердің инфекциялық қауіпсіздік ережелерін сақтауда;
3.микробиологиялық зерттеуде емделушілерден материал алуда;
4.патологиялық материалдардан (ірің, нәжіс, қан жә-не т.б.) микроскопиялық препараттар дайындауда және иммерсиялық жүйемен сәулелі микроскопта қарауда;
5.бөлінген дақылдың антибиотиктерге сезімталдылығын, биосубстраттарда антибиотиктердің концентрациясын анықтауда;
6.инфицирленген материалды залалсыздандыруда, микроорганизмдер дақылымен, жұқпалы материалмен ластанған қолды антисептиктермен өндеуде;
7.дезинфекция және стерилизация сапасын санита-риялық-бактериологиялық бақылау қорытындысын бағалауда;
8.микробиологиялық зерттеулер мәліметтерді интерпретациялауда.
С. Өз ойын білдіру: КҚ-3.4; КҚ-3.5
1.өзінің ойын қалыптастыру үшін микробиологиялық зерттеулермен және ғылыми пайымдауларды ескере отырып ақпараттардың сәйкес мәліметтерін жинауды және интерпретацияны қамтамасыз ете білу
2.алған білімін интеграциялау, күрделі сұрақтарды шеше білу және өзіндік зерттеулер негізінде өзінің ой-пікірін жеткізе білу
D. Коммуникативтік қабілетілігі: БҚ-5.1; БҚ-5.2; БҚ-5.3
1.Шағын топтарда, командада, жұптасып жұмыс істей білу;
2.Өзінің зерттеулерін және әдебиеттердегі ізденісінің нәтижесін мамандарға және де кәсіби емес басқа адамдарға жеткізе білу.
Е. Оқуға қабілеттілігі: КҚ-6.1; КҚ-6.2; КҚ-6.3
1.Өз бетінше зерттеулер жүргізу арқылы жаңа бағыттарды тексеруді;
2.жаңа еңбектер мен әдістер туралы ақпаратты қолдана білуді және микробиологиялық зерттеулерді қолдануда мүмкін болатын кәсіби кеңес беруді;
3.жоғары деңгейде автономияда жұмыс істей алуды және жұқпалы аурулардың микробиологиялық диагностикасында жауапкершілік қабылдауды.
6. Пререквизиттер
Постреквизиттер
7. Тақырыптық жоспары
7.1 Дәрістің тақырыптық жоспары
№ Дәрістің тақырыбы Сағаты
Медициналық микрабиологияның мақсаты мен міндеттері. Оның стоматолог-дәрігер қызметіндегі маңызы. Жүйелеу және микроорганизмдерді жіктеудің қазіргі принциптері. Бактериялық жасушаның және вирионның құрылысы. Бактериялардың, вирустардың, саңырауқұлақтардың морфологиясы. 1
Бактериялардың өсіп-өніп, көбеюі. Метаболизм: қоректену, тыныс алу. Бактериялардың ферменттері 1
Микроорганизмдер генетикасы. Антимикробты дәрмектер: антибиотиктер, дезинфектанттар. Бактериялардың дәрі-дәрмектерге төзімділігі (полирезистенттілік, мультирезистенттілік). Антимиробты дәрмектерді стоматологияда қолдану. 1
Микробтар экологиясы. Қоршаған орта микорофлорсы. Тұрғын үйлер микрофлорасы. Стоматологиялық кабинеттегі микробтық ластану аймақтары Зерттеудің серологиялық әдісі. 1
Адам организмінің микрофлорасы. Адамның ауыз қуысындағы микробиоценоз. Дисбактериоз. Халитозис 1
Инфекция. Инфекция түрлері. Одонтогенді инфекциялар. Микробтардың вируленттілік факторы. Инфекцияларға зертханалық диагноз қою әдістері. 1
Иммунитет. Спецификалық және бейспецификалық қорғаныс факторлары. Ауыз қуысының иммунитеті. Антигендер. 1
Антидене. Иммунды жауап түрлері. Ауыз қуысының иммундыпатологиялық процестері. Аллергиялық реакциялар типтері. Стоматологиялық материалға аллергиялық реакциялардың болуы. 1
Иммундыпрофилактика және иммундытерапияның негіздері. ДДҰ иммунизациялау бағдарламасы және жұқпалы ауруларды жоюдағы жетістіктер. 1
Клиникалық және жеке микробиологияның мақсаты мен міндеттері. Бет-жақ ауруханаларында болатын ауруханаішілік инфекциялар. Іріңді қабыну және инфекциялық аллергиялық аурулардың этиология-сындағы кокты микрофлораның рөлі. Тістердің және ауыз қуысының сілемейлі қабығының зақымдануындағы коктардың маңызы. 1
Зоонозды инфекциялар қоздырғыштары (оба, бруцеллез, сібір түйнемесі, туляремия). Бактериологиялық қару. 1
Ауыз және ерінің сілемейлі қабығын зақымдайтын созылмалы бактериялық инфекциялардың қоздырғыштары. Туберкулез. Алапес. 1
Ауыз және ерінің сілемейлі қабығын зақымдайтын созылмалы бактериялық инфекциялардың қоздырғыштары. Патогенді және шартты-патогенді коринебактериялар. Күл (дифтерии) қоздырғышы. Патогенді және шартты-патогенді саңырауқұлақтар. Кандидозды стоматит қоздырғышы. Кандида саңырауқұлақтарының этиологиялық рөлі. 1
Ауыз және ерінің сілемейлі қабығын зақымдайтын созылмалы бактериялық инфекциялардың қоздырғыштары. Мерез. Актиномикоз (бет және мойын актиномикозы). 1
Ауыз және ерінің сілемейлі қабығын зақымдайтын созылмалы вирусты инфекциялардың қоздырғыштары. Ортомиксовирустар. Парамиксовирустар. Аденовирустар. Пикорнавирустар (аусыл кезіндегі ауыз қуысының зақымдануы) 1
