Д?ниетану ?МЖ 3 сынып


Тақырыптық жоспарлау
3-сынып
Мектеп:
Мұғалімнің аты- жөні:
Бөлімше: Пән: Дүниетану №1 сабақ
Ортақ тақырып: 1. Жанды табиғат Бөлімше: 2.2 Климат және ауа райы
2.3 Табиғат жағдайлары және олардың әсері
Күні: Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
Тақырып: Жер бетіндегі климат неге тәуелді?
Оқыту мақсаты 3.2.2.1 жер климатының негізгі түрлерінің сипаттамаларын анықтайды;
3.2.3.1 адамдардың табиғи жағдайларға байланысты (жер бедері, климат, өсімдік және жануарлар әлемі, су нысандары) орналасуын талдау.
Сабақтың мақсаттары (Күтілетін
нәтижелер) Барлық оқушылар климаттың не екенін біледі.
Көптеген оқушылар климаттың негізгі түрлерінің сипаттамаларын анықтайды.
Кейбір оқушылар табиғат жағдайларына байланысты адамдардың қоныстануына талдау жасайды.
Тілдік мақсат Оқушылар жауаптарын нақтылау үшін өмірден мысалдар келтіреді; оқулықтағы мәтіннен алған ақпараттарды қолданады.
Пәндік лексика мен терминология:
Климат, климаттық белдеу.
Диалогке/жазылымға қажетті тіркестер
Климат дегеніміз – белгілі бір жердегі ауа райының көп жылдық режимі, яғни осы аумақтағы ауа райы жағдайының жүйелі түрде қайталанып отыруы.
Жергілікті жердің климаты теңіздер мен мұхиттардың жақындығына, жер бедерінің пішініне, полюстер мен экватордан қандай қашықтықта орналасуына байланысты.
Талқыланатын мәселелер:
Климаттың негізгі түрлерінің сипаттамалары қандай?
Климат пен табиғаттың ерекшеліктері адамдардың қоныстануына қалай әсер етеді?
Алдыңғы
білімдер Ауа райы туралы білімдері. Жер бетіндегі ыстық және суық жерлер. Оқушылардың өмірлік тәжірибелері.
Сабақ жоспары
Сабақ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Ой қозғау 1 мин Уәждеме. Стартер.
Мұғалім:
– Сәлеметсіңдер ме, балалар! Неге солтүстікте пальмалар өспейді? Неліктен бізде қар да, жаңбыр да жауады, ал оңтүстікте тек қана жаңбыр жауады? Осы және өзге де қызықты сұрақтардың жауабын біз осы сабақта алатын боламыз. Бүгінгі сабағымызда біз Жер
бедерінің белдеулерімен танысамыз, олардың атауларын есте сақтаймыз. Әр белдеудегі ауа райының ерекшеліктері, ондағы өсімдіктер мен жануарлар әлемі жайында сөйлесетін
боламыз. Жаңа сабақ 35 мин 1. (К) Білімді өзекті қылу. Мұғалім-оқушы диалогі
Бүгін біз жаңа бөлімді оқуды бастаймыз. Бөлім қалай аталады, оқыңдар: «Жанды табиғат» «Қиыр солтүстік»
«Тропиктер» иллюстрациялары
Оқулық
Электронды қосымша Қағаз, сабақтың
бөліміндегі қосар бетті қарап шығыңдар, осы бөлімде не туралы айтылады? – Екінші сыныпта біз сендермен ауа райының не екенін білдік. Анықтамасын естеріңе түсіріңдер. – Ауа райы дегеніміз – белгілі бір уақыттағы, белгілі бір жердегі ауаның жай-күйі. – Ауа райы үнемі бір қалыпты болып тұра ма? Мысалдар келтіріңдер. – Барлық жерде ауа райы бірдей ме? Неліктен? Мысалдар келтіріңдер. 2. (Ұ) Сабақтың тақырыбы бойынша жұмыс. Мұғалім-оқушы диалогі. – Сендердің тұратын аймақтарыңда жазда қандай ауа райы болады? Күзде ше? Қыста ше? Көктемде ше? Сипаттап беріңдер. – Неліктен Қиыр Солтүстіктегі және Тропиктегі ауа райы бірдей емес? – Күн сәулесі ғаламшар бетін біркелкі жылытпайды, сол себептен де Жер бетінің әр жеріндегі ауа райы да әртүрлі. Оқулықтағы мәтіннен жылдың қай мезгілінде бірдей ауа райының қалыптасатынын білетін боламыз. 3. (Ө) Оқулықтағы мәтінмен жұмыс. Оқудың коммуникативтік дағдыларын дамыту. – Мәтіннің бірінші бөлімін оқыңдар (Сұрақтарға және тапсырмаларға дейін). (Ж) Сөйлеудің, тыңдаудың коммуникативтік дағдыларын дамыту.
– Екі-екіден отырып, климат дегеніміз не? Жердің белдеулері қалай аталады? деген сұрақтар бойынша сөйлесіңдер. Картадан шартты климаттық белдеулерді көрсетіңдер.
4. (Т) Оқудың, сөйлеудің, тыңдаудың коммуникативтік дағдыларын дамыту. Модельдеу
Топта жұмыс істеудің ережелерін еске түсіріңдер.
Топта жұмыс істей отырып, мына тапсырмаларды орындаңдар: полярлық, қоңыржай, тропиктік және экваторлық белдеулердің ерекшеліктерін оқып біліңдер. Әр белдеудің
өсімдік, жануарлар әлемі, жер бедерінің пішіні жайында, сонымен қатар, онда өмір сүретін адамдар жайында постер құрастырыңдар. Оқулықтағы материалдарды (мәтіннің 2-бөлімі), қосымша әдебиеттерді қолданыңдар, электронды презентацияны көріңдер.
Бағалау критерийлеріДескрипторлар
Климаттық белдеулерге тән ерекшеліктер1. Климаттық белдеудегі ауа райының туралы постер (жұмыс) құрастырылды.ерекшеліктеріне сипаттама берілген
(температура, жауын-шашын).
Климаттық белдеудегі өсімдіктер әлемінің 1-2 түріне сипаттама берілген.
Климаттық белдеудегі жануарлар әлемінің 1-2 түріне сипаттама берілген.
Климаттық белдеудегі жер бедеріне сипаттама берілген.
Адамдардың өмір сүру жағдайларына сипаттама берілген.
Орындалған жұмыстарды көрсету. Өзара бағалау.
5. Сергіту сәті:
Орнымыздан тұрамыз, Алақанды ұрамыз.
Бір отырып, бір тұрып, Тез шынығып шығамыз.
«Климат» тақырыбын ары қарай жалғастырамыз. тақырыбына қатысты суреттер
Желім
Маркерлер, қайшы Оқулық
Дәптер
Электронды қосымша
6. (Ө) Алған білімді нығайту бойынша өз алдына жұмыс жасау. Тапсырманы орындау. Рефлексия 3 мин Бүгін қандай тақырып бойынша жұмыс істедік?
Жердегі климат неге тәуелді екен?
Қорытындыны оқыңдар. Дәлелдер келтіріңдер.
Сабақтағы атқарған жұмысыңа баға бер және жауаптарыңды түсіндір.
Мен сабақта жұмыс істедім, өйткені
Мен сабақтағы жұмысыма
Сабақтың тақырыбы болып шықты.
Мен жайында тағы қосымша мәліметтер білгім келеді. Үй тапсырмасы
1 мин «Адамдардың қоныстануына климат қалай әсер етті?» Сұрақтың жауабын табыңдар. Дәптер
Мектеп:

Мұғалімнің аты- жөні:
Сынып: Пән: Дүниетану №2 сабақ
Ортақ тақырып: 1. Жанды табиғат Бөлімше: 2.2 Климат және ауа райы
2.3 Табиғат жағдайлары және олардың әсері
Күні: Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Тақырып: Ауа райы адамдарға қалай әсер етеді?
Оқыту мақсаттары 3.2.2.2 ауа райы қолайсыз жағдайларда өзін-өзі ұстау ережелерін құрастыру;
3.2.3.2 геологиялық және табиғи-климаттық апаттар туындаған жағдайдағы өзін-өзі ұстау ережелерін құрастыру.
Сабақтың мақсаттары (Күтілетін нәтижелер) Барлық оқушылар:
катаклизмнің не екенін біледі;
катаклизмнің түрлерін ажырата алады;
табиғат катаклизмдері туындаған кездегі мінез-құлық ережелерін құрастырады. Көптеген оқушылар климаттық жағдайлардың адам өміріне қалай әсер ететінін анықтайды. Кейбір оқушылар адамның өміріне катаклизмдердің тигізетін әсерін талдайды.
Тілдік мақсат Оқушылар:
– жауаптарын нақтылау үшін өмірден мысалдар келтіреді; оқулықтағы мәтіннен алған ақпараттарды қолданады.
Пәнге қатысты лексика мен терминология:
Катаклизм, геологиялық катаклизм, апат.
Диалогке/жазылымға қажетті тіркестер
Катаклизм дегеніміз – жойқын табиғи процестердің әсерінен жер бетіндегі өмір жағдайының күрт бүлінуі.
Талқыланатын мәселелері:
Катаклизмнің қайдай түрлері болады? Катаклизмдер адам өміріне қалай әсер етеді?
Табиғи катаклизм кезіндегі қауіпсіздік ережелері қандай?
Алдыңғы білімдер Климат және климаттық белдеулердегі ауа райының ерекшеліктері жайындағы білімдері. Оқушылардың өмірлік
тәжірибелері
Сабақ жоспары
Сабақ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Ой қозғау 7 мин. Уәждеме. Стартер. Мұғалім:
Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Сабағымызды жақсы көңіл күймен бастаймыз.
Өткен сабақта қандай тақырыпта әңгіме қозғадық?
– Климат дегеніміз не?
– Әр климаттағы ауа райының ерекшеліктері қандай екен?
1. (Ұ) Үй тапсырмасының орындалуын тексеру. Мұғалім-оқушы диалогі
Қандай сұраққа жауап іздеу керек еді?
Қандай жауап дайындадыңдар? Ақпаратты қайдан іздедіңдер?
Табиғат процестері мен ауа райы жойқын күш көрсете бастаса, не болады? Бүгінгі сабағымызда осы сұраққа жауап алатын боламыз.
Сабақтың тақырыбын түсінуде «Сөзді жина» ойыны көмекке келеді. Әріптерден сөзді құрастырыңдар.
Сендерге «катаклизм» сөзі таныс па? Ол қандай мағынаны білдіреді? «Катаклизм» сөзін қандай сөзбен алмастыруға болады?
«Катаклизм» сөзін естігенде сендерде соған қатысты қандай ассоциациялар туындайды? К, А, Т, А, К, Л, И, З, М
әріптері
Жаңа сабақ 30 мин 1. (Ұ) Сабақтың тақырыбы бойынша жұмыс. Мұғалім-оқушы диалогі.
Адам өмірі қандай табиғат құбылыстарына тәуелді?
Жаңбыр мен қардың жаууы, қатты желдің соғуы адам өмірі мен оның жұмысын қалай өзгертеді?
2. (Ө) Оқулықтағы мәтінмен жұмыс. Оқудың коммуникативтік дағдыларын дамыту.
Мәтіннің бірінші бөлімін оқыңдар (кестеге дейін).
(Ж) Сөйлеудің, тыңдаудың коммуникативтік дағдыларын дамыту.
«Сұрақтар мен тапсырма», «Талқылау», «Сөздікпен жұмыс» айдарындағы тапсырманы екіден отырып, орындаңдар.
Тапсырма орындалған соң мынадай сұрақтар қойылады:
Болуы мүмкін катаклизм жайындағы ақпаратты біз қайдан аламыз?
Қандай табиғат апаттарының түрлерін білесіңдер? Олар қандай қиратушы күшке ие?
(Ө) Оқудың, жазудың коммуникативтік дағдыларын дамыту. Кластер
Тапсырмаларды орындаңдар.
Өздік жұмыс
Бағалау критерийлеріДескрипторлар
Венгр сөзжұмбағын шешеді.1. Табиғат апаттарын білдіретін 4 сөзді
табады.
Табылған сөздерді ерекше түске бояп, бөліп көрсетеді.
Катаклизмнің ерекшеліктеріне қысқаша сипаттама береді.
«Катаклизм» терминіне анықтама береді.1. «Катаклизм» терминінің мағынасын
анықтау үшін 1-2 қосымша әдебиеттерді пайдаланады. 2. Анықтаманы жұмыс
дәптеріне жазады.
3. Жазуға түсініктеме береді.
ҚБ: Өзара бағалау
– Қай анықтаманы дауыстап оқуға болады? Кім қосымша ақпараттарды қолдана
отырып, жаңа анықтама құрастыра білді? Өздерің құрастырған анықтаманы бізге оқып беріңдер. Оқулық
Сөздіктер, электронды қосымша
Дәптер
4. Сергіту сәті
Қолдарыңды көтеріңдер – бір дейік. Көп отырып, қатты шаршап жүрмейік. Қолды создық, басты бұрдық – екі деп, Қозғалыспен әрбір адам жетіледі.
Алға, артқа қарадық та – үш дедік. Тағы жаңа жаттығулар істедік.
Түсірейік қолды төрт пен бесті айтып, Отырайық көңілді енді марқайтып /Б.Бөрiбаев/
5 (Ж) Кестемен жұмыс. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту. Кластер
Екіден жұмыс істей отырып, катаклизмнің түрлері берілген кестені оқып шығыңдар. Біздің елімізде катаклизмнің қандай түрлерін байқауға болатынын айтып беріңдер?
Қорытынды: Катаклизмнің бірнеше түрлері бар. Біз оның екі түрін оқып жатырмыз: геологиялық (жер бетінің жағдайына байланысты) және табиғи-климаттық (ауа райының жағдайына байланысты: жел, температура, жауын-шашын).
Біздің елімізде, цунамиден басқа, кестеде аталған құбылыстардың барлығын байқауға болады.
6. (Т) Оқушы-оқушы диалогі. «Табиғи апат кезіндегі қауіпсіздік ережесі» жобасы
– Топта электронды қосымшадағы, оқулықтағы материалдарды оқи отырып, табиғи апат кезіндегі мінез-құлық ережелерін құрастырыңдар. (Әр топ белгілі бір табиғи апат кезіндегі мінез-құлық ережелерін құрастырады).
Жұмыстың нәтижесін сыныпқа көрсетіңдер. Дәптер
Электронды қосымша, қағаз, маркерлер,
Оқулық
Бағалау критерийлері Дескрипторлар Табиғи апат кезіндегі мінез-құлық ережелерін құрастырады. Ережелерді постерге жазады.
Үйдегі су құбырымен, электрмен, газ құбырымен жұмыс істеуге қатысты іс- әрекеттердің ретін көрсетеді.
Қандай заттарды өзімен бірге алу керектігін көрсетеді. Жұмыстарды көрсету
ҚБ: Топтың өзара бағалауы Рефлексия 3 мин Сабақта қандай тақырып бойынша жұмыс істедік?
Ауа райы адамға қалай әсер етеді?
Катаклизм дегеніміз не?
Қорытындыны оқыңдар. Дәлелдер келтіріңдер.
Сабақтағы атқарған жұмысыңа баға бер және жауаптарыңды түсіндір.
Мен бәрін түсіндім. Сабақ ұнады.
Сабақ қызықсыз болды.
Мен ештеңе түсінбедім, сабақтың бітуін сабырсыздықпен күттім. Үй тапсырмасы Оқулық тапсырмасын орындаңдар. Дәптер
Мектеп:

Мұғалімнің аты- жөні:
Сынып: Пән: Дүниетану №3 сабақ
Ортақ тақырып: 1. Жанды табиғат Бөлімше: 1.4 Денсаулық және қауіпсіздік
Күні: Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
Тақырып: Менің табиғи ортадағы қауіпсіздігім
Оқыту мақсаттары Түрлі дереккөздер негізінде табиғи ортадағы қауіп-қатерлерді анықтау және бағалау.
Табиғи ортадағы өзінің қауіпсіздігін жоспарлау.
Сабақтың мақсаттары (Күтілетін нәтижелер) Барлық оқушылар:
табиғи орта дегеніміздің не екенін біледі;
табиғи ортада қандай қауіп-қатерлердің болатынын біледі.
Көптеген оқушылар:
табиғи ортадағы қауіп-қатерлерге баға береді;
табиғи ортадағы өзінің қауіпсіздігін жоспарлайды.
Кейбір оқушылар:
– басқа да қауіп-қатерлерді зерттейтін болады (жәндіктерден, саңырауқұлақтардан болатын қауіптер және т.б.)
Тілдік мақсат Оқушылар
- жауаптарын нақтылау үшін өмірден мысалдар келтіреді; оқулықтағы мәтіннен алған ақпараттарды қолданады.
Пәнге қатысты лексика мен терминология:
Қауіп-қатер, табиғи орта, қауіпсіздік ережесі, қауіпсіздікті жоспарлау.
Диалогке/жазылымға қажетті тіркестер
Табиғи орта дегеніміз – адамды қоршап тұрған табиғат жағдайлары, жанды және жансыз табиғаттың алуан түрлі формаларының жиынтығын айтады.
Талқыланатын мәселелер:
Табиғи орта дегеніміз не?
Табиғи ортада қандай қауіп-қатерлер жасырынған?
Табиғи ортадағы қауіпсіздікті қалай жоспарлауға болады?
Табиғи ортада қауіпсіздік ережелерін сақтау неліктен маңызды?
Алдыңғы білімдер Табиғаттағы адамға төнетін қауіп-қатерлер жайындағы білімдері. Оқушылардың өмірлік тәжірибелері
Сабақ жоспары
Сабақ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Ой қозғау 7 мин. Уәждеме. Стартер. Мұғалім:
Қоңырау соғылды, сабағымызды бастаймыз.
Өткен сабақта қандай тақырыпты өттік?
Катаклизм дегеніміз не?
Катаклизмдер шартты түрде қандай түрлерге бөлінеді?
1. (Ұ) Үй тапсырмасының орындалуын тексеру. Мұғалім-оқушы диалогі.
Қандай сұрақтың жауабын іздеп келу керек еді?
Қандай жауап дайындадыңдар? Ақпаратты қайдан іздедіңдер?
Бүгінгі сабақта мына сұрақтарға жауап іздейтін боламыз:
Табиғи орта дегеніміз не?
Табиғи ортада қандай қауіп-қатерлер жасырынған?
Табиғи ортадағы қауіпсіздікті жоспарлауға бола ма? Оны қалай істеу керек? Жаңа сабақ 30 мин 1. (Ұ) Сабақтың тақырыбы бойынша жұмыс. Мұғалім-оқушы диалогі.
– Табиғи орта дегеніміз не? Қандай ортаны табиғи орта деп атауға болады?
2. (Ө) Оқудың коммуникативтік дағдыларын дамыту. Оқулық

Мәтіннің бірінші бөлігін оқыңдар (кестеге дейін).
(Ж) Сөйлеудің, тыңдаудың коммуникативтік дағдыларын дамыту.
Екіден отырып, «Зерттеу», «Талқылау» айдарларындағы тапсырмаларды орындаңдар. Тапсырма орындалған соң, мынадай сұрақ қойылады:
Сендердің өмірлеріңде осыған ұқсас жағдайлар болды ма? Қауіп-қатерден қалай құтылдыңдар, айтып беріңдерші.
(Ө) Оқудың, жазудың коммуникативтік дағдыларын дамыту. Кластер
Тапсырмаларды орындау.
Өздік жұмыс
Бағалау критерийлеріДескрипторлар
«Табиғи орта» терминіне анықтама береді.1. Оқулықтағы анықтаманы оқиды.
Басқа дереккөздерді пайдаланады.
«Табиғи орта» терминіне анықтама береді, оны дәптерге жазады.
Табиғи ортада қауіпсіздік ережелерін1. Қауіпсіздік ережелерін сақтамаудың сақтамаудың салдары деген кестенісалдары деген кестені толтырады. толтырады
ҚБ: Өзара бағалау (екі оқушы) Талқылау.
– Табиғи ортада қауіпсіздік ережелерін сақтамасаң, оның зардаптары қандай болуы мүмкін? Қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығы туралы қорытындыны тұжырымдаңдар.
Сергіту сәті
Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш, Бойға жинап күш.
Жаттығу жасап алайық, Бiр дем алып қалайық.
(Ж) Жиектемедегі мәтінді оқу (Табиғаттағы қауіп-қатерлер)
– Табиғи ортада адамды қандай қауіп-қатерлер күтіп тұруы мүмкін екенін оқыңдар. Тізімді Оқулық
Сөздіктер, ғаламтор желісі
Дәптер
басқа да қауіп-қатерлердің түрімен толықтыруға бола ма? Электронды қосымша Оқулық
Бөлім бойынша жиынтық бағалаудың материалдары
7. (Ж) Оқулықпен жұмыс. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту. – Екіден отырып, электронды қосымшадағы, оқулықтағы материалдарды оқып (мәтіннің екінші бөлігі), табиғи ортада өзіңнің қауіпсіздігіңді жоспарлауға бола ма, ол үшін нені білу керек және не істеу керек деген мәселені талқылаңдар. Сабақтың тақырыбы бойынша қорытынды. 8. Пікір алмасайық, әр алуан тапсырмаларын орындау. Бөлім бойынша жиынтық бағалау Рефлексия 3 мин Бүгін қандай тақырып бойынша жұмыс жасадық?
Табиғи ортада өзіңнің қауіпсіздігіңді қалай жоспарлауға болады?
Сабақ бойынша қорытынды жасап, оны негіздеңдер. Үй тапсырмасы Тапсырмаларды орындаңдар Дәптер
Мектеп:
Мұғалімнің аты- жөні:
Сынып: Пән: Дүниетану №4 сабақ
Ортақ тақырып: 2. Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
Бөлімше: 3.5 Қазақстан тарихы: тәуелсіздік, мемлекеттілік және патриоттық.
Күні: Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
Тақырып: Адамдар не үшін еңбек етеді?
Оқыту мақсаты 3.3.5.2 тұлғаның, отбасының, қоғам мен мемлекеттің дамуындағы еңбектің рөлін түсіндіру
Сабақтың мақсаттары (Күтілетін нәтижелер) Барлық оқушылар:
еңбектің не екенін біледі;
адамның дамуына еңбектің тигізетін әсерін біледі.
Көптеген оқушылар:
жеке тұлғаның, отбасының дамуындағы еңбектің рөлін түсіндіреді.
Кейбір оқушылар:
Қоғамның, мемлекеттің дамуындағы еңбектің рөлін түсіндіреді.
Тілдік мақсат Оқушылар:
– жауапты нақтылау үшін өмірден мысалдар келтіреді; оқулықтағы мәтіннен алған ақпараттарды қолданады.
Пәнге қатысты лексика мен терминология:
Еңбек, қажеттіліктерді қамтамасыз ету, физикалық еңбек, ақыл-ой еңбегі
Диалогке/жазылымға қажетті тіркестер
Еңбек арқылы адам дамиды. Еңбек арқылы адам өз қажеттіліктерін өтейді.
Талқыланатын мәселелер:
Еңбек дегеніміз не? Адам не үшін еңбек етеді?
Адамның қандай қажеттіліктері бар? Еңбектің арқасында осы қажеттіліктерді қалай қамтамасыз етуге болады? Адамның, отбасының, қоғамның, мемлекеттің дамуына еңбектің тигізер әсері қандай?
Алдыңғы
білімдер Балалардың еңбек туралы, көп адамдардың еңбектенетіні жайлы, сонымен қатар, еңбек адамды дамытатыны жайлы
білімдері (2-сыныптың материалдарынан).
Сабақ жоспары
Сабақ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Ой қозғау 7 мин. Уәждеме. Стартер.
Сәлеметсің бе, Күн!
Сәлеметсің бе, әлем!
Сәлеметсіз бе, мұғалім! Біз бүгін сыныпқа келдік,
Біздің білім алғымыз келеді. Ол да еңбек. Төмендегі жұмбақта не жайлы айтылған. Жауабын шеш.
Бір нәрсе білмегенді білгізеді, Өзіңді тұрсаң қарап күлгізеді. Жалғанда әңгімесі сондай қызық,
Жаныңды тыңдай берсең кіргізеді.
(Кітап)
Бүгін біз жаңа бөлімді оқуды бастаймыз. Ол қалай аталады екен, оқыңдаршы. «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен»
Қосалқы алғы бетті қарап шығыңдар. Бұл бөлімде қандай тақырыптарды сөз ететін боламыз?
1. Сабақтың тақырыбын анықтау.
Жұмбақты тыңдаңдар. Жұмбақтың жауабы сабағымыздың тақырыбын анықтауға көмектеседі.
Ертелі-кеш бақшаны Қазады әкем күрекпен.
Дейді ол жұмысты көршілер Ел көгерер ... (еңбекпен).
Бүгін біз сабақта адамдар не үшін еңбектенетінін айтатын боламыз. Жаңа сабақ 30 мин 1. (Ұ) Сабақтың тақырыбы бойынша жұмыс. Мұғалім-оқушы диалогі
– Балалар, кластерді толтыруды ұсынамын. Адамдар не үшін еңбектенеді? Қағаз, маркер Оқулық
Еңбек құралдарының және қол еңбегін алмастырған мәшинелердің иллюстрациялары. Мысалы: қол орақ және комбайн, күрек және мотосоқа.
(оқушылар өз ойларын айтады, мұғалім тақтаға бекітілген қағаздарға жазады) 2. (Ө) Оқулықтағы мәтінмен жұмыс. Оқудың коммуникативтік дағдыларын дамыту. – Мәтіннің бірінші бөлігін оқыңдар. Сұрақтарға жауап беріңдер. Өз ойларыңды өмірден мысалдар келтіре отырып, дәлелдеңдер. (Ж) Сөйлеудің, тыңдаудың коммуникативтік дағдыларын дамыту – Екіден отырып, «Талқылау», «Бақылау, зерттеу» айдарларындағы тапсырмаларды орындаңдар. Тапсырма орындалған соң: – Адамның дамуы үшін еңбек қажет екенін дәлелдеңдер. – Еңбек құралдары, еңбектің әдістері қалай өзгергеніне мысалдар келтіріңдер. – Отбасы үшін еңбектің маңызды екенін дәлелдеңдер. – Қоғам мен мемлекет еңбексіз еш дамымайтынын дәлелдеңдер. 3. Сергіту сәті Ендi бiз демаламыз, Айналаны шоламыз. Қол-аяқты кезекпен, Оңға-солға созамыз. Күн шыққанда сүйiнiп, Бәйшешектей иiлiп,
Бiз тынығып аламыз. Жиi-жиi жаттығып, Үлкен кiсi боламыз.
/ Б.Бөрiбаев/
4. (Ұ) Жіктеу. Мұғалім-оқушы диалогі
Тақтаға көрнекі суреттер ілінеді.
Бұл мамандықтарды қандай екі топқа бөлуге болады?
Ата-аналарыңның мамандықтары жайлы айтып беріңдерші.
Ата-аналарыңның еңбегі олардың өздеріне, отбасына, қоғамға, мемлекетке қандай пайда әкеліп жатыр?
(Ө) Коммуникативтік дағдыларды дамыту (оқу)
Мәтіннің екінші бөлігін оқыңдар.
5. (Ө) Оқудың, жазудың коммуникативтік дағдыларын дамыту.
Тапсырмаларды орындау.
Өздік жұмыс Әртүрлі мамандықтағы адамдар бейнеленген көрнекі суреттер (ақыл- ой және дене еңбегі)
Оқулық Дәптер
Бағалау критерийлері Дескрипторлар «Еңбек не үшін қажет?» деген сұраққа жауап береді және
жауабын негіздейді. Жауаптарды жұмыс дәптеріне жазады.
Еңбектің қажет екендігіне 2 немесе одан да көп себептер табады. Мақалдың басын соңымен дұрыс қосады. Мақалдың басы мен жалғасын дұрыс қосады.
Мақалдың мағынасын түсіндіреді. Ақыл-ой еңбегі мен дене
еңбегінің мамандықтарына Ақыл-ой еңбегіне 2-3 мамандық жазады.
Дене еңбегіне 3-4 мамандық жазады. мысалдар келтіреді. ҚБ: Өзара бағалау (екі оқушы) Талқылау:
– Ақыл-ой еңбегі дене еңбегімен қалай байланысады? Мысалдар келтіріңдер.
6. Сабақтың тақырыбы бойынша қорытынды
– Сабақтың тақырыбы бойынша қандай қорытынды шығаруға болады? Рефлексия 3 мин Ал енді кластерге келейік.
Адамдар не үшін еңбектенеді?
Адамның, қоғамның, мемлекеттің дамуына тигізер еңбектің әсері қандай?
Қандай мамандықтар ақыл-ой еңбегімен, ал қандай мамандықтар дене еңбегімен байланысты? Сабақтың басында дайындалған кластер
Үй тапсырмасы Тапсырмаларды орындаңдар. Ата-анаңнан немесе үйдегі үлкендерден сұхбат алу.
Ата-анаңның еңбек жолында қалай дамығанын білу. Хабарлама дайындау. Дәптер
Мектеп:
Мұғалімнің аты- жөні:
Сынып: Пән: Дүниетану №5 сабақ
Ортақ тақырып: 2. Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен. Бөлімше: 1.1 Менің отбасым
Күні: Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
Тақырып: Отбасы шығыстары қалай жоспарланады?
Оқыту мақсаттары өз шығыстарын жоспарлау және негіздеу;
өз шығыстарын оңтайландыру жолдарын ұсыну.
Сабақтың мақсаттары (Күтілетін нәтижелер) Барлық оқушылар:
кірістің және шығыстың не екенін біледі;
адамның дамуына еңбектің қалай әсер ететінін біледі;
өз шығыстарын жоспарлай біледі
Көптеген оқушылар:
шығыстарды оңтайландырудың маңызын түсінеді.
Кейбір оқушылар:
өз шығыстарын оңтайландырудың жолдарын ұсынады.
Тілдік мақсат Оқушылар:
- жауаптарын нақтылау үшін өмірден мысалдар келтіреді; оқулықтағы мәтіннен алған ақпараттарды қолданады.
Пәнге қатысты лексика мен терминология:
Шығыстар, жоспарлау, оңтайландыру
Диалогке/жазылымға қажетті тіркестер
Отбасының кірістері, еңбекақы, негізгі отбасылық шығыстар, күнделікті жұмсалатын ақша.
Шығыстарды оңтайландыру дегеніміз – неғұрлым аз ақша жұмсайтындай етіп, шығысқа кететін ақшаны дұрыс жоспарлау. Өз шығыстарыңды алдын ала жоспарлаған жөн.
Талқыланатын мәселелер:
Отбасындағы ақша қайдан келеді? Ақша не үшін керек?
Отбасы ақшаны не нәрселерге жұмсайды? Шығыстарды оңтайландыру деген нені білдіреді? Шығыстарды қалай жоспарлау керек?
Алдыңғы
білімдер Отбасының бюджеті қандай кірістерден құралатыны жайлы, ақша қандай қажеттіліктерге жұмсалатыны жайлы білімдері
(2-сынып материалынан). Оқушылардың өмірлік тәжірибелері.
Сабақ жоспары
Сабақ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Ой қозғау 5 мин. Уәждеме. Стартер.
Қоңырау соғылды, сабағымызды бастаймыз. Құлағымыз түрулі, көзіміз ашық болсын.
Тыңдаймыз, есте сақтаймыз, бір минутты да жоғалтпаймыз.
1. Сабақтың тақырыбын анықтау.
– Мультфильмді көріңдер, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай болатынын анықтаңдар. https://www.youtube.com/ watch?v=vaGnAN_DJXU YouTube желісінен мультфильм көруге арналған сілтеме
Жаңа сабақ 1. Үй тапсырмасының орындалуын тексеру
35 мин 2. (Ұ) Сабақтың тақырыбы бойынша жұмыс. Мұғалім-оқушы диалогі
– Ақша дегеніміз не? Ақшаның қандай түрлері болады? Ақша не үшін керек? Отбасына ақша қайдан келеді?
Отбасы қандай қажеттіліктерге ақша жұмсайды? Өз өмірлеріңнен мысалдар келтіріңдер.
3. (Т) Оқулықтағы мәтінмен жұмыс. Оқудың, тыңдаудың, жазудың, сөйлеудің коммуникативтік дағдыларын дамыту.
Мәтінді оқып шығыңдар. Иллюстрацияларды қараңдар. Тұрақты отбасылық шығыстар жайлы айтып беріңдер.
Мына сұрақтарға жауап беріңдер:
Негізгі отбасылық шығыстар қандай?
Күнделікті жұмсалатын ақша деген не? Олар не үшін керек?
«Шығыстарды оңтайландыру» деген нені білдіреді?
«Шығыстарды жоспарлау» деген не?
Шығыстарды не үшін жоспарлау керек?
Әр жауапқа өмірден мысалдар келтіріңдер.
Кластер немесе кесте құрастырыңдар. Жұмыстарыңды сыныпқа көрсетіңдер. Бағалау критерийлері
Бағалау критерийлеріДескрипторлар
Кластер немесе кесте1. Оқулықтағы материалды оқып құрастырадышығады.
Барлық сұрақтарға жауап береді.
Өмірден мысалдар келтіреді.
Сергіту сәті Көтереміз қолымызды Созыламыз жоғары. Бір, екі, үш
Денеңді солға бұр. Қағаз, маркер
Оқулық
Қағаз, маркерлер, тұрақты отбасылық шығыстар бейнеленген суреттер, желім, қайшы

Қолыңмен көмектесіп Беліңді шынықтыр.
5. (Ө) Оқудың, жазудың коммуникативтік дағдыларын дамыту.
Тапсырмаларды орындау Өздік жұмыс
Бағалау критерийлеріДескрипторлар
«Кіріс» және «шығыс» деген1. Дәптерге «кіріс» терминінің дұрыс терминдерге анықтама береді.анықтамасын жазады.
2. Дәптерге «шығыс» терминінің дұрыс анықтамасын жазады.
«Кірістер және шығыстар»1. Отбасының кірісіне қатысты кем деген кестені толтырады.дегенде үш мысал келтіреді.
2. Отбасының шығысына қатысты кем дегенді үш мысал келтіреді.
Кірістерді, шығыстарды1. Мәтінді оқиды.
ажырата біледі.2. Қызыл түспен кірістердің, көк түспен шығыстардың астын сызады
ҚБ: Өзара бағалау (екі оқушы) Талқылау.
6. Сабақтың тақырыбы бойынша қорытынды.
– Сабақтың тақырыбы бойынша қандай қорытындылар шығаруға болады? Шығыстар деген не? Шығыстарды жоспарлау не үшін қажет?
Шығыстарды оңтайландыру деген нені білдіреді? Сенің отбасыңда шығыстарды қалай жоспарлайды? Сенің отбасыңда шығыстарды қалай
оңтайландырады? Дәптер
Рефлексия 5 мин Сабақта атқарған жұмысымызды қорытындылаймыз: Мен бүгін … білдім
Маған …қызық болды Маған …қиын болды
Енді мен …аламын Мен … байқап көремін Үй тапсырмасы Ата-аналарыңнан өз шығыстарын қалай жоспарлайтынын, шығындарды
қалай оңтайландыратынын біліп келіңдер. Мектеп:
Мұғалімнің аты- жөні:
Сынып: Пән: Дүниетану №6 сабақ
Ортақ тақырып: 2. Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен. Бөлімше: 1.2 Мектеп және мектеп қоғамдастығы
Күні: Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
Тақырып: Адам досымен мықты
Оқыту мақсаттары қоғамда өзін-өзі ұстау әдеп нормаларын түсіндіру;
өз тәжірибесінен мысал келтіре отырып, адамдар арасындағы достықтың маңыздылығын дәлелдеу.
Сабақтың мақсаттары (Күтілетін нәтижелер) Барлық оқушылар:
этиканың не екенін біледі;
әдептілік қағидалардың не екенін біледі;
әдептілік қағидаларды сақтаудың маңыздылығын түсінеді.
Көптеген оқушылар:
адамдар арасындағы достықтың маңыздылығын дәлелдейді.
Кейбір оқушылар:
этикалық нормаларды сақтау тұрғысынан жағдайларға талдау жасайды.
Тілдік мақсат Оқушылар:
– жауаптарын нақтылау үшін өмірден мысалдар келтіреді; оқулықтағы мәтіннен алынған ақпараттарды қолданады.
Пәнге қатысты лексика мен терминология:
Достық, этика, әдептілік – адамгершіліктің алтын қағидасы
Диалогке/жазылымға қажетті тіркестер
Достық дегеніміз – адамдардың бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиеті. Достық өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі. Этика – мінез-құлықтың қағидалары мен нормалары. Адамгершіліктің алтын қағидасы: Адамдардың саған қандай қарым-қатынас жасағанын қаласаң, сен де
оларға сондай қарым-қатынас жаса.
Талқыланатын мәселелер:
Достық деген не?
Кімдерді дос деп атауға болады? Нағыз достықтың күші неде?
Достардың, балалардың арасында өзімізді лайықты ұстауымызға қандай ережелер көмектеседі?
Алдыңғы
білімдер Достықтың құндылығы жайындағы білімдері. Оқушылардың өмірлік тәжірибелері.
Сабақ жоспары
Сабақ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Ой қозғау 5 мин. Уәждеме. Стартер.
Күннің жарқырап тұрғаны жақсы ма? (күнді бейнелейді) Жақсы! (қол шапалақтайды)
Желдің соққаны жақсы ма? (желді бейнелейді) Жақсы! (қол шапалақтайды)
Достармен бірге жүрген жақсы ма? (адымдайды) Жақсы! (қол шапалақтайды)
Анаңды құшақтаған жақсы ма? (өзін құшақтайды) Жақсы! (қол шапалақтайды)
Туған жерде жүрген жақсы ма? (қолдарын екі жаққа кереді) Жақсы! (қол шапалақтайды)
Үйімізде болған жақсы ма? (үйді бейнелейді) Жақсы! (қол шапалақтайды)
Айналып би билеген жақсы ма? (айналады) Жақсы! (қол шапалақтайды)
Қазақстандық болған жақсы ма? (бас бармақтарын көрсетеді) Жақсы! (http://tak-to- ent.net/load/494-1-0-11715)
1. Сабақтың тақырыбын тұжырымдау.
Іздегенде табылатын қасыңнан
Көңілі бар қызғалдақтай ашылған (Дос)
– Бүгінгі сабағымызда қандай тақырыпты сөз ететін боламыз? Күн
Жел суреті
Суреттер (достар, ана, туған жер, отбасы т.б.)
Әнді тыңдау
Жаңа сабақ 35 мин Үй тапсырмасының орындалуын тексеру
(Ұ) Сабақтың тақырыбымен жұмыс. Мұғалім-оқушы диалогі
– Балалар, достар туралы өлеңді тыңдап алайық:
Достарым
Тұрғанымда қысылып Медет берген достарым. Өз қайғысын ысырып Көмек берген достарым. Замандастың жеңісін Көре білген достарым; Қолындағы жемісін Бөле жеген достарым.
Сынға түскен кездерде Сырын бермес достарым. Қамыққанын өзгеге
Біліндірмес достарым. Тайғақ заман, тар жерде Қолын берген достарым. Жолдасына мәреде Жолын берген достарым Жырға сені қосумен Өтсем деймін, досым-ау! Сыйлас болып досыммен
Өмірімде осынау. /Жанбай Өзденбаев/
3. Оқулықтағы мәтінмен жұмыс жасау.
Топтардың тапсырмаларды орындауы: 1-топ. – Нағыз достық деген не?
2-топ. – Этика және әдептілік қағидалар деген не?
3-топ. – Адамгершіліктің алтын қағидасы дегеніміз не? Жұмыстарды көрсету Оқулық, сөздіктер, ғаламтор желісі, қағаз, маркерлер, тақырып бойынша журналдардан алынған
қиындылар, желім, қайшы
Сергіту сәті
Ендi бiз демаламыз, Айналаны шоламыз. Қол-аяқты кезекпен, Оңға-солға созамыз. Күн шыққанда сүйiнiп, Бәйшешектей иiлiп,
Бiз тынығып аламыз. Жиi-жиi жаттығып, Үлкен кiсi боламыз.
/ Б.Бөрiбаев/
(Ө) Оқудың, жазудың коммуникативтік дағдыларын дамыту.
Өздік жұмыс. Тапсырманың орындалуын екі-екіден отырып талқылау.
(Т) Өз сыныбыңа арнап достықтың заңдарын құрастыру.
Жұмыстарды көрсету
Бірлесе жасаған және қабылдаған достықтың заңдарын сыныптың көрініп тұратын жеріне ілу.
Сабақтың тақырыбы бойынша қорытынды
– Сабақтың тақырыбы бойынша қандай қорытынды шығаруға болады? Дәптер Қағаз, маркер
Рефлексия 5 мин Сабақтағы атқарған жұмысымызға байланысты қорытындылар шығарамыз:
– Достарыңның болғаны неліктен маңызды? Өз өмірлеріңнен мысалдар келтіріп, дәлелдеңдер.
Мен …үйрендім Мен …тырысамын Мен …түсіндім Үй тапсырмасы Өз досың жайлы әңгіме құрастыру. Мектеп:
Мұғалімнің аты- жөні:
Сынып: Пән: Дүниетану №7 сабақ
Ортақ тақырып: 2. Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен. Бөлімше: 1.2 Мектеп және мектеп қоғамдастығы
Күні: Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Тақырып: Біз – әрқашан біргеміз!
Оқыту мақсаттары сыныптың өзін-өзі басқару ережелерін түсіндіру және өз нұсқасын ұсыну;
түрлі көзқарастар жағдайында сыныпта ұжымдық шешімді қабылдау жолдарын түсіндіру.
Сабақ мақсаттары (Күтілетін нәтижелер) Барлық оқушылар:
ұжымның не екенін біледі;
өзін-өзі басқарудың не екенін түсінеді;
сыныптағы өзін-өзі басқарудың ережесін құрастырады.
Көптеген оқушылар
әртүрлі көзқарастар болған жағдайда ұжымдық шешімдерді қабылдай алады.
Кейбір оқушылар
өзін-өзі басқарудың үлгісін ұсынады.
Тілдік мақсат Оқушылар:
– жауаптарын нақтылау үшін өмірден мысалдар келтіреді; оқулықтағы мәтіннен алынған ақпараттарды қолданады.
Пәнге қатысты лексика мен терминология: Өзін-өзі басқару, ұжым, ұжымдық шешім, үлгі. Диалогке/жазылымға қажетті тіркестер
Ұжым – ортақ қоғамдық мақсаттар мен міндеттер біріктірген адамдар тобы. Өзін-өзі басқару – өз істерін басқарудағы дербестік.
Талқыланатын мәселелер:
Ұжым деген не?
Сыныпты ұжым деп атауға бола ма? Ал отбасын ше? Сынып ұжымын кім басқарады?
Бір сыныптың оқушыларына ортақ қандай мақсаттар бар? Сыныпты басқару деген не?
Сыныпты кім басқара алады?
Алдыңғы
білімдер Сыныпты ұжым деп тану туралы білімдері. Оқушылардың өмірлік тәжірибелері.
Сабақ жоспары
Сабақ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Ой қозғау 5 мин. Уәждеме. Стартер. Күндей жарқырап, Айдай арайлап, Жұлдыздай жарқырап,
Судай мөлдір таза көңілмен, Сабақты біз бастайық.
Балалар маған қарап күлімдейміз,
Бір-бірімізге жылулық мейірімін төгеміз. Орнымызға отырып, сабақты бастаймыз.
1. Сабақ тақырыбын тұжырымдау
Бүгінгі сабағымызда өзін-өзі басқару туралы, ұжымдық шешімді қалай қабылдау керектігі туралы айтатын боламыз.
Сабағымыздың тақырыбы қандай болмақ? Оқулық
Жаңа сабақ 30 мин Үй тапсырмасының орындалуын тексеру
(Ұ) Сабақтың тақырыбы бойынша жұмыс. Мұғалім-оқушы диалогі
Ұжым деген не, өз ойларыңды айтыңдар.
Сөздікті ашып, «ұжым» деген терминге қандай түсініктеме берілгенін оқыңдар.
Ақпарат көздерімен жұмыс.
3. (Ө) Саралау жұмысы.
Саралау. Оқулықтағы мәтінмен жұмыс.
Мәтіннің бірінші бөлігін оқу
(П) Сұрақты талқылау Түсіндірме сөздіктер, ғаламтор желісі
Оқулық
– Бір сыныптың оқушыларына ортақ қандай мақсаттар бар?
Қорытынды: Сыныптағы оқушыларды бірге оқу, ойнау, демалу секілді ортақ мақсаттар біріктіреді.
4. (Ұ) Рефлексияға арналған жаттығу. Сөйлемді толықтырыңдар.
Мен өз сыныбымды жақсы көремін, себебі ...
Егер мені ... маған ұнамайды.
Сыныптастарыммен ... жайында сөйлескенді ұнатамын.
Мен өз сыныптастарыма әрдайым ...
Мен ... дос бола аламын.
Менімен дос болуға болады, себебі ...
Сергіту сәті
Жаттығу жасайық! Көтереміз қолымызды Созыламыз жоғары.
Бір, екі, үш Денеңді солға бұр.
Қолыңмен көмектесіп Беліңді шынықтыр.
(Т) Оқулықтағы мәтінмен жұмыс. Мәтіннің екінші бөлігін оқу.
Өзін-өзі басқару туралы мәтінді оқу және талқылау.
Топта жұмыс істей отырып, 3 немесе одан да көп маңызды пункттен тұратын өзін-өзі басқарудың бірыңғай ережесін, дайын шаблонның негізінде өзін-өзі басқарудың меншікті үлгісін құрастыру.
Үлгі дегеніміз – заттың немесе үдерістің сызба түріндегі бейнесі.
Топтардың жұмыстарды сынып алдында көрсетуі. Мұғалімнің дайындаған «Біздің сыныптағы жұмыстарымыз» презентациясы (оқушылардың сыныптағы және сыныптан тыс

Оқушыларға қолдау көрсету. атқарған жұмыстарының фотосуреттері бойынша).
Үлгіні дайындауға арналған дайын шаблондар
қағаз, маркерлер
Дәптер
Ережелерді талқылау, оны қабылдау және сыныптың көрінетін жеріне ұжым ережесінің қасына іліп қою. Бағалау критерийлері Бағалау критерийлеріДескрипторлар
«Ұжым», «мақсат», «өзін-өзі1. Түрлі ақпарат көздерін басқару» терминдерінепайдаланады (оқулық,
анықтама береді.сөздіктер).
«Ұжым» терминінің анықтамасын жазады.
«Мақсат» терминінің анықтамасын жазады
«Өзін-өзі басқару» терминінің анықтамасын жазады.
Сыныптағы бәріне ортақ1. Сыныпқа ортақ ұжымдық істердің кластерін құрастырады.істерге 3 немесе одан да көп
мысалдар келтіреді.
2. Сыныптағы ұжымдық істерге қатысты өзінің пікірін жазады. 8. Сабақтың тақырыбы бойынша қорытынды – Сабақтың тақырыбы бойынша қандай қорытынды шығаруға болады? Рефлексия 5 мин Сабақта атқарған жұмысымыздың қорытындысын шығарамыз:
Сабақта қандай тақырып бойынша жұмыс істедік?
Ұжым дегеніміз не?
Ұжымның басқа топтардан айырмашылығы қандай?
Өзін-өзі басқару дегеніміз не?
Өз сыныбымызды өзіміз қалай басқара аламыз?
Сөйлемдерді толықтырыңдар: Мен ... сездім.
Мен …ие болдым Мен … үйрендім ... менің қолымнан келді. Үй тапсырмасы Сынып ұжымы жайлы әңгіме жазу. Әңгімеге сыныпта өзін-өзі басқаудың қандай ережелерін ұстанатынын жазу керек. Дәптер
Мектеп:
Мұғалімнің аты- жөні: Пән: Дүниетану №8 сабақ
Ортақ тақырып: 2. Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен. Бөлімше: 1.5 Құқықтар мен міндеттер
Сынып: Күні: Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Тақырып: Біздің Ата Заңымыз – Конституция
Оқыту мақсаты 3.1.5.1 Қазақстан Республикасы Конституциясының маңызын түсіндіру.
Сабақ мақсаттары
(Күтілетін нәтижелер) Барлық оқушылар:
Конституция еліміздің негізгі заңы екенін біледі;
құқықтар мен міндеттердің не екенін біледі.
Көптеген оқушылар
– еліміздегі басты құндылықтардың маңызын түсінеді.
Кейбір оқушылар:
– Конституцияның еліміздің азаматтары үшін маңызды екенін түсінеді.
Тілдік мақсат Оқушылар:
– жауаптарын нақтылау үшін өмірден мысалдар келтіреді; оқулықтағы мәтіннен алынған ақпараттарды қолданады.
Пәнге қатысты лексика мен терминология:
Конституция, құқықтар, міндеттер, еліміздің басты құндылықтары, азаматтық парыз.
Диалогке/жазылымға қажетті тіркестер
Конституция – мемлекеттің негізгі заңы, жоғары заңдық күшке ие Ата заң.
Талқыланатын мәселелер:
Конституция дегеніміз не?
Азаматтың қандай басты құқықтарына Конституция кепіл береді? Еліміздің әрбір азаматының қандай міндеттері бар?
Алдыңғы
білімдер Құқықтар мен міндеттер, Конституция жайлы білімдері. Оқушылардың өмірлік тәжірибелері.
Сабақ жоспары
Сабақ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Ой қозғау 5 мин. Уәждеме. Стартер. Қоңырау да соғылды, Сабақты біз бастаймыз. Назар салып, мән беріп Сабақты біз тыңдаймыз. Сұрақтарға жауапты Нақты, анық береміз. Қоңырау
1. Сабақ тақырыбын хабарлау.
Ерте заманда, осыдан бірнеше мыңжылдықтар бұрын Жер бетінде адамдар пайда болды. Оларды мына сұрақтар мазалай бастады:
Адамдарға нені істеуге болады және олар нені істемеу керек?
Нені істеуге міндетті және нені істемеуге міндетті?
Қандай құқықтарға ие және қандай құқықтарға ие емес?
Осы сұрақтарға жауап таппағанша, өмір нағыз сұмдыққа айналып, тәртіпсіздіктер орын ала бастады. Бұл сұрақтардың жауабын өте ұзақ іздеді. Соңында мәселе шешілгенде, заң пайда болды. Заң тәртіпсіздікті, шиеленіскен жағдайларды шешуге көмектесті.
Сонымен, заң дегеніміз не екен?
Заң дегеніміз – мемлекет белгілеген міндеттердің жиынтығы. Еліміздің барлық азаматтары заңды орындаулары керек. Заңның көптеген тармақтары болады. Біздің еліміздің басты заңы Конституция деп аталады. Елімізде Конституцияны Ата Заң деп те атайды. Тақта
Қазақстан Республикасының Конституциясы
Өмірден әділдік пен бақ табатын Құқығым қорғалды деп шаттанатын. Өзіңдей жас өркендер келеді өсіп
«Бұл біздің – Ата Заң!» деп мақтанатын. Жаңа сабақ 30 мин Үй тапсырмасының орындалуын тексеру
(Ұ) Сабақтың тақырыбы бойынша жұмыс. Мұғалім-оқушы диалогі. Конституцияның баспа нұсқасын қарау. Конституция деген не?
Конституцияны парақтап, қарап шығыңдар. Мазмұнына қараңдар, Конституцияда қанша бап бар екен?
(оқушылар Конституцияны қарап шығады)
3. (Ө) Оқулықтағы мәтінмен жұмыс
Конституцияның кіріспе бетінде бұл заңның кім және не үшін жасалғаны жайлы айтылады. Өз беттеріңмен оқып шығыңдар.
Мәтіннің бірінші азат жолынан кейін берілген Конституция кіріспесін оқу немесе Конституцияның өзінен оқу.
(Ұ) Талқыланатын мәселелер:
Конституцияны кім қабылдады?
Бұл ережелер кім үшін жазылған?
Біздің халықты біріктірген не?
Халық нені құрады?
Қазақстан халқы өзін қандай қоғам деп ұғынады?
Халық өз алдына қандай мақсаттар қояды?
Конституцияның кіріспе бөлігінде қандай түсініксіз сөздер кездесті?
Ол сөздердің мағынасын қалай білеміз?
Елімізді кім басқарып отыр? Еліміздің тұңғыш президентінің есімі кім?
4. (Т) Оқулықтағы мәтінмен жұмыс (екінші бөлігі).
– Мәтіннің екінші азат жолын оқыңдар, тірек сөздерді бөліп көрсетіңдер, мәтіннің осы бөлігіне үш сөйлеммен жоспар құрыңдар.
Жұмыстардың нәтижесін көрсету.
Қорытынды: Конституцияда еліміздегі әрбір азаматтың негізгі құқықтары мен міндеттері жазылған.
5. Сергіту сәті
Орнымыздан тұрамыз Алақанды ұрамыз
Бір отырып, бір тұрып
Тез шынығып шығамыз. Қазақстан Республикасының Конституциясы
Оқулық
Түсіндірме сөздік, ғаламтор желісі,
Н. Назарбаевтың портреті Оқулық

6. Бағалау критерийлері
Бағалау критерийлеріДескрипторлар
«Конституция» терминінің1. Қалып қалған сөздерді дұрыс жазады. анықтамасын біледі2. Өзінің жауабын оқулықтағы анықтамамен
тексереді.
Негізгі құқықтарды біледі1. Үш жауаптың ішінен бір жауапты дұрыс
таңдайды.
Негізгі міндеттерді біледі1. Иллюстрацияларда бейнеленген құқықтарды
анықтайды.
2.Иллюстрацияларға қол қояды.
3. Өзінің жауабын сыныптасының жауабымен салыстырады.
Өзінің конституциялық құқықтарынӨзінің конституциялық құқығына 3 немесе одан біледіда көп мысалдар келтіреді.
Өз өмірінен 3 немесе одан да көп мысалдар келтіреді.
Өзінің конституциялық міндеттерінӨзінің конституциялық міндетіне 3 немесе одан біледіда көп мысалдар келтіреді.
Өз өмірінен 3 немесе одан да көп мысалдар келтіреді.
Еліміз үшін Конституцияның1. Мемлекет үшін Конституция қажет екендігін маңызды екенін дәлелдейді.дәлелдейтін 2-3 сөйлем жазады.
2. Өзінің пікірін қасындағы сыныптасымен талқылайды.
7. Сабақтың тақырыбы бойынша қорытынды
Сабақтың тақырыбы бойынша қандай қорытынды шығаруға болады?
Білім алмасудағы тапсырманы орындау.
Бөлім бойынша жиынтық бағалау, тоқсан бойынша жиынтық бағалау. Дәптер
Рефлексия
5 мин Сабақтағы жұмысымызды қорытындылаймыз:
– Қандай тақырып бойынша жұмыс істедік? Кімді азамат деп атайды?
Азаматтың қандай басты құқықтарына Конституция кепіл береді?
Неліктен Конституцияда құқықтардан бөлек, міндеттер жазылған? 1). Мен бүгін ... туралы білдім
Мен ... түсіндім
Мен ... қалаймын. Үй тапсырмасы «Талқылаймыз» айдарындағы сұрақтарға жауап беру Мектеп:

Мұғалімнің аты- жөні:
Сынып: Пән: Дүниетану №9 сабақ Ортақ тақырып: 3. Уақыт Бөлімше: 1.1 Менің отбасым
Күні: Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
Тақырып: Мен, сен, ол, олар – барлығымыз бір отбасымыз!
Оқыту мақсаты 3.1.1.1 отбасы мүшелерінің арасындағы туыстық қатынастарды түсіндіру.
Сабақтың мақсаттары (Күтілетін нәтижелер) Барлық оқушылар:
туысқандық байланыстың не екенін біледі;
туысқандарды туыстығы жағынан қалай атау керек екенін біледі.
Көптеген оқушылар:
отбасы мүшелері арасындағы туысқандықтың дәрежесін қалай түсіндіру керек екенін біледі.
Кейбір оқушылар:
өзінің туысқандық байланысына зерттеу жүргізеді.
Тілдік мақсаты Оқушылар:
– жауаптарын нақтылау үшін өмірден мысалдар келтіреді; оқулықтағы мәтіннен алынған ақпараттарды қолданады.
Пәнге қатысты лексика мен терминология:
Отбасы, туысқандық байланыс
Диалогке/жазылымға қажетті тіркестер Туысқандық дәреже, туысқандық байланыстар Талқыланатын мәселелер:
Отбасында кім қалай аталады?
Алдыңғы білімдер Отбасы жайындағы білімдері, оқушылардың өмірлік тәжірибелері
Сабақ жоспары
Сабақ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Ой қозғау 5 мин. Уәждеме. Стартер.
Қоңырау соғылды, сабағымызды бастаймыз. Құлағымыз түрулі, көзіміз ашық болсын.
Тыңдаймыз, есте сақтаймыз, бір минутты да жоғалтпаймыз.
1. Сабақ тақырыбын хабарлау
Қосалқы алғы бетті қарау. Бөлімнің тақырыптарын және сұрақтарын анықтау.
– Бүгінгі сабағымызда «Отбасы деген не?», «Отбасы мүшелерін не біріктіреді?», «Отбасы мүшелерін қалай атайды?», «Жасы бір адамдарды қалай атайды?», «Отбасында қалай тату-тәтті өмір сүру керек?» деген сұрақтарға жауап іздейміз. Жаңа сабақ 30 мин Үй тапсырмасының орындалуын тексеру.
(Ұ) Сабақтың тақырыбы бойынша жұмыс. Мұғалім-оқушы диалогі.
Отбасы дегеніміз не?
Бірге тұратын барлық адамдарды отбасы деп атауға бола ма?
Отбасы мүшелерін не біріктіреді?
Отбасы мүшелерін тағы не біріктіреді?
«Антонимдер» ойыны
Отбасы мүшелері бір-бірімен ұрысады, бір-бірін ренжітеді.
Отбасы мүшелері бір-бірін жақсы көреді, бір-біріне қамқор болады.
Отбасының әрбір мүшесінде өзінің жеке пәтері бар. Отбасы мүшелері бір шаңырақ астында өмір сүреді. Отбасының әрбір мүшесінде өзінің бюджеті бар.
Отбасында бір бюджет бар, ақшаны бірлесе отырып, қажеттіліктерге бөледі.
Отбасының әрбір мүшесі өз алдына бөлек демалады.
Отбасы мүшелері уақытты бірге өткізеді.
Отбасының әрбір мүшесінде өз шаруашылығы бар.
Барлығы бірігіп, үй шаруашылығын бірге жүргізеді.
Отбасы мүшелерін бір-біріне деген жауапкершілік, сүйіспеншілік, өзара көмек, өзара түсіністік біріктіреді. 3. (Ж) Оқулықтағы мәтінмен жұмыс.
– Мәтінді оқып шығыңдар. Мәтінге берілген тапсырманы екіден отырып, орындаңдар.
(Ұ) Қабылдауды тексеру. Уәждеме. «Кімді қалай атаймыз?» ойыны Отбасында екі қыз бар. Олар бір-біріне кім болып келеді? (Апалы-сіңлілер) Әкемнің әкесі (Ата).
Анам – әйелі, ал әкем – (ері),
Отбасында екі ұл бар. Олар бір-біріне кім болып келеді? (Ағалы-інілілер) Әкемнің ағасы (аға)
Отбасының ұйытқысы (ана) Рудың жалғасы, мұрагер (ұл).
Ата-ананың баласы, бірақ ұл емес (қыз) Ағамның ұлы (іні)
Әкемнің анасы (әже)
Әкемнің немесе анамның әпкесі (апа немесе әпке).
Сергіту сәті
Барлығымыз тұрамыз
Кімнің ағасы бар болса, қолдарын көтерсін.
Кімнің сіңлісі немесе қарындасы болса, отырсын.
Кімнің әжесі мен атасы осында тұрса, орнында тұрып секірсін. Кімнің алыс туысқандары бар болса, адымдап жүрсін.
Сабақтың тақырыбы бойынша қорытынды
– Сабақтың тақырыбы бойынша қандай қорытынды шығаруға болады? Оқулық
Оқулық суреті
Рефлексия 5 мин Бүгінгі өздеріңді қандай себеп үшін мақтар едіңдер? Қай тапсырманы орындау сендерге оңайға түсті?
Сабақ несімен қызық болды?
Отбасы дегеніміз не екен?
Сендер үшін отбасының маңыздылығы қаншалықты? Үй тапсырмасы Тапсырманы орындау. Мектеп:
Мұғалімнің аты-жөні:
Сынып: Пән: Дүниетану №10 сабақ Ортақ тақырып: Уақыт Бөлімше: Менің отбасым
Күні: Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Тақырып: Менің ататегім қайдан бастау алады?
Оқыту мақсаты отбасы мүшелерінің арасындағы туыстық қатынастарды түсіндіру;
әулет шежіресін құрастыру.
Сабақтың мақсаттары (Күтілетін нәтижелер) Барлық оқушылар:
рудың ендігі жалғасы өздері екенін жете түсінеді;
шежіренің не екенін біледі.
Көптеген оқушылар өзінің шежіресін құрастырады.
Кейбір оқушылар:
шежірені білудің қажеттілігі туралы пікірлерін дәлелдейді;
өзінің атасы немесе арғы атасы жайында әңгіме құрастырады.
Тілдік мақсат Оқушылар өздерінің жауаптарын нақтылау үшін өмірден мысалдар келтіреді; оқулықтағы мәтіннен алған ақпараттарды қолданады.
Пәнге қатысты лексика мен терминология:
Ру, Жеті Ата, шежіре.
Диалогке/жазылымға қажетті тіркестер
Шежіре бір рудың шығу тегін, таралуын баяндайды.
Жеті ата (шежіре) дегеніміз әке жағынан ата-бабасын білу дегенді білдіреді.
Талқыланатын мәселелер:
Неліктен көптеген халықтарда шежірені ағаш кейпінде бейнелейді? Біз өзіміздің шежіремізді білеміз бе?
Жазылым:
«Адамдар неліктен өзінің шежіресін құрастырады?» деген сұрақтың жауабын оқушы дәптеріне жазу.
Алдыңғы білімдер Отбасы және ру туралы қарапайым түсініктер
Сабақ жоспары
Сабақ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Ой қозғау Мұғалім:
Сабақты ақын Омар Хайямның сөздерінен бастаймын:
Өзіңе зер сал Мынаны ойға ал: Осы мен кіммін, Қай жердемін, Қайда барамын?
Бүгінгі сабағымыз не жайында болмақ, қалай ойлайсыңдар? Сабақтың соңында біз нені білуіміз керек? Нені үйренуіміз керек?
Дұрыс айтасыңдар, балалар! Біз бүгін отбасы және шыққан тегіміз жайында айтатын боламыз.
(Ұ, Ж) Сабақтың соңында қандай мақсаттарға жетуіміз керек екенін анықтайық:
бірінші, «шежіре» дегеніміз не екенін білетін боламыз;
өзіміздің шежіремізді құрастыруды үйренеміз.
Адам өмірге келеді, ер жетеді. Есейе келе, өзінің қайдан шыққанын, кім екенін ойлана бастайды. Ал сендер осы сұрақтар жөнінде ойланып көрдіңдер ме? Аталарыңның, арғы аталарыңның есімдері кім, білесіңдер ме? Шежіре ағашы
Жаңа сабақ – Жарайсыңдар! Аталарың жайлы жақсы біледі екенсіңдер. Ал арғы аталарыңның,
бабаларыңның есімдерін білесіңдер ме? Бұл сұраққа келгенде көбісі қиналып қалғаны көрініп тұр. Бірақ сендерге қызық бола бастады. Арғы аталарыңның кім екенін білуге деген қызығушылықтарың оянды. Көбісі осы сұрақтың жауабын алу үшін өзінің
шежіресін – шығу тегінің тарихын құрастыра бастайды.
Оқулықтағы бірінші азат жолды оқу.
Бүгін сендер ағаш түрінде өз шежірелеріңді құрастыруға тырысып көресіңдер. Ол үшін, ең алдымен, слайдты көріп алайық.
Электронды қосымшадан «Менің шығу тегім» слайдын көру.
Көптеген қазақтар өзінің шежіресін жақсы біледі.
Оқулықтағы мәтінді соңына дейін оқу.
Шежіре адамдарды көп нәрсеге міндеттеген. Ер адамдар лайықты өмір сүруге тырысқан. Оқулық
Электронды қосымша Оқулық
Өйткені олардың өмірдегі жақсылықтары өздерінен кейінгі ұрпаққа азық болған. Олар аталарымен мақтанған. Немесе керісінше, аталары жаман іс-әрекетімен танылса, онда ұрпақтары өмір бойы ұялып өткен.
ҚБ «Бармақ көрсету» стратегиясы: тапсырманы түсіндіргеннен кейін оқушылардың тапсырманы түсініп-түсінбегенін анықтау үшін мынадай қадамдарды жасау ұсынылады:
кім тапсырманы түсінсе немесе тапсырманы түсіндіре алса, бас бармақты жоғары көтеріңдер;
кім әлі тапсырманы түсінбесе, бас бармақты жанына бағыттаңдар;
кім тапсырманы анық түсінгенін әлі де айта алмаса, қол бұлғаңдар.
Алынған жауаптар бойынша тапсырманы жақсы түсінген оқушылар арқылы тапсырманы түсінбеген оқушыларға түсіндіруді ұйымдастыру керек.
Мұғалім: Ал енді шежіремен жұмыс жасауды бастаймыз.
(Т) Оқушылар топта жұмыс істей отырып, тапсырмалардың бірін таңдап алып, дәптерде жұмыс істейді:
әкесі жағынан өзінің шежіресін құрастырады (Жеті Ата);
ағаш бейнесінде өзінің шығу тегінің тармағын құрастырады (әкесі мен анасы жағынан); Топтардың тапсырмаларын тыңдау.
ҚБ Ал, енді, балалар, сабағымыздың мазмұнына сай келетін бір фразаны таңдап, сабағымызды қорытындылайық.
Оқулықтағы тапсырманы орындаймыз!
(Т) Достарыңмен бір-біріңе «Сен өзіңнің жеті атаңды білесің бе?» деген сұрақ қою арқылы өзара сұхбат жүргізіңдер.
Сұхбатты қорытындылау.
Оқушылар топта жұмыс істей отырып, сыныптастарының өз Жеті аталарын қаншалықты білетінін анықтайды. Бір-біріне сұрақ қоюдың нәтижесінде, қорытындылар шығарады:
мен өз ата-бабаларым жайлы көп мәлімет білуім үшін отбасымның тарихын зерттейтін боламын.
Немесе:
сыныбымыздағы оқушылардың көбі үлкендердің әңгімесін мұқият тыңдайды екен және өздерінің ата-бабаларының есімдерін біледі екен. Сол үшін біз өте қуаныштымыз! Дәптер
Оқулық
Арғы аталарың, бабаларың – олар сендерге дейін және ата-аналарыңа дейін өмір сүрген, яғни сендердің ата-бабаларың. 100 жылда үш ұрпақ өмір сүреді: ғасырдың басында атасының өмірі басталады, аяғында немересі өмір сүреді.
(Ж) Ата-анаңмен бірге орында. Егер адамның шежіредегі орташа жасын 25 деп алсақ, онда Жеті Атаны білу уақыттың қай кезеңін қамтиды?
Сұраққа жауап беру үшін 25-ті 7-ге көбейту керек. Сонда 175 болады. Демек Жеті Атаны білу деген екі ғасырдың тарихын білу дегенді білдіреді.
Мұғалім: Шежірені білу дегеніміз – тек қана саған дейін өмір сүрген ата-бабаларыңның есімдерін білу емес, шежірені білу – ата-бабаның рухы алдындағы және болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік. Өз отбасыңның тарихын біле отырып, сен тек қана еліміздің
тарихымен таныспайсың, бүкіл адамзаттың тарихымен танысасың. Сейіт Кенжеахметұлы.
«Жеті қазына» (Жиған- терген) 1-кітап. 2010 ж
«Ана тілі» ЖШС, Алматы
Рефлексия Мұғалім: Мына сөзге мән беріңдерші: «Мен маған дейін өмір сүрген адамдар сияқты
адаммын, сонымен қатар, мен – менмін, басқа ешкім емес». Қалай түсіндіңдер, балалар? Сендердің қабілеттерің, қызығушылықтарың, сонымен қоса, бойларыңдағы таланттарың сендерге ата-аналарыңнан, сондай-ақ, сендер ешқашан көрмеген ата-бабаларыңнан берілген.
Күндердің күнінде сендер де ата-ана, ата-әже боласыңдар. Сендердің ұрпақтарың да сендердің өмірлеріңе бұрылып, кім болғандарыңды, қандай өмір сүргендеріңді білуге тырысады.
Ұрпақтарың сендермен мақтанатындай лайық өмір сүріңдер деп тілеймін.
ҚБ Сабақтың соңында өзіңнің көңіл күйіңе баға бер. Таңдауыңды түсіндіріп бер. Үй тапсырмасы Өз атаң немесе арғы атаң жайлы әңгіме құрастыр. Елімізде болған қандай оқиғаларға қатысқанын анықта.
Адамдар неліктен өзінің шежіресін құрастырады? Мектеп:
Мұғалімнің аты-жөні: Сынып: Пән: Дүниетану №11 сабақ Ортақ тақырып: Уақыт
Бөлімше: Денсаулық және қауіпсіздік
Күні: Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Тақырып: Спорт – денсаулық кепілі!
Оқыту мақсаты 3.1.4.2 спорт түрлерін топтастыру, спорттың қандай да бір түрімен айналысу үшін қажетті негізгі және
өзінің бойындағы қабілеттерін анықтау.
Сабақтың мақсаттары (Күтілетін нәтижелер) Барлық оқушылар:
адамдар не үшін спортпен айналысатынын түсіндіреді;
қыстық және жаздық спорт түрлерін ажырата алады.
Көптеген оқушылар:
қандай да бір спорт түрімен айналысуға қажетті негізгі қабілеттерді және өзінің бойындағы қабілеттерді анықтайды;
тақырыпты талқылайды, пікірлерімен бөліседі.
Кейбір оқушылар:
белгілі бір спорт түрін таңдағанына қатысты өзінің пікірін дәлелдейді;
өзінің мектебіндегі (ауылындағы, қаласындағы) спорт секциялары туралы ақпарат жинайды.
Тілдік мақсат Оқушылар өзінің туа бітті қасиеттерін есепке ала отырып денсаулықты нығайту үшін спортпен айналысу қажеттілігі жайында талқылайды және соған қатысты шешімдер шығарады.
Пәнге қатысты лексика мен терминология:
Спорт, спорт түрлері, спортпен айналысуға арналған адам бойындағы туа бітті қасиеттер, спорт жарыстары, олимпиада ойындары.
Диалогке/жазылымға қажетті тіркестер
Спортпен айналысу денсаулықты нығайтады, көрікті сымбат сыйлайды, тыныс алу жолдарының жұмысын жақсартады, төзімділікке үйретеді, иілгіштікті дамытады.
Талқыланатын мәселелер:
спорттың қандай түрлері бар?
адамдар спортпен қандай мақсатта айналысады?
спорт адам мінезіндегі қандай қасиеттерді қалыптастырады?
спортпен айналысуға арналған адам бойындағы туа бітті қасиеттердің қандай маңыздылығы бар?
Жазылым:
Үлгі бойынша сөйлем құрастыру: «Спорт дегеніміз – ...».
Алдыңғы білімдер Спорт туралы қарапайым түсініктер
Сабақ жоспары

Сабақ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Ой қозғау Мұғалім: Өлеңге назар аударыңдар: Спорт – сенің серігің
Жанға дауа, қолға күш. Сергітетін адамды Қимыл менен қозғалыс.
Балалар, әдетте спортпен қайда айналысады? Дұрыс, спорт залында.
Суреттерге қара. Адамдар не үшін спортпен айналысады? Кем дегенде 3 себебін атап шық.
Кластер құрастырамыз.
ДенсаулықЖақсы көңіл күйСымбатты мүсін
Өзіңе дегенСпортЗиянды әдеттерден
сенімділікарылу
Жақсы ұйқы
2. Үлгі бойынша сөйлем құрастыр: Спорт деген – денсаулық!
Спорт деген – қозғалыс! Спорт деген – сұлулық! Спорт деген – өмір!
Спорт деген – ! Спорт – бұл !
(Ұ, Ж) Сабақтың соңында қандай мақсаттарға қол жеткізуіміз керек, қалай ойлайсыңдар? Оқулық Тақта
Оқушылар сабақтың мақсаттарын атайды:
спорттың қандай түрлері бар екендігін білеміз;
спорттың әр алуан түрлерімен айналысу үшін қажетті физикалық мүмкіндіктерді анықтаймыз. Жаңа сабақ Мұғалім: Балалар, келесі сөйлемде қанша спорт түрі жайлы айтылады:
Волейболмен, футболмен, кайтингпен және жүзумен айналыс, ескекпен жарысуға қатыс, велосипед айда, қыста коньки теп, барлық жарыста жеңіске жет!
Мұнда спорттың жеті түрі айтылған, оның ішінде спорттың ерекше түрі – кайтингте бар. Кайтингте спортшы батпырауықтың көмегімен жылжып отырады.
Бүгінде әлемде 200-ден астам спорт түрі бар деп есептелінеді. Осындай көп спорт түрлерін қалай реттеуге болады?
Спорт түрлерін әртүрлі топтарға бөледі. Мысалы, өткізу уақытына қарай қыстық және жаздық болып бөлінеді.
Оқулықтағы тапсырманы орындау: Суреттерге қарап, спорттың қыстық түрлерін таңдап ал. Қыстық спорт түрінің жаздықтан ең басты айырмашылығы неде, қалай ойлайсыңдар?
Дұрыс айтасыңдар, балалар! Спорттың қыстық түрлерін өткізуге, ең алдымен, қар мен мұз керек. Ал жаздық спорт түрлерінен өтетін жарыстар жылдың кез келген мезгілінде спорт залында немесе стадионда өте береді.
Оқулықтағы «Сен білесің бе?» айдарындағы мәтінді оқимыз.
Балалар! Соңғы Олимпиада ойындары қашан және қайда өтті, кім біледі? Қазақстандық спортшылардан кімдер жүлдегер атанды?
Білетіндерге жарайсыңдар дегім келеді! Ал қалғандарыңа ғаламтор ресурстарына жүгініп, олимпиада жайында ақпарат алуларыңа кеңес беремін.
(Ж) Суреттердегі спорт түрлері қыстық па әлде жаздық па анықта. Алдымен спорттың жаздық түрлерін, сосын қыстық түрлерін ата.
Пантомима: ыммен немесе қозғалыспен қандай да бір спорт түрін бейнеле. Қалғандары жауабын табады.
Мұғалім: Ал енді балалардың спортпен қалай айналысатынын қараймыз.
Электронды қосымшадан «Балалар спорты» бейнеролигін көру (тапсырмаға дейін) Оқулық
Оқулық
Дәптер
Электронды қосымша
ҚБ «Қалыптастырушы сұрақ» стратегиясы. Бейнематериалды көрген соң, оқушылардың білімін тексерудің формасы. Мұғалім балаларға қосымша мынадай сұрақтар қояды:
Көрген материалдан спорттың қандай түрлері жайында білдіңдер?
Балалар неліктен спортпен айналысады?
Спортпен айналысудың арқасында балалардың бойында қандай жақсы қасиеттер қалыптасады?
Сен қандай спорт түрімен айналыссам болады деп ойланып жүрсің?
Құрдастарың Айжан мен Асқар қандай ойда екен. Біліп көрейік. Олардың алға қойған мақсаттары қандай, оқыңдар. Кімнің жауабы саған жақын? Айжанның ба, Асқардың ба? Неліктен?
(Т) «Позицияны ұстан» стратегиясы (жеңілдетілген нұсқасы). Бір пікірді таңда және сол пікірді қорғайтын бір дәлел айт.
Пікірді таңдауға және оған дәлел табуға 1 минут беріледі.
Ниет білдірген оқушылар ортаға шығып, кімнің пікірін қолдағандарына қарай тақтаның екі жағына тұра бастайды. Алдымен бірінші топ сөйлейді (мысалы, Айжанның пікірін қолдағандар), сосын екінші топ сөйлейді.
Мұғалім пікірталасты қорытындылайды.
ҚБСөзбенбағалау.Жақсыпікірайтқанбалалардымұғалім«Жарайсың!»,
«Бәрекелді!» деген сөздермен көтермелейді.
Қандай спорт түрімен айналысатыныңды тек қана өзің шешесің. Біреулер сүйікті актерлеріне немесе әншілеріне еліктеп, солардың айналысатын спорт түрлерін таңдайды. Біреулер достарына серік болып спорт секцияларына барады. Біреулер ата-анасының ұсынысына байланысты спорт түрін таңдайды. Ең бастысы, өзіңе ұнайтын спорт түрін таңдау керек.
(Ө) Егер сен спортпен айналысам деп шешім қабылдасаң. Өз іс-әрекеттеріңді ретімен жаз. Ол спорттың қандай түрі? Таңдау себебің қандай? т.б. Ал егер әлі спорт түрін таңдамаған болсаң төмендегі сөйлемдерді толтырып, орындауға тырыс.
Сөйлемдегі бос орындарды толтыр
Мен (спорт түрі ) айналысқым келеді, себебі Дәптер
(дәлелдерді келтір),
(мысалдарды келтір). Сол себепті мен бұл спорт түрін таңдаймын.
Ал егер спорттық секцияларға мүлдем жазылғың келмесе ше? Мүмкін сен сурет салу немесе музыкамен, математика немесе гербарий жинаумен әуестеніп жүрген шығарсың. Әлде денсаулық жағдайыңа байланысты саған спортпен айналысу зиян шығар. Осындай жағдайларда не істеу керек?
(Т) Оқушылар пікірлерін айтады. Мысалы, қозғалысы көп өмір салтын ұстану: серуендеу, аулада құрдастарыңмен ойнау, жаяу жүру және мектепте дене шынықтырумен айналысу.
Мұғалім: – Балалар, сендердің айтқан пікірлеріңмен мен де келісемін!
Кім салауатты өмір салтын қолдайды, қолдарыңды көтеріңдер! Деніміз сау болу үшін, не істеуіміз керек? Кім біледі?
Оқушылар: Шынығу керек!
Мұғалім: Егер денің сау болсын десең, үнемі шынығып жүр. Ағзаны шынықтырудың көптеген жолдары бар. Мысалы сүлгіні суға малып алып, онымен денені ысқылау, салқын сумен құйыну, күн сәулесі ваннасын қабылдау.
ҚБ «Жұдырық-алақан» стратегиясы өзін-өзі бағалаудың дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Егер оқушылар сабақта қойылған мақсаттарға және күтілген нәтижелерге жеткендеріне сенімді болса – онда алақан ашық болады;
Оқушылар сабақта қойылған мақсаттардың кейбіріне ғана жеттік, әлі де жұмыс жасауымыз керек деп есептесе, үш саусағын жоғары көтереді;
Егер оқушылар сабақта қойылған мақсаттарға жетпедік деп есептесе, онда жұдырықпен
білдіреді. Рефлексия Электронды қосымшадағы 3-16 слайдтарда берілген тапсырмаларды орындау.
ҚБ «Эмоциялы-музыкалық аяқтама» стратегиясы.
Оқушылар үш музыкалық шығармадан үзінді тыңдайды (шығарманың композиторын көрсеткен жөн). Үрейлі әуен, тыныш әуен және көңілді әуен тыңдалады. Оқушылар өзінің көңіл күйіне сәйкес келетін музыкалық үзіндіні таңдайды. Электронды қосымша
Үй тапсырмасы Оқулықтағы «Өзім жасаймын» айдарындағы тапсырма.
Әртүрлі дереккөздерден (ғаламтор ресурстары, қосымша әдебиеттер, үлкендерден сұрау) белгілі бір спорт түрімен айналысу үшін (өзің таңдаған спорт түрін жаз) қандай қабілеттер болу керек екенін анықта. Оқулық
Мектеп:
Мұғалімнің аты-жөні: Сынып: Пән: Дүниетану №12 сабақ Ортақ тақырып: Уақыт
Бөлімше: Ежелгі мәдениеттер мен өркениеттер
Күні: Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
Тақырып: Көшпелілер мен отырықшылардың өмір салты
Оқыту мақсаты 3.3.1.1 көшпелі және отырықшы өмір салтының ерекшеліктерін түсіндіру
Сабақтың мақсаттары (Күтілетін нәтижелер) Барлық оқушылар:
адамдардың шаруашылығы мен өмір салты қандай факторларға тәуелді болғанын түсіндіреді;
маусымдық жайылымдардың түрлерін атайды;
көшпелілер мен егіншілердің өнімдерін атайды.
Көптеген оқушылар:
көшпелілер мен егіншілер арасындағы айырмашылықтарды бөліп көрсетеді;
көшпелілердің маусымдық жайылымдар үшін қандай жерлерді таңдағанын түсіндіреді.
Кейбір оқушылар
өз пікірін дәлелдейді;
суретке сипаттама береді.
Тілдік мақсат Оқушылар көшпелі және отырықшы тұрмыстың ерекшеліктерін талқылайды және түсіндіреді.
Пәнге қатысты лексика мен терминология:
Көшпелілер, егіншілер, маусымдық жайылымдар (қыстау, көктеу, жайлау, күзеу).
Диалогке/жазылымға қажетті тіркестер
Көшпелілердің малдары жыл бойына жайылымдағы шөппен қоректенді. Сырдария өзені – егіншілердің асыраушысы.
Талқыланатын мәселелер:
маусымдық жайылымдар қалай аталды?
олар жылдың қай мезгілдеріне сәйкес келеді?
жайлау мен қыстау көкжиектің қай тұстарында орналасты?
көшпелілер малдың қай түрін өсірді, ал егіншілер ше?
неліктен Сырдария өзенін егіншілердің асыраушысы деп атады?
егіншілер қандай өнімдерді өсірді?
Жазылым: Дәптердегі Н.Г. Хлудовтың «Көш» суретіне қарап бірнеше сөйлем құрастыру: «Көш дегеніміз
– ...»
Алдыңғы білімдер Адам шаруашылығына климаттың тигізетін әсері.
Сабақ жоспары
Сабақ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Ой қозғау – Балалар, екі үзіндіні салыстырып көріңдер:
«Қазақ халқы далалар мен ғасырларда тыным таппай көшіп жүрген трагедиялық кезбе іспеттес»
Мұхтар Әуезов
Тау несімен сәнді? Жадыратып жанды, Қарсы алып таңды, Бұлақ салып әнді, Жап-жасыл боп мәңгі. Шырша тұрса сәнді.
Әли Ысқабай
Мұхтар Әуезовтің сөзін естігенде, көз алдарыңа не келді? Өлеңді оқығанда қандай суретті елестеттіңдер?
– Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай болмақ, қалай ойлайсыңдар? Сабақтың соңында біз нені білуіміз керек, нені үйренуіміз керек?
(Ұ, Ө) Оқушылар сабақтың тақырыбын тұжырымдайды, оқулық бойынша сабақтың соңында жету керек мақсаттарды анықтайды. Оқушылар сабақтың соңында:
көшпелілердің маусымдық жайылымдары жайлы және отырықшылар өмірінің ерекшеліктері туралы білетін болады;
көшпелілер мен отырықшылардың өмір салтын салыстыруды үйренеді. Суреттер (тау, бұлақ, шырша)
Жаңа сабақ Ерте заманда адамдардың өмір сүру салты көшпелілер және егіншілер болып бөлінді. Адамдардың шаруашылығы және өмір салты неге тәуелді болды, еске түсіріңдерші? Оқушылардың жауабы: климатқа.
Мұғалім: Иә, үш мың жыл бұрын Қазақстан жеріне құрғақ ауа райының орнағанын Түрлі-түсті суреттер

білесіңдер. Жаңбыр сирек жауды, қатты ыстықтың салдарынан өсімдіктер қурады. Адамдар аштықтан өліп кетуі мүмкін еді. Тірі қалу үшін табиғат жағдайларына бейімделу керек болды. Біздің бабаларымыз көшпелі малшаруашылығына көшті. Көшпелі шаруашылықты жүргізіп отыру өте қиынға соқты. Көшпелі өмір салтын ұстанғандар көп нәрседен хабардар және көп нәрсеге қабілетті болуы керек.
Оқулықтағы мәтінді «Егіншілер» деген азат жолдан бастап, Көшпелілер қой, жылқы, түйе өсірді деген сөйлемді де оқимыз.
Сызбаны қарап шығыңдар. Мына сұрақтарға жауап беріңдер: Маусымдық жайылымдар қалай аталды?
Олар жылдың қай мезгілдеріне сәйкес келді? Жайлау қайда орналасты, ал қыстау ше?
Егіншілер өзен аңғарларының маңында өмір сүрді.
Оқулықтағы мәтінді 33 беттегі бояулы түсте берілген мәтінді оқимыз. Жанында берілген суретке мән береміз.
Мәселені шешеміз.
Ағылшын ғалымы Арнольд Тойнбидің мынадай сөзі бар: «Егіншіге қарағанда қойшы асқан шебер».
Ғалымның сөзі дұрыс па? Оның сөзінің дұрыстығын немесе бұрыстығын көрсету үшін өткенге кері шегінеміз. Топта жұмыс істей отырып, сендер сыныпқа көшпелілер мен егіншілердің шаруашылығын және өмір салтын көрсетулерің керек.
Мұғалім оқушыларды «Көшпелілер» деген 3 топқа, «Егіншілер» деген 2 топқа бөледі.
(Г) 1-топ «Көшпелілерге» тапсырма:
Оқулықтағы иллюстрацияларды қарап шығыңдар. Елестетіңдер, сендер – көшпелісіңдер. Жайлау мен қыстауды таңдаған кезде не нәрсеге көңіл бөлесіңдер?
Плакатта:
ҚыстауЖайлау Оқулық
Оқулық Маркерлер, дайын
шаблондары бар ватман парақтары, 5 топқа арналған тапсырмалары бар парақшалар
деп жазылған.

Жайлауға немесе қыстауға сәйкес келетін сөздерді таңдаңдар. Не үшін ол сөздерді таңдадыңдар, түсіндіріңдер.
Тірек сөздер: Солтүстік, оңтүстік, шүйгін шөптің мол болуы, суат көздері, қар жамылғысының жайдақ болуы, тау бөктері, жауын-шашыннан қорғайтын пана. 2-топ «Көшпелілерге» тапсырма.
Жылдың қай мезгілі көшпелілер үшін ауырға соқты, қалай ойлайсыңдар? Неліктен? Достың көмегі: Жылдың қай мезгілінде көктайғақ, боран, үскірік аяз, қалың қар секілді ауа райының құбылыстары болады? Осы құбылыстардың көшпелі шаруашылыққа тигізген әсері қандай?
Маңызды дерек! Жұт дегеніміз – қуаңшылықтан малдардың қырылуы.
3-топ «Көшпелілер» тапсырма.
Атақты қазақ ғалымы Шоқан Уәлиханов: «Көшпелі елдің тұрмысында азығы да, сусыны да, киімі де малдан деп жазды. Ғалымның сөзін растау үшін мысалдар келтіріңдерші.
Көшпелінің азығы – ,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,
Көшпелінің сусыны ,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,
Көшпелінің киімі ,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,
Көшпелілердің өндірген өнімдерін суретке салыңдар.
4-топ «Егіншілерге» тапсырма
Елестетіңдер, сендер – егіншісіңдер. Егінші нені білу керек және қандай қабілеті болу керек?
Достың көмегі. Сендердің алдарыңда – дала. Оны өңдеу керек. Одан өнім алу үшін не істеулерің керек?
5-топ «Егіншілерге» тапсырма
Егіншілер қандай дақылдарды өсірді.
Егіншаруашылығының өнімдерін атаңдар немесе суретін салыңдар.
Топтардың тапсырмаларды көрсетуі
ҚБ «Екі жұлдыз, бір тілек» бірін-бірі бағалау стратегиясы. Оқушылар топтағы
сыныптастарының жұмысын «екі жұлдызбен» бағалайды, яғни жұмыс барысындағы екі жағымды сәтті атайды және «бір тілекпен» жұмысты одан ары жақсарта түсуге арналған тілек айтады. Мұғалім: Балалар, сендер көп жұмыс атқардыңдар, енді Тойнбидің «Егіншіге қарағанда қойшы асқан шебер» деген пікірін растауларыңа немесе теріс шығаруларыңа болады.
Балалардың жауаптары.
Оқушылар ғалымның айтқан сөзі рас деген қорытындыға келеді. Аман-есен қалу үшін көшпелілер жайылым жерлерін дұрыс таңдап, көштің жүретін уақытын дәл есептеу керек болған. Көшпелі шаруашылық табиғат жағдайларына қатты тәуелді болды. Ауа райының аса қолайсыз құбылыстары (қуаңшылық, жерді көк мұз басуы) жұтқа әкеліп соқтырды.
Адам бір нәрсені өзгертуге дәрменсіз болды.
Мұғалім: «Көшпелілер мен егіншілер арасындағы тауар алмасу» сахнасын ойнап көрсетіңдер. Афишаларды қолданыңдар. Тауарыңды сатып алсын десең, оны жақсылап мақта.
ҚБ «Сенесіңдер ме?» стратегиясы:
адамдар бағзы замандарда егіншаруашылығымен айналысатын отырықшылар деп және малшаруашылығымен айналысатын көшпелілер деп бөлінді ме? (иә);
көшпелілердің үш маусымдық жайылымдары болды ма? (жоқ, төртеу);
көшпелілер отырықшыларға қарағанда виртуоз ба, яғни асқан шебер ме? (иә);
отырықшылар бидай, тары, жеміс ағаштарын өсірген бе? (иә);
жайлау оңтүстікте орналасты ма? (жоқ, солтүстікте). Рефлексия Кестеге қарап, егіншілер мен көшпелілерді салыстырыңдар (уақыт тығыз болған жағдайда тапсырманы ауызша орындауға болады).
Өзіңді-өзің тексеру үшін электронды қосымшадан тапсырманы орында.
ҚБ Өзін-өзі бағалау.
Сабақта атқарған жұмысыңды үш бағыт бойынша бағала. Әр тармақта бір сөздің астын сыз:
Сабақ: 1. Қызықты болды.2. Қызықсыз болды.3. Бәрібір.
Сабақта: 1. Жұмыс істедім.2. Демалдым.3. Басқаларға
көмектестім.
Сабақтың қорытындысы:1. Материалды түсіндім. 2. Білгенімнен де көп мәлімет алдым. 3. Сабақты түсінбедім. Оқулық
Электронды қосымша Дәптер
Үй тапсырмасы С. – тапсырма. Н.Г.Хлудовтың «Көш» суретіне сипаттама бер. Мектеп:
Мұғалімнің аты-жөні: Сынып: Пән: Дүниетану №13 сабақ Ортақ тақырып: Сәулет өнері
Бөлімше: Менің атамекенім
Күні: Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Тақырып: Елді мекендер қандай болады?
Оқыту мақсаты 3.1.3.1 елдімекендерді түрлі белгілері бойынша (типі, көлемі, қызметі) ажырату.
Сабақтың мақсаттары (Күтілетін нәтижелер) Барлық оқушылар
«қала», «ауыл» түсініктерінің мағынасын түсіндіреді;
көлемі мен қызметі бойынша қалалардың түрлерін атайды, мысалдар келтіреді.
Көптеген оқушылар:
қала мен ауылды салыстырып, ұқсастықтар мен айырмашылықтарды табады;
туған ауылында (қаласында) не өндірілетінін түсіндіреді.
Кейбір оқушылар қаладағы және ауылдағы өмірдің артықшылықтары мен кемшіліктерін көрсетеді, соған
қатысты дәлелдер келтіреді.
Тілдік мақсат Барлық оқушылар
– әртүрлі белгілері бойынша (түрі, көлемі, қызметі) елді мекендердің ерекшеліктерін түсіндіреді.
Пәнге қатысты лексика мен терминология:
Қала, ауыл.
Көлеміне қарай қалалардың әртүрлілігі: миллионер қала, ірі қала, үлкен қала, орташа қала, шағын қала.
Диалогке/жазылымға қажетті тіркестер:
Облыс орталықтары: Атырау, Орал және т.б.
Теміржол өтетін ірі қалалар: Ембі, Қандыағаш және т.б. Курортты қалалар: Сарыағаш және т.б.
Талқыланатын мәселелер:
елді мекендердің қандай түрлері болады?
көлемі бойынша қалалар бір-бірінен қалай ерекшеленеді?
қалалық және ауылдық елді мекендерді не байланыстырады және бір-бірінен қандай айырмашылықтары бар?
Жазылым:
Дәптерге қала мен ауылдағы өмірдің 3 артықшылығын және 3 кемшілігін жазу.
Алдыңғы білімдер Менің туған қалам. Менің туған ауылым.
Сұрақтар Көлемі Үйлер, құрылыстар Көлік Экология (ауаның, судың, табиғаттың
тазалығы)
Сабақ жоспары
Сабақ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Ой қозғау Бейнебағдар
Қазақстанның қалалары жайындағы бейнебаянды көру. Бейнебаянда еліміздің қандай қалалары туралы айтылады?
Оқулықтағы картаны қараңдар. Қазақстанда республикалық маңызы бар 2 қала – Астана мен Алматы және 14 облыс орталығы бар. Оларды картадан табыңдар.
Қазақстанда қалалардан бөлек жеті мыңға жуық елді мекендер бар. Бүгінгі сабағымызда не жайында айтатын боламыз, қалай ойлайсыңдар?
(Ұ, Ж) Оқушылар «Елді мекендер қандай болады?» деген сабақтың тақырыбын және сабақтың мақсаттарын анықтайды. Балалар сабақта:
елді мекеннің қандай түрлері бар екенін біледі;
қала мен ауыл өмірін салыстыруды үйренеді. Электронды қосымша Оқулық
Жаңа сабақ Оқулықтағы мәтінді оқимыз.
Электронды қосымшадан «Елді мекендер қандай болады?» бейнематериалын көру.
Бүгін сендерге зерттеушілердің рөлінде болуды ұсынамын. Сыныбымызда зерттеушілердің 4 тобы жұмыс істейтін болады (рөлдерді бөлу).
(Т) Топтар тапсырмалары бар конверттерді таңдайды.
Тапсырманы оқып шығыңдар, сызбаларды толтырыңдар, ауызша жауапты дайындаңдар. 1-топ. Ауылдың сипаттамасы. Кестені толтырыңдар.
2-топ. Қаланың сипаттамасы. Кестені толтырыңдар. Электронды қосымша
Ватман, маркерлер, тапсырмалары бар конверттер
Сұрақтар Көлемі Үйлер, құрылыстар Көлік
Экология (ауаның, судың, табиғаттың
тазалығы) 3-топ. Еліміздегі қалалардың әрқайсысының өзіндік көркі бар, халқының санына қарай ірі және кіші болып бөлінеді. Үлкен қалалар 14 облыстың орталығы. Олармен ұшақ, теміржол қатынайды. Ол үшін оқулықтағы картаны мұқият қарап шығып, мына тізімді
жалғастырыңдар:
Облыс орталықтары: Атырау, Орал,

Теміржол өтетін қалалар: Ембі, Қандыағаш,

Теміржол бойындағы ірі, үлкен, орташа, кіші қалаларды да атап көр:

Курортты қалалар: Сарыағаш, 4-топ. Біздің ауылымыз (қаламыз) қандай қалаға жатады? Өз ойыңды жаз.

Топтардың тапсырмаларды көрсетуі
(ҚБ) «Бас бармақ» стратегиясы. Оқушылар басқа топтың жұмысына баға береді және келісетіндіктерін немесе келіспейтіндіктерін білдіреді. Бас бармақты жоғары көтерсе, келіседі, төмен түсірсе, келіспейді.
«Қай жерде өмір сүруге қолайлы?» пікірталасы.
«Елестетіңдерші, менің көшкім келеді, бірақ қалаға ма немесе ауылға көшерімді білмеймін.
Сендер мені қалаға немесе ауылға барып тұруыма үгіттей аласыңдар ма?». Сыныптың
жартысы ауыл тұрғындары болады. Ауылға көшуге қатысты маңызды дәлелдер келтіреді.
Қаланың екінші бөлігі қала тұрғындары болады. Олар қалада тұрудың артықшылықтары туралы айтып береді. Т Екі топқа бөлінген оқушылар ауылдағы өмір мен қаладағы өмірдің артықшылықтарын дәлелдеп береді.
Мұғалім пікірталасты қорытындылайды.
Қалада тұрған жақсы ма әлде ауылдық жерде тұрған жақсы ма деген сұрақтың нақты
жауабы жоқ. Әр адам өзінің ішкі әлеміне, өмір сүру салтына қарай қайда тұратынын өзі таңдайды.
Егер сендер табиғатты, тыныштықты жақсы көрсеңдер, онда сендерге ауылда өмір сүрген жөн.
Егер сендер бір орында отыра алмасаңдар, жаңа эмоция мен жаңа таныстықтарды қажет етсеңдер, онда ауылда сендерге қызықсыз болады. Кім білім алып, мансабын құрғысы
келсе, онда қалада тұрғаны дұрыс. Рефлексия Электронды қосымшадағы тапсырмаларды орындаңдар.
ҚБ «20 секунд» стратегиясы. Мұғалім балаларға мынадай сұрақ қояды: «Көз алдарыңа жер бетінде еш бір қала қалмады деп елестетіңдер. Осы жағдайда адамдардың өмірі қалай өзгерер еді?». Сосын ойланып, жауабын табуға 20 секунд уақыт береді, одан кейін
жауаптарды тыңдайды.
Сабақтың соңында дәптерде өздеріңнің психологиялық жағдайларыңа баға беріңдер. Қажетті смайликтің жанына белгісін қойыңдар. Электронды қосымша Дәптер
Үй тапсырмасы Қаладағы өмірдің де, ауылдағы өмірдің де өзіндік артықшылықтары мен кемшіліктері бар.
«Қаладағы және ауылдағы өмірдің артықшылықтары мен кемшіліктері» деген кестені толтырыңдар.
Мектеп:
Мұғалімнің аты-жөні: Сынып: Пән: Дүниетану №14 сабақ
Ортақ тақырып: Сәулет өнері Бөлімше: Туризм
Күні: Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Тақырып: Қала мен ауыл арасында қандай байланыс бар?
Оқыту мақсаты 3.1.3.2 қала мен ауыл арасындағы байланысты зерттеу, мысалдар келтіру.
Сабақтың мақсаттары
(Күтілетін нәтижелер) Барлық оқушылар:
– «экономика» сөзінің мағынасын түсіндіреді;
адамдардың материалдық қажеттіліктерін атайды.
Көптеген оқушылар:
қаланың тұрғындары және ауылдың тұрғындары немен айналысатынын ажыратады;
қала және ауыл тұрғындарының мамандықтарын, кәсіптерін атайды;
өзінің пікірін дәлелдейді.
Көптеген оқушылар:
тұрғылықты жерінде экономиканың қандай салалары дамығанын зерттейді;
облыста қандай өнеркәсіп орындары барын біледі;
өзінің қаласында (ауылында) қандай өнім өндірілетінін біледі.
Тілдік мақсат Оқушылар мысалдарды келтіре отырып, қала мен ауыл арасындағы байланыстарды көрсетеді.
Пәнге қатысты лексика мен терминология:
Қажеттіліктер, экономика, экономиканың салалары: өнеркәсіп, ауылшаруашылығы, көлік, сауда-саттық.
Диалогке/жазылымға қажетті тіркестер Ауыл қаласыз, ал қала ауылсыз өмір сүрмейді. Талқыланатын мәселелер:
адамдардың қандай қажеттіліктерін білесің?
экономика дегеніміз не?
қала мен ауыл қандай тауарлармен алмасады?
Жазылым:
Ата-аналарының мамандықтарын және олар экономиканың қай саласында жұмыс істейтіндерін жазу.
Алдыңғы білімдер Менің туған ауылым. Менің туған қалам. Қала және ауыл.
Сабақ жоспары
Сабақ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Ой қозғау Мұғалім: – Балалар! Әрбір адамның, ол үлкен болсын, кіші болсын, өз қажеттіліктері
болады. Қажеттілік деген сөз нені білдіреді? Қажеттілік дегеніміз – адамның онсыз өмір сүре алмайтын керек нәрсесі және қалаған барлық нәрсесі.
Аса қажетті, онсыз өмір сүре алмайтын ең басты қажеттіліктерді атаңдар.
Оқушылар: Су, ауа, киім, тамақ, баспана.
Мұғалім жауаптарды тақтаға жазады.
Су мен ауа – табиғаттың бізге берген сыйы. Ал қалғандарын қайдан алуға болады? Оларды қолмен жасау, өсіру және өндіру керек.
Балалар, «экономика» сөзін естігендерің бар ма? Қандай мағынаны білдіретінін білесіңдер Тақта

ме?
Экономика дегеніміз – бұл адамдардың шаруашылық қызметі. Адамдар шаруашылық қызметпен айналыса отырып, тауарларды өндіреді. Тауар дегеніміз – сатуға арналған
өнімдер. Тауарларды көзбен көруге, қолмен ұстауға болады. Мысалы, велосипед, ойыншық, ұялы телефон. Басқа мысалдарды да келтіріңдер.
Сонымен қатар адамдар қызметті де қажет етеді. Қызметтер біздің өмірімізді жақсарта түседі. Мысалы, шаштаразда ештеңені сатпайды, онда біздің шашымызды қияды, оны жуып, неше түрлі шаш үлгілерін жасайды. Таулар суреті (велосипед,
ойыншық, телефон)
Сондай-ақ, қызметтерді мұғалімдер, дәрігерлер, әртістер және басқа да көптеген мамандық иелері көрсетеді. Олар тауарды немесе затты өндіріп шығармайды, бірақ олардың еңбектері Дәптер
адамдарға үлкен пайдасын тигізеді. Осылайша экономикамен күнделікті кездесіп отырамыз. Мысалы, автобусқа мінесіңдер, нан сатып аласыңдар, телефон арқылы қоңырау соғасыңдар, мектепте оқисыңдар. Демек, экономика әрдайым біздің жанымызда.
Кейбір тауарлар қалада, ал кейбір тауарлар ауылда өндіріледі. Қала мен ауыл арасында қандай байланыс бар екенін бүгін білетін боламыз.
(Ұ, Ж) Сабақтың тақырыбын өз бетімізше анықтап көрейік.
Оқушылар сабақтың тақырыбын «Қала мен ауыл арасындағы байланыс қандай?» деп анықтайды және «қала мен ауыл арасында қандай байланыс бар екенін білетін боламыз» деп сабақтың мақсатын атайды.
Венн диагрммасын құрыңдар Адамдардың саны көпАдам саны аз
шоғырланған қалада зауыт,Адамдардыңшоғырланған ауылдарда фабрикада өнімдермекен ортасымал,
шығарыладыегіншаруашылығымен
айналысады. Жаңа сабақ Мұғалім: Бүгін біз экономиканың қандай салалары бар екенін анықтайтын боламыз. Электронды қосымшадан «Қала мен ауыл арасындағы байланыс қандай?» бейнематериалын көру (тапсырмаға дейін).
Оқулықтағы «Экономиканың салалары» сызбасымен жұмыс жасаймыз. Электронды қосымша
Суреттерге назар аударыңдар. Онда экономиканың қандай салалары бейнеленген.
Біздің жиі тұтынатын қажеттіліктеріміз: киім, жиһаз, кітап, азық-түлік және т.б.
Осы өнімдерді экономиканың қандай салалары бізге өндіріп береді? (Киім, жиһаз,
кітаптарды фабрикалар мен зауыттарда, яғни өнеркәсіп орындары өндіреді; ал нан, сүт, көгөніс, ет өнімдерін ауылшаруашылығы өндіреді).
Өнеркәсіп пен ауылшаруашылығы бұл өнімдерді бізге үйге дейін алып келген жоқ. Олардың өнімдерін біз ақшаға сатып алдық.
Осы жағдайда экономиканың қай саласы бізге көмекке келді? (Сауда-саттық саласы, яғни дүкендер, базарлар, сауда орталықтары және т.б.).
Фабрика, зауыт, ауылшаруашылығының өнімдері дүкендер мен базарларға қалай жеткізілді? (көлік арқылы).
Көлік дегеніміз – тасымал құралдары. Ол да экономиканың бір саласы. Ал көлікті не үшін қолданады? (Адамдарды, жүктерді тасымалдау үшін).
Экономиканың тағы бір маңызды саласы бар. Экономиканың сол саласы арқылы біз үйлерде тұрамыз, мектепте білім аламыз. Ол болмаса зауыттар мен фабрикалардың, мектептер мен ауруханалардың, тұрғын үйлердің ғимараттары болмас еді.
Ол экономиканың қай саласы екен? (Құрылыс).
Экономиканың салалары бір-бірімен байланысты ма, қалай ойлайсыңдар? (Байланысты).
Мысалы, құрылыс пен көлік арасындағы байланысты қалай түсіндіруге болады? (Көлік болмаса жаңа ғимараттың құрылысына керекті материалдарды жеткізу мүмкін емес).
Ауылшаруашылығы мен көліктің арасындағы байланысты түсіндіріңдер. (Көлік болмаса азық-түліктерді қалаға жеткізе алмаймыз, қаладан техника алып келе алмаймыз).
Қандай қорытынды шығаруға болады? (Экономиканың барлық салалары – өнеркәсіп, ауылшаруашылығы, көлік, құрылыс және сауда – бір-бірімен өте тығыз байланысты). (ҚБ) «Бас бармақ» стратегиясы
Мұғалім сабақта айтылған жайттарды оқушылардың қаншалықты түсінгендерін анықтау үшін оқушылардан бас бармақты көрсетулерін сұрайды.
Бар бармақ жоғарыда болса – «Мен түсіндім»;
Бас бармақ көлденеңінен болса – «Шамамен түсіндім»; Бас бармақ төмен болса – «Мен түсінбедім».
Мұғалім: Экономиканың барлық салаларында адамдар жұмыс істейді. Оқулықтағы иллюстрацияларды қарап шығыңдар.
(Ж) Екі-екіден отырып, қаланың және ауылдың тұрғындары немен айналысатынын Оқулық

талқылаңдар. Олардың мамандықтарын, кәсіптерін атаңдар.
Электронды қосымшадағы 1 тапсырманы орындаймыз: Кім қандай салада жұмыс істейді? Тінтуірдің көмегімен қажетті салаға апарыңдар.
Мұғалім: «Ауыл қаласыз, қала ауылсыз өмір сүре алмайды» деген сөзбен келісесіңдер ме? Мысал келтіре отырып, сөйлемдегі айтылған ойдың дұрыстығын дәлелдеңдер. Жауапты сызба бойынша құрастырыңдар (ПДМН-формуласы):
мен санаймын …
себебі …
мысалы…
сол себептен …
(Ж) Оқушылар екі-екіден отырып, тапсырманы орындайды. Жауаптың үлгісі:
мен ауыл қаласыз, қала ауылсыз өмір сүре алмайды деп санаймын;
себебі қала мен ауыл бір-бірімен өте тығыз байланысты;
Мысалы: қаланың тұрғындарына ауылда өндірілетін азық-түліктер: ет, сүт, көгөністер, жемістер қажет. Ал ауыл тұрғындарына қалада өндірілетін жиһаз, техника, киім, құрылыс материалдары және тағы басқа көптеген заттар керек.
сол себептен ауыл қаласыз, қала ауылсыз өмір сүре алмайды.
Тапсырма орындаймыз: жүк артып алған фургондар қайда кетіп барады: ауылға ма, қалаға ма? Электронды қосымша Дәптер
Дәптер
Рефлексия Тапсырма: Елестетіп көр, сен – кәсіпкерсің. Көгөніс консерві зауытын ашқың келеді. Осыған қажетті шикізаттар мен жабдықтарды қайдан аласың?
ҚБ «Бағдаршам» стратегиясы. Бағдаршамның бір түсін таңда және жанындағы мәтінді толтыр.
Сабақ барысында не көңіліңнен шыққан жоқ?
Сабақ барысында не түсініксіз
болды? Дәптер
Сабақ барысында не ұнады? Қандай тапсырманы жақсы орындадың? Үй тапсырмасы Ғаламтор ресурстары мен қосымша әдебиеттердің көмегіне жүгініп және үлкендерден сұрастыру арқылы мына сұрақтарға жауап іздеңдер:
сенің тұрғылықты жеріңде экономиканың қандай салалары дамыған?
сенің облысыңда қандай өнеркәсіп орындары бар?
сенің ауылыңда (қалаңда) не өндіріледі?
Үйдегі үлкендерден олар экономиканың қандай салаларында жұмыс істейтінін сұра. Дәптерге жаз. Оқулық
Дәптер
Мектеп: Мұғалімнің аты-жөні:
Сынып: Пән: Дүниетану №15 сабақ Ортақ тақырып: Сәулет өнері
Бөлімше: Жергілікті жерді бағдарлау.
Күні: Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Тақырып: Мен жергілікті жердің планын жасаймын.
Оқыту мақсаты 3.2.1.2 масштаб пен шартты белгілерді пайдалана отырып, жергілікті жердің планын құру.
Сабақтың мақсаты (Күтілетін нәтижелер) Барлық оқушылар: планды суреттен ажырата алатын болады; шартты белгілерді «оқи» алатын болады. Көптеген оқушылар: жергілікті жердің планын «оқи» алатын болады; планды құрастыра алатын болады; алған білімдерін өмірде пайдалана алатын болады.
Кейбір оқушылар: жергілікті жердің қарапайым планын сыза алатын болады; топографиялық диктанттар жаза
алатын болады; бағдарлаудың әдістерін білетін болады.
Тілдік мақсат Оқушылар сабақтың тақырыбын пайымдап, соған қатысты өз ойларымен бөлісетін болады; оқулықта берілген ақпараттарды пайдаланатын болады.
Пәндік лексика және терминология: бағдарлау, план, масштаб, топография.
Диалогке/хатқа арналған пайдалы фразалардың топтамасы
Шартты белгілер - план мен картаның әліппесі.
Талқылау: План суреттен несімен ерекшеленеді? Адамдар шартты белгілерді не үшін ойлап тапқан? Масштабты сақтау не үшін қажет?
Таныс емес жерді бағдарлаудың қаншалықты маңызы бар?
Хат:
Әдеби кейіпкердің атынан хат жазу; сөйлемді аяқтау.
Алдыңғы білімдер Менің қалам. Менің ауылым.
Сабақтың жоспары
Сабақ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Ой қозғау Мұғалім: Баяу музыканың аудиожазбасы
Қосымша әдеби
кітаптар, суреттер.
Көздеріңді жұмыңдар. Көз алдарыңа жарқыраған күнді, жап-жасыл көгалды, дала гүлдерін елестетіңдер. Көгалдың хош иісімен дем алыңдар. Терең дем алып, ақырын демді шығарыңдар. Мұғалім: Таныс емес жермен қалай танысуға болады? Таныс емес жермен танысудың әртүрлі әдістері бар: экскурсияда, сапарда, жорықта
жүргендегідей аймақты аралап, мұқият қарап шығу керек; кітаптан жергілікті жерге берілген сипаттаманы оқып шығу керек немесе әңгіме құрастыру керек; фотосуреттің, суреттің көмегімен жергілікті жермен танысу керек. Фотосуреттің суреттен қандай айырмашылықтары бар?
Оқушылардың жауаптары.
Фотосуретте жергілікті жер анық бейнеленген.
Өзіңнің тарапыңнан белгілі бір ерекшеліктерді қосу арқылы жергілікті жердің суретін салуға болады.
Мұғалім:
Таныс емес жермен план бойынша танысу әлдеқайда нақтырақ. Жаңа сабақ Мұғалім «ассоциация» картасын құруды ұсынады.
– «План», «көрініс» сөздерін естігенде, көз алдарыңа не елестейді? (балалардың айтқан пікірлері тақтаға жазылады)
Жергілікті жердің көрінісі дегеніміз – бақылаушының Жердің үстінде тұрып жасаған суреті. Егер жергілікті жерді ұшақтан суретке түсірер болса, онда аэрофотосурет аламыз. Жергілікті жердің көрінісі биіктіктен шын мәнінде қалай көрінсе, аэрофотосуретте оның барлығы дәл беріледі. Аэрофотосуреттен орманда ағаштардың қай түрі өсіп тұрғанын, егіс даласында не Тақта (флипчарт) Слайд (сурет)
егілгенін, төбенің, дөңнің биіктігін, өзендер мен көлдердің тереңдігін, елді мекендердің атауын білу, анықтау өте қиын.
– Альбом парақшасына қаламыздың (ауылымыздың) суретін сала аласыңдар ма?
Балалардың жауабы.
Оқулықтағы тапсырмамен жұмыс жасау. – Қандай аймақты көріп тұрсыңдар? Қалалық па, ауылдық па?
Алдыңғы планда не бейнеленген?
Суреттен қанша елді мекенді көріп тұрсыңдар?
Планның суреттен қандай айырмашылығы бар?
Арман мен Дананың пікірталасын тыңдап көріңдер.
Оқулықтағы «Талқылау» айдарымен берілген тапсырманы орындау.
Сергіту сәті.
Барлық балалар орындарынан тұрады. Мұғалім: Өз жұмыстарыңа назар аударыңдар.
Кім тапсырманы орындай алмаса, қолын төмен түсірсін.
Кімде тапсырманы орындауда қиыншылықтар туса, қолын екі жаққа жайсын. Кімде тура көшірмесі шықса, қолын жоғары көтерсін.
Мұғалім: Сабақтың соңында барлығыңның қолдарың жоғарыда болады деп ойлаймын.
Қандай жаңа ұғыммен таныстық? (Масштаб) Оны тәжірибеде қолданып көруге тырысайық.
(Ж) «Тапсырманы орындаймыз».
(Партаның планын сызу)
Мұғалім: Топография дегеніміз не, балалар?
(грек тілінде topos – жер және grapho – суреттеймін). Белгілі бір жерді, аймақты нақты, қаз қалпында сызып қағаз бетіне түсіру.
Мұғалім: Жергілікті жердің планы қалай құрастырылады?
План да аэрофотосурет секілді жерді, аймақты жоғарыдан көрсетеді. Планда барлық нысандар шартты белгілермен суреттеледі. Адам планда нені маңызды, нені керек деп санаса, соны бейнелейді. Жергілікті жердің планымен танысу шартты белгілермен танысудан басталады.
Себебі шартты белгілер – план мен картаның әліппесі, оның бастауы.
Ескі карталарда салынған белгілер болған. Ал қазіргі карталарда графикалық шартты белгілер Оқулық
Оқулық
Жергілікті жердің планы мен аэрофотосуретті салыстыратын слайд
қолданылады.
Оқулық бойынша шартты белгілермен танысу.
Мұғалім: (Ж) Қандай мамандық иелеріне жергілікті жердің планы қажет? Екі-екіден отырып осы сұрақты талқылаңдар. Оқулықтағы тапсырма сендерге көмектеседі. (Балалардың жауаптары тақтаға жазылады)
– Кәне, сендер ұсынған мамандықтардан кластер құрастырайықшы.
Мұғалім: Біз де топограф болып біраз жұмыс істеп көрейік. Т - 1, 2-топ оқулықтағы тапсырманы орындайды. (Жұмыстарды көрсету)
Ө Блиц сауалнама.
№ 1 карточка.
Табиғатта төтенше жағдай болған кезде адамның өзін-өзі дұрыс ұстауының негізгі қағидалары.
Жорықта бағдар бойынша қозғалып келе жатқан кезде топтан қалып қалсаң не істеу керек? Көрсетілген іс-әрекеттерді ретімен орналастырып шығыңдар:
достарыңның аяқ іздерін іздеу;
сендерді біреу іздеп келмейінше, күту;
тас жолдан, шаңғы жолынан алыс кетпеу;
соқпақ жолдың айырығына келіп тоқтау;
уақытша үй тұрғызу;
от жағу.
Топтың ең артында жүретін адам қандай міндеттерді атқарады?
№ 2 карточка.
Адам адасып қалған кездегі жағдайдан шығудың жолдарын анықтау.
10 жасар бала әжесінің ауылында демалып жүргенде, жидек теруге орманға барып, адасып қалады. Ауа райы бұлтты еді. Күннің көзі көрінбеді. Бала ескі соқпақ жолға шықты. Ойланып, мына сұрақтарға жауап беріңдер:
а) Балаға қандай іс-әрекеттерді жасауға кеңес берер едіңдер?
б) Адам аяғы көп тиген соқпақ жолды ескі соқпақ жолдан қалай айыруға болады?
в) Егер баланың жолында өзен немесе бұлақ кездессе, бала қандай іс-әрекеттер жасауы керек?
(Ж) Пікірлерді өзара бағалау. Оқулық
Тақта (флипчарт)
Жеке карточкалар
Рефлексия Мұғалім: Әрбір адам өзі тұрған жерінің планын білуі керек. Кішкентай баланың өзіне ата- анасы «алдында дүкен, сол жағында әткеншек, оң жақта төбешік, тура жүрсе сайлы жер» деп түсіндіріп жатады.
Сен оқушысың, сенің де тұрған жеріңнен бағдарлау өте маңызды.
Сенің мектебің үйдің қай жағында, жақын арадағы дәріханаға қалай бару керек? Спорт орталығына қалай жетуге болады, осының барлығын білуің керек.
Біліп қана қоймай, дұрыс жолды көрсете білу үшін нысандардың орналасқан жерін түсіндіруді үйренуің керек.
Дәптердегі С тапсырмасы Аудиожазба
Үй тапсырмасы Оқулықтағы ең соңында берілген
тапсырманы үйде орындау. Оқулық
Мектеп:
Мұғалімнің аты-жөні:
Сынып: Пән: Дүниетану №16 сабақ Ортақ тақырып: Сәулет өнері
Бөлімше: Жергілікті жерді бағдарлау
Күні: Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Тақырып: Астрономиялық белгілер бойынша қалай бағдарлауға болады?
Оқыту мақсаты 3.2.1.1 астрономиялық белгілер бойынша көкжиек тұстарын анықтау.
Сабақтың мақсаты (Күтілетін нәтижелер) Барлық оқушылар тұсбағдар мен жергілікті белгілерге қарап көкжиек тұстарын анықтайтын болады.
Көптеген оқушылар Күнге, Темірқазық жұлдызы мен Айға қарап көкжиек тұстарын анықтайтын болады.
Кейбір оқушылар күн сағаттарын жасауға тәжірибе жүргізетін болады.
Тілдік мақсат Оқушылар қосымша әдебиеттермен жұмыс істейтін болады, алынған ақпараттарды жинақтайтын болады, қорытындылар шығаратын болады.
Пәндік лексика және терминология: бағдар алу, Күн, Ай, жұлдыздар. Диалогке/хатқа арналған пайдалы фразалардың топтамасы Аспанда жарқыраған Күн мен жұлдыз,
Сәулеңе күндіз, түні мұқтажбыз біз.
Талқылауға арналған сұрақтар: Астрономия дегеніміз не? Бағдарлау дегеніміз не?
Қай жұлдызға жол көрсеткіш жұлдыз атауы берілді және неліктен? Турист тек қана табиғи бағдарлауға үміт арта ала ма?
Хат:
Сабақта айтылған 3 жаңа деректі және сабақта туындаған 2 сұрақты жазу.
Алдыңғы білімдер Тұсбағдар, көкжиек тұстарын анықтау.
Сабақтың жоспары
Сабақ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Ой қозғау Мұғалім: – Балалар, сендердің жылы жүздеріңді көргеніме өте қуаныштымын. Бүгінгі сабағымызда өте қызықты, өте пайдалы деректер айтылатын болады. Мұқият тыңдап,
тапсырманы бірлесе, белсенді түрде орындайтын болсақ, көп нәтижелерге жететін боламыз. Сонымен сабағымызды бастаймыз.
Мұғалім: Ол саяхаттағанды, жорыққа шыққанды жақсы көреді. Жолдорбасын арқалап, қолына гитарасын алып, қызық іздеп шығады. Достарымен далаға от жағып, айналасында таң атқанша отырып ән айтады, ән тыңдайды, қызықты әңгіме-дүкен құрады. Мен кім жайында айтып жатырмын, балалар? (Турист)
Мұғалім: – Турист деген кім?
Турист сөзіне синоним сөз табыңдар. (Балалардың жауабы тақтаға жазылады)
Араларыңда кім жорыққа шығып көрді?
Кімнің жорыққа барғысы келеді?
Туристтің қандай да бір арнайы білімі мен дағдылары болуы керек пе? Қалай ойлайсыңдар?
Қандай білім мен дағдылар керек? Не үшін?
Әңгіме барысында мұғалім оқушыларға жорық кезінде қозғалыстың бағытын білудің, өз тұрған жеріңді анықтай алудың маңыздылығын, сонымен қатар, осы айтылған дағдыларды тек қана жиі жорыққа шығатын адамдар игеріп қоймай, оқушылардың да игеруі қажет екендігін түсіндіреді. Слайд (сурет)
Тақта
Жаңа сабақ Мұғалім:
Шеті де жоқ, шегі де жоқ, Арты да жоқ, алды да жоқ. Жасың да, кәрің де біледі.
Өте үлкен шар сөз жоқ. (Жер ғаламшары)
Ол жазда да, қыста та Жер мен көктің арасында. Өмір бойы жүре берсең де
Оған жету мүмкін емес. (Көкжиек сызығы)
Таба алмай оң менен солыңды, Адассаң қапылыста.
Дәл сілтер көрсетіп жолыңды, Шығысқа,
Батысқа. (Тұсбағдар)
Мұғалім: Тұсбағдар дегеніміз не?
Тұсбағдар не үшін қажет?
Тұсбағдар – жер бетін бағдарлауға арналған құрал. Оның қызыл тілі – Оңтүстікті, ал көк тілі – Солтүстікті көрсетіп тұрады. Оң жағында – Шығысты көрсетсе, сол жағында – Батысты көрсетеді.
Тұсбағдарды кім қолданады?
Қозғалыстың бағытын, өзіңнің орналасқан жеріңді анықтай білу қабілеті қалай аталады, білесіңдер ме? (Бағдарлау)
«Бағдарлау» орыс тілінде «ориентирование» деп аталады. «Ориентирование» сөзі латынның
«oriens» – «шығыс» деген сөзінен шыққан. Ерте замандардан бері әлемнің шығыс тұсы қасиетті болып саналған. Себебі, шығыстан Күн шығады. Күн – тіршіліктің көзі.
Жергілікті жерді бағдарлау дегеніміз өзіңнің орналасқан жеріңді, қозғалыстың бағытын, көкжиектің тұстарын, жергілікті жердің бедерін, сонымен қатар, өз лагеріңді жайғастыруға
қатысты іс-әрекетіңді анықтау дегенді білдіреді. Слайд-жауап (суреттер)
Дәптер
Оқулық
Оқулықтағы тапсырманы орындау.
Жергілікті жерді дұрыс бағдарлау үшін, ең алдымен, қандай маңызды нәрселерді білген жөн? Қалай ойлайсыңдар?
Көкжиектің қандай тұстарын білесіңдер, санап көрейікші?
Динамикалық үзіліс. Орнымыздан тұрайық, Аяқты нық басайық.
Бір отырып, бір тұрып, Біз демалып алайық.
Қолды белге қоямыз, Иілеміз оңға бір Иілеміз солға бір.
Жоғары қолды созамыз Аяқтың ұшында тұрамыз. Бір отырып, бір тұрып,
Біз тынығып аламыз.
Мұғалім: Жұмбақты шешіңдер
Көп моншақ үй үстіне қойдым шашып, Қарасам толып жатыр көзін ашып.
Үйіме сәулеленіп түссе жарық
Кетеді әлгі моншақ бәрі қашып. (Жұлдыз) Балалар, қандай аспан денелерін білесіңдер? Балалардың жауабын тыңдау.
Мұғалім: Ерте, ерте, ертеде бір кішкентай қалашыққа Жұлдызшы көшіп келіпті. Ол
қалашықтың ең шетінен өзіне үйшік сатып алыпты. Үйшіктің кіп-кішкентай болғаны соншалық, оны қала тұрғындары мүлдем байқамайтын болған.
Жұлдызшы жұпыны өмір сүріпті, бірақ оны ақша мүлдем қызықтырмапты. Ол аспандағы
барлық жұлдыздарды зерттеп, соларға қарап ауа райын, сонымен қоса, адамдардың тағдырын да болжайтын болыпты.
Жұлдыздарды, ғаламшарларды және басқа да аспан денелерін зерттейтін адамдарды кім деп Слайд (сурет)
Слайд (сурет) Жұлдызшы.
«Қызыл телпек» кинофильміндегі
«Жұлдызшы өлеңінің»
аудиожазбасы
Оқулық
атайды, білесіңдер ме?
– Ежелгі адамдар ненің көмегімен бағдар ала білген, еске түсіріңдерші? Уақыт өте келе адамдар ақырындап Жерді тани бастады. Сосын толқыны қатты теңізбен жүзіп, беймәлім
жатқан жерлерді аша бастады. Осындай қиын саяхаттарда адамдарға Күн, Ай және жұлдыздар сенімді жол көрсеткіш болған. Оларға қарап кемешілер дұрыс бағытпен жүзіп отырған.
Оқулықтағы «Күнге қарап бағдарлау» айдарын оқу.
Күнге қарап бағдарлау.
– Күнге қарап көкжиек тұстарын қалай анықтауға болады, кім біледі? Көкжиек тұстарын анықтаудың ең ежелгі әдісі – Күнге қарап бағдарлау. Күн шығыстан шығып, батыстан батады. Талтүсте Күн оңтүстікте болады.
Егер талтүсте күнге арқаңды беріп тұрсаң, онда көлеңкең солтүстік тұсты бағыттайды. Арқа жағың оңтүстікті, оң жағың шығыс, сол жағың батысты бағыттайды.
Күннің шығар тұсы шығысты, батар тұсы батысты көрсетеді.
Темірқазық жұлдызына қарап бағдарлау.
Мұғалім: Жұмбақты шешіңдер. Ол жұлдыз аспанның
Жанып тұрған көзі ме? Аспанға қаққан қазықтың Нұрға айналған өзі ме?
Ол жұлдыз қадалып
Аспанда нұр боп жанып тұр. Күдіктің бәрінен арылып Жолаушы алға жүріп тұр.
Күн батысымен аспаннан мыңдаған жарқыраған жұлдыздарды көруге болады. Жерден өте алыс қашықтықта орналасқандықтан, олар бізге жалтыраған нүкте секілді көрінеді. Шын мәнінде, Жұлдыздар өте үлкен. Егер жұлдызды аспанды мұқият қарайтын болсаңдар,
жұлдыздардан құралған көптеген суреттерді көруге болады. Кәне, тексеріп көрейікші. Суретке назар аударыңдар. Енді үлкен шөмішті көріп тұрсыңдар ма? Таптыңдар ма?
Жарқыраған жеті жұлдыздан құралған шөміш секілді жұлдыздың төңірегінде тағы басқа да көптеген жұлдыздар бар. Бағзы заманнан бері адамдар осы шөмішке ұқсайтын жұлдыздарға Жұлдызды аспанның картасы
Бейнеролик (ғаламтор ресурстары)
Жұлдызды аспан
Оқулық суреті
ерекше мән беріп, оған Жетіқарақшы деген атау берген. Олар осы Жетіқарақшыны өздерінің сызбаларына бейнелеген.
Бір Жұлдызшы аспанда ерекше жұлдыз барын, ол жұлдыз адамға бағыт беріп отыратынын айтқан болатын. Ол жұлдызды Темірқазық деп атайды.
Оны аспаннан қалай табуға болады?
– Жоғарыда айтылған Үлкен Жетіқарақшының қасында Кіші аю шоқжұлдызы орналасқан. Темірқазық Кіші аю жұлдыздар тобында орналасқан.
(Т) Оқулықтағы «Жұлдызға қарап бағдарлау» мәтінін оқып үйренеміз.
Жұлдызшыдан келіп түскен жаңалықтар.
Айға қарап бағдарлау.
Айдың фазасы белгілі болса, онда Айға қарап әлемнің тұстарын анықтау қиынға соқпайды. Жаңа туған айдың орағы аспанның батыс бөлігінде, кеміп келе жатқан айдың орағы аспанның шығыс бөлігінде орналасады. Кешкі уақытта Айдың бірінші ширегі оңтүстік тұста орналасады. Толған ай тәуліктің бірінші сағатында оңтүстік тұста, сондай-ақ, сағат таңғы 7-де Айдың үшінші ширегі де оңтүстік тұста болады.
Мұғалім: Сендер қиялдағанды жақсы көресіңдер ме?
(Т) Оқулықтағы «Өзіңнің сүйікті кейіпкеріңнің саяхаты жайлы әңгіме құрау» тапсырмасын орындау
Жұмыстарды көрсету.
(Ж) «Пікірлердің атысы».
Оқулықтағы «Дәлелдер тап» тапсырмасын орындау Аспан денелерінің суреті
Оқулық
Рефлексия (Т) «Пікір алмасайық» А 3 парақтары.
Үй тапсырмасы Оқулықтағы «Әр алуан тапсырмаларды» үйден қарап келу Оқулық
Мектеп
Мұғалімнің аты-жөні: Сынып: Пән: Дүниетану № 17 сабақ
Ортақ тақырып: Өнер Бөлімше: Менің отбасым
Күні: Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Тақырып: Менің отбасымның рухани құндылықтары
Оқыту мақсаты 3.1.1.3 өз отбасының құндылықтарын анықтау.
Сабақтың мақсаттары (Күтілетін нәтижелер) Барлық оқушылар:
«жылы ұя», «отбасы» түсініктерінің мағынасын ашады;
туғандарына, жақындарына қамқорлық танытуға тырысады.
Көптеген оқушылар:
отбасының құндылықтарына құрметпен қарайды;
отбасылық құндылықтарды сақтаудың қажеттілігін түсінеді.
Кейбір оқушылар: өз отбасының өткен өмірін «көре» біледі; өзінің болашақта құратын отбасы туралы
ойланады.
Тілдік мақсат Оқушылар:
– өзінің пікірін дәлелдей алады; жауаптарын нақтылау үшін өмірден мысалдар келтіреді; отбасылық мұрағаттан алынған ақпаратты қолданады.
Пәнге қатысты лексика мен терминология: Мемлекет, отбасы, құндылықтар, естеліктер. Диалогке/жазылымға қажетті тіркестер Отбасы дегеніміз – ұрпақтар байланысы.
Құндылық – маңыздылық, игілік, пайдалылық (С.И. Ожеговтың сөздігінен).
Талқыланатын мәселелер:
Қандай маңызды қасиеттер отбасын нығайта түседі?
Отбасылық құндылықтар дегеніміз не?
Қоғамның негізі ретінде отбасының маңызы неде?
Жазылым:
Отбасының дәстүрлері туралы әңгіме құрастыру.
Алдыңғы білімдер Менің отбасым
Сабақ жоспары
Сабақ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Ой қозғау Мұғалім: – Кәне, бәріміз бір уақытта бір-бірімізбен қол ұстасайықшы! Міне, керемет болды! Бір-біріңнің алақандарыңды сезініңдер. Олар қандай? (жылы, жұмсақ, нәзік, берік). Қолдарыңды жіберместен, мына керемет әнді тыңдаңдар. Аудиожазба (туған үй, отбасы туралы өлең)
Ал енді қолдарыңды ажыратпастан, жоғары көтеріңдер. Не шықты? (үйлер, үйлердің шатырлары). Мұның бәрі кездейсоқ емес. Осы жайында біз сендермен әңгімелесетін боламыз, бірақ ол үшін өз орындарыңа отырып, ыңғайланып алуларың керек.
Қалайойлайсыңдар,бүгінқандайтақырыптысөзететінболамыз?(балалардың жауаптары)
«Үй» сөзін естігенде сендерде қандай ассоциациялар пайда болады?
МАХАББАТ АДАЛДЫҚАТА-АНА
ЖЫЛУЛЫҚҚҰРМЕТ
ДОСТАР
КҮЛКІҚАМҚОРЛЫҚ
(Балалар «үй» сөзіне өз ассоциацияларын айтады, сосын тақтадағы кластермен салыстырады (Кластердегі сөздер жабық тұрады)
Біз нені атамай кеттік? (Отбасы) Оқулықтағы «Есіңде сақта!» айдары
Отбасы мүшелері туралы жұмбақтарды шешу (оқушылар өздері білетін жұмбақтарды оқиды)
Мұғалім:
Ол біздің – жылы ұямыз, Тірегі – ата-анамыз.
Уыз сүт еміп осында, Уылжып біздер өсеміз.
Осында үлгі аламыз, Осында адам боламыз.
Еркелеп, ойнап, еліктеп, Слайд
Слайдтар
Осында өсіп толамыз (Отбасы) /Естеу Нүсіпбеков/
Бала, бала, бала деп
Түнде шошып оянған.
Түн ұйқысын төрт бөліп Түнде бесік таянған.
Қолын қатты тигізбей Кірлі көйлек кигізбей
Иісін жұпар аңқытқан (Ана)
Тағдырдың кеуде тосып жартасына, Біз үшін түскен майдан ортасына,
Алаңсыз салып сайран шалқып жүрміз Біз бүгін олардың арқасында. (Әке)
Дегенімді жасайтын Қалған тамағымды асайтын Ертіп алып жетектеп
«Немерем» – деп атайтын (Әже)
Айтары мол ғұлама Көп жасасын бұл адам, Әкесі ол әкеңнің
Білер оны сұраған (Ата)
Томпиған кішкентай балапан – Жүреді жерде еңбектеп.
Сүп-сүйкімді балақай.
(Іні)
Мені де, ағамды да жақсы көреді
Бірақ сәнденгенді көбірек жақсы көреді.
Өте сәнқой қыз. (Сіңлісі немесе қарындасы) Анамның үлкен әпкесі Көңілді адам ол кісі.
Көргенде бізді күлімсіреп Сұрайды «Қалдарың қалай?» деп.
(Апа немесе әпке)
Мамамның әпкесімен Бірге келер қонаққа. Көлігімен кей кезде
Қыдыртар бізді әр жаққа (Жезде)
(Жұмбақтар оқылып жатқанда, отбасының барлық мүшелері бейнеленген суреттер экранға шығып отырады)
Тапсырмадағы П әріптерін сызып тастағанда қандай сөзді оқыдың? Есіңе сақта! Дәптер
Жаңа сабақ Мұғалім: – Кішкене терезені ашып, онда не жазылғанын оқып көрейік. Слайд
Оқулық
А 3 парақтары, түрлі түсті маркерлер, флипчарт, тақта
Дәптер
Оқулық
Құндылықтар дегеніміз не екен? Адам өмірінде әлдебір дүниелерді ерекше бағалап, ерекше құрметтейді. Оларға айрықша өмірлік мән береді. Оларды бір сөзбен құдылықтар деп атайды; – маңыздылық, игілік, пайдалылық (С.И. Ожеговтың сөздігі) «Ойлан» айдарындағы мәтінді оқу. (Т) Тапсырма: отбасы мүшелері қандай сөздерді жазған? Оқулықтағы «Анықтауды үйрен» айдары сендерге көмекке келеді («Ауысу» стратегиясы). 1) Топтар сұрақтарға жауап береді. 2) Мұғалімнің белгісінен кейін топтар орындарымен ауысады және басқа топтың жауабын толықтырады. 3) Барлық жауаптарды талқылау және сұрақтың нақты жауабын көрсету. Мұғалім: Отбасы дегеніміз – ұрпақтардың байланысы. Біреудің отбасы үлкен, біреудің отбасы шағын болып келеді. Әр отбасының өзіне тән ерекше ахуалы, ұрпақтан ұрпаққа берілетін өзінің отбасылық дәстүрлері, әдеттері, қызығушылықтары болады. Әр отбасының ерекшеліктері бар. (Ж) Оқулықтағы «Мен хикаяшымын» айдарындағы тапсырма. Мұғалім: Бір шаңырақ астында өмір сүретін отбасы мүшелері ортақ шаруашылықты жүргізеді, әрқайсысының, ол үлкен болсын, кіші болсын, өз міндеттері бар. Аналарың үйде немен айналысады, айтып беріңдерші (бірнеше оқушы айтып береді)
Ал әкелерің үйде қандай жұмыстарды істейді? (бірнеше оқушы айтып береді)
Ал аталарың мен әжелерің не істейді? (ата-әжесімен бірге тұратын оқушылар жауап береді)
Үйдегі бар шаруаны үлкендер жасаса, онда сендер немен айналысасыңдар? (ата- аналарымызға көмектесеміз, мектепте оқимыз).
(Т) Оқулықтағы «топта жұмыс жасау» тапсырмасы. Оқулық, А 4 парақтары
Жұмыстарды көрсету. Мұғалім: Отбасының пайда болу тарихы тым тереңде жатыр деп айтуға болады. Отбасы мемлекет деген түсінік пайда болмай тұрғанда, өте ерте заманда пайда болды. Көп ғасырлық тарихында отбасы, әрине, өзгерді, бірақ мемлекеттер өзгергендей өзгерген жоқ. Неліктен отбасы институты өміршеңдік қасиетке ие болды? Себебі, өмірдің өзі қандай табиғи болса,
отбасы да сондай табиғи. Адамдардың өмірінде отбасының алатын орны өте зор. Отбасы – ол құндылық. Осы құндылыққа біздің мемлекетіміз үнемі қолдау көрсетіп отырады. Үкімет мемлекетте өмір сүретін отбасыларға қамқорлық көрсетеді. Отбасыны қолдайтын, оған демеу беретін әртүрлі заңдарды қабылдайды.
Оқулықтағы «Есіңде сақта! Еліміздің заңдарын оқып білеміз» айдарын оқу. Оқулық
Дәптер
Мұғалім: Махаббат, сүйіспеншілік – отбасының барлық мүшелерін біріктіретін ең басты қасиет. Егер адам жақындарының тарапынан махаббат пен қамқорлықты сезінсе, кез келген жағдайда отбасыдан көмек пен қолдау табатынын біледі. Өзін батыл, күшті сезінеді. Отбасында отбасы мүшелері арасында жылы қарым-қатынас, өзара түсіністік, бауырмалдылық болса, онда ол отбасы мықты, ешқандай қиыншылықтан қорықпайтын тату- тәтті жанұяға айналады. Мұғалім: Әр отбасының өз баспанасы бар. Мәселен, үй немесе пәтер. Ал сен болашақтағы өз үйіңді, шамамен, 20-30 жылдан кейінгі баспанаңды қалай елестетесің? Суретін салып, безендіріңдер. Балалар сурет салады. Әсерлерімен бөліседі. Рефлексия (Т) Парталарыңдағы қағазда «Түрлі түсті отбасы» деген ертегі берілген. Осы ертегіні
аяқтауларың керек. Карточкалар, маркерлер
Бір қораптың ішінде өзге қарындаштармен бірге кішкентай қарындаш дүниеге келіпті. Үлкен қарындаштар – анасы, әкесі, әжесі, атасы – түрлі түсті қарындаштар болыпты. Әрқайсысының өз түсі бар екен. Ал кішкентай қарындашта әлі түс болған жоқ. Оған түрлі түсті болу әлі алда еді. Күн сайын көк түсті анасы оған көк түсті болуды үйретті. Қызыл түсті әкесі қызыл түсті
болуды үйретті. Себебі қызыл түсті әдемі суреттер салғанда жиі таңдайтынын айтты. Сары түсті атасы барлығына сары түстің маңызды екенін айтып, олармен сөз таластырды. Ал жасыл түсті әжесі немересін қолынан алып жүретін болды. Кішкентай қарындаш кей кездерде жасыл түсті болып көрініп жүрді. Осылайша күн артынан күн өте берді. Бір күні ...
Жұмысты орындау және таныстыру.
Қорытынды: Барлығың да отбасында өмір сүресіңдер. Сендердің де отбасыларың түрлі түсті қарындаштары бар қорап секілді. Ата-аналарың, отбасының басқа да мүшелері саған «өзінің түсін», яғни, өзінің құндылықтарын сенің бойыңа сіңдіргісі келеді. Осылайша жақын
адамдарыңнан алған қасиеттер сенің бойыңда өмір сүреді. Отбасының бақыты махаббат, еңбек, мейірімділік, денсаулық секілді құндылықтарға байланысты. Дәптер
Үй тапсырмасы Мұғалім: Әр отбасында отбасылық фотосуреттер бар. Отбасылық альбомдарды құрастыру және оларды сақтау дәстүрі әр отбасында бар. Фотосуреттер қымбат адамдарымыз жайлы, өмірімізде болған оқиғалар жайлы естеліктерді мәңгі есте қалдырады.
Оқулықтағы «Отбасылық фотосуреттерді қараймыз» тапсырмасын орындау. Оқулық
А 4. парақтары
Мектеп:
Мұғалімнің аты-жөні: Сынып: Пән: Дүниетану №18 сабақ Ортақ тақырып: Өнер
Бөлімше: Денсаулық және қауіпсіздік
Күні: Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Тақырып: Менің қауіпсіздігім
Оқыту мақсаты 3.1.4.1 тұрмыстық құралдарды пайдалану ережелерін графикалық түрде көрсету.
Сабақтың мақсаттары (Күтілетін нәтижелер) Барлық оқушылар:
адам өміріндегі электр қуатының маңызын түсіндіреді;
тұрмыстық құралдарды қолданудағы қауіпсіздіктің негізгі қағидаларын атайды;
тұрмыстық құралдарды атап шығады.
Көптеген оқушылар:
тұрмыстық құралдарды пайдалану ережелері туралы графикалық белгілерді суретке салады;
оқулықта берілген графикалық белгілердің негізінде электр құралдарын пайдаланудың ережелерін
құрастырады;
Кейбір оқушылар:
«Электр қуатын сақта» жадынамасын құрастырады және сол бойынша қорытындылар шығарады;
«Электр әлемі» ертегі елінің тұрғындары жайлы ертегі құрастырады.
Тілдік мақсат Оқушылар тұрмыстық құралдарды қолданғанда қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығын талқылайды.
Пәнге қатысты лексика мен терминология:
Электр қуаты, тұрмыстық құралдар. Электр тогымен зақымдану қауіптілігі. Тұрмыстық құралдарды пайдаланудың графикалық белгілері
Диалогке/жазылымға қажетті тіркестер
Егер дұрыс қолдана білсе, электр күші адам өміріне зиянын тигізбейді. Тұрмыстық құралдарды қауіпсіз қолданудың ережелерін есіңде сақта! Талқыланатын мәселелер:
қандай тұрмыстық құралдарды білесің?
электр құралдарының тұрмыстағы пайдасы қандай?
не үшін тұрмыстық құралдарды қолданғанда қауіпсіздік ережелерін сақтау керек?
Жазылым:
Суреттерге және графикалық белгілерге қарап, тұрмыстық құралдарды қолданудың ережелерін дәптерге жазу.
Алдыңғы білімдер Денсаулық және қауіпсіздік. Қауіпсіз мінез-құлық ережелері
Сабақ жоспары
Сабақ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Ой қозғау Мұғалім: Балалар, жұмбақты шешіңдер: Аса қажет өмірге халық үшін
Пайдаланам күн сайын жарық үшін (Электр тогы)
Мұғалім: Ал енді мына екі өлеңді тыпдап, қорытынды шығарыңдар:
Электр қуаты бізге жылылық пен жарық береді, Ол ешкімге құпия емес, бәрі біледі!
Ол суды жылытады, бізге тамақ дайындайды, Әлемде ондай жақсы көмекші табылмайды!
Анам маған мұқият Ескертіп еді мынаны: Дәптер
Қабырғада резеткі тұр, көрдің бе? Ешқашан оған сен қолыңды тигізбе! Балақай, мәңгі сақта есіңде:
Электр тогы деген қауіпті Зияны тиіп қалар бәрімізге.
Мұғалім: Сұрақтарға жауап беріңдер:
Бүгінгі сабағымызда не жайында айтатын боламыз деп ойлайсыңдар? (электр жайында)
Электр күші мейірімді күш пе, мейірімсіз бе? Жауаптары:
егер электр күшін дұрыс қолдана білсең, ол – мейірімді күш!
электр қуаты – әлемдегі ең жақсы көмекші!
электр тогы – қауіпті әрі қорқынышты жау!
Мұғалім: Дұрыс айтасыңдар, балалар! Бүгін біз электр күшін қалай дұрыс пайдалану керек және біздің қауіпсіздігіміз жайлы сөз ететін боламыз.
(Ұ, Ж)
Бүгінгі сабағымыздан біз не білеміз, нені үйренеміз, қалай ойлайсыңдар? Сабағымыздың мақсатын анықтаңдар.
Оқушылар:
электр құралдарын пайдаланудың ережелері туралы білеміз;
электр құралдарын пайдаланудың ережелері бойынша шартты белгілердің суретін салуды үйренеміз. Оқулық
Дәптер
Жаңа сабақ Оқулықтағы иллюстрациямен жұмыс жасаймыз. Суреттерге қарап шығыңдар. Электр қуатымен жұмыс істейтін тұрмыстық құралдарды атаңдар. Олар қандай қызметтер атқарады? Бұл құралдарға тән ұқсастықтар қандай?
Оқулықтағы бірінші азат жолдан бастап аяғына дейін оқу. Электр құралдарының атауларын жазыңдар.
Мұғалім: Электрмен, электр құралдарымен байланысты болатын қауіптер тек қана сыртта жүргенде, көшеде болмайды, ондай қауіптер үйде де, пәтерде де болуы мүмкін.
«Үкі тәтейдің сабақтары. Қауіпсіздік сабағы» циклынан «Электр құралдарын қауіпсіз қолданудың ережелері» мультфильмін көру.
ҚБ «Қалыптастырушы сұрақ» стратегиясы. Бейнематериалды көргеннен кейін оқушылардың білімін тексерудің формасы. Мұғалім мынадай қосымша сұрақтар қояды: Оқулық
Оқулық
Электронды қосымша
Электр құралдарын пайдаланғанда не үшін абай болу керек?
Мультфильмнің кейіпкерлері қандай қауіпсіздік ережелерін бұзды?
Мұғалім: Үкі тәтейдің сабақтарын қалай меңгергендеріңді тексереміз. Оқулықтағы суреттерді қарап шығыңдар. Балалар тұрмыстық құралдарды қолданудың қандай ережелерін бұзды?
Оқушылар:
бөгде нәрселерді резеткіге сұғуға болмайды!
ылғал, сулы жерге электрлішәйнекті қоюға болмайды!
үтіктің (немесе басқа құралдың) сымын қолға орауға болмайды!
(Т) Оқушылар топта жұмыс істей отырып, оқулықтағы тапсырмаларды орындайды. 1- топ
Электр құралдарын қолданудың ережелерін оқыңдар. Ережелерге графикалық белгілердің суретін салыңдар.
2-топ
Оқулықтағы белгілерге қарап, электр құралдарын қолданудың ережелерін құрастырыңдар. 3-топ
Шеңбердің ішіне электр құралдарын қолдануға қатысты графикалық белгілердің суретін ойдан салыңдар. Оларға ережелер құрастырыңдар.
4-топ
Ертегі елінің тұрғындары электр құралдарын қолдануды қалай үйренгендері жайлы «Ертегі әлемі» туралы ертегі құрастыр.
5-топ
Ертегі жадынамасын құрастырыңдар. Электр энергиясын не үшін үнемдеу керектігіне қорытынды шығарыңдар.
Топтардың жұмыстарды көрсетуі
ҚБ «Суреттер» стратегиясы. Әр топ өзінің тапсырмасын көрсету барысында олардан өздерінің суреттерін түсіндіріп берулерін сұраңыз. Осылайша мұғалім оқушылардың тақырыпты қаншалықты меңгергенін білетін болады. Оқулық, ватман, маркерлер,
тапсырмалары бар конверттер
Рефлексия Электронды қосымшадағы тапсырманы орындау.
ҚБ «Аяқталмаған сөйлем» стратегиясы. Оқушылар сабақтың мазмұнына баға береді, сөйлемдерді аяқтап жазады. Электронды қосымша Дәптер
Үй тапсырмасы Сабақта өткен қауіпсіздік ережелерін үйде қайтала. Үлкендердің бірінен сені тексеруді сұра. Үлкендермен бірге тағы да 2-3 ережені тұжырымдаңдар. Оларды жаз және оларға шартты белгілердің суретін сал. Мектеп:
Мұғалімнің аты-жөні: Сынып: Пән: Дүниетану №19 сабақ Ортақ тақырып: Өнер
Бөлімше: Қазақстан тарихы: тәуелсіздік, мемлекеттілік және отансүйгіштік.
Күні: Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Тақырып: Менің елімнің нышандары
Оқыту мақсаты 3.3.5.1 Қазақстанның ресми емес нышандарының маңызын түсіндіру («Алтын адам», «Бәйтерек»
монументі, «Мәңгілік ел» қақпасы).
Сабақтың мақсаттары (Күтілетін нәтижелер) Барлық оқушылар:
еліміздің рәміздерінің маңызын түсіндіреді;
Қазақстанның ресми және ресми емес нышандарын атайды.
еліміздің ресми емес нышандарына сипаттама береді («Алтын адам», «Бәйтерек» монументтері, «Мәңгілік ел» қақпасы).
Көптеген оқушылар:
ресми рәміздер мен ресми емес нышандардың айырмашылықтарын көрсетеді;
еліміздің ресми емес нышандары ретінде өзінің нысандарын ұсынады және өзінің таңдауын түсіндіреді.
Кейбір оқушылар:
өзінің кіші отанының ресми емес нышандарын құрастырады және оны қорғайды;
қосымша дереккөздерден Қазақстанның ресми емес нышандары жайлы материалдар табады.
Тілдік мақсат Оқушылар
– рәміздердің не үшін керек екенін түсіндіреді, оларға сипаттама береді.
Пәнге қатысты лексика мен терминология:
Еліміздің ресми емес нышандары: «Алтын адам», «Бәйтерек» монументтері, «Мәңгілік ел» қақпасы және т.б.
Диалогке/жазылымға қажетті тіркестер
Ресми емес нышандар еліміздің тарихымен, мәдениетімен және табиғатымен байланысты. Мемлекеттік рәміздер – еліміздің егемендігі мен ұлттық идеяның нышаны.
Талқыланатын мәселелер:
Еліміздің қандай ресми рәміздерін білесіңдер?
Бүгін еліміздің қандай ресми емес нышандарымен таныстыңдар?
«Мәңгілік ел» қақпасының текшелеріндегі фигуралар нені білдіреді?
Бәйтерек жайындағы аңызда Самұрық пен айдаһар ненің символдары? Аңыз қалай аяқталады?
Есік қорғанынан табылған сақ ханзадасы жайында не білесіңдер?
«Алтын адам» монументі нені білдіреді?
Тағы қандай нысандарды еліміздің ресми емес нышандары ретінде ұсынар едіңдер?
Жазылым:
Дәптерде сабақта атқарған жұмысыңды бағалау.
Алдыңғы білімдер Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері
Сабақ жоспары
Сабақ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Ой қозғау Мұғалім «Отан» туралы өлеңді оқиды: Қазақстан құт мекен – Отаным бар Отанымнан кел-дағы от алыңдар.
Отанның шуағына шомылып бір, Сендердағы ұлы адам атаныңдар.
Оттан ыстық деп білем Отанымды, Көрсетпестен өзгеге қасаң үлгі.
Сарыарқада Астана бой көтеріп, Тәуелсіз ел түрленіп жасар ұлы. Отаным, құт-мекенім алтын ұям, Өзіңсіз жер бетіне қалай сыям.
Өзіңсің жылу берер жүрегіме,
Сен үшін өз жанымды отқа қиям /Гүлсана Тілеубекова/
«Мен бастаймын, ал сендер жалғастырасыңдар» ойыны.
Біздің еліміз – бұл …
Біздің елімізде өмір сүретін адамдар ... деп аталады.
Біздің Отанымыздың астанасы - …
Біздің елбасымыздың есімі …
Қазақстанның мемлекеттік рәміздері – олар …
Гимн – бұл …
Дала қыраны бүркіт ... бейнеленген
Елтаңбаның пішіні ...
Балалар, әр елдің Елтаңбасы, Туы, Гимнінен бөлек, ол елдің тарихын, мәдениетін, табиғатын көрсететін ресми емес нышандары болады. Ресми емес нышандар біздің елімізде де бар.
(Ұ, Ж) Бүгін сабақта не жайында айтатын боламыз, нені үйренеміз? Сабақтың мақсаттарын анықтаңдар. Оқушылар:
ресми емес нышандардың мағынасы мен маңызы жайлы білетін боламыз;
Кіші Отанымыздың рәміздерін құрастыруды үйренетін боламыз. Түрлі дайын суреттер
Оқулықтағы «Рәмізді таны» тапсырмасын орындаңдар: иллюстрацияларды қарап Оқулық
Электронды қосымша
Ватман, маркерлер, тапсырмалары бар конверттер
Жаңа сабақ шығыңдар. Ресми емес нышандарды анықтаңдар. Олар жайлы не білесіңдер? Электронды қосымшадағы слайдтарды көру (9-слайдқа дейін). Оқулықтағы «Алтын адам», «Бәйтерек» монуметі, «Мәңгілік ел» қақпасы туралы материалмен жұмыс жасаймыз. (Т) Оқушылар топта жұмыс істей отырып, келесі тапсырмаларды орындайды: 1) Мәтінді оқып шығыңдар. Сеніңше, қақпаның текшелеріндегі фигуралар нені білдіреді? Тірек мәтін Қақпаның биіктігі 20 метрге тең. Ол Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығын білдіреді. Қақпаның текшелерінде мына мүсіндер орналасқан:
Ақсақал – данышпандықтың белгісі;
Әйел-ана – отбасының ұйытқысы. «Ана» бейнесіне «Отан Ана», «Жер Ана», «Ана тілі» секілді ұлттық құндылықтар қоса қамтылған.
орта ғасырдағы батыр;
қазіргі Қазақстан әскерінің жауынгері.
Орта ғасырдағы батырдың мүсіні қазақ батырларының батылдығын, ержүректілігін, ерліктерін бейнелейді. Осы екі мүсін Отанды қорғау қазақ ұлтының ежелден келе жатқан ең басты құндылықтарының бірі деген идеяны көрсетеді.
Қақпаның қасбетінде «Мәңгілік ел» деген жазуы бар.
Аңыздың басын оқы. Самұрық пен айдаһар ненің символдары? Аңыз қалай аяқталады?
Тірек мәтін
Аңыз бойынша, кең далада үлкен терек, өмір ағашы Бәйтерек өсіпті. Қасиетті Самұрық құс алтын жұмыртқасын – бүкіл тіршілік иесіне жарық пен жылу сыйлайтын Күнді салу үшін өмір ағашы Бәйтерекке ұшып келіпті.
Ал төменде жұмыртқаны жұтуға асыққан аш Айдаһар қолайлы сәтті күтіп жүреді. Айдаһар үнемі жұмыртқаны жеп қоя береді. Бірақ Самұрық құс оған қарамай, қайта- қайта келіп, жұмыртқасын салып кетеді. Бұл аңызда жарық пен қараңғының, күн мен түннің, жаз бен қыстың, жақсы мен жаманның күресі бейнеленген.
Есік қорғанынан табылған сақ ханзадасы жайлы не білесің? «Алтын адам» нені білдіреді?
Тірек мәтін
Алматыдан 50 километр жердегі Есік қорғанынан 17-18 жас шамасындағы сақ ханзадасы табылды. Оның киімі, аяқкиімі, баскиімі 4 мыңға жуық алтын әшекейлермен
безендірілген. Сол себептен оны Алтын адам деп атайды. Сонымен қатар, ол жерден алтын жүзіктер, қарулар, түрлі ыдыс-аяқтар табылған.
Алматы қаласындағы Республика алаңында қанаты бар барыстың үстінде тұрып басқарып тұрған билеуші бейнеленген «Алтын адам» монументі бар. Монумент – тәуелсіздіктің және мығым мемлекеттік биліктің символы.
Қазақстанның ресми емес нышандарына өз нұсқаларыңды ұсыныңдар. Оқулық
Есік қорғаны суреті
«Алтын адам» монументі суреті
Жауаптарыңды негіздеңдер.
Жануар – Өсімдік – Музыкалық аспап –
Сусын –
Ғимарат –
5) Өз кіші отаныңның ресми емес нышандарын ойлап тап. Тапсырманы орындамастан бұрын, сол аймақта тұратын халықтың шаруашылығын, аймақтың табиғатын, тарихын естеріңе түсіріңдер.
Топтардың жұмыстарын көрсетуі
ҚБ «Үш шапалақ» стратегиясы. Әр топтың жауабына үш рет шапалақ ұрумен қолдау көрсетіліп отырылады.
ҚБ «Екі жұлдыз, бір тілек» стратегиясы.. 1-жұлдызды сабақта белсенді болған оқушыға сыйлаңыз, 2-жұлдызды сабақта ұйымшыл болып, тез жұмыс істеген топқа сыйлаңыз және бір тілекті барлық оқушыларға немесе бір оқушыға арнаңыз.
Электронды қосымшадағы тапсырмаларды орындаймыз (1-3-тапсырмалар). Оқушылар оқулықтағы тапсырманы орындайды: ресми рәміздердің ресми емес
нышандардан қандай айырмашылығы бар? Электронды қосымша
Электронды қосымша
Рефлексия Мұғалім: Ол шөп қазақ даласының символына айналған. Оның емдік қасиеті бар. Көптеген ақын-жазушылар ол шөпті өзінің шығармасына қосып, оның иісін туған жердің иісіне балаған. Қай шөп туралы айтып отырмын, балалар! (жусан туралы)
Емшан-шөп туралы аңыз кеңінен танымал. Жусанды «емшөп» деп атаған. Емшан-шөбі аңызында қазақ даласында өсетін жусанның иісін сағынып, жат елдегі алтын тағын тастап, «Туған жерім, қайдасың?» деп туған еліне оралған Бейбарыс сұлтан (қыпшақ) туралы айтылады. «Жат елде сұлтан болғанша — өз еліңде ұлтан бол!» деген қазақ халқының мақалы бар.
Ресми емес нышандар арқылы ұлттың тарихын, мәдениетін көруге болады. Туған жерінің иісін, жусан шөбінің иісін ұмытқан адамдар, ерте ме, кеш пе, міндетті түрде өздерін жоғалтады, есімдерін де ұмытады.
Жусан шөбі аңызынан сабақтың тақырыбы бойынша қандай қорытынды шығаруға болады? Үй тапсырмасы Оқулықтағы тапсырма: ғаламтор ресурстарын, қосымша әдебиеттерді пайдалана
отырып, еліміздің ресми емес нышандарына байланысты аңыз, ертегілерді іздеп тап. Оқулық
Мектеп: Мұғалімнің аты-жөні:
Сынып: Пән: Дүниетану №20 сабақ Ортақ тақырып: Өнер
Бөлімше: Қазақстанның тарихи түп-тамыры
Күні: Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
Тақырып: Түркілер және олардың өмір салты
Оқыту мақсаты 3.3.2.1 түрлі материалдарды зерделеу арқылы түркілердің өмір сүру салтын анықтау.
Сабақтың мақсаттары (Күтілетін нәтижелер) Барлық оқушылар:
қазақ халқының арғы бабалары сақтар, ғұндар, түркілер жайында айтады;
түркі тектес халықтарды атайды;
картадан Түрік қағанатының аумағын көрсетеді;
түркілердің айналысқан шаруашылықтарын атайды;
түркілердің жеткен жетістіктері туралы айтады.
Көптеген оқушылар:
оқулықтағы иллюстрациялардың негізінде түркілердің жеңу себептеріне өзінің болжамдарын келтіреді; – түркілердің, ғұндардың, сақтардың шаруашылықтарын салыстырады;
түркілер, ғұндар, сақтар бірдей шаруашылықпен айналысқан деген қорытынды шығарады.
Кейбір оқушылар:
қандай дереккөздерден түркілердің өмірі жайлы ақпарат алатынымызды айтып береді;
оқулықтағы иллюстрациялардың негізінде түркі әлемінің жетістіктерін көрсетеді, бұл жетістіктердің адам өмірін қалай жеңілдеткенін түсіндіреді.
Тілдік мақсат Оқушылар:
Оқулықтағы мәтінмен және иллюстрациялармен жұмыс істеу арқылы түркілердің өмір салтын суреттейді.
Пәнге қатысты лексика мен терминология:
Түркілер, малшаруашылығы, егіншаруашылығы, қолөнер.
Диалогке/жазылған қажетті тіркестер
Түркілер – ғұндардың ұрпағы.
Түркілер – қазақтардың арғы бабасы
Түркілер көшпелі малшаруашылығымен айналысқан.
Түркілердің бір бөлігі егіншаруашылығымен айналысқан.
Түркілерде темір ұсталық, зергерлік, құмыра жасау қолөнері жақсы дамыған.
Талқыланатын мәселелер:
YI ғасырда түркілердің аумағы қандай болды?
Түркілердің жасаған жорықтары жеңіспен аяқталып отырды. Оның себебі не?
Түркілердің шаруашылықтарын атап шығыңдар.
Түркі әлемі қандай жетістіктерге жетті?
Бұл жетістіктер адам өмірін қалай жеңілдетті?
Жазылым:
Дәптерде салыстырма кестені толтыру және қорытындыларды жазу.
Алдыңғы білімдер Сақтар қалай өмір сүрді? Сақ ханшайымы – Тұмар. Ғұндар
Сабақ жоспары
Сабақ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Ой қозғау Мұғалім: «Бүгінгі қазақ халқы – сонау есте жоқ ескі замандарда-ақ тұлпарлардың тұяғымен дүниені дүр сілкіндірген көне сақтардың, ежелгі ғұндардың, байырғы түркілердің ұрпағы, үлкен үйдің қара шаңырағын атажұртта сақтап қалған халық», – бұл біздің Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың қазақтар жайында, олардың тарихтағы орны жайында айтқан сөзі.
Балалар! Осы сөйлемнің ішінен басты сөздерді бөліп көрсетіңдерші.
Оқушылар:
Қазақтар – көне сақтардың, ежелгі ғұндардың, байырғы түркілердің ұрпағы.
Түркілер есте жоқ ескі замандарда-ақ тұлпарларының тұяғымен дүниені дүр сілкіндірген.
Қазақтар үлкен үйдің қара шаңырағын атажұртта сақтап қалған.
Балалар! Бүгінгі сабағымызда қарастыратын негізгі сұрақтарды сендер анықтадыңдар. Біз бүгін зерттеуші боламыз. Әртүрлі дереккөздермен – оқулықтағы картамен, тарихи құжаттармен, иллюстрациялармен жұмыс істеу арқылы ежелгі түркілердің қалай өмір сүргенін және немен айналысқанын білетін боламыз.
(Ұ, Ж) Сабақтың соңында қандай мақсаттарға қол жеткізуіміз керек, қалай ойлайсыңдар? Оқушылар:
–түркілердің өмір сүру салты жайында білетін боламыз.
Мұғалім (толықтырады): сонымен қатар, сендер түркі әлемінің жеткен жетістіктері жайында да білетін боласыңдар. Тақта
(Н.Ә. Назарбаев сөзі)
Оқулық.
Карта, түрлі
қосымша суреттер
Жаңа сабақ Оқулықпен жұмыс жасаймыз. Алдарыңдағы – қазақ халқының шығу тегін баяндайтын ағаш. Бұл ағаштың тамыры – қазақтың арғы бабалары сақтар, ғұндар, түркілер. Сақтар мен ғұндар жайлы не білесіңдер? Олар қайда өмір сүрді, немен айналысты? Естеріңе түсіріңдер.
Оқушылар картамен жұмыс істей отырып, оқулықтағы мәтінді оқиды. «Ауыр қаруланған түркі әскері» иллюстрациясын қарап, түркілердің жеңіске жету себептеріне қатысты қорытындылар шығарады.
Мұғалімге арналған ақпарат
Түркілер мықты атты әскер құрды. Атты әскер ауыр қаруланған және жеңіл қаруланған болып бөлінді.
Ұрысты алдымен жеңіл қаруланған салт аттылар бастады. Олар садақпен оқ атып, жауды мыңдаған жебенің астында қалдырды. Сосын олардан кейін шайқасқа ауыр қаруланған семсерлілер кірісті. Семсерлілерде қорғаныс сауыттар тек жауынгерлерде емес, олардың
аттарында да болды. Сол себептен түркілердің атты әскері жауға еш бой алдырмады, олардан жеңілмеді. Осындай тактиканың арқасында түркілер Тынық мұхитынан Қара теңізге дейінгі үлкен аумақты жаулап алды.
Мұғалім: Оқулықтағы тарихи құжатты зерттейміз. Оны оқып, түркілердің өмір салты және шаруашылықтары жайлы қорытындылар шығарыңдар.
Құжат: Араб тарихшысы былай деп жазды: «Түркі елінде 25 қала бар. Олар: Құлан, Меркі, Талғар және т.б.».
Арықтар мен ежелгі каналдардың орындары сақталған. Археологтар орақ, пышақ, балта, үзеңгі, қылыш, найза және түрлі әшекей тапты.
Оқушылар:
түркілердің бір бөлігі отырықшы өмір салтын ұстанған, бұған дәлел қалалардың пайда болуы;
арықтар мен каналдардың орындары халықтың егіншаруашылығымен айналысқанын дәлелдейді;
қару-жарақтың, еңбек құралдарының және әшекейлердің табылғанынан қолөнердің дамығанын (темір ұстасы, зергерлік және т.б.) болжауға болады.
Мұғалім:
Қазақстанның көп бөлігінде түркілер көшпелі малшаруашылығымен айналысты.
Көшпенділер малдың қай түрін өсіргенін еске түсіріңдер. Оқулық
Карта (оқулықта берілген)
Оқулық суреті
Оқулық
Ал енді түркілердің қолөнер жетістіктерін зерттейміз. Оқулықтағы иллюстрацияны қарап шығыңдар. Бұл жаңалықтар адам өмірін қалай жеңілдетті?
Оқушылар суреттерді салыстырып, түркілер ағаштан ер-тоқым мен үзеңгіні ойлап тапты
деген қорытындыға келеді. Үзеңгінің көмегімен салт атты жылқыға мінеді және аттың үстінде отырғанда тепе-теңдікті сақтайды. Қатты ер-тоқымның үстінде отырып және үзеңгіге аяғын
тіреп, салт атты садақпен оқ атқанда және найзамен шайқасқанда өзін сенімді сезінген. Бұл шайқасты жүргізудің тактикасын өзгертуге мүмкіндік берді.
Түркілердің 38 әріптен тұратын өз жазуы – руна жазуы болды. Білге қаған мен Күлтегін қағандардың құрметіне жазылған жазулар руна жазуымен берілген.
Мұғалімге арналған ақпарат: «Көшпелілер Орхон-Енисей жазбаларынан басқа ештеңе
дүниеге әкелмесе де, әлемдік мәдениетке қомақты үлес қосқан халықтар арасынан ойып орын алуға хақылы. Олар бізге керемет храмдар мұраға қалдырған жоқ, олар оқ-дәрі де, қағаз да ойлап тапқан жоқ. Бірақ тасқа мәңгілікке қашалған немесе халық зердесінде бағзыдан сақталған әдеби ой солардан маңызы кем мәдениет элементтері деп кім айта алады?!!» (Олжас Сүлейменов «Аз и я») Оқулық иллюстрациясы (қолөнер)
Оқушылар: Түркі дәуірінде қазақ даласында Тараз, Отырар, Сайрам және басқа да қалалар пайда болды. Түркілердің арасынан көптеген ұлы ғалымдар шықты. Мысалы, әл-Фараби және т.б.
Көшпелілер дөңгелектегі киіз үйдің орнына жиналмалы киіз үйді ойлап тапты.
Ол киіз үйді санаулы сағаттардың ішінде бөлшектеп және жаңа жерге қайта құруға болатын.
Мұғалім оқушылардың зерттеу жұмыстарын Президент Н.Ә. Назарбаевтың сөзімен аяқтайды:
«Біздің ұлы бабаларымыз Алтайдан Қара теңізге дейінгі Ұлы Даланы иемденіп жатты. Олар бізге өлмейтін батырлық эпостар мен үлкен рухани байлықтар қалдырды. Олар киіз үйді, қылышты, етікті, үзеңгіні, темір қорытуды ойлап тапты. Түркі академиясының құрамында түркі тарихы мен мәдениетін зерттейтін орталық құру керек».
Слайд көру және электронды қосымшадан тапсырма орындау.
ҚБ «Бір минуттық эссе» стратегиясы.
«Бүгін мен ең бастысы нені білдім?» тақырыбында бір минуттық эссе жазыңдар. Электронды қосымша
Рефлексия Алдарыңда түркілердің қалай өмір сүргенін баяндайтын түрлі дереккөздер жатыр. Дереккөздің жанына түркілердің өмірінен қандай ақпарат алғандарыңды жазыңдар. ҚБ «Қошемет» стратегиясы.
Сыныптасыңды мақта: Дәптер
Топта бірге жұмыс істеген қай сыныптасыңды мақтар едің? Оны не үшін мақтар едің? Үй тапсырмасы Тақырып бойынша «Неліктен? деген сөзден басталатын сұрақтарды ойластыр. Келесі сабақта
ол сұрақтарды сыныптастарыңа қой. Оқулық
Мектеп:
Мұғалімнің аты-жөні: Сынып: Пән: Дүниетану №21 сабақ Ортақ тақырып: Өнер
Бөлімше: Ежелгі мәдениеттер мен өркениеттер
Күні: Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Тақырып: Тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғаудың маңызы неде?
Оқыту мақсаты 3.3.1.2 тарих пен мәдениет ескерткіштерін сақтау маңыздылығын түсіндіру.
Сабақтың мақсаттары (Күтілетін нәтижелер) Барлық оқушылар:
ескерткіштің не үшін қажет екенін біледі;
кейбір тарихи және мәдени ескерткіштерге сипаттама береді.
Көптеген оқушылар: өзінің кіші Отанындағы сәулет және мүсін ескерткіштерін атайды.
Кейбір оқушылар:
сыныптастарына өзінің қаласы (ауылы) бойынша ойша экскурсия жасайды;
«Жер бетіндегі тарихи және мәдени ескерткіштер сақталуы үшін мен не істей аламын?», ескерткіштерді вандализмнен, соның ішінде, ғимараттың қабырғасына граффитти жағып - жазулар жазып немесе суреттер салып кетуден қалай қорғау керек деген жадынаманы құрастырады.
Тілдік мақсаты Оқушылар:
- сұрақтың жауабын нақтылау үшін өмірден мысалдар келтіреді; оқулықтағы мәтіннен алынған ақпараттарды қолданады.
Пәнге қатысты лексика мен терминология:
Ес, ескерткіш, өткенге құрмет.
Диалогке/жазылымға қажетті тіркестер
Ескерткіштер еліміздің тарихына деген құрметке тәрбиелейді. Ескерткіштер бізді өткен күндермен байланыстырады.
Талқыланатын мәселелер:
Ескерткіштер не үшін керек?
Тарихи және мәдени ескерткіштердің қандай түрлері бар?
– Қалаңда (ауылыңда) қандай тарихи және мәдени ескерткіштер бар?
Жазылым:
тарихи және мәдени ескерткіштердің біріне сипаттама беру.
Алдыңғы білімдер Менің туған қалам (ауылым)
Сабақтың жоспары
Сабақ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Ой қозғау (Ұ, Ж) Балалармен бірге сабақтың тақырыбын анықтаймыз: «Тарихи және мәдени ескерткіштерді не үшін сақтау керек?»
Сабақтың мақсаттарын атаймыз:
тарихи және мәдени ескерткіштердің түрлері жайында білеміз;
ескерткіштерге ұқыптылықпен қараудың жадынамасын құрастыруды үйренеміз. Жаңа сабақ Оқулықтағы мәтінді оқимыз және тапсырманы орындаймыз:
Мұғалім: Иллюстрацияларды қарап шығыңдар және мына сұраққа жауап беріңдер? Тарихи және мәдени ескерткіштердің қандай түрлері болады?
Оқулықтағы иллюстрацияларда мүсін, ғимарат, ескерткіш, ежелгі қаланың қираған орны, петроглифтер (тасқа қашалып салынған суреттер), мәңгілік алау бейнеленген.
Бұл ескерткіштерге қарап біз нені түсінеміз?
Оқушылардың жауаптары.
Мұғалім: Алдарыңдағы Түркістан, Алматы, Орал, Семей қалаларындағы, Алматы облысындағы тарихи және мәдени ескерткіштер. Қай ескерткіш сендерге таныс, атап шығыңдар.
Жауаптары:
Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі;
Оралдағы облыстық өлкетану мұражайы (бұрынғы орыс-қазақ қолөнер мектебі);
Алматы облысындағы Тамғалы шатқалындағы петроглифтер (тасқа қашалып салынған суреттер);
Семей қаласындағы мешіттің ғимараты;
Алматыдағы Вознесенский шіркеуі.
Электронды қосымшадан слайд-презентацияны көру (тапсырмаға дейін).
(Т) Оқулықтағы тапсырмалар бойынша топпен жұмыс жасау:
1-топ
Өздеріңді экскурсия жетекшісімін деп елестетіңдер. Сыныптастарыңа өзіңнің қалаң (ауылың) Оқулық Оқулық
Электронды қосымша Топқа арналған
тапсырмалары бар парақтар
бойынша ойша экскурсия жаса.
Мына сұрақтар бойынша әңгіме дайындаңдар:
Біздің қаламызға (ауылымызға) қанша жыл?
Өлкеміздегі қандай тарихи орындарды білесіңдер? Олар тарихтың қай кезеңі жайлы ақпарат береді?
Біздің қаламызда (ауылымызда) ескі заманнан қалған ғимараттар сақталған ба?
Олардың ішінде ең ескісі қайсысы?
Біздің ауылымызда (қаламызда) қандай ескерткіштер бар? Олар кімнің құрметіне немесе қандай оқиғаға байланысты тұрғызылған?
2-топ
«Менің сүйікті ескерткішім» тақырыбында эссе жазыңдар.
Кез келген ескерткішті таңда (ауылыңдағы, қалаңдағы, еліміздегі). Бұл ескерткіш саған несімен ұнайды, соған қатысты 7-8 сөйлем жаз.
3-топ
Баяғыда бір данышпан «Ескерткіш тұрғызған адам болашақты ойлайды» деп айтқан екен. Сендер данышпанның пікірімен келісесіңдер ме? Дәлелдеріңді келтіріңдер.
4-топ
Жер бетіндегі тарихи және мәдени ескерткіштер сақталуы үшін мен не істей аламын?» жадынамасын құрастырыңдар.
Топтардың тапсырмаларды көрсетуі.
ҚБ «Өнеге ал» қорытынды стратегиясы. Сабақта біліп-үйренгеніңнен болашақта сенің өміріңе өнеге болатындай қорытынды шығар.
Өзін-өзі тексеру үшін электронды қосымшадан тапсырма орындау. 1-топқа:
туған қаланың
(ауылдың) көрнекті жерлері
иллюстрациялар
2-топқа: эссе
жазуға арналған парақтар
3 және 4-топтарға: Дәлелдерді және жадынамаларды
жазуға арналған ватман парақтары Электронды
қосымша
Рефлексия Тарихи және мәдени ескерткіштерді не үшін сақтау керектігіне кем дегенде үш себеп жазыңдар.
Оқушылардың жауаптары
Мұғалім: Тарихты ұмытпаңдар, ата-бабаларың туралы естеліктерді жоғалтпаңдар, ата- аналарыңды, Отанды жақсы көріңдер, құрметтеңдер. Сол кезде ғана сендерді ұмытпай, сендерге құрмет көрсететін саналы ұрпақты тәрбиелей аласыңдар.
ҚБ «Үш жағымды сәт» стратегиясы. Оқушыларға сабақтың барысында орын алған үш жағымды сәтті, яғни, тапсырманы орындауда болған үш жағдайды және келесі сабақта олардың жұмыстарын жақсарта түсуге керек болатын бір әрекетті атау ұсынылады. Дәптер
Үй тапсырмасы Таңдау бойынша тапсырманы орындаңдар: Дәптер
С.1. Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғауға қатысты өзіңнің 2-3 ұсыныстарыңды жаз.
С.2. Ескерткіштерді сақтау үшін оларды вандализмнен қорғау керек. Вандализм дегеніміз –
адамдардың ескерткіштерді қасақана қиратуы, бүлдіруі. Вандализмнің бір түрі – қабырғаларға граффити жағып, жазулар жазып, суреттер салып тастау. Мектеп:
Мұғалімнің аты-жөні: Сынып: Пән: Дүниетану №22 сабақ Ортақ тақырып: Атақты тұлғалар
Бөлімше: Қазақстанның тарихи тамырлары
Күні: Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Тақырып: Менің бабаларым – қыпшақтар.
Оқыту мақсаты 3.3.2.1 түрлі материалдарды зерделеу арқылы түркілердің өмір салтын анықтау.
Сабақтың мақсаттары (Күтілетін нәтижелер) Барлық оқушылар:
қыпшақтардың қайда өмір сүргенін және немен айналысқанын біледі;
қандай өмір сүру салтын ұстанғанын біледі.
Көптеген оқушылар қазақтар мен қыпшақтардың өмір салтын, шаруашылығын, киімін, тілін, сыртқы келбетін салыстырады, ұқсастықтар мен айырмашылықтарды табады.
Кейбір оқушылар қыпшақтардың өмірін рөлдік ойындар арқылы бейнелі түрде көрсетеді.
Тілдік мақсат Оқушылар әртүрлі материалдардың негізінде түркілердің өмір салтын анықтайды.
Пәнге қатысты лексика мен терминология:
Қыпшақтар, Қыпшақ даласы.
Диалогке/жазылымға қажетті тіркестер
Қыпшақ – ірі түркі тайпасы.
Қыпшақтар – қазақтардың арғы бабасы.
Қазақ тілі қыпшақ тілінің негізінде пайда болды.
Талқыланатын мәселелер:
Қыпшақтар қайда өмір сүрді? Олар немен айналысты? Қыпшақтар төрт түліктің қай түрін өсірді?
Неліктен қыпшақтардың жылқылары басқа елдерде жоғары бағаланды? Қыпшақтар қандай дақылдарды өсірді?
Тарыдан қандай ас әзірлеуге болатын еді?
Жазылым:
Ұсынылған мәтінді басқа сөзбен жазыңдар.
Алдыңғы білімдер Түркілер және олардың өмір салты.
Сабақтың жоспары
Сабақ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Ой қозғау Мұғалім: Қыпшақтар – қазақ халқының, басқа да түркі халықтарының негізін құраған ежелгі тайпа. Ұлы дала осы халықтың атымен Дешті қыпшақ (Қыпшақ даласы) деп аталды.
Қыпшақ даласын картадан табайық. Ол Алтай тауларынан Дунайға дейін созылып жатыр. Қазіргі таңда осы аумақта көптеген халықтар: қазақтар, татарлар, башқұрттар, құмықтар, балқарлар, қарашайлар және т.б. өмір сүріп жатыр. Олардың барлығы өздерінің арғы
бабалары ретінде қыпшақтарды санайды.
Қазақтар мен қыпшақтардың иллюстрацияларын қарап шық. Қыпшақтардың киімі мен қазақтардың ұлттық киімі арасында қандай ұқсастықтар бар? Қазақтар мен қыпшақтардың сыртқы түр келбеттерінде ұқсастықтар бар ма?
Оқушылардың жауаптары
(Ұ, Ж) Сабақтың тақырыбын оқыңдар. Сабағымыздың мақсаттарын анықтап көріңдер. Оқушылар:
қыпшақтардың қалай өмір сүргендерін және немен айналысқандарын білеміз;
қазақтар мен қыпшақтардың тілін, киімін, сыртқы келбетін салыстыруды үйренеміз. Оқулық
Сурет (оқулық) Оқулық
Жаңа сабақ Мұғалім: Бүгін екі-екіден жұмыс істей отырып, сендер қыпшақтардың шаруашылығын, тілін, өмір сүру салтын зерттейсіңдер.
Оқушылар оқулықтағы мәтінді оқиды және тапсырмаларды орындайды.
(Ж) Құжатты қарастырамыз. Тарихшы былай деп жазады: «Қыпшақтардың жылқылары басқа елдерде жоғары бағаланды. Үндістанда қыпшақ даласынан әкелінген жақсы жылқы үшін 500 алтын динар төленді».
Қыпшақ жылқысы үшін осыншама алтын төленсе, онда оның қандай қасиеттері болғаны? Ойланыңдар.
Оқушылар: Даланың жылқылары ерекше төзімді, көнбіс, жүйрік болған.
(Ж) Құжатты қарастырамыз. Саяхатшылар қыпшақтар жайында былай деп жазады: «Олар тарыны көп пайдаланады. Тары – қыпшақтардың ең басты тағамы».
Тарыдан қандай тамақтар дайындауға болады, еске түсіріңдерші.
Оқушылар:
Қазақтар тарыдан сөк жасайды, ал одан жарма, көже дайындайды. Қуырылған сөкті сүтпен, маймен жейтін болған. Сөктен ұн тартқан, одан тары табанан дайындаған. Оқулық
Тарыны ұнтақтап, одан талқан жасаған. Қазақтардың ең тәтті ұлттық тағамы – қант және май қосылған талқаннан жасалған жент.
Тапсырмаларды орындау.
«Бос орынды толтыр»;
«Мәтінді басқа сөзбен жазып шық».
(Ж) Қазақ тілі қыпшақ тілінің негізінде пайда болды. Кестедегі сөздерді салыстыр және қыпшақ тілінің ерекшеліктері жайында шешімдер шығар.
Оқушылар:
Қыпшақ тілінде «с» әрпінің орнына, мәселен, «тас», «бес» деген сөздерде «ш» әріпін қолданып, «таш», «беш» деп айтқан. Сөздің басындағы «ж» әріпінің орнына «й» әріпін қолданған.
Ж Елестетіңдер. Сендер қыпшақ отбасында қонақта отырсыңдар. Үйдің қожайындары сендерге қандай тағамдар ұсынады?
Сендер олардан не жайында сұрайсыңдар? Қыпшақтардың сөйлегенін түсінесіңдер ме? Оқушылардың жауаптары.
(ҚБ) «Ара ұясы» стратегиясы.
Мұғалім: Екіден отырып, сабақтың түсінікті болғанын, болмағанын талқылаңдар. Түсінбеген материалдар бойынша бір-бірлеріңе сұрақтар қойыңдар. Осылайша олқылықтардың алдын аласыңдар.
Слайд-презентацияны қарау және электронды қосымшадан тапсырма орындау. Мұғалім: Слайд-презентациядан қыпшақтар жайлы қандай жаңа мәліметтер алдыңдар? Оқушылар:
қыпшақтар Орыс елімен көрші болған;
орыс князьдарының ұлдары мен қыпшақ хандарының қыздары бір-бірімен үйленетін болған;
орыс тілінде түркі тілінен алынған сөздер өте көп. Электронды қосымша
Оқулық
Рефлексия Тапсырманы орындау.
Елестет. Сен қыпшақтар туралы фильмнің сценарийін құрастырып жатырсың. Қыпшақтардың өміріндегі қандай маңызды сәттерді кадрға енгізер едің? (суретін сал немесе жаз).
Жетістік баспалдағын қарап шық. Сабақтың соңында өзіңнің психологиялық жағдайыңа баға бер. Дәптер
Үй тапсырмасы Үлкендердің көмегіне және қосымша әдебиеттерге жүгініп, қазақтардан басқа тағы қандай халықтар түркілердің қыпшақ тармағынан таралғанын біліп кел. Сен ол халықтар жайында не білесің? Оқулық
Мектеп:
Мұғалімнің аты-жөні: Сынып: Пән: Дүниетану №23 сабақ Ортақ тақырып: Атақты тұлғалар
Бөлімше: Қазақстан тарихындағы маңызды оқиғалар
Күні: Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Тақырып: Қазақ хандығы қалай құрылды?
Оқыту мақсаты 3.3.3.1 Қазақ хандығының құрылу себептерін түсіндіру.
Сабақтың мақсаттары (Күтілетін нәтижелер) Барлық оқушылар:
Қазақ хандығының қайда және қашан құрылғанын біледі;
қалай және неліктен құрылғанын біледі.
Көптеген оқушылар:
шығармашылық формада Керей мен Жәнібек сұлтандардың Әбілқайыр ханнан бөліну себептерін көрсетеді; бір сұлтанның атынан көшпелілерге арнап үндеу құрастырады;
жағдайдың ары қарай қалай дамитынына болжам жасайды.
Кейбір оқушылар: Қазақ хандығының құрылуы туралы бейнебаянның сценарийін құрастырады.
Тілдік мақсат Оқушылар Қазақ хандығының құрылу себептерін түсіндіреді.
Пәнге қатысты лексика мен терминология:
Керей, Жәнібек, Қазақ хандығы.
Диалогке/жазылымға қажетті тіркестер.
Қазақ хандығын Керей мен Жәнібек сұлтандар құрды.
Қазақ хандығы Жетісудың батысында Шу өзені мен Талас өзенінің алабында құрылды.
Талқыланатын мәселелер:
Неліктен Керей мен Жәнібек сұлтандар Әбілқайыр ханнан бөлінеміз деп шешті? Олар қайда бағыт алды?
Оларды жат жерде қандай кездесу күтіп тұрды? Қазақ хандығы қашан және қайда құрылды?
Қазақ хандығының аумағы қалай ұлғайды?
Жазылым:
Қазақ хандығының құрылғандығы жайлы жазбаша әңгіме құрастыр. Осы оқиғаға қатысты өз ойыңды білдір.
Алдыңғы білімдер Түркілер және олардың өмір сүру салты. Менің арғы бабаларым – қыпшақтар.
Сабақ жоспары
Сабақтың кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Ой қозғау Мұғалім: Өлеңді тыңдаңдар:
Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем, Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем, Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдіретті үнін сүйем. Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған, Бәрі маған «Отан» деп сыбырлаған.
Жаным менің, кеудемді жарып шық та Бозторғайы бол оның шырылдаған.
Отан! Отан! Бәрінен биік екен Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем!
(Мұқағали Мақатаев)
– Балалар, «Отан» сөзін естігенде, ойларыңа не келеді?
Оқушылар: кең-байтақ дала, Қазақстан, отбасы, туған-туыстар, өзіңнің үйің.
Мұғалім: Біздің Отанымыз – Қазақстан. Қазақ халқының мемлекет болып құрылуының тамыры тереңде жатыр. Жақында еліміз Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толғандығын атап өтті.
Бүгін біз Қазақ хандығының қандай оқиғалардың нәтижесінде және неліктен құрылғанын білетін боламыз.
(Ж, Ұ) Сабақтың соңында нені білуіміз, нені үйренуіміз керек?
Оқушылар:
Қазақ хандығының құрылу себептерін білеміз; Мұғалім толықтырады:
Қазақ хандығының құрылғандығы жайлы бейнематериалдың сценарийін құрастыруды
үйренеміз. Жаңа сабақ Тақырыпты ашу үшін сюжетті әңгіме құрастыруға болады. Әңгімеде басталуы, шарықтау шегі және шешімі болады.
Басталуында Әбілқайыр хан қол астындағы халқынан салық төлеуді талап етуі туралы айтылады (электронды қосымшадан слайд-презентацияны қарау (8-слайдқа дейін) және оқулықтағы 1-азат жолды оқу).
Шарықтау шегінде Керей мен Жәнібек сұлтандардың Әбілқайыр ханнан іргесін аударып, бөлек Жетісу өңіріне қарай бет алуы баяндалады.
Оқушыларға тапсырма: Өзіңді Керей немесе Жәнібек сұлтанның рөлінде елестетіп көр және көшпенді халықты өзіңмен ілесуге шақыратын үндеуді құрастыр.
Оқушылар Керей немесе Жәнібек сұлтандардың атынан былай деп үндеу құрастыра алады:
Әбілқайыр ханнан кетейік! Ол – қатал, дүниеқор, сараң хан. Билеуші ретінде ол өз халқын жаудан қорғай алмады. Ойратпен болған шайқаста жеңіліс тауып, қалада бас көтермей
жасырынып қалды. Ал жау болса, біздің үйімізді тонады, бүкіл малымызды айдап кетті. Енді келіп хан бізге салық төле деп отыр. Біз қалай төлейміз? Немен төлейміз?
Әбілқайыр – рақымсыз хан! Ешкім оның қол астында жайбарақат, тыныш өмір сүре алмайды. Ол барлығымызды жылатты. Халықтың ешқайсысы өзін қауіпсіз сезінбейді. Биліктің жолында қаншама адамды қырғынға ұшыратты. Бізге ондай ханның керегі қанша?
Бізге басқа жерге қоныс аудару керек. Өз мемлекетімізді құрамыз, тату-тәтті, бақытты өмір сүреміз. Бізге жани ашитын, біздің жағдайымызды ойлайтын әділетті ханды таңдап аламыз. Көшпенділер Керей мен Жәнібектің шақыртуына үн қатып, Жетісу жаққа қарай бағыт алады. Бірақ алда не күтіп тұрғаны белгісіз еді.
Оқулықтағы иллюстрациямен жұмыс.
Мына суреттен жат жерге көшіп бара жатқан Керей мен Жәнібек сұлтандарды көріп отырсың.
Олар бір-бірімен не жайында әңгімелесіп бара жатыр, қалай ойлайсың? Екі-екіден жұмыс істей отырып, екеуінің арасында болған сұхбатты құрастырып көріңдерші.
Оқушылардың жауаптары.
Болашақты болжау. Жағдай ары қарай қалай дамиды, оларды жат жерде қандай кездесу күтіп тұр. Болжамдарыңды айтыңдар.
Оқушылардың жауаптары:
жаңа жерде оларды дұшпандықпен қарсы алуы мүмкін;
оларды достық кездесу күтіп тұруы мүмкін. Электронды қосымша Оқулық
Оқулық
Дәптер Оқулық
Дәптер
Мұғалім: Сендердің болжамдарыңды тексеру үшін оқулықтағы мәтінді оқимыз. Шешімі: Дәптер
Оқулық Электронды қосымша
Парақтар таратылады
Дәптер
көшпелілердің Есенбұға ханмен болған достық кездесуі, ханның оларға Жетісудың батысынан жер бөліп беруі, Қазақ хандығының құрылуы. Мұғалім: Осылайша Қазақ хандығы құрылды. Бұл оқиғаның халық үшін қандай маңызы болды? Оқушылар: – бұрын қазақтар басқа мемлекеттердің құрамында өмір сүрді, ал енді олар өз алдына бір мемлекеттің астына бірікті. – халық өз билеушісін өзі таңдады. Хандар елдің шегарасын жаудың шабуылынан қорғады. – Қазақ хандығы басқа елдермен байланыс орнатты. – Қазақ хандығы құрылған соң, халықтың мәдениеті, дәстүрі мен салты гүлдене түсті. (ҚБ) «Шағын тест» стратегиясы. Оқушылардың Қазақ хандығының құрылғандығы жайлы білімдерін тексермек үшін мұғалім бір бет парақта шағын тестті орындауды ұсынады (орындалу уақыты – 5 минут):
Қазақ хандығы қашан құрылды?
А) 1435 жылы; В) 1455 жылы; С) 1465 жылы.
Қазақ хандығы қай жерде құрылды?
А) Шу мен Талас өзендерінің арасында; В) Еділ мен Жайықтың арасында; С) Сырдария өзенінің алқабында.
Қазақ хандығын қандай сұлтандар құрды:
А) Қасым мен Бұрындық; В) Керей мен Жәнібек; С) Тәуекел мен Есім.
Жәнібек пен Керей қай ханнан бөлек шығып, ірге аударды: А) Жәңгір; В) Тақыр; С) Әбілқайыр.
Қазақ хандығы Қазақстанның қай бөлігінде құрылды: А) Батыс; В) Солтүстік; С) Оңтүстік шығыс (Жетісу). Тапсырманы орындау (таңдау бойынша): А. Тарих жұлдызы. Сұрақтарға жауап бер. Практикум – оқулықтағы, электронды қосымшадағы датамен және картамен (В) жұмыс. Рефлексия Тапсырманы орындау:
Елестет. Саған Қазақ хандығының құрылғандығы жайлы бейнебаян түсіру керек. Қандай маңызды оқиғаларды кадрға енгізер едің?
(ҚБ) «Бірін-бірі бағалау» стратегиясы. Оқулық
Парталас көршіңнің жұмысын мына фразалардың бірімен бағала:
Жарайсың!
Сабақта атқарған жұмысыңа көңілім толды!
Сен одан да жақсы жұмыс істей алатын едің! Үй тапсырмасы С. Қазақ хандығы қалай құрылғандығы жайлы әңгіме құрастыр. Осы оқиғаға қатысты өз
ойыңды білдіруге тырыс. Дәптер
Мектеп:
Мұғалімнің аты-жөні: Сынып: Пән: Дүниетану №24 сабақ Ортақ тақырып: Атақты тұлғалар
Бөлімше: Көрнекті тарихи тұлғалар мен мәдениет қайраткерлері
Күні: Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Тақырып: Қазақ жерінің даңқты хандары
Оқыту мақсаты 3.3.4.1 тарихи мысалдар негізінде хандар, батырлар мен билердің рөлін түсіндіру
Сабақтың мақсаттары (Күтілетін нәтижелер) Барлық оқушылар:
хандардың қандай міндеттер атқарғанын біледі;
атақты қазақ хандарының есімдерін атайды;
олардың қалай танымалдылыққа ие болғандықтарын түсіндіреді.
Көптеген оқушылар:
суретті сипаттайды;
салыстырады, шешімдер шығарады;
талқылайды, пікірлерімен алмасады.
Кейбір оқушылар Қасымның (Жәңгірдің, Тәукенің) билеген кезеңіне қатысты сурет түрінде рәміздер ойлап табады.
Тілдік мақсат Оқушылар хандардың тарихта алатын рөлдерін түсіндіреді.
Пәнге қатысты лексика мен терминология:
Қасым, Жәңгір, Тәуке, «Жеті Жарғы»
Диалогке/жазылымға қажетті тіркестер
Қасым хан – ұлан байтақ қазақ жерінің айтарлықтай бөлігін өз қол астына қаратқан хан. Жәңгір хан – өз Отанын жаулардан қорғаған хан.
Тәуке хан – оның билік құрған тұсында «Жеті Жарғы» заңдар жинағы шықты.
Талқыланатын мәселелер:
Хандар қандай міндеттер атқарды?
Қасым ханды «қазақ жерін біріктіруші хан» деп атайды? Қандай шайқаста Жәңгір хан жеңіске жетті?
Тәуке ханның билігін қазақ тарихының «Алтын ғасыры» деп неліктен атады?
Жазылым:
Кез келген ханның есімімен шумақ құрастыру
Алдыңғы білімдер Қазақ хандығы қалай құрылды?
Сабақ жоспары
Сабақ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Ой қозғау Мұғалім:
«Хан» сөзін естігенде, көз алдарыңа не келеді?
«Хан және оның міндеттері» кластерін құрыңдар. Хандар немен айналысты, айтыңдаршы. Ханның қай маңызды міндетін бірінші орынға қояр едіңдер? Неліктен?
Оқушылардың жауаптары.
Мұғалім: Қазақтың мықты хандары өздерінің қолбасшылық, дипломатиялық,
ұйымдастырушылық қабілеттерімен ерекше көзге түскен. Осы үшін оларға құрмет көрсетеміз! Бүгін біз қазақ тарихында өшпес із қалдырған хандармен танысатын боламыз.
(Ұ, Ж) Сабағымыздың мақсаттарын анықтап көрейік:
қазақ хандары немен айналысқандарын білеміз;
оларға не үшін құрмет көрсету керек екенімізді білеміз;
хандарға арнап шумақ құрастыруды, олардың бейнесін суреттеуді үйренеміз. Оқулық
Жаңа сабақ Оқулықтағы мәтінмен жұмыс
Оқушылар Қасым, Жәңгір, Тәуке хандар туралы мәтінді оқиды, тапсырмаларды орындайды.
Мұғалімге арналған қосымша ақпарат
Қасым хан – Жәнібектің ұлы. Ол қолбасшылық қасиетке ие болған. Шайқаста ержүректілігімен көзге түскен, халықты өз артынан ерте білген хан.
Қасымның тұсында (1511-1518 жж.) Қазақ хандығының халық саны миллионнан асты. Қазақтар Батыс Еуропаға таныла бастады. Мәскеу Русімен дипломатиялық қарым-қатынас орнады. Қасымның тұсында «Қасым ханның қасқа жолы» деген заңдар жинағы шықты.
Өкінішке орай, бұл заңдар қағаз бетіне түспеген, сол себептен, олар бізге жетпеді.
Жәңгір хан – қолбасшылық қабілетімен есте қалған хан (1628-1652 жж.). 1643 жылы 50 мың Оқулық
Оқулық
жоңғар қазақ жеріне шабуыл жасады. Жәңгір хан жоңғарлардың жолын кесу үшін 600 сарбазбен қарсы аттанып, көмекке келген Жалаңтөс батырдың әскерлерінің көмегімен өзінен күші басым жауды ойсырата жеңеді. Ұрыс орны ретінде Орбұлақ тау шатқалын таңдайды.
Жәңгір хан жасақты екіге бөледі. Жасақтың бір бөлігін екі таудың арасымен сайға орналастырады. Олар жерді терең етіп қазып, биік қорған дуалын жасап, білтелі мылтықпен қаруланады. Ал жауынгерлердің екінші бөлігі таудың арғы жағында тығылып отырады.
Жоңғарлар қорғанға таяп келіп, оған шабуыл жасай бастайды. Сайға орналасқан қазақ қолы жоңғарларға оқ ата бастайды. Көп адамынан айырылып қалған жоңғарлар алаңның тарлығынан қазақ жасағын қоршап ала алмайды. Ойламаған жерден болған соққының, әрі жауынгерлердің батылдығының арқасында, мылтықтарының өте сапалы болуынан Батыр
Қонтайшыға қатты соққы беріледі. Осы кезде Жәңгір хан жауға сырт жағынан шабуылдайды. Жау әскерінің 10000-ға жуығы қырылады. Жәңгір хан басқарған қазақ жасағы жеңіске жетеді.
Тәуке ханның басқарған тұсын (1680-1718 жж.) қазақ тарихының «алтын ғасыры» деп
атайды. Бұл кезеңде дау-дамайлар, өзара қырқысулар азайды, шаруашылықтар дамыды, сауда- саттық гүлдене түсті.
Тәуке ханның тұсында шығыстан жоңғарлар жиі шабуылдап, қазақтарды қоныстарынан
ығыстыра берді. Осы жағдайлар сұлтандар арасындағы жайылым жерлер үшін күреске алып келді. Осындай мәселелерді алдын алу үшін Тәуке хан заңдар жинағын құрастыруға бекінеді. Тәуке хан мемлекетті басқару ісіне туа біткен данышпан, ел арасында асқан ерлігімен,
батырлығымен дараланған тұлғаларды, яғни билер мен батырларды тартты. Билер кеңесін құрып, оның билік ауқымын кеңейтті. Үш жүздің игі жақсылары мен билерін жинап, оның ішінде атақты Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билер бар, Күлтөбенің басында «Тәуке ханның Жеті Жарғысы» деген атауға ие болған заңдар жинағын қабылдады.
Орыс тарихшысы А. Левшин Тәуке хан жайлы былай деп жазды: «Ол бірнеше жылдарға созылған қантөгіс соғыстарды, өзара қырқысуларды тоқтатты, өзінің ақылымен және
әділеттілігімен басқаларды бағындыра білді, мықтыларды тыныштандырып, әлсіздерді біріктіру арқылы күштілерге қарсы тұра алатындай жағдайға жеткізді».
Слайд-презентацияны көру және электронды қосымшадан тапсырма орындау.
(Т) Оқушылар «Қасым хан», «Жәңгір хан», «Тәуке хан» деген топтарға бөлінеді. Топтарға тапсырма
1. Қасым ханның (Жәңгірдің, Тәукенің) билеген кезеңіне сурет түрінде рәміздер ойлап табу. Электронды қосымша
Ватман мен маркерлер
Дәптер
Электронды қосымша
2. «Қасым хан» («Жәңгір», «Тәуке») тақырыбында шумақ құрастыру
Топтардың жұмыстарды көрсетуі
(ҚБ) «Квадрат» стратегиясы. Жаңа материалды қалай меңгергендігін тексеретін жаттығу. Мұғалім «Болжау», «Түсіндіру», «Жинақтап қорыту» және «Бағалау» деген сөздері бар төрт терезеден (квадраттан) тұратын кесте құрады. Жаңа материалды түсіндіргеннен кейін оқушылардан белгілі бір квадратты таңдауды ұсынады. Яғни, осылай таңдау арқылы әр оқушы тақырып бойынша орындау керек тапсырманың түрін өзіне таңдайды. Квадратты таңдауға байланысты мұғалім мына сұрақтарды қояды:
Қазақ хандығы ары қарай қалай дамиды? (Болжау)
Хандар қандай қызметтер атқарды? (Түсіндіру)
Қазақ хандарына неліктен құрмет көрсетеміз? (Жинақтап қорыту)
Қазақ жерінің аумағын кеңейткен Қасым ханның ісіне баға бер.
Тапсырмаларын орындау. Рефлексия Мұғалім: Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев: «Кемел келешек туралы армандай отырып, келелі тарихты да естен шығармайық» деген болатын.
Осы сөздерді қалай түсінесіңдер, бір сөйлеммен айтыңдаршы.
Оқушылардың жауаптары.
ҚБ «Көзіңді жұм» стратегиясы.
Балалар! Көздеріңді жұмып, үш сұраққа ойша жауап беріңдер:
Мен бүгінгі сабақтан қандай жаңа ақпарат алдым?
Ең қызықты және ең танымды болған не нәрсе?
Мен бүгін кешегі күнге қарағанда қай жағынан ақылдырақ бола түстім?
Сабақта атқарған жұмыстарыңа қарай керекті фигураны таңдап, өздеріңді бағалаңдар. Дәптер
Үй тапсырмасы Сөйлемді жалғастырыңдар: «Мен өз ата-бабаларыммен мақтанамын, өйткені ...» Дәптер
Мектеп:
Мұғалімнің аты-жөні: Сынып: Пән: Дүниетану №25 сабақ Ортақ тақырып: Атақты тұлғалар
Бөлімше: Көрнекті тарихи тұлғалар мен мәдениет қайраткерлері
Күні: Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Тақырып: Батырлар – Отанымыздың қорғаны. Билер – Ұлы Даланың даналары.
Оқыту мақсаты 3.3.4.1 тарихи мысалдар негізінде хандар, батырлар мен билердің рөлін түсіндіру
Сабақтың мақсаттары (Күтілетін нәтижелер) Барлық оқушылар:
қазақтың атақты батырлары мен билерінің есімдерін атайды;
олардың не себептен танымалдылыққа ие болғанын түсіндіреді.
Көптеген оқушылар:
жоңғарлармен шайқас жүріп жатқанын бейнелейтін суреттерге, қаруланған батырларға сипаттама береді.
батырлардың өмір жолымен танысып, олардың тағдырларында қандай ұқсастықтар, қандай айырмашылықтар бар екенін анықтайды, қорытындылар шығарады.
билердің тарихтағы рөлдері туралы талқылайды, пікірлерімен бөліседі.
Кейбір оқушылар:
әртүрлі дереккөздерден өзінің туған жерінде дүниеге келген батырлар жайында ақпарат іздейді және ол жайында әңгіме құрастырады.
Тілдік мақсат Оқушылар батырлар мен билердің тарихтағы рөлдерін түсіндіреді.
Пәнге қатыста лексика мен терминология:
Бөгенбай, Қабанбай, Наурызбай, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би.
Диалогке/жазылымға қажетті тіркестер
Қазақтар жүз жылдан аса жоңғарлармен соғысты.
Осы соғыста қазақтан көптеген атақты батырлар шықты.
Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би жоңғар тарапынан қауіп төнгенде қазақ жүздерінің басын біріктірді.
Талқыланатын мәселелер:
«Батыр» құрметті атағы кімдерге берілді? Неліктен жоңғарлар қазақ жеріне шабуыл жасады? Кез келген адам би бола ала ма?
Би нені білуі керек және оның қандай қабілеттері болуы керек?
Жазылым:
Кез келген батыр туралы әңгіме құрастыру
Алдыңғы білімдер Қазақ жерінің атақты хандары
Сабақ жоспары
Сабақ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Ой қозғау Мұғалім: Ел аузында Қазыбек бидің жоңғар билеушісі Цеван Рабданға айтқан сөзі сақталған: Біз – қазақ, мал баққан елміз
Ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Елімізден құт-береке қашпасын деп Жеріміздің шетін жау баспасын деп Найзасына жылқының қылын таққан елміз. Дұшпан басынбаған елміз
Басымыздан сөз асырмаған елміз. Досымызды сақтай білген елміз, Бірақ асқақтаған хан болса,
Хан ордасын таптай білген елміз.
Атадан ұл туса – құл боламын деп тумайды Анадан қыз туса – күң боламын деп тумайды Ұл мен қызын жатқа құл мен күң етіп
Отыра алмайтын елміз...
Сен қабылан болсаң, мен арыстан – алысқалы келгенбіз...
Бітім берсең – жөніңді айт, бермесең – ұрысатын жеріңді айт!
Ежелгі көшпелілер «байлықтан, мал-мүліктен айырылып қалуға болады, бірақ ешқашан туған жеріңнің бір қарыс жерінен айырылуға болмайды» деген шындықты ананың сүтімен
бойларына сіңіріп өсті. Ата-бабаларымыз найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен жерімізді жаулардан қорғап келді. Бабалар үмітін ақтап, ұлан ғайыр жерді сақтау, қорғау – барлығымыздың азаматтық борышымыз.
ХVIII ғасырда қазақтар өз жерін қорғау үшін жоңғарлармен соғысты. Осы соғыста қазақ халқынан өзінің ержүректілігімен, мықтылығымен көзге түскен, атағы бүкіл далаға тараған батырлар шықты.
Балалар, «батыр» сөзін естігенде, көз алдарыңа не келеді? Батыр сөзіне ассоциация құрыңдар
Оқушылардың жауаптары.
Оқулықтағы суретке қарап отырып, батырдың қалай қаруланғанын сипаттап беріңдер. Ол неге сауытпен құрсауланып алған, қалай ойлайсыңдар?
(Ұ, Ж) Бүгінгі сабағымыз не жайында болады, қалай ойлайсыңдар?
Оқушылар: батырлар жайында.
Мұғалім: оқулықтағы «Батырлар – Отанды қорғаушылар. Билер – Ұлы Даланың ақылгөйлері» тақырыбын оқыңдар.
Сабақтың соңында жетуіміз керек мақсаттарды атап өтіңдер. Оқушылар:
қазақтың батырлары мен билері жайында мәлімет аламыз;
батырлардың қару-жарақтарын сипаттаймыз, батырлардың өмірінен алынған деректерді Оқулық
Сөздік (оқулық)
Оқулық
салыстырып, ортақ нәрселер мен айырмашылықтарды табамыз. Оқулықтағы мәтінмен жұмыс істейміз.
Оқушылар батырлар жайындағы мәтінді оқиды, иллюстрацияларды қарап шығады, Бөгенбай, Қабанбай және Наурызбай батырлардың қысқаша өмірбаяндарымен танысады.
Тапсырма: Үш батырдың тағдырынан ұқсастықтар мен айырмашылықтарды тап.
Оқушылар
Ұқсастықтар:
барлық батырлар жоңғарлармен болған соғыстарға қатысқан;
барлығы қолбасшы болған;
Абылай ханның ту көтерушілері болған. Айырмашылықтар:
батырлар әртүрлі жасақтарды басқарған.
1710 жылы Бөгенбай батыр үш жүздің әскерін басқарушы болып сайланған. Қабанбай батыр көптеген шайқастарда қазақ әскерін басқарған.
Наурызбай батыр түменбасы (10 мың әскер) болған.
Бөгенбай 13 жасынан бастап ұрыстарға қатыса бастаған. Көптеген шайқастарға (113) қатысқан.
Қабанбай 54 жекпе-жекте жауды жеңген және «Дарабоз» деген атаққа ие болған.
Тапсырманы орындау:
Батырды таны
«Аңырақай шайқасы» суретін сипаттап бер
Оқулықтағы мәтінмен жұмыс істеуді жалғастырамыз. Оқушылар билер туралы мәтінді оқиды (1-азат жол).
Сұрақтарды талқылау:
Кез келген адам би бола ала ма?
Би нені білуі керек және оның қандай қабілеттері болуы керек?
Мұғалімге арналған ақпарат:
Би – дау-жанжалды шешетін, кесімді төрелік айтатын, әділ үкім шығаратын, халық таңдап алған төреші. Шоқан Уәлиханов би туралы былай дейді: «Би атағын алу үшін би болам деген қазақ өзінің заң ісіне жетіктігі және шешендік қабілеті бар екендігін халық алдында сан рет көрсетуге тиіс болған. Ондай адамдардың атағы бүкіл қазақ даласына тез жайылып, жұрттың Оқулық
Жаңа сабақ Дәптер
Оқулық
Оқулық
бәріне мәлім болып отырған». Болашақ билер Хиуаның, Бұхараның, Самарқанның медреселерінде білім алған.
Сонымен:
билерді халық сайлаған;
билер заңдарды білу керек;
билер тілге шешен болу керек.
Оқулықтағы мәтінмен ары қарай жұмыс істейміз. Оқушылар билер туралы мәтінді соңына дейін оқиды. Талқыланатын мәселелер:
Неліктен үш ұлы би тарихта өшпес іс қалдырды?
Оқушылар:
олар «Жеті Жарғы» заңдар жинағын құрастырды;
жоңғар тарапынан қауіп төнген кезде үш жүздің басын біріктірді.
Слайд-презентацияны қарау және электронды қосымшадан тапсырма орындау. Электронды қосымша
Рефлексия Мұғалім: Тарихтағы хандардың, билер мен батырлардың бейнесі халық жадында мәңгі сақталады. Олар Отанын сүйді, оны жаудан қорғады, ұрпаққа мирас етіп ұлан байтақ жерді қалдырды.
Олар тарих төрінен орын алды. Ұлт болып сақталғанымыз үшін, тәуелсіздік туын тіккеніміз үшін, біз, қазіргі ұрпақ, оларға қарыздармыз. Оларға бас иеміз!
ҚБ «Бір сөзбен қорытындылау» стратегиясы. Біздің тақырыбымызға дәл келіп, жинақтап қорытындылайтын сөзді таңдаңдар.
Тапсырма: Елестет, сен болашаққа саяхат жасап, батырлармен және билермен кездестің. Олардан сыныптастарыңа арналған қандай бата, тілек естігің келеді?
ҚБ «Тілек сөз» стратегиясы.
«Өзіңді өзің жауапқа тарт. Бұл өзгелерді жауапқа тартудан да қиын. Егер өз-өзіңді жауапқа тарта білсең, сен шын мәнінде нағыз ақылдысың».
Антуан де Сент-Экзюпери Дәптер
Үй тапсырмасы Жоспар бойынша кез келген батыр туралы әңгіме құрастыр. Дәптер
Мектеп:
Мұғалімнің аты-жөні: Сынып: Пән: Дүниетану №26 сабақ Ортақ тақырып: Атақты тұлғалар
Бөлімше: Көрнекті тарихи тұлғалар мен мәдениет қайраткерлері
Күні: Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Тақырып: Азаттық үшін күрескендер
Оқыту мақсаты 3.3.4.2 тарихи мысалдар негізінде қазақ халқының азаттығы үшін күрескен тұлғалардың рөлін
шығармашылық түрде көрсету.
Сабақтың мақсаттары (Күтілетін нәтижелер) Барлық оқушылар:
қазақ халқының азаттық үшін күрескен тұлғалардың есімдерін білетін болады;
қазақ халқының азаттық үшін күресуінің себептерін түсінеді.
Көптеген оқушылар: Қазақстанның Ресейге қосылуының оң және теріс жақтарын көрсетеді.
Кейбір оқушылар: көтеріліс жетекшісінің атынан халықты азаттық үшін күресуге шақыратын үндеу
құрастырады.
Тілдік мақсат Оқушылар қазақ халқының азаттық үшін күрескен тұлғалардың рөлін шығармашылық формада көрсете алады.
Пәнге қатысты лексика мен терминология
Көтеріліс, азаттық.
Диалогке/жазылымға қажетті тіркестер
Кіші жүздің Ресей империясының құрамына кіруі. Азаттық үшін күрес.
Талқыланатын мәселелер:
Неліктен Әбілқайыр хан 1730 жылы Петерборға елшілік жіберді?
Қазақстанның Ресей империясының құрамына кіруінің қандай жағымсыз жақтары болды? Неліктен қазақтар көтеріліске шықты?
Хат:
Кез келген азаттық үшін күрескендердің атымен шумақ құрастыру.
Алдыңғы білімдер Қазақ хандығы қалай құрылды?
Сабақтың жоспары
Сабақ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Ой қозғау Мұғалім: Оқулықтағы иллюстрацияларға назар аударыңдар. Бұл ескерткіштер Орал, Атырау, Астана, Алматы қалаларында орнатылған. Кімнің құрметіне және неліктен орнатылған, қалай ойлайсыңдар?
Оқушылар: Бұлар – батырлар.
Мұғалім: Иә, бұлар – қазақ халқының азаттық үшін күрескен батырлар. Олар халықтың есінде мәңгі сақталады, оларға деген құрмет еш жоғалмайды. Бір ескерткішті болсын таныдыңдар Оқулық
ма?
Оқушылардың жауаптары:
Оралдағы Сырым Датұлының ескерткіші, Атыраудағы Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісұлының ескерткіштері, Астанадағы Кенесары Қасымұлының ескерткіші, Алматыдағы Амангелді Имановтың ескерткіші.
(Ұ, Ж) Сабақтың тақырыбын анықтаңдар. Сабақта нені білуіміз, нені үйренуіміз керек? Оқушылар:
қазақ халқының тәуелсіздігі үшін күрескен жандар жайлы білеміз;
тәуелсіздік үшін күрескен тұлғалар жайында өлең шумағын құрастырамыз, сурет саламыз, таныстырылымдар жасаймыз. Жаңа сабақ Оқулықтағы 1-азат жолды оқу
Мұғалім: Тарихшылар Ресей империясының құрамына ерікті түрде кірген халықтар жайлы көп айта бермеу керек деп есептейді. Әрине, әр халық өз алдына, тәуелсіз өмір сүргісі келеді. Егер ұлы державаға күреспей-ақ қосыла салса, онда оның да өз себебі бар. Қандай себеппен Әбілқайыр хан Ресей империясының бодандығын қабылдағысы келді, қалай ойлайсыңдар?
Оқушылар: жоңғарлармен соғыс.
Мұғалім: Иә, Ресей империясы қазақтардың өз жерін жауларынан қорғауына күш жұмылдыра алатын еді. Бірақ олардың өз көздеген мақсаттары болды.
Қазақстанның Ресейге қосылуының оң жақтарын қарастырып көрейік. Екі-екіден жұмыс істей отырып, осы пікірді қорғайтын кем дегенде екі дәлелді келтіріңдер.
(Ж) Оқушылардың дәлелдері:
жаудың шабуылына күш біріктіру;
сауда-саттықты дамыту және т.б.
Ресей құрамына кірудің теріс жақтары, жағымсыз әсерлері де бар.
Тапсырмаға дейін оқулықтағы мәтінді оқу.
Слайд-презентацияны көру және электронды қосымшадан тапсырманы орындау. Мұғалім: Қазақстанның Ресей құрамына кіруінің қандай теріс жақтарын атайсыңдар? Оқушылардың жауаптары
XIX ғасырдың басында Ресей патшалығы Қазақстандағы ең шұрайлы жайылым жерлерді тартып алды. Тартып алған аймақтарға бекіністер тұрғыза бастады. Қазақтар тарапынан болған кішігірім наразылықтарды жазалаушы жасақ басып тастап отырды. Қазақ жеріне
хандардың билігі жүрмеді. Оқулық
Электронды қосымша
Дәптер
Мұғалім: Осының бәрі көтерілістердің басталуына алып келді. Көтерілістерді күшпен басып отырды. Қанша басуға тырысса да, қазақ халқын күресуге шақырған көтеріліс басшыларының есімі халық жадында мәңгі сақталды.
Тапсырманы орындау:
Қатардағы артық тұрған есімдердің астын сыз. Неліктен, түсіндір? Ватман, маркерлер
Мына тармақтарды кім жазған? Сен ол туралы не білесің?
Көтеріліс көсемдері жайлы көптеген өлеңдер, дастандар жазылды, күйлер өмірге келді. Дәптер
Кенесары Қасымұлының қазасына арнаған Нысанбай жыраудың жоқтау өлеңін тыңдаңдар: Еркін жел бүгін тынықсын
Ақындар әнін ұмытсын. Ватман, маркерлер
Ерке ұлын іздеп жоқтаған Туған жер зары естілсін. Оқ тиген қалың ағаштай Жалындап кетті-ау, Кенекем. (Т) Оқушылар топта жұмыс істей отырып, шығармашылық тапсырмаларды орындайды: 1-топ Өзіңді көтерілістің басшысымын деп елестетіп көр. Халықты азаттық үшін күреске шақыратын үндеу құрастыр.
2-топ Ақ қағаз, түрлі- түсті қарындаш
Көтеріліс басшысының есіміне шумақ құрастыр. 3-топ «Бостандық бәрінен де артық» тақырыбында эссе жаз. 4-топ Азаттық жолындағы күрескердің немесе қаруланған көтерісшілердің суретін сал. Топтардың тапсырмаларды көрсетуі ҚБ «Сиқырлы сызық» стратегиясы.
Оқушылар дәптердің шетіне шкала сызады және өздерінің пікірлері бойынша тапсырманың қандай деңгейде орындалғанын айқаршықпен (+) белгілейді. Мұғалім тексеру кезінде оқушының бағасымен келіссе, айқаршықты айналдыра қоршайды, егер келіспесе, өзінің айқаршығын төменге немесе жоғарыға белгілейді. Дәптер
Рефлексия (ҚБ) «Көңіл күйді суреттейміз» стратегиясы.
Көңіл күйді суреттейміз. Дәптер
Гүлді мына кез келген түспен боя.
Қызыл, қызғылт түс – қуанышты көңіл күй. Көк түс – жабырқаулы көңіл күй.
Сары түс – жағымды, бір қалыпты көңіл күй.
Күлгін түс – беймаза, дегбірсіз көңіл күй. Түрлі-түсті бояулар
Үй тапсырмасы Сенің туған жеріңде өмір сүрген азаттық үшін күрескендердің есімдерін анықта. Олардың бірі
жайлы шағын әңгіме құрастыр. Дәптер
Мектеп: Мұғалімнің аты-жөні:
Сынып: Пән: Дүниетану №27 сабақ
Ортақ тақырып: Су – тіршілік көзі.
Бөлімше: Табиғат жағдайлары және олардың маңызы.
Күні: Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Тақырып: Адамдардың алғашқы қоныстары қашан және қалай пайда болды?
Оқыту мақсаты 3.2.3.1 адамдардың табиғи жағдайларға байланысты орналасуын талдау (рельеф, климат, өсімдіктер мен
жануарлар әлемі, су нысандары).
Сабақтың мақсаты (Күтілетін нәтижелер) Барлық оқушылар:
табиғат жағдайлары адамдардың қоныстануына қалай әсер ететіндігін білетін болады;
адамдар қоныстану үшін қандай жерлерді таңдағанын білетін болады.
Көптеген оқушылар:
картаға қарап, Қазақстан аумағында адамдардың қалай қоныстанғанына талдау жасайды;
елді мекендердің атаулары мен табиғат жағдайлары арасындағы байланысты табады.
Кейбір оқушылар:
ғаламтор ресурстарын немесе қосымша әдебиеттерді қолдана отырып, өздері тұратын елді мекеннің қалай және неліктен пайда болғанын және қандай табиғат жағдайлары әсер еткендігін біледі.
Тілдік мақсат Оқушылар:
– табиғат жағдайларына байланысты адамдардың қоныстануына талдау жасайды (жер бедері, климат, өсімдіктер мен жануарлар әлемі, су нысандары).
Пәнге қатысты лексика және терминология:
Климат, тау, төбе, өзен, көл, өсімдіктер мен жануарлар әлемі.
Диалогке/жазылымға қажетті тіркестер:
Адамдар сулы жерлерге – өзендер мен көлдердің жанына қоныстанды. Адамдар таудың етегіне, төбелердің маңына орын тепті.
Еліміздің оңтүстігіндегі көптеген қалалар сауда жолының бойында пайда болды.
Талқыланатын мәселелер:
Ертеректе адамдар еліміздің қай бөлігіне қоныстанды: оңтүстігінде ме әлде солтүстігінде ме?
Неліктен адамдар қоныстану үшін өсімдікке бай, көп жануарлар мекендейтін жерлерді таңдады?
Неліктен көптеген қалалар еліміздің оңтүстігінде және Жетісуда пайда болды?
Хат:
Тапсырманы орындау:
Ежелгі заманда ең алғашқы адамдар еліміздің оңтүстігі – Қаратау тауының баурайына қоныстанды. Осының бірнеше себептерін жазыңдар.
Алдыңғы білімдер Табиғат жағдайларының адам өміріне әсері. Адам өміріндегі өсімдіктер мен жануарлардың рөлі.
Сабақтың жоспары
Сабақ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Ой қозғау Мұғалім: Алғашқы адамдар Африкада пайда болды. Сосын бірнеше мыңжылдықтар ішінде адам бүкіл Жер шарына қоныстанды. Ежелгі адамдардың сүйектерін ғалымдар Еуразиядан да, басқа құрлықтардың аумағынан да тауып жатыр.
Ал енді біздің еліміздің аумағында адамдар қалай қоныстанды, қоныстар қалай пайда болды және қалай дамыды, олардың атаулары қалай шықты деген сұрақтарды қарастырайық.
Оқулықтағы суреттерге қарап шығыңдар. Осы жерлердің қайсысына адамдар көбірек қоныстанды, қалай ойлайсыңдар? Неліктен?
Оқушылардың жауаптары
Мұғалім: Әрине, суы мол жерлерге қоныстанды.
Су – ең басты табиғат байлығы. Барлық адамдардың өмірі суға байланысты. Ерте заманнан бері адамдардың ірі және шағын өзендердің, көлдер мен теңіздердің жағалауына қоныстануы тегіннен тегін емес. Су бар жерде, өмір бар, тіршілік бар.
Француз жазушысы Антуан де Сент-Экзюпери су туралы былай дейді: «Су! Сенің не дәмің жоқ, не түсің жоқ, не иісің жоқ, сені сипаттау мүмкін емес, сенің қандай екеніңді білместен, сенімен шөл қандырады! Сені өмір сүруге қажетті деуге болмайды, өйткені сен өзің өмірсің! Сен бізді қуанышқа бөлейсің, сен бізге күш бересің... »
Су тек адамдарға ғана керек пе?
Оқушылар: Су, сонымен қатар, өсімдіктер мен жануарларға да керек. Оқулық
Оқулық суреттері
Таза су
Мұғалім: Су егіс даласына, орман-тоғайларға да керек. Онсыз не аң, не құс, не адам өмір сүре алмайды.
Ұ, Ж Сабақтың тақырыбын анықтаңдар. Сабақтың соңында қандай мақсаттарға жетуіміз керек екенін ойланыңдар. Оқушылар:
еліміздің аумағының қайда және елді мекендердің ол аймақта неліктен пайда болғанын білеміз;
табиғат жағдайлары адамдардың қоныстануына қалай әсер ететінін талдап үйренеміз. Тақта
Жаңа сабақ Мұғалім: Бүгін біз Қазақстанның картасы бойынша саяхаттаймыз. Адамдар еліміздің аумағы бойынша қай жерлерге қоныстанды, олардың қоныстануына жер бедері, климат, өсімдіктер мен жануарлар әлемі, су нысандары қалай әсер етті, осы сұрақтардың жауабын білетін
боламыз.
Су көздерінен бастайық. Қазақстанда қандай ірі көлдер, өзендер, теңіздер бар? Карта бойынша анықтаңдар.
Оқушылардың жауаптары
Каспий және Арал теңіздері, Балқаш, Жайсан, Алакөл көлдері, Орал, Ертіс, Сырдария, Есіл, Торғай, Ырғыз өзендері және т.б.
Мұғалім: Жер бедері дегеніміз не?
Оқушылар: Жер бедері дегеніміз – жер бетінің ойлы-қырлылығы. Жер бедерінің екі негізгі пішіні бар: таулар және жазықтар.
Мұғалім:
Қазақстанда қандай ірі таулар бар?
Оқушылар:
Алтай, Іле Алатауы (Тянь-Шань тауының сілемдері). Мұғалім:
Адам өмірінде климаттың алатын рөлі өте зор. Климат дегеніміз – ауа райының жергілікті жердегі көп жылдық режимі.
Сыныпқа тапсырма: Мына сұрақтар бойынша ойланыңдар:
адамдар ертеректе еліміздің қай аймағында қоныстанды: оңтүстікте ме, солтүстікте ме?
неліктен адамдар табиғаты бай, көп жануарлар тіршілік ететін жерлерді таңдады? Жауаптарыңды дәлелдеңдер.
Оқулықтағы мәтінді оқу (тапсырма орындалмайды). Оқулық
Карта (оқулық қосымшасы)
Дәптер
Оқулықтағы карта, жазуға арналған парақтар
Электронды қосымша
Мұғалім: Табиғат жағдайларының адам өміріндегі рөлінің орны өте зор екеніне көздерің жетті. Қазір топта жұмыс істей отырып, Қазақстанның картасын зерттейсіңдер және тапсырманы орындайсыңдар.
(Т) Топта жұмыс жасау
1-топтың тапсырмасы
«Су» сөзі қалалар мен ауылдардың атауларына кірігіп кеткен. Қазақстан картасын қарап шығып, өзеннің (көлдің, теңіздің) атауымен байланысты немесе атауға «су» сөзі кіріккен қалалар мен ауылдарды табыңдар.
2-топтың тапсырмасы
Картадан елді мекен атауында «Тау», «төбе» сөздері кездесетін қалалар мен ауылдарды табыңдар.
3-топтың тапсырмасы
Картадан еліміздің оңтүстігінде және Жетісуда орналасқан ежелгі қалалар – Түркістан, Шымкент, Тараз, Алматыны табыңдар. Олар неліктен осы жерлерде пайда болды,
түсіндіріңдер?
Топтардың тапсырмаларды көрсетуі.
Слайд-презентацияны көру және электронды қосымшадан тапсырманы орындау. Қазақстан картасы
Оқулық картасы
Рефлексия ҚБ «Үш смайлик» стратегиясы.
Мұғалім оқушыларға көңілді, бейтарап және мұңайып тұрған үш смайликтің суреті бейнеленген карточкаларды көрсетеді. Оқушылар өз көңіл күйлеріне сай келетін суретті таңдайды.
Мұғалім: Мына өлең шумағын тыңдап, біздің сабағымыздың тақырыбымен қандай байланысы бар екенін түсіндіріңдер
Су деген – өмір көзі, Тіршіліктің нәрі бұл. Су болмаса оянбайды, Табиғаттың барлығы.
Болмас еді шөп-шалаң, Болмас еді тірі жан.
Сол себепті балалар, Ысырап қылмайық суды.
Оқушылардың жауаптары Дәптер
Үй тапсырмасы Ғаламтор ресурстарын және қосымша әдебиеттерді қолданып, мына сұрақтардың жауаптарын Оқулық
тап:
сенің тұрып жатқан қалаңның немесе ауылыңның атауы қандай мағынаны білдіреді?
бұл елді мекен қалай және неліктен пайда болды?
оның пайда болуына қандай табиғат жағдайлары әсер етті? Мектеп: Мұғалімнің аты-жөні:
Сынып: Пән: Дүниетану №28 сабақ
Ортақ тақырып: Су – тіршілік көзі. Бөлімше: Туризм.
Күні: Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Тақырып: Туристің қайда саяхаттағаны дұрыс?
Оқыту мақсаты 3.2.4.1 Қазақстанның барынша тартымды туристік нысандардың рейтингісін жасау.
Сабақтың мақсаты (Күтілетін нәтижелер) Барлық оқушылар:
Қазақстанда қандай табиғаты әсем көрікті жерлер және мәдени нысандар бар екендігін біледі;
екеуінің арасындағы айырмашылықтарды көрсетеді.
Көптеген оқушылар:
сипаттамасы бойынша Қазақстанның туристік нысандарын атайды;
еліміздегі туристік нысандардың рейтингісін құрастырады;
туристік саяхаттың бағдарын таңдайды.
Кейбір оқушылар:
Қазақстандағы «туризмнің жеті кереметін» анықтайды;
Қазақстандағы кез келген туристік нысанның әсемдігі мен пайдасы жайында әңгіме жазады.
Тілдік мақсат Оқушылар Қазақстандағы ең көрікті туристік нысандар жайында баяндайды.
Пәнге қатысты лексика мен терминология:
Көрікті туристік нысан, рейтинг.
Диалогке/жазылымға қажетті тіркестер
Қазақстанда табиғаты әсем көрікті жерлер мен мәдени нысандары өте көп.
Туристер алдына қойған мақсаттарын негізге ала отырып, саяхаттайтын нысандарды таңдайды.
Талқыланатын мәселелер:
Қазақстанда табиғаты әсем қандай көрікті жерлер бар?
Қазақстандағы қандай тарихи және мәдени нысандарды білесіңдер?
Туристік саяхаттың бағдарын қалай таңдау керек?
Қазақстанның қандай туристік нысандары ЮНЕСКО Әлемдік мұра тізіміне кірген?
Жазылым:
Оқушы дәптеріне Қазақстандағы кез келген туристік нысанның әсемдігі мен пайдасы жайында әңгіме жазу.
Алдыңғы білімдер Қазақстандағы туризм
Сабақтың жоспары
Сабақ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Ой қозғау Мұғалім: Сырбай Мәуленовтың «Туған жер» өлеңін тыңдайық:
Торғай бойы, Тосын жері, Бұйра құмның бөктері.
Жаз самалы жан тербетті, Қандай әсем көктемі.
Биік шыңның бауырында, Бұйра толқын бал бұлақ. Бүгін мені қарсы алғандай, Ағып жатыр сылдырап.
Құрбылармен әзілдесіп, Ойнап-күліп күн ұзын. Көк шалғында көтеремін, Сырлы аяқтың қымызын. О, достарым, туған жердің, Жүзі ыстық керемет.
Тұр ма әлде тас төбемнен, Ғажайып нұр себелеп.
– Балалар, сабағымыздың тақырыбы қандай болмақ?
Дұрыс, балалар! Біз Қазақстан жайында, нақтырақ айтсақ, Қазақстандағы туризм жайында айтатын боламыз.
Әлемде көрнекті жерлер өте көп. Парижге барып, Эйфель мұнарасын көріп келдім,
Венециядағы қайықтармен серуендедім, ыстық жақтарға барып, жағажайда демалдым
дегендерді естіп жатамыз. Бірақ әрбір адам өз еліндегі барлық көрнекті жерлерді көрдім деп Дүниежүзінің көрікті жерлерінің
мақтана ала ма? Елімізде табиғаты әсем көрнекті жерлер, адам қолымен тұрғызылған мәдени, заманауи ескеткіштер өте көп. Суреттердің қайсысы табиғи көрікті жерлерге, ал қайсысы тарихи және мәдени нысандарға жатады?
(Ұ, Ж) Сабағымыздың тақырыбы «Туристің қайда саяхаттағаны дұрыс?»
Сабақтың мақсаттарын анықтайық:
Қазақстанның тарихи-мәдени және табиғи туристік нысандары жайлы білеміз;
Қазақстанның ең тартымды туристік нысандарының рейтингісін құрастыруды үйренеміз.
Оқушылар:
Бурабай шипажайы және Шарын каньоны – табиғи көрікті жерлер, ал қалғандары мәдени және тарихи ескерткіштер. суреттері
Жаңа сабақ Мұғалім: Саяхатымыздың бағытын таңдап алайық. Оқушылардың әңгімесін тыңдаймыз және оларға көмектесуге тырысамыз.
Оқулықтағы мәтінді оқу (тапсырмаға дейін).
Электронды қосымшадан слайд-презентацияны көру (тапсырмаға дейін).
(Т) Топта жұмыс жасау
1. Бес топқа бөліну: Батыс, Шығыс, Солтүстік, Оңтүстік және Орталық Қазақстан.
Топтарға тапсырма
Ғаламтор ресурстарын қолданып, Батыс, Шығыс, Солтүстік, Оңтүстік және Орталық Қазақстандағы туристік нысандаp туралы жарнама плакаттарын дайындаңдар.
Саған ұнаған кез келген туристік нысанды таңда және жарнама кітапшасын жаса. Буклеттің мазмұнында:
атауы
нысанның түрлері (иллюстрациялар, суреттер)
жарнама ұраны болсын. Оқулық Электронды қосымша
Ватман, маркерлер, Қазақстанның аймақтары туралы үлестірме материал
Мұғалімге арналған ақпарат
Батыс Қазақстанның туристік нысандары:
Орда кенті – Бөкей хандығының орталығы;
Бекет ата жерасты мешіті;
«Хан ордалы Сарайшық» мемориалды кешені;
Ақтау қаласындағы Каспий теңізі және оның жағалауы.
Шығыс Қазақстанның туристік нысандары:
Абайдың «Жидебай-Бөрілі» қорық-мұражайы; Қатонқарағай ұлттық табиғи паркі;
Семей қаласы;
Қозы Көрпеш - Баян сұлу кесенесі.
Солтүстік Қазақстанның туристік нысандары:
Астана қаласы;
Бурабай шипажайы;
Баянауыл ұлттық саябағы;
Сырымбет ауылындағы Шоқан Уәлихановтың қоныс-мұражайы.
Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Қазақстанның туристік нысандары:
Алматы қаласы;
Медеу мұз айдыны;
Шарын шатқалындағы «қамалдар алқабы»;
Алтын Емелдегі «әнші құм төбелер»;
Түрген сарқырамалары;
Тамғалы тас петроглифтер галереясы;
Отырар ескі қаласының орны;
Түркістан ежелгі қаласы және Қожа Ахмет Ясауидің кесенесі;
Тараздағы Айша-бибі, Бабаджа қатын, Қарахан кесенелері;
Байқоңыр ғарыш айлағы.
Орталық Қазақстанның туристік нысандары:
Балқаш көлінің маңындағы шипажай аймағы;
Сарыарқа (Солтүстік Қазақстан даласы мен көлдері).
Оқушылардың тапсырмаларды көрсетуі
Оқушылар жарнама плакаттарының негізінде Қазақстанға ойша саяхат жасайды. Ұнаған туристік нысандардың жарнама буклеттерін көрсетеді. Дәптер
Дайын сурттер Дәптер
Тапсырманы орындау.
В. «Жұмбақтау арқылы Қазақстанға саяхат жасау»: қай туристік нысан жайлы айтылып жатыр?
Электронды қосымшадан 1-2-тапсырмаларды орындау. Электронды қосымша
Рефлексия Электронды қосымшадағы 3-тапсырманы орындау:
Елестетіңдер, сендер «Қазақстандағы туризмнің жеті кереметі» деген жарнама парақшасын Электронды
қосымша
құрастырып жатырсыңдар. Қандай нысандарды парақшаға қосар едіңдер? Өзіңнің туған жеріңдегі көрікті туристік жерлерді қосуды ұмытпа.
(ҚБ) «Атқарған жұмысқа қошемет көрсету» стратегиясы.
Оқушылар сабаққа қосқан үлестеріне қарай бірін-бірі бағалайды және бір-біріне, мұғалімге өткізілген сабақ үшін алғыстарын білдіреді. Сабақты осылай аяқтау арқылы оқушылар бір- бірін сыйлау, қошемет көрсету секілді жақсы қасиеттерді бойына сіңіреді.
Менің сабақтағы көңіл күйім ... ұқсайды. Дәптер
Үй тапсырмасы Қазақстанның кез келген туристік нысанның әсемдігі мен пайдасы жайында шағын әңгіме
жазыңдар. Дәптер
Мектеп:
Мұғалімнің аты-жөні: Сынып: Пән: Дүниетану № 29 сабақ
Ортақ тақырып: Су – тіршілік көзі.
Бөлімше: 2.3. Табиғат жағдайлары және олардың маңызы
Күні: Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Тақырып: Табиғат және менің қауіпсіздігім
Оқыту мақсаты: 3.2.3.2 геологиялық және табиғи-климаттық апаттар туындаған жағдайдағы өзін-өзі ұстау ережелерін
құрастыру.
Сабақтың мақсаты (Күтілетін нәтижелер) Барлық оқушылар:
табиғат катаклизмдерінің не екендігін білетін болады;
төтенше жағдай кезіндегі қауіпсіздік техникасының қағидаларын сақтайтын болады.
Көптеген оқушылар өзінің жеке қауіпсіздігіне және айналасындағы адамдардың қауіпсіздігіне саналы түрде және жауапкершілікпен қарайтын болады.
Кейбір оқушылар:
өзінің тұрып жатқан аймағында қандай төтенше жағдайлар орын алуы мүмкін екендігін зерттейтін болады;
төтенше жағдай кезіндегі өзін-өзі ұстау қағидаларын құрастыратын болады.
Тілдік мақсат Оқушылар табиғатта немесе қоғамда төтенше оқиға болған кезде тез ұғынып, дұрыс әрекет ететін болады.
Пәндік лексика және терминология:
Табиғат катаклизмдері, төтенше жағдайлар, қауіпсіздік техникасы.
Диалогке/хатқа арналған пайдалы фразалардың топтамасы.
Аман қалудың, тірі қалудың басты постулаты – кез келген, ең қиын жағдайлар кезінде адам өз денсаулығы мен өмірін сақтай алады және сақтауға міндетті.
Талқылауға арналған сұрақтар:
«Төтенше жағдай» сөз тіркесінің мағынасын қалай түсінесіңдер?
Төтенше жағдайлар министрлігі дегеніміз не?
Төтенше жағдайлар кезінде өзіңді қалай ұстаған жөн?
Хат:
шумақ құрастыру.
Алдыңғы білімдер Табиғат құбылыстары
Сабақтың жоспары
Сабақ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Ой қозғау Мұғалім: Балалар, бізді қоршаған орта, мәселен, жан-жануарлар, өсімдіктер, өзен-көлдер, таулар, Жер, Күн, Ай, Жұлдыз және басқа да аспан денелері, сонымен қатар, табиғи құбылыстар, жауынның жауғаны, найзағайдың ойнағаны, желдің соққаны, бәрі-бәрі
табиғатты құрайды. Демек, табиғаттың да жаны бар. Ол да дем алады. Бүгін біз сабағымызда табиғатта болатын төтенше жағдайларды сөз ететін боламыз. Сабағымызды бастаймыз.
Өмір – адамға берілген баға жетпес қымбат сый. Өмір сүру құқығы барлық адамға бірдей беріледі, бірақ оны мәнді, мағыналы және бақытты қылып өткізу әр адамның өзіне
байланысты. Алайда біз алдымызда не күтіп тұрғанын, қандай қауіпті жағдайлар боларын білмейміз. Қай заманда да адам өз өміріне төнген түрлі қауіптермен, мысалы, табиғат
катаклизмдері, түрлі ауру-індеттер және басқа да қауіптермен аман қалу мақсатында күресіп келген.
Ұлы суретшілер табиғаттың сұрапыл күшіне таңдана, тамсана отырып, өздерінің шығармаларында дүлей апаттарды керемет бейнелеген.
«Виртуалды экскурсия»
– Осы құбылыстарды бір сөзбен қалай атауға болады? (Табиғи апат) Табиғат
дыбыстарының аудиожазбасы
И. Айвазовский, У. Тернер, И. Левитан суреттерінің көшірмелері
Жаңа сабақ Оқулықтағы «Талқылау» тапсырмасы бойынша жұмыс жасау.
Мұғалім: «Төтенше жағдай» сөз тіркесін қалай түсінеміз?
Төтенше жағдай дегеніміз – көптеген адамдарға қатер төндіретін қауіп. Берілген
анықтаманы оқушылар талқылайды, қаншалықты дәл берілгендігі жайында өз ойларын айтады, қажет болса өзгерістер мен толықтырулар енгізеді. Төтенше жағдайлар табиғи, техногенді және экологиялық болып бөлінеді. Біз сендермен табиғи төтенше жағдайлар жайын сөз ететін боламыз.
– Адам өміріне қауіп төндіретін апат түрлерін атаңдаршы (жер сілкінісі, дауыл, сел, өрт және т.б.).
Ж. Оқулықтағы тапсырманы орындау.
Берілген тапсырмамен жұмыс жасау.
Мұғалім: Төтенше жағдайлармен қарапайым адам бір өзі күресе ала ма?
Төтенше жағдайлар кезінде тез арада көмекке келетін адамдардың мамандығы қалай аталады, кім біледі? Қандай төтенше жағдай болмасын, мысалы, өрттің шығуы, селдің жүруі, жер
сілкінісі орын алуы кезінде біз тек қана сол адамдардың көмегіне жүгінеміз. Олар
құтқарушылар деп аталады.
Құтқарушылар дегеніміз – арнайы білім алған, түрлі дайындықтан өткен, төтенше оқиға орын алған жерде адамдарға көмек көрсетуге арналған барлық қажетті құралдармен жабдықталған құтқару қызметінің адамдары.
Кез келген жағдайда құтқарушылар көмекке бірінші болып келеді. Олар – басқа да
мамандықтардың, атап айтсақ, дәрігер, барлық санаты бар жүргізуші, өрт сөндіруші, сүңгуір, альпинист, кинолог, механик, газ-электр дәнекерлеушінің дағдыларын үйренген, бойына
жинаған әмбебап мамандар. Құтқарушылар үнемі дайындық жағдайында отыратын және қандай да бір жазатайым оқиғаға байланысты дабыл қағылса, жедел түрде қимылдап, көмекке ұмтылады.
Егер адам денсаулығына, өміріне қауіп төндіретін жағдайларға кезігіп жатсаңдар, дереу құтқару қызметінің бірегей 112 нөміріне қоңырау шалу жеткілікті. Қоңырау шалынған соң білікті маман бірнеше секундтың ішінде көмекке кімді жіберу керек екендігін
анықтайды. Сонымен қоса, құтқарушылар өз жұмысын қалай атқарды, дер кезінде көмек көрсете алды ма деген мәселелерге бақылау жүргізеді.
– Төтенше жағдайға тап болған адамдар өздерін қалай ұстау керек, қалай ойлайсыңдар? Оқулық
Слайд
Оқулық Дәптер
Дәптер Теледидар
жаңалықтарын көру
Телефон
Түрлі-түсті суреттер
Оқулық Слайдтар Дәптер
(Т) Берілген тапсырманы орындау. Жаппай тексеру. Мұғалім төтенше жағдай кезінде қандай дұрыс әрекеттер жасау керектігін түсіндіріп береді.
Қазақстан жерінде жиі болатын табиғи апат.
Жер сілкінісі дегеніміз – жерасты дүмпуі күштерінің әсерінен Жердің беткі қыртысының тербелуі. Бұл апат түрін барлық адам біледі десек те болады. Бәлкім, кейбіреулері оның куәсі болуы да мүмкін. Еліміздің оңтүстігінде орналасқан биік таулар аймағы сейсмикалық қауіпті аймақ болып табылады. Мұнда жер сілкінісі жиі қайталанып тұрады. Осындай табиғат апатының жақындап келе жатқандығын халыққа алдын ала ескерту үшін Сейсмология институты жаңа технологияларды пайдалану арқылы күнделікті жерасты дүмпуін зерттеп отырады.
Жер сілкінісінің адам өміріне тигізетін зардабы мол. Апат кезінде үйлер, ғимараттар қирауы, өрт шығуы мүмкін. Біздің тұрып жатқан үйлеріміздің материалы әртүрлі. Сондықтан олардың жер сілкінісіне беріктігі де әрқилы дәрежеде болуы мүмкін. Ағаштан және бөренеден тұрғызылған үйлер ең қауіпсіз болып табылады. Кірпіштен және панельден салынған
үйлердің беріктігі құрылыс материалы мен пайдалану жағдайларына байланысты. Әйнектелген ғимараттар жерасты дүмпуі болса, әйнек сынықтарының сынып, шашылуымен өте қауіпті. Ол жағдай сыртта тұрған адамға да қатер төндіреді.
Оқулықтағы «Жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекеттер» тапсырмасы
Ұжымдаса отырып, Жадынаманы құрастыру.
Ғимараттың теңселуін сезсеңдер, үдеп келе жатқан гуілдің және сынған әйнектің дыбысын естісеңдер, үрейге берілмеңдер, тез арада ғимараттан шығыңдар. Далада болған кезде ғимараттың жанында тұрмаңдар, ашық алаңға өтіңдер. Егер еріксізден ғимарат ішінде қалып қойсаңдар, қауіпсіз жерге, мәселен, ішкі қабырғаға, бұрышқа, ішкі қабырға ойығына немесе көтергіш тірек астына тұрыңдар. Егер мүмкіндік болса, үстелдің астына тығылыңдар, терезелер мен ауыр жиһаздардың қасынан аулақта болыңдар. Егер үйіндінің астында қалып қойсаңдар, жағдайға қарап, аяқ-қолдарыңды қимылдатып көріңдер. Егер қан кетіп жатса, қолдағы бар құралдармен оны тоқтатуға тырысыңдар. Ыңғайланып алып, денсаулыққа зиян келтіріп тұрған өткір, үшкір қалдықтардан құтылыңдар. Босқа айқайламауға тырысыңдар.
Одан гөрі металдан жасалған бұйыммен плитаны тақылдатқан жақсы. Жақын маңнан адамдардың дауысы естіліп жатса, көмек сұрау керек.
(Ө) Берілген тапсырманы орындау.
Орындалған жұмысты жаппай көрсету.
(Т) Жағдайды іс жүзінде көрсету. Карточкалар бойынша. № 1 карточка
Жер сілкінісі кезінде сендер үйде немесе мектепте болдыңдар. Іс-әрекеттерің қандай болады?
№ 2 карточка
Сел кезінде үйде болдыңдар. Іс-әрекеттерің қандай болады?
№ 3 карточка
Өрт кезінде сендер үйде болдыңдар. Іс-әрекеттерің қандай болады? Карточкалар. А3 парақтары, маркерлер, тақта
Рефлексия Мұғалім: Сендер ешқашан адам өміріне қауіп келетін жерлерде болмайсыңдар және табиғи апаттарға тап келмейсіңдер деп үміттенгіміз келеді. Алайда сондай жағдайлар болып
жатса, ең бастысы, сабырлық сақтаңдар және сабақта айтылған барлық нәрселерді еске түсіріңдер.
«Мен Құтқару қызметіне қоңырау соғамын» рөлдік ойыны және берілген тапсырманы
орындау. Дәптер
Үй тапсырмасы Оқулықтағы «Топпен жұмыс жасаймыз» тапсырмасын үлкендердің көмегімен Ғаламтор ресурстарын және қосымша әдебиеттерді пайдалана отырып орындауларыңа болады. Оқулық Дәптер
Мектеп:
Мұғалімнің аты-жөні: Сынып: Пән: Дүниетану № 30 сабақ
Ортақ тақырып: Су – тіршілік көзі. Бөлімше: 1.4 Денсаулық және қауіпсіздік.
Күні: Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Тақырып: Табиғи ортада қандай қауіп-қатерлер бар?
Оқыту мақсаты 3.1.4.3. түрлі дереккөздер негізінде табиғи ортадағы қауіп-қатерлерді анықтау және бағалау.
Сабақтың мақсаты (Күтілетін нәтижелер) Барлық оқушылар:
күнделікті өмірде қауіп төндіретін жағдайларды қарастыра алатын болады;
көмек көрсету қызметінің телефон нөмірлерін білетін болады.
Көптеген оқушылар:
төтенше жағдай кезінде өмір мен денсаулықты сақтап қалуды қамтамасыз ететін іс-әрекеттерді білетін болады;
алғашқы көмек көрсетудің әдістерін білетін болады.
Кейбір оқушылар:
қауіп-қатердің түрлерін, нысандарын және шығу көздерін анықтай алатын болады;
– төтенше жағдай кезіндегі іс-әрекеттің жоспарын құрастыра білетін болады.
Тілдік мақсат Оқушылар өз пікірін білдіре алады және оны дәлелдей алады.
Пәндік лексика және терминология:
Қоршаған орта, төтенше жағдайлар, қажетті телефон нөмірлері.
Диалогке/хатқа арналған пайдалы фразалардың топтамасы.
Кімде-кім біреудің өмірін құтқарса, ол бүкіл әлемді құтқарады. Табиғат мұқият атқарылмаған іс-әрекеттерді, қателіктерді кешірмейді. Ралф Эмерсон
Талқылауға арналған сұрақтар:
Қауіп-қатер қайдан төнуі мүмкін?
Төтенше жағдай болғанда қандай нөмірлерге қоңырау шалу керек?
Алғашқы көмекті қалай көрсету керек?
Хат:
Қауіп төндіретін жағдайлар туындаған кездегі жасалатын іс-әрекеттердің жоспарын құрастыру.
Алдыңғы білімдер Табиғи ортадағы менің қауіпсіздігім
Сабақтың жоспары
Сабақ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Ой қозғау Мұғалім: Балалар, күнде ұйқымыздан оянғанда бізді жаңа күн, жаңа мүмкіндіктер күтіп тұрады. Күн атып, бүкіл әлемге өзінің сәулесін шашады. Біз одан қуат алып, күнімізді
бастаймыз. Әркім күнделікті ісімен айналысады. Алайда әр күніміз ойдағыдай өте бермейді. Себебі айналамызда түрлі қауіп-қатерлер бар. Осы жайында сөз етпестен бұрын «Леопольд мысықтың жазы» мультфильміндегі «Бұл жағымсыз жағдайдан да өтеміз» әнін тыңдап алайық.
– Балалар, қалай ойлайсыңдар, неліктен сабағымызды осы әнмен бастап отырмыз? (Бізді
көшеде түрлі жағымсыз жағдайлар күтіп тұруы мүмкін. Бұл әнде сол жағдайлар туралы айтылады).
Мұғалім: Біздің айналамызда түрлі қауіп-қатерлер бар және кез келген уақытта олар
өмірімізге зиян келтіруі мүмкін. Қоршаған ортадағы кез келген нәрсе адам өміріне қауіп төндіруі ықтимал. Алайда біз ол қауіп-қатерлерді алдын ала көре және сезе алуды, сонымен қатар, оны болдырмау жолдарын қарастыруды үйреніп жатырмыз. Халық даналығында
«Сақтансаң, сақтайды!» деген сөз бар.
– Қауіп-қатер сөзін естігенде көз алдарыңа не келеді? Аудиожазба
Тақта
«Қауіп-қатер» сөзіне ассоциация картасын құрастыру.
Топпен жұмыс жасау.
– «Тіршілік ортасы» деген сөз тіркесін «қауіп-қатер» сөзімен байланыстырып көріңдер.
Жұмыстарды көрсету. А 3 парақтары, маркерлер
Жаңа сабақ Оқулықтағы «Есіңдн сақта!» мәтінін оқу.
Ұжымдаса отырып, «Қауіпті аймақ» сызбасымен жұмыс жасау. Оқулық
Мұғалім: Әңгімелерді мұқият тыңдап, соған қатысты өз ойларыңды айтып, пікірлеріңді білдіріңдер.
1) ...Бір адам алай-дүлей желден кейін жағажай бойымен жүріп келе жатып, алыста бір адамның ерсі би билеп жатқанын көреді. Қасына жақындай келе, ол адамның билеп
жатпағандығын түсінеді. Адам құмның арасынан бірдеңе алып, оны мұхитқа қарай лақтырып жатыр екен. Ол тағы да жақындай түсіп, былай деп сұрады:
Сіз не істеп жатырсыз?
Толқынның жағаға шығарып тастаған теңіз жұлдыздарын қайтадан суға лақтырып жатырмын.
– Не үшін?
Күн шықты, ал су болса кері кетті. Егер мен оларды суға тастамасам, олар өліп қалуы мүмкін.
Бірақ жағажай ұзындығы қаншама километрге созылып жатыр. Ал бұл жерде мыңдаған теңіз жұлдыздары бар, сіз барлығына бірдей жәрдемдесе алмайсыз ғой. Сіздің жасап жатқан ісіңіздің ешқандай мәні жоқ, бұл ештеңені өзгерте алмайды.
Жігіт қолына тағы бір теңіз жұлдызын алып, оған қарап шығып, теңізге лақтырды. Сосын былай деді:
Ал теңіз жұлдызы үшін бұл жәрдемімнің мәні бар, ол тірі қалып, өмір сүретін болады. Демек, ол үшін бәрі өзгереді.
(Мысал) Слайдтар
Дәптер
Слайдтар
2) Аспанға қарап отырмыз. Қара бұлт ақырын жылжып келеді. Оның қара болғаны соншалық, айналаның бәрі түнере бастады. Аспанды қою бұлт қаптады. Біз үйге қарай қаштық. Бұлтқа қарсы жүгіріп келеміз. Аяқ астынан жел соға бастады. Айналамыздағы барлық нәрсені үйіріп барады. Шаң көтеріле бастады. Құрғақ шөптер ұшып жүр. Бұталар мен ағаштар желдің әсерінен ары-бері қозғалып тұр. Үйге қарай жүгіріп келеміз.
Міне, жаңбыр қатты құя бастады. Үсті-басымыз су бола бастады. Найзағайдың ойнауы және күннің қатты күркіреуі бізді одан ары қорқыта түсті.
Мен жерге құлап түсіп, орнымнан тұрып, қайта жүгіріп барамын. Артымнан біреу қуып келе жатқандай, қатты жылдамдықпен жүгіріп келемін.
Міне, үйге жақындадық. Енді жүз қадам жасасақ, шатырдың астында боламыз. Бір-бірімізге жақындап, кереуетте отырмыз. Күннің қатты күркіреуі саяжайымызды орнынан шайқалтып жібергендей болды. Жаңбыр үйдің төбесіне даңғырлата құйып жатыр. Жауынның қатты
жауғанынан айналада ештеңе көрінбейді. (Михаил Зощенко)
3) Ертеде бір өзен болыпты. Басында ол биік, әдемі шыршалар мен ақ қайыңдардың арасында тығылып аққан кішкентай, көңілді бұлақ болыпты. Барлығы бұлақ суының тазалығына, оның дәмділігіне қызығыпты. Сосын бұлақ нағыз өзенге айналыпты. Өзеннің ағысы бұрынғыдай қатты емес еді, бірақ оның суы әлі де тұп-тұнық және таза болатын.
Өзен саяхаттағанды өте қатты жақсы көрді. Бір күні ол қалаға келді. Мұнда шыршалар мен қайыңдар өспейтін, оның есесіне адамдар тұратын үлкен, биік үйлер бар еді. Адамдар өте көп болды. Олар өзенді көріп қатты қуанды және одан қалада қалуды сұрады. Өзен келісімін береді. Енді оның үстімен кеме, қайық жүзе бастады, адамдар шомылып, жағасында күнге
қыздырынып жататын болды. Өзен бүкіл қаланы сумен қамтамасыз етіп тұрды.
Жылдар өтіп жатты, адамдар өзенге бойларын үйретті, бірақ одан ештеңе сұрамады, керісінше өзенге қатысты ойларына не келсе, соны жасайтын болды. Бір күні өзеннің жағасынан үлкен зауыт тұрғызды. Зауыттың құбырынан өзенге ласталған, лай су аға бастады. Бұл жағдай өзенге ауыр тиді, ол ластанып, лайланып, қарая бастады. Ешкім баяғыдай оның тазалығына, әдемілігіне қызықпайтын болды. Ешкім оның жағасында серуен құрмайтын болды. Өзенге неше түрлі керексіз заттарды, мысалы, банкілер, ағаштың кесілген қалдықтарын тастай
бастады. Өзенге көліктерін, кірлерін жуа бастады. Қала тұрғындарының ешқайсысы өзеннің де тірі жан екендігін ойламады.
(Н. Рыжов)
Сергіту сәті.
Ең ұқыпты оқушылар шапалақ соқсын! Ең еңбекқұмар оқушылар секірсін! Дәптер
Ең жинақы оқушылар отырсын! Ең қайырымдылары айналсын!
Ең сөзшең оқушылар адымдай бастасын!
Мұғалім: Адамдар күнделікті үйінен шығады да, тіршілігі қайнап жатқан үлкен әлемге кіріп кетеді. Бұл әлемде адам өміріне қауіп төндіретін, мәселен, байқаусызда жараланып қалудан
басталып және лаңкестік әрекетке тап келумен аяқталатын жағдайлар орын алуы мүмкін. Осы секілді жағдайларды «төтенше жағдайлар» деп атайды. Төтенше деген ауыр, қиын деген мағынаны білдіреді. Демек, төтенше жағдайлар дегеніміз – адам тап келуі мүмкін ауыр, қиын, жағымсыз жағдайлар. Осындай оқиғалар орын алып жатса, қалай өзіңді аман алып қалуға
болады, қалай тез әрі дұрыс шешім қабылдауға болады, кімнен көмек сұрауға болады?
Берілген тапсырманы орындау.
Мұғалім: Жылдың әр мезгілінде сендерге қандай қауіп-қатерлер төнуі мүмкін? (Т)
Оқулықтағы «Топпен жұмыс жасаймыз» тапсырмасын орындау. Жұмыстарды көрсету.
Мұғалім: Кез келген төтенше жағдайда адам жарақат алып қалуы мүмкін.
Тапсырманы орындау. (Т) «Өзім жасаймын»
№1.
Сенің досың серуендеп жүргенде құлап қалып, оның аяғын әйнек тіліп кетті. Қолдарыңда ешқандай дәрі-дәрмек жоқ. Іс-әрекеттерің қандай болады?
Жауаптары:
Жараның үстіндегі тамырды саусақпен қатты қысу;
Жарадан 3-5 см жоғары жерді бұраумен орау;
Қан кетіп жатқан жерді таңғышпен қысып байлау;
Аяқты барынша бүгу;
Аяқты көкірек қуысынан жоғары көтеру;
«Зиянды» сұрақтар.
Бұрауды жалаңаш теріге таңуға бола ма? (Жоқ)
Қандай шөп қан кетуді тоқтатады? (Жолжелкен)
Қанның көктамырдан немесе күретамырдан шығып жатқанын қалай білуге болады? Карточкалар Оқулық
Түрлі-түсті суреттер
Бұрау, таңғыш
Карточкалар Оқулық
Жолжелкен
(Көктамырдан қара-қошқыл, ал күретамырдан алқызыл қан шығады)
№2.
Сен үзіліс кезінде ойнап жүрдің, кенет сенің мұрныңнан қан кетті. Іс-әрекетің қандай болады?
Жауаптары:
Алға қарай иіліп отыру
Мұрынға мұз қою
Егер көмектеспесе, мұрынды 5-10 минутқа саусақпен қысып отыру.
Егер көмектеспесе, тұз ерітіндісіне мақтаны сулап алып (бір стақан суға 1 шәй қасық тұз) мұрынға салу.
Егер көмектеспесе, дәрігерге қаралу.
«Зиянды» сұрақтар.
Мұрыннан аққан қан тамаққа қарай ағылуы үшін шалқалап жатуға бола ма? (Жоқ)
Қанды сутек тотығымен тоқтатуға бола ма? (Иә)
Мұрыннан қан кеткеннен кейін шәй, кофе ішуге бола ма? (Жоқ)
№3.
Бақшада жүргенде сені сона немесе ара шағып алды. Іс-әрекетің қандай болады?
Жауаптары:
Теріден араның бізгегін бас бармақтың тырнағымен қысып отырып алып тастау;
Жараға суық компресс қою.
Оның аяқтары басынан жоғары тұруы үшін арқамен шалқалап жату;
Тыныс алуды жеңілдету (белдікті, көйлектің жағасын ағыту)
Көрпе жамылу;
Ештеңе ішіп, ештеңе жемеу керек.
«Зиянды» сұрақтар.
Сонаның бізгегін алып тастау керек пе? (Жоқ, сона бізгегін қалдырмайды)
Ал егер ара тіліңді шағып алса, ол күлкілі ме? (Жоқ, бұл өте қауіпті, тұншығып қалуың мүмкін)
Ара немесе сона шаққан кезде есіңнен танып қалуың мүмкін бе? (Иә, мүмкін, тіпті соңы өлімге алып келу де мүмкін) Түрлі-түсті суреттер
Мақта, тұз, стақан
Бұрау, таңғыш
Түрлі-түсті суреттер
№4.
Сендер от тұтандырып, балық сорпасын қайнатамыз деп шештіңдер. Ыдыстағы қайнап жатқан су төңкеріліп түсіп, досың қолын күйдіріп алды. Іс-әрекеттерің қандай болады? Жауаптары:
Күйген жерге мұз салынған қалтаны немесе суық суды 5-10 минутқа қою.
Күйген жердің айналасын спиртпен, жасыл дәрімен немесе марганец ерітіндісімен сүрту.
Тазартылған таңғышпен байлау.
Күйіп қалған адамға ауырсынуды басатын дәрі беру.
Оны ауруханаға жеткізу.
«Зиянды» сұрақтар.
Күйген жерден зақымданған теріні, киімнің қалдықтарын алып тастауға бола ма? (Жоқ)
Күйген жерді спиртпен, жасыл дәрімен, йодпен, маймен, жақпа маймен сүртуге, ұнтақ жағуға бола ма? (Жоқ)
Күйген жерді таңғышпен қатты байлауға бола ма? (Жоқ) Дәптер
Суық компрес
Суық су, спирт, марганец ерітіндісі, таңғыш
Йод, жақпа май, таңғыш
Рефлексия «Нысананы көзде» дәптермен жұмыс. Дәптер
Үй тапсырмасы Оқулықтағы «Өзім жасаймын» тапсырмасы. Оқулық
Мектеп: Мұғалімнің аты-жөні:
Сынып: Пән: Дүниетану № 31 сабақ
Ортақ тақырып: Демалыс мәдениеті. Мейрамдар. Бөлімше: 1.1 Менің отбасым.
Күні: Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Тақырып: Отбасының берекесі бәрінен де қымбат.
Оқыту мақсаты 3.1.1.3 Өз отбасыңның құндылықтарын анықтау.
Сабақтың мақсаты
(Күтілетін нәтижелер) Барлық оқушылар:
– отбасы мүшелерін жақсы көреді, оларға құрмет көрсетеді, қамқор болады;
– отбасылық құндылықтарды сақтаудың мәнін түсінетін болады.
Көптеген оқушылар:
– «отбасы», «бақытты отбасы» деген түсініктердің мағынасын ұғынатын болады.
Кейбір оқушылар:
Сыныптағы оқушылардың бірігіп, ұжымдасып жұмыс істеуіне жағдай жасайды, мүмкіндік туғызады.
Тілдік мақсат Оқушылар ойланып, өз пікірлерін дәлелдеп, қорытындылар шығара алады.
Пәндік лексика және терминология:
Отбасы. Береке. Бақыт.
Диалогке/хатқа арналған пайдалы фразалардың топтамасы.
Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі.
Талқылауға арналған сұрақтар:
Бақытты болу үшін не керек?
Барлық отбасылар бақытты ма?
Қандай рухани құндылықтар бізді бақытты қылады?
Хат:
«Сиқырлы сөз» жоспары бойынша әңгіме құрастыру
Алдыңғы білімдер Менің отбасымның рухани құндылықтары
Сабақтың жоспары
Сабақ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Ой қозғау Мұғалім: Барлығыңның жақсы көңіл күйде болғандарыңды көргеніме өте қуаныштымын. Жақсы көңіл күймен сабағымызды бастасақ, жақсы нәтижелерге жетеміз деп ойлаймын. Сабақтың басында мына аңызды көңіл қойып тыңдағандарыңды қалаймын.
Ерте, ерте, ертеде, көптеген ғасырлар бұрын аспанда қазіргі кездегідей көп жұлдыз болмапты. Түнде аспан ашық болған кезде тек бір ғана жұлдызды көруге болады екен. Ол жұлдыз бірде қатты жарқырап тұрса, бірде көмескі, күңгірт тартып тұратын болған. Бір күні Ай жұлдыздан былай деп сұрапты: «Жұлдыз, неге сенің жарығың әртүрлі: кейде түннің өзін самаладай
жарық етіп жібересің, кейде білінер-білінбес күңгірттеніп тұрасың»? Жұлдыз ұзақ үнсіз қалды да, терең демалып, жауап берді: «Мен жалғызсыраған кезде менің жарығым күңгірттенеді. Себебі менің жанымда мен сияқты, маған ұқсайтын бірде-бір жұлдыз жоқ. Ал мен қасымда жұлдыздардың болғанын қалаймын, оларды күнде көріп, күнде дауыстарын естігім келеді». «Ал қай кезде сен жарқырай түсесің?» – деп сұрады Ай. «Мен асығып кетіп бара жатқан жолаушыны көргенімде одан сайын жарқырай түсемін. Олардың қайда, кімге асығып бара жатқандығын үнемі білгім келіп тұрады». «Сен олардың қайда асығып бара
жатқандығын білдің бе»? – деп сұрады Ай. «Иә, – деді Жұлдыз.
– Бір күні мен осы сұрақты жолда көп уақыт жүрген жолаушыдан сұрадым. Оның жол Баяу музыка
жүруден әбден шаршағаны, қатты жүдегені көрініп тұрды. Әрбір басқан адымы оған қиыншылықпен келіп жатты. Бірақ көздері…». «Ал оның көздері қандай еді»? – деп ай
таңдана сұрады. «Бақыт пен шаттықтан олардың көздері жарқырап тұрды», – деп жауап берді де, терең демалып, қайта жалғастырды.
– Сенің көздеріңнен бақыт пен қуаныш көріп тұрмын, себебі не, жолаушы»? Жолаушы былай деп жауап берді: «Қақаған қыста тоңып, нанның бір үзіміне зар болып, күннің ыстығына тұншығып жүрсем де, мен барлық қиындықтарды артта қалдырып, тек қана алға жүріп
отырдым. Себебі үйде мені сағына, тағатсыздана күтіп отырған отбасымның – әйелім,
балаларым, немерелерімнің барын ешқашан естен шығармадым. Олардың бақытты жүздерін көру үшін, мен мүмкін емес нәрселерді жасауға дайынмын». Жұлдыз сәл үндемей тұрып,
былай деді: «Міне, өз үйіне, өз отбасына асығып бара жатқан жолаушылардың жолын
жеңілдету үшін, мен оларға жарық сыйлауға тырысамын». Ай Жұлдызға қарады да, былай деп сұрады: «Менің кішкентай ғана көмекшім! Ал сен өз отбасың болғанын қалайсың ба?» «Ал
бұл мүмкін бе?» – деп Жұлдыз үмітке толы көздерімен қарады. Осыдан кейін Ай бірде-бір сөз айтпастан, ойланбастан алтын түстес киімінің жеңімен бір сілтеп қалып еді, сол арада аспанда мыңдаған жұлдыздар пайда болып, айнала жарқырай түсті. Барлығы да кішкентай Жұлдызға жарықтарын төге, жылтылдай: «Біз сенің жаныңдамыз, біз осындамыз, енді біз – бір
Отбасымыз» деп сөйлегендей болды.
– Бұл ертегі не туралы? Дәл осы ертегіні не үшін тыңдадық, қалай ойлайсыңдар? Біз
сендермен қандай тақырыпты сөз етеміз? Дұрыс, біз сендермен отбасы жайында сөйлесетін боламыз.
Отбасы – жылы ұямыз, Тірегі – ата-анамыз.
Уыз сүт еміп осында, Уылжып біздер өсеміз. Осында үлгі аламыз, Осында адам боламыз. Еркелеп, ойнап, еліктеп,
Осында өсіп толамыз. (Естеу Нүсіпбеков) Жаңа сабақ Балалар, барлық адамдар бақытты болғысы келеді, солай емес пе? Егер барлық адамдар
бақытты болғысы келсе, онда барлығы да бір нәрсені ғана армандайды деген сөз бе? Яғни, бақыт деген ұғымды әр адам әрқалай түсінеді. Қазір қиын емес тапсырманы орындаймыз. Адам өміріндегі бақыт деген ұғымға сәйкес келетін маңызды нәрселерді маңыздылығына қарай нөмір қойып жазып шығыңдар.
Оқулықтағы «Бақытты өмір сүруге қажеттіліктерді өз түсінігіңе сай нөмірле?» деген тапсырманы орындау.
Қараңдар, барлығың 1 және 2 деген нөмірде отбасы және бала сөздерін бірауыздан жазған екенсіңдер. Неліктен отбасы мен бақыт өзара байланысты? Неліктен отбасы адам үшін сонша маңызды? (жауаптардың нұсқасы)
Отбасы – қоғамның негізі. Себебі қоғам отбасыдан тұрады. Егер отбасылық құндылықтар маңызын жоғалтатын болса, адамгершілік қасиеттер жойылатын болса, онда бүкіл қоғам құрдымға кетеді. Өмір, заман өзгереді. Заман өзгерген сайын мызғымастай көрінген
құндылықтар да, өкінішке орай, өзгере бастайды. Егер де адамдар бірінші орынға отбасы мен балаларын емес, өзінің мансабы мен жеке басын ғана қойса, қалай болады? (оқушылардың пікірі тыңдалады).
– Өкінішке орай, барлық отбасы махаббат пен түсіністікке құрылмаған. Кейде отбасы мүшелерінің арасында ұрыс-керістер орын алуы мүмкін. Қалай ойлайсыңдар, бір-біріне
жақын адамдар не үшін келіспей қалып жатады, оған не себеп болуы мүмкін? (оқушылардың пікірі)
Оқулықтағы суреттерге құрылған тапсырманы орындау
Оқушылар суретте бейнеленген жағдайларды талқылайды.
1-топ оқушылары мына сұраққа жауап іздейді: Ата-ана арасындағы ұрыс-керіске не себеп болды, қалай ойлайсыңдар?
2-топ оқушылары мына сұраққа жауап іздейді: Ата-анасы ұрысып жатқан кезде, бала қандай сезімде, қандай көңіл күйде болады?
3-топ оқушылары ата-ана арасында болған ұрыстың жолдарын қарастырады. Мәселелерді талқылап болған соң, әр топтан бір оқушыдан шығып, өз тобының пікірін қорғап шығады.
Мұғалім: – Ал қазір мына мәселе бойынша ойланып көріңдер. Отбасындағы ұрыс-керістер үнемі үлкендердің арасындағы мәселелерге байланысты туындай ма? Сендердің тәртіптерің, өздеріңді ұстауларың ата-ана арасындағы келіспеушілікке алып келуі мүмкін бе? Сендердің қай теріс қылықтарың ата-ананың ызасын келтіруі мүмкін? (балалардың жауабы)
Оқулықтағы «Топпен жұмыс жасау» тапсырмасын орындау.
Мұғалім: Қоғамда әртүрлі отбасылар кездеседі. Кейбір отбасыларда тек бір ғана ата-ана Оқулық, слайдтар
Оқулық
А 3 парақтары, маркерлер
Оқулық Слайд
болуы (анасы немесе әкесі) мүмкін. Бірақ бұл жаман емес. Егер отбасы өзара түсіністікке құрылса және отбасы мүшелері бір-біріне қамқорлық танытса, мұндай отбасылар ең жақсы жанұяға айналады. Көп балалы отбасылар бар. Біздің елімізде көп балалы және өмірін сол балаларының өсіп-жетілуіне арнаған аналарға ерекше құрмет көрсетіледі. Оларға арналған арнайы марапаттар бар. Бұл медальдар «Алтын алқа» және «Күміс алқа» деп аталады.
Қазақстан Республикасының болашақ азаматын тәрбиелеу, оның бойына жақсы қасиеттерді сіңіру көп еңбекті талап етеді емес пе?
(Ж) Берілген тапсыраны орындау.
Ерте заманда бір шаңырақ астында тұратын отбасы мүшелері өте көп болған. Атасы, әжесі, анасы, әкесі, балалары, немерелері, шөберелері – барлығы бірге тұрған. Бірігіп еңбек еткен,
балаларды тәрбиелеген, үлкендерге құрмет көрсетіп, бір-біріне қамқор болған. Барлығы тату- тәтті өмір сүрген. Осы сөзімізге дәлелді біз мақал-мәтелдерден таба аламыз. Кәне, мақал- мәтелдерді құрастырып көрейікші.
(Ө) Тапсырманы орындау.
«Мені түсін» шығармашылық ойыны
Мұғалім: Жақын адамдар бір-бірін сөзсіз түсінетіні анық.
Тапсырма: Ым, ишараның көмегімен келесі тапсырмаларды орындау керек. Карточкалар
Қызы анасына: «Маған биік өкшелі туфли сатып алып беріңізші».
Әкем анама: «Маған кешкі сегізде қоңырау соқ».
Ағам әпкеме: «Кеттік, бутербродпен шай ішіп алайық».
Немересі әжесіне: «Өтінемін, құймақ пісіріп беріңізші!».
Анам әкеме: «Майшабақты тазалап берші».
Әкесі балаларына: «Мен келмейінше компьютерді қоспаңдар».
Мұғалім: Тапсырманы ойдағыдай орындағандарыңа қуаныштымын.
(Т) Оқулықтағы жоспар бойынша «Сиқырлы сөз» тақырыбында әңгіме құра тапсырмасын орындау.
Мұғалім: Балалар, біз тағы бір отбасы туралы айтуды ұмытып барамыз. Ол отбасы – біздің сыныбымыз. Сынып – сендердің екінші отбасыларың. Мұнда біз көп уақытымызды бірге өткіземіз, бірге еңбектенеміз, білім аламыз, пайдалы істермен айналысамыз, бірге көңіл көтереміз, демаламыз. Біздің сыныбымыз - өте ұйымшыл.
– Балалар, кез келген отбасы бақытты да баянды өмір сүруі үшін оның әрбір мүшесі белгілі бір жақсы қасиеттерге ие болуы керек. Бір-бірін жақсы түсініп, қамқорлық танытып, барлық
нәрсені ұйымдасып істесе ғана әрбір отбасы бақытты болады. Дәптер
Жеке карточкалар
Оқулық Дәптер, тақта,
«Үйімізде бақыт» суреті, үйге апарар жолдар
Рефлексия Балалар, әлемдегі бейбітшіліктің, келісімнің символы не екенін білесіңдер ме?
Ақ көгершін, көгершін, Қолқанат құс сен едің. Бар, кезіп қайт, ел үшін, Кең дүниенің көлемін... Тыныш-бейбіт өмірдің Белгісі боп қанат қақ... Ел тілегін алып ұш,
Адамзаттың бағына... (Нығмет Баймұхамедов)
Жай ғана көгершін емес, ақ көгершін. Неліктен, білесіңдер ме?
Сендердің парталарыңда көгершіндер жатыр. Кәне, осы ақ көгершіндерді ашық аспанымызға ұшырайықшы. Біздің көгершіндеріміз, сонымен қоса, сиқырлы күшке де ие. Өз отбасыларыңа қандай тілек тілейсіңдер? Сол арман-тілектеріңді көгершіндерге жазыңдар. Олар сендердің
жазған тілектеріңді таратады, сосын барлық тілектерің орындалады. Көгершіннің суреттері
Үй тапсырмасы «Мені түсін»
Ол өте қайырымды, балаларды жақсы көреді. Балалар нені қаласа, сатып алып береді. Ол өте қамқор, ешқашан дауыс көтермейді. Оның ең жақын адамы – ол атамыз. Кім жайында айтып жатырмыз? (Әже) Өз әжелерің жайында хабар жүргіз.
Ата-аналарыңмен біріге отырып, «Отбасылық бақыттың құпиясы» жобасын жасаңдар. Оқулық Дәптер
Мектеп:
Мұғалімнің аты-жөні: Сынып: Пән: Дүниетану № 32 сабақ
Ортақ тақырып: Демалыс мәдениеті. Мейрамдар. Бөлімше: 1.2 Мектеп және мектеп қоғамдастығы.
Күні: Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Тақырып: Мен және қоғам
Оқыту мақсаты 3.1.2.3 қоғамда өзін-өзі ұстау әдеп нормаларын түсіндіру.
Сабақтың мақсаты (Күтілетін нәтижелер) Барлық оқушылар:
жанжалсыз, даусыз қарым-қатынас құрудың этикалық нормаларын білетін болады;
қоршаған әлемді позитивті қабылдай алатын болады.
Көптеген оқушылар:
алған білімдерін өмірде пайдаланатын болады.
Кейбір оқушылар:
Сыныптастарына деген өзінің қарым-қатынасын түзейтін болады.
Тілдік мақсат Оқушылар қоғамда өзін қалай ұстау керектігін үйренеді, тәртіпсіздік жасаудың соңы неге алып келетіндігін түсінеді.
– Пәндік лексика және терминология:
Адам, қоғам, мейірім.
Диалогке/хатқа арналған пайдалы фразалардың топтамасы:
Әдептілік – әдемілік белгісі
Талқылауға арналған сұрақтар:
– Адамдардың арасында өзіңді қалай ұстау керек?
Рухани құндылықтар дегеніміз не?
Келеңсіз жағдайлар орын алса, оны қалай түзетуге болады?
Хат:
Берілген тапсырмадағы сұрақтарға жауап беру.
Алдыңғы білімдер Отбасының берекесі бәрінен де қымбат
Сабақтың жоспары
Сабақ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Ой қозғау Мұғалім:
Адамның бақытты ғұмыр кешуі үшін табиғат барлығын жаратты: ағаштар, жарқыраған күн, таза су, құнарлы топырақ, және де бізді – күшті, әдемі, дені сау, саналы адамдарды. Барлық адам бақыт үшін жаралады. Оның жүрегі тек қана мейірімділікке, қайырымдылыққа толы
болуы керек.
Өмір – адамға берілген баға жетпес сый. Өмірдің әрбір сәтіне қуана білу керек. Айналаңдағы табиғаттың әсемділігіне сүйсіне білу керек. Адамдарға жылы сөздер айтып, күлкіңмен қуаныш сыйласаң, сенің де өмірің бақытқа толы болады.
Егер менімен келіссеңдер, «Өмір – бізге берілген бағалы сыйлық!» деп айтыңдар.
Балалар, бүгінгі сабаққа дейін біз сендермен әдептілік жайлы, өзіңді ұстау мәдениеті жайлы көптеген әңгіме жүргіздік. Бүгінгі сабағымыз осы әңгімелердің жалғасы болмақ. Бірінші
сыныптан бастап біз сендермен мектепте, көшеде, қоғамдық орындарда өз-өзіңді қалай ұстау керек деген мәселелерді оқыдық. Сендерге кішіге ізет, үлкенге құрмет көрсетуді, адамдарға қуаныш сыйлауды, қайырымды, мейірімді болуды үйреттік.
Сендер өздеріңді қоғамдық орындарда қалай ұстайсыңдар, үнемі әдептілік танытып
жүресіңдер ме, адамдарға деген қарым-қатынастарың қандай? Осы мәселелерді ойланып көріңдерші. Сендер ештеңе жасырмай, барлығын ашық айтады деп үміттенемін. Слайдтар
Жаңа сабақ Мұғалім: Бүгін біз «адам» деген ұғыммен жақын таныса түсеміз. Қалай ойлайсыңдар, «адам» және «қоғам» деген сөздер бір мағынаны білдіре ме? (оқушылардың пікірі тыңдалады) Оқулықтағы «Ненің артық екенін анықта» тапсырмасын орында.
Мұғалім: Адам басқа адамдардың қасында тұрғанда өзін жақсы сезінуі үшін нені білуі керек деген мәселеде әңгімелесейікші.
Адам қоғамда өзін қалай ұстау керек, қалай өмір сүру керек?
Тапсырмасын орындау.
Мұғалім: Кішкентай кездеріңнен ата-аналарың сендерге «мұны жасауға болады» және «мұны жасауға болмайды» деген сөздерді айтып, ненің жақсы, ненің жаман екенін үйретіп келді.
Сосын «Сен дұрыс жасадың» немесе «Сенің жасағаның дұрыс болмады» деп айта бастады.
Сендер ертегілерді тыңдадыңдар, мектепке келгенде өздерің оқи бастадыңдар. Ертегіден сендер мейірімді және жауыз кейіпкерлердің болатынын білдіңдер. Сендер жақсылық
жасауды үйрендіңдер. Үлкендердің берген бағасына және ертегі кейіпкерлерінің іс-әрекетіне қарап, өздеріңнің дұрыс немесе бұрыс жасағандарыңды білдіңдер.
Ал енді өскенде ше? Неліктен ата-аналар «Бала кішкентай кезінде алтын еді, қазір тыңдамайды, барлығын керісінше істейді» деп айтатын болды?
Себебі, сендер өстіңдер және өмірдің ертегі емес екендігін ұғындыңдар. Ал адамдар ертегідегідей жақсы және жаман кейіпкерлерге бөлінбейтіндігін түсіндіңдер. Жамандықты жақсылықтан үнемі айыра бермейсің. Себебі жамандықты білдіртпей жасауы мүмкін, бірден барлығын ұғыну, түсіну қиынға соғады. Кей кездері өзің де айыра алмай, шатасып қалуың мүмкін.
(Ж). Оқулықтағы «Қиын мәселелерді шеш» тапсырмасы
Әдепті адам қандай болу керек? Бір-біріңе сынақ жүргізіп көріңдерші:
Біреудің үйіне немесе пәтеріне кірместен бұрын не істеу керек?
Адамдар бір-бірімен кездескенде және қоштасқанда қандай сөздер айтады?
Кім кімге орын беруі керек? (қонаққа барғанда немесе қоғамдық көлікте).
Қонаққа, театрға, кітапханаға келгенде баскиімді шешу керек пе?
Сен кәмпит жеген соң, оның қағазын не істейсің?
Жануарларды ренжітетін адамдарды әдепті деп атауға бола ма?
Неліктен нағыз әдепті, сыпайы адамдар ешқашан өтірік айтпайды, мақтанбайды, өзінің Оқулық
Оқулық
Карточкалар
достарын ренжітпейді? Ішінара өзара бағалау: сен өзіңнің көршіңді әдепті, сыпайы адам деп есептейсің бе? Өзіңнің жауабыңды дәлелде. Берілген күрделі жағдайларды ұжымдаса отырып шешу.
(Ж) Оқулықтағы «Жұптасып жұмыс жасаймыз» тапсырмасын орындау. Дәптер
Жауаптарды талқылап болғаннан кейін, сыныпты үш топқа бөлу керек. Бірінші топ
адамдардың қандай құқықтары болғанын қалайды? Сол құқықтарды құрастырады. Екінші топ қандай заңдармен өмір сүргісі келеді? Сол заңдарды құрастырады. Ал үшінші топ
азаматтардың қандай міндеттері болғанын қалайды? Сол міндеттерді құрастырады.
Мұғалім топтың жұмысына бақылау жүргізеді, қиындық туып жатса, көмектеседі. Топ өкілдерінің шығуы.
Оқулықтағы В. Маяковскийдің өлеңінен үзінді оқу. (ҚБ) «Ыстық орындық» стратегиясы.
Өз қалауларымен ортаға 3 оқушы шақырылады. Қойылған сұраққа тек қана шындықпен жауап беру керек, сосын сыныптастары тарапынан сұрақ туындап жатса, оған да жауап беру керек. Мультфильм
Сендерге біреу тіл тигізсе, дөрекі сөйлесе, былапыт сөздермен ұрысып жатса, оны есту сендерге ауыр ма?
Адамдармен қарым-қатынастарың қандай? Сол жайында ойландыңдар ма? Сөйлеген сөздеріңе мән бердіңдер ме?
Қандай әдепсіздіктер адамдар арасындағы қарым-қатынастың бұзылуына алып келеді?
(Т) Оқулықта берілген көріністерді ойнап шығу
«Қоғамдық орындардағы тәртіп ережесі» постерін құрастыру Көрініске арналған атрибуттар
А 3 парақтары, суреттер Оқулық, дәптер
Рефлексия Мұғалім: Адамдармен қандай қарым-қатынаста болуларың тек қана өздеріңе байланысты екенін естен шығармаңдар. Әрқашан мейірімді, ақ көңіл болыңдар, ниеттерің таза болсын деген тілектерді арнағым келеді.
Өмір сүруге көмектесетін және айналаңдағы адамдарға тек қана шаттық сыйлайтын қағидаларды ешқашан ұмытпай, есте сақтап жүріңдер. Дәптер
Үй тапсырмасы Оқулықтағы «Жанды әріптер» тапсырмасын ата-аналарыңмен ақылдаса отырып, орындаңдар. Оқулық
Дәптер
Мектеп: Мұғалімнің аты-жөні:
Сынып: Пән: Дүниетану № 33 сабақ
Ортақ тақырып: Демалыс мәдениеті. Мейрамдар Бөлімше: Мейрамдар
Күні: Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Тақырып: Қазақстан халықтарының мейрамдары
Сабақтың мақсаты 3.1.6.1 зерттеулер негізінде Қазақстан халықтарының ұлттық мерекелерін шығармашылық түрде ұсыну.
Сабақтың мақсаттары (Күтілетін нәтижелер) Барлық оқушылар:
Қазақстанда қандай мейрамдар аталып өтілетінін біледі;
Қазақстан халқының бірлігі күні қашан және қалай тойланатынын біледі;
ұлттық мәдени орталықтар немен айналысатынын біледі;
мейрамдардың не үшін керек екенін түсінеді.
Көптеген оқушылар:
еліміздегі мейрамдардың күнтізбесін құрастырады;
салыстырады, қорытындылар шығарады;
мәселені талқылайды, пікірлерімен бөліседі.
Кейбір оқушылар:
еліміздегі мейрамдарды шығармашылық тұрғыда көрсетеді;
өзінің тұрғылықты жеріндегі бір халықтың мейрамына сипаттама береді.
Тілдік мақсат Оқушылар:
– мейрамдардың маңызын түсіндіреді.
Пәнге қатысты лексика мен терминология: Мейрамдар, достық, келісім, толеранттылық. Диалогке/жазылымға қажетті тіркестер
Қазақстанда 120-дан астам ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатыр. 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні.
Еліміздегі мейрамдар ұлттық, мемлекеттік және кәсіби болып бөлінеді. Талқыланатын мәселелер
Біздің елімізде қандай мейрамдар аталып өтіледі?
Мейрам күндері адамдар не істейді?
Қазақстанда қандай ұлттың өкілдері тұрады? Олар жайлы не білесіңдер?
«Қазақстан халықтарының тату-тәтті жанұясы» сөзін қалай түсінесіңдер?
«Толеранттылық» сөзін естігендерің бар ма? Ол нені білдіреді?
Жазылым:
Қандай мейрамды ерекше жақсы көретінің және не үшін жақсы көретінің жайлы дәптеріңе шағын әңгіме жаз.
Алдыңғы білімдер Наурыз мейрамы
Сабақ жоспары
Сабақ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Ой қозғау Мұғалім: Мейрамдар не үшін керек, қалай ойлайсыңдар?
Оқушылар:
көңіл көтеру үшін, өзіңді бақытты сезінуің үшін;
күнделікті шаруадан көңіл сергіту үшін;
жақындарыңа сыйлық жасап немесе тәтті тағамдар дайындап, оларға қуаныш сыйлау үшін;
шығармашылық қабілеттеріңді көрсету үшін және т.б.
(Ж) Парталас көршіңмен мына сұрақтар бойынша әңгімелес:
біздің елімізде қандай мейрамдар аталып өтіледі?
мейрам күндері адамдар не істейді?
«мейрам» сөзін естігенде көз алдыңа не келетінін сипаттап бер: түрлі дыбыстар, иістер, көңіл-күй, т. б.
(Ұ, Ж) Сабақтың тақырыбын анықтаңдар. Сабақтың соңында қандай мақсаттарға жетуіміз керек:
–Қазақстанда тұратын халықтардың мерекелері жайында білеміз;
елімізде аталып өтілетін мерекелерді шығармашылық түрде көрсете білуді үйренеміз. Оқулық
Жаңа сабақ Оқулықтағы мәтінді оқу (тапсырмаға дейін).
(Т) Топта жұмыс істей отырып, мейрамдардың бірі туралы постер дайындаңдар. Оған шағын төрт жолды өлең шумағын, мерекелік ашық хатты, құттықтауларды қосуға болады.
Мейрамның қашан және қалай тойланатыны жайлы шағын әңгіме құрастырыңдар немесе қысқаша сахналық қойылым дайындаңдар.
Оқулықтағы 85 беттегі екінші азат жолдағы мәтінді оқу Мұғалімге арналған ақпарат:
Ораза айт – (арабша: Ораза – жаман істен тиылу, тәуліктің күндізгі уақытында ауыз бекіту, исламның бес парызының үшіншісі). Рамазан айындағы оразаның аяқталғаннан кейінгі Оқулық
Шәууәл айының бірінші күні Ораза айт деп аталады. Бұл күні мұсылмандар мешітте жиналып жамағатпен Айт намазын оқиды. Ораза ұстауға тиым салынған күн.
Құрбан айт – мұсылмандардың ең қасиетті мерекесі. Құрбан айтты мерекелеу намаз оқудан басталады. Намаздан кейін қойды немесе қошқарды құрбандыққа шалады. Малдың етін үшке бөліп, бір бөлігін кедей-кепшіктерге береді, бір бөлігін өздеріне қалдырады және бір бөлігін айттап келген қонақтарға дайындап береді. Бұл қасиетті күні адамдар бір-бірін мерекемен құттықтап, тілектерін білдіреді.
ҚБ «Күтпеген ақпарат» стратегиясы.
Сабақта өтілген материалдың ішінен сіздің болжамдарыңыз бен ұғымыңызға сай келмейтін, күтпеген ақпаратыңызды таңдаңыз.
Мұғалім:
Әр халықтың өзінің бай мәдениеті бар. Ұрпақтан ұрпаққа аңыздар, ертегілер, дәстүрлер беріліп отырады. Әр халықтың өзінің ертегілері, өзінің сәбиге айтатын бесік жыры болады. Бірақ барлық халықты бақыт, әділеттілік, бейбітшілік, достық туралы армандар біріктіреді. Қазақстан халықтарын, сонымен қатар, мейрамдар біріктіреді.
Қазақстанда қандай ұлттың өкілдері тұрады? Олар жайлы не білесіңдер?
«Қазақстан халықтары – тату отбасы» сөзін қалай түсінесіңдер?
«Толеранттылық» сөзін естігендерің бар ма? Ол нені білдіреді?
халықтар арасындағы толерантты мінез-құлыққа мысалдар келтіріңдерші. Слайд- презентацияны көру және электронды қосымшадағы тапсырманы орындау.
Тапсырманы орындау.
А. Бос орындарды толтыр
С. Өз елді мекеніңдегі ұлттардың мерекесін сипатта. Фото сурет желімде немесе суретін сал. Оқулық (сөздік)
Электронды қосымша Ватман мен маркерлер
Дәптер
Рефлексия Тапсырманы орындау.
Қай мейрамды ерекше жақсы көретініңді және не үшін жақсы көретініңді жаз. Сабақтағы жұмысыңа баға бер.
(ҚБ) «СМС хабарлама» стратегиясы. Досыңа СМС-хабарламамен сабақтың қалай өткенін және сабақта қалай жұмыс істегенің жайлы хабарлама жазып жібер. Дәптер
Үй тапсырмасы Тапсырманы орындау. Өзіңнің тұрғылықты жеріңдегі бір халықтың мейрамына сипаттама бер. Үлкендерден алған мәліметтерді, қосымша әдебиеттерді пайдалан. Сол мейрамға
қатысты түсірілген фотосуреттерді жабыстыруға болады. Дәптер
Мектеп:
Мұғалімнің аты-жөні: Сынып: Пән: Дүниетану № 34 сабақ
Ортақ тақырып: Демалыс мәдениеті. Мейрамдар. Бөлімше: Менің отбасым
Күні: Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Тақырып: Өз шығыстарыңды қалай жоспарлаған жөн?
Оқыту мақсаты өз шығыстарын жоспарлау.
өз шығыстарын оңтайландыру жолдарын ұсыну.
Сабақтың мақсаты (Күтілетін нәтижелер) Барлық оқушылар:
«отбасының бюджеті», отбасының «шығыстары мен кірістері» деген түсініктерді білетін болады;
отбасылық бюджеттен өзіне жұмсалатын шығыстарды дұрыс жоспарлаудың қағидаларын білетін болады.
Көптеген оқушылар:
оқушыларға таныс өмірлік жағдайлардың өзара байланысын сезінеді, рөлдік ойындар арқылы әлеуметтік рөлдердің негізгі құзыреттерін түсінеді.
Кейбір оқушылар:
ата-анасының өзіне берген ақшасын үнемдеп жұмсауды үйренеді;
өзінің жеке шығыстарының «паспортын» құрастыра алатын болады.
Тілдік мақсат Оқушылар отбасылық бюджеттің не екенін, оның қалай жиналатынын, отбасының шаруашылығы қалай жүргізілетінін түсіндіреді; салыстырады, талдау жасайды, қорытындылар шығарады.
Пәндік лексика және терминология:
Отбасылық бюджет, экономика, кіріс – шығыстар.
Диалогке/хатқа арналған пайдалы фразалардың топтамасы
Ақша қай кез, қай жаста бұл бек керек. Бірақ жас адам ол ақшаны
Жылпос жолдастай көреді, Аямайды, неге болса Соған оны жұмсайды.
Қартайған адам ол ақшаны Сенімді достай көреді.
Бейне бір көздің қарашығындай сақтайды
(А.С. Пушкиннің «Сараң сері» драмасынан үзінді. Аударма Ж. Аймауытовтікі)
Талқылауға арналған сұрақтар:
Отбасылық бюджет дегеніміз не?
Отбасының кірісі неден тұрады, қалай жиналады?
Экономика не үшін керек?
Хат:
«Мен және менің шығыстарым» тақырыбында эссе жазу.
Алдыңғы білімдер Қазақстан халқының мерекелері
Сабақтың жоспары
Сабақ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Ой қозғау Мұғалім:– Араларыңда кім дүкенге жиі барады, айтыңдаршы? – Бір бөлке нан қанша тұрады? 1 кг қант ше? Бір қорап тұз ше? Сабын? Тіс пастасы? – Барлығың дүкеннен бірдеңе сатып аласыңдар, солай емес пе? Ал сендер ақшаны қайдан аласыңдар, кім береді? (оқушылардың жауабы)
(Ө) Қысқа тестті орындау.
Отбасылық бюджет қалай жиналады?
а) айлықтан, зейнетақыдан, шәкіртақыдан; ә) кірістен және шығыстан;
б) ақшадан.
Отбасының бюджетіне түсетін ақшалар қалай аталады? а) шығыстар;
ә) пайыздар; б) кірістер.
Авторлық сыйақы дегеніміз – ол ... а) айлық;
ә) салық;
б) қаламақы.
Отбасының бюджетінен жұмсалатын ақшалар қалай аталады? а) кірістер;
ә) шығыстар; б) түсімдер
Кіріс ... болса, онда отбасының бюджеті дұрыс жүргізілгені. а) шығыстан көп; Оқулық Тесттер
ә) шығысқа тең; б) шығыстан кем.
6. Айлық, зейнетақы, шәкіртақы – бұлар ... әртүрлі түрлері. а) кірістің;
ә) шығыстың; б) қаламақының
– Енді білімдеріңді тексеру үшін жауап парақшаларыңмен алмасыңдар. Енді таңдаған жауаптарыңның әріптерін теріп жазыңдар. Қандай сөз шықты? (Бюджет) – «Отбасылық бюджет» дегеніміз не, кімнің естуі бар? Жаңа сабақ Оқулық
Оқулықтағы «Есіңе түсір» сұрақтарына жауап ізде.
Бүгін біз сендермен отбасын «қаржыландырудың» құпиясын ашатын боламыз, «отбасылық бюджет» дегеніміз не, ол қалай жиналады, отбасылық бюджетті ұқыпты ұстау керек пе және өз шығыстарыңды қалай жоспарлау керек деген сұрақтарға жауап іздейміз. Балалар,
отбасылық бюджетті өзен және көл деп бейнелейік. Кіріс деп аталатын өзен, Бюджет деп Ертегіден үзінді Дәптер
аталатын көлге келіп құяды, ал бұл көлден Шығыс деп аталатын басқа өзен ағып шығады. Енді қараңдар, Кіріс деп аталатын өзен Шығыс деп аталатын өзенге тең. Мұндай бюджет теңдестірілген деп аталады. Оқулықтағы «Сұрақтар мен тапсырмаларды» орындаймыз. Тақта (слайд)
– Үнемділік сөзіне синоним табыңдар. – «Үнемділік – байлық бастауы», «Теңге тиыннан құралады» мақалдарының мағынасын түсіндіріңдер. «Блиц жарыс» Әр топ сұрақ алып, оның жауабын сыныптың әр шетіне ілінетін нөмірленген парақтарға өз маркерінің түсімен жазады. А 3 парақтары, түрлі түсті маркерлер
Мұғалім белгі бергеннен кейін топтар сағат тілінің бағытымен орындарын (сұрақтарын) ауыстырып, жауапты толықтырады.
Топтың берген барлық жауабын талқылау және барлық топтың пікірін есепке алып, нақты жауапты ұсыну.
Пәтерақыдан қалай үнемдеуге болады? Оның қандай бөлігінен үнемдеуге болады? (Суды үнемдеу! Қандай жолмен? Үйде электр жарығының бостан босқа жанып тұрмауын, судың ағып тұрмауын қадағалап жүру керек. Өз бөлмелеріңнен шығып, онда қосулы тұрған теледидар мен шамды қалдырып кететін жағдайлар өте көп кездеседі. Сендер ас бөлмеде шәй ішіп отырғанда, бөлмелеріңдегі электр босқа жанып тұрады. Шығар алдында оны өшіріп кетсеңдер, ақша үнемдеген болар едіңдер).
Азық-түліктен үнемдеуге бола ма? (Адам күнделікті өзінің тағам мөлшерінен көгөністер мен жемістерді, жармаларды, ет, балық және сүтті шығармауы керек. Ағза өзіне қажетті толыққанда қоректі алуы қажет. Тәттілерден, атап айтсақ, кәмпит, балмұздақ, чупа-чупс, қытырлақ картоп, пішінайдан үнемдеуге болады. Бұл азық-түліктерді жемесек те, біздің ағзамызға зиян келмейді).
Киімнен және аяқкиімнен қалай үнемдеуге болады? (Өзіңде бар киім-кешектерді ұқыпты, кірлетпей, жыртпай ұстау керек. Мысалы, саған ата-анаң күз мезгілінде екі джинс алып берді, сен екеуін де ұқыпты ұстамай, жыртып алдың, енді ата-анаң саған үшінші джинс сатып алып беруге мәжбүр. Осы жағдайда жаңа жемпір (немесе кроссовка) алуды ұзақ уақытқа ұмытуға тура келеді).
Қоғамдық көліктен үнемдеуге бола ма? (Егер сен еріншек болмасаң және жол қозғалысы ережелерін жақсы білсең, онда алыс емес жерге жаяу баруға болады, бір жағынан серуендеп қайтасың).
– Жауаптарыңның барлығы дұрыс, бірақ отбасының бюджеті отбасының шығындарынан артық болуы үшін ... еңбектену керек. «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей», – деп Абай атамыз бекер айтпаса керек.
(Ө) Берілген тапсырманы орындау.
Ал енді елестетіңдерші, ата-аналарың күнде жұмыс істеп, ай сайын айлық алады. Сосын ол ақшаға бірінші кезекте не алу керектігін, ал нені сосын алу керектігін есептейді. Дәптер
Дәптер
Оқулық
Дәптер
(Т) Оқулықтағы «Топпен жұмыс жасаймыз» тапсырмасы
Біз сендермен отбасылық бюджет деген ойынды ойнадық. Сендер ата-аналарыңнан бір нәрсе сатып алып беруді сұрадыңдар, ал ата-аналарың сендерге «Оған қазір ақша жоқ» деп жауап берді. Ол жауапқа ренжудің қажеті жоқ. Бұл дегеніміз әкеңде немесе анаңда ақша жоқ деген сөз емес. Ақша бар, бірақ бірінші кезекте аса қажетті нәрселерді сатып алу керек. Ата- аналарың бір айдың ішінде қай сома қайда кететінін есептеп қойған. Егер сендердің
өтініштерің орындалатын болса, онда азық-түліктің кейбір түрлерін немесе тағы басқа керекті заттарды сатып алуды кейінге қалдыруға тура келеді. Мүмкін ата-аналарыңа ақшаны қарызға алуға тура келетін шығар. Өтініштің орындалмағанына ренжіместен бұрын ата-аналарыңмен сөйлесіп, отбасылық бюджетті есептеп алыңдар.
(Ж) «Санап үйрен» тапсырмасын орындау.
Отбасылық бюджетті жоспарлай білу маңызды ма?
«Фразеологизмдер» динамикалық үзілісі.
Алтынмен пара-пар, бағасы ұшып тұр, су тегін, қалта көтермейді, құны көк тиын, бағасы удай, бағасы орынды, қол жетімсіз.
(Қымбат деген мағынаны білдірсе – жоғары секіреміз, арзан деген мағынаны білдірсе – отырып секіреміз).
(Ө) Оқулықтағы «Ертегілер елінде қонақта» тапсырмасын орындау
Ал енді «Мен өз шығыстарымды жоспарлауды үйренемін» жобасын жасап көріңдер.
(Т) Оқулықтағы талқылауға құрылған «Өз шығыстарыңды отбасылық кеңесте талқыла» айдарындағы тапсырманың мәтінін оқу және тапсырманы орындау. Дәптер, оқулық
Рефлексия Рөлдік ойын.
Мұғалім оқушылардың бірін ойын ойнауға шақырады. Бұл ойында оқушы ата-ана болады да, ал мұғалім бала болады.
Ойынның сюжеті: бала анасынан немесе әкесінен жаңа шыққан, соңғы үлгідегі, қымбат ұялы телефонды сатып алып беруді сұрайды. Ата-ана баланың бұл өтінішін қабылдамауы керек
және не үшін қабылдамағанын дәлелдеп беруі қажет. Дәптер
Үй тапсырмасы Топта құрастырған өз бюджетіңді отбасыңмен бірге отырып талқыла және «Мен және менің шығыстарым» тақырыбында эссе жаз.
Кейде туған күн иесіне қонақтар сыйлықты ақшалай беріп жатады. Ол кіріске жата ма?
Туған күндеріңде сендер сыйлыққа көп сомада ақша алдыңдар делік. Ол ақшаны қалай жарататын едіңдер? Оқулық, дәптер
Мазмұны
TOC \o "1-1" \h \z \u Алғы сөз3Ұзақмерзімді сабақ жоспары4Ортамерзімді жоспар5Тақырыптық жоспарлау82
219
О қ у - ә д і с т е м е л і к б а с ы л ы м
Тұрмашева Ботагөз Қадырқызы Салиш Салтанат Салишқызы Пугач Владислава Геннадьевна
ДҮНИЕТАНУ
Оқыту әдістемесі
Жалпы білім беретін мектептің 3-сынып мұғалімдеріне арналған
Редакторы К. Ысқақова
Көркемдеушi редакторы А. Бекқожанова Техникалық редакторы Ұ. Рысалиева Корректоры Ү. Бахова
Компьютерде беттеген А. Мамырбаева
ИБ № 000
Теруге 000 берiлдi. Басуға 000 қол қойылды. Пiшiмi 60×841/8. Офсеттiк қағаз. Офсеттiк басылыс.
Әрiп түрi «мектептiк». Шартты баспа табағы 000. Есептiк баспа табағы 000. Таралымы 000 дана. Тапсырыс №000.
«Атамұра» корпорациясы» ЖШC, 050000, Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, 75.
Қазақстан Республикасы «Атамұра» корпорациясы» ЖШС-нiң Полиграфкомбинаты. 050002, Алматы қаласы, М. Мақатаев көшесi, 41

Приложенные файлы

  • docx 9355485
    Размер файла: 438 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий