Тарих гос КК-11 кыздары


1.«Алаш Орда»: азаматтық қарсыластықтағы орны мен рөлі
Кеңес өкіметі де барлық ұлттардың теңдігін жариялады, бірақ ол оның әлеуметтік негізін шектеді. Қанаушыларға жатқызылған, бұрынғы құрылысқа қызмет еткен адамдар, сондай-ақ діни ұйымдардың қайраткерлері барлық құқықтарынан айырылды. Алашорданын бағдарламасы қазақ халқының өмір сүруінің ғасырлар бойы қалыптасқан әдістерін күрт,
тез арада қиратпай, экономикалык, әлеуметтік, құқылык өмірдің тарихи ерекшеліктерін ескере отырып, қоғамды демократиялық жолмен кайта құру бағдарламасы ретінде кептеген жылдар бойы іріктеліп, калыптасқан еді. Ұлттык қозғалыс идеологтарының бірі М. Дулатов сонау 1911 жылдың өзінде былай деп жазды: «Бір халықтың тұрмысын түп-тамырынан бұзып өзгертуі (көшпенділіктен отырықшылыққа. отырықшылықтан көшпенділікке шыккан секілді) оңай іс емес. Хауіпті дертке ғалым тәуіп қанша керек болса, бұл мәселенің түйінін шешугеде сонша білім керек. Өлгенді тірілту мүмкін болмаған кесілді, бұл туралы өзгеріс қате пікірмен болса, түзетуге болмайды.»
Алашорда қайраткерлері сепаратистер болған жоқ. Олар реалистік тұрғыдан ойлайтын, сол бір жағдайдағы Ресейдің қазақ халқы үшін рөлі мен маңызын түсінетін адамдар еді. Ресеймен бірлік бағытын Алашорда қайраткерлері берік те дәйекті жүргізді. Алашорда большевиктік идеологияға негізделген жоқ, оның алғашқы кезде Кеңес өкіметіне қарсы шыққаны табиғи нәрсе болатын. Егер Алашорда қайраткерлері Кеңес өкіметіне қарсы шыкса, бұл ешбір жағдайда да олар революцияның жаулары болды деген сөз емес.
Бұл олардың өз партиясының, өз пікірі бойынша, өз халқының игілігіне бағытталған бағдарламасына адал берілгендігін білдіреді. Партия мен әлеуметтік топтарға бөлмей, өз халқының мүдделерін қорғады. Сондықтан олар өз халқына жау бола алмайтын еді, ал оларды большевиктер солай етіп көрсетуге тырысты. Мұның өзі кейіннен Кеңес өкіметінің бұрынғы Алашорда қайраткерлерін жазалауының басты себептерінің бірі болды. 1920 жылы Алаш Орда үкіметі құлағаннан кейін, Алаш көсемі Ә. Бөкейханов өз жақтастарына арнап үндеу тастайды. «Біз жеңілдік, бірақ ұлттың санасын оятып, мүддесін қорғауымызды бір сәтке де тоқтатпауымыз керек . Ол үшін, большевикттер партиясының қатарына өтіп Кеңес органдарына жұмысқа кіріп, күресімізді астыртын жүргізуіміз керек»,- дейді. Осыдан кейін Алаш Орда үкіметінің мүшелері мен олардың ұстанымын қолдайтын жақтастары Кеңес үкіметіне түрлі қызметке кіреді. Ал оларды осы қызметтерге тартқан Н.Нұрмақов, Т.Рысқұлов, С.Сейфуллин сынды Қазақстандағы Кеңес
үкіметінің басшылығындағы ұлт қайраткерлері, жаңа толқын саясаткерлері болатын.
Қазақ зиялыларының сол кезеңде Қызыл империя орталығының саясаты кесірінен ұлттық мемлекет құру жолында Алаш Орда үкіметі мен партиясын құрғандар және большевиктік партия мен социализм идеясына сенген қайраткерлер арасында саяси көзқарастарына қарай екі жікке бөлінген еді.
2.«Алаш» және «Үш жүз» ұлттық саяси партиялары. Олардың бағдарламалық құжаттарының негізгі ережелері.
Ресейде 1917 жылдың күзінде Кеңестер мен Уақытша үкіметтің арасындағы саяси қарсылық тереңдей түскен жағдайда қазақ қоғамының социалистік бағыттағы өкілдері ұлттық бужуазиялық ұйымдардан іргесін бөліп алды және сонымен қоса олармен күрес жүргізе бастады. Бұл процесс Қазақстанда да орын алды, ол қазақ интеллигенциясының арасында өзіне деген «солшылдардың» көзқарасын нығайта түсуге тырысқан «Үш жүз» партиясының тәжірибесінен айқын көрінеді. «Үш жүз» алғашында «Алаш» партиясымен бірлесіп жұмыс істеуге ниет білдіргенімен, қазақ қоғамының қоғамдық саяси дамуының аса маңызды мәселелері бойынша келісе алмағандықтан іргесін бөлек салып, оның тұрақты қарсыластарының біріне айналған еді. «Үш жүз» партиясының көсемдері адвокат, журналист әрі драматург Қолбай Тоғысов , фельдшер және аудармашы Шаймерден Әлжанов, оқушы Әбілқайыр Досов, жүк тиеуші Исак Қобеков, журналист Мұқан Әйтпенов болды. Ш. Әлжанов, М. Әйтпенов және К. Тоғысов 1912-1915 жылдары «Айқап» журналымен тығыз байланыста болып, оның беттерінде мәдениет, білім беру, денсаулық сақтау, аграрлық мәселелер бойынша мақалалары жарияланып тұрды. К. Тоғысовқа келер болсақ, ол
1907-1912 жылдары патша әкімшілігі тарапынан қуғынға ұшыраған еді. 1916 жылы ол Ташкентте «Алаш» газетін шығара бастаған.
3.«Әскери коммунизм» саясаты, оның Қазақстандағы жүзеге асырылуының ерекшеліктері. Алдымен әскери коммунизм дегеніміз не деген сұраққа тоқталып кетейік- 1918–1921 жылдары азамат соғысы кезіндегі Кеңес одағының ішкі саясатының аты.Аза¬мат соғысы жыл¬да¬рын¬дағы қалып¬тасқан қиын-дықтар¬мен бай¬ла¬ныс¬ты Кеңес өкіметі 1918 жыл¬дың ор¬та кезінде ел¬дегі бар¬лық ма-тери¬ал¬дық ре¬сурс¬тар¬мен, адам күштерін ба¬рын¬ша жұмыл¬ды¬ру, қала¬лар¬ды, өнеркәсіп жұмыс¬шы¬ларын, Қызыл Ар¬ми¬яны азық-түлікпен қам¬та¬масыз ету, ел¬де қатал еңбек тәртібін ор¬на¬ту мақса¬тын¬да «әске¬ри ком¬му¬низм» са¬яса¬тын енгізді. Бұл төтен¬ше са¬ясат эко¬номи¬калық күй¬зеліс, Кеңес мем¬ле¬кетін ше¬тел ин¬тервент¬тері мен ішкі жа¬улар¬дан қорғаудың қажеттілігінен туған еді. «Әске¬ри ком¬му¬низм» са¬яса¬ты негізінде азақ-түлік мәсе¬лесін ше¬шу үшін төтен¬ше ша¬ра азық-түлік са¬лығы енгізілді. Ол бойын¬ша ел¬дегі бай¬лар мен ку¬лак¬тардың қолын¬дағы та¬уар¬лы ас-тықтың көп бөлігі ешқан¬дай қай¬та¬рым¬сыз алын¬ды, бұқара ха¬лықты азық-түлікпен бір ор¬та¬лықтан қам¬та¬масыз ету көзделді, ауыл ша¬ру¬ашы¬лық өнімдерін өз еркімен са¬туға ти¬ым са¬лын¬ды.
«Әске¬ри ком¬му¬низм» са¬яса¬ты бойын¬ша ел¬де жап¬пай еңбек ету міндеттілігі та¬лап етілді.
Қазақстан¬да «әске¬ри ком¬му¬низм» са¬яса¬ты негізінде өнеркәсіпті кеңес ор¬ганда¬рының қолы¬на шоғыр¬ланды¬ру, оны Қызыл Ар¬ми¬яны қару-жа¬рақ және жаб¬дықтар¬мен қам¬та-масыз ету¬ге жұмыл¬ды¬ру ша¬рала¬ры жүргізілді. Бүкілре¬сейлік Атқару Ко¬митетінің 1918 жылғы ма¬мыр¬дағы жар¬лығымен әскер¬ге өз еркімен ба¬ру ісі жал¬пыға бірдей міндетті әске¬ри бо¬рыш¬ты орын¬да¬умен ал¬масты¬рыл¬ды. Әскери коммунизм» саясаты: Большевизмнің «тауарсыздық» утопиясының Қазақстандық практикасы мен ақиқаты Ленин социалистік революцияның стратегиялық мақсатын «бүкіл өндіріс құрал-жабдықтарын халық игілігіне берумен» байланыстырды. Ф. Энгельс өндіріс құралдарының нақты иесін атап көрсеткен еді. «Пролетариаттың билікті басып алуымен, — деп жазды ол, — бәрінен бұрын өндіріс кұралы мемлекеттік меншікке айналады»
Өндіріс құрал-жабдықтарын мемлекеттің қарамағына беру идеясы большевиктік революцияның алтын арқауы болды. Ол жүйелі түрде толық жүзеге асырылды. Жер қоры сияқты, өнеркәсіп, көлік инфрақұрылымдары мен банктер түгелдей дерлік мемлекет меншігіне айналдырылды.
Қазақстанда 300-ден астам өнеркәсіп орны мемлекет меншігіне берілді. Олардың қатарында Спасск мыс балқыту және Шымкент дермене зауыттары, Қырғыз тау-кен өнеркәсібі акционерлік қоғамының қорғасын-мырыш зауыты, Риддер кеніші кәсіпорындары, Екібастұз және Байкоңыр көмір кені орындары, Ембі мұнай кәсіпшіліктері бар. Орынбор-Ташкент және Жетісу теміржолы, Арал теңізі, Ертіс пен Жайық өзендеріндегі кемелер мен барлық сауда флоты, Қазақстан қалаларындағы Орыс-Азия, Еділ-Кама, Сібір сауда банктері капиталымен қоса және банк бөлімшелерінің объектілері де мемлекет меншігіне жатқызылды.
Ленин Қазан революциясы қарсаңында-ақ: «Буржуйлардан тартып алынған өндіріс құрал-жабдықтарына бүкілхалықтық демократиялық басқаруды ұйымдастырмайынша капитализмді тізе бүктіру мүмкін емес...», — деген болатын.[ «Бүкілхалықтық басшылықты» жүзеге асыру мақсатында жұмысшы бақылауы енгізілді, ал елдің экономикасын жоспарлы түрде басқару, оның халық шаруашылығы мен қаржысын бір орталықтан ұйымдастыру үшін кен өкілетті директивалық орган — Халық шаруашылығы Жоғарғы Кеңесі құрылды.
Демек, үш басымдық – мемлекет меншігіне алу, орталықтандыру және директивалық жоспарлау экономикалық саясатта мемлекет бағдарын дәл айқындайтын болды.
Алайда көп ұзамай мұндай идеология өнеркәсіптін қирауына әкеліп соқтырды. Соңғысы бюджетке түсетін салық түсімдерінің ең маңызды көздерінің бірі болып табылатындықтан, ондағы орасан зор тапшылықты тек станокта басып шығару арқылы ғана жабуға болатын еді.
4.«Қазақ» газеті мен «Айқап» журналының қазақ халқының ұлттық сана сезімін қалыптастырудағы рөлі. 1911 жылғы 10 қаңтарда Троицкіде қазақ халқының тарихындағы тұңғыш «Айқап» ұлттық журналының бірінші нөмірі шықты. Ұйымдастырушы және баспагер, идеялық басшысы және редакторы М. Сералин (1872-1929) бұрын педагогтік және журналистік қызметпен айналысқан, сол кезге қарай белгілі ақын, әдебиетші, қоғам қайраткері болған. М.Сералин – жазба әдебиетінің көрнекті өкілі, қазақтың алғашқы публицистерінің бірі.
«Айқап» журналы 1911 жылғы қаңтардан 1915 жылғы қыркүйекке дейін әуелгіде айына бір рет, ал сонан соң екі рет шығып тұрды. Барлығы 88 нөмірі шықты, таралымы 1000-2000 данаға дейін жетті. «Айқап» журналы ағарту ісі мен мәдениеттің жаршысы болды. М. Сералин «Айқап» беттерінде мұсылмандардың қасиетті кітабының мазмұнын ыңғайлы, түсінікті нысанда баяндауға тырысқан авторлардың мақалаларын жариялап отырды. «Айқап» журналының қазақ фольклорын зерттеудегі, Абайтануды қалыптастырудағы, орыс және дүниежүзілік классикалық әдебиетінің рухани мұрасын насихаттауда атқарған рөлі зор.
Бірінші дүниежүзілік соғыстың басталуы жағдайында едәуір шиеленіскен зор қаржы қиындықтары,зиялылардың бір бөлігінің сол кезге қарай өзінің көркемдік толысқандығымен, қазақ әдеби тілін түлетумен, стилінің сындарлылығымен және ең бастысы толғағы жеткен жалпы ұлттық проблемаларды қоюмен әйгілі болған «Қазақ» газеті жағына шығуы 1915 жылдың тамызында «Айқап» журналы шығуының тоқталуына себеп болды.
Айқап журналындағы оқу – тәрбие мәселелері. ХХ ғасырдың бас кезінде яғни 1911 жылдың қаңтарынан бастап, 1915 жылдың қыркүйек айына дейін Тройцкі қаласындағы «Энергия» бапаханасында қазақ тілінде үзбей шығып тұрған «Айқап» журналы халқымыздың әлеуметтік саяси-өмірінде, әдебиет пен мәдениетімізді насихаттап таратуда елеулі рөл атқарды.» Айқап журналы осылай аталуының себебі мен алдағы мақсаты туралы 1911жылғы 11-санында бастырушылар алқасының атынан былайша түсінік береді: «Айқап» деген сөз қазақтың төл сөзі, ол ғасырлар бойы мәдениеттен , білімнен кенже қалған бүкіл қазақ халқының өкініші ретінде алынды. «Ай, қап!» деп санымызды соқтық, енді ел қатарына қосылайық деген үнді білдіреді.«Айқап» – бұл қазақтың «Әй, қап!» деген сөзінен алынған. Оған бас редактордың журналдың бі¬рінші нөмірінде жазған мақаласы дәлел. Ол: «Біздің қазақтың «Әй, қап!» демейтұғын қай ісі бар? Газет шығармақшы болдық, қолымыздан келмеді. Пұ¬лы барларымыз ынтымақтаса алмадық. Пұлы барларымыз ынтымақтассақ та, ақшасыз істің көзі табылмады. «Қап, пұлдың жоқтығы, қолдың қысқалығы-ай!» – дедік. Жақсы жерле¬рімізді сақтап қал¬мақ болдық. Басымыз қосылмады. Қолайлы жерлер қолдан кетті. «Қап, ынтымақсыздығымыз-ай!» – дестік. Болыс, би, ауылнай боламыз деп та¬ластық, қырылыстық. Жеңілгеніміз жеңген жағымызға: «Енді сайлауда көрерміз, қап, бәлем!», – дедік. Қазақтың осындай бірнеше жерде «Қап!» деп қапы қалған істері көп. «Қап!» дегізген қапияда өткен істеріміз көп болған соң журналымыз өкі¬нішімізге лайық «Айқап» болды», – деп жазған екен дейді.
«Айқап» журналының жарыққа шығуы және ел ішіне кең таралуының, зор беделге ие болуының өзі қазақ азаттығы жолындағы жан алып, жан берген айқасының айтарлықтай жемісі.«Айқап» журналының көтерген мәселелері алуан түрлі: ХХ ғасырдың бас кезіндегі Қазақстандағы жер жайы, ел тарихы, экономикасы, мәдениеті, саяси құқық, әйел теңдігі, оқу-ағарту ісі, шетел хабарлары, мұсылман өмірі, дін, әдет-ғұрып, ойын-сауық. Т.б. Міне осы сан қилы мәселелерді көтеру барысында, әсіресе жер, су,ел тарихын жазу үстінде материалдың тәуелсіздік тақырыбына қатысты қырлары мүмкіндігінше назардан тыс қалған жоқ.
«Айқаптың» төңірегіне жиналып, қазақ халқының қоғамдық ой – пікірінің қалыптасуына елеулі үлес қосқан әдебиеті мен мәдениеті жайында байсалды талғамдар айтқан журналдың редакторы М. Сералиннің «Айқап» журналының басқармасында қызмет еткен жазушылардың еңбектері ерекше. «Айқап» журналының бетінде қазақ совет поэзиясының алыбы –
С. Сейфуллиннің алғашқы өлеңдері, Б.Майлиннің тұңғыш мақалалары басылды және С. Дөнентаевтың, Мағжан Жұмабаевтың бірнеше өлеңдері жарияланды
5 «Ресей халықтарының құқығы туралы Декларация» және Кеңес үкіметінің «Ресей мен Шығыстың барлық мұсылман еңбекші халықтарына» Үндеуі.
Ресей халықтарының құқықтық декларациясы - ұлттық мәселелер бойынша кеңестік үкіметтің бірінші заңды актісі. ешегі келмеске кеткен КСРО-да бір ғана коммунистік идеология болғаны, атеизмнің айды аспанға шығарғаны біз айтпасақ та мәлім. Бірақ бұл КСРО-да Ислам болған жоқ деген сөз емес.
Мәселен, КСРО кезінде Ал¬матыда қазіргі Орталық мешіт тұрған орында тауықтың күрке¬сіндей бір ғана мешіт болғаны мәлім. Бірде КСРО басшысы Леонид Брежнев Дінмұхамед Қо¬наевқа телефон соғып, Алматыны көргісі келген атақты боксшы Мұхамед Әлиді қабылдауын өті¬неді. Мұхамед Әлидің намазхан екенін білетін Қонаев Брежневке: «Құрметті, Леонид Ильич! Мұ¬ха¬мед Әлидің намаз оқитынын біле¬мін, ал Алматыдағы мешітіміз тауықтың күркесіндей ғана шап-шағын әрі өте жұпыны, құрметті қонаққа көрсетуге өте ұят. Сон¬дықтан Мұхамед Әлидің Таш¬кент-ке барғаны дұрыс» депті. Осы¬лайша, атақты боксшы Таш¬кентке барып, намаз оқыған.
Бұл – Қазақстандағы Ислам¬ның сол кезде қаншалықты құл¬дырағанына бір ғана мысал.
Қожа-молдаларды қамшымен қойдай қуған кешегі қызыл өкі¬мет алғаш құрылған кезінде, мо¬ма¬қандық танытып, қой терісін жамылған қасқырдың кейпінде болыпты. Оған 1917 жылы қара¬шада Кеңес билігінің «Шығыс пен Ресейдің барлық еңбекші мұ¬сылмандарына» жолдаған төмен¬дегі жолдауы дәлел болады:
«Жолдастар! Бауырлар! Ресей¬де ұлы өзгерістер орын алуда! Осы ұлы өзгерістер қарсаңында біз Ресей мен Шығыстың барлық жұмысшылары мен күйсіз, кәріп мұсылмандарына үндеуімізді жол¬даймыз.
Ресейдің мұсылмандары, Қы¬рым мен Еділ бойындағы татар¬лар, Сібір мен Түркістанның қыр¬ғыздары мен сарттары, Кав¬каз¬дың шешендері мен тау халық-тары, барлық мешіттері мен ғи¬бадатханалары бұзылғандар, Р嬬сей¬дің қанаушылары мен пат¬шалары тарапынан діни наным-сенімдері мен дәстүрлері қорлауға ұшыра-ғандар! Бұдан былай сіз¬дердің діни наным-сенімдеріңіз бен дәс¬түрлеріңіз, ұлттық және мәдени
ошақтарыңыз еркін және оған қол сұғылмайды деп жария¬ланады». Осылайша, кеңес билігі осы жолдау арқылы мұсылмандар тарапынан үлкен қолдау тапқан. Сол кезде «күн көсем» Ленин КСРО үшін ислам факторының маңыздылығын жоғары атап көр¬сетіп, «Бұл – әлемдік мәселе, мұнымен қалжыңдауға болмайды, бұл істе мың мәрте мұқият бо¬луымыз керек» деген екен.
6 «Шура-и-Ислами», «Шура-и-Улема» мұсылман партиялары. Жалпы, 1917 жылғы ақпан төңкерісінен кейін Түркістан мен қазақ даласында қоғамдық-саяси көзқарастары әртүрлі бірнеше қозғалыстар белсенді жұмыс істеді. Соның ішінде діни консерватизмді жақтаған «Шура Улема» мен жәдитшіл «Шура-й Ислами» ұйымдарын атап өтуімізге болады. С.Лапин жетекшілік жасаған «Шуро-и-Улема» мен М.Бехбуди құрған «Шура-и ислами» өкілдерімен арасында айтарлықтай идеялық келіспеушілік болды. «Шуро-и-Улема» өкілдері Түркістан қоғамын қайта ұйымдастыру үшін шариғат заңдарын басшылыққа алуымыз керек деп білді. С.Лапин жазған «Шуро-и-Улеманың» бағдарламасында Түркістанда «ішкі басқарманың барлық салалары бойынша жергілікті заң шығарушылық құқығымен таза мұсылмандық автономия орнату қажет» деген көзқарас айтылды. Ал, «Шура-и ислами» Түркістан халықтарының демократиялық бағыттағы саяси ұйымы еді. «Шура-ислами» ұйымы 1917 жылдың қараша айында Түркістандағы кеңес билігіне қарсы «Қоқан автономиясының» құрылуына мұрындық болды. «Түркістан мұхтарияты 1918 жылдың ақпан айына дейін өмір сүрді. Оған қарағанда «Шура-и улема» үлкен саяси күшке айнала алмағанмен, бұл ұйымның идеясын қолдаушылар Түркістандағы Кеңес үкіметінің билігіне «басмашылар» деген атпен бірнеше жылдар бойы қарсы күрескен еді.
елеулі саяси ұйымы 1917 жылы 17 наурызда Ташкентте құрылған «Шура ислами» (араб тілінен аударғанда «Ислам кеңесі») болды. Оның құрамына ұлттық буржуазия мен зиялылардың, жер иелері мен мұсылман діни қауымының өкілдері енді. Ұйымды жадиттік ілімнің басшысы М. К. Абдурашидханов басқарды. Ұйымның жұмысында М. Шоқай, А.Кари, А.Темірбеков т.б. белсенді рөл атқарды. Партия жергілікті халықтың дәулетті топтарының мүддесін білдіре отырып, буржуазиялық Ресейдің құрамында Түркістан ұлттық-діни автономиясын құруды мақсат етті. . 1918 жылдың басында Түркістан Халық Комиссарлары кеңесі мен жергілікті кеңестер «Шура ислами» партиясын Кеңес үкіметіне қарсы әрекеттері үшін таратып жіберді.Шуро-и-Улема”, Ғұламалар қоғамы, Ғұламалар кеңесі – қоғамдық-саяси ұйым. 1917 жылы 10 шілдеде Ташкентте көрнекті қазақ қайраткері С.Лапиннің жетекшілік етуімен құрылған. “Шуро-и-Улема” ұйымы Түркістан өлкесінің жергілікті халқының мүддесін қорғау ислам діні қағидаларымен ұштастырылғанда ғана жүзеге асады деп санады. Соған орай Уақытша үкіметтің Түркістан комитетінен мұндай ұстанымның жүзеге асуын талап етті. Түркістан өлкесіне Ресей Федерациясы құрамында аумақтық автономия берілуін жақтай отырып, олар ұлттық-діни ой-пікірлерді мерзімді баспасөз арқылы насихаттау күнделікті өмірде талас тудыратын мәселелерді Шариғат арқылы шешу керектігін өз ұйымдарының жарғысына негіз етіп алды. Жарғыға сәйкес ұйым мүшелері үш топқа бөлінді:
•Жылына 6 сом төлегендер қарапайым мүшелер,
•ұйымға айрықша қызмет сіңіргендер құрметті мүшелер,
•ұйымның есепшотына 100 сом көлемінде қаржы салғандар тұрақты мүше саналатын болды.
7. 1916 ж. ұлт-азаттық көтеріліс: негізгі кезеңдері, көтеріліс ошақтары, жетекшілері. 1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтеріліс — 1916 ж. шілде айының бас кезінде пайда болды. Көтеріліс отаршылдыққа қарсы сипатта болды. Өлкені талауға салу Бірінші дүниежүзік соғыс жылдарында бұрынғысынан да жеделдете жүргізіләп, ауқымды сипат алды. Қақақ даласынан арзан бағамен орасан көп мөлшерде мал сатып алынды. Патша армиясы үшін киіз үй мен бұйымдар жиналды. Салық мөлшері өсіп, соғыс салығы енгізілді, мемлекеттік заемдар таратылды, баж салығын төлеу міндеттелді, жергілікті халық соғысқа арналған жүктерді теміржол стансысына тасып жеткізуге мәжбүр болды.
Көтерілістің шығу себебі әлеуметтік-экономикалық және саяси сипаттағы факторлар еді. Яғни отарлық езгінің соғыс кезінде барынша күшеюі, жерді тартып алу, орыстандыру саясаты және т.б. Көтерілістің басталуына патшаның 1916 ж. 25 маусымда армияның қара жұмысына Түркістан өлкесінің және ішінара Сібірдің 19-дан 43-жасқа дейінгі ер-азаматтарын шақыру жөніндегі жарлығы түрткі болды
Қазақ зиялыларының әкі турлі көзқарасы болды көтеріліске:
1 топ: Қазақ зиялылырының батыл өкілдері - Тоқаш Бокин, Ж. Ниязбеков, Т. Рысқұлов, Ә Жангелдин, С. Меңдешев, Б, Алманов, т. б. патша жарлығына батыл қарсы шықты және халықты қолға қару алып, қарсылық жасауға шақырды.
2 топ: «Қазақ» газетінің төңірегіне біріккен либерал - демократияшыл зиялылардың жетекшілері - А. Байтұрсынұлы, Ә. Бөкейханов, М. Дулатұлы, т. б. халықты Жарлықты орындауға қарсылық көрсетпеуге шақырды. Қарсы шыққан жағдайда қарусыз мыңдаған халық патша өкіметінің жазалау шаралапының құрбаны болады деп есептеді.
4. Қозғалыстың Жетісу мен Торғайдағы орталығы. Оқиғалардың барысы жөнінде айту.
Жетісуда – көтеріліс басшысы Бекболат Әшекеев, Т. Бокин.
Верный уезінің Үлкенсаз деген жерінде 11 болыстан 5 мыңдай адам қатысты. Шілденің 17 - сі онда әскери жағдай калыптасты. Сыдария обл. Әлие ата уезі, Мерке аймағы ошағы болды. Б. Әшекеевтің өмірімен таныстыру. Қозғалыстың Торғай уезіндегі көтеріліске Әбдіғаппар Жанбосынов, А. Иманов, Ә. Жангелдиндер басшылық етті. Олар көтерілісшілерді өскери тәртіпке үйретті, Азаматтық билік орнады. Өскери кеңес жанында арнайы адамдар көтер - ді азық - түлікпен, қару - жарақпен қамтамасыздандырып тұрды. Ұстаханаларда қылыш, қанжар, семсер, қарулар жасалды. Көтеріліс болған жерлер: Татыр, Ақшығанақ, Доғал - Үрпек, Күйік, Батпаққара ауданында болды

Көтерілістің негізгі себептеріКөтерілістің қозғаушы күшіКөтерілістің барысы
1916 жылғы 25 маусымдағы патша Жарлығы бойынша қара жұмысқа 19 –дан 43 жасқа дейінгі еңбекке жарамды барлық ер адамдар алынуға тиіс болатынӨлкенің жекелеген жерлерінде ғана феодалдар мен клерикалық элементтер көтеріліске басшылықты өз қолдарына түсіріп алды. Тұтас алғанда Қазақстандағы 1916 жылғы көтерілістің қозғаушы күші халық бұқарасы болды1916 жылғы 25 маусымдағы патша үкіметінің «Түркістан мен Дала өлкесінен 19-43 жас аралығындағы 500 мың адамды қара жұмысқа алу туралы» жарлығы халықтың шыдамын тауысып, оларды отарлау езгісі мен ортағасырлық қанауға қарсы көтерілуіне түрткі болды
Қозғалыстың негізгі орталықтарына Жетісу, Торғай, Орал облысы мен Бөкей Ордасы, Маңғыстау, Ақтөбе облыстары болды. Майдан жұмысына қазақ жастарын алу туралы жарлық қазақ халқының зор наразылығын тудырды. Елде болыстық басқармаларды талқандау, ауыл старшындарын, қатыгез, жағымсыз байларды өлтіру, ірі феодалдардың иеліктеріне шабуыл жасау, жер сату жөніндегі құжаттарды, алым-салық қағаздарын жою, патша әскерімен қақтығыс сияқты ашу-ыза әрекеттері кең орын алды. Сойыл, кетпен, шалғы, орақ, мылтық, қылышпен қаруланған ел адамдары байлардың ауылдарын өртеп, малдарын айдап әкетуі жиілей түсті.1916 жылғы көтерілістің жеңілуінің себептері:
1. Көтеріліс бытыраңқы болып, көтерілісшілер тарапынан ынтымақтың болмауы.
2. Көтерілістің ұйымдастырылуы мен басқарылуы дұрыс жүргізілмеді.
3. Әскери қарудың жеткіліксіздігі.
4. Патша үкіметі жергілікті жердегі руаралық, ұлтаралық діни тартыстар мен қайшылықтарды шебер пайдаланды.
5. Алдын- ала белгіленген жоспардың болмады.
6. Ұлттық зиялылар арасында бірлік болмады.
7. Байлар, феодалдар көтерілісшілер мүддесін сатып кетіп отырды.
Көтерілістің тарихи маңызы
1. Қазақ халкының революциялық таптық санасы өсті.
2. Қазақстан халықтары ұлттық мүдделерінің ортақтығын ұғынды.
3. Қозғалыс барасында өкімет құрылымы, қарулы күштер, басқару аппараты құрылды.
4. Отаршылдыққа қарсы азаттық күрестің шырқау шыңы болды.
5. Қазақ халқының отарлау саясатына қарсы күресе алатын күш екенін көрсетті.
6. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс отаршылдыққа қарсы көтерілістердің ішіндегі ең ірісі болды. Көтеріліс революцияға алғышарт қалыптастырды.
8. 1917 ж. қазан төңкерісі. Қазақстанда Кеңес билігінің орнауы.
1917 жылы қазан айында елде жалпы ұлттық дағдарыс қалыптасты.
Оның себептері:
1) Монархияның ауыр мұрасы
2) Уақытша үкімет бітім, 8 сағаттық жұмыс күні, ұлттар теңдігі мәселелерін шешпеді.
3) Елде жайлаған ашаршылық пен күйзеліс.
Петроградта 1917 жылғы 24-25 қазанда Ленин бастаған революциялық күштердің жеңіске жетіп, Уақытша үкімет құлатылып, мемлекет билігінің Қеңестердің қолына көшкені туралы хабар бүкіл Россияны ғана емес, дүниежүзін, бүкіл әлемді дүр сілкіндірген оқиға болды.
1917 жылы 25 қазанның кешінде Кеңестердің Бүкілроссиялық II съезі ашылды. Онда В.И. Ленин жазған «Жұмысшыларға, солдаттар мен шаруаларға!» деген үндеуі қабылданды, бұл үндеуде бүкіл үкімет билігінің Кеңестердің (Советтердің) қолына көшетіндігін жариялады. Кеңестер съезі өзінің екінші мәжілісінде Бітім туралы және Жер туралы декреттер қабылдады. Бітім туралы декретте барлық соғысушы елдерді соғысты тоқтатып, әділетті бітім жасауға шақырса, Жер туралы декретте помещиктердің барлық жерлері конфискацияланып (тәркіленіп), барлық жер халықтың қолына көшетіндігі жариялады. Жер жалпы мемлекеттік меншікке айналды.
Қазан революциясының жеңісімен байланысты ұлттық проблемалар, бірінші кезекте ұлттық – мемлекеттік құрылыс мәселелері өткірірек талқылана бастады. Кеңес үкіметі ұлт саясатының негізгі принциптері Кеңес үкіметінің маңызды екі құжатында – Россия халықтары құқықтары Декларациясы (1917 жылы 2 қараша) мен «Ресей мен Шығыстың барлық мұсылман еңбекшілеріне» үндеуінде (1917 жылы 20 қараша) жариялаған болатыны туралы айтылған.
Ұлт мәселесін шешудің әскери – коммунистік әдістері, большевиктердің унитарлы мемлекет құруға, тек Кеңестер негізінде ғана автономия беруге ұмтылуы россиялық этностардың қайта өрлеуі үшін ұлттық факторды пайдалануға мүмкіндік бермеді.
Қазақстандағы ұлттық үкіметтер.
1917 жылы қарашада Орынбор контрреволюциялық төңкеріс нәтижесінде атаман Дутов басқарған «Әскери үкімет» билікті қолына алды.
1917 жылы 15-22 қарашада Ташкентте болған мұсылман депуттары Кеңестерінің өлкелік съезінде жаңа үкімет «Түркістан Халық Камиссар Кеңесі» орнады. Кеңестің 14 адамдық құрамында мұсылман өкілі болмады. Кеңестің төрағасы Ф. Колесов: «Мұсылмандарды жоғарғы өкімет органдарына өткізу мүмкін емес, өйткені жергілікті халықтың бізге көз – қарасы белгісіз және олардың ешқандай пролетарлық ұйымы жоқ»,- деп мәлімдеді.
1917 жылы 22 қарашада Қоқанд қаласында болған Бүкіл Түркістандық IV съезінде Түркістан автономиясы, яғни Түркістан үкіметі құрылғаны туралы жарияланды. Бұл үкімет кейбір деректерде «Қоқанд автономиясы» деп аталды. Алғашқы басшысы М. Тынышбаев, одан кейін басты қызметін Мұстафа Шоқай атқарды (1881-1941жж.)
1917 жылы 5-13 желтоқсанда Орынбор қаласында Екінші бүкілқазақтық съезі болды. Съезді М. Шоқай басқарды. Съезде Алаш (Алашорда) автономиясын құру туралы қаулы қабылданды.
Алашорданың 25 мүшеден тұратын Уақытша Халық Қеңесі құрылды. Автономия орталығы Семей қаласында орналасатын болды.
Алашорда үкіметінің төрағасы болып Ә. Бөкейханов сайланды. «Қазақ» газетінде «Алаш партиясының 10 бөлімнен тұратын бағдарламасы жарияланды.
«Алаш» партиясының бағдарламасы:
- Басқару түрі;
- Автономия;
- Азаматтың негізгі құқықтары;
- Дін ұстану туралы мәселе;
- Соттар туралы;
- Қорғаныс;
- Салық;
- Жұмысшы мәселесі;
- Халық ағарту;
- Жер мәселесі.
Бағдарлама жобасының маңызы:
1. Сол кездің нақты мүмкіндіктерін ескере отырып, қазақ халқы дамуының балама жолын ұсынды.
2. Буржуазиялық – демократиялық, ұлт – азаттық революцияны аяқтауға бағытталған жолды көрсетті.
Билеуші партияға айналған большевиктер Алашордамен тіл табысуға болады деп санамады. Әр түрлі саяси күштердің билік жолындағы тайталасы басталды.
Өлкеде Кеңес өкіметінің орнатылуы.
Кеңес өкіметі орнауының екі түрлі жолы болды:
1. Өнеркәсіп орталықтары мен темір жолға жақын, жұмысшылар басым оңтүстік және солтүстік аймақтарда - бейбіт жолмен.
2. Сібір, Орал, Жетісу казактары мен офицерлер, кулактар біріккен контрреволюциялық күштер басым аудандарда – қарулы күрес жолымен.
Перовск (Қызылорда) жұмысшылары мен солдаттары өкімет билігін 1917 жылғы 30 қазанда (29 қараша) өз қолына алды. Ол кезде бұл үлкен әскери гарнизон орналасқан ірі темір жол станциясы болатын. Бұл жерде Совет үкіметі бейбіт жолмен орнады.
Сырдария облысында Кеңес үкіметінің орнауы оның саяси – экономикалық және әкімшілік орталағы Ташкент қаласында 1917 жылғы 31 қазанда қарулы күреспен орнады. 1917 жылы қараша айының орта кезінде Кеңес үкіметі Черняев (Шымкент) қаласында жеңді. Қараша – желтоқсан айларында Кеңес үкіметі Әулиеата, Түркістанда, Қазалы, Арал поселкесінде және облыстың басқа да ірі елді мекендерінде қан төгіссіз бейбіт жолмен орнады.
Кеңес үкіметін орнату үшін Ақмола даласы мен Ертіс бойында табан тірескен шайқастар жүргізілді. 1917 жылы 12 қарашада Уақытша революциялық комитет құрылды. Төрағасы И. Д. Дубинин болды, құрамына Ғ. Ыдырысов, Я. Побелянский, К. Сүтішов, К. Рыжков және т. б кірді. Дегенмен, Көкшетау, Павлодар, Атбасар, Семей, Өскемен өлкелерінде казак – орыс және офицер – старшина билеуші топтардың ықпалы басым болғандықтан Кеңес үкіметі үшін күрес біраз қиындыққа кездесті.
Семейде үкімет билігі жергілікті Кеңестің қолына 1918 жылы ақпанның 16 – нан 17 – не қараған түнде көшті.
1917 жылғы желтоқсан – 1918 жылғы наурыз аралығында Кеңес үкіметі Торғай облысының орталығы Қостанай, Ақтөбе қалалары мен басқа да ірі елді мекендерде орнады. Торғай облысында Кеңес үкіметінің орнауына А. Иманов, Қ. Қойдосов, В. Чеклиров, В. Зинченко және т. б күрескерлер елеулі үлес қосты.
1917 жылы қарашада Орынборда атаман Дутов контрреволюциялық төңкеріс жасап, өкімет билігі казактардың «Әскери үкіметі» қолына көшті. Атаман Дутовтың казактар тобы, Алашорда үкіметі, меньшевиктер Кеңес үкіметіне қарсы бірікті. Дутовшыларға қарсы күрес жүргізіліп шұғыл әскери көмек көрсетілді. Нәтижесінде 1918 жылы 18 қаңтарда Орынборда қарулы күреспен Кеңес үкіметі орнады.
Оралда Кеңес үкіметі қиын жағдайда орнатылып, 1918 жылы 15 қаңтарда жеңіп шықты.
Жетісуда Кеңес үкіметін орнату жолындағы күрес, контрреволюциялық күштерінің басым болуына байланысты 1918 жылдың көктеміне дейін созылды. Мұнда революцияны қолдаушылардың қосқан үлесі елеулі болды.
Олардың арасында Т. Бокин, Т. Өтенов, Ж. Бабаев, А. Розыбакиев сияқты жергілікті халық өкілдері бар еді. Верный жұмысшылары Қызыл гвардия жасақтарын ұйымдастырды, әскери төңкеріс комитетін құрды.
Сөйтіп, наурыздың 2–не 3–не қараған түні Верныйда әскери – революциялық (төңкеріс) комитеті басқарған күштер қала еңбекшілерінің қолдауына сүйеніп «әскри үкіметтің» тірегі болған қамалды, қару – жарақ қоймаларын, почта – телеграфты т. б маңызды мекемелерді басып алды да, Верный қаласында Кеңес үкіметін орнатты.
Кеңес үкіметі наурыз айында Жаркентте, Сергиопольда (Аягөз), Талдықорғанда, көкектің бас кезінде Лепсіде орнады.
Сөйтіп, 1917 жылдың қазан айынан бастап 1918 жылдың наурыз айына шейін Кеңес үкіметі Қазақстанның көп жерінде жеңіске жетті, яғни Кеңес үкіметі өлкеде түгел орнап бітті.
Социалистік шаруашылық пен мәдениеттің негіздерін жасау.
Кеңес үкіметі жеңгеннен кейін Қазақстанда да ескі мекемелер оның ішінде уақытша үкіметтің комиссарлары, отарлау чиновниктік - әкімшілік, қоныстандыру басқармасы, сот жүйесі жойылып, Қазақстанда жаңа үкіметтің басқару жүйелері құрыла бастады. Жергілікті жерлерде шаруа Кеңестері, халық шаруашылығы Кеңестері құрылды. Кеңестердің атқару комитеттері жанынан денсаулық сақтау, әділет, қаржы, ағарту, жер, өнеркәсіп бөлімдері ұйымдастырылды. Бұл шаралар Кеңес үкіметі жауларының қарсылыығын туғызды. Сондықтан ішкі конрреволюцияға қарсы күресу үшін қазақ жерінде Бүкілроссиялық төтенше комиссиясының (Б.Т.К) органдары құрылып, қызыл террор енгізілді.
1918 жылы 21 наурызда Орынборда Кеңестердің бірінші Торғай облыстық съезі басталды. Съезде жергілікті басқару жүйесі, әлеуметтік мәселелер жайында қаулы қабылданды. Бұл съездің қаулысы бойынша Алаш қозғалысының үнқағазы «Қазақ» газеті жабылды.
1918 жылы 20 сәуірде Ташкентте Түркістан Кеңестерінің V съезі болды. Бұл съезде құрамында Жетісу облысы бар Түркістан автономиялы Кеңестік Социолистік республикасы жарияланды.
Ұлтаралық қайшылықтар саясатын жоюда шұғыл шаралар белгіленді. Верныйда орыс – қазақ қатынастарын реттеу жөніндегі комитет құрылды. (Комиссардың орынбасары Т. Бокин) қазақ, ұйғыр, орыс қатынастарын реттеу жөніндегі комитет жұмыс істеді (Комиссардың орынбасары А. Розыбакиев.)
Кеңес үкіметі өлкедегі ірі өнеркәсіпті, банктерді, тасымал жолдарын мемлекет қарамағына алды. Кәсіпорындарда 8 сағаттық, шахталар мен кеніштерде 6 сағаттық жұмыс күні енгізілді. Капиталистер мен патша чиновниктерінің иелігіндегі 3,5 млн десятина жер кедей шаруаларға бөлініп берілді. Большевиктер «жоғарыдан» коммуналар мен ауылдарды көбейтуді жүзеге асырып, орташаларды социализмге күштеп енгізбек болды. 1918 жылы сәуірде Петроградта Семей облысына 200 отбасы орыс жұмысшылары көшіп келіп, ауылшаруашылық коммуналарын ұйымдастырды.
1918 жылы 17 мамырда «Суландыру жұмыстарына 50 млн. сом қаржы бөлү туралы» декрет қабылданды.
Қазақстанда осы жылдары мәдени құрылыс бағдарламасы жүзеге асырылды:
- Мектептерде ана тілінде тегін оқыту енгізілді.
- Ақмола халыққа білім беру бөлімінің бастығы С. Сейфуллин болды.
- Бөкей облысының халыққа білім беру комиссары С. Мендешев болды.
Қазақ АКСР – ін құруға әзірлік жұмыстары жүргізіліп, Ә. Жангелдин Қазақстан Кеңестері құрылтай съезін шақыруды әзірледі. Алайда, қазақ АКСР – ін құру дайындықтары шетелдік интервенция мен азамат соғысының басталып кетуінен тоқтап қалды.
Елде азық – түлік дағдарысы тереңдеп, азық – түлік диктатурасы енгізілді. Сібірге, Ақмолаға, Семейге, Қостанай уезіне азық – түлік отрядтары атандырылды. Олар Петроград және басқа орталық аудандарға 6 млн. пұт астық жіберді. Түркістан республикасының ашыққан халқына 200 вагон астық көмек берілді.
Экономикалық саясатта ақшасыз товар айырбасы басты орын алды: көтерме – бөлшек сауда жойылып, азық – түлік комитеттері 1918 жылы көктемде Семейде, Ақмола облыстарында құрылды.
1918 жылы наурызда Торғай облыстың Кеңестер съезі болды. Онда: базарларда, көшелерде, пәтерлерде жеке саудаға тыйым салу қарастырылды. Саудагерлер тауарлары тәркіленіп, өздерін ауыр жұмыстарға жіберілді.
Халық шаруашылығының негізіне теңдей бөлу ұстанымын алған әскери – коммунистік саясат белгілері пайда болып, қанаушыларды байлығынан айыру, жеке меншікті жою әдісі енгізілді. Пролетариат диктатурасы және революциялық күштеу арқылы социализм орнату мүмкіндігі туралы бұрмаланған түсінік орнықты.
Жер мәселесін шешудегі жергілікті Кеңес органдарының қызметі бірнеше кезеңнен тұрды.
Оның 1917 жылғы қарашадан 1918 жылғы жазға дейнгі кезеңінде жергілікті Кеңестер, жер комитеттері мен комиссарлары бос жерлерді, тәркіленген помещик имениелерді есепке алып, шаруалардың жағдайын анықтап, жерсіз, жері аз шаруаларды жермен қамтамасыз ету мәселесімен шұғылданды. Шаруалар қоныс аудару қорынан алынған жерлерді пайдалану ережелерін жасады.
Екінші кезең 1918 жылдың жазынан 1920 жылдың аяғына дейінгі уақытты қамтыды. Бұл тұста жерді социализациялау жөніндегі шараларды іске асыруға әзірлік жұмыстары жүргізілді. Теңгермешілік негізінде жерді шаруалардың пайдалануына беру шаралары жүргізілді.
1921-1922 жылдарды қамтитын үшінші кезеңде жер – су реформасы іске асырылса- 1924 – 1927 жылдарды қамтитын төртінші кезеңде жерге орналастыру, шабындық, егістік жерлерді қайта бөлу жұмыстары жүргізілді. Мұндай шараларды іске асыруда жеткілікті тәжірибенің жоқтығы, жергілікті кадрлардың түсінігінің кемдігі, сауатының жоқтығы т. б себептер негізінде бұл революциялық шараларды іске асыру барысында асыра сілтеушіліктің, солақайлықтың, теріс әрекеттердің орын алғанын Кеңес үкіметіне сенімді азайтатын жайлардың болғанын да айтуымыз керек.
9. 1931-1933 жж. аштық. Қазақстандағы шаруалардың кеңестік жүйеге қарсы шығуы.Түркістан, Келес, Бадам, Қаратас аудандарының көшпелі және жартылай көшпелі халқын күштеп отырықшыландыру әрекеті халықты үлкен қайғы-қасіретке душар етті. Олардың негізінде алып колхоздар ұйымдастырылды. Мал шаруашылығында нағыз жұт басталды. Мал басының саны 40,5 миллионнан 4,5 миллионға дейін кеміді. Әсіресе түйе, жылғы, қой шаруашылықтары көп шығынға ұшырады. Мұның нәтижесінде 1931-1933 жылдары республиканың 6,5 миллион халқының 2,1 миллионы қырылып қалды. Аштықтан, үкімет орындарының тарапынан болған қуғын-сүргіннен қашып, 1 миллион адам шет елдерге өтіп кетті. Малдық жайымен отырған қарапайым халық енді елінен безуге тура келсе, ал Қазақстанға, оның ішінде Оңтүстік Қазақстан облысының жеріне Ресей мен Украинадан арнайы қоныс аударушылар ағылып жатты. Кейінірек, яғни саяси қуғын-сүргін жылдары мұнда корей, неміс, иран, өзірбайжан, қарашай, шешен және тағы басқа ұлт өкілдері жер аударылды. Осылайша аймақтың әлеуметтік келбеті мен ұлттық құрамы өзгеріске ұшырады.
Аса күрделі саяси және экономикалық кезеңдерде әкімшілік-аумақтық бөлу жөніндегі эксперименттер басталды. 1928 жылдың қаңтарында Сырдария губерниясы 21 ауданнан тұратын Сырдария округі болып қайта құрылды. Содан соң көп ұзамай БОАК-нің 1930 жылы 23 шілдедегі қаулысымен округтерге бөлу жойылып, аудандарға бөлу енгізілді. Сырдария округінің құрамында енді 18 аудан қалды. Екі жылдан соң, 1932 жылы Қазақстан аумағында 6 облыс, оның ішінде Оңтүстік Қазақстан облысы құрылды. БОАК-нің 1932 жылғы 10 наурыздағы осы жөніндегі қаулысы облыстың құрылған күні болып саналады. 1938 жылы облыстағы да әкімшілік-аумақтық өзгерістерге ұшырады: оның құрамынан алғашқыда Қызылорда облысы, одан соң 1939 жылы Жамбыл облысы бөлініп шықты. 1962 жылы орталығы Шымкент болып табылатын Оңтүстік Қазақстан өлкесі құрылды. Оның құрамына Шымкент, Жамбыл, Қызылорда облыстары енді. 1964 жылғы желтоқсанда «өлке» жойылып, Шымкент облысы осы атын сақтап қала берді. 1992 жылғы 6 шілдеде ҚР Жоғары Кеңесінің қаулысымен оған бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысы деген аты қайтарылып берілді.
30, 40, 50 жылдары (ХХ ғ.) жаппай саяси қуғын-сүргіннің нәтижесінде облыстың 3 мыңнан аса адамы түрлі жазаға ұшырады. Облыстың 58 басшы қызметкерінен 36 адам ату жазасына кесілді. Олардың ішінде партия комитетінің бірінші хатшысы Ә.Досов, облатком төрағасы В.Случак, облатком жауапты хатшысы Б. Ержанов, облыстық газеттердің редакторлары П. Грехнев пен Р. Жаманқұлов және т.б. болды.
10. I және II ші Мемлекеттік Думаға қазақ депутаттарының қатысуы. Бірінші Мемлекеттік Дума– Ресейдегі мемлекеттік басқарудың конституциялық-монархиялық жолға түсуін әйгілеген заң шығарушы жоғары өкілетті билік органы. 1906 ж. 27 сәуірден 9 шілдеге дейінгі аралықта, 72 күн қызмет етті. 1905 ж. 11 желтоқсандағы Сайлау заңы бойынша Думаға 524 депутат қатысуы керек еді. Сайлаудың шет аймақтарда кеш өткізілуіне байланысты оның жұмысына 499 депутат қатысты. 1-Мемлекеттік Думаға қазақ өкілдерінен 4 депутат: А. Бірімжанов (Торғай облысы), А. Қалменов (Орал облысы), Ә. Бөкейханов (Семей облысы), Ш. Қосшығұлов (Ақмола облысы) сайланды. Алайда, қазақ депутаттарының ішінде Бірімжанов пен Қалменов қана дума жұмысына қатыса алды. Дума мүшелері қатарында қазақ жерінен тысқары өңірлерден сайланған С. Жантөрин (Уфа губ.) мен Д. Тұндыт (Астрахан губ.) сияқты қазақ азаматтары да болды. Қазақ депутаттары думадағы мұсылман фракциясы құрамында қызмет етті. 1- Мемлекеттік думада ірі фракцияны кадеттер құрады. Кадеттерді ұлттық аймақтардың депутаттары да қолдады. Думаның құқын кеңейту, саяси кешірім жариялау жөніндегі кадеттердің ниеті Ресей патшасы тарапынан қолдау таппады. Оған жауап ретінде дума патша билігін тоқтатуды талап етті. Жер мәселесін талқылау өте тартысты жүрді. Жағдай осылай шиеленіскен соң, 9 шілдеде дума патша жарлығымен таратылды.
Екінші Мемлекеттік Дума– Ресей империясындағы мемлекеттік басқарудың 2-рет сайланған конституциялық-монархиялық бағыттағы заң шығарушы жоғары өкілетті органы. 1907 жылы 20 ақпаннан 3 маусымға дейін жұмыс жасаған 103 күн ішінде 2 рет сессия ашып, 53 мәжіліс өткізді. Қазақ халқынан Думаға сайлау 1905 жылы 11 желтоқсандағы сайлау заңы бойынша жүргізілді. Қазақ халқынан депутаттыққа Оралдан Б.Қаратаев, Ақмоладан Ш.Қосшығұлов, Торғайдан А.Бірімжанов, Семейден Т.Нұрекенов, Жетісудан М.Тынышбаев, Сырдариядан Т.Алдабергенов, Астраханнан Б.Құлманов сайланды. Мұсылман фракциясына 36 депутат енді. 1 және ІІ Мемлекеттік Дума жұмысы кезінде Дала өлкесі депутаттары кірген фракциялар мен түрлі жұмыс топтары құрылып, қалыптасты. Оның ішінде белсенділері еңбек тобы, мұсылмандық фракция, Сібір депутаттарының тобы т.б. Мұсылмандық фракция өз жұмысын І Мемлекеттік Дума жұмысы кезінде бастағанмен толық түрде ІІ-ші думада қалыптасты. Фракцияның мақсаты мұсылман өкілдерінің мүдделерін қорғау, атап айтқанда жер мәселесіне келгенде, фракция мүшелері «Иттифак-аль-муслимин» партиясымен біріге отырып аграрлық реформаларда өз жобаларын ұсынып, бірігіп жұмыс атқарды. Екінші мәселе Дала өлкесіне сырттан келімсектердің санын азайтуды алға тартты. Бұл жолда да өз қоныстандыру атүсті жүргізілетіні, жергілікті халықтың мүддесін ойлау қажеттігін жоғарыға жеткізе білді. ІІ Мемлекеттік Дума өз жұмысын 1907 жылы 20 ақпанда бастады. Сайлау нәтижесінде 518 депутат сайланды. Ажыратып қарастырсақ, ІІ сайлауда кадеттер жеңілістің ащы дәмін татып өздерінің 80 орнынан айырылды, еңбекшілерден 104, эсерлерден 37, халық социолистерінен 16, социал-демократтардан 65 депутат сайланды. ІІ думадағы кең талқыланған айтулы мәселе аграрлық болды. Жер мәселесінің қазақ депуттарын жанайқайға салатындай жөні бар, қазақ жерін тартып алу мен қатар ол жерлерді басқа ұлт өкілдеріне тегін беруі қазақ жанашырларының жанына қатты батты. Тек қана тоғыз жылдың өзінде 1893-1901 жылдары 1,5 млн десятина жер тартып алынған. Осы мәселеге байланысты Дума отырысында қазақ депутаттары арасынан Орал облысынан сайланған Б.Қаратаев сөз сөйлеп, қазақтардың жері ашық түрде отарланып жатыр, халықтың ең басты күнкөрісі жермен байланысты сондықтанда жер мәселесі шұғыл шешетін сұрақ екендігін алға тартты, оған осы өңірдің орыс өкілдері атынан сайланған Космодемьян¬скийде қосылды. І және ІІ Мемлекетттік думаға Дала өлкесінен сайланған қазақ депутаттары мінберден сөз сөйлеп елдің көкейкесті проблемаларын көтеріп, шешу жолында ел үмітін ақтағандар қатарында Ә.Бөкейханов, Ш.Қосшығұлов, Б.Қаратаев, А.Бірімжанұлы, Т.Нүрекенов, М.Тынышбаев, А.Қалменұлы болды.
11. XX ғ. басындағы қазақ мерзімді басылымдары.ХХ ғасырдың басындағы қазақ жеріндегі мерзімді баспа ісі.
ХХ ғасырдың басында мәдениеттің дамуына осы уақытқа дейін елеусіз жағдайда болған баспа ісін жолға қою белгілі бір ықпал жасады. Қазақ мерзімдік баспасының гүлдене бастаған уақыты ХХ ғасырдың бас кезіне тура келді. Бұл кезде кітап басып шығару Семей, Омбы, Орал сияқты мәдени орталықтарда елеулі дамыды. ХІХ ғасырдың соңында «Түркістан уалаятының газеті» мен «Дала уалаятының газеті» атты екі басылым шығып тұрды. 1905 жылға қарай бірқатар жаңа газеттер мен журналдар пайда болды. 1907 жылы қазақ зиялыларының бір тобы Петерборда редакторы Әбдірашид Ибрагимұлы болған «Серке» газетін шығара бастады. Бұл газеттің екінші нөмірінде Міржақып Дулатұлының «Біздің мақсат» деген мақаласы жарияланды. Патша тыңшылары газетті «қазақ халқын барлық үкімет орындары мен өкілдеріне қарсы қоздырушы» үндеу ретінде қарап, жауып тастады. 1907 жылы наурызда Троицкіде бірінші нөмірі шығысымен тыйым салынған «Қазақ газеті» жарық көрді
Оқу ағарту мен білім идеяларын бұқара арасында насихаттау мен бастауыш білім беру жүйесін кеңейтуде «Айқап» журналы, «Киргизская степная газета», «Степной край», «Қазақ» газеттері елеулі рөл атқарды. 1911 жылы Троицкіде «Айқап» журналының бірінші нөмірі жарық көрді. Журналдың редакторы мен идеялық дем берушісі Мұхаммеджан Сералин болды. Журанал әдебиеттің дамуы мен қазақ әдеби тілінің қалыптасуына үлкен үлес қосты, онда ауыз әдебиеті, этнография, тарих жөніндегі зерттеу мақалалар жарияланды. Сол уақытта «Айқап» журналы далада мектептер мен медреселер ашу, ескі мектептерге реформа жасауды насихаттады. Журналда түрік және парсы тілдерінен аударылған шығармалар, мысалы, Фирдаусидің «Шахнамасы» жарияланды. 1911 жылдан бастап редакторы Сағынгерей Бөкеев болған «Қазақстан» газеті шыға бастады. Газетте саяси мақалалардан басқа, қазақтар мен ноғайлардың халық әдебиеті жөніндегі зерттеу мақалалар да жарияланды. Ұлттық баспасөздің дамуында Орынбор мен Торғайда 1913 -1918 жылдар аралығында Ахмет Байтұрсынұлының редакторлығымен шығып тұрған «Қазақ» газеті ерекше рөл атқарды. Газеттің негізгі міндеттері қазақ халқының мәдениетін көтеру, қазақтың әдеби тілі мен әдебиетін дамыту болды. Әлихан Бөкейханның ауыз әдебиеті мен Ахмет Байтұрсынұлының қазақ тілі мен қазақ әдебиеті жөніндегі жұмыстарына көп орын берілді.
12. XX ғ. басындағы қазақ зиялыларының мұсылмандық қозғалыстарға қатысуы.
Жаңа заманда басталған империалистік елдердің шикізат алу көзі мен товар өткізу рыногы ретіндегі отар елдерге деген қызығушылығы, Түркістанды да ірі мемлекеттердің бәсекелестік күрес аренасына айналдырмай қоймады. ХІХ ғасырдың аяғы – ХХ ғасырдың басында аяқталған ірі державалар арасындағы әлемді бөлісу процесі, әлемдік өркениеттің үлкен бір бөлігін құраған Тұран елі – Түркістан өлкесін де отар елге айналдырып тынды. 1863-1864 жылдары полковник Черняевтің жасақтарының жасаған әскери қимылдары нәтижесінде тұтастай Түркістанның, сонымен бірге қазақтың Ұлы жүзінің Ресейге қосылуы аяқталды.
Орыс үкіметінің Қазақстан мен Орта Азияда жүргізген отарлау саясатының империяның басқа отарлық аймақтарымен (мысалы, Польша, Балтық теңізінің жағалауы, Закавказье) салыстырғанда айтарлықтай ерекшелігі болды. Бұл ерекшелік – мұндағы саясаттың толық отаршылдық орнату сипатында болғаны. Бұл өлкеде Сібір, Қырым, Еділ өңірі сияқты тұрғындарын толық орыстандыру мақсаты көзделді.
Ресей патшалығының өз отар аймақтарында халықты орыстандыру, шоқындыру ісінде қолданған тәсілдері екі бағытта жүргізіліп, саяси және идеологиялық жолмен өрбіді. Халықтың рухани өміріне шабуыл жасауда күш қолданудың айтарлықтай нәтиже бермейтіндігіне және бастысы оның қарсыласу қозғалысын туғызатынына осы уақытқа дейінгі тәжірибесінен көз жеткізген отаршыл үкімет, қазақ даласында және Түркістан өлкесінде шоқындыру, орыстандыру әрекеттерін жүзеге асыруда екінші жолды, миссионерлік жолды басты бағыт етіп алды. Миссионерлер қазақ халқын орыстандыруда жергілікті халықтың рухани тамырының тірегі болып табылатын мұсылмандық мектептерді, медреселерді жауып, орнына аралас қазақ-орыс мектептерін ашуға үлкен күш салды.
Зерттеулер орыс отарлауына дейін Түркістанда білім берудің негізгі түрі дәстүрлі мектептер мен медреселер болғандығын көрсетеді. Отарлақ әкімшілік жергілікті халықты орыстандыру үшін ең алдымен халық ағарту мекемелерінің қызметін барынша шектеп, сол арқылы ұлттық мәдениеттің негізін шайқалтуды міндет етіп қойды. Ресей патшалығының отарлауына дейін жергілікті халықтың сауаттылық деңгейі жоғары болған. Зерттеулер ХХ ғасырдың басында өлкеде 5892 мектеп пен 353 медресе болғандығын мәлімдейді.
Осы жерде көңіл аударарлық жәйт – бұл білім беру орындарының басым бөлігі «заңнан тыс», яғни орыс отаршыл үкіметінің рұқсатынсыз ашылғандар еді. Оны тарихшы К.Рысбайдың мына зерттеулерінен байқауға болады. ХХ ғасырдың басында қазақ даласындағы білімнің дамуы туралы жаза келе, ғалым: «1913 жылы кең-байтақ қазақ даласында не бары 157 орыс-қазақ мектебі бар еді, олардың көпшілігінде оқушылар саны 50-ден аспайтын. Оның есесіне, жер-жерде бастауыш діни оқу орындары «заңсыз» (нұсқау бойынша отарлық өкімет орындарының жазбаша рұқсаты талап етілетін) жұмыс істеді. Олардың саны дәл есептеуге келмейтін, өкіметтен жасырылатын. Толық емес мәліметтерге қарағанда, Сырдария облысының Шымкент оязындағы бір ғана Түркістан учаскесінде мыңнан астам осындай мектеп болған», - деп жазады.
Түркістан өлкесінде жергілікті халықты ұлттық ерекшеліктерінен, тілі мен дінен айыра отырып, сол арқылы қазақтарды этностық тұрғыдан ыдыратып жіберуге тырысқан патша әкімшілігі 1868 жылы өлкеде ислам діні қызметкерлерінің құқықтарын шектейтін «Уақытша ереже» қабылдайды. Ол бойынша сұраусыз мешіт салуға, жаңа медреселер ашуға тыйым салынады. Керісінше, осы «Ережеге» Қазақстанда христиан дінін таратуға бағытталған бірнеше тармақ енгізіледі. Христиан дініне кіріп, қандай да болсын бір селолық қоғамға жазылған қазақтарға жеңілдік беріледі. Христиан дініне кіргендігі үшін қазақ өлтірілсе, оның ісі әскери сотта қаралады. Исламға қарсы күрес барысында Түркістан генерал-губернаторы Духовскийдің 1899 жылғы баяндамасында: «Мемлекетте шешілуін күтіп тұрған шаралардың алдыңғы сапында мұсылмандық мәселесі тұрғандығын және мемлекеттік организмге жабысқан осы індетке қарсы күрес қажеттігін» атап көрсетілді. Тіпті ол «Ислам – біздің дінімізге ғана емес, бүкіл мәдениетімізге жау кодекс» деп түсіндіреді. Империя шеңберіндегі мұсылмандықтың ошағын жою үшін Түркістан өлкесі ерекше назарға алынып, біртұтас халқының діни өмірі әскери-азаматтық бақылауға алынды.
Орыстандыру, шоқындыру іс-шараларын жүргізуде мынандай бағытта жұмыстар жүргізілді: казак-орыс қоныстарына шіркеу, мінәжат үйлерін салып, оған жергілікті халықты тарту; шіркеу жанынан приходтық мектептер ашып, онда жергілікті халық балаларын оқыту; жергілікті тұрғындар арасында христиандық ілім негіздерін насихаттау; орыс мектептерінде оқитын жергілікті халық балаларына христиан ілімі пәнінен дәріс беру.
Өлкедегі түркі-мұсылман халықтарының саяси және рухани өміріне жасалған отарлық шабуыл жергілікті халықтың отарлыққа қарсы бірігуіне алып келетін жағдайларды қалыптастырды. Олар патша үкіметінің отарлық саясатына қарсы күреске бірігіп шықты. Ал Ислам діні бұл күрестің идеологиялық туына айналды. Бұл күрес тарихқа «мұсылмандық қозғалыс» деген атпен енді. Этнографиялық құрамы күрделі Түркістан халқын патша үкіметінің отарлаушы саясатына қарсы біріктірген бірден-бір күш – мұсылманшылдық болды.
Мұсылмандардың жағдайы, оның отаршыл үкімет тарапынан көріп отырған қысымшылықтары, соның ішінде діни істері жөнінде көріп отырған қысымшылықтары империя мұсылмандарының ХХ ғасыр басында Бүкілресейлік дәрежеде өткізген бірнеше съездерінде талқыланды. Мысалы, 1914 жылы маусымда Ресей Мемлекеттік Думасы Мұсылман фракциясының ұйымдастыруымен өткен Бүкілресейлік мұсылман съезінде мұсылман халықтарының рухани істерін ретке келтіру мәселесі талқыға түседі. Съезде қазақтар орталық орыс өкіметінен қазақтардың мүфтилік мәселесін шешуді өтініп жеделхат жолдады. Съезде қазақтар арасындағы рухани істер жөнінде баяндама жасаған Б.Қаратаев: «қазақтар бұрын Орынбор мүфтилігіне қарайтын, өткен ғасырдың 60-шы жылдары үкімет орындары оларды Орынбор мүфтилігінен шығарып тастағанда, қазақтар енді православиеге өтеді деп үміттенді. Сондықтан әр болысқа бір мешіттен артық мешіт салуға рұқсат бермеді. Алайда қазақтар бір мешіттің орнына ондаған мешіттер салып, жасырын әрекет етті» дей отырып, қазақтарды ендігі жерде Орынбор мүфтилігіне қайта қосу керектігін айтқан.
Мұсылмандық қозғалыстың саяси күш, саяси қозғалыс ретінде тарихта қалдырған ең ірі жетістіктері – Бүкілресейлік мұсылман съездерін өткізу болды. Империялық державаның түкпір-түкпірінен мұсылман өкілдерінің басын қосқан бұл жиылыстарда империя шеңберіндегі мұсылман халықтарына ұлттық немесе мәдени автономия беру, олардың тіл, дін, мәдениет салаларында Ресей азаматтарымен тең құқықта болуы, жергілікті езілген халыққа саяси бостандықтар әперу, олардың әлеуметтік мәселелерін шешу сияқты ауқымды және ұлт тағдырындағы маңызды мәселелер көтерілді. ХХ ғасыр басындағы Ресей империясы көлеміндегі мұсылмандық қозғалыс тарихында жалпыресейлік алты бірдей мұсылман съездері өткізіліпті. Олардың алғашқы үшеуі - 1905-1907 жылдар аралығында, төртіншісі – 1914 жылы және бесіншісі – 1917 жылы 1-11 мамыр аралығында Мәскеуде, алтыншысы – осы жылы 21-31 шілде аралығында Қазан қаласында өткізіледі. Алғашқы үшеуіне 1905 жылғы Бірінші орыс революциясы ықпал етсе, соңғыларына патшаны тақтан құлатқан ақпан төңкерісінің ықпалы болғандығын жоққа шығара алмаймыз.
Мұсылман халықтары бас қосқан бірінші бүкілресейлік мұсылмандар съезі 1905 жылы Нижний Новгород қаласында өтеді. Үкімет орындарының рұқсат бермеуіне байланысты, бұл алғашқы съезді жасырын түрде қала маңындағы Ока өзенінде, «Густав Струве» кемесінде өткізуге тура келеді. Татар, әзербайжан, қазақ және тағы басқа мұсылман халықтарының өкілдері қастысқан съезге И.Гаспринский төрағалық етеді. Съезд әзербайжан халқының өкілі А.Топчибашевтың: «Уа, дінге берік бауырлар. Осы күн есімізден мәңгі шықпас. Бұл күн бұдан соң да Ресей мұсылмандарының жыл сайынғы ұлттық мейрамдарының бірі болатынына шүбә келтірмеймін. Біз тегіміз, дініміз, тағдырымыз бір түрік балаларымыз...» деген тебіреністі сөздерімен ашылды.
Съезде делегаттар діни, мәдени, саяси талаптарын империяның шет аймақтарындағы езілген мұсылман халықтарының құқықтары тұрғысынан тұжырымдайды. «Ресей империясының мұсылмандары жалпы мемлекеттік мүддеге сай, сондай-ақ Ресей өмірі жағдайында бүгін және болашақта бірігіп қимыл жасауы үшін бір саяси парияға бірігуі керек» деген қаулы қабылданады. Осы съезде мұсылман партиясы («Иттифақ-ул-муслимин» - «Ресей мұсылмандары одағы») бағдарламасының жобасы мен 23 тармақтан тұратын жарғысы қабылданады. Онда 16 қалада, оның ішінде Омбыда, Оралда, Орынборда, Семейде, Верныйда, Перовскіде Қызылжарда, Ташкентте партияның бөлімшелері ашылатыны көрсетіледі.
Ресей империясы мұсылмандарының басын қосқан «Ресей мұсылмандары одағының» бағдарламасын қабылдауда 1906 жылы тамыздың 16-сы мен 21-і аралығында, Нижний Новгород қаласында 800 ге жуық делегаттың қатысуымен өткен үшінші жалпыресейлік мұсылман съезінің тарихи маңызы зор болды. 72 тармақтан тұратын бағдарламалық құжат дәл осы съезде қабылданды. Съезд делегаттары оқу мәселесі бойынша 33 тармақтан тұратын қарар қабылдады. Онда мұсылман балалар үшін барлық елді мекендерде бастауыш және орта мектептер ашу, оқуды араб графикасы негізінде ана тілінде жүргізу мәселелері қарастырылды. Мұсылмандар бірлігін арттыра түсу мақсатында съезд «ортақ түркі тілі» барлық мектептерде оқытылсын деген шешім қабылдады. Делегаттар «барлық мүфтилер сайлансын; қазақ облыстарының діни істері Орынбор мүфтилігіне тапсырылсын; Түркістанда өз алдына жеке мүфтилік ашылсын» деген қорытындыға келді. Халық ағарту мәселесінде, ана тілінде сабақ жүргізетін бастауыш мектептерін ашу, орыс тілін орыс мектептерде тек қосымша пән ретінде оқыту, бастауыш мектептерді үкімет тарапынан қаржыландыру сияқты мәселелер көтерілді.
1917 жылғы Ақпан төңкерісінен кейінгі демократиялық өзгерістер кезеңінде Түркістан өлкесінде жергілікті мұсылман халқының мүддесін қорғайтын мұсылмандық қоғамдық-саяси ұйымдар құрылды. Олардың ішінде қоғамдық-саяси өмірге ықпалы жөнінен ең бірінші орында прогрессивті «Шуро-и-ислам» ұйымы тұрды. Бұл ұйым ХІХ ғасырдың екінші жартысында татар интеллигенциясы арасында, негізінен ұлттық мектептерді реформалау, оны бұрынғы діни-схоластикалық щеңберден шығарып, зайырлы пәндермен толықтыру, осылайша мұсылман жастарының көзін ашып, қоғамдық—саяси санасын ояту арқылы өркениетті елдер қатарына қосуды мақсат еткен «жәдитшілдік» қозғалыстан бастау алды. Ұйым мүшелері монархиялық билік жойылып, жаңа өзгерістерден үміт күткен осы бір тарихи кезеңде өлкенің мұсылман жұртшылығының осы уақытқа дейін қордаланған күрмеуі қиын мәселелерін шешуге тырысып, осы жолда өлкелік мұсылман құрылтайларын өткізді. Бұл жиындарда Ресейдің болашақтағы мемлекеттік құрылысы және ондағы Түркістанның саяси статусы, Түркістанды жайлаған аштық мәселесі, дін, оқу-ағарту, жаңа құрылып жатқан билік органдарына жергілікті халықты тарту деңгейін көтеру сияқты маңызды мәселелерді қарастырды.
1917 жылғы Петерборда болған екінші төңкеріс Ақпан төңкерісі сыйлаған демократиялық өзгерістерді, ең басты болашақта өзімізді-өзіміз басқарсақ деген үмітті жоққа шығару қаупін тудырды. Большевиктік төңкерісті Түркістанның азаттық күрес жетекшілері мойындамады. Сондықтан да М.Шоқай бастаған азаттық жолындағы күрескерлер 1917 жылы қарашада өлкеде большевиктік үкіметке альтернатива болатын екінші өкіметті – Түркістан автономиясын жариялады.
Жергілікті мұсылман халқының мақсат-мүддесін қорғауға ұмтылған бұл жаңа мемлекеттік құрылым 1918 жылдың көктемінде өлкеде орныққан большевиктік күштердің қарулы шабуылының нәтижесінде құлатылды. Оның жетекшілері, үкімет мүшелері қуғындалып, М.Шоқай шет елге эмиграцияға кетуге мәжбүр болды.
Осыдан бір ғасырға жуық уақыт бұрын өлке халқының ұлттық ерекшеліктерін, тілі мен дінін сақтап қалу, мемлекеттік дербестікке қол жеткізу, сол арқылы қазақ жерін отарлаушы күштердің меншігіне өтіп кетуден және жас ұрпақты ұлттық негізден қол үзіп, орыстанып кетуден сақтап қалуды көздеген ұлт зиялыларының осы жолда атқарған ерен еңбегі большевиктік террор арқасында жүзеге асырылмағанымен, оның халқымыздың ұлт-азаттық тарихында алатын орны ерекше. ХХ ғасыр басындағы азаттық күрескерлердің арманы ғасыр аяғында орындалып, жүзеге асты. 1991 жылы Қазақстан тәуелсіздігін жариялады. Бүгінде қол жеткізген тәуелсіздігімізді баянды ету, оны жалғастыру бүгінгі жастардың қолында. Осы жерде оның қауіпсіздігіне, мемлекеттің тұрақтылығына нұқсан келтіретіндей оқиғалрдың орын алып жатқандығы мәлім. Солардың бір көрінісі дәстүрлі емес діни ағымдардың іс-әрекеттері және ең сорақысы олардың өздерінің арам пиғылдарына жастарды тартуы болып отыр. Осы жолда жастарға дұрыс ақпарат алудың, тарихтағы «мұсылмандық қозғалыс» сияқты азаттық күрестердің тарихын білудің маңызы зор.
13. XX ғасырдың 20-30 жылдарында Қазақстандағы мәдени құрылыс.Шаруашылықты дамытып, жақсы өмір сүру үшін ең алдымен халықтар арасында сауатсыздықты жою және ағарту ісін дамыту міндеті тұрды.
1924 жылы Қазақстанда «Сауатсыздық жойылсын» қоғамы ұйымдастырылды. 1921–1927 жылдар аралығында Қазақстанда 200 мыңға жуық адам әр түрлі жерде оқыды. 1928 жылы Қазақстанда барлық халықтың 28%-ы сауатты болды. Ал қазақтар арасындағы бұл көрсеткіш 10% болды. 1931 жылы Қазақстанда 15–20 жас аралығындағы барлық адамдардың сауатын ашу, яғни оларға міндетті білім беру жүйесі енгізілді. Сауатсыздықты жою мақсатында республикада ағарту ісіне жұмсалатын қаржының мөлшері көбейді.
Сауатсыздық жою ісі жөнінде Қазақстан одақ құрамындағы басқа мемлекеттерден артта қалды. Мұның себебі – әміршіл-әкімшіл жүйенің бюрократтық саясаты. Сауатсыздықты жою ісінде ең алдымен комсомол ұйымы белсенділік танытты. Тек қана 1930 жылы бұл іске комсомол құрамындағы 5000-ға жуық жастар қатысты.
1936 жылы жер-жерден ашылған сауатсыздықты жою мекемелерінде 500000-нан астам адам оқыды.
Республикада ересектер арасында сауатсыздықты жою ісіне сол кездегі «Ауыл мұғалімі» журналы мен «Төте жол» газеті әдістемелік құрал ретіндегі көмегін тигізді.
1939 жылы Қазақстандағы сауатты адамдардың үлесі 65% болды, қазақ халқының арасында бұл көрсеткіш 40%-ға жетті. Республикадағы ірі қалалар, негізінен, сауатты қалаларға айналды (Алматы, Шымкент, Қарағанды, Лениногорск, Тараз, Орал т. б.)
Халыққа білім беру ісі
1926 жылы Қазақ АКСР Халық Комиссарлар Кеңесі «Қазақ АКСР біртұтас еңбек мектептерінің жарғысын» қабылдады. Көптеген қалаларда арнаулы білім беретін және соның ішінде қазақ қыздарын оқытатын мектептер ашылды.
1930–1931 жылдары Қазақстан халықтарының арасында жалпыға бірдей оқу міндеті енгізілді. Жалпыға бірдей білім беру ісіне үкімет қолдау көрсете бастады. Сонымен қатар Қазақстан комсомолы бұл істің жүзеге асырылуын және білім беру ісінің дамытуын өз мойындарына алды. Білім беру ісін дамыту бағытында ана тіліндегі оқулықтарды жасаған қазақтың ұлттық зиялылары үлкен үлес қосты. Мысалы, А. Байтұрсынов суретті әліппе, Ж. Аймауытов ана тілі оқулықтарын жазды.
20–30 жылдары қазақ мектептеріне арналған оқулықтарды жасау бағытында Ғ. Мүсірепов, С. Сейфуллин, М. Жұмабаев, М. Дулатов, Қ. Кемеңгеров, Ә. Бөкейханов, С. Сәдуақасов, А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов көп еңбек сіңірді. Республика жерінде орыс, қазақ, өзбек, татар тілдерінде оқытатын мектептер жұмыс істей бастады. 1934–1935 жылдары Қазақстанда 221 интернат жұмыс істеді.
Соғыстың алдында республика мектептерінде 44000 мұғалім жұмыс істеді. С. Ақышев, С. Көбеев, А. Ақатов, Ш. Сарыбаев, Л. И. Довранская, Н. В. Волков т. б. білім беру ісінің үздіктері «Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген мұғалімі» деген атаққа ие болды.
Кәсіптік білім беру ісінің дамуы
1928 жылы Қазақстанда тұңғыш жоғары оқу орны Алматы педагогика институты ашылды. Бұл институт Абайдың есімімен аталды.
1929 жылы Алматы зоотехникалық мал дәрігерлік институты ашылды.
1930 жылы Алматыда Қазақ ауыл шаруашылық институты ашылды.
1931 жылы Ленинград әскери медицина академиясының қамқорлығымен Алматы медицина институты ашылды.
1934 жылы Алматыда Қазақ кен металлургия институты ашылды. Кейін политехникалық институт аталған бұл оқу орны инженер-технолог кадрларын даярлайтын іргелі оқу орны болды.
1931–1932 жылдары Қызылорда, Орал қалаларында педагогика институты ашылды. Семей, Петропавл, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Шымкент қалаларында мұғалімдер институттары ашылды. Соғыстың алдындағы жылдарда Қазақ КСР-де жоғары оқу орындарының саны 20-ға, арнаулы оқу орындарының саны 118-ге жетті. Кәсіптік білім беретін бұл оқу орындарында 40000-ға жуық жастар білім алды.
14. А.Байтұрсынов –мәдени қайраткер және көрнекті саясаткер.
Ахмет Байтұрсынов қазіргі Қостанай облысы, Торғай атырабындағы, Сартүбек деген жерде ел арасында беделді, қайратты кісі Шошақұлы Байтұрсын шаңырағында 1873 жылы 18 қаңтарда дүниеге келген. Табиғатынан аса дарынды туған талапты бала Ахмет 1882-1884 жылдары әуелі көзіқарақты адамдардан өз үйінде хат танып, артынан жақын жердегі ауыл мектебінен сауат ашады да, 1886-1891 жылдары Торғай қаласындагы екі сыныптық мектепте, 1891-1895 жылдары Орынбордагы мұғалімдер даярлайтын мектепте оқиды. 1895-1909 жылдары ұстаздықпен айналысып, бала оқытады. 1905 жылы жер меселесі, казақтың өз жерін өзіне кайтару жөнінде патшаның атына хат жазушылардың бірі болады. Патша өкіметіне наразылығы үшін 1907, 1909 жылдары абақтыға қамалады. 1910 жылы қазақ жерінен қуғындалып, Орынбор қаласына жер аударылады. Халықтың ой-санасын оятуға бар күшін, қаламгерлік қуатын салып, 1909 жылы И.А.Крылов мысалдарын аударып, "Қырық мысал" жинағын шығарады. Қазақ поэзиясына өзіндік жаңалық, ою-ернек әкелген "Маса" жинағы А.Байтұрсыновтың ағартушылық, демократтық, гуманистік идеяларын халыққа жеткізеді. 1913 жылдан 1917 жылға дейін М.Дулатовпен бірге "Қазақ" газетін шығарады. Саяси бағыттағы мақалалары патша үкіметі орындарына жақпаған басылымның редакторы ретінде А.Байтұрсынов бірнеше рет түрмеге жабылады. Патша тақтан түскен соң Ахаң қазақ зиялыларымен бірігіп, ұлттық "Алаш" партиясын құрады. Кеңес үкіметі орнаған соң А.Байтұрсынов Қазақстан үкіметінің мүшесі, Халық ағарту Комиссариаты жанындағы ғылыми-әдеби комиссияның төрағасы болып сайланады. Орынбор, Ташкент, Алматы қалаларындағы педагогикалык жоғарғы оқу орындарында сабақ береді. Голощекиндік асыра сілтеу саясатына қарсы болғаны үшін 1929, 1937 жылдары екі рет саяси репрессияға ілігіп, жазықсыз атылды.
Алаштың көрнекті қайраткері, ағартушы-ғалым. 1872 жылы Торғайдың Ақкөл жағасындығы (қазір Қостанай бол. Жангелдин ауд.) Сарытүбек жерінде туған. 1884 жылы ауыл мектебін, 1891 жылы Торғайдағы орыс-қырғыз училищесін, 1895 жылы Орынбордағы мұғалімдер мектебін бітіріп, өз бетінше көп білім жиған. 1895-1909 жылдары Ақтөбе, Қостанай, Торғай уездерінің мектептері мен училищелерінде мұғалім болады. 1909 жылы патша өкіметінің шет ұлттарға қарсы әрекетіне көзқарасын білдіргені үшін Семей абақтысына жабылады. Мұнда ол 1910 жылдың басына дейін отырады. 1910-1913 жылдары ағартушы қатаң бақылау жағдайында болады. 1913-1917 жылдары әйгілі «Қазақ» газетінің редакторы қызметін атқарады. Осы шақта ағартушы ұлттық Алаш қозғалысын жандандыруға атсалысады. Алаш партиясы құрылатын І жалпықазақ съезінің де, Алаш автономиясы жарияланатын ІІ жалпықазақ съезінің де ұйымдастыру және өткізу жұмысына белсене қатысады. І съезде негізгі мәселелер бойынша хатшы болса, ІІ съездің шақыру комиссиясына енді. 1917 жылы 14 желтоқсанда Орынборда Алаш партиясының Торғай облыстық комитеті ашылып, қайраткер төраға (Ә.Бөкейхан) орынбасары болып сайланады. Ұлт кеңесі құрылатын ІІ съезде Оқу-ағарту комиссиясын басқарады. 1919 жылы ұлттың болашағы үшін кеңестер шебіне шығып, Өлкелік әскери төңкеріс комитетінің мүшесі болады. 1920-1921 жылдары Халық ағарту комиссары қызметін атқарады. 1920 жылы ол басында "Ұшқын" газетінің, кейіннен аты "Еңбек туы" боп өзгерген осы басылым жалғасының алқа мүшесі болды. Осы жылы желтоқсанда Әлихан, Смағұл, Жүсіпбек, Хайретдиндермен бірге "Қазақстан" мемлекеттік баспасының сарапшылар алқасына енді. 1921-1922 жылдары Қазақ халыққа білім беру институтында (КИНО) ұстаздық етеді. 1922-1925 жылдары ХАК Ғылым комиссиясын басқарады. 1926-1929 жылдары Ташкенттегі Қазақ педагогика институтында, Алматыдағы Қазақ мемлекеттік педагогика институтында қызмет атқарады. Ағартушы қайраткер ғалым, жаңа отандық ғылымның көшбасшысы ретінде қалыптасты. Әдеби қызметі де қайраткерлігімен біртұтасып кеткен. 1909 жылы шыққан «Қырық мысал», 1911 жылы жарияланған «Маса» жинақтары халықты оятуға себепші болды. Ғалымның «Оқу құрал» (1912), «Тіл құрал» (1914), «Әліпби» (1924), «Әдебиет танытқыш» (1926), «Баяншы» (1926) еңбектері ұлт филологиясының негізін қалады. Ол 1926 жылы Бакуде өткен ІІ Түріктану съезіне қатынасты. Саяси себеппен 1929 жылы тұтқындалып, жер аударылды. 1937 жылы тағы да ұсталып, 1938 жылы нақақ атылды.
15. Ә.Бөкейханов – Алаш қозғалысының көшбасшысы, XX ғасырдың көрнекті қайраткері.Бүгін XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының, қоғам және мемлекет қайраткерлері қатарындағы аса ерекше тұлға, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ұлт-азаттық және Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, публицист, ғалым, аудармашы, білікті саясаткер, білімді әдебиеттанушы, кәсіби геолог және тұңғыш энциклопедист Әлихан Бөкейхановтың туған күні.
Ә.Бөкейханов 1870 жылы наурыздың 5-і күні бұрынғы Семей облысы, Қарқаралы уезі, Тоқырауын болысының 7-ші ауылында туған. Бұл қазіргі Қарағанды облысының Ақтоғай ауданындағы бұрынғы Қаратал кеңшарының жеріне қарасты, 1992 жылы Ақтоғай аудандық кеңестің шешімімен Ә.Н. Бөкейханов есімі берілді. Әлихан Орта жүз ханы Бөкейдің ұрпағы. Ата тегі: Бөкей-Батыр-Мырзатай-Нұрмұхамед-Әлихан. Жасынан зерек, алғыр өскен Әлиханды әкесі Қарқаралыға алып барып, жергілікті молданың қолына оқуға береді. Бірақ ол молданың қолынан оқуды канағат тұтпай, қаладағы үш сыныпты бастауыш мектепке ауысады. Оны бітіргеннен кейін 1879-1886 жылдары Қарқаралы қаласындағы қазақ балаларына арналған мектепте оқиды. 1886-1890 жылдар аралығында Омбыдағы техникалық училищеде оқып, оны «техник» мамандығы бойынша бітіріп шыққан. 1890-1894 жылдар аралығында Санкт-Петербургтегі Орман технологиялық институтының экономика факультетінде оқыды. Мұнда ол студенттік қызу пікірталастарға қатысып, XX ғасырдың босағасын аттағалы тұрған Ресейдің қандай жолмен дамуы тиімді болатындығы туралы қайшылықты пікірлер қақтығысына куә болып, өз ойын да шыңдай түсті. Ата тегі Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошыдан тарайтын төре тұқымы. Арғы атасы атақты Сұлтан Барақ. Қазақтың соңғы хандарының бірі Бөкей осы Сұлтан Барақтың баласы. Бөкейден Батыр, одан Мырзатай, одан Әлиханның әкесі Нұрмұхамед туған. «Әлихан Бөкейханов — XX ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының көшбасшысы. Ұлт-азаттық қозғалыстың негізгі тұлғасы. Ол — қозғалыстың міндетін, мақсатын, стратегиялық, тактикалық күрес құралдарын анықтаған адам»,- дейді тарих ғылымдарының докторы, профессор Мәмбет Қойгелді. Сол кездері ұлт көсемі Әлихан Бөкейханов бірегей талант иесі болды. Бұл оның азаматтығының көпқырлылығын айқындайтын қасиеттер. Осы қасиеттерінің арқасында Әлихан Нұрмұхамедұлы қазақ зиялыларының басын бір арнаға қосып, мемлекеттіліктің қалыптасуы үшін аянбай тер төкті.
Тарихшы профессор Мәмбет Қойгелді Әлихан Бөкейхановтың тағдырын қазақ ұлтының өмірінен бөліп қарау мүмкін емес екенін айтады. «Ол себебі ұлт-азаттық қозғалыстың көсемі болатын. Кез келген ұлт-азаттық қозғалыстың көсемінің тағдыры осылай қайғылы аяқталған. Тіпті, Ресей аумағындағы ұлттардың Әлихан Бөкейханов сияқты көсемдерінің тағдыры басқаша болуы мүмкін емес еді», — дейді ол.
Әлихан Бөкейханов қазақ журналистикасының қалыптасуына, бұдан бөлек, кітап шығару ісіне де ерекше ден қойған. Оның тапсырмасы бойынша бірқатар алашордашылардың еңбектері жарық көрген.
16. «Алаш» партиясының екінші жалпықазақ сьезі. «Алаш» Автономиясы.Екінші жалпықазақ съезі — 1917 жылы 5-13 желтоқсан аралығында Орынбор қаласында XX ғасыр басындағы қазақ қайраткерлері Алаш Орда үкіметін жариялаған съез.
Бұл съез Ресейде Қазан төңкерісі болып, большевиктер билікке келгеннен кейінгі тарихи алмағайып кезеңде ұйымдастырылды. Съез шақыру жөніндегі комиссия мүшелері Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы, Е.Омарұлы, С.Досжанов оны ұйымдастыруда айрықша белсенділік танытты Төрағасы — Б.Құлманов.Құрылтайға қазақ сахарасының әр аймақтарынан, Самарқан облысы мен Алтай губерниясындағы қазақтардың атынан — 58 делегат, әр түрлі қазақ ұйымдарының атынан — 8 делегат және арнайы шақырумен — 15 адам қатысып, барлық жиын-терісі 81 делегат келген. Құрылтайдыдың күн тәртібіне 10 мәселе қойылды:
1.Сібір автономиясы;
2.Түркістан автономиясы және Оңтүстік-шығыс Одағы туралы;
3.Қазақ-қырғыз автономиясы;
4.Милиция туралы;
5.Ұлт кеңесі;
6.Ұлт қазынасы;
7.Мүфтилік мәселесі;
8.Халық соты;
9.Ауылды басқару және
10.азық-түлік мәселесі.Баяндамадар[өңдеу]
Алғашқы баяндаманы Ә. Бөкейхан жасап, ол жөнінде қаулы қабылданады. Қаулыда — қазақ аутономиясы, милиция (жасақ) және Ұлт кеңесі мәселелерін қарауға жеті кісілік комиссия құрылады. Құрылған комиссия атынан Халел Ғаббасов аутономия, милиция және Ұлт кеңесі туралы баяндама жасайды.
Баяндама бойынша құрылтай бірауыздан қаулы қылады:
…қазанның аяғында Уақытша үкімет түскенін, Русия мемлекетінде халыққа сенімді және беделді үкіметтің жоқтығын, әкімшілік жоқ болған соң, халық арасы бұзылып, пышақтасып кететіндігі, бассыздық күшейіп, бүкіл мемлекет бүліншілікке ұшырап, күннен күнге халықтың күйі нашарлауын және бұл бүліншілік біздің қырғыз-қазақтардың басына да келуін мүмкін деп ойлап, бүкіл қазақ-қырғызды билейтін үкімет керектігін ескеріп, съезд бір ауыздан қаулы қылады:
1) Бөкей елі, Орал, Торғай, Ақмола, Семей, Жетісу, Сырдария облыстары, Ферғана, Самарқан облыстарындағы, Амудария бөліміндегі, Закаспий облысындағы қазақ уездері және Алтай губерниясындағы іргелес жатқан қазақ болыстарының жері бірыңғай, іргелі халқы қазақ-қырғыз, қаны, тұрмысы, тілі бір болғандықтан, өз алдына ұлттық, жерлі автономия құруға;
2) қазақ-қырғыз автономиясы — «Алаш»[2] деп аталсын…
3) Алаш автономиясының жер үстіндегі түгі -— суы, астындағы кені Алаш мүлкі болсын…
5) Қазақ-қырғыз арасында тұрған аз халықтың құқықтары теңгеріледі. Алаш автономиясына кірген ұлттардың бүкіл мекемеде санына қарай орын алады…
6) Алаш облыстарын қазіргі бүліншіліктен қорғау мақсатымен уақытша Ұлт кеңесі құрылып, мұның аты «Алаш орда» болсын. Алаш ордасының ағзасы (мүшесі) 25 болып, 10 орын қазақ-қырғыз арасындағы орыс және басқа халықтарға қалдырды.
Алаш орданың уақытша орны — Семей қаласы.
Алаш орда бүгіннен бастап қазақ-қырғыз халқының билігін өз қолына алады…
Құрылтай делегаттары Уақытша үкімет құлатылғаннан кейін қазақтардың өмір сүруінің өзін күрделендіріп жіберген анархия (тәртіпсіздік) жағдайында елді аман сақтау үшін милиция жасақтау туралы қаулы қабылдады.
Съез әр аймақтан келген өкілдердің өз елдерінде болып жатқан оқиғалар жайлы ақпарат берулерінен басталды. Одан соң Құрылтай жиналысына сайлау жөнінде айтылды. Съез жұмысына Башқұртстаннан Ахмет Зәки Уәлиди бастаған бірнеше қонақтар тілектестіктерін білдіріп, құттықтаулар айтты. Съез Қазақ автономиясы мен милиция туралы Х.Ғаббасов жасаған баяндаманы тыңдап, осы мәселе бойынша «Алаш Орда бүгіннен бастап қазақ-қырғыз билігін өз қолына алады» деген қаулы шығарды. М.Дулатов оқу мәселесі туралы арнайы баяндама жасап, комиссия құруды ұсынды. Съездегі ең басты мәселе автономия мәселесі жөнінде Ғ.Ғаббасовпен бірге Түркістан автономиясы жөнінде М.Шоқай сөз сөйледі. Осы негізгі мәселеге байланысты съез аса маңызды тарихи қаулы қабылдады. Онда: «Қазақ-қырғыз автономиясы — «Алаш» деп аталсын», «Алаш автономиясының жері, үстіндегі түгі, суы, астындағы кені — «Алаш» мүлкі болсын», «Алаш облыстарын қазіргі бүліншіліктен қорғау мақсатымен Уақытша Ұлт Кеңесін құруға, мұның аты «Алашорда» болсын. Алашорданың ағзасы - 25 болып, он орын қазақ-қырғыз арасындағы басқа халықтарға қалдырылды. Алаш Орданың уақытша тұратын орны — Семей қаласы. Алашорда бүгіннен бастап қазақ-қырғыз халқының билігін өз қолына алды» деген тарихи шешімдер болды. Бұдан соң Алаш автономиясын жариялау мәселесі көтерілді. Ол бойынша делегаттардың пікірінде келіспеушілік байқалды.
Нәтижесі
Қазақ зиялылары Алаш автономиясын аяғынан тік тұрғызу үшін және большевиктермен күресу мақсатында ұлттық әскер құру және кеңестерге қарсы әр түрлі саяси күштермен одақтасу ісіне үлкен мән берді. Съез бұл мәселені жан-жақты талқылап, қазақ милициясының әр облыс, уезд орталықтарындағы саны, оларға әскер ғылымын үйрету және қажетті заттармен (қару-жарақ, қаржы, көлік және т.б.) қамтамасыз ету тәртібін анықтап, «26 500 адам тіркелген халықтық милиция құрылуы қажет» деген қаулы қабылдады. Бұл идеяны Алашорда үкіметінің мүшесі Ж.Ақпаев ұсынды. Әскер құру ісіне қажетті қаражатты 6 облыстың қазақтары есебінен алатын болды. Алашорда үкіметі Ұлт кеңесіне мүшелер сайланған соң (қосымшаны қараңыз), Алашорданың төрағасын сайлау мәселесі өткізілді. Оған Ә.Бөкейхан, Б.Құлманов, А.Тұрлыханов түсті. Сайлау қорытындысы бойынша 79 дауыстан 40 дауыс жинаған Ә.Бөкейхан Алашорданың төрағасы болып сайланды. Бұдан соң оқу комиссиясының құрамына А.Байтұрсынұлы, М.Жұмабаев, Е.Омаров, Б.Сәрсенов, Т.Шонанов сайланды. Бұл съез ғасыр басынан бергі ұлт-азаттық қозғалысының ұлы қорытындысы болды. Ол өзінің тарихи маңызы жағынан ұлтымыздың сан ғасырлық өміріндеғі аса маңызды оқиғалардың қатарынан орын алады
Алаш автономиясы(1917—1920) — 20 ғ. басында қазіргі Қазақстан Республикасы жерін мекендеген қазақ-қырғыз республикалық мемлекеті.
Алаш автономиясы — 1917 ж. 5-13 желтоқсанда Орынбор қаласында өткен 2-жалпықазақ съезінде жарияланған қазақ халқының ұлттық-терр. мемлекеттігі. Съезд қазақ автономиясы мәселесі бойынша Халел Ғаббасовтың баяндамасын талқылап, төмендегідей қаулы қабылдады: “Автономия туралы Халелдің баяндамасын тексеріп, қазанның аяғында Уақытша үкімет түскенін, Руссия мемлекетінде халыққа сенімді және беделді үкіметтің жоқтығын ... және бұл бүлікшілік біздің қазақ-қырғыздың басына келуін мүмкін деп ойлап ... съезд бір ауыздан қаулы қылады:
•Бөкей елі, Орал, Торғай, Ақмола, Семей, Жетісу, Сырдария облыстары, Ферғана, Самарқан облыстарындағы және Амудария бөліміндегі қазақ уездері, Закаспий облысындағы және Алтай губерниясындағы іргелес болыстардың жері бірыңғай, іргелі — халқы қазақ-қырғыз, халі, тұрмысы, тілі бір болғандықтан өз алдына ұлттық, жерлі автономия құруға;
•Қазақ-қырғыз автономиясының жер үстіндегі түгі-суы, астындағы кені Алаш мүлкі болсын;
Қазақ-қырғыз арасында тұрған аз халықтың құқықтары теңгеріледі. Алаш автономиясына кірген ұлттардың бәрі бүкіл мекемелерде санына қарай орын алады
Алаш автономиясының құрылу
1917 жылдың 5-13 желтоқсан аралығында Орынборда екінші жалпы қазақ съезі өтті. Съезде Алашорда үкіметі құрылды. Оның төрағасы болып Ә.Бөкейхан сайланды. Осы съезде Алаш автономиясы жарияланды. Ә.Бөкейхан бастаған топ Қазақстанды мекендейтін орыстардың еркін білмейінше автономия жариялауды кейінге қалдыра тұруды қажет деп тапты. Ал Х.Досмұхамедұлы бастаған топ автономияны дереу жариялау керек деп санады. Соңында екі жақ ортақ келісімге келді. Нәтижесінде Түркістан қазағын қосып алып, автономия жариялауға 1 ай мерзім берілді. Бір ай ішінде қосылу ісі жүрмесе де автономия жарияланатын болып шешілді. Осы үшін 1918 жылы 5 қаңтарда шақырылған Сырдария съезіне «бірігу мәселесін қозғау үшін» Б.Құлманов, М.Дулатұлы, Т.Құнанбайұлы арнайы жіберілді. Бүл жиында табиғи талас-тартыстан кейін Түркістанның оқығандары қосылуға ықылас танытса керек. Әйтсе де көзделген бір айда қосылу жайы сол күйінде өзгеріссіз қалды. Түркістан автономиясы да амалсыз жұмысын тоқтатты. Қазақ қайраткерлері автономия жариялау үшін қайта жиналған жоқ. II съездің қаулысы күшінде қалып, енді ресми қағаздарда «Алаш автономиясы» деп жазылатын болды. Тіпті осындай мөр табаны да мұрағаттардағы құжаттарда сақталып қалған
Атауы
Алаш автономиясы аталуы негізі болған алаш сөзінің мағынасы — дәлме-дәл қазақ, Қазақстан. Тағы да «Алты алаш заманы» деп Қазақ хандығына нақ үш жүзден тыс қырғыз, қарақалпақ, құрама елдері кіргенін көрсетеді.
17. Жәдидшілік – ресейлік мұсылмандардың ағартушылық идеологиясы.
18. Жекелеген ұлттарды Қазақстанға депортациялау. Кеңес Одағындағы тоталитарлық жүйедегі жаппай қуғын-сүрпн кезеңіндегі непзсіз жазалау шаралары тек жекелеген адамдарға, дін иелеріне. әр түрлі әлеуметтік топтардың екілдеріне ғана емес, сондай-ақ ұжымдық жауапкершілік ұстанымы бойынша жекелеген халықтарға да қарсы қолданылды. Тоталитарлық жүйе жеке халықтарды саяси қуғындаудың депортациялау, яғни күштеп жер аудару әдісін қолданды. Жер аударылған халықтар реп-рессия зардаптарының барлық түрін бастан кешірді. Ол жөнінде 1993 жылы 14 сәуірде қабылданған Қазақстан Республикасының «Жаппай саяси қуғын-сүрпн құрбандарын ақтау туралы» заңында көрсетілді. Жекелеген халыктарға мемлекет тарапынан әртүрлі қысымдар қолданылды: күштеп қоныс ауда-ру; арнайы қоныстарға орналастыру; күштеп жұмыс істету арқылы қүқықта-рын шектеу; ұлттық ерекшеліктері жағынан мемлекетке өте қауіпті, сенімсіэ халықтар деп тану. Бұл жерде мына деректен дәлел келтірсек, қаралып отырған мәселе әлде-қайда түсінікті болары сезсіз. Аудандық ІІХК бастығы жеткізген хабарлама-сында: «Кеңес Одағының фашистік Германиямен соғысына байланысты әр түрлі элементтер кеңес өкіметіне қарсы арандатушылық қауесет таратып жүр. Аудан бойынша кеңес екіметіне қарсы пиғылдағы элементтер: бүрын-ғы банды көтерілісіне қатысушылардан 93 адам, 936 кәріс және неміс», -деп атап көрсетілген. Мысалы, КСРО-ныңХКК мен БКП(б) ОАК-ның 1937 жылғы 21 тамыздағы қаулысында Қиыр Шығыс кәрістерінің қоныстарын аудару «өлкеге жапон тыңшыларын еткізбеу мақсатында» жүрпзілгенін айтады. Қиыр Шығыста тұратын кәрістер түр-түсі мен көлбеті жағынан ұқсастығына байланысты «жапон тыңшылары» деген желеумен жер аударылып, сенімсіз халық деп танылды. 1941 жылғы 28 тамыздағы КСРО Жоғары Кеңесі тералқасының «Еділ бойында түратын немістердің қоныстарын аудару» туралы жарлықта: «Мыңдаған лаңкестер мен тыңшылар бар, олар Германиядан келетін хабар бойынша жарылыстар ұйымдастыруды көздейді», яғни КСРО-ға қарсы бағыт-талған әрекет жасауда деп керсетілген. КСРО-дағы жаппай қуғын-сүрпн жылдарында 3 млн астам адам жер аударылды. «Сенімсіз халықтар» қоныстанған арнайы аудандар - солтүстік облыстар, Сібір, Орал, Орта Азия және Қазақ жері болды. Бұл халықтардың ең көп белігі Қазақжері мен Сібірге қоныстандырылды. Қазақстан Республи-касының Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халықтары ассамблеясының IV сессиясында жасаған баяндамасында жер аударылғандардың санының 1 миллион 200 мың екендігі туралы дерек келтірді. Қазақ жеріне немістердің 38%-ы, шешен мен ингуштардың 83%-ы, кәрістөрдің59%-ы, балқарлардың55%-ы, қарашайлардың 58%-ы, гректердің 76%-ы, курдтардың 62%-ы күшпен қоныс аударылды. Қоныстанушылар іс жүзінде Қазақстанның барлық облыстарына орналастырылды және ІІХК-нің мынадай нұсқауларын орындады: «құпия тапсырмалар бойынша шет мем-лекеттің агенттерімен байланыс жасамау үшін «сенімсіз халықтарды» ше-гаралық аймақтарға орналастырмау»; «қашып кетпес үшін теміржолдардан алыс жерлерге орналастыру»; «бақылауға ыңғайлы болу үшін топтарымен орналастыру». Сонымен бірге олар әрдайым комендатураға барып, белп-леніп тұруы тиіс болды. Күштеп қоныстандырудың зардабы өлшеусіз еді, оны басынан еткізген-дер ешқашан ұмытпайды. Бұрын емір сүрген жерлерінде олар барлықдүние-мүлкін тастауға мәжбүр болды. Жүздеген мың «сенімсіз халықтарды», оның ішінде қарттар, әйелдер мен балаларды мал таситын немесе тауар таси-тын вагондармен әкелді. Егер жауапты адамдарға болмашы ғана наразы-лық білдірген жағдайда, сол жерде, тіпті пойыз жүріп келе жатып немесе аялдаған жерде, жазалайтын болған. Қазақстанда қоныстанушылар клубтар-ға, бос қалған мешіттерге, ат қораларға, шошқа қораларға, қоймаларға ор-наластырылып, мұндай орындар да жетпей қалғандары ашық аспан астын-да өздеріне жертөлелер қазып алды. Қоныстанушылар арасында эпидемия-лық жұқпалы аурулар - іш аурулары, қызылша, дизентерия кең тарап, оба және тырысқақ аурулары, бит басу күшеиіп кетті. Климаттың күрт ауысуы, өте ауыр тұрмыс жағдайы, нашар тамақтану, антисанитарлық жағдайда емір сұру қоныс аударушылар арасындағы өлімді кебейтіл жіберді. Бұл женінде ІІХК-ның қызметкерлерінің қүпия мәліметтерін¬де: «Мұндай жағдайға жеткізуге болмайды, бұл - қылмыс», - деп жазған, Мұндай жағдайды жылқылар да көтере алмаған, сол себепті ІІХК қызметкер-лері жұмыс істеу үшін әлдеқайда төзімді өпздерді жіберулерін сұраған* Де-портациялық саясаттың қатал жағдайында Қазақжеріне ешбір дүние-мүліксіз көшіп келген халықтардың жан сақтауы тек қазақ халқының туысқандық көмегінің арқасында ғана мүмкін болды, Қазақ халқы аштық нәубеті мен сая-си қуғын-сүрпн қасіретін басынан еткерсе де, басын қауіп-қатерге тіге оты-рып, қолындағы соңғы нанымен бөлісіп, тағдыр тәлкепне түскен халықтарға ең қиын сәттерде қол ұшын беріп, баға жетпес көмек көрсетті. Зорлықпен кешірілген халықтар қилы заманда Қазақ өлкесінен пана тауып қана қойған жоқ, бастарынан қиыншылықтарды бастан өткізе отырып, өздері және ұрпақтары үшін екінші Отанын тапты. Олар ездерінің ұлттық ерекшеліктерін сақтап қалды, кепұлтты Қазақ өлкесінен өзіне лайыкты орын тапты.
19. ЖЭС және оның Қазақстанда жүзеге асырылуының ерекшеліктері. Жер-су реформалары. Жаңа экономикалық саясат — 20 ғасырдың 20-жылдарындағы КСРО-да Азамат соғысы салдарынан қираған ел экономикасына жеке меншік иелерін тартып, адамдардың өз еңбегіне мүдделілігін орнықтыруға бағытталған әрекет. 1921 жылы көктемде РКП (б) 10-съезінде “әскери коммунизм” саясатынан Жаңа экономикалық саясатқа көшу туралы шешім қабылданды. Жаңа экономикалық саясат шеңберінде қираған халық шаруашылығын қалпына келтіріп, социализмге өту көзделді. Оның мәнісі азық-түлік салғыртын азық-түлік салығымен алмастырып, жеке меншіктің түрлі формаларын пайдалануға жол ашу болды. Жаңа экономикалық саясаттың енгізілуіне байланысты сырттан шет ел капиталы (концессиялар) тартылып, ақша реформасы (1922 — 1924) жүргізілді. И.В. Сталин мен оның маңындағылардың ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру, басқару кадрларына қарсы жаппай жазалау әрекеттерін қолдануы салдарынан 20 ғасырдың 30-жылдарының басында жаңа экономикалық саясат іс жүзінде тоқтатылды. Өнеркәсіптегі өзгерістер: Экономиканы дамыту үшін ең алдымен ірі өнеркәсіпті қалпына келтіру және қайта құру қажет болды. 1. Кәсіпорындар сала бойынша ірі тресттерге біріктірілді. Бірінші дәрежелі кәсіпорындар «Одақтық маңызы бар» тресттерге біріктірілді. Екінші дәрежелі кәсіпорындар Өлкелік трестерге біріктірілді. 2. Ұсақ кәсіпорындар жеке адамға, шетелдіктерге, кооперативтерге жалға берілді. 3. Өнеркәсіп, темір жол, көлік тасымалы шаруашылық есепке көшті. Өнеркәсіптегі өзгерістердің нәтижесінде Риддер қорғасын зауыты 1923 жылы одақтағы өндірілетін қорғасынның 40% -ын өндіре бастады, Доссор, Мақат мұнай кәсіпорындары іске қосылды, Шымкент сантонин зауыты ашылды, 1927 жылы Қарсақбай комбинаты мыс өндіре бастады. Өнеркәсіптегі өзгерістердің оң нәтижесімен қатар кемшіліктері де болды. Мысалы: Қазақстан шикізаттық бағытта ғана дамыды. Тресттердің пайдасы Ресейге кетті. Ауыл шаруашылығындағы өзгерістер: 1. Әскери коммунизм саясаты кезінде енгізілген салғырт жойылып, оның орнына салық енгізілді (1921 жылы наурызда) 2. Түтін салығы мен күш-көлік салығының орнына бірыңғай заттай салық енгізілді. Салықтың мөлшері салғыртқа қарағанда 2,5 есе аз болды. 3. 1924 жылы 1 қаңтардан бастап салық тек ақшалай төленетін болды. 4. Салық үдемелі болғандықтан, оның бар ауыртпалығы байларға және кулактарға түсті. 5. Мал өсіретін қожалықтар салықтан босатылды.жалдамалы еңбекті пайдалануға рұқсат берілді. 6. Салықтан түскен қаражат халық ағарту ісіне жұмсалды. 7. Жерді арендаға беруге рұқсат берілді. 8. Несие берілетін болды. 9. «Қосшы Одағы» құрылды. 10. 1924-1925 жылдары елге тракторлар әкеліне бастады. Осы өзгерістердің нәтижесінде егіс көлемі ұлғайды, мал саны өсті және кедейлер азайып, орташалар саны көбейді. Байлар, кулактар шектетілді, сайлау, сайлану құқығынан айырды. Сауда: сауда еркіндігі еркіндігі қалыптасты. Оған дәлел: 1. 1921 жыл 24 мамырда «Айырбас туралы» декрет қабылданды. 2. Декрет бойынша айырбас жасауға рұқсат етілді. 3. Жәрмеңкелер ашыла бастады. Мысалы, Ақмола губерниясында «Атбасар» жәрмеңкесі, Ақтөбе губерниясында «Ойыл», «Темір» сияқты жәрмеңкелер, Бөкей губерниясында «Орда» жәрмеңкесі ашылды. Қазақ жерінде барлығы жеті өлкелік, он үш губерниялық және жетпіс бес жергілікті жәрмеңке ашылған болатын. 4. Жеке саудаға рұқсат берілді. Жаңа экономикалық саясаттың жалпы қорытындысы: 1. Жаңа экономикалық саясат кезінде нарық енгізілді. 2. Ауыл шаруашылығы дамымай қалды. 3. Бұл саясат аяғына дейін жеткізілмеді. 4. Өнеркәсіп артта қалды, дамымады. 5. Жаңа экономикалық саясат бұрмаланды. 6. Саяси өмірде демократия бұрмаланды. 7. Еркіндік мүлде болмады. 8. 1921-1922 жылдардағы ашаршылық 1921 жылы жазда қуаншылық болып, малдың 80%-ы қырылып қалды. Елде аштық басталды.Ашығушылар саны барша қазақ халқының 1/3 бөлігін қамтыды.
• 1921 жылғы қараша – 1млн.508 мың адам,
• 1922 жылғы науырыз – 2 млн.303200 адам аштыққа ұшырады.
Орал, Ақтөбе , Орынбор, Бөкей губернияларын аштық жайлады. 1922 ж маусымда Батыс Қазақстанда ашығушылар мен аурулар 82%-ға жетті.
700 мыңнан астам адамдар республикадан тыс жерлерге көшіп кетті.
20. Кеңес үкіметі және Алаш Орда мен Қоқан автономиясы басшылығының тағдырлары.
Кеңес одағының құрылуы -1917 жылғы Ақпан революциясы кезінде солдаттар мен төңкерісшіл жұмысшы табының сайланбалы жетекші органы жер-жерде құрылған Жұмысшы және солдат депутаттарының кеңестеріболды. 1917 ж. 3 – 24 маусымда Санкт-Петербургте Жұмысшы және солдат депутаттары кеңестерінің бірінші бүкілресейлік съезі өтті. Съезге бүкіл елдегі 305 Жұмысшы, солдат және шаруа депутаттары кеңестерінен, олардың 53 аймақтық бірлестіктерінен, 34 әскери бөлімнен – барлығы 1090 делегат қатысты . Кеңес үкіметі орнауының екі түрлі жолы болды:
1.Өнеркәсіп орталықтары мен темір жолға жақын, жұмысшылар басым оңтүстік және Слтүстік аймақтарда - бейбіт жолмен.
2.Сібір, Орал, Жетісу казактары мен офицерлер, кулактар біріккен контрреволюциялық күштер басым аудандарда – қарулы күрес жолымен.
Алаш Орда үкіметі- Тарихты халық жасағанымен, қоғамның тарихи даму заңдылықтарын реттеп отыратын заңдар мен құқықтық құжаттарды, саяси-құқықтық доктриналарды нақты тұлғалар жүзеге асыратыны белгілі, осы салада мемлекеттік тілдің де атқарар қызметі зор. Қазақ жері екі ғасырдан аста
қол астында болған жылдарда қазақ халқының өз тағдырын өзі билеу құқығынан айырғаны, көк түрік дәуірінен бастау алған бірегей саяси тарихы бар халық түгелдей империялық заңдардың бұғауына түскені біздерге тарихтан белгілі. Қазақ қоғамының осы бір қасіретін халықтың озық ойлы, көзі ашық өкілдері аңғара бастады. Олар халықты саяси күрес додасына бастап шықты. Бұған себеп болған 1917 жылғы Ресейдегі қос төңкеріс еді. Патша үкіметінің тақтан құлауы саяси күресті одан әрі қыздыра түсті. Қазақ зиялылары саяси қызметтің қатерлі жолына жалтақтамай, жанқиярлықпен күрескен көрнекті тұлғалар шықты. Олар: Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж.Ақбаев, Ә.Ермеков, Х.Досмұхамедов, Ж.Досмұхамедов және т.б. болатын. Олар патша самодержавиесінің қазақ халқының саяси-сезімінің қалыптасып, оның саяси күреске ұласуына барынша кедергі келтіріп отырғанын бірден түсінген еді. Ұлт зиялысы Алаш Орда басшысы Ә. Бөкейхановты жұмысынан шығарып жіберіпа,ауыр жаза қолданды. Ұлт қайпһраткерлері ақын жазушыларға «хал
Түкістан автономиясы, Қоқан автономиясы, Түркістан мухторияти – 1917 ж. 28 қарашада Түркістан өлкесі халықтарының өзін-өзі басқаруын қамтамасыз ету мақсатында құрылған мемлекеттік құрылым.. Осы съезде оның Уақытша үкіметі мен заң шығарушы органы – Түркістан ұлттық кеңесінің құрамы сайланды. Уақытша үкіметінің төрағасы (премьер-министрі) болып М.Тынышбаев сайланғанымен, көп ұзамай оның бұл қызметтен бас тартуына байланысты төрағалыққа Мұстафа Шоқай тағайындалды. Әлемге аты мәлім қоғам қайраткері, саясаткер, ақиқат жолына бас тіккен, азаттық үшін тағдырдың азабы мен мазағын қатыспай көтерген, әділеттен басқа досы жоқ, адалдықтан басқа жолы жоқ Мұстафа Шоқайдың біртұтас Түркістан мемлекетін құрудағы қызметі, қайғысы, қасіреті, мақсат – мүддесі кешегі кеңес үкіметі кезінде құлып астындағы құпия болды. Күллі түрік миллетінің туыстық бірлігін сақтап, Түркістан автономиясын құру тұрғысындағы М.Шоқайдың жанкешті қызметін кеңес идеологтары жаулық әрекет сипатында көрсеті. М. Шоқайдың бүкіл өмірінің мәні мен мағынасы, арманы осы егемендік, өлмес рух елімен қайта табысты. Заман озады, өмірден тозбайтын ештене жоқ. Зат та, жер мен көк те, адамның аты да ескіреді М. Шоқай шетелге эмиграцияға кетуге мәжбүр болды.
21. ҚазАКСР-нің құрылуы. Қазақ жерлерінің ҚазАКСР-нің құрамына біріктірілуі.
Қазақ Автономиялы Социалистік Кеңес Республикасы (Қазақ АКСР, Қазақстан) (қаз. Qazaq Aptonom Sotsijalistik Sovettik Respublikasь, Qazaƣьstan, қаз. Қазақ Автономиялы Социалистік Кеңестік Республикасы, Қазақстан) — Қазақстан аумағындағы РКФСР құрамындағы әкімшілік-шекаралық бірлік, Қазақ ұлттық автономиясы. 1925 жылдың 15 маусымынан 1936 жылдың 5 желтоқсанына дейін өмір сүрді. Бастапқыда бұл автономия Қырғыз Автономиялы Социалистік Кеңес Республикасы (1920-1925)деп аталып келді, кейіннен 1925 жылы ҚазАКСР орталық атқару комитетінің төрағасы "қырғыз" деген атауды "қазақ" деген атаумен алмастыру туралы қаулысымен Қазақ АКСР-ы деп аталынды.
ҚазАКСР-ның әкімшілік орталығы - алдымен Қызылорда (1920-1924), кейіннен 1927 жылдан бастап Алматы қаласына көшірілді.
1932 жылдары батысында Төменгі-Волжск өлкесімен. солтүстік-бастысында - Ортаңғы-Волжск өлкесімен, солтүстігінде - Орал облысымен, солтүстік-шығысында Батыс Сібір өлкесімен, оңтүстігінде - Орталық Азия Кеңестік республикаларымен, оңтүстік-шығысында Қытаймен шекарала жатты.
22. Қазақ ұлттық зиялылары және олардың XX ғ. басындағы Қазақстанның саяси өміріндегі рөлі.
Қазақ ұлт зиялыларының қалыптасуы — XIX ғасырдың екінші жартысы — XX ғасырдың басында Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуында болған өзгерістер қазақ халқының рухани өміріне терең әсер етті.
Саяси, экономикалық экспансиямен қоса, құлдыққа салушылардың мәдениеті күштеп танылды.Патша өкіметінін кертартпа саясаты халыққа білім беру саласынан мейлінше айқын анғарылады. Отаршыл билік қазақ халкының мүдделері мен құқықтарын елемей, онын рухани дамуын тежеді. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси өмірінде қарастырылып отырған кезенде орын алған соны құбылыстар қазақ қоғамының қоғамдық санасындағы елеулі өзгерістерге әкеп соқты. Мұндай елеулі өзгерістер ұлттық сана-сезімді оятуға жағдай жасады, қазақ қоғамында жаңа идеялардың, ой-пікірлер мен көзқарастардың қалыптасуын анықтап берді. Мәдениет тұрғысынан алғанда, дәуірдің жаңалыктары ең алдымен еуропалық өркениетті, жаңа құндылықтарды бастапқыда әлеуметтік үстем топ өкілдерінің, адамдардын шағын тобының меңгеруі орын алғанынан көрінді. Ұлттық зиялылардың қалыптасу жолы бірдей болған жоқ, күрделі және ұзаққа созылған үрдіс болды. Бұл жағдайдың халық шаруашылығында да, мәдениетте де мамандар санының өсуінен көрінгені күмәнсіз. Оның барысын отаршылдық режим жағдайлары, патша өкіметінің бағындырылған халық жөніндегі кемсітушілік саясаты тежеп отырды. Дегенмен XIX ғасырдың аяғы — XX ғасырдың басы халықтың интеллектуалдық күштері дамуындағы жаңа кезен болып табылады.
23. Қазақ кеңестерінің құрылтай сьезі. «Қырғыз (Қазақ) АКСР-і еңбекшілерінің заңдық декларациясы».
1920 ж. 26 тамызда Кеңес үкіметі РСФСР Құрамында Автономды Қырғыз (Қазақ) Кеңес Социалистік Республикасы туралы Декрет шығарды.
1920 ж. 4 қазанда Орынборда Қазақ АКСР Кеңестерінің Құрылтай съезі болды. Съезд республиканың Орталық Атқару комитеті мен Халық комиссарлары кеңесін сайлады. Сейтқали Меңдешев (1812-1937) ОАК төрағасы, В. А.Радус - Зенькович Қаз АКСР ХКК төрағасы болып сайланды.
Қабылданған «ҚазКСР еңбекшілерінің құқықтары Декларациясында қазірден бастап негізгі қатынас РСФСР құрамындағы ұлттардың өзара сенімі мен түсіністігі негізіндегі бауырластық қатынас» болып табылады делінді.
Декларация ҚазАКСР құрылуын конституциялық тұрғыдан жариялады, мемлекеттік билік және мемлекеттік басқару органдарын, жер саясатын, азаматтардың негізгі құқықтары мен міндеттерін, сайлау жүйесі мен оның қағидаларын, сот қызметін ұйымдастыру жүйесін белгіледі.
24. Қазақ cаяси көшбасшыларының қоғамдық саяси қызметі (С.Сейфуллин, С.Меңдешев, Т. Рысқұлов және т.б.)
Т.Рысқұловтың әлем тарихындағы тұғыры биік, жұлдызы жарық, ол Сүн-Ят-Сен (Қытай), Д.Неру (Үндістан), Мұстафа Кемал-паша (Ататүрік) қатарындағы қайраткер екендігі күман тудырмайды. «Рысқұлов Советтік Шығыстың көсемі ғана емес, дүние жүзілік ұлттық қозғалыс көсемдерінің бірі».Көптеген материалдары жарық көрген. Соның барлығы қазақтың мәселесі, қазақтың экономикасы, қазақ елінің дамуы, территориясының бүтіндігі, елдің тұтастығы, бірлігі мәселелері Тұрар Рысқұловтың публицистикасында сайрап жатыр.
Сәкеннің қоғамдық, шығармашылық қызметінің жаңа дәуірі 1917 жылдан басталады. Патша өкіметін құлатқан Ақпан төңкерісінен кейін-ақ ол Ақмола қаласына ауысып, саяси-қоғамдық жұмыстарға белсене араласады. Сол жылдың көктемінде құрылған Қазақ Комитетінің төрғасы болып сайланады. Онда төңкерісшіл-демократияшыл зиялылармен бірігіп, қазақ әйелдеріне бостандық беру, бұрынғы әкімдерді ел билеу қызметінен босату, еңбекші халық өкілдерін іске тарту, дін иелерінің құқын тежеу сияқты шараларды іске асырады. Сәкеннің қатысуымен Ақмола жастары «Жас қазақ» атты ұйым құрып, «Тіршілік» атты газет шығарады. 1917 жылдың желтоқсанында Ақмола Совдепі құрылғанда Сәкен Совдептің президиум мүшесі және уездік ағарту комиссары болып тағайындалады.
25. Қазақстан – соғыс арсеналы. Тыл еңбегіндегі қазақстандықтардың ерлігі.
Майдандардағы жеңіске тыл еңбеккерлерінің қосқан үлесі зор. 1939 жылғы санақпен салыстырғанда 1942 жылы Қазақстанда ауыл шаруашылығы еңбекшілерінің саны 600000 адамға азайған. Ауыл шаруашылығында еңбектенген ерлердің майданға тартылуымен олардың орнын қариялар, әйелдер мен балалар басты. 1944 жылы қолхоздағы еңбекке жарамды ерлердің сандық үлесі – 20%, әйелдер – 58%, жасөспірімдер – 22% болды. Яғни, майданды азық-түлікпен, шикізатпен іс жүзінде әйелдер, балалар мен қарт адамдар қамтамасыз етті. Соғыс жылдарында колхоздар мен совхоздар майданға тек азық-түлік емес, сонымен бірге тірі мал, тіпті, ауыл шаруашылық техникасын жіберіп отырды. 1942-1943 жылдар аралығында республика ауыл шаруашылығынан 4111 трактор, 1184 жүк машиналары, 30318 жылқы майданға жіберілді. Сондықтан да соғыс жылдары егін салу жұмысының 50%-ін ірі қара атқарды. Тылдағы еңбекшілер жоғарыдан берілген жоспарды орындау барысында күні-түні еңбек етті. Соғыстың бірінші жылы мемлекетке 100 млн. пұт астық тапсырылды. Бұл көрсеткіш 1940 жылмен салыстырғанда 24 млн. пұтқа артық. Колхозшылар мен совхозшылар өз еркімен еңбек күнін таңғы бестен, кешкі 22.00-ке
дейін ұзартқан. Әрбір шаруа 2-3 адамның жұмысын атқарды. Әйелдер балаларын балабақшаға тапсырып, күні-түні жұмыс істеп, колхоз жұмысын белсене атқарды. Мысалы, Алматы облысының 9 ауданының 277 колхозында соғысқа дейін 64369 адам еңбек етсе, соғыс жылдары олардың саны әйелдер, қариялар және балалар есебінен 68598 адамға дейін өскен.
26. Қазақстан – одақтық республика дәрежесінде. ҚазКСР Конституциясының қабылдануы.
1977 жылы 7 қазанда КСРО конституциясы қабылданды. Конституцияда қияли болжамдар көп болды. Коммунизмге өтер жол мәселесі, кемелденген социализм теориясы кең таралды.
1978 жылы 20 сәуірде Қазақ КСР-нің конституциясы қабылданды. Бұл Кеңестік жүйедегі Қазақстанның соңғы конституциясы болды. Бұл конституцияда да демократияны шектеу, адам құқығын елемеу қоғамға жат құбылыстар орын алды. Ұлтаралық қатынастарда да келеңсіз жағдайлар көбейді. Республикада орыс тілі «ұлы тіл» ретінде дәріптеліп, қазақ тіліне немқұрайды қарау кеңейді.
27. Қазақстан азамат соғысы жылдарында (1918-1920).
Қазақстан азамат соғысы жылдарында — жұмысшы-шаруа Кеңестерінің орталықтағы және жергілікті жерлердегі билікті басып алуы алғашқы күннен-ақ құлатылған таптардың қарулы қарсылығын туғызды. Азамат соғысы билік үшін күрестің жалғасы болып шықты, сондықтан 1917 жылғы Қазан қарулы көтерілісі мен Азамат соғысының арасында айқын шек болмады. Ел 1917 жылғы 25 казаннан бастап Азамат соғысы жағдайында өмір сүрді немесе бұл дата елді таптық белгісі бойынша бір-біріне жау екі лагерьге бөліп тастады, арадағы күрес бітіспес қанды қырғынға ұласты.
Қазақстанда Азамат соғысы ошақтарының бірі Орынбор губерниясы мен Торғай облысының әкімшілік орталығы Орынборда — қазақ атаманы Дутовтың 1917 жылы қарашаның аяғында Кеңес өкіметін құлатып, Кеңестердің II Бүкілресейлік съезінің делегаты С. Цвиллинг бастаған революциялық комитетті тұтқындауымен пайда болды. Жоғарыда айтылғандай, 1917 жылы 5—13 желтоқсанда Орынборда «Алаш» партиясының II Бүкілқазақ съезі болып өтті. Съезде Уақытша халықтық кеңес — «Алашорда» (Алаш автономиясы үкіметі) құрылды. Азамат соғысы басталысымен Алашорда бастаған және Кеңестер мен большевиктерді қолдаған екі жақ бір-біріне қарсы тұрды.
28. Қазақстанда Қос үкіметтің орнауы және оның ерекшеліктері.
Елде қос үкіметтілік (ресми Уақытша үкімет және оның жергілікті жүйесі мен нақтылы күшке ие болған Кеңестер) жүйесі қатар орын алды.
Уақытша үкімет Ресей империясының Қазақстан сияқты отар аймақтарында кадеттерден, эсерлерден және өзінің саяси бағытын жүзеге асыруға сенімді деп табылған қазақтың ұлттық-демократиялық интеллигенциясының жекелеген өкілдерінен өлкелік, облыстық және уездік комиссарларын тағайындады. Мысалы, Ә.Бөкейханов Уақытша үкіметтің Торғай облысындағы, М.Тынышбаев Жетісу облысындағы комиссарлары болып тағайындалса, М.Шоқай, А.Бірімжанов, А.Кенесарин Түркістан өлкесі мен Торғай өңіріндегі Уақытша үкіметтің жергілікті органдарында жауапты қызметтер атқарды. Қазақстанның облыс, уезд орталықтарында Уақытша үкіметтің
жергілікті органдары — атқару катеттер, коалициялық катеттер, азаматтық катеттер жүйесі қалыптасты. Олар негізінен жергілікті орыс буржуазиясының, кәсіпкерлердің, банкирлердің өкілдерінен құрылып, кадеттердің, эсерлердің және соларға жақын саяси партиялар мен қозғалыстардың мүшелері болды. Уақытша үкіметтің өлкедегі ұлттық тірегі 1917 жылғы наурыз айынан құрыла бастаған қазақ және мұсылман катеттері болды. Олар негізінен сол жылғы шілде айында қазақтың ұлттық Алаш партиясын ұйымдастырған Ә.Бөкейханов басқарған ұлттық-демократиялық интеллигенцияның жетекшілігімен құрылды.
29. Қазақстандағы ауыл шаруашылығын жаппай ұжымдастыру: әдісі, қадамы және оның әлеуметтік, экономикалық салдарлары.
Жаңа экономикалық саясаттың ақыры БК(б)П ұйымдарына 1928 жылғы ақпанда жазған нұсқау хатында Сталин өзіне тән үзілді-кесілді өсиеттік мәнерде: «Біздің жаңа экономикалық саясаттан бас тартатынымыз, азық-түлік салғыртын енгізетініміз, кулактарды тәркілейтініміз және т.б. туралы әңгімелер контрреволюциялық сандырақ болып табылады, оған қарсы табанды түрде күресуіміз керек.
ЖЭС біздің экономикалық саясатымыздың негізі және ол тарихи ұзақ мерзімге созылады» деп жазды.[1]. Алайда кең ауқымды экспроприациялық акциялар, дәлірек айтқанда, жаңа экономикалық саясат өзінің қоғамды үдемелі реформалаудың он үлгісі ретіндегі ақиқаттығын іс жүзінде жойып, іс-қимылдан жалаң декларациялық сипатқа айналып кетті.
20-жылдар аяғындағы төтенше астық жинау науқаны мен тәркілеу, шын мәніндегі салықтық саясат, міне, осының айқын көрінісі еді.
«Социалистік индустрияландырудың сталиндік жоспары» өзінің ауқымдылық («тарихи қыска мерзімде капиталистік елдерді қуып жетіп, басып озатын») сипатына орай өнеркәсіпке салынатын инвестиция көлемінің тепе-теңдігін халықтың тұрмыс денгейі мен тұтыну және тіршілік сапасын айқындайтын саланы дамытуға жұмсалатын қаражатты қысқарту есебінен бұзып жіберді. Тек өндіріс құрал-жабдықтарын өндіру саласын ғана ынталандырып, тұтыну бұйымдарын өндіруді естен шығару елде жаппай «тауарға деген мұқтаждықты» тудырды. Тұтыну тауарларына тапшылықтың әбден күшейіп тұрған жағдайында бюджеттің мүмкіндігі есептелмей жасалған «құлаш-құлаш» жоспарлар бағаның мүлдем шарықтап өсіп кетуіне әкеп соқтырды.
30. Қазақстандағы индустрияландыру: кеңестік үлгі.
1920жылдардың ортасына қарай КСРО үшін бірнеше себептерге байланысты индустрияландыруды жүзеге асырудың қажеттігі туды. Біріншіден, 1925 жылға қарай қалпына келтіру кезеңі аяқталды. Негізгі көрсеткіштер бойынша кеңестікэкономика соғысқа дейінгі деңгейге жетті. Өнеркәсіптік өндірістің өсуін қамтамасыз ету үшін істеп тұрған зауыттарды қайта жабдықтау ғана емес, жаңа заманғы кәсіпорындарды құру қажет болды. Екіншіден, елдің экономикалық әлуетін тиімді орналастыру мәселесін шешу міндеті тұрды. Ел бұрынғыдай аграрлы,шаруа елі болып қала берді. Қалалардажұмыссыздық деңгейі өсіп, әлеуметтік шиеленісті күшейтті. Үшіншіден, елдің халықаралық деңгейде экономикалық және саяси оқшаулануыиндустрияландыруды жеделдетуді талап етті.Индустрияландыруды бастау туралы шешім 1925 жылы желтоқсанда БК(б)П- ның XIV съезінде қабылданды. Индустрияландыру
жөнінде съезде жалпы түрде ғана айтылды. Сталининдустрияландыруға «КСРО-ны машина және жабдықтарды импорттаушы елден оларды өз күшімен өндіретін елге айналдыру» деген анықтама берді.
31. Қазақстандықтардың Москва үшін шайқасқа қатысуы.
Москва түбіндегі шайқаста қазақстандықтар үлкен құрметке ие болды. Москва бағытындағы негізгі жолдардың бірі – Волоколамск тас жолын қорғауда Алматыда жабдықталған 316-атқыштар дивизиясы генерал-майор И.В.Панфиловтың басшылығымен теңдесі жоқ ерлік танытты. Қысқа уақыт ішінде дивизия жауынгерлері жаудың танк, моторлы және екі жаяу әскер дивизияларын талқандады. Москва түбіндегі шайқаста әсіресе саяси жетекші В.Г. Клочков басқарған бөлімше – 28 панфиловшылар жаудың 50 танкісіне тойтарыс беріп, асқан ерлік көрсетті. 1941 ж. 17 қарашада дивизияға 8-ші гвардиялық деген атақ беріліп, кейінірек Қызыл Ту, Ленин ордендерімен, ал Риганы жаудан азат еткені үшін екінші дәрежелі Суворов орденімен марапатталды. Бұл шайқаста ерлік танықтан 28 жауынгер Кеңес Одағының Батыры атағын иеленді. Сонымен бірге Волоколамск түбінде үлкен ерлік көрсетіп қаза тапқан талантты қолбасшы, қаһарман командир И.В.Панфиловке Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Панфиловшы аға лейтенант Б.Момышұлы Москва түбіндегі шайқаста өз батальонымен жау қоршауын үш рет бұзып шықты. Соғысты Б.Момышұлы полковник лауазымымен, 9-шы гвардиялық атқыштар дивизиясының командирі болып жүріп аяқтады. Москва түбіндегі шайқастарда Т.Тоқтаров, Р.Жанғозин, Р.Елебаев және т.б. қазақстандықтар асқан ерлік танытты. Бұл шайқасқа қазақстандық 238-ші дивизия, 19-шы атқыштар бригадасы да қатысты.
32. Қазақстандықтардың Берлин операциясына қатысуы.
Берлин Операциясы — Ұлы Отан соғысыбарысындағы аса ірі шабуыл операцияларының бірі. 1945 ж. 16 сәуір мен 8 мамыр аралығын қамтыды. Оған Қазақстанда жасақталған үш атқыштар дивизиясы мен бір артиллерия, екі атқыштар полкі қатысты.Рейхстагқа шабуыл жасау құрметіне ие болғандар қатарында қостанайлық 151-атқыштар бригадасы негізінде 1943 жылдың соңында құрылған 756-атқыштар полкі да бар еді. Осы полктің 1-батальоны 30 сәуір күні үшінші шабуылдан кейінРейхстаг ғимаратына алғашқылар қатарында енді. Бірінші қабаттың терезесіне лейтенант Р. Қошқарбаев пен қатардағы жауынгер Г. Булатов бірінші болып ту тікті.Берлин операциясындағы ерліктері үшін қазақстандық 26 адамға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Ал шабуылшы-ұшқыш Т. Бигелдинов бұл атаққа екінші рет ие болды. 38 жерлесіміз 1-дәрежеліДаңқ орденімен марапатталып, бұл награданың үш дәрежесінің де толық иегерлері атанды.
33. ҚазКСР «Тіл туралы» Заңы.
«Қазақ КСР-нің тіл туралы Заңы» 1989 жылы 22 қыркүйекте қабылданды. Кейін Қазақ елінің тәуелсіз мемлекет болуына байланысты 1993 жылы 28 қаңтар және 1995 жылы 30 тамызда қабылданған Жаңа Конституциясында қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып бекітілді. Осыған сәйкес 1997 жылы 11 шілдеде Қазақстан Республикасының «Тіл туралы заңы» қабылданып, оның 4-бабында «Қазастан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі» екені жазылған.
34. Қарқаралы петициясы.
1905 жылдың маусымында Қарқаралы қаласына жақын жердегі Қоянды (Ботов) жәрмеңкесінде қазақ халқының атынан император II Николайға арналған петиция ұйымдастырылды. Оған Семей облысына қарасты Қарқаралы уезінен халық арасында кеңінен танымал беделді 42 қазақ қол қойды. Кейінірек оған Семей және Ақмола облыстарының басқа да уездеріндегі қазақтар қосылды. Петиция Қарқаралы қаласынан жіберілген еді. Ол жерден 1905 жылғы 22 шілде күні жергілікті пошта-телеграф арқылы патшаның өз атына жолданды. Петицияны жазуға белгілі саяси қайраткерлер Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, Ж. Ақбаев, Т. Нүрекенов, т.б. белсене ат салысты.
Қарқаралы петициясында өлкені әкімшілік басқару жүйесін қайта қарау, азаматтық және сот ісін қазақ тілінде жүргізуді заңды түрде бекіту, отаршыл аппарат шенеуніктерін қысқарту, жоғары билік органдары мен Мемлекеттік Думаға қазақ депутаттарын сайлауға қатыстыру талаптары қойылды. Қарқаралы петициясында жергілікті халықтың құқығы мен арабыройын аяқ асты етуге жол бермеу, патша әкімдерінің жүгенсіздігіне тыйым салу, халықтың ана тілінде білім алуын ұйымдастыру, қоныстандыру саясатын тоқтату, тартып алынған жерлерді қазақтарға қайтару сияқты талаптар да қойылды.
35. Қырғыз (Қазақ) революциялық комитетінің құрылуы және құрамы, мақсаты мен жоспары.
Қазақ революциялық комитеті,Қазревком – Кеңес өкіметінің азамат соғысы жылдарында құрылған уақытша органы. Қазақ өлкесін басқару үшін РКФСР ХКК-нің “Қырғыз өлкесін басқару жөніндегі уақытша әскери-революциялық комитет туралы” қаулысы бойынша 1919 жылы 10 шілдеде құрылған. Оның алғашқы құрамына: С.Пестковский (төраға), А.Байтұрсынов, В.Лукашев,Ә.Жангелдин, М.Тұнғашин, С.Меңдешев,Б.Қаратаев кірді. Әр түрлі уақытта Қазақ ревкомының мүшесі болып Ә.Әйтиев,С.Арғыншиев, А.Авдеев, Ғ.Әлібеков,Б.Қаралдин еңбек етті. Қазревкомның басқа бір маңызды міндеті – қазақтың байырғы жерін бір қолға жинау, яғни болашақ қазақ кеңес мемлекетінің аумақтық тұтастығын қамтамасыз ету болып табылды. Сонымен бірге Қазревком армияны азық-түлікпен қамтамасыз ету, астықты және басқа да тамақ өнімдерін Орталыққа, Түркістан АКСР-на жеткізу яғни “соғыс коммунизмі” саясатының басты мәселесін шешу ісімен айналысты. 1920 жылғы 26 тамызда РКФСР Бүкілресейлік ОАК мен ХКК төрағалары М.И. Калининмен Владимир Ильич Ленин қол қойған “Қырғыз (қазақ) кеңестік автономиялық социалистік республикасын құру туралы” Декрет қабылдады. Көп ұзамай Қазақ (Қырғыз) АКСР-і құрылды да, Қазақ революциялық комитеті таратылды (Қазақ АКСР-і).
36. М. Шоқай. Түркістан легионы.
Түркістан легионы – Орталық Азияда туған түркілерден тұратын Вермахттың бөлімі. Кеңес пропогандасы легионның құрылуында Мұстафа Шоқайды айыптаған. Бірақ та кей бір деректерге сүйенсек, мұндай бөлімдерді ашуды немістер 1933 жылдарда-ақ жоспарлап қойған деседі. Негізі, Түркістан Легионы үлкен Шығыс легионының бір бөлігі болатын. Мұны 1941 жылы Мұстафа Шоқайға ұсынады. Бірақ, ол келіспегендіктен Түркістан Легионының басшысы ретінде Уәли Қайюмды сайлайды. Оларды біріктірген негізгі мүдде Түркістанды орыстарды зұлымынан азат ету болды. Бөлім негізінен Қызыл Әскер жағында күресіп жүріп тұтқынға түскен әскерлер мен Еуропа мен Түркияда қоныс аударып кеткен түркі ұлттардан тұрды.
37. Мемлекеттік Думаның мұсылмандық фракциясы. Жер мәселесі және қазақ депутаттары А. Бірімжанов пен Б. Қаратаевтың сөйлеген сөздері.
Мұсылман фракциясы – Мемлекеттік думадағы мұсылман халықтары өкілдерінің парламенттік фракциясы (1906 – 1917 жылы).
Бірінші Мемлекеттік думадағы 436депутаттың 36-сы мұсылман депутаттары еді. Олар бүкіл империямұсылмандарының мүддесін қорғау мақсатында парламенттік фракция құрды. Төрағалыққа белгілі Әзірбайжан қайраткері Ә.Топчибашев, бюро құрамына М.Ралиев, С.Алкин, И.З. Зиятканов, А.Ахметов, Ш.Сыртланов және С.Жантөриндер бір ауыздан ұсынылды. Мұсылман фракциясы депутаттарыМемлекеттік думада құрылған жер, азаматтық теңдік, қаржы комиссияларының құрамына еніп, мұсылман халықтарының мүддесін қорғау жолында қызмет етті. Онда қазақдепуттары А.Бірімжанов пен А.Қалменов қазақ халқының мүддесін көздеді.Сондай-ақ Дума отырыстарының арасында Б.Қаратаев «Жерге орналастыру және егіншілік» басқармасына барып, өкі меттің қазақ өлкесіндегі жүргізіп отырған жер саясатының көшпелі қазақтарға үлкен зиян тигізіп отырғанын, Дала өлкесіне орыс шаруаларын қоныстандыруды тоқтату қа жет тігін айтады. «Айқапта» жарияланған «Қазақ жері хақында» деген мақалада: «1907 жылдың наурыз айында ІІ Мемлекеттік Думаның депутаттары Қаратаев, Бірімжанов, Қосшығұлов һәм Нүрекенов бас министр Столипинмен, жер министрі дәрежесіндегі князь Васильчиковқа жолы ғып жер мұқтажын айтып сөйлейді.
Қазақ депутаттары Қаратаевқа сөз тізгінін беріп еді, ол айта-айта келіп, былай дейді: «Қара шекпенділерді переселение ден тоқтату керек, Азиатск облыстарындағы қазақ жерлерін өлшеп, жақсысы қанша, жаманы қанша екенін білу керек, көшпелі һәм отырықшы қазақтарды жақсы деген жерлерге орналастыру керек, одан соң артық жерлер болса, переселение пайдасына шығару керек. Жаман жерлерін ешкім қызғанбайды».
38. Ресейдегі ақпан төңкерісі және оның Қазақстанның демократиялануына әсері.
1917 жылғы Ақпан революциясынан кейін Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірінде белсенділіктің айтарлықтай арта түсуіне облыстық, уездік қазақ комитеттері үлкен әсер етті. Мысалы, 1917 жылдың 10 наурызында - Оралда (төрағасы - Әлібеков); 11-наурызында - Семейде (төрағасы - Р.Мәрсеков); Омбыда (төрағасы - Е.Итбаев); наурыздың аяғында - Верныйда (төрағасы - И.Жайнақов) құрылған және т.б. облыстың қазақ комитеттері "Қазақ" газетінің көмегімен бірден-ақ қазақтардың облыстық съездерін дайындауға кірісті. Олар съездерге дайындалу барысында облыстық қоғамдық және басқа комитеттермен де, Уақытша үкіметтің органдарымен де ынтымақтастық жасады. Мысалы, Ә.Бөкейханов - Торғай облысы бойынша, М.Тынышбаев Жетісу облысы бойынша (эсер А.Шкапскиймен бірге) Уақытша үкіметтің комиссарлары болды. Ал, А.Байтұрсынов, М.Шоқаев, М.Дулатов, Ж.Досмұхамедов, Х.Ғаббасов, Ж.Ақпаев, А.Бірімжанов, Ә.Кенесарин, Р.Мәрсеков, тағы басқа қазақ зиялыларының өкілдері Уақытша үкіметтің жергілікті органдарында жұмыс істеді. Осындай байырғы қазақ халқының, әсіресе, ұлт зиялыларының саяси белсенділігі өскен жағдайда 1917 жылдың көктемінде: Торғай (Орынбор қаласы, 2-8 сәуір, 300-ден астам делегат, төрағасы - А.Байтұрсынов), Жетісу (Верный қаласы, 12-13 сәуір, 81 делегат, төрағасы - И.Жайнақов), Орал (Орал қаласы, 19-22 сәуір, 800-ден астам делегат, төрағасы -
Ж.Досмұхамедов), Ақмола (Омбы қаласы, 25 сәуір-5 мамыр, 150-ге жуық делегат, төрағасы - А.Тұрлыбаев) қазақ облыстық съездері өткізілді. Бұл съездер ұлт азаттығын, жер мәселесін, діни, мәдени, қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және басқа да проблемаларды шешу жолындағы күрестегі қазақ қоғамының қалың топтарының стратегиялық міндеттерін белгілеуге ұмтылуымен қатар, олардың осы мақсаттарға жетудегі тактикалық бағыттарын жасау жолында өздерінің одақтастары мен қарсыластарын да ашық көрсетуге тырысты.
39. Саяси қуғын-сүргін. Қазақстандағы сталиндік лагерлер.
Қарлагқа қоныстанушылар 1930 жылдары бұрынғы партия өкілдері, кулактар мен байлар, сондай-ақ, айыпты боп табылған жұмысшылар мен шаруалар болды.Қарлаг өмір сүрген уақытта онда 1 млн. тұтқын тіркелген: тұтқындар құрамы үнемі өзгеріп отырды: жаңадан лек-легімен адамдар әкелініп, этаппен өзге лагерьлерге жөнелтіліп жатты. ГУЛАГжобасы бойынша Қарлаг 32 мың тұтқынға арналған, ал шын мәнінде мұнда 75 мыңдай адамға дейін ұсталды. Тұтқындар санын арттыру Қарлагқа жүктелген халықшаруашылық міндеттерімен —Қарағанды көмір алабын игеру, Жезқазғанжәне Балқаш металлургия комбинаттарының құрылысымен тығыз байланысты болды. Тұтқындар қатары жаппай қуғын-сүргін кезеңінде айтарлықтай өсті. Әсіресе 1937—38 жылдары шырқау шегіне жетті. Қуғын-сүргінді үш кезеңге бөліп қарастыруға болады:
І — 1928—1931 жж.: қуғын-сүргінге негізінен ұлттық интеллигенция өкілдері, бұрынғы “Алаш” партиясының мүшелері, зорлықпен жүргізілген ұжымдастыруға қарсы болғандар ұшырады.
ІІ — 1937—1938 жж.: “Алаш” партиясының бұрынғы мүшелері болған ұлттық ин телли ген ация өкілдері, БК(б)П бағытынан ауытқыған кеңестік партия қызметкерлері қамалды және атылды.
ІІІ — 1948—1950 жж.: партияның идеологиялық бағытымен көзқарастары үйлеспеген ғылыми және көркемөнер интеллигенциясының өкілдері қуғындалды.
40. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстанның халықтық білім беру және мәдениет салалары.
Соғыстың ауыр зардабы еліміздегі халық ағарту ісіне кеңес мектебінің өміріне әсер етпей қойған жоқ.Сан мыңдаған жоғары сынып оқушылары, мұғалімдер мен студенттер Кеңес Армиясы қатарына, халық жасақшыларына, партизандық күреске аттанды. Мұғалімдер мен оқушылар, колхоз бен совхоздағы ауыл шаруашылық жұмыстарына, металл сынықтарын, дәрі-дәрмектер жию ауруханадағы жаралыларға дәрігерлік жәрдем беру, әскер жанұяларына қамқорлық жасау жұмыстарына белсене араласты. Соғысқа жақын жерлердегі балалар тылға көшірілді. Жергілікті жерлерде ол балалар үшін үлкен қамқорлық жасалды. Мектеп-интернаттар ұйымдастырылды.
Соғыстың алғашқы айларында мектеп мұғалімдері мен оқушылар қолына қару алып, өз Отанын қорғауға аттанды, олар өздері тәрбиеленген идеалына беріктігін, соғыста да, тылда да ержүректік пен ұйымшылдықтың және тәртіптің үлгісін көрсете білді.
Көптеген жасырын жастар ұйымдарды, олардың ішінде ерекше белгілі болған краснодондық "Жас гвардияны” ерекше атауға болады, олар фашист басқыншыларына жанқиярлықпен қарсы күресе отырып, ерліктің үлгісін көрсетті. Ондаған мың мұғалімдер мен оқушылар партизан отрядтарында күресті.
40. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстанның халықтық білім беру және мәдениет салалары.
40.1 Білім беру
Main points :
1)КСРО батыс өңірлерінен көшірілген 149 балалар мекемесі және 19 мың баланы Қз қабылдады
2)1940 35 кәсіптік өқу орны,фабрика зауыт училищелерінде жыл сайын 26 мыңнан астам адам оқыды
3)1944 Алматы шет тілдер пед институт ,шым құрылым материалдары инст
4)алматыға майдан өңірінен 20 жуық ғылыми зерттеу мекемелері көшірілді
5)1942-тіл ж/е тариx институты ашылды
6)аса көп көңіл бөлінген пәндер:орыс тілі,матем,тариx
7)соғым басында 20 Жоо,110 орта білім,эвакувция -20 вуз,16 теxникум
40.2 мәдениет
Main points :
1.Жамбыл Жабаев -"ленинградтық өрендерім"(1941)
2.Тәжібаев-ленинград (41)
3.Ж.Шанин ,Аманжолов,Сәрсенбаев өлеңдері
4.Тақырып:Отан сүйгіш,xалықтар достығы
5.1942-Г.УЛАНОВ алғашқы саxна қойылымы
6.1942-Брусиловский операсы "Гвардияшвлар"
0
Main points:
1)сталинград шайқасы екі кезенен тұрады:1.1942ж 17шілде -18қараша- қорғаныс
1942 ж 19 қараша-1943 2 ақпан шабуыл
2)Тамыздың 23-інде майдан шебі сталиградтқа тірелді
3.Қзда жасақталған 27,72 және 73 атқыштар дивизиялары,292 және 387 атқыштар дивизия батальоны қатысты
4.62-армияның құрамында 4 мыңға жуық қазақ болды
5.64 армия құрамындағы қазақстандық 29,38 атқыштар дивизиясы көрсеткен қаhармандығы үшін "сталинградтық құрметтә атағы берілді.
6.1942 22 желтоқсан "Сталинград қорғаны үшін" медаль тағайындалып,750 мың солдат пен офицер .112 адам кеңес одағынын Батыры .Оның 4-і Н.ӘБДІРОВ-Фашистердің 12 танкісін,28 жүк автомобильін оқ-дәрі тиген 18 машинасын ,3 зеңбірегін жойған,50 ден астам неміс солдаты мен офицерін өлтірген (19.12.1942)
Т.С.ПОЗОЛОТИН -17 гвардиянын командиры .1942 ж маневрды ұйымдастырды .Оның танк полкы жауға ойсырата соққы берді
РОМАЕВ-лейтенант автомаштктар взводынын 128 .1943 ж 15 інен 16 түніне қарағанда (январь) Песчанкада көптеген солдат пен офицерлардын көзін жойған, 60-ын тұтқынға алған
26 қантар 1943-Верxняя Ельшанка селосы үшін шайқаста 4 неміс қаруын заxватил,бірақ өзі қайтыс болды
СЫПАТАЕВ-жаудың 36 танкісімен жеке -дара шайқасқа түсіп,ең соңғы минаны жалғыз танкіге жұмсап өзі де қаза болды
7)Сталинград шайқасы батырларының ерлігін есте сақтау үшін 1963-67 мамай қорғанында мемониалды кешен ,1982 " сталинград шайқасы музей-панорамасы ашылды"
42. Төтенше өлкелік IV сьезд. Түркістан Автономиясының құрылуы
1)1917 жылы 28 қарашада құрылды.Уақытша төрағасы -Тынышбаев,кейін Шоқай
2)1917 15 қараша Ташкентте мұсылман депутаттары кеңестерінің өлкелік сьезінде жаңа үкімет ,түркістан xалық комиссарлар кеңесі" орнады
3)25 қараша күні қоқан қаласына түркістанның түпкір-түпкәрінен өкілдер келді
4)құрылтайға ферғана облысынан 150,сырдария-22,самарқан-21,закаспий-1,бұxарадан -4 делегат,құрылтай
делегаттарынын жалпы саны -250,26 қарашада салтанатты ашылуы
43. Ұлы Отан соғысы майдандарындағы қазақстандықтар
1.Қзда алғашқылардың бірі болып 316-шы Панфилов атқыштар дивтзиясы.Соғымтың бірінші кезеңінде қазақ кср-інде он төрт дивизия,6 бригада жасақталды
2.Жаңа әскери бөлімдер:жұмысшылар (40%-ге дейін),колxозшылар (50% жуық) ж/е зиялы қауым өкілдері (10% дейін)жасақталды
3.Брест қамалын қорғаушылар арасында 400 қазақстандық ,оның ішінде политрук В.Лобанов қатардағы жауынгерлер:Мұсырманов,Қ.Аманқұлов,Ғ.Жұматов,Ш.Шатыров және басқалары
4.Мәскеу түбіндегі ұрыстарда командир аға-лейтенант .Волоколам тасжолындағы ұрыстан кейін ол полк командирі ,ал 1943 жылы 34 жасында 8-інші гвардиялық дивизиянвн полковник шебіндегі командирі болып тағайындалды
5.Мәскеу үшін ұрыстарда және Ғабдуллин басқарған автоматшы панфиловшылар тобы батырлық пен табандық көрсете отырып бірнеше неміс танкін талқандап қоршаудан шықты .Оған КО батыр атағы берілді
6)Үздіксіз оқ жаудырып жатқан жау өзінін кеудесімен жапқан Сұлтан Баймағамбетов
7)Панфиловшы аға лейтенант Б.Момышұлы Москва түбіндегі шайқаста өз батальонымен жау қоршауын үш рет бұзып шықты. Соғысты Б.Момышұлы полковник лауазымымен, 9-шы гвардиялық атқыштар дивизиясының командирі болып жүріп аяқтады. Белгілі орыс жазушысы А.Бектің “Волоколамское шоссе” повесі Б.Момышұлының соғыс жылдарындағы ерлігіне арналды. Сөйтсе де, Б.Момышұлының соғыс жылдарындағы ерлігі өз дәрежесінде мойындалмай, тек 1990 жылы еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тікелей араласуымен оған Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
8)Қазақ қыздары да соғыс ауыртпалығын ер азаматтармен бірдей көтерді. Соғыстың алғашқы күндерінен бастап соғысқа сұранып, әскери комиссариаттарға хат жазған қазақ қыздары өте көп болды. Мысалы, Қарағандының әскери комиссариатына соғысқа сұранып өтініш жазған арулар саны 10 мыңнан асқан. Семей қаласы бойынша соғыстың алғашқы күндерінде 3 мың өтініш түскен. Ал, Алматы қаласының тек Фрунзе ауданы бойынша 112 өтініш түсті. Майданға аттанған әйелдер мен қыздардың көбі медсанбаттар мен госпитальдарда борышын өтеген. Қазақ арулары түрлі әскери құрамаларда болып, ерен ерлік үлгісін көрсетті. Қолдарына қару алып, майданға аттанған қазақ жұлдыздары - Әлия мен Мәншүк Қазақстан даңқын әлемге паш етті. Авиация саласын меңгерген қазақ қызы – Х.Доспанова Кеңес Одағының батыры М.Раскова басқарған әйелдер авиациясының құрамында авиация штурманы болып 300-ден астам мәрте әуеге көтерілді. 2004-ші жылы Президенттің жарлығымен Х.Д.Доспановаға Халық Қаһарманы атағы берілді. Сафарбекова Жауһария Насырқызы Ленинград майданында қалалық радиостанция бастығы болып, Ленинград майданында аса ерлігімен көзге түскен. 1942 жылы Қазақстанда құрылған 34-жеке әйелдер ротасының 300-ге тарта арулары Курск иініндегі шайқасқа қатысып, бірнеше марапаттарға ие болды.
9)Кеңестер Одағының құрамдас бөлігі ретінде жаумен шайқаста қазақстандықтар үлкен ерлік көрсетіп, жеңіс күнін жақындатуға өз үлестерін қосты. Майдандағы ерлігі үшін 520 қазақстандықтың, оның ішінде 100-ден астам қазақтың Кеңес Одағының Батыры атағын алуы – ортақ Отанын қорғауда қазақ ұлтының суырылып алға шыққанын көрсетеді.
45. Ф. Голощекиннің «Кіші Қазан» идеясы. 1928-1930 жж. төтенше шаралар.
Ф.И.Голощекин жəне "Кіші қазан” революциясы. Қазақстанға Ф. И. Голощекиннің елкелік партия комитетінің бірінші хатшысы болып келуі қазақ халқына адам айтқысыз бақытсыздық əкелді. Голощекин əміршіл-əкімшіл басқару
жүйесіне арқа сүйеп, небір сұмдық амал-айла, зымияндық əдіс қолдану арқылы қазақ зиялыларын бір-біріне айдап салды, "халық жауы" деп жала жауып, мындаған қазақ азаматтарының қанын төкті. Голощекиннің тікелей басшылығымен 1929 жылы - 31, 1930 жылы - 82, 1931 жылы - 80 жалған "контрреволюциялық ұйымдар" ашылып, бұл ұйымдардың мүшесі болды деген жаламен он мыңға тарта қазақтың бетке шығар азаматтары қамауға алынды.
Ф. И. Голощекин орнынан алынды. Өлкелік партия комитетінің бірінші хатшысы болып Л. И. Мирзоян сайланды. Осы жылдың көктемінен бастап енді жіберілген кателіктерді жəне республикада қалыптасқан ауыр жағдайды түзету басталды. Əсіресе, күштеп ұжымдастыру мен қазақ көшпелі шаруашылықтарын еріксіз отырықшыландыру мəселелеріне айырықша назар аударылды. Іске асырылған шаралардың нəтижесінде тек 1934 жылы мал саны 16,4 пайызға өсті. Бірақ, мұндай алғашқы қол жеткен табыстар орасан
44. Ұлы Отан соғысы. Гитлерлік Германияның жоспарындағы Қазақстан
Планы Германии по отношению к Казахстану были недвусмысленны. После победы над СССР фашисты планировали на территории Средней Азии и Южного Казахстана образовать рейхскомиссариат Гростуркестан, а центральные, северные и северо-восточные районы Казахстана должны были войти в состав "индустриальных областей" —- Карагандинской, Новосибирской и Кузнецкой, куда планировалось переселить украинцев, белорусов, поляков; венгров и другие народы Восточной Европы. Позже, в связи с крахом планов "молниеносной" войны, фашистам пришлось пересмотреть свои планы и обещать нерусским народом СССР самоуправление, чтобы использовать их в борьбе против Москвы, однако этим планам не суждено было сбыться,
С первого дня войны Казахстан стал одним из арсеналов фронта. Это потребовало увеличения его вклада в
общесоюзную экономику как в тех отраслях, которые уже имелись, так и в тех, которые пришлось создавать заново.
Угольщики Караганды. За четыре года выдали на-гора 34 млн. тонн угля — на 3 млн. тонн больше, чем за все время существования бассейна. На 39% увеличилась добыча жидкого топлива на предприятиях Урало- Эмбинското нефтедобывающего района, почти вдвое возросла выработка электроэнергии.
За 1941—1945 гг. было построено 460 заводов, фабрик, рудников, шахт и отдельных производств. В их число вошли и эвакуированные предприятия, в том числе металлообрабатывающие '' и машиностроительные заводы, выпускавшие мины и снаряды, торпеды и бомбы, огнеметы, радиостанции и другие виды оружия и военной техники.
46. 46.Бірінші Дүниежүзі соғысы жылдарындағы қазақ өлкесі.
Бірінші дүниежүзілік соғыс 1914 жылғы 19 шілдеде (1 тамызда) басталды.Оған 38 мемлекет тартылды. Соғысқа қатысушы басты елдер (одақтар):
Үштік одақ (Германия, Австрия-Венгрия, Италия).
Антанта (Англия, Франция, Россия).
Бұл соғыс (империалистік) барлық халықтарға, соның ішінде Қазақстанға да аса ауыр зардаптарын тигізді. Қазақстан майданды шикізатпен қамтамасыз ететін ірі өңірлердің біріне айналды. Соғыс қажетіне жергілікті халықтан алынатын салық 3-4 есе көбейді. Россияның дүниежүзілік империалистік соғысқа кірісуі Қазақстанды тонауды күшейтті. Соғыс қажетіне деп өлке еңбекшілеріне 10-ға жуық салығы енгізілді:
1. 40899244 пут мақта
2. 38 мың шаршы аршын киіз
3. 3 млн. пут мақта майы
4. 229 мың пут сабын
5. 300 мың пут ет
6. 473928 пут балық
7. 70 мың жылқы
8. 12797 түйе алынды
9. 14 мың киіз үй салынды
Жетісудан 34 млн. сом мөлшерінде мал және мал өнімдері 1917 жылы шаңырақ салығы 100209 сом болды. Осының бәрі егістік жердің қысқаруына, ірі қара мал басының азаюына әкеп соқты.
Осы жылдары (соғыс жылдары) жұмысшылардың жағдайы өте ауыр болды. Бір күндік орташа жалақы – 20 тиын. Жұмыс күнінің ұзақтығы – 12-14 сағат. Қымбатшылық артты: ұн-70%, қант-50%, сабын-200%-ға өсті. Кен өндіру, мұнай, көмір өндіру құлдырады. Өндірістегі мамандығы бар жұмысшылар үлесі күрт азайды. Елдің өнеркәсібіндегі жалпы күйзеліс пен ауыл шаруашылығының құлдырап күйзелуі Қазақстан экономикасын құлдыратты, өндіргіш күштердің даму деңгейі бірте-бірте кеми берді.
Сонымен қатар Қазақстан жеріне Үштік Одақтың әскери тұтқындары орналастырылды. Олар, негізінен, Павлодар, Семей, Ақмола қаларына орналастырылды. Мысалы, Омбыда- 20000 әскери тұтқын, Ақмолада 8612 тұтқын, ал Түркістан өлкесінде 200 мың-ға жуық әскери тұтқын болған. Соғыс жылдары Австрия-Венгрия, Германия тұтқындарының қазақ жеріне әкелінуі өлкенің қоғамдық – саяси жағдайына әсер етті.
дағдарысқа үшыратты. Мысалы, Семей, Ақмола облыстарында жұмысшылардың 50%-ы, Орынборда 40%-ы, Жетісуда-үштен бірі шақырылды. Сондықтан патша үкіметі әскери тұтқындарды жұмысқа пайдалана бастады. Қазақстан жерінде болған әскери тұтқындардың жағдайы қиын болды. 1915 жылы Риддерде ауыр тұрмыстық жағдайға байланысты әскери тұтқындардың ереуілі болды. Соғыс жылдарында әскери тұтқындарға арналған Челябі мен Қостанай аралығында орналасқан Троицк лагері «Өлілер лагері» деп атанды. Сөйтіп, соғыс елдегі жалпы ұлттық дағдарысты тереңдетілді
47.Ұжымдастыру кезеңінде қазақтардың Қытай, Моңғолия, Ауғанстанға жаппай көшу
ұжымдастыруға қарсы наразылығының, əрі аштықтан аман қалудың бірден бір жолы еді. Елдің ішкі аудандарына көшумен бірге шет мемлекеттерге (Қытай, Иран, Ауғанстан) көшу басталды. ХХ ғ. 30-жылдары Қазақстаннан сырт жерлерге 400 мыңға жуық шаруа қожалықтары көшіп кеткен болса, бұның өзі 1920-жылдардың аяғындағы көшпелі жəне жартылай көшпелі шаруа қожалықтарының 75%-ға жуық болды. 1930 жылғы 1 қаңтардағы мəліметтер негізінде дайындалған «Қазақ шаруа қожалықтарының Қытайға көшуі туралы» ОГПУ-дың мəлімдеме хатында «халықтың Қытайға ауа көшуі қазақ ұлтшылдарының нұсқауымен жүргізіліп отыр. Көші-қон процесі бай қожалықтарын тəркілеу кезінде де, оған дейін де болған еді. Олардың пікірінше, Кеңес үкіметінің жүзеге асырып отырған саясаты қазақ даласына жұт əкеледі, сондықтан мал шаруашылығын тоқыраудан аман сақтап қалудың бір жолы Қытайға қоныс аудару болатын. 1929 жылы Қытай асқан қазақтардың құрамы жөнінде мынандай мəліметтер береді: бай қожалықтары – 123, орта шаруалар – 128, кедейлер – 165. Барлығы – 416. Олардың ішіндегі байлары – 739 адам, орташалары – 474 адам, кедейлері – 132 адам, барлығы – 1845 адам. 1929 жылы Шекара күзеті қызметкерлерімен 250 шаруа қожалықтары (немесе қо ныс аударушылардың жалпы санының 26,4%-ы) ұсталып, олардағы мал басының саны 17577-ні құраған» [1]. «1930 жылғы 24 қазандағы мəліметтер бойынша қазақтардың ішкі жəне сыртқы қоныс аударуы бəсеңдеген емес» – деп көрсетті Қазақстандағы ОГПУ-дың орынбасары Альшанский өзінің 22 желтоқсандағы арнайы мəліметінде. Құжатта Алматы жəне Семей округтері бойынша шекара аудандарындағы қазақтардың Қытайға қоныс аударуына ерекше тоқталған [2]. 1930-жылдардағы ашаршылыққа дейін Қазақстандағы тұрғылықты халықтың шығыны 2 млнға жуық болса, «көшіп кеткендер» саны 1 млн. шамасында болды. Ал, олардың Отанға оралғандары жартысын ғана құрады.
48.Қоқан Автономиясы – түркістандықтардың тəуелсіз мемлекет құруға талпынысы.
Кеңес үкіметі жəне Алаш Орда мен Қоқан автономиясының басшыларының тағдыры Кеңес одағының құрылуы -1917 жылғы Ақпан революциясы кезінде солдаттар мен төңкерісшіл жұмысшы табының сайланбалы жетекші органы жер-жерде құрылған Жұмысшы жəне солдат депутаттарының кеңестеріболды. 1917 ж. 3 – 24 маусымда Санкт- Петербургте Жұмысшы жəне солдат депутаттары кеңестерінің бірінші бүкілресейлік съезі өтті. Съезге бүкіл елдегі 305 Жұмысшы, солдат жəне шаруа депутаттары кеңестерінен, олардың 53 аймақтық бірлестіктерінен, 34 əскери бөлімнен – барлығы 1090 делегат қатысты . Кеңес үкіметі орнауының екі түрлі жолы болды:
1.Өнеркəсіп орталықтары мен темір жолға жақын, жұмысшылар басым оңтүстік жəне Слтүстік аймақтарда - бейбіт жолмен.
2.Сібір, Орал, Жетісу казактары мен офицерлер, кулактар біріккен контрреволюциялық күштер басым аудандарда – қарулы күрес жолымен.
Алаш Орда үкіметі- Тарихты халық жасағанымен, қоғамның тарихи даму заңдылықтарын реттеп отыратын заңдар мен құқықтық құжаттарды, саяси- құқықтық доктриналарды нақты тұлғалар жүзеге асыратыны белгілі, осы салада мемлекеттік тілдің де атқарар қызметі зор. Қазақ жері екі ғасырдан астам Ресей самодержавиесінің қол астында болған жылдарда қазақ халқының өз тағдырын өзі билеу құқығынан айырғаны, көк түрік дəуірінен бастау алған бірегей саяси тарихы бар халық түгелдей империялық заңдардың бұғауына түскені біздерге тарихтан белгілі. Қазақ қоғамының осы бір қасіретін халықтың озық ойлы, көзі ашық өкілдері аңғара бастады. Олар халықты саяси күрес додасына бастап шықты. Бұған себеп болған 1917 жылғы Ресейдегі қос төңкеріс еді. Патша үкіметінің тақтан құлауы саяси күресті одан əрі қыздыра түсті. Қазақ зиялылары саяси қызметтің қатерлі жолына жалтақтамай, жанқиярлықпен күрескен көрнекті тұлғалар шықты. Олар: Ə.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж.Ақбаев, Ə.Ермеков,
49. ХХ ғ. 30-40-жылдарындағы Қазақстанда кеңестік тоталитарлық жүйенің күшеюі
20-жылдардың ортасынан орнаған қатаң әміршіл-әкімшілік жүйе 40-50-жылдары әрекет ете берді. Саяси жүйеге адам еркіндігін басып-жаныштау, оның құқықтарын жоққа шығару, еңбек адамдарын өндіріс құрал-жабдықтарынан жатсындыру сияқты қолайсыз құбылыстар тән болды. Жетекші күш - Коммунистік партия болып, оның басшылығымен өмір сүріп отырған жүйенің барлық басқа буындарының (Кеңес мемлекетінін, кәсіподақтардың, комсомол, кооперативтер мен басқа да қоғамдық ұйымдардың) жүмысы үйлестірілді. Мемлекеттік органдардың құзырындағы мәселелерді шеше отырып, Коммунистік партия халық шаруашылық және әлеуметтік-мәдени, қоғамдық ұйымдардың міндеттерін орындауды өз қолына жинақтап, оларды дербес әрекет етуден айырды. Республикада И. В. Сталиннің жеке басына табынушылық жағдай қалыптасты. Қандай да бір қол жеткізілген табыстар оның кемеңгерлік басшылық жасай біліумен байланыстырылып, өрескел кемшіліктер мен сәтсіздіктер жөнінде сөз болмады. Осының бәрі Қазақстанның қоғамдық-саяси дамуына қолайсыз ықпал етіп, ауыр зардаптарға ұрындырды. Аты шулы ұрандарды саяси мақсаттарға пайдаланумен заңдылықтың бұзылуы, өкімет билігін асыра пайдалану жалғаса берді. Өмір сүріп отырған саяси жүйе өзінің дербес дамуына қабілетсіз екендігін көрсетті. Кеңес қоғамын дамытудың соғыстан кейінгі жоспарлары сталиндік антидемократиялық, социализмнің тоталитарлық үлгісімен үйлесіп кетті. Майдан мен тылда, соғыстың барлық ауыртпалығы мен қиыншылығын көтерген халық соғысқа дейінгі кезеңдегі халықтан басқаша еді. Қоғамдық өмірдің бейбіт жағдайының орнығуына байланысты қүндылықтарды қайта бағалау орын алды. Замандастардың санасында әлеуметтік бағдарламаларға бет бұрудың қажет екендігін түсіну айқын біліне бастады. Алайда қоғамдық сананың барлық деңгейінде сезіле бастаған қоғамдық жаңарудың кешенді бағдарламаларына өтуге тұрақты әлеуметтік-саясиқұрылым бөгет жасады. Сонымен бірге өте ауыр соғыстағы жеңіс соғыстан кейінгі кезеңде басшылықтың қолданыстағы саяси жүйенің тиімділігіне деген сенім қалыптастырды, ал көпшілік басшылар баскарудың әкімшілік өдістерінің өзін-өзі ақтайтындығына сенімді болды. Сталинизм идеологиясы 40-жылдар мен 50-жылдардың басында өзінің шырқау шегіне жетті. 1939 жылы болған БК(б)П XVIII съезінің құжаттарында жазылған социализм қрылысын аяқтаудың соңына карай ел коммунистік қоғам кұруға өтеді деген тезисті Ұлы Отан соғысы аяқталған соң, теориялық жағынан талқылау жалғаса берді. 1946 жылғы наурыздағы КСРО Жоғарғы Кеңесінің сессиясында бүл тезис партияның жетемгілікке алатын тұжырымдамасы ретінде жарияланды. Соғыстан кейінгі онжылдық - КСРО-дағы 1920-1940 жылдардағы өмір шындығына қасад көзқарастың жалғасы еді.
50.Мемлекеттік межелеу – біртұтас Түркістан идеясының күйреуі.
М. Шоқай Түркістанды біртұтас мемлекет ретінде қарастырды және оны мекендейтін халықты да біртұтас түркі ұлты деп білді. тәуелсіздік алмай жатып жасалған құжаттар мәтінінен М. Шоқайдың «Үлкен Түркістан» идеясының ғасыр соңында қайта жанданып, сол бастапқы бағытта дамығанын көруге болады. Олай деуге себеп автордың Түркістан Федерациясын құру мақсаты. «Такой структурой могла бы стать «Туркестанская Федерация», основанная на экономической, политической, территорияльной и культурной интеграции этих равноправных республик»Әрине, Кеңестік режим өзара шекара сызығын белгілегенге дейін Түркістан жұрты ұлттарға бөлінгенмен жекедара, қалыптасқан мемлекеттік құрылымдарға бөлінген жоқ. Соған орай М. Шоқай олардың біртұтас мемлекет құрып, бір ұлтқа кірігуіне негіз бар деп есептеді. Бірақ, кеңестік саясат шеңберінде бес мемлекетке бөлінген, өз алдына дербес мемлекеттік құрылымдары мен шекарасы бар бес мемлекеттің бірігіп бір мемлекет құруы 1990 жылдары тіпті ақылға сыймайтын. Олар тек
конфедерация құру арқылы өзара интеграцияланып, біріге қорғаныс шебін құрып, ортақ экономикалық аймақ қалыптастыра алатын еді. Осыны жете түсінген азаттықтар «Түркістан Одағын» құруды алға тарты. Жалпы Орта Азия мен Қазақстанның мемлекеттік басшылары бұл жөнінде жекелеген келісім шарттарға қол қойғанымен «Түркістан Одағы» күн тәртібіне мемлекеттік тұрғыдан шығарылған жоқ. Бұл өз кезегінде Түркістандық бес мемлекеттің өзара кірігуіне кедергі болды. Түркілердің мемлекет басшыларының арасынан тек жекелеген мемлекет басшылары, атап айтқанда Әзірбайжан Президенті болған Әбілфайыз Елшібек қана жалпы Түрік бірлігі турасында ашық пікір білдірген еді. «Мұратымыз (идеалымыз) – Түрік бірлігі. Бұл – жаңа экономикалық, мәдени бірлік болады. Мұндай бірлікті болдырмайтын еш себеп жоқ. Бұл үшін ортақ сөздік құрастырылуы қажет, ортақ тарих энциклопедиясы жасалуы керек. Бұл орайда алдымен мәдени байланыстар, ең соңында саяси байланыстар күшеюі тиіс. Бұған ешнәрсе тосқауыл бола алмайды» деп түрік дүниесінің мәдени кірігу арқылы экономикалық жағынан бірлесе даму қажеттігін алға тартқан болатын
51. Бай қожалықтарын тəркілеу жəне оның əлеуметтік-экономикалық салдарлары.
1928 жылы 27 тамызда «Байлардың шаруашылығын тәркілеу туралы» және 13 қыркүйекте «Тәркілеуге қарсылық көрсеткені үшін қылмыстық жауапқа тарту және ірі, жартылай ірі феодалдарды көшіру туралы» деп аталған екі қаулы қабылданды. 700 ірі шаруашылыктың мал-мүлкін тәркілеу белгіленді. Малмен қоса бау-бақша, ауыл шаруашылығы құралдары — соқа-сайман, арба, шана, тіптен күрке, жертөлелер де тәркілеуге жатқызылды. 145 мың мал тәркіленіп, 619 отбасы көшірілді. Байлардың мал-мүлкін тәркілеу олардың туыстарының колымен жүргізілді. Осылайша қазақтарды өзара араздастыру саясаты тереңдей түсті.Нарушения принципа добровольности и эле-
ментарной законности с самого начала приняли повсемест-ный характер. Наиболее типичными и распространенными приемами принуждения были:
· лишение избирательных прав;
· угроза выселения за пределы района проживания;
· превентивный арест, так сказать, «воспитательных це-лях».
Крайне тяжелыми последствиями обернулось так называ-емое раскулачивание — мероприятия по ликвидации ку-лачества и байства как класса. Излюбленным средством наиболее рьяных «коллективизаторов» было огульное за-числение колеблющихся в так называемые подкулачники. В их разряд были отнесены тысячи зажиточных и серед-няцких хозяйств. Достаточно было иметь, скажем, дом под железной крышей или две лошади, чтобы попасть в разряд кулаков.
52.Сауатсыздықпен күрес. Білім жəне ағарту саласының дамуы.
Мәдени революцияның жүзеге асырылуы — социалистік қоғам құру туралы лениндік жоспардың бip тармағы болатын. Мәдени революция қоғамдық өмірдің барлық саласын қамтып, жаңа мәдениет түрін жасау және жаңа адамды тәрбиелеу міндетін шешуге тиісті болды.
Мәдени революция коммунистік партия белгілеген міндеттерге сәйкес білім беру, ғылым мен мәдениет мекемелерінің қызметін түбірімен өзгерту дегенді білдіреді. Бұл кезеңде Қазақстан мәдениеті кеңес елінің орталық аудандарынан айтарлықтай артта қалған-ды. Халықтың басым көпшілігінің бастауыш білімі де жоқ, яғни сауатсыз еді. Соған байланысты Қазақстандағы мәдени революция басты екі міндетті шешуге тиісті болды: біріншіден, мәдени артта қалушылықты жою, екіншіден, білім беру, ғылыми және мәдени мекемелердің жаңа кеңестік жүйесін қалыптастыру.
Мәдениет саласындағы жұмысқа басшылық жасау және бақылау жүргізуді партияның ОК хатшылығы жүзеге асырып отырды, ал жергілікті жерлерде бұл істі партия комитеттері
мен ұялары, олардың насихат және үгіт жүргізу коллегиялары атқарды. 1920 жылы тамызда партияның ОК-де үгіт-насихат бөлімі құрылды. Осы жылы 6 қарашада РКФСР Ағарту халкомы жанынан Бас саяси-ағарту комитеті іске қосылды. Бұл екі партиялық және мемлекеттік орган мәдени революцияға күнделікті практикалық басшылықты жүзеге асыра бастады. Кеңес өкіметінің алғашқы онжылдығында партияның ОК-де мәдениетке байланысты әр түрлі мәселелер туралы мәжілістер өткізілді.
1924 жылдың ақпан айында Қазақстанда Бүкілодақтық «Сауатсыздық жойылсын» қоғамының бөлімшесі құрылды. «Сауаташқыш» газетінің бетінде жекелеген топтар үшін сабақ өткізу жоспары жарияланып тұрды, сауатсыздықты жоюшы-мұғалімдер даярлайтын қысқа мерзімдік курстар ашылды. 1930 жылғы 11 ақпанда Қаз ОАК-і «Қазақ АКСР-інде халықтың сауатсыздығын міндетті түрде жою туралы» қаулы қабылдады. Жою мерзімі бірінші бесжылдықтың аяғы болып белгіленді. Шараларды жүзеге асырудың жоспары жасалды және сауатсыздықты жоюға арналған қаржы қоры құрылды. 1931 жылы республикада шалғай аудандарға мәдени жорық ұйымдастырылды. Комсомол және пионер ұйымдары оған белсене атсалысты. Алайда елде сауатсыздықты жою ісі тіпті 1935 жылы, мәдениет майданы қызметкерлерінің I съезі өткенге дейін аяқталмады. Осы сьезден кейін республикадағы сауатсыздықты жою жұмысы өзінің соңғы кезеңіне аяқ басты. Қазақ АКСР Ағарту халкомы жанынан ересек халыққа білім беру басқармасы құрылып, оның ішінде сауатсыздар мен шаласауаттылар мектебі бөлімдері ашылды. 1939 жылы Қазақстан халқының жалпы сауаттылығы 76,3%-ға жетті.
53.Ұлы Отан соғысына дейінгі Қазақстандағы мəдени-рухани ахуа
Соғысқа дейінгі жылдар Абай атындағы Қазақ педагогикалық институты үшін қалыптасу мен дамудың ең бір маңызды кезеңі болды. ҚазПИ-дің оқытушы-профессорлары мен студенттері жетілу, кемелдену сынағынан абыроймен өтті. Институт атағы бүкіл республикамен қатар одан тыс жерлерге де таралып,белгілі болды. Осы кезеңде ҚазПИ қабырғасынан түлеп ұшқан мұғалім мамандардың саны артып, кадрлар даярлау сапасы жақсарды, студент жастарды оқыту мен тәрбие беру дәстүрлері нығайып, бекіді. Институт республикадағы ғылыми ой орталықтарының біріне айналды. Мұнда Қазақстан тарихы, қазақ тілі мен әдебиетінің даму мәселелері зерделеніп, жаратылыстану ғылымдары саласында іргелі зерттеулер жүргізілді.
Тәжірибе жинақтау, материалдық-техникалық базасының жақсаруы, білікті ғылыми-педагогикалық кадрлар қатарының көбеюіне байланысты ҚазПИ-дің республикада жоғары оқу орындарын, Ғылым академиясын және басқа да білім, ғылым, мәдени мекемелер қатарын молайтып, оларды өркендетіп дамытуға үлесі мол.
54. Духовно-культурная ситуация в Казахстане до Великой отечественной войны
Если вы дошли до этого вопроса ,ВАу вы рили готовитесь
55. ҚазССР Конституциялары – жетістіктер мен істегі қайшылықтар.
1926 жылы Қазақстанның бірінші Конституциясы ҚазССР Орталық атқарушы комитетінің қаулысының нақты редакциясымен жəне 1925 жылғы РСФСР Конституциясының есебімен қабылданды.Аталмыш негізгі заң басқару формасын, мемлекет құрылымын, саяси тəртіпті, мемлекеттік билік органдарының құрылымын, атқарушы басқаратын органдардың құрылымын бекітті. Бюджет, сайлау құқықтарының белсенді негіздері анықталды. Аталмыш Конституцияға сəйкес Қазақстан РСФСР құрамында тең құқықты республика болды. 1937
жылғы 26 наурызда X – шыбүкіл қазақтар құрылтай кеңесінде қабылданған Конституция 11 бөлім жəне 125 баптан құралды. Онда былай деп жазылған.
- «Қазақ ССР – і өзінің тəуелсіз құқықтарын толық сақтай отырып, мемлекеттік билікті өз бетімен жүзеге асырады. Сонымен қатар, 1937 жылғы Конституцияда басқа тең құқықты республикалармен экономика, қорғаныс бағытында өзара жəрдемдесу мақсатында ерікті түрде бірігу (13 бап), Қаз ССР – дің келісімінсіз территорияны өзгертпеу (16бап), жоғары республикалық жəнежергілікті мемлекеттік билік органдарын қалыптастырған республиканыенгізу мəселелері, заңнаманы орындауды бақылау, мемлекеттік жəне қоғамдық тəртіпті, азаматтардың құқығын қорғау, салық өндіру жəне т.б. (19 бап) қамтылған.
Сондай – ақ, сот жəне прокуратура жүйесі орнатылды. Халықтық соттөрешілері аудан азаматтарының жабық дауыс беруі арқылы бүкілхалықтық, тікелей жəне тең сайлау құқығы негізінде сайланды, сот жұмысы қазақ тілінде, басқа ұлттар көп аймақтарда олардың тілінде жүргізілуі керек болатын (83 – 90 бап-тар). 1937 жылғы Конституцияда азаматтардың негізгі міндеттері мен құқықтары анықталған: еңбектенуге құқылы болу (96 бап), демалысқа құқылы болу (97 бап), кəрілікте, еңбекке жарамсыздық жəне ауруға шалдығу жағдайында материалдық қамсыздандыру (98 бап) денсаулықты қорғау, сөз бостандығы, баспасөз, жиналыс, митинг, көше шерулері жəне демонстрациялардың кепілдіктері, адамның жеке басына
баспанасына қол сұғылмаушылық, азаматтардың хат жазуына, шетелдік азаматтардың бас сауғалау құқығы. 1978 жылғы 20 ақпанда Жоғары Кеңес шақырған кезектен тыс VII сессияда қабылданған Конституция преамбуладан, 10 тарау, 19 бөлім, 173 баптан тұрады. Соған сəйкес барлық билік халыққа тиесілі, онда халық жұмысшылар, крестьяндар жəне еңбек интелегенцияларының кластары бөлінген. Билік жəне басқару органдарының үстінен Коммунистік партиясы қойылды (6 бап). Республиканың экономикалық жүйесінің негізі ретінде мемлекеттік,
кооперативтік – колхоз, кəсіподақ жəне басқа да қоғамдық ұйымдардың меншігі жарияланды. 1990 жылдардың басында Қазақ ССР – інде, содан кейін Қазақстанда бірнеше заң қабылданды, онда 1978 жылғы Конституцияға елеулі өзгертулер енгізілді.1990 жылғы «Мемлекеттік билік құрылымын жетілдіру туралы» заңға сəйкес Конституцияға Президенттің атқарушы жəне орындаушы биліктің басшысы екені туралы өзгеріс енгізілді, Министрлер кеңесі Министрлер кабинеті болып қайта құрылды. Басқа да заңдардың арасында 1991 жылғы
15 ақпандағы «Жергілікті өзін – өзі басқару жəне Қазақ ССР халық депутаттарының жергілікті Кеңесі туралы» Заң , 1991 жылғы 10 желтоқсандағы «Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының атауын өзгеру туралы» Заңы, 1991 жылғы 20 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» конституциялық заңы жəне тағы басқалар бар. Алғашқы Конституция Қазақстанның Жоғары Кеңесінің IX сессиясында 1993 жылғы 28 қаңтардағы XII шақырылымында пре амбуладан, 4 бөлім, 21 тарау, 131 баппен қабылданып, халық тəуелсіздігі, мемлекет тəуелсіздігі, билікті бөлу қағидаттары, қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде мойындау, Президентті мемлекеттің басшысы ретінде мойындау, сот органдары Жоғары, Конституциялық жəне Жоғары Арбитраждық соттар жəне басқа нормаларды қамтыды. 1993 жылғы Конституцияның негізіне парламенттік республика моделі жатады. ҚР – Президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет /2бап/. Президенттік институт екі палаталық Парламентпен, Мемлекетпен жəне Конституциялық кеңеспен іске асырылады. Конституция қоғамда туындайтын талаптарғасай жəне болашаққа бағдарланған Ата Заңымыз!
56.Қазақстанда аштыққа қарсы қазақ зиялыларының күресі.
Қазақстанның саяси өмiрiндегi үлкен оқиға болды. Мұнда тек идеологиялық тартыс қана шарықтау шегiне жетiп қойған жоқ, сонымен қатар қазақ ұлтының тағдыры да талқыға түстi. Қазақстан Орталық Атқару Комитетiндегi
қазақ қайраткерлерi, оның iшiнде барлық мемлекеттiк iстi үйлестiрiп отыратын жауапты саяси хатшы Мұхтар Омарханұлы Әуезов те Смағұл Сәдуақасовтың бағытын ұстанды. Жүрексiнiп қалған большевик-коммунистер Әлихан Бөкейхановты, Халел Ғаббасовты, Халел, Жаһанша Дос-мұхамедовтердi, Мұхамеджан Тынышбаевты, Әлiмхан Ермековтi, Мiржақып Дулатовты, Жүсiпбек Аймауытовты, Жақып Ақбаевты өкіл ретінде шақырмады. Бірақ оларды түрмеге қамап, тергеуге де дәттерi шыдамады. Ұлттық республикадағы саяси жағдай оны көтермейтiн. Алайда олардың орнын Тұрар Рысқұлов, Смағұл Сәдуақасов, Сұлтанбек Қожанов, Мұхтар Әуезов басады деп күткен жоқ едi.
Ал бұл «Алаш жастары» - Мұхтар Әуезов пен Смағұл Сәдуақасовтың шын мәнінде ел көсемi дәрежесiне көтерiлген айшықты мезетi едi. Екеуiнiң де жас мөлшерi 21-24 арасында болса да нағыз ысылған саясаткер, қажырлы да қабырғалы мемлекет басшысы ретiнде көрiне бiлдi. Тiптi саяси сайысқа түскен шақтарында ерекше шамырқанып, айбарланып, қарсыласына сес те танытты. Айтқанына сен-дiрiп, ұлтты ұйымдастырып, ұтымды тұжырым ұсынды. Ұлттық егес пен рухани қарсыласу тұсында ақылы мен қай-ратын қатар билеп, тура сол қарсаңдағы мемлекеттiк мiндеттiң ең шағымды екi мәселесiн күн тәртiбiне қойды. Халықтың назарын төнiп келе жатқан қатерге аударды.
«Кеңес өкіметіне қарсы астыртын ұйым құрған «алашордашылардың» үстінен қозғалған қылмыстық істің (1928-1932) тергеуі барысында берген әшкерелеуші жауабында Ә.Байділдин:
«Мәжiлiс жабылардың алдында М.Әуезов аса маңызды мәселелердi талқылау үшiн съезге келген барлық қазақ уәкiлдерiн төтенше жиналысқа шақырып, төтенше жиналыстың қайда, қай уақытта өтетiнiн хабарлады. Уәкiлдердiң барлығы да айтылған мезгiлде жиналды. Тек Меңдешев, Мырзағалиев сияқты, тағы да басқа жауапты қызметкерлер ғана жайбарақаттық танытты. Олар арнайы шақыру жiберiлгеннен кейiн барып келдi. Жиналысты М.
Әуезов ашып, бас қосудың мақсатын түсiндiрдi. Ол: «Бiз жергiлiктi жерлердегi, әсiресе қазақ тұрғындары арасындағы жағдайдың хал-ахуалы туралы өзара пiкiр алысып, соның негiзiнде жалпы шешiм қабылдау үшiн жиналдық», - дедi».
Ұлтының тағдыры тығырыққа тiрелiп, ұйлығысып тұрғанда бар ауыртпашылық пен жауапкершiлiктi М.Әуезов мойнына алды. Бұл үш мiндет: 1) Қаралы қанатын жайып келе жатқан коммунистік-отаршылдық күйзелiстен елдi құтқару; сондай-ақ 2) Қазақ жерiн ашкөздiкпен қомағайлана бауырына басқысы келген ұлы орыстық отарлаушы пиғылға қарсы тиым салу; 3) Қазақ елiн зауалға ұшыратуы мүмкiн ашаршылыққа қарсы күресуге тиiстi қазақ қызметкерлерiнiң iс-әрекет жоспары болатын. Яғни қауым боп бас қосып, ортақ Ұлттық идея мен Ұлттық мiндеттi анықтау едi. Мәжiлiсте:
Ә.Байділдин (жалғасы): «...Жергiлiктi жерлердегi жағдай туралы мағлұмат тыңдалды. Әрбiр губерния өздерiнiң арасынан шешендердi алға шығарды, олар жиналған жұртқа тұрған жерлерiндегi хал-ахуалды баяндады. Алғашқы мағлұматты Әуезов жария еттi. Ол Семей губерниясындағы, оның iшiнде қазақ ауылдарындағы жұмыстың самарқаулығына тоқталды. Қазақстанның кейбiр губернияларына төнiп келе жатқан аштық қаупi барын ескерттi. Жергiлiктi жерлердегi жағдайды күдер үздiре суреттей келiп, Әуезов: «Мұның барлығы алдымен өзiмiздiң самарқаулығымыздан, салақтығымыздан, тәжiрибе бөлiсудiң жоқтығынан, ең бастысы - отарлаушылардың кедергiсi мен бүлдiрушi әрекетiнен болып отыр», - деп тұжырым жасады.
Бұдан кейiн өзге губерниялардың хабары тыңдалды. Олардың айтқаны Әуезов баяндаған жағдаймен түгелдей астасып жатты. Олардың барлығы да iстiң өте нашар жүргiзiлетiндiгiн айтып шағынды. Сондықтан да өкiлдердiң сөзiнде тың пiкiрлер өте аз болды. Тек Меңдешев қана өзгеше ұсыныс енгiздi. Ол: жергiлiктi жерлердiң өкiлдерiнiң пiкiрлерiн қостаймын. Отарлаушылардың жұмыс iстеуге кедергi келтiретiнi де рас, бiрақ жергiлiктi ұлтшылдардың да
тосқауылы жайында тiс жармағандарыңызды мақұлдамаймын - дей келiп, осы мәселенi жиылыс қорытын-дысында атап өтудi ұсынды. Бұған кейбiреулер қарсы шықты, бiрақ ол көпшiлiк дауыспен қабылданды.
Сөйтiп, тиiстi тұжырым жасалды. Әуезов жиналысты кiрiспе сөзiнiң рухындағы сарынмен қорытты».
Қазақстанның түкпiр-түкпiрiнен келген өкiлдер Мұхтардың күдiгiн растап бердi. Азамат соғысы, ақ пен қызылдың қанды жорықтары даланың үйреншіктi тiршiлiгi мен тыныштығын, кәсіби күнкөрісін бұзды. Олардың хабары қатерлі жұттың қасіретін сездiрдi. Қазақ қайраткерлерiнiң назарын соған баса аударған Мұхтар Әуезов алға шұғыл мiндеттер қойды. Сондай-ақ, саяси мәнi зор шешiм де қабылдады. Ол:
1. Отарлаушы - коммунистердiң басқыншылық пиғылы мен басынуына тосқауыл қою.
2. Смағұл Сәдуақасовтың Семейдегi iс-әрекетiн ақтап алып, сол арқылы оның iсiне мемлекеттiк-ұлттық сипат беру.
Қазақ ұлты мен кеңес өкiметiнiң саясат сахнасындағы мүдделерiнiң бағыт-бағдары анықталып, қайтып ымыраға келмейтiндей қарама-қарсы жiкке бөлiнiп, iргелерiн ажыратқан ең соңғы және шешушi талқы едi бұл. Қазақ елiнiң маңдайына қандай бақыт пен сор бiттi, қандай келешек күтiп тұр, тағдырын кiмге тапсырды, үкiмет билiгi жанашырдың қолына тие ме, жоқ, жалаңтөс жаhангердiң тырнағына iлiне ме, олар жақсылық әкеле ме, әлде жаманатқа бастай ма, мiне, осындай өзектi өртеген күйiндi мәселелер тiкелей Алаш ардагерлерінің ақпарымен шешiлдi.
Айтты-айтпады, дәл осы 1921 жылдың күзi мен - 1922 жылдың көктем айларына дейiнгi аралықтағы ұлттың мүддесiн қорғайтын аса көкейкестi шаралардың бiрде-бiреуi Смағұл мен Мұхтардың қатысуынсыз өткен жоқ. Бұл қарсаңда қазақтың «қаратаяқтары» (зиялыларды қыр қазақтары солай атаған) бұрын-соңды болып көрмеген дәрежеде ұйымшылдық танытып, iшiнара сая iздеген саяқтары болмаса, қалғандарының барлығы да ұлттық мүдденiң айналасына топтасты. Тергеудегі екінші басты сұрақ: осы екінші қазақ конференциядағы ұлттық интеллигенцияны қызметке тарту, жинақтап айтқанда, Ә.Бөкейхановтың саяси платформасының С.Сәдуақасов арқылы кеңес өкіметінің құрылымына ықпалы туралы қойылды.
Қазақ жері мен елі талқыға түскен тұста айқындала бастаған ұлттық зиялылардың арасындағы бұл жік осы 1921 жылғы ашаршылық тұсында басталған еді. Қазақстанның солтүстiк батыс аймағын жайлаған аштық қазақ елiнiң ұлт боп өмiр сүруiне қауiп төндiрдi. Кiсiнiң етiн кiсi жеп жатқандығы туралы үрейлi хабарлар Орынборға суыт жетiп жатса да, негiзгi құрамы қазақ емес ұлттардан құралған өлкелiк Революциялық комитеттiң мүшелерi өзiнiң жұмыс жоспарын:
1) ВПК(б)-ның ХII съезiне дайындық жасауға 2) Ресейдегi аштыққа ұшыраған аудандарға азық-түлiк жөнелту үшiн жергiлiктi ұлттың ең соңғы қолүздiгiн сыпырып-сиырып алуға (Лениннiң Арал балықшыларына Повольжьеге балық жiберу туралы жеделхатын еске алыңыз) 3) Бұған қарсы халықтың наразылығын ұйымдастырып, істі бүркемелеп отырған «қазақ ұлтшылдарына» қарсы күреске жұмылдырды.
Мiне, осындай қиын-қыстау кезеңде Өлкелік үкiмет басшыларының арасындағы пiкiр таласы саяси және ұлттық жiктелуге алып келдi. Большевиктер Қазақстандағы төніп келе жатқан аштыққа қарсы шара қолданбақ түгiл, назарын да салмады.
Олар:
«Партия съезiнiң назарын басқа жаққа аударуға, таптық күрестi әлсiретуге жол бермеймiз», - деп өршелендi.
Мұны - ұлтшылдардың даурығуы деп бағалап, саяси күрестi одан әрi қатаң жүргiзуге, партия қатарын тазалауға рұқсат сұрап, Мәскеуден жарлық күттi. Үкiмет билiгiнен айрылып қалудан қауiптенген С.Меңдешев бастаған большевиктер де Мәскеуге:
«Ашаршылық туралы қауесеттi таратып жүрген - ұлтшылдар. Олар қарапайым шаруаның мұң-мұқтажын
жоқтағансып, еңбекшiлердiң назарын өздерiне аудару үшiн қасақана байбалам салуда», - деп жеделхат жолдады.
57. Қазақ ауылын кеңестендіру – дəстүрлі қазақ қоғамын талқандау.
Қазақ Ауылын Кеңестендіру– Қазан төңкерісінен кейін қазақ ауылдарында жүргізілген саяси-әлеуметтік шара. Қ. а. к. аса ауыр жағдайда өтті. Азамат соғысы жылдарында әскери коммунизм саясатына қарсы жергілікті жерлерде жиі-жиі бас көтерулер болып тұрды
Қазақ ауылдарында кеңес үкіметінің төменгі сатыдағы билік органдары жергілікті кеңестерді құру міндеті қойылды. Ауылда 1925 жылға дейін коммунистерді және олардың теңестіру ұстанымын қолдамайтын байлар мен ауқатты шаруалардың ықпалы әлі күшінде еді. Көптеген аудандарда ауылдық Кеңестер болмады, немесе Кеңес басшысы байлар табынан да табылатын. Мұндай жағдайға Орталық та, жергілікті коммунистер де қарсы болды.
1926-1927 жылдары бұрын болмаған жерлерде Кеңестер құрылып, ал бұрыннан қызмет жасап жүрген жерлерде қайта сайлау жүргізілді. Жергілікті байлар ықпалынан кеңестерді қорғау үшін олардың пайыздық құрамын - кедейлер, батрақтар, әйелдер мен коммунистердің қанша болуы керектігін жоғарыдан бекітті. 1927 жылдың қаңтарында ҚазАКСР Орталық Атқару комитеті (ОАК) ауылдық Кеңестерге жер дауы мен су мен жайылымдарды бөлу сияқты кейбір азаматтық және еңбек мәселелерін қарастыру және шешу құқығы берілді.
1928 жылға қарай белгіленген пайыздық үлесіне сай ауылдық, болыстық Кеңестердің құрамы 50-60%-ға жаңартылды. Бұл жағдай орталық билікке алыс аймақтарды басқаруды жеңілдете түсті.
Жайылымдық-шабындық жерлердің қайта бөлу.Шабындық және егістік жерлерді бөлу науқаны 1926 жылы 20 мамырда шыққан Қазақ АКСР ОАК-нің қарары бойынша“Жерге
орналаспай жер пайдаланатын көшпелі және жартылай көшпелі аудандардың шабындық және егістік жерлерін уақытша қайта бөлу туралы” заңы бойынша шабындық және жайылымдық жерлерді бөлу құқығы жергілікті атқару комитеттері мен ауылдық кеңестерге бекітілді.
1926-1927 жылдары 1250 мың десятина жайылымдық және 1360 мың десятина шабындық жерлер ірі байлардан тартып алынып кедейлерге таратылды.
Жерді қайта бөлу негізгі – экономикалық жағдайды жақсарту мәселесіне шеше алмады. Себебі қазақтың дәстүрлі мал шаруашылығының ерекшелігі ескерілмеді. Жер бергенімен мал бермеді. Ауылдағы кедей шаруалардың қожалықтары ғана емес, тіпті орта шаруа қожалықтары да бұл кезеңде ауылшаруашылық құрал саймандарына, егетін тұқым және т.б. заттарға өте зәру болды. Малсыз жерді пайдалану, жер өңдеу техникасының болмауы жерді пайдалана алмады. Сондықтан көптеген кедей шаруалар жерден бас тартып, бұрынғы иелері-байларға қайырып берді. Осылай бұл реформа сәтсіздікке ұшырады. Партиялық органдар жерді тек бөлудің жеткіліксіз екендігін түсіне бастады.
Қазақстанның егіншілік Халық Комиссариатына арнайы тапсырмалар берілді. Губерниялық, уездік және округтік атқару комитеттері жанынан ерекше жедел «бестіктер», ал облыстық атқару комитеттері жанынан ерекше жедел «үштіктер» ұйымдастырылды. Оның құрамын сол аймақтардағы атқару комитеттері мен ауылдық кеңестер бекітетін болды. Алайда, шабындық және егістік жерлерді бөлу шарасы ауылдан қолдау таба қойған жоқ. Шабындық және егістік жерлерді бөлуді өткізуде бірқатар қиыншылықтар кездесті:
Ÿ жерлерді есепке алу жүргізілмеді;
Ÿ байларыдың қарсылығына кездесті;
Ÿ Қосшы одағы белсенділік көрсетпеді;
Ÿ кедейлердің бай үшін кезекке тұрған жағдайдһлары да кездесті;
Ÿ жергілікті атқару комитеттері мен ауылдық кеңестер партия науқанына бірден белсенді кіріскен жоқ.
Шабындық және егістік жерлерді қайта бөлу 1927 жылы кең көлемде жүргізіліп, байлардан көп жер, мысалы, бұрынғы Орал губернияснда – 84 605 дес., ал бұрынғы Жетісу губерниясында – 31 961 дес., бұрынғы Семей губерниясында – 17 365 дес., шабындық, егістік алқаптары тартып алынды, кедейлерге берілді. Қалыптасқан кемшіліктерге ерік берген Ф.Голошекиннің «Кіші Қазаны» - шабындық және егістік жерлерді қайта бөлу сәтсіз аяқталды.
Қазақ ауылының дәстүрлі табиғатымен әлі толық таныса қоймаған Қазақстанның жаңа басшысы қазақ ауылының негізі шаруалар бұқарасын өз соңынан ертіп кетуі үшін терең әлеуметтік өзгерістер қажет екенін, ал, ол 1926-1927 жылдардағы шабындық және егістік жерлерді қайта бөлу реформасы мұндай терең өзгерістерге барар жолдағы алғашқы қадам ғана екенін ұғына қоймады. Егер Ф.Голощекин айтқандай, 1926-1927 жылдарындағы шабындық және егістік жерлерді қайта бөлу қазақ ауылында кеңес өкіметінің жеңісіп қамтамасыз еткен болса, онда 1928 жылғы ірі қазақ байларын тәркілеу де, 1929 жылдан басталған күштеп ұжымдастыру да қажет болмайтын еді.
58.Қазақ дəстүрлі шаруашылығын сталиндік реформалау.
Бірінші дүниежүзілік соғыс, оның артын ала келген революциялық өзгерістер, бүкіл Кеңес елінің кеңістігін қамтыған азамат соғысы қазақ даласына да орасан зор ауыртпалықтар ала келді. 1916—1921 жылдар арасында аштықтан қырылған және оққа ұшқан қазақтардың саны 800 мыңға, ал атамекенінен көшіп кеткендердің саны 200 мың адамға жетті. Бұл сол кезеңдегі қазақ халқының шамамен бестен бір бөлігі еді. Ал 1921— 1922 жылдардағы ашаршылық қазақ қоғамын біржолата тұралатып кетті. Шаруашылық дағдарысы жұмыссыздардың санын күрт өсіріп, кедей-жатақтардың қоғамдағы үлес салмағын ұлғайтып жіберді. Жаңа ғана орнаған кеңестік билік күйзеліске ұшыраған қоғамның әл-ауқатын жөндеу және жақсарту қамына кірісудің орнына ең алдымен саяси
мәселелерді шешуге басымдылық берді. Қоғамдық құрылыстың мұндай сипат алуы 1923 жылы 17—22 наурыз күндері Орынбор қаласында болып өткен Қазақ партия ұйымының III конференциясында анық байқалды. Ресей Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің өкілі Е.Ярославский мен Қазақ үкіметі төрағасының орынбасары А.Вайнштейн өздерінің баяндамалары мен сөйлеген сөздерінде ендігі уақытта ұлттық мүддеге қатысты мәселелерге басымдылық беруден бас тартып, назарды бұқара халықтың таптық санасын көтеру ісіне бұруды талап етті.
Бұл іс жүзінде Қазақ елінің өзін-өзі басқару, мемлекеттік басқару ісінде жергілікті ерекшеліктерді ескеру, мемлекеттік аппаратты қазақтандыру және басқа осы сияқты жалпыұлттық мәселелерді тым көп көтеруді тоқтату жөнінде орталықтан берілген нұсқау еді. Сонымен бірге ұлт мәселесінде «ұстамдылыққа» шакырған орталық, оның есесіне тапаралық қатынастар мәселесінде ымырашылдыққа жол бермеуге, қазақ кедейлерінің «әлі оянбаган таптық түйсігін» шайқап, оларды байларға қарсы қоюға үндеді. Бұл қазақ қоғамында үлес салмағы болар болмас (0,5%-ға да жетпейтін) байлар табына және олардың меншігіне «қызыл гвардиялық шабуылға» өтуге жасалған даярлықтың көрінісі еді.
Орталық пен оның Қазақстандағы өкілдерінің мұндай ұстанымына ашық қарсылық көрсеткен жеке қазақ басшылары аз болған жоқ. Солардың бірі — Смағұл Сәдуақасов қазақ қоғамындағы таптық қайшылықтармен тым әуестенушіліктің жағымды нәтиже бермейтіндігін, қазақ шаруаларының сол тарихи кезеңде таптық қанаудан емес, жұмыссыздықтан, шаруашылығын жандандыруға қажет қаржының жоқтығынан азап шегіп отырғандықтарына, яғни ендігі уақытта елдің революциялық сілкіністерге емес, бейбіт еңбекке мұқтаж екенін түрлі дәреже-деңгейде дәлелдеуге тырысты.
Сондай-ақ С.Сәдуакасов қазақ байларымен күресті төтенше революциялық шаралар арқылы емес, бейбіт әдіс-тәсілдер
арқылы жүргізуді ұсынды. С.Сәдуақасов, Н.Нұрмақов, Ы.Мұстанбаев, Ж.Мыңбаев, С.Қожанов сияқты қазақ саяси қайраткерлерінің бұл ортак ұстанымын большевиктік басшылық социалистік құрылысқа қарсы көрсетілген жергілікті ұлтшылдардың қарсылығы ретінде қабылдады. Ал ұлт қайраткерлері болса ендігі уақытта мұндай ұстанымдарының ұлтшылдық пиғылдан емес, жергілікті өмір ерекшеліктерінен туындап отырғандығын, соған байланысты өздерінің шынайы интернационализм ұстанымынан ауытқымағандықтарын ылғи да дәлелдеп отыруға мәжбүр болды.
59.Қазақтардың диаспорасының қалыптасуы: тарих жəне тағдырлары
Қазақ диаспорасы – Қазақстан Республикасынан шет аймақтарда тұратын қазақтар. Қазақ диаспорасы сыртқы шекараларды кесіп өтіп, әуелі Қазақстаннан Қытайға, Орталық Азия мемлекеттеріне, Ауғанстан мен Иранға, одан әрі бүкіл дүние жүзіне тараған. Қазақстанмен іргелес шет жұртта қалың шоғыр күйінде қалған және шалғай аймақтарда шашырап жүрген Қазақ диаспорасы-ның жалпы саны 5,4 млн деп есептеледі (1997)
18 ғ-дағы жоңғар-қазақ соғыстары, қазақтардың Ресей үстемдігіне қарсы 18 – 19 ғ-лардағы ұлт-азаттық көтерілістері мен соғыстары, патшалық билік барысында Қазақстанда Столыпиннің агр. саясаты, Орт. Азия мен Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысы, елде кеңес өкіметінің орнауы және азамат соғысы, ұжымдастыру кезеңінде қазақтарға қатысты жүргізілген геноцидтік саясат. Шығыс Түркістандағы (Шыңжаңдағы) қазақтардың қытай өкімет орындарына қарсы ұлт-азаттық күресі, 2-дүниежүз. соғыс; экон. себептер: Ресейге қосылғаннан кейін және кеңестік ұжымдастыру кезеңінде Қазақстанда шаруашылық жүргізудің дәстүрлі көшпелі жүйесінің күйреуі, 1960 – 1990 ж. Батыс Еуропа мен Америка елдеріне еңбек көші-қоны, кеңестік жүйе күйрегеннен кейін нарықтық қатынастарға көшу жағдайындағы өтпелі кезеңде Қазақстан
экономикасында орын алған уақытша тұрақсыздық; діни себептер: патшалық және кеңестік билік кезеңдерінде мұсылмандардың тауап ететін қасиетті жерлері болып саналатын Мекке мен Мединеғе діндарлардың хажылық сапармен баруының қиындауы, әсіресе, кеңестік дәуірдің алғашқы кезеңдерінде дін басыларының: имам, қожа, молда, ишандардың, тақуа діндарлардың қуғынға ұшыратылуы, дін жолын ұстаушылардың, тіпті дінге сенушілердің қыспаққа алынуы.
Қазақ диаспорасының ата жұрттан ығысып сыртқа ауа бастаған тарихи ұзақ ағыны “ақтабан шұбырынды“ кезіндегі жаугершілік-шапқыншылықтан басталды. 1723 ж. солт.-шығыстан баса-көктеп кірген жоңғар шапқыншылығынан шегінген бейбіт көшпенді шұбырындылар оңт.-батысқа қарай ауып, қазіргі Орта Азия жеріне тереңдей енуге мәжбүр болды. Шапқыншылықтан қатты күйзелген қазақтың шашырап және өзара араласып кеткен ру-тайпалары Ташкент маңында жасанды құрамалар түрінде қайта құрылып, сол аймақтарда қалып қойған. Бүгінде құрамалар қазақ-өзбек арасында қалған ирредент-маргиналдар болып саналады. Олардың өмір тіршілігі аз зерттелген. Тамды аймағында, Мырзашөлде, Шыршық бойында қазақтар ежелден-ақ тұрып келген. Қ. д-ның әрі қарай кең жайылуына отаршылдық тікелей әсер етті. Алдымен, Еділ мен Жайықтың жағасынан, кейін Есіл мен Тобылдың бойынан және Ертіс өңірінен зорлықпен қуылып, сарытабан сүргін болған көшпенді қазақ тайпалары солт.-батыстан оңт.-шығысқа қарай жөңкіле көшкен. Отаршылдық тудырған үркіншілік кезеңі шамамен 1650 жылдан 1916 жылға дейін жалғасып келді. Қытай мен Моңғолияға қарай қазақ жұртының үркіншілігі, әсіресе, азамат соғысы жылдары кең өріс алды. Саясаттан бейтарап момын халық шетке қарай ақ гвардия шылар келгенде бір ығысса, қызыл әскерлер келгенде тағы жөңкілді. Алты жылға созылған (1916 – 21) ұлт-азаттық көтерілісі мен азамат соғысы жылдарында ата мекенінен 200 мың адам көшіп кеткен. Ал кеңестік дәуірдегі әміршілдіктен туған асыра сілтеу жылдары (1930 – 1934) 1,9
млн. қазақ шет жұртқа үдере көшті. Ирандағы қазақтар қазіргі Маңғыстаудан ауып келсе, Моңғолиядағы қазақтардың соңғы көші Сібірге барып паналағандар. Қазақстанның солт-нде қызылтабан болған қазақ жұрты екінші рет бас сауғалап Қытайға бет алған. Қызыл қырғыннан қашқан қазақтардың ұрпақтары сондай-ақ Қарақалпақстан, Түрікменстан, Өзбекстан, Тәжікстанға, Иран мен Ауғанстанға ауып барған. Қазақстан дүниежүз. қоғамдастықтың толық құқылы мүшесі болып отырған қазіргі жағдайда Қазақ диаспорасының, ҚР-мен біздің отандастарымыз мекендейтін елдердің өзара қатынастары мен байланыс мәселелері мемлекетаралық деңгейде өткір қойылып отыр. Қазақ диаспорасы біздің мемлекетіміздің қазақтар тұратын елдермен сыртқы саясатының маңызды бөлігіне айналды. Қазақстанда “Халықтың көші-қоны туралы заң” (1999) қабылданып, шет аймақтардағы қандастарымыздың ата жұртына – тарихи Отанына көшіп келу үрдісін реттеу ісі қолға алынды.
60.Қазақ халқының мүддесін қорғаушы – С.Садуақасов.
Смағұл Сәдуақасов (1900-1933) — кеңестік мемлекет, саяси, мәдениет қайраткер]. Бұрынғы Көкшетау облысы, Ленин ауданы, Жарқын ауылында туған.
Он жасына дейін «Ғалия медресесін» бітірген өз әкесі Сәдуақас хазіреттен тәлім-тәрбие алып, одан кейін Әбіл молда мектебінде білімін жалғастырады. 1912-1915 жылдары Павлодардағы екі кластық орыс-қазақ училищесін бітіріп, бір жыл мұғалім болады да, Омбыдағы ауылшаруашылық мектебіне түседі.
1918-1920 жылдары «Центросибирь» кооперативтер бірлестігінде қызмет етеді.
1920 жылы Орынборда Қазақстандағы алғашқы жастар ұйымының хатшысы болып сайланады.
Сол жылы жаңа құрылған Қазақ Автономиялы республикасының үкімет басшылығына қызметке алынады. 1925-1926 жылдары «Еңбекшіл қазақ» («Егемен Қазақстан») газетінің жауапты шығарушысы, әрі «Қызыл Қазақстан»
(«Ақиқат») журналының редакторы, 1925-1927 жылдары Қазақ АССР Халық ағарту комиссары, 1927-1928 жылдары Ташкенттегі қазақ педагогика институтының ректоры қызметтерін атқарды.
1928-1932 жылдары Мәскеу көлік инженерлері институтын оқып бітірген соң Мәскеу-Донбасс темір жол құрылысында инженер-құрылысшы болып еңбек етті.
Мемлекеттік, қоғамдық қызметпен қоса әдеби-ғылыми шығармашылықпен айналысып, сол кезде шығып тұрған қазақ, орыс тілдеріндегі көптеген газет-журналдарда саясат, шаруашылық, ел ісі, мәдениет, әдебиет, өнер, тарих мәселелерін сөз еткен мақалалары жарияланды.
Көркем әңгімелері де жарық көрді. Оның «Жастармен әңгіме» (Орынбор, 1925 жылы), «Ұлт театры туралы» (Қызылорда, 1926 жылы), «Қазақстандағы халық ағарту мәселелері» (Қызылорда, 1927 жылы) деген үлкенді-кішілі кітаптары жарық көрді. Сондай-ақ Қазақстандағы ұл-азаттық көтеріліс пен Қазан төңкерісінен кейінгі ел өмірін арқау еткен «Сәрсенбек» атты романы да бар. «Салмақбай, Сағындық» (1923 ж.), «Күміс қоңырау» (1927 жылы) повестері қазақ әдебиетіндегі проза жанрын дамытуға қосылған үлес болып табылады.
С. Сәдуақасов «Еңбекшіл қазақ» («Егемен Қазақстан») басылымды екі рет (1921 жылы қаңтар — 1921 жылы ақпан және 1925 жылы қаңтар — 1926 жылы сәуір) басқарған кісілердің бірі.
Смағұл Сәдуақасовтың бүкіл қайраткерлік, азаматтық болмысы жарқырай танылған кезең 1925-1927 жылдар еді. Бұл кезде ол республика халық ағарту комиссары, әрі өлкелік партия комитетінің бюро мүшесі болды. Бұл кезең сонымен бірге Ф.И.Голощекиннің Қазақстан өлкелік партия комитетін басқару кезімен дәлме дәл келеді.
С. Сәдуақасов мен Ф.Голощекиннің арасындағы келіспеушілік, қақтығысты тарихшылар төрт түрлі мәселеден сабақтап жүр. Олар біріншіден, мекемелердегі іс қағаздарын қазақыландыру, екіншіден, қазақтың оқыған, көзі ашық зиялы қауымына деген көзқарас, үшіншіден, байлар
мен орташаларға деген көзқарас, төртіншіден, өнеркәсіпті дамыту.
Асыл азамат 33 жыл ғана ғұмыр сүріп, 1933 жылы Мәскеу-Донбасс темір жол құрылысындағы апатта қайтыс болд
Смағұл Сәдуақасов биліктегі топты Мәскеулік әкімшілік алдында ұлттың ішкі өміріндегі кейбір мәселелерге байланысты толық сыр ашпауға шакырды. Ал, бірақ Орталық билік қазақ коғамы ішіндегі саяси ағымдар мен ұстанымдар жөнінде толық мәліметті сол қазақ қызметкерлерінің өздерінен-ақ алып отырды. Басқаша айтканда, империялық ұстанымдағы орталыққа қазақ қоғамының ішкі өміріндегі процестерді бақылап, өзіне тиімді бағыт-бағдар беріп отыру қиынға түскен жоқ.
60. Қазақ халқының мүддесін қорғаушы – С.Садуақасов
Қоғам және мемлекет қайраткері Смағұл Сәдуақасұлы – 1900 жылы Солтүстік Қазақстан облысының Уәлиханов ауданында туып, 33 жасында-ақ қыршынынан қиылған һәм осынша қысқа ғана ғұмырында ұлттық, мемлекеттік мүдде тарты-сына ерте араласып, аз жасында артына мол мұра қалдырып, мемлекеттіктің ны-ғаюы жолында көп іс тындырған ерекше құбылыс. Аққан жұлдыздай оның жүріп өткен қысқа жолы әркімге-ақ таңдай қақтырары хақ. 16-17 жасынан қазақ жас-тарының «Бірлік» атты тұңғыш ұйымына араласып, кейіннен Ақмола облыстық Алашорда комитетінде, Сібір төңкеріс комитетінде, Кеңестік Күншығыс ұлттары жастарының орталық бюросында, Қазақ автономиялық республикасының Жастар одағында, Қазақ ОАК төралқасында, Қазақ автономиялық республикасы Жоспар-лау комиссиясында, Халық ағарту комиссариатында жауапты қызметтер атқарды. 20 жасында қазақ жастарының көшбасшысы болса, 25 жасында білім мен мәдениетті үйлестірген ағарту министрі қызметін атқарыпты.
Қазақстандағы идеологияның тұтқасын ұстау 25 жасар жас жігіт С.Садуақасовқа тапсырылған еді. Жас болса да халықтың сауатын ашуда біршама табысты істер жасап үлгерген С.Садуақасов Голощекиннің саясатына қарсы бағыт ұстанды. Бұл жерде оның ұстанған бағыты саяси бәсекелестік немесе қызметке таласушылық емес еді. Керісінше өз ұлтының тағдырына жаны ашыған, қызыл империяның әділетсіз үстемдік саясатына наразылық болатын бұл. Николай патшаның жанұясын түгелімен атып бедел жинаған партияның мақтанышы саналған Голощеикнге ешкім қарсы келмеуі тиіс деп саналатын. Әрине мұндай озбырлыққа барған қаныпезер кісіге қазақ ауылында азамат соғысын қйымдастыру түкке тұрмайтын. Ж.мыңбаев, С.Садуақасов мынды азаматтар бірінші кезекке ұлттық мүддені қойып, осы үшін күресті. Қызмет мәселесі бұларда ұлттық мүддеден жоғары тұрған емес. Қазақ зиялыларының арасында қыңыр жақтығымен көзге түскен Ф.И.Голощекин С.Садуақасов жөнінде «Мен ауылда «Кіші қазан» жасау керек деймін, ал ол кез-келген «Қазанға» қарсы. Мен ауыл төңкерісі өзгеше тәсіл тілейді деп тұжырым жасасам, жолдас Сәдуақасов мұны жоққа шығарады. Біз ауылдағы азамат соғысына қарсы емеспіз, жолдас Сәдуақасов мұндай азамат соғысына түбегейлі қарсы. Біздің өзара келісе алмауымыздың мәні осы», - деп жазды. С.Садуақасовқа енді Қазақстандағы оқу-ағарту мәселелерін, Голощекиннің «Кіші қазан» идеясын жұртқа таныстыру және оның дұрыс емес екенін дәлелдеу үшін өзі басқарып отырған «Еңбекші қазақ» газеті мен «Қызыл Қазақстан» журналы қолайлы тірек болды. Алайда, 1925 жылы РК(б)П Орталық Комитеті қазақ баспасөзін екі рет ранайы қарады. Ондағы саясат баспасөз партиялық болуға тиіс. Бұл саясаттан газет-журналдардың сол уақыттағы саяси ахуал игі әсерін тигізе алмады. Белгілі ғалымдар М.Қойгелдиев пен
Т.Омарбековтың «Тарих тағылымы не дейді?» атты еңбектерінде, 1925 жылы 2 наурызда РК(б)П Орталық Комитетінің секретариаты «қырғыз баспасөзінің жағдайы және оны жетілдіру шаралары туралы» қарар қабылдады. Мұның нәтижесінде: «біріншіден, Ә.Бөкейханов бастаған бір топ алаштық интеллигенция осы жылы-ақ баспа орындарындағы қызметтерінен босатылды, екіншіден, сынға ұшыраған мерзімді баспасөздің біразы жабылды, үшіншіден, барлық мерзімді басылымдар, кітап шығару ісі үстінен қуатты партиялық бақылау орнады» - деген пікірлерін ескерсек, қайраткер С.садуақасов және т.б. алаш азаматтарының цензуралық басылымдық тар шеңберінде ұлт мүддесі үшін күресуге мәжбүр болғанынкөреміз. Бір сөзбен айтқанда бұқаралық құралдар енді партиялық тұрғыдан біржақты сөйлейтін болды. Сондықтан да олардағы «оңшыл ағымға қарсы» күрес, айыптаулар кеңес дәуіріндегі тарихи әдебиеттерде арнайы тоқталып кететін «елеулі мәселенің» бірі болып келді. Пратия ішіндегі таластары Одақтың басшылығында болып келген Сталин, Троцкий, Зоновьев, Каменев, Рыков, Бухарин сияқты ірі қайраткерлерді де қамтыды. Оларды қолдайтын кейінгі сатыдағы адамдар аз болған жоқ. Кімнің қай басшыны қолдайтынына байланысты «оңшыл», «солшыл» бағыттар пайда болды. «Оңшыл» бағыттың дем берушісі атанғандар ауыл шаруашылығының өндіруші күштерін дамыту, сол арқылы индустриялық дамудың қорын нығайту негізінде өнеркәсіпті өркендетуге бірте-бірте көшуі жағында болды. Ал «солшыл» бағыт социализм құруды жүргізу, осы жолда ауыл шаруашылығын колхоздастыру, қарапайым серіктестікпен ұйымдастырудың күрделі ұжымдық түріне өту және колхоздастыруды неғұрлым тездету үшін шаруаларға қысым көрсету шараларынан тайынбау керек деген пікірді ұстанды. Бұл үшін әлді, ауқатты шаруаларды тәркілеу, оларды шетке жер аударып, жалпы шаруалар бұқарасынан аластау қажет деп саналды. Баспасөз бетінде, жұртшылық алдындағы саяси насихатта бұл бағытты қолдаушылар бірін-бірі «оңшыл», «солшыл» деп айыптайтын болды. Төменгі сатыдағы коммунистердің және қарапайым халықтың бұл бағыттардың айырмашылғы жөніндегі түсінігі тіптен төмен еді. Солардың бір-бірінен қандай өзгешелігі бар? – деген сұрақ саяси білімі жоқ халық бұқарасына бұлыңғыр еді. Халық арасында осы бағыттарды объективті дұрыс түсіндіруге кеңестік жүйе мән бермеді. «Оңшылдар» оңға, «солшылдар» солға тартады, ал партия тура жолды таңдап отыр деген біржақты, саяси менмендік пікір үстемдік алды. Өкіметтің дәйексіз саясатынан шет қалған халық бұқарасы кеңестерге деген сенімнен қол үзе бастады.
«Қазақ елі ... мақсатына жету үшін ең әуелі өзінің ұлт екенін біліп, ұлттығын танып білу керек» деген ұстанымынан айнымаған алаштың ақсұңқар азаматы Смағұл Садуақасовтың қоғамдық-саяси қызметіне советтік дәуірде бір жақты баға
берудің салдарынан оның аты да аталмады, еңбектері мүлдем зерттелмеді. Советтік қызыл империя құрбаны, ұлт үшін отқа түскен асыл ер Смағұл Садуақасовтың есімін ел есінде мәңгі қалдыру, оның еңбектерін оқулықтарға енгізу, артында қалған мол мұрасын зерттеу – бүгінгі ұрпақ алдындағы үлкен парыз.
61. Қазақ зиялыларының Голощекиннің саясатына наразылығы.
Қазақстанда социализмнің бұрмалануы 1925 – 1933 жылдары Қазақ өлкелік партия комитетінің бірінші хатшысы болған Ф. И. Голощекиннің есімімен және қызметімен тікелей байланысты. Ол «қазақ ауылы», Қазан лебін сезінген жоқ, сондықтан «Кіші қазан» төңкерісін жасау қажет деген идеясын ұсынды. Голощекиннің бағыты елеулі қарсылыққа ұшырады, сол жағдайда ол И. В. Сталинге хат жазып, онда өлкелік партия комитеті бюросы бағытының өңін айналдыра баяндап берді. И. В. Сталин қысқа әрі мейлінше айқын жауап қайтарды, онда былай делінген еді: «Голощекин жолдас! Мен осы жазбаңызда белгіленген саясат негізінен алғанда бірден – бір дұрыс саясат деп ойлаймын И. Сталин». Осыдан бастап Голощекин идеясына жол ашылды.
Голощекиннің «Кіші Қазан» төңкерісінің бағыты: 1) өлке өнеркәсібін ұсақ және орташа деңгейде дамыту; 2) өлкені шикізат базасы ету.
Голощекин бұл идеясын 1927 жылы ұсынып, 1930 жылы VII өлкелік партия конференциясында нақтылады. Саяси бюро мүшелігіне кандидат А. А. Андреев VI Бүкілқазақтық партия конференциясында бұл бағытты қолдайтындығын мәлімдеді.
Ірі саяси қайраткер және экономист Смағұл Садуақасов «Кіші қазан» бағытына қарсы шығып, өз идеясын ұсынды.
Оның бағыты:
1. Өнеркәсіпті шикізат көзіне жақындату.
2. Қазақстанды ірі өнеркәсіптер еліне айналдыру.
Қазақстанда индустрияландыру жолдары туралы пікір сайыс барысында кереғар көзқарастар қалыптасты: Біреулер «түйеден социализмге» өту мүмкін емес, далада фабрикалар мен заводтар салу шамадан тыс нәрсе» болып табылады, «ұлттық өзіндік ерекшелікті» жояды деп пайымдады, енді басқа біреулер «қазақтандыру өндірісті қымбаттатып жібереді», қазақтармен «өнеркәсіп – қаржы жоспарын орындай алмайсын» және т. б. деп санады.
Жергілікті мамандардың индустрияландыруды жүзеге асыру барысындағы ұсыныс – пікірлері ескерілмеді. С.Садуақасов пен Ж. Мыңбаевтің өнеркәсіпте сақталып отырған отаршылдық құрылымды қайта қарау қажеттігі туралы айтқандары «ұлтшылдық көрініс» деп бағаланды. Өндіргіш күштердің даму деңгейіне, еңбек қорының дәрежесіне сәйкес келетін индустрияландыру қарқыны туралы ескертпелер « ұлыдержавалық шовинизм көрінісі» деп есептелді. Сөйтіп, теориядағы субективизм мен практикадағы әміршіл – ырықсыз әдістер
республиканың социализмге бет алуының балама жолын зерттеу мүмкіндігін жоққа шығарды.
62. Мәдениетте біржақты большевиктік тұжырымдаманың орын алуы.
Қазақстанға большевизмнің билікке келуі, Азамат соғысы кезінде басып қырылған халықты айтпағанда, Қазақстан тарихындағы 1921-23 ж 1,2 млн кісі қырылған «ұлы жұттан» басталды. Осы ортақ опат, барлық атқамінер азаматтарды алашсың , не большевиксің деп бөлмей «біп жеңнен қол, бір жағадан бас шығартты». Нағыз жаулауды большевиктер көрсетті. Олардың Қазақстанда 5 кеңестер съезінде автономияға тек «Қазақ» деген көне атауы қайтарылып ғана қоймай, іле-шала Қазақ АКСР басшылығына Голощекинді тағайындаудан басталлды. Голощекин төңірегіне бірыңғай жағымпаз, мансапқұмар, ұлты қазақ большевиктер жиылып, баяғы патша үкіметінің «бөліп ал да, билей бер» саясатын жалғастыруға мүмкіндік берді. Большевиктер билікке келгендегі ең бірінші қарарларына сай,Азамат соғысы кезіндегі көзқарастарына қарамай жалпы кешірім жарияласа да, бұл уақытша көз бүркеу болып, «алаш қозғалысына 1929-32 ж аралығында саяси нүкте қойылды. Бұл большевиктер режимінің қазақ руханиятының көш басында жүргек серкелеріне ойсырата берген соққы болды.
63. 20 ғ 30-40 жж қазақ жазуы туралы реформалары.
ХХ ғасырда Қазақстанда жазу мәселесі үш рет өзгеріске ұшырады. Ғасыр басынан қазақ жұрты арасында, мерзімді басылымда, мектеп- медреселерде кең түрде қолданылып келген араб жазуындағы әліпби болса, кеңестік жүйе орныққаннан кейін ХХ ғасырдың 20-40 жж. Қазақстанда жазуды өзгертуге байланысты екі бірдей реформа іске асырылды. Оның бірі – 30 ж. басында араб жазуынан латын әліпбиіне, екіншісі - 1940 жылы латындандырылған қазақ жазуын орыс графикасы негізіндегі жаңа әліпбиге көшіру болды. Ең алғашқы А. Байтұрсыновтың құрастырумен қазақ тіліне икемделген араб жазуындағы әліпбиі 1913 жылдардан бастап Қазақстанның мектеп- медреселерінде қолданыла бастады. Оның бұл әліпбиін қазақ жұртшылығы, әсіресе мұғалімдер қауымы ешбір талассыз қабылдады. Мұның себебін ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі, ф.ғ.д. Р. Сыздықова қазақ тілінің табиғатына, яғни сингармонизм заңдылығына сүйеніп, ғылыми негізде жасалған әліпби ретінде бағалады
Қазақ интеллигенциясының алдыңғы қатарлы өкілдері, оқушы жастар, оқытушылар латын әрпіне негізделген жаңа әліпбиге көшу мәселесін көтеріп, осы жаңа әліпби төңірегінде айтыс-тартыстар өрбіді. Әліппе мәселесіне байланысты ұлт зиялылары екі қанатқа бөлінді. Оның бірі – А. Байтұрсынов бастаған зиялылар болса, екіншісі латын әрібіне көшу мәселесін көтерген Н. Төреқұлов, М. Мұрзин тобындағы ұлт өкілдері еді. Қазақ ұлт зиялыларының да латын әліпбиін
насихаттаған еңбектері жарық көре бастады. 1924 жылы Нәзір Төреқұловтың «Жаңа әліпби неге керек?» деген кітабы Мәскеуде басылды. Әліпбиді өзгерту мәселесінің қайдан шыққандығына тоқтала отырып, латын әрібіне көшудің негізгі себебі араб әрібінің оқу мен жазуда қолайсыздығында деп көрсетті
Қазақстанда латын жазуынан кириллицаға көшіру мәселесі ұлт зиялыларының еңбектерін, әдеби шығармаларын орыс тілінен аударудан басталды. 1934 жылдың 1 қаңтарындағы Қазақ АКСР-і ХКК-нің «Қазақ 5 жазушыларының шығармаларын орыс тіліне аудару үшін төленетін 10 мың сом бөлу» турасындағы бұйрығы шығып, біртіндеп қазақ тіліндегі шығармаларды орысшаға аудару мәселесі қолға алына бастады
1940 ж. 13 қарашасында 2 қарашадағы қаулы негізінде «Латындандырылған қазақ жазуын орыс графикасы негізіндегі жаңа әліпбиге көшіру туралы» Заң қабылданып, орыс графикасына көшу елдің саяси және мәдени дамуына әсер тигізетіндігі, сондай-ақ КСРО құрамындағы ұлттар арасындағы достықты нығайта түсетіндігі айтылды. Жаңа жазбаға көшудің нақты мерзімі белгіленді. Бұл Заң республиканың өлкелік мерзімді басылымдарында жарияланды
Латын әліпбине қарағанда қарапайым халық орыс жазуын жеңіл қабылдады. Ұлы Отан соғысы басталғанға дейін республиканың барлық тұрғындары орыс жазуын толықтай меңгерді. КСРО түркі халықтарының жазуы ретінде Ұлы Отан соғысы кезінде орыс әліпбиінің (кириллица) енгізілуіне байланысты комитет таратылды. ХХ ғасырдың 20-40 жылдары қазақ жазуын үш бірдей арабқа, латынға, латыннан орыс жазуына(кириллица) көшіру еліміздің мәдени даму барысына біршама кедергілер келтірді. Бұл біріншіден, жаңа әріп жасауда, оны 8 насихаттауда, жаңа оқу құралдарын, кітаптарды шығаруда баспаханаларды ыңғайлауда көп қаражатты қажет етсе, екіншіден, араб жазуынан енді латын жазуын қабылдап, терең біліп келе жатқанда орыс жазуына көшіру тұрғылықты халықтың арасында қобалжулықтарды да туындатты. Алайда үкімет пен партия бұның бәрін халық жауларының әрекетіне таңды. Сонымен қатар қазақ жазуының бірнеше рет өзгеріске ұшырауы мәдени құндылықтарымызды пайдалануда біршама қиындықтар тудырды. Араб, латын әрібінде жазылып, жарық көрген көптеген кітаптарымыз кітапхана сөрелерінде жатып қалды.
64. Қазақстанда ғылым мекемелерінң дамуы.
Қазақстанда ғылыми ой-пікірдің тууы ежелгі замандардан бастау алады. Қазақстандағы алғашқы мемл. ғыл. мекемелер, негізінен, а. ш-мен байланысты болды. Олар: Өлкелік өсімдік қорғау ст. (1924), Тыңайтқыш және агроном.-топырақтану ғыл.-зерт. ин-ты (1926), 1925 ж. Санитариялық-бактериол. ин-т ашылды. Алматы Бас геол. к-тінің және Түсті металдар ин-тының бөлімшелері жұмыс істей бастады. Одақтас және автон. республикалардың табиғи қорларын
зерттеу жөнінде құрылған ерекше к-т 1920 жылдың басында-ақ Қазақстанды кешенді зерттеу жөнінде шаралар белгіледі. 1927 ж. республиканың табиғи ресурстарын кешенді түрде зерттеу жөнінде КСРО ҒА-ның қазақстандық экспедициясы құрылып, оны акад. А.Е. Ферсман басқарды. 1932 жылдың КСРО ҒА-ның қазақстандық экспедициясы отрядтарының негізінде дербес 8 экспедиция ұйымдастырылды. 1932 ж. қарсаңында республикада 10-нан астам ғыл.-зерт. ин-ты мен тәжірибе ст., жүздеген тірек пунктері, лаб-лар мен ауа райын зерттеу ст-лары, бірсыпыра геол. барлау ұйымдары болды. ҚазАКСР Мемл. жоспарлау комиссиясы жанындағы экон. зерт. ин-ты, а. ш-н қайта құру, қой ш., сойыстық мал ш., топырақтану, құрылыс ин-ттары сол кездегі ірі ғыл. мекемелердің қатарына жатады. Сол жылдары геологтар А.А. Гапеев пен Д.Н. Бурцев Қарағанды алабында жаңа көмір кен орындарын ашты. М.П. Русаков, Қ.И. Сәтбаев, Р.А. Борукаев Қоңыратта, Жезқазғанда және Бозшакөлде мыс кен орындарын барлады. Республика ғылымын дамытуда қол жеткен табыстардың нәтижесінде және ғыл.-зерт. жұмыстарын ұйымдастыруды жақсарту және оларды үйлестіру мақсатында Кеңес үкіметінің және КСРО ҒА төралқасының шешімі бойынша 1932 ж. 8 наурызда КСРО ҒА-ның Қазақстандық базасы құрылды. Онда небары зоология және ботаника секторлары жұмыс істеді. 1935 ж. құрамында қазақ тілі мен әдебиеті, халық шығармашылығы секторлары бар Қазақ ұлттық мәдениеті ғыл.-зерт. ин-ты база қарамағына берілді, сол жылдары Алматыда Ботаника бағының негізі қаланды. Медицина ғылымы дамыды. 1933 ж. Мал ш. ин-ты, 1935 ж. Егіншілік ин-ты, Мал дәрігерлік және а. ш. экономикасы ин-ттары құрылды. А. ш. тәжірибе ст-ларының тұтас жүйесі пайда болды. Мамандандырылған ин-ттар – а. ш-н механикаландыру және электрлендіру, су ш., орман ш., өсімдік қорғау, жеміс-жүзім ш., астық ш. ин-ттары ұйымдастырылды. 1940 ж. Бүкілодақтық а. ш. ғылымдары академиясының (ВАСХНИЛ) Қазақ бөлімшесі құрылып, оған республиканың а. ш. саласындағы ғыл.-зерт. мекемелеріне басшылық ету және олардың жұмысын үйлестіру міндеті жүктелді. Совет 1938 ж. КСРО ҒА-ның Қазақстандық базасы Қазақ бөлімшесі болып қайта құрылды. Бөлімше президиумын акад. А.Д. Архангельский басқарды. Бөлімше ұйымдастырылғаннан кейін ғыл.-зерт. ин-ттарының жүйесі жедел қарқынмен дами бастады. 1939 ж. бөлімше жанынан топырақтану және география секторлары құрылды. Қарағандыда Ботаника бағының негізі қаланды. 1941 ж. Тіл, әдебиет және тарих ин-тының лингвистика бөлімі, 1940 ж. Геологиялық ғылымдар институты ұйымдастырылды. КСРО ҒА-ның Қазақ бөлімшесінде 2-дүниежүз. соғыс басталар алдында 100-ге жуық ғыл. қызметкер, олардың ішінде 3 ғыл. докт., 14 ғыл. канд. жұмыс істеді. Соғыс жылдары республикаға еліміздің көптеген ғыл. мекемелері мен жоғары оқу орындары көшіп келді. Есімі бүкіл әлемге әйгілі ғалымдар – И.П. Бардин, Л.С. Берг, В.И.Вернадский, Н.Ф. Гамалея (1859 – 1949), И.И. Мещанинов,
Н.Д. Зелинский, Л.И. Мандельштам (1879 – 1944), Н.В. Цицин (1898 – 1980), С.Г. Струмилин (1877 – 1974), А.М. Панкратова, А.Е. Фаворский (1860 – 1945), С.Е. Малов, В.Г. Фесенков (1889 – 1972), Г.А. Тихов (1875 – 1960), Б.А. Воронцов-Вельяминов (1904 ж.т.), т.б. осында қызмет етті. Оралдың, Бат. Сібірдің және Қазақстанның ресурстарын Отан қорғау ісіне жұмылдыру жөніндегі КСРО ҒА-ның комиссиясы іске кірісті, оны акад. В.Л. Комаров (1869 – 1945) басқарды. Ғалымдар қорғаныстық және халық ш. маңызы бар ұсыныстар жасап, оларды өндіріске енгізді, қара металдар, молибден, вольфрам, марганец кентастарының, т.б. шикізат ресурстарының мол қорын ашты. Адамдарға қан құю қызметі ұйымдастырылды, жұқпалы жараларды жедел емдеу әдістері кеңінен қолданылды. 1942 ж. Астрономия және физика, Химия-металлургия ин-ттары құрылды. 1943 ж. топырақтану-ботаника, зоология және тропиктік аурулар ин-ттары құрылды. 1942 – 45 ж. КСРО ҒА Қазақ бөлімшесінің ғыл. мекемелері негізінде мамандандырылған химия, металлургия және кен байыту, отқа төзімді материалдар мен құрылыс материалдары, зоология ин-ттары ұйымдастырылды. 1945 ж. Тарих, археология және этнография, Кен ісі, Топырақтану ин-ттары, Математика және механика секторы жұмыс істей бастады (қ. Қазақстан Ұлттық ғылым академиясы). Қазақстан Республикасы мемл. тәуелсіздігін алғаннан кейінгі жылдар ішінде (1991 – 2003) ғыл.-тех. саланы ұйымдастыруды реформалау жобалары бойынша үлкен жұмыстар атқарылды, ғылым мен техника және елдің мемл. ғыл.-тех. саясатын мемл. басқарудың негізі қаланды. 1991 жыл еліміздің ұлттық жетістігі есебіндегі отандық ғылым дамуының жаңа кезеңі басталғандығымен ерекшеленді. Қазақстанның құқықтық меншігіне 100-ден астам жалпы одақтық мемл. ғыл.-тех. мекемелер өткендіктен ғылымды мемл. қолдаудың маңыздылығы күрт өсті. Жаңа жағдайларға байланысты қысқа мерзім ішінде мемл. ғыл.-тех. саясатты айқындау қажеттілігі туындады, елдің ғыл.-тех. күш-қуатын сақтап қалу мен одан әрі дамыту үшін ғыл.-тех. саланы мемл. басқарудың тиімді құрылымын қалыптастыру мәселесі туындады. Қазақстан Республикасы Жоғ. Кеңесінің 1992 жылғы 15 қаңтардағы қаулысымен “Қазақстан Республикасының ғылым және ғылыми-техника саясаты туралы” Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Осы жылы ҚР Президентінің “Экономикалық реформалар жағдайында Қазақстан Республикасы мемл. басқару органдарының іс-қимылдары мен ұйымдастыруын жетілдіру” туралы Жарлығымен Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технология мин. құрылды. Министрлікке мынадай міндеттер жүктелінді: республиканың ғыл.-тех. саласының дамуы жолында мемл. саясат жүргізу; ғыл. және ғыл.-пед. кадрлар даярлау жұмыстарын үйлестіру; ғыл.-технол. салада халықар. ынтымақтастықты ұйымдастыру. 2000 ж. қайта құрылған ҚР Білім және ғылым мин. – ғылым мен ғыл.-тех. саладағы іс-әрекеттерді жүзеге асыратын, респ. бюджет есебінен қаржыландырылатын ғыл.-зерттеу бағдарламаларына
үйлестіретін бірыңғай мемл. өкілетті орган болып табылады. Министрлікке білім және ғылым мен техника саласында бірыңғай мемл. саясатты қалыптастыру мен жүзеге асыру, кепілдік етілген көлемде ақысыз білім алуды мемл. оқу орындарында қажетті жағдайлармен қамтамасыз ету, ғылым мен техниканы дамытудың басым бағыттарына қорларды шоғырландыру, сондай-ақ, ғыл. және пед. кадрларды аттестациялау мен даярлау міндеті жүктелген. Министрлік қарамағында әр түрлі бағыттағы 130 ғыл. мекеме бар. Ғыл. зерттеулерді ҚР Президенті ұсынған “Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі қалыптасуы мен дамуы стратегиясы” аясында халықтың рухани мәдениетін түлетуге, сондай-ақ республикадағы өзге де әлеум.-экон., экол. және ғыл.-тех. мәселелерге байланысты өзекті мәселелерді шешуге бағыттауға ерекше назар аударылды. Ғылымды ұйымдастыруды жетілдіру мен ғыл.-тех. потенциалды дамыту, ғыл.-тех. саланы мемл. басқарудың бірыңғай жүйесін жасау Қазақстан Республикасының егемендік жолындағы стратегиялық қадамдары болды.
65. 1926 ж Қазақстандағы халық санағы.
Ең толық халық санағы 1926 жылы өткізілген Бүкілодақтық халық санағы болды. Қазақстан халқының саны толығымен 1914 жылғы дәрежеге жеткен. 1926 жылдың 17 желтоқсанындағы халық санағы бүкіл халықтық іс болды. Партияның Орталық комитеті, жергілікті партия органдары санақ талаптарын бірінші кезекте орындады. Осы маңызды іс-шараға бүкіл халықты жұмылдырды. 1926 жыл санағы бойынша, Қазақ АКСР-інде 20-дан астам этнос мекендеген. Қазақ АКСР Мемлекеттік жоспарының ережесіне сәйкес, халықтың 70%-ы бір халық өкілдерінен құралса, онда бұндай әкімшілік бір ұлтты деп есептелген [3, 8]. Бұл көзқарас тұрғысынан Адай (барлығы – 135 555, оның 131 476-сы қазақтар), Қарқаралы (барлығы – 183 089, оның 178 388-і қазақтар), Қызылорда (барлығы – 317 051, оның 276 483-і қазақтар), Гурьев (барлығы – 168 526, оның 138 656-сы қазақтар), Сырдария (барлығы – 885 280, оның – 643 763-і қазақтар), Орал (барлығы – 436 678, оның – 303 528-і қазақтар) округтері бірыңғай бір ұлтты болды. Бес мал шаруашылықты округ пен бір мал және егін шаруашылықты округ бірыңғай қазақтардан тұрды. Петропавл округіндегі 723 985 адамның 171 085-і қазақ болды. Қостанай (43,0%) және Павлодар (53,4%) округтерінде де қазақтар басым түсті. Қарақалпақ автономиялық облысында жергілікті ұлт өкілі – қарақалпақтар басым болды (барлығы – 304 541, оның 116 125-і қарақалпақ).
1926 жылғы Бүкілодақтық халық санағы халықты есепке алу жүйесінің дұрыс жолға қойылғанын дәлелдеді. Бірақ шаруаларға қарсы бағытталған кейінгі шаралар елдің демографиялық жағдайын қатты өзгертті. Халықты есепке алу жүйесі дағдарысқа ұшырады. Соңғы сенімді ақпаратқа 1931 жылдың жазындағы материалдарды ғана жатқызуға болады. Статистиктер үшін 1926 жылғы санақтан
кейін басталған жаңа серпін ұзаққа созылмады, 1930 жылы «Статистика хабарламасы» және «Статистикалық шолу» журналдары, Орталық статистика басқармасы жабылып, орнына 1931 жылдың аяғында Мемлекет жоспарының құрамындағы Халық шаруашылығы есебінің Орталық басқармасы (ЦУНХУ) құрылды. Бірақ ол Орталық статистика басқармасындағыдай дербестікке ие бола алмады. Ауыл шаруашылығын жаппай ұжымдастыру және көшпелі қоғамды отырықшылыққа күштеп көндіру, кулактарды кәмпескелеу науқанының салдарынан туу мен өлім-жітімді жүйелі есепке алу қиындады.
66. 20 ғ Қазақстан астаналары.
Қазақстан астанасы – Қазақстанның саяси-әкімшілік орталығы, ұлттық бірлік пен тәуелсіздіктің символы. 1920 жылы 26 тамызда Бүкілресейлік ОАК мен РКФСР ХКК “Қырғыз (қазақ) автономиялы социалистік кеңес республикасын құру туралы” Декрет қабылдады. РКФСР БРОАК-тің 1920 жылы 22 қыркүйектегі жаңа Декретімен Орынбор губернаторлығы мен Орынбор қаласы ҚазАКСР құрамына қосылды. 1920 – 25 жылдары Орынбор қаласы Қазақстан астанасы болды. 1925 жылы Орта Азиядағы ұлттық-аумақтық межелеуден соң, Түркістан АКСР-нің құрамында болып келген Сырдария және Жетісу облыстары, сондай-ақ Қарақалпақ автономиялық облысы Қазақ автономиялық республикасы құрамына енді, сөйтіп, ел астанасын шалғайда орналасқан Орынбор қаласынан қазақтың қалың ортасына көшіру мәселесі қайта көтерілді. Қазатком сессиясы (қыркүйек, 1924) ел астанасын Ташкентке ауыстыру, оған рұқсат етілмеген жағдайда Шымкентке көшіру жайында қаулы алды. Алайда, Мәскеудің араласуымен, республика астанасы Ақмешітке ауыстырылады деп шешілді. 1925 жылы 9 ақпанда Қазақ АКСР-і ОАК төралқасы О.Исаевтің баяндамасы бойынша мемлекет астанасын Орынбордан Ақмешітке көшіру туралы шешім шығарды. Сол жылғы 15 – 19 сәуірде Ақмешітте өткен Кеңестердің Бүкілқазақстандық V-съезі халқымыздың орысша “киргиз” деп аталуын “қазақ”, “Киргиз АКСР-і” атауын “Қазақ АКСР-і” деп өзгерту, ал республика астанасы Ақмешіт қаласының атауын Қызылорда деп атау туралы қаулы қабылдады.
Қызылорда қаласы 1925 жылдың көктемі мен жазында мемлекеттік басқару органдары Сыр бойына көшірілді. Орынбор шаһары мен губерниясы Ресей Федерациясы құрамына берілді. Жаңа астана құрылысына және Қызылорданың Қазақстанның саяси, экономикалық
және мәдени орталығы ретіндегі қызметін орнықтыруға С.Қожанов, Т.Рысқұлов, Ж.Мыңбаев, Н.Нұрмақов, М.Тынышпаев, А.Кенжин, С.Ақаев, А.Серғазин, О.Исаев, С.Сәдуақасов, С.Есқараев, т.б. қоғам қайраткерлері белсенді қатысты. Қызылорда 1929 жылы мамыр айына дейін Қазақ АКСР-і астанасы болды (қ. Қызылорда).
Алматы қаласы
Сыр бойының экономикалық және табиғи жағдайы қолайсыз дегенді желеу еткен Ф.И. Голощекин басқарған БК(б)П Қазақ өлкелік комитетті ел астанасын Қызылордадан орысы басым Алматыға ауыстыруды жөн деп тапты. 1927 жылы 3 наурызда Қазақстан астанасын Алматыға көшіру жөнінде Қазақ АКСР-і ОАК мен республика ХКК-нің қаулысы жарияланды. Бұл қаулы Қазақстан Кеңестерінің VІ-съезінде бекітілді (1927 жылы 3 сәуір). Қазақ АКСР-і орталығының Алматыға көшірілуі жөніндегі шешімді РКФСР ОАК мен ХКК мақұлдады (1927 ж. 30 мамыр). Ел астанасының Сыр өңірінен Жетісуға ауысуына Түркістан-Сібір темір жолының іске қосылуы да әсер етті. Ауа райы оңтайлы, табиғи көркем жерде орналасқан Алматы аз уақыт ішінде елдің саяси, экономикалық, мәдени орталығына айналды. Бас қала болған жылдары Алматы миллионнан астам тұрғыны бар, жан-жақты дамыған әсем қалаға айналды. Алматы 1997 жылға дейін Қазақстанның астанасы болды (қ. Алматы).
Астана 1991 жылы Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін астананы елдің оңтүстік-шығысынан республиканың орталығы бөлігіне көшіру мәселесі көтерілді. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тапсырмасы бойынша мемлекеттің жаңа астанасын орналастыруға оңтайлы қаланы анықтау мақсатымен республиканың бүкіл аумағы мұқият зерттелді. Талдау қорытындылары барлық нұсқалардың ішінен ең қолайлысы Ақмола қаласы екендігін көрсетті. Бұл қаланың орналасқан орнысәулетшілік тұрғысынан кез келген жобаны жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Оның үстіне Қазақстанның географиялық орталығы ғана емес, қала елдің аса маңызды шаруашылық аймақтарына таяу, ірі көлік жолдарының торабында орналасқан. Мамандардың бағалауы бойынша Ақмолада тұрғын үйлер мен әкімш., іскерлік ғимараттарын салу бағасы Алматымен салыстырғанда едәуір арзанға түседі, бұл – шығынды азайтуға мүмкіндік береді. Республиканың Жоғарғы Кеңесі ел Президентінің айқын дәлелдерімен келісіп, оның астананы Ақмолаға көшіру туралы ұсынысын мақұлдады. 1995 жылы 15 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың “Қазақстан Республикасының астанасы туралы” Заң күші бар Жарлығы жарияланды. Осы уақыттан бастап Республиканың Президенті резиденциясының тұратын жері Ақмола және Алматы қалалары болып белгіленді. Жоғары мемлекеттік органдарды Ақмола қаласында орналастыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру үшін Қазақстан Республикасының мемлекетік комиссиясы құрылып, оған орталық және жергілікті атқарушы органдардың бұл мақсаттағы атқаратын қызметін үйлестіру құқығы берілді. Президент Жарлығы бойынша Республика үкіметі Ақмола қаласын абаттандыру жөніндегі бюджеттен тыс қаражатты жинақтау мақсатында “Жаңа астана” қорын ашты. 1997 жылы 20 қазанда Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстанның жаңа астанасы Ақмола қаласы болғанын ресми түрде жариялады. 1997 жылы 8 қарашада Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері мен Президент байрағын Алматыдан Ақмола қаласына шығарып салудың салтанатты рәсімі өтті. 1997 жылы 3 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің кеңсесі Ақмолаға көшті. Сол жылғы 9 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Ақмолаға ресми түрде аттанды. 1998 жылы 6 мамыр күні Президент Жарлығымен Ақмола қаласының аты Астана болып аталды. Қаланың Қазақстан Республикасының астанасы ретіндегі ресми тұсаукесері 1998 жылы 10 маусымда болып өтті.[1]
67. Сүлейменов – қоғамдық саяси қайраткер.
Олжас Омарұлы Сүлейменов – ақын, жазушы-әдебиеттанушы, орыс тілді қазақ, тілтанушы, Қазақтың қоғамдық-саяси қызметкері және дипломат. Олжас Омарұлы Сүлейменов 1936 жылы 18 мамырда кавалер полкінің офицері отбасында туған, 1937 жылы репрессияға ұшыраған. 1954 жылы мектепті бітірген соң, Қазақ мемлекеттік университетіне геологиялық барлау факультетіне түсті. Оқуының соңғы жылдарын жұмыспен ұштастырып, геологиялық барлау партиясында жұмыс істеді. 1955 жылы әдебиетке деген құлшынысынан жұмыс істей бастады, 1958 жылы екінші рет Мәскеудің А. М. Горький атындағы Әдебиет институтына поэтикалық аударма бөліміне түсіп, 1961 жылы бітіріп шықты.«Казахстанская правда» газетінде әдеби қызметкер болып жұмыс істеді, «Қазақфильм» киностудиясында сценари-редакциялық коллегиясының бас редакторы, «Простор» журналының журналистика бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан жазушылар одағы
басқармасының хатшысы болып сайланды. Гагариннің космосқа ұшқанын хабарлағанда, 1961 жылдың 12 сәуірінде Олжас Сүлейменовтың өлеңі газетке шыққанда листовка ретінде Алматы және басқа да Қазақстанның қалаларында ұшақтан жерге лақтырылды. Әсерлегіш заманалық маңызы бар жаңалық, ақын өлеңін бір аптада «Адамға табын жер енді!» поэмасына айналдырды да, мамырда жарыққа шықты, бұл авторға үлкен танымалдылық сыйлады.
Сүлейменов сол сияқты танымалы автор, «Игорь полкы туралы сөзіне» де арнаған. Бұл тақырыпқа ол 1961 жылдан қызыққан болатын, Әдебиет институтының студенті бола жүріп, «Сөз» туралы жұмысын жариялаған. Оның дипломдық жұмысының тақырыбы тарихи грамматика бойынша – «Повести временных лет» жанды және жансыз категориялар», кандидаттық диссертациясының тақырыбы «Игорь полкы туралы сөзіндегі Тюркология» [2, 84-б.].Сүлейменов өз концепциясында «Мен бірінші рет, «Игорь полкы туралы сөз» екі тілді оқырмандар үшін екітілді автордың жазғанын айттым дейді [1, 13-б.]. Түркі тілін білетін орыс жазды десек те болады. Яғни, сол кезде Ресейде билингвизм қолданылған. Мен осыны, көптеген көне рессей деректеріндегі мәліметтерге сүйене отырып дәлелдегім келді. Кеңестік дәуірдегі тарихи ғылымда, орыс тіліне половецк және татар-монгол шапқыншылығы кезінен тек қана бірнеше түрік сөздері енді, олар арқан немесе қымыз деген. Мен КӨРІНБЕЙТІН түркизм туралы айтқанмын, әрқашан орыстікі деп есептейтін. Бұл енді академиктерді таң қалдырды. Мені таң қалдырарлық жай, алғаш екітілде оқитын оқырмандар қатарынан табылып «Игорь полкы туралы сөзін» оқыдым.
Сүлейменовтің жалпы жұмысының негізі «Сөздегі» кең көлемдегі түрік лексикасы мен түрік фразаларының қабатын анықтауға бағытталған, толық аяқталған мағынаға ие болған, сол сияқты «АзиЯ» кітабымен жалпыға танылды.
Кітап алғаш рет Ресей мәдениет фондының «Грифон» баспасымен Ресейде 2005 жылы шыққан, төрағасы Никита Михалков болған.
Сүлейменов 1972 жылдан бастап Қазақ комитетінің Азия және Африка жазушылармен байланыс орнатудың төрағасы болған. 70 жылдардан–80 жылдардың аяғына дейін Кеңес комитетінің Азия және Африка елдерімен байланыс орнату төрағасының орынбасары болып қызмет атқарған. 70-шы жылдары әдеби дарыны мен азаматтық көзқарасы айқын көрінеді. 18 жыл Қазақстан шахмат федерациясын басқарған, мемлекеттің саяси өміріне де белсенді араласқан.
Олжас Сүлейменов 1989 жылдың басында КСРО халық депутатына сайлау алдындағы бағдарламада Қазақстан Жазушылар Одағында бірінші хатшы болды.
Оның бағдарламасының бірінші пункті-Қазақстанда атом сынағына тыйым салу. 1973 жылы Олжас Сүлейменов кеңес уақыты кезінде Қазақстан туралы «Жабайы жер» деген өлеңін жазған, соңғы шумағы «Сынаққа тыйым салынсын» деп аяқталады. Әрине өлең Семейдегі атомдық полигон сынағы туралы. Қызу соғыс кезінде болғандықтан ерлік болып саналған. Тек 1949-1963 жылдар аралығында жарылған атомдық және сутекті бомбалардың қуаты Хиросимаға лақтырылған американың атом бомбасынан 2500 рет қуатты болған. Әрине өлең Семейдегі атомдық полигон сынағы туралы. Қызу соғыс кезінде болғанда бұл ерлік болып саналар еді. Тек 1949-1963 жылдар аралығында жарылған атомдық және сутекті бомбалардың қуаты Хиросимаға лақтырылған американың атом бомбасынан 2500 рет қуатты болған. Ол аймақта үрейлі экологиялық апат тудырды. Халық ақыны өз өлеңдерімен осы жағдайларды елге жеткізіп, қарсы тұрмағанда басқа кім жырлар еді.
1989 жылдың ақпан айында Олжас Сүлейменов Қазақстан халқына үндеуімен теледидардан шығады, келесі күні Алматыдағы Жазушылар Одағының ғимарат алдындағы көтерілісте, атомдық бомбаға қарсы «Невада-Семей» қозғалысын жариялайды. Бір ай ішінде атомдық бомбаға қарсылық туралы халық ішінен 4 миллион қолхат жиналады. Жаз айында Олжас Сүлейменов КСРО халық депутаттарының 1 съезінде қозғалыстың мақсаты мен талаптары туралы мәлімдеме жасайды. 1989 жылдың 19 қазанында Семейде атом сынағы тоқтатылғаннан кейін, 1990 жылдың мамыр айында алғаш «Ядроға қарсы конгресс» өтті. Конгресс мемлекеттің қатысуынсыз өтті, өйткені мемлекет пен қозғалыстың мақсаттары бір-біріне қарама-қайшы келетін, қоғам жарылысты тоқтатуды талап етті, мемлекет жалғастыруда болды. Қозғалысқа көмек ретінде шахматтан әлемнің экс чемпионы Анатолий Карпов Әлем Фондынан 400000 рубль аударады. Олжас Сүлейменов 1977-1995 жылдар аралығында Қазақстандағы шахмат федерациясының төрағасы болған [3, 1-б.]. 1991 жылы 29 тамызында Н.Ә. Назарбаевтің жарлығы бойынша мәңгіге полигон жабылды, содан кейін атом жарылысына қарсы әлем бойынша мораторий өтті: Жаңа Жерде (Ресей), Невадада (АҚШ), Муруорада (Франция), Лобнор көлі (Китай) да атом жарылысы тоқтатылды. Атом жарылысын тоқтату туралы көп мемлекеттер өзара келісім құрды. Атом жарылысына қарсы халық қозғалысына арнап Жазушылар Одағының ғимарат алдына жазумен гранитты куб қойылған.
Осындай жетістіктерден кейін қозғалыс «Қазақстан Халықтық конгресі» атты саяси партияға айналды (1991-1995). Осы жылдар бойы Сүлейменов Олжас Омарұлы партия жетекшісі болды.
1995 жылы Олжас Сүлейменов Қазақстан Республиканың Президентінің дипломатиялық жұмысқа көшу туралы ұсынысын қабыл алды. Ол Грецияда, Италияда және Мальтада Қазақстанның Төтенше және Өкілетті елшісі болып жұмыс істеді. 1997 жылы Италия Президенті Оскар Луиджи Скальфаро ҚР-на алғаш рет ресми түрде келіп, екі мемлекет арасындағы ынтымақтастық келісімі жасалады. Осындай келісімді Азия континентінде Италия тек Жапониямен жасаған болатын.
Олжас Сүлейменов тарихты түсінуінің нәтижесінде кейде этногенездерінің арасында орасан зор уақыттық және кеңістіктік аралық болған автор шумерлердің, арамейлықтардың, түркіліктердің, ассириялықтардың, скандинавтардың және роман тілді халықтардың жазбаларында табылған дәлелді параллельдер мен тұспа-тұс келулерді көреміз. О. Сүлейменовтың абсолютті поэтикалық естуі осы тілдердегі бірдей сөздердің фонетикалық өзгерістерін табуға мүмкіндік берді, осының арқасында қатал алгоритмге негізделетін еуразиялық ежелдік пен көне замандықтың жаңа тұжырымдамасы туралы батыл айтуға болады. Ежелгі әлем жазбасының таңбалары келесі тілдердің көбірек жетілген грамматикалық жүйелеріне дамып, қоршаған орта туралы білімдері жоғалмай, одан әрі толықтырылып, байытылды. Көршілік және мирасқорлық идеялары соңында әрқашан да халықтар өміріндегі идеологиялық, нәсілдік және басқа да бүлдіргіш тенденцияларын жеңіп шығады.
Кітапқа синкретизм тән болады, бұл әдіс кезінде көркемдік элементтері публицистика мен философиялық қорытулармен тұспа-тұс келеді. Ақын ойының еркін ұшуы дайын ақиқатты қабылдамайды, бұл қалыптасқан пікірлердің жалған тұтастылығын тарату үшін жасалатын ұшу болады. «Тарихтан бұрынғы түркілер» – жаңа заманғы мәдениет құбылысы.
Орасан зор еуразиялық континентте тұрып жатқан халықтар тілдерінің ғұмыры туралы кітаптарында О.Сүлейменов түркі тілінің энергетикалық даласы бойынша еркін және сенімді шарлайды, бұл дала оның интеллектісінің астында ноосфераға дейін кеңейеді.
68. 20 ғ басындағы орыс буржуазиялық төңкерісінің Қазастандағы ықпалы.
Жалпы Қазақстан еңбекшілерінің саяси оянуына, өлкедегі отаршылдық езгіге, әлеуметтік теңсіздік пен қанаудың басқа да түрлеріне қарсы ұлт-азаттық,
жұмысшылар мен шаруалардың бостандығы жолындағы қозғалыстардың ерекше серпін алуына, әрине, патшалық Ресейдегі 1905-07 жылдарда өткен тұңғыш буржуазиялық-демократиялық революцияның ықпалы зор болды. Біріншіден, өлкенің экономикалық және саяси дамуы дәрежесінің салдарынан жұмысшы қозғалысы өрістеді. Екіншіден, оған өнеркәсіп пен қала жұмысшылары қатысты. Үшіншіден, аграрлық қозғалыстар, негізінен, қазақ ауылдарының, қоныс аударған деревнялардың, еңбеккерлер топтарының іс-әрекеттерінен көрінді. Төртіншіден, ұлт зиялылары қоғамдық-саяси жұмысқа белсене араласып, ұлт-азаттық қозғалысты жаңа сатыға көтерді. Сөйтіп, 1905-1907 жылдарда өткен Қазақстандағы жұмысшы қозғалысы өзінің саяси дамуының жаңа кезеңіне қадам басты. Қазақ даласында осы жылдары Ресейдегі революциялық процестердің жалпы барысымен тығыз байланысты жұмысшылардың бірқатар саяси және экономикалық толқулары болып өтті. Оларға 1905 жылдың желтоқсанында Успенск мыс руднигіндегі, 1907 жылдың маусым айында Спасск мыс қорыту зауытындағы, Қарағанды кендеріндегі, сондай-ақ, Семей, Орал, Ақтөбе, Верный, Қостанай және басқа да қалалардың кәсіпорындарындағы өткен ереуілдерді жатқызуға болады. Ресей империясындағы 1905 жылғы қалыптасқан саяси ахуал қазақ халқының азаттық қозғалысының жаңа сатыға көтерілу кезеңін бастап берді. 1905 ж. cаяси оқиғалар туралы алғашқы хабарлар қазақ даласына жетісімен, Ә. Бөкейханов атап көрсеткендей, "бүкіл дала саясат аясына тартылып, азаттық үшін қозғалыс тасқыны құрсауына енді". Сол кезеңдегі әкімшілік орындарына түскен мәліметтердің бірінде: "Патша үкімдерінің жариялануынан бері қарай қырғыз жұрты мерзімді басылымдарға қызығушылықпен зер сала қарай бастады. Сауаты барларының көпшілігі астаналық газеттерді жаздырып алуда. Қырғыздар арасында бұрын-соңды болмаған құбылыстар байқалуда" – делінген. Қазақ даласында байқалған мұндай құбылыстардың бірі өлкенің барлық елді мекендерінде қазақтардың үлкенді-кішілі жиылыстарының өткізіле бастауы еді. Мұндай жиылыстарда қазақ жұртының көкейтесті мұқтаждықтары талқыланып, ол жөнінде орталық үкімет орындарына тапсыруға петициялар әзірленді. Осылайша қазақ даласындағы саяси күрес патшаға, орталық билікке петиция жазып тапсыру түрінде көрініс ала бастады. Қазақтардың орталық билік орындарына тапсырған петицияларында жерді тартып алуға, салықтың ауырлығына, төменгі басқару органдары мен патша чиновниктерінің тарапынан озбырлық, қиянат, қоқан-лоқы
жасалуына наразылық білдірілді. Сонымен бірге өздерінің діни істерін Орынбор муфтилігіне қарату, қазақ арасында оқу-ағарту ісін ретке келтіру және өлкеге земство енгізу сұралды. Отарлық тәуелдіктегі қазақ елінің мұң-мұқтажын білдірген петицияларды жазып, оны тиісті орындарына тапсыру ісі 1905 ж. көктем айларында-ақ қолға алынған болатын. Мәселен, 1905 ж. сәуірдің 2-інде Ақмола қаласындағы Халфин деген қазақ саудагерінің үйінде жиылыс өтіп, Петерборға барып петиция тапсыру үшін арнайы делегация сайлап жіберу мәселесі қарастырылған. Ақмола қаласында өткен осы жиылысқа әкімшілік орындарында тілмаштық қызмет атқарған Серкебаев, Кенжебаев және Сатыбалдиндер басшылық жасаған. Қазақ даласынан петициялар арнайы делегация жіберу арқылы да, сонымен бірге жеделхатпен де жолданған. Петицияларды жазып дайындау ісінің басында негізінен сан жағынан аз болғанымен, саяси күрес қазанында қайнап, жаңадан қалыптасып, тез ысыла бастаған ұлттық интеллигенция өкілдері тұрды. Ол жөнінде М. Дулатов: "1905 жылдан бері қазақ жұрты да басқалардың дүбіріне елеңдеп, ұлт пайдасын қолға ала бастады. Сол бостандық жылдарында Семей облысының оқыған басшылары көзге көрікті іс қылып, жұртқа көсемдікпен жол-жоба көрсеткені үшін алды абақтыға жабылып, арты айдалып, қалғандары cенімсіз болып қалды”, - деп жазды. 1905 жылы Семей облысы Қарақаралы уезінің Қоянды жәрмеңкесінде 14,5 мың адам қол қойған Қарқаралы петициясына Ә.Бөкейхановтың, А.Байтұрсыновтың, Ж.Ақбаевтың қатысы болған. Осы петиция туралы және оны дайындап, көптеген адамдарға қолдатудағы Ахмет Байтұрсыновтың ерекше еңбегін жоғары бағалаған М.Әуезов 1923 жылы жазған “Ахаңның елу жылдық тойы” деген мақаласында: “1905 жылы Қарқаралыда Ахаңмен басқа да оқығандар бас қосып, кіндік хүкіметке қазақ халқының атынан петиция (арыз-тілек) жіберген. 69. Интеллектуалды элитаның қазақ халқының тарихы мен мәдениетін зерттеуге қосқан үлесі.
70. ҰОС кейінгі Қазақстанның экономикасы.
¥лы Отан соғысы аяқталғаннан кейін еліміэдің экономикалық жағдайы өте қиын болды. Жау қолында болған қалалар мен селолардың тек қирандылары ғана жатты. Кеңес Одағы байлығының үштен бірі жойылып кетті. 1710 қала, 70 мыңнан астам деревнялар мен селолар, көптеген зауыттар мен фабрикалар, шахталар, мыңцаған шақырым теміржолдар және т.б. істен шығып қалды. Соңғы тарихи деректер бойынша, Кеңес Одағынан соғыста 30 млн-ға жуық адам қаза болды Бұл елдеп адам
ресурстарының тапшыл-ығына алып келді. Осынау қиындықтарға қарамастан қысқа мерзім ішінде халық шаруашылығын қалпына келтіру керек болды. Қазақстан халқы халық шаруашылығын қайта қалпына келтіру ісіне белсене араласты. Ондаған қала-лар мен аудандарға туысқандық көмек жасады. Мыңдаған қазақстандық жұмысшылар мен мамандар Ленинград пен Сталинградта, Брянск пен Донбаста, Солтүстік Кавказда, Украинада, Белоруссияда және Кеңес Одағының басқа да аудандарында аянбай еңбек етті. Ал Қазақстанда ел экономикасын бейбіт өмірге қайта бейімдеу шаралары жүргізілді. Әсіресе өнеркәсіпті дамытуға ерекше көңіл бөлінді. Болат өндіру, цемент, қара және түсті металл өндірісі жабдықтарын шығару, кемір және тау-кен кәсіпорындарын дамыту жақсы жолға қойылды. Өйткені Қазақстанда ауыр өнеркәсіпті дамыту басты назарда болып, негізгі күш осы са-лағажұмсалды. Бүған елдің қорғаныс күшін арттыру бағыты қосылды. Қазақ-стан Кеңес Одағының әскери-енеркәсіптік кешенінің ірі ошағына айналды. Қазақ жерінде әскери ендірістің, Семейдеп атом полигонының, басқа да әскери нысандардың құрылымдық жүйесі жасалды. Ақтөбе темір балқыту, Теміртау металлургиялық зауыттарының жаңа қуатты бөлімдері іске қосыл-ды. Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты алғашқы өнімін берді. Балқаш мыс балқыту зауыты өнім шығаруды үлғайтты. Ембі бассейінінде - Қаратон мен Мұнайлыда жаңа кәсіпорындар іске қосылып, 1950 жылы мунай өндіру соғыс-қа дейінп кезеңмен салыстырғанда 52%-ға өсті. Қаратау тау-кен химия ком-бинаты құрылысының бірінші кезегі аяқталды. 1954-1958 жылдары Қазақ-стан бойынша Өскемен, Актөбе, Шымкент, Қарағанды, Семей, т.б. ірі қала-ларда 730 өнеркәсіп орны мен цехтар құрылып, іске кірісті. Жеңіл өнеркәсіп саласында 65 кәсіпорын ел игілігі үшін жұмыс істеді. Бірәқ бұл Қазақстан экономикасындағы «Б» тобының артта қалуын білдіретін еді. Байланыс саласында Мойынты-Шу, Жамбыл-Шолақтау теміржолдары салынды. 1958 жылы Қазақстан аумағындағы барлық жолдар желісін бір жүйеге келтірген «Қазақ теміржолы» құрылды. Алматы қаласында автомат-ты телефон станциясы іске қосылды. 1960 жылы Қазақстан электр қуатын 1945 жылмен салыстырғанда 10,5 есеге көп ендірді. Ауыл шаруашылығында колхоздарды ірілендіру ісі қолға алынды. Ол өндірістік күші аз және ұсақ шаруашылықтарды қосу арқылы жүзеге асырыл-ды. Бүл колхоздардың санын 1945-1952 жылдары 3 есеге қысқартып, 2047-ге дейін темендетті. Бұл кезеңде мал басы өсіп, суармалы егістік көлемі 16%-ға ұлғайды. Соғыстан кейінгі кезенде білім, ғылым және әдебиетпң дамуында бірқа-тар жетістіктерге қол жеткізілді. 1946 жылы Қазақ КСР Ғылым Академиясы ашылды, оның ұйымдастырушысы әрі тұңғыш президенті Қ. Сәтпаев болды. 1950 жылдың соңында Қазақ КСР-ның Ғылым Академиясы жүйесінде 19 ғылы-ми-зерттеу институты жұмыс істеді. 1947 жылы М. Әуезов «Абай жолы» эпопеясының екінші кітабын жазып бітірді, ал 1949 жылы оған КСРО Мемлекеттік сыйлығы берілді. Қазақ әдебиетінде бұл жылдары С. Мұқановтың «Сырдария», Ғ. Мұстафиннің
«Мил-лионер» және И. Шуховтың романдары, Т. Жароковтың шығармалары және т.б. құнды еңбектер жарық көрді. Соғыстан кейінгі жылдарда, бір өкініштісі, зиялы қауымға қарсы сталиндік қуғын-сүргін саясатының жаңа толқыны басталды. Ленинград пен Мәскеуде идеологиялық тапсырма непзшде қолдан жасалған «Ленинград ісі", «Дәрігер-лер ісі», ал Қазақстанда «Бекмаханов ісі» ұйымдастырылды. Е. Бекмаханов талантты тарихшылардың бірі еді. Соғыс жылдарында белгілі ғалымдармен, тарихшылармен бірге ғылыми шығармашылық жұмыспен белсенді айналыс-ты. Мысалы, соғыс жылдары А. Кучкин, А. Панкратова, Б. Греков, Н. Дружи-нин сынды белгілі ғалымдар енген авторлық ұжымның құрамында «Қазақ КСР тарихын» жазуға қатысты. Бұл аса құнды еңбек 1943 жылы жарық көрді. 1947 жылы Е. Бекмаханов «XIX ғасырдың 2о10 жылдарындағы Қазақстан» атты іргелі ғылыми монографиясын дайындады. Алайда еліміздің идеоло-гия саласын басқарып отырған адамдар Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық кетеріліске қатысты ғалымның көзқарасы ұлтшыл әрі саяси зиянды деп бағалады. Сол себепті 1952 жылы Е. Бекмаханов 25 жылға сотталып, тек И. Сталин өлгеннен кеиін ғана, 1954 жылы көктемде ақталды. Саяси айып тағылып, ғалымдар қатарында А. Жұбанов, Қ. Жұмалиев, Б. Сүлейменов, Қ. Мұхамедханов, жазушы Ю. Домбровский және т.б. қудаланды. Қ. Сәтбаев пен М. Әуезов саяси қысымның нәтижесінде еріксіз Қазақстаннан Мәскеуге кетуге мәжбүр болды. 1949 жылдың 29 тамызы Қазақ жері үшін ең қасіретті күндердің бірі ретін-де тарихқа енді. Өйткені Семей полигонында ядролық бомбаға алғашқы сынақ жасалды. Семей полигонында 1964 жылға дейін ашық атмосферада атом бомбасына 113 сынақ еткізілді. 1964 жылдан бастап жер асты сынақ-тары өткізіле бастады. И. Сталин өлгеннен кейін (наурыз 1953 ж) Коммунистік партияның ОК-нің бірінші хатшысы болып Н. Хрущев сайланды Осы кезде Қазақстан Компар-тиясы ОК-нің бірінші хатшысы қызметінен Ж. Шаяхметов босатылып, оның орнына П. Понамеренко, екінші хатшылыққа Л. Брежнев, ал Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы болып Д. Қонаев сайланды. Н. Хрущев билікке келгеннен кейін қоғам өмірін демократияландыру ба-ғытында әрекет жасады. 1956 жылы ақпанда партияның XX съезі өтіп, онда жеке басқа табынудың зардаптарын жою туралы мәселе қаралды. Бұл съезде сталинизм қылмыстары әшкереленіп, оның қуғын-сүргін саясаты адамзатқа қарсы жасалған қылмыс деп бағаланды. Соған сәйкес Қазақстанда Т. Рыс-құлов, С. Асфендияров, С. Сейфуллин, Б. Майлин, Н. Нұрмақов сынды қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар ақталды. Бірақ Алаш қайраткерлері ақтал-май қалды. Бұл Кеңес Одағындағы тоталитарлық әміршіл-әкімшіл жүйенің әлі де болса ез күшінде екенін білдірді. 1954 жылы 23 ақпан мен 2 наурыз аралығында Компартия ОК пленумы болып, онда «Елде астық өндіруді ұлғайту мен тың және тыңайған жерлерді игеру» женінде қаулы қабылданды. Бұл КСРО-да нан тапшылығын жою үшін жасалды. Астық мәселесін шешудің теориялық түрғыда екі
бағыты болды: 1. Интенсивтік бағыт - экономиканы реттеудің нарыктық қатынасына көшу. Бірақ та бул социализм идеологиясына қайшы келетін еді. Егер Кеңес Ода-ғында тың игеруге дейінп астық өндіруде гектарына 1 центнерден қосса, онда бул өнім бұкіл игерілген тың жерлердің енімімен пара-пар болар еді. 2. Экстенсивтік бағыт - астық өнімін жаңа жерлерді жырту, тың жерлерді игеру арқылы арттыру жолы. Азық-түлік мәселесін шешуде Кеңес үкіметі осы екінші жолды таңцады. Кеңес Одағы бойынша 1954 жылы 13,4 млн гектар тың және тыңайған жерлер жыртылды. Оның 6,5 млн гектары, яғни 50%-ы Қазақстанда. Осы-лайша жаппай тың және тыңайған жерлерді игеру қозғалысы басталды. Тек 1954-1955 жылдары бір жыл ішінде Қазақ өлкесінде жаңа 337 совхоз құрыл-ды. Жаңадан құрылған совхоздардың атауларының өзі кеп жайтты аңғар-тып тұрса керек: «Мәскеу», «Ленинград», «Киев», «Ростов», «Одесса», «Кан-темировец», «Тамановец» совхоздары құрылды. Олар Ақмола, Кекшетау, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында құрылды. 1954-1955 жылдары бүкіл Кеңес Одағы бойынша 29,7 млн га тың және тыңайған жер, оның ішінде Қазақстан бойынша 18 млн га, яғни 66,6% жер жыртылды. Тың және тыңайған жерді игеру нәтижесінде Кеңес Одағында жан басына шақ-канда 2 мың кг астық өндіру мүмкін болды. Ал дүниежүзілік тәжірибеде жан басына 1 мың кг астық жеткілікті болатын. Тың игерудің непзп қорытындысы - ол сол уақыттан осы кезге дейін Қазақ-стан халқын нанмен қамтамасыз ету мәселесінің шешілуі. Сонымен бірге Қазақстан сырт елдерге экспортқа астық шығаратын елге айналды. Тың және тыңайған жерлерді игерудің зардаптары да болды. 1960 жыл-дарға қарай Қазақстанның тың өлкелерінде 9 млн га жер жел эрозиясына ұшырады. 1954-1962 жылдар аралығында тың игеру үшін Қазақстанға КСРО-ның тек еуропалық бөлігінен 2 млн адам әкелінді. Республикада қазақ халқының үлесі 30%-ға дейін төмендеп, ұлттық тіл, салт-дәстүр мен халық-тың әлеуметтік институттарының жойылып кету қаупі туды. 1962 жылы Н. Хрущевтің бастамасымен солтүстік облыстар тың өлкесіне біріктіріліп, Ақмола қаласы Целиноград деп өзгертілді. Егіншілік мәселесінен басқа мал шаруашылығын нығайту жолдары да қарастырылды. Елуінші жылдардың соңында Қазақстанда 36,4 млн-нан ас-там мал басы болды. Сонымен «Хрущев онжылдығы» (1953-1964 жылдары) бір жағынан, XX съездегі «Жеке басқа табыну мен оның зардаптарын жою туралы» қаулы қабылдау арқылы саяси өмірді демократияландыру саясатымен ерекшеленсе, екінші жағынан, валюнтаристік және субъективтік шешімдер арқылы экономиканы экстенсивті жолмен дамыту әрекетімен тарихта қалды. 71. Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игеру, жетістіктері,кемш.
Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игеру:экологиялық,экономиялық және әлеуметтік-демографиялық салдарлары. 1954 жылдан бастап тез арада ауыл шаруашылығының тарихта болмаған дамуын қамтамасыз ету үмітімен Қазақстанға
тікелей қатысты тың және тыңайған жерлерді игеру науқаны басталды.Қазақстан басшылығы бұл бастаманы қолдай алмады.Осыған байланысты 1954ж 11 ақпанда өткен Қазақстан КП ОК-нің Пленумында бірінші хатшы Ж.Шаяхметов,2-хатшы Л.И.Афонов босатылып,олардың орнына орталықтан жіберілген Р.К.Понаморенко және Л.И.Брежнев сайланды.Жергілікті жердің қазақ басшылары сынға ұшырап,үш айдың ішінде тың өлкесіндегі алты облыстың 1- хатшылары ауыстырылды. Бұрынғы Кеңестер Одағы,оның ішінде Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру науқаны 3 кезеңнен тұрады.1)1954-1955жж. 2)1956-1958жж. 3)1959-1965жж. Тың игеру жылдарында негізінен солтүстік облыстарда жүздеген совхоз орталықтары салынды.Әміршіл-әкімшіл басшылыққа совхоздар тиімді болғандықтан,тың игерудің алғашқы жылында ғана 300 жаңа совхоз ұйымдастырылса,1955ж соңына қарай олардың саны 631-ге жетті.Ал 1958ж ақпан айынан бастап колхоздар совхоздарға,МТС-тар жөндеу станцияларына айналдырыла бастады.Тың игерудің тек алғашқы кезеңінде республикаға өзге республикалардан 640мың адам көшіріліп әкеленіп,Қазақстанда 18млн га.тың жер,немесе бұрынғы Одақтағы жыртылған жерлердің 60,6%игеріліп,республикадағы егістік көлемі 22,4 млн гектарға жетті.Осының арқасында 1956ж алғаш рет миллиард пұт астық алып,Ленин орденімен марапатталды.Қазақстанның әр азаматына өндірілетін астық 2 мың кг жетті.Оған қоса тың астығы сапалы болғандықтан негізінен экспортқа шығарыла бастады. Орталық басшылық 1956 жылдың ақпан айында өткен КОКП-ның XX сьезінде Қазақ КСР-нің алдына жаңа міндет-астық өндіруді 5 есе арттыру міндетін қойды.Осыған сай 60-жылдардың ортасына қарай Қазақстанда жыртылған тың және тыңайған жер көлемі 25млн гектар,а жетті.Бірақ та тың игерудің алғашқы жылдарында қол жеткен табыс одан әрі ұштасып кете алмады.Өйткені,жаңадан игерілген тың жерлер 60өжырлардың ортасына қарай өз мүмкіндіктерін сарқи бастаған болатын,осының салдарынан әрбір гектардың жоспарланған 14-15 ц.астық орнына 1954-1958ж 7,4ц. жиналса,1961-1964ж-6,1ц.,ал 1964ж-3,1ц.ғана астық алынды.Осы кезден бастап еліміз АҚШ,Канада,Франциядан астық сатып алуға кіріседі. Қазіргі таңда экономистер тың және тыңайған жерлерді игермей-ақ,астық өндіру кезіндегі астықты аудандардағы әр гектардан 1ц.өсірсе,бұл тың игеру нәтижесімен теңескен болар еді,-деген пікірде.Оның үстіне тың игеру жылдарындағы қоныс аудару саясаты елдегі демокрафиялық жағдайы одан әрі күрделендіріп ,бұрынғы Кеңестер Одағының Еуропалық бөлігі үшін де,Қазақстан үшін де тиімсіз сипатта болды.Өйткені,сол кездің өзінде-ақ Одақтың Еуропалық бөлігінде жылдан-жылға селолық жерлерде тұрғындар саны азайып,ал біздің республикамызда керісінше,өсіп отырған болатын.Осы ерекшеліктер ескерілмей,онсыз да саны кеміп отырған еуропалық аудандардан тек 1954-1962ж ғана Қазақстанға 2млн.астам адам көшіріліп әкелінді.Осының нәтижесінде бір жағынан Ресейдің,Украинаның және т.б республикалардың бірқатар аудандарында мыңдаған селолар бос қалды.Екінші жағынан 20-30-жылдары жергілікті тұрғындарға қарсы бағытталған қуғын-сүргін салдарынан күрт кеміген қазақ халқы,енді тыңгерлердің көптеп келуіне байланысты,1959ж санақ бойынша алатын үлесі 30%-ке дейін төмендеп кетті. Тың игеру жылдарында жаппай қоныс аудару науқаны рухани,ізеттілік са
мектептер саны 700-ге кеміп,қазақ тілінде шығарылатын әдебиеттердің,баспасөздің саны күрт төмендеп кетті.3 мыңнан астам елдімекенніңаты өзгертіліп,тарихи ұлттық санаға шек қойылды. Тарихта бұрын болып көрмеген көлемді жерді жырту орны толмас экологиялық апаттарға,мал жайылымдардың күрт қысқаруына алып келді.Тың игерудің алғашқы жылдарында жердің құнарлы бет қыртысы шаң-боранға ұшырап ұшып кетуі салдарынан 18млн.га астам жер эррозияға ұшырады.Қалыңдығы 1 см.қара топырақтың қалыптасуы үшін,кем дегенде 2-3 ғасыр уақыт керек еді.Жайылым азаюы салдарынан ұзақ мал өсіру қарқыны 3 есе азайды,жылқы 1916ж 4340мың болса,1961ж-1158 мыңға дейін,ал түйе 1928ж санынан 8 есе кеміді. Тың игеру барысында орын алып отырған кемшіліктердің бірқатары КОКП ОК 1965 жылдың наурыз,1966ж.мамыр пленумдарында ашылып,оларды жоюдың шаралары белгіленді.Ауыл шаруашылығының берік негізін жасау,жоспарларды жақсарту,колхоздар мен совхоздарда шаруашылық есепті енгізу,еңбектің моральдық және материалдық қызығушылығын ұштастыру міндеттері қойылды.1966-1970ж республика ауыл шаруашылығын дамытуға 5,5млрд сом қаржы бөлінді.Осының арқасында 8- бесжылдықта ауылшаруашылық өнімі 54% өсіп,Қазақстан Кеңестер Одағының өзіндік ерекше ауылшаруашылық ауданына айналды.Мемлекеттік өорға республикадан әрбір 4- тонна жүн,12- тонна ет және 5- тонна астық түсті. Азық тулік тапшылығын шешу,астық өндіруді арттыру мақсатында тыңжәне тыңайған жерлерді игеру идеясы пайда болды.Тың жерлер игерілген аймақтар:Қазақстан,Сібір,Урал,Солтүстік кавказ,Еділ бойы.1954-1955 жылдары млрд 100 млн 1млрд 200 млн пұт астық алу белгіленді.Қазақстандағы тың жерлерді игерген аудандар:Қостанай,Ақмола,Солтүстік Қазақстан,Көкшетау,Торғай,Павлодар облыстары.1954-1959 жылдары тың және тыңайған жерлерді игеруге 20млрд сом жұмсалды.1954-1962 жылдары республикаға 2 млн-ға жуық тыңгерлер көшіп келді.1954 жылғы тамызда жыртылған жер көлемі:
-КСРО-да-13.4 млн га
-Қазақстанда-6,5 млн га
Тың жерлерді игеруге 10 мыңдаған мамандар,ауылшаруашылығының өндірісінің ұйымдастырушылары келді.1954 жылы 20 мыңнан астам адам келді.Оның ішінде қажетті мамандар азшылық болды.1954жылы Қазақстан тыңында 120-дан астам совхоз құрылды.1954 жыл тың жер астықтың жарпы түсімінің 40% берді.Тың игеру жылдары Қазақстанда 25млн га жер жыртылды.Алайда табысқа алғашқы жылдары ғана қол жеткізді.Тың жерлерді кең көлемде игеру табиғатқа үлкен зиян тигізді.Жайылымдармен жем,шөп дайындайтын жерлер тарылды.Топырақ эрозиясы күшейіп,жердің құнарлы қабаты желге ұшты.Ауылшаруашылығының даму деңгейінің төмендеуі ет және сүт өнімдерінің тапшылығын туғызды.Тың жерлерді игеру саясатының жағымды құбылыстары:Қазақстан КСРО ның негізгі астықты аймағына айналды,көп ұлтты республика болды,еңбекшілер еңбек ерлігінің үлгісін көрсетті,жаңа жолддар мен елді мекендер көбейді.Жағымсыз құбылыстары:экологиялық жағдай ауырлады,мал шаруашылығы төмендеді,жер,су аттары орысша аталды,республиканың ұлттық ерекшеліктері ескерілмеді,тілдік және демографиялық ахуал өзгеріске ұшырады,тың жерлер үшін егістіктің тиімді жүйесі тың игеру басталғаннан кейін 20 жыл өткенде ғана құрылды.
72. КОКП 20 СЪЕЗІ Сталиндік жеке басқа таб. Айыптау және оның салдары.
1956 жылы 14 ақпанда Москвада КОКП-ның ХХ съезі өтіп, онда Сталиннің жеке басына табыну айыпталды. КОКП Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Н.С.Хрущев бастаған коммунистер партиясы сталиндік диктат үстемдігін әшкерелеп, талдау жасауға тырысты. “Жеке басқа табынушылық және оның салдары” туралы мәселе 25 ақпанда съездің жабық мәжілісінде көтеріліп, съезд өткен соң, жарты жылдан кейін, 30 маусымында “Жеке басқа табынушылықтың зардаптарын жою” жөнінде қаулы қабылданды. Н.С.Хрущевтің ХХ съездегі «Сталиннің жеке басына табынушылығын әшкерелеу” туралы баяндамасының толық мәтіні 33 жыл өткен соң ғана 1989 жылы жарық көрді.
Жеке басқа табыну — саяси немесе діни билік иерархиясындағы жоғары мәртебелі (лауазымды) адамды асыра дәріптеу, оның атқаратын рөлі мен міндетті қызметін шектен тыс жоғары бағалау. Саяси кайраткерге тәнірдей табынып, шектен тыс ұлықтау. Жеке басқа табыну, көбінесе, авторитарлық және тоталитарлық жүйедегі мемлекеттерге тән, әйтсе де аракідік демократиялық мемлекеттерде де кездеседі (мысалы, Шарль де Голь басқарған шақтағы Франция). Авторитарлық және тоталитарлық мемлекеттерде жеке басқа табыну жалпыға бірдей ортақ, “бірден-бір ақиқат” идеология арқылы жүзеге асырылады. Мұндай идеологияның көсемдеріне пайғамбарлар мен көріпкелдерге тән қасиеттер таңылады. Жеке басқа табынудың негізгі тірегі — мемлекет басшысын ұлттың асыраушысы ретінде қабылдайтын патриархалдық сана және “әділ патшаға” үміт артуға негізделген бодандық саяси мәдениет болып саналады. Жеке басқа табынудың пайда болуының басты себебі қоғамдағы билік тармақтарының түгелімен бір адамның қолына шоғырлануы, сол арқылы адамдар тағдырының өз іс-әрекетінен гөрі басшылықтың оң қабақ көрсетуіне (қайырымдылығына) тәуелділігі. Саяси тұлғаға жан-жақты тәуелділік қалың бұқара санасына сіңісті болып, жүйелі түрде идеологиялық өңдеуден өте келе “құдіреті күшті” басшының алдында халықты құлдық сезімде ұстап, жарамсақтық, жағымпаздық психология қалыптастырады. Жеке адамдардың азаматтық құқықтары аяққа тапталып, халықтың өзін-өзі басқару мүмкіндігі ескерусіз қалады. Мысалы, бұрынғы КСРО -да осындай жағдай қалыптасты. Жеке басқа табынудың соңы әр түрлі ауыр зардаптар әкелетіндігіне қарамастан, оның белгілері кейбір дамушы мемлекеттерде (Ирак, Солтүстік Корея, Куба т.б.) әлі күнге дейін сақталып отыр.
73. Қазақстан Хрущевтік жылымық кезеңінде.
50-жылдар мен 60-жылдардың ортасы Қеңес елінің өміріндегі маңызды кезең болды.
КСРО ОК-нің Бас секретары, КСРО министрлер Кеңесінің төрағасы И.В.Сталин 1953 жылы 5 наурызда қайтыс болды. Сталиннің өлімімен тұтас бір дәуір аяқталды. Сталин қайтыс болысымен-ақ елде болуы мүмкін өзгерістердің мәні туралы үш бағыт айқын көрінді: бірінші бағыт өкімет басына Берияның келуімен байланысты болса, екінші бағыт Молотов немесе Булганин, үшінші бағыт Хрущевтің өкімет басына келумен байланысты еді. Жағдай Хрущевтің пайдасына шешілді.
1953 жылы қыркүйекте Н.С.Хрущев КОКП Орталық комитетінің бірінші хатшылығына (1953-1964 жж.) сайланды. «Жылымық жылдары» аталған 50-жылдардың екінші жартысынан бастап елде игі істер атқарылды. 1953 жылғы шілдеде КОКП ОК-нің пленумында бұрынғы КСРО-ның Ішкі істер халық комиссариатының халық комиссары, КСРО Министрлер Кеңесі төрағасының бірінші орынбасары, қуғын-сұргінді ұйымдастырушы, саяси авантюрист Л.Берия (1899-1953 жж.) ісі қаралып, барлық лауазымды қызметтерінен босатылып, атылды. Осылай Кеңестер Одағында ширек ғасырға созылған тоталитарлық дәуір аяқталды.
Бюрократ көсемдер биліктен кеткенімен, олардан мұраға қалған әміршіл-әкімшіл жүйе жойылмады.
1956 жылғы ақпанда болған КОКП XX съезінде КОКП ОК-нің бірінші хатшысы Н.С.Хрущев «Жеке адамға табыну және оның зардаптары туралы» баяндама жасады. Баяндамада жеке адамның басына табынудың жай – жапсарды туралы айтылды. Баяндамашы И.В.Сталин, Л.Берия, Н.Ежовты қатты сынай отырып, саяси қуғын – сүргінді жүргізудегі өз жауапкершілігі туралы ештеңе айтпады. Молотов, Каганович, Ворошиловты қорғады.
Съезде «Жеке адамға табыну және осының салдары туралы» қаулы қабылдап, ол 1956 жылы маусымда жарияланды, ал Съездін басқа құжаттары, талқыланған мәселелері көп уақытқа (33 жыл) дейін құпия түрде сақталды. 20-жылдардың ортасынан орнаған қатаң әміршіл-әкімшілік жүйе 40-50-жылдары әрекет ете берді. Саяси жүйеге адам еркіндігін басып-жаныштау, оның құқықтарын жоққа шығару, еңбек адамдарын өндіріс құрал-жабдықтарынан жатсындыру сияқты қолайсыз құбылыстар тән болды. Жетекші күш - Коммунистік партия болып, оның басшылығымен өмір сүріп отырған жүйенің барлық басқа буындарының (Кеңес мемлекетінін, кәсіподақтардың, комсомол, кооперативтер мен басқа да қоғамдық ұйымдардың) жүмысы үйлестірілді. Мемлекеттік органдардың құзырындағы мәселелерді шеше отырып, Коммунистік партия халық шаруашылық және әлеуметтік-мәдени, қоғамдық ұйымдардың міндеттерін орындауды өз қолына жинақтап, оларды дербес әрекет етуден айырды.
Республикада И. В. Сталиннің жеке басына табынушылық жағдай қалыптасты. Қандай да бір қол жеткізілген табыстар оның кемеңгерлік басшылық жасай білуімен байланыстырылып, өрескел кемшіліктер мен сәтсіздіктер жөнінде сөз болмады. Осының бәрі Қазақстанның қоғамдық-саяси дамуына қолайсыз ықпал етіп, ауыр зардаптарға ұрындырды. Аты шулы ұрандарды саяси мақсаттарға пайдаланумен заңдылықтың бұзылуы, өкімет билігін асыра пайдалану жалғаса берді. Өмір сүріп отырған саяси жүйе өзінің дербес дамуына
қабілетсіз екендігін көрсетті. Кеңес қоғамын дамытудың соғыстан кейінгі жоспарлары сталиндік антидемократиялық, социализмнің тоталитарлық үлгісімен үйлесіп кетті.
Майдан мен тылда, соғыстың барлық ауыртпалығы мен қиыншылығын көтерген халық соғысқа дейінгі кезеңдегі халықтан басқаша еді. Қоғамдық өмірдің бейбіт жағдайының орнығуына байланысты қүндылықтарды қайта бағалау орын алды. Замандастардың санасында әлеуметтік бағдарламаларға бет бұрудың қажет екендігін түсіну айқын біліне бастады. Алайда қоғамдық сананың барлық деңгейінде сезіле бастаған қоғамдық жаңарудың кешенді бағдарламаларына өтуге тұрақты әлеуметтік-саяси құрылым бөгет жасады. Сонымен бірге өте ауыр соғыстағы жеңіс соғыстан кейінгі кезеңде басшылықтың қолданыстағы саяси жүйенің тиімділігіне деген сенім қалыптастырды, ал көпшілік басшылар баскарудың әкімшілік әдістерінің өзін-өзі ақтайтындығына сенімді болды.
Сталинизм идеологиясы 40-жылдар мен 50-жылдардың басында өзінің шырқау шегіне жетті. 1939 жылы болған БК(б)П XVIII съезінің құжаттарында жазылғансоциализм құрылысын аяқтаудың соңына карай ел коммунистік қоғам кұруға өтеді деген тезисті Ұлы Отан соғысыаяқталған соң, теориялық жағынан талқылау жалғаса берді. 1946 жылғы наурыздағы КСРО Жоғарғы Кеңесінің сессиясында бүл тезис партияның жетемшілікке алатын тұжырымдамасы ретінде жарияланды. Соғыстан кейінгі онжылдық - КСРО-дағы 1920-1940 жылдардағы өмір шындығына қасад көзқарастың жалғасы еді.
«Жеке басқа табыну» деген сөз тіркесінің өзі соңғы ғасырда өмірге келді. Бірақ, құбылыс ретінде ол ғасырлар қойнауынан келе жатыр. Алғашқы қауымдық құрылыстан кейінгі өркениетті қоғамға өте бастаған кездің өзінде-ақ жеке басқа табынудың алғашқы белгілері байқалды. Адамдар тастан жасалған пұттарға, жануарларға, табиғат құбылыстарына табына бастады. Құдайларды ойлап тауып, оларға ат берді. Осылайша дін өмірге келді. Кезінде сталиндік конституция деген КСРО-ның Ата Заңы болған. Ол халықаралық құқықтық сараптаманың бәрінен мүдірмей өткен. Бірақ сол конституция тұсында 2 млн 700 мың қазақ қырылды. Голощекин 130 мыңнан астам қазақ зиялысын абақтыға жаптырып, 25 мыңын атқызып тастады. Абақтыға қамалған 130 мыңның 30 мыңдайы ғана тірі аруақ болып елге әрең жеткен. Міне жеке басқа табынушылық зардаптары мен тақсіреті осындай.
74. 20 ғ 70-80 ж 1нші жарт. Қазақстандағы әлеум-эконом дамуындағы қайшылықтар.
ХХ ғ. 70-жылдарының басында 60-шы жылдардың ортасында басталған экономикалық реформаның қоғамдық өндірістің тиімділігін арттыруға бағытталған бастапқы идеялары бұрмаланып және көп ұзамай реформаны жүргізу тоқтатылып, тарихымыздағы тоқырау кезеңі басталған болатын. “Тоқырау” кезеңі дейтін 1971-1985 жылдар аралығында Қазақстан экономикасы бұрынғысынша техникалық прогреске қабілетсіз, қарабайыр әдіспен дамыды. Бұл жылдары өнеркәсіпті өркендетуге 40,8 млрд. сом немесе халық шаруашылығына бөлінген барлық қаржының 32% жұмсалды. 15 жыл ішінде өнеркәсіп өнімінің жалпы
көлемі 2 есе, ал машина жасау, химия өнеркәсібі сияқты салаларда 3 еседен астам артты. Энергетикада электр қуатын өндіру одан әрі шоғырланып, орталықтандырылды. 1975 жылы республиканың барлық кәсіпорындары дерлік бір орталықтан энергиямен жабдықталды. Шевченко қаласында шапшаң нейтронға негізделген дүние жүзіндегі аса ірі атом реакторы жұмыс істеді. Машина жасау және металл өңдеу саласындағы өсудің жылдық орташа қарқыны 12%-ке жетті. Бұл көрсеткіштер оныншы және он бірінші бесжылдықтарда да кеміген жоқ. 1980 жылға дейін 250-ге жуық кәсіпорын, ірі өндірістер мен цехтар іске қосылды, өндірістің жаңа салалары пайда болды. Дегенмен осы жылдарда КСРО-ның бірыңғай халық шаруашылығы жүйесіне әбден кірігіп кеткен Қазақстан экономикасы қарқынды дами алған жоқ. Республика өнеркәсібінің жартысына жуығы одақтық министрліктің қарамағында болды. Одақтық ведомстволар республиканың шикізат ресурстарын өздеріне тасып алып, аса зор пайда тапты. Бірақ, олар Қазақстан бюджетіне инфрақұрылымды дамытуға қаржы жұмсамады. Олар өз қарауындағы кәсіпорындар арқылы жылына 15 млрд. сом жалпы табыс алып отырса да, республикалық бюджетке бар болғаны 31 млн. сом немесе 1 проценттен аз қаржы аударды. Міне, осындай және тағы да басқа себептерге байланысты өнеркәсіп өнімінің кейбір түрлерін өндіру жөніндегі жекелеген экономикалық көрсеткіштер бойынша жоспарлық тапсырмалар орындалмады. Өндірісті жоспарлауда кемшіліктер орын алды, жаңа өндірістік қуаттар кешігіп іске қосылды. Еңбек тәртібін бұзушылыққа жол берілді, ғылым мен техниканың жетістіктері өндіріске жеткілікті дәрежеде тез енгізілмеді. Осының әсерінен, республика өндіріс орындары 1981 ж. 760 млн. сом, 1982 ж. – 1,0 млрд., 1983 ж. – 1,3 млрд., 1984 ж. –1,65 млрд. сомға жоспарлы өнімді берген жоқ. Сонымен бірге өндіріс тиімділігі мен өнім сапасын арттыруда, ғылыми-техникалық дамуда, қазіргі заманғы техника мен технологияны игеруде капиталистік мемлекеттерден кейін қалу күшейе түсті. Бұл жылдарда жалпы өнім көрсеткішін өсіру ауыр өнеркәсіпте негізгі мақсатқа айналды. Күрделі құрылыста да жұмысты атқарудың ұзақ мерзімге созылуы салдарынан ұлттық байлықтың едәуір бөлігі істен шығып қалып жатты. Қымбатқа түсетін, жоғары ғылыми-техникалық көрсеткіштерге жетуді қамтамасыз етпейтін өндіріс орындары салынды. Бірақ, осыған қарамастан республиканың басшылығы партияның кезекті съездерінде ірі өнеркәсіп орнының, шахтаның, мұнай кәсіпшілігінің, комбинаттардың, зауыттардың қатарға қосылғаны туралы зор жігерленген рухта есеп беріп отырды. Еңбекті, материал мен ақшаны көп жұмсаған кәсіпорын және оның басшыларының көрсеткіші жоғары бағаланды. Республика ілгерілеу қарқынынан айырыла бастады, шаруашылықтың барлық саласында іркіліс көбейіп, қиыншылықтар үсті-үстіне жинақталып, шиеленісе түсті, шешілмеген проблемалар көбейді. ІХ бесжылдықта жоспардың күрт төмендетілгеніне
қарамастан өнеркәсіп көлемі 12,6%-ке орындалмады. Оныншы бесжылдық - 25%-ке, ал он бірінші – 3,6%-ке орындалған жоқ. Соның салдарынан қаралып отырған жылдарда ұлттық табыстың өсу қарқыны баяулап, 80-ші жылдардың бас кезінде экономикалық тоқырауға жақындатқан деңгейге дейін төмендеді. Мысалы, республика ұлттық табысын 60-70%-ке өсіру міндеті қойылса, ол іс жүзінде 36%-ке ғана орындалды. Республиканың көптеген шаруашылық қызметкерлері ұлттық байлықты молайту қамын ойламай, қайта белгілі бір салаға материал мен еңбекті, жұмыс уақытын көбірек жұмсап, оны қымбатырақ бағаға өткізуге әуестенді. Осының салдарынан өнімнің “жалпы саны” өскенімен, бірақ тауарлар жетіспеді. Қазақстан дамыған басқа елдерге қарағанда өнімнің бір өлшеміне шикізатты, энергияны, басқа да қуаттарды едәуір көп жұмсады. Мәселен, АҚШ пен Жапония өнімнің бір өлшеміне бізге қарағанда шикізат пен энергияны 30-40% кем пайдаланды. Елдің экономикасының ондаған жылдар бойы экстенсивті жолмен дамығаны көбінесе осы себептен еді. Өндірісті көлемі жағынан басымырақ өсіру идеяларында тәрбиеленген республика басшылығы үсті-үстіне жаңа шығындар жұмсау әдісімен әрекет жасады, отын, энергетика салаларын ұлғайтты, өндіріске табиғи ресурстарды жеделдете тартты. Мысалы, Маңғыстауда өндіретін мұнайдың және онымен қосылып шығатын газдың тек қана 8-10% ғана пайдаланылды. Аса ірі кәсіпорындар салу арқылы шикізат салаларын дамытуға бағыт ұстау ғылыми прогресс арқылы өркендейтін өндірісті тежеді, өңдеу, қайталап өңдеу, жаңа тауарлар шығару салалары баяу дамыды. Өндірістің теңестірілмеуі, әкімшілік арқылы басқарылуы жағдайында жылдық, тоқсандық және айлық тапсырмаларды өзгертіп отыру үйреншікті іске айналды. 1981-1985 жылдары Қазақстанда әртүрлі министрліктер мен ведомстволардың жоспарлары 300-ден астам рет өзгертілген. Күрделі құрылыстарда бітпеген объектілер саны өсті, жоспарлы құрылыстардың орнына жоспардан тыс көптеген құрылыстар салынды, қосып жазу, құрылыс материалдарын талан-таражға салу көбейді. 70-жылдарда құрылыста бригадалық-мердігерлікті дамыту қозғалысы басталды. Оның негізінде жұмысшылардың өндірісте қорларды пайдалануда тәртіп орнату, еңбекақы төлеуде теңгермешілікті жою, неғұрлым көбірек дербестік алу жолындағы ұмтылысы жатқан еді. Бригадалық мердігерлікті сөз жүзінде бәрі қолдады және насихатттады, ал іс жүзінде мердігерлік әдіс көптеген нұсқаулар арқылы жоққа шығарылды. Бұл кезде Қазақстанда экономиканы дамытуда интенсивті жолға көшу және ғылыми-техникалық прогресті өрістетуге бағыт алынды. Қызықты идеялар мен ұсыныстар аз болған жоқ, жаңашылдар мен өнертапқыштардың саны көбейді, тек 1981-1985 жылдары жаңашыл ұсыныстар берген авторлардың саны 818,8 мың адамға жетті. Алайда, олар өндіріске ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін енгізу практикасында аз ықпал жасады. Көптеген кәсіпорындарда өндірістің бүкіл процесі емес, тек жеке
учаскелері ғана автоматтандырылды немесе комплексті механикаландырылды. 80-ші жылдардың орта кезінде өнеркәсіптегі жұмысшылардың үштен бірі, құрылыста жартысынан астамы ауыр қол еңбегін атқарды, олардың творчестволық белсенділігі төмен болды. Кәсіпорындарда социалистік жарысты ұйымдастыру жасанды сипат алды. Ресми мәлімет бойынша бұл жылдары жарысқа жұмысшылардың 90% қатысқанымен, мұның өндірістің өсу қарқынына, еңбек өнімділігіне, өнімнің сапасын жақсартуға, өндірісті жетілдіруге ықпалы болған жоқ. Өндірісте немқұрайлылық, салақтық, ынта-жігерсіздік тағы басқа да келеңсіз көріністер үйреншікті әдетке айналды. Тоқырау кезеңін қамтыған үш бесжылдық аралығында ауыл шаруашылығын 1965 жылдан басталған реформалау әрі жалғастырылды. Аграрлық салаға қаржыны көптеп бөлу, селоның әлеуметтік проблемаларын шешу, шаруашылық есепті енгізу, ауыл шаруашылық өнімдерінің сатып алу бағасын арттыру шаралары белгіленді. Осы бағытта тек 1971-1978 жж. ауыл шаруашылық саласына 58,2 млрд. сом бөлінді. Мұның нәтижесінде 1985 жылға дейін негізгі егін шаруашылығы жұмыстары – жер жырту, тұқым себу, дәнді дақылдарды жинау, мал шаруашылығы саласындағы жұмыстар 75-90% техникаландырылды. Алайда, ауыл шаруашылығы проблемаларын тек күрделі қаржыны көбейту арқылы шешу жолы тиісті нәтиже бермеді. Аграрлық секторда аса маңызды орын алатын жердің құнарлылығын арттыру, электрлендіру, ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтайтын және өңдейтін кәсіпорындар жеткілікті дәрежеде салынбады. Сондай-ақ село еңбеккерлерінің әлеуметтік-экономикалық проблемалары шешілмей қалды, сөйтіп бұл салада күткен бетбұрыс болмады, нәтижесінде ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру тұрақсыз болды. Егістіктің шығымдылығы азайды, мал шаруашылық өнімдерін өндіру төмендеді. Бұл кезде ауыл шаруашылығы секторының құрамында едәуір ұйымдық өзгерістер енгізіліп, колхоздардың есебінен совхоздардың саны көбейді. 1960 жылы республикада 879 совхоз бен 1355 колхоз болса, 1985 жылы колхоздар есебінен совхоздар саны 2140-қа өсіп, 388 колхоз қалды. Сөйтіп, меншіктің кооперативтік-колхоздық түрінің үлес салмағы едәуір төмендеді. Бірақ, осыған қарамастан колхоздық меншіктің одан әрі жетілуін байқауға болады. 1971-1985 жылдары совхоздардың өнімі көбеймей бір орында тұрып қалса, колхоздарда ол орта есеппен 200 мың сомға дейін өсті. Мал шаруашылығының жем-шөп базасы нығайтылды, жем-шөптік дақылдар егілетін алқаптар ұлғайтылды. Дегенмен мұның барлығы тек экстенсивтік шаруашылық негізінде іске асырылды. Атап айтқанда, жемшөптік дақылдар егілетін алқаптар сегізінші бесжылдықтағы 6678,4 мың гектардың орнына ІХ бесжылдықта 8824,6 мың гектарға дейін жеткізілді. 1985 жылы жоспарланған 50 млн. қойдың орнына тек қана 35 млн. қой болды. Оған шопанның ауыр еңбегіне немқұрайлы қарау, малды күтіп бағудағы қазақтың еңбек дәстүрін елемеу, халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан, сыннан өткен
технологиясының жоғалып кетуі үлкен әсерін тигізді. Бір айтып кететін жағдай, бұл жылдары мал шаруашылығын өнеркәсіптік негізге көшіру басталды. Сондай-ақ ет және сүт өндіретін кешендер мен мал бордақылайтын алаңдар салынды, малды өсіріп, күтетін мамандандырылған шаруашылық бірлестіктері, құнажындар өсіретін фермалар құрылды. Жалпы қуаты 23 мың ірі қара малды жедел өсіріп, бордақылайтын төрт кешен: Алматы облысы бойынша 10 мың басқа арналған “Жетіген”, Шығыс Қазақстан облысында 5 мың басқа есептелген “Ждановский”, Орал облысында 5 мың басқа арналған “Правда” газеті атындағы, Ақмола облысында 3 мың басқа арналған “Шалқар” кешендері жұмыс істеді. Қарағанды облысында шошқа өсіріп бордақылайтын “Волынский” кешені қатарға қосылды. 1976 жылдың басына қарай 575 мың бас ірі қара мал, 418 мың шошқа, 1,7 миллионнан астам қой өнеркәсіптік негізде күтіп бағылды. Бірақ, осы жылдарда ауыл шаруашылығында келеңсіз жағдайлар қалыптаса бастады. Мал аурулары көбейіп, нәтижесінде мал саны азайып кетті. Азық-түліктік астық өндіру жөнінен одақта алдыңғы орындардың біріне шыққан республика жыл сайын жемге арнап басқа жерлерден миллиондаған тонна астық сатып алып отырды. Мұнда ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, сақтау, халыққа сату ісі сұранысты қанағаттандырмады. Көліктің, элеваторлардың, қоймалардың жетіспеушілігінен, жолдың нашарлығынан жыл сайын жиналып алынған өнімнің 20%-тен 40%-ке дейінгісі ысырап болды. Ауыл тұрғындарының еңбегі тиісінше бағаланбай, олар қалаларға, басқа жақтарға көшіп кетуге мәжбүр болды. Аграрлық сектор саласында енгізілген жаңа сатып алу бағасы көбінше өнімнің өзіндік құнын ақтамады. Зиянмен жұмыс істейтін шаруашылықтардың саны артты. Егер 1970 жылы ондай шаруашылықтардың үлес саны совхоздардың 26%-ін, колхоздардың 4%-ін қамтыса, 1985 жылы совхоздардың 53% , колхоздардың 49% зиянмен жұмыс істеді. Ауыл, село еңбекшілеріне еңбекақы төлеуде теңгермешілік күшейді, адамдар көбінесе ақшаны жұмыстың нәтижесі үшін емес, жұмысқа шыққаны үшін алды. Еңбекте ақы төлеу оның өнімділігінің өсуінен басып озды. Республиканың жергілікті жерлеріндегі ауыл шаруашылығы өндірісін ұтымды ұйымдастыру, оның тиімділігін арттыру бағытындағы кейбір ізденістер басшы органдар тарапынан қолдау таппады. 80-ші жылдардың басында жүргізілген сансыз көп қайта құрулар, эксперименттер, бағаның, интеграция мен мамандандырудың жаңа түрлерін және т.б. енгізу ауыл шаруашылығының берекесін кетірді. Одан болдырған ауыл шаруашылығы қатаң әкімшілік бақылауға алынып, аяғында келіп дағдарысқа ұшырады. Істің жағдайын жаңа шешімдер қабылдау жолымен өзгертуге тырысу елеулі нәтиже бермеді. ХХ ғ. 70 және 80 жж. бірінші жартысында Қазақстанда халықтың әлеуметтік жағдайын көтеруде бірсыпыра істер атқарылды, жұмысшылар мен қызметшілердің орташа айлық табысы едәуір өсті. 70-жылдардың І-ші жартысында халық шаруашылығының
өндірістік салаларында жаңа еңбек ақы белгіленді, ең төменгі жалақы 70 сомға жеткізілді. Колхозшылардың кепілді еңбек ақысы көбейді, халықтың төмен айлық алатындары орташа айлық алатындар дәрежесіне көтерілді. Осы жылдары халықты қоғамдық тұтыну қоры есебінен қамтамасыз ету біраз жақсарды. Оның едәуір бөлігі жәрдем, зейнетақы және стипендия төлеуге, тегін білім алуға, денсаулық сақтауға, мәдени және тұрмыстық қызмет көрсетуге жұмсалды. 1971 жылы колхозшылар үшін де жұмысшылар мен қызметкерлерге белгіленгендей зейнетақы белгілеу тәртібі енгізілді. 1972-1974 жж. соғыс және еңбек мүгедектеріне айлық орташа зейнетақы 33%-ке көбейтілді, ал 1975 ж. Отан соғысының мүгедектеріне қосымша жеңілдіктер енгізілді. Алайда, бұл шаралардың халықтың тұрмыс дәрежесін көтеруге ықпалы аз тиді. Өйткені мемлекеттің және кәсіпорындардың бағаны көтеруі, тауарлар сапасының нашарлауы, тапшылықтың өсуі, еңбек ақы төлеудегі теңгермешілік және т.б. халықтың тұрмыс жағдайының төмендеуіне әкеп соқтырды. Оған ақшаның құнсыздануы әсер етті, тек 1970-1986 жж. құнсыздану 20%-ке өсті. Әлеуметтік саладағы ең өткір проблеманың бірі тұрғын үй проблемасы болды. Халық санының өсуіне байланысты тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі аяғына дейін шешілмеді, оған үй салуға бөлінген қаржының азаюы себеп болды, тұрғын үй құрылысының жоспары орындалмады. Тек, 11-ші бесжылдықта ғана республикада 1,2 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілмеді, мектеп, аурухана, балалар бақшасын салу жоспары орындалмады. Сөйтіп, тоқырау кезіндегі келеңсіз процесстер әлеуметтік саланы мықтап шарпыды. Әлеуметтік-мәдени саланы дамытуға қаржы бөлудің “қалдықтық принциптері” қалыптасты, яғни ол салаға таза өндірістік мақсаттардан артылған қаржы ғана бөлінді. Қорыта келгенде, 70-80-жылдары республика экономикасында тұтастай Одақтың халық шаруашылығына тән үйлесімсіздіктердің бәрі көріне бастады. Бұл ең алдымен басқарудың әміршіл-әкімшілдік әдістерінің әбден орнығуы еді. Экономикалық ынталандыруды жоққа шығара отырып, қалыптасқан жүйе экономиканы экстенсивтік даму жолында ұзақ ұстап қалды. Мемлекеттік меншіктің іс жүзінде ведомстволық меншікке айналдырылуы өндіріс қызметкерлерін құрал-жабдықтарынан алыстатуға алып келді. Еңбекақы төлеу жүйесі еңбектің нәтижесімен байланыстырылмады. Кәсіпорындардың ешқандай дербестігі болған жоқ. Халық шаруашылығы иесіздіктен, жаңа техника мен технологияны нашар енгізуден үлкен зиян шегіп жатты. Экономикалық ведомстволар түріндегі орталықтың әміріне бағыну республикадағы жағдайды одан әрі қиындата түсті. 80-ші жылдардың ортасында республика экономикасы дағдарыс жағдайына ұшырады.
75. 1985-1991 жж Қазақстандағы эконом саяси реформалар.
80-ші жылдардың ортасында Кеңес Одағы экономикалық, әлеуметтік және саяси терең дағдарыстарға тап болды. Қоғамды барлық жағынан оның экономикалық және рухани негізін, әлеуметтік өмірін, саяси құрылымын жаңарту қажеттілігі туындады. Сонымен қатар Кеңестер Одағының құрамындағы ұлттық республикаларда Мәскеудің озбырлық саясатына қарсы наразылықта өрши түсті. Бұл әсіресе Балтық жағалауында орналасқан Эстония, Латвия және Литва елдерінде анық байқала бастады. Орталықтың жүргізіп отырған «интернационализм» саясатының шын мәнінде ұсақ ұлттарды, олардың тілі мен мәдениетін құртуға бағытталғаны сынға алынды. Кеңес өкіметі қанша жерден демогогиялық ұрандарды жамылсада, орталықтың тек орыс ұлтының қамын ойлайтыны белгілі болды.
1985 жылы наурызда К.У.Черненко қайтыс болғаннан кейін, КОКП Орталық Комитетінің Бас хатшысы қызметіне М.С.Горбачев сайланды. Орталық Комитеттің 1985 жылы сәуірдегі Пленумында елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын жеделдету мәселесіне сәйкес эконмикалық құрылымды ғылыми-техникалық прогресс негізінде қайта құру бағыты жарияланды. Бұл кезең жеті жылға созылды, ол тарихта «қайта құру» кезеңі деп аталды. Бұл қайта құру бағыты 1986 жылғы КОКП-ның ХХVІІ съезінде мақұлданды. Сонымен партия елді жаңару бағытына бастауға міндет алды. Қайта құру ешқандай бағдарламасыз, ғылыми айқындамасыз жүргізілді. Бұл бағыттың қияли болжамдары көп болды. Қайта құру бағыты алғашқы кезден бастап сәтсіздікке ұшырай бастады. Бұған Мәскеуде В.В.Гришин, Ленинградта Г.В.Романов, Қазақстанда Д.А.Қонаев, Әзірбайжанда Г.Әлиев сияқты басшылар кінәлі деп шешілді. Қайта құру бағыты мемлекетті сол кезде алғышарты қалыптасқан аса ірі дағдарыстан құтқара алмады. Қоғамдағы жағдай күннен-күнге қиындай берді. «Қайта құру» тұжырымдамасы ұлт мәселесін де одан әрі шиеленістіре түсті. Қазақстанда Одақтың барлық жерлеріндегі сияқты басқару ісінде жағымпаздық, парақорлық, рушылдық, жершілдік және тағы басқа көптеген келеңсіз құбылыстар кеңінен орын алды. Бұл жылдары ұлт саясатында, әлеуметтік-экономикалық және кадр мәселелерінде көптеген ауытқушылыққа жол берілді. Жалпы барлық кеңес қоғамы үшін бұл кезде қоғамдық ойдың мәні өзгеріп, сөз бен істің арасында алшақтық, қайшылық кең өріс алды. Кадр мәселелерін шешу партия комитеттерінің тек бірінші басшыларының айтуымен, солардың таңдауымен жүретін болды. Коммунистік партия ұлтсыздандыру, аз халықтарды мәңгүртке айналдыру, одан кейін орыстандыру саясатын ашық жүргізген еді.
Ал қазақ елі болса тоталитарлық қоғамдағы өзгерістерге үлкен үмітпен қарады. Отаршылық бұғаудан босайтынына сенді. Алайда 1986 жылғы Алматыдағы желтоқсан оқиғалары қоғамдық өмірдің барлық жақтарын демократияландыру идеясы сол күйінше қиял болып қалғандығын көрсетті. М.С.Горбачев бастап КОКП ОК жария қылған «қайта құрудың» шеткері өлкелерге, аз ұлттарға арналмағаны белгілі болды. 1986 жылдан бастап Мәскеуде республика басшылығының атына, Қазақстан КП ОК-нің 1-хатшысы Д.А.Қонаевтың жеке басына қарсы сындар айтыла бастады. Бәрі де билік басындағылардың ауыстырылуының қажеттілігін түсінді, алайда бұл демократиялық жолмен іске асады деп күтілді.
1986 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Компартиясының ОК Пленумында Д.А.Қонаев қызметінен босатылды. Қазақстанға жаңа басшылыққа, сол кезде Грузия Компартиясы ОК-нің екінші хатшысы болып істеген Г.В.Колбин тағайындалды. Сонымен, тоталитарлық режимнің ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрімен Қазақстанды кім басқару керектігі туралы мәселе шешілді. Бірақ ол республиканың ұлттық мүддесімен санаспағандықтан бұл шешім батыл қарсылыққа тап болды.
1986 жылы 17 желтоқсан күні таңертең Алматыда жастар бұл қабылданған шешімге қарсы екендігін білдіріп, бейбіт шеруге шықты. екі күнге созылған бұл оқиға тарихқа «1986 жылғы алматыда болған Желтоқсан оқиғасы» деген атпен енді. Студент және жұмысшы қазақ жастары әрбір ұлтты өз көсемі, өз басшысы басқару керек екендігін айтып, пленумның шешімін өзгертуді талап етті. 17-18 желтоқсандағы қайғылы оқиғалардың барысында бірнеше адам қаза тауып, көптеген адамдар жарақат алды. Бейбіт шеруді қуып тарату жөніндегі хабар бүкіл Қазақстанды дүр сілкіндірді, Республиканың көптеген қалаларында жастардың осындай бас көтеруі болды, олар да қатал басып жаншылды. 900-дей адам әкімшілік жазаға тартылып, тек Алматының өзінде 264 адам жоғары оқу орындарынан шығарылды. Оқиғаға қатысқан 319 адам жұмыстан қуылды. 52 адам партиядан және 758 адам комсомол қатарынан шығарылды. 1400-ге жуық адам комсомолдық және партиялық сөгіс алды. Ішкі істер органдарына 1200 адам, транспорттық және медициналық мекемелерден 300-ден астам адам қызметтен шығарылды. 12 жоғары оқу орындарының ректорлары орнынан босатылды. 8500 адам ұсталып, 99 адам сотталды, солардың ішінде Қ.Рысқұлбеков пен М.Әбдіқұлов ату жазасына кесілді.
Желтоқсандағы бас көтеруге тікелей себеп, бұрын республикаға беймәлім партия қызметкері Г.В.Колбиннің Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болып тағайындалуы ғана емес еді. Қазақстанда ұлттық, саяси, әлеуметтік және экономикалық түйінді мәселелер қордаланып қалған болатын.
Қазіргі уақытта 1986 жылғы көтеріліске қатысқандардың көпшілігі ақталды. Желтоқсан оқиғасы қазақ халқының ұлттық сана-сезімінің жаңғыруына әсер етті, қазақ халқының ұлттық ар-намыс туралы түсініктерін күрт өзгертті. 1987 жылдың соңында Мәскеуде М.С.Горбачевтың «қайта құру» саясатының екіжүзділігі, демократия заңдылықтарына қарсы жүргізіліп жатқан істері туралы Борис Елциннің пікірлері орын ала бастады. Осы кезеңде әсіресе КОКП-ның төрешілдік-тоталитарлық дәстүрлері сыналды, сонымен бірге құқықтық реформаларды жүргізу қажеттілігі айтылды. Ресейдің орталық өлкелерінде, Кеңес Одағының батысындағы
республикаларда репрессия құрбандарын ақтау өріс алды. Осы үрдіс біртіндеп Қазақстанды да қамти бастады.
1987 жылы «Мемлекеттік кәсіпорындар туралы» Заң қабылданды, соған сәйкес мемлекеттік кәсіпорындар шаруашылық есепке көшті, өз шығынын өзі өтеп, өзін-өзі қаржыландыратын болды. Кейбір ірі кәсіпорындарға сыртқы нарыққа шығуға рұқсат етілді. Сол жылы «Жеке еңбек қызметі туралы» Заң қабылданды.
ХІХ Бүкілодақтық партия конференциясынан кейін (1988 жылдың жазы) саяси реформалар басталды. Реформа жаңа өкілетті және атқару биліктері жүйесін өмірге әкелді: халық депутаттарының съезі, КСРО президенті, КСРО Жоғарғы Кеңесі. 1990 жылы өткізілген КСРО халық депутаттарының үшінші съезінде КСРО-ның бірінші және ең соңғы президенті болып М.С.Горбачев сайланды. 1988-1991 жж. КСРО-ның сыртқы саясатында да түбегейлі өзгерістер орын алды.
Қорыта келгенде, ХХ ғасырдың 70-80 жылдары қоғамдық-саяси өмірдегі және әлеуметтік-экономикалық дамудағы теріс құбылыстар одан әрі өсіп, қоғамдағы қайшылықтар мейілінше шиеленісе түсті. 1985 жылдан басталған қоғамдық-экономикалық өмірді қайта құру, горбачевтік социализмді «жаңарту» әрекеттері ешқандай оң нәтиже бермеді, КСРО-ны төніп келе жатқан терең дағдарыстан құтқара алмады және құтқара да алмайтын еді. Керісінше, кеңестік әкімшіл-әміршіл жүйе тоқырауға ұшырап, қоғамның барлық салаларын қамтыған дағдарыс одан әрі тереңдей түсті.
76. 1986ж Желтоқсан оқиғалары.
Желтоқсан көтерілісі — 1986 жылы 17 — 18 желтоқсан аралығында Алматыда болған қазақ жастарының КСРО үкіметінің отаршылдық, әміршіл-әкімшіл жүйесіне қарсы наразылық іс-қимылдары. Бостандыққа, тәуелсіздікке ұмтылған қазақ халқы тарихындағы елеулі оқиға болып табылады. Көтерілістің басталуына Мәскеудегі орталықтың республика халқының пікірімен санаспастан Ресейдің Ульянов облысы партия коммитетінің 1-хатшысы Г.В. Колбинді ҚКОК-нің 1-хатшысы етіп тағайындауы түрткі болды.
Қазақстан тәуелсіздігін алған соң Желтоқсан көтерілісі туралы шындық қалпына келтіріліп, бұл жөнінде “Желтоқсан. 1986. Алматы.” (құрастырылған Т.Өтегенов, Т.Зейнәбілов), “Желтоқсан құрбандарын жоқтау”, “Ер намысы — ел намысы” жинақтары, К.Тәбейдің “Мұзда жанған алау”, Т.Бейісқұловтың “Желтоқсан ызғары” кітаптары мен “Желтоқсан” (бас редакторы Х.Қожа-Ахмет) газеті жарық көрді, “Аллажар” (1991, реж. Т.Теменов), “Қызғыш құс” кинофильмдері түсірілді. [2]
Оқиғаға қатысқандарды саяси тұрғыдан қуғындау басталды. 99 адам сотталды, 264 студент оқудан шығарылды. 1987 ж. жазда КОКП Ок қаулысы шығып, желтоқсан
оқиғасы қазақ ұлтшылдығының көрінісі ретінде бағаланды. Желтоқсан оқиғасы қоғамның саяси өмірін демократияландыруға серпін берді.
Осы күнге дейін мемлекет желтоқсан көтерілісінің тарихи маңызын жоғарлатуға зор үлес қосып келеді. Көтерілісінің құпиялары толығымен ашылған жоқ.
Көтеріліс хронологиясы Солдан оңға қарай: Түгелбай Тәшенов, Жамбылбек Тайджумаев, Қайрат Рысқұлбеков, Қайыргелді Күзембаев өздеріне шығарылған сот үкімін тыңдап тұр.
Алматы қаласында орналасқан 1986 жылғы желтоқсан көтерілісін еске алу монументі. 17 желтоқсан күні таңертеңгі сағат 8-де қаладағы Л.И.Брежнев атындағы алаңға (қазіргі Республика алаңы) саяси тәуелсіздікті талап еткен ұрандармен алғашында 300-дей адам жиналып, кешкісін көтерілісшілер саны 20 мыңға жетті. Бірақ көтерілісшілердің қойған талап-тілектері аяқ асты етіліп, “бұзақыларды” күшпен тарату мақсатында алаңға құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен арнайы әскери күштер тобы жеткізілді. КСРО ІІМ-нің бұйрығы негізінде дайындалған “Құйын — 86” операциясы бойынша көтеріліс қатыгездікпен басып жаншылды.
18 желтоқсан күні алаңға қайта жиналмақ болған көтерілісшілерге қарсы әскер күші қолданылды. Көтерілісшілердің қалған топтарын ығыстыру үшін жедел отряд, милиция мен жасақшылардан арнайы топтар құрылып, қала көшелеріне аттандырылды.
Осы әскери күштер 19 желтоқсан күні қаланың әр тұсында қайтадан шеруге шықпақ болған 6 топты басып, таратты. Алаңдағы көтерілісшілер таратылған соң ішкі істер бөлімдеріне 2401 адам жеткізілген (Алматы түрмесіне сыймағандықтан, қала сыртына апарып тасталғандарды қосып есептегенде барлығы 8,5 мың адам ұсталған). Желтоқсан көтерілісі құрбандарының қатарында Е.Сыпатаев, С.Мұхаметжанова, К.Молданазарова, Қ.Рысқұлбеков, М.Әбдіқұлов, Л.Асанова сынды ержүрек қазақ жастары бар.
Желтоқсанның 19 — 23 аралығында халықтың наразылық шерулері мен митингілер Қазақстанның Жезқазған, Талдықорған, Көкшетау, Қарағанды, Арқалық, Павлодар, Жамбыл, Талғар, Сарқан, т.б. қалалары мен Сарыөзек, Шамалған, Шелек елді мекендерінде жалғасты.
Куәгерлердің естеліктері
Тарихи маңызы
Желтоқсан көтерілісіне КОКП ОК-нің қаулысымен “қазақ ұлтшылдығының көрінісі” деген баға беріліп, көтеріліске қатысқан азаматтар қуғын-сүргінге ұшырады. КСРО-ның тоталитарлық, отаршыл саясатына қарсы қазақ жастарының азаттық күресі тарихи маңызы бар үлкен оқиға болды.
77. Семей полигонындағы ядролық сынақтар және олардың зардаптары.
Қазақстан аумағында атом бомбаларын сынақтан өткізу үшін арнайы 18 млн. га жер бөлініп, Семей ядролық полигоны ашылды. 1949 жылдың 29 тамызында Семей облысында таңғы сағат 7-де жерден 38 метр биіктікте қуаты 20 килотондық алғашқы атом бомбасы жарылып, сынақтан өтті. Бұл жарылыстан орта есеппен 900 мыңдай бейкүнә адам 100-250 рентген мөлшерінде радиация қабылдаған болса, 1963 жылдар аралығында аса қуатты бомбалардың жарылысынан 2 миллионнан аса жазықсыз халық 300-400 рентген мөлшерінде радиация қабылдаған. Полигонның 40 жылдық тарихында Семейден 120 шақырым жерде 498 ядролық сынақ өткен. Оның 88-і ауада, 30-ы жер бетінде, 340-ы жер астында жарылған. Соңғысының қуаты 1,5 мегатонн мөлшерінде болған. Одан 1.5 миллион адам зардап шекті. Бұдан кейінгі 25 жыл жер асты жарылысынан адамдар түрлі ауруларға ұшырап, сол сырқаттың қасіретін әлі де арқалаумен келеді. Бұл сырқаттардың тұқым қуалайтындығы ғылыми негізде дәлелденді, оның қасіреті 300 жылға дейін созылуы мүмкін. Сол жылдары полигонға шаруашылық жайылымдар мен егістік жерлер тартып алынып беріліп, соның салдарынан аймақ экономикалық және әлеуметтік дағдарысқа ұшырады. Бастапқысынды адамдарға, жануарлар мен табиғатқа тікелей зардабын тигізген ашық сынақтар жасалды. Халық өте ауыр және созылмалы сәулеленуге ұшырап, сынақ зардаптары Хиросима мен Нагасакидегі атомдық бомбалаудан 2,5 есе асып түсті. Одан әрі жер астына жасай бастады. Семей маңындағы радиациялық әсер аймағында тұратын 500 мыңдай адам осы сынақтан азап шекті. Семей ядролық полигонындағы сынақтардың әсері туралы алғашқы шын да жүйелі деректер Қазақ КСР Ғылым академиясы жүргізген кең ауқымды медициналық-экологиялық зерттеулердің нәтижесінде алынды. Зерттеулерді, ғылыми экспедицияларды профессор Б. Атшабаров басқарды. Радиацияның адамға ықпалының механизмі қазіргі кезде едәуір жақсы парықталған. Бұл орайда ең қауіптісі – иондалатын радиацияның ықпалы гендік кодты дауасыз өзгерістерге соқтыруға мүмкін екендігі. Семей және Павлодар облыстарының радиациялық сәулеленудің ықпалына ұшыраған басқа аумақтардың тұрғындарының арасында сырқат санының ұдайы өсіп келе жатқаны байқалады. Бұлар өкпе мен сүт бездерінің рагы, лимфогемобластоз және басқа да қатерлі ісікті патологиялары. Жалпы алғанда рак ісігі сынақтар басталғалы бері үш есе өсті. Семей полигонына жақын нақ сол аудандарда жетілуіндегі әртүрлі ауытқулар, тәндік және естік кемшіліктер әрқилы сәбилер дүниеге ерекше көп келеді. Мамандардың айтуынша,
соның бәрі нақ қысқа мерзімді және қалдықты радиацияның кесірінен болатын генетикалық мутациямен байланысты. Бұл аймақтағы аурулардың есеп-қисабы 1990 жылға дейін мұқият жасырылып келді. Семейдегі ядролық сынақтың салдарынан соңғы жылдары әр жүз мың адамға шаққанда жүйке-психологиялық ауруға шалдыққан адамдардың саны 960-тан 1624-ке, ақыл-ойы кем адамдар 3105-тен 4612-ге, невроз және жүйке тамыр дерті бар адамдар 3692-ге көбейген. Ал сары ауру, іш ауруы, туберкулез сияқты ауру түрлері халықты әбден меңдеп, арасында көпшілігі нағыз тұқым қуалайтын дауасыз рак, паралич, анемия, жазылмайтын тері ауруларының алуан түрлеріне душар болып отыр. Сынақ зардаптары дәрі мен дәрігерлерді дәрменсіз етіп, адамзат баласында кездеспеген ауру-сырқаулардың «жаңа» түрлерін туындата бастаған. Жалпы, Семей өңіріндегі полигонға жақын бұрынғы бес аудан халқының денсаулық жағдайын сараласақ, жүйке ауруына шалдыққандар саны (1995 жылғы деректер) – 1650-ге таяу, ақыл-ойы кемтарлар 4700-ге жетіпті. Ал 3700 адам жүйке тамыры ауруына шалдыққан. Әсіресе, екі әйелдің бірінде тамақ бездерінің ауруы асқынып қабынуы, ауруға шалдығушылардың иммунитеттері нашарлығы байқала бастаған. Республика бойынша орташа жас ұзақтығы ерлерде – 59, әйелдерде – 62 жас болса, полигон аймағына жататын аудандарда ерлерде – 52-55, әйелдерде 58 жас күйінде қалып келеді. Сынықтан адамдар ғана емес, жер де азап шегеді. Жылма-жыл радионуклидтердің жинала беруі жердің құнарлығын азайтады. Жерде орасан зор микроэлементтер: темір, мыс, магний және басқа металдар әрттүрлі дәнді дақылдар адам организміне сіңеді. Жетпісінші жылдарға дейін зарядтар салынған штольнялар мен сква-жиналардың түптері мен шығар ауыз¬дары дұрыстап бетон қақпақтармен жабылмапты да. Соның салдарынан улы инертті газдар, ауыр металдар, басқа да радиациялық заттар жер бетіне жайылған. Мұны мамандардың өздері де жоққа шығармайды. Сынақ кезінде бөлініп шығар зиянды ауыр металл изотоптарының ең қауіптілері – «Стронций-90», «Плутоний-238», «Цезий-137», тағы басқалары. Мәселен, стронцийдің ұсақ микробөлшекке айналып, қоршаған ортаға зиянсыз күйге енуі үшін 56 жыл керек екен. Ал цезийге – 30, плутонийге – 2100 жыл қажет. Бір ғана жарылыс өткізуде осындай он мыңдаған изотоптар мен қосындылардың пайда болатынын ескерсек, барлық сынақтан кейінгі жеріміздің, ел-жұртымыздың денсаулығын ойлап көріңіз. 1989 жылы 28 ақпан күні Алматы теледидарындағы кешкі жаңалықты үзіп, оның орнына ақын, мемлекет қайраткері, Қазақстан Жазушылар одағының бірінші хатшысы Олжас Сүлейменов Семей ядролық сынақ полигонын жабу мақсатында халықты қозғалысқа бірлесуге шақырды. Бұл қозғалыстың аты Халықаралық ядролық апатқа қарсы «Невада-Семей» деп аталды. Халықаралық қоғамдық
ұйымдардың ортақ мүддесі адамзатты, қоршаған ортаны ядролық сынақтан құтқарып қалу еді. Осы жетістіктің нәтижесінде 1991 жылы 29 тамызда ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев «Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы» №409 Жарлыққа қол қойды. Сөйтіп, қазақ халқы өз мақсатына жетті. Семей полигоны жабылғаннан кейін Ресейдің, АҚШ пен Францияның полигондарында ядролық қаруды сынауға мораторий жарияланды. 1991 жылдың 29 тамызында Семей ядролық полигоны жабылып, 1992 жылдың мамырында оның базасында Курчатов қаласындағы Ұлттық ядролық орталық құрылды.
78. Ауыл шаруаш. Әкімш-әмірш басқарудың өрши түсуі.
81. Адам құқығын шектеуге бағытталған партиялық бақылаудың күшеюі.
Казақстанның мәдениеті, әдебиеті, ғылымның одан әрі дамуына ХХ ғ. 50-ші жылдардың басында өзінің шырқауына жеткен тоталитарлық социализм идеологиясы кері әсерін тигізді. Әсіресе БК/б/П Орталық Комитетінің "Звезда" және "Ленинград" журналдары туралы /1946 ж. 14 тамыз/ қаулысы басқаша ойлайтын адамдарды қудалаудың жаңа науқанын ашып берді. Қазақстан партия комитеттері де өз жұмысын осы қаулының ағымына құрды. Республика Компартиясы Орталық Комитетінің 1947 ж. наурызда өткен пленумы төменгi партия ұйымдарынан Қазақстан тарихын жазудағы, әдебиет пен өнердегі саяси қателер мен ұлтшылдық бұрмалауға қарсы большевиктік сынды кеңінен өрістетіп, БК/б/П Орталық Комитетінің идеологиялық мәселелер жөніндегі қаулыларын сөзсіз орындауды талап етті.
Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдары бұрынғы КСРО, оның ішінде Қазақ КСР-ның ауыл шаруашылығы ауыр жағдайда болды. Елдің астық қажеттігін егіншілік аудандары өтей алмады, мал басы өспеді.
Мұның себептер:
-соғыс ауыл шаруашылығына ауыр зиян тигізді;
-ауыл шаруашылығындағы өндірістік қатынастардың ескіру: колхоздарда егіс алаңы, мал колхозшылардың қауымдық меншігі деп айтылғанымен олар ол меншіктің иесі емес еді. Иесіз меншік өспеді, оны талан-таражға салу оңай болды;
--ауыл шаруашылық өнімдерін мемлекет міндетті түрде алуға байланысты қалыптасқан жүйе өзін ақтамады. Ол өндірушінің мүдделілігін тудырмады.
Мемлекетте партия мен үкіметтің орталық және жергілікті орындары бұл ауыр халден шығу үшін бірнеше шара қолданды. Мәселен, осы жылдары колхоздарды ірілендіру шарасы жүргізілді, колхоздарды совхоздарға айналдыру шарасын жүзеге асырды. Дегенмен, бұл шаралар күткен нәтижеге жеткізбеді. Ауыл шаруашылығындағы ауыр жағдайдан шығудың жолы өндірістік қатынастарды жетілдіруді қажет етті.
1954-1956 жылдарда одақтық министрліктерден республика қарамағына 144 ірі кәсіпорны, ал 1959 ж. түсті металлургияның барлық 29 кәсіпорындары берілді. Мұның нәтижесінде одақтық-республикалық өнеркәсіптегі өндіріс көлемі 2 еседен артық ұлғайды. Түсті металлургия, қара металлургия мен химия өнеркәсібі кәсіпорындарын салу, байланыс, қала және село құрылысы, геология және жер қойнауындағы қорларды қорғау министрліктері басқада одақтық министрліктер, одақтық-республикалық болып қайта құрылды. Су шаруашылығы министрлігі қалпына келтірілді. Республикадағы министрліктердің құқықтары бұрынғыға қарағанда едәуір өсті. Оларды құру кезінде Қазақстан үкіметі шаруашылықтың ерекшеліктерін, жұмыс көлемін және өркендеу келешегін ескеретін болды. Сонымен бірге одақтас республикалар жалпы одақтық сипаттағы мәселелерді
шешуге бұрынғыдан гөрі белсене қатыса бастады. Одақтас республикалардың экономикалық және мәдени өркендеуіне байланысты ұсыныстарын талқылау үшін КСРО Жоғарғы Кеңесінің Ұлттар Кеңесі әр республиканың өкілдігі болатын Экономикалық комиссия құрды.
2. 82. «Е.Б.Бекмахановтың ісі».
Орталықта "Ленинградтық іс", "Дәрігерлердің ісі" қолдан жасалып жатқан кезде Қазақстанда "Бекмахановтың ісі" ұйымдастырылды. Ол іс бойынша Е. Бекмахановтың 1947 жылы шыққан "XIX ғасырдың 20-40 жж. Қазақстан" деген монографиясында буржуазияшыл-ұлтшыл концепциялар дамытылған және оның саяси-идеалық зияны бар деп табылды. 1950 ж. "Правда" газеті "Қазақстан тарихының мәселелерін маркстік-лениндік тұрғыдан жазу үшін" деген мақаласында оның кітабын айыптады. Осыдан кейін тарих ғылымдарының докторы Е. Бекмаханов Ғылым академисынан шығарылды, ал 1952 ж. 4 желтоқсанда Қазақ ССР Жоғары сотының алқасы оны 25 жылға соттады. Тек Сталин өлгеннен кейін ғана Е.Бекмахановты айыптау жөніндегі іс қайта қаралып, қылмыс құрамы жоқ болғандықтан жабылып, 1954 жылы түрмеден босап шықты.
40 жылдардың аяғы-50 жылдардың басында "Бекмахановтың ісі" жалғыз болмады. Республиканың көрнекті қоғамтану ғалымдары А. Жұбанов, Х. Жұмалиев, Б. Сүлейменов, Е. Смаилов және т. б. нақақтан тағылған саяси айыптармен жазаланды. Ә. Әбішев, Қ. Аманжолов, Қ. Бекқожин, С. Бегалин және басқа белгілі ғалымдар мен жазушылар саяси және буржуазиялық-ұлтшылдық қателіктер жіберді деп дәлелсіз айыпталды.
Сөйтіп, соғыстан кейінгі жылдарда Қазақстанда пісіп-жетіліп келе жатқан қоғамдағы жаңа өзгерістер әміршіл-әкімшіл жұйенің қудалауымен тұншықтырылып тасталды.
3. 83. ҚазКСР да жоғары және арнаулы білім беретін оқу орындарының ашылуы.
Кеңес өкіметі жылдарында Қазақстанда көптеген өзгерістер болды. Соның ішінде, республикада халықтың сауатсыздығын жою жөніндегі, жалпы білім беретін мектептердің кең жүйесін құру, яғни бастауыш, орталау, орта мектептерді және арнаулы орта, жоғары оқу орындары бойынша атқарылған көптеген жұмыстарды атап өтуге болады. Халыққа білім беру ісіндегі ең маңыздысы біртұтас жүйенің құрылуы және дамуы, сондай-ақ мектеп жасындағы балаларды оқуға қамту болды. Үкіметтің және халыққа білім беру органдарының ұдайы қамқорлығы арқасында қысқа мерзімде мектептер, мектептен тыс ұйымдар, балалар мекемелерін құруда үлкен табыстарға қол жетті. Мектеп ашудың қиындығы оқулықтардың жоқтығына, оқу бағдарламаларының, мектеп
ғимараттарының, мұғалімдердің аздығына, әсіресе ұлттық педагогтік кадрлардың тапшылығына байланысты болды. Сауатсыздықты жою, бастауыш мектептерді ұйымдастыру, бір жылдық және екі жылдық мектептерді төртсыныптыққа ауыстыру жөніндегі жұмыстар төтенше күрделі жағдайда өріс алды. Мектептер тұрғызылды, алыс аудандардағы оқушыларды оқыту үшін тиісті жағдайлар жасалды. Балаларды оқытудың күрделі жағдайларын есепке ала отырып, әртүрлі үлгідегі мектептер коммуна-мектептер интернаты құрылды. Кейін ол жоғары үлгідегі мектепке айналдырылды. Оның ұлт жастарын техникумға түсуге дайындауда маңызы ерекше болды. Кеңес үкіметі құрамындағы ұлт республикаларының комиссариаты, губерниялар мен облыстардағы Халком жанындағы бөлімдерімен халық ағарту комиссариаты құрылды. Ағарту халкомы болып А.В.Луначарский тағайындалды. 1918 жылы қаңтарда Петроградта елдегі ағарту ісін түбегейлі қайта құруды көздеген Кеңестердің бүкілресейлік ІІІ съезі өтті. Күйзеліс, аштық, басталған соғыс интервенциясы мен азамат соғысына қарамастан, халық бұқарасының мәдениетін көтерудегі бірінші жағдай ретінде сауатсыздықты жою міндеті қойылды. 1918 жылы наурызда Түркістан өлкесінің Халком кеңесі өзінің декретін жариялады. Онда «ағарту жөніндегі халық коммиссариаты А.В.Луначарскийдің жарлығына сәйкес, ұсынылған жоспарға байланысты Түркістан өлкесінде халыққа білім берудің өлкелік кеңесі ұйымдастырылады» деп айтылған. 1918 жылы маусымның ортасында халыққа білім беру жөніндегі Өлкелік кеңестің орнына Түркістан ағарту комиссариаты құрылды. Ағарту комиссариатына көпұлтты халқы бар өлкенің ұланғайыр аумағында мәдени-ағарту мекемелері, ана тілінде сабақ беретін және ғылым талаптарына жауап беретін жаңа бағдарламалар бойынша оқытатын мектептер жүйесін құру жүктелді. Мектептерді бастауыш, гимназия, реальды училище және т.б. бөлу қысқартылды. Оның орнына екі сатылы мектеп енгізілді: бірінші – 8 жастан 13 жасқа дейінгі балалар үшін 5 жыл оқу және екінші – 13 жас пен 17 жас арасындағы балалар үшін 4 жылдық оқу. Қазақстандағы халыққа біліс беру жүйесіндегі түбірлі өзгерістерді барлық жастағы жұртшылықты қамтыған ағартушылық және мәдени-тәрбие жұмысының жаңа түрлері құрады. Жер-жерде курстар, кешкі мектептер, өз бетімен білім алу үйірмелері ұйымдастырыла бастады. Қазақ мектептерінде ана тілінен басқа орыс тілін, сондай-ақ арифметика, география, тарих, жаратылыстану, сурет, ән-күй сабақтарын оқи бастады. Қазақ, орыс мектептері құрылды. Ал Қазақстанның Оңтүстік облыстарында басқа мектептермен қатар өзбек, ұйғыр мектептері дүниеге келді. 1918 жылдың 23 қаңтарындағы «Шіркеуді мемлекеттен және мектептерді шіркеуден бөлу туралы» декрет мектептердің еркін демуының бастауы болды. Халыққа білім берудегі қайта құрулармен қатар басқа да шаралар аса үлкен маңызға ие болды. Елдің барлық оқу орындары Ағарту жөніндегі халық комиссариатының қарамағына берілуі, ұлдар мен қыздарды бірге оқытуды ұйғару ерекше
маңызды болды. Үлкен адамдардың арасында сауатсыздықты жою жөнінде көп жұмыстар атқарылды. Осы жылдары халыққа білім беру жұмысының табысы негізінен мұғалім туралы мәселені шешуге қатысты еді. 1920 жылдың соңына қарай 17 кәсіби-техникалық оқу орындары Орал, Семей, Торғай, Верный, Петропавлда ашылды. Сонымен қатар осы жылы Оралда, Петропавлда музыка мектептері; сондай-ақ Оралда педагог-суретшілерді дайындайтын мектеп ашылды. Техникумдар мен жоғары оқу орындарының жұмысшы факультеттері арқылы жергілікті ұлттан кадрлар дайындауға баса назар аударылды. Мектеп жүйесінің жылдам өсуі педагогтарды да көп талап етті. 1921 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстанда халыққа білім беретін төрт институт жұмыс істей бастады. Орынборда жалпы саны 130 адамдық орысша, татарша – 223 адамдық, қазақша – 140 адамдық, Семейде аралас – 90 адамдық. Олар бар болғаны 593 адамды қамтыды.
84. Теміртау оқиғасы
1997 жылы Республика Президентi Н.Назарбаевтың «Егемен Қазақстан» газетiне берген сұхбатында: «Темiртау оқиғасында қанша адамның қырылғанын әлi күнге дейiн ешкiм бiлмейдi, ол тарих ашылған жоқ. Кiсi өлiмi көп болды, оның iшiнде талай адам сотталды, атылды» деген едi. Тұтас бір ұрпақтың өмірін қамтыған алып магнитканың тарихында есте қалар оқиғалар көп болған.
Темiртау оқиғасының тарихы әлi ашылған жоқ. Ол туралы бұқаралық ақпарат құралдары мардымды ештеңе жазған да, көрсеткен де жоқ. Сол жылдардағы сарғайған газет-журнал беттерiнен де ол туралы дәнеңе таба алмадық. Оқиғаның әлеуметтiк астары туралы жазылған «Молодая гвардия» журналының сол жылғы саны да барлық кi-тапханалардан алынған. Тiптi, бұл туралы Орталық мұрағатымызда да тiлге тиек етер бiр жапырақ қағаз сақталмапты. Оқиғаның соншалықты маңызды болғанын осыдан да байқауға болар едi.
Темiртау оқиғасы 1959 жылы тамыз айында болды. Темiртаудағы алып Магнитка Бүкiлодақтық екпiндi құрылыс деп жарияланып, оған комсомолдық жолдамамен елiмiздiң түкпiр-түкпiрiнен мыңдаған жастар барады. Олардың iшiнде негiзгi тұрағы жоқтар да, барар жерi, басар тауы жоқ түрмеден босатылғандар да болады. Елiмiздiң iрi қалаларынан жұмыс iздеп келгендер жатақханаларға ұлттық ерекшелiктерiне қарай топтасып тұрады. Магниткаға келушiлерге есеп жүргiзiлмейдi, олар қаласа тiркеледi, қаламаса тiркелмейдi. Тәртiп пен талаптың, сұраушылықтың жоқтығының салдары кiсi тонау, зорлық пен зомбылықтарға әкелiп соғады. Жатақханаларда ұлттық ерекшелiктерге бөлiнiп тұруы ара-тұра топтық төбелестерге душар етедi. Бұл сол кездегi партиялық басшылықтың жiберген iрi кемшiлiктерi едi. Оның үстiне тұрмыстық жағдай ауыр соғып, олардың әлеуметтiк, рухани жан-дүниесiне көңiл бөлiнбейдi. Тұрақты бақылаудың жоқтығынан, жастар арасында мәдени жұмыстардың жүргiзiлмеуiнен жатақханаларда жағдай ауырлап, күнде қанды төбелес болып тұрған.
1959 жылы маусым айында СОКП Орталық Комитетiнiң бiрiншi хатшысы Н.С.Хрущевтiң атына Темiртау Магниткасында еңбек етiп жатқан болгар жұмысшыларынан арыз түседi. Болгар жұмысшысы А.Ношков еңбектес достарының атынан жазған арызында Темiртауда орын алып отырған ауыр жағдайды бүкпесiз жазып, тәртiптiң бей-берекетсiз кеткенiн, бұзақылық пен маскүнемдiк iндеттiң бақылаусыз қалғанын қоғам өмiрiнде ұрлық пен қылмыстың өршiп тұрғанын ашық баяндайды. Қалыптасқан жағдайдың алдын-алу мақсатында Қарағанды облыстық партия комитетiнiң бюросы шақырылып, тиiстi қаулы қабылданады.
Теміртау оқиғасы тұсындағы қала Обкомның бюросында талқыланғандай шындығында қалада (Темiртауда) қоғамдық тәртiптi сақтау iсi сын көтермейтiн едi. Осы және өзге де әлеуметтiк мәселелердi талқылаған обком бюросының қаулысында Темiртау қалалық iшкi iстер бөлiмiнiң жеке құрамын 20 қызметкерге көбейту туралы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетi мен Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнен сұрау қажеттiгi жөнiндегi өтiнiшi өз шешiмiн таппай қалады. Оған қосымша Темiртау жұмысшыларын таза ауыз сумен қамтамасыз ету жолдары қиынға соқты, қоғамдық тамақтандыру iсi де жолға қойылмады. Ашынған жұмысшылар одан шығудың жолын бейбiт түрде қарсылық бiлдiру жолдарынан iздейдi. Бес саусақ бiрдей емес, араларында зұлымдығымен шектен шыққан басбұзарлар да болады. Ақыр соңында олар 1959 жылғы тамыз айының беташарында жаппай көтерiлiске шығып, қоғам мүлкiн талан-таражға салады. 1-тамыз сенбi күнi қаладағы барлық асханалар жұмыс iстемейдi. Келесi күнi де жұмысшылар аш қалады. Мұның өзi олардың ашу-ызасын тудырады. Жұмысшылардың көңiл-күй ауанын дөп басқан жергiлiктi бұзақылар оларды өз соңдарынан ертiп, қалада тәртiпсiздiктер жасайды. Алдымен салқын сусын құйылған сыйымдылықты сындырады, асхананы тонайды. Сенбi, жексенбi (1–2-тамыз) күндерi орын алған тәртiпсiздiктер кезiнде екi адам ұсталып, жауапқа тартылады. 2-тамыз күнi түнгi сағат 3-те шамамен 1500-дей жұмысшы жиналып, оларды босатуға күш салады, алайда ол әрекет iске аспайды. Ашуға булыққан жұмысшылардың жолын бөгеу мақсатында ескерту ретiнде аспанға 5 рет оқ атылады. Өз талаптарының орындалмасын бiлген жұмысшылар бұдан соң шағын дүңгiршектi тонайды. Бұл уақыт аралығында ешқандай өлiм-жiтiмге жол берiлмейдi. 2-тамыз күнi палатка орналасқан қалашықта жиналыс болып, үш сағат бойы оған қатысушылар бiр-бiрiне қарсы талаптар қояды. Алып құрылыс алаңының жетекшiлерi Мемлекеттiк қауiпсiздiк қызметiнен құрылған арнайы топтың қалашықта белгiлi бiр уақытқа дейiн қала тұруын сұрайды. Осы күндерi жер-жерлерде палаткалар орнатылып, жастар қалашығында партия және комсомол белсендiлерiнен құрылған 230 адам ықтимал жағдайға сай дайындық жұмыстарын жүргiзедi.
Қарағанды облыстық партия комитетiнiң бюро мүшелерi де оқиғаның соңын күтiп, өз көзқарастарын ашық бiлдiрудi қажет деп таппайды. Темiртауға облыстық партия комитетiнiң бiрiншi хатшысы П.Н.Исаев өзi келудiң орнына, обком хатшысы Алихановты жiберумен шектеледi. Мемлекеттiк Қауiпсiздiк комитетi облыстық басқармасының бастығы Шмойлов Қарағанды қаласында отырып, оқиғаны сырттан бақылайды. 2-тамыз күнi кешкi тоғыз шамасында жұмысшылар жергiлiктi iшкi iстер бөлiмiне
шабуыл жасайды. Темiртау қалалық партия комитетiнiң хатшысы А.Г.Коркин бұл туралы облыстық партия комитетiн хабардар етедi. Қарағанды облыстық партия комитетiнiң бiрiншi хатшысы Исаев обком хатшылары мен Қауiпсiздiк басқармасының бастығы Шмойловты қатыстыра отырып, тығырықтан шығудың жолын қарастырады. Қабылданған шешiм бойынша тәртiп орнатуға iшкi iстер күштерiн көтерiп, КарЛАГ-тың қарулы әскери жеке құрамын Темiртауға жiберуге ұйғарым жасалады.
Сол күнi түнгi сағат 3-те Темiртаудан Қарағанды облыстық iшкi iстер басқармасының бастығы, генерал Любых тәртiп бұзушыларға қарсы қару қолдануға рұқсат сұрап, Қарағандыға телефон соғады. Өз сұрауына байланысты ол қалыптасқан жағдай өз шеңберiнен шығып кеткен жағдайда қару қолдануға Исаевтың келiсiмiн алады. (Оқиға кезiнде де, одан кейiнде де рұқсат беру мәселесi үлкен дауға ұласып, оның нақты авторы табылмайды). Ишарат бiлдiрудiң соңы қанды қырғынға ұласады. 2-3-тамыз күндерi орын алған тәртiпсiздiктi басуға КарЛАГ-тың конвой күзетiнен генерал Запевалин басқарған 500 сарбаз, КСРО IIМ iшкi әскерлерiнен 1400 сарбаз бен офицерлер қатысады. Сол күндерi 15 адам өлiп, 28 адам ауыр жараланады, 140 адам бұзақылық жасағаны, тонау мен талауға қатысқаны үшiн қамауға алынады. 28 сарбаз, офицерлер мен iшкi iстер қызметкерлерi ауыр жараланып, 4 сарбаз бен офицер әртүрлi жарақаттан ауруханаға жеткізіледі. Оқиғаның мұндай қайғылы бағыт алғанынан қорыққан облыс басшылары бұл жолы iстiң байыбына бармастан жаппай тәртiпсiздiктiң болуына iшкi iстер саласы кiнәлi деп табады.
Оқиғаға саяси баға берiп, оның алдын-алуға бiрден-бiр құқығы бар обкомның сол күндерi бюро мәжiлiсiн өткiзбеуiн қалай түсiнуге болады? Күш құрылымдарының қару қолданатын күнi Исаевтың Темiртау қаласында болса да кабинетте жасырынуында нендей сыр бар. Жұмысшылар қаншама рет шақырса да, оның олардың алдына шықпауына не себеп?
Мемлекет басшысының елде болмау кезiнде орын алатын белгiлi сценарийлерге сәйкес болалатын төңкерiстердiң, кейбiр элементтерi де Темiртау оқиғасында көрiнiс бергенi байқалады. Оқиға кезiнде Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетiнiң бiрiншi хатшысы Н.И.Беляевтың республикадан тысқары болуы да көп нәрсеге әсер еткен iспеттi. 2-тамыз күнi демалыстан Мәскеуге оралған Беляев оқиға туралы Орталық Комитет хатшысы Ф.Кәрiбжановтан естiп-бiлген. Ол (Беляев) әрнәрсеге партиялық тұрғыда қарайтын әдiспен Темiртаудағы тәртiпсiздiктердi жұмысшы-коммунистердiң күшiмен басуға нұсқау бередi. Тапсырма бойынша 1700 коммунист белсендiлерi жұмысшылар арасында түсiндiрме жұмыстарын жүргiзедi.
Пiкiр қайшылықтарында қарама-қарсылық туындаған кезде араға iшкi iстер құрамы араласып, iс насырға шауып кетедi. Оқиғаның бағыты туралы 3-тамыз күнi таңертең Беляев Мәскеуде жүрiп, Хрущевке баяндайды. Артынша Қарағандыға ұшып келiп, оқиғаны өз көзiмен көрiп, СОКП Орталық Комитетiнiң хатшысы Л.И.Брежневке хабарлайды. Ал ол Хрущевке мәлiмдейдi. Хрущевтiң жеке тапсырмасы бойынша Брежнев пен Беляев оқиғаның қайғымен аяқталған күнiнiң ертеңiнде, 4-тамыз күнi Темiртауға келедi. Жалпы, Темiртау оқиғасы СОКП Орталық Комитетiнде төрт рет қаралады, арнайы мемлекеттiк комиссия құрылады. Оның соңғы мәжiлiсiне саяси бюро мүшелiгiне кандидаттар, Украина Компартиясы Орталық комитетiнiң хатшысы Н.Подгорный, Белоруссия Компартиясы ОК хатшысы К.Мазуров, Грузия Компартиясы ОК хатшысы В.Мжаванадзе, Латвия Компартиясы ОК хатшысы Я.Калнберзин, Свердловск облысы партия комитетiнiң бiрiншi хатшысы А.Кириленко қатысып, өз пiкiрлерiн бiлдiредi. Оқиғаны зерттеген мемлекеттiк комиссияның Қарағанды металлургия зауытындағы қалыптасқан жағдай туралы жасаған ұсынысы бойынша СОКП Орталық Комитетi Президиумының 1959 жылы 17-қазанда «Қарағанды зауытының құрылысы туралы» қаулысы шығады.
Сонымен, жұмысшыларға қарсы қару қолдануға кiм рұқсат бердi? Қарағанды облыстық партия комитетiнiң бiрiншi хатшысы Исаев СОКП Орталық Комитетiнiң Президиумы мен прокуратураға берген түсiнiктемесiнде өзiнiң қару қолдануға рұксат бермегенiн, кейiннен обком хатшылары Энодин мен Әлихановпен бiрлесiп, рұқсат бергенiн және бұл туралы iшкi iстер министрi Ш.Қабылбаевпен келiскенiн айтады. Ал iшкi iстер министрi қару қолдану жөнiнде ешқандай келiсiм де, нұсқау да бермегенiн дәлелдейдi.
Беляевтiң талап етуiмен iшкi iстер министрi Ш.Қабылбаевтың iсi тергеуге берiлiп, ол қызметiнен босатылады. Тергеу амалдарынан соң, iшкi iстер министрiнiң кiнәсiз екендiгi анықталып, ол барлық атақ-абыройын қайтадан қалпына келтiредi. 1967 жылы Ш.Қабылбаев екiншi рет iшкi iстер министрi қызметiне тағайындалады. Сол кезеңдердi кейiн еске алған Мемлекетiмiздiң басшысы: «…Қазақтың балалары жеке жатақханада тұрдық. Аман қалу үшiн ұйымдасып, бiрге жүруге тура келдi. Топ болып жүрiп келе жатқанымызда бiзге келiп соқтығысып, бiздi де соғып кеткен кездерi болды. Ол кезде, әрине, талай нәрсеге ұрыну мүмкiн едi. Құдай сақтап, аман қалдық. Сондықтан қазақ пен украиндар, орыстар болып, грузиндер мен орыстар болып, қазақтар болып талай төбелестер болды» дейдi. («Егемен Қазақстан», 1997 жыл 5-шi шiлде).
Күн сайын өршiп бара жатқан мұндай аса қатерлi оқиғаның алдын алмаса болмайтын едi. СОКП Орталық Комитетiнiң ерекше ба-қылауында тұрған ерекше құрылыс нысаны айналасында тәртiпсiздiктiң белең алуы партияның бас штабын да әбiгерге салады. Оқиғаның терең бағыт алғаны соншалық, оған қарулы әскер қатыстырылады. Алғашында өз әскерiмiз халыққа оқ атпағаннан кейiн, Солтүстiк Кавказдан Дзержинский атындағы iшкi әскер дивизиясын шақырып, оқиғаны күштеп басуға тура келген.
Бұл дивизия елiмiзде болып жатқан ауыр толқуларды басуға әркез қатысып тұрған. Кейiн белгiлi болғанындай 1986 жылғы Алматыдағы Желтоқсан оқиғасына да қатысқан осы дивизия екен. Оқиға басылысымен оған сараптама-зерттеу жұмыстары жүргiзiлмейдi. Келтiрiлген зиян, адам өлiмi ешбiр жерде айтылмаған, жарияланбаған. Құрамында екi адамы бар ұшақ құласа, жариялы түрде құрылып жататын мемлекеттiк комиссия бұл жерде ашық жұмыс iстемегенiн аңғарасың.
Темiртау оқиғасына кезiнде Ресейдiң Бас прокуроры болған, Ресей президентi Борис Ельциннiң саяси өмiрiнде зор рөл атқарған А.Казанник те қатысады. «Өмiрдiң алғашқы ауыр сабағын 1959 жылы тамыз айында Темiртауда таттым» дейдi белгiлi
профессор А.Казанник. — «Осы жылы комсомолдық жолдамамен Қазақстан Магниткасына барған болатынмын. Мұнда мен сияқты жастар көп жиналыпты. Алайда, бәрi бiрдей комсомолдық жолдамамен келмегенiн, олардың араларында кәнiгi бұзақылар бар екенiн кейiн бiлдiм. Жастардың бiр тобы су жүйесiнде жұмыс iстедiк. Жұмыс ауыр, еңбекақы мардымсыз болды. Наразылығымыз үлкен қарсылықтарға тап болды. Содан түн iшiнде десантшыларды түсiрiп, олар жұмысшылар тұратын палаткаларды нысанаға алып оқ жаудырды. Өлгендер де, жараланғандар да көп болды. Жер-жерлерде өрт шықты. Кейiн бiздiң арамыздан 8 жасөспiрiмдi соттап, кәмелетке толмағандарын ату жазасына кестi. Бiздiң жатақханада тұратын «осы бас көтередi-ау» деген белсендi жастардың бiршамасын ауыл шаруашылығы жұмыстарына немесе оқшаулау тұрған қоймаларға жұмысқа барасыңдар деп алып кетiп, сол жағынан қайтып жiбермей қойған кездер де болды. Мен оларға iздеу салып, бiрнеше жерлерге бардым. Кейiн менi iшкi iстер бөлiмiне шақырып алып, “бұл шаруада жұмысың болмасын, оларды iздеп әуре болма және ешбiр жерге жазушы болма” деп қатаң ескерту жасады. Кейiн «Молодая гвардия» журналынан Темiртаудағы болған оқиғаны, ондағы ату, өрт шығу себептерiн жазып, түсiндiргенде оның бәрi сол жердегi ұрлық пен қарлықты бүркемелеу үшiн, әдейi қолдан ұйымдастырылғанын бiлдiм», — дейдi оқиғаны өз көзiмен көрген А.Казанник. («Труд» газетi. 1997 жыл. 23-қыркүйек).
Сол күндерi Темiртауға Л.Брежнев, Д.Қонаев келген. Оқиға үш күнге созылып, әскерилердiң күшiмен әрең басылған. Сөйтiп, әлеуметтiк кикiлжiңге килiктiрген жұмысшылардың әдiлеттi талабы жаппай жазалау мен қуғын-сүргiн жолымен тұншықтырылған. Ал, кейiн жылымық орнаған тұстарда жабулы қазан жабулы күйiнде қалып, жазалау шаралары атымен ауызға алынбаған.
Жалпы, 1959 жыл — республикамыз үшiн ауыр жыл болыпты. Ауа-райының қолайсыздығы және ұйымдастырушылықтың кемшiлiгi салдарынан дер кезiнде пiсiп тұрған астық жиналмаған. Мыңдаған гектар жерге дән шықпай қалған. Оның үстiне миллионнан астам гектар астық қардың астында қалған. Мемлекетке сатылатын 900 миллион пұт астықтың орнына 700 миллион пұт астық қана сатылып, алынған мiндеттеме орындалмаған. Осының бәрi Темiртау оқиғасына жалғасып, ол СОКП Орталық Комитетiнiң Президиумында қаралған.
Партияның бас штабында қаралған мәселе бойынша Қарағанды облыстық партия комитетiнiң бiрiншi хатшысы Исаев, «Казметстрой» директоры Вишневский қызметiнен босатылып, республика басшысы Н.Беляев сөгiс алып, жұмысынан босатылады. Қарағанды облысы партия комитетiнiң хатшысы Энодинге есеп карточкасына жазылған қатаң сөгiс берiлiп, кейiн атқарып жүрген қызметiнен босатылады. Iшкi iстер басқармасының бастығы, генерал Любых та қызметiнен босатылып, республикадан тысқары көшiп кетедi.
Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетiнiң бiрiншi хатшысы болып Д.А.Қонаев сайланады. Ол өзi сайланған пленумда: «Жолдас Беляев өзiне тапсырылған учаскедегi жұмыста бюро мүшелерiнiң жауапкершiлiгiн көтере алмады, өзiнiң жiберген қателiктерiн партиялық жолдастарына ысырып тастады. Темiртау оқиғасында орын алған барлық қателiктердi Орталық Комитет бюро мүшелерi мен министрлерге жапты» деп баяндайды.
Сол жылдардағы Темiртаудың әлеуметтiк-мәдени тұрмысынын жай-күйi сын көтермейтiнi шындық. едi. Оны Елбасымыз өзi туралы түсiрiлген деректi фильмде де айтып өткен болатын.
85. 1979 ж Целиноград оқиғасы
Ақмолада (Целиноград) бұрынғы Ленин атындағы орталық алаң осыдан отыз жылдан астам бұрын алғаш рет ұлт намысы буырқанып, бой көтерткен жеңiстi оқиғаның куәсi болды. Әңгiменi әрiден бастасақ, елiнiң мәдениетi мен iлiмiн оңтайландыру мақсатында орыс билеушiлерi немiске iш тартуға мүдделi болатын. Соның нәтижесiнде сонау император I Петр тұсынан бастап Ресейге келе бастаған немiстерге 1924 жылы Лениннiң нұсқауымен Поволжьеде Немiс автономиясы құрылды. Арада ширек ғасыр өткенде соғыс оты тұтанды. Артынша 1941 жылдың тамызында КСРО Жоғарғы кеңесiнiң Калинин қол қойған жасырын жарлығы қабылданды. Жарлық бойынша Едiл бойындағы немiстер диверсанттар мен шпиондар деп танылып, қуғындала бастады. Көбi Сталиннiң шешiмiмен Сiбiрге, Қазақстанға жер аударылды. Поволжьедегi немiс автономиясы жойылды.
Солай болса да, сұрапыл соғыстан кейiн де Ресей немiс халқымен санасуға мәжбүр болатын. Оның бiр себебi, Қазақстанның солтүстiгiндегi тың игеру саясатын күшейту үшiн немiстердi Германияға жiбермей ұстап тұруға мүдделi болса, екiншi жағынан Ұлы Отан соғысындағы Германия жеңiлiсiнен кейiн iштей күйзелiске түскен КСРО немiстерi өз құқықтары тапталғанын айтып, Поволжьедегi немiс автономиясын қайта құрып берудi талап ете бастаған.
КСРО немiстерiн жарылқау мақсатында 1979 жылдың 31 мамырында Қазақстан Компартиясы ОК Қазақстанда немiс автономиясын құру туралы құпия қаулы қабылдады. Көкшетау, Павлодар, Қарағанды, Ақмола облыстарының бiрнеше ауданын бiрiктiрiп, Ерейментауды немiс автономиясының орталығына айналдыруды көздеген қаулы жария етiлмесе де, оның дайындық жұмыстарын жүргiзу қолға алынды. Құпия шешiм 1979 жылдың 15 маусымында әшкере болды. Өйткенi сол күнi Қазақстан Компартиясы ОК немiс автономиясын құру туралы шешiмiн бекiту тұрғысындағы ұсынысын КОКП ОК-iне жолдаған болатын. Бұл, әрине, жергiлiктi халықтың наразылығын тудырды. Лезде Целиноград қаласы наразылық шеруiне үндеген парақшалардың «астында» қала бердi. 1979 жылдың 16 маусымында таңғы сағат сегiзден бастап Ақмола көшелерiне топ-топ болып бас бiрiктiргендер шыға бастады. Қала көшелерiн кесiп өткен олар Ленин атындағы орталық алаңға жиналды. Қолдарына қазақ және орыс тiлдерiнде «Халықтар достығы жасасын!», «Қазақстандағы совет халқы iшкi шекарасыз өмiр сүредi!», «Қазақстан бөлiнбейдi!», т.б. ұрандар жазылған плакаттар ұстанған.
алаңға жиналған демонстранттардың талабы үй iшiнен үй тiгiп, автономиялық облыс құру туралы қаулының күшiн жою болатын. Ал айтқан уәжi «егер немiстiң мемлекеттiк құрылымы қазақ жерiнде өмiрге келетiн болса, жергiлiктi екi халықтың арасына сына қағылады. Ұлтаралық қырғиқабақтық туып, алауыздық белең алады, бұрынғы достық дұшпандыққа айналады» болды... Қазақ жерiнен немiс автономиялық облысын құру идеясының құпия жүргiзiлгенi соншалық, бұл
шешiмнен сол кездегi обкомның екiншi хатшысы Зейнолла Шайдаров та хабарсыз қалған. Ал Дiнмұхамед Қонаев болса, мазасызданып, өзiне хабарласқандарға: «Саспаңдар, немiс автономиясын құру туралы әлi ССРО Жоғарғы кеңесiнiң жарлығы жоқ», – деп сабырға шақырып отырған көрiнедi... Сонымен Қазақстан Компартиясы ОК-нiң құпия қаулысына қарсы 16 маусымда алаңға шыққан жастар Кремльдiң құтын қашырды. «Автономия құру туралы шешiмнiң күшiн жоймайтын болса, бiз аянып қалмаймыз», – дестi олар. Сөйтiп билiкке өз шешiмiнен бас тарту туралы талаппен үш күн уақыт бердi. Яғни маусымның 19-ы күнi тағы да алаңға шығамыз, егер билiк шешiмiн өзгертпейтiн болса, маусымның 22-сi күнi «шырақты төңкерiс» жасауға дейiн барамыз дестi...
Жайшылықта моп-момақан жатқан елдi жуас, намыссыз деуге болмайды. Қитығына тигенде, ашуға мiнгенде кез келген халықта қасық қаны қалғанша ел намысы үшiн күресетiн азаматтар табылады. 1987 жылғы атақты партиялық қаулыда «ұлтшылдықтың бой көрсетуi» деп сипатталған «Ақмола оқиғасы» де сондай елдiк, ұлттық намыстың қайнаған көрiнiсiне айналды. Тiптi, «Автономия құрудан бас тартпайтын болса, осында өзiмдi-өзiм өртеп жiберемiн», – деп ашынғандар да болды дейдi көргендер...
Қазақстаннан немiс автономиялық облысын құруға немiстердiң өздерi де қанағаттанбаған едi. Сондықтан да болар, алаңға жиналғандардың арасында немiс халқының өкiлдерi де болыпты. Кейбiр дерек көздерiне қарағанда, алғашқы күнi алаңға шыққандар саны бес жүзден бес мыңға дейiн жеткен. Өйткенi сол күннiң өзiнде алаңда ғана емес, көше-көшелерде, тiптi үй-үйдi аралап, автономия құру мәселесiне қарсы көптi тiзе қосуға шақырған шерушiлер жүр едi. Ал маусымның 19-ы күнi алаңға жиналғандар қатары әлдеқайда көбейiп, еселене түстi. Олардың санын кейбiр деректер он мыңнан асты деп көрсетсе, ендi бiрi жиырма мыңға жуықтады дейдi. Арасында соғыс және еңбек арагерлерi, жұмысшылар, қазақ, орыс, немiс жастары да болған.
Осылайша көптiң толқуынан сескенген Целиноград обкомының бiрiншi хатшысы Николай Морозов пен облыстық атқару комитетiнiң төрағасы Жұмахметов трибунаға көтерiлдi. Морозов Мәскеумен тiкелей хабар ала отырып, немiс автономиясы құрылмайтынын мәлiмдедi... Бұл тiзгiнге алынған елдердi қалауынша билеп-төстеген Кремльдiң тұңғыш жеңiлiсi едi. Дұрысы, ұлттық намысы буырқанған халық алдындағы алғашқы шегiнiсi болатын...
Айта кетерлiгi, ереуiл кезiнде Қазақстан Компартиясы ОК-ның екiншi хатшысы А.Г.Коркин демонстранттарды тарқату үшiн қарулы күшке жүгiнудi ұйғарған. Тiптi, сол кездегi МҚК (КГБ) төрағасы Шевченко IIМ мен жергiлiктi әскердiң және МҚК қызметкерлерiнiң толығымен жасақталып, төтенше жағдайға дайын болуын талап еткен де көрiнедi... Алайда көптеген деректерде көрсетiлгендей, оқиға қантөгiссiз өткен. Тiптi, «көтерiлiстi ұйымдастырғаны үшiн ешкiм жауапқа тартылып, жазаланған да жоқ» дейдi «Ақмола көтерiлiсi» туралы бiрiгiп жазған кiтабында бұрынғы МҚК офицерi, отставкадағы полковниктер М.Омаров пен А.Кәкен. Керiсiнше, жазаға компартия қызметкерлерiнiң өздерi тартылған: Компартия ОК-нiң екiншi хатшысы, iстiң басы-қасында жүрген «бастамашы» А.Коркин қызметтен шеттетiлiп, облыстық Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiнiң басшылары Н.Маринкин мен И.Ахмединжауапқа тартылған. Осылайша, құпия түрде басталып, құпия аяқталған қозғалыс бүгiнге дейiн құпия болып келедi. Кейбiр деректерге сүйенсек, «ереуiл ұйымдастырды» деген күмәнмен тергеуге алынғандар қатарында Целиноград инженерлiк-құрылыс институтының кафедра меңгерушiсi де болған. Ол тiптi ереуiлге бару үшiн студенттердi сабақтан босатты деп айыпталған көрiнедi. Ал ендiгi бiр ақпарат көздерiне жүгiнсек, ереуiлшiлердi басу үшiн жiберiлген компартия қызметкерлерiнiң арасында да алаңда көпшiлiктi басудың орнына, автономия құруға қарсы күресуге үгiттеген азаматтар болған.
Қалай болған күнде де, желтоқсан оқиғасынан жетi жыл бұрын болған «Ақмола оөиғасын» көпшiлiк КСРО-ны құлатып, тәуелсiздiкке жол ашқан алғашқы қозғалыс деп бiледi. Қыр-сыры ашылмаған осы оқиғаға байланысты кереғар ақпараттар да өрiп жүр. Мәселен, «МҚК және билiк» атты еңбегiнде сол уақыттағы МҚК 5-басқармасының бастығы Филипп Бобков: «Қазақстанда автономия құруға және олардың әкiмшiлiк шекарасын анықтауға өздерi қатыса тұра Қазақстан Компартиясы ОК де, Қазақстан Үкiметi де Целиноград педагогикалық институтының студенттерiн айдап салып, өздерi соларға қолдау көрсетiп отырды»,-деп мәлiмдейдi. Ал Ф.Бобков болса, өзi 1945 жылғы Германия жеңiлiсiнен кейiнгi саясаттың салқынынан сақтау үшiн немiс автономиясын құруды қолдағанын айтады.
Сол секiлдi Ф.Бобков өз естелiгiнде, Немiс автономиясын құруға дайындық барысында Д.Қонаевтың қарсылық бiлдiрiп: «Немiстердiң өздерi де автономияны қалап отырған жоқ, сiздер, Мәскеу оны немiстерге зорлықпен таңып отырсыздар!» – дегенiн және өзара әңгiмеде керiсiп қалғанын айтады. Ал Д.Қонаевтың бұрынғы көмекшiсi Владислав Владимиров «Бастығым автономия құру мәселесiнiң мақұлданғанын қалады» деп жазады...
1990 жылы зейнеткерлiкке шыққан Димаш Ахметұлы «Freundshaft» атты немiс басылымына берген сұхбатында: «1979 жылғы Целиноград оқиғасы туралы мен мынаны айта аламын: КОКП ОК саяси бюросының бастамасымен, менiңше, онымен мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiнiң жетекшiсi Андропов айналысты, Ерейментауды орталық ете отырып, немiс автономиясын құру туралы бастама көтерiлдi. Бiрақ немiстер оны қалаған жоқ. Олар Едiл бойындағы өзiнiң бұрынғы автономиясын қалпына келтiргiсi келдi. Сондықтан олар өз пiкiрiн бiлдiру үшiн көшеге шықты. Нәтижесiнде билiктiң Қазақстаннан немiс автономиясын құру туралы өз шешiмiнен бас тартуына тура келдi», – деп айтыпты...
Ақпарат кереғарлығы туралы тағы бiр дәлел: мұрағаттағы және басқа да бұқаралық баспа өнiмдерiнiң көпшiлiгiнде «Ақмола оқиғасында» қан төгiлмегенiн, бәрiнiң заңды және бейбiт жолмен жүзеге асқаны айтылады. Ал кейбiр ақпарат көздерi 22 маусым күнi төрт немiстiң қаны төгiлдi дейдi.
Қалай болғанда да, осыдан отыз жылдан астам бұрын Ақмоладағы маусым оқиғасының құпия басталғаны секiлдi құпия сақталып отырғаны анық. Тiптi бұрынғы Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiнiң қызметкерлерi М.Омаров пен А.Кәкен өздерiнiң Ақмола оқиғасы туралы жазған кiтабында да 1990 жылы КСРО МҚК талабымен мұрағаттағы Ақмола оқиғасына қатысты жүргiзiлген тергеу құжаттарының бiразының көзi жойылғанын жазған. Мұның бәрi, әрине, қандай да бiр мүдде мен қорқыныштан шындықты бүркемелеу әрекетi.
Шындық қанша бүркемеленсе де, бiз бiлетiн бiр шындық: кез келген халық, кез келген ұлт өз тағдырын өзi шешуге құқылы. Өз жерiнде, өз елiнде әрбiр қазақ та өзiнiң мүддесiн, құқығын, намысын қашанда қорғай алады. Ал бодандықтың қамыты мойнында тұрғанда Ақмолада автономия құруға наразылық бiлдiруi, жоғарыдан билеп-төстеген билiктiң өз дегенiнен бас тартуына мәжбүрлеуi – бұл шын мәнiнде ұлттың жеңiсi. Өз ркiн өз қолына алғысы келген халықтың ұлттық намысының жеңiсi.
86.1955ж., 1962 ж. шетелдік қазақтардың Қазақстанға оралуы.
1956—1962 жылдары Кеңес Одағы тұсындағы әкімшіл-әміршіл басқару жүйесінің қыспагынан Қытайға өтіп кеткен қазақтарға Отанына оралуға рұқсат етілді. Сол жылдары келушілердің қолында аты-жөні жазылған және көлемі 4×5 см фотосуреті бар қағаз болды. Оларға бұрынғы кеңестік негізінде 1930 жылы 2 тамыздағы «КСРО азаматтығы туралы» Заңды басшылыққа ала отырып, жаңа төлқұжаттар берілді. Сол заңның 2-бабы бойынша 30-жылдардағы аштық кезінде кеткендерге азаматтық берілді. Ал заңның 3-бабы 1917 жылғы төңкерістерден шетелге кетуге мәжбүр болғандарға қатысты қолданылды. Осы 2- және 3-баптары бойынша Қытайдан келген оралмандарға КСРО азаматтығын беру туралы қорытындылар шықты. Бүл қорытындылар бекітіліп, төлқұжат берілетін мекемелерге жөнелтілді.Қытайдағы қазақтардың оралуы қазақтардың механикалық жолмен ұлғаюына жағдай жасады. 1959—1970 жылдары қазақтар механикалық жолмен 143 мыңға көбейді. Тек қана Алматы облысына 62 мың адам көшіп келді.
Шетелдердегі қазақтардың (Оралмандардың) атамекеніне оралу мәселелері
Кезінде 1931—1933 жылдардағы ашаршылықтан Адай округінен көшіп кеткен 5 мыңдай Красноводск қазақтары қайтып орала бастады. 1956—1962 жылдардағы қазақтардың кері көші-қон ағымдары олардың этнодемографиялық жағдайына әсер етті. Мәселен, 1962 жылы туғандардың жалпы саны ең жоғары көрсеткішке жетті.
1962 жылы 60 мыңдай ұйғырлар мен қазақтар кеңес-қытай шекарасынан бері өтті.
87. Экологиялық дағдарыс - Арал қасіреті Экологиялық дағдарыс – қоғам мен табиғат арасындағы қатынастарда қарама-қайшылықтың күрт шиеленісуі. Қоршаған ортаны қорғау және дамыту жөніндегі халықаралық конференциялар (Стокгольм, 1972, Рио-де-Женайро, 1992) Экологиялық дағдарысты қазіргі заманның ғалами мәселелерінің бірі деп ресми түрде таныған. Экологиялық дағдарыс 20 ғасырдың 2-жартысынан бастап күшейе түскен шектен тыс антропогендік ықпалдың салдарынан жаратылыста табиғи үдерістердің бұзылуынан (ғылыми-технология революцияның болжап білуге болмайтын зардаптары, энергияны тұтынудың көбейе түсуі, қазба отынды жағу, демографиялық дүмпу, қарулы қақтығыстар) пайда болды.
Арал проблемасы планетаның орасан зор экологиялық апаты ретінде аса өткір сипат алып отыр. Осыны негізге ала отырып, "Арал өңірінде тұратын халықтың өмір сүру жағдайын түбірінен өзгерту жөніндегі шұғыл шаралар туралы" 1992 жылғы 18 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі қаулысымен Арал аймағының Қазақстан бөлігі экологиялық қасірет аймағы деп жарияланған болатын.
Айналадағы табиғи ортаның тез арада шөл далаға айналуы және оның құлдырауының қалпына келмейтіндей тұрақты процесі, тіршілік жағдайының нашарлауы, аурудың көбеюі экологиялық қолайсыз аудандарда тұратын халықты әлеуметтік қорғау шараларын заң жүзінде шешіп, құқықтық жағынан реттеуді талап ететін жаңа әлеуметтік-экономикалық және экологиялық ахуал туғызды.
Арал апатына себеп болған факторлар:
жергілікті жердің тарихи-табиғи ерекшеліктерін ескермеу;
ауыл шаруашылығын дұрыс жоспарламау, судың қорын есепке алмау;
суды өте көп қажет ететін күріш, мақта дақылдарын барынша көбейтіп жіберу;
жерді игерудің агротехникалық шараларын сақтамау және суды үнемді пайдаланбау;
табиғат ресурстарын пайдалануға жіберілген қателіктер мен оны меңгерудің ғылыми тұрғыдан негізделмеуі болып табылады.
Осы аталған фактілер Арал теңізі экожүйесіндегі тіршілік атаулыныэкологиялық дағдарысқа әкелді. Бұл жағдайлар адам баласының қолдан істелген қателігі ретінде дүние жүзіне белгілі болды. Арал өңірінде туындап отырған қазіргі экологиялық апаттар нышаны жыл өткен сайын теңіз суын тарылтуда. Оның фаунасы мен флорасы жойылып бітуге жақын. Жалпы, адам үшін бірінші байлық – денсаулық.
Арал теңізін сақтау жөніндегі халықаралық шаралар
Арал теңізін сақтау жөніндегі халықаралық шаралар, Арал апатынан зардап шеккен елдер басшыларының іс-қимылдарына көмектесуге бағытталған алғашқы халықаралық келісім 1990 жылдың 24–26 қаңтарында БҰҰ-ның қоршаған орта Бағдарламасының (ЮНЕП) ұсынысымен жасалды. Бұл халықаралық құжат «Арал теңізін сақтауға арналған нақтылы іске дайындыққа қатысу» деп аталды. 1990 жылғы 11–12 қарашада Хаттамаға қол қойылып, келісім заңды түрде бекітілді. Келісім бойынша дүниежүзілік дәрежедегі оқымыстылар мен мамандардың қатысуымен «Диагностикалық құжат» жасалды. Бұл үлкен ғылыми-тәжірибелік зерттеу Арал апаты кеселінің бетін ашып берді, нақтылы іске бағдарлама жасауға себін тигізді.
Арал теңізін құтқару жөнінде бірнеше ғылыми болжамдар мен жобалар бар. Олар: 1.Сібір өзендерін Қазақстанға бұру. 2. Әмудария мен Сырдария өзендерінің суын реттеу аркылы суды молайту. 3. Арал теңізін жартылай сақтап қалу. 4. Каспий теңізінің суын жасанды канал арқылы әкелу. 5. Жер асты суларын пайдалану. 6. Арал теңізіиің өздігінен табиги реттеулін немесе толысуын күту. Әрине, бұл жобалар болашақтың ісі болғанымен, уақыт талабы оны күттірмейді.
Бәрі де қаражатқа тірелуі мүмкін. Ал оның іске асуы адамзат кауымьның білімі мен біліктілігіне байланысты екені анық. Қазіргі кезде Аралды құтқару бағытында батыл да жоспарлы тұрде ғылыми негізде жүмыстар жасалуда. "Арал тагыдыры - адам тағдыры" болғандықтан оны сақтап қалу аға ұррпақтын болашақ алдындағы борышы.
88. 1986 ж. Алматыдағы желтоқсан оқиғасы және республиканың өзге қалаларындағы туындаған шиеленістер мен олардың негізгі себептері.
1986 жылғы желтоқсан оқиғасына орталықтың өктемдік әрекеттері мен демократиялық принциптері арасындағы қайшылықтар және шовинистік саясат т.б. қалыптасқан жағдайлар нарызылықтың негізгі себептері болды. Наразылықтың сылтауы 1986 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Компартиясы орталық Комитетінің V пленумы болды. Пленумда Г.П.Разумовский ұсынысымен Қазақстанды көп уақыт бойы басқарған Д.Қонаевты орнынан босатып, мемлекет басшылығына республика халқына бейтаныс Ульяновск облысы партия комитетінің бірінші хатшысы болған Г.В.Колбинтағайындалды. Ел басшылығының ауыстырылуына арналған бұл пленум 18 минутқа ғана созылды.
1986 жылы 17 желтоқсанда Алматыда жастар толқуы басталды. Кейін бұл толқу республиканың басқа қалаларына тарады. Шеру бейбіт және саяси сипатта болды. Жастар шеруі құқық бұзушылық, ұлтшылдық сипаттан аулақ болды. Наразылықтың басты қозғаушы күші студенттер, жастар болды. Бюрократиялық жүйеге үйренген республика басшылары жастар пікірін тыңдағылары келмей, олардың тез таралуын талап етті. Шеруді тарқату мақсатында республика басшылары Алматы Гарнизоны, басқа да әскери күштер көмегімен жастар жиналған Брежнев алаңын қоршады. Демонстрацияны тоқтату мақсатында КСРО-ның кейбір өңірлерінен ішкі әскер бөлімдері әкелінді. Осыншама ірі күштер сапер күрегі, үйретілген иттер, су шашатын машиналар, сойындар т.б. қарулар көмегімен демонстрацияны тоқтатты. Қоғамдық тәртіп сақшылары өрескел қатыгездікке барып, көп адамдардың қаза табуына жол берілді. Республика басшылары бұл жағдайға көз жұма қарады. Шеруге қатысқандарды тергеу ісі өте қатал, заңсыз жүргізілді. Тергеу камераларына, қаланың сыртына әкетілгендерінің саны 8,5 мың болды. Көптеген жастар оқу орындарынан, комсомолдан шығарылды. Желтоқсан оқиғасына қатысқандарының ішінен Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Ляззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанова сияқты жастар жақсыз өктем биліктің құрбандары болды. Біраз уақыттан кейін сол кезде айыпталған 99 адамның 46-ы ақталды, 83 адам 1,5 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылды, 52 адам партия қатарынан, 787 адам комсомол қатарынан шығырылды. 1138 адам комсомолдық сөғіс алды, жоғары оқу орындарының 12 ректоры қызметінен алынды, 271 студент оқудан шығаралды, ішкі істер министрлігінен 1200 адам, денсаулық сақтау және көлік министрлігінен 309 адам жұмыстан шығарылды. Желтоқсан құрбаны Қайрат Рысқұлбеков 1988 жылы мамырда қайтыс болды. 1996 жылы 9 желтоқсанда оған «Халық каһарманы» атағы берілді. 1987 жылғы КОКП ОК-ті Алматыдағы 1986 жылғы желтоқсан оқиғасын «Қазақ ұлтшылдығының көрінісі» деп бағалады. Желтоқсан оқиғасы КСРО-ның ыдырауын тездетті. Кейіннен
партия желтоқсан оқиғасында жіберілген қателерді мойындады. КСРО халық депутаттарының 1 съезінде ақын, қоғам қайраткері М.Шаханов желтоқсандағы орталықтың жүргізген іс-әрекетін қатты сынап, тұңғыш рет мінбеде сөз сөйледі. Бұл желтоқсан шындығын ашудағы алғашқы қадам болды.
Соңғы кезде Қазақстанның этникалық, этносаяси қауымдастығын зерттеуде ұлттық сана-сезім мен оның өсу проблемасы үлкен маңызға ие болып отырғаны белгілі. Осыған байланысты ғылыми әдебиет пен мерзімді баспасөзде «ұлттық сана-сезім және оның өсуі» деген үғымның өзін айқындауда айтарлықтай алшақтықтар байқалып жүргенін айта кетуіміз керек. Мұндай алшақтықтар, менің пікірімше, біріншідсн, аталмыш құбылысты танып-білудің күрделілігінен; екіншіден, оның ұзақ уақыттар бойы ғалымдар назарынан тыс қалып келгендігінен, үшіншіден, ұлттық санасезім ұлттық санамен тендестіріле қаралғандықтан, ал тертіншіден, оның мәніне дұрыс түсінік берілмей, тіпті жөн-жосықсыз бұрмалануынан туындаса керек.
Қазақстан халықтары ұлттық сана-сезімінің өсуін талдамас бұрын әуелі ұлттық сана дегеніміздің өзін түсініп алғаны жөн. Ұлттық сана -ұлттар мен ұлыстардың рухани дамуының мәнін, деңгейі мен ерекшеліктерін айқындайтын әлеуметтік, саяси, экономикалық, эстетикалық, философиялық, діни және өзге де көзқарастар жиынтығы. Мейлі, қазақ немесе басқа ұлт болсын ұлттық сананы олардың жекелеген өкілдері туғызбайды, ол ұлттық қауымдастықтағы ұжымдық санада пайда болады.
Демек, Қазақстан халқының ұлттық сана-сезімі — олардың ұлттық санасының өзегі мен негізгі құрамдас бөлігі. Ол — республиканың нақты халқын, оның өткенін, бүгінгісі мен болашағын, басқа халықтар арасындагы орны мен ролін өзіне арқау етіп алады. Мысалы, қазақ халқының ұлттық сана-сезімінде негізінен оның өзге ұлттық қауымдастыктарға қатынасы «өзінікі» және «өзгенікі» дегеннің ортақтығы мен айырмашылығы сипатын түйсінуі болмақшы. Осыған байланысты оның ұлттық сана-сезімінде мәселенің дұрыс немесе теріс көрініс табуы да мүмкін. Сондықтан ұлтшылдық және шовинистік сезімдсрден ада, шынайы интернационалистік сана-сезім ғана халықтың шынайы ұлттық мүддесін бейнелей алады.
Қазақстан халықтарының ұлттық сана-сезімі жедел дамумен қатар уақыт ағымына қарай өзгеріп те отырады. Ұлттық сана-сезім бұл, сайып келгенде, халықтың өзінің қадір-қасиетін танып-білу, өзі турасындағы ұғымдар жүйесі деген сөз. Қазақстандықтардың ұлттық сана-сезімінің белгілі бір құрылымдық белгілеріне ұлттық тегін тануын, озық дәстүрлеріне ұлттық мактанышын, республика мен адамзат прогресінің дамуына қосқан үлесін, этникалық санасьн, аумақ, мәдениет, тіл, тарихи өткен кезеңі, ұлттық мүдцелсрі туралы түсінігін, өзге халықтарға көзқарасын жатқызар едік.
4. 90. «Алаш» қозғалысы қайраткерлерінің ресми ақталуы.
1990 жылы мен басқарған комиссияға Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің 1930 жылдан 1950шi жылға дейін қабылдаған қаулыларын қайта қарап, әділ бағасын беру тапсырылды. Орталық Комитеттен осы мәселеге қатысты барлық құжаттар менің қолыма түсті. Біз комиссия құрамына тарихшы, әдебиетші, тілші мамандарды қатыстырып: «Қазақ зиялылары ұлтшыл» деген қаулыларды түгелдей қарап шықтық. Оның ішінде тек, бұрынғы зиялылар ғана емес, тіптi кейінгі Е.Бекмаханов, Б.Сүлейменов сияқты азаматтарымыздың Қазақстанда репрессияға ұшырауы, осы тәрізді толып жатқан адамдарды «ұлтшыл» немесе «идеологияны бұрмалаушы» деп қаралаған құжаттар өте көп екен. Бұл құжаттардың барлығын комиссия мұқият қарап, осы жылдар аралығындағы қаулылардың барлығы негізсіз, шындыққа жанаспағандықтан, бұдан былай күшін жояды деп шештік. Қорыта айтқанда, бұл мәселелердің шешімін табу бізгe оңай түскен жоқ. Тек, әйтеуip, халықтың көкейінде жүрген мәселеге араласуым, жанағы комиссияға жетекшілік eтіп, төрағасы болғаным — өмірден азаматтық борышымның өтелгені деп ойлаймын. Осы саяси қуғынсүргін көрген зиялыларымызды толық ақтап шығу мен басқарған комиссияның мойнына жүктелді Оны сараптауда біз барынша жан-жақтылық танытуға тырыстық. Комиссияның он тұжырымдарын жазып, ұлы арыстарымызды ақтауда мүмкіндігінше үлес қостық. 1989—1990 жылдардың басында Алашқа ортақ азаматтарымыз толығымен ақталып, бұл мәселе өз шешімін тапты. Дәл осы кезде КСРО Конституциясының 6шы статьясы алынып тасталды. Егер ол алынбаса егемендік алу дегенді ойлау өте қиын еді. Мен ол кезде Ғылым Академиясының вицепрезиденті едім. Жалпы, Одақта болып жатқан жағдайлардың бәріне араласуға міндеттімін. Москвада 6ip жағдай бола қалса, мені таңертең сағат 9дарда Орталық Комитетке шақыратын. Содан, 1990 жылдары бұл статья өз күшін жойып, биыл Жоғары Кеңеске өтті. Жаңадан сайлау өткізіп, КСРОның Конституциясы өз қызметін бастады. Яғни, партия үкімет басынан кетіп, Жоғары Кеңес ең өкілетті орган болып шыға келді. Содан, Жоғары Кеңес депутаттары Конституцияны, президент, министрлерді, олардың орынбасарларын сайлайтын құзырға ие болды. Билік қолдарына тиіп, депутаттардың дәуірлеп тұрған кезі. Осының салдарынан, көптеген қиындықтар туа бастады. Мәселен, бip министрді сайлау үшін әр депутат сан жаққа жүгіртіп, әркім өз кандидатурасын ұсынып, бip мәмлеге келе алмай айтысып жататынды. Әйтеуір, бұл жағдай ұзаққа созылмады.
91.
«Азат» азаматтық қозғалысы. Бұл ұйым 1990 жылдың шілде айында Алматы қаласында құрылды, әр түрлі партия, кәсіподақ, әйелдер, ардагерлер, діни, жастар, т.б. ұйымдарды біріктіреді. Іс-әрекеттің нысаны мен тәсілдерінің негізі: мемлекеттік билік органдарын конституциялық жолмен қалыптастыру; баламалы заң жобаларын жасау; жоғарғы және жергілікті ұйымдардың қабылдайтын саяси шешімдеріне; жиналыс, митингі, шеру тарту ісіне қатынасу.«Азаттың» бөлімшелері барлық облыстарда бар, жоғарғы органы-съезд, 300-ден астам мүшелері бар. Ең көп мүшелері Оңтүстік
Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда.Алматы, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында.«Азат» басқа елдердегі осындай қозғалым ұйымдары мен тікелей байланысты. «Азат» газетін шығарады, «Қазақ тілі» қоғамымен тікелей байланыста. «Азат» қозғалысы республика жерінде өз жарғысына, Конституцияға сәйкес жұмыс жүргізеді. Негізгі мақсаты-толық саяси-экономикалық тәуесіздікке қол жеткізу, әлеуметтік әділеттілік және демократия принциптерін іске асыру, барлық азаматтардың материялдық және рухани өмірін қамтамасыз ету. Экономика саласында жер, кен байлықтары, су, орман және басқа да байлықтар республиканың меншігі. Жер сатылмауы керек, бірақ қажеттілікке қарай жалға беріледі. Ұлт мәселесінде барлық азаматтар тең құқықты, ұлтына, дініне қарай бөлінбеу керек. Қазақ мектебінің және тәрбиенің ұлттық тұжырымдамасы жасалуы керек. Қазақстан тарихы, қазақ тілі және әдебиеті барлық оқу орындарында дербес пән ретінде оқытылуы қажет. Басқару жүйесінде тоталитарлық үсиемдікке, әкімшіл-әміршіл жүйеге қарсы күрес жүргізілуі қажет. «Әділет» тарихи-ағартушылық қоғамы - жарғысы, бағдарламасы бар. Қоғам мүшелері 19 халық комиссарының (министірдің), 1938 жылы Алматы маңында атылғандардың көмілген жерлерін анықтады. Сталиндік қуғын-сүргінге ұшырағандарды еске алу үшін қаржы жинады. Қазіргі уақытта «Әділеттің» Астана, Қарағанды, Шымкент, Алматыда жергілікті ұйымдары бар. Қоғам мүшелері 1500-ге жуық, негізіне студенттер және қоғам қайраткерлері.«Ақиқат» тарихи-ағартушылық қоғамы 1988 жылы желтоқсанның 13-інде құрылды. Қоғамның мақсатының бірі – халықтың ескі әдет-ғұрпын қалпына келтіру, туған өлкенің тарихын зерттеу, қазақ және басқа халықтардың ұлттық тілін дамыту. Қуғын-сүргінге ұшырағандар туралы бірнеше мақалалар және кітаптар жариялады. Қоғамның үш мыңнан астам мүшесі бар. Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Ақмола облыстарында бөлімшелері бар. Қоғам жұмысына негізінен зиялы қауым өкілдері мен студент жастар қатынасады.Қазақстанның әйелдер одағы. Бұл қоғамдық ұйым 1991 жылдың мамыр айында құрылды. Құрылу мақсаты - әйелдердің қоғамдағы саяси, әлеуметтік, экономикалық, рухани өмірдегі рөлін арттыру. Одақ республикадағы реформаны жақтайды. Соңғы 7-8 жылда бұл салада қыруар ұйымдастыру жұмысын атқарады. Әйелдер қозғалысының мәселелері туралы семинар, мәслихаттар өткізді, ардагер әйелдерге, көп балалы аналарға, балалар үйіне материалдық көмекті үнемі ұйымдастырып келеді. « Әйелдер қазіргі қоғамда» деген халықаралық конференция өтізді. Қазақстанның әйелдер одағы Орталық Азия елдерінің халықаралық конгресінің мүшесі. Қазақстан Республикасының әйелдер кеңесі 1991 жылы қазанның 21-інде тіркеуден өтті.Басқарма және президиум мүшелері 1991 жылы тамыздың 20-сында сайланды, ұйымның Жарғысы бар.Бірнеше рет республикалық пленумы өтті. «Әйелдердің кәсіпкерлік іс-қызметі туралы» конференция, Семей қаласында акушер-гинекологтардың
республикалық съезін,1993 жылдың қыркүйек айында Орта Азия елдері әйелдерінің халықаралық конференциясын өткізді.Қазақстанның жастар одағы. Құрамында 500 мыңнан астам мүшесі бар. Одақтың мүшелері – Қазақстанның мамандары мен жас ғалымдарының ассоциациясы, жастар кәсіпкерлігін дамыту – «Асар» ассоциациясы, спортшв балаларға көмек беретін «Алтын шабақ» қоғамы.Қазақстанның жастар одағы – дербес қоғамдық ұйым, республиканың жастарын ерікті түрде біріктіреді.Республика Конституциясына, заңдарына негізделген жарғысы және бағдарламасы бар.Одақтың негізгі мақсаты – жас азаматтардың еркін дамуына жағдай жасау, олардың экономикалық, әлеуметтік-мәдени құқықтары мен бостандығын қорғау, іске асыру.Одақ жастардың мемлекеттік және қоғамдық жұмыстарда жігерлілігін және дербестігін арттыру, олардың ғылыми-техникалық және көркемөнер шығармашылығын дамыту саласында сан қырлы жұмыстарды іске асырып жатыр.Ауғанстандағы соғыс ардагерлерінің ұйымы. Бұл тіркеуден өткен қоғамдық ұйым. Негізгі мақсаты – Ауғанстандағы соғыс ардагерлерін әлеуметтік бейімдеу, оларға медициналық көмек көрсету, олардың құқықтық және әлеуметтік қорғау, олардың отбасына моральдық көмек ұйымдастыру, соғыста қайтыс болғандардың атын, ерлігін мәңгілік есте қалдыру, жастарды патриоттық және интернационализм рухында тәрбиелеу. Ұйым соғыс ардагерлерімен үнемі кездесу ұйымдастырып, олардың тілек-мүдделерін зерттеп отырады. Беделі өте жоғары.«Невада-Семей» халықаралық ядролық соғысқа қарсы қозғалыс. Бұл еңбекшілердің еріктілік негізінде құрылған ұйымы. Ұйым халықаралық «Невада-Семй-Морура-Лобнор-Новая Земля» ядролық соғысқа қарсы бірлікке кіреді. Қозғалыстың негізгі мақсаты- ядролық қаруды және соғысты адамзат өркениетінен аластау, ядролық сынақ жүргізілген аймақтар халқын экологиялық және әлеуметтік қорғау. Табиғатты, Адамды, Мәдениетті қайта жаңғырту.Осы қозғалыстың бастамасына сәйкес Қазақстанда ядролық сынақ жүргізуге тыйым салынады, «ядролық қарусыз ел» деп жарияланды.Бүкіл әлем халқы бұл бастаманы қолдады.«Арал-Азия-Қазақстан» халықаралық қоғамдық комитеті. Бұл комитет 1987 жылы белгілі ақын М.Шахановтың бастамасымен құрылып, республика жұртшылығы оны мақұлдады. Оның мақсаты : Арал теңізі жағдайына, республикадағы экоклкгиялық дағдарысқа қоғамдық пікірді аудару, Арал теңізін қалпына келтіру туралы жобалар мен бағдарламалар жасау
92. Одақтық экономикалық дағдарыс және Қазақстан Экономикалық дағдарыс – дағдарысты, тоқырауды, жандануды және өрлеуді дәйекті түрде қамтитын ұдайы өндірістік цикл кезеңдерінің бірі.
Қазақстандағы ең күрделі әрі шешілуі қиын мәселелердің бірі бюрократиялық аппараттың ықпалының күшті болуы. Қазақстанда мемлекет реттеуші рөлден
басқарушы рөлге ие. Бұл нарықтық экономикаға тән емес құбылыс. Бір кәсіпорынды ашу үшін кәсіпкер ондаған кабинеттерге жүгіріп рұқсат қағаздарын рәсімдеуі керек. Кәсіби мемлекет идеясын ұсынған Елбасы бірінші кезекте осыны айтса керек. Еліміздің алдында тұрған ең маңызды мәселе осы әкімшілік жүйеден бас тарту. Мемлекеттің функциясын өзіне тән қасиеттермен ғана толтыру болып табылады. Яғни, шенеунік қызметінің негізгі критериі оның тиісті рұқсаттарды қаншалықты дәрежеде жылдам беретіндігі мен жұмысының тиімділігіне байланысты бағалануы керек. Тек осы жағдайда мемлекет бюрократиялық аппараты қоғам мүддесіне жұмыс істете алады.
Екіншіден, инфрақұрылымдық кемшіліктер. Бұл бірінші кезекте қаржылық инфрақұрылымға байланысты қозғалатын күрделі мәселе. Ел экономикасын доллардан құтқару мақсатында Ұлттық банктің түрлі бағдарламалар қабылдауына қарамастан, қаржылық инфрақұрылымға ықпал ете алатын деңгейде емес. Неліктен? Мұндағы ең маңызды фактор еліміздің банк жүйесінде теңгенің тұрақтылығына деген сенімнің аздығын аңғаруға болады. Ұлттық экономиканың қозғаушы күші ұлттық валюта дейтін болсақ, мемлекет өз ішіндегі банктердің қай валютада несие беру мәселесін әлі күнге дейін шеше алмай отыр. Берілетін несиелердің негізгі бөлігі шетел валютасында болатын ел экономикасының қаржыға деген сұранысы қанағаттандырылмаса, қаржы ресурстарына деген мұқтаждық экономикалық өсімді тежейді. Бұл жағдайда кәсіпкер амалсыздан шетел валютасында несие алуға мәжбүр болатындығын ескерсек, ұлттық валютаның шетел валютасына шаққандағы кез-келген өзгерісінің қаншалықты баға қымбаттауы немесе кәсіпорынның жабылуына ықпал ететіндігін аңғару қиын емес. Сондықтан мемлекет алдында тұрған ең маңызды мәселелердің бірі мемлекетті арзан қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету.
Үшіншіден, экономиканың экспортқа немесе импортқа етене тәуелді болуы. Қазақстанда өндірілетін негізгі өнім шикізат болғандықтан бірінші кезекте әлемдік нарықтағы шикізат құнына деген тәуелділік бар. Тіпті дайын өнімнің өзін Қазақстан тек өз тұтынушыларына ғана дайындайды деп айта алмаспыз. Олардың негізгі экспорты көршілес елдерге келетін болсақ, ол елдердегі кез-келген экономикалық дағдарыс тікелей елімізге ықпал ететіндігін түсінуімізге болады. Мысал ретінде рубль күрт құлдыраған тұстағы Ресейді айта кетуге болады. Рубльдің құлдырауы Ресей тауарларын кедендік одақ шеңберіндегі ең арзан тауарға айналдырды. Яғни, дәл осындай тауар өнімін шығаратын Қазақстандық өндіруші өзінің бәсекеге қабілеттігін төмендетіп алды. Бұл жағдайда ұлттық өндірушілерді қорғаудың бірнеше әдісі бар. Біріншісі, баж салықтарын көбейту. Бірақ бұл мүмкін емес. Себебі, біз кедендік одақ мүшесіміз. Екіншісі, экономиканың нақты секторына
субсидия немесе арзандатылған кредиттер беру арқылы бәсекеге қабілеттілікті тұрақтандыру және тауар өндірушілерді ішкі нарықтың сұраныстарын қанағаттандыруға ынталандыру. Бұл жағдайда мемлекет бірнеше маңызды мақсаттарға қол жеткізеді. Олар ішкі нарықты қамтамасыз ететін жаңа экономика салаларын қалыптастырады, отандық өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, валюталық тұрақтылық сұраныс тұрақтылығын қамтамасыз ететіндігін ескерсек, халықтың әл-ауқатын арттыру.
Төртіншіден, ел экономикасында білікті еңбек ресурстарымен қамтамасыз ету. Бұл бірінші кезекте еліміздегі орта-арнайы білім беретін оқу орындары мен жоғары оқу орындарының алдында тұрған мақсат. Соңғы жылдары біртіндеп қолға алынып келе жатқан маңызды мәселе осыған бағытталған. Еңбек ресурстарының көптеп шетелден ағылып келуінен ұлттық еңбек нарығының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін негізгі екі факторды атап өту керек. Біріншіден, шетелдік жұмысшы күшін тарту үшін рұқсат беру жүйесін жетілдіру. Екіншіден, біліктілікті бағалаудың ұлттық стандарттарын енгізу. Еліміздегі арнайы орта білім беру мекемелері және жоғары оқу орындарының жұмыс берушілермен тығыз байланысына негізделген жоғарыдағы механизм мемлекеттің ұлттық еңбек нарығын қорғауға алғышарттар жасайтындығы айқын. Сондай-ақ маңызды қолға алынуы тиіс мәселе, Қазақстандағы оралмандар мәселесін шешу. Бұл мәселенің оңтайлы шешілуі ұлттық еңбек нарығына білікті, ұлтжанды мамандардың келуіне оң ықпал ететіндігіне ешқандай күмән жоқ. Себебі, оралмандар қауымы шетелде бөтен ортада қалыптасқан қауым болғандықтан маман ретіндегі бәсекеге қабілеттілігін екі есе күшпен дәлелдеуге мәжбүр. Олардың жат ортада маман ретінде қалыптасуы өз Отанына қызмет етуге деген ниеттерін жүзеге асыруға деген ынта тудырады.
Бесіншіден, мемлекет өзінің экономикадағы жетекші рөлін шектеуі керек. Яғни, біріншіден, Самұрық-Қазына қоры құрамындағы профильдік емес активтер нарықтық ортаға бейімделуі, яғни, жекешелендірілуі керек. Соңғы уақытта мемлекетте белең алып келе жатқан тенденция жекешелендірілмей қалған объектілерді Самұрық-Қазына қорының балансына аудару. Неге? Өйткені, онда қаражат бар. Бұл дұрыс емес. Біріншіден, Самұрық-Қазына жәй қатардағы қор емес, ең ірі мемлекеттік қор. Екіншіден, ол қордың негізгі қызметі өтпей қалған объектілерге қожалық етіп ақша жоғалту емес, керісінше, активтерін арттыру арқылы Қазақстан Республикасының азаматтарының, яғни, Сіз бен біздің әл-ауқатымызды арттыруға көмектесу. Үшіншіден, Самұрық-Қазына қоры бірінші кезекте мемлекеттік қор және онда мемлекеттік ұйымдарға тән менеджменттегі тиімсіздік мәселесі бар. Оның үстіне қор туралы ақпараттың қол жетімсіздігіненазар аударсақ бұл активтермен не істеліп жатқандығын қоғам да біле бермейді. Ал жекешелендірілудің негізгі критериінің бірі мекемедегі жұмыс өнімділігі мен мекеменің әкелетін пайдасы болуы керек. Мемлекетке пайда әкелмейтін активтер тек мемлекет қаражатын жеумен ғана айналысады. Бұл экономиканың маңызды элементі болып табылатын Самұрық-Қазына секілді қорлардың қызметіне кері әсерін тигізеді. Екіншіден, әр түрлі министрліктердің жанында осы мемлекеттік органдарға тән емес, қызметтермен айналысатын түрлі мемлекеттік мекемелерді нарықтық ортаға жіберу керек. Бұл біріншіден мемлекеттік органдардың өздеріне тән емес қызметтермен айналысуын шектейді. Екіншіден, мемлекеттік бюджет мойнындағы осы құрылымдарды қамтамасыз етуге кететін қаражаттарды үнемдейді. Бұл жоба жүзеге асқан жағдайда бірнеше маңызды нәтижеге қол жеткізуге болады. Біріншіден, мемлекеттік шығындар көлемі азайып, мекемелердің еңбек тиімділігі артады. Екіншіден, бүгінгі күні Қазақстан экономикасының маңызды бөлігі мемлекетпен байланысты квазимемлекеттік мекемелер арқылы басқарылатындығы белгілі. Бұл нарықтық экономикаға кері әсерін тигізетіндігі сөзсіз. Квазимемлекеттік мекемелердің санының азаюы елдегі нарықтық тетіктердің дамуына оң серпіліс беретіндігі сөзсіз.
Алтыншыдан, мемлекет экономиканы бағыттаушы қызметін шектеуі керек. Айталық мемлекеттік үдемелі-индустриялық даму бағдарламасы, кластерлік экономика және ондаған осыған тән бағдарламалар мемлекет тарапынан басталып үлкен экономикалық қаржылық қолдауға ие болғандығымен өкінішке орай өз тиімсіздігін көрсетті. Неліктен? Өйткені, мемлекет нашар менеджер. Бұған мысал ретінде самолет жинамаған самолет зауыттарын, планшет жинамаған планшет жинаушы зауыттарды келтіруге болады. Мемлекеттік бағдарламалардың негізгі кемшілігі оның мемлекеттік табиғатында жатыр. Яғни, мемлекеттік бағдарламалар табиғи, яғни, нарықтық жолмен емес, жоғарыдан таңылған бағдарлама ретінде қабылдануда. Мұнда мемлекет бағдар берушіге қарағанда нарықты реттеуші және шикізаттық емес сектордағы барлық бастамаларды қолдаушы болғандығы орынды болар еді. Яғни, мемлекет елдің дамуын көздейтін кез-келген бастамаға қолдау білдіріп оңтайлы экономикалық механизмедерді ұсына алуы керек.
Жетінші қадам - шағын және орта бизнестің дамуының кешенді бағдарламасы. Кез-келген мемлекет өзінің тұрақтылығын қамтамасыз ететін негізгі фактор ретінде орта тапқа ал оны қалыптастырушы күш ретінде орта және шағын бизнеске ерекше мән беретіндігі белгілі. Орта және шағын бизнес өзінің икемділігімен, өміршеңдігімен ерекшеленеді. Қазақстан Үкіметінің алдына қойылған негізгі мақсат осы орта және шағын бизнестің экономикадағы үлесін 70 пайызға дейін
өсіру қарастырылуы керек. Тек осы көрсеткішке қол жеткен жағдайда экономикалық тұрақтылыққа қол жеткізу мүмкін.
93. КСРО және Қазақстандағы экономикалық дағдарыс
1990 жылы КСРО-ның орасан зор кеңістігінде экономикалық дағдарыс бодды. КПСС басшылары басқаруға қабілет-сіздігін көрсетті. Орталықтың іс-қимылы белең алып келе жатқан әрі алдарында кедейлік пен ең қажет тауарлардың, Қазақ ССР-нің "Қазақ ССР Президенті қызметін тағайыңцаужәне Қазақ ССР Констшуциясына (Негізгі Заңына) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңына сөйкес Қазақстанда президенттік институтының іргесі қаланды. Қазақстан Конституциясы Қазақ Советтік Социалистік Республикасының Басшысы алты жыл мерзімге сайланып Қазақ ССР-інің Президенті болып табылады деп жария етті. Мемлекет басшысы республика аумағында азаматгардың қүқықтары мен бостандықтарын, Қазақ ССР-інің Конституциясы мен заңдарын сақтаудың кепілі болып табылды, республиканың егемендігін, қауіпсіздігін, аумақтық түтасты-ғын қорғау жөнінде қажетті шаралар қабылдады, Қазақстан атынан ел ішінде және халықаралык қатынастарда, сондай-ақ КСРО Федерация Кеңесінде өкілдік етті. Конституцияға сәйкес Қазақ ССР Президенті Резиденция-сының орналасатьш жері мемлекет астанасы — Алматы қаласы болып айқындалды. Президент сайлауы Қазақ ССР-інің "Қазақ КСР Президентін сайлау туралы" Заңының негізінде жүзеге асырылды. Мемлекет басшысы жоғары қызметке сайланысымен реформаланып отырған КСР Одағының шеңберінде Қазақстанның саяси және экономикалық дербестігін нығайтуға бағытталған белсенді қадамдарды қолға алды және сонымен бірге халықтар арасында қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық және тарихи байланыстардың ыдырауына жол бермеу үшін ерік-жігер мен табандылық танытты. Егемендік жарияланғаннан кейін Мемлекет басшысы бірінші кезекке елдің мемлекетгік басқару оргаңдарын нығайту жөніндегі шараларды қолға алды. 1990 жылғы 20 қарашада Қазақстан Президенті "Қазақ ССР-індегі мемлекеттік билік пен басқару құрылымын жетілдіру және Конституцияға (Негізгі Заңға) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңға қол қойды, оған сәйкес Қазақ ССР-інің Президенті жоғары атқару және өкім жасау билігінің басшысы болып табылады деп белгіленді; ел вице-президенті қызметі тағайындалды. Министрлер Кеңесі таратылып, Қазақстанның Министрлер Кабинеті құрылды.
95. ХХ ғасырдың басындағы қазақ қоғамының озық ойшылдары қоғамды, адамдардың өздерін күш қолданатын революция емес, қоғам мүшелерінің санасын өзгерту мен адамдардың бүкіл қоғамды жаңғырту практикасына тартылуы ғана өзгерте алады деп санап, қоғамдық сананы қалыптастыру процесін нақты жүзеге асырды. Адамдардың бүкіл бұқарасы мұндай өзгерістерге қатыса алмайды және оған қатысуға қабілетсіз, оны бірдей түсіне бермейді және оған бірдей дәрежеде мүдделі де емес. Қоғамдық тұрмыс пен қоғамдық сананың байланысын әдетте барша жұрт бірігіп немесе әрбір адам жеке дара белгілемейді, қайта адамдардың ерекше топтары, сананы әзірлеумен кәсіби тұрде айналысатын
интеллигенттер анықтайды. ХХ ғасырдың бас кезінде қазақ қоғамында Қазақ газеті мен Айқап журналы төңірегіне топтасқан жас қазақ интеллигенциясы осындай интеллектуалдар тобы болды. Ұлттық зиялы қауым ХХ ғасырда біршама тарих сынынан өтті. Монархтық Ресейдің ХIХ ғасырда жүргізген отаршылдық саясаты күрескер, ұлтшыл азаматтардаң өмір сахнасына шығуына себеп болды. Аталған режим өз бағытын негіздеу үшін қазақ даласында орыс-қырғыз школдарын ашып, ұлт интелигенциясын ықпалында ұстағысы келді.[3] Бірақ бұл керісінше болып шықты. Жастардың бірден-сараны алдауға ергені болмаса, көбі отаншыл, елжанды боп өсті. Шоқан, Ыбырай, Абай, Мұхамедсалықтарды үлгі тұтты. Алайда бұлардың бәрін отаршылдық жүйенің құрбаны деп есептеді. Тіпті олардың тосыннан келген ажалына осы режим кінәлі деп санады. Сондықтан ендігі жерде топтаса күресудің, сауатты саяси текетірестің амалын қарастырды. Осы көзқарас жаңа тұрпатты интеллигенцияның ой-сана темірқазығы еді. ХХ ғасырдың басындағы, қазақ халқының идеологиялық өкілдері рөлін атқарған қазақ ұлттық демократиялық интеллегенциясы өзінің алдына халқын дағдылы санадан бостандықтың, тәуелсіздіктің ең жоғары мұраттарына бастайтын нақты жолды міндет етіп қойды. Ол қазақ халқының объективті мүдделері мен жағдайын жүйеге түсірілген теориялық білім ретіндегі идеолдогиялық деңгейде ұғынып білдіруге, оның саяси күрес бағдарламасын тұжырымдауға ұмтылды. Демократиялық ұлттық интеллегенция қоғамның таптарға бөлінуі мойындамай бүкіл халық атынан әрекет етті. Олар өз халқына тәуелсіздік және отаршылдық құлдықтан азаттық алу жолындағы күресте көмектесуге ұмтылды, әрбір адам мен әрбір халықтың жеке бостандыққа және бүкіл адамзат мәдениетінің жетістіктері мен табыстарына еркін қол жеткізу құқығы сияқты жалпы адамзаттық қазыналар жолында күресті. Осы мақсатпен қазақ интелегенциясы 1905 жылдан бастап саяси қызметті қызу өрістетті. Қазақ интелегенциясы саяси қызметінің қорытындысында «Алаш» партиясы құрылды.[4] Саяси күреспен қатар қазақ интелегенциясы ағартушылық қызметті де кеңінен өрістетті. ХХ ғасырдың басындағы қазақ интелегенциясы дәрігерлердің, саясатшылардың, судьялардан, ақын- жазушылардан қаралып, мұның өзі қазақ ғылымының орнығып, алғашқы қадамдар жасауы үшін А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Ә. Бөкейханов, Х. Досмұхамедов, М. Тынышбаев, Ж. Ақбаев ж.б. қыруар істер тындырды.[5] Мәселен, Ә. Бөкейханов қазақ халқының саяси және құқықтық сана- сезімін қалыптастыру жөнінде көп іс тындырған тамаша саясатшы ғана емес, сонымен қатар ғұлама экономист, әдебиетші және тарихшы болған. Оның қазақ халқының тарихын, әлеуметтік- экономикалық жағдайы мен мәдениетті зерттеуге арналған монографиялық мәні бар «Қазақтар» атты мақаласы 1910 жылы Петербургте жарияланды. Қазақ интеллегенциясының шығармаларында қоғамның негізгі идеялары, ой- пікірлері мен көзқарастары қарастырылған. Олар өз мақалалары мен кітаптары арқылы өз халқын ғасырлар бойы мүлгіген тіршіліктен оянуға, оны экономикалық және рухани тәуелділіктен азат етуге, өркениетті даму жолын нұсқауға ұмтылды. Қазіргі кезге дейін құнын жоғалтпаған А. Байтұрсыновтың «Маса» және М. Дулатовтың «Оян, қазақ» кітаптары нақ сол мақсатқа арналды. Қоғамды демократиялық жолмен жаңғырту жолындағы қозғалыс, әсіресе бірінші орыс революциясы самодержавиені біраз кеңшіліктер жасауға мәжбүр етті. Бастапқыда олар саяси салада булыгиндік Дума
құрудан көрінді. І Мемлекеттік Думаның жұмысына қазақтың көзі ашық, зиялылары: Торғай облысынан- А. Қ. Бірімжанов, Уфадан- С.С.Жантөреев, Оралдан- А. К. Кәлменов, Астраханнан- Д. С. Ноян- Түндітов, Ақмоладан- Ш. Қосшығұлов және Семейден Ә. Бөкейхановтар қатысты. 1907 жылғы 20 ақпанда ашылған ІІ Мемлекеттік Дума құрамына қазақ халқынан оқыған мына зиялы азаматтар енді: Ақмола облысынан- Ш. Қосшығұлов, Торғайдан- Ғ. Бірімжанов, Семейден- М. Тынышбаев, Сырдариядан- Т. Аллабергенов, Оралдан-Б. Қаратаев, Астраханнан-Б.Құлманов.[6] Қазақ интеллигенция өкілдері Мемлекеттік Дума жұмысына қатысуымен қазақ халқын сырттан жасалатын күйретуші әсерден қорғайтын қандай да бір заң қабылдауға қол жеткізуді мақсат етті, дегенмен де олардың Думаға қатысуының ең басты нәтижесі, негізінен, оның қазақтың ұлттық бірлігін нығайтуға және олардың саяси деңгейін көтеруге көмектескендігінде болды. Қазақ халқының Ресей империясына ортарлық құлдыққа түскен бүкіл кезең ішіндегі азаттық жолындағы күресінің шырқау шыңы 1916 жылғы ұлт- азаттық қозғалысы болды. Қазақ халқының тарихында 1916 жылғы оқиғаларда қазақ интеллегенциясының алған орны мен атқарған рөлі туарлы мәселе ең жанға батарлық мәселеге айналды. «Алаш» партиясының негізі болған «буржуазияшыл- ұлтшыл» деп аталатын интеллегенция «қазақ халқының жауы және сатқандары», «барып тұрған контреволюционер», «патша малайлары» және т.б. сияқты ұғымдармен көрсетілді.[7] ХХ ғасырдағы ұлт интелигенциясы тарихында аумалы-төкпелі оқиғалар көп болса да, үш сапалық кезеңі аңғарылады. Олар 10-20 жылдардағы Алаш зиялылығы кезеңі, 50-60 жылдардағы ғылыми-шығармашылық интеллигенцияның өрістеу кезеңі, 80-90 жылдардағы қоғамның ояну кезеңі. Алаш зиялылығы кезеңінде өркениетті мемлекет құру мәселесі, ұлттың тағдыры болашағы күн тәртібіне қойылды. Бұл жолдағы күресті Ресей шындығындағы құқықтық жолмен жүргізу көзделді. Ашық тартысқа шығуға бодандықтан еңсесі түскен елдің жайы мұрша бермеді. Оқығандардың Ресейдегі түрлі партияға кіруі, ақырында одан күдер үзіп өздерінше саяси партия құруы, әрқилы шаруашылықтық- экономикалық механизмдермен қоғамдық-әлеуметтік шаралармен ел әл- ауқатын жақсартуға қам жасауы, айлық, жылдық учительдік курстарды ашуы, негізгі мықты,бағыты анық газет-журналдар шығаруы- ХХ ғасырдың 10 жылдарындағы жетістіктер. 1917 жылғы Ресейдегі төңкеріс Алаш қозғалысына тұтқиылдан соққы болып тиды. 1919 жылдан бастап зиялылар күрес тактикасын өзгертті. Оқу-ағарту, баспасөз саласында жүріп халықтың деңгейін көтеруге тырысты. 1926 жылы мемлекеттік ұлт театрын құрды, 1920-1929 жылдары ғылымның барлық саласы бойынша оқулықтар жазды. Қазақ ән-күйлері нотаға түсіріліп алғашқы киносценарий жазылды, фольклорлық мұралар жинастырылды. Академиялық орталық құрылды. Осы істерге Әлихан, Ахмет, Міржақып, Смағұл, Тұрар, Сұлтанбек, т. б. ұйытқы болды. 20 жылдардың соңы мен 30 жылдары ұлт интеллигенциясы жаппай репрессияланды. Алаш зиялылығының тоталитаризм кезеңінде шет елде жалғасып, үмітті өшірмеген уақыты да болған. Бірақ эмиграцияға кеткен қазақ саусақпен санарлықтай. Алғаш шетке кеткен (1918) Мұстафа Шоқай 1941 жылы өлтірілді. Сонда жүріп ызбарлы Кеңеске қарсы біраз еңбек жазғанымен, барын бере алмай кетті. Зәки Уәлиди секілді естелік жазуға да ғұмыр бұйырмады. 1922 жылы Қытай асқан Райымжан Мәрсековтің онда немен
айналысқаны бізге белгісіз. Бірақ ол да сонда 1937 жылы өлтірілді. Анығы: Мұстафа, Райымжан сынды рухы күшті жандар алаштың келешегі үшін басын бәйгеге тіккені.[8] 50-60 жылдары ғылыми-шығармашыл интеллигенцияның өрісі кеңейді. Мұхтар, Сәбит, Ахмет, Шәкен, Әлкей, Қаныш, Әбілхан т.б соңынан мол шәкірт ерді. Алғаш филиал ретінде құрылған ғылым академиясы іргелі ғылым жасауға ұйытқы болды. Әл-Фараби, Абай құбылысы зерделене бастады. Білімді қаламгер, сауатты оқырман өсіп шықты. Әдебиетшілердің санаткерлердің жаңа толқыны өмірге келді. Жас тұлпар секілді ұйымдар туды. Шенеуніктер мәдениетке ынтық болды. Белгілі жағдайлармен соғыс жылдары ашылған өнер ошақтары мен оқу орындарында ұлт интеллигентері көбейді.[9] Қазақ интеллигенциясының басты сіңірген еңбегі мынада: ол бүкілресейлік даму кезеңінің басталуын дер кезінде байқап, қазақ қоғамын да қозғалысқа келтіру амалдарын іздестірумен айналысты, бұл үшін бірінші орыс революциясы берген әлеуметтік және саяси бостандықтарды пайдаланып, туған халқын феодалдық- патриархаттық мешеуліктен шығаруға, патшалық езгіден азат етуге, оған білім мен прогресс, мемлекеттік тәуелсіздік алу жолдарын көрсетуге ұмтылды. Қорытындылай келе айтарым қазақ даласындағы ұлттық қозғалысқа интеллигенция жаңа тыныс берді. Тарихи тәжірибенің дәлелдеп отырғанындай, әлеуметтік күрт өзгерістер кезеңдерінде әрқашанда интеллигенция белсенділігімен, дербес бастамасымен ерекшеленіп отырған. Әлеуметтік, интеллектуалдық және адамгершілік сезімі жоғары интелигенция жеке адамның қоғамда алатын жағдайы туралы, оның санаға және сана-сезімге қатынасы туралы мәселе туралы мәселе көтерді.
95. Қазақстан өнеркәсібінің шикізаттық сипатының тереңдеуі.
Соғыстан кейінгі жылдарда Қазақстан өнеркәсібі көп салалы болды, сондықтан да республика халық шаруашылығын бейбіт өмірге қайта құрып, оны азаматтық өнімнің шығаруына бағыттады. Қазақстан соғыстан зардап шеккен аудандарды қайта қалпына келтірудің негізі ретінде, өңірлерге республикадан металл, шикізат ресурстары, отын, құрылыс материалдары, өндірістік тауарлар, азық-түліктер, тұқымдық мал, дәндер жеткізіліп тұрды. Өнеркісіптің дамуы және оның шикізаттық бағыт-бағдары Егер индустрияландырудың алғашқы жылдары, әсіресе алғашқы бес-жылдықтың бастапқы кезінде Қазақстан КСРО-ның жетекші индустриялық аудандарын ауыл шаруашылығы шикізатымен және азық-түлікпен қамтамасыз ететін аймақ ретінде танылса, 30-жылдары республика өнеркәсіптің өндіруші салаларының көмір, мұнай, түсті металдар, тұз т.б. өнімдерін беретін шикізат көзіне айнала бастады. Сөйтіп Қазақстан индустриясының шикізаттық бағыт-бағдары кең көлемді сипаталып, ауыл шаруашылығы ғана емес, ауыр, жеңіл және тамақ өнеркәсібінің жетекші салаларын да қамтыды. Түсті металдарды, көмірді, мұнайды және басқа да пайдалы қазбаларды шығаруға ерекше көңіл бөлінді. Қазақстанның елсіз және жартылай елді мекендерінде жаңадан құрылған осы кәсіпорындардың көпшілігі бірден одақтық маңызға ие болды. Бұл Қазақстанда шығарылатын түсті металдардың, мұнайдың, көмірдің, басқа да пайдалы қазбалардың КСРО-ның индустриясы дамыған аймақтарына
жіберілетініне ғана байланысты болған жоқ, сонымен бірге ол байлықтарды өндіру ісінде тұтас елді шетелдерге тәуелді болудан құтқаруға көмектесті. Мұндай жағдай ең алдымен Қазақстанда асыл, сирек және түсті металдар шығарылуының дамуына қатысты болды, оларға деген қажеттілік машина жасау құрылыстары мен осы саланың өсуіне сәйкес күрт өсе түсті.
Түсті металдардын, әсіресе мыс пен қорғасынның бай қорлары Қазақстанның оларды өндіруден КСРО бойынша жетекші орынға шығуына мүмкіндік берді. Еңбек және Қорғаныс Кеңесі 1929 жылғы 2 тамыздағы «Түсті металдар өнеркәсібін дамыту болашағы туралы» қаулыда басты назар аударатын аймақтар ішінде «даму келешегі зор негізгі нысан» ретінде Қазақ Автономиясы, Социалистік Республикасы аталды.[1]. Осы мезгіл қарсаңында Қарсақбай және Ридцер мыс балқыту зауыттары қалпына келтіріліп, жобадағы қуатқа жеткен болатын, ал екінші бесжылдықта олар техникалық жағынан түпкілікті қайта құрылды. Кенді Алтайда Ертіс (Глубокое) қорғасын зауыты, ал Қазақстанның оңтүстігінде 1934 жылы КСРО-дағы аса ірі кәсіпорын - құрамында кен орындары, Қаратаудағы байыту фабрикасы бар Шымкент қорғасын зауыты бой көтерді.[2]. 1931-1938 жылдары Қоңырат кені негізінде КСРО-дағы аса ірі кәсіпорындардынбірі — Балқаш мыс балқыту комбинаты салынып жатты. Осыған орай, түсті металлургия Қазақстанның ауыр индустриясының жетекші салаларының біріне айнала бастады. Қорғасын-мырыш өнеркәсібінде Шымкент және Риддердің ірі зауыттары, сондай-ақ бірқатар байыту фабрикалары мен кен орындары көш бастады. Екінші бесжылдық кезінде іске қосылған М.И. Калинин атындағы Шымкент қорғасын зауыты жыл өткен сайын өндірісті кеңейтіп, елдің озық кәсіпорындары қатарына шықты. 1939 жылы зауыт КСРО-да балқытылған қорғасынның 73,2%-ын беріп, 1939 жылғы 26 сәуірде Ленин орденімен марапатталды. Шымкент зауытының шикізат қоры — Ащысай кен орнының мүмкіндігі алдағы уақытта азаятын болған соң Текелі кен орны оның негізгі базасына айналды. 1938 жылы Текелі қорғасын-мырыш комбинатының құрылысы басталды. Республиканың қорғасын-мырыш өнеркәсібінің дамуында Кенді Алтайға зор мән берілді: Риддерде қорғасын балқыту және мырыш қоспасын шығару ісі тез өркендей бастаған еді. 1939 жылғы мамырда Өскемен қорғасын-мырыш зауытының құрылысы қолға алынды. Республиканың мыс өнеркәсібіндегі ірі кәсіпорындар қатарына Балқаш, Қарсақбай және Ертіс мыс балқыту зауыттары жатты. Олардың қатарында 1938 жылы іске қосылған, 1939 жылы Қазақстан зауыттарында балқытылған мыстың 51%-ын берген Балқаш зауыты ең ірі кәсіпорын болды. Зауыт көп ұзамай еліміздің мыс өнеркәсібінің флагманына айналды.
Соғыс қарсаңында Қарсақбай зауытын қайта құру жұмысы негізінен аяқталды, зауыт қуаттылығын екі есеге жуық ұлғайтты. Сондай-ақ ұзақ уақыт тоқтап тұрған Ертіс зауыты қайта іске қосылды. Мұның бәрі Қазақстанға бірінші және екінші бесжылдықта өндірілген көлемде мол мыс беруге мүмкіндік берді.
Егер республиканың ірі өнеркәсібінің жалпы өнім құрылымындағы түсті металлургияның үлесі 1927-1928 жылдары 6,1% болса, 1939 жылы ол 12,3%-ға жетті, яғни осы 12 жыл ішінде екі еседен артық өсті. Тұтастай алғанда, түсті
металлургияның жалпы өнімі 1939 жылы 1913 жылмен салыстырғанда 17,1 есе, ал 1927-1928 жылдарға қарағанда 25,8 есе өсті. 1940 жылдың 1 қаңтарына қарай түсті металлургияның негізгі өндірістік қоры 1928 жылдың 1 қазанымен салыстырғанда 27,2 есеге артты.[3].
Екінші дүниежүзілік соғыс басталар қарсаңында Қазақстан қорғасын өндіруден КСРО бойынша бірінші орынды иеленді: республика 1939 жылы елдегі барлық қорытылған қорғасынның 84,8%-ын берді, оның ішінде Шымкент зауытының үлесі 62,7%, Риддер комбинатынікі - 22,7% болды. Қазақстан 1939 жылы КСРО бойынша алынған өңделмеген мыстың 16,2%-ын өндірді. Мұның ішінде Балқаш мыс комбинатының үлесі 8,2%, Қарсақбай мыс комбинатынікі 4,1%, Ертіс мыс зауытының үлесі 3,6% болды..
96. 1978 ж. ҚазКСР Конституциясының қабылдануы.
ІХ шақырылған республика Жоғарғы Кеңесінің кезектен тыс VII сессиясында 1978 жылы 20 сәуірде қабылданған Қазақ КСР Конституциясы кіріспеден, 10 бөлімнен, 19 тараудан, 173 баптан тұрады. Конституцияға сәйкес бүкіл өкімет билігі жұмысшы, шаруа және еңбек интеллигенциясы таптарына жататын халықтың қолында болды. Өкімет билігі мен басқару жүйесінің үстінен Қазақ КСР Коммунистік партиясы бақылау орнатты. Республиканың экономикалық жүйесі мемлекеттік, кооперативтік-колхоздық және кәсіподақ және басқа да ұйымдардың меншігі деп жарияланды.
1978 жылғы Конституцияда республиканың ұлттық-мемлекеттік және әкімшілік-аумақтық құрылысы, жоғарғы және жергілікті билік пен басқару құзыреті, сайлау жүйесінің принциптері, халық депутаттарының құқықтық мәртебесі, экономикалық және әлеуметтік даму мемлекеттік жоспары институттары, мемлекеттік бюджет, сот тәртібі, төрелік соты, прокурорлық қадағалау және т.б. мәселелер қамтылды.
1990 жылдардың басында Қазақ КСР-інде, одан кейін Қазақстанда 1978 жылғы Конституцияға елеулі өзгертулер енгізген бірқатар заңдар қабылданды. «Мемлекеттік өкімет құрылымдарын жетілдіру туралы» 1990 жылғы 20 қарашадағы Заңға сәйкес Президент атқарушы және өкім етуші билік басшысы болғаны туралы ереже енгізілді, Министрлер Кеңесі Министрлер Кабинетіне өзгертілді және жергілікті өзін өзі басқару, Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының атауын өзгерту, ҚР азаматтығы туралы Заңдар және басқа да құжаттар қабылданды.
97. «Байқоңыр» ғарыш айлағы және ҚР ғарыштық бағдарламаларының жүзеге асырылуы.
Байқоңыр - Қызылорда облысы Қармақшы ауданының аумағында орналасқан ғарыш алаңы. Іргесі 1955 ж. қаланған.[1] Ғарыш алаңынсалу үшін Байқоңырды таңдап алу кезінде бұл жердің елді мекендерден қашық болуы, экватор
жазықтығына жақындығы, ракета ұшырудың қауіпсіздігі, қайтып оралатын ғарыштық объектілер үшін қолайлы қону аймақтарының болуы, т.б. факторлар ескерілді. Байқоңырдың басты және көмекші объектілері мен қызмет ету орындары кең аймаққа орналасқан, олар бір-бірімен автомобиль жолдары және теміржол аркылы байланысқан. Байқоңырдың негізгі объектілеріне: техникалық тұғырлар, старттық кешендер мен ұшу трассасының бойындағы өлшеу бекеттері (олардың әрқайсысы жалпы техника және арнаулы технология кұрал-жабдықтары бар ірі құрылыстар), ғарыш алаңына әр түрлі жүктерді жеткізетін кірме жолдар, т.б.; көмекші және қызмет көрсету объектілеріне: отын (жанармай) сақтайтын алаң, сұйық оттегі мен азот өндіретін заттар, энергия және сумен қамтамасыз ететін жүйелер, байланыс жүйесі, телевизия, т.б. жатады. Байқоңырда ракета тасығыштың (РТ) әрбір түріне сәйкес бір не бірнеше техникалық тұғырлар және олардың әрқайсысына арналып бір не бірнеше старттық кешендер салынған.
Байқоңыр қаласы қалану барысын Ресейден келген техникалық инженер Г.М. Шубников басқарған болатын. Сондықтан Г.М. Шубников Байкоңыр қаласының "әкесі" атанып кеткен дейді. Қазіргі таңда Байқоңыр қаласында Г.М. Шубников есімі берілген көше және ескерткіштер бар. Байқоңырдың ұшу трассасы Арал теңізінен Камчатка түбегіне дейін созылып жатыр. 1957 ж. 4 қазанда Байқоңыр ғарыш алаңынан тұңғыш ғарыш ракетасы сәтті ұшырылды. Ол - дүние жүзіндегі ең бірінші Жердің жасанды серігін (ЖЖС) орбитаға шығарды.
Байқоңыр әлемдегі ең ірі жер беті ғылыми ғарыш полигоны болып табылады, оның басты және көмекші нысандарының жалпы ауданы 6717 шаршы шақырым.
Байқоңырдан 1961 ж. 12 сәуірде адамзат тарихында тұңғыш рет Гагарин Юрий Алексеевич"Восток" ғарыш кемесімен ғарышқа аттанды. Байқоңыр одан кейін де ғарыш кеңістігін игеруде көптеген жаңашыл бастамалардың старттық орнына айналды. Байқоңырдан Күннің, Айдың, Шолпанның алғашқы жасанды серіктері, "Восток", "Восход", "Союз", "Прогресс" ғарыш кемелері, "Салют", "Мир" орбиталық станциялары, жұмыстар жүргізуге арналған "Протон", "Зонд", "Прогноз", байланыс мақсаты үшін пайдаланылатын және метеорологиялық бақылаулар жүргізуге арналған "Молния", "Экран", "Горизонт", "Радуга", "Метеор", т.б. ЖЖС-тері ұшырылды. Айды, Марсты және Шолпанды зерттеуге арналған ғарыш аппараттары бар РТ-лар да Байқоңырдан аттандырылды. 1991 ж. 2 қазанда тұңғыш қазақ ғарышкері Т. Әубәкіров "Союз Т-13" ғарыш кемесімен Байқоңырдан ғарышқа көтерілді. Ресеймен бірлескен бағдарлама бойынша қазақ ғарышкері Т.А. Мұсабаев ғарышта 3 рет (1994, 1998, 2001) болды. Байқоңыр ғарыш алаңын салуға әр жылдары түрлі мамандықтағы көптеген қазақстандықтар қатысты. Олардың арасында Байқоңыр ғарыш алаңының қызметкерлері Қ. Тоқмұхамедов, Б. Межіғұлов, Т. Уәшев, К.Әбілғазин, полковник Ә. Исмаилов, М. Құлымгереев, Қ. Нұрмағамбетов, С. Мұхаметқалиев, Б. Ешімов, Қ. Нұрмұқанов, Р. Құлмырзаев, М. Мұқанов, т.б. болды. Қазақстан азаматы, ұшқыш-сынақшы, майор М.З. Рафиков алғашқы ғарышкерлер тобында Ю.А. Гагаринмен бірге дайындықтан өтті. Байқоңыр ғарыш алаңы 1991 ж. Қазақстан Республикасының иелігіне өтіп, 1993 ж. Ресей Федерациясына 20 жылға берілді. Байқоңыр кешенін пайдаланудың экологиялық зардаптары байқалды. Байқоңыр кешенінен Қазақстан Республикасы аумағына жылына 30 — 35 мың т. улы заттар таралады. Ракеталардан түскен қалдықтар Қарағанды, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарына зиян келтірді.
98. Қазақстан – КСРО-ның әскери-өнеркәсіптік қоймасы.
Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы - Еуропада және Азияда 1922 жылдан 1991 жылға дейiн өмір сүрген мемлекет. КСРО Еуразияның 1/6 бөлiгiнде орналасты және 1917 жылдан дейін Ресейлiк империя Финляндия, Поляк патшалығының бөлiгiнсiз орналасатын және (Карстың жерi, қазіргі Түркия) кейбiр басқа аумақтағы әлемiнiң елдері арасында орналасқан ауданы бойынша өте iрi болды.
1917 жылғы Конституцияға сәйкес, КСРО бiртұтас одақ, көп ұлтты және социалистiк мемлекет болып жарияланды.
(Кеңес әскери-өнеркәсіптік кешені) кешені - КСРО-ның әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты кеңестік қоғамның экономикалық және әлеуметтік-саяси құрылымы, тұрақты жүйесі жұмыс істеуі қарым-қатынас субъектілері. Қырғи-қабақ соғыс кезінде соғыстан кейінгі жылдары құрылған. [1] КСРО әскери-өнеркәсіптік кешенін дамыту жөніндегі барлық материалдық, еліміздің қаржы және ғылыми-техникалық ресурстарды ⅓ кетті. [2] Әр түрлі тарихи жағдайларда 1. құрылымы, кеңестік әскери-өнеркәсіптік кешен қалыптастыру үшін жауапты мекемелердің құрамы, әр түрлі болды. 1927 жылы, «қорғаныс» функциясын жүзеге асыратын, КСРО және КСРО Жоғарғы экономикалық кеңесінің қорғаныс өнеркәсібі бас басқармасының әскери және теңіз істері халық комиссариаты қосымша қарастырылды: ОГПУ, темір халық комиссариаты, сауда халық комиссариаты, хабарлар халық комиссариаты мен Telegraphs, Еңбек, арнаулы техникалық бюросы халық комиссариаты, жергілікті мекемелер Air-химиялық қорғаныс. Олардың стратегиялық және жедел басқару бірыңғай орталығы ХКК Еңбек және Қорғаныс кеңесі болып табылады. Отыз жыл өткен соң, 1957 жылы, Қорғаныс министрлігі және КСРО Қорғаныс өнеркәсібі министрлігінің қоспағанда, тікелей функциясы «қорғаныс» қатысады болып табылады: орта машинажасау, КСРО КГБ КСРО министрлігінің радио өнеркәсібі КСРО министрлігінің Кеме Индустрия КСРО министрлігінің авиациялық индустрия министрлігі Негізгі Арнайы Gosmontazhspetsstroe ұйымдастыру P/саны 10, ДОСААФ Орталық комитеті «Динамо» мен бүкілармиялық әскери-аңшылық қоғам кезінде Атом энергиясы жөніндегі мемлекеттік комитеті, Мемлекеттік материалдық резервтер бас басқармасы, Сыртқы экономикалық байланыстар жөніндегі мемлекеттік комитеттің бас инженері кеңсесі. олардың стратегиялық және жедел басқару орталығы КСРО Министрлер Кеңесінің Президиумының жанындағы әскери-өндірістік комиссияның КСРО және Комиссия Қорғаныс кеңесі болып табылады. Кеңес әскери-өнеркәсіптік кешен әскери-өнеркәсіптік кешен
99. ҚазКСР Ғылым Академиясының құрылуы.
Қазақ КСР Ғылым Академиясының құрылуы осы жетістіктерге бастамашы болған. Екі жылдан кейін (тіпті одан да аз уақыттан кейін) ол өзінің 70-жылдық мерейтойын тойлайды. Академияның тарихы — бұл қазақстандық ғылым тарихының қалыптасу мен даму тарихы. Қазіргі кезде отандық ғылымның деңгейі жоғары, ғылым негізін аталған Академия қалаған. КСРО Халық Комиссары Кеңесінің қаулысына сәйкес 1945 жылдың 26 қазанында КСРО ҒА-ның Қазақ филиалы Қазақ КСР-ының Ғылым Академиясы ретінде қайта құрылған; бірақ, соған қарамастан, Академия ресми түрде тек 1946 жылдың 1 маусымында ашылды.
Ғылым Академиясының негізін қалаушылар арасында 14 академик және ҚазКСР-ының 16 корреспондент-мүшесі болды. Осы кезде Қазақ КСР Ғылым Академиясының жарғысы мен құрылымы бекітілді. Ғылым Академиясының ашылуы Қазақстанның экономикасы және мәдениетінің зерттелуіне, оның табиғи ресурстарды тиімді пайдалану туралы зерттелуіне жол ашты. Кейін Ғылым Академиясы халық шаруашылығын қалпына келтіру жұмыстарына белсенді түрде қатысты. Республика көлеміндегі ғылыми орталық құрылды, ғалымдар мемлекеттік бесжылдық жоспарларды жүзеге асырды. Жылдан-жылға республикалық Ғылым Академиясының маңыздылығы арта түскен. Ол іргелі зерттеулердің орталығына айналып кетті. ҒА-ының құрамына 4 бөлім енді: минералды ресурстар, физика-математтикалық ғылымдар, биологиялық және медициналық ғылымдар, қоғамдық ғылымдар. Минералды ресурстар Бөлімінің құрамына 8 институт енді (Геологиялық ғылымдар институты, Кен жұмысының институты, Металлургия және кенді байыту институты, Құрылыс және құрылыс материалдары институты, Энергетика институты, Химикалық ғылымдар институты, Мұнай институты, Алтай тау-металлургиялы институты) және география секторы. Бөлім қарастыратын мәселелердің көбі география, геология, техника және химия салаларындағы сұрақтар болып табылады. ҚазКСР ҒА бөлімінің басшысы Әбікен Бектұрұлы Бектұров болып тағайындалды. Ол минералды тыңайтқыштар саласындағы маман. Геологиялық ғылымдар институты Ғылым Академиясының құрылымындағы ең ірі ғылыми мекеме болған. Ол геологияның теоретикалық сұрақтарына жауап іздей отырып, геологиялық карталарды құрастырап, статиграфия, вулканизм, тектоника, литология, палеонтология ғылымдарының зерттелуімен айналысқан болатын. 1956 жылы Қ.И. Сатпаев басшылығымен ғалымдар-геологтар Орталық Қазақстанның комплекстіболжамды-металлогенді картасын құрастырып, оны жариялады. 1946 жылы Тау-кен институтының негізі қаланған. Ол Қазақстандағы қорғасын-мырыш кен орындарын зерттеу жоспарланып отырды. Сонымен бірге, ол көмір кен орындарының тиімді пайдалану әдістерін жан-жақты зерттеп, кендіктегі тозаңмен күресу жолдарын да іздеді. Осы жылы Энергетика институты құрылған, республикадағы барлық энегретикалық ресурстардың зерттелуі — оның жұмысының басты бағыты. Сонымен бірге, институт қызметкерлері «энергетикалық ресурстарды кешенді түрде пайдалану» деген мәселені зерттей отырып, «халық шаруашылығын қалай дұрыс электрлендіру» деген сұраққа да назарын аударды. Олар өзекті мәселелердің шешімін іздеп, тереңтеоретикалық зерттеулерді-де қатар жүргізді. 1945 жылы құрылған Химикалық ғылымдар Институтының маңыздылығы зор болып табылады. Ол республикадағы минералды ресурстарды зерттей отырып, металлургия саласына қажет болған электрохимиялық және амальгамдық үдерістерді зерттеді. Институт мұнай және көмірді тереңірек зерттей отырып, мұнай өндіретін өнеркәсіптегі мұнай және химия қалдықтарын пайдалану мәселесін қарастырды. 1946 жылы құрылған Металлургия және кенді байыту институты көпметаллды және өндірістің жартылай өнімдерінің қайта жасап шығару әдістерін ашуға тырысып, кенді байыту жолындағы тиімді тәсілдерді құрастырып отырған. Ғылым Академиясындағы келесі Бөлім — К. П. Персидский басшылығымен Физика-математика ғылымдар бөлімі. Аталған ұйымның құрамына 2 институт, 2 секторд және 1 зертхана енген. Астрофизикалық институт 1950 жылы пайда болды. Институтның маңызды жетістіктерінің бірі «Газ-тозаңды тұмандылық атласының" жасап шығаруы болды. Ол КСРО аймағында және шетелдерде тұратын азаматтарына белгілі боп кетті. Институт жетістіктерінің ішінде 2600 метр биіктігінде Короналды станциясының ұймдастырылуы, жарық шашырауы теориясының құрылуы деп атауға болады. 1951 жылы үш зертханасы бар Физика-техникалық институты құрылды. Оның 3 зертханасы бар: ғарыштық сәулелер, спектрлық талдау, металлфизика және металлтану. Институт қызметкерлері спектрлық сызықтардың және элементтер спектрлерінің атластарын дайындады. Металлургиялық өнімдерден сирек кездесетін металлдарды шығару әдіснамасы әзірленді. Биологиялық және медициналық ғылымдар бөліміне 7 Институт, Алма-Атылық ботаника бағы енді. Осы бөлімнің алғашқы Төрағасы академик Н. В. Павлов болды. Ботаника институты Қазақстан аумағындағы пайдалы және техникалық өсімдіктерді ажыратып, олардың тиімділігін арттыру мәселесін-де зерттеді. Республиканың флорасы жан-жақты зерттелді. Көптеген геоботаникалық зерттеулер жүргізілді. Физиология институты 6 зертханасы бар ірі ғылыми-зерттеу мекемесіне айналып кетті. Мұнда 4 ірі мәселе зерттелді: дем алу, лимфоайналым, қан айналымындағы жүйкелі-рефлекторлы реттеу; нақты мамандыққа тән белгілі бір аурулар және олармен күресу жолдары; Қазақстандағы дәрілік шикізатты фармакологиялық тұрғыдан зерттеу; жануарлардың өнімділігі және олардың ағзаларындағы физиологиялық заңдылықтар. Зоология институтының басты бағыты — Қазақстан фаунасын зерттеу (оның пайда болуы, дамуы және т.б.). 1945 жылы құрылған Топырақтану институты Қазақстандағы жер ресурстарын, олардың пайда болуын, дамуын зерттеді. Институт қызметкерлері Қазақстан ауданының топырақ картасын құрастырды. Өлкелік паталогия институты 3 мәселені зерттеді: «Өлкелік жұқпалы және паразиттік аурулары, олармен күресу жолдары», «Нақты мамандыққа тән белгілі бір аурулар және олармен күресу жолдары», «Қазақстан шипажайлары». Клиника және эксперименттік хирургия институты Қазақстандағы денсаулық сақтау саласы үшін өзекті болып табылатын мәселелерді зерттеген: өндірістік және ауылшаруашылық жарақаттанушылықпен күресу жолдары. Қоғамдық ғылымдар Бөлімі екі институтты (тарих және археология, этнография және экономика) біріктірді. Институттың алғашқы Төрағасы Н. Т. Сауранбаев болды. Тарих және археология институты Тарих секторының негізінде
қаланды, ол келесі тақырыптар бойынша зерттеулерді жүргізді: Ұлы Қазан төңкерісі, қазақ мемлекеттілігі, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ел, қазақ халқының этногенезисі, төңкеріске дейінгі және кеңестік кезеңде қазақ халқының мәдениеті мен тұрмысы. Сонымен қатар, археологиялық, этнографиялық зерттеулер жүргізілді. Экономика институты 1952 жылы құрылған, ол саяси экономика, халық шаруашылығының тарихы, халық шаруашылығындағы салалардың орналастыру және даму жолдарын зерттеді. Осылай, қайта құрылған ғылыми-зерттеу институттары елдегі халық шаруашылығының жағдайын қалпына келтіруге және аталған саланың дамуына бағытталған зерттеулерді көп жүргізді. Зерттеулер қоғам мен адам тіршілігінің барлық аспектілеріне қатысты болды. Ғылыми зерттеулер қойылған мақсат-міндеттеріне қол жеткізді. Елдің экономикасы дамыды. Мемлекеттегі экономика тұрғындардың әлеуметтік жағдайы жақсартып, халықтың мәдени-деңгейі-де жақсартылды.
100. Қазақстан – интернационалды мемлекет
1991 жылы қол қойылған Алматы декларациясы арқылы негізі қаланған Тәуелсіз мемлекеттер достастығы бүгінде елдерімізді жақындастыра түсетін бірегей алаң болып қала береді. Біздің Достастық жұмысын жалғастырып және болашаққа деген жоспарларды іске асыра отырып, өзінің өміршеңдігін, тиімділігін және перспективалылығын дәлелдеді. Сондай-ақ, Достастықтың тәжірибесі ЕАЭО және ШЫҰ тәрізді интеграциялық ұйымдарға да септігін тигізді. Осылайша, Алматыда 1991 жылы 21 желтоқсанда ТМД-ның құрылуы зор тарихи мәнге ие болды. Менің бастамам бойынша бүгін біз ТМД-ның 25 жылдығы жөнінде мәлімдеме қабылдап отырмыз. Ол бағдарды айқындап, алдымызға жаңа міндеттер қояды, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Сонымен бірге Мемлекет басшысы жақында өткен G-20 саммитінде әлемдік экономиканың орнықты дамуын қамтамасыз ету үшін экономикалық саясатты үйлестіру туралы уағдаластыққа қол жеткізілгенін атап өтті.
– Саммитте дамудың ескірген моделін алмастыру және жаһандық индустриялық революциядан соң келген жаңа сандық экономикаға көшу мәселелері талқыланды. Бұл – энергияның жаңа түріне, валютаның жаңа санатына және қоғамдық қарым-қатынастың жаңа формаларына негізделген қоғамдық өндірістің жаңа тәсілін табу мен игере бастаудың нышаны. Жаңа проблемалар алдында ТМД аясында бізге де тығыз өзара іс-қимыл жасап, бірлескен жобаларды жандандыру қажет, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан Президенті Достастықтың қазір 2008 жылы қабылданған экономикалық даму стратегиясын іске асырудың үшінші кезеңіне көшкеніне назар аударды.
– Қазіргі уақытта әлемдік экономикадағы жағдай айтарлықтай өзгерді. Сондықтан Қазақстан Достастық елдерінің экономикалық дамуына серпін беруге арналған шаралар жиынтығын жандандыру түсуді ұсынды, – деді Мемлекет басшысы.
Бұдан бөлек, Қазақстан Президенті ТМД елдерін дамытудағы көлік-транзит әлеуетін тиімді пайдаланудың маңызды рөлін атап өтті.
– Кей жағдайда ауқымды көлік-транзиттік жобаларды іске асыруда елдер арасында бір-бірін қайталау кездесіп қалады, өзара келісудің жетіспейтіндігі байқалады. Осыған байланысты, бұл саладағы саясатымызды үйлестіру қажет. Бұл жобаларымыздың тиімділігін едәуір арттыруға мүмкіндік береді, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Сонымен бірге, Елбасы өткен жолғы кездесуде ТМД-ны заманауи жағдайға бейімдеу қажеттігі жөніндегі уағдаластыққа қол жеткізілгенін кеңеске қатысушылардың есіне салды.
– Тараптардың белсенді өзара іс-қимылы арқасында Достастықтың тиімділігін арттыратын нақты шаралар әзірленді. ТМД қызметін жетілдіріп, оның функционалдық икемділігіне қол жеткізу үшін тұрақты түрде жұмыс жүргізіп отыру қажет, – деді Қазақстан Президенті.
Соңында Мемлекет басшысы ТМД-ға 2017 жылы Ресей Федерациясының төрағалық етуі жөніндегі шешімді Қазақстанның құптайтынын жеткізді.
100. Қазақстан – интернационалды мемлекет.
Тәуелсіз Қазақстан Республикасының негізгі бағыты елдің ынтымағы мен бірлігінде. Қазақстан көп ұлтты мемлекет болып саналады. Тәуелсіз елдің орнатқан қағидалары да сол бейбітшілік пен тыныштықтың аймағындағы құрған заңды ережелер болып табылады. Осы ереженің сақталуы жаппай, ақ-қара деп бөлмей баршадан бірдей талап етіледі. Тәуелсіз еліміздің тыныштығын бұзған кез-келген азамат қылмыскер атанады мейлі ол қазақ болсын, басқа ұлт өкілі болсын айырмасы жоқ. Біздің тәуелсіз ел ешкімді ұлтына қарап алаламайды. Тәуелсіз Қазақстан мемлекеті бейбітшілік мекені. Ата-бабамыз өз жеріне тағдыр айдап келген барша өзге ұлт адамдарын сыртқа тепкен емес. Керісінше Құдай дарытқан бауырмалдық қасиеттерінің нәтижесінде кең құшақ ашып туыс болып сіңісіп кеткен. Еш бір ұлт аралық қақтығыс болмаған. Барлығы басқа салған қиын тағдырдың қасіретін бірге арқалай білген. Соның арқасында бүгінгі тәуелсіз күнге жеттік. Сол бір кездегі осы қарапайым қалықтың қоғам арасындағы татулығының жемісі, бүгінгі күні бақытты күн кешудеміз. Біз осындай ата жолын ескере отырып бүгінгі таңда қандайда бір саяси қақтығыстарға еліктеген қарапайым халықтың арасында өздігінен ұлт аралық қатығыстар болады дегенге сенбейміз. Ұлтаралық қатынас көп ұлтты Қазақстан Республикасында ерекше көңіл аударуды қажет ететін мәселелер қатарына жатады. Қазақстан жерін мекендейтін халықтардың достық, туысқандық қарым-қатынасы, оларды біртұтас мақсатқа жетелейтін жетекші ұлттық мүдде болуы қазіргі саясаттың маңызды бөлігіне айналды. Мұнда Түркия тәжірибесін мысал ретінде алуға болады. Кемал Ататүрік халқын біртұтас ұлттық қозғалысқа біріктіре отырып, ұлттық идеологияны қалыптастырды. Түркияның бүгінгі басшылары Ататүріктің жолын қуып, қазіргі заманға лайықты ізгілікті мақсаттарды көздейтін ұлттық мемлекетке айналған. Қазақстан да жаңа дәуірге бейімделген өзіндік жолын таңдап алды.
Кеңес Одағы ыдырар алдында елде бұрын байқалмаған толқулар күшейді. Н.Назарбаев «Ғасырлар тоғысында» кітабында: «Ең қауіптісі — олар таза ұлттық cипат ала бастады. Ұлт мәселесінің соншалық асқындауы әуелі теориялық дәрменсіздіктен етек алды», — деп жазды. Ал XX ғасырдың соңында тек Кеңестер елінде ғана емес, бүкіл әлемде ауқымды ұлттық оянудың үдере бас көтеруі басталған болатын. Бұл парасаттылықтың астарында әрбір қазақстандықтың өзін, ең алдымен, қазақстандық екендігін, сонан кейін өз ұлтының перзенті екендігін сезінгенде ғана ұлтаралық қарым-қатынастың жоғары мәдениеті қалыптасады. Сонда ғана шынайы ұлттық келісім мен шынайы саяси және қоғамдық тұрақтылыққа қол жеткізуге болады. Ол қазақстандық патриотизмге негізделуі қажет. Ұлтаралық, этностық топтар арасындағы келісім — барша азаматтың нәсіліне, ұлтына, діни сеніміне қарамастан қашанда бір-біріне көмекке келуге әзірлігі, психологиялық тұрғыдан дайындығы, достық қарым-қатынасын бейнелейді. 1999 жылғы Бүкілхалықтық санақ Қазақстан тұрғындарының ұлт құрамында саны жағынан бірінші орында қазақтар, екінші орында — орыстар, үшінші
орында —украиндар, төртінші орында — өзбектер, бесінші орында — немістер және т.с.с. болғандығын көрсетті.
Қазақтар Оңтүстік Қазақстан облысында — 13 мың, Алматы облысында- 925 мың, Шығыс Қазақстан облысында — 740 мың, Жамбыл облысында — 640 мың адам. Ал орыстар Шығыс Қазақстан облысында — 700 мың, Қарағанды облысында — 610 мындай, Қостанай облысында — 430 мыңдай, Солтүстік Қазақстан облысында — 360 мыңдай, Павлодар облысында — 330 мың, Ақмола облысында — 330 мың адам орналасқан.
Украиндардың ең көбі Қостанай, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында шоғырланған. Беларустар Қостанай, Қарағанды, Ақмола облыстарына көптеп түрақтаған. Өзбектердің көпшілігі Оңтүстік Қазақстан облысында түрады. Немістер Қарағанды, Қостанай, Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында топтаскан. Татарлар Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Алматы, Жамбыл облыстарында көптеп мекендейді. Ұйғырлардың көп бөлігі Алматы облысында, дүнгендер — Жамбылда, түріктер Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында түрады.Корейлер — Алматы облысында, Жамбыл, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан облыстарында, күрділер — Алматы мен Жамбылда, ал тәжіктер, негізінен, Оңтүстік Қазақстан облысында көп шоғырланған. Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы Парламенттің бірлескен мəжілісінде жасайтын Қазақстан халқына Жолдауында, халықтар Ассамблеясының сессияларында жариялаған баяндамаларында ұлтаралық бірлік, ынтымақтастық тақырыбы мейлінше тереңнен қозғалып, жан-жақты міндеттермен болашаққа жасалып отырған жаңа əрекет, қадамдармен тығыз ұштастырылады. Бірлік пен келісім Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 1992 жылғы желтоқсанда өткен Қазақстан Халықтары І-ші форумында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə. Назарбаев айтқан. Қазақстан халқы Ассамблеясы Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 1 наурыздағы Жарлығымен мемлекет басшысы жанындағы консультативтік-кеңесші орган ретінде құрылды. Ассамблея алғаш өмірге келген күннен-ақ көп ұлтты еліміздің қасиетті орталығына айналды. Əр этнос өздерінің ұлттық-мəдени орталықтарын құрды. Олар тұңғыш Президентіміздің төңірегіне тығыз топтасып, өздері мекен еткен Қазақстанның экономикасын, мəдениетін өрге бастыруға бір кісідей жұмылды. Тəуелсіздік жолымен ілгері басқан еліміздің халықтары барлық істе үлкен ұйымшылдық көрсетті. Олар өздерінің көкейкесті өмірлік маңызы бар мəселелерін Ассамблея сессияларында еркін, кең талдау жағдайында шешуге қол жеткізді. Өзінің он жылдан онда қоғам өмірінің маңызды əлеуметтік-саяси мəселелерін талқылады. Бүгінде елімізде 500-ге тарта ұлттық-мəдени орталық бар. Олар көп ұлтты халқымыздың саяси сана-сезімін байыту, ұлттар мен ұлыстардың өзара бірлігін күшейту, ұлттық салт-дəстүрлерді дамыту жолында халықтар сеніміне ие болды. Бұл – жүйелі, жемісті саясат болғанын өмір өзі дəлелдеді.
101. Киелі Қазақстан бағдарламасы
Мемлекет басшысы «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласында Біртұтас ұлт болу үшін қоғамдық сананы жаңғырту, ол үшін халық санасына жалпыұлттық құндылықтарды тереңдету қажеттігін көрсеткен болатын.
Осы мақсатта елімізде «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы жасалды. Бұл жобаны жүзеге асыру мақсатында Ұлттық музей жанынан республикалық «Қасиетті Қазақстан» ғылыми зерттеу орталығы құрылды.
Бұл бағыттағы жұмыстар Сыр өңірінде де қарқынды жүзеге асырылуда.
Бүгінгі күні жобаны жүзеге асыру мақсатында облыс әкімдігінде «Рухани жаңғыру» жобалық офисі жұмыс жасауда, сондай-ақ облыс әкімінің бекітуімен «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасын жүзеге асыру жөніндегі облыстық жұмысшы тобы құрылды. Оның құрамында елімізге белгілі ғалымдар, өлкетанушылар, жергілікті атқарушы органдардың, оқу орындарының басшылары, мәдениет, руханият, білім, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері бар.
Бүгінгі таңда Қазақстанның қасиетті жерлерін анықтау жұмыстарын жүзеге асыру мақсатында Ұлттық музей жанынан құрылған «Қасиетті Қазақстан» ғылыми зерттеу орталығымен тығыз байланыс орнатылып, орталық тарапынан Қазақстандағы жалпыхалықтық маңызы бар 100 нысан тізіміне облыстан 12 нысан таңдалып алынды.
Олар «Ірі орта ғасырлық қалалық орталықтар және Қазақ хандығының астаналары» санатына жататын Жанкент, Сығанақ, Шірік-Рабат және Жент қалашығы.
«Діни және ғибадат орындары» санатына Оқшы ата, Қорасан ата, Төлегетай-Қылышты ата кешенді мазары, Бегім ана мұнарасы, Қорқыт ата мемориалды кешені, Бұқарбай батыр кесенесі мен Жанқожа батыр мазары және Қызылорда қаласындағы Христос Спаситель шіркеуі бар.
Ал, өңірлік маңызы бар киелі орындардың тізіміне облыстан нысандар ұсынылуда. Бүгінгі күні «Қасиетті Қазақстан» орталығы жанындағы сарапшылар кеңесі осы нысандарды қарау үстінде. Осыған орай өткен облыстық жұмысшы тобы отырысында жалпыхалықтық және өңірлік маңызы бар нысандар тізімі анықталды.
(Рухани жаңғыру мақала)Төртіншіден, жергілікті нысандар мен елді мекендерге бағытталған «Туған жер» бағ­дар­ламасынан бөлек, біз халықтың
санасына одан да маңыздырақ – жалпыұлттық қасиетті орындар ұғымын сіңіруіміз керек.
Ол үшін «Қазақстаның қасиетті рухани құндылықтары» немесе «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы керек.
Әрбір халықтың, әрбір өркениеттің баршаға ортақ қасиетті жерлері болады, оны сол халықтың әрбір азаматы біледі.
Бұл – рухани дәстүрдің басты негіздерінің бірі.
Біз – ұлан-ғайыр жері мен аса бай рухани тарихы бар елміз. Ұлы Даланың көз жеткізгісіз кең-байтақ аумағы тарихта түрлі рөл атқарған. Бірақ, осынау рухани географиялық белдеуді мекен еткен халықтың тонның ішкі бауындай байланысы ешқашан үзілмеген.
Біз тарихымызда осынау көркем, рухани, қастерлі жерлеріміздің біртұтас желісін бұрын-соңды жасаған емеспіз.Мәселе еліміздегі ескерткіштерді, ғимараттар мен көне қалаларды қалпына келтіруде тұрған жоқ. Идеяның түпкі төркіні Ұлытау төріндегі жәдігерлер кешенін, Қожа Ахмет Ясауи мав­золейін, Тараздың ежелгі ескерткіштерін, Бекет ата кесенесін, Алтайдағы көне қорымдар мен Жеті­судың киелі мекендерін және басқа да жерлер­ді өзара сабақтастыра отырып, ұлт жадында біртұтас кешен ретінде орнықтыруды меңзейді.
Мұның бәрі тұтаса келгенде халқымыздың ұлт­тық бірегейлігінің мызғымас негізін құрай­ды.
Біз жат идеологиялардың әсері туралы айтқанда, олардың артында басқа халықтардың белгілі бір құндылықтары мен мәдени символдары тұрғанын есте ұстауымыз керек.
Тиісінше, оларға өзіміздің ұлттық құн­ды­лықтарымыз арқылы ғана төтеп бере аламыз.
Қазақстанның қасиетті жерлерінің мәдени-географиялық белдеуі – неше ғасыр өтсе де бізді кез келген рухани жұтаңдықтан сақтап, аман алып шығатын символдық қалқанымыз әрі ұлттық мақтанышымыздың қайнар бұлағы.
Ол – ұлттық бірегейлік негіздерінің басты элементтерінің бірі. Сондықтан, мыңжылдық тарихымызда біз алғаш рет осындай ауқымды жобаны жасап, жүзеге асыруға тиіспіз.
Биыл Үкімет жұртшылықпен ақылдаса отырып, жобаны әзірлеуі керек. Онда үш мәселе қамтылғаны жөн. Нақтырақ айтқанда:
1. Аталған «Мәдени-географиялық бел­деу­дің» рөлі мен оған енетін орындар туралы әрбір қазақстандық білуі үшін оқу-ағарту дайындығын жүргізу қажет.
2. БАҚ осыдан туындайтын ұлттық ақпараттық жобалармен жүйелі түрде, мықтап айналысуы керек.
3. Ішкі және сыртқы мәдени туризм халқы­мыздың осы қастерлі мұраларына сүйенуге тиіс. Мәдени маңыздылығы тұрғысынан біздің Түр­­кістан немесе Алтай – ұлттық немесе құр­лықтық қана емес, жаһандық ауқымдағы құн­дылықтар.
102. «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңы.
1991 жылы 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының қабылдануы Қазақстан Тәуелсіздігінің маңызды кезеңі болды. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының қабылдануы Қазақстан халқының тағдырын анықтаушы құжат болды. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Заңның қабылданғанынан бастап елдің тәуелсіз даму жолы басталды. Оның мазмұнында ұлттардың өзін-өзі басқару құқығы, жеке тұлғалардың құқығы мен бостандығына басымдық беру, саяси тұрақтылық, билікті бөлісу, ұлтаралық келісім т.б. іргелі демократиялық қағидалар көрініс тапты. Шынайы егемендікті жариялау елді сыртқы әлемнің мойындауына мүмкіндік берді. Мемлекеттік егемендік туралы декларация мен «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституцилық заң мемлекет Конституциясының негізі болды. Олар саяси және әлеуметтік-экономикалық салада тиісті реформалар жүргізу үшін құқықтық база болды. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңы дәуір құжаты болып табылады. Аталған заң 1991 жылдың 16 желтоқсанында Алматы қаласында қабылданды. «Қазақстан Республикасы — тәуелсіз мемлекет» деп аталатын оның бірінші тарауында былай жазылған: «1-бап. Қазақстан Республикасы — тәуелсіз, демократиялық және құқылық мемлекет. Ол өз территориясында өкімет билігін толық иеленеді, өзінің ішкі және сыртқы саясатын дербес белгілеп, жүргізеді. 2-бап. Қазақстан
Республикасы барлық мемлекеттермен өзара қатынасын халықаралық құқық принциптері бойынша құрады. 3-бап. Өзінің мемлекеттік тәуелсіздігін басқа мемлекеттер тануы үшін Қазақстан Республикасы ашық. 4-бап. Қазақстан Республикасының бүкіл территориясында Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдары, сондай-ақ ол таныған халықаралық құқық нормалары қолданылады. 5-бап. Қазақстан Республикасының территориясы қазіргі шекараларында біртұтас, бөлінбейтін және қол сұғуға болмайтын территория болып табылады». «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңы 7 тараудан тұрады. Міне, осылай 1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi Қазақстан халқының еркiн бiлдiре отырып, Адам құқыларының жалпыға бiрдей Декларациясында, халықаралық құқтың жалпы жұрт таныған өзге де нормаларында баянды етілген жеке адамның құқылары мен бостандықтарының үстемдігін мойындай отырып, қазақ ұлтының өзiн-өзi билеу құқын растай отырып, азаматтық қоғам және құқылық мемлекет құруға бел байлағандығын басшылыққа ала отырып, бейбітшiлiк сүйгiш сыртқы саясат жүргiзе отырып, ядролық қаруды таратпау принципi мен қарусыздану процесіне адалдығын мәлiмдей отырып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсiздiгiн салтанатты түрде жариялады.
103.. «Қазақстан-2030» стратегиялық даму бағдарламасы.
Қазақстан-2030 Стратегиясы– ел дамуының 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған стратегиялық бағдарламасы. 1997 жылы 1 қазанда қабылданған. Президент Н.Ə.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған арнауында баяндалған. Стратегияда көзделген мақсат – ұлттық бірлікке, əлеуметтік əділеттілікке, бүкіл жұртшылықтың экономикалық əл-ауқатын жақсартуға қол жеткізу үшін тəуелсіз, гүлденген жəне саяси тұрақты Қазақстан мемлекетін орнату. Осы мақсатқа орай мынандай ұзақ мерзімді негізгі бағыттар бөліп көрсетілді:
* Ұлттық қауіпсіздік: аумақтық тұтастықты толық сақтай отырып, еліміздің тəуелсіз мемлекет ретінде дамуы.
Мемлекеттің тұрақты түрде дамуын қамтамасыз ететін барлық қажеттіліктер шеңберіндегі бастапқы шарт – ұлттық қауіпсіздік жəне мемлекеттіліктің сақталуы. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі көрсеткіші ретінде демократиялы, индустриясы дамыған басты мемлекеттермен байланыстарды күшейту, халықаралық институттар мен форумдардың көмегі мен жəрдемін пайдалану қажеттігі атап көрсетілді. Мұның өзі халықаралық қоғамдастық
тарапынан Қазақстанға қолдау жасаудың жақсы жолға қойылуын, бай табиғи қорлардың тиімді пайдаланылуынқамтамасыз етеді, Қазақстан азаматтарының өз еліне деген сүйіспеншілік сезімін арттырады. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмысындағы сөзсіз басым бағыт сыртқы саяси қызметке, Қазақстанның өз көршілерімен жəне дүние жүзінің жетекші елдерімен өзара тиімді қатынастар қалыптастыруға саяды.
• Ішкі саясаттың орнықтылығы жəне қоғамның шоғырлануы: бірлік – қоғам мен мемлекеттің одан əрі дамуының кепілі. Бұл салада барша азаматтар үшін тең мүмкіндіктің жəне барлық этникалық топтар үшін тең құқықтың болуына кепілдік беру, ауқаттылар мен кедейлер арасындағы айырманы азайту, əлеум. мəселелерді шешу, саяси орнықтылық пен қоғамның шоғырлануын ұзақ мерзімге қамтамасыз ететін дəулетті Қазақстан мемлекетін орнату міндеті қойылды.
• Шетелдік инвестициялар мен ішкі жинақ қаражаттың деңгейі жоғары болатын ашық нарықтық экономика негізінде экономикалық өрлеу. Негізгі қағидалары: мемлекеттің белсенді рөлін сақтай отырып, оның экономикаға араласуын шектеу, макроэкономиканы орнықтыру, экономикалық өрлеуді қамтамасыз ету, экономиканың нақты секторын сауықтыру, күшті əлеум. саясат жүргізу, қатаң қазыналық жəне монетарлық шектеулер жағдайында бағаны ырықтандыру, ашық экономика мен еркін сауда қатынасын орнату, энергетикалық жəне табиғи қорды өндіруді одан əрі жалғастыру, шетелдік инвестицияларды қорғау.
• Қазақстандықтардың денсаулығы, білім алуы жəне игілігі: азаматтардың тұрмыс жағдайы мен деңгейін көтеру, экологиялық ортаны жақсарту. Сырқаттардың алдын алу жəне салауатты тұрмыс салтына ынталандыру, азаматтарды салауатты тұрмыс салтын ұстауға, дұрыс тамақтану, гигиена мен тазалық ережелерін сақтауға баулу, нашақорлық пен наша бизнесіне қарсы күресу, маскүнемдік пен темекі шегуді қысқарту, ана мен баланың денсаулығын сақтау, қоршаған орта мен экологияны таза ұстау мəселелерін қамтиды.
• Энергетикалық қорлар: тұрақты экономикалық өрлеу үшін мұнай мен газ өндірудің жəне оларды шетке шығарудың көлемін жедел ұлғайту жолымен энергетикалаық қорды тиімді пайдалану. Бұл стратегия: таңдаулы халықаралық технологияларды, коммерциялық құпия жəне қомақты капиталды тарту, қордың тез де ұтымды пайдаланылуы үшін басты халықаралық мұнай компанияларымен ұзақ мерзімді серіктестік орнату, мұнай мен газ экспорты үшін құбырлар желісінің жүйесін жасау, отын қорын
пайдалану қызметінде дүниежүзілік қоғамдастықтағыірі елдердің Қазақстанға жəне оның əлемдік отын берушілік рөліне ынтасын ояту бағытын ұстау, ішкі энергетикалық инфрақұрылымды жасау, өзін-өзі қамтамасыз ету жəне бəсекеде тəуелсіз болу мəселелерін шешу мəселелерін қамтиды.
• Инфрақұрылым (көлік жəне байланыс): ұлттық қауіпсіздікті, саяси тұрақтылықты нығайту, экономикалықөрлеуді күшейту. Отандық көлік-коммуникациялық кешеннің əлемдік рыноктағы бесекелестік қабілетін қамтамасыз ету жəне Қазақстан арқылы өтетін сауда ағынын ұлғайту міндеті қойылған.
• Кəсіпқой мемлекет: іске шын берілген жəне елдің негізгі мақсаттарына қол жеткізуде халық өкілдері болуға лайық мемлекеттік қызметкерлердің осы заманғы қабілетті құрамын жасақтау. Бұл саладағы міндет осы заманға сай тиімді мемлекеттік қызмет пен нарықтық экономикаға оңтайлы басқару құрылымын құру, басты мақсаттарды іске асыруға қабілетті Үкіметті жасақтау, ұлттық мүдделердің сақшысы болатын мемлекет орнату.
104. ҚР Президентінің «Қазақстандық жол-2050»: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауы. Қазақстанныңдамығанәлемдік 30 елдіңқатарынаенуітуралыконцепциясыныңбасымбағыттары.
2012 жылдың 14 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ə. Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауын Қазақстан халқына арнады. Өзінің Жолдауында Елбасы өткен 15 жыл бойынша республика дамуының негізгі нəтижелерін талдады, қазіргі заманның басты үрдістері мен түйіндерін белгілеп, «Қазақстан – 2030» Стратегиясындағы көптеген тапсырмалар сəтті орындалды, енді елдің алдында жаңа тапсырма орын алып тұр – ол «Қазақстан – 2050» Стратегиясының іске асу негізіндегі дүниежүзінің дамыған 30 мемлекет қатарына кіру» [1]. Бұрынғы совет кеңістігіндегі стратегиялық жоспардың бірінші тəжірибесі мен қазақстандық қоғамның өміріндегімежелік оқиғасы ретінде «Қазақстан – 2030» Стратегиясы болды, ол бүгінгі таңда заманауи даму үлгілерін Қазақстан жолының өзгешелігінің терең түсінігімен байланыстырған интеллектуалдық өнімнің үлгісі болды [2].«Қазақстан – 2050» Жаңа Стратегиясы – ол бір жағынан «Қазақстан – 2030» Стратегиясы шеңберінде өткізілген реформалар курстарының жалғасуы болып табылса, екінші жағынан – бəсекелестіктің жаңа межелеріне арналған Қазақстан дамуының басты бағыттары анықталған дербес құжат болып табылады. Бұл құжатта ҚР Президенті Н.Ə. Назарбаев Қазақстанды
экономикалық, саясаттық жəне əлеуметтік дамудың жаңа деңгейіне əкелетін жеті стратегиялық басымдылықты анықтады.
1. Жаңа бағыттың экономикалық саясаты –пайда алу, инвестициялар мен бəсекеге қабілеттіліктен қайтарым алу принципіне негізделген түгел қамтитын экономикалық прагматизм.
2. Кəсіпкерлікті жан-жақты қолдау – ұлттық экономиканыңжетекшікүші.
Осы стратегиялық бағытты шешу аясында Н.Ə. Назарбаев елімізде бизнесті дамытудың аса мол мүмкіндіктері бар екенін атап өтті. Осыған орай, кəсіпкерлікті қолдаудың тетіктері жетілдірілді, бизнестің өсуіне кедергі жасайтын қателіктер жойылды. Сол себептен отандық кəсіпкерлік жаңа экономикалық бағыттың қозғайтын күші болу керек, ал экономикадағы кіші жəне ірі бизнестің үлесі 2030 жылға дейін кем дегенде екі есеге өсуі керек. Н.А. Назарбаевтың ойы бойынша тапсырма кешенін шешкен жағдайда орындалуы мүмкін болады.
3. Əлеуметтік саясаттың жаңа қағидаттары – əлеуметтік кепілдемелер мен жеке жауапкершілік.
4. Білім жəне кəсіби біліктілік – қазіргі білім жүйесінің, кадрлерді даярлау мен қайта даярлаудың кілтті бағыттары.
5. Мемлекеттіліктің одан əрі дамуы жəне қазақстандық демократияның дамуы.
6. Дəйекті жəне жорамалды сыртқы саясат – ұлттық мүдделерді өрлету жəне аймақтық пен жаһандық қауіпсіздікті нығайту.
7. Жаңа қазақстандық патриотизм – біздің көп ұлтты жəне көп конфессиялық қоғамның жетістік негізі.
Дамудың Жаңа Стратегиясы еліміздің озық партиясы «Нұр Отанның» жаңа саяси бағытын жүзеге асырудағы маңыздытетіктердің біріне айналды. Партияны төрағалық ететін Көшбасшы, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə. Назарбаев «Нұр Отан – Нұрлы болашақ жолында» жаңа саяси доктринасын əзірледі – бұл негізгі қағидаттары, құндылықтары жəне ұзақ мерзімді болашаққа арналған қызметтің негізгі басымдылықтары нақты көрсетілген құжат болып табылады [3]. Құжат 2013 жылы 18 қазан күні Астана қаласында «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс XV құрылтайында баяндалды.
2014 жылдың 17 қаңтарында ҚР Президенті Н.Ə. Назарбаев «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Қазақстан Халқына арналған Жолдауымен сөз сөйледі. Ол «Қазақстан – 2050» ауқымды Стратегиясының нəтижелерін концептуалды талдауға арналған еді. Елбасы мемлекетіміздегі негізгі салаларды үдемелі дамыту қағидаттарын тұжырымдады. Жолдауда Президент жүзеге асып жатқан реформалар мен əлеуметтік-саяси жобалар арқасында еліміздің саяси беделі нығайып жатқанын атап өтті [4]. «Қазақстан – 2050» Стратегиясын жүзеге асырудағы көрсетілген барлық тапсырмаларды Елбасы рухани саланың жандандыру қажеттілігімен нығайтады. 22 жыл бойғы егеменді дамудағы Қазақстандық жол тəжірибесі негізінде барлық қазақстандықтарды біріктіретін жəне ел болашағаның негізін қалайтын басты құндылықтар құрылды.
Ең алдымен, Мемлекет басшысы еліміздің даму мақсатын анықтауда ұлттық бірдейлік негізін «Мəңгілік Ел» атты кең мағыналы түсінік түрінде (беделді, ұлы Қазақстан жəне оның халқы) енгізеді. Еліміздің Бірінші Президенті Н.Ə. Назарбаевтың пікірі бойынша Мəңгілік Елдің басты мемлекетті қалыптастыратын құндылықтар ретінде Қазақстанның тəуелсіздігі мен Астана, ұлттық бірлік, қоғамымыздағы бейбітшілік пен келісім, зайырлы қоғам мен биік руханият, индустрияландыру мен инновация негізіндегі экономикалық өсім, Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы, тарих, мəдениет жəне тіл тұтастығы, дүниежүзілік жəне аймақтық мəселелерді шешуде еліміздің жаһандық қатысуы мен ұлттық қауіпсіздігі болып табылады [5]. Осы құндылықтардың арқасында жаңа Қазақстанның халқы ылғи да жеңіп, ұлы жетістіктерді көбейте отырып,елін нығайта түсті. Бұл құндылықтар Қазақстанның халқын біріктірген жəне жаңа жетістіктерге ынталандыратын Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің идеялық негізінен құралады.
105.«Қазақстанның әлемнің бәсекеге қабылетті 50 елінің қатарына кіру стратегиясы. Қазақстан даму қарқыны жағынан жаңа белестер табалдырығында» ЖОЛДАУЫ
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Парламент палаталарының бірлескен отырысында сөйлеген сөзі, 2006 жылғы 18 қаңтар
Бұл стратегияның негізіне ұлттық тауарлар мен қызметтердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру есебінен Қазақстанның халықаралық рыноктарға шығуы үшін өңірлік және жаһандық экономиканың артықшылықтарын пайдалану алынған. Ұсынылып отырған бағыт Қазақстанды 2030 жылға дейін дамыту қағидаттарына негізделеді, оларды бүгінгі күннің нақтылығын ескере отырып тереңдетеді. Жаңа Үкімет үшін басымдықтар мен міндеттер мынадай.
І басымдық: Қазақстан экономикасын жаңарту және оған серпінді сипат беру, олар өзара байланысты міндеттер кешенін шешуді көздейді
Бірінші. Фискалдық саясат.
Салық және тариф саясатын реформалау сыбайлас жемқорлыққа тосқауыл қоюға және кәсіпкерлікті, бизнес пен халықаралық сауданы дамытуды ынталандыруға мүмкіндік береді.
Біз салықтардың жиналуын ұлғайтуға, салық салу құрылымын жеңілдетуге және салықтар санын шектеуге тиіспіз. Бизнес мүддесі тұрғысынан жеке тұлғалар үшін табыс салығының белгіленген ставкасын енгізу және Салық кодексін жеңілдету мүмкіндігін зерттеу керек.
Екінші. Несие-ақша саясаты.
Үшінші. Экономиканың отын-энергетика және өндіруші секторлары тиімділігінің жаңа деңгейін ұйымдастыру.
Төртінші. Экономиканың өсуін қамтамасыз етудің жаңа бағыттарын қалыптастыру.
Бесінші. Кәсіпкерлікке кең ауқымды мемлекетті қолдау.
Алтыншы. Әлеуметтік даму мен кәсіпкерліктің өңірлік корпорациялары.
Жетінші. Нарықтық қағидаттар негізінде экономикалық өзара ықпалдастықты дамыту.
Сегізінші. Рентабельді емес кәсіпорындарды нәрлендіру және Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар құру.
Тоғызыншы. Аумақтық даму.
ІІ басымдық: Қазақстанның жедел экономикалық дамуы үшін серпінді секірістерді қамтамасыз ету
Бірінші. Халықаралық маңыздағы серпінді секіріс жобалары.
Екінші. Түсімдердің баламалы көздерін дамыту.
Үшінші. Жаһандық экономиканың толыққанды субъектісі ретінде елдің бәсекеге қабілеттілігін дамыту.
Төртінші. Қазақстан жаңа технологияларды дамытатын компаниялардың құрылтайшысы және акционері болып, жаңа технологияларды олардың талдап жасалу кезеңінде игеруі тиіс.
Бесінші. Экспорттық-импорттық сектордың артықшылықтарына қолдау білдіру.
Алтыншы. "Инкубациялық жобаларды" іске асыру.
Жетінші. Энергетикалық емес және өндіруші емес секторларда жаңа рыноктарды дамыту.
Сегізінші. Қорғаныштық сауда маркасы және зияткерлік меншік құқығы бар тауарлар өндіру үшін қолайлы жағдайлар туғызу.
Тоғызыншы. Индустрияның басым секторларының тиімділігін арттыру үшін Мемлекеттік холдинг компаниясын құру.
Оныншы. Алматыны қаржы және іскерлік белсенділіктің ірі өңірлік орталығы ретінде дамыту.
Он бірінші. Көлік инфрақұрылымын және қызметін дамыту.
Он екінші. Экономикалық өсудің нақты тетігі ретіндегі БСҰ-ға кіру.
Он үшінші. Халықаралық экономикалық одақтар мен қауымдастықтарға қатысу арқылы жаһандық экономикаға кірігу..
ІІІ басымдық: Әлсіздерді қорғайтын және экономика мен елдің дамуын қолдайтын осы заманғы әлеуметтік саясат
Бірінші. Тұрғын халықтың анағұрлым "осал" топтарын атаулы әлеуметтік қолдауды дамыту.
Екінші. Әлеуметтік көмек жүйесін нарық жағдайларына сәйкес келтіру.
Үшінші. Әлеуметтік саладағы жаңа қызмет түрлеріне сұраныс қалыптастыру.
Төртінші. Осы заманғы білім беру және білікті кадрларды дайындау жүйесін дамыту.
Бесінші. Кадрларды қайта даярлау.
Алтыншы. Тұрғын үй құрылысы мен жылжымайтын мүлік рыногын дамыту мәселелері.
Жетінші. Денсаулық сақтау саласындағы қызметті ұйымдастыруда осы заманғы қағидаттар мен үлгі-қалыптарға көшу.
Сегізінші. Қоршаған ортаны қорғау.
Тоғызыншы. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін басқарудың халықаралық үлгі-қалыптарын енгізу.
ІV басымдық: Демократия және қоғамды саяси тұрғыдан жаңғырту мәселелері
V басымдық: Ұлттық қауіпсіздіктің бүгінгі қатерлер мен жаһандық ауқымдағы сынақтарға сай стратегиясы
VІ басымдық: Әлемдік дамудың серпінділігін ескеретін сыртқы саяси міндеттер
2007 жылы Қазақстан бәсекеге қабілетілік рейтингісінде 61-ші орында болды. Алайда, жаһандық дағдарыстың салдарына байланысты 2008 жылғы рейтингте 66-шы, ал 2009 жылы 67-ші орынға дейін төмендеп кетті. 2010–2011 жылдары Қазақстан БЭФ-тің баяндамаларында 72-ші орын алды. 2012 жылдың 5 қыркүйегінде Бүкіләлемдік экономикалық форумның (БЭФ) Әлем елдерінің жаһандық бәсекеге қабілеттілігі туралы (The Global Competitiveness Index 2012–2013) есебі жарияланған болатын. Жаңартылған рейтингке сәйкес, Қазақстан өзінің позициясын 21 пунктке жақсартып, 72-ші орыннан 51-ші орынға көтерілді. Қазақстанның мұндай жоғары көрсеткіші — Стратегиялық жобаларды жүзеге асырудың нәтижесі екені күмәнсіз. Қазақстан позицияларының жақсаруы іс жүзінде бәсекеге қабі¬леттіліктің барлық факторларында байқалды. 2012 жылы Қазақстан 2-ші өтпелі кезең экономикасынан (тиімді даму кезеңі) дамудың 3-ші кезеңіне (инновациялық даму кезеңіне) өтуші ел ретінде аталған рейтингке алғаш рет қатысты. Бұған дейін Қазақстан экономикасы 1-ші кезеңнен (факторлы даму кезеңі) 2-ші кезеңге өтуші елдер тобына жатқызылған болатын[10]. Дағдарысқа қарсы шаралардың кешенді жүйесінің әзірленіп, оны дәйектілікпен іске асыру, ішкі және сыртқы конъюнктура жіті қадағаланып, табанды шаралар жүзеге асырылғандықтан жаһандық азық-түлік дағдарысы ұлттық апатқа айналған жоқ. Қазақстанның беріктігін сынаққа салған «дағдарыс сырттан келген еді және оның көздері елдің ішінде емес, әлемдік экономиканың сәйкессіздігінде болды»[11].
106. «Қазақстанның қазіргі заман тарихы пәні» мен міндеттері
Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы курсы – 1 дүние жүзілік соғыс кезеңінен бастап Қазақстанның калыптасуын, дамуын, осы кезеңдегі Қазақстанның Отандык тарихтағы орнын және тарихи окиғаларды объективті түрде накты деректер негізінде карастырады. Курс теориялык біліммен қатар практикалық дағдылар беруге де міндет етіп, студенттердің тіл деректерін накты танып, сөйлеу, жазу мәдениетін жетілдіруді мақсат ете отырып, оларды ғылыми зерттеу жұмыстарына бейімдеуіне де назар аударады.
Курстың мақсаты: Қазақстан Республикасының мемлекеттік бітімі қалыптасуының, оның егемендігін нығайтудың, азаматтык пен отаншылдыкты тәрбиелеу. Мамандыққа катысты курстың міндеттері:
Согыстан кейінгі Қазакстанның әлеуметтік - экономикалық дамуын көрсету.
-19 60-70 жж. Казакстанның даму деңгейін сипаттау.
-1970-80 жж. токырау жылдарындағы саяси экономикалық дамудын ерекшеліктерін айкындау.
-Осы кездегі мемлекет басшыларының саяси портретін көрсету.
-1980 жж. ортасындағы кайта кұру бағытына талдау жасау.
Тәуелсіз Казакстанның саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуын көрсету.
«Қазакстан - 2030» стратегиялык бағдарламасын оқып үйрену.
Қазақстан тарихының негізгі мәселелері бойынша тарихнама және дерекнама мәселелеріне шолу.
-КР - ның мемлекеттік реміздерін. тарихи фактлермен тарихи кұбылыстардың өзара байланысын ашып,тарихиокиғаларды салыстыру аркылы тарихи түсініктердің мәнін Ашу және оған талдау жасау;
-әртурлі деректерден накты акпаратттарды ала білу;
-аныктамалык және ғылыми әдебиеттермен, тарихи кұжаттармен және монографиялармен жұмыс icтey;
-алған теориялык 6ілімдерін ic жүзінде жүзеге асыра алу;
107. «Каз.КСРнің мемлекеттік егемендігі» жөніндегі Деклорацияның қабылдануы. Мемлекеттік егемендік туралы декларация - 1990 ж. 25 қазанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің қаулысы бойынша қабылданған тарихи құжат. Декларацияда Қазақ КСР-інің мемлекеттік егемендігі жарияланып, елдің саяси-құқықтық тəуелсіздігінің бағдарламасы баяндалды. Ел аумағының тұтастығы, оған қол сұғылмайтындығы, қазақ халқының жəне Қазақстандағы басқа да этнос өкілдерінің төл мəдениетін, дəстүрін, тілін қайта түлету мен дамыту, ұлттық қадірқасиетті нығайту мемлекеттің аса маңызды міндеттерінің бірі ретінде айтылды. Конституциялық құрылысқа қарсы жасалатын кез келген күштеу əрекеттері, оның аумағының тұтастығын бұзуға
шақыратын, ұлт араздығын қоздыратын жария-ұрандардың заң бойынша жазаланатыны ескертілді. Республиканың саяси, экономикалық, əлеуметтік, ұлттықмəдени құрылысына, оның əкімшілік-аумақтық құрылысына байланысты мəселелер ешкімнің араласуынсыз дербес шешілетіні жарияланды. Президент - Республиканың басшысы, ең жоғарғы əкімшілік-атқарушылық биліктің иесі ретінде танылды. Жер, оның қойнауы, су, əуе кеңістігі, өсімдіктер мен хайуанаттар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар, халықтың мəдени жəне тарихи қазыналары, бүкіл экономикалық, ғылыми-техникалық əлеует Республика егемендігінің негізін құрай отырып, оның ерекше меншігінде болатыны көрсетілді. Деклараңияда: "Қазақ КСР-і Республика үлесіне сəйкес жалпыодақтық мүліктегі, оның ішінде алмас, валюта қорлары мен алтын қорындағы өз үлесіне құқылы, республика аумағында ядролық қарудың сыналуына, жаппай қырып-жоятын қарудың өзге түрлері (хим., бактериолог., биолог., т.б.) үшін сынақ полигондарын салуға жəне олардың жұмыс істеуіне тыйым салынады" деп жазылды. "Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі мен Президентке бағынатын, солардың бақылауында болатын өз ішкі əскерлерін, мемлекеттік қауіпсіздік жəне ішкі істер органдарын ұстауға Қазақ КСР-нің құқы бар" делінді. Декларациядағы бағдарлама негізінде 1991 ж. 16 желтоқсанда "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Тəуелсіздігі туралы" Конституциялық Заң қабылданды.
108. «Мəдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасы. Бағдарламаның мақсаты: 1.Мəдени – əдеби мұраларды сақтау 2.Сирек кездесетін жəне құнды əдебиеттерді насихаттау; 3.Заманауи ұлттық мəдениет, фольклор жəне салт-дəстүрлерін дамыту; 4.Тарихи-мəдени жəне сəулет ескерткіштері туралы əдебиеттерді насихаттау; 5.Қазақ халқының ежелгі заманнан қазіргі кезге дейінгі философиялық мұрасын оқып-үйрену;6.жастарды мəдени құндылықтарды білуге жəне оны дамытуға баулу; «Мəдени мұра» Н.Назарбаевтың бастауымен 2003 жылы Қазақстан халқына Жолдауында бұйырылды. Бағдарламаны жүзеге асыру 2004 жылы басталған болатын жəне екі жылға есептелген. Кейін тағы екі кезең құрылды: 2007 жылдан 2009 жылға дейін жəне 2009 жылдан 2011 жылға дейін. «Мəдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасы білім беру істерінің даму саласындағы негізгі құжат, стратигиялық ұлттық жоба болып кетті. Мұншалықты үлкен жобаны іске асыруды ТМД елдерінің ішінде алғаш бастаған Қазақстан. «Мəдени мұраның» мақсаты – елдің тарихи-мəдени мұрасын зерттеу, қалпына келтіру жəне сақтау, тарихи-мəдени дəстүрлерді қайтару, шет елде Қазақстанның мəдени мұрасын үгіттеу. Бағдарлама төрт бағыт бойынша жұмыс істейді:
1.ұлттық мəдениетке ерекше маңызы бар тарихи-мəдени жəне сəулет ескерткіштерін қалпына келтіру. 2.археологиялық зерттеулер. 3.қазақ халқының мəдени мұрасы саласындағы ғылыми жұмыстар;4. ұлттық əдебиет пен жазулар тəжірибесін ортақтастыру. Зерттеу жұмыстары 2004 жылдан бастап тарих пен мəдениеттің 78 ескерткішінде реставрациялық жұмыстар бітірілген, олардың 28-і (35%) – 2008-2011 жылдары реставрацияланған. Біздің түп-тұқияндарымыз туралы көптеген мəлімет беретін ғылымды мыңдаған артефактылармен байытқан 26 ғылыми-қолданбалы, 40 археологиялық зерттеу жүргізілген. Шығыс Қазақстан облысындағы Шілікті мен Берел қорғандарындағы қазбалар, «скиф-сібір аң стиліне» немесе өнерге жататын табылған алтын бұйымдар əлемге əйгілі атақ алды (б.з.д. V-III ғғ.). Тəуелсіз Қазақстан тарихында алғаш рет еліміздегі ескерткіштердің масштабты инвентаризациясы өткізілді жəне республикалық (218 объектов) жəне жергілікті (11 277 объектов) маңызы бар тарих пен мəдениет ескерткіштерінің Тізімі қабылданды. Қытай, Түркия, Моңғолия, Ресей, Жапония, Мысыр, Өзбекстан, Армения, сонымен қатар АҚШ пен Батыс Еуропаға ғылыми-зерттеу экспедициялар нəтижесінде 5 мыңнан астам құнды тарихқа, этнографияға, Қазақстан өнеріне байланысты архивті құжаттар, қолжазбалар мен баспа шығарылымдары алынды. Орта ғасырлардағы əуендерді терең зерттеулер жүргізілді, оның ішінде күйлер, тарихи өлеңдер.Қазақтың дəстүрлі əндерінің «Мəңгілік сарын: қазақтың 1000 күй, 1000 əні» антологиясы шығарылды. Бұл масштабы мен қайталанбастығы бойынша ұлттық мəдениетт тарихындағы қазақ халық əндерінің түпнұсқалық орындауларын жинау,
даярлау, өңдеу, реставрациялау, цифрлундіру мен CD-дискілерді шығару бойынша орасан зор еңбек. Сəтті аяқталған шетелдік жобалар – Дамаскідегі Сұлтан Аз-Захир Бейбарс кесенесінің, Каирдегі Сұлтан Бейбарс мешітінің, реставрациясы, Дамаскідегі əл-Фараби тарихи-мəдени орталық жəне кесенесін салу. “Қазақтың байырғы мəдениетіне қатысты сирек кездесетін деректерге талдау”, “Ғ. Мүсірепов жəне архив” атты еңбектер дайындалып, баспадан шығарылды. Профессор Ж.М. Төлеубаева Өзбекстан Республикасы Ғылым Академиясы Шығыстану институтының қолжазба қоры бөлімінде болып, Қазақстан мен Орталық Азияның саяси тарихы мен мəдениетінен мол мəлімет беретін түркі, араб, парсы жəне қытай тілдеріндегі қолжазбаларды анықтап, аудармасына жан-жақты талдау жасады. Ұлттық орталықта «Қазақстанның тарихи мұрағаты» - «Исторический архив Казахстана» альманахы сериясын шығару қолға алынды. Алманах «Дайк-Пресс» баспасына берілді. Оның ІІ жəне ІІІ шығарылымын жоспарлап, онда Қазақстан Республикасының Орталық Мемлекеттік мұрағатынан, Өзбекстан
Республикасының Орталық Мемлекеттік мұрағатынан, Омбы, Орынбор облыстарының мемлекеттік мұрағаттарынан, сондай-ақ Ресей мұрағаттарынан Қазақстан тарихына қатысты алынған құжаттар енгізілді. Осыған сəйкес альманахқа біраз өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. «Мəдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында жауапты редактормен бірінші шығарылымды төңкеріске дейінгі Жетісу облысындағы археология туралы материалдармен толықтыру шешілді. «Казахфильм» АҚ киностудиясы ұлттық мəдениеттің маңызды тарихи орындары мен мұралары туралы 20 деректі фильм түсірген. Бұл «Мəдени мұра» «Қорқыт. Күй тарихы», «Номадтардың музыкалық мұрасы», «Ежелгі Түркістан сəулет ескерткіштері», «Жүсіп Ата кесенесі», «Тамғалы петроглифтері» жəне басқалар циклындағы деректі фильмдер.«Мəдени мұра» бағдарламасында саяхаттық кластерді дамытатын бағыттағы шаралар іске асырылады. Туристік маршруттарды құрғанда археологтардың кеңестері қолданылады.Жыл сайын елімізде жəне шет елдерде тарихи-мəдени мұрамызды дəріптеу бағытында шамамен 200 шара ұйымдастырылады. Бағдарламаны жүзеге асыру жылдарында тарихқа, археологияға, этнографияға, жаңа энциклопедиялық сөздіктерге байланысты 537 кітап бір жарым миллионнан астам тиражбен шығарылды. Олардың арасында: «Бабалар сөзі», құрамына Еуропа, Америка, Австралия, Африка, Азия мемлекеттерінің əдеби шығармашылығы кіретін «Əлемдік əдебиет кітапханасы», «Қазақ əдебиетінің тарихы», «Қазақ халқының ежелгі заманнан қазіргі кезге дейінгі филосовиялық мұрасы», «Əлемдік мəдениеттанушылық ойлар», «Экономикалық классика», «Əлемдік философиялық мұра» сериялары кездеседі.
109.«Мәңгілік ел» тәуелсіз қазақстанның ұлттық идеясы
«Мәңгілік ел» идеясының тарихи негіздері 2014 жылдың 17 қаңтарында Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың кезекті халыққа жолдауын: «Бір жыл бұрын мен еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын жария еттім. Басты мақсат — Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол — «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті«,- деп бастады. Бұл орайда елең еткізген жаңалық — тұңғыш мемлекеттік ресми идеология, яғни «Мәңгілік Ел» идеясының жариялануы. Бұл — Қазақстан Республикасының ұлттық идеясынан келген түйін-тұжырым. Мәңгілік Ел отандастардың бірегей тарихи мақсаты мен қаһармандық ұраны десек қателеспейміз. Аталған идея қазақ елінің ғасырлар бойы армандаған мақсаты ғана емес, Тәуелсіздік жолындағы жанқиярлық еңбегі мен тынымсыз шығармашылығының нәтижелері арқылы қол жеткен асу. «Мәңгілік ел»
ұғымын тереңнен түсіндіру, тарихи негіздерін көрсету мәселелері маңызды болып табылады. «Мәңгілік Ел» идеясы мемлекет құраушы халықтың сан ғасырлық құндылығын ұлықтауын, көпұлтты, көпдінді ахуалымызды, бірде-бір этносқа қандай ғана болмасын басымдық берілмейтінін меңзейді. Сөйтіп, жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанның бағыт-бағдарын, межесі мен мәресін айқындайтын іргетасқа төл тарихымыздың қойнауында қалыптасып, ұрпақтан ұрпаққа аманатталған, бәсеке мен сынақтардан шыңдалумен бүгінге жеткен бабалар арманы қаланды. Енді не істеу керек? Біріншіден, Президент дәйектеген ұлттық идея болашаққа ұлы серпіліс болғандықтан оған конституциялық мәртебе беру – уақыт талабы. Ата Заңымыздың преамбуласына, тіпті тарау-тарауына енгізумен идеяның жасампаз құдіреті ашылады. Экономикалық, идеологиялық, саяси пікіралуандығының өзекті ұйытқысы орнығады. Екіншіден, «Мәңгілік Ел» идеясын зерттеуде, насихаттауда, оқу үдерісіне енгізуде самарқаулыққа жол бермеу керек. Бұл істен барша зиялы қауым, саяси партиялар, қоғамдық бірлестіктер, үкіметтік емес ұйымдар, БАҚ тыс қалмауына Парламент пен Үкімет, Президент әкімшілігі назар аударғаны, реті келсе жағдай жасағаны абзал. Үшіншіден, заманауи ұлттық идеямызды балабақшада тәрбиеленіп жатқан бүлдіршіндерден бастап оқушыларға, студенттерге, жастарға жеткізу үшін бар күшті салған артықтық етпейді. Осылардың санасына, өмір салтына сіңген құндылық пен сенім «Мәңгілік Ел» орнатудың қозғаушы күші болары күмәнсіз. Төртіншіден, «Мәңгілік Ел» идеясын ғылыми тануды қазақстандық кәсіпкерлер, бизнесмендер, бай-бағландар қолдауының маңызы зор. Олар ғалымдармен ынтымақтасуы арқылы мәселені тереңінен зерделеген еңбектердің дүниеге келуіне септессе, нұр үстіне нұр. Қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар бюджетке алақан жая бермей, бір мезгіл өзі де қаражат тапқанының айыбы жоқ. Бесіншіден, болашағы жарқын ұлттық идеямызды Қазақстандағы барлық этностар мен аймақтарға жеткізу атқарылар іс-шараның бір парасы ғана. Ол әлемдік ақпараттық, ғылыми кеңістіктерден ойып тұрып өз орнын алуы керек.
110. «Туған жер» бағдарламасының жүзеге асырылуы
Ұлттық патриотизмге негізделген Таяу жылдардағы міндеттер бөліміндегі «Туған жер» бағдарламасы – уақыт талабынан туындаған идеология жинағы.
Ауқымды үш мәселені қамтыған жоба жалпыұлттық сипатта жаңғырудың тиісті тетіктерін анықтап берді. Осылайша, ой-санада жаппай жаңғыру үдерісі басталды. Тағылымды туған жерге тағзым етіп түлету – перзенттік парызымыз. Ұлттық бірегейлік темірқазығы саналатын туған жер жобасы патриоттық тәрбиенің негізгі өзегі болмақ. Ұлы дала өркениетіне өрнектеп жол салған жобада ұлттық дара қасиеттеріміздің жоғалмауы, жаңғырып жоғарылауы қарастырылған. Ұлттық бірегей сана-сезімге ұлттық игі
мүдделер арқылы әсер ететіні ақиқат. Себебі, терең тарихтан өнеге, қуат алған халықтың ұрпағымыз. Тар жол, тайғақ кешу нәубаты таңбаланған, ата-бабаларымыз көздің қарашығындай қорғаған жердің қадір-қасиетін түсінеміз. Теңдесі жоқ туған жердің тас, топырағына дейін тағзым ететін тәуелсіз елдің рухты, өжет азаматтарымыз. Бүгінгі күн – Атажұртқа адал әр азаматтың жеке жауапкершілігі сынға түсетін сарабдал уақыт. Бір қуантарлығы, осы сын-межеде суырылып алға шығып, отансүйгіштігін нақты істермен дәлелдеп жүрген қайраткерлер, жастар, қарапайым жандар да бар. Мысалы, туған жерге деген ерекше құрметтерін адам жанына жылулық сыйлайтын қайырымдылық шаралар жасау арқылы білдіріп жатқандар бар. Сондай-ақ, жастарда ұлттың рухани жаңғыруына бастайтын «Туған жер» бағдарламасын сәтті жүзеге асыру бойынша нақты ұсыныстар білдіріп, жобаларды қолға алуда. Жүрегі елім деп соққан әр азамат «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыруға үлес қосуы керек. Туған жерге деген ерекше құрмет – туған жердің көсегесін көгертуге атсалысу. Үкімет, жергілікті билік, халық, қала, ауыл, барлық аймақтың әлеуетін арттыруға, руханиятын, мәдениетін көтеруге ұмтылуы қажет. Туған жерді қастерлеп сүюге, туған жер қадірін арттыруға, заманауи озық өркениет үлгілерін дамытуға деген шамшырақ ұранның күштілігі осында.
Сонымен қатар, жуырда «Ел арна» телеарнасының «Туған өлке» жобасы көрерменге жол тартты. Ел тұтқасында отырған атпал азаматтар туған жеріне сапар шегетін бұл бағдарлама жастарға үлгі болары анық. Сонымен қатар, «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі сараптама кеңесінің алғашқы отырысы өтті.Бағдарламаның мәні Ел президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бұл бағдарламаның мәні деп үш ерекшелікті атап көрсетеді. «Бірінші, бұл білім беру саласында ауқымды өлкетану жұмыстарын жүргізуді, экологияны жақсартуға және елді мекендерді абаттандыруға баса мән беруді, жергілікті деңгейдегі тарихи ескерткіштер мен мәдени нысандарды қалпына келтіруді көздейді». «Екінші, басқа аймақтарға көшіп кетсе де туған жерлерін ұмытпай, оған қамқорлық жасағысы келген кәсіпкерлерді, шенеуніктерді, зиялы қауым өкілдері мен жастарды ұйымдастырып, қолдау керек. Бұл – қалыпты және шынайы патриоттық сезім, ол әркімде болуы мүмкін. Оған тыйым салмай, керісінше, ынталандыру керек».
«Үшінші, жергілікті билік «Туған жер» бағдарламасын жинақылықпен және жүйелілікпен қолға алуға тиіс». «Бұл жұмысты өз бетімен жіберуге болмайды, мұқият ойластырып, халыққа дұрыс түсіндіру қажет. Туған жеріне көмек жасаған жандарды қолдап-құрметтеудің түрлі жолдарын табу
керек».
111. 1991 ж 21-желтоқсандағы Алматы Декларациясы.
"Алматы декларациясы" - 1991 жылы 21 желтоқсанда Алматыда бұрынғы он бір кеңестік республика басшылары кездесуінде 1991 ж. 8 желтоқсанда Минскіде Беларусь Республикасы, Ресей Федерациясы, Украина арасындағы Тәуелсіз мемлекеттер Достастығын құру туралы келісімге қосылатын республика басшылары қол қойған хаттама. Оған Әзірбайжан, Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Армения, Қырғызстан, Тәжікстан, Украина, Беларусь, Молдова, Түрікменстан басшылары қол қойды. Өзара түсіністік, экономикалық байланыс, ортақ мүддеге негізделген шынайы ерікті түрде біріккен республикалар достастығы пайда болды. ТМД-нің дүниеге келуі бұрынғы империялық ұлы державалық шовинизмнен бас тарту, біртұтас экономикалық кеңістікті сақтап қалу жолындағы дұрыс шешім болды және күшейіп кеткен экономикалық дағдарыс пен адамдардың өмір сүру деңгейінің құлдырап кетуіне қарсы әрекет еді. 1991 ж. желтоқсандағы жағдайда Достастықтың құрылуы тәуелсіз мемлекеттер басшыларының Алматыда жиналуына көп күш салған Қазақстан Республикасының бастамасының нәтижесі болды. Жас тәуелсіз мемлекеттердің бірігуі жоғарғы жақтың нұсқауы мен міндеттеуінсіз, өз еріктерімен жүзеге асырылды. Достастық мүшелерінің өзара қатынасы тең құқықтық, бір-бірінің аумақтық тұтастығын құрметтеу, шекараны бұзбау қағидаттары негізінде, ТМД мүшелері арасындағы келісіммен бекітілген тәртіппен қызмет ететін бірқатар үйлестіру құрылымдары арқылы жүзеге асырылады.
112. 1993, 1995 жж. ҚР Конституциясы.
1993 жылғы Конституцияның қабылдану себептері:
1. ҚР-ның шынайы егемендік фактісін конституциялық тұрғыда бекіту қажеттігі;
2. адам мен азаматтардың неғұрлым кең құқықтары мен бостандықтарын конституциялық тұрғыда бекемдеу;
3. экономикалық себеп – меншіктің алуан түрлілігіне негізделген экономикалық жүйені бекіту;
4. саяси жүйе мен мемлекеттік тетік құрылымында жүріп жатқан сапалық өзгерістерді конституциялық тұрғыда бекіту;
5. сапалық жағынан өзге құқықтық жүйе жасау. 1993 жылғы Конституцияның кемшіліктері 1995 жылғы Консти-туцияны қабылдауға себеп болды. 1995 жылғы Конституция-ның қабылдану себептері:
1. Орыс тілінің мәртебесін айқындау;
2. Жерге жеке меншік бекіту мәселесі;
3. Азаматтық мәселесі;
4. Жеке адамдардың құқықтары мен бостандықтары жүйесін кеңейту, халықаралық деңгейге көтеру мәселесі;
5. Жоғары өкілді органның құрылымын жетілдіру және оның құқықтық өкілеттігін айқындап беру;
6. Үкіметтің мәртебесі мен оның өкілеттігі туралы мәселе;
7. Сот жүйесін реформалау;
Еліміз тәуелсіздігін алған тұста Ата Заңның міндетін Қазақ КСР-ның 1978 жылы қабылданған Конституциясының ескірген нұсқасы атқарған болатын. Сол кездерде қоғамымыздағы жүргізіліп жатқан реформалар үшін бұл Конституция жеткілікті мөлшерде жауап бере алмады. Дүниежүзілік кеңістікте өз орнын табуға талпынған жаңа тәуелсіз мемлекет табысты түрде алға қарай жылжу үшін ескі құқықтық жүйенің заман талабына сай келетін жаңа негіздермен ауыстырылуын қажет етті. Конституциялық комиссия дайындаған Конституция жобасы Жоғарғы Кеңестің депутаттары тарапынан бірнеше күн бойынша жұртшылықтың алдында (талқылаулар теледидар арқылы бүкіл елге көрсетілді) талқыланғаннан кейін 1992 жылы 2 маусымда бірінші оқылымында қабылданды. Бір аптадан кейін жоба халықтың талқылауы үшін республикалық және облыстық газеттерде жарияланды. Конституция жобасын бүкілхалықтық талқылау 1992 жылдың желтоқсанына дейін жалғасты. 1993 жылы 28 қаңтарда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі жеке дауыс беру жолы арқылы көпшіліктің даусымен Қазақстан республикасының алғашқы Ата Заңын қыбалдады (1 адам қалыс қалды, 2 адам қарсы дауыс берді). 1993 жылғы Конституция Қазақ КСР-ның демократиялық өркениетті мемлекетке көшуінің қажет екендігін көрсетті. 1993 Конституция ұлттық-мемлекеттік тәуелсіздікті құрудың негізін қалап қана қойған жоқ, сонымен қатар мемлекеттік-басқару жүйесінің құрылымдық реформаларының бастауы болды. Конституция төрт бөлім, 21 тарау, 131 бап пен өтпелі кезең ережелерінен тұрды. Бұл құжатта конституциялық құрылымның негіздері бекітілді. Қазақстан Республикасы — барлық азаматтарының құқықтық теңдігін қамтамасыз ететін демократиялық, зайырлы және біртұтас мемлекет деп танылды. Халықтың атынан билік жүргізу құқығы өздерінің конституциялық өкілеттігі шегінде
Жоғарғы Кеңес пен Президентке берілді. Бұл Конституцияда он екінші шақырылымдағы Жоғарғы Кеңестің өз өкілеттілігін сайланған мерзімі аяқталғанға дейін атқаратыны бекітілді. 1993 жылғы Конституция Президенттің позициясын айтарлықтай күшейтті. Бұл құжаттың қабылдануымен Президент тек қана мемлекеттің емес, сонымен қатар елдің атқарушы билігінің бірыңғай жүйесінің басшысы болды. Конституцияда Қазақ КСР-ның заңнамасына сәйкес сайланған Қазақстан Республикасының Президенті мен Вице-Президентінің өз өкілеттіктерін кезекті президент сайлауына дейін сақтайтындықтары ерекше көрсетілді. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Конституциясының президент лауазымына қатарынан ең көп екі мәрте сайлана алатыны туралы ережесі Қазақстан республикасының Президенті үшін-де күшінде болды. Президент Жоғарғы Кеңестің келісімін алып барып қана Премьер-Министр лауазымын және басқа мемлекеттің жоғары лауазымды тұлғаларын бекітіп, қабылданатын заңдарға қол қоя алатын еді. Қазақстан Республикасының Министрлер кабинеті бұл Констиитуция күшіне енгеннен кейін өз өкілеттіктерін сақтап қалды: жаңа кабинет құрамын құру өкілеттігі-де сақталды. Министрлер кабинеті Республика Үкіметі деп танылып, мемлекеттік басқару мәселелерін шешу құқығына ие болды. Үкімет Қазақстан Республикасының Президенті мен Жоғарғы Кеңесінің алдында жауап берді. Жоғарғы Кеңес Қазақстан Республикасы Президентіне берген есебін тыңдап болғаннан соң Министрлер кабинетінің кез-келген мүшесін мерзімінен бұрын лауазымынан босату туралы мәселе қоя алатын. Қазақстан Республикасының Конститутциясын қорғау жөнінде сот билігінің жоғарғы органы болып Конституциялық Сот есептелді. Мемлекеттік басқару жүйесінің орталық сегменті бойынша билікті үш тармаққа бөліп, Жоғарғы Кеңесті жаңа мемлекеттік құрылым жүйесіне бейімдеу үдерісі жүргізілді. Яғни, Жоғарғы Кеңес тек қана заң шығарушы органға айналды. Жоғарғы Кеңестің өкілеттіктері жеткілікті мөлшерде кең ауқымда болды, ол президент пен атқарушы биліктің жұмыстарына араласа алатын. Бұл жағдай билікті тармақтарға бөлу принципіне сәйкес келмейтін және 1993 жылғы Конституцияда Жоғарғы Кеңестің өкілеттіктерінің шегі анық емес еді. Кейіннен 1993 жылдың Конституциясы мемлекеттік құрылымды жетілдіріп, әлеуметтік-экономикалық және саяси реформаларды дамыту жолында құқықтық кедергіге айналды. 1994–1995 жылдардың арасында орын алған парламенттік дағдарыс Қазақстанның саяси жүйесінде ескіліктің орын алып отырғанын көрсетті. Жоғарғы Кеңес пен президент институты арасындағы антогонистік қайшылықтардың болуы президенттің елді басқару міндетін өз қолына алып, қоғамда демократиялық қатынастарды орната алатынын дәлелдеді. 1995 жылы көктемде жаңа конституцияны дайындау жұмыстары басталды. Еліміздің заңгерлеріне заман талаптарына жауап беретін жаңа конституция жобасын дайындау міндеті қойылды. Құқықтанушылар мен заңгерлерден құралған команданың құқықтық мемлекеттің саяси жүйесін жаңғырту
үшін негіз бола алатын конституцияның тиімді жобасын дайындау жұмыстары күтіп тұрған еді. Құрамына қазақстандық құқықтанушылардан басқа екі француз саясаткері-де кірген Сараптамалық-консультативтік кеңес конституцияның алғашқы нұсқасын сараптау нәтижесінде оған елеулі өзгерістер жасады. Жобаға жасалған пысықтаулардың нәтижесінде конституция мемлекет басшысына маңызды өкілеттіктер беретін деголлдік президенттік республиканы бекітті. 1995 жылы 30 тамызда «Жобасы 1 тамыздағы басылымдарда жарияланған Қазақстан Рсепубликасының жаңа конституциясын қабылдайсыз ба?» сұрағы бойынша жалпыхалықтық референдум өткізілді. 1995 жылы өткізілген дауыс беру нәтижесі бойынша, қатысушылардың 89 пайызы жаң Конституция үшін дауыс берді [1]. Конституцияның негізін Жалпыға ортақ адам құқықтары жөніндегі декларацияда, Экономикалық, әлеуметтік, және мәдени құқықтар жөніндегі халықаралық пактіде, Азаматтық және саяси құқықтар жөніндегі халықаралық пактіде бекітілген құқықтық ережелер құрады. Қазақстан республикасының 1995 жылғы Конституциясы 9 бөлімнен, 98 баптан тұрады. [2]. Қазақстан Республикасының демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет екендігі, мемлекеттің ең жоғарғы құндылығының адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандығы екендігі нақтыланған. Жаңа Конституция мемлекеттіктің табиғаты жөніндегі мәселелерді түбегейлі шешті. Биліктің бірден-бір көзі болып Қазақстанның халқы танылды. Қолданыстағы Конституцияда алғашқы рет «Қазақстан — ежелден келе жатқан қазақ жерінде оның халқы тарапынан құрылған мемлекет» екендігі бекітілді. Осы көзқарастың арқасында ұлттық мемлекет идеясы азаматтық қоғамды құруға және мемлекеттік механизмнің тиімді жұмыс істей бастауына мүмкіндік берді. 1995 жылдың Конституциясы мемлекеттің президенттік басқару жүйесіне өтуін заң бойынша бекітті, осыған орай Қазақстандағы билік өкілеттіктерін бөлу схемасы түбегейлі түрде өзгеріске ұшырады. Бұл схема бойынша президенттік билік айтарлықтай күшейді, мұның әсерін билік өкілеттіктерінің орталықтандырылуынан көруге болады. [3]. Конституцияға тағы бір жаңалық енгізілді. Бұдан былай жергілікті өкілдік етуші және атқарушы органдар жергілікті мемлекеттік басқаруға қарайтын болды. Конституцияға 1998, 2007, 2011, 2017 жылдары төрт рет өзгеріс енгізілді.
113. Әлемдік экономикалық байланыстар жүйесіндегі Қазақстан. Мемлекеттілікті орнатудың алғашқы кезеңінде Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев тұжырымдаған Қазақстанның сыртқы саясатын «экономикаландыру» міндеті ерекше өзекті сипатқа ие болды. Дипломаттардың алдына негізгі күш-жігерді Қазақстан экономикасының дамуына барынша жәрдемдесуге, ең
алдымен, банкроттық шегінде тұрған кәсіпорындардың қызметін қалпына келтіру, жаңа жұмыс орындарын құру, ең жаңа технологияларды енгізу үшін қажетті шетелдік инвестицияларды тартуға шоғырландыру міндеті қойылды.
Мемлекет басшысының Қазақстан Республикасының сыртқы саясатын «экономикаландыру» жөніндегі нұсқауларын басшылыққа ала отырып, Сыртқы істер министрлігі инвестициялық саясатты түзету жөнінде бірқатар шаралар қолдана білді және осы бағыттағы бұдан былайғы іс-қимылдарға айқындық енгізе алды. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы шетелдік инвесторлар кеңесінің – ЕҚДБ, Дойче Банк, АБН-Амро, Шелл, Мобил, Эни, Тоталь, ЛукОйл т. б. сиқты жетекші шетелдік банктермен және инвестор компанияларымен ашық пікір алысуға мүмкіндік беретін аса маңызды кеңес беру, кеңесу органының жұмысы жандандырылды.
2000–2002 жылдары Алматыда тек Қазақстан үшін ғана емес, сонымен бірге бүкіл Орта Азия үшін бұрын-соңды болып көрмеген оқиғалар – ДЭФ-ның қамқорлығымен бірінші және екінші еуроазиялық экономикалық саммиттер өтті.
Әлемде болып жатқан ықпалдасу үрдістерінің нәтижесінде ел бірте-бірте Еуропаның Азиямен арадағы өңірлік көлік «көпіріне» айналды. Қазақстанның транзиттік-көліктік әлеуетін дамытудың көкейтестілігі республиканың ұлттық мүдделерін іске асыру, саяси және экономикалық өзіндік артықшылықтарын одан әрі еселей түсу қажеттілігінен туындады.
Қазақстанға тікелей инвестиция берушілердің тізімінің басында АҚШ орналасқан, одан кейін Ұлыбритания, Италия, Канада, Нидерланды, Германия, ал Азия аймағынан Қытай, Жапония, Индонезия және Оңтүстік Корея бар. Қазақстан АҚШ-пен экономикалық қарым-қатынасқа ерекше көңіл бөледі. Американдық “Шеврон” компаниясымен Теңіз мұнай көздерін игеру жөніндегі ірі шартқа қол қойылды. Қазіргі кезде АҚШ Қазақстанның ең маңызды экономикалық әріптестерінің бірі болып табылады. Біздің елімізде 350-ден астам Қазақстан-Американ бірлескен кәсіпорны жұмыс істейді, сондай-ақ 100-ден астам американ компанияларының өкілдіктері тіркелген. Қазақстан экономикасының дамуында сыртқы сауданың маңызы зор. Егемендік алған жылдардан бері Қазақстан дүние жүзінің 180-нен астам елімен сауда қатынасын орнатты. Осының нәтижесінде сыртқа шығаратын және сырттан бізге алып келетін тауарлардың көлемі жылдан-жылға өсіп келеді. 2001 ж. Қазақстанның сыртқы сауда көлемі 14 млрд. доллардан асты. Қазақстанның сауда айналымының шамамен 62% ТМД елдерінің үлесіне, 24% Еуропа елдерінің (35 ел), 13% Азия аймағы елдерінің үлесіне тиеді. Біз ашық сыртқы сауда саясатын дәйекті жүргізіп келеміз. Айталық, 2004 жылы сыртқы сауда айналымы көлемінің оң сальдосы (Сальдо –
белгілі бір уақыт кезеңіндегі ақшалай түсімдер мен шығындар арасындағы айырма) 7 млрд. доллардан асатын 33 млрд. АҚШ долларына жетті. Бұл 1994 жылмен салыстырғанда 3 еседен астам өсті деген сөз. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында негізінен ТМД-ның ауқымымен шектелген біздің сыртқы саудамыздың географиясы да біршама тарамдала түсті. Қазақстан тауар айналымының құрылымында 2004 жылы Еуропалық одаққа мүше елдер, Ресей, Швейцария мен Қытай алғашқы орындарға шықты. Осылайша біз әлемдік экономиканың бөлінбес бөлігіне айналып, жаһандық бәсекелестік арнасына ендік.
Тәуелсіздік жылдары Қазақстанда транзиттік әлеует жасақталды, оның негізін бірқатар көлік бағыттары құрайды. Бұл орайда республика маңызды екі стратегиялық міндетті шешті, олар: Қазақстанның әлемдік теңіз порттарына шығуы және теміржол, автомобиль және әуе көлігінің негізгі үш бағыт: Ресей, Еуропа мен Балтық елдері: Қытай, Жапония, Оңтүстік Шығыс Азия елдері; Оңтүстік Азия, Кавказ елдері, Иран және Түркия бойынша транзиттік қатынас.
1993 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан темір жолдары Теміржолдар ынтымақтастығы ұйымының (ТЖЫҰ) құрамына кірді. Беделді Ұйымға қатысу елдің халықаралық көлік нарығына шығуын қамтамасыз етті.
1994 жылғы 31 қаңтарда Қазақстан БҰҰ-ның Еуропалық экономикалық комиссиясына (БҰҰ ЕЭК) мүше болды. БҰҰ ЕЭК-мен ынтымақтастық шеңберінде Қазақстан кейбір халықаралық шарттарға қосылды, олардың арасында БҰҰ-ның жол қозғалысы туралы конвенциясын (1968 жыл), жол көрсеткіш таңбалары мен белгі берулер (сигнал) туралы конвенцияны (1968 жыл), Халықаралық автокүрежолдар туралы еуропалық келісімді (ХАК; 1975 жыл) атап айтуға болады.
2004 жылғы сәуірден Қазақстан «Азия күре жол желісі туралы» үкіметаралық шартқа қатысады, мұның өзі халықаралық көлік жүйесіне толығырақ ықпалдасуға мүмкіндік берді.
1998 жылғы 26 наурызда Қазақстан СПЕКА (теңізге шығуға мүмкіндігі жоқ дамушы елдер мен дамушы транзит елдер, донор-елдер министрлерінің, қаржыландыру және даму мәселелерімен айналысатын халықаралық мекемелер өкілдерінің транзиттік тасымал саласындағы ынтымақтастық туралы мәселе жөніндегі халықаралық конференциясы) туралы декларацияға қосылды.
2003 жылғы 29 мамырда Қазақстан Катовицада (Польша) қабылданған Теміржол контейнерлік тасымалды қарқындандыру туралы Декларацияға қол қойды, мұның өзі «Жаңа жібек жолы» Еуразиялық көлік дәлізін құру жөніндегі жобаға қосылуға мүмкіндік берді.
Су жолы қатынасы көлігін, атап айтқанда Ақтау темір портын дамыту мақсатында «Солтүстік-Оңтүстік» халықаралық көлік дәлізі келісіміне қосылу туралы 2003 жылғы 4 шілдедегі №467-II ҚР Заңы қабылданды.
2004 жылғы 24 қыркүйекте Құлжа қаласында ҚР үкіметі мен ҚХР үкіметі арасында «Хоргос» халықаралық шекара маңындағы ынтымақтастық орталығын құру туралы (ХШЫО) келісімге қол қойылды. Бұл келісімнің қабылдануы шекара маңындағы өңірлердің саудасын дамытуға ынталандырды.
Қазақстанның әуежайлары Еуропа мен Оңтүстік-Шығыс Азия арасындағы ұшу сапарларын жүзеге асыратын шетелдік авиакомпаниялар үшін тиімді транзиттік бекеттер болып табылады.
Қазақстан ең алдымен елде іске асырылатын мұнай мен газ өндіру және тасымалдау жөніндегі жобалардың экономикалық тиімділігіне қол жеткізуді жақтайды. Каспий өңірінде өндірілетін мұнайдың барлық көлемінің үштен екісі Қазақстанға тиесілі. Қазақстанда барланған мұнай қорларының шамасы 9 миллиард баррельден 17,6 миллиард баррельге дейінгі мұнайды құрайды.
Қазіргі кезде Қазақстан өз мұнайын Атырау-Самара және КҚК (Каспий құбыр желісі консорциумы) сияқты бірқатар аса маңызды мұнай құбырлары экспортқа шығарады. «Каспий құбыр желісі консорциумы» (КҚК).«Каспий құбыр желісі Консорциумы Лимитет» жауапкершілігі шектеулі компаниясы Қазақстан Республикасы мен Оман Сұлтандығы үкіметтері арасындағы келісім негізінде 1992 жылғы 17 маусымда Бермуд аралдарында тіркелді. 1992 жылғы 23 шілдеде келісімге Ресей Федерациясы қосылды. 1996 жылғы 27 сәуірде КҚК-ны қайта ұйымдастыру туралы хаттамаға қол қойылды, ал 1996 жылғы 6 желтоқсанда Каспий Құбыр желісі Консорциумын қайта ұйымдастыру туралы акционерлердің шартына қол қойылды. Батыс Қазақстан – Қытай мұнай құбыры.1997 жылғы қыркүйекте Қазақстан мен Қытай үкіметтері арасында «Мұнай мен газ саласындағы ынтымақтастық келісімге» қол қойылды. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының МЭМР мен Қытай ұлттық мұнай-газ компаниясы (ҚҰМК) арасында «Кеніштерден кен өндіру және мұнай құбырларын салу жобалары туралы бас келісім» жасалды. 2003 жылғы маусымда «ҚазМұнайГаз» ҰҚ" ЖАҚ пен ҚҰМҚ арасында Қазақстан-Қытай мұнай құбырын кезең-кезеңмен салуға жұмсалатын инвестицияны негіздеу жөніндегі бірлескен зерттеулер туралы келісім жасалды. Қазіргі кезде Қазақстан делегациясы негізгі төрт бағыт бойынша келіссөздер жүргізуде, олар: тауарлар нарығына қол жеткізу жөніндегі келіссөз; қызмет көрсету нарығына қол жеткізу жөніндегі келіссөз; ауыл шаруашылығы жөніндегі көп жақты арнайы келіссөз; жүйелік мәселелер жөніндегі келіссөз, оның негізгі мақсаты – республиканың заң шығару саласында қабылдауға тиіс шараларды айқындауы болып табылады.
114. Беловежск келісімі. Орта Азия елдерінің Ашхабадтағы кездесуі.
1990 жылы желтоқсанда төрт республика – Ресей, Украина, Белоруссия және Қазақстан егеменді мемлекеттер одағын құру туралы инициатива көтерді, Новоогарев келісімін талдап жасау жөніндегі бірлескен жұмыс басталды. 1991 ж. 18-21 тамыз аралығындағы «Тамыз бүлігі» бұл жұмысты үзіп жіберді. КСРО вице-президенті Г.И. Янаев, КСРО премьер-министрі В.С. Павлов, КСРО Мемлекеттік Қауіпсіздік Комитетінің төрағасы В.А. Крючков, КСРО Ішкі істер министрі Б.К. Пуго, КСРО Қорғаныс министрі Д.Т. Язов, КСРО Жоғарғы Кеңесінің төрағасы А. Лукьянов, т.б. 18 тамыз күні Төтенше жағдайлар жөніндегі Мемлекеттік комитет (ТЖМК) құрып, елдегі барлық билік осы ұйымның қолына өтетіндігін мәлімдеді. Бұл іс жүзінде Кеңес Одағындағы ескі мемлекеттік билік пен қоғамдық қатынастарды сақтап қалу мақсатында Мәскеуде ұйымдастырылған төңкеріс еді. Осы кезде Қырымда (Фороста) болған КСРО президенті М.С.Горбачевтың сыртқы әлеммен байланысын үзіп тастаған ТЖМК мүшелері оны өз қызметін атқаруға денсаулығы жарамайды деп хабарлады. Бұл төңкеріс 20 тамызда қол қойылуға тиіс «Егеменді мемлекеттер одағы туралы шартқа» қарсы бағытталды. Ол шарт Кеңестер Одағына кіретін республикаларға бұрынғыдан әлдеқайда көп дербестік беретін. Тамыз бүлігінде елде қалыптасып келе жатқан демократия нышандарын тұншықтыру және нарықтық қатынастардың орнығуына жол бермеу арқылы елдегі әміршіл-әкімшіл жүйені сақтап қалу көзделді. Тамыз бүлігіне қарсы күресті Ресей президенті Б.Н. Ельцин басқарды. Мәскеудегі жұртшылық шеруге шығып, тамыз бүлігін айыптады. 21 тамыз күні Ресей үкіметі жіберген ұшақпен Горбачев Мәскеуге жетті. Ол елдегі басшылықты қайтадан қолына алды. ТЖМК мүшелері тұтқынға алынып, үстерінен қылмыстық іс қозғалды. Тамыздағы мемлекеттік төңкерістің болуымен және орталықтың ешқандай ымыраға келмеуімен байланысты одақтас республикалардың жетекшілері бұған дейін жүргізіп келген келіссөз талаптарынан бас тартты. Ол КСРО-ның күйреуін және бұрынғы одақтас республикалардың, оның ішінде Қазақстанның егемендік алуын шапшаңдатты. КОКП, оның бір бөлігі Қазақстан Компартиясы тарихи аренадан кетті.Беловеж келісімі - 1991 ж. 8 желтоқсанында Ресей, Украина, Беларусь республикалары басшылары арасында жасалынған келісім шарт. 1991 жылғы тамыз бүлігінен кейін КСРО-ның ыдырау процесі бұрынғыдан да үдей түсті. Бүлікті ұйымдастырушылар тұтқынға алынып, коммунистік партия таратылды. Өз тәуелсіздіктерін жариялаған бұрынғы одақтас республикалардың кейбіреулері (Литва, Латвия, Эстония, Грузия) өздерінің КСРО құрамынан шығатындықтарын мәлімдеді. Орталықтың билігі күннен күнге әлсіреп, елде саяси толқулар күшейді. Осындай жағдайда үш республика басшылары (Ресейден - Б.Ельцин, Украинадан - Л.Кравчук, Беларусьтан- С.Шушкевич) Минскінің маңайындағы Беловеж орманында келіссөз өткізді. Келіссөзде Кеңес Одағын сақтап қалудың бұдан былай мүмкін еместігіне байланысты
олар өз республикаларының одақтан шығатынын және өзара одақтастық (саяси, экономикалық, әскери) жөнінде жаңа шартқа қол қоятындықтарын мәлімдеді. Сөйтіп, КСРО тынысы тоқтады. Қаралған мәселе:
* 1922 жылғы КСРО-ны құру туралы келісім шартты жою.
* Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын (ТМД) құру туралы келісімге келу.
* 1991 жылғы 13 желтоқсан – Ашхабад келісімі (орта Азия мен Қазақстан басшылары)
Бұған жауап ретінде 1991 ж. он екінші желтоқсанда Ашхабад қаласында Орталық Азия республикалары президенттері (Қазақстаннан - Н.Назарбаев, Қырғызстаннан - А.Ақаев, Өзбекстаннан - И.Каримов, Тәжікстаннан - Т.Махкамов,Түрікменстаннан - С.Ниязов) кездесу өткізді. Кездесуде олар өзара одақтастық жөніндегі шартқа қол қойды және өздерінің Беловеж келісімімен толық келісетіндіктерін мәлімдеді. Бұған қоса олар Беловеж келісіміне қатысушы елдерге және басқа да бұрынғы одақтас республикаларға жаңа одақтық шарт жасасу жөнінде үндеу жолдады.
Қаралған мәселе:
* Беловеж кездесуінде қабылданған шешімді қабылдау
* Алматы кездесуін қабылдау. Көп ұзамай 1991 ж. 21 желтоқсанда Алматы қаласында бұрынғы КСРО құрамында болған 11 республика (Армения, Әзірбайжан, Беларусь, Қазақстан,Қырғызстан, Молдова, Өзбекстан, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Украина) басшылары жаңа келісімшартқа қол қойды. Оған Грузия бақылаушы есебінде ғана қатысты.Сөйтіп бұрынғы КСРО аумағында жаңа одақ - Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) құрылды. Алматы кездесуі кезінде келісілген мәселелердің аса бір маңыздысы ядролық қаруға қатысты бірлескен шара жөніндегі келіссөз еді. Оған қолдарында ядролық қарауы бар мемлекет есебінде Белорусь, Казақстан, Россия Федерациясы және Украина республикаларының басшылары қол қойды. Мемлекеттер келісімі бойынша-қатысушылар ядролық мәселе жөніндегі саясатты бірлесе жасап, Тәуелсіз Елдер Достығына енетін барлық республиқалардың ұжымдық қаупсіздігін қамтамасыз етуге тиісті болды.
115. Конституциялық реформа. ҚР Негізгі заңына өзгерістер мен толықтырулардың енгізілуі
Қазақстан Республикасы – заманауи конституционализмді сәттілікпен орнықтырудың үлгісі болып табылады. Негізгі Заңның мазмұны әрбір
адамның, қоғам мен мемлекеттің өмір сүруінің әлеуметтік-экономикалық, саяси, мәдени-гуманитарлық және өзге де салалардағы мұң-мұқтажына, еліміздің алға ұстаған басты бағытына сәйкес келеді. Конституцияның әлеуетін заңнамалық және өзгелей жолмен жүзеге асыру, сондай-ақ Негізгі Заңның мәтініне өзгерістер мен толықтыруларды уақтылы енгізу арқылы конституционализм тұғырының мызғымастығы қамтамасыз етіледі және оның жаңа жетістіктері іске асырылады, Конституцияның тұрақтылығы мен серпінділігі тиімді түрде үйлеседі, қоғамдық дамудың талаптарын бойына қабылдайды. Бұл конституциялық саясат Конституцияның кепілі, Республиканың Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың басшылығымен жүйелі түрде, терең ғылыми негізделіп, алдыңғы қатарлы шетелді тәжірибені мейлінше ұқыптылықпен пайдалана отырып және Қазақстан қоғамының барлық сегменттерін конституциялық үдеріске қатыстыра отырып жүргізілуде. Республикалық референдумда қабылданған 1995 жылғы Конституцияның ережелері мен нормаларын, сондай-ақ 1998 жылғы 7 қазандағы, 2007 жылғы 21 мамырдағы және 2011 жылғы 2 ақпандағы заңдармен енгізілген конституциялық новеллаларды іске асыру қоғам мен мемлекеттің келбетін айтарлықтай өзгертті, кезектілікпен жүргізіліп отырған конституциялық құрылыстың дұрыстығын растады. Мәселен, «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 1998 жылғы 7 қазандағы № 284-I Қазақстан Республикасының Заңымен Конституцияның 19 бабына (33, 41, 42, 44, 48, 49-51, 52, 56, 57, 66, 68, 75, 82, 87, 91, 94, 95-баптар) түзетулер енгізілген болатын. Мемлекеттік биліктің біртұтастығы және бөлінуі принципін жетілдірумен қатар, қолданыстағы Конституцияның негізінде құрылған жаңа мемлекеттік аппарат қызмет істей бастауының алғашқы жылдардағы қорытындысы бойынша, қазіргі заманғы демократиялық институттар жоғары деңгейде бекітіліп, кейінгі жылдары одан әрі дамытылды. «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 21 мамырдағы № 254-ІІI Қазақстан Республикасының Заңымен 40 бапқа (2, 5, 9, 15, 16, 34, 41-44, 46, 47, 50-59, 61-64, 67, 68, 70-72, 74, 75, 81, 82, 84, 86, 87, 89, 91-баптар) түзетулер енгізілді. Негізгі Заң сондай-ақ 94-1-баппен толықтырылды. 2007 жылғы конституциялық реформа негізгі қоғамдық-саяси институттарды және олардың келешектегі қызметін түсінудегі жаңартылған көзқарастарға бастау болды. Конституцияға енгізілген бірқатар өзгерістер мен толықтырулар өзара байланыса келе мемлекеттік биліктің мақсатын, мемлекет функцияларының мазмұнын жаңаша айқындауға, мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің және азаматтардың өзара қарым-қатынастарының принциптерін
тұжырымдауға, азаматтық қоғам институттарын мемлекеттік маңызды міндеттерді шешуге кеңінен тартуға, өзгеріп отыратын қоғамдық қатынастармен барабар заңдық нормалар белгілеуге мүмкіндік берді. «Қазақстан Республикасының Конституциясына толықтыру енгізу туралы» 2011 жылғы 2 ақпандағы № 403-IV Қазақстан Республикасының Заңымен 41-бап Мемлекет басшысының кезектен тыс сайлауын тағайындаған 3-1-тармақ-пен толықтырылды. Конституциялық Кеңес бірнеше мәрте атап өткендей, жоғары билік тарапынан айқындалып, дәл өлшенген конституциялық-құқықтық саясат пен құндылықтарға бағытталған конституциялық-құқықтық практика өзара бірін-бірі толықтыра түседі, Негізгі Заңды тиімділікпен жүзеге асыруға септігін тигізеді, оның ережелері мен нормаларын орын-даудың және қолданудың сапасын, азаматтар мен мемлекеттік қызметшілердің құқықтық ой-санасының деңгейін арттыруға жұмыс істейді. 2007-2016 жылдары қоғам мен мемлекетте тиісті шаралар кешенін жүзеге асыру нәтижесінде, Президент, Парламент және Үкімет арасында өкілеттіктерді соңыра 2017 жылы қайта бөлуге, сондай-ақ конституциялық бақылау механизмін, соттар мен прокуратураның, жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқарудың ұйымдастырылуын жетілдіруге алғышарттар жасалды. 2017 жылғы конституциялық реформа «Қазақстан-2050» Стратегиясы, Қазақстанның неғұрлым дамыған отыз елдің қатарына кіруі тұрғысында қоғам мен мемлекетті кезектілікпен жан-жақты жаңғырту жолындағы жаңа заңды кезең болды. Ол Республика Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Бес институционалдық реформасы орындалғанын көрсетеді және Қазақстанның үшінші жаңғыру кезеңі аясында сапалы өсуі және жаһандық бәсекеге қабілеттілік жағдайында еліміздің берік позициялары қамтамасыз етілуі үшін саяси-құқықтық алғышарттар жасайды. 2017 жылғы 10 наурыздағы Заңмен Конституцияның 25 бабына (2, 4, 10, 39, 41, 44, 45, 49, 53, 55, 57, 61, 64, 66, 67, 70, 72-74, 79, 81, 83, 86, 87, 91-баптар) түзетулер енгізілді. Заңмен Мемлекет басшысының конституциялық мәрте-бесін нақтылау, Парламент пен Үкіметтің рөлін, дербестігін және жауапкершілігін күшейту, мемлекеттік биліктің біртұтастығы және бөлінуі принципін ескере отырып, билік өкілеттіктерін Президенттің, Парламенттің және Үкіметтің арасында қайта бөлу арқылы президенттік басқару нысанын демократиялық жаңғырту жүзеге асырылды. Сот жүйесі мен прокуратураның конституциялық негіздерін нақтылау қарастырылған. Конституцияның қолданылу тиімділігін арттыру мақсатында 2017 жылғы 10 наурыздағы Заңмен конституциялық бақылау институты күшейтілді және Конститу-циялық Кеңестің жауапкершілігі артты. 116. Қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру: тарихы және келешегі. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2017 жылы 12 сәуірде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында: «Біріншіден, қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. Біз бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттігін терең түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге Тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық» деп айтқан еді. 1929 жылғы 7 тамызда КСРО Орталық Атқару Комитеті мен КСРО Халық Комиссарлары Кеңесінің Президиумы латындандырылған жаңа әліпби – «Біртұтас түркі алфавитін» енгізу туралы қаулы қабылдады. Латын әліпбиінің негізінде жасалған жазу үлгісі 1929 жылдан 1940 жылға дейін қолданылып, кейін кириллицаға ауыстырылды. 1940 жылғы 13 қарашада «Қазақ жазуын латындандырылған әліпбиден орыс графикасы негізіндегі жаңа әліпбиге көшіру туралы» заң қабылданды. Сондай-ақ, Елбасымыз өзінің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан – 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Мемлекет өз тарапынан мемлекеттік тілдің позициясын нығайту үшін көп жұмыс атқарып келеді. Қазақ тілін кеңінен қолдану жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыруды жалғастыру керек. Біз 2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын қарпіне, латын әліпбиіне көшіруге кірісуіміз керек. Бұл – ұлт болып шешуге тиіс принципті мәселе. Бір кезде тарих бедерінде біз мұндай қадамды жасағанбыз. Балаларымыздың болашағы үшін осындай шешім қабылдауға тиіспіз және бұл әлеммен бірлесе түсуімізге, балаларымыздың ағылшын тілі мен интернет тілін жетік игеруіне, ең бастысы – қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызады» – деп латын әліпбиіне көшудің қажеттілігін атап өтті. Біздің қазіргі кирилл әліпбиіндегі қазақ тіліміз - Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі, сонымен қатар Ресей, Өзбекстан, Қытай, Моңғолия жəне т.б. елдерде тұратын қазақтардың ана тілі. Қазақ тілі түркі тілдерінің қыпшақ тобына, соның ішінде қарақалпақ, ноғай, қарашай тілдерімен бірге қыпшақ-ноғай тармағына жатады. Сонымен қатар қырғыз, татар, башқұрт, қарашай-балқар, қырым, құмық, татар тілдеріне жақын. Қазақ жазуы бірнеше рет өзгеріске ұшырады. жазу тарихында қазақ тілінің әліпби жүйесі бірнеше тарихи кезеңдерді басынан өткізіп, ұлттық әліпби деңгейіне жеткен. Ағартушы-педагог ғалым Ахмет Байтұрсынұлы айтып кеткендей, «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тілі» деген. Алаш қайраткерлері де латын әліпбиін жазу-сызуда қолданды. Бұл бізге таңсық дүние емес. Қорыта келгенде, латын әліпбиіне көшу - ұлтымыздың санасын бұғаудан босатады, түркі және жаһандық әлемімен
ықпалдасуға, қазақ халқы ертеден қолданған әліпбиімізге қайта оралып, ұлттық санамыздың қайта жаңғыруына жол ашады демекпін. 117. Қазақстан – Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында.
1991 ж. 8 желтоқсанда Белорусь, РСФСР және Украина республикаларының басшылары Минск қаласында (Беловеж нуы) кездесіп, мәлімдеме қабылдады. Онда саяси одақ тұйыққа тірелді, сондықтан республикалардың Одақтан шығуы объективтік процесс және тәуелсіз жеке мемлекет құру шынайы факті болып отыр деп көрсетілді. Себебі, орталықтың жүргізіп отырған тоғышар саясаты елді терең экономикалық және саяси дағдарысқа алып келді, халықтың тұрмыс деңгейі төмендеп кетті, қоғамда әлеуметтік шиеленіс, ұлттар мен халықтар арасындағы қайшылықтар мен қақтығыстар күшейді деп атап өтілді. Мұның өзі бұрынғы Одаққа кірген мемлекеттердің жаңа одағын – Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын (ТМД) құруға жол ашты. Бұл құрылым бұрынғы Одақ бойынша осы кезге дейін алынған халықаралық міндеттердің орындалуына кепілдеме береді, ядролық қарудың таралуына жол бермейді және оған бірыңғай бақылау орнатуды қамтамасыз етеді, - деп атап көрсетілді. Алайда, бұл шешім әуелгі кезде басқа республикалар тарапынан қарсы көзқарастар туғызды. Өйткені, заң бойынша Одаққа кірген Қазақстан, Орта Азия, Закавказье республикаларының келісімінсіз бұл үш республика егемендік туралы күрделі мәселені жеке дара шешуге тиіс емес еді. Міне, осыған байланысты 1991 ж. 12 желтоқсанында Ашхабад қаласында Орта Азия республикалары мен Қазақстан басшыларының кездесуі болып өтті. Онда ТМД-ға тек барлық республикалардың тең құқықтық негізінде құрылушылық жағдайын мойындағанда ғана қосылуға болатындығы ерекше атап көрсетілді. 1991 ж. 21 желтоқсанда Алматыда 11 республика өкілдері қатынасқан кездесу болды. Олар тең құқықтық жағдайдағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы құрылғандығы жөніндегі шартқа қол қойды. Алматыда қабылданған декларацияда Минскідегі айтылған жалпы принциптік мәселелердің барлығы мақұлданды. Жаңадан құрылған Достастық мемлекет басшылары және үкімет басшыларының Кеңесі деген жетекші органдар құрды. Онда жалпы бағыттағы көкейтесті саяси және әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешу көзделді. Достық Одаққа кірген мемлекет басшылары Біріккен Ұлттар Ұйымы алдында бұл тәуелсіз мемлекеттердің барлығын осы халықаралық ұйымға толыққанды мүше етіп алу туралы өтініш жасады. Сонымен қатар бұрынғы КСРО-да жасалған ядролық қаруды және оған әскери басшылық жасауды бірігіп іске асырып отыру жөніндегі келісімге қол қойылды. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы осы кезге дейін Кеңестер Одағы қол қойып, халықаралық дәрежедегі жасаған келісімдердің орындалуын өз мойындарына алады деп көрсетті. Сөйтіп, 1991 жылғы желтоқсандағы Алматы қаласында бас қосқан тәуелсіз елдер басшыларының келісімі КСРО-ның өмір сүруін тоқтатумен аяқталды. ТМД мемлекеттерімен қатынастың дамуы, соның ішінде көпжақты интеграциялы өзара әрекет – Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының ең
маңызды бағыттарының бірі. ТМД шеңберіндегі көпжақты ынтымақтастықтың қазақстандық әдістемесінің негізінде тығыз интергациясы астасып жатқан елдердің шағын тобын қалыптастыру мүмкіндігінен туындайтын қарқыны әрқилы интеграция тұжырымдамасы жатыр. ТМД әрекетінің тиімділігін арттыру, құрылымын жетілдіру мақсатында Қазақстан тарапының бастамашылық етуімен шын мәнінде ынтымақтастықтың барлық бағытын қамтитын ТМД-ны одан әрі даму тұжырымдамасы мен оны жүзеге асу жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленіп, ол 2007 жылғы қазанда Душанбеде мақұлданды. Олардың негізінде ТМД-ның 2020 жылға дейінгі Экономикалық дамуы стратегиясы әзірленіп, қабылданды. Еркін сауда аймағын құру, сауда, ауыл шаруашылық, электр энергетикасы және т.б. нарықтарды қалыптастыру жұмыстарын аяқтау жоспарлануда. Саяси, гуманитарлық, көлік, қауіпсіздік және көші-қон салаларында өзара әрекеттестік жалғасуда. Аталған Жоспарда бірлестік әрекетін жетілдіру жөніндегі нақты шаралар тізбесі көрініс тапқан. Атап айтқанда, осы құжатқа сәйкес 2008 жылғы қазанда ТМД-да төрағалық ету туралы, Ұлттық үйлестірушілер туралы ережелер қабылданды. Достастықтың салалық органдарын оңтайландыру бойынша жұмыс жүргізілуде, ТМД Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу, ТМД-ның Жоғарғы органдарындағы рәсімдеудің жаңа ережесін қабылдау жоспарлануда. «Бір жыл- бір тақырып» формуласы бойынша жұмыс принципін ескере отырып, 2007 жылы келісілген көші-қон саясаты жөніндегі ұсыныстарды дайындауға арналса (2007 жылғы 5 қазанда Душанбеде тиісті Декларация қабылданды), 2008 жыл келісілген көлік саясаты саласындағы ынтымақтастық жөнінде ұсыныстар дайындау жылы, ал 2009 жыл – энергетика саласындағы ынтымақтастық жылы.
2014 жылы 10 қазанда ТМД Мемлекет басшылары кеңесінің отырысында 2015 жылы ТМД-да төрағалық қызметін Қазақстан Республикасы атқаратыны туралы шешім қабылданды.
2015 жылы ТМД-ға төрағалық шеңберінде Қазақстан мынадай бағыттарға күш салды:
- Достастықтағы сенім мен өзара түсіністікті нығайту, ТМД кеңістігінің тұрақтылығы мен қауіпсіздігін қолдауға бағытталған бастамаларға жәрдем беру;
- Көпжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін шешуде Ұйымның рөлін арттыру;
- Сауда-экономикалық өзара іс-қимылды нығайту, оның ішінде өндіріс, энергетика, көлік пен коммуникация және басқа да салаларда ынтымақтастықты жандандыру;
- Ғылым, білім, туризм, жастар саясаты салаларындағы ынтымақтастықпен бірге мәдени-гуманитарлық байланыстарды күшейту. 118. ҚР Мемлекеттік рәміздері: елтаңба, ту, әнұран. Мемлекеттік Рәміздер – мемлекеттің тәуелсіздігін білдіретін символикалық айырым белгілері.
Қазақстан Pеспубликасының мемлекеттiк Елтаңбасы — Қазіргі Қазақстан аумағын мекендеген қола дәуірінің көшпенділері кейін графикалық ұғымы «таңба» деп аталған ерекше символ-тотем арқылы өздерін танытқанына тарих куәлік етіп отыр. Алғаш рет бұл термин Түрік қағанаты тұсында қолданыла бастаған. Егеменді Қазақстанның Елтаңбасы 1992 жылы ресми түрде қабылданды. Оның авторлары – белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы дөңгелек нысанды. Бұл – Ұлы дала көшпенділері айрықша қастер тұтқан өмір мен мәңгіліктің символы. Мемлекеттік елтаңбаның орталық геральдикалық элементі – көгілдір түс аясындағы шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбез тәрізді бөлігі) бейнесі. Шаңырақты айнала күн сәулесі секілді тараған уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағына аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – көлемді бес бұрышты жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ «Қазақстан» деген жазу – алтын түстес. Көк күмбезін еске салатын және Еуразия көшпенділерінің дәстүрлі мәдениетінде тіршіліктің негізгі бастауының бірі боп саналатын шаңырақ – киіз үйдің басты жүйе құраушы бөлігі. Республиканың Мемлекеттік елтаңбасындағы шаңырақ бейнесі – елімізді мекендейтін барлық халықтардың ортақ қонысының, біртұтас Отанының символы. Шаңырақтың мықтылығы мен беріктігі оның барлық уықтарының сенімділігіне байланыстылығы секілді, Қазақстанда бақытқа жету әрбір азаматтың аман-есендігіне байланысты. Аңыздағы қанатты тұлпарлар Мемлекеттік елтаңбадағы өзекті геральдикалық элемент болып саналады. Бағзы замандағы тұлпар бейнесі батылдықты, сенімділікті және ерік күшін танытады. Пырақтың қанаты Қазақстанның көпұлтты халқының қуатты және гүлденген мемлекет құру туралы ғасырлар бойғы тілегін аңғартады. Олар – шынайы ой-арман мен ұдайы жетілуге және жасампаз дамуға ұмтылыстың көрінісі. Сонымен қатар, арғымақтың алтын қанаттары алтын масақты еске салады, қазақстандықтардың еңбексүйгіштігін және еліміздің материалдық игілігін танытады. Өткен ғасырларда мүйіз көшпенділердің табынушылық ғұрыптарында, сонымен қатар, жауынгерлік тудың ұшына орнату үшін белсенді пайдаланылған. Көктің сыйын, жердің
игілігін, жорықтың жеңісін әртүрлі жануарлардың мүйізі арқылы бейнелеу көптеген халықтардың символдық композицияларында елеулі орын алды. Сондықтан молшылық әкелетін мүйізі бар қанатты тұлпар семантикалық және тарихи түп-тамыры терең маңызды типологиялық образ болып саналады. Республиканың Мемлекеттік елтаңбасындағы тағы бір деталь – бес бұрышты жұлдыз. Бұл символды адамзат ежелгі заманнан бері пайдаланып келеді, ол адамдардың ақиқат сәулесіне, барлық игі аңсарларға және мәңгілік құндылықтарға деген ұдайы ұмтылысын білдіреді. Мемлекеттік елтаңбада жұлдыздың бейнеленуі қазақстандықтардың әлемнің барлық халықтарымен ынтымақтастық пен серіктестік орнатуға ниетті ел болуға деген талпынысын танытады. Қазақстан тұрғындарының жүрегі мен құшағы бес құрлықтың өкілдері үшін қашанда ашық. Елтаңбада қолданылған негізгі түс – алтынның түсі. Бұл – байлықтың, әділдіктің және кеңпейілділіктің символы. Сонымен қатар, көгілдір аспан түстес тудың түсі алтынның түсімен үйлесім тауып, ашық аспан, бейбітшілік және бақуат тіршілік ұғымдарын танытып тұр.
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Туы –Тәуелсіз Қазақстанның Мемлекеттік туы ресми түрде 1992 жылы қабылданды. Оның авторы – белгілі суретші Шәкен Ниязбеков. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында тік жолақ түрінде ұлттық өрнек нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес. Тудың ені мен ұзындығының арақатынасы – 1:2 Геральдика дәстүрінде әрбір түс белгілі бір ұғымды танытады. Мәселен, аспандай көк түс адам бойындағы адалдық, тазалық, сенімділік, мінсіздік сияқты қасиеттерді білдіреді. Сонымен қатар, көк түс түркі мәдениетінде терең символдық мәнге ие. Ежелгі түркілер аспанды тәңір-атаға балаған, ал олардың көк туы арғы ата-бабаларға деген адалдықты бейнеледі. Қазақстанның Мемлекеттік туында ол ашық аспанды, бейбітшілікті, игілікті білдірсе, түстің біркелкілігі еліміздің тұтастығын меңзейді. Геральдика қағидаттарына сәйкес, күн байлық пен молшылықты, өмірді және күш-қуатты бейнелейді. Сондықтан еліміздің туындағы күн шапағы дәулеттілік пен бақуаттылықтың символы – алтын масақ пішінінде берілген. Қазақстанның мемлекеттік атрибутикасында күннің бейнеленуі еліміздің жалпыадамзаттық құндылықтарды қастерлейтінін дәлелдейді және жас мемлекеттің жасампаздық күш-қуатын, серіктестік пен ынтымақтастық үшін әлемнің барлық еліне ашық екенін айғақтайды.. Қыран (бүркіт) бейнесі – көптеген халықтардың елтаңбалары мен туларында ерте кезден бері
қолданылып келе жатқан басты геральдикалық атрибуттардың бірі. Бұл бейне әдетте биліктің, қырағылық пен мәрттіктің символы ретінде қабылданады. Күн астында қалықтаған бүркіт мемлекеттің қуат-күшін, оның егемендігі мен тәуелсіздігін, биік мақсаттар мен жарқын болашаққа деген ұмтылысын танытады. Бүркіт бейнесі еуразиялық көшпенділердің дүниетанымында айрықша орын алады және олардың түсінігінде бостандық пен адалдық, өрлік пен ерлік, қуат пен ниет тазалығы тәрізді ұғымдармен ұштасып жатады. Алтын бүркіт кескіні жас егемен мемлекеттің әлемдік өркениет биігіне деген ұмылысын көрсетеді. Мемлекеттік тудың сабының тұсына тігінен ұзына бойына кескінделген ұлттық өрнектер – оның маңызды элементі. Қазақ ою-өрнектері – дүниені көркемдік тұрғыдан қабылдаудың халықтың эстетикалық талғамына сай келетін ерекше бір түрі. Түрлі формалар мен желілер үйлесімін танытатын өрнектер халықтың ішкі әлемін ашып көрсететін мәнерлі көркемдік құрал болып саналады. Тудың сабын жағалай салынған ұлттық өрнектер Қазақстан халқының мәдениеті мен дәстүрін символдық тұрғыда бейнелейді.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны Бұрын «Менің Қазақстаным» әні ретінде танымал болған Қазақстанның әнұраны Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша 2006 жылы 6 қаңтарда еліміздің Парламентінде бекітілді. Бірінші рет ол 2006 жылы 11 қаңтарда Мемлекет басшысының салтанатты ұлықтау рәсімінде орындалды. Музыкасы – композитор Шәмші Қалдаяқовтікі, сөзі – Жұмекен Нәжімеденов пен Нұрсұлтан Назарбаевтікі. Әнұран – мемлекеттің басты рәміздерінің бірі. Гректің «gimneo» сөзінен шыққан «гимн» термині «салтанатты ән» деген мағынаны білдіреді. Әнұран ел азаматтарын тиімді әлеуметтік-саяси тұрғыдан топтастырып, этномәдени тұрғыдан теңдестіру үшін негізгі мәнге ие, маңызды дыбыстық рәміз саналады. Тәуелсіз Қазақстанның тарихында еліміздің мемлекеттік әнұраны екі рет – 1992 және 2006 жылдары бекітілді. Республика мемлекеттік егемендігін иеленгеннен кейін, 1992 жылы Қазақстан әнұранының музыкасы мен мәтініне байқау жарияланды. Байқау қорытындысы бойынша Қазақ КСР әнұранының музыкалық редакциясын сақтау туралы шешім қабылданды. Осылайша тәуелсіз Қазақстанның алғашқы әнұранының музыкасының авторлары Мұқан Төлебаев, Евгений Брусиловский және Латиф Хамиди болды. Сонымен қатар, үздік мәтінге жарияланған байқауда авторлар ұжымы, белгілі ақындар Мұзафар Әлімбаев, Қадыр Мырзалиев, Тұманбай Молдағалиев және Жадыра Дәрібаева жеңіп шықты. Елдің дыбыстық рәмізінің танымалдығын арттыру мақсатында 2006
жылы жаңа мемлекеттік әнұран қабылданды. Оның негізі ретінде халықтың арасында кеңінен танымал «Менің Қазақстаным» патриоттық әні таңдап алынды. Ол әнді Шәмші Қалдаяқов 1956 жылы Жұмекен Нәжімеденовтің сөзіне жазған болатын. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев әнге мемлекеттік әнұран жоғары мәртебесін беру және анағұрлым салтанатты шырқалуы үшін музыкалық туындының бастапқы мәтінін өңдеді. Қазақстан Парламенті 2006 жылы 6 қаңтарда палаталардың бірлескен отырысында «Мемлекеттік рәміздер туралы» Жарлыққа тиісті түзету енгізіп, еліміздің жаңа мемлекеттік әнұранын бекітті. 119.Қазақстан халықтар ассамблеясы. ҚР қазіргі этнодемографиялық үдерістер.
Бүкілқазақстандық бірліктің бірегей моделін қалыптастыруда Қазақстан халқы Ассамблеясы (ҚХА) маңызды рөл атқарады.
ҚХА басты міндеті мемлекеттік ұлттық саясатты іске асыру, Қазақстан Республикасындағы қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, мемлекеттік және азаматтық қоғам институттарының этносаралық қатынастар саласындағы өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру болып табылады.
Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 1992 жылы Тәуелсіздіктің бірінші жылдығына арналған Қазақстан халықтарының форумында айтты. 1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан халқы Ассамблеясын Мемлекет басшысы жанындағы консультативті-кеңесші орган мәртебесімен құру туралы Президенттің Жарлығы шықты.
2007 жылғы мамыр айында Қазақстан Республикасы Конституциясына бірқатар өзгерістер енгізілді. Қазақстан халқы Ассамблеясына конституциялық мәртебе берілді, ол ҚР Парламенті Мәжілісіне тоғыз депутат сайлау құқығына ие болды. Осы арқылы Ассамблеяның қоғамдық-саяси рөлі айтарлықтай артты.
2008 жылғы 20 қаңтарда Президент «Қазақстан халқы Ассамблеясы» туралы әлемде баламасы жоқ заңға қол қойды. ҚХА еліміздің саяси жүйесінің толыққанды субьектісіне айналды. Оның қызметінің нормативтік құқықтық негіздері айқындалды.
Бүгінде Ассамблея этносаралық келісімді, қоғамдағы толеранттылықты және халық бірлігін одан әрі нығайту үшін қолайлы жағдай жасауға септігін тигізеді. Сонымен қатар ҚХА мемлекеттік органдарға экстремизм мен радикализм көріністеріне қарсы әрекет етуге, азаматтардың демократия нормаларына негізделген саяси-құқықтық мәдениетін қалыптастыруға көмек көрсетеді. Ассамблея этномәдени бірлестіктердің күш біріктіруін қамтамасыз етеді, этно мәдени орталықтардың, Қазақстан халқының ұлттық мәдениеттері, тілдері мен дәстүрлерінің өркендеуін, сақталуын, және дамуын қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентiне – Елбасына Қазақстан халқы Ассамблеясын өмiр бойы басқару құқығы тиесiлi.
Ассамблея сессиясы (Ассамблея мүшелерінің жиналысы) – оның жоғары басшылық органы. Сессияны Қазақстан Республикасының Президенті қажеттілікке қарай, бірақ жылына кемінде бір рет шақырады.
2015 жылы ҚХА-ның құрылғанына 20 жыл толады. Соған орай 2015 жыл Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы деп жарияланды.
Қазіргі уақытта Ассамблея құрамында 394 мүше бар.
Ассамблеяның басты ерекшеліктерінің бірі оның еліміздің жоғары заң шығару органында - Парламентте этностық топтар мүдделерінің кепілді өкілдік етуін қамтамасыз етуі болып табылады.
Парламент Мәжілісіне Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланған 9 депутат еліміздің барлық этностары атынан өкілдік етеді. Бұдан басқа қазақстандық этностық қоғамдастық өкілдері Парламенттегі өкілдігі өкілді органдарға саяси партиялар арқылы сайлауға тікелей қатысу негізінде жүзеге асырылады.
Қазақстан халқы ассамблеясы өзінің құрылған кезінен бастап орасан біріктірушілік және зияткерлік әлеует жинақтап және халықтық дипломатия институты үлгісіне бейімделе отырып, ұзақ даму жолынан өтті. Еліміздегі 100-ден аса этностың басын біріктіретін бірегей құрылым тұрақтылықты сақтап, республиканың ілгерілей дамуы үшін маңызды роль атқарды. Қазақстан халқы Ассамблеясы бүкіл әлемге Қазақстанның этносаралық қатынастар саласында жүргізіп отырған саясатының табысты екенін паш етіп келеді.
Жалпы алғанда негізінен Ассамблея жұмысының арқасында біздің елімізде этносаралық және конфессияаралық келісімнің бірегей моделі, әрбір азамат этникалық және діни ерекшелігіне қарамастан Конституцияда кепілдік берілген азаматтық құқықтары мен бостандықтарын толық пайдалана алатындай ерекше сенім, ынтымақ, өзара түсініктік ахуалы қалыптасты.
Республикада Қазақстанның барлық этностарының мәдениетін, тілін, дәстүрін дамыту үшін қажетті жағдайдың бәрі жасалған. Ассамблея қызметі Қазақстанның этносаралық қатынастар мәселелерін тиімді шешетін ел ретіндегі халықаралық беделін арттыруға ықпал етеді.
Өлім көрсеткіші 2012 жылдың алғашқы екі айымен салыстырғанда 2,3 пайызға кеміп, 25 мың адам болды. Біздің елге келгендер – 3209 адам, елден кеткендер – 2650 адам, осылайша миграциялық сальдо 559 адамды құрады. Алдын ала болжанғандай осы жылы тұңғыш рет Қазақстанның тарихында халық саны 17 миллиондық межеге жетеді.
Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі агенттігінің төрағасы Әлихан Смайылов мемлекеттегі соңғы демографиялық ахуалға байланысты брифинг өткізді. Демографиялық саладағы соңғы көрсеткіштерді жағымды деп айтуға болады. Агенттік төрағасының берген мәліметтері бойынша жыл басынан бері Қазақстанның халық саны 42 мың адамға өсіп, 2013 жылдың 1 наурызына 16 млн. 953 мың адамға жетті. Осы жылдың алғашқы екі айында 66,4 мың сәби дүниеге келді. Бұл өткен жылдың көрсеткіштерінен 0,8 пайызға артық. Өлім көрсеткіші 2012 жылдың алғашқы екі айымен салыстырғанда 2,3 пайызға кеміп, 25 мың адам болды. Біздің елге келгендер – 3209 адам, елден кеткендер – 2650 адам, осылайша миграциялық сальдо 559 адамды құрады. Алдын ала болжанғандай осы жылы тұңғыш рет Қазақстанның тарихында халық саны 17 миллиондық межеге жетеді.
Жалпы, демографиялық мәселе біздің ел үшін қазіргі таңдағы маңыздылардың бірі. Кеңес Одағы орнаған тұста қазақ халқының демографиялық потенциалы өте жоғары болатын. Сол кезеңде қазақтар Орталық Азияда басқа этностардың арасында саны жағынан ең көбі болды. Қазіргі күнді алатын болсақ, көршілес Өзбекстанның халық саны 30 миллионға жетіп отыр, ал Қазақстанда 17 миллионға жуықтап қалды (оның ішінде 11 млн. қазақ).
Кейбір тарихи оқиғалар қазақ халқының демографиясына үлкен соққы тигізді. Оның ішінде қазақ даласында орын алған ашаршылықтың зардабы
ауыр болды. Белгілі демограф Мақаш Тәтімовтың айтуынша, аштық әсерінен қазақтар халық санының жартысына жуығынан айырылған. Сонымен қатар, екінші дүниежүзілік соғыста 2 миллионнан аса қазақтың 350 мыңы соғыста қайтыс болды. Демографтың ойынша, егер осы оқиғалар болмағанда, қазақтардың саны осы күні 32-35 миллионға жетуі мүмкін еді.
Территориясының көлемі бойынша тоғызыншы орын алатын Қазақстанда бір шаршы шақырымға не бары 6,2 адамнан ғана келеді екен. Халық тығыздығы бойынша мемлекетіміз әлем елдері арасында 184-орында тұр.
2010 жылдың басында қазақтардың үлесі 63,6 орыстар 23,3 өзбектер 2,9 украиндар 2 ұйғырлар 1,4 татарлар 1,2 немістер 1,1 басқа этностар 4,5 пайызды көрсетті.
120. Қазақстанда Президенттік билік институтының енгізілуі.
біздің елімізде «Президенттік билік институты» қашан құрылды және заманауи талаптарға сай қалай жасақталып дамыды деген мәселеге келсек. Еліміз тәуелсіздік алар шақта уақыттың қойған талабына, заманның ағымына сай мемлекетті басқарудың жаңа жүйесін құру және қалыптастырып дамыту қажет болды. Міне, дәл осы тұста Қазақстандағы саяси элитаның алдына күрделі мәселені шешу міндеті қойылды.
Елімізде 20 жыл бұрын басталған демократиялық қайта құрулар, саяси жаңарулар нәтижесіне ел болашағы тәуелді еді. Сондықтан осы бағытта жасалған алғашқы қадам 1990 жылғы 24 сәуірде Президент қызметін ендіру туралы шешімнің қабылдануы десек қателеспейміз.
ХХ ғасырдың 90-жылдарындағы жаһандық үдерістердің тереңдей енуімен бірге дүниежүзінде орын алған жаңалықтардың бірі – кеңестік социалистік республикалар одағы (КСРО) ішкі құрылымдық шиеленістер бүкіл әлемдегі ауқымды өзгерістерді тездетті. КСРО-да азаматтардың бұрынғы кеңестіктердегі, яғни тұтас кейіптегі дағдыланып, аңыз болып келген көзқарасы, одақтас елдерге адамдардың өмірге деген бейімділігі, демократиялық құрылыс пен нарықтық экономика-ға еркін бойлауы, бұқаралық ақпарат құралдарының тәуелсіздігі мен биліктің сайланбалығы өмірдің барлық саласында қалыптаса бастады.
90-жылдардың ортасына қарай жалпы қоғамдық өмірде қайта құрулар орын алып, халық шаруашылығының барлық саласына жаңа өзгерістер ене бастады. Мұндай жаңа өзгерістерді Қазақстанның зиялы қауымымен бірге тұңғыш президентіміз Н.Ә.Назарбаев қабылдап жүзеге асырды. Сөйтіп, Қазақстан тарихының жаңа кезеңі басталды. Осы орайда Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың: «Даму стратегиясын ұлттық мемлекеттік ерекшеліктерімізді, саяси тарихымыз бен мәдениетіміздің өзіндік сипаттарын, кеңестік жүйеден қалған стеориотиптерді, этникалық дәстүрлерімізді, өркениеттік-мәдениеттік аямызды түгел ескере отырып өзіміз анықтауымыз қа-жет» деуі әр азамат санасында ел тағдырына, ел болашағына қатыстылық сезімін ұялатты.
КСРО-ның ыдырауынан бүгінгі Қазақстан тарихының жаңа беті ашылып, өтпелі кезең басталды. Осылайша егемендігін алған Қазақстан үшін тоталитаризм бұғауынан демократиялық қоғамдық құрылысқа өту басты міндет болып табылды. Сонымен, Қазақстандағы жаңарулар негізі – тәуелсіздігі мен егемендігі. Ал қоғамдық құрылысты модернизациялаудың басты өзегі демократиялық реформалар деп тұжырымдауымызға негіз бар. Еліміздегі өзгерістер ерекшелігі – төңкеріс арқылы емес, бейбіт, эволюциялық жолмен жүзеге асты.
Кезінде, 1991 жылы Президент Н.Ә.Назарбаевтың: «…Біздің міндетіміз – адамзат жинаған тәжіри-бені ескере отырып, біздің республиканың көпұлтты халқының мүдделері мен ерекшеліктерін ба-рынша ескеретін өз жолымызды іздеп табу», – деп анықтауы Қазақстанның даму жолын таңдауында өзіндік рөл атқарғаны сөзсіз.
1990 жылы 25 наурызда өткен ҚазССР-інің 12-ші шақырылымдағы Жоғарғы Кеңесіне сайлау науқа-нында анық байқалды. Жоғарғы Кеңес сайлауына бұрын-соңды болмаған жоғарғы бәсекелестік тән болды. Осы аталған депутаттардың бірінші сессиясында 1990 жылдың 24 сәуірінде ұзақ пікірталастан кейін депутаттардың басым көпшілігінің қолдауымен «Қазақ ССР Президенті қызметін тағайындау және Қазақ ССР Конституциясына (Негізгі Заңына) өзгерістер мен толық-тырулар енгізу туралы» Қазақ ССР-інің заңы қабылданды. 1990 жылы 24 сәуірде жоғарғы Кеңесте заң қабылдағаннан кейін, Президентті сайлауда жасырын дауыс беруге қатысқан 335 депутаттың 317-сі Н.Ә.Назарбаевты қолдап, 18-і қарсы дауыс берді. Нәтижесінде Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның тұңғыш президенті болып сайланды. Н.Ә.Назарбаевты бұл жоғарғы лауазымдық қызметке Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің 21-пленумы бірауыздан ұсынған болатын. Бірақ бұл кезеңде Президенттік институт туралы айту ертерек еді. Тек Президент қызметі енгізіліп, Президент Жоғарғы Кеңеспен сайланды.
Президент мәртебесі мен өкілеттігін анықтау барысындағы келесі маңызды құжат – 1990 жылы 25 қазанда қабылданған Қазақ ССР Мемлекеттік егемендігі туралы Декларация. Декларацияда алғаш мемлекеттік билік бөлінісі жарияланды. Заң шығарушы билік – Жоғарғы Кеңесте, Президент – Рес-публика басшысы және онда ең жоғары өкімдік-атқарушы билікті иеленді.
1991 жылғы 16 қазандағы Жоғарғы Кеңестің кезектен тыс VI сессиясында Қазақ КСР Президентін сайлау туралы заң қабылданып, осы жылдың 1 желтоқсанына президенттік сайлау тағайындалды. Заңға сәйкес Президентті сайлау жолы өзгертілді. Сөйтіп 1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстан
Республикасының азаматтары қазақтың мыңжылдық тарихында тұңғыш рет өз Президентін бүкіл халық болып сайлады.
Қорытындылай айтсақ, еліміздегі «Президенттік билік институты» өзіндік даму эволюциясын басынан кешірді. Заман талабына сай демократиялық өзгерістер мен қатар өркениетті қоғамға қадам басқан еліміз өзінің тарихи таңдау жолына түсті.
121. ҚР-дағы өндірістік модернизация: жүзеге асырудағы ерекшеліктер мен қиыншылықтар.
Адам әрекеті нәтижесінде табиғи кешендердің өзгеруі
Адамның шаруашылық әрекеті табиғаттың өзгеруіне әсер ететін ерекше фактор. Адам еңбек пен ақыл ойдың арқасында қоршаған ортаға бейімделумен қатар, оны өзгертеді. Сондықтан табиғатты өзгерту барысында адамзат оның кейінгі зардаптарын да ескеруі қажет. Табиғат кешендеріне кері әсер ететін озық ғылыми-техниканың тікелей қатысы жоқ. Ол өзгерістерге кінәлы прогресс емес, техникалық жобаларда адамның шаруашылық әрекетінің әсері есепке алынбаған. Жауын-шашын мөлшерін, топырақ ылғалдығын ескерместен топыраққа минералды тыңайткыштар енгізу, ол заттардың шайылып, өзендер мен бөгендердің ластануын туғызды. Мұның бәрі қаншама еңбек пен шикізатты зая кетірумен бірге, қоршаған ортаның жағдайын нашарлатады. Ірі бөгендер салуда аумақтың табиғат ерекшеліктерін ескермеу мезгілсіз батпақтануға, топырак, өсімдік жамылғысы мен сол жердің микроклиматының өзгеруіне әкеп соғады. Қазіргі кезде антропогендік ландшафтар басым. Ландшафтарды жақсарту үшін оларды өзгертетін шаралар жүргізеді. Соның бірі – мелиорация. Мелиорация жердің жағдайын жақсарту мен оны пайдалану тиімділігін арттыруға бағытталған шаралардың жиынтығы болып табылады. Табиғатты тиімді пайдалану, көркейту және қорғау кешенді түрде қарастырылуы қажет. Рио-де-Жанейро декларациясының қағидаларын есепке ала отырып Қазақстанның экологиялық қауіпсіздігі проблемалары және қоршаған ортасының жағдайына ғаламдық, ұлттық және жергілікті деңгейде қаралуын қарастырады.
Ғаламдық экологиялық проблемаларға климаттың өзгеруі, озон қабатының бұзылуы, биоәртүрліліктің азаюы, шөлейттену және жердің құлдырауы (деградация) жатады. Ұлттық экологиялық проблемалареа экологиялық апатты аймақтар; Каспий теңізі қайраңы ресурстарын белсенді игерумен байланысты проблемалар; тарихи ластану; трансшекаралық мәселелер; әскери ғарыштық және тәжірибелік кешендер полигондарының әсерін жатқызуға болады. Жергілікті экологиялық проблемаларға ауа бассейнінің ластануын, радиоактивті, тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтары, табиғи және техногендік төтенше жағдайларды жаткызуға болады. Адам әрекетінен Қазақстан жерінде тез шешуді қажет ететін проблемалар бар.
Семей ядролық полигоны
Семей полигоны Қазақстан картасында
Толық мақаласы: Семей полигоны
Еліміздің тарихындағы ең қайғылы парақтардың бірі - Семей ядролық сынақ полигонының өмірге келуі Алғашқы атомдық жарылыс дауысы 1949 жылы тамыздың 29-ы, таңғы сағат 7-де естілді. Семей ядролық полигоны ауданында 450-ден астам жер үсті және жер асты ядролық сынақтарының өткізілуі нәтижесінде атмосфераға, гидросфераға және литосфераға өте үлкен мөлшерде радиоактивті материалдар шығарылды. Тек Семей ядролық полигонының ғана емес, соған жақын жатқан орасан үлкен аумақтар да (Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Жезқазған облыстары және Ресей Федерациясының Алтай өлкесі) радиоактивті ластануға ұшырады. Соның нәтижесінде сол аумақтағы көптеген тірі ағзалар және тұрғын халықтар зардап шекті.
Қазақстандағы сансыз ядролық зерттеулердің салдарлары әлі де толық зерттелген жоқ. Белгілі ақын Олжас Сүлейменовтың басшылығымен Невада—Семей экологиялық қозғалысы Семей ядролық полигонында сынақтар өткізуге толық тыйым салды. Бұл қозғалысқа Қазақстанның көптеген халқы кеңінен қатысты. Қазақстан Президенті Н. Ә. Назарбаев республикада ядролық сынақтар өткізуге мораторий жариялады. (Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы» Жарлығына 1991 жылы тамыздың 29-да қол қойылды.) Соңғы сынақтардан бері он жылдан астам уақыт өткеніне қарамастан, Семей ядролық полигонының белдемі күні бүгінге дейін экологиялық кауіпті аудан болып есептеледі. Өйткені онда ұзақ сақталатын радиоактивті заттар жинақталған. Полигон аймағында күні бүгінге дейін топырақ және өсімдіктер ластанған. Қазақстан Үкіметі Семей ядролық полигонымен шектесіп жатқан аудандар аймағындағы экологиялық жағдайды жеңілдету жөнінде бірқатар шұғыл шаралар қабылдады. АҚШ пен Жапония үкіметтері Семей ядролық полигоны аймағында экологиялық зерттеулерді жүргізуге елеулі қаржылық көмек көрсетуде.[1] КСРО заманында Қазақстан аумағында атом бомбалары сынақтан өтті. Ол үшін арнайы 18 млн га жер бөлініп, Семей ядролық полигоны ашылды. Бастапқысынды адамдарға, жануарлар мен табиғатқа тікелей зардабын тигізген ашық сынақтар жасалды. Сосын оларды жер астына жасай бастады. Атом бомбаларының жарылыстары сұмдық ауыр болды. Семей маңындағы радиациялық әсер аймағында тұратын 500 мыңдай адам осы сынақтан азап шекті. 1949 жылдан 1963 жылға дейін жер
бетінде жасалған сынақтардың зардабы әсіресе мол болғаны рас. Бұл аймақтағы аурулардың есеп-қисабы 1990 жылға дейін мұқият жасырылып келді. Облыста онкологиялық, жүрек-қан тамыр, жүйке және психикалық аурулар саны күрт өсті. Азап шегіп, өлім құшқан адамдар қаншама. Отбасыларында кемтар балалар көбейді. Бұның өзі қазақ ұлтының келешегіне төнген зор қауіп болатын 1980 жылдардың аяғына қарай халықтың төзімі таусылып, шегіне жеткен еді. Басқа ядролық державалармен салыстырғанда, Қазақстан аумағында қиратқыш әлуеті жағынан орасан зор ядролық арсенал болды. Қазақстандағы қарудың жиынтық ядролық қуаты бұрынғы Кеңес Одағының барлық ықтимал дұшпандарының аса маңызды стратегиялық объектілерінің барлығының тамтығын да қалдырмауға жетіп артылатын. Бұл қаруды қолдану миллиондаған халқы бар мыңнан астам қаланы, ол былай тұрсын, тұтас бір мемлекеттерді, тіпті континенттерді жермен жексен етуге мүмкіндік беретін. Қазақстан стратегиялық қару-жарақ пен оны жеткізу құралдары орналастырылған жай ғана орын болған жоқ. Біздің елде жайласқан сұмдық әскери-техникалық әлует қуаты жағынан тұтас бір индустрия, өзіндік бір «мемлекет ішіндегі мемлекет» еді. КСРО-ның ыдырауы нәтижесінде Қазақстан толық әскери ядролық циклды: ядролық қаруды сынау, жаңғырту және өндіру циклын жүзеге асыру мүмкіндігі алды.
Ядролық сынақтар
Семей ядролық полигонындағы сынақтардың жалпы саны 456 ядролық және термоядролық жарылысты құрады. Олардың 116-сы ашық болды, яғни жер бетіндегі немесе әуе кеңістігінде жасалды. Семей полигонында әуеде және жер бетінде сынақтан өткізілген ядролық зарядтардың жалпы қуаты 1945 жылы Хиросимаға тасталған атом бомбасының қуатынан 2,5 мың есе көп болды. 1949 жылғы 29 тамызда тұп-тура таңғы сағат жетіде көз ілеспес жылдамдықпен ұлғайып бара жатқан отты доп кенеттен Жер денесіне қадалып, оны шарпып өтіп, аспанға көтерілген. Отты шардан соң, сұрапыл қуат пен көз қарастырар сәуле бас айналдырып жібергендей бір сәтте жер қабығының ыстық күлі мен иісі көкке көтерілген. Жер лыпасының өртең иісі қолқа атар түтіннің ащы иісін қолдан жасалған жел әп-сәтте жан жаққа таратты. Таяу жерлердегі сирек ауылдарда тұратын адамдар дір ете түскен жер мен жарты аспанды алып кеткен от-жалынға таңырқап, үйлерінен қарап тұрған. Жалғыз түп шөп қалмаған, түтігіп қарайып кеткен даланың тұл жамылғысы. Жан-тәсілім алдында жанталасқан тышқандардың, қарсақтардың кесірткелердің өлі денесі табылған. Жаңадан келгендер бұл тозақты Семей ядролық сынақ полигоны ретінде белгілі № 2 оқу полигонында РДС-1 (зымырандық көрсеткіш снаряды) плутоний зарядан жер бетінде сынақтан өткізу жарылысы деп атады. Бұл КСРО-да тұңғыш атом бомбасының жарыдуы еді. Полигонда жаңа таталды жұлдыздың тууын Лаврентий Берия, Сергей Курчатов, әскери бастықтар мен атақты ғалымдар, Кеңестік атом бомбасының толып жатқан идеологиялық, идеялық және техникалық аталары тасадан бақылап тұрды.
Тұңғыш атомдық жарылыстың радиоактивті өнімдері аймақтың барлық елді мекендерін жауып қалды. Көрші қонған әскери объектіде не болып жатқаны туралы титімдей түсінігі жоқ жақындағы ауылдардың тұрғындары радиациялық сәуленің сұмдық дозасын алды. Халыққа сынақ туралы ескертілмеген де еді. Ядролық жарылыстар туралы халыққа 1953 жылдан бастап қана ескертіле бастады. Онда адамдар мен малды радиоактивті заттардың таралу аймағынан уақытша көшіру, оларды қарабайыр қорғаныш объектілеріне, орларға немесе кепелерге жасыру көзделді. Алайда жарылыстан кейін адамдар радиациядан былғанған жерлердегі өз үйлеріне оралып отырды. Жарылыс толқыны көптеген үйлер терезесінің шынысын ұшырып жіберген, кейбір үйлердің қабырғалары қирады. Кейінірек сынақ алдында уақытша көшірілген адамдар полигон жанындағы туған жерлеріне қайтып орала бастағанда, олардың көбісі үйінің орнын сипап қалды, не қақырап кеткен қабырғаларды көрді. Семей ядролық полигонындағы сынақтардың әсері туралы алғашқы шын да жүйелі деректер Қазақ КСР Ғылым академиясы жүргізген кең ауқымды медициналық-экологиялық зерттеулердің нәтижесінде алынды. Зерттеулерді, ғылыми экспедицияларды профессор Б. Атшабаров басқарды. Радиацияның адамға ықпалының механизмі қазіргі кезде едәуір жақсы парықталған. Бұл орайда ең қауіптісі – иондалатын радиацияның ықпалы гендік кодты дауасыз өзгерістерге соқтыруға мүмкін екендігі. 1949 жылғы алғашқы жер бетіндегі жарылыстан бастап Семей және Павлодар облыстарының радиациялық сәулеленудің ықпалына ұшыраған басқа аумақтардың тұрғындарының арасында сырқат санының ұдайы өсіп келе жатқаны байқалады. Бұлар өкпе мен сүт бездерінің рагы, лимфогемобластоз және басқа да қатерлі ісікті патологиялары. Жалпы алғанда рак ісігі сынақтар басталғалы бері үш есе өсті. Семей полигонына жақын нақ сол аудандарда жетілуіндегі әртүрлі ауытқулар, тәндік және естік кемшіліктер әрқилы сәбилер дүниеге ерекше көп келеді. Мамандардың айтуынша, соны бәрі нақ қысқа мерзімді және қалдықты радиацияның кесірінен болатын генетикалық мутациямен байланысты. Адамдар ғана емес, жер де азап шегеді. Жылма-жыл радионуклидтердің жинала беруі жердің құнарлығын азайтады. Жерде орасан зор микроэлементтер: темір, мыс, магний және басқа металдар әрттүрлі дәнді дақылдар адам организміне сіңеді.
Сутегілік құрылымы РДС-2 бұйымы дегеннің қуаты жағынан соған дейін болып көрмеген. Жарылысы 1953 жылғы 12 тамызда Семей ядролық полигонының төңірегін тетірентті. Оның қуаты 480 килотонна еді. Жарылыстан кейін пайда болған нарттай жанған радиоактивті газдардың саңырауқұлақ секілді бұлты 16 километр биіктікке көтерілді. Осы жарылыстан кейін радиусы ондаған километр болатын жерде дала шөптері бірнеше күн бойы көгілдір сәуле шығарып тұрды. 1955 жылы 22 қарашада ТУ-16А әскери бомбалағышы Семей полигонының үстінен ұшып бара жатып, жаңадан жасалған қуаты 1,7 мегатонна болатын, термоядролық РДС-37 зарядын тастады. Бомба бір жарым километрлік биіктікте жарылды. Бұл
жарылыстың соққы толқыны мен жер қабатының дірілі бүкіл дерлік Қазақстан аумағы мен Ресейдің көршіліс аймақтарында сезілді. 1962-1989 жылдар арасында Семей полигонындағы Дегелең тауының жер астындағы шахталарында 340 жарылыс жасалды. Бұл арада жыл сайын 14-18 ядролық сынақ өткізіліп тұрды. Осынау жарылыстың салдарынан бір көздері жартастардан құралған Дегелең тауы іс жүзінде киыршық тас үйіндісіне айналды. Жер астындағы әрбір үшінші жарылыстан соң, жарылыс нәтижесінде пайда болған жарықтар мен саңылаулардан радиоактивті газ шығып кетіп жатты. 1989 жылы 12 ақпанда кезекті жоспарлы ядролық сынақ өткізді. Үңгірлердің бірінде қуаты 70 килотоннадан астам ядролық заряд жарылды. Соның салдарынан жер бетінде саңылаулар пайда болып, олардан екі тәулік бойы радиоактивті газдар шығып жатқан. Содан пайда болған радиоактивті бұлт 30 мыңнан астам адам тұратын аумақты бүркеді. Бұл аймақта радиациялық фон 3000-4000 микрорентгенге жетті. Бұл көрсеткіш қалыпты жағдайда сағатына 15-20 микрорентген болатын табиғи радиациялық фоннан екі жүз есе асып түсті.
Бір кездері ядролық полигон нақ Семей жерінде неге құрылды деген сұрақтың жауабын іздегенде сол кезде бұл өңір Кеңес Одағының адам ең аз қоныстанған, сонымен бірге негізгі коммуникация жерлерінен оншалықты қашық емес деген сөздер шыққан. 1989 жылдың ақпанында Семейдегі атом полигонын табу үшін күресті бастауға ұйғарған «Невада - Семей» қозғалысының алғашқы митингісі өткізілді. Оны басқарған – белгілі қоғам қайраткері, ақын Олжас Сүлейменов. Сол жылдың 6 тамызында Семей облысының Қарауыл ауылында ядролық қаруды сынауға мораторий жариялау жөніндегі ұсынысты КСРО және АҚШ Президенттеріне үндеу қабылданды. Онда былай делінген болатын: «Сайын даламыз ядролық жарылыстардан қалтырап бітті, сондықтан да онда ары қарай үнсіз қалу мүмкін емес. 40 жыл ішінде бұл арада мыңдаған Хиросималар жарылды. Біз келешекті қауіппен күтудеміз. Уайымсыз отырып, су мен тамақ ішу, өмірге нәресте әкелу мүмкін емес болып барады. Қазақстандағы ядролық қаруды тоқтату үшін, өз үйімізде бейбітшілік пен тыныштық орнату үшін, өз құқықтарымыз үшін күресу мақсатында біз «Невада - Семей» қозғалысын құрдық». Осы уақытқа дейін үнсіз тығылып келген халық бір дауыстан «ядролық қаруға жол жоқ!», «Сынақтар тоқтатылсын» деп мәлімдеді. Ядролық сынақтардың қатері жөнінде барлық бұқаралық ақпараттары құралдарында, телевидение мен газеттерде әңгіме бола бастады. Түрлі елдердің парламенттері өз сессияларында қозғалыс ұрандарын талқылап жатты. Радиациялық сәулелердің зардаптары жайлы дәрігерлер мен ғалымдардың ашық әңгіме қозғауға батылдары жетті. Бұқараның қысымымен Семей полигонындағы сынақтар саны азая бастаған еді. Халықтың бастамасымен тұңғыш ретКСРО Үкіметі ядролық қаруды сынауға тыйым салу – мораторий жасау туралы шешім шығарды. Қазақстан Республикасының егемендігі туралы Декларацияда ел ауағы ядросыз аймақ деп жарияланды. Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаев Семей полигонын жабу туралы Жарлық шығарған күні – 1991 жылдың 28 тамызы. Сөйтіп тиянақтылық пен елімталдық көрсеткен қазақ халқы өз мақсатына жетті: ең үлкен полигон жабылып, атом қаруынан бас тарту әрекеті жасала бастады. Семей полигоны жабылғаннан кейін Ресейдің, АҚШ пен Францияның полигондарында ядролық қаруды сынауға мораторий жарияланды. 1991 жылдың 29 тамызында Семей ядролық полигоны жабылып, 1992 жылдың мамырында оның базасында Курчатов қаласындағы Ұлттық ядролық орталық құрылды.[2][3][4]
Каспий теңізінің экологиялық проблемасы
Каспий теңізінің алып жатқан географиялық орнына байланысты (шөл зонасы) еліміздің шаруашылық саласында атқаратын маңызы өте зор. Сонымен қатар сол маңдағы шөлді алапқа ылғал әкелуші су айдыны ретінде де үлкен рөлі бар. Солтүстігіне құятын Еділ өзенінде бөгендердің салынуы, мұнай кәсіпшілігінің өркендеуі теңіздің экологиялық жағдайын нашарлатты. Соңғы жылдары бұл аймақ мұнай мен газды өндірудің маңызды экономикалық ауданына айналды. Теңіз деңгейінің көтерілуіне байланысты бұл аймақ табиғи апат жағдайына ұшырады. Табиғи қорларын игеруде де, бұл аудандағы табиғат компоненттерінің өзгеруіне байланысты мынадай проблемалар туындауда:
экологиялық апатты аймаққа жататындықтан, негізгі әрекет етуші Капустин Яр, Азғыр полигонының ұзақ уақыт бойы жұмыс істеуіне байланысты тұрғын халықтардың денсаулығының күрт нашарлауы;
мұнай мен газдың өндірілуіне байланысты тіршілік дүниесінің өзгеруі, балықтардың (бекіре) қырылуы, уылдырық шашатын көксерке балықтарының кеміп кетуі;
осы теңізге ғана тән (эндемикалық) итбалықтың мезгіл-мезгіл қырылуы;
аңызақ жерлердің шаруашылыққа тигізетін кері әсері (жел эрозиясы).
1. Каспий теңізінің солтүстік жағасы, Еділ мен Жайық өзендері аралығының көп жері Атырау облысының Құрманғазы ауданына қарайды. Теңіз жағасының шекарасын Еділ өзенінің теңізге құятын Қиғаш саласы анықтайды. Осы Қиғаш өзенінен Исатай ауданының Забурын елді мекеніне дейінгі жағалық аймақ түгелдей Құрманғазы ауданының жері. Бұл жердің экологиялық жағдайынан сөз қозғау үшін оның бұрынғы жағдайы қандай екеніне көз жеткізу керек. Бұрын бұл жердің кеңестік кезеңге дейін, онан кейін де теңіз суының және оның құрлыққа суғына кіріп жатқан шалқыған саналуан сулы шығанақтары мен теңізден бөлініп қалған көлдері көп болды. Қай кездерде де осы көлдерден, шығанақтардан жергілікті халық балық аулап, олардың түрлі өнімдерін шығаратын шағын да ірі кәсіпорындарына тапсыратын. Оларды балықшылардың тілімен айтсақ «Балық батағалары» дейтін. 1925 жылдан бастап Каспий теңізінің суы тартылып, барған сайын азайды. 1930 жылы бұл су арналары, шығанақтар сусыз қалды. Біртіндеп тартылған теңіз суы 100 километрге қашықтаса, кейіннен ол одан екі есеге жуық қашықтап кетті. Балық батағалары жабылды. Аудандағы кеңестік кезеңде құрылған балық колхоздарының балықшылары теңізге балық аулауға шығатын
кеме-қайықтарын Астрахань облысы аумағына қарасты теңіз жағасындағы «Тұмақ» аралына күзде тастап, көктемде сол жерден жарақтанып теңізге шығатын болды. Бұрынғы теңіз ротасындағы Белужий, Трешкин, Дементьев, Қарабөлек, Ленкоса, Комсомольск, Бесшифер, Жаркөсе, Әбу аралдары қара жерге жалғасты. Бұл аралдар соңғы 30-40 жылдар бойы Атырау облысы мал шаруашылықты колхоздарының мал азығын дайындайтын учаскелерге, малшылардың қыстақтарына айналды. Қиғаш өзенінен Забурын елді мекеніне дейігі 200 километрге жуық жердегі халықтың байырғы қонысы сусыз қалды. Оншақты колхоздар тұрақты тұра алмағандықтан Қиғаш, Шарон өзендерініңбойына қоныс аударды. Бірақ бұл сусыз қалған мыңдаған гектар жерді малшылардың қонысына, жайылымға айналдырар бағдарламасы ел алдына қойылды. Каспий экологиясына мұнай өндірудің қаупі қанша және Каспий аймағының ахуалы
Каспий теңізі қайраңында кең көлемде басталған бұрғылау жұмыстары теңізге қауіп төндіре ме? Әрине. Әлемнің әр түкпірінде болып жатқан экологиялық апаттардың ащы сабағынан оң қорытынды шығармасақ, Каспийдің келешегіне де қауіп төнеді. Қазір мұнда тек іздестіру шаралары ғана жүргізілуде. Осындай геологиялық жұмыстардың барысында-ақ бірнеше оқыс оқиғалар орын алды. Алдымен итбалықтардың, соңынан құстардың жаппай қырғынға ұшырауы теңіздің қазақстандық бөлігінде дабыл қағылар жағдайдың қазір-ақ қалыптасып келе жатқанын аңғарды. Ең сорақысы – сол апаттардцың аяғы анықталмай, себебі сараланбай қалғандай. Аджип компаниясы азды-көпті айыппұл төлесе, бұл осымен іс тыңды деген сөз емес. Бізге “қара алтын” игеру жолында табиғатты құрбандыққа шалмау, қоршаған ортаны таза күйіде сақтау жолындағы шараларды қолға алатын кез жетті. Жалпы, адам мен табиғаттың байланысы ықылым замандарда қалыптасқан. Адамзат өзінің өмірлік қажеттілігін қоршаған ортадан алады. Бұл үлес қазір артып келеді. Бүгінде қоғам қажеттілігінің 80%-ы табиғи қорлардан алынады. Осы қарқын алдағы уақытта да сақталса, мұнығ арты табиғи ортаның азуына, яғни деградацияға апарып соқтырады. Бұл – табиғаты күрделі аймақта орналасқан Атырау облысы үшін үлкен қауіп. Күн тәртібінде Каспий теңізінің су алып, су басып кеткен аймақтарындағы ұңғымаларды жою проблемасы тұр. Ұңғымаларды жою жөнінде шұғыл шаралар Каспий теңізінің акваториясы үшін жағымсыз салдарларға әкеп соқтыруы мүмкін. Аймақта үш басты экологиялық проблемасын атап өтуге тболады: 1. Қошқар-Ата қалдық сақтау қоймасының проблемасы, онда 105 млн тонна улы және радиоктивті қалдықтар сақталады. СКЗ және ХГМЗ зауыттарының толық тоқтап тұруына байланысты 1988 жылдан бастап ағынды сулар ағызылып жіберілмейді. Сұық фазаның деңгейі төмендеуде. Қазіргі уақытта жалпы көлемі 77км жер тазартылып, көлемі 30км жағажайлар пайда болды. Қалдық сақтау қоймасы жөніндегі проблемалық мәселелерді шешу үшін миллиондаған қаражат қажет. 2. БН-350 реакторлық зауытының істен шығуы, оны радиациялық қауіпсіз жағдайға келтіру. 3. Каспий теңізінің Солтүстік теңіз қайраңында мұнай операцияларын жүргізу және Каспий теңізінің теңіз қайраңын игеру кезінде қоршаған ортаны қорғау жөніндегі мәселелерді шешудегі негізгі проблемалардың бірі – толыққанды экологиялық мониторингтің болмауы. Қазақстан Республикасының оны жүзеге асыру үшін тиісті база жасақталмаған. Аймақтың тағы да бір проблемасы қоршаған ортаны қорғау компоненттеріне жасалған толыққанды мемлекеттік мониторингтің жоқтығы болып табылады. Теңіз көлігінің көтеріңкі қарқынды қозғалысы нәтижесінде теңіз ортасына, оның флорасы мен фаунасына әсері өрши түседі, ол жағалаудағы аймақтарға және сулы ортаға экологиялық мониторинг жүргізуді талап етеді. Каспий теңізі жағалауының 1350 км бақылаусыз қалып отыр. Қазіргі уақытта құрғақ жүктерден басқа жылына 5 млн мұнады тасу жүзеге асырылатын теңіз портының жұмысына тұрақты бақылау жетіспейді. Зертханалар мен инспекторлық құрамның көптігінен теңіз портының акваториында, сондай-ақ Каспий теңізінің қалған аумағындағы теңіз суының сапалы құрамына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын жағдай жоқ. 3. Аралдың экологиялық проблемасы
Арал теңізі деңгейінің төмендеуі(1960-2010 жж.)
Бұл проблеманың тууына себепші болған - адам әрекеті. Ұзақ жылдар бойы Аралға құятын ірі өзендер Әмудария мен Сырдарияның суын теңізге жеткізбей, түгелдей дерлік егістіктерді (мақта, күріш) суландыруға пайдаланылып келді. Буланушылық дәрежесі жоғары болатын шөл зонасында орналасқан теңіз суының көбірек булануы оның тартылуына әкеп соқты. Қазіргі кезде Арал теңізі екі су айдынына Үлкен және Кіші теңізге бөлінген. Арал теңізіндегі суы тартылған бөліктің ауданы 30 мың км² жетеді. Ғалымдардың есептеуі бойынша, теңіз табанынан атмосфераға жылына 200 млн тоннаға дейін тұзды шаң-тозаң ұшады. Теңіз суының шегінуінен оның жағалауындағы 800 гектар тоғай, жануарлар дүниесі жойылып, теңіз айналасы бұл күнде тіршілігі жоқ құмды, сортаң жарамсыз жерлерге айналды. Теңіз суының тартылуынан мұнда теңдесі жоқ Барсакелмес қорығы жойылды. Бұл өзгерістер өз кезегінде сол аймақ тұрғындарының денсаулығына кері әсерін тигізді. Аралды сақтап қалуға арналған Халықаралық қордың құрылғанына 15 жыл толды. Осы жылдар аралығында аткарылған жұмыстар аз емес. Аралды қалпына келтіру үшін көптеген іс-шаралар қаралып, жобалар жасалды. Кіші аралдың оңтүстігіне ұзындығы 12 км болатын Көкарал бөгені салынды. Соның салдарынан Кіші Аралдың (Солтүстік) деңгейі 42 метрге, аумағы 800 шаршы километрге ұлғайды. Суы тартылып қалған тұзды көлдің табанын жауып, көлге тіршіліктің нышаны енді. Ғалымдардың айтуынша Аралдан ұшқан тұзды дауылдың бір ұшы Гренландия мұздықтары мен Норвегияның орманды алқабына да жеткенін дәлелдеген еді. Еліміздің көлемді атқарып жатқан іс-шараларының алды, аймақтың және жергілікті жердің экологиялық жағдайын көтеру. Бүгінгі күні Солтүстік Арал маңына халықтар қайта қоныстанып, үй салып, балық шаруашылығымен қайта айналыса бастады.
АРАЛ ТЕҢІЗІ - Өзбекстан мен Қазақстан (Қызылорда және Ақтөбе облысы) жерінде, Тұран ойпатының шөлді белдемінде, Үстірттің шығыс шетінде орналасқан тұйық көл. Алабындағы қарқынды антропогендік әрекеттерге дейін (1960 — 70 ж.) дүн. жүз. теңіз деңгейінен 53,0 м биіктікте жатқан (кестені қ.). Осы деңгейдегі айдынының ауданы 66,1 мың км² (аралдарымен қоса), суының көл. 1064 км3, орташа тереңд. 16,1 м (ең терең жері 67 м), ұзындығы 428 км, ені 235 км, су жинау алабының ауданы 69000 км² болған. Алабындағы шаруашылық мақсаттарға үздіксіз су алу барысында 1998 ж. теңіз деңгейі 18 м-ге төмендеді (1997). Нәтижесінде теңіз 2 суқоймаға — Үлкен Арал және Кіші Аралға бөлініп қалды. А. т. көне замандардан белгілі. Ежелгі гректер мен римдіктер теңізді Каспийдің "сақ шығанағы" деп есептесе, А. Македонский кезінде Окс теңізі (Окс — Сырдарияның грекше аты) деп атаған. Кейін Птолемей оның геогр. орнын анықтаған. А. т-нің Хорезм т., Жент т., Кердері т. сияқты аттары да бар. Араб саяхатшылары Әбу Әли Ахмед ибн Русте (10 ғ.), Әбу Исхақ әл-Истахри (10 ғ.), Әбу Абдал-лаһ Мүхаммед ол-Идриси (12 ғ.), Әбу-л-Фида (14 ғ.), сондай-ақ Әбілғазы жазбаларында А. т. туралы деректер кездеседі. 1850 ж. Аралдың алғашқы толық картасы жасалды. Теңіздің морфометриялық сипаттамаларын тұңғыш рет (1874,-1889) И.А. Стрельбицкий анықтады. Арал ойысы жоғарғы плиоценде жер қыртысының төменге майысуы нотюкесінде қалыптасқан. Табанының бедері жота-жоталы жазық болып келеді. Деңгейі күрт төмендегенге дейінгі тереңд. 20 — 25 м, А. т-нде жалпы ауданы шамамен 2235 км² (айдынның 3,5%) болатын 1100 аралдар тобы болған, кейін олардың бірқатары түбектерге айналып, құрлыққа қосылған. А. т-не Орталық Азияның 2 аса ірі өзені (Әмудария мен Сырдария) құяды. Климаты континенттік, кұрғақ, ауаның орташа температурасы жазда 24 -26°С, қыста -7,0 - 13,5°С. Жьылдық жауын-шашынның орташа мөлш. шамамен 100 — 150 мм. Табиғи жағдайдағы теңіздің су теңдестігінің құрамы: көл бетіне жауатын жауын-шашынның мөлш. 5,9 км3, өзен ағындысы 54,8 км3, көл бетінен буланған ылғал 60,7 км'. 1970 ж. бастап көлге құятын өзен ағындысы жоққа тән болғандықтан, булануға кеткен шығынды толтыруға шамасы жетпейді, сондықтан теңіз суы жылдан жылға тартылып келеді. Су деңгейінің маусымдық тербелісінің орташа мәні 25 см, көп жылдық (ғасырлық) ауытқуы 3 м-ге дейін жеткен. Соңғы кезде маусымдық кұбылмалылық болмаса, су деңгейінің көпжылдық ауытқу көрсеткіші тек төменге бағытталған. Судың беткі қабатының температурасы жазда 26 — 30°С, қыста 0°С-тан төмен. Қыс бойы теңіз айдынын толығымен мұз басады. Суының тұзд. табиғи жағдайда 9 — 14%с болатын, соңғы он жыл ішінде (1988-98) 25 — 30%-ға дейін өсті. Суы өте мөлдір, 25 м-ге дейінгі тереңдікті көруге болатын еді. Теңіздегі ағыстар сағат тілінің бағытымен айналым жасайды. А. т-нде балықтан арал шоқыры, сазан, каяз, торта, т.б. бар. Соңғы кезде камбала жерсіндірілген. Кеме байланысы шамамен 7 айға созылатын, қазіргі кезде тек иірімдерде ғана қатынайды. А. т-нің жағалауында халық аз тұрады, жергілікті халық балық аулау, мал ш-мен жөне көкөніс-бақша өсірумен айналысады. Арал балық аулау ауданына А. т-не құятын өзендердің атырау аумағы кіреді. Балықөндеу (тұздау) зауыттары бұрын Әмударияның атырауында, Аван кентінде (Көкаралда), Бөген ауылында (шығыс жағалау), бұрынғы Ұялы және Ұзынқайыр аралдарында орналасқан болатын. Алғаш Әмударияның атырау тұсы А. т. Аталып, кейін теңіз түгелімен Арал аталған.
Арал теңізінің экологиясы Арал теңізі – Қазақстаныың інжу-маржаны, шөл белдеміндегі бірден-бір көгілдір су айдыны еді. Оның апатқа ұшырағанға дейінгі көлемі -1066 км², тереңдігі - 30-60 метр, тұздылығы - 10-12% болған. Қойнауы кәсіптік бағалы балықтарға бай, жағасы қоға мен қамысты теңіз еді. Сол кездерде жылына 50-150 мың балық ауланса, теңіз жағасынан едәуір мөлшерде бұлғын терісі игерілген. Арал өңірінің тұрғындары 1970 жылдарға дейін әлеуметтік-экономикалық тұрғыда жақсы қамтамасыз етілген тіршілік көшті. Теңіз өңіріндегі елді мекендерде 17 балық колхозы, 10 балық өңдейтін зауыт және 2 балық комбинаты тұрақты жұмыс істеген. 1960 жылдардан бастап Арал өңірін игеру қолға алынды. Осы аймақтағы игерілетін жер көлемі бұрынғыдан Өзбекстан мен Тәжікстанда 1,5, Түрікменстанда 2,4, Қазақстанда 1,7 есеге өсті. Ал Әмудария мен Сырдария бойындағы халықтың саны 1960-1987 жылдар аралығында 2,2 есеге артты. Халық санының өсуіне орай суға деген қажеттілік те артты. Осыған орай, 1970-1980 жылдар аралығында Аралға құйылатын су мөлшері азайды. Оның негізгі себептері - антропогендік факторлар еді. Екі өзен бойындағы суды мол қажет ететін күріш пен мақта өсіру ісі қаркындап дамыды (Шардара). Оның үстіне ауыл шаруашылығының басқа да салалары барынша дамыды. Өзен бойлары игеріліп, суды ысырапсыз пайдалану жүзеге асты. Мәселен, Аралға 1960-1965 жылдар арасында 44 мың м3 су құйылса, бұл көрсеткіш 1974-1978 жылдары 13 мың м3, ал 1990 жыл-дары екі есеге қысқарды. Нәтижесінде, Арал теңізінің деңгейі 23 метрге дейін төмендеп, оның су айдыны 30-200 км-ге дейін қусырылды. Судың тұздылығы 40 пайызға дейін артты. Оның үстіне екі өзен бойындағы шаруашылықтарда тыңайтқыштар мен химиялық препараттарды қолдану бұрын-соңды болмаған көрсеткішке жетті. Тыңайтқыштарды қолдану 10-15 есеге өскен. Осындай антропогендік факторлар Арал өңірін экологиялық апатқа ұшыратты. Құрғап қалған теңіз түбінен жыл сайын айналаға зияндылығы өте жоғары 2 млн. т тұзды шаңдар көтеріліп, желмен тарай бастады. Сонымен, Арал апатына себеп болған факторларға: - жергілікті жердің тарихи-табиғи ерекшеліктерін ескермеу; - ауыл шаруашылығын дұрыс жоспарламау, судың қорын есепке алмау; - суды өте көп қажет ететін күріш, мақта дақылдарын барынша көбейтіп жіберу; - жерді игерудің агротехникалық шараларын сақтамау және суды үнемді пайдаланбау; табиғат ресурстарын пайдаланудағы жіберілген қателіктер мен оны меңгерудің ғылыми тұрғыдан негізделмеуі болып табылады. Осы аталған фактілер Арал теңізі экожүйесіндегі тіршілік атаулыны экологиялық дағдарысқа әкелді. Бұл жағдайлар адам баласының қолдан істеген қателігі ретінде дүние жүзіне белгілі болды. Арал өңірінде туындап отырған қазіргі
экологиялық апаттар нышаны жыл өскен сайын теңіз суын тарылтуда. Оның фаунасы мен флорасы жойылып бітуге жақын. Топырақтың тұздануы өте жылдам жүруде. Арал теңізінде балық өсіру шаруашылығы тоқталып, соңғы 1-2 жылда ғана қайта қолға алынды. Ондағы тұрғындардың әлеуметтік жағдайы төмендеп кетті. Теңіз түбінен көтерілген улы тұздың мөлшері жылына 13-20 млн. т деп есептеледі. Тіптен, тұзды шаңдар әсері сонау Орта Азия республикалары аумағына жетіп, ауыл шаруашылығына зардабын тигізуде. Топырақтың тұздануы Өзбекстанда - 60%, Қазақстанда -60-70 %-ға артып отыр. Мұның өзі жалпы шаруашылыққа зиянын тигізуде. Арал өңіріндегі климаттың өзгеруі шөл белдемінің табиғи ландшафтар бірте-бірте күрделі әрі қайтымсыз антропогендік экожүйелерге қарай ығыстыруда. Арал өңіріндегі антропогендік факторлар ондағы тұрғындардың салт-дәстүріне, экономикалық-әлеуметтік жағдайына тікелей әсер етуде. Жұмыссыз қалған балықшылар әлеуметтік жағынан қорғаусыз қалып, басқа аймақтарға еріксіз қоныс аударуда. Қазіргі Арал өңірінде адамдардың денсаулығы күрт төмендеп кетті. Бұл өңірде соңғы мәліметтер бойынша туберкулез, бүйректе тас байлану, сарысу, өкпе-тыныс жолдарының қабынуы, жұқпалы аурулар республиканың басқа өңірімен салыстырғанда жоғары көрсеткішті беріп отыр. Арал теңізінің болашағы дүние жүзі халықтарын толғандыруда. Оның біржола жойыльш кетуі Орта Азия мен Қазақстанды ғана емес көптеген ШЫҒЫС елдеріннің тыныс-тіршілігіне өзгерістер әкелмек. Ал әлемдік климаттың өзгеруі, шөлге айналу, атмосферадағы ауытқу-шылықтар, антропогендік экожүйелердің тұрақсыздығын тудырады. Арал мәселесі соңғы 10 шақты жылда географ және эколог ғалымдар арасында жиі-жиі пікірталастар туғызуда. Арал мәселесі туралы халықаралық конференциялар ұйымдастырылды. Өркениетті елдер қаржылай көмек көрсетуде. Олар негізінен Орта Азия республикалары, Ресей, АҚШ, Жапония, т.б. мемлекеттер.
Арал теңізін құтқару жөнінде бірнеше ғылыми болжамдар мен жобалар бар. Олар: 1. Сібір өзендерін Қазақстанға бұру. 2. Әмудария мен Сырдария өзендерінің суын реттеу арқылы суды молайту. 3. Арал теңізін жартылай сақтап қалу. 4. Каспий теңізінің суын жасанды канал арқылы әкелу. 5. Жер асты суларын пайдалану. 6. Арал теңізінің өздігінен табиғи реттелуін немесе толысуын күту. Әрине, бұл жобалар болашақтың ісі болғанымен, уақыт талабы оны күттірмейді. Бәрі де қаражатқа тірелуі мүмкін. Ал оның іске асуы адамзат кауымының білімі мен біліктілігіне байланысты екені анық. Қазіргі кезде Аралды құтқару бағытында батыл да жоспарлы түрде ғылыми негізде жұмыстар жасалуда. "Арал тағыдыры - адам тағдыры" болғандықтан оны сақтап қалу.
Балқаш проблемасы
Балқаш көлі алабында да қүрделі экологиялық жағдай қалыптасып отыр. 1970 жылы Балқашқа құятын Іле өзенінде Қапшағай бөгені мен су электр станциясының (СЭС) салынуы Іле-Балқаш су шаруашылығы кешенінде бетбұрыс кезең болды. Іле өзенінің гидрологиялық режимі өзгеріп, жалпы Іле-Балқаш алабындағы экологиялық жағдай өзгере бастады. Қапшағай су торабын жобалау кезінде Іле өзенінің атырауындағы табиғат кешенінің жағдайы ескерілмеді. Соның нәтижесінде онда тіршілік ететін жануар дүниесіне (ондатр, балық, т.б.) және ауыл шаруашылығына көп зиян келеді. Ақдала алқабын суландырып, күріш егу жобасы да толық жүзеге аспай қалды. Қыруар қаржы текке жұмсалды. Іле өзенінің атырауы кеуіп, оның кері әсері Балқаш көліне тиді. Суармалы алқаптардың көлемінің есепсіз кеңейтілуі, төменгі Іле қоңыр көмір кен орнын игеруді бастау көлдің болашағы үшін қауіпті. Болжау бойынша, XXI ғасырдың басында, көлдің батыс бөлігінің мүлде кеуіп, шығысының тұзды шалшыққа айналуы мүмкін. Бұл өз кезегінде Балқаш маңындағы ландшафтылар мен экологиялық жағдайларды түбірімен өзгертіп, тіршіліксіз шөлге айналдырады. Көл деңгейінің төмендеуі оның суының шамадан тыс минералдануына әкеп соғуда. Бұл, бір жағынан, егістік далалардан көлге қайта келіп құятын су құрамында әр түрлі тұздардың көп болуына байланысты. Сонымен қатар алаптағы өзгерістер Балқаш маңы аймағының климат жағдайларына да әсерін тигізеді. Су айдынының тәуліктік температураны, ауа ылғалдылығын реттеуші ретіндегі әсері өз күшін жояды. Ғалымдардың болжауынша, Балқаштың тартылуы Батыс Сібір мен Қазақстандағы географиялық зоналардың шекараларын өзгертуі мүмкін.
Үлкен қалалар мен өндіріс орталықтарында қоршаған ортаның ластануы
Ауаға шығатын улы заттардың концентрациясы (ауыр металдар, шаң-тозаң, күкірт тотығы, көмірқышқыл газы және т.б.) белгіленген мөлшерден он есе артық. Ең ауыр жағдай Тараз, Теміртау, Алматы, Шымкент, Балқаш, Риддер, Өскемен және басқа да қалаларда қалыптасқан. Осы қалаларда лас заттардың концентрациясы жыл бойынша белгіленген мөлшерден 5-10 есе артады. Ауа кеңістігінің ластануы пайдалы қазбалар өндіретін аудандарда да байқалады. Атмосфераның ластануы Байқоңыр космодромында ғарыш кемелерін ұшыру кезінде де байқалады. Өнеркәсіпті аудандарда ауа кеңістігінің ластануымен катар ластану сол жердегі су көздерін қамтиды. Сырдария өзені ағысының 35-40%-ы өндіріс орындарының қалдық суларынан тұрады. Өзен суында дизентерия, паратиф, гепатит, сүзек ауруы қоздырғыштары мен өте қатерлі гексахлоран ДДТ кездеседі. Өнеркәсіп орындарының ластаушы заттарына жер игеру нотижесінде пайда болған масштабы химиялық ластанудың көлемдері ұлғаюда. Өсімдік жамылғысын қорғайтын әр түрлі химиялық заттар, дефолианттар, пестицидтер, мөлшерден артық қолданған тыңайтқыштар, тек қана қоршаған ортаны емес, тамақ өнімдерін де ластауда.
Семей ядролық полигонында да экологиялық апатты аймақ қалыптасып отыр. 1948-1964 жылдар аралығында Семей полигонында жер бетінде ядролық сынақтар жүргізілді, ал 1964-1989 ж. аралығында жер асты сынақтары жүргізілді. Ядролық қару-жарақтарды сынау аймақтың табиғи ортасына және халықтың денсаулығына кері әсерін тигізді. Республика көлемінде қоршаған ортаны қорғауға бағытталған жұмыстар жоспарлы түрде іске асуда. Олар: жер қойнауын тиімді пайдалану (минералды шикізаттарды кешенді пайдалану, игерілген жерді рекультивациялау және көгалдандыру).
123. Қазақстандағы экономикалық реформалар: нарыққа көшудің қиындықтары мен мәселелері.
Қазақстанда нарықтық экономикаға көшудің алғашқы кезде үш кезеңі белгіленді. Бірінші кезең — 1991—1992 жылдар, екінші кезең — 1993—1995 жылдар аралығы болып, осы мерзімде жүргізілетін іс бағдарламасы Жоғарғы Кеңестің сессиясында мақүлданып, Президенттің Жарлығымен бекіді. Ал үшінші кезең — 1996—1998 жылдарды қамтуға тиіс болды. Осыған байланысты көптеген жаңа заңдар, реформаны жүзеге асыруға қажет басқа да құжаттар қабылданды. Нарықтық экономикаға көшу мәселелерімен айналысатын жаңа мемлекеттік басқару органдары құрылды. Олар: Мүлік жөніндегі, Монополияға қарсы саясат жөніндегі комитеттер, Салық инспекциясы, Кеден жэне т.б. Сондай-ақ нарықтық экономикаға тэн инфрақұрылымның кейбір түрлері: биржалар, коммерциялық банктер, сауда үйлері, жекеменшіктік кәсіпорындар мен шаруашылықтар, жеке меншік пен мемлекет меншігі аралас ірі корпорациялар, акционерлік қоғамдар, холдингтік компаниялар өмірге келді. Сөйтіп, нарықтық экономикаға қарай, меншіктің түрін өзгертуде, аралас экономика құруда біршама жұмыстар атқарылды. Алайда, нарықтық экономикаға көшуде бірсыпыра қателіктерге жол берілді. Біріншіден, реформаны бастауда мемлекеттің мақсаты да, мүдделері де, оларға жетер жолы да, әдіс-тәсілдері де толық анықталмады. Екіншіден, барлық елдерге бірдей сай келетін экономикалық реформаның моделі болмайды. Әр елдің өзіне тән, оның ұлттық бітіміне, тарихына, дәстүріне, нақтылы сая- си, әлеуметтік, экономикалық қалыптасқан жағдайына сәйкес өз моделі, өз жолы болуы керек. Оны әлемдік тәжірибе де көрсеткен. “Жапондық”, “Немістік” тағы басқадай әр елдің өз даму жолы болғаны белгілі. Қазақстан көп елде жақсы нәтиже бермеген, Халықаралық Валюталық Қоры ұсынған “есеңгіретіп емдеу” деп аталатын жолына түсті, Ресейдің соңынан ерді. Үшіншіден, экономикалық реформа бірінен кейін бірі және өзіндік ретімен жасалуы арқылы жүзеге асуға тиіс. Ал Қазақстанда қажетті заң жүйесі жасалып бітпей, жекеменшікке негізделген кәсіпорындардың үлесі өсіп, бәсеке ортасы қалыптаспай түрып, ең әуелі бағаны ырықтандырудан бастау қате болды, өйткені бағаны ырықтандыру — үкімет тарапынан мезгіл-мезгіл оны өсіріп отыру болып шықты. Төртіншіден, қабылданған заңдар көп жағдайда жүзеге аспай қалды, себебі ол заңдардың жүзеге асатын механизмдері жасалмағанды. Бесіншіден, инфляцияны ауыздықтамаса ешбір істе береке болмайтыны белгілі. Бірақ осыған қарамастан мемлекеттегі қаржы, несие, ақша жүйесі ретке келмеді. Ұлттық банк ақша жүйесін, ақша айналымын, оның ішкі және сыртқы қозғалысын қатаң бақылауға алудың орнына, ақша-несие ресурстарын бей-берекет жұмсап, аса жоғары процентпен сатып, пайда табумен әуестенді. Алтыншыдан, қылмыс, жемқорлық, заңды бұзушылық көбейді. Оған жаппай тәртіпсіздік, жауапсыздық қосылды. Міне, бұлар реформаны жүргізуде, эконо- миканы дамытуда өздерінің зиянын тигізді. Жетіншіден, мемлекет басшылары экономикалық дағдарыс кезінде өмір сүріп, жұмыс істеп көрмегендіктен, оның қыр-сырын, бүге-шігесін, одан шығу жолда­рын білмеді. Экономикалық дағдарысты дүрыстап бағалай алмады. Елді дағдарыстан тез арада шығару саясаты жүргізілді, бірақ ол ешқандай нәтиже бермеді. Сондықтан мемлекет дағдарыстан шығудың жолдарын қарастыра бастады. Оның ең бастысы — бағаны ырықтандыруды белгілі бір жүйеге келтіру еді. Қазақстанда ырықтандыру 1992 ж. мұнайдың, мұнайдан шығатын өнімдердің, басқа да энергия көздерінің бағасы әлемдік бағаға дейін жоғарылауы керек деген ұранмен жүргізілді. Осының нәтижесінде әр кәсіпкер, әр кәсіпорын ең жоғары таза пай­да алғысы келді. Сөйтіп баға шарықтап өсті, елдің экономикасы бағаның шарықтап өсу кесірінен төмен түсіп кетті. Бағаны ырықтандырудан кейінгі екінші атқарылған іс — жекешелендіру. Мемлекеттік меншікті жекешелендірусіз нарыққа нақты көшу мүмкін емес еді. Бұл қадам нарық субъектілерін құру тұрғысынан ғана емес, сонымен бірге халықтың бойында меншік иесі психологиясын қалыптастыру тұрғысыпап да маңызды. Сондықтан да республикада ауқымды жекешелендіру жүргізілді. Бүгінде оны өткізудің 4 кезеңін даралап айтуға болады. Алғашқы үшеуі мемле­кет иелігінен алу мен жекешелендірудің ерекшелігімен байланысты болса, төртінші кезең мемлекеттік меншікті басқаруды жетілдіруге екпін түсуімен сипатталады. Біз шағын жекешелендіруден бастадық. Алғашқы кезеңнің ба­рысында 1991—1992 жылдары 5000-ға жуық нысандар жекешелен-дірілді, олардың қатарында ұжымдық меншікке берілген 470-тен астам кеңшар болды. Екінші кезең “Қазақстан Республикасында мемлекет иелігінен алу мен мемлекеттік меншікті жекешелендірудің 1993—1995 жылдарға арналған ¥лттық бағдарламасы” негізінде жүргізілді. Бұл кезеңнің аса маңызды қадамы мемлекеттік меншікті басқару мен жекешелендірудің біртұтас жүйесі болды. Сол кезде шағын және орта бизнесті дамытуға белгі берілді. Көтерме-сауда буынын қоса алғанда бұрынғы кеңестік сауда жүйесін өзгерту басталды. Қызмет көрсету саласында бәсекелестік орта пайда болды. Үшінші кезең 1995 жылғы желтоқсанда заң күші бар “Жекешелендіру туралы” Жарлықпен басталып, 1999 жылға дейін жалғасты. Осы сәттен бастап ол тек ақша қаражатымен жүзеге асырылды. 1999 жыл­дан кейін бірінші кезекке мемлекеттік мүлікті басқаруды жетілдіру мәселелері шықты. Төртінші кезеңде мемлекеттік меншікті басқару және онымен айналысу мәселелері бойынша мемлекеттік органдар арасындагы өкілеттіктерді бөлуге жаңа көзқарас қолданыла баста­ды. Республикалық мемлекеттік және коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарды
оңтайландыру басталды. Елдің экономикалық қауіпсіздігін анықтайтын экономиканың стратегиялық маңызды секторларына мемлекеттің ықпалы мен ондағы үлесі ұлттық компаниялар арқылы сақталды. Мұнай-газ секторында — бұл “ҚазМұнайГаз”, энергетикада — “КЕГОК”, телекоммуникацияда— “Қазақтелеком”, темір жолда — “Қазақстан темір жолы”. Бірақ жекешелендіру барысында да кемшіліктер орын алды. Мемлекеттік меншікті жекешелендіру жарияланған екі кезеңінде де (1991—92 жж. жэне 1993—95 жж.) мүліктің көпшілік бөлігінің талан-таражға түсуіне жол берілді. Бұл халық шаруашылығы үшін берекесіздік тудырып, экономиканың терең дағдарысқа ұшырауының басты себебінің біріне айналды. Сондай-ақ, елдің экс­порта өнім шығаратын кәсіпорындары ескі әдетіне басып, өздерінің тауарларын эшелон-эшелонмен сыртқа жөнелте беруді ғана білді. Соның салдарынан республикадан 250 млрд. сомның өнімі сыртқа, негізінен алғанда Ресей Федерациясы мен ТМД елдеріне сутегін кеткен болып шықты. Сондықтан, бұл жағдай үкімет пен барлық экономикалық инсти- туттарды, Статистика мен Қолдау Комитетін қатыстыра отырып, терең талдау жасауды талап етті. Осымен байланысты 1994 жылдың қаңтарында Президент экономикалық реформаны жүргізуді жандан- дыру жөніндегі шаралар туралы қаулы қабылдады. Онда дағдарысқа қарсы шаралар мен экономиканы тұрақтандырудың 1994—1995 жылдарға арналған бағдарламасы жасалды. Бағдарламада энерге- тикалық тәуелсіздікті қамтамасыз ету мәселесі қойылды, өндірістің құлдырауы тоқтатылып, экономиканы тұрақтандыру, инфляцияны ауыздықтау қажет екені айтылды. 1993 ж. 15 қарашада мемлекеттің өз ақшасы—теңге енгізілді. Сөйтіп, біз экономикалық тәуелсіздіктің аса маңызды нышаны — үлттық валютамыз теңгеге ие болдық. Бұл бізге 1994 жылы-ақ гиперинфляцияны бәсеңдетуге, ал 1995 жылы инфляция процесін ауыздықтауға мүмкіндік берді. Реформаның барысында 1994 жылдың күзінен үкімет макроэкономикалық реттеуді меңгере бастады. Бағаның өсуі біраз тежеліп, инфляцияның өсу қарқыны елеулі түрде төмендеді. Сол сияқты ұлттық банктің несиеге алатын пайызы да қауырт азайды. Ақша- қаражат саласында да осындай түзеліс байқалды. Өнеркәсіптің кей салаларында да оңға басушылық орын алды. Жалпы дағдарыстан шығудың, реформаны жүргізудің пәрменді құралының бірі — экономикалық орталық болу тиіс еді. Алайда, Министрлер кабинетінде реформаны ойластырып, алға бастыра- тын орталық болмады. Экономика министрлігі ондай орталық бола алмады. Нәтижесінде 1994—1995 жылдары дағдарысқа қарсы ша­ралар мен реформаны тереңдету бағдарламасы орындалмай қалды. Макроэкономикалық тұрақтандыру және қүнсыздануды тоқтатуға қол жетпеді, тиімді сыртқы сауда саясатын жасау да көңілдегідей болмай шықты, әлеуметтік саясат та халықтың басым көпшілігінің наразылығын өршіткені болмаса, разы етпеді. Өзінің бүкіл кемшіліктеріне қарамастан іс жүзінде аяқталған жекешелендіру процесі нақты бәсекелестік үшін базалық жағдайларды қүруға жеткізді. Қазіргі кезде республика өнеркәсіп өнімінің 85 процентке жуық көлемі жекеменшік секторда өндіріледі. Нарықтық реформаға көшудегі жіберілген тағы бір қате — ол үкімет басшыларының елдің экономист ғалымдарына сенбеуі. Оның себебі бізде бүған дейін нарықтық экономика болмады, сондықтан біздің экономистер нарыққа көшудің жолдарын, тетіктерін білмейді деп есептелді. Сондықтан нарықтық экономикаға көшу үшін кеңесші ретінде экономист-ғалымдар АҚШ-тан, Франциядан, Түркиядан, Ресейден т.б. жерлерден шақырылды. Бірақ олар өз елінде маман болғанмен, біздің жағдайды, халықтың менталитетін, психологиялық ерекшеліктерін ескермеді, тіпті білмеді де. Олардың білетіні Батыстың дамыған, қалыптасқан нарықтық экономикасы еді. Оған қоса ТМД елдерінде экономикалық дағдарыс капиталистік қоғамға тэн классикалық артық өндіру дағдарысы емес, жетіспеушілік дағдарысы болатын. Екіншіден, ол елдерде ертеден тауар өндірісі, тауарлық қатынастар толық қалыптасқан. Ал бізде бұлар болған жоқ. Үшіншіден, ТМД елдерінде социалистік экономикадан нарықтық экономикаға көшу тез қарқын алды. Сондықтан шетел экономистерінің кеңесі тиісті нәтижесін бермей, аяқсыз қалды. Нарықтық қатынастарға көшу барысында бізде орын алған тағы бір үрдіс бар. Ол сонау Қазан төңкерісінен кейінгі индустриялан­дыру, ұжымдастыру науқандары сияқты қоғам өміріндегі түбегейлі өзгерістерге революциялық сипат беру. Ал біздің халық бұл үрдіске үйренбеген және ол халықтың психологиясына келе бермеді. Әсіресе, ауыл шаруашылығын жекешелендіруде үкімет асығыстық жіберді. Дағдарыс жағдайында бой көтерген жеке фермерлер басқа халықты асырамақ түгіл, өзін-өзі әрең асырап отырды. Нәтижесінде 1993—1995 жылдарға арналған бағдарламалардағы инфляцияны төмендету, өндірістің құлдырауын тоқтату және өндірістің ұлғаюы үшін жағдайлар жасау жоспарынан еш нәрсе шықпады. Сондықтан мақсатты нұсқамалар түрінде 15 айға арналған қосымша бағдарлама қабылданды. Оның оң нәтижесі деп инфляцияның баяулауын айту- ға болады, бірақ өндірістің құлдырауын тоқтату мүмкін болмады. 1991 жылы өндірістің құлдырауы біршама тұрақты болған 1990 жылмен салыстырғанда 14,6%-ке, 1993 жылы — 28%-ке, 1994 жылы 48%-ке, ал 1995 жылы — 45%-ке жетті. Қазақстан үкіметі осыдан кейін 1996—1998 жылдарға арналған жаңа бағдарлама қабылдады. Онда реформаның ең күрделі де­ген мәселелерін шешу маңызды орын алды. Алайда, бағдарламада көзделген жекешелендіруді аяқтау, бірыңғай холдингтік, шағын жэне орта кәсіпкерлікті қолдау, ауыл шаруашылығында қосымша 30 мыңға жуық шаруа қожалықтары мен фермерлік шаруашылықтарды қүру айтарлықтай нәтижелер берген жоқ. Қоғам айқын мақсаттар мен оларға қол жеткізу жолдары баяндалған стратегиялық бағдарламалық құжатқа мүқтаж бо- латын. Олар “Қазақстан — 2030” ел дамуының Стратегиясын- да түжырымдалды. 1997 жылдың қазан айында Президент Н.Ә.Назарбаев республика халқына “Қазақстан — 2030” деген атпен жолдау қабылдап, онда еліміздегі дағдарыстан шығудың және жүріп жатқан реформаларды аяқтаудың, сондай-ақ алдыңғы қатарлы мемлекеттердің қатарына қосылудың, немесе “Қазақстан барысын” қалыптастырудың жаңа бағдарламасын ұсынды. Бағдарламада еліміздің саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуының жақын арадағы және
стратегиялық ұзақ мерзімдегі даму жолдары мен мүмкіндіктері жан-жақты көрсетілді. Онда елдің ішкі бекем түстарын және сыртқы саясатындағы мүмкіндіктерді барынша пайдалана отырып, мемлекеттің дамуындағы ұзақ мерзімді жеті басымдықты іске асыру көзделген. Олар: 1) ұлттық қауіпсіздікті сақтау; 2) ішкі саяси түрақтылық пен қоғамның топтасуын нығайту; 3) нарықтық қатынастар негізінде экономикалық өсу; 4) Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқатын көтеру; 5) энер­гетика ресурстарын жете пайдалану; 6) инфрақұрылым, көлік және байланысты дамыту; 7) демократиялық кәсіби мемлекетті құру. Тек осы аса маңызды шараларды іске асырғанда ғана Қазақстан халқының өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы мүмкін екендігіне сенім білдірілді. “Қазақстан — 2030” бағдарламасының талаптарына орай соңғы жылдары еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін нығайту, әлемдік стандарттарға сай түзілген заңнамалық-қүқықтық базаны жетілдіру жөнінде орасан зор жүмыстар жүргізілді. Атап айтқанда, биліктің, сот жэне құқық қорғау органдарын қоса алғанда, оның барлық тармақтарының қүрылымы мен қызметінің қағидаттары едәуір жетілдірілді. Сондай-ақ, демократия мен азаматтық қоғам инсти- туттары даму жолына түсті. Қазақстан геосаяси кеңістікте әлемдік қоғамдастықтың тең құқылы мүшесі ретінде лайықты орын алды. Қалыптасқан әріптестік саяси және экономикалық қатынастар мемлекетімізді барлық дүние жүзі елдерімен байланыстыруға мүмкіндік берді. Қазақстан жетекші халықаралық ұйымдарда, соның ішінде, Б¥¥-да белсенді жұмыс жүргізіп, антиядролық қозғалысқа, жаппай қарусыздануға, бітімгершілік және терроризмге қарсы күрес ісіне лайықты үлесін қосып келеді. “Қазақстан — 2030” стратегиясында көрсетілгендей, әсіресе, соңғы жылдары республикада тұрақты экономикалық өрлеу, өндіріс ауқымының өсуі байқалып отыр. Тек 2000—2002 жылда­ры жалпы ішкі өнімнің жиынтық өсімі 35,5 пайызды құрады. Сау- атты макроэкономикалық саясат еліміздің халықаралық беделін едәуір көтеруге жағдай жасады. Қазақстан бұл жылдары ТМД елдерінің арасында жан басына шаққанда шетелдік инвестициялар тарту жөнінен көш бастады. Шетелдік инвесторларды, соның ішінде әлемдегі аса ірі компанияларды да тарту мынадай бірқатар маңызды міндеттерді шешіп берді: Ауқымды инвестицияларды тарту жөніндегі, олардың көлемі 1993 жылдан 2003 жылға дейінгі кезеңде 25,8 миллиард долларды құрады, жан басына шаққанда Қазақстан ТМД-да 1- орынды алады. 1994 жылдан 2007 жылдың аяғына дейін еліміз өз экономикасына әлемнің 60 елінен 70 миллиард доллардан астам тікелей инвестиция тартты. Бүгінде Орталық Азияға келген барлық инвестициялардың 80% Қазақстан еншісінде. Ал экономикаға қосылған ішкі инвести- циясының көлемі қазіргі күні 80 миллиард доллардан асып түсіп отыр. Сонымен қатар, Қазақстан басқа елдерден келген инвестиция көздерін өз экономикасын көтеру ісіне тиімді пайдалана отырып, енді басқа елдерге де инвестиция сала алатын донор мемлекетке ай- налды. Қазір оның қаржысы Ресей мен өңірдегі елдерге, Түркия мен Кавказ елдеріне, Қытай жэне басқа да алыс-жақын шет ел экономи­касына салынып жатыр (Егемен Қазақстан. 15.12.2008). Әлемдік деңгейдегі менеджмент қызметі құлдырау жағдайында болган аса ірі кәсіпорындарды қысқа мерзімде қайта өркендетуге мүмкіндік берді. Әлемдік рынокқа шығу және әлемдік шаруашылық байланысқа белсенді кірісу қамтамасыз етілді. (Н.Назарбаев. Жаңа кезең — жаңа экономика.— Егемен Қазақстан, 16 желтоқсан 2004). Осының нәтижесінде республика экономикасының барлық дерлік салаларында, әсіресе, ауыл шаруашылығында, сауда мен қызмет көрсету саласында жеке меншік секторы басым бола түсті. Нарықтық экономиканың жетекші бір факторы мемлекеттік емес сектор үлесін серпінді ұлғайту болып табылады. Мысалы, стати­стика мәліметтері бойынша, 2004 жылдың I жартыжылдығына тіркелген 194,8 мыц заңды тұлғаның 192,7 мыңдайы жекеменшік секторға келеді. Бұл жалпы санның 98%-і, өңдеу саласында бұл үлес — 98%-ті; ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығында 97,5%-ті құрайды. Көптеген экономикалық процестердің нақты қатысушысы жекеменшік иесі болып отыр. Оның мүмкін болатын барлық әлеуметтік формалар мен нарықтық қатынас салаларына кеңінен қатысуы айрықша нарықтық мінез-құлық қалыптастырды. Әсіресе, шағын кәсіпкерліктің дамуын атап көрсетуге тұрарлық. “Қазақстан — 2030” бағдарламасын жүзеге асыру барысында тәуелсіз еліміздің басты табыстары мен жетістіктері — мемлекет- тің қауіпсіздігін нығайту және экономикалық өрлеу болды. Бұл барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуіне, әл-ауқатының артуына кең өріс ашты. Қазір біздің республикада нарықтық экономиканың іргесі қаланып қана қойған жоқ, сонымен қатар барлық қазақстандықтардың игілігі үшін ішкі ресурстары мол әлеуметтік-экономикалық дамудың нақты нышандары қалыптасты. Оған дәлел ретінде әлемдегі ең күшті мемлекет — АҚШ-тың Қазақстанға нарықтық экономикасы бар ел мәртебесін беру тура­лы шешімін ерекше атап көрсеткен жөн. Бұл АҚШ басшылығының, американдық іскер топтар мен сарапшылардың қазақстандық реформалардың жетістіктерін мойындауы болып табылады. Сөйтіп, Қазақстанның ТМД елдері арасында осы мәртебені бірінші болып алуы кездейсоқтық емес. Бүл шешім Қазақстанға қатысты АҚШ жэне тағы басқа дамыған елдер тарапынан экономикалық шек- теулер мен түзетулерді алып тастаудан өзінің көрінісін тапты. Ол болашақта республиканың нарық қатынасына көшкен ел ретінде Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруінің оңтайлы алғы шарты болып табылады. Сонымен, қорыта келгенде, жер жүзіндегі қазіргі 182 елдің 15 мемлекеті нарықтың қарқынды даму жолын игерген, 156 ел — нарықтық даму жолына түскен (соның бірі — Қазақстан), тек 11 ел ғана — нарықтық қатынасқа элі кірмеген. Әлемдік экономиканың заңдары мен талаптарына сай біз де елімізде нарықтық (кәсіпкерлік) қоғам құрып жатырмыз. Сол себепті де Қазақстан байлығының 80 пайыздан астамы жекешелендірілген, қазірдің өзінде респу- бликамызда 500 мыңға жуық кәсіпкерлік субъектілер құрылған. Онда 2 млн.-нан астам адам жұмысқа тартылған. Кәсіпкерлік — күнкөрісіміздің көзіне айналды. Дамыған елдердегідей “кәсібің — нәсібің” деген ұстаныммен өмір сүруге көштік. Экономикалық, өндірістік қатынастар жүйесін түбегейлі өзгерту жөніндегі реформаның ең маңызды кезеңінің басты міндеттерішешілді. Экономиканы түпкілікті реформалауға бағыт ұстап, біз қысқа мерзімнің ішінде нарықтық реформаларды жүргізе білдік, тиісті заңнамамызды жасауға қол жеткіздік. Біз ойдағыдай жұмыс істеп жатқан нарық экономикасын құрдық. Бүгінгі таңда Қазақстанда нақтылы жұмыс істеп түрған нарықтық экономика бар. Нарықтық экономикаға көшу бастапқыда өнеркәсіптің дамуына жол ашпады. Халық шаруашылығының бұл саласын дамытуда көптеген қиыншылықтар кездесті. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары өнеркәсіп салалары, әсіресе, ауыр индустрия, халыққа аса қажет жеңіл өнеркәсіп орындары біртіндеп тоқтай бастады. Кәсіпорындардың көпшілігі қажетті материалдық ресурстардың жоқтығынан немесе қаржының жетіспеуінен өз қуаттарын толық пайдалана алмады. Күрделі құрылыстың қысқаруы экономикаға кері әсер етті. Экономиканың тұрақтануына қаржы-ақша жүйесінің терең дағдарысы кесірін тигізді. Өнеркәсіп орындарының жарты- сы 1992 жылы 1991 жылғы деңгеймен салыстырғанда өндірістің құлдырауына жол берді. Халық тұтынатын тауарлар күрт азайып кетті. Оны өндіру көлемі өнеркәсіп өндірісінің бүкіл көлемінің бес- тен бір бөлігін ғана құрады, сөйтіп 1991 жылмен салыстырғанда 21,5%-ке кеміді. Республика бойынша мұнай мен көмір өндіру қысқарды. Металлургия өнеркәсібінде күрделі жағдай қалыптасты: шойын, болат, прокат құю азайды. Түсті металлдар өндірісі қыс- қарды. Құрылыс және ауыл шаруашылығы техникаларын шығару едәуір кеміді. Күрделі құрылысты қаржыландыру көлемі 40 пайыздан астам қысқарды, нәтижесінде 1992 ж. мемлекеттік тапсырыс бойынша іске қосылуға тиісті 32 өндірістік қуаттар мен объектілердің тек 2-уі ғана іске қосылды. Өнеркәсіптің құлдырауы 1993 және 1994 жылдары да тоқтамады. 1993 жылы 1990 жылмен салыстырғанда өнеркәсіп өнімі 16,1%- ке азайды. Ал 1994 жылы 1992 жылмен салыстырғанда өнеркәсіп өнімінің көлемі 39%-ке, халық тұтынатын тауарлар 41%-ке кеміді. Дегенмен 1995 жылы өнеркәсіп өнімінің төмендегеніне қарамастан, оның жекелеген салаларында 1994 жылмен салыстырғанда біраз өсім байқалды. 1995 жылы республикадағы кәсіпорындарды реформалау және жеке жобалар бойынша ірі объектілерді жекешелендіру жөніндегі жұмыс қарқын алды. Бірақ осыған қарамастан өндірістің құлдырауы тоқтамады. Тек 1996 жылдың соңына қарай өнеркәсіптің құлдырауы кейбір салаларда тоқтап, кейіннен біраз өскендігі байқалды. Өндірістің құлдырауының басты себебі — Одақ бойын­ша бұрынғы қалыптасқан шаруашылық қатынастардың үзілуі. Өнеркәсіптің артта қалуының тағы бір себебі — оның шикізат өндіруге бейімделген сыңаржақтылығында, дайын тауар өндіретін, әсіресе, машина жасау салаларының жоқтығында болды. Одан басқа, мемлекет экономиканы басқарудың тізгінін босатып алды, халық тұтынатын тауарларды шығаруды өз бетімен жіберді, жаңа технология мен техниканы пайдалану, оны өндіріске енгізу ісі ақсап жатты. Жоғарыда айтылған қиындықтар мен кемшіліктерді жою үшін 1999 жылдан бастап Қазақстан үкіметі елдің өнеркәсібін жандан- дыруда бірсыпыра шараларды іске асырды. Жеңіл өнеркәсіпті дамыту бағдарламасы жасалып, химия өнеркәсібі мен машина жасау саласын дамыту бағдарламасы тиянақталды. Соның нәтижесінде 1999 жылы мұнай-газ өндіру, металлургия, химия, полиграфия және тоқыма-тігін өнеркәсіптерінде өнімнің өсуіне қол жеткізілді. Жыл соңында жалпы өнім өндіру 1%-ке, ал өндіріс көлемін арттыру 1,8%- ке өсті. Елдің алтын қоры 2 млрд. долларға жетті. Міне, осындай мемлекеттік маңызды шараларды жүзеге асыру ба- рысында 2000—2002 жылдары республикада тұрақты экономикалық өрлеу, өндіріс ауқымының өсуі байқалды. Тек соңғы 3 жылда өнеркәсіп өндірісінің көлемі 42,9 пайызды құрады. Қазақстанның өнеркәсіп саласында мұнай-газ өндірісі елеулі орын алып, ол жал­пы өнеркәсіп өнімінің 46 пайызын қамтыды. Бұл жылдары тек газ- мұнай шығару салаларын дамытуға 9,5 млрд. доллар шетел инвести- циясы тартылды. Қазір де мұнай-газ секторы мемлекеттік бюджетті қалыптастырудың негізгі көздерінің біріне айналып, республиканың жалпы ішкі өнімдерінің едәуір бөлігін қамтиды. Батыс Қазақстан аймағында Теңіз бен Қарашығанақ сияқты мұнай-газ кен орындарын игеру жөніндегі ауқымды жобаларды іске асыру жүргізіліп жатыр. Каспий аймағында өнеркәсіптік мұнай өндіруді 2005 жылдан бастап қолға алу жоспарланған. Жамбыл об­лысы жеріндегі Амангелді газ өндіру орнын игеру жұмысы басталды. Каспий құрлықтық мұнай құбырының бірінші кезегін іске қосу еліміздің экспорт жөніндегі мүмкіндігін арттыра түсті. Мұнайды әлемдік нарыққа жеткізудің баламалы нұсқалары — Атырау-Баку- Жейһан, Қазақстан-Түркменстан-Иран, Батыс Қазақстан-Қытай бағыттарын да үлкен болашақ күтіп тұр. Соңғы жылдары Ақтау теңіз портын, Достық-Алашанькоу шекаралық өткелін және Достық-Ақтогай теміржол учаскесін қайта жаңалау жұмысы, Семейдегі Ертіс көпірі мен Ақсу-Дегелең теміржол құрылысы аяқталды. Алтынсарин-Хромтау арасындагы теміржол құрылысы аяқталып, 2004 жылдың соңына қарай іске қосылды. Алматы-Астана автожолын жаңалау жұмысы 2003 жылы аяқталды. Алматыдагы әуежай қалпына келтірілді. Жалпы 2002 жылы бұрынгы 2001 жылмен салыстырганда өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемі 9,5 пайызға артты. 90- жылдардың басында ауыл шаруашылығы елеулі дағдарысты бастан кешірді. Оның басты себебі — ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп салалары өнімдерінің арасындағы үлкен алшақтық еді. Ауыл шаруашылығының терең дағдарысқа ұшырауына республикадағы колхоздар мен кеңшарларды жаппай және тез арада жекешелендіру науқанының үлкен зардабы тиді. Бұрын бОО-ден астам астық өндіретін, 700-дей қой шаруашылығымен шұғылданатын кеңшарлар мен колхоздар, 80-дей құс фабрикасы бар еді. Республика халқы жекешелендіру барысында өздерінің осы қолда барынан айырылып қалды. Бағадағы былық, бейберекеттік, жекешелендірудегі асығыстық пен науқаншылдық, қаржыландырудағы берекесіздік, басқарудың жоғарыдан төменге дейінгі жүйесін күйрету, материалдық-техникалық қамтамасыз етуді алыпсатарлыққа айналдыру және т.б. ауыл шаруашылығын күйретуге соқтырды. 1993 жылы кеңшарлардың басым көпшілігі жүмыскерлерге 6 айға дейін жалақы бере алмады. Ауылшаруашылық өнімдерін өңдейтін, ұқсататын салаларда жаңа қуаттарды қосу, жаңа технологияны өндіріске енгізу, негізгі қорларды алмастыру сияқты жүмыстардың көлемі азайып кетті. Агроөнеркэсіп кешеніндегі жоғарыдағы айтылған және басқа да
кемшіліктерді жоймай, салаға деген көзқарасты түбегейлі өзгертпей бүкіл реформаның жүзеге асуы мүмкін емес еді. Егіншілік өнімдері азайып, егін егетін жер көлемі қысқарды. Жалпы ауылшаруашылық өнімі 1992—1998 жылдары аралығында 55 пайызға қысқарған, астық өндіру 30 миллион тоннадан 12 мил­лион тоннаға азайған. Аграрлық сектордың басты бір саласы — мал шаруашылығы едәуір төмендеді. Малдың саны азайып кетті. Мал мен қүстың кемуі негізінен осы салаға деген көзқарастың нашарла- уынан болды. Малға қажетті жем-шөп аз дайындалды. Жекешелен- діру нәтижесінде жеке шаруаларға бөлініп берілген малдар сатылып кетті, немесе ауыл тұрғындарына керекті тауарларға ауыстырылды. Егер 1991 жылы 9,8 млн. бас ірі қара болса, 2002 жылы 4,4 млн. бас қана қалды, тиісінше қой мен ешкі 35,7 млн. бастан, 10,4 млн. басқа дейін, жылқы 1,6 млн. бастан 1,0 млн. басқа дейін азайып кетті. 2000 жылдан басталған ауыл шаруашылығындағы тың серпіліс мал шаруашылығы саласының дамуынан да көрініс тапты. Мәселен, 2000—2002 жылдары ірі қара мал 8%-ке, қой басы 9%-ке, жылқы 1%- ке, қүс өсіру 25%-ке артты. Қазір республикадағы мал басының 90%- тен астамы жеке шаруа қожалықтарының қолында жинақталған. Қазақстан үкіметі соңғы жылдары ауыл шаруашылығы өнді- рісін ұлғайтуға бағытталған шараларды іске асыруда. Ауыл шаруашылығына 1996 жылғы бюджеттен 4,3 миллиард теңге, 1997 жылы 5,3 млрд. теңге бөлінді. 1996 жылы Азия даму банкісі тара- пынан Қазақстанға 100 миллион АҚШ доллары мөлшерінде несие бөлінді. Оның 50 млн. доллары 1997 жылы ауыл шаруашылығына жұмсалды. Тек 1996 жылы 630 егін жэне 100 мақта жинайтын шетелдік комбайндар сатып алынды. Мемлекет тарапынан ауыл шаруашылығына бөлінетін қаржы жылдан-жылға көбейіп отырды. 1999 жылы оған 9 млрд. теңге бөлінсе, 2000 жылы агроөнеркәсіп саласына 11 млрд. теңге жұмсалды. Ауылда шаруашылық жүргізудің жаңа формалары қалыптасты. 2000 жылы республика көлемінде 96198 ауыл шаруашылығы құрылымы, оның ішінде 91471 шаруа қожалығы, 1781 өндірістік кооператив, 2886 шаруашылық серіктестігі жэне 60 жекеменшік кэсіпорын жүмыс істеді. Сөйтіп, 1999—2001 жылдар аралығында ауылда тиімді шаруашылық жүргізуге қабілетті меншік иелері қалыптаса бастады. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев өзінің “Жаңа кезең — жаңа экономика” атты лекция- сында атап көрсеткендей “Рынокқа берік бағдарланған фермер- лер табы пайда болды”(Егемен Қазақстан. 16 желтоқсан 2004 ж.). Ауыл шаруашылығында жүргізілген реформаның нәтижесінде өндірілген өнімдердің 99 пайызы жеке меншік қүрылымдарының үлесіне тиді. Мемлекет ауыл шаруашылығына салықты азайтты. Ауылшаруашылығы құрылымдарының бұрынғы қарыздарының барлығы жойылды. Басқа қарыздары 5—6 жылға әрі қарай ұзартылды. Қазір ауылдық жерлерде 25 мыңнан астам заңды тұлға бизне- спен айналысуға мүмкіндік алса, тек шаруа қожалықтарының саны ғана 170 мыңнан асты. “Астық үшін айқас” кезеңдері ұмытылды. Соңғы жылдары Қазақстан миллиард пұттан астам дәнді- дақылдар өндіруге қол жеткізіп келеді. Кеңес заманында астықтың осындай мөлшерін өндіру үшін бүкіл одақ болып жұмыла кірісетін болса, қазір астықты аз шығын жұмсап-ақ жинап қамбаға құйып алатын болдық. Ауыл шаруашылығын одан әрі дамытудың жаңа кезеңі 2002 жылдан басталды. Бұл 2005 жылға дейінгі уақытты қамтуға тиіс кезең аграрлық өндірістегі реформаны аяқтау, ауылшаруашылық жерлеріне жеке меншікті енгізу жэне ауылдың әлеуметтік бейнесін жаңғырту мәселелерімен сабақтастырыла қарастырылған. Үкімет 2002 жылдан бастап ауыл шаруашылығына қатысты үлкен жүйелі жүмыстарды жүргізе бастады. 2002 жылы маусымда мемлекеттік- аграрлық бағдарлама қабылданды. Ол 2003—2005 жылдарды қамтыды, бұл жылдар ауылды қолдау, өркендету жылдары деп аталды. Сөйтіп, аграрлық сектор мен ауыл адамдарының проблемаларын кешенді шешу үшін 2003—2005 жылдар Ауыл жылдары болып жарияланды. 2002 жылы ауыл шаруашылығы салаларын қолдау мақсатында мемлекеттік бюджеттен 30 млрд. теңге қаржы бөлінді. 2003 жылдан бастап ауыл шаруашылығын жэне оған байла- нысты салаларды бюджеттік қаржыландыру елеулі түрде өсті. Мы- салы, 2003 жылы 40 млрд. тенге қаржы бөлініп, оның 30 миллиарды аграрлық секторды дамытуға, 10 миллиарды ауылдың әлеуметтік мәселесіне, оның ішінде, денсаулық сақтау, білім беру салаларына, ауылды ауыз сумен қамтамасыз етуге жұмсалды. Ал 2004 жылы ауыл шаруашылығын дамытуға мемлекеттік бюджеттен — 50 млрд., 2005 жылы — 55 млрд. теңге бөлінді. Кейінгі жылдары Қазақстан аграрлық секторды дамытуда айтарлықтай нәтижелерге жетті. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 2002 жылмен салыстырғанда 2 есеге жуық өсті. Инвестици- ялар 3 еседен астам ұлғайды. Бұл аграрлық секторды мемлекеттің орасан қолдауы нәтижесінде мүмкін болды. Жоғарыда аталған ау­ылды қолдаудың үш жылдық бағдарламасы ел ішін дамытуға қуатты серпін берді. Қабылданған шаралар ауыл шаруашылығындағы тау- ар айналымының 4 есеге жуық жалпы өсіміне оң ықпал етсе, ол 4 миллиард АҚШ доллары мөлшерінен асып түсті (ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2008 жылғы 6 ақпандағы Қазақстан халқына Жолдауынан.— Егемен Қазақстан, 2008, 7 ақпан). 2007 жылы ауылшаруашылық дақылдарының барлық дерлік түрлері бойынша жақсы өнім алынды. Әсіресе, ел диқандары жақсы көрсеткіштерге қол жеткізді. Республика бойынша 22,5 миллион тоннадан астам астық орылды. Қазақстан астық өндірісінің жан басына шаққандағы көлемі мен ұн эксперты бойынша әлемде бірінші орынға шықты. Соңгы он жылда ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісінің көлемі 3 есе дерлік артты. Қорытып айтқанда, еліміздің ауыл шаруашылығына жан-жақты көмек корсету арқылы оның деңгейін көтеру, соның ішінде қазіргі кездегі егістік көлемін сақтау, одан алынатын өнімді өсіру, малдың санын түрақтандыру ісін жүзеге асыру көзделген. Қазір ауылдық жерлерде Қазақстан халқының 43 проценті түрып жатыр. Тәуелсіздік алған Қазақстанның көлік қатынасында темір жолдың маңызы ерекше зор. Қазіргі кезде Қазақстан темір жолының үлесіне көлік қатынасының барлық түрлері бойынша тасылатын жүктің төрттен үш бөлігі, жол жүретін адамдардың тең жарымы тиеді. Темір жолдарды техникалық жағынан қамтамасыз ету және жүк тасу жөнінде Қазақстан ТМД елдері арасында Ресей мен Украинадан кейінгі үшінші орынды алады. Міне,
осымен байланысты темір жол көлігіне талаптар жыл сайын өсіп отыр және оның басты міндеттері Президент Н.Ә.Назарбаевтың “Қазақстан — 2030” стратегиялық бағдарламасында көрініс тапқан. Бұл мәселелерді шешуде темір жол құрылымын жетілдіру ерекше орын алады. 1996 жылғы 31 қаңтарда Үкімет қаулысымен Алматы, Тың және Батыс Қазақстан темір жол бөлімдері біріктіріліп, республикалық мемлекеттік “Қазақстан темір жолы” кәсіпорны құрылды. Ал 2002 жылы бұл кәсіпорын Үкіметтің қаулысымен “Қазақстан темір жолы ұлттық компаниясы” жабық акционерлік қоғамына айналдырылды. 2002 жылы Қазақстандағы темір жолдың ұзындығы 13,6 мың шақырымға жетті, оның бойындағы темір жол станцияларының саны 720 болды. Тәуелсіздік алған алғашқы жылдардан бастап жаңа темір жолдар салу жэне темір жол станциялары мен желілерді қайтадан жаңартуға ерекше назар аударылуда. Соның ішінде халықаралық темір жол желілерін құруға барынша көңіл бөлінуде. Халықаралық темір жол қатынасын дамытуда Достық станциясы маңызды рөл атқарады. Өйткені ол Еуропа жэне Азия елдерінің арасындагы экономикалық байланыстарды жүзеге асыруда үлкен орын алады. 1991 жылы қыркүйекте Достық станциясы арқылы Қазақстан мен Қытай арасында жүк тасу, ал 1992 жылы маусымда жолаушылар тасу жүзеге асырылды. 1994 жылдан бастап Достық-Алашанкоу станциялары арқылы халықаралық жүк тасу жүргізіле бастады. Нәтижесінде Қазақстан мен Қытай, Өзбекстан жэне Оңтүстік Ко­рея сауда байланыстары Достық станциясы арқылы едәуір өсті. Тек 2002 жылдың өзінде жүк тасу 1994 жылмен салыстырғанда 10 есеге артып, 6 млн. тоннаға жетті. “Қазақстан — 2030” бағдарламасының талаптарына сай 1998 жылы мамыр айында алғаш рет егемен Қазақстанның тарихын- да Павлодар облысының Ақсу қаласы мен Шығыс Қазақстан облысындағы Конечная темір жол құрылысы басталып, 2000 жылы 8 желтоқсанда аяқталды. Жолдың жалпы ұзындығы — 184 шақырым. Жолды салуға республиканың әртүрлі аудандарынан 1500 жұмысшы қатынасты, құрылысқа 6,5 млрд. тенге жұмсалды. Бұл жол елдің Солтүстік және Шығыс облыстарының арасындагы қатынасты 600 шақырымға қысқартты. Павлодар облысының Ақсу және Май аудандары жеріндегі табиғи байлықтарды игеруге мүмкіндік берді. Егемен Қазақстан жеріндегі екінші маңызды темір жол құрылысы Қостанай облысындагы Алтынсарин станциясы мен Ақтөбе облысының Хромтау қаласын байланыстыратын темір жол магистралі. Жолдың ұзындығы 387 шақырым, құрылыс жұмысы 2001 жылдың маусым айында басталып, 2004 жылдың қараша айының соңында аяқталып, пайдалануға берілді. Бұл жол Қазақстанның Солтүстік және Орталық аймақтары арасындағы жол қатынасын 1,5 мың шақырымға қысқартты және елді Ресейдің Қарталы-Орск темір жолына бағыныштылықтан босатты. Бұл жол- мен Қазақстанның Орталық жэне Солтүстік аудандарынан Батыс облыстарға хром рудалары, астық, ал Ақтау, Новороссийск және Одесса теңіз порттары арқылы Украинаға қара металл, ферросплав, сондай-ақ Ақтау арқылы Республиканың солтүстік облыстарынан Иранға жыл сайын 5,5 млн. тонна астық жеткізу көзделген. Республиканың темір жол қатынасын одан әрі дамытуда оның аса қажетті магистральдық учаскелерін электр жүйесіне қосудың маңызы ерекше зор. Соңғы 10—12 жыл ішінде бұл бағытта бірсыпыра оң істер атқарылды. Мысалы, 1991—1994 жж. Арыс пен Шу станциялары арасындағы 600 шақырымдық жолды электр жүйесіне қосу жұмысы аяқталды. Ал 1993 жылдан бастап Шу мен Алматы арасындағы темір жолды электр қуатына қосу басталды. 1996—1999 жылдары қашықтығы 190 шақырым Шу-Отар темір жолын электр қуатына көшіру аяқталды, 2000 жылы үзындығы 90 шақырым Отар-¥зынағаш учаскесі іске қосылды, ал 2002 жылдың көктемінде Отар мен Алматы арасындағы темір жол магистралін электр қуатымен жүмыс істеуге көшіру біржолата аяқталды. Осының нәтижесінде Қазақстанда электр қуатымен жүмыс істейтін темір жол магистралінің үзындығы 3,7 мың шақырымға жетті, не- месе республикадағы барлық темір жолдың 27 пайызын қамтыды. Болашақта Алматы қаласы мен Достық станциясы арасындағы темір жолды электр қуатына ауыстыру жоспарланған. Тәуелсіз Қазақстанның алдына қойып отырған басты мақсаттарының бірі — адамдардың жақсы түрмысын іс жүзінде қамтамасыз ететін қоғам орнату. Осы орайда эрбір адамға кәсіпкерлік еркіндік пен мүмкіндік туғызып, жоғары әлеуметтік мәртебеге жетуін қамтамасыз ету, зейнетақыны жэне жәрдемақыны арттыру бүгінгі күннің қажеттілігінен туындап отыр. Әлеуметтік саладағы басты міндеттер: ұлттық байлықты көбейту, халықтың тұрмыс-тіршілігі жөнінен дүние жүзіндегі озық дамыған елдермен арамыздағы артта қалушылық пен алшақтықты азайту, яғни технологиялық дамудағы және тұрмыс жағдайы деңгейіндегі айырмашылықты қысқарту. Алайда, қоғамдық қатынастардың өзгеруімен жэне нарықтық экономикаға көшумен байланысты халықтың тұрмыс жағдайы төмендеп кетті. Еліміздің экономикасының құлдырауымен байланысты еңбекақы, зейнетақы, жәрдемақы бұл жылдары тиісінші дәрежеде өспей, тауарларды ырықтандыру деңгейінен ондаған есе артта қалып қойды. Халықты жұмыспен қамту проблемасы күрделенді. 1991 жылдан бастап республикада жүмыссыздық ба- сталды. Әсіресе, ауылдық жерлерде кеңшарлардың таратылуына байланысты жүмыссыздық көбейді. Жастар жұмыс іздеп қалаға шұбырды. Қалаға келгенде де олар қарық болған жоқ. Не баспана, не дайын жұмыс пен табыс жоқ, сенделіп жүріп, азын-аулақ саудамен, рэкетпен, ұрлық-қарлықпен шүғылданып, мыңдаған қазақ жастары қылмыскерлер қатарын көбейтті. Қазақстанның әлеуметтік саласындағы басты мәселелердің бірі — зейнетақымен қамтамасыз ету. Соңғы кезде елімізде зейнеткерлердің қатары едәуір өсіп, олардың саны 2002 жылы 3 млн. адамға жетті. Үкімет зейнетақы мәселесін шешу үшін үш бағытта бірқатар жұмыс жүргізді. Бірінші — зейнетақының бұрынғы қарыздарын жабу, екінші — зейнетақыны уақытында төлеу, үшінші — зейнетақы жүйесін реформалау. Бұл үш бағытта жүргізілген іс- шаралар бірсыпыра қайтарымын беріп, 1999 жылдың зейнетақы қарызын төлеуде бірқатар шаралар іске асырылды. Әсіресе, 7-8 ай бойы зейнетақыларын ала-алмай келген ауыл түрғындарына ерек­ше көңіл бөлінді. Зейнетақыны одан әрі арттыру бағытында шара­лар жүргізілді. Атап айтқанда, зейнетақының ең төменгі
мөлшері 1997 жылы 3 мың теңге болса, 2000 жылы 4 мың теңгеге жетті. 2000—2002 жылдары зейнетақы төлемдерінің ең аз мөлшері үш мәрте артып, 23 пайызға өсті. 2003 жылдың басында Президенттің жарлығымен ең төменгі зейнетақы көлемі 5 мың теңгеге жетті. 2004 жылдың қаңтарынан төменгі зейнетақы мөлшері 5800 теңгені, ал орташа зейнетақы мөлшері — 8335 теңгені қүрады. Елімізде реформалау нәтижесінде аралас әрі ерікті жинақтаушы зейнетақы жүйесі құрылып, ол өзінің тиімділігін көрсетті. 1,5 миллионнан астам зейнеткер ынтымақты негізде зейнетақы төлемдерімен қамтамасыз етілді. Зейнетақы индексациялаумен бірге 2003 жылы оны саралап өсіру жүзеге асырылды. Жеке жинақ принциптеріне негізделген қамтамасыз етудің бір ғана түрі — жинақтаушы зейнетақы жүйесі ойдағыдай дамытылуда. 2004 ж. бір мемлекеттік жэне 15 жекеменшік жинақтаушы зейнетақы қорларындағы 6,5 млн. азаматтың жеке есепшоттарында 415,2 млрд. теңге зейнетақы жинақталды. Оның ішінде 115,7 млрд. теңгесі инвестициялық кірістен түскен. Халықтың зейнетақылық жинақтаулары тұрақты түрде көбеюде, оның көлемі 2008 жылдың басында 1,1 триллион теңгеден асып түсті. Сөйтіп, біз зейнетақы жүйесін реформалауды табысты жүргіздік. Базалық зейнетақы төлемдерін есепке алғанда, ең төменгі зейнетақы көлемі 1998 жылдан бері 4,3 есе, ал зейнетақы төлемдерінің орта- ша көлемі 3,3 есе көбейді. 1,6 миллионнан астам адам мемлекеттік зейнетақыны республикалық бюджеттен алады (Егемен Қазақстан. 15.12.2008). Халықтың тұрмысындағы маңызды көрсеткіш — тұрғын үймен қамтамасыз ету. Бұрын да, қазір де тұрғын үй адамдардың ең басты мұқтажы болып отыр. 90- жылдары республикада тұрғын үй салу төмендеп кетті. Тек Қазақстан экономикасының 2000 жыл­дан бастап ілгерілеуімен байланысты тұрғын үй құрылысы соңғы жылдары қайтадан көтерілді. 2002 жылы үй құрылысына 29,4 млрд. теңге инвестициялық қаржы жұмсалды немесе 2001 жылмен салыстырғанда 7,9%-ке артты. Жаңадан 1402,7 мың шаршы метрді қамтитын 11,2 мың пәтер іске қосылды. Үй құрылысы, әсіресе, Алматы мен Астана қалаларында кең өріс алды. 2004 жылғы көктемдегі Президенттің халыққа жолдауында республикадағы арзан үй құрылысын кеңейту, ұзақ мерзімге 9-10 пайызбен берілетін ипотекалық несиелер, жинақтаушы тұрғын үй банкілерінің көмегімен мүмкіндігі төмен отбасыларын түрғын үймен қамтамасыз ету бағдарламасы жарияланды және оны іске асыру үшін Үкімет қазір қарқынды жұмыстар жүргізуде. 2005—2007 жылдары 19 млн. шаршы метрден астам түрғын үй пайдалануға берілді. Бұл жоспардағыдан 22 процентке артық. Осы уақыт ішінде елімізде 44 мыңнан астам пәтер салынды. Бюджеттік қаржы есебінен 6 мыңнан астам коммуналдық пәтерлер салынды. Қазақстан үкіметі кейінгі жылдары халықтың әл-ауқатын жақсарту, соның ішінде еңбекшілер мен қызметкерлердің жалақысын арттыруға назар аударуда. Экономиканың көтерілуі әлеуметтік міндеттердің үлкен кешенін шешуге мүмкіндік берді. Тек 2002 жылы орташа айлық 54%-ке, немесе 1999 жылғы 9400 теңгеден 18 мың 500 теңгеге дейін көбейді, ең төменгі жалақы көлемі 5 мың теңгені қүрады. Бүл жылдары үкімет, әсіресе, бюджеттегі меке- мелер қызметкерлерінің жалақысын көтеруге көңіл бөлді. 2002 жылы тек мүғалімдердің жалақысы 35%-тен астам көбейтілді. Бұл мүғалімдердің орташа айлық жалақысының мөлшерін 2000 жылғы 7 мың теңгеден 9300 теңгеге дейін ұлғайтуға мүмкіндік берді. Мемлекет халық алдындағы әлеуметтік міндеттемелерін орындап келеді. Мемлекеттік бюджет есебінен зейнеткерлерді, мүгедектерді, асыраушыларынан айырылған және басқа да санаттағы түрғындарды әлеуметтік жағынан қамтамасыз ету жүзеге асырылуда. Олардың барлығы 3,5 миллион (немесе барлық тұрғындардың 23,6%) адамнан асады. 2004 жылы 1999 жылмен салыстырғанда әлеуметтік қамтамасыз ету шығындары 1,5 есе көбейді. Бұл қазақстандықтардың кірісін айтарлықтай арттырды, оған мынадай өсім индикаторлары дэлел болады. 1999—2004 жылдары ең төменгі жалақы көлемі 2,5 есе (2605 теңгеден 6600 теңгеге дейін); төменгі зейнетақы көлемі — 1,9 есе (3000-нан 5800 теңгеге дейін); орташа жалақы — 2 есе (11864-тен 26048 теңгеге дейін); орташа зейнетақы көлемі — 2 есе (4104-тен 8529 теңгеге дейін); күнкөріс шегі — 1,5 есе (3394-тен 5394 теңгеге дейін); орта­ша мемлекеттік әлеуметтік жэрдемақы көлемі — 1,3 есе (3441-ден 4670 теңгеге дейін) өсті (Назарбаев Н. Жаңа кезең — жаңа экономи­ка. // Егемен Қазақстан, 16.12.2004). Тұтастай алғанда, 90- жылдардың аяғымен салыстырғанда 2007 жылы әлеуметтік қамсыздандыруға шығындар 3 еседен астамға өсті. Халықтың денсаулығын сақтау жэне оның деңгейін көтеру мақсатында Президенттің жарлығымен 2002 жыл — Денсаулық жылы деп жарияланды. Денсаулық жылының аясында ауылдағы көптеген медициналық мекемелер жөндеуден өтті. Денсаулық сақтау саласының 88 нысаны жаңадан салынды. 2002 жылдың тағы бір ерекшелігі жеке Денсаулық сақтау министрлігі, Санитарлық- эпидемиологиялық бақылау жэне Фармация комитеті қүрылды. Жал­пы, 2000—2002 жылдары денсаулық сақтау саласынреспубликалық бюджеттен қаржыландыру екі еседен астамға, жергілікті бюджеттен — 50%-ке дерлік ұлғайды. Ал 2007 жылы ғана республика бойынша 23 денсаулық сақтау нысаны салынды. Соңғы он жылда (1997—2007) мемлекеттің денсаулық сақтау саласына шығыны 13 есе өсіп, 2007 жылы 338,5 миллиард теңгені құрады. 1991 жылдан бері денсаулық сақтаудың 290 нысаны салынып немесе қайта жөнделіп, оларға 100 миллиард теңгеден астам қаржы жұмсалды. Соңғы бес жылда алғашқы көмек көрсету буынын құрал-жабдықтармен және медициналық техникамен жарақтандыру 3 есеге жуық өсті. Егер осыдан 10 жыл бүрын 1200-ге жуық ауылдық елді мекен медициналық қамтамасыз етусіз қалса, қазіргі уақытта ауылдықтар жер-жерде медициналық көмекпен қамтылып отыр. Тұрғыпдарға тегін медициналық қызмет көрсетуді қаржымен қамтамасыз ету көлемі кепілдендірілді жэне 2003 жылдан бастап өткен кезең ішінде мемлекеттің осыған бағыттаған шығыны 3 есеге артты (Егемен Қазақстан. 15.12. 2007). Денсаулық сақтауды реформалау мен дамытудың 2010 жылға дейінгі Мемлекеттік бағдарла- масы табысты жүргізілуде. Қазақстан Республикасы Президенті Н. Назарбаевтың 2005 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан халқына Жолдауында (Егемен Қазақстан, 2005 ж. 19 ақпан) атап көрсеткеніндей: Бүкіл дүниежүзілік банктің
жіктемесі бойынша қазіргі уақытта Қазақстан кірісі орта деңгейдегі елдердің тобына кіреді. Егер өмір сапасының негізгі көрсеткіштерін салыстыратын болсақ, онда соңғы 10 жылда (1995-2005 жж.) қазақстандықтардың орташа ақшалай кірісі 5 есе; ал орта айлық жалақысы 6 есеге жуық; ең төменгі табыс мөлшері 25 есе; зейнетақылардың орташа айлық мөлшері 4,6 есе; жеке түлғалардың банктердегі депозиттері мен бір кісінің жасайтын салымының көлемі тиісінше 35 жэне 37 есе өскенін көреміз. Экономикамыздың қарқынды өсуі мемлекеттік шығыстардың әлеуметтік бағдарлануын едэуір кеңейтуге мүмкіндік берді, мұның өзі экономикамыздың айтарлықтай бекемдік деңгейіне жеткенін айғақтайды. Тұтастай алғанда, 1997 жылдан 2007 жылдың аяғына дейінгі кезеңде еңбекақының ең төменгі мөлшері 4,5 еседен астамға өсті, орташа айлық номиналды еңбекақы 8,5 мың теңгеден 50 мың 800 теңгеге дейін — 6 есеге жуық артты. Барлық соңғы жылдар бойында орташа еңбекақы деңгейі жөнінен Қазақстан ТМД-да көшбасшы елдердің бірі болып табылады. 2002 жылдан бастап реформалау жүзеге асырылып, бюджет саласы қызметкерлерінің еңбекақысын өсіру үрдісі қалыптасып келеді. Оның деңгейін жүйелі арттырудың арқасында 2007 жылы бюджетшілердің еңбекақысы 2,5 еседен астамға артты. Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының орташа көлемі 1998 жылдан бері 3 есеге жуық өсті. Бүгінде 630 мыңдай адам мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алады. Жалпы алғанда, ел экономикасы 2001 жылдан бастап жылына орта есеппен 10 пайызға өсіп отырды. Бұл өте үлкен де жедел өсу болып саналады (ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2008 жылғы 6 ақпандағы Қазақстан халқына Жолдауынан.— Егемен Қазақстан, 7.02.2008). Еліміздегі әлеуметтік ахуал да тұрақты қалпында. 2000 жыл­дан бастап, 2008 жылға дейін мемлекеттік бюджеттің білім беруге, денсаулық сақтауға және әлеуметтік қамсыздандыруға арналған шығындары 5 еседен астам ұлғайды. Біздің 5 миллионнан астам азаматтарымыз мемлекеттік әлеуметтік қорғаумен қамтылып отыр. Бұл көрсеткіш осыдан бес жыл бұрынғыға қарағанда екі есеге артық. Ал осы жылдар ішінде Қазақстанда жүздеген, мыңдаған жаңа кәсіпорындар пайда болды. Қазіргі кезде автомобиль құрастыратын, оның ішінде жеңіл автокөліктер де құрастыратын бес кәсіпорын жұмыс істейді. Бүгінде Қазақстанда радиотехника мен компьютер де құрастырылады. Жиһаз жасау өнеркәсібі, құрылыс индустриясы және басқа салалар серпінді дамуда. Сөйтіп, қорыта келгенде, тәуелсіздік жылдары Қазақстанда алғашқы жылдардағы кездескен көптеген қиыншылықтар мен қайшылықтарға қарамастан экономиканы дамытуда, әлеуметтік мәселелерді шешуде біршама жүмыстар атқарылды және елеулі табыстарға қол жетті. Соның нәтижесінде біздің еліміз ТМД мемлекеттерінің арасында өзінің әлеуметтік-экономикалық дамуы жағынан алдыңғы қатарға шығып отыр. Қазақстан бүгін әлемнің ең серпінді дамып келе жатқан елдерінің бірі саналады. Еліміз әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу мемлекеттің қатарына ену жөніндегі міндеттерді шешуде айтарлықтай ілгері жылжыды. Біздің мемлекет тәуелсіздіктің он алты жылында экономикалық, әлеуметтік қуатты реформаларды жедел де тиімді іске қосып, қай салада да ТМД елдері ішінде көшбасшы атанды.
124. Қазақстанның егеменді және тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуы
Тарих өлшемімен алғанда осынау қысқа мерзімде елде қандай өзгерістер болды? Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейін қысқа мерзімнің ішінде геосаяси кеңістік жүйесінен өз орнын табуы, өзінің ұлттық-мемлекеттік мүдделерін қалыптастыруы, сыртқы саяси басымдықтарының бара-бар жүйесін құруы және сыртқы саяси стратегиясының негіздерін қалауы тиіс болды. Көптеген шетелдік және отандық сарапшылар бұл міндеттер елдегі күрделі кезеңде оны Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев басқаруының арқасында ойдағыдай шешілді деп санайды. Н.Назарбаевтың ең жоғары деңгейде тікелей өзі орнатқан байланыстар отандық сыртқы саясаттың қалыптасуының маңызды міндеттерін шешуге көмектесті. Басты мақсат ретінде Президент Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуы стратегиясын ойдағыдай жүзеге асыру үшін қолайлы сыртқы жағдайларды қалыптастыру мен ұстап тұрудың жолдарын қарастырды. Тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саяси бағытының негізгі ұстанымдарын Президент 1992 жылы «Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасу және даму стратегиясы» атты еңбегінде айқындады, онда халықаралық аренада ҚР сыртқы саясатының бейбітшілік сүйгіш бағыты жарияланды: «Кез келген әскери жанжал апатты салдарларға әкеп соғатынын түсіне және өз жауапкершілігін сезіне отырып, бейбітшілікті сақтау Қазақстанның мемлекеттік саясатының басымдықты мақсаты деп танимыз; саяси, экономикалық және басқа да мақсаттарға қол жеткізудің құралы ретінде соғысқа немесе әскери күштер қаупіне жол бермейміз; ядросыз мемлекет мәртебесін алуға және ядролық қаруды таратпау шартына қосылуға ұмтыламыз; жаппай қырып-жоятын қаруларды бірінші болып қолданбау ұстанымын қуаттаймыз және осы міндеттемелерді барлық әлемдік қоғамдастық мемлекеттері қабылдауын жақтаймыз; белгіленген шекаралардың мызғымастығы ұстанымдарын, басқа мемлекеттердің ішкі ісіне араласпауды қолдаймыз». Н.Назарбаевтың сыртқы саясат доктринасының жүйе құраушы элементі болған көпвекторлы саясат әлемдік істерде елеулі рөл атқаратын және ел үшін практикалық маңызы бар барлық мемлекеттермен достық және болжана алатын өзара қарым-қатынастарды дамытуды көздейді. «Қазақстан өзінің геосаяси орналасуына және экономикалық әлеуетіне қарай тар аймақтық проблемалармен шектеліп қалмауы тиіс, - деді Президент. - Бұл біздің көпұлтты халқымызға ғана емес, бүкіл әлемдік қоғамдастыққа да түсініксіз болар еді. Қазақстанның болашағы - Азияда, Еуропада, Шығыста және Батыста. Нақ осындай саясатты жүргізе отырып, біз Қазақстанның қауіпсіздігіне қандай да болмасын қатерлердің пайда болуына жол бермейміз». Өмір көпвекторлық ұстанымын толығынан ақтап шықты, республиканың өзінің ұлттық мүдделерін тиімді жақтай отырып, халықаралық аренада дербес және ықпалды ойыншы болуына мүмкіндік берді. Бірде Француз Республикасының Президенті Жак Ширак Қазақстан туралы былай деген болатын: «Франция 1991 жылы болған өзгерістерді маңызды және шешуші деп бағалайды. Белгісіз және күрделі жағдайда Сіздің
еліңіз мемлекет құрудың қайтпас жолына түсті, өзінің ұлттық құндылықтарына және ұзақ тарихына адалдықпен қатар демократия мен құқықтық мемлекеттің жалпыадамзаттық ұстанымдарын. жақтайтындығын мәлімдеді. Қазақстан 15 жыл ішінде тұрақты институттары және серпінді экономикасы бар елге айналды». Н.Ә.Назарбаев алдын кеңінен шолып, халықаралық өмірдің негізгі мегатрендтерін практикалық саясатында ескеріп, ұрымтал сәттерді өзіне тән сезімталдықпен байқап отырады. Кейбір бұрынғы кеңестік көшбасшылар біздің Президенттің 1994 жылғы наурыздың 29-ында ММУ-да сөйлеген кезіндегі айтқан еуразиялық бастамасын дер кезінде ұғынып, бағамдай алмады. Алайда бұрынғы кеңестік кеңістіктегі мемлекетаралық қатынастардың одан кейінгі бүкіл даму қисыны еуразиялық идеяның өміршеңдігін қуаттады. 2000 жылғы қазанның 10-ында Қазақстан, Ресей, Беларус, Қырғызстан және Тәжікстан Еуразиялық экономикалық қоғамдастықты (ЕурАзЭҚ) құрды, ол бүгінгі таңда бұрынғы кеңестік кеңістіктегі ең табысты және тиімді ықпалдастық жобалардың бірі болып табылады. Н.Ә.Назарбаевтыің беделі мен ықпалының арқасында Қазақстан еуразиялық ықпалдастықтың локомотивтерінің біріне айналды. Ресейлік сарапшылардың атап көрсетуінше, Қазақстан қазіргі кезде Ресейдің тең дәрежедегі стратегиялық әріптесі болып қана қоймай, бұрынғы кеңестік кеңістіктегі оның табиғи бәсекелесі болып отыр. Сонымен қатар мамандар ЕурАзЭҚ бойынша әріптестерімен бірге, Қазақстан ГУАМ елдері - Грузиямен, Украинамен, Әзірбайжанмен және Молдовамен қатынастарды ойдағыдай дамытуда. ҚР-ның бұл жолдағы маңызды жеңісі әзірге Ресей, Беларус және Қазақстан кіріп отырған Кеден одағының құрылуы болып табылады. 2010 жылдың басында бірыңғай кедендік тариф күшіне енді. Үш елді бірыңғай кеден аумағына біріктірген нағыз одақ жақында ғана шындап жұмыс істей бастады. «Әртүрлі күрделі жағдайларға қарамастан, біз ынтымақтастықтың жаңа кезеңіне шықтық, - деп мәлімдеді жақында РФ Президенті Дмитрий Медведев. - Бұл аса күрделі келіссөздердің нәтижесінде туған өте маңызды, көптен күткен оқиға болды». Нұрсұлтан Назарбаев көпполярлы әлемге кәміл сенген жақтаушы. 1992 жылдың өзінде өзінің «Қазақстанның егемен мемлекет ретіндегі қалыптасу және даму стратегиясы» деген еңбегінде Қазақстан әлемдік қоғамдастықтың ұжымдық қауіпсіздігін құруға ұмтылады деп айқын мәлімдеген болатын. Аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде ЕҚЫҰ маңызды рөл атқаруы тиіс, оның әлеуеті әлі де түгесілген жоқ. Ішкі және сыртқы саясат саласында елеулі табыстарға қол жеткізген Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға ұсынары да жеткілікті, сондықтан да біздің еліміз осы беделді Ұйымға төрағалыққа өзінің кандидатурасын ұсынды. Бүгінде бұл төрағалық нақты шындыққа айналғаны белгілі. Ол жөніндегі шешім Қазақстанның демократиялық қоғам және ырықтандырылған нарықтық экономика құрудағы нақты жетістіктерін тану болып табылады. Нұрсұлтан Назарбаев республиканың 2010 жылы ЕҚЫҰ төрағасы лауазымына сайлануы Батыс пен бұрынғы Кеңес Одағы елдері арасындағы өзара қарым-қатынастардағы бетбұрысты алғашқы қадам болып табылады деп санайды. Қазақстан жаппай қырып-жоятын қаруларды таратпау режімін нығайтуға да елеулі үлес қосты. КСРО тарағаннан кейін Қазақстанның иелігінде әлемдегі төртінші әскери ядролық арсенал қалды. Н.Назарбаевтың қажымас жігерінің арқасында Қазақстан ядролық қарусыздану жолына ерікті түрде және белсенді қосылды. 1991 жылғы тамыздың 29-ының өзінде Семей полигонын жабу туралы жарлыққа қол қойылды, ал 1992 жылы біз Лиссабон хаттамасын ратификациялап, ядролық қаруы жоқ ел ретінде ядролық қаруды таратпау туралы шартқа қосылуға міндеттендік. 1993 жылғы желтоқсанның 13-інде Қазақстан Ядролық қаруды таратпау шартын ратификациялады, ал 1994 жылғы ақпанның 14-інде МАГАТЭ мүшесі болды. Өркениеттер, мәдениеттер және діндер арасындағы тұрақты диалогтың қажеттігін Н.Назарбаев басқалардан гөрі терең сезіне отырып, оның белсенді жақтаушысы болып келеді. Қазақстанда 130-ға жуық ұлт пен 46 конфессия өкілдері тату-тәтті өмір сүруде. Үш жылда бір рет мұнда ғаламшардың «ыстық нүктелеріндегі» дінаралық шиеленісті бәсеңдету тетіктерін қалыптастыру және өзара түсіністікті іздеуге жәрдемдесу үшін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездері өткізілуде. 2003 жылы АҚШ Президенті Джордж Буш: «Өзі де көпұлтты және көп конфессиялы ел болып табылатын Құрама Штаттар үшін мұндай кездесулер демократия негіздерін қалыптастыратын толеранттық пен құрмет құндылықтарын алға жылжыту үшін Орталық Азиядағы достарымызбен ынтымақтастықтың маңызын атап көрсетеді», деген еді. Еліміз Президенті жүргізіп отырған ішкі саясат та ойдағыдай болып отыр. Соның арқасында 90-жылдардың басында да Қазақстанда ұлтаралық шиеленістің ұшқыны да болған жоқ. Басқалар, әсіресе көбіне дамыған мемлекеттердегі сияқты қазіргі экономикалық дағдарыстың салдарын да біз аса көп сезе қоймадық. Біз экономика өсімі қарқынының шұғыл бәсеңдеуіне және отандық қаржы жүйесінің дағдарысына жол берген жоқпыз. Екінші деңгейлі банктерді мемлекеттік қолдау елдің қаржы жүйесінің тұрақтылығын сақтауға мүмкіндік берді, ал мұның өзі өз кезегінде әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықтың негізі болды. Мемлекет екінші деңгейлі банктердегі халықтың барлық салымдарын кепілдендірді, стресстік активтер қорын құрды. Сонымен қатар азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етті: елдің барлық аймақтарында азық-түліктік бидай, күріш, өсімдік майы, құрғақ сүт, ет пен сары май бойынша тұрақтандыру қорлары құрылды. Құрылыс нарығының проблемалары табысты шешілді, үлестік тұрғын үй құрылысы нысандарын аяқтау үшін бюджеттен жүздеген миллиард теңге бөлінді. 2010 жылғы қаңтардың 29-ында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жыл сайынғы Қазақстан халқына «Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын жариялады. Онда былай делінген: «Ел тарихының ХХІ ғасырдағы аса бір күрделі кезеңі аяқталып келеді. Дүние жүзінің экономикасын тұралатқан жа­һан­дық дағдарыс дауылы әлі басыла қойған жоқ. Алайда ол өзінің алғашқы алапат қуатынан айырылды. Біз тастүйін дайын болғандықтан, оның салдары біздің еліміз үшін соншалықты ауырға соққан жоқ». Мемлекет басшысының айтуынша, біз ХХІ ғасырдың алғашқы онжылдығына белгілеген барлық
міндеттерді шештік. Президент 2009 жылы көптеген дамыған елдер рецессияны бастан кешіріп жатқанда, Қазақстанда экономика өсімі 1,1 пайызды, өнеркәсіпте - 1,7 пайызды құрағанын еске салды. Ұлттық қордың жалпы халықаралық резервтері мен активтері бүгіннің өзінде 50 миллиард доллардан асып түсіп, соңғы он жылда 25 еседен астамға өсті. «Менің басты мақсатым - еліміздің алдағы онжылдықтағы экономикалық өр­леуін қамтамасыз етіп, жаңа мүмкін­дік­тер­ге жол ашу», - деп мәлімдеді Н.Назарбаев. Таяудағы онжылдықтағы бүкіл елдің жалпыхалықтық міндеті индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы болуы тиіс. Тек осылай ғана біз әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарына ене аламыз. Жеделдете индустриялық-инновациялық дамыту бағдарламасына қатысты Президент әңгіме жалпы көлемі 6,5 триллион теңге инвестицияны құрайтын 162 жобаны жүзеге асыру жайында болып отырғанын атап өтті: бұл елдің жалпы ішкі өнімінің 40 пайыздан астамын құрайды. Мұның бәрі Қазақстанға таяудағы үш жылдың ішінде 200 мыңнан астам тұрақты жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді. Қазақстанның саяси жүйесін дәйекті жаңартуда таяудағы ондылдықтағы құқықтық реформа маңызды рөл атқарады. Құқық қорғау жүйесін реформалау жөнінде елеулі жұмыс атқаруға тура келеді, оның негізгі бағыттары Елбасының «Қазақстан Республикасында құқық қорғау қызметі мен сот жүйесінің тиімділігін арттыру шаралары туралы» Жарлығында белгіленді. Бұдан басқа, Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметке 2010 жылдан бастап аймақтарда кәсіпкерлікті дамыту бойынша бірыңғай бюджеттік бағдарламаны жүзеге асыруға тапсырма берді. 2020 жылдың соңына дейін ішкі жалпы өнімдегі шағын және орта бизнестің үлесі 40 пайызға дейін артуы тиіс. Қазақстан бизнес ахуалы ең қолайлы 50 елдің қатарына кіруі тиіс. «30 елдің қатарына кіру міндетін де алдымызға қоюға болады, өйткені ол да қолымыздан келетіні кәміл», - деп атап өтті Н.Назарбаев. Жеделдете индустриялық-инновациялық дамыту мемлекеттік бағдарламасы жобаларын қаржыландыру үшін Қытайдан, Оңтүстік Кореядан, Біріккен Араб Әмірліктерінен, сондай-ақ француз, итальян және ресей компанияларынан жалпы сомасы 20 миллиард доллар инвестициялар тартылатын болады. 2010 жылғы сәуірдің 1-інен бастап бюджет ұйымдары қызметкерлерінің еңбекақыларын және жоғары оқу орындары студенттерінің стипендияларын арттыру басталды. Президент балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту бойынша «Балапан» арнайы бағдарламасын жүзеге асыруға кірісуге тапсырма берді. Жоғарыда айтылғандарды қорытып айтар болсақ, нақ Қазақстанның сындарлы көпвекторлы сыртқы саясаты, сондай-ақ сарабдал ішкі саясаты және орнықты экономикалық дамуы бүгінде әлемде біздің еліміздің жоғары беделін қамтамасыз еткенін айтуға тиіспіз.
125. Қазақстанның қазіргі заман тарихы бойынша дереккөздер
Сол сөз айтылғалы бергі жарты жылдай ғана уақыттың өзін­де елімізде ұлт рухын асқақтататын ірі іс-шара ойлас­тыры­лып, ол нақты нәтижеге де ұласты. Кеше Мемлекеттік хатшы Марат Тә­жин­нің Қазақстан Республикасының ұлттық тарихын зерделеу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының кеңейтілген отырысында жасаған баян­дамасында: «Нағыз ұлттық қадір-қасиет нағыз ұлттық тарихтан бас­талады», - деген сөз айтылғанда Еуразия ұлттық университетінің Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті аудиториясына жиналған жұртшылық разылықпен қол соқты. Олай болатын жөні де бар, деп жазады «Егемен Қазақстан» газеті бүгінгі санында (Сұңғат Әліпбай, Асқар Тұрапбайұлы). Елбасымыз Нұрсұлтан Назар­баев­тың: «Тарих - кім-кімнен де жоғары ұғым», деген ойы кеше Мемлекеттік хат­шының баяндамасында барынша таратылып айтылды. Отырысқа Президент Әкімші­лігінің, министрліктердің жауапты қыз­меткерлері, облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдерінің орынбасарлары, белгілі тарихшылар, жазушылар, тарих факультеттерінің декандары, бұқаралық ақпарат құрал­дарының басшылары қатысты. «Бүгінгі Қазақстан - қалыптасқан мемлекет. Біз мемлекет құрудың жаңа белесіне шықтық. Мемлекет басшысы ұсынған «Қа­зақстан-2050» Стратегиясы қо­ғам дамуының жаңа белесіндегі бас­ты сұрақтарға, атап айтқанда, біз қай­да барамыз және 2050 жылы қай­да болғымыз келеді деген сұрақ­тар­ға жауап береді», - деген Марат Мұ­хам­бетқазыұлы, мәселе ел болашағының дүниетанымдық жаңа моделін жобалау, басты құндылықтар мен бағ­дарларды айқындау туралы болып отыр­ғанына назар аударды. Мемлекет басшысы «Бүкіл­қа­зақ­стандық бірегейлік біздің халқы­мыздың тарихи санасының өзегіне айналуға тиіс» деп баса көрсетіп отыр. Мәселенің бұлайша қойылысы біздің назарымызды ұлттық тарихты зерттеу мәселелеріне объективті түрде шоғырландырады. Баяндамада ғылымның рөлі өзгергені қадап көрсетілді. Тарих ғылымына феноменология мен герменевтика әдістерінің енуі тарихи зерттеулердің сипатының өзін едәуір өзгертіп жіберді. Ендігі жерде тарихшы фактілерді тізбелеп, суреттеп отырушы, оқиғаларды тек «тіркеу­ші» емес. Ендігі жерде тарихшы «пайым­дау­шыға» - зерттелетін уақыттың ішкі мағынасына ой жіберетін ғалым­ға, фактілерді жай зерттеп қана қой­майтын, нақты қоғамның құнды­лық­тарын, жөн-жосықтарын, моралін «тү­­сінуге» қол жеткізетін ғалымға айналуға тиіс. «Біздің тарихнамамыз өзінің әдіс­темелік және тілдік құралын қатты өзгертуге тиіс. Қазақстанның тарих ғылымының алдында нақты сынақ тұр, ол сынақтың жауабын табуға әбден-ақ болады», - деген Мемлекеттік хатшы ұлттық тарих мәселелерімен талайдан және нақтылы айналысып жүрген Мемлекет басшысы Нұрсұл­­тан Әбішұлы Назарбаевтың «Тарих тол­қынындағы халық» деген атпен тарихи зерттеулердің арнаулы бағ­дар­лама­сын жасауды ұсынғанын жеткізді. Бұл бағдарламаның негізгі мақ­саты ретінде Қазақстанның тарих ғылымының алдыңғы қатарлы әдіс­­нама мен әдістеме арқауында сапа­лық секірісті жүзеге асыруына жағ­дай жасауды; қазақтардың ұлттық та­рихының көкжиегін кеңейту, ұлт­тың жаңа тарихи дүниетанымын қа­лып­тастыруды; Қазақстанның жаңа тари­хының жиырма жылының мәнін пайымдауды айтуға болады. Тарихқа арқа сүйемесе болашақ бұлдыр. Планетада мән-мағына мен
құндылықтардың мылтықсыз майданы күн сайын жүріп жатқан қазіргі күнде та­рихи жадыны сақтап қалу - жалпы өзің­ді өзің сақтап қалудың жалғыз жолы. Ұлт­тық тарихқа стратегиялық тұрғы­­дағы өзінің көзқарасын Мемлекет бас­шысы 1999 жылы шыққан «Тарих толқынында» кітабында баян етіп берді. 2003 жылы, Қазақстан халқына Жолдауында Президент Н.Ә.Назарбаев бұрын-соңды болып көрмеген «Мәдени мұра» бағдарламасын бастайтынын жариялады. Бағдарлама жүзеге асырылған жеті жылда - 2004-2011 жылдар аралығында Қа­зақ­станның тарихы, археологиясы мен этнографиясы бойынша 26 ар­наулы зерттеу жүргізілді. Дегенмен, мұның бәрі - тарихи жады мен тарихи әділеттілікті қалпына келтіру жолындағы ауқымды жұмыстың басы ғана. Қазақстанның қазіргі аумағы негізінен қазақ этносын қалыптастырған тайпалардың таралу аумағына сәйкес келеді. Ол тайпалардың XV ғасырда аяқ астынан қалыптаса қалмағаны айдан анық. Қазақ этносының қалыптасуы талай мыңжылдықтарға созылған үдеріс, өкінішке орай, ол жеткілікті деңгейде зерттелмеген. Ғалымдарымыз әлі күнге дейін көне түркілік Дешті Қыпшақ даласындағы ертедегі мемлекеттік құрылымдардың құрылуы мен ыдырауы, түркі-қыпшақ жұртының таралу аймағы, Еуразия топономикасының тарихы сияқты тағы басқа да аса күрделі әрі ауқымды тақырыптарды жаңа әдіснамалық тұрғыдан қарастырған жоқ. «Тарих толқынында» еңбегінде Мемлекет басшысының жазғанындай, «Біздің арғы ата-бабаларымыз Қиыр Шығыстан Батыс Еуропаға дейінгі, Сібірден Үндістанға дейінгі аумақты алып жатқан мемлекеттердің дамуында екі мың жыл бойы елеулі рөл атқарып келді. Орасан зор кең-байтақ аумақта қоныс аударумен болған көшпелілер Еуразияның этностық және мемлекеттік бет-бейнесін бір емес, бірнеше рет өзгертті». Бұл құрылымдардың қазіргі Қа­зақ­стан мен Орталық Азия аумағында тұрып жатқан жалпы (арғы түркілік) антропологиялық тип пен арғы түркілік тілдік топты қалыптастырудағы рөлі қандай? Олардың Қытай, Рим, Кушан им­пе­рияларымен, Парфиямен және бас­қалармен өзара қатынасының (сая­си, экономикалық және мәдени бай­ла­ныстарының) жүйесі қандай болған? Ұлы Жібек жолының, әсіресе оның біздің ел аумағы арқылы өтетін бөлігінің - Дала жолының дипломатиялық және сауда-экономикалық рөлі қандай еді? Ол жол мәдениеттердің өзара кі­рігуі мен бірін бірі байытуына, Ор­та­лық Азия мен Еуразияның басқа да мемлекеттерінің, әсіресе Шығыс ел­дерінің мәдени-өркениеттік қарым-қатынасына қалайша септескен? Марат Тәжин тарихшылар алдына қой­ған бұл мәселелердің әрқайсысы жеке-жеке, сала-сала зерттеулерді талап ететіні талассыз. Өкінішке орай, қазіргі тарихнамада еуропацентризмнің ықпалымен бір-бірімен кереғар күштер - көшпелілер («варварлар») мен отырықшы халықтар («өркениеттілер») күресумен өткен деген түсінік басым. Алайда, уақыт өте келе зерттеушілер мұндай түсініктің дұрыстығына барған сайын көбірек күдік келтіре бастауда. Түркі-славян өзара байла­ныс­тарының тарихы тек қана соғыстардан, әскери жеңістер мен жеңілістерден тұрмайды. Бұл ең алдымен санқырлы сауда, саяси, әскери, мәдени өзара бай­ла­ныстардың тарихы екендігі естен шығарыла береді. «Қазақтар Еуразияның ең байырғы автохтонды халықтарының бірі екені сөзсіз. Сонымен бірге, Қазақстанның тарихы осы жерді кейінірек мекендеген, бірқатары еркінен тыс қоныстанған басқа этностық топтардың да та­ри­хы. Еліміздің көпэтносты сипатын қалыптастыруда бұл үдерістерді біз объективті түрде зерделеуіміз қажет. Қазақстанның тарихы - біздің ортақ тарихымыз», - деп атап айтты Мемлекеттік хатшы. Баяндамада Қазақстанның жиыр­ма­сыншы ғасырдағы тарихы көп жағ­дайларда ұлттық пен тоталитарлық қақтығысының тарихы екендігі қадап көрсетілді. Өткен дәуренді дәріптеудің қажеті жоқ. Баяғы бір тәртіпті аңсай бермей, жиырмасыншы ғасырдағы қиыншылыққа толы тарих туралы ашық айту керек. Сол тәртіптің тұсында миллиондаған ата-бабаларымыздың қалай өмір сүргенін біз жақсы білеміз. Қазақстанның қазіргі заман тарихы - тарих ғылымында салыстырмалы түрде алғанда жаңа бағыт. Бір жағынан қарағанда, ол тәуел­сіздікке қол жеткізу және жаңа мемлекет құру тарихы болып табылады. Сон­дықтан да жаңа тарихтың басталар тұсы - кеңестік жүйенің ыдырауы және соған байланысты елеулі геосаяси дағдарыс кезеңі. Екінші жағынан қарағанда, Қазақ­станның қазіргі заман тарихы бүкіл адамзаттың дамуындағы жаңа белеспен сәйкес келіп отыр. Біздің көз ал­дымызда қағидатты түрде жаңа әлемдік тәртіп қалыптасып жатыр. Осылай деген Марат Мұхамбетқазыұлы таяу болашақтағы тарихшылар жұмысының басымдықтарын қолмен қойғандай айқындап та берді. Жаңа тарих мәселелері бойынша зерттеулердің тақырыптық аясын кеңейту керек. Олардың арасында біздің мемлекетіміз бен қоғамымыздың өтпелі кезеңінің көзге түсер ерекшелігі ретіндегі үш еселенген транзит; мемлекеттік менеджмент пен стратегиялық басқару жүйесі; мемлекеттік құрылыстың жүріп өткен әр белесіндегі әлеуметтік-саяси үдерістер; қоғамның жаңа әлеуметтік құрылымы; жаһанданудың ұлттық мәдениетке ықпалы және басқа да көкейкесті тақырыптарды бөле айтуға болады. Мемлекеттік құрылыстың өзіміздің, қазақстандық моделі, Мемлекет басшы­сы тұлғасының ұлттық тарихтың жаңа белесіндегі рөлі ғылыми тұрғыдан байсалды пайымдауды қажет етеді. М.Тәжин бұған дейін ұлттық тарихта шешілмей келген ауқымы жағынан аса үлкен міндеттер ретінде мыналарды атады. Біріншіден, жинақталған тарихи фактілер мен куәгерліктер, материалдық мәдениеттің жәдігерліктері, нышандық мәні бар пішіндер мен әдет-ғұрыптарды зерттеу, филология мен лингвистиканың мәліметтері, тарихи география мен демография, тарихи зерттеудің жаңа тәсілдері, пәнаралық көзқарастар бізге қазақтардың этногенезі бұған дейін тарих ғылымы дәйім пайымдап келген кезден анағұрлым ерте қалыптасқан деп болжам жасауға мүмкіндік береді. Этнос көкжиегін біздің дәуіріміздің бірінші мыңжылдығына дейін кеңейту және оны ғылыми тұрғыдан орнықтыру бүкіл ұлттық тарихқа жаңаша қарауға, біздің халқымыздың планетаның осы алып өңіріндегі алатын нақты орны туралы түсінігімізді өзгертуге мүмкіндік береді. Мұның өзі ұлттық сәйкестіктің маңызды факторына айналып, ұлттық сана-сезімімізді қа­ғи­датты түрде өзгертеді. Екіншіден, біз өзіміздің қазіргі тарихымыздың бас­ты мән-мағынасын жүйелі, ғылыми негізде түсініп алуға тиіспіз. Тәуелсіз егемен мемлекеттің өмірінде үшінші
онжылдық басталды. Осы жылдар ішінде расында да ғасырларға тең жолдан өттік. Ойымызды жинақтайтын кез жетті. Қазақстанның өтпелі кезеңі­нің ерекшелігі неде еді, қалып­тасқан мемлекет дегеніміз не, нақты тәуелсіздіктің негізгі белестері қандай, қандай қауіп-қатерлерден өттік, қоғамның экономикалық, саяси және мәдени жүйесі қалай құрылды? Осы сұрақтардың бәріне дәйекті әрі анық жауап беру - тарихшылардың кәсіби қоғамдастығының міндеті. Қазақстандық мемлекеттік басқару моделінің маңызды негіз қалаушысы - Көшбасшының рөлін айрықша атап көрсеткім келеді. Бұл жерде Қазақстан басшысы қызметінің бірқатар қыр­ларына ғылыми тұрғыда талдау жасау қажет етіледі, - деді Мемлекеттік хатшы. Біріншіден, 20 жылдан астам уақытта біз стратегиялық пайымымыз туралы ашық айта аламыз. Осы жылдар ішінде біз әлемнің түрлі өңірлерінде метеор тәрізді жылт ете қалған көптеген жарқын саясаткерлерді көрдік. Алайда, елдің даму стратегиясын ондаған жылдарға алдын-ала айқындап және оған болжам жасап қана қоймай, сол жоспарды іске асыра білу - бұл стратегиялық пайымдай алатын саясаткерге тән қасиет. Бұған қоса, Көшбасшы өзімен барлық жағдайда келісе бермейтінін ұғына отырып, оның табысты болашағына деген жауапкершілік жүгін өзіне артып, кей жағдайларда қоғамдық пікірге қарсы жүре алатын күш-жігері жеткілікті болуы тиіс. Екіншіден, айқындылық. Көшбас­шылардың барлығы дерлік мұндай қасиетке ие емес. Олардың көпшілігі оны сайлауалды науқан кезінде берілетін жалаң уәделермен шатастырады. Біздің Елбасы ешқашан әлеуметтік қиял-ғажайыптарды уәде еткен емес, ал уәде берген жағдайда дәл есептей біледі және оны әрдайым іске асырады. Үшіншіден, басқарудың инно­ва­циялық стилі. Көмірсутегіне бай көп­теген елдер мұнай қайнарының айна­ласында дағдарып қалды. Қазақ­стан Президенті күш-жігерді инно­ва­циялық дамуға, технологиялық үде­ріске бағыттап келеді. Елдің бәсекеге қабілеттілігі тек қана жедел технологиялық дамуында. Төртіншіден, интеллектуалдық ауқым. АӨСШК-тен Әлемдік діндер форумына дейінгі, ЕҚЫҰ саммитінен ЭКСПО-2017-ге дейінгі, елорданы көшіруден «2030» және «2050» стратегияларына дейінгі ішкі және сыртқы сипаттағы барлық ірі жобалардың негізінде нақ Елбасының интеллектуалдық күш-қуаты жатыр. Ал осы жобалардың әрқайсысы қазіргі заманғы кез келген ірі саясаткерді құрметке бөлей алар еді. Барлық осы деректер, идеялар, оқиғалар жүйелі әрі объективті бағаға ие болуы тиіс. Бірақ бұл әдеттегі кезекті баяндауды емес, байыпты ғылыми талдауды қажет етеді. Менің ойымша, бұл біздің тарихшыларымыздың алдын­да тұрған міндеттің маңызды бөлігі, - деп ойын түйіндеді Мемлекеттік хатшы. Бұдан кейін сөз кезегі Мемлекет тарихы институтының директоры Бүркітбай Аяғанға берілді. Қазақ­станның қазіргі заман тарихын зерделеу әдістемесінің мәселелері туралы сөз қозғаған ғалым жиын өтіп отырған осы күнді Қазақстан тарихшылары үшін ерекше күн деп атады. Өйткені, Мемлекеттік хатшының қатысуымен ұлттық тарихты зерделеуге арналған бұл жиынның шешімдері ендігі кезекте тарихшылар үшін аталған мәселеде бағдаршам секілді әсер етпек. Осы ретте ғалым еліміздің тарихын тәуелсіздік талаптарына сәйкес, жаңа заман биігінде қайта қарастыру ісінде Елбасының аталған мәселедегі еңбектері мен сөйлеген сөздері басшылыққа алынатындығын тағы бір атап көрсетті. Еліміз өз тәуелсіздігіне ие болғаннан кейін отандық тарихты шынайы да жан-жақты зерттеу ісінде тарихшылар алдында жаңа мүмкіндіктер ашылды. Елбасының тікелей араласуымен «Қазақстан Республикасындағы тарихи сананы қалыптастыру» тұжырым­дамасы, «Мәдени мұра», «Ғылыми қазына» бағдарламалары қабылданып, қаржыландыру мәселесі шешілді. Көптеген Қазақстан ғалымдары шетел­дерге барып жұмыс істеп, оларда­ғы Қазақстанға қатысты тарихи құ­жат­тарды жарыққа алып шығып, айна­лымға қосты. Дегенмен, Қазақ мемлекеттілігі сияқты тақырыптар бойынша ортақ бір тұжырым әлі қалыптаса қойған жоқ. Мемлекеттік тарихымызды қай кезеңнен бастаймыз, көне сақ-ғұн дәуірінен бе, Түркі қағанатынан ба, Ақорда кезеңінен бе деген сұрақтарға әркім әртүрлі жауап беріп келген еді. Бүгін соның жауабы табылғандай. Екіншіден, тарихшылар үшін қазақ халқын тарихи тұрғыдан сипаттаудың да өзіндік қырлары бар. Қазақтар ешкімге қарсы соғыс ашпаған халық. Тарихшылар алдағы уақытта осы мәселеге де мән бергені орынды секілді. Мінберге көтерілген Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры Хангелді Әбжанов ел аузындағы аңыздардан ақиқатты таразылаған отандық тарих пен тәуелсіздік идеясы қашанда болсын тамырлас екендігін атап көрсетті. - Әлемдік және отандық тарихтың сабақтарын тереңнен толғаудың тамаша үлгісі - Елбасымыздың «Қа­зақстан-2050» Стратегиясы - қалып­тасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауы, - дей келе қазіргі тарих ғылымының алдындағы бірқатар проб­лемалы мәселелерді көрсете кетті. Соның бірі, кадрлық-ұйымдық мәселеде тарихтан PhD даярлау қарқыны өте төмен. Егер осылай жалғаса берсе, 10-15 жылдан кейін ЖОО-лар мен ғылыми-зерттеу институттарында (ҒЗИ) қызмет істейтіндердің негізгі денін магистрлар құрауы әбден мүмкін. Мәселен, соңғы 3 жылда біздің институттың бірде-бір магистрі PhD-ға оқуға түскен жоқ. Ғалымның айтуынша, тарихтан ҒЗИ-лар екі қалада ғана - Астана мен Алматыда шоғырланған. Ал облыстардағы ғылыми-интел­лек­туалдық әлеуетті игі іске жұмылдыру үшін жергілікті билік қолдауы қажет екенін әрі ол тамаша нәтижелермен көмкерілетінін Қарағанды, Батыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан өңір­лерінің тәжірибесі көрсетіп отыр. Өлке­тануға селт етпейтін әкімдер де бар. Қозғаусыз жатқан осы әлеуетті жер-жерде іске қосу тек орталық биліктің ғана қолынан келеді. Тарихи өлкетану жанданбай, Отан тарихының біртұтас жаңа келбетін түзу бекер әурешілік. А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қыз­меткері Александр Гаркавец қыпшақ жазбаларының тарихынан сыр шертті. Ғалымның пікірінше, ежелгі түркі жазулары жалпы түркі әлемінің жетістігі, сондықтан да оны бөліп-жара қарауға болмайды. Осы ретте шешен бірқатар жазбалардың қыпшақтық негізі бар екенін деректермен дәйектеуге тырысты. Оның айтуынша, еврей жазбаларының ескерткіштері қазір қырым қыпшақтарына телініп жүр. Онда хазарлар мен қыпшақтар мекен еткендіктен мұнда қыпшақ тілі өріс алған көрінеді. Ал қазір ол қарайым жазбасы ретінде,
онда да тек шектелген түрінде шамалы латын тілінде Мәскеуде кириллица қаріптерімен жазылыпты. Оны елдің көбі қарайым тілі деп түсінген. Олай болса қарайым мәтінін жариялау керек, дейді ғалым. Жазба мәтіндері көбіне шетелдерде жарияланып жүр. Олар өздерінің шығу тегі бойынша Қырымнан шыққан қарайымдар тілі. А.Гаркавец көптеген түрік және қыпшақ тілдерін, олардың диалект сөздерін де біле отырып, араб жазбасындағы қыпшақ тілдерін, ескерткіштерін біз осы заманғы ғылыми тілде жариялауымыз қажет дегенді де алға тартты. Ол үшін парсы, араб және түрік тілдері диалектілерін білу қажет. Екінші кезең армян жазба ескерткіштері, дей келіп өзінің армян мәтіндерімен жазылған кітаптарының жалпы салмағы 30 килограмға жет­кен­дігінен хабардар етті. Осы мәтіндерді жақсы түсініп оқу үшін 1800 беттен тұратын қыпшақ сөздігін де жасапты. Кітапты оқыған адам түсінеді, онда ешқандай проблема жоқ, деп сендірді баяндамашы. Өтпелі кезеңдегі қиыншылықтарды тілге тиек еткен Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология институтының директоры Бауыржан Байтанаев далалық археология жұмыстарын қаржыландырудың мардымсыздығына қарамай, бұл ТМД елдері археологтарының өзара қарым-қатынасына әсер ете алмағандығын алға тартты. Оның айтуынша, ел тәуелсіздігін алғаннан бастап жаңа мүмкіндіктер мен байланыстар орнаған. Елімізге алыс және жақын шетелдерден ғалымдар мен экспедициялар келе бастаған. Бұған 90-шы жылдардағы қазақ-орыс, қазақ-американ және қазақ-француз экспедициялары мысал. Институт басшысы осы ретте 2004 жылдан бері Қазақстан археология­сы дамудың жаңа қарқынына ие бол­ған­дығымен бөлісе кетті. Оған бас­ты серпін берген «Мәдени мұра» бағ­дар­ламасы. Қазақтың ұлттық тарихын ашу, оның ішінде қазақ этногенезін терең зерттеу үшін салааралық ғылыми жұмыстарды нығайту қажет, деп ой бөліскен ғалым антропология ғылымы бүгінгі таңда елімізде дұрыс жолға қойылмай отыр деген қынжылысын да жасырмады. Білім және ғылым министрі Ба­қыт­жан Жұмағұлов өте маңызды да терең және болашақтың мәселесіне бағытталған баяндамасы үшін Мемле­кеттік хатшы Марат Тәжинге алғысын білдіре келе, бүгінгі жиындағы әңгіме келесі күні Мемлекет тарихы институтында жалғасатындығын айтты. Кеңес отырысын Мемлекеттік хатшы Марат Тәжин қорытындылады. Ел тарихшыларының іргелі жұмыстарын тиісінше бағалай сөйлеген Марат Мұхамбетқазыұлы қол жеткенге қанағаттануға ешқандай негіз жоқтығын да атап көрсетті. Осында алға қойылған міндеттердің бәрін шешу үшін орта мектептер мен жоғары оқу орындарындағы тарихты оқытудың осы заманғы және шын мәніндегі ғылыми біртұтас мемлекеттік стандартын жасау керек. Ұлттық тарих қоғамдық ғылым­дар­дың арасында орталық буынға айналуға тиіс. Біз сапалық жаңа деңгейде Қазақстан тарихының ортақ тұжы­рымдамасын жасап шығуға тиіспіз. Ол тұжырымдама бүкіл әлемдік тарихпен тығыз байланыста болуға, Қазақстанның аса ауқымды тарихи үдерістердегі, олардың өзара байланысы мен ғылыми кезеңдену жүйесіндегі орнын анық көрсетуге тиіс. Қазақстан туралы біздегі және шетелдердегі тарихи материалдардың барлығын жинауға, жүйелеуге және жіктеуге баса көңіл бөлу де өте маңызды. Тарихшылар қауымының назары орталықазиялық номадтық өркениетті зерттеудің маңыздылығына ерекше аударылды, қазіргі таңда ол өркениеттің сақтаушысы қазақ этносы болып отыр. Қазақ этносының археологиясын, антропологиясын, этнографиясын, фольклорын, мәдениеті мен дәстүрлерін зерттеуге күш сала отырып, қазақтардың номадтық өркениетін зерттеу саласында ғылыми және ғылыми-қолданбалы зерттеулер бағдарламасын дайындауды, тың тұрпаттағы тарих оқулықтарын жазуды тапсырды Мемлекеттік хатшы. Зиялы қауымды дүр сілкіндірген, тарихшы ғалымдар үшін шын мәнінде белесті оқиғаға айналған кешегі кеңейтілген отырыстың мән-маңызын негізгі баяндамадағы мына сөздер дәл жеткізе алады деп ойлаймыз: «Ұлттық тарихқа қызығушылық немесе немқұрайдылық - халық мәдениетінің айқын және нақты өлшемі. Өзінің өткенін ұмытатын қоғамды болашақ та ұмытады. Бейнелері бейберекет ауысып жатқан мына аса ауқымды әрі ұшқыр әлемдегі ең маңызды құбылнама мен адастырмас бағыт-бағдар - өзіңнің ата-бабаңның кімдер болғанын, мынау тарих толқынында өзіміздің кім екенімізді білу және ұмытпау». Кезінде ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақ тарихында қазақ ұялатын ештеңе жоқ» деп айтқаны халқымыздың абыройын асырғаны есімізде. Иә, ұлттық тарихымыз ұлттық мақтанышты күшейтудің, отаншылдықты арттырудың қуатты тетігі. Ал отаншылдық сезім - ұлы істердің бастауы. Кешегі келелі кеңес ұлттық тарихты зерделеуде соны серпіліс болатындығына сендіріп отыр.
126. Қазақстанның қазіргі заман тарихын кезеңдеу
Көтерілістің басқы кезеңінен патша үкіметінің, әсіресе Батыс-Сібір генерал-губернатырлығының Кенесарыға қарсы қимылдары күшпен жаныштау әдісіне негізделді. Әрине, көлемі шағын мақаланың осы бөлімінде Ресей билеушілерінің барлық жазалау әрекеттерін жыл-жылға саралап салу өте күрделі. Әйтсе де, қолдағы әр түрлі сипаттағы деректерге қарап, Романов әулетінің Абылай әулетін жапыруға бағытталған жазалау қимылдарын біршама анықтауға болады. /24/
Қазақстанның сол кездегі екі әкімшілік орталығы — Омбы мен Орынбор Кенесары көтерілісін жаныштауға негізгі әскери күштерді жабдықтап, қатарын толықтырып отыратын тірек болады. Әсіресе, ХІХ-ғасырдың 30-жылдарынан әскери соттардың билігі кеңейтілді. Қолға түскен Кенесарыны жақтайтын қазақтарды жауапқа тарту, олардың «кінәсін» анықтау және айып тағу Омбы әскери-далалық сотына тапсырылды. Ордонанс-гауз мекемесі (патша заңдарының іске асырылуын қадағалайтын жазалау ұйымы) жаңадан құрылған өкірүгтерден басқа аудандарға қоныс ауыстырған, «үкіметке берген анттан тайғандардың» ісін арнайы қарайтын. 1839-жылы Тер-соққан деген жерде қолға түскен бірнеше қазақтар «бүлікшінің» ісін қолдағаны үшін Ордонанс-гауздың шешімімен жауапқа тартылды. К,анша қинаудан зәбір көрсе де, «бұзықтар» кінәлерін мойындамады. Бұған қапаланған әскери-дала сотының өкілі оларды ауыр жазағатартуды талап етті: осы қазақтардың әрқайсысына тұздалған шыбықпен бір мың дүре соғып, аман қалғандарын Шығыс Сібірге айдау ұсынылды (Бұл жаза 1731-жылдан 1861-жылға дейін Ресейде жиі қолданылған). Алайда мұрағат қорындағы мәліметтер бұл жазаның қазақтарға қолданылғанын немесе қолданылмағанын анықтамайды
Омбы мен Орынбор әкімдері Кенесары топтарының шоғырланған жерлерін Ресейдің билігін мойындаған қазақтар арқылы алдын ала біліп отырғаны айғақ. 1839-жылдың жазында Омбы облысында Кенесарының, сұлтан Күшіктің және Саржан сұлтанның ұлының (кім екендігі анықталмаған) өздерінің жақтастарымен Ұлытау төңірегінде көшіп жүргендігін білген Батыс-Сібір гүбірнатырының кеқесінде оларды қалай да болса қолға түсірмесе, қазақтардың «билеушілерінің ойрандауы» кең таралып кететіндігі үрей туғызған. Көтерілісшілер қатарының жылдан-жылға өсуі Сібір генерал-гүбірнатырын қатты мазаландырды, 1840-жылы ақпан айының 5-інде «Сібір қырғыздарының» бастығы Ресей билігінен бас тартқандардан айып ретінде «әскери контрибуция» төлету туралы арнайы шешім қабылдады. Осыны негізге алып, Ресей билігіне бас ұрған аға сұлт