АИВ. XX-XXI-ғасырлардағы АИВ-инфекциясының пандемиясы. Жұғу жолдары. АИВ-ның ауруханаішілік жағдайда жұғуы. 1
Ұшық вирустары. Ұшықты стоматит дамуындағы қарапайым ұшық вирусының (ҚҰВ) этиологиялық рөлі. Рабдовирустар – құтыру және везикулалық стоматит қоздырғыштары. Паповавирустар. 1
Ауыз қуысының шартты-патогенді микроорганизмдері, олардың тіс түймешегі пайда болуындағы, тіс жегі дамуындағы, парадонтопатиялар, одонтогенді қабыну ауруларын қоздырудағы рөлі. Венсан гингивостоматиті (фузоспирохетоз) 1
Барлығы: 18
7.2 Практикалық сабақтардың тақырыптық жоспары
№ Практикалық сабақтың тақырыптары Сағаты
Бактериялық зертхананың құрылымы. Жұмыс атқару ережесі. Прокариоттар. Шар,таяқша және иілген пішінді бактериялардың морфологиясы. Микроскопта қарау техникасы. Қарапайым бояу әдісі. 4
Бактериялық жасуша құрылысы: нуклеоид, цитоплазма, қосынды-лар, спора, капсула, қабырғасы, талшықтар және т.б. Оларды анықтау әдістері. Жағынды дайындау техникасы. Күрделі бояу әдістері. Спирохетталар, актиномицеттер, риккетсиялар, хламидиялар, микоплазмалар, саңырауқұлақтар және вирустардың морфологиясы. 4
3 Микробтардың қоректенуі, тыныс алу. Аэробтардың және анаэробтардың таза дақылын бөліп алу. Тығыз және сұйық қоректік орталардағы бактериялар өсіндісінің сипатын зерделеу. Таза дақылды бөліп алу (1-2-күндер). 4
4 Бактериялардың ферменттері. Идентификациялау. Таза дақылды бөліп алу (3-4-күндер). Саңырауқұлақтарды дақылдандыру әдістері. Вирусологиялық зеріттеу әдістері (вирустарды индикациялау). Бактериофагтар. 4
5. Бактериялар мен вирустардың генетикасы. Өзгергіштік негіздері: модификациялар, мутациялар және генетикалық рекомбинациялар. Стерилизация. Дезинфекция. Асептика. Антисептика. Химиялық препараттармен емдеу негіздері. Антибиотиктер. Стоматологияда қолданылатын антимикробтық дәрі-дәрмектерге бактериялардың сезімталдығын анықтау әдістері. Вирусқа қарсы, саңырауқұлақтарға қарсы дәрілер. Микроорганизмдердің дәрілік төзімділіктері.
Аралық бақылау №1: 1-5 тақырыптар бойынша коллоквиум, практикалық дағдылар. 4
6 Микроорганизмдер экологиясы. Қоршаған орта микрофлорасы. Санитарлық-микробиологиялық зерттеу негіздері. Адам организмінің қалыпты микрофлора. Ауыз қуысының микрофлорасы. Дисбактериоз, халитозис. 4
7 Инфекция туралы ілім. Одонтогенді инфекциялар. Бактериялардың патогендік факторлары. Бактериялар және вирустардың персистенциялануы. Иммунитет. Иммунитеттің түрлері және механизмі. Ауыз қуысының спецификалық және бейспецификалық қорғаныс түрлері 4
8 Антигендер. Антидене. Агглютинация реакциялары (ГАР, ПГАР, Кумбс реакциясы). Преципитация, иммундыфлюоресценция реак-циялары. Иммунды лизис, бактериолиз реакциялары, комплементті байланыстыру реакциясы (КБР). Бейтараптау реакциясы. Радиоиммунды (РИТ), иммундыферментті (ИФТ) талдау реакциялары. Микроорганизмдерді иммобилизациялау реакциясы. ПТР. 4
9 Жұқпалы аурулардың иммундыпрофилактикасы және иммунды-терапиясы. Гиперсезімталдық, ауыз қуысында болатын көрініс. Диагноз қоюдың аллергологиялық әдістері және оларды стоматологияда пайдалану.
Аралық бақылау №2: 6-9 тақырыптар бойынша коллоквиум, практикалық дағдылар. 4
10 Клиниалық микробиология негіздері. Стоматологиялық аурулар кезінде материал алу, микробиологиялық зерттеу әдістері. Патогенді грам оң коктар: стафилококктар, стрептококтар. Ауыз қуысының сілемейлі қабықтарын және тістерді зақымдаудағы, іріңді-қабыну және жұқпалы аллергиялық аурулар қоздырудағы олардың этиоло-гиялық рөлі. Патогенді грам теріс коктар: менингококтар, гонококтар. 4
11 Энтеробактериялардың жалпы сипаттамасы. Эшерихиялар. Эшери-хиоздар және колибактериоздар. Шигеллалар. Сальмонеллалар. Патогенді және шартты-патогенді вибриондар. Тырысқақ вибрионы 4
12. Зооантропонозды инфекциялардың (оба, күйдіргі, бруцеллез, туляремия) қоздырғыштары. 4
13. Патогенді және шартты-патогенді микобактериялар. Туберкулез және алапес микобактериялары. Актиномикоз қоздырғыштары. Бет-жақ аумағындағы патологиялық процестер көріністері. Патогенді және шартты-патогенді саңырауқұлақтар. Кандидоз, кандидозды стоматит. 4
14. Патогенді клостридиялық және клостридиялық емес анаэробты микрофлора. Венсан гингивостоматиті (фузоспирохетоз). Патогенді және шартты-патогенді коринебактериялар. Дифтерия коринебактериясы. Бордетеллалар. 4
15. Жыныстық инфекциялар қоздырғыштары: трепонемалар, хламидиялар, микоплазмалар. Ауыз қуысының сілемейлі қабығының мерездік зақымдануы. Патогенді риккетсиялар (бөртпе сүзек, Ку- қызбасының қоздырғыштары).
Аралық бақылау №3: 10-15 тақырыптар бойынша коллоквиум, практикалық дағдылар. 4
16. Респираторлы вирусты инфекциялар қоздырғыштары. Ортомиксовирустар, парамиксовирустар, аденовирустар. Пикорнавирустар: полиомиелит, ЕСНО, Коксаки, аусыл. А, В, С, Е, дельта, G, TTV гепатит вирустары. 4
17 Ұшық вирустары. Рабдовирустар: құтыру, везикулалық стоматит вирустары. Паповавирустар. АИВ (адамның иммундытапшылық вирусы). АИВ-инфекция кезіндегі ауыз қуысының сілемейлі қабығының зақымдану сипаты. АИВ, вирусты гепатит, ұшық жұққан науқастарды тексеру және емдеу кезінде стоматолог-дәрігердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету. 4
18 Ауыз қуысының шартты-патогенді микроорганизмдері. Тіс жегісі (кариес). Одонтогенді инфекциялар: периодонтит, периостит, жақ остеомиелит, жақ аймағындағы жұмсақ тіндердегі қабыну процестері (абсцесс, флегмона). Ауруханаішілік инфекциялардың пайда болуындағы ШПМ рөлі.
Аралық бақылау №4: 16-18 тақырыптар бойынша коллоквиум, практикалық дағдылар. Қорытынды сабақ. 4
Барлық сағат: 72
7.3 Білім алушының өзіндік жұмысының (БӨЖ) тапсырмалары
№ БӨЖ тақырыптары Сағаты
1. Стоматологияда қолданатын антимикробтық дәрмектердің түрлері және әсер ету механизмі. Стоматологиялық аспаптар, стерилдеудің алдындағы өңдеу, стерилдеу. 5
2. Ауыз қуысы – инфекциялардың кіру есігі. Ауыз қуысының дисбактериозы. Қалыптасу себептері. Халитозис. Алдын алу және емдеу 5
3. Стоматологияда биологиялық препараттарды қолдану (вакциналар, биологиялық белсенді қоспалар, эубиотиктер, пробиотиктер, пребиотиктер, бактериофагтар). Асқазан және он екі елі ішек ойық жарасын қоздырудағы геликобактериялардың этиологиялық рөлі. 5
4. Ауыз қуысының микоздары. Ашытқы тәріздес кандида саңырауқұлақтары. Адам патологиясындағы рөлі. Ауыз қуысының кандидозы (ауыздың уылуы). Емдеу және алдын алу. 5
5. Одонтогенді қабыну ауруларының этиологиясындағы анаэробтардың рөлі. Ауыз қуысының сілемейлі қабығындағы ойық жаралы-некроздық зақымданулар. Бет-жақ аймағының одонтогенді газды гангренасы. Клиникалық стоматологияда анаэробты инфекциялар диагнозын қою мәселелері. 5
6. Эмерожентті және реэмерожентті инфекциялар. Коронавирустар. SARS вирусы. Стоматологияда кездесетін ауруханаішілік инфекциялардың қоздырғыштары (АИВ, ҚҰВ, B, D, C, G, TTV гепатит вирустары, стафилококктар т.б.) 5
7. Тіс жегісі. Тіс жегісін туындататын микробтар. Патогенезі. Тіс тасы, оның құрамы және тіс жегі дамуындағы рөлі. Тіс жегісінің алдын алу. Стоматолог-дәрігер үшін биологиялық қауіпсіздік техникасын сақтау ережелері. 5
8 Қарапайымдылар және гельминттер қоздыратын паразитарлық аурулар. Инвазиялардың таралуы. Тұрғындарға медициналық көмек беру тәжірибесіндегі паразитологияның маңызы. 5
9 Негізгі паразитоздарға микробиологиялық диагноз қою принциптері. Алдын алу және емдеу негіздері. Патазитарлық инвазиялар патогенезінде организмнің аллергизациялануының маңызы. 5
Барлығы: 45
Практикалық/зертханалық сабақтар: Микробиологиялық зерттеу әдістерін игеру, қорытындыларға хаттама толтыру және интерпретация беру,практикалық жануарлармен жұмыс жасау, ситуациялық есептерді шешу, мультимедиялық мәліметтер базаларымен, тақырыпты қысқаша талдау, жұптасып практикалық жұмыс жасау, іскер ойындарды орындау, тестілеу.
Білім алушытің өзіндік жұмысы (БӨЖ): әдебиеттермен жұмыс істеу, ауызша баяндау, тақырып бойынша оқу-суретті дәрісті жазу, презентацияны көру және талдау, баяндама тыңдау, рефератты қорғау, оны талдау, рефератқа пікір жазу, ситуациялық есептерді құрастыру, тесттілік сұрақтарды шешу және талдау.
«Микробиология» пәнін оқып болған Білім алушытің білімін, меңгерген дағдыларын бағалау үшін бақылау әдістері қолданылады. Бағалау әдістері қайтару байланыс бойынша жүргізіледі, себебі Білім алушытің қай материалды түсінбеген деңгейін айғару үшін қолданады.
Практикалық сабақтар, ОБӨЖ – тестілеу, меңгерген практикалық дағдыларды тікелей тәуелсіз сыртқы бақылаушы (оқытушы) арқылы бағалау;
БӨЖ – рефератты қорғау, осындай рефераттарға рецензия беру, презентация, ауызша баяндама жасау, ситуациялық есептер, тест тапсырмаларын құрастыру.
Тест тапсырмаларды шешу:
тесттік тапсырмаларды орындағаны үшін балл келесі пропорцияны құрастыру арқылы саналады:
х = у*100
n
Мұндағы: х – Білім алушыке қойылатын балл мөлшері;
n – жалпы дұрыс жауаптарының саны;
у – Білім алушы берген дұрыс жауаптарының саны.
Ауызша сұхбаттасу және альбом арнауы:
100 балл Жауап толық, тиянақты. Білім алушы бағдарламамен ұсынылған негізгі және қосымша әдебиеттер бойынша толық білімді көрсете алады. Негізгі терминдер мен ұғымдарды, арнаулы терминологияны жауап беру кезінде еркін қолдана алады. Пререквизиттер мен постреквизиттер арасындағы логикалық байланысты дәлелдей алып, микробиология пәні бойынша білімін өзге пәндермен келістіре алады. Практикалық тапсырмаларды қатесіз орындап, зерттеу нәтижелерін дәл талдап, тиянақты шешімге келе алады. Практикалық жұмыстың нәтижелерін ұқыпты, қатесіз әрі уақытында альбомға енгізеді.
90 балл Жауабы толық, тиянақты. Білім алушы бағдарламамен ұсынылған негізгі және қосымша әдебиеттер бойынша толық білімді көрсете алады. Негізгі терминдер мен ұғымдарды, арнаулы терминоло-гияны жауап беру кезінде еркін қолдана алады. Практикалық тапсырмаларды қатесіз орындап, зерттеу нәтижелерін дәл талдап, тиянақты шешімге келе алады. Практикалық жұмыстың нәтижелерін ұқыпты, қатесіз әрі уақытында альбомға енгізеді.
85 балл Жауабы жеткілікті дәрежеде толық, қателері жоқ. Білім алушы бағдарламамен ұсынылған негізгі және қосымша әдебиеттер бойынша толық білімді көрсете алады. Арнаулы ұғымдарды еркін пайдаланады. Түрлі үрдістердің, құрылымдық элементтердің рөлін сенімсіз алайда дұрыс түсіндіре алады. Жауабында жібе-рілген қателерін өзі дұрыстай алады. Практикалық тапсырма-ларды орындай алады әрі тәжірибелердің нәтижелерін альбомға енгізе алады. Жұмыс нәтижелері альбомда бірқатар қателермен толтырылған.
80 балл Жауап толық, қателері жоқ. Білім алушы бағдарламаның негізгі әдебиеттері бойынша білімін көрсете алады. Бірқатар қателерді жіберіп, оқытушының арнайы сұрақтарынан кейін өзі жөндеп бере алады. Практикалық тапсырмаларды орындай алады әрі тәжірибелердің нәтижелерін альбомға енгізе алады. Жұмыс нәтижелері альбомда бірқатар қателермен толтырылған. Суреттері толық, жазулары жоқ.
75 балл Жауабы толық, бірақ тиянақты емес. Білім алушы негізгі әдебиеттерді меңгеріп, оқу материалы бойынша жеткілікті дәрежеде білімін көрсете алады. Арнайы терминологияны дұрыс пайдаланады. Бірқатар қателерді жіберіп, оқытушының арнайы сұрақтарынан кейін өзі жөндеп бере алады. Практикалық тапсырмаларды орындай алады, бірақ оларды талдау мен қорытындылауында бірқатар қателіктерді жібереді. Жұмыс нәтижелері альбомда бірқатар кемшіліктерімен толтырылған. Суреттрі жоқ, толтырылмаған.
70 балл Жауабы толық емес, бірқатар кемшіліктері байқалады. Оқытушының көмегімен жөндей алады. Білім алушы меңгерген мәлімет көлемі оқуды жалғастыруына жетерлік, негізгі әдебиеттерді біледі. Белгілі бір тапрсырмаларында білімін толық көрсете алмайды. Жұмыс техникасын жеткілікті дәрежеде меңгере алады. Тәжірибе нәтижелерін талқылау мен толтыруында қиналады. Альбомында тапсырмалар толық емес немесе қателермен толтырылған. Ситуациялық есеп бірқатар қателермен орындалған, бакпрепараттардың атаулары толық жазылмаған.
60 балл Жауабы толық емес, бірқатар мағынасыз және мағыналы кемшіліктерді жіберіп, оқытушының арнаулы сұрақтарының көмегімен қателерінің жартысын дұрыстап бере алады. Арнайы ұғымдарды қателермен қолданады. Тапсырмалады орындау техникасын толық білмейді (кейбір кезеңдерін). Тапсырмалардың нәтижелерін талқылай алмайды. Альбомында 70% тапсырмалары ғана орындалған.
50 балл Жауабында көптеген қателері бар. Арнайы терминологияны үлкен қателермен пайдаланады, жіктелуін білмейді, кейбір қателерін тіпті оқытушының жәрдемімен де жөндей алмайды. Тапсырмаларды орындау техникасын жартылай ғана біледі, зерттеу нәтижелерін талқылай алмайды. Альбомында жұмыстардың 50% толтырылған. Ситуациялық есеп қателермен орындалған, бакпрепараттардың атаулары толық жазылмаған.
0 балл Білімі толық емес, байланыссыз, арнаулы терминологияны пайдаланбайды. Альбомында жұмыстардың 40%-дан төмен орындалған.
Сұрақ қойған кезде білім алушы тақырып бойынша білімінің жоғын көрсетіп тұр. Альбом мүлдем жоқ немесе тапсырмалардың 25% ғана толтырылған.
Жауаптан бас тартады. Альбомы жоқ. Альбомы толық толтырылмаған, сабақ аяқталуымен оқытушының назарына ұсынылмады.
Реферат жазу «Микробиология» пәнін оқу барысында міндетті болып келеді. Практикалық сабақ жүргізетін оқытушы рефератты тексереді.
Рефератты тексеру барысында рефератты дайындаудың жалпы ереже талаптарына сай орындалуын ескере отырып бағаланады. Рефератты дайындау талаптары келесідей.
Реферат осындай жазбаша жұмысқа қойылатын талаптарды көрсететін нормалар мен стандарттартарға байланысты орындалады (яғни, тақырыптың негізгі текстіне, библиографиясына, қосымшаларына қазақ тілі ережелерін сақтауына назар аудару және т.б). Рефераттың көлемі жазу бетінен аспау керек (қолданатын шрифті, форматы және басқа да тексті безендіруінің техникалық талаптарына сәйкестігі).
Рефератты дайындау жұмысын бағалау төменде көрсетілген талаптарға, яғни бұл жұмыс түрін бағалаудағы маңызды аспектілерін көрсететін жалпы критерийлеріне сүйеніп жасалынады. Осы талаптарға сәйкес болуы 100-балды жүйемен бағаланады, яғни:
100
Балл - мақсаты мен міндеттері нақты құрастырылған, таңдап алынған тақырыпқа сәйкес келеді, жаңалығымен ерекшелінеді;
- мазмұны толығымен таңдалып алынған тақырыпқа сәйкес келеді, зерттеу барысы, оның қорытындыларын баяндау стилі мен формасы талапқа жауап береді;
- жұмыстың құрылымы нақты белгіленген және толығымен дәлелденген;
- жұмыс үлгі ретінде нормативті құжаттармен, ғылыми және оқу әдебиетімен жақсы жұмыс істеу, олардан зерттелетін мәселенін контекстін дұрыс табу, маңызды өзектілігін айқындау, өздігімен және творчестволық қорытынды беру қабілетілігі бар екенін көрсетеді;
- автор таңдап алған тақырыпты ашу үшін үлкен тапқырлық және творчестволық көзқарас танытты, зерттеу барысында алынған қорытындылар тұжырымы, ұсыныстары жаңа табыстарға иелігін көрсетеді;
- жазылу стилі орындалған жұмыстың бағытына толығымен сәйкес келеді, түсіндіру аппаратының негізгі терминдерін дұрыс қолданған, ойы-пікірі нақты логикамен түсіндіріледі, қарама-қайшылық тудырмайды;
- реферат талаптарға сай негізделіп құрастырылған (яғни, қосымшаларға сүйену, библиография, техникалық талаптарын орындау және т.б.);
- зерттеу барысында қорытындылардың тұжырымдары тақырыптың мазмұнына сәйкес келеді, автордың өзіндік позициясы, ұстанымы бар екенін дәлелдейді, тұжырымдардың жаңа өзгешелігі және ғылыми құндылығы бар;
- рефераттың көлемі талаптарға сай дайындалған;
- реферат уақытынан бұрын тапсырылған (тапсыратын уақыттан бұрын).
90 балл - мақсаты мен міндеттері нақты құрастырылған, таңдап алынған тақырыпқа сәйкес келеді, жаңалығымен ерекшелінеді;
- мазмұны толығымен таңдалып алынған тақырыпқа сәйкес келеді, зерттеу барысы, оның қорытындыларын баяндау стилі мен формасы талапқа жауап береді;
- жұмыстың құрылымы нақты белгіленген және толығымен дәлелденген;
- жұмыс үлгі ретінде нормативті құжаттармен, ғылыми және оқу әдебиетімен жақсы жұмыс істеу, олардан зерттелетін мәселенін контекстін дұрыс табу, маңызды өзектілігін айқындау, өздігімен және творчестволық қорытынды беру қабілетілігі бар екенін көрсетеді;
- автор таңдап алған тақырыпты ашу үшін үлкен тапқырлық және творчестволық көзқарас танытып, зерттеу барысында алынған қорытындылар тұжырымы, ұсыныстары жаңа табыстарға иелігін көрсетеді;
- жазылу стилі орындалған жұмыстың бағытына толығымен сәйкес келеді, түсіндіру аппаратының негізгі терминдерін дұрыс қолданған, ойы-пікірі нақты логикамен түсіндіріледі, қарама-қайшылық тудырмайды;
- реферат талаптарға сай негізделіп құрастырылған (яғни, қосымшаларға сүйену, библиография, техникалық талаптарын орындау және т.б.);
- зерттеу барысында қорытындылардың тұжырымдары тақырыптың мазмұнына сәйкес келеді, автордың өзіндік позициясы, ұстанымы бар екенін дәлелдейді, тұжырымдардың жаңа өзгешелігі және ғылыми құндылығы бар, жасалынған қателіктер дұрыс тұжырым жасауға кедергі жасамайды;
- рефераттың көлемі талаптарға сай дайындалған;
- реферат уақытылы тапсырылған.
85 балл - құрастырылған мақсаты мен міндеттері таңдап алынған тақырыпқа сәйкес келеді, дегенмен нақтылы көрсетілмеген;
- мазмұны таңдалып алынған тақырыпқа сәйкес келеді, зерттеу барысы, оның қорытындыларын баяндау стилі мен формасы талапқа жауап береді;
- жұмыстың құрылымы маңызды элементтер талқылауында толығымен ұсталынып отырылған;
- жұмыс нормативті құжаттармен, ғылыми және оқу әдебиетімен жақсы жұмыс істеу, олардан зерттелетін мәселенін контекстін табу, маңызды өзектілігін айқындау, қорытынды беру қабілетілігі бар екенін көрсетеді;
- автор таңдап алған тақырыпты айқындатуын өзі жүргізген, зерттеу барысында алынған қорытындылар тұжырымы, ұсыныстары жаңа табыстарға иелігін көрсетеді;
- жазылу стилі орындалған жұмыстың бағытына сәйкес келеді, үштен астам қателіктер (дұрыс емес тұжырымдар) бар, түсіндіру аппаратының негізгі терминдерін дұрыс қолданған, ойы-пікірі логикамен түсіндіріледі, қарама-қайшылық тудырмайды;
- реферат талаптарға сай негізделіп құрастырылған (яғни, қосымшаларға сүйену, библиография, техникалық талаптарын орындау және т.б.), рұқсат беріледі: беске дейін сыпайы өзгертулер, бесеу қателіктер (әріптерді дұрыс термеу, рефератты дұрыс безендірмеу және т.б.);
- зерттеу барысында қорытындылардың тұжырымдары тақырыптың мазмұнына сәйкес келеді, автордың өзіндік позициясы, ұстанымы бар екенін дәлелдейді, жасалынған қателіктер (төрттен аспайды) дұрыс тұжырым жасауға кедергі жасамайды;
- рефераттың көлемі талаптарға сай дайындалмаған, және осындай кемшіліктер 10 пайыздан асады;
- реферат уақытылы тапсырылған.
80 балл құрастырылған мақсаты мен міндеттері таңдап алынған тақырыпқа сәйкес келеді, дегенмен нақтылы көрсетілмеген;
- мазмұны таңдалып алынған тақырыпқа сәйкес келеді, зерттеу барысы, оның қорытындыларын баяндау стилі мен формасы талапқа жауап береді;
- жұмыстың құрылымы маңызды элементтер талқылауында толығымен ұсталынып отырылған;
- жұмыс нормативті құжаттармен, ғылыми және оқу әдебиетімен жақсы жұмыс істеу, олардан зерттелетін мәселенін контекстін табу, маңызды өзектілігін айқындау, қорытынды беру қабілетілігі бар екенін көрсетеді;
- автор таңдап алған тақырыпты айқындатуын өзі жүргізген, зерттеу барысында алынған қорытындылар тұжырымы, ұсыныстары жаңа табыстарға иелігін көрсетеді;
- жазылу стилі орындалған жұмыстың бағытына сәйкес келеді, үштен астам қателіктер (дұрыс емес тұжырымдар) бар, түсіндіру аппаратының негізгі терминдерін дұрыс қолданған, ойы-пікірі логикамен түсіндіріледі, қарама-қайшылық тудырмайды;
- реферат талаптарға сай негізделіп құрастырылған (яғни, қосымшаларға сүйену, библиография, техникалық талаптарын орындау және т.б.), рұқсат беріледі: алтыға дейін маңызды өзгертулер, алтау қателіктер (әріптерді дұрыс термеу, рефератты дұрыс безендірмеу және т.б.);
- зерттеу барысында қорытындылардың тұжырымдары тақырыптың мазмұнына сәйкес келеді, автордың өзіндік позициясы, ұстанымы бар екенін дәлелдейді, жасалынған қателіктер ( бестен аспайды) дұрыс тұжырым жасауға кедергі жасамайды;
- рефераттың көлемі талаптарға сай дайындалмаған, және осындай кемшіліктер 12 пайыздан асады;
- реферат шектелген уақыттан 2 күн кешіктіріліп тапсырылған.
75 балл құрастырылған мақсаты мен міндеттері таңдап алынған тақырыпқа сәйкес келеді, дегенмен нақтылы көрсетілмеген;
- мазмұны таңдалып алынған тақырыпқа сәйкес келеді, зерттеу барысы, оның қорытындыларын баяндау стилі мен формасы талапқа жауап береді;
- жұмыстың құрылымы маңызды элементтер талқылауында толығымен ұсталынып отырылған;
- жұмыс нормативті құжаттармен, ғылыми және оқу әдебиетімен жақсы жұмыс істеу, олардан зерттелетін мәселенін контекстін табу, маңызды өзектілігін айқындау, қорытынды беру қабілетілігі бар екенін көрсетеді;
- автор таңдап алған тақырыпты айқындатуын өзі жүргізген, зерттеу барысында алынған қорытындылар тұжырымы, ұсыныстары жаңа табыстарға иелігін көрсетеді;
- жазылу стилі орындалған жұмыстың бағытына сәйкес келеді, үштен астам қателіктер (дұрыс емес тұжырымдар) бар, түсіндіру аппаратының негізгі терминдерін дұрыс қолданған, ойы-пікірі логикамен түсіндіріледі, қарама-қайшылық тудырмайды;
- реферат талаптарға сай негізделіп құрастырылған (яғни, қосымшаларға сүйену, библиография, техникалық талаптарын орындау және т.б.), рұқсат беріледі: жетіге дейін маңызды өзгертулер, жетеу қателіктер (әріптерді дұрыс термеу, рефератты дұрыс безендірмеу және т.б.);
- зерттеу барысында қорытындылардың тұжырымдары тақырыптың мазмұнына сәйкес келеді, автордың өзіндік позициясы, ұстанымы бар екенін дәлелдейді, жасалынған қателіктер ( алтыдан аспайды) дұрыс тұжырым жасауға кедергі жасамайды;
- рефераттың көлемі талаптарға сай дайындалмаған, және осындай кемшіліктер 15 пайыздан асады;
- реферат шектелген уақыттан 1 апта кешіктіріліп тапсырылған.
70 балл - жұмыстың мақсаты мен міндеттері қаумақты және нақты емес, тек жалпы сұрақтары таңдалған тақырыптқа сай келеді;
- таңдалған тақырыптың мақмұны жалпылама сақталынады, сонымен қатар, мақсатына жауап беретін материалдан алшақ кетіп қалады, сондықтан берілген қорытындылары нақты емес, жұмыс қиын оқылып қабылданады;
- жұмыстың құрылымы анық берілмеген, толығымен нақтыланбаған;
- жұмыс нормативті құжаттармен, ғылыми және оқу әдебиетімен жұмыс істеу, олардан зерттелетін мәселенін контекстін табу қабілетілігі шектелгенін, төмендігін көрсетеді;
- таңдап алған тақырыпты айқындайтын мәселесі басқа зерттелушілердің ой-өрістеріне сүйенген, және өз бетінше дайындауы фрагменттермен шектелген, жасалған қорытындылары мен тұжырымдары толық емес, өзектілігі және жаңалығы бар;
- жазылу стилі орындалған жұмыстың бағытына толығымен сәйкес келмейді, жетіден астам қателіктер (дұрыс емес тұжырымдар) бар, түсіндіру аппаратының негізгі терминдерін дұрыс қолданбаған, ойы-пікірі қарама-қайшылық тудырмайды;
- реферат талаптарға сай негізделіп құрастырылғанымен қателіктері бар (яғни, қосымшаларға сүйену, библиография, техникалық талаптарын орындау және т.б.), рұқсат беріледі: сегізге дейін өзекті өзгертулер, сегіз қателіктер (әріптерді дұрыс термеу, рефератты дұрыс безендірмеу және т.б.);
- берілген барлық тұжырымдардың төртеуі жасалынған зерттеу мазмұнына сәйкес келмейді, жалпылама және маңыздылығын көрсетпейтін тұжырымдар көрсетілген және осындай тұжырымдар автордың өздігімен зерттеу жұмысын жүргізбегенін көрсетеді;
- рефераттың көлемі талаптарға сай дайындалмаған, және осындай кемшіліктер 20 пайыздан асады;
- реферат кешіктіріліп тапсырылған, шектелген уақыттан 3 аптаға дейін.
60 балл - жұмыстың мақсаты мен міндеттері қаумақты және нақты емес, тек жалпы сұрақтары таңдалған тақырыптқа сай келеді;
- таңдалған тақырыптың мақмұны жалпылама сақталынады, сонымен қатар, мақсатына жауап беретін материалдан алшақ кетіп қалады, сондықтан берілген қорытындылары нақты емес, жұмыс қиын оқылып қабылданады;
- жұмыстың құрылымы анық берілмеген, толығымен нақтыланбаған;
- жұмыс нормативті құжаттармен, ғылыми және оқу әдебиетімен жұмыс істеу, олардан зерттелетін мәселенін контекстін табу қабілетілігі шектелгенін, төмендігін көрсетеді;
- таңдап алған тақырыпты айқындайтын мәселесі басқа зерттелушілердің ой-өрістеріне сүйенген, және өз бетінше дайындауы фрагменттермен шектелген, жасалған қорытындылары мен тұжырымдары толық емес, өзектілігі және жаңалығы бар;
- жазылу стилі орындалған жұмыстың бағытына толығымен сәйкес келмейді, жетіден астам қателіктер (дұрыс емес тұжырымдар) бар, түсіндіру аппаратының негізгі терминдерін дұрыс қолданбаған, ойы-пікірі қарама-қайшылық тудырмайды;
- реферат талаптарға сай негізделіп құрастырылғанымен қателіктері бар (яғни, қосымшаларға сүйену, библиография, техникалық талаптарын орындау және т.б.), рұқсат беріледі: онға дейін өзекті өзгертулер, он қателіктер (әріптерді дұрыс термеу, рефератты дұрыс безендірмеу және т.б.);
- берілген барлық тұжырымдардың жасалынған зерттеу мазмұнына сәйкес келмейді, жалпылама және маңыздылығын көрсетпейтін тұжырымдар көрсетілген және осындай тұжырымдар автордың өздігімен зерттеу жұмысын жүргізбегенін көрсетеді;
- рефераттың көлемі талаптарға сай дайындалмаған, және осындай кемшіліктер 24 пайыздан асады;
- реферат кешіктіріліп тапсырылған, шектелген уақыттан 5 аптаға дейін.
50 балл жұмыстың мақсаты мен міндеттері қаумақты және нақты емес, тек жалпы сұрақтары таңдалған тақырыптқа сай келеді;
- таңдалған тақырыптың мақмұны жалпылама сақталынады, сонымен қатар, мақсатына жауап беретін материалдан алшақ кетіп қалады, сондықтан берілген қорытындылары нақты емес, жұмыс қиын оқылып қабылданады;
- жұмыстың құрылымы анық берілмеген, толығымен нақтыланбаған;
- жұмыс нормативті құжаттармен, ғылыми және оқу әдебиетімен жұмыс істеу, олардан зерттелетін мәселенін контекстін табу қабілетілігі шектелгенін, төмендігін көрсетеді;
- таңдап алған тақырыпты айқындайтын мәселесі басқа зерттелушілердің ой-өрістеріне сүйенген, және өз бетінше дайындауы фрагменттермен шектелген, жасалған қорытындылары мен тұжырымдары толық емес, өзектілігі және жаңалығы бар;
- жазылу стилі орындалған жұмыстың бағытына толығымен сәйкес келмейді, жетіден астам қателіктер (дұрыс емес тұжырымдар) бар, түсіндіру аппаратының негізгі терминдерін дұрыс қолданбаған, ойы-пікірі қарама-қайшылық тудырмайды;
- реферат қойылған талаптарға сайкес емес қателіктермен безендірілген (яғни, қосымшаларға сүйену, библиография, техникалық талаптарын орындау, әріптерді дұрыс термеу, рефератты дұрыс безендірмеу және т.б.);
- берілген тұжырымдардың жасалынған зерттеу мазмұнына сәйкес келмейді, осындай тұжырымдар автордың өздігімен зерттеу жұмысын жүргізбегенін көрсетеді;
- рефераттың көлемі талаптарға сай дайындалмаған, және осындай кемшіліктер 26 пайыздан асады;
- реферат кешіктіріліп тапсырылған, шектелген уақыттан 7 аптаға дейін.
0 балл реферат тапсырылмаған немесе 11 аптадан астам уақыттан соң кешіктіріліп тапсырылған.
Презентацияны құрастыру және көрсету
Бағалау критерийі:
Слайдтарды рәсімдеу
Стиль Рәсімдеудің біртекті стилін сақтаңыз.
Презентацияның өзінен алшақтау стильді таңдамаңыз.
Қосымша ақпараттар (басқарушы кнопкалар) негізгі ақпараттан басым болмауы тиіс (мәтін, суреттер).
Фон Фон үшін суық тондарды таңдаған дұрыс (көк немесе жасыл).
Түсті қолдану Бір слайдта үш түстен артық қолдануға болмайды: біреу фон үшін, бірі тақырыпқа, енді бірі мәтін үшін.
Фон мен мәтін үшін қанық түстерді қолданыңыз.
Гиперсілтеме түсіне айрықша көңіл аударыңыз (қолданғанға дейін және кейін).
Анимациялық әсерлер Компьютерлік анимациялар мүмкіндігін ақпараттарды слайдта көрсету үшін қолданыңыз.
Әртүрлі анимациялық әсерлерді асыра сілтеп қолданудың қажеті жоқ, олар слайдтағы ақпараттың мазмұнынан назарды аударып кетпеуі тиіс.
Ақпаратты көрсету
Ақпараттың мазмұны Қысқа сөздер мен сөйлемдерді қолданыңыз.
Етістіктер, одағайлар, сын есімдердің санын қысқартыңыз.
Тақырыптар аудитория назарын аударуы тиіс.
Ақпараттың бетте орналасуы Ақпараттың көлденеңінен орналасуы қолайлы.
Анағұрлым маңызды ақпарат экранның ортасында орналасқаны дұрыс.
Егер слайдта сурет болатын болса, онда сөздері оның астында болуы керек.
Шрифттер Тақырыптар үшін – 24-тен кем емес.
Ақпараттар үшін – 18-ден кем емес.
Таңбасыз шрифтерді алыс қашықтықтан оқу оңайырақ.
Бір презентацияда әртүрлі шрифтерді араластыруға болмайды.
Ақпаратты ерекше бөлу үшін қалың шрифтті, курсив немесе астынан сызуды қолданған жөн.
Бас әріптерді көп қолданған дұрыс емес (олардың оқылуы қиын).
Ақпаратты ерекше бөлу тәсілдері Қолданған дұрыс:
рамкалар, шекаралар, боялуын;
шрифт, штриховка, стрелканың әртүрлі түстерін;
суреттер, диаграммалар, маңызды деректерді көрнекілеу үшін сызбалар.
Ақпарат көлемі Бір слайдты көлемді ақпаратпен толтыруға болмайды: адамдар бір мезетте үштен артық емес деректі, тұжырымды, анықтамаларды есінде сақтай алады.
Айтарлықтай тиімділікке қол жету үшін нағыз соңғы түйіндерді әрбір слайдта жекелей көрсеткен дұрыс.
Слайдтар түрлері Әрқилылықты қамтамасыз ету үшін слайдтардың әртүрін қолдану қажет:
мәтінмен бірге;
кестемен бірге;
диаграммамен бірге.
Білім алушытің оқу білімін қорытынды бағасының әріптік жүйесі
сандық эквивалетпен төрт балдық жүйеге сәйкестігі:
Әріптік жүйе бойынша баға Балдың сандық
эквиваленті Пайыздық көрсеткіш Дәстүрлі жүйе бойынша баға
А 4,0 95-100 Өте жақсы
А- 3,67 90-94 В+ 3,33 85-89 Жақсы
В 3,0 80-84 В- 2,67 75-79 С+ 2,33 70-74 Қанағаттанарлық
С 2,0 65-69 С- 1,67 60-64 D+ 1,33 55-59 D 1,0 50-54 F 0 0-49 Қанағаттанарлықсыз
РРБ-на әрбір себепсіз қатыспағаны үшін 1 балл шегеріледі.
Білім алушылар рейтингісінің бағасы ағымдық және аралық бақылаудың бағаларынан құралады.
Пән бойынша рейтинг келесі формуламен есептеледі:
РРБ=(АББх0,4 +РББх0,5 + БӨЖх0,1)
РРБ- рұқсат рейтингісінің бағасы. Сабаққа немесе емтиханға рұқсат рейтингінің бағасы. Бұл практикалық сабақтан, аралық бақылаудан алған және БӨЖ- ден алған балының орташа көрсеткішін есептегендегі алынған орташа бағасы.
АББ – практикалық сабақтан алған орташа баға (ағымдық бақылаудың бағасы)
БӨЖ – БӨЖ- дің орташа бағасы
Рұқсат рейтингісі-Білім алушытің қорытынды бағасы, кемінде 50 балл болуы керек.
Рұқсат рейтингісінде 50 балдан төмен болса, қорытынды баға есептелмейді.
Білім алушылардың семестрлік балы 50 не одан жоғары болса емтиханға кіруге рұқсат беріледі.
Пән бойынша қорытынды бағаға рұқсат рейтингісінің және қорытынды бақылаудың бағалары қоса есептеледі. Қорытынды бағаны есептегенде әрбір компоненттің үлесі есептеледі:
рұқсат рейтингісінің бағасы - 60%-ды құрайды, қорытынды бақылаудың бағасы - 40%-ды құрайды.
Білім алушының пән бойынша (ҚБ) академиялық рейтингісі білім алушы рұқсат рейтингісінен де, қорытынды бақылаудан да оң баға алған жағдайда ғана есептеледі. (ҚБ) есептеуде емтихан қабылдаушы келесі формулаға сүйенеді:
ҚБ = РРБ*0,6 + ҚББ*0,4
Пәндер бойынша ҚБ қорытынды бақылаудың әрбір кезеңдері бойынша тек оң баға (ҚББ≥50 бал) алған жағдайда ғана есептеледі. Аттестация кезеңдерінің бірінде қорытынды бақылаудан (ҚБ) қанағаттанарлықсыз баға алған жағдайда қорытынды баға (ҚББ) есептелмейді.
Ұсынылған әдебиеттер
мемлекеттік тілде:
негізгі:
1. Медициналық микробиология, вирусологи және иммунология. Оқулық: ә томдық/редакциясын басқарғандар В.В.Зверев, М.Н. Бойченко; қазақ тіліне аударған және жауапты редакторы К.Қ. Құдайбергенов. – М.: ГЭОТАР-Медиа, 2016.: ил.+CD. 1- т. – 416 б.
2. Медициналық микробиология, вирусологи және иммунология. Оқулық: ә томдық/редакциясын басқарғандар В.В.Зверев, М.Н. Бойченко; қазақ тіліне аударған және жауапты редакторы К.Қ. Құдайбергенов. – М.: ГЭОТАР-Медиа, 2016.: ил.+CD. 2- т. – 480 б.
3. Микробиология, вирусологи және иммунология: лабораториялық жұмыстарына нұсқау: оқу құралы / В.Б. Сбойчаков және т.б.; редакциясын басқарған В.Б.Сбойчаков, М.М. Карапац. – М.: ГЭОТАР-Медиа, 2017.- 320 б.: ил.
4.МИМС бойынша микробиология=Медицинская микробиология по Мимсу: қазақ және орыс тілінде 6 кітап болып шыққан/ Геринг Р. Және т.б.: жауапты редакторы М.Н.Бойченко. – М.: ГЭОТАР-Медиа, 2017.
5. «Медициналық микробиология» (оқулық). Микробиология кафедрасының профессорлары Рамазанова Б.А., Құдайбергенүлы Қ. – Алматы, 2011, - 717 б.
қосымша
1. Микробиология жəне вирусология (жалпы бөлімі): Оқу құралы/ Арықпаева Ү.Т., Алмағамбетова К.Х., Бисенова Н.М., Рахметова Н.Б., Асемова Г.Д., Койшебаева К.Б., Бисимбаева С.К., Калина Н.В. /1-ші басылым (Медициналық жəне фармацевтикалық мамандықтар бойынша жоғары оқу орвндарының Білім алушытеріне арналған оқу құралы). – Астана, 2005. – 208 б.
2. Микробиология жəне вирусология (жалпы бөлімі): Оқу құралы/ Арықпаева Ү.Т., Алмағамбетова К.Х., Бисенова Н.М., Байдүйсенова Ə.Ө., Рахметова Н.Б., Асемова Г.Д. / 1-ші басылым (Медициналық жəне фармацевтикалық мамандықтар бойынша жоғары оқу орвндарының Білім алушытеріне арналған оқу құралы). -Астана, 2005.-109 б.
3. Əлмағамбетов К.Х., Байдүйсенова Ə.Ө., Мұхаметжанов Қ.М. Микроорганизмдер биотехнологиясы. – Астана, 2008. – 240 б.
4. Əлмағамбетов К.Х., Байдүйсенова Ə.Ө. Медициналық биотехнология. – Астана, 2009. – 232 б.

Приложенные файлы

  • docx 9419973
    Размер файла: 568 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